Ұстаз
Барша жанға үйреткен тек жақсыны,
Ұстаз деген адамның бар асылы,
Сізге арнап жүрегімнен жыр жазғанда,
Толқындайын шабытым кеп тасыды.
Көзі едім мен бұлақтың ашылмаған,
Ашқан сізсіз ең алғаш асыл адам.
Енді мен бұлақтайын сылдыраған,
Өзіңізге ұстазым өлең жазам.
Ұстазым тәрбиелеп білім берген,
Орының сенің әркез қымбат білем.
Өнерлі ақындар да,биші,әнші,
Өзіңнен сусындаған білімменен.
Сен болсаң бар жандарға үлгі болар,
Мен болам шәкіртіңіз ақыл ұғар.
Мен үшін сіздің алған орыныңыз,
Әрқашан бәрінен де биік тұрар.