ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
ПОӘК
УМКД 042-1830-2013
Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәнінің оқу-әдістемелік кешені(студенттер үшін)
№ 3-басылым
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
(Барлық мамандықтарға арналған)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2013
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
п.ғ.к., доцент м.а. Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 05 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ Ахметова Т.Ш.
3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К.
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
МАЗМҰНЫ
1. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.
1.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Авторитарлық қарым-қатынас - мұғалімнің оқушылар пікірімен санаспай,қызығушылықтарын ескермей шешім қабылдауы,тек өзінің айтқанын орындауға бағытталуы.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процесі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қатынас).
Аксиология (грек тілінің ахіа - құндылық және logos-ілім) – құн дылықтардың табиғаты жайлы және дүниедегі құндылықтар жүйесі туралы философиялық ілім.
Антипатия - адамда басқа бір адам туралы теріс көзқарастың қалыптасуы,оны жақтырмауы.
Әлеуметтік фрустрация-адамдардың болашақтың белгісіздігіне алаңдаушылығы,мақсатқа жете алмауындағы торығып күйзелуі,жеке тұлғаның өзін дәрменсіз,ешкімге қажетсіз сезінуі,балалар мен ересектердің әлеуметтік қорғаныссыздығынан абыржуы,уайымға салыну сияқты психологиялық жағдайы.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процессі.
Вербальсыз қарым-қатынас - мимика,ым-ишара,пантомима (дене қозғалысы,қол қимылдары) арқылы жасалатын сөзсіз қарым қатынас.
Гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы;тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған жане тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуын қарастыратын ілім.Гуманизм-адамның өмірлік ұстанымы,ол адамның адами қасиеттерін сақтап қалуға,тек жағымды,жақсы істерге бағыттайды.
Даралылық - адамды басқа адамдардан ерекшеліндіріп тұратын айрықша қасиеттері,ешкімге ұқсамастығы,оның қайталанбастығы.
Демократиалық қарым-қатынас - оқушы білімді іздестіруде қарым-қатынаста тең құқылы субьект ретінде қарастырылады.Оқушылар мен мұғалім ынтымастық қарым-қатынаста болады.
Жеке тұлға - индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі,оның әлеуметтік құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды меңгеруі және сол құндылықтарды іске асыру қабілеттері.Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен,өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлға-қоғамдық мәні бар адам.Кез келген адам өмірге индивид болып келіп,тек саналы қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Индивид - адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде,биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастыратын ұғым. Индивид-жекелік,яғни көп адамдардың біреуі.
Педагогика – адам тәрбиесі жайлы ғылым.
Педагогикалық үрдіс- оқу мен тәрбие бірлігі арқасында орындалатын білімдену мақсатынан оның нәтижесіне қарай болған іс-әрекет,ілгері қозғалыс.
Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзіндік адамгершілік сапаларды қалыптастыру бойынша тұлғаның саналы іс-әрекеті,бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы.
Шығармашылық – жаңа сапалы материалдық және рухани құндылықтарды жасаудағы адамның іс-әрекеті.
Профессиограмма – маманның кәсіби даярлығына қойылатын талаптар жүйесі; мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі,стандарт,модель ретінде ұстанатын, негізгі қалыптасып қалған ғылыми жетістіктер,әдістер,теориялар,көзқарастар жүйесі.
Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Рефлексия – адамның өзін-өзі зерттеуі, түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтаны жайлы өзін бағалауы.
Симпатия – бір адамның екінші адамға оң,жағымды көзқарасының қалыптасуы.
Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалық жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның орнына қоя алуы.
Перцептивті қарым қатынас – басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio – қабылдау,сезіну).
Ретиалды қарым қатынас – ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мұғалім және сынып оқушылары арасындағы қатынас).
Интербелсенді қарым-қатынас – адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста,көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуіне бағытталған қарым-қатынас.
Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу,адамды адам қабылдау,түсінудіқамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.
Діл (менталитет) - тұлғаның, адамдар тобының немесе белгілі бір социум дүниетанымның, дүниеге деген көзкарастарының және мінез-құлықтарының терең жатқан негіздері болып табылатын мәдениеттің мазмұны. Мәдениеттану және философиялық әдебиеттерде діл белгілі бір кезеңдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдар қауымы көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, тарихи және әлеуметтік үрдістерге ықпал ететін қоғамның ерекше психологиялық салты ретінде түсіндіріледі. Діл - рухани кұбылыс.
Педагогикалық жүйе - жеке, дара тұлғаны жетілдіруге, қалыптастыруға бағыттау мен белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің, құралдарының жиынтығы.
Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу.
Педагогикалық шығармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы.
Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Әміршіл-әкімшіл(авторитарная) педагогика - көзсіз бағыну тәрбиесін алға тартқан педагогика.
Ізгілікті (гуманистическая) педагогика – шәкіртті педагогикалық үрдістің субъекті ретінде танып, адам менмдам арасындағы қатынасты ұлықтай білген педагогика.
Дарынды балалар – жалпы және арнайы дарындылығын (музыкаға, сурет салуға,техникаға т.б.) байқатқан балалар.
Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі.
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс №1. Білім беру кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен компонентті маманның қалыптасу нәтижесі.
Мақсаты: болашақ ұстаздарға білім берудің түпкі мақсатын түсіндіру, оның философиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық сипатын, көпаспектілігін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: білім беру философиясы, парадигма, педагогикалық парадигма, құзыреттілік, діл (менталитет), құндылық.
Жоспары:
1. Қазіргі заманғы білім беру.
2. Білім беру ұғымына аспектілік жағынан келу.
3. Білім беру жүйелі негіздеу объектісі ретінде.
4. Білім беру құндылық ретінде.
5. Білім беру жүйесі.
Ғасырлар тоғысында білім беру ұғымына деген көзқарас әлемдік деңгейде өзгере бастады, себебі ол дамыған мемлекеттердің өркендеуінің негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр. Сондықтан күні бүгінге дейін педагогикалық категория ретіде саналган білім беру үғымы кең мағынада маңызды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылуда. Білім беру мәселесімен тек педагогика ғылымы айналыспайды. Білім беруді философия, әлеуметтану, психология, экономика, мәдениеттану тағы басқа әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өз тұрғысынан қарастырып зерттейді. Сондықтан бүл ұғымның ауқымы кеңею үстінде.
Ата-бабаларымыздан асыл мұра болып қалған әлеуметтік тәжірибені, көп жылдық мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан ұрпақка жеткізе отырып меңгерту білім беру ұгымымен тығыз байланысты. Педагогикалық әдебиеттерде білім беру ұғымы 18-19 ғасырларда қалыптасып (Д.Локк, И.Г.Песталоцци), бүгінде педагогиканың жетекші категорияларының бірі болып табылады.
Заман талабына сай білім беру процессі үздіксіз сипатқа ие болып келеді. Әрине білім беру үздіксіз болуы тиіс, себебі қазіргі таңда ақпаратгық технологиялардың жедел дамуына байланысты алған білімдер тез ескіруде, сондықтан адамзат баласы алған білімін үнемі толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Білім беру ұғымының мазмұны да езгерістерге ұшырап, жан-жақты кеңейе түсті. Педагогика ғылымында онын бірнеше анықтамалары бар.
- Кең мағынадағы білім беру - жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға және өмірлік жолын кұзырлы таңдауға мүмкіншіліктерін кеңейтуге бағытталған процесс (А.Г.Асмолов).
- Білім беру дегеніміз жеке тұлғаның әлеуметтік жетілуі мен жеке өсуі қамтылатын оның қабілеттіліктері мен мінез-құлқын жетілдіру процесі және нәтижесі (ЮНЕСКО, 1997) .
- Педагогикалық энциклопедияда білім беру ұғымы - жеке тұлға мен қоғам мүддесі үшін жүргізілетін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған әлеуметтендіру процессі {1999 ж).
- Білім беру - адам, қоғам, мемлекет мүддесіне, мақсатына бағытталған тәрбие және оқыту процесі (Сластенин В.А.).
Осындай және тағы басқа білім беру ұғымына берілген анықтамалардың көптігі оның кең мағыналылығының, көпқырлылығының, маңыздылығының айқын дәлелі.
Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты - тек білім, білік дағдыларды қалыптастыру емес, сонымен қатар жеке тұлғаның әлеуметтік құнды іс-әрекетке қатысуы үшін оның өзіне және қоғамға қажетті қабілеттерін дамыту. Осы тұрғыдан ойды өрбітетін болсақ, білім беруде тек білімді меңгерту, білік пен дағдыларды қалыптастыру жеткіліксіз. Керісінше білім, білік, дағдылар арқылы жеке тұлғаның үйлесімді түрде эмоционалды, ақыл-ой, адамгершілік, рухани-құндылық, еріктік, дене жағынан толыққанды дамуы маңызды. Білім беру барысында адам мәдени құндылықтарды, ғылыми білімдерді меңгереді. Соның нәтижесінде экономиканың, саясаттың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің дамуына зор үлесін қоса алады.
Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:
- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,
- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;
- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселерін шешудегі білім берудің әлеуметтік рөлінің мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Ол болашақта қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па?
Ал философия ертеден дамыған ғылымдардың бірі екені белгілі. Философия-грек тілінен аударғанда (филео - жақсы көру,софия - ақылдылық) - адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырылады. Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, танып білуде, түсіндіруде қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары қалыптасқан.
Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б.
Бұл ғалымдардың зерттеуінше білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:
1)Білім беру философиясы - қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылыктарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.
2)Білім беру философиясының мазмұны педагогака ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі
3)Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:
- білім беру құндылық ретінде;
- білім беру жүйе ретінде;
- білім беру процесс ретінде;
- білім беру нәтиже ретінде
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.
1) Білім беру - мемлекетік қңұлдылық;
2) Білім беру - қоғамдық құндылық;
3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.
Білім беру жүйе ретінде. Дәстүрлі түсінігіміз бойынша білім беру дегеніміз деңгейлерімен, кәсіптік бағыттарымен ерекшеленетін білім беру мекемелерінің (мемлекеттік және мемлекеттік емес) жүйесі.
Бірақ білім беру мекемелерінің мұндай алуан түрлілігі оны әлі жүйе деп тануға негіз бола алмайды. Себебі жүйе дегеніміз кез келген объектілердің жиынтығы емес, олардың элементтерінің өзара сәйкестендіріліп байланысқан жиынтығы. Қандай белгілер білім беруді жүйе ретінде сипаттайды? Ең алдымен деңгейлеріне, профильдеріне қарамастан жүйені және оған кіретін құрамды бөліктерді сипаттайтын жалпы, инвариантты сапалардың болуы қажет. Мұндай сапаларға икемділік, тұрақтылық, болжамдылық, тұтастылық, сабақтастық, вариативтілік, динамикалық сапалар жатады. Білім беру жүйесі икемді және динамикалық түрде әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бейімделе алуы керек және өзіндік психологиялық-педагогикалық негізін берік ұстануы маңызды. Жоғарыда аталған сапалардың өзі білім беру жүйесінің күрделілігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:
1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы;
2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан іске асыратын білім беру ұйымдарының жиынтығы;
3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар мен оқу-әдістемелік қамтамасыздандыратын білім беруді басқару органдарының және оған сәйкес инфраструктурасының жиынтығы қарастырылады.
Білім беру мекемелері төмендегідей деңгейлер бойынша сарапталады:
- мектепке дейінгг тәрбие мен оқыту,
- орта білім беру,
- орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру.
- жоғары кәсіптік білім беру.
- жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру деңгейлері.
Білім беру - процесс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні - мақсаттан нәтижеге карай жылжу процесі. Процесс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus - қозғалу, жылжу) - бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп ауысуы; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-кимыдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Білім беру - педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас процесі. Бұл процесс барысында оқушы немесе студент оқу, тәбие, даму процестеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық процесс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видео кұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.
Білім беру процесі үнемі мақсатқа бағытталған және күтілетін нәтижелерге байланысты. Осы тұрғыдан білім беру процесін технологияландырылған процесс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарға жетудің нақты кезеңдері, сатылары анықталады.
Білім беру процессі - мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке ақпаратты жеткізу арнасы. Сондықтан казіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар кең таралуда.
Білім берудің сапалық жағынан қарайтын болсақ ол тек құндылық, тек жүйе, тек процесс емес. Білім беруді нәтиже ретінде де қарастыруға болады. Оқу-танымдык процесс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады.
Сауатты адам - өзінің білімдік әлеуетін ары қарай дамытуға, байытуға дайын адам. Сауатты болу адамды білім беру саласында көп бастапқы мүмкіншіліктермен қамтамасыз етеді. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты - оған барлық адамдардың қол жеткізе алуларында. Бірақ қазіргі заманда тек сауатты адам ғана болып қалу жеткіліксіз.
Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Қазіргі кездегі білім берудің мәні қандай?
2. Білім беру философиясы жайлы түсінік
3. Педагогикалык парадигма дегеніміз не?
4. Білім беру философиясының пәніне, нысанасына нені жатқызуға болады?
5. Білім беру құндылык екендігін қалай негіздеуге болады?
6. Білім беру жүйе екенін негіздеңіз,
7. Білім беру неліктен процесс, іс-әрекет ретінде карастырылады?
8. Білім берудің нәтижелілігін қалай түсінесіз?
Әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы. Астана. - 2007.
2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998.
3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.
4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007.- 304 с.
Дәріс №2. Кәсіптік білім беру саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының ролі мен орны.
Мақсаты: Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын және ғылыми-педагогикалық білімдер саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының маңыздылығын, рөлін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері, педагогика тарихы.
Жоспары:
1. Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.
2. Кәсіби білім беру саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының ролі мен орыны.
3. Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңыздылығын түсінуі.
Педагогикалық кәсіптің қалыптасуын зерттеу үшін әуелі педагогика деген сөздің этимологиясына тоқталып өтейік. Педагогика деген сөз грек тілінен аударғанда paida - бала, gogas - жетектеуші деген мағынаны білдіреді. Жас ұрпақты тәрбиелеу - адамзат тәрбиелеу – адамзат қоғамына ғана тән әлеуметтік құбылыс. Ежелгі Грецияда педагогтар деп баланы мектепке жетектеп апарып қарап, қадағалап жүретін күтуші адамдарды атаған.
Ал кейінен қоғамдық тәжірибені жас ұрпаққа жеткізу, және оларды еңбек етуге даярлау қажеттілігі педагогтық кәсіптің пайда болуына негіз болды. Сондықтан педагогтар деп балалардың өмірлік жетекшілері ретінде тәрбиешілер мен мұғалімдер атала бастаған
Алғашқы қоғамның өзінде-ақ тәрбие еңбек пен өмір сүру процестерінің негізінде пайда болды. Педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуы тұрмыстық бақылауларды жалпылауға, тәрбие мәселесіне байланысты әр-түрлі пікірлердің жүйеленуіне негізделеді. Бұл қауымдық құрылыста үлкендердің әлеуметтік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу еңбек іс-әрекетімен тығыз байланысты еңбек құралдары да өзгере түсті.
Әлеуметтік, экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты адамзат қоғамының әрбір даму сатысында тәрбие мен білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеріп отырған.
Тарихи мәліметтерге негізделетін болсақ ең алғашқы сандар, әріптер, жазулар б.э.д. 2500 жыл бұрын пайда болған екен. Міне сол кездің өзінде жаза алатын адамдар өз білімдерін жас буындар арасындағы таңдаулы балаларға меңгертіп отырған.
Құл иеленушілік қауымдық құрылыстан бастап ең алғашқы педагогикалық мәліметтер тәрбие мен оқыту міндеттері жайлы, әр-түрлі пәндер туралы көзқарастар, ұстаз бен оқушыға қойылатын талаптар белгілі философ-ойшылдардың көзқарастарында жүйелене бастағаны байқалады.
Педагогикалық ойлар философия, дін, қоғамдық саясат негізінде дамып отырған. Қасиетті діни кітаптарда адамдардың мінез-құлқына қойылатын талаптар, ата-ана міндеттері мен бала құқығы, адамдардың қарым-қатынас ережелері, тәртіптері жайлы, жақсы мен жаманды ажырата білуге байланысты ақыл-кеңестер жазылғаны белгілі.
Құнды тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Квинтилиан сынды атақты философтардың еңбектерінде елеулі орын алатыны анық.
Шығыс елдерінде орта ғасырларда тәлім-тәрбиелік ой-пікірлермен қатар математикалық, астрономиялық, медициналық білімдер қарқынды дами түсті. Аты әлемге әйгілі шығыстың ғұлама ғалымы, ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астраном, лингвист, логик, музыка өнерінің зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің асыл мұрасында басқа мәселелермен қатар тәрбие, тәртіп, этика, эстетика, ізгілік, адамгершілік мәселелері үлкен орын алады. Оның Әлуметтік этникалық трактаттар, Бақытқа жету жолдары, Азаматтық саясат, Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары сияқты еңбектері әлі күнге дейінпедагогикалық білімнің, тәрбиенің қайнар көзі деуге болады.
Орта Азияда түркі тілдес халықтар үшін аса маңызды, тәрбиелік мәні жоғары құнды педагогикалық идеялар Махмұт Қашқаридің Диуани лұғат та-түрік, Жүсіп Баласұғынның Құтты білік, Ибн Сина рубайлары, Әбу Райхан әл Бирунидің тарихи тәлімдік, матиматикалық пікірлері, әл – Хогрезмидің төрт ғасырдан Еуропа елдерінде оқу құралы ретінде қолданылған Ал- Джебр еңбегі, Фирдеусидің Шахнамасы, Низамидің Ләйлі мен Мәжнүні, Қожа Ахмет Яссауидің Диуни хикметі тағы басқа тәлім- тәрбиелік еңбектері жастарды білім ғылымға шақыруға, адамгершілік қасиеттері мен гуманистік көзқарастарын қалыптастырудағы асыл мұра, құнды мирас.
Орта ғасырларда көптеген мемлекеттерде тәрбие процесінің басым көпшілігі діни сипсты болған. Педагогикалық кәсіптің пайда болыцсымен –ақ ұстаздарға білімді берумен қатар тәрбиешілік міндет те жүктелді. Ұстаз тұлғасы - әрі тәрбиеші, әрі оқытушы, әрі кеңесші сияқты рөльдерді қамтитін болды. Әр халықтың ойшылдары, қай ғасырда болмасын тәрбиемен оқыту процестерін ажыратпас біртұтас процесс ретінде қарастыруды талап еткен. Себебі тәрбие адамның бүкіл тағдырына әсерін тигізеді, оның өмірінін рухани негіздерін қалайды. Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қос жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі - деген әл- Фарабидің сөздері қазіргі дамуы жылдам қоғамызда да өзекті болып отыр.
Сонымен, педагогиканың ғылым ретінде дамуын адамдардың өмір мен еңбекке дайындалуын объективті қажеттіліктері анықталады деуге болады. Педагогиканың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына XIIV ғасырда өмір сүрген чех педагогы Я.А. Комескидің қосқан үлесі өте зор. Ол мектептерге арналған ондаған оқулықтар, 200 ден астам педпгогикалық еңбектер жазып оқытудың сынып – сабақ жүйесі жасаған адам. Қазіргі кезде сынып сағат жүйесі, каникулдар, оқыту процестері осы педагоктың атымен тығыз байланысты. Жалпы педагогикалық ғылымның дамуында, жетілуінде И.Г. Песталоции, Ж.Ж. Руссо, К.А. Гельвеций, Д.Дидро, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, В.А. Сухомлинский сынды педагоктар есімдері ерекше орынға ие.
Кәсіби білім беру саласындағы Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының рөлі мен орны. Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор. Педагогикалық мамандыққа кіріспе курсының мақсаты- болашақ мұғалімдерді педагог қызметінің әлеуметтік жауапкершілігімен, гуманитарлық маңыздығымен таныстыру және олардың бойында педагогикалық қызметке қажетті педагогикалық бақыттылықты, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру болып табылады.
Бұл пәннің негізгі міндеттері:
- қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету;
- мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру;
- студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу;
- әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау.
Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. Педагогикалық мамандыққа кіріспе сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді.
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық. Мұғалімдікті тандаған адам басқаларға үнемі үлгі -өнеге көрсете алу керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен,ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киінген киімі, жүріс –тұрысы,айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді,жарасымды болуы шарт. Осыдан талаптарға сай даярланған болашақ ұстаздар тұлғасы жаңа сапалы деңгейлерге көтеріліп, жылдан жылға дамып,бәсекеге барынша қабілетті,қоғам болашағына елеулі үлестерін қоса алатын,кәсіби құзіретті болуы өте маңызды.
Болашақ мұғалімдерді даярлау барысында қарастырылып отырған пән негізінде білім берудің әлеуметтік сипаты, мұғалім еңбегінің қоғамдық мәні, жас мамандардың қоғам болашағы алдындағы жауапкершіліктері қарастырылады.
Бәсекеге қабілетті ұстаз- жаңа ғылыми білімдерді іздеуге,меңгеруге дейін, тез және дұрыс шешім қабылдап алатын, өзінің кәсіби қабілеттілігіне сенімді,шығармашыл, кәсіби құзіретті тұлға ретінде сипатталады.
Болашақ мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның өзін іске асыра алу біліктілігіне, өзін жетілдіріп дамыта алу іскерлігіне байланысты болады. Тек осыдан қабілеттілікті қалыптастыру арқылы ғана мұғалім табысты нәтижеге жетіп, педагогикалық еңбектің шыңына қол жеткізе алады.
Студенттің мұғалімдік кәсіпті таңдауы және болашақ мамандығының маңызын түсіну. Болашақ кәсіпті тандау адам өміріндегі ең күрделі қадам және маңызды шешімдердің бірі. Адамның өзіне ұнайтын, өмір бойы айналысатын кәсібін дұрыс тандай білу үлкен жауапкершілікті талап ететін манызды іс. Дұрыс тандалған кәсіп адам өмірінің мәнін, табыстылығын анықтайды. Кәсіпті тандауда адам өзінің қызығушылықтарын, қабілеттерін,ерік- жігерін, бейімділіктерін, икемділігін ескеру керек. Кәсіптік қабілеттерді дамыту ешқашанда кеш болмайды, бірақ оны мектеп жасынан бастаған жөн.
Адам өмірінің маңызды құралдарының бірі- еңбек. Еңбек арқылы адам өзінің ішкі әлеуетін іске асырады, қоғамның, Отанның дамып өркендеуіне өз үлесін қосады. Өзіне ұнайтын еңбек түрін дұрыс тандау адамның бақытқа жету жолының бірі. Өйткені тек ұнайтын іс қана адам бойында өмірге деген құлшынысын оятып, жетістіктерге жетуге ынталандырып, қанағаттандыра алады. Өзіне ұнайтын іспен айналысқан адам ондай істен ешқашан жалықпайды, керісінше үлкен шабытпен шұғылданып, рахатқа бөленеді. Осы айтылған пікірлерді ұлы адамдардың ойларымен негіздей кеткен абзал.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Педагог мамандығының пайда болуының себептері қандай?
2. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәнінің мақсаты, міндеттері қандай?
3. Сіздің педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
4. Педагог тұлғасына қойылатын заманауи талаптар қандай?
Әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы. Астана. - 2007.
2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998.
3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.
4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. - 304 с.
Дәріс №3. Жеке тұлға педагогиканың негізгі мәселесі ретінде.
Мақсаты: студентердің қазіргі білім беру кеңістігіндегі жеке тұлға мәселесі және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, жалпы адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылықтар, көпмәдени тұлға, толеранттылық.
Жоспары:
1. Жеке тұлға ұғымы және оның қысқаша сипаттамасы.
2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепсиясы.
3. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласындағы тәжірибелік жұмысты жүргізуші тұлға ретінде.
4. Студенттердің болашақ мамандығының маңыздылығын саналы түсінуі мен қызығушылығы негізінде жеке тұлғаның өсуі үшін мұғалімдік мамандықты таңдауы.
Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Адам мәселесі барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі. Адам мен қоғам өзара қатынастарының нәтижесінде жеке тұлға ұғымы ерекше орынға ие. Адам деген ұғыммен қатар индивид, даралық, жеке тұлға ұғымдары жиі қолданылады.
Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.
Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде маңызды роль атқармайды.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- жана-жакты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психологиялық-педагогиялық әдебиеттерде К.К.Платонов, Л.С.Выготский, А.Н.Лентев т.б ғалымдар еңбектерінде жеке тұлға ұғымына түрлі зерттеулер жүргізіліп, анықтамалары берілген.
Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады.
Жеке тұлға- индивидтің әлеуметтік маңызды сапалар жүйесі, оның әлеуметтік құндылықтарды менгеруі және сол құндылықтарды іске асыра алу қабілеттері. Жеке тұлға ретінде адам өзінің санасының даму деңгейімен, өз санасын қоғамдық санамен сәйкестендіруімен сипатталады. Жеке тұлғалық қаситтері арқылы адам қоғамдық қатынастарға қатысады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде жеке тұлға туралы тұрақты пікірлер қалыптасқан:
-әр адам жеке тұлға бола алады.
-жеке тұлға адамды жануарлардан ажыратып тұрады, жануарларға қатысты жеке тұлға ұғымы қолданылмайды.
-жеке тұлға- тарихи дамудың нәтижесі.
-тұлғалық қасиеттер бір адамды екінші адамнан ерекшелендіріп тұрады.
Жеке тұлғаның өзіндік сипаттамалары бар:
- белсенділік (өзінің іс-әрекет саласын кеңейтуге құлшынысы);
- бағыттылық (ынта, қызығушылықтар, қажеттіліктер, сенімдер жүйесі);
- әлеуметтік топтардың, ұжымдардың өзара әрекеттестігі.
Педагогикалық сөздіктерде жеке тұлға ұғымы- әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырылады. Жеке тұлға өзін мынандай үш бағытта көрсете алады:
- іс-әрекетте;
- басқалармен қарым-қатынаста;
- өзіне деген қатынаста.
Белгілі психолог К.К.Платонов жеке тұлғаның сапаларын жүйелеп, оның иерархиялық құрылымын қарастырған. Оның пайымдауынша жеке тұлғаның кез келген сапасында туа біткен (биологиялық, тұқым қуалаушылық) және жүре біткен (әлеуметтік) құрамды бөліктері болады. Солардың қатынастары бойынша жеке тұлғаның құрлымында сапалар 4 топқа немесе иерархиялық деңгейге бөлініп қарастырылады.
4-ші, төменгі биологиялық құрлымы, оған темперамент, адамның жас және жыныстық ерекшеліттері жатады, бұнда ешқандай әлеуметтік қасиеттері жоқ;
3-ші, құрлымдық деңгейде биологиялық нышандар негізінде жаттығулар арқылы қалыптасқан психологиялық процестер (сезімдер, қабылдау, қиял, зейін, есте сақтау, ойлау, ерік) ерекшеліктері жатады;
2-ші, тәжірибелік деңгейге тұлғаны оқыту арқылы қалыптасқан білім, білік, дағдылары, әдеттері жатады;
1-ші, жоғарғы деңгей, тәрбие арқылы қалыптасқан (сенімдері, дүниетанымы, көз қарастары, қызығушылықтары, тілектері, мақсаттары, әлеуметтік ұстанымдары, құндылық бағыттары, моральдық принциптері ) әлеуметтік бағыттылықтары жатады. Бұл бағыттылықтар адамның қоршаған әлемге қатынасын көрсетеді.
Жеке тұлғаның өзегі - оның Мен- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы Мен- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке Мен-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.
Жеке тұлға және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.
Жеке тұлға дүниедегі бар нәрсені сол дайын түрінде қабылдап қана қоймай, өзіндік саналығы, ақылдылығы, белсенді іс-әрекеті негізінде қоршаған ортаның өзгеруіне, қоғамның дамуына әсер ете алады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың жедел дамуына байланысты адамдар жер шарының әр бұрышындағы кез келген ғылыми, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық жаңалықтарды біліп отыруларына мүмкіншіліктері бар. Соның нәтижесінде адамның дүние танымы да кеңейе түсуде.
Әр жеке тұлғаның дүние танымы дегеніміз адамның дүниеге, қоғамдық қатынастарға, табиғатқа, өзіне деген көз қарастар жүйесі, оның бағыттылықтарының формасы. Ал адамның дүние танымы арқылы оның құндылықтары, өмірлік идеалдары мен ұстанымдары байқалады.
Барлық адамдарға ортақ бейбітшілік, адам құқықтары, экология, ашаршылықтың болмауына кепілдік, денсаулық т.б. құндылықтардың қажет екендігі сөзсіз.
Ал мұндай жалпыадамзаттық құндылықтар өз бетінше кездейсоқ қалыптаса алмайды, оны жүйелі тәрбие түрінде ұйымдастыру қажет. Ол үшін жас ұрпақ тәрбиесінде мынандай міндеттердің орындалуы маңызды орынға ие:
дүниежүзілік қарама-қайшылықтар қалай болмасын әр адамға әсерін тигізеді, ондай қайшылықтарды шешуге ат салысуда әр адамның үлесін ескеру;
жалпы адамзаттық мәселелерді шешуде ұлтаралық, халықаралық, мемлекетаралық байланыстарды нығайтудың қажеттілігін түсінулерін қамтамасыз ету;
жер бетіндегі бейбітшілік үшін, қоршаған табиғатты сақтау үшін ғылым мен мәдениеттің, барлық елдердің, адамдардың өзара ынтымақтастықтарын қамтамасыз ету.
Ұлттың болашағы- оның ұрпғы. Олай болса жас ұрпақтың тәрбиесіне, олардың дүние танымдарының дұрыс қалыптасуына әсер ететін ұлттық бағыттағы іс шаралар жүйелі жүргізілуі қажет. Жас жас ұрпақа ұлттық тәрбие беруде ұлы адамдардың құнды ой пікірлерінің, қанатты сөздерінің ұлттық рухтың күшейе түсуіне ықпалы зор.
Әлемдік білім беру кеңістігінде қажетті көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның құрмына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық негіздері бойынша ерекшелінетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстар, әркеттестіктері әр адамның дүние танымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүмкіндік тудырады.
Бірақ осы жағандану процесінде әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт дәстүрлері, тілі мен дінінің сақталып қалуы басқа мәдениеттер тоғысында өз орның жоғалтып алмауы өзекті. Қазақстанның да осы бағытта дамуындағы, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалудағы басты жолдардың бірі- ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарымызды сақтап және білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай: Қытайлықтар ұлы қытай қорғанымен, египеттіктер пирамидаларымен, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы ұлттық құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді.
Жеке тұлғаның іс-әректінің табысты және жемісті болуы олардың мәдениетіне тікелей байланысты, себебі мәдени білімдер оның құндылық бағдарының негізі. Адам тұлғасының қалыптасуы, оның мәдениеті бала кезіне, білім алуы, тәрбие алу мекемелерінен басталады. Ұлттық тәрбие дегеніміз әр адамның тек өзінің ұлттық ерекшеліктерімен, ұлттық мәдениетімен ғана шектелуі емес. Әрине алдымен әр адам өз ұлтының салт дәстүрлерін, тілін, тарихын білуге міндетті. Бірақ басқа тілді үйреніп, басқа мәдениеттермен танысуына шектеу жоқ. Себебі қазіргі таңда адамдардың көп мәдени тұлға ретінде қалыптасуы өте маңызды.
Көпмәдени тұлғаны қалыптастыру ретінде әр елдің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып:
- адамның салт-дәстүрлерге бай түрлі мәдениеттер, құндылықтар жағдайына бейімделуін, икемделуін;
- адамдардың түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге ұмтылушылықтарын нығайту қарастырылады.
Әр халықтың мәдени өзгешеліктерін сақтай отырып халықтар арасындағы достықты, түсіністікті нығайту көп мәдениеттілікке тәрбиелеудің маңызды бағыттарының бірі. Бірақ сол көпмәдени тұлғаны қалыптастыру білім беру процесінде іске асырылып, оның нәтижелерінің бірі болып табылады. Білім беру процесі арқылы адам мәдениет әлемімен терең таныса алады, мәдени құндылықтарды меңгереді.
Білім беру мазмұны әр түрлі халықтардың мәдени мұралары арқылы, үнемі даму үстіндегі ғылым салалары мен адамның өмірлік тәжірибесі негізінде байып, өзгеріп, толықтырылып отырады. Қазіргі кезде әрбір тұлға тек бір ұлттың азаматы емес, ол әлем азаматы болынуына бет бұрыс алу қажет. Сондықтанда дүниежүзілік білім беру кеңістігі деген көп көніл бөлінуде. Адами қасиеттерін сақтап, мәдениетті болуы оның ұлттық ерекшеліктеріне байланысты емес. Қандай ұлт өкілі болсада адам жалпы адамзаттық мәдениетке сай болуы керек.
Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына барлық білім беру мекемелері, тәрбие жүйелері, әлеуметтік институттар әсер етеді. Бұл үздіксіз жүретін процес. Ол тек бір мекеме көлемінде емес, адамның өзіндік білім алу барысында, оның өмірлік тәжірибесі негізінде қалыптасады. Көпмәдени тұлғаның қалыптасуына бұқаралық ақпараттық құралдардың, өнердің, саясаттың әсері зор.
Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық.
Қазіргі таңда адамдардың рухани байлығы, олардың әлеуметтенуі көкейкесті әселелерге айналып отыр, себебі олардың өмірлік бағыт-бағдарларын анықтайтын қоғамдық қатынастарға икемделуі тұлға аралық қарым-қатынастары, ұларалық қарым-қатынастары гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып қалыптасуына оның өскен отбасылық отасы, ұлттық салт-дәстүрлер, әлеуметтік ортасы көп әсер етеді. Кезе келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана сезімдері, ұлжандылығы, ана тіліне деген сүйспеншілігі сияқты ұлттық ерекшеліктері болады.
Ұлттық тәлім-тәрбие ұлттық тіл арқылы іске асатыны анық. Тіл- адамдардың байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу арқылы іске асырылады. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінде ана тілімен қатар шет тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Шет тілдерді оқыту ол тек білім алу үшін емес, ол практикалық қажеттілік, ол заман талабы. Бірақ ұлттық сана сезімін дамуының ірге тасы- ана тіліне деген сый-құрмет. Халық тағдырындағы тілдің маңыздылығын бағалауға, құндылығын арттыруға байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күн бүгінге дейін өзекті болып отырғаны баршамызға анық:
Қазіргі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне ену үрдісі барлық мәдениеттердің ықпалдасуына, ынтымақтастығына негізделеді. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселесі туындайды. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері бірігіп өмір сүруде. Өзіндік ұлттық ерекшеліктері бола тұра, олар бірі-бірімен қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, тілідік қатынасқа түсіп араласады. Осы қатынастар барысында ұлттық мәдениет, ұлттық діл айқын байқалады. Сол өзгешеліктерін сақтай отырып, әр ұлт өкілдері басқа ұлт өкілдерімен толеранттық қарым-қатынасты сақтаулары – олардың білім беру мәселелеріндегі ортақ мақсатқа табысты жетулерінің кепілі деуге болады.
Толеранттық ұғымы латын тілінің tolerantio - деген сөзінен аударғанда шыдамдылық деген мағына білдіреді. Толеранттылық деген ұғым педагогикалық лекцияда жанадан қолданылған ұғымдардың бірі. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде толеранттылық ұғымы:
қандайда бір қолайсыз, жағымсыз факторлардың ықпалына сезімталдықтың төмендеуі нәтижесінде аландаушылықтың жоқтығы немесе әлсіреуі;
психологиялық бейімділігін жоғалтпай адамның түрлі өмірлік қиындықтарға қарсы тұра алу қабілеті ретінде қарастырылады.
Яғни, толеранттылық- шыдамдылық, сабырлық таныту, қызбалыққа салынбау, кез келген қиындыққа төзімділікпен қарау, барлық мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге тырысу деген мағынаны білдіреді.
Толеранттылық мұғалімдердің ең маңызды қасиеттерінің бірі. Мұғалімнің толеранттылығының негізінде бір жағынан шынайы жағдайды дұрыс бағалай алу қабілеті, екінші жағынан жиеленіс жағдайлардан педагогикалық әдепті сақтап шығудың алдын ала анықтай алу мүмкіншілігі жатыр. Өз бойында толеранттылықты қалыптастыру- мұғалімнің маңызды кәсіби міндеттерінің бірі.
Студенттің өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар:
1. Индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Жеке тұлға ұғымының өзегі не?
3. Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не?
4. Білім беру саласындағы ұлттық мәселелер қандай?
5. Дүниежүзілік білім беру кеңістігі неден құралады?
6.Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтардың айырмашылығы неде?
7. Көпмәдени тұлға дегеніміз кім?
8. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
9. Толеранттылық дегеніміз не?
Әдебиеттер
1.Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы.-1998.-317 с.
2.Аймауытов Ж. Педагогическое руководство (учебное пособие), Оренбург. 1924. Психология Алматы. 1995.
3.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрі.- Алматы. 1991.
4.Табылды Ә. Ұстаз тәлімі- Алматы: Білім, 2006.- 248 бет.
5.Толеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. Алматы, 1994
Дәріс №4. Педагогикалық кәсіпті меңгерудегі студенттің ой еңбегінің мәдениеті.
Мақсаты: Болашақ ұстаздарды ой еңбегің мәдениеті туралы білімбері мен қаруландыру, ой еңбегінің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, ЖОО ғы кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: Ой еңбегі, оқу еңбегі мәдениеті, зейін, есте сақтау, кредиттік оқыту жүйесі, оқу еңбегінің нәтижелерін бақылау түрлері.
Жоспары:
1. Ой еңбегі мәдениеті туралы түсінік.
2. Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар.
3. Жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің ой еңбегңн ұйымдастыру ерекшеліктері.
Әр адамның жан-жақты дамуының негізгі бағыттарының бірі оның ақыл ой тәрбиесі. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процесінде білімнің рөлі, ақыл ой мәдениетінің құрамды ьөлігі ретінде қарастырылады. Педагогикалық оқулықтарда ақыл-ой тәрбиесі – адымның ақыл ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылымдар жүйесін меңгеру процесіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету ретінде қарастырылады.
Ақыл ойдың дамуы адамның оқу іскерліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Адамның табысты және нәтижелі оқуына көмектесетін барлық білім, дағды, іскерліктер кешені ой еңбегінің мәдениеті деген ұғыммен қамтылады. Адамның ой еңбегі оның логикалық ойлау қабілетіне, есте сақтау, зейін қою, елестету, қиял, қызығушылық қабілеттеріне негізделеді.
Педагогикалық ЖОО ғы студенттерде ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру олардың педагогикалық процестегі рөлдерінің маңыздылығымен өзекті болып табылады. Педагогикалдық тәжірибеде оқушыларға неғұрлым көп білім немесе ғылыми ақпараттар берілсе соғұрлым олар білімді болады деген пікірлер қалыптасқан.
Оқу танымдық іс әрекеттегі бір адамның жетістігі екінші адамның жетістігі бола алмайды. Оқу танымдық іс әрекетте әр адам табысқа өз еңбегі арқылы ғана жете алады. Ал егер оқушылар немесе тсуденттер оқу танымдық іс әрекеттерін тиімді ұйымдастыруға үйретілмеген болсы, олардың табысқа жетуі екіталай.
Ой еңбегінің мәдениеті студенттердің құндылық бағдарларын, өмірге, болашағына, өзіне деген көз-қарастар жүйесін ашуға мүмкіндік береді. Ой еңбегінің мәдениеті - білімді дұрыс іздестіріп, оларды дұрыс қолдана алу өнері. Ой еңбегінің мәдениетін дұрыс меңгерген адам ғана қазіргі ағымы жылдам, ауқымды, ғылыми, әлеуметтік- эканомикалық, мәдени ақпараттар ағысында өзін еркін сезіне алады.
Адамның ой еңбегі дене еңбегімен тығыз байланысты. Дене еңбегімен айналысуда адам белсенді қимыл қозғалысына күш жұмсайтын болса, ой еңбегінде көбінесе адамның ішкі психологиялық тетіктері қатысады. Ұзақ уақыт бойы қимылсыз, үздіксіз бір ыңғай ой еңбегңмен айналысу адамды тез шаршатып, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ой еңбегімен дене еңбегінің ауыстырып отырған абзал.
Адамның ой еңбегіне ықпал ететін жағдайлар.
1. Жас және дербес ерекшеліктері
2. Адамның ой еңбегінің нәтижесіне ұйқының әсері
3. Белсенді қимыл қозғалыс режимі
4. Тамақтану режимі
5. Уақытты дұрыс таңдыу
6. Ауаның тазалығы
7. Алаңдатқыштарды алшақтату
ЖОО-ғы студенттердің ой еңбегін ұйымдастыру ерекшеліктері.
Болашақ маман өзінің ой еңбегін ұйымдастыру барысында оның гигиеналық негіздерін, ол еңбекті жоспаралау, өздігімен білім алу, кітаппен жұмыс істей алу, мұғалімдер беретін дәрісті дұрыс тыңдау, өздік жұмыстарды орындау, семинарларға, конференцияларға, олимпиадаларға, интелектуалдық сайыстарға дайындалу ерекшеліктерін білуі қажет. Бұл тұрғыда ғылыми ақпараттарды іздестіруде Интернет жүйесінің маңызыда зор.
Адамның іскерліктері оның іс әрекетінің табыстылығының көрсеткіштерінің бірі. Іскерліктер- адамның білімдері мен дағдылар жиынтығымен қамтамасыз етілетін іс әрекеттерді орындау тәсілдері. Ал білім беру саласында, ой еңбегі мәдениетіде оқу жазу, есептеу, ойлау операцияларын меңгеру сяқты оқу іскерліктерін жетілдіру өте қажет.
Студенттердің оқу танымдық іс әрекеттері мұғалімдер тарапынан бір келкі жағдайда ұйымдастырылған болса да, олардың білім деңгейлері, іс әрекет нәтижелері әр түрлі көрініс береді. Оның негізгі себептерінің бірі әр студент бойындағы оқу іс - әрекетіне деген қызығушылықтары, ынта ықыласы, мативтері. әр студент ЖОО-ғы оқу танымдық процеске әр түрлі көз қараста болады.
Ой еңбегінің гигенасы жайлы кеңестер:
Жұмыс орнын жинақы, ұқыпты ұстау
Жұмысты жоспарлауға үйрену, еңбекпен дамалысты алмастыра алу
Шаршамай жұмыс істекге үйрену
Белсенді дем алу, әр түрлі іс-әрекет түрлерін алмастыра алу
Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастыра алу
Ой еңбегіндегі жүйелікті бұзбау
Ой еңбегімен айналысатын бөлменің тым ыстық немесе тым суық болмауын қадағалау, ауаның таза болуын қадағалау
Дұрыс тамақтану
Тым көп ақпаратты есте сақтап алуға тырыспау, ол үшін сөздіктер қолданып, немесе шағын конспект жасап отыру.
Студенттің өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар:
1. Ой еңбегінің мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
2. Ой еңбегі мәдениетін меңгеру болашақ мамандарға не үшін қажет?
3. Ой еңбегінің нәтижелілігі қандай жағдайларға байланысты болуы мүмкін?
4. Жоғарғы оқу орындарындағы кредиттік оқыту жүйесінің мәні неде?
Әдебиеттер
1. Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кріспе. Оқу құралы.: А.2009ж
2. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика Алматы 2006.
3. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев Педагогика Астана 2003.
4. Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев Педагогика Алматы 2004
Дәріс №5. Педагогикалық мамандық пен оның қоғамдағы маңызы.
Мақсаты: болашақ ұстаздарға педагогтық мамандықтың әлеуметтік құндылығын, қоғамдық маңызын ашып көрсету жэне мұғалім тұлғасына қойылатын талаптармен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік маңыздылық, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар, мүғалім профессиограммасы, мұғалімнің міндеттері, педагог қызметкердің мәртебесі.
Жоспары:
1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы.
2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
Қазіргі қоғамдағы мұғалімдік кәсіптің әлеуметтік маңызы.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мәселесі осы қоғамдағы адами фактор мәселесімен тікелей байланысты, себебі жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті жастар мен құзіретті мамандар ғана қоғамның өркендеп дамуына елеулі үлес қоса алады. Қоғамымыздың қарқынды дамуы үшін бәсекеге қабілетті, әлеуметтік белсенділіктері дамыған жас мамандар қажет. Ал осындай азаматтар тұлғасын қалыптастыруда олардың ата-аналарымен қатар білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбектері мен игі істерінің алатын орны зор.
Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқанын баршамыз білеміз. Адамдар қай қоғамдық формацияда болмасын жас ұрпакқа өз тәжірибесін жеткізіп, білгендеріне үйретіп және мақсатты, саналы түрде өмір заңдылықтарын меңгертуге талпынған.Адамзат қоғамының қай даму сатысында болмасын мұғалімдік кәсіптің атқаратын рөлі ерекше жоғары бағаланған. Мектеп және білім беру жүйелері өскелең ұрпақтың әлеуметтенуіне, қоғам дамуына сәйкес тәрбиеленуіне қашан да елеулі үлесін қосып келеді.
Білім берудің өзін қазіргі таңда ауқымы кең әлеуметтік процесс ретінде қарастыра отырып болашақ мұғалімдерді даярлау барысында кәсіпке баулу және әлеуметтендіру процесстерін ұлітастыру қажеттілігін аңғарамыз. Педагогикалық жоғары оқу орнына келген әрбір студент жоғары сапалы деңгейде таңдаған кәсібін меңгеруі кажет, онсыз нағыз мүғалім, нағыз педагог тұлгасы қалыптаспайды, және онсыз кәсіптік білім беру ұғымы өзінің бастапқы мәнін де жоғалтып алуы мүмкін.
Мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын ашу үшін оның басқа мамандықтарға қарағандағы әлеуметтік құндылығын, оның қоғамдағы орны мен рөлін тереңірек қарастырған жөн.
Сан-алуан мамандықтардың ішінде мұғалім мамаңдығы адам-адам жүйесіне катысты мамандық, бірақ осындай жүйеде адаммен тығыз жұмыс істейтін басқа да мамандык иелсрі жеткілікті. Мысалы, дәрігер, юрист, артисттер, сатушылар т.с.с. мамандар да адамдармен тығыз қарым-қатынаста болады ғой. Педагог мамандығының маңыздылығы оның қогам дамуындагы рөлімен анықталады. Педагог мамандығында жетекші идея, негізгі міндет - адам дамуының мақсаттарын түсініп, басқа адамдарды сол мақсаттарға жетуге бағыттау.
Яғни, мұғалім өскелең ұрпақты қоғамның болашақ азаматтары ретінде тәрбиелеп, олардың әлеуметтенуіне байланысты жұмыстар атқарады. Мұғалімдер қоғамдағы ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік тәжірибені саралап ең дұрыс және ең қажетті жақтарын жас өспірімдердің бойында қалыптастыруға тырысады. Сонымен қатар мүғалімдер жас өспірімдердің дүниетанымдарын, ұлттық сана сезімдерін, салауатты өмір салтына деген көзқарастарын калыптастырады. Яғни, мұғалімдерді баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуін, әлеуметтенуін басқарушысы ретінде қабылдауға болады. ¥лы орыс педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын жоғары бағалай отырып: Мұғалім мамандығы сырттай қарапайьш болғанымен - тарихтағы ең ұлы істердің бірі - деген сөздері шынайылыққа үйлеседі.
Адамзат тарихында мұғалім мамандығының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі -оның қай елде болмасын ең кең таралғандығы.
Мысалы, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бітіруші түлектерінің басым көпшілігі педагогтар екенін атап айтуға болады. Бұл нені білдіреді? Бұл дегеніміз педагог мамандығының қоғам дамуы үшін аса қажеттілігінің, зор маңыздылығының көрсеткіші, себебі егер бұл мамандыққа қоғам тарапынан сұраныс болмаса, мұндай көп мамандарды даярлау кажеттілігі де болмаушы еді. Бұл мамандык мәңгілік ескірмейтін мамандықтардың бірі. Жьл сайын жоғары оқу орындарында арнайы даярланған жоғары білімді педагогтар қоғамымыздың білім беру мекемелерінде педагогикалық еңбекке кірісіп жатса да, мұғалімдер саны жетіспейді. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің дамуына байланысты сапалық деңгейлері жоғары, кәсіби кұзіретгі мұғалімдерге деген сұраныс жыл сайын күшейе түсуде.
Мұғалім қызметі тек болашаққа ғана бағытталған. Мұғалімнің іс-әрекеті, қызметі балалардьң болашағына байланысты болып келеді. ¥стаз еңбегінің нәтижелілігі де келешекте ғана көрініс береді. Мысалы, мұғалім еңбегінің жемісі нақты бір іс-әрекет жасағаннан кейін емес, айлар, жылдар өткен соң, шәкірттің бір табысқа қол жеткізуіне байланысты бағаланады.
Мұғалім қызметі үнемі гуманистік сипатта болады. Ұстаздық қызметтің тағы бір ерекшелігі - педагогтардың әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Ең бастысы мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірді, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті - адамгершілік қадір-қассиетті сезінуге тәрбиелеуі керек. Адамдық кадір-қасиет - адам бойындағы ең қымбат байлық. Тәлім-тәрбиелік, оқу-танымдык жолында мұғалімнің кәсіби жетістігі әрбір оқушысының мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына, шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.
Педагогикалық еңбектің ұжымдық сипаты. Мұғалім үнемі балалар ұжымымен жұмыс істейді. Ал мінезі, қызығушылықтары, даму және тәрбиелік деңгейлері әр түрлі балалардың ұжым ішіндегі қарым-қатынастарын басқара білу оңай іс емес. Ол үлкен педагогикалық шеберлікті талап етеді. Бұл шеберлікті дамыту үшін педагогика ғылымындағы А.С.Макаренко негізін салып кеткен тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу теориясын жақсы меңгеру қажет, Бұл педагогикалық идея кейінгі көптеген шығармашыл педагогтардың тәжірибесіне негіз болғаны анық.
Мұғалімдер әр баланың тұлғасын қалыптастыруда оларды интеллектуалдық жағынан дамытуды, эмоционалдық, рухани, дене тәрбиелерін жетілдіруді көздейді. Ал шәкірттің тұлға ретінде қалыптасуын басқару өте күрделі процесс екені балалардың әрдайым психологиялык, физиологиялық, педагогикалық өзгеріс үстінде болатындығына байланысты.
Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалімдік еңбектің нәтижесін өлшеп отыратын дайын арнайы құралдар болмайды, оларды өлшеу үшін балалардың бойындағы тұлғалық қасиеттердің өзгеруін күтуге тура келеді. Себебі мұғалім қаншалықты жетекші роль атқарып тұрса да, оған оқыту, тәрбиелеу процесінде пайда болатын қарым-қатынастарды басқара алуы, сол қарым-қатынастар арқылы шәкірттің өзіндік даралығын сақтап, тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы қажег.
Мұғалімдерге аса жауапты іс жүктелген. Қазіргі қоғам дамуында мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Мұғалімдерге баланың мінез-құлқының, дүниетанымының, адамгершшік қасиеттерінің қалыптасуы,жалпы олардың өсіп дамуының ең маңызды кезеңі тапсырылған. Осындай аса жауапты істі қолға алып отырған мұғалімдер өздерінің бала өміріндегі рөлін әрқашан да жоғары деңгейде атқаруға міндетгі. Ал егерде мұғалім педагогикалық іс-әрекетке немқұрайлы қарайтын болса оның жұмысында сәтсіздікке ұшырататын көптеген қателіктер мен кемшіліктер кездесуі мүмкін.
Кейбір мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерінің төмендігінен баланың балғын балалық шағына дақ түсірулері олардың ата-аналар алдында, әріптестері алдынла беделін төмендетеді, абыройын түсіреді және олардың жіберген қателігі баланың өмір бойы жүрегінде қалады. Өкінішке орай ондай мұғалімдер өздерінің кемшіліктерін байқамай сәтсіздік жағдайларда оқушыларды кінәлап, олардың болашағына үулкен күмәнмсн қарайды. Ал оқушы қателігі кешірілуі керек, себебі олар әлі өз күштері мен мүмкіндіктерін шамалай алмайтын, даму үстіндегі жандар.
Мұғалім шәкіртіне сенім арта білуі арқылы оның ішкі әлеуетін ашуға мүмкіншілік туғызады. Сол сияқты егер мұғалім баланың бойында адамгсршілік сезімдсрді оята алса, ізгілік дэнін сеуіп, оларды тереңінен сусындата білсе, ондай педагогикалық ықпал баланың өмір бойғы рухани азығына айналуы мүмкін. Француз жазушысы
Қоғам дамуына байланысты мұғалімге қойылатын талаптардын өзгеруі. Мұғалім профессиограммасы. Адамзат тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайларына байланысты өзгеріп отырған.
Ұстаз тұлғасына, тәрбиешілерге, тәлімгерлерге қойылатын талаптар тіпті Ежелгі Греция, Ежелті Мысыр, Ежелгі Рим философтары Демокрит, Аристотель, Сократ, Марк Фабий Квинтилиан т.б. еңбектері мен идеяларында көрініс табады.
Мұғалімдердің моральдық-психологиялық, этикалық сапалары туралы ойлар шығыс философы Әбу Насыр әл-Фараби еңбектеріндегі айырықша көңіл аударылған мәселелердің бірі болған. Ол мұғалім бойында шыншылдык, шәкірттеріне де, өзіне де талап қоя алушылык, ықыластылық, қаталдық, күш-жігер және педагогикалық такт сияқты қаситеттердің сақталуын қажет деп санаған. Әл-Фараби ұстаздың мінез-кұлық нормасы қаңдай болуы жайлы былай деп жазады: ..ол тым қатал да болмауга тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - ұстаздық қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымға шәкірті селқос қарайтын болады.
Педагогика ғылымының негізін қалаушы Я.А.Коменский (XVII ғ.) мұғалімдерге ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғары тұрған еш нәрсе жоқ - дей отырып балаларды оқыту-тәрбиелеу барысында мұғалімдерден табиғатқа сәйкестілік және дидактикалық принциптердің орындалуын талап еткен.
Педагогика тарихында мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар А.Дистерверг, К.А.Гельвеций, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, А.С.Макаренко, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, В.А.Сухомлинский сынды белгілі педагогтар еңбектерінде ерекше қарастырылады П.Ф.Каптерев мұғалімдердің адамгершілік қадір-қасиеттерінің маңыздылығына көңіл бөле отырып, окыту мен тәрбиелеу процестерінің тұтас жүргізілуі барысында оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту кағидасының сақталуын талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптардың өсіп, күрделеніп отыруы нәтижесінде педагогикалық теорияда профессиографиялық тұрғыдан зерттеулер орын ала бастады. Осы бағытта арнайы зерттеулермен айналысқан ғалымдар Ф.Н.Гоноболин, Н.В.Кузьмина, А.И.Щербаков, В.А.Сластенин, Ю.С.Алферов, Е.И.Антипова т.б. болды.
В.А. Сластенин мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жүйесін оның педагогикалық еңбекке кәсіби даярлғы ретінде қарастырады. Ол даярлықтың құрамына мұғалімнің психологиялық,физиологиялык, даярлықтары мен қатар ғылыми-теориялық және практикалық құзіреттілігін жатқызады. В.А.Сластениннің пікірінше: Мұғалім профессиограммасы мамандықтың паспорты ретінде оның квалификациялық сипагтамаларын, яғии қоғамдық-саяси, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық білімдерінің көлемдерін және ғылыми негізделген өзара қатынастарын, сонымен қатар болашақ мұғалімге қажетті педагогикалық, әдістемелік іскерліктер мен дағдыларды қамтуы қажет. Профессиограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Жалпылап қарастырғанда қазіргі кезде мұғалім профессиограммасын құруда үлкен тәжірибе жинақталған. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады:
- жалпы адамзаттық қасиеттері;
- кәсіби-педагогикалық касиетгері;
- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары.
Қазіргі таңда заман талабына қарай мұғалімдік қызметтегі адамдарға талаптар да күшейе түсті. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007 ж.) педагогтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған занның 7 тарауының 50-51 баптарында педагог қызметкердің мәртебесі анықталып, олардың кәсіптік шеберлігіне, оқушыларға сапалы білім мен тәрбие бере алуларына байланысты жауапкершіліктері мен міндеттері қарастырылған.
50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.
Студенттің өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар:
1. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?
2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде?
3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде?
4.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?
5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не?
Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-Ш ҚРЗ.
2.ҚР білім береуді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік багдарламасы. Астана, 2005. 31 бет.
3. И.Е.Синица. Педагогикалык әдеп және ұстазды
4. Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кріспе. Оқу құралы.: А.2009ж
5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика Алматы 2006.
6. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев Педагогика Астана 2003.
7. Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев Педагогика Алматы 2004.
Дәріс №6. Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы. Педагогикалық құзіреттілік.
Мақсаты: болашақ ұстаздарды педагогикалық іс-әрекеттің сипаттарымен, мұгалімнің кәсіби маңызды қасиеттерімен және педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру
Негізгі ұғымдар: кәсіп, кәсіби іс-әрекет, педагогикалык іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы, мамандық, мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері, педагогикалык құзыреттілік.
Жоспары:
1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.
2. Мұғалімнің кәсіби-маңызды қасиеттері.
3. Кәсіби педагогикалық құзіреттілік.
4. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі, кәсіби мәдениеті.
Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Іс-әрекет ұғымы гылым аралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі
Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс-әрекеттерін зерттеуге тырысады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі (2 тақырыптағы 1-суретті қараңыз).
Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:
танымдық қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);
зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі);
коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері);
білім берушілік {басқаларға білім беру процесі);
- өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады,
Әр-түрлі белгілеріне қарап педагогика-психология ғылымдарында іс-әрекеттердің негізгі түрлері ретінде:
ойын;
қарым-қатынас;
еңбек;
оқу қарастырылаады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма,әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.
Педагогикалык іс-әрекеттің негізгі ерекшеліктері:
1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.
2. Басқа іс-әрекеттерді басқаруға бағытталған іс-әрекет (мета-іс-әрекет).
3. Іс-әрекет субъект-субъектілік және субьект-объектілік сипатта болады.
4.Түлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.
Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бетбұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға - мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс-әрекеттің әлеумеггік маңыздылығының айқын дәлелі.
Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова,Л.М.Митина,Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов,К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б.
Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік-жігер, парасатты мінез-кұлық талап етіледі.
Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:
- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;
педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;
бақылағыштығы;
педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;
педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;
қарым-қатынас жасай алуы;
ұжымшылдық;
шығармашылығы және т.б.
Мұғалім - өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді.
Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады.
Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі -жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші - баланың тұлғалық қасиеттерін қальштастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдьлықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуымен және онымен рухани жагынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді.
Мұғалім - бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым-қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің Педагогикальқ әдеп және ұстаздьқ шеберлік деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады:
- Байқағыштық
Ілтипаттылъқ.
Сенім.
Әділдік.
Төзім және сабыр сақтау.
Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия - мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы.
Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта-ықыласын, сүйіспеншілігн, педагикалық еңбекке қызығушылығын, психологияльқ-педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой-өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикальқ өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.
Мұғалім - өз пәнін оқытудың әдістерін жете игерген, шығармашыльқ еңбек ететін, педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі оның табиғи дарындылығында дейтін пікірлер де бар. Сөз жоқ, дарындылық, аса қабілеттілік қай мамандьқта болмасын кездеседі. Бірақ адам мамандық ерекшелігімен дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана берілген табиғат сыйы емес, ол үздіксіз ізденудің, өзін-өзі үнемі кәсіби жетілдірудің және өзінің қалаған мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы.
Жалпы жас ұрпаққа білім беру ісін жетілдіру және оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Сондықтан жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдауға, мәдениетін дамытуға, рухани кемелденуін қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеуі, қоғам алдындағы бағдарламалық міндеттердің шешімі тікелей жас мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты.
Іс-әрекет құрылымы.
Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясын қарастырудан бұрын іс-әрекет ұғымын анықтап алайық. Іс-әрекет—бір мақсатқа бағытталған, тұлғалық және қоғамдық маңызы бар нәтиже беретін белсенділік. Оның кұрылымында мынандай компоненттері бар: мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау. Егер осы компоненттердің біреуі орындалмай қалса онда тұлғаның толыққанды іс-әрекеті де бола алмайды.
Кәсіби құзыреттілік. Қазіргі таңда әрбір адам өзінің қызығушылықтарына, қабілеіттілігіне байланысты бір мамандықты немесе кәсіпті тандауын анықтауы кажет. Бір мамандықты игеру үшін адам арнайы жоғары оқу орындарына түсіп өзін-өзі іске асыруға тырысады. Мамандықты терең меңгеруге байланысты кәсіби құзыреттік ұғымы орын алады.
Қазіргі білім берудегі негізгі нормативті құжаттардың басым көпшілігінде кұзіреттілік ұғымы негізгі түйін сөздер қатарында карастырылып келеді. Алдымен құзіреттілік ұғымының этимологиясына тоқталатын болсақ, ол латын тілінің соmpetе деген сөзінен аударғанда білу, істей алу, қол жеткізу деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық тсрминологиялық сөздікте құзіреттілік ұғымы екі тұрғыдан сипатталған:
1) нақты білімдері мен дағдылары арқылы кейбір міндеттерді шешуге ат салыса алатын немесе мәселені өз бетінше шеше алатын жеке тұлға мүмкіншіліктері;
2) танымдық және тәжірибелік іс-әрекеттердің теориялық тәсілдерін меңгеру дәрежесімен анықталған жеке тұлғаның білімділік деңгейі
Тек білімді болу адам үшін жеткіліксіз, адам бір мамандықтың иесі болып, құзырлы маман болуға тырысуы керек және сол өзі меңгерген мамандығы арқылы өзінің тұлғалық әлеуетін жан-жақты іске асыра алады.
Әрине, кейбір адамдар өздерінің қабілеттерін бірнеше салада (ғылымда, мәдениетте, өнерде) көрсете алулары мүмкін. Бұндай жағдайда кәсіби құзіреттілікпен қатар жеке тұлғаның түрлі салаларда табысты іс-әрекет жасай алатын дарындылығы байқалады.
Кәсіби құзіреттілік ұғымы ең бірінші жеке тұлғаның кәсіби білімінің деңгейімен, жеке қабілеттерімен, өзін-өзі жетілдіру және үздіксіз іскерлігімен, өз ісіне деген шығармашылығымен, жауапкершілігімен, теориялық білімдерін практикада тиімді қолдана алуымен анықталады.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?
2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?
3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады?
4.Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз?
5.Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз?
6. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз?
7. Кәсіби кұзіретгілік дегеніміз не?
Әдебиеттер
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2006. - 704 б.
2. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2009-190с.
3.Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты высшего профессионального образования: методология, теория и технология проектирования в компетентностном формате Білім әлемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.
4.Синица И.Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік. Алматы. 1987.- 223 6.
5.Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с.
Дәріс №7. Болашақ мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
Мақсаты: болашақ мұғалімдерге шығармашылық ұғымы туралы түсінік беріп педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты мен тереңірек таныстыру.
Негізгі ұғымдар: шығармашылық, қиял, шығармашылық ойлау, озық педагогикалық тәжірибе, қазіргі педагогикалық технологиялар.
Жоспары:
1. Шығармашылық ұғымы.
2. Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе.
3. Шығармашылық мәдени-тарихи құбылыс.
4. Шығарамшылық ойлау ұғымы.
5. Шығармашылыққа үйрену жолдары.
Шығармашылық ұғымы. Философиялық тұрғыдан қарастырғанда шығармашылық - жаңа сапалы материалдық жэне рухани құндылықтарды жасаудағы адамның белсенді іс-әрекеті ретінде карастырылады.
Педагогикалық энциклопедияда шығармашылық-адамның өзіндік және белсенді іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде түсіндіріліп өзінің әлеуметтік маңыздылығымен және жаңашылдығымен бағаланады. Мысалы, қазіргі кездегі ғылымның, техниканың жетістіктеріне {компьютер, интернет, ұялы телефон, медицинадағы улътрадыбыстық диагностикалық аппараттар, лазер сәулелері арқылы емдеу, т.б.) көптеген ізденуші ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеттері арқылы ғана қол жеткізіп отырғанымыз анык.
Шығармашылық процесс - әрқашанда көпшілікке белгілі қалыптасқан білімдер жүйесінен ерекшеленуімен, бір құбылысқа жаңаша көзқарасты қалыптастыруымен, бірі біріне ұқсамайтын құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды анықтай алуымен, мәселелерді шешудегі тиімділігімен құнды.
Шығармашылық тұлға - әрқашанда еркін, өзін-өзі жан-жақты дамытуға дайын, бәсекелестікке қабілетті, құзіреттілігі мен белсенділігі жоғары адам. Шығармашылықпен айналысуда адамның тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар оның табандылығы, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алуы, ойдың еркіндігі мен батылдығы, болжам жасай алуы, өз күшіне деген сенімділігі сияқты тұлғалык қасиеттері өте маңызды. Яғни,шығармашылық адамның тұлғалық қасиетіне жатады,сондықтан мұндай қабілетті әр адам жас кезінен өз бойында дамытқаны жөн. Ал өз күшіне сенімсіз, жасықтау адамдар ешқашанда өз беттерінше үлкен жаңалықтарға қол жеткізе алмайтынын
Шығармашылық ұғымына қатысты қазіргі психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік ғылымдар саласында шығармашлық ойлау, шығармашылық қиял, шығармашылық іс-әрекет, шығармашылық ойын, шығармашылық қабілет сияқты терминдер жиі қолданылуда.
Қазіргі кезде адамдардың іс-әрекеттерінің сипатына байланысты шығармашылықтың мынандай түрлері ажыратылады:
- ғылыми шығармашылық (бұрынғы ғылыми білімдерге қарағанда артықшылығымен бағалы жаңа білімдер жүйесі);
- көркем шығармашылық (жаңа көркем әдебиет туындылары);
- техиикалық шығармашылық (жаңа техникалық кұралдар мен жаңа технологиялар);
- педагогикалық шығармашылық (жаңа мазмұн, педагогикалық әдістер, қағидалар, педагогикалық жүйелер т.б.)
Көптеген зерттеушілердің пікірінше шығармашылықтың жемісті болуына адамның сезім күштерінің әсері өте зор. Бір мәселені ұзақ зерттеу барысында адам өзінің, ішкі күштерін толық соған жұмылдырып, жүрсе де, тұрса да ойымен сол бағытта белсенді жұмыс істесе, шабытының шырқауы аркылы шығармашылық шыңына жетуі мүмкін.
Мұғалім шығармашылығы және озық педагогикалық тәжірибе. Психологиялық-педагогикалық ғылымдар саласында шығармашылық іс-әрекет ерекшеліктерін зерттеумен айналысқандар Л.С.Выготский, СД.Рубишнтейн, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров, Т.А.Маслоу, Б.Г.Ананьев т.б. болған.
Педагогикалық іс-әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты педагогикалық шығармашылық ұғымы кеңінен қолданылады. В.А.Сластениннің еңбектерінде педагогикалық шығармашылық педагог тұлғасының жеке, психологиялық, интеллектуалдық күштері мен қабілеттерін іске асыру процесі ретінде қарастырылады.
Кез келген іс-әрекетке адам шығармашылық тұрғыдан қарауды қалыптастыруы қажет, себебі онсыз дау, ілгері жылжу, прогресс болмайды. Оқу-тәрбие ісінде оқушылардың шығармашылығын шыңдайтын, тек шығармашыл ұстаз ғана. Сондықтан көп мәселелердің шешімінің тиімділігі мұғалім тұлғасының шығармашылығына байланысты.
Педагогикалық шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, қайталанбастығымен ерекшеленетін шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.
Педагогикалық шыгармашылық - мұғалімнің, өз ісін сүйіп, оған барлық ынта-ықыласымен кірісіп, әр шәкіртінің жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына неғұрлым тиімді, қолайлы жағымды жағдай жасай алуы. Ондай мұғалімдердің әрбір өткен сабағы балалар үшін өте кұнды да бағалы, мұндай сабақтарға балалар қуана жүгіріп келеді, мұғалімнен бір қызықты жаңашылдық күтеді.
Шығармашық мұғалімдердің өзінің ішкі жан дүниесінде, көңіл-күйінде, балалармен қарым-қатынасында үйлесімділік байқалып тұрады. Олар әр сабақты бір шығармашылықты шыңдау лабораториясына айналдырып жібереді. Мұғалім бір сабақтың үстінде бірнеше рөлді бірақ атқарып тұрады. Ол балаларға білім беруімен қатар сценарист те, басты рөлді орындайтын актер де, режиссер де, суретші де, декоратор да, костюмер де, визажист те, дизайнер де, тәртіпті қадағалаушы да, психолог та бола алуы керек.
Педагогикалық шығармашылық бір неше кезеңдерден құралады.
1. Шығармашылдық педагогикалық міндеттерді анықтау.
2. Педагогикалық ықпал ету әдістерін жобалау.
3.Балалармен тікелей әрекеттесу арқылы белгіленген жоспарды жүзеге асыру.
4. Қол жеткізген педагогикалық нәтижелерді талдау.
Ұстаз шығармашылығы сабақтың, дәрістің тиімді жүргізілуінде, оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерінің ескеріліп олардың бірлесіп жұмыс істеулерінде, және басқа да педагогикалық іс-әрекеттерде жан-жақты байқалып тұрады.
Б.Р. Айтмамбетова шығармашылық жолда еңбек ететін барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық идеяларды былайша жіктейді:
- ынтымақтастық педагогикасын жүзеге асыру идеясы;
- әрбір жеке оқушының ішкі жан дүниесін білу арқылы тығыз карым-катынаста болу идеясы;
- тұтас педагогикалық процесті гуманитарландыру, демократияландыру идеясы;
- қиын әрі күрделі мақсаттарды алдын-ала білу идеясы;
- тірек сигналдары арқылы оқушыларды шығармашылық ізденіске үйрету идеясы,
- оқушылардың білім алуында және оны бағдарлауда еріктілік принциптерін жүзеге асыру идеясы,
- оқу материалын өту барысында бағдарламадан озып отыру идеясы;
- ірі блоктар идеясы;
- оқушыларды өздерінің білімдеріне, жұмыстарына талдау жасауға және бағалай білуге үйрету идеясы;
- сынып оқушыларының интеллектуалдық дәрежесін жетілдіру идеясы;
- коллективтік шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру идеясы;
- шығармашылык өнімді еңбекті ұйымдастыру идеясы;
- мұғалімдер ұжымымен, ата-аналар және жұртшылықпен ынтымақта болу;
- қазіргі уақыттың әлеуметтік парызын орындауда мектеп пеп қоғамның тығыз байланысын жүзеге асыру идеясы.
Шығармашылыққа үйрену жолдары. Шығармашыл педагог болу - қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Ал жоғарғы оқу орындағы теориялық білім нәрімен сусындап жатқан студенттер де өздерінің танымдық белсенділіктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірулері қажет, себебі ол ертеңгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижесіне тікелей әсерін тигізетін факторлардың бірі. Болашақ мұғалімдердің білім шаңырақтарындағы бүгінгі табысты оқу іс-әрекеттері - ертеңгі кәсіби құзіреттіліктерінің, бәсекеге қабілеттіліктерінің кепілі.
Өз шығармашылығы арқылы педагог әр сабақта оқушыларды да шығармашылыққа баулуы керек. Жаңа біліммен таныстырудың өзі шығармашылық тұрғыдан жүргізілуі тиіс. Егер мұғалім оқушыларға дайын білімді баяндап бере салса, балалардың шығармашылығы дамымайды. Керісінше проблемалық сұрақтар қою арқылы балалардың ойын жетектеу, өз беттерінше ізденулері арқылы білімді меңгерту, өздері бір мәселенің шешімін ойластырып табуға жағдай жасау жиі іске асырылса оқушылардың шығармашылығын дамытуға негіз қаланады. Оқушылармен шығармашылық тұрғыдан жұмыс істей алу үшін мұгалімдер қалыптасып қалған бірқалыптылықтан шығу жолдарын іздестіріп өздерінің біліктіліктсрін үнемі жоғарлатып отырулары қажет.
Көптеген диагностикалық тесттер арқылы әр болашақ маман өзінің шығармашылық әлеуетін анықтап, сол бағытта қабілеттерін дамыту жұмыстарымен шұғылданса, ертеңгі кәсіби іс-әрекетте жетістіктерге жетуі ықтимал. Бүгінгі мектептегі мұғалімді де, оқушыны да, жоғары оқу орнындағы студенттерді де шығармашылыққа баулудың бір жолы - оларды шығармашылық позицияға қоятын педагогикалык процестің элементарлық бірлігі болып табылатын псдагогикалық ситуация. Әр педатогикалык ситуация білім алушының толыққанды дамуына, шығармашылыққа ынталандыруға ықпал беруі қажет.
Болашақ мұғалім өзінің кәсіптік жұмысының шығармашылық сипатын алдын ала сезінуі кажет. Өз ісіне шығармашылықпен қарамайынша оның еңбегінің нәтижесі де қуантарлықтай болмайды. Ол көп жылдар бойы жинақталған педагогикалық қазынамен танысып оны игерудің өзіндік жеке бағдарламасын анықтауы керек. Жалпы танысып қана қоймай өзіндік педагогикалық папка әзірлеп қызықты жаңа материалдарды жииақтап, әдебиет тізімдерін, маңызды сайттарды өзіне жүйелеп жазып алғандары абзал. Бұл материалдардың барлығы педагогикалық практика кезінде, немесе алғашкы мұғалімдік қызметінде жақсы септІгін тигізеді. Біртіндеп мұғалімнің ізденушілігі арқылы жаңа педагогикалық кітаптар, білім беру саласына катысты Заңдар, тұжырымдамалар, бағдарламалар жинақталып өзінің жеке педагогикалық кітапханасы қалыптаса бастайды.
Болашақ ұстаздардың шығармашылық іскерліктерін қалыптастыруға олардың ғылыми әдебиет көздерін, мерзімді педагогикалық басылымдарды өз беттерінше зерттеп, жаңашылдықты іздестірулері, құнды деректерді жинақтаулары, өздерінің педагогикалық қорын байытулары жақсы ықпал етеді жэне олардың кәсіби табысты нәтижеге жетулеріне мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар үздіксіз педагогикалық практика кезінде студенттерге нақты мектептің педагогикалық процесі жағдайында мұғалім міндеттсрінің сан алуан түрлерімен танысып, оларды шығармашылықпен шешіп көруіне, өзіндік шағын эксперименттер жүргізуге, өздерінің педагогикалық шеберліктерін сынап көруге, ұстаз-шәкірт қарым-қатынас жүйесінде өздерінің жетекшілік ролдерін сезінуге мүмкіндіктер жеткілікті. Ең маңыздысы осындай мүмкіидіктерді дұрыс пайдалана алу, болашақ мамандықтарының қыр-сырын саналы түрде меңгере білу қажет.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1. Шығармашылық терминін қалай түсінесіз?
2. Педагогикалық шығармашылық дегеніміз не?
3. Жаңашыл-педагогтардың идеялары туралы не білесіз?
4. Шығармашылық іс-әрекет қандай кезеңдерден құралады?
5. Стратегиялық міндеттерді қалай түсінесіз?
6. Қандай жаңашыл педагогтарды білесіз?
Әдебиеттер:
1. Б.Р.Айтмамбетова. Жаңашыл-педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы. - 1991.
2. Мамандыққа кіріспе. Педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.Л.И.Рувинский,В.А.Кан-Калик,Д.М.Гришин т.б. Алматы: Ана тілі, 1990. -208 бет.
3. Диагностика успешности учителя: Сборник методических материалов для директоров и заместитслей директоров учеб.заведений, руководителям школ. — М.: - 2001. - 160 с.
4. ТаубасваШ.Т.Передовой педагогический опыт:от теоретичсского осмысления к практике. Алматы: 1997. - 122 с.
Дәріс №8. Қарым-қатынас – мұғалімнің кәсіби-шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі ретінде.
Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас түрлерімен, ерекшеліктерімен, стильдерімеі таныстыру, коммуникативтік іскерліктерін дамытуға жағдай жасау.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас түрлері, симпатия, антипатия, эмпатия, қарым-қатынас стильдері, сөйлеу шеберлігі.
Жоспары:
1. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық ретінде.
2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы.
3. Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің сөзі.
Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат
алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.
Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді.
Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды. Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, саясаттанушылар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде.
Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктерінен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындагы байланыстарды орнатудың және даытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес.
Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады. Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұ_л мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.
В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды. Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммункативтік міндеттерді шешудің негізгі кезеңдері анықталған:
- қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың
мандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай
оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);
- өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл
арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу, т.б.);
тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынаста жағымды психологияльқ ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
вербальдық қатынасты орнату кезңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалъқ жүйелі түрде сөйлеу);
мазмұнды және эмоционалды іскері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ацпаратты баяндаудың логикалыығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып көлемінен алшақтатпау, цызыцты проблемалъщ сүрацтар цою, оцушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың зерттеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады.
1. Сабақты не іс-шараны өткізуге Дайындалу процесінде болатын
қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың моделін құру);
2. Қарым-қатынасты тікелей ұштастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, коммуникативтік шабуыл жасау).
3. Қарым-қатынасты басқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жвтектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру қарым-қатынасқа бөгет болып тұргған психологиялық кедергілерді азайту).
4. Педагогикалық қарым-қатынастың барысын және нәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тигімділік деңгейін анықтау).
Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты созылмалы немесе тым қысқа болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек. Мұғалімдердің өз шәкірттеріне үлкен құрметпен және сеніммен қараулары, оқу процесінде балалар жауабын тыңдауда оларды қолдап, құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, педагогикалық қарым-қатынас әсерлі де тиімді болып, табысты нәтижесін көп күттірмейтін болады.
Сондықтан әр болашақ мұғалім педагогикалық қарым-қатынас түрлерін, оны ұйымдастыру сатыларын, оның кәсіби іс-әрекеттегі маңызды ерекшеліктерін арнайы зерттеп үйренгені абзал.
Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады:
1. Вербальды қарым-қатынас.
2. Вербальсыз қарым-катынас.
3. Интерактивті қарым-қатынас.
4.Перцептивті қарым-қатынас.
Сурет 1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы. Сөздің қадірін халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады:
Өнер алды қызыл тіл,
Жақсы сөз -жай азыгы,
Жақсы сөз - жарым ырыс,
Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз,
Айтыған сөз, атылган оц,
Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл т.б.
Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар. Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ,, агылшын, орыс т.с.с.) сөйлесулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты, анық, әсерлі болуы маңызды. Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен көлемді ақпаратты кабылдауънда, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі кұлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады.
Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Мысалы, яғни, әрине, демек, ана барғой, жалпы, т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі. Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Аксиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан екінші бір адамға жеткізу процессі (мұғалім және жеке бір оқушы арасындағы қарым-қатынас).
Ретиалды қарым-қатынас - ақпаратты бір адамнан бір топ адамға жеткізу процесі (мүгалім және сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынас).
Вербалъсыз қатынас - мимика, ым-ишара, пантомимика аркылы сөзсіз қарым қатынас.
Мимика - адам бетінің бүұшық еттерінің қимыл-қозғалыстары арқылы оның психикалық жағдайының, сезімдерінің, көңіл-күйінің көрінісі.
Ым-ишара (жест) - қарым-қатынас барысында адамның психикалық көңіл-күйіне байланысты қолдарының белсенді қимыл-қозғалыстары
Пантомимика - қарым-қатынаста адамның қолының, денесінің, аяқтарының кимылдарының қатысуы.
Бір қарағанда сөзсіз карым-қатынастың болуы мүмкін емес сияқты, бірақ айналаға зейін қойып көңіл бөлсек ақпараттармен алмасудың қаншама сөзсіз тәсілдері қолданылатынын аңғаруға болады. Біз ана тілімізден басқа бірнеше тілдерді үйренуге талпынамыз, компьютер тілін үйренеміз, солармен қатар барлық халықтарға белгілі ым-ишара, іс-қимылдар тілдері белгілі. Бұл тілді меңгеруде өмірдің өзі көптеген сабақтар береді, бірак кеп назар аудармағандықтан біз барлығымыз оларды бірдей толық меңгере бермейміз,
Вербальды қарым-қатынасқа қарағанда вербальсыз қарым-қатынастан көбірек ақпараттар алуға болады. Өмірде естуге қарағанда адам көру арқылы көбірек ақпарат алады екен.
Сөйлеу барысында адамның мимикасы, іс-қимылдары да қатысып тұратыны белгілі. Қарым-катынас барысында адамның бет-әлпеті, әсіресе көзі көп ақпарат береді. Көзі арқылы да адамның қандай көңіл күйде екенін түсінуге болады. Халықта Көз - адам жанының айнасы- деп тегін айтылмаған. Қоршаған дүние туралы ақпараттың 80% адам көру арқылы ала алады. Сөйлесу барысында адамның көзін көріп тұрмасақ бізге әңгімемізді жалғастыру қиынырақ. Мысалы сіздің әңгімелесушіңіз көзіне қап-қара көзілдірік киіп отырса сіз оның көзін көрмегендіктен бір ыңғайсыздықты сезінесіз. Немесе мынандай мысалдарды салыстырып көрейік.
1) Мұғалім өзі оқитын лекциясын магнитофонға жазып аудиторияға әкеліп қосып кетсін.
1) Мұғалім өзі аудиторияда тақта алдында лекция оқып тұрсын.
3) Мұғалім тақта алдында емес, артқы парта жақта тұрып лекциясын оқысын.
4) Мұғалім өзі лекция оқып тұр, бірак көзінде қап-қара көзілдірік киіп алған болсын.
Қай жағдайда лекция жақсы қабылданады? Неліктен? Өз жауаптарыңызды түрлі мысалдармен негіздеңіздер.
Көзқарастардың өздері әр түрлі болып ажыратылады. Мысалы: төмендегідей көзқарастарды әр адам күнделікті қарым-катынаста кездестіреді:
Көзді үлкен ашып қарау - таң қалғанда, қуанғанда кездеседі.
Тура қарау - адамға деген қызығушылықты, құрметті, онымен сөйлесуге дайындығын көрсетеді.
Қабақты түйіп қарау - ашуланғанда, ренжігенде, бір нәрсегс ызасы келгенде.
Алысқа қарау - ойлау, бір нәрсеге күмәндағанда байқалады.
Қиғаш көзқарас - бақылап қарау, бір нәрсеге риза болмағанда кездеседі.
Көзін көрсетпей, темен қарау – кінәлі болғанда, бағынышты болғанда.
-Жоғарыдан төмен қарау - менсінбеу, өзін жоғары санау.
Сонымен қатар адам көзінің бұлшық еттерінің қимылы да басқаларға ол туралы көп ақпарат береді. Қабақты түю, тесіле қарау, бір көзін қысу, көзді жұму, кірпікті жыпылықтату т.е.с. адам бетіндегі мимикалық өзгерістер қарым-қатынас барысында қосымша мәлімет беріп тұрады. Мінеки, осылардың барлығын мұғалім бала бетінен оқи алатын болса оған қарым-қатынастың кез келген түрін жүргізу қиын емес.
Мұғалім еңбегінде тактика деген ұғым да көп роль атқарады. Ол ешқандай сөзсіз баланың басынан сипау, колынан ұстап жазуын түзету, иығынан қағьп, қолпаштап қою, пиджагының жағасын түзетіп қою, қолын беріп құттықтау, қол алысып сәлемдесу т.б қол қимылдары арқылы жасалатын жақын тарту белгілері. Үлкендердің мұндай жағымды қимылдары кейбір кіші жастағы балаларға өте жақсы, жылы әсерін тигізеді. Мысалы, оқушы қайта-қайта артқы партаға бұрылып сөйлссіп отырса, сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім оған орнынан тұрып айқайлап ескерту жасаудың орнына баланың қасына келіп ақырын ғана оны иығынан ұстап өз партасына бұрып қойып, сабағын одан әрі жалғастыра берсе бұндай тактикалъқ тәсіл әлдеқайда ұтымды нәтиже береді.
Қарым-қатынас жасауда адамның өз денесін тік ұстауы да маңызды. Басын жоғары ұстап, тік жүретін адамдар үнемі өз күштеріне, біліміне сенімді, жұмысқа деген құштарлығымен ерекшеленеді. Егер адам үнемі басын төмен салбыратьш, еңкейіңкіреп жүретін болса ондай адамның ішкі әлсіздігі, жұмысқа зауқының жоқтығы байқалады.
Интербелсенді қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интербелсенділік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді.
Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі, көпшілік арасында адамның жеке қабілеттерін таныта алуы маңызды. Барлық ұжымдарда аса беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың барлығының белсенділігін арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара қарым-қатынастары бекіген, ауызбіршіліктері бар ұжым өте ұйымшыл больтп келеді, және әрқашан да бірі бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді.
¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамньң басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық жасау, бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек.
Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім сыныптағы оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете зерттеп оны ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына, оң қылықтарына көп көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері бағаланып отырса, ондай бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы жетістіктерге жетуге ынталанады.
Интерактивті қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Интербелсенді қарым-қатынастың екі түрі болады:
2. Кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.
3. Конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі біріней озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.
Интербелсенді қарым-қатьнасты ұйымдастырудың мақсаты -адамдар арасындағы қарым-қатынас құлықтарын жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек жақсылық жасау арқылы жаксарады, сондыктан топ ішінде өзара көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі.
Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесн сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді. Ал адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады. Адамның Мен қандаймын?, Мені басқалары қалай қабылдайды екен? деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық процестің екіжақтылық сипаты байқалады.
Өкінішке орай, өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасай алмайтын мұғалімдер де кездеседі.
Ондай адамдар педагогикалык процестегі кез келген сәтсіздікте тек оқушыларға кінә тағады және үнемі өзінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олар бала жанын түсінуге тырыспай, оның пікірлерімен санаспай, керісінше оның айтқандарьн елеп-ескермей, сөздерін аяғына дейін тыңдамай, өз еріктері бойынша шешім қабылдай береді. Бұл жағдайда бала педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі емес, тек объектісі ретінде қала береді.
Сонымен педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып оның атқаратын мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік:
. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.
2. Қарым-қатынастың интербелсенділік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.
3. Қарым-катынастың перцептивтік қызметі аркылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады.
Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Себебі ақпараттармен алмасу барысының өзінде мұғалім оқушылардың ішкі жан дүниесін сезініп және олардың өзара бірлесіп оқу-танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді.
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық,
1. Қарым-қатынастың авторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, мұнда мұғалім: Менің айтқаньм заң, Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар деген позицияны ұстанады.
2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім Сен тимесең, мен тимеймін, Қалай болса, солай болсын деген позицияны ұстанады.
3. Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: Бәріміз бірге жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз деген позицияны ұстанады.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1. Қарым-қатынас дегеніміз не?
2. Педагогикалық қарым-катынасты қалай түсінесіз?
3. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай кезеңдерін білесіз?
4. Педагогикалық қарым-катынастағы авторитарлыкқ стиль дегеніміз не?
5. Педагогикалық қарым-қатынастағы либералдық стиль дегеніміз не?
6. Педагогикалық қарым-қатынастағы демократиялық стильдің ерекшелігі неде? Эмпатия, симпатия, антипатия ұғымдарын қалай түсінесіз?
7. Педагогикалық карым-қатынастың қандай түрлерін білесіз?
Әдебиеттер
1. Станкин М.И. Психология общения. Курс лекции, М., 2000 г.
2. Поваляева М.А., Рутер О.А. Невербальные средства общения. - Ростов нД.: 2004. - 352 с.
3. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. -Алматы: 1997. -212 с.
4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы., Алматы, 1995 ж.
5. Сластенин В.А. Педагогика: учеб. пособие для етуд.высш. учеб. заведений В.А. Сластенин, и др. - М.: - 2007. - 576 с.
Дәріс №9. Болашақ ұстаздарды даярлаудағы үздіксіз педагогиклық практиканың маңыздылығы.
Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді үздіксіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттерімен таныстыру және студенттерге мұғалім қызметінің әлеуметтік мәні мен оқушы тұлғасын қалыптастырудағы өздерінің жетекші рөлін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: Практика, педагогикалық практика, үздіксіз педагогикалық практика, мектептің құрылымы, ұстаз-оқушы, қарым-қатынас.
Жоспары:
1. Үздіксіз педагогиклық практиканың мақсаты, міндеттері, мазмұны.
2. Педагогиклық практика кезіндегі тәрбиелік жұмыстар.
3. Педагогиклық практика барысында кездесетін проблемалық жағдайлар.
Кәсіби білім беру саласында педагогикалық практика болашақ мамандардың өздері таңдаған кәсіптерін практика жүзінде, тереңірек танысып көруіне негізделіп ұйымдастырылады.
ЖОО-ғы өткізілетін педагогикалық практикалар болашақ ұстаздардың теориялық білімдерін шынайы педагогикалық процесс жағдайында шығармашылықпен іске асырып, өздерін педагог ретінде сынап көрулеріне, болашақ кәсіптерінің қыр-сырымен тереңірек танысуларына бағытталған.
Педагогикалық практика болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктері мен кәсіби құзіреттерін дамытудағы және қалыптастырудағы ЖОО-ғы педагогикалық процестің ажырамас бір бөлігі.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлықтарының сапасын жоғарлатуға бағытталған педагогикалық практиканың білім берушілік, тәрбиелеушілік, дамытушылық қызметтерінің мүмкіншілігі өте жоғары.
Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, және интеграциялау идеяларын ендіруге, оқу орнының педагогикалық процесіндегі болашақ мұғалімнің тұлғалық, белсенді-шығармашылығын, кәсіби құзырлығын қамтамасыз етуге жағдай жасайтын жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие іс-әрекетінің барлық жүйесін бағдарлауға; оқу-тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Бүгінгі күннің мұғалімі қазіргі өзгермелі әлеуметтік жағдайға тез бейімделіп, шығармашылықпен ойлай білетін, педагогикалық процесті жүйелі түрде алдын-ала болжай алатын, оқушылармен ынтымақтаса отырып, кәсіби психологиялық-педагогикалық қызметті дара шығармашылық тұрғыда жасауға бағытталған болуы керек. Болашақ мұғалім мамандығын дайындау жүйесінде педагогикалық практика негізгі рөл атқарады. Ол жоғары оқу орнынының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола отырып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Практиканың міндеттері:
мұғалім мамандығының әлеуметтік мәнін және оның оқушы тұлғасын қалыптастырудағы әсерін студенттердің сезіне білуі.
1. болашақ мұғалімнің кәсіби құндылығын, педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру.
Практиканың мазмұны:
Бекітіліген нормативтік құжаттарға сәйкес әртүрлі типтегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмыс жүйесімен таныстыру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына, психологиялық-педагогикалық пәндердің кешендеріне сәйкес, студенттерді оқытудың барлық кезеңдерінде әрбір курста үздіксіз педагогикалық практика өткізіледі және мыналарды қамтиды:
A. білімді реформалау жағдайында мектеп жұмысының негізгі бағыттарымен таныстыру
B. Мемлекеттік стандартпен, мамандық бойынша оқу пәнінің типтік бағдарламаларымен таныстыру
C. мектептегі тұтас педагогикалық процестегі басқару жүйесі мен таныстыру
(директордың, директордың орынбасарының іс-әрекеті);
D. мектеп құжаттарымен таныстыру (мектеп жұмысының жоспары, сынып жетекшісінің жоспары және т.б.)
E. әртүрлі әдістерді (сауалнама, бақылау, сұқбат, мектеп құжаттарымен танысу және т.б) пайдалануды негізге алған пән мұғалімінің мен сынып жетекшісінің қызметтерімен таныстыру
F. мектеп психологының қызметімен таныстыру
G. мектептің санитарлық гигиеналық жағдайымен таныстыру
H. сабақ кестесі, тамақтану тәртібі, күн тәртібі, физикалық даму ерекшеліктерімен таныстыру
I. мектептің материалдық-техникалық жабдықталу жайымен таныстыру
Педагогикалық практиканың мақсаттары:
1. студенттердің мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;
2. студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;
3. студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту.
4. мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
5. тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;
6. педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;
7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.
Мектеп әкімшілігінің студенттердің үздіксіз педагогикалық практикасын басқарудағы жұмысы. Мектеп директоры:
- педагогикалық практиканың дұрыс өтілуіне жағдай жасайды, мұғалімдер мен қызмет істеушілермен және оқушылармен педагогикалық практика мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді;
- студенттерді оқу – тәрбие мекемесінің жұмысымен, мұғалімдер құрамымен, құжаттармен оқу - өндірістік базамен (кабинеттермен, шеберханалармен, кітапханалармен,және т.б) оқу - өндірістік және тәрбие жұмыстарының жалпы жүргізілуімен, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелермен таныстырады, практиканттарға педагогикалық кеңестің, пәндік (бейімдік) тексерушілердің атаа – аналар комитетінің жиналыстарына қатысуға мүмкіндік береді, олардың жұмыс жоспарымен таныстырады.
- практиканың топ жетекшісімен бірге студенттерді сыныптарға (топтарға) бекітеді;
- Судент практиканттардың іс – шараларына (таңдап) қатысады және де оларды талқылауға қатысады;
- педагогикалық практика жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- оқу – тәрбие мекемелерінде педагогикалық практика қорытындысы бойынша жиналыс өткізеді және мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.
Пән мұғалімдерінің міндеттері
- өзіне бектілген студенттерді өзінің оқу – тәрбие жұмыстарының жоспарымен таныстырады, ашық сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізіп, оларды талқылауды ұйымдастырады;
- практиканың топтық жетекшісімен бірге студенттердің арасында сабақтардың тақырыбын және пән бойынша сабақтан тыс шараларды бөліп белгілейді;
- студенттерге үйірме жұмыстарын өткізуге, дәптер тексеруге, көрнекі құралдар жасауға, кино және диафильмдерді демонстрациялауға, зерханалық жұмыстарын дайындауға және т.б жұмыстарды тапсырады;
- студенттерге мінездеме береді және олардың оқу жұмысын бағалайды;
- педагогикалық практиканың қорытындысы бойынша оқу – тәрбие мекемесінің жетекшілерімен өткізген жиналыстарға, сондай – ақ мүмкіндігінше институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы
конференцияларға қатысу.
Сынып жетекшісінің міндеттері
-студенттерді сыныптан жалпы ерекшеліктермен, негізгі тәрбие міндеттерімен және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;
- педагогика пәнінің оқытушысымен және топ жетекшілерімен бірігіп студенттерге тәрбие жұмысының жоспарын жасауға көмектеседі, жоспарды бекітеді, оның орындалуын қдағалап, кеңес береді;
- психология пәнінің оқытушысымен бірге практиканттардың оқушыларды және сынып ұжымын зерттеу жұмыстарына, психологиялық – педагогикалық мінездеме жасауына жасауына жетекшілік жасайды;
- студенттердің өз бетінше жасаған тәрбиелік іс – шараларына және оны талдауға, баға қоюға қатысады;
- студенттерді сыныптың (топтық) күнділікті тәрбие жұмыстарына тартады;
- студенттерге мінездеме беріп, олардың тәрбие жұмысын бағалайды;
- педагогикалық практика бойынша оқу – тәрбие мекеме жетекшілерінің өткізген жиналыстарына, сондай – ақ институттағы бағыт беруші және қорытындылаушы конференцияларға қатысады.
Педагогикалық практикалар мына шарттар арқылы өткізіледі:
1. мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің объектісі - тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
2. студент оқу іс-әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканы ұйымдастырудың жүйелілігі, кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі, теориялық жағынан қамтамасыз етілуі, студентердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
3. психологиялық-педагогикалық ғылымдарының және практикасының классикалық, сонымен бірге инновациялық жетістіктерінің интеграциясы.
4. бірінші курстан бастап бітіруші курсқа дейін педагогикалық практиканың барлық түрін өткізу процесінде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу жұмысына бағыттау;
5. педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағыттылығы;
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Үзіліссіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттері қандай?
2. ЖОО-ғы үзіліссіз педагогикалық практиканың құрылымы қандай?
3. Педагогикалық практика кезіндегі тәрбиеләк жұмыстардың маңыздылығы неде?
4. Тәрбиелік жұмыстардың қандай түрлерін атай аласыз?
Әдебиеттер
1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000. - 304 с.
2. ЖОО-ның І-ІV курс студенттерінің үзіліссіз педагогикалық практикасы. Типтік бағдарлама. А,:2006ж
3. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с.
4. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.
Дәріс №10. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилі.
Мақсат: Болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеу әдістерімен таныстырып, өздігінен білім алу туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: тәрбие, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі бұйырық беру, өзін-өзі иландыру, өздігінен білім алу.
Жоспары:
1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.
Өзін-өзі тәрбиелеу туралы түсінік. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудегі ұжымның атқаратын қызметі. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің ажырамас екі жағы деуге болады. Тәрбие барысында ықпал адамға басқа адамдар тарапынан келетін болса, өзін-өзі тәрбиелеуде адамға әсер ететін ықпал ішкі күштерге байланысты туындайды. Яғни, адамның тұлға ретінде дамып қалыптасуында сыртқы тәрбиелік ықпалдармен қатар ішкі түрткілердің де маңызы зор.
Өзін-өзі тәрбиелеу - бір мақсатқа сәйкес адамның өз тұлғасын өзі қалыптастыруы, адамның өзін дамытудағы маңызды күштердің бірі. Ол тәрбие процесімен тығыз байланыса отырып жеке тұлғаның қалыптасуын нығайта түседі.
Кептеген психолог-педагогтардың зерттеулері бойынша жеке тұлға қоршаған ортаны өзгертудегі белсенді күштердің бірі ғана емес,
сонымен қатар ол өз тұлғасын өзгертуде де үлкен рөль атқарады. Бүл мәселемен тікелей айналысқан А.Г.Ковалев, А.И.Кочетов, Л.И. Рувинский т.б. болтан.
Өзін-өзі тәрбиелеу процесінде адам тәрбиелік процестің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады. Әр адамның өз өмір жолына көз жүгіртіп, өткен-кеткенді ой елегінен өткізіп, болашағына үңіліп көрген сәттері болған шығар. Өміріндегі кейбір сәтсіздіктердің себебін анықтауға байланысты ойларға терең бойлап, өз мінез-құлқьін, көзқарастарын өзгертуге ұмтылу әр адамның өмірінде кездесетін жайттар. Бірақ бұндай құлшыныстар кейбіреулердің іс-әрекеттерінде жалғасын таппай жоғалып, ал басқаларын зор жетістіктерге жеткізіп жатады.
Өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі адам баласында әуелі бастауыш сынып жасынан-ақ байқалады, бірақ бұл процесс жасөспірімдік кезеңде өте жиі кездеседі. Бұл қажеттілік бірдей жастағы балалардың бәрінде біркелкі кездесе қоймайды, ол адамдардың психологиялық ерекшеліктеріне, олардың жалпы талаптарды орындауға деген даярлықтарының деңгейіне байланысты.
Қай кезден бастап бала өзін-өзі тәрбиелей бастайды? Педагогикалық тәжірибеде оқушылардың өзін-өзі зерттеулері әсіресе жеткіншек жаста көп байқалады. Оны осы жастаты балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, өз күштерін, қабілеттерін сынауларынан, өзара сауалнамалық сұрақтар құрастырып соған жауап жазуларынан, жеке күнделіктерін бастауларынан және тағы басқа өзгеше іс-әрекеттерінен аңғарамыз. Жеткіншек жастағы балалар өздерінің жеке Менін қалыптастыруға, көпшілік ішінде өзінің алатын орнын анықтауға тырысады және көптетен танымал тұлғаларға (артист, әнші, ақын, боксер, футболист, т.с.с.) еліктегіш келеді.
Әр адам көпшілік ортада өзінің беделінің жоғары болуын қалайды, басқаларға тек жаксы жақтарын ғана танытқысы келеді. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу процесінде ұжымның атқаратын ролі жоғары. Педагогикалық әдебиеттерде тұлғаньң өзін-өзі тәрбиелеуіне қатысты ұжымның атқаратын екі қызметі аныкталған:
Біріншісі, ұжымның өзі балалардың өзін-өзі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға жалпы жағдайлар туғызады .
Екіншісі, ұжым осы процесті тікелей ұйымдастырады .
Адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, өзінің зор мәнін жете түсінгенде ғана оның өзін-өзі тәрбиелеуге деген талпынысы күшейе түседі. Әрбір адам өз бойына өзі үңіліп, Мен кіммін?, Мен қогамға қандай пайда әкеле аламын?, Менің өмірлік мақсатым қандай? деген сұрактарға жауап іздестіруге тырысуы керек. Бұл мәселе қазіргі көптеген ғылымдардың ең маңызды, көкейкесті сұрақтарының бірі. Ежелгі математиктердің бірі Фалес айтқандай: Бәрінен де өзіңнің кім екеніңді білу қиын. Әрине, басқаларга жөн сілтеп, ақыл айтып, кеңес берген оңай, ал бірақ адамның бір нәрсені орындауға өзін-өзі көндіруі қиынырақ. Мысалы, көптеген адамдар темекінің басқалардың да, өзінің де денсаулыгына зиянды екенін біле тұра сол жағымсыз әдеттерінен құтыла алмай қиналып жүреді. Ондай адамдар өз ерік-жігерін өз ырқына көндіре алмайды, өздерін өздері билей алмайды.
Адам өз бойында қандай қасиеттерді қальштастырып, қандай жағымсыз жақтарынан арылғысы келетінін накты біліп, сол бағытта табанды түрде өзімен жұмыс істеуі керек. Мысалы, кейбір адамдар өздерімен көп жұмыстар жүргізіп, әр түрлі жағдайларда өздерін сынап ұялшақтық, тұйықтық, жасқаншақтық сияқты қасиеттерінен арылып, жетістіктерге қол жеткізіп жатады.
Б.Б. Айсмонтастың пайымдауынша өзін-өзі тәрбиелеу - дамуды қамтамасыз ететін ішкі рухани факторлар арқылы бізге дейінгі ұрпақтардың асыл тәжірибесін меңгеру процесі.
Адамның ішкі қабілеттерінің, күш-жігерінің мүмкіндігі өте зор. Кейбір адамдарда мектепті нашар бітірген балалар жоғары оқу орындарында да орташа студенттер қатарынан аса алмайды деген теріс көзқарас қалыптасқан. Болашағын алдын ала болжап жастарға мұндай тұжырымды айту, әрине, орынсыз, себебі ең нашар оқыған балалар да жеке басын жан-жақты өрістете алады.
Адамның ішкі әлеуетінің, мүмкіндіктерінің ауқымы өте кең, өмірде өзіне лайықты жұмыс таппайтын адам бар дегенге сенудің өзі қиын. Қоғамда қаншама кәсіп түрлері, қаншама өнер түрлері, қаншама еңбек пен іс-әрекет түрлері бар болғанымен солардың ішінен өзіне лайықты, жарасымды орныңды таба білу тіпті де оңай іс емес. Сондықтан - талантсыз адам жоқ, өз орнын таппайтын адам бар деген дұрысырақ болар.
Адам өзінің табиғи күш-қуатын, ерік-жігерін, ой-өрісін, зор мүмкіндіктерін барынша дамытып жақсы игі істерге қол жеткізуі үшін асқан төзімділік, шыдамдылық, ұзақ уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуге машықтануы қажет. Адам санасында өз өміріне басқалардың емес, өзінің жауапты екенін түсінуі, ар-ұлт, намыс, адамгершілік сезімдерінің басым болуы, өмірлік мақсатына жетудегі табандылығы мен құлшынысы оның өзін-өзі тәрбиелеуіне демеу болатын негізгі тетіктер.
Өзін-өзі тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде өзін-өзі тәрбиелеу әдістері әр түрлі топтастырылып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің толып жатқан әдіс-тәсілдерінің көпшілгі Абайдың қара сөздерінде де жан-жақты қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс.
Педагогика ғылымында Б.Б. Айсмонтас өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін және тәсілдерін ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 - суретте көрсетілгендей әр топқа жататын бірнеше әдістерді атап көрсетеді.
Өзін өзі тәрбиелеу әдістері
Өзін өзі тану
Өзін өзі меңгеру
Өзін өзі ынталандыру
Өзін өзі бақылау
Өзін өзі талдау жасау
Өзін басқалармен салыстыру
Өзін өзі бағалау
Өзін өзі сендіру
Өзін өзі қадағалау
Өзін өзі бұйрық беру
Өзін өзі иландыру
Өзін өзі құптау
Өзін өзі көрсету
Өзін өзі мақұлдау
Өзін өзі мадақтау
Өзін өзі жазалау
Ал өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдеріне адамның өз тұлғасын жетілдіру мақсатында өз алдына нақты міндеттер қоюын, ол міндеттердің орындалуы бойынша өткенді ой таразысына тартьп өзіне есеп беруін, олардың орындалмауының себептерін анықтауын, өзін арнайы қадағалау негізінде айқындалған өз бойындағы өзгерістерді жүйелі түрде тіркеп жазып жүруді жатқызады.
¥стаздық жұмыспен айналысатын адамдар өзін-өздері тәрбиелеу арқылы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, сабыр сақтауға, өз ерігі мен эмоциясын басқаруға үйренеді және осылайша өз мінезіндегі кейбір жағымсыз жақтарынан арылады. Балаларға қалай болса солай ұрса салуға болмайтыны анық, сондықтан мұғалім өз ерігін өзіне бағындыра отырып байыппен әдепті сақтау негізінде педагогикалық қарым-қатынас орнатуға тырысады. Өзін-өзі тәрбиелеудің нақты бағдарламасын жасау және оны іске асыру өте жауапты да күрделі іс. Адамның жауапты міндеттерді шешуге тырысуы оның өмірін бай, әрі мазмұнды ете түседі, ерік-жігерін шынықтырады.
Қойылған мақсат орындалды ма, сағат сайын, күн сайын, апта сайын есеп беру қажет. Өзін-өзі тәрбиелейтін адамдар күнделіктер бастап жазады, өздерінің бойындағы өзгерістерді бақылап, жан-жақты талдау жасайды. Мысалы, өз бойыныздағы ең үш жағымсыз жақтарыңызды дәптеріңізе жазыңыз:
1. Жалқаулык,
2. Көнгіштік,
3. Ұялшақтық.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен тәсілдерінің ішінен өзіңізге ең қолайлысын таңдап алған дұрыс. Көпшілігіміз табысқа жеткендердің іс-әрекетіне еліктейміз де, өз мінез-құлқьмыздағы ерекшеліктерді ескермейміз. Педагогтар баланың жеке ерекшеліктерін білу және соған лайық тәсілдер қолдану – тәрбиенің маңызды шарты екенін баса айтады. Өзін тәрбие объектісіне айналдырушы адамға да керегі осы: өзінің табиғи ерекшелігін білу. Көздеген сапаға жету үшін ең әуелі өз мінезіңіздің жақсы жақтарын іске қосу керек. Кемшіліктеріңізді бейтарап қалдырып, назар салмаған дұрыс.
Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі. Кез келген мемлекеттің өркендеуі оның білім беру саласының жағдайына негізделеді, ал білім беру процесіндегі маңызды фигура-ұстаз тұлғасы. Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты қазіргі ғылыми білімдермен қаруландыру, дамыған шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыру. Осындай жауапты міндеттерді сапалы деңгейде атқару үшін әр мұғалім өзінің білімін жетілдіріп отыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби дайындығы кезінде жинақтаған білімдері бір қалыпта сақталып тұрмайды. Қоғамның дамуына байланысты мұғалімнің білімдері де жаңарып, толықтырылып отыруы керек, себебі қоғамның экономикалық дамуына байланысты жас ұрпақты әлеуметтендірудің жаңа талаптары туындап отырады. Осыған орай қазіргі оқушылардың сұраныстары да жоғарлай түсуде
Сондықтан әр мұғалімнің кәсіби жетілуінің негізгі факторларының бірі болып оның өздігінен білім алуы қарастырылады. Өздігінен білім алу - мұғалімнің тұлғалық өсуінің негізі. Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру мәселесі де адамның бір алған білімімен қанағаттанбай, оны заманына сай толықтырып, жаңартып отыруын көздейді. Адам біліммен тек бір оқу мекемесінде ғана қаруланбайды, білім - үлкен құндылык, оны өмір бойы толықтырып отыру қажет. Егер адам білімін үнемі толықтырып, жаңартып отырмаса, ол кәсіби іс-әрекетке де жарамсыз болып қалады.
Өздігінен білім алу - адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу процесі. Мұғалімдердің өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді. Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мүғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институттарын, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын зерттеп олардың практикальқ маңыздылығымен танысады.
Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі қызметтері ретінде М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады:
1. Экстенсивтік - жаңа білімдерді іздестіру, жинактау.
2. Бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
3. Компенсаторлық-мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру, өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
4. Дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту
5. Әдіснамалық - кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің тұтастығын түсіне алу.
6. Коммуникативтік - түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар
арасындағы байланыстарды орната алу
7. Шығармашылық — шығармашылық жұмысқа үйрену.
8. Жаңашылдық — қалыптасып қалған пікірлерге жаңаша көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, стереотиптерден арылу.
9. Психологиялық - зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
10. Геронтологиялық - жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы арқылы бәсекеге қабілетті, еркін жан-жақты дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім алу процесінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл процесте адам мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.
Өздігінен білім алудың тағы бір маңызды ерекшелігі ретінде адамның білімді ізденудегі құлшынысының, ынта-ықыласының барлығы адамның өз еркінен туындайтынын, сырттан келетін ешқандай ықпалдардың болмайтындығын атап өтуге болады.
Өздігінен білім алудың негіздері әуелі мектеп жасынан басталып, кейіннен орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жалғасын табады. Ал жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың негізгі көздері ретінде А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева т.б. ұсынған мынандай жағдайларды қарастыруға болады:
1.Кітапханадагы электрондық және кітап қоры, интернет жүйесін пайдалану.
3.Білімді, іскерліктерді жан-жақты жетілдіру курстарына қатысу
4.Кәсіби іс-әрекет бағытында жұмыс істеп көру.
5.Қоршаган ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру.
6.Өздігінен білім алудың құзіретінде әр адамның әуестенушілігін, хоббиін қарастыруға болады.
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің құзіреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағыттылығы негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алады.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде?
2. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
3. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады?
4. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай?
5. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады?
6. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз?
Әдебиеттер
1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000. - 304 с.
2. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с.
3. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Схемы и тесты. -М., 2002.-208 с.
4. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б.
Дәріс №11. Қазіргі білім беру парадигмасындағы негізгі бағыттар.
Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы дағдарыстардың негізгі белгілерін ашып көрсету және білім берудің дамуындағы негізгі бағыттарды айқындау.
Негізгі ұғымдар: әдіснама, білім берудегі дағдарыс, әлеуметтік фрустрация, гуманистік бағыт, философия мен педагогика байланысы.
Жоспар:
1.Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыстың негізгі белгілері. Кәсіптік білім беру саласында болашақ мамандарды даярлаудағы кездесетін проблемалар.
2.Философия мен педагогиканың байланысы - XXI ғасырдағы білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде.
Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыстың негізгі белгілері. Кәсіптік білім беру саласында болашақ мамандарды даярлаудағы кездесетін проблемалар.
Өзгермелі де ауыспалы әлеуметтік құбылыстар жағдайларында коғамдық өмірді жан-жақты түрлендіру барысында жалпы адамзаттық кұндылықтарды қайта қарастыру өзекті мәселеге айыалып отыр. Әсіресе жастар арасында гуманистік қатынастардың жеткіліксіздігі, жастардың жалпы адамзаттық құндылықтардан, моральдық нормалардан, адамгершілік қағидаларынан алшақтауы, білім алуға деген құлшыныс пен қоғамдағы білім беру мәртебесінің төмендеуі жағдайында жеке тұлғаның рөлі мен орнын анықтау - білім беру саласындағы көкейкесті мәселелер. Білім берудегі осындай байқалып отырған жалпы дағдарыс оның мазмұнын қайта қарастыруды, түбегейлі өзгертуді қажет етеді.
Қоғамның дамуындағы өзгерістермен білім беру жүйелері арасында өткен ғасырдың ортасынан бастап шытынау байқалғаны белгілі. Жылдан-жылға ол қайшылық өсе түсуде. ЮНЕСКО-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленгендей қазір білім беру жүйесіне толығымен қанағаттанып отырған мемлекет, ел, педагогикалық кауымдастық жоқ. Яғни, бұл тек бір мемлекет ішіндегі күрделі мәселе емес. Білім беру саласындағы дағдарыс туралы көптеген мемлекеттер дабыл қағуда.Және де әр мемлекеттердегі дағдарыстық қиыншылықтар бір-бірінен көп ерекшеленбейді. Мысалы, білім алуға деген кызығушылықтың бәсендеуі,үлгерім көрсеткіштерінің төмендеуі, функционалдық сауатсыздықтың артуы, мұғалімдердің біліктіліктерінің төмен дәрежелігі т.б. көптеген елдердің білім беру жүйелеріндегі кездесетін өзекті мәселелер. Осы мәселелер негізінде адамзаттың болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілігінің төмендеуі, тәрбие мәселелеріне немқұрайлы қарауы жиі көрініс табуда.
Философия мен педагогиканың байланысы - XXI ғасырдағы білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде.
Жоғарыда атап көрсетілген білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығу жолдарының бірі - білім беруді жалпы әлеуметік мәселе ретінде қарастырып, барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың мүмкіншіліктерін біріктіріп, оны дамытудың жаңа бағыттарын іздестіріп іске асыру болып табылады. Жұмыла көтерген жүк жеңіл - дегендей әр түрлі ғылымдардың зерттеу пәндері әртүрлі болғанымен, кейбір мәселелерді шешуде олардың өзара ынтымақтастығы мен ықпалдастығы қажет.
Педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болыл келеді. Оның өзі философия ғылымы негізінде дамыған, себебі философия ең ежелгі ғылымдардың бірі болып, кейіннен оның тармақтары көбейіп, әр қайсысы өз алдына жеке ғылым негізі болып қаланған. Сондықтан, педагогика ғылымы мен философия ғылымының жанасатын,түйісетін, тоғысатын жерлері жиі кездеседі.
Ежелгі философтардың еңбектерінде философиялық ойлар мен педагогикалық мәселелердің тығыз өріліп жатуы да осы себептен. Шығыстын атақты философы, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ұланғайыр еңбектері, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ибн Сина, Әбу-райхан әл-Бируни, Фирдауси, Низами, Қожа Ахмет Яссауи сынды көрнекті ойшылдарымыздың тәлімдік тағылымдары мен даналық ой-пікірлерінде философиялық, әлеуметтік, тәлім-тәрбиелік, психологиялық-педагогикалық идеялардың барлығы үйлесімді ұштасқан.
Философия ғылымы адам мен табиғат арасындағы қатынасты, адамның дүниетанымын зерттейтін болса, педагогика ғылымы адамның тәрбие арқылы қоршаған ортаға бейімделуін зерттейді. Философия зандары, философиялық ілімдер, идеялар көптеген білім беру мәселелерін зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қолданылады. Педагогика ғылымының философиямеи байланысы ең ұзақ мерзімді және ең нәтижелі байланыс деуге болады, себебі көптеген жағдайларда философиялық идеялардың өздері педагогикалық теориялар мен тұжырымдардың пайда болуына әсер етіп, педагогикалық ізденістердің даму бағыттарын анықтайды.
Педагогика және философия ғылымдарының тығыз байланыстылығы олардың гуманистік бағыттылығында. Гуманизм деген сөз латын тілінен аударғанда адамгершілік, ізгілік деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық сөздікте гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жакты дамуын қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі.
Гуманизм - адамның өмірлік ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні - әр бала тұлғасын ең жоғары құндылык ретінде қарастыруында. Сондыктан оқыту-тәрбиелеу процесін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет. Бұл идея адамзат қоғамының даму тарихында қасиетті діни кітаптарынан басталып күні бүгінге дейін өзектілігін үздіксіз жоғалтпай келеді. Осы гуманистік идеяның маңыздылыған:
Өмір - теңіз, жүзем онда демеңіз; “Ізгіліктен жасапмаса кемеңіз - деген Рудаки сөздерімен негіздей кетуге болады.
Гуманизация - қазіргі коғам дамуының ең маңызды бағыты. Гуманизация ұғымы ғылымаралық ұғым. Білім берудегі гуманизм әр жеке тұлғаның мәдениет әлемінде өзін-өзі таныта алуына, еркін түрде өз орнын анықтай алуына, жақсылық пен жамандықты, дұрыс пен бұрысты, өмІрдегі мәнді және мәнсіз нәрселерді саналы түрде ажыратып таңдай алуларына жағымды ықпал жасап септігін тигізуге бағытталған.
Осындай өзгертулердің негізгі жолдарының бірі ретінде білім беруді гуманизациялау және гуманитарландыру жатады. Білім беру мазмұнын гуманизациялау және гуманитарландыру принциптері барлық нормативтік, заңдык құжаттарда ең жетекші принциптерінің бірі болып табылады. Бірақ көп жағдайларда олар жай ғана жалаң идея түрінде, ұран ретіыде, сөз жүзінде ғана қалып қоймай, оны пракгика жүзінде іске асыру үшін көптеген өзгерістер енгізу қажет екені анық.
Білім берудің гуманитарлық сипаты тек білім беруде ғана емес, сонымен қатар адамның объективті шынайылыққа деген дұрыс көзқарастарын, қатынастарын өзгертуде байқалады.Гуманитарлық білімдер адам тұлғасын қалыптастырып оның бойында философиялык, адамгершілік, мәдени негіздерді дамытады. Солар арқылы адам түрлі қоғамдық қатынастарға араласып мәдени құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді, азаматтық нормаларды тасымалдаушы және келер ұрпакқа жеткізуші болып табылады.Яғни,философиялық-педагогикалық ғылымдардағы гуманистік бағыттың маңыздылығы оның жалпы адамзаттық құндылықтардың сақталуына, жеке тұлғаның дүниетанымының дұрыс қалыптасуына, оның өмірде өзінің өзектілігін сезіне алуына жауапты екендігінде.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Білім беру барысындағы тұлғалық қатынас пен дербестік қатынастың айырмашылығы неде?
2. Білім беру саласындағы дағдарыс дегеніміз не?
3. Әлеуметтік фрустрация дегініміз не?
4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде?
5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?
6. Аксиология дегеніміз не?
7. Әлеуметтендіру ұғымын қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.
2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.
3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.
4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.
5.Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.
Дәріс №12. Оқыту технологиясы.
Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы ақиқатты меңгеру,ойлауды
қалыптастыру, қабілетті дамыту;
Негізгі ұғымдар: технология, бағдар, педагогикалық технология, оқыту технологиясы;
Жоспар:
1.Технология және педагогикалық технология ұғымы.
2. Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары.
3. Оқытудың жаңа технологиялары ұсынған қағидалар.
Технология – белгілі бір іске, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдердің жиынтығы.Технология – бұл өнер, шеберлік, іскерлік, қалыпты жағдайды өзгерту және қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы (В.М.Шепель).Технология жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал. Технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі, қойылған міндеттерді шешу тәсілі, құралы ғылым ұсынған алгоритм жүйесі .
Педагогикалық технология - оқыту процесінде техникалық оқу құралдары мен компьютерді пайдалану аясындағы ғана зерттеу емес, бұл пайда болған факторларға анализ жасау арқылы білім беру процесін оңтайландыру тәсілдері мен принциптерін жасау және білім беру сапасын жетілдіру мақсатында материал мен әдіс-тәсілдер түрін таңдап алып, оларды пайдалану, сонымен қатар әдіс-тәсілдерге баға беру. Педагогикалық технология – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба. Педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы. Педагогикалық технология – оқу процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы (Беспалько В.П.).
Педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық жеке тұлғалық, аспаптық және әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті (Кларин М.В.). Педагогикалық технология - барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам мен олардың әрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО). Педагогикалық технология – дидактикалық жүйенің құрамдас бөлігі (Чошанов М.). Педагогикалық технология - тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт (Воронов В.В.).
Педагогикалық технология - қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елес.
Педагогикалық технология - мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен, оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құрулар болады (Құсайынов Г.М.). Педагогикалық технология - оқытушының әрекетін жаңартатын технологиялық құрылым және соңғы жоспарланған нәтиженің кепілдік беруі (Қараев Ж.А.).
Педагогикалық технология - оқытудың форма, әдіс-тәсіл, құралдарын біріктіре әлеуметтік жинақтауын анықтайтын бағыт бірлестігі; ол педагогикалық процестің ұйымдастырушылық-әдістемелік құралы (Лихачев Б.Т.). Педагогикалық технология - жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесін сипаттау (Волков И.П.). Педагогикалық технология - білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті (ФрадкинФ.А.).
Оқыту технологиясы дегеніміз бағдарламаларда көрсетілген оқыту мазмұнын жүзеге асыру мен қойылған мақсаттарға жетудің ең тиімді жолмен қамтамасыз етілуі (Шепель В.М.). Оқыту технологиясы – бұл дидактикалық жүйенің құрама іс жүргізу бөлімі (М.Чошанов). Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламаларында белгіленген оқытудың мазмұнын жүзеге асыру тәсілі.
Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары (В.П.Беспалько бойынша):
1. педагогикалық технология оқытудағы бей-берекетсіздік пен дайындықсыздықты, тосыннан жасалған әрекетті жою;
2. оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделу;
3. оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалау;
4. практикада оқу процесінің толықтығын қамтамасыз ету.
Педагогикалық технологияға тән белгілер:
1. Құндылық-бағдарлық негізінде автордың немесе ұжымның мақсат-міндеттеріне сәйкес нақты күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі нақты педагогикалық ой-пікірлер;
2. Қатаң түрде қойылған мақсатқа сәйкес оқушыларға мемлекеттік білім беру стандарты деңгейін берік меңгертуге кепілдік бере алатындай педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегін құру;
3. Әрбір оқушының жеке дара ерекшеліктеріне сәйкес оның білім беру қажеттілігін қамтамасыздандыруда оқытушы мен оқушының өзара байланысты әрекеттерін алдын ала білу;
4. Оқытушылардың педагогикалық технология элементтерін кезеңдеп және жүйелі түрде меңгеруі;
5. Критерий мен көрсеткіштерден тұратын диагностикалық процедуралар, іс-әрекет нәтижесін өлшеу жолдары.
Оқытудың жаңа технологиялары ұсынған қағидалар:
1. Оқуға шығармашылықтың енуі;
2. Оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы;
3. Жеке тұлғаның дамуына жағдайдың жасалуы, яки жеке тұлғаға бағытталған оқу тұлға дамуына сыртқы әсермен бірге (оқыту, тәрбиелеу) оқушының ішкі түрткісі негізінде жүргізілуі;
4. Тұлғаның даму жолын болжау.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Білім беру барысындағы педагогикалық технология деген не ?
2. Оқыту технологиясы қандай қағидаларға сүйенеді?
3. Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары қандай?
4. Педагогикалық технологияға тән белгілер?
Әдебиеттер
1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.
2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.
3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.
5. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.
3.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ
ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР ТАПСЫРМАЛАРЫ
1- семинар. Білім беру - кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен компонентті маманның қалыптасу нәтижесі.
Мақсаты: болашақ ұстаздарға білім берудің түпкі мақсатын түсіндіру, оның философиялық мәнін, әлеуметтік-гуманитарлық сипатын, көпаспектілігін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: білім беру философиясы, парадигма, педагогикалық парадигма, құзыреттілік, діл (менталитет), құндылық.
Жоспары:
1. Философия адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде.
2. Қазіргі замаңғы білім беру.
3. Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыс.
4. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қазіргі кездегі білім берудің мәні қандай?
2. Білім беру философиясы жайлы түсінік
3. Педагогикалык парадигма дегеніміз не?
4. Білім беру философиясының пәніне, нысанасына нені жатқызуға болады?
5. Білім беру құндылык екендігін қалай негіздеуге болады?
6. Білім беру жүйе екенін негіздеңіз,
7. Білім беру неліктен процесс, іс-әрекет ретінде карастырылады?
8. Білім берудің нәтижелілігін қалай түсінесіз?
9. Мәдениет пен ділдің айырмашылығы неде?
10. Кәсіби кұзіретгілік дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. ҚР Білім туралы заңы. Астана. - 2007.
2. Гсршунский Б.С. Философия образования для XXI века. - М. 1998.
3.Педагогика: Қазақша және орысша түсіндірме терминологиялық сөздік Ғыл.жетекш. жасаған және жалпы ред. Басқарған проф. Ш.К.Беркімбаева, проф А.Қ.Құсаинов. - Алматы; 2007. - 248 бет.
4. Бордовская Н.В., Реан А.А. Педагогика: учебное пособие. -СПб., 2007. - 304 с.
2- семинар. Білім беру кәсіби іс-әрекеттің жүйесі мен компонентті маманның қалыптасу нәтижесі.
Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы дағдарыстардың негізгі белгілерін ашып көрсету және білім берудің дамуындағы негізгі бағыттарды айқындау.
Негізгі ұғымдар: әдіснама, білім берудегі дағдарыс, әлеуметтік фрустрация, гуманистік бағыт, философия мен педагогика байланысы.
Жоспары:
1. Білім беру ұғымына аспектілік жағынан келу.
2. Білім беру жүйелі негіздеу объектісі ретінде.
3. Білім беру құндылық ретінде.
4. Білім беру жүйесі.
5. ҚР Білім туралы заңынан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін сипаттаңыз.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Білім беру барысындағы тұлғалық қатынас пен дербестік қатынастың айырмашылығы неде?
2. Білім беру саласындағы дағдарыс дегеніміз не?
3. Әлеуметтік фрустрация дегініміз не?
4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде?
5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?
6. Аксиология дегеніміз не?
7. Әлеуметтендіру ұғымын қалай түсінесіз?
8. Білім беру саласындағы құзіреттілік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?
9. Білім берудегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттың маңыздылығы неде?
Әдебиеттер
1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.
2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.
3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.
4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.
5.Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.
3- семинар. Жеке тұлға педагогиканың негізгі мәселесі ретінде.
Мақсаты: Жеке тұлға ұғымына анықтама беру, индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының мәнін ашу.
Негізгі ұғымдар: мұғалімдік кәсіп, мамандық, кәсіпті таңдау, кәсіпті таңдау мотивтері, жеке тұлға, индивид, даралық.
Жоспары:
1. Жеке тұлға ұғымы және оның қысқаша сипаттамасы.
2. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепсиясы.
3. Мұғалім тәрбие мен білім беру саласындағы тәжірибелік жұмысты жүргізуші тұлға ретінде.
4. Студенттердің болашақ мамандығының маңыздылығын саналы түсінуі мен қызығушылығы негізінде жеке тұлғаның өсуі үшін мұғалімдік мамандықты таңдауы.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Индвид, жеке тұлға, даралық ұғымдарының айырмашылығы неде?
2.Жеке тұлға ұғымының өзегі не?
3. Болашақ мамандықтың маңыздылығын саналы түсінуі дегенді қалай түсінесіз?
Әдебиеттер
1.Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы.-1998.-317 с.
2.Аймауытов Ж. Педагогическое руководство (учебное пособие), Оренбург. 1924. Психология Алматы. 1995.
3.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрі.- Алматы. 1991.
4.Табылды Ә. Ұстаз тәлімі- Алматы: Білім, 2006.- 248 бет.
5.Толеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. Алматы, 1994
4- семинар. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея.
Мақсаты: студенттердің қазіргі білім беру кеңістігіндегі жеке тұлға мәселесі және адамзаттық құндылықтар мен ұлттық идея туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар: адамзаттық құндылықтар, ұлттық идея, көп мәдени тұлға, толеранттылық.
Жоспары:
1. ҚР қоғамдық саяси өмірі мен рухани мәдениетіндегі дәстүрлер.
2. Саяси құндылықтар қоғамның әлеуметтік – рухани деңгейінің құбылысы:
3. Этномәдени ортада әлемдік білім кеңістігінде ұлтаралық қатынас мәдениеті мен өзара байланысты көп мәдени жеке тұлғаны қалыптастыру.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жалпы адамзаттық құндылықтар дегеніміз не?
2.Білім беру саласындағы ұлттық мәселелер қандай?
3.Дүниежүзілік білім беру кеңістігі неден құралады?
4.Ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтардың айырмашылығы неде?
5.Көпмәдени тұлға дегеніміз кім?
6.Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
7.Толеранттылық дегеніміз не?
Әдебиеттер
1.Қожахметова К. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика.- Алматы.-1998.-317 с.
2.Аймауытов Ж. Педагогическое руководство (учебное пособие), Оренбург. 1924. Психология Алматы. 1995.
3.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрі.- Алматы. 1991.
4.Табылды Ә. Ұстаз тәлімі- Алматы: Білім, 2006.- 248 бет.
5.Толеубекова Р. Адамгершілік тәрбиесі туралы. Алматы, 1994
5- семинар. Педагогикалық мамандық пен оның қоғамдағы маңызы.
Мақсаты: болашақ ұстаздарға педагогтық мамандықтың әлеуметтік құндылығын, қоғамдық маңызын ашып көрсету жэне мұғалім тұлғасына қойылатын талаптармен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: әлеуметтік маңыздылық, мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар, мүғалім профессиограммасы, мұғалімнің міндеттері, педагог қызметкердің мәртебесі.
Жоспары:
1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы.
2. Педагогикалық мамандықтың тарихы.
3. Мұғалімге қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
Студентгің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Мұғалім мамандығның әлеуметтік маңызы неде?
2. Мұғалім мамандығының гуманистік сипаты неде?
3. Педагогикалық іс-әрекеттің ұжымдық сипаты неде?
4.Неліктен қоғам дамуына байланысты мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар да өзгеріп отырады?
5. Мұғалім профессиограммасы дегеніміз не?
Әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі. № 319-Ш ҚРЗ.
2.ҚР білім береуді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік багдарламасы. Астана, 2005. 31 бет.
3. И.Е.Синица. Педагогикалык әдеп және ұстазды
4. Берікханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кріспе. Оқу құралы.: А.2009ж
5. Бабаев С.Б, Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика Алматы 2006.
6. С.Ш. Әбенбаев, А.М. Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев Педагогика Астана 2003.
7. Ж. Әбиев, А.М. Құдиярова, С. Бабаев Педагогика Алматы 2004.
6- семинар. Педагогикалық іс-әрекеттің ерекшелік сипаттамасы
Мақсаты: болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасымен, мұғалімнің маңызды қасиеттерімен және педагогикалық құзіреттіліктің маңыздыльіғымен таныстыру
Негізгі ұғымдар: кәсіп, кәсіби іс-әрекет, педагогикалык іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы, мамандық, мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.
Жоспары:
1. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.
2. Педагогикалық процесс – мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
3. Педагогикалық процессті басқарудағы мұғалімнің қызметтері.
4. Мұғалімнің кәсіби-маңызды қасиеттері.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1.Кәсіби іс-әрекет пен педагогикалық іс әрекеттің айырмашылығы неде?
2.Кәсіп және мамандық ұғымдарының айырмашылығы қандай?
3..Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттеріне кандай қасиеттер жатады?
4.Педагогтың танымдық іскерлігін қалай түсінесіз?
5.Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігін қалай түсінесіз?
6. Педагогтың коммуникативтік іскерлігін қалай түсінесіз?
7. Кәсіби кұзіретгілік дегеніміз не?
Әдебиеттер
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2006. - 704 б.
2. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2009-190с.
3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты высшего профессионального образования: методология, теория и технология проектирования в компетентностном формате Білім әлемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.
4. Синица И.Е.Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.Алматы.1987.- 2236.
5. Мижериков В.А. Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с.
7- семинар. Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде.
Мақсаты: мұғалім іс-әрекетінің объектісі- педагогикалық процесстің мазмұнымен және педагогикалық процессті басқарудағы мұғалімнің негізгі қызметтерімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық процес, субьект, обьект, этика, әдеп, маңызды қасиеттер, мұғалім іс-әрекеті.
Жоспары:
1. Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы.
2. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі.
3. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы.
4. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті.
5. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Педагогикалық іс-әрекет құрылымы қандай?
2. Мұғалім іс-әрекетінің объектісі не?
3. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы дегенді қалай түсінесің?
4. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетін анықтап схема құрастырыңыз.
5. Педагогикалық этика мен әдеп анықтамаларын жасаңыз.
Әдебиеттер
1. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия Бас ред. Б.Аяған. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2006. - 704 б.
2. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие. Алматы, 2009-190с.
3. Таубаева Ш.Т. Государственные образовательные стандарты высшего профессионального образования: методология, теория и технология проектирования в компетентностном формате Білім әлемінде. В мире образования. №1-3, 2006.с 19-28.
4. Синица И.Е.Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.Алматы.1987.- 2236.
5. Мижериков В.А.Ермоленко М.Н. Введение в педагогическую деятельность: Уч. пос. для студентов пед. уч. зав. - М. 2002. - 268 с.
8- семинар. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы.
Мақсаты: болашақ мұғалімдерге шығармашылық ұғымы туралы түсінік беріп педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты мен тереңірек таныстыру.
Негізгі ұғымдар: шығармашылық, қиял, шығармашылық ойлау, озық педагогикалық тәжірибе, қазіргі педагогикалық технологиялар.
Жоспары:
1. Шығармашылық ұғымы.
2. Шығармашылық мәдени-тарихи құбылыс.
3. Қиялмен шығармашылық.
4. Шығарамшылық ойлау ұғымы.
Студентгің білімін тексеруге арналған сұрақтар
1. Шығармашылық терминін қалай түсінесіз?
2. Педагогикалық шығармашылық дегеніміз не?
3. Жаңашыл-педагогтардың идеялары туралы не білесіз?
4. Шығармашылық іс-әрекет қандай кезеңдерден құралады?
5. Стратегиялық міндеттерді қалай түсінесіз?
6. Қандай жаңашыл педагогтарды білесіз?
Әдебиеттер:
1. Б.Р.Айтмамбетова. Жаңашыл-педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы. - 1991.
2. Мамандыққа кіріспе. Педагогика институттарының студенттеріне арналған оқу құралы.Л.И.Рувинский,В.А.Кан-Калик,Д.М.Гришин т.б. Алматы: Ана тілі, 1990. -208 бет.
3. Диагностика успешности учителя: Сборник методических материалов для директоров и заместитслей директоров учеб.заведений, руководителям школ. — М.: - 2001. - 160 с.
4. Таубасва Ш.Т.Передовой педагогический опыт:от теоретичсского осмысления к практике. Алматы: 1997. - 122 с.
9- семинар. Мұғалім тұлғасының дамуындағы іс-әрекеттің ролі.
Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді педагогикалық қарым-қатынас түрлерімен, ерекшеліктерімен, стильдерімеі таныстыру, коммуникативтік іскерліктерін дамытуға жағдай жасау.
Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас түрлері, симпатия, антипатия, эмпатия, қарым-қатынас стильдері, сөйлеу шеберлігі.
Жоспары:
1. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық ретінде.
2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы.
3. Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің сөзі.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынас дегеніміз не?
2. Педагогикалық қарым-катынасты қалай түсінесіз?
3. Педагогикалық қарым-қатынастың қандай кезеңдерін білесіз?
4. Педагогикалық қарым-катынастағы авторитарлыкқ стиль дегеніміз не?
5. Педагогикалық қарым-қатынастағы либералдық стиль дегеніміз не?
6. Педагогикалық қарым-қатынастағы демократиялық стильдің ерекшелігі неде?
7. Эмпатия, симпатия, антипатия ұғымдарын қалай түсінесіз?
8. Педагогикалық карым-қатынастың қандай түрлерін білесіз?
Әдебиеттер
1. Станкин М.И. Психология общения. Курс лекции, М., 2000 г.
2. Поваляева М.А., Рутер О.А. Невербальные средства общения. - Ростов нД.: 2004. - 352 с.
3. Хан Н.Н. Сотрудничество в педагогическом процессе школы. -Алматы: 1997. -212 с.
4. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы., Алматы, 1995 ж.
5. Сластенин В.А. Педагогика: учеб. пособие для етуд.высш. учеб. заведений В.А. Сластенин, и др. - М.: - 2007. - 576 с.
10- семинар.Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилі.
Мақсаты: Болашақ мұғалімдерді үздіксіз педагогикалық практиканың негізгі мақсат, міндеттерімен таныстыру және студенттерге мұғалім қызметінің әлеуметтік мәні мен оқушы тұлғасын қалыптастырудағы өздерінің жетекші рөлін түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: Практика, педагогикалық практика, үздіксіз педагогикалық практика, мектептің құрылымы, ұстаз-оқушы, қарым-қатынас.
Жоспары:
1. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері.
2. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы.
4. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі.
Студенттің білімін тексеруге арналған сұрақтар:
1. Өзін-өзі тәрбиелеу мен тәрбие процесінің айырмашылығы неде?
2. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
3. Өзін-өзі тәрбиелеу неден басталады?
4. Өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері қандай?
5. Өздігінен білім алу процесі қандай қызметтер аткарады?
6. Өздігінен білім алудың қандай көздерін білесіз?
Әдебиеттер
1. Станкин М.И.. Психология общения: курс лекций. М. - 2000. - 304 с.
2. Введение в педагогическую деятельность. А.С.Роботова, Т.В.Леонтьева, и др. - М., 2000. - 208 с.
3. Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология: Схемы и тесты. -М., 2002.-208 с.
4. Виктор Пекелис. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976. -196 б
11- семинар. Қазіргі білім беру парадигмасындағы негізгі бағыттар.
Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы дағдарыстардың негізгі белгілерін ашып көрсету және білім берудің дамуындағы негізгі бағыттарды айқындау.
Негізгі ұғымдар: әдіснама, білім берудегі дағдарыс, әлеуметтік фрустрация, гуманистік бағыт, философия мен педагогика байланысы.
Жоспар:
1.Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыстың негізгі белгілері. Кәсіптік білім беру саласында болашақ мамандарды даярлаудағы кездесетін проблемалар.
2.Философия мен педагогиканың байланысы - XXI ғасырдағы білім беруді дамытудың басты бағыты ретінде.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Білім беру барысындағы тұлғалық қатынас пен дербестік қатынастың айырмашылығы неде?
2. Білім беру саласындағы дағдарыс дегеніміз не?
3. Әлеуметтік фрустрация дегініміз не?
4. Білім беру саласындағы тұлғалық-бағдарлық теориясының мәні неде?
5. Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғысынан қарау теориясының мәні неде?
Әдебиеттер
1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.
2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.
3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.
4.Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.
5.Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.
12- семинар. Оқыту технологиясы
Мақсаты: студенттерге білім беру саласындағы ақиқатты меңгеру,ойлауды
қалыптастыру, қабілетті дамыту;
Негізгі ұғымдар: технология, бағдар, педагогикалық технология, оқыту технологиясы;
Жоспар:
1.Технология және педагогикалық технология ұғымы.
2. Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары.
3. Оқытудың жаңа технологиялары ұсынған қағидалар.
Студенттің өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Білім беру барысындағы педагогикалық технология деген не ?
2. Оқыту технологиясы қандай қағидаларға сүйенеді?
3. Педагогикалық технологиялардың білім беру мекемелеріндегі жауап беретін шарттары қандай?
4. Педагогикалық технологияға тән белгілер?
Әдебиеттер
1. Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие - Алматы, 2009 - 190 с.
2. Решетников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера.- М., 2000. - 304 с.
3. Концепция непрерывного педагогического образования педагога новой формации республики Казахстан. Алматы. 2005.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Негізгі ереже. Астана, 2006. 68 бст.
5. Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. - Алматы, 2000. - 268 с.
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
СӨЖ тапсырмалары және орындалу мерзімі
№
Тапсырма тақырыбы.
Тапсырма мазмұны
Формасы
Өтілу мерзімі
1
Жеке тұлғаның кәсіби қалыптасуы.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтарын дйындаңыз.
Бақылау сұрақтары
Қыркүйек
2
Мұғалімнің этикалық мәдениетінің негізі.
Тақырып бойынша баяндама жасаңыз.
Баяндама
Қыркүйек
3
Мұғалім мен тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері.
Ерекшеліктерін көрсете отырып шығарма жазыңыз.
Шығарма жазу
Қазан
4
Болашақ маманның шығармашылық іс-әрекетін ынталандыру мәселесі.
Тапсырма: Өз
Шығармашылығыңызды
дамытудың жеке жоспарын
жасап көріңіз.
Жеке
жоспар
жасаңыз
Қазан
5
Педагогтың профессиограммасын жасау.
Профессиограмма жасаңыз.
Схема құру
Қазан
6
Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің орны.
Дөңгелек столға дайындық.
Дөңгелек стол
Қараша
7
Педагогикалық қарым-қатынас түрлері, құбылысы мен стилі.
Қарым-қатынас–мұғалімнің кәсіби шығармашылық іс-әрекетінің құрамды бөлігі.
Кесте құру.
Кәсіби іс-әрекет пен
педагогикалық іс-әрекеттің
салыстырмалы
кестесін
сызып көрсетіңіз.
Кесте
Қараша
8
ҚР 12- жылдық білім беруге көшу жағдайындағы қазіргі мектеп жүйесі.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық орта білім беруге көшудің негізгі себептері қандай?
2.12-жылдық орта білім беру неше сатыдан тұрады?
3.Бейіндік оқыту деген ұғымды қалай түсінесіз?
Бақылау сұрақтары
Желтоқсан
9
ХХІ ғасыр мұғалімі ол қандай ?
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің жеке тұлғасына деген талаптар.
Тапсырма 1.Эссе жазу
Тапсырма2.ХХІ ғасыр
мұғалімінің моделін,
үлгісін жасап
көрсетіңіз.
Шығарма жазу
Желтоқсан