Екінші аралық бақылау тапсырмалары.
Физика-5В060400,Математика-5В010900, Информатика-5В060200, 5В011100 және География-5В011600, Биология-5В011300, Алғашқы әскери дайындық-5В010400, Дене шынықтыру және спорт-5В010800 мамандықтары студенттеріне арналған
Тақырып №1: Қазақстанның Ресей отаршылығына қарсы ұлт-азаттық күресі.
1. Қазақтардың Е.И.Пугачев Басқарған шаруалар соғысына қатысуы (1773-1775жж) жайлы баяндаңыз.
2. Сырым мен Кенесары көтерілісінің ұқсастығы мен айырмашылығы.
3. Халықтың ұлт-азаттық көтерілістерінің тарихи маңызы.
Тақырып №2: ХІХғ. Екінші жартысы - ХХғ. басындағы Қазақстан .
4. Жетісуға ұйғырлар мен дүнгендердің қоңыс аударуының себебін айтыңыздар.
5. Қазақ жеріндегі Қазақстан және орыс зиялылары жайлы не білесіз?
6. Столыпиннің аграрлық реформасы және Қазақстандағы Жерден ығыстыру саясатының жүзеге асырылуы қалай жүзеге асты?
7. 1916 ж. көтерілісіне қазақ зиялыларының ықпалы қандай?
Тақырып №3: Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан.
8. Азамат соғысы жылдарыңда қоғамның әскери- саяси жіктелуі. Ақ және Қызыл террор жайлы не білесіз?
9. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитетінің құрылуы және оның қызметі қандай болды?
10. 1920 ж. 26-тамыздағы Кеңес үкіметінің Қырғыз(Қазақ) Автономиясы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декретінің маңызы қандай?
11. Қырғыз (Қазақ ) АКСР еңбекшілері құқықтарының декларациясы және оның мазмұны туралы айтыңыз.
12. Алаш Орда, Үш Жүз партияларының бағдарламалық айырмашылығы.
Тақырып №4: Социализмның Сталиндік моделі және оның Қазақстанда жүзеге асуы.
13. Ұжымдастыру кезіндегі бай-кулактық шаруашылықтарды жою бағыты неге әкеліп соқты?ъ
14. Қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасуы. (С.Сейфулин, И.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Б.Маилин, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсрепов т.б.) туралы не білесіз?
15. Қазақ халқының күйлері мен өлеңдерін жинаудағы А.В.Затаевич пен Е.Г Брусиловскийдің рөлін , қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері: Ә.Қашаубаев, К.Байсейтова, Қ.Жандарбеков, Ж.Шанин т.б. П.Хлудов, Ә.Қастеевтің бейнелеу өнері мен орнын сипаттап беріңіз.
16. 30- жылдардағы саясаттың қазақ демографиясына тиген зардаптары жайлы не білесіз?
17. Халық геноциді деген не?
Тақырып №5 : Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жалдардағы Қазақстан ( 1941-1970ж).
18. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақстандықтардың майдандағы жәнет еңбектылдағы ерлігі жайлы айтыңыз.
19. Сталинград шайқасының тарихи маңызы неде?
20. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары. Ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары туралы не білесіз?
21. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық , отарлық бағытының тереңдей түсуі қалай байқалады ?
22. Тоқырау кезеңі дегенді қалай түсінесіз?
Тақырып №6 : Қазақстан 1970-90 жылдарда.Тоқырау кездері мен Қайта құру кезеңдері.
23. Қазақстанда қайта құрудың басталу, оның сипаты. Республикадағы қоғамдық саяси ахуалды суреттеңіз.
24. Саяси өмірдегі өзгерістер. Республикалық басшылықта ширек ғасыр болған Д.А. Қонаевтың (1962-1986жж.) биліктен кетуі. Оның орнына Г.В. Колбиннің келуі(1986-1989жж.) келуі. Желтоқсан оқиғаларын қалай бағалайсыз?
25. Қазақстан Коммунистік партиясының өз қызметін тоқтатуын (1991ж. қыркүйек) айтыңыз.
26. 1990ж. 25 қазанда Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның жариялануы туралы не білесіз?
Тақырып № 7: ҚАЗАҚСТАН - ЕГЕМЕН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ.
27. Кеңестер Одағының ыдырауы және оның себептері жайлы не білесіз?
28. Қазіргі кезеңдегі саяси партиялар жайлы не білесіз?
29. Қазақстан Республикасы қандай халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады?
30. ХХІ ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген мерейтойларды білесіз?