Насекомдардың зәр шығару мүшесі

Скачать

Омыртқасыздардың салыстырмалы анатомиясы тест тапсырмалары

1. Басаяқты былқылдақденелілерге қозғалыстың қандай түрі тән?
А) бұранда тәрізді;
В) аяқ-бұлшықеттерінің толқын тәрізді жиырылуы;
С) амбулакральды;
D) реактивті;
Е) гидравликалық.

2. Суда тіршілік ететін айқұлақ және басқа да былқылдақденелілер ненің көмегімен тыныс алады?
А) желбезектердің;
В) өкпе қапшықтарының;
С) кеңірдектің;
D) желбезек, өкпе қапшығы және кеңірдек;
Е) өкпе қапшығы мен кеңірдектің.

3. Құрылық былқылдақденелілерінде тыныс алу қызметін атқарады?
А) желбезектер;
В) өкпе;
С) кеңірдек;
D) желбезек және өкпе;
Е) бүкіл денесі.

4. Былқылдақденелілерде зәр шығару қызметін атқарады:
А) протонефридиялар;
В) жұп бүйрек (жасыл бездер);
С) зәр шығару түтіктері;
D) зәр шығару түтіктері және бүйректер;
Е) бүйректер.

5. Айқұлақ, устрицалар және мидия қай кластың өкілідері?
А) бауыраяқтылар;
В) басаяқтылар;
С) қосжақтаулылар;
D) азқылтандылар;
Е) көпқылтандылар.

6. Кальмар, сегізаяқ, және каракатица қай кластың өкілдері?
А) бауыраяқтылар;
В) басаяқтылар;
С) қосжақтаулылар;
D) азқылтандылар;
Е) көпқылтандылар.

7. Қандай кәсіптік былқылдақденелілерді арнайы өсіреді?
А) устрица, мидия;
В) жүзім ұлуы;
С) үлкен және кіші тоспа ұлуы;
D) кеме құрты;
Е) қошқармүйіз.

8. Інжу түзетін жұмсак денелілер:
А) хитондар;
В) бауыраяқтылар;
С) қосжақтаулылар;
D) басаяқтылар;
Е) моноплакофорлар.

9. Жұтқыншақ, радуласы-үгіткіші бар, сілекей безі, бауыр-төмендегі жануарлардың қайсысында алғаш рет пайда болды?
А) аз қылтанды құрттарда;
В) көп қылтанды құрттарда;
С) моллюскаларда;
D) желбезек тыныстыларда;
Е) трахеялыларда.

10. Төмендегі систематикалық топтардың қайсысының ми түйіндері, шеміршекті бас капсуласының ішіне орналасқан?
А) хитондардың;
В) бауыраяқтылардың;
С) қос жақтаулылардың;
D) басаяқтылардың;
Е) моноплакофоралардың.

11. Төмендегі жұмсақ денелілердің қайсысының бақалшағы редукцияланған және түгелдей жойылып кеткен?
А) хитондардың;
В) бауыраяқтылардың;
С) қосжақтаулылардың;
D) басаяқтылардың;
Е) моноплакофорлардың.

12. Моллюскалардың қай класының өкілдері өкпемен тыныс алады?
А) Bivalvia;
В) Gastropoda;
С) Cephalopoda;
D) Monoplacophora;
Е) Scaphopoda.

13. Төмендегі дернәсілдердің қайсысы қосжақтаулы моллюскаларға тән?
А) паренхимула;
В) глохидия;
С) планула;
D) трохофора;
Е) велигер.

14. Моллюскалардың қай класының өкілдерінде басы, үлкен ішкі қапшық, спиральды айналған бақалшақ және күшті дамыған аяқ болады?
А) басаяқтылар;
В) қосжақтаулылар;
С) бауыраяқтылар;
D) хитондар;
Е) күрекаяқтылар.

15. Моллюскаларды зерттейтін ғылым:
А) акарология;
В) энтомология;
С) арахнология;
D) малакология;
Е) гельминтология.

16. Қандай былқылдақденелілер судың табиғи тазартқыштары болып табылады?
А) жүзім ұлуы;
В) шырыштар;
С) айқұлақ;
D) үлкен және кіші тоспа ұлулары;
Е) қошқармүйіз.

17. Антеннальдық және максиллярлық зәр шығару жүйелері төмендегі топтардың қайсысына тән?
А) ерінаяқтыларға;
В) көпаяқтыларға;
С) шаянтәрізділерге;
D) өрмекшітәрізділерге;
Е) алтыаяқтыларға.

18. Мальпигий түтікшелері алғаш рет қай типте пайда болды?
А) жұмсақ денелілер типінде;
В) жалпақ құрттар типінде;
С) жұмыр құрттар типінде;
D) буылтық құрттар типінде;
Е) буынаяқтылар типінде.

19. Шаянтәрізділердің денесі қандай бөлімдерден тұрады?
А) бас, кеуде, құрсақ;
В) бас, тұлға, аяқ;
С) бас, сегменттелген тұлға, пигидий;
D) баскеуде, құрсақ;
Е) тұмсық, жаға, тұлға.

20. Гетерономды метамерия төмендегі топтардың қайсысына тән?
А) көпқылтанды құрттарға;
В) азқылтанды құрттарға;
С) сүліктерге;
D) қосжақтаулыларға;
Е) шаянтәрізділерге.

21. Буынаяқтылар типі үшін қандай симметрия типі тән?
А) винтті;
В) шар симметриясы;
С) радиальды симметрия;
D) сәулелі симметрия;
Е) билатеральды симметрия.

22. Төменгі сатыдағы шаяндардың дамуында қандай личинкалар пайда болады?
А) глохидия;
В) зоеа;
С) науплиус и метанауплиус;
D) нимфа;
Е) жұлдызқұрт.

23. Шаянтәрізділердің аяқтары құралады:
А) жамбас, ұршық, сан, сирақ, табан;
В) қос хитинді тырнақтары бар қысқа табан;
С) протоподит, эндоподит;
D) протоподит, эндоподит, экзоподит, эпиподит;
Е) қосбуынды тырнақтары бар аяқтар.

24. Өрмекшілердің бірінші жұп аяқтары қалай аталады?
А) педипальпа;
В) антенулла;
С) антенна;
D) хелицера;
Е) максилла І және максилла ІІ.

25. Төмендегі отрядтардың қайсысы толық түрленіп дамиды?
А) жарғаққанаттылар отряды;
В) тарақандар отряды;
С) тура қанаттылар отряды;
D) қандалалар отряды;
Е) инеліктер отряды.

26. Алдыңғы аяғы ұстағыш типке жатады. Сирағының іш жағы тісшелерден тұрады. Бұл ерекшелік қай отрядтың өкіліне тән?
А) термиттер отрядына;
В) тура қанаттылар отрядына;
С) дәуіттер отрядына;
D) жартылай қатты қанаттылар отрядына;
Е) қатты қанаттылар отрядына.

27. Аралар, құмырсқалар, шаншарлар, жұмыртқа жегіштер қай отрядқа жатады?
А) қатты қанаттылар отрядына;
В) жарғақ қанаттылар отрядына;
С) тозаң қанаттыллар отрядына;
D) жартылай қатты қанаттылар отрядына;
Е) тура қанаттылар отрядына.

28. Төмендегі насекомдардың қайсысының ауыз аппараты тескіш-сорғыш типке жатады?
А) үй шыбыны;
В) адам бүргесі;
С) капуста ақ көбелегі;
D) бал арасы;
Е) шаншар.

29. Тайга энцефалитінің қоздырғышын адамға қандай буынаяқтылар тасымалдайды?
А) қансорғыш масалар;
В) соналар;
С) шіркейлер;
D) кенелер;
Е) бүргелер.

30. Насекомдардың зәр шығару мүшесі:
А) протонефридия;
В) метанефридия;
С) целомодукт;
D) бүйрек;
Е) мальпигий түтікшелері.


Скачать


zharar.kz