Экономикалық теория негіздері пәнінен 1 аралық бақылау тесттері барлық экономикалық емес мамандықтардың студенттері үшін

Скачать



Экономикалық теория негіздері пәнінен 1 аралық бақылау тесттері барлық экономикалық емес мамандықтардың студенттері үшін

$$$ 1 С
Экономикалық теория нені оқытпайды:
А. қоғамдық материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында адамдардың өндірістік ресурстарды тиімді пайдаланудағы қарым-қатынас;
В. игіліктерді өндіру, айырбастау, тарату және тұтыну процесінде құралатын өндірістік қатынастар;
С. қоғамдағы топтар, таптар арасындағы қалыптасқан әлеуметтік-саяси қатынастар;
D. ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдар арасындағы қарым-қатынас;
Е. ақша-тауар қатынастары.

$$$ 2 А
Экономикалық теорияны зерттеу әдістерінің бірі:
А. индукция
В. реакция;
С. практикалық
D. реттеу;
Е. қайта бөлу.

$$$ 3 Е
Әлемдік экономиканың заңдары мен тәртібін оқытатын :
А. макроэкономика
В. саясиэкономия
С. микроэкономика
D. мезоэкономика
Е. мегаэкономика

$$$ 4 D
Меншік тұлғаларына субъектілеріне қайсысы жатпайды:
А. жеке тұлға;
В. заң тұлғалары;
С. мемлекеттік ұйымдар;
D. ғимараттар;
Е. ұжымдар.

$$$ 5 А
Позитивті экономикалық теория оқытады:
A) "не бар".
B) "не болуы қажет".
C) экономикалық дамудағы оң тенденциялар.
D) бағалаушылық пікірлер.
E) гармоникалық қатынастар.

$$$ 6 D
Төмендегі көрсетілгеннің қайсысы макроэкономика пәні зерттеуіне жатпайды:
A) инфляция.
B) мемлекеттің салық саясаты.
C) жұмыссыздық.
D) берілген фирманың сату көлемі.
E) өнеркәсіптік циклдар теориясы.

$$$ 7 С
Тауарлы өндірістің алғы шарты болып табылады:
А. адам қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндірісі;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіріс;
Е. ақша жүйесі.

$$$ 8 D
Hарық қызметіне жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. меншік құқығы;
С. бәсеке;
D. өндіріс тиімділігін арттыруды ынталандыру;
Е. экономиканың оқшаулануы.

$$$ 9 А
Студенттер экономикалық теорияны зерттейді, онда олармен мына қызмет орындалады:
А. танымдық;
В. практикалық;
С. болжамдық;
D. бақылау;
Е. реттеушілік.

$$$ 10 В
Барлық экономикалық жүйеде кездесетін негізгі проблема - бұл:
А. инвестиция;
В. ресурстардың шектеулігі;
С. қажеттілік;
D. технология;
Е. бөлу.

$$$ 11 В
Қоғамдық өндірістің фазаларының соңғысы қайсысы болып табылады:
А. өндіру;
В. тұтыну;
С. айырбас;
D. бөлу;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 12 С
Нарықтық инфрақұрылымға не жатпайды:
А. жарнамалық қызмет;
В. биржалар;
С. өндірістік кәсіпорындар;
D. аудиторлық фирмалар;
Е. көтерме және бөлшек сауда.

$$$ 13 D
Абстрактылы еңбек дегеніміз:
А. қол еңбегі;
В. адам еңбегінің жалпы жұмсалуы сипаты;
С. басқарушылар еңбегі;
D. құрал-жабдықтар көмегімен жасалған еңбек;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 14 С
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатады:
А. автобус;
В. кітапхана;
С. көше бағдаршамы;
D. футболка;
Е. зоопарк.

$$$ 15 В
Төмендегілердің қайсысы қоғамдық тауарға жатпайды:
А. асфальтталған жол;
В. футболка;
С. көше бағдаршамы ;
D. кітапхана;
Е. дамбы.

