Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары
Орындаған: Икрамова Арайлым
Қабылдаған: Изтілеуова Шолпан
Шымкент қаласы
Ашамүйізді киік
Ашамүйізді киік немесе Айырмүйіз - күйіс қайыратын сүтқоректілердің отряд тармағына, Ашамүйізділер тұқымдасына жататын жануар.
Дене тұрқы 1,5 м, биіктігі (шоқтығынан алғанда) 80 см, салмағы 35-60кг, сыртқы бейнесі бөкен тәрізді.
Түсі - ақшыл қоңыр, бауыры - ақ, тамғыда ақ "айшық" , текелерінде қара "маска" бар.
Аша мүйізділердің бұғылардан айырмашылығы - мүйізінің тек сыртқы қабатын ғана тастайды да - сүйекті негізі сақталады. Айыр мүйіздің басқа қуыс мүйізділерден бір айырмашылығы - оны мүйіз қабығы жыл сайын күйлегеннен кейін түсіп, қайта шығып отырады.
Айыр мүйіз жыл сайын мамыр-маусымда төлдейді. 60% ұрғашысы егіз бұзау табады. Табиғатта 5-7 жыл өмір сүреді. Мүйізінен дәрі жасайды.
Солтүстік Американың прерий далаларында мекендеген, Канаданың оңтүстік-батысынан Мексиканың солтүстігіне дейін. Өте көп аулағандықтан 1908 жылғы мәліметпен саны 20 мыңға дейін азайған, кейбір жерлерде мүлдем құрып кеткен. Қазіргі күнде популяциясы 2-3 млн-ға жеткізілді.