$$$ 16 Е
Нарық элементтеріне не жатпайды:
А. ұсыныс;
В. бәсеке;
С. баға;
D. сұраныс;
Е. рента.

$$$ 17 В
Нарық элементтеріне не жатады:
А. еңбек;
В. бәсеке;
С. пайыз;
D. пайда;
Е. инфляция.

$$$ 19 С
Ақшаның атқаратын қызметтеріне қайсысы жатады:
А. коллекция ретінде жинау;
В. пайданы өлшеу құралы;
С. құн өлшемі;
D. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
Е. баю құралы.

$$$ 20 С
Нарық секторларына қайсысы жатады:
А. дүкен ;
В. аукциондар;
С. мемлекет;
D. биржалар;
Е. делдалдар.

$$$ 21 А
Қай экономикалық көрсеткiш халықтың өмiрiнiң деңгейiн көрсетедi ?
А. жан басына шаққандағы ұлттық табыс ;
В. қоғамдық жиынтық өнiм ;
С. ұлттық табыс;
D. жалпы iшкi өнiм;
Е. жалпы ұлттық өнiм;

$$$ 22 Е
Студенттер үшiн оқудың балама құндылығын не көрсетедi:
А) стипендия мөлшерi ;
В) мемлекеттiң оқытуға жұмсайтын шығындары ;
С) оқулыққа жұмсайтын шығын ;
D) ата-аналарының шығыны ;
Е) оқуды тастап жұмыс iстегенде алатын жоғарғы еңбек ақы;

$$$ 23 С
Тауардың мәні:
А. пайдалы игіліктер;
В. адам қажетін өтейтін өнім;
С. сату, тұтыну және айырбас үшін өндірілген өнім;
D. тұтыну құны мен құн бірлігі;
Е. А, D жауаптары.

$$$ 24 Е
Еңбек заттарына не жатады:
А. шикізат, материалдар;
В. жартылай фабрикаттар;
С. энергия құралдары;
D. тасымал құралдары;
Е. С, D жауаптары.

$$$ 25 В
Өтпелі кезең экономикасының заңдылықтарының біріне не жатпайды:
А. бағаны либерализациялау (ырықтандыру);
В. бағаға орталықтан қатаң бақылау орнату;
С. жеке кәсіпорындарды мемлекет иелігіне алу;
D. экспорт пайдасына қарай импортты шектеу;
Е. отандық өндірістің өсуі.

$$$ 26 E
Экономикалық жүйе типтеріне жатпайды:
A. аралас
B. дәстүрлі
C. нарықтық
D. жоспарлы
E. капиталистік.

$$$ 27 А
Төмендегілердің қайсысы әлеуметтік тиімділікті сипаттамайды:
А. өндіріс көлемінің ұлғаюы;
В. еңбек жағдайын жақсарту және мазмұнын арттыру;
С. бос уақытты көбейту;
D. дәрігерлік қызмет көрсетудің сапасын арттыру;
Е. өмір сүру сапасын жақсарту.

$$$ 28 А
Экономикалық жүйеде баға мен жұмыссыздықтың жалпы деңгейі қай
курста оқытылады:
А. макроэкономикада;
В. микроэкономикада;
С. менеджментте;
D. халықаралық қаржыда;
Е. маркетингте.

$$$ 29 C
Экономикалық теорияда ең алғаш қалыптасқан ғылыми мектеп:
А. Маржинализм
В. Институционализм
С. Меркантелизм
D. Кейнстік
Е. Неолиберализм.

$$$ 30 С
Экономикалық теорияның қай әдісі кездейсоқ, уақытша жағдайларға көңіл аудармастан, экономикалық құбылыстардың тұрақты, типтес, сипатты белгілерін анықтауға мүмкіндік береді:
А. дедукция;
В. талдау;
С. ғылыми абстракция;
D. математикалық модельдеу;
Е. эксперимент (сынақ) жасау.

$$$ 31 В
Әрбір экономикалық жүйеде фундаментальды "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Төмендегі мәселелердің қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:
А. толық жұмысбастылық деңгейіне қалай қол жеткізуге болады?
В. нені және қанша мөлшерде өндіру керек?
С. инфляциядан қалай құтылуға болады?
D. экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?
Е. жиынтық сұраныс қандай болуы керек.

$$$ 32 D
Экономикалық теория нақты экономикалық саясатты және әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жасауда қандай қызмет атқарады:
А. танымдық;
В. ақпараттық;
С. білім берушілік;
D. практикалық;
Е. экономикалық жаңаша бейнесін қалыптастыру бойынша.

$$$ 33 С
Микроэкономикалық зерттеуге төмендегілердің қайсысы жатады:
А. барлық экономика масштабындағы өндіріс;
В. жалпы баға деңгейі;
С. қант өндіру және оның бағасының динамикасы;
D. шаруашылықтағы жұмыс істейтіндер саны;
Е. белгілі-бір мемлекеттегі жұмыссыздық проблемасы.

$$$ 34 А
Экономикалық заңдар нені көрсетеді:
А.экономикалық процестер мен құбылыстардың арасындағы қажетті, жаппай, тұрақты қайталанып отыратын себеп-салдарлы байланыстарды;
В. мемлекет саясатының нәтижесін;
С.шаруашылық процесіндегі жеке себеп-салдарлы тәуелділіктерді;
D. шаруашылық процестеріндегі кейде қайталанып отыратын немесе кездейсоқ байланыстарды.

$$$ 35 D
Классикалық саяси экономияның негізін қалаушы, еңбек құны теориясын жасаған кім:
А. Джон Мейнард Кейнс;
В. Милтон Фридмен;
С. Франсуа Кенэ;
D. Адам Смит;
Е. Альфред Маршалл.

$$$ 36 В
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:
А. шаруашылық өндіруге тиісті екі тауардың нақты санын;
В. қолда бар ресурстардың санына сәйкес тауарлар комбинациясының баламасын;
С. екі тауарды өндірудің ең жақсы мүмкін комбинациясын;
D. игіліктің шектік пайдалылығының кему жағдайын;
E. еңбек өнімділігінің кему заңы жағдайын.

$$$ 37 С
Жекешелендірудің әдістерінің бірі:
А. Интенсификация
В. Ұлттандыру
С. Аукциондық сату
D. Жоспарлау
Е. Дұрыс жауаптары жоқ

$$$ 38 Е
"Нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген проблемалар төмендегілердің қайсысына қатысты қолданылады:
А. тек қана әкімшілдік-командалық жүйеге;
В. тек нарықтық экономикаға;
С. тек дамушы экономикаға;
D. тек нашар дамыған экономикаға;
Е. экономикалық жүйелердің барлығына.

$$$ 39 А
Нарықтық экономиканың принципі:
А. баға белгілеудегі (тағайындаудағы) еркіндік;
В. экономиканы тұтас бір орталықтан жоспарлау;
С. көптеген тауарлар мен қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеу;
D. жеке секторға қарағанда экономиканың мемлекеттік секторының басым болуы;
Е. тауар өндірушілердің арасында бәсекелестіктің жоқтығы.

$$$ 40 А
"Меншік" экономикалық категориясының негізгі бір элементіне не жатады:
А. иелік ету;
В. тіркелу;
С. жабдықтау;
D. баю;
Е. көбейту.

$$$ 41 В
Мемлекеттік меншік объектілері мен мүліктерін жеке немесе жеке - ұжымдық меншікке беру процесі қалай деп аталады:
А. ұлттандыру (национализациялау);
В. жекешелендіру;
С. конверсиялау (әскери кәсіпорындарды бейбіт мақсаттағы өнім өндіруге бағыттау);
D. диверсификациялау;
Е. трансферт.

$$$ 42 D
Облигация қай нарық түрінің элементі болып табылады:
А) капиталдар нарығы;
В) тауар және қызмет көрсетулер нарығы;
С) жылжымайтын мүлік нарығы;
D) бағалы қағаздар нарығы;
Е) активтер нарығы.

$$$ 43 А
Төмендегілердің қайсысы еңбек өнімділігінің артуына ықпал етпейді:
А. жұмысшылардың санын арттыру;
В. технологиялық өзгерістер;
С. жұмысшылардың білімі мен біліктілік деңгейі;
D. өндіріс масштабы эффектісі;
Е. еңбек ақы жағдайы мен деңгейі.

$$$ 44 A
Тауардың екі қасиеті:
А. қажеттілікті қанағаттандыруы және айырбасталатындығы (сатып алынатындығы - сатылатындығы);
В. сапалылығының болуы және кез келген тұтынуды қанағаттандыруы;
С. Тауар өндірушінің табысын арттыру және оның шығындарын үнемдеу;
D. нарық субъектілерінің оған қол жеткізе алатындығы және бұқаралық көлемде өндірілуі;
Е. саны және сапасы.

$$$ 45 С
Төмендегілердің қайсысы нарықтық экономиканы сипаттамайды:
А. бәсекелестік;
В. тауарлар мен қызметтерге еркін баға белгілеу;
С. тауарлар мен қазметтер өндіруді бір орталықтан жоспарлау;
D. тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы;
Е. жеке меншік.

$$$ 46 А
Нарықтық экономиканың міндетті шартына, принциптерінің біріне не жатады:
А. экономикалық бостандық;
В. директивті жоспарлау;
С. бағаға әкімшілдік бақылау;
D. "көлеңкелі" экономиканың орын алуы;
Е. бәсекелестіктің болмауы.

$$$ 47 Е
Ақшаның атқаратын қызметтері:
А. баю құралы;
В. бартерлік келісімді іс жүзіне асыру құралы;
С. құн өлшемі;
D. төлем құралы;
Е. "С" және "D" жауаптары дұрыс.

$$$ 48 С
Қоғамдық өндірістің негізгі сатылары
А. тұтыну, өндіру;
В. өлшеу, есептеу;
С. өндіріс, бөлу, айырбастау, тұтыну;
D. бөлу, көру,өлшеу, есептеу;
Е. өндіріс, бөлу, өлшеу, өндіру.

$$$ 49 В
Қазіргі ақшаның түрі:
А. вексель;
В. чектік депозит;
С. акция;
D. облигация;
Е. алтын.

$$$ 50 C
Төмендегі нарықтық экономика салаларының қайсысы әдетте мемлекеттік секторға жатады:
А. қоғамдық транспорт;
В. тұрмыс қажеттіліктерін өндіру;
С. Ауыл шаруашылығы;
D. бөлшек сауда;
Е. киім және аяқ киім өндіру.

$$$ 51 B
"Өндіріс факторлары" терминінің дұрыс анықтамасын таңдаңыз:
A. өндіріс факторлары - бұл материалдық және еңбек ресурстарының жиынтығы.
B. өндіріс факторлары – бұл экономикалық игіліктерді өндіру үшін қолданылатын ресурстар.
C. өндіріс факторлары – бұл өндірістік шығындар.
D. өндіріс факторлары – бұл табиғи ресурстар.
E. өндіріс факторлары - бұл тек еңбек ресурстары.

$$$ 52 С
Нарық секторларына не жатады:
А. фирма, делдалдылық, аудиторлар;
В. мемлекет, биржалар, аукциондар;
С. үй шаруашылығы, фирма, мемлекет;
D. тек мемлекет;
Е. делдалдар, биржалар,үй шаруашылығы.

$$$ 53 А
Ақша дегеніміз:
А. басқа барлық тауарлардың құнын көрсететін жалпы эквивалент;
В. материалдық мәні жоқ құн көрсеткіші;
С. төлем құралы;
D. өз құны жоқ есеп бірлігі;
Е. алтын.

$$$ 54 В
Экономикалық конъюктураға әсер ететін факторлар:
А. циклді, қуаңшылдық, бірқалыпты;
В. циклді, циклді емес, кездейсоқ;
С. уақытша, мерзімділік;
D. экономикалық, географиялық, демографиялық;
Е. барлығы дұрыс.

$$$ 55 В
Фундаментальды экономикалық "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Бұл мәселелелердің қайсысы тек қана макроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:
А. не өндіріледі?
В. қандай инфляция деңгейімен біз кездесеміз?
С. қанша тауарлар мен қызметтер өндіріледі?
D. тауарлар мен қызметтерді кім өндіреді?
Е. қалай өндіру.

$$$ 56 D
Экономикалық мәселелер кейде нарықтық механизмнің көмегімен, кейде үкіметтің араласуы негізінде шешілетін болса, онда бұл:
А. әміршілдік;
В. нарықтық;
С. натуралды;
D. аралас;
Е. дәстүрлі.

$$$ 57 В
Экономикалық теория пәнінің толық, нақты анықтамасын көрсетіңіз :
А. адамдардың өндіргіш күштерге қатынасын оқытады;
В. адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды зерттейді;
С. ол - адамдардың қоғамға қатынасы
D. қоғамдық өндірістегі адамдар арасындағы қатынастарды қарастырады;
Е. ақша және банк жүйесін оқытады.

$$$ 58 В
Жекешелендіру - ол:
А. меншік объектілерін бұрынғы иелеріне беру процесі;
В. мемлекеттік меншіктегі объектілерді жеке меншікке беру процесі;
С. өндірісті шоғырландыру процесі;
D. кәсіпорындарды национализациялау процесі;
Е. А, С жауаптары дұрыс.

$$$ 59 А
Тауар мен өнімдерді өткізу сипаты бойынша нарықтар бөлінеді:
А. көтерме, бөлшек;
В. жергілікті, ұлттық;
С. еңбек нарығы, шикізат нарығы;
D. еркін, монополистік;
Е. өнеркәсіптік, мұнай.

$$$ 60 С
Қазіргі кездегі экономикалық ілімдерге сәйкес негізгі өндіріс факторларын атаңыз:
А. жер, пайда, жалақы, капитал;
В. еңбек, рента, кәсіпкерлік, жер;
С. жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет;
D. ақша, пайыз, пайда, капитал;
Е. жалақы, рента дивиденд.

$$$ 61 D
Ақшаның атқаратын қызметін атаңыз:
А. зерттеу құралы;
В. алдау құралы;
С. бай болу құралы;
D. төлем құралы;
Е. реттеу құралы.

$$$ 62 В
Нарықтық экономикада негізгі меншік түрлері қандай:
А. жеке және қоғамдық;
В. жеке және мемлекеттік;
С. акционерлік және кооперативтік;
D. аралас және кооперативтік;
Е. жеке және акционерлік.

$$$ 63 А
Қоғамды экономикалық ұйымдастырудың басты сұрағына қайсысы жатпайды:
А. өндірісті неден бастау керек;
В. қалай өндіру керек;
С. не өндіру керек;
D. кім үшін өндіру керек;
Е. В, С, Д жауаптары дұрыс.

$$$ 64 В
Нарықтық экономикаға тән емес:
А. бәсекелестік;
В. орталықтан жоспарлау;
С. еркін бағаның құрылуы;
D. тауар өндірушілердің экономикалық жекеленуі;
Е. белгілі кәсіппен шұғылдану.

$$$ 65 С
Ақшаның қызметіне қайсы жатпайды:
А. айналым құралы;
В. құн өлшемі;
С. бартерлік келісімдерді жүзеге асыру құралы;
D. төлем құралы;
Е. дүниежүзілік ақша ретінде.

$$$ 66 С
Қай мектеп өкілдері байлықтың көзі ауыл шаруашылығында, еңбек пен жердің одағы нәтижесінде деп білген:
А. классикалық саяси экономия;
В. меркантелистер;
С. физиократтар;
D. маржиналистер;
Е. кейнсиандықтар.

$$$ 67 E
Әкімшілдік-әміршілдік экономикада тұрақты тапшылық болып не табылады:
A. ақша.
B. ресурстар.
C. жер.
D. интеллектуалды тауарлар.
E. тауар және қызмет көрсетулер.

$$$ 68 В
Тауар өндірушілер үшін әкімшілдікпен салыстырғанда экономикалық реттегіштің артықшылығын неден көруге болады:
А. тандау еркіндігін шектейтіндігінен;
В. қосымша ынтаны тудыратындығынан;
С. тауарөндірушілер әрекетіне тікелей ықпал ететіндігінен;
D. тауарөндірушілердің әрекетін саясатқа тәуелді ететіндігінен;
Е. әрқашан да әлдеқайда тиімді болып табылатындығынан.

$$$ 69 А
Еңбек өнімділігі қандай қатынас арқылы өлшенеді:
А. өндірілген өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытындағы сағат санына;
В. капитал шығынының еңбек шығынына;
С. капитал шығынының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;
D. жұмыс уақытындағы сағат санының өндірілген өнімнің нақты көлеміне;
Е. жұмыс уақытының нақты көлемінің жұмыс уақытының жоспарланатын көлеміне.

$$$ 70 В
Экономикалық тиімділік қалай анықталады:
А. өндіріс шығындары өндіріс нәтижесі;
В. өндіріс нәтижесі өндіріс шығындары;
С. өндіріс шығындары +өндіріс нәтижелері;
D. өндіріс нәтижелері - өндіріс шығындары;
Е. өндіріс шығындарының оның нәтижелеріне проценттік қатынасы.

$$$ 71 А
Нарықтық экономикада ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулілік проблемасы немен түсіндіріледі:
А. қолда бар ресурстардың мүмкіндігіне қарамастан тұтынудың үнемі артып отыратындығымен;
В. ресурстарды пайдаланудың шектеулілігімен;
С. ресурстардың жетіспеушілігімен (тапшылығымен);
D. ресурстардың сарқылатындығымен (таусылатындағымен);
Е. барлық адамдардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандырудың мүмкін еместігі.

$$$ 72 С
Қазіргі кезеңдегі әйгілі концепциялардың бірі:
А. Командитті-әкімшілдік жүйе
В. Дәстүрлі экономикалық жүйе
С. Аралас экономикалық жүйе
D. Еркін нарықтық жүйе
Е. Натуралды шаруашылық

$$$ 73 D
Интенсивтіліктің өнімділіктен айырмашылығы:
А. Техникалық прогреспен байланысты
В. Жұмысшылар мамандығымен байланысты
С. Өндіріс процессін ұйымдастыруда жаңа әдістерді енгізумен байлансты
D. Еңбек өндірісінің жылдамдылығы және ауырлығымен байланысты
Е. А және В жауаптары дұрыс

$$$ 74 С
Альтернативті құн-бұл:
А. Өзара алмастырғыш тауарлардың құны
В. Өзара толықтырғыш тауарлардың құны
С. Ресурстар шектеулігіне байланысты және бір ғана бағытта пайдаланғандықтан ала алмаған тиімділіктің құны
D. Өте жоғарғы құндылықты тауар
Е. Өте төмен құндылықты тауар

$$$ 75 В
Өндіргіш күш неден тұрады:
А. сұраныс және ұсыныс;
В. жұмыс күші және құрал жабдық;
С. жұмысбастылық және жұмыссыздық;
D. сан және сапа;
Е. пайыз және пайда.

$$$ 76 Е
Құрал жабдықтар неден тұрады:
А. сұраныс және ұсыныс;
В. пайыз және пайда;
С. жұмысбастылық және жұмыссыздық;
D. еңбектің сан және сапа;
Е. еңбек заты және еңбек құралы.

$$$ 77 A
Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығында бiр өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуi сәйкесiнше сипатталады:
A. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң кемуiмен
B. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуiмен
C. басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң тұрақты көлемiмен
D. көрсетiлген варианттардың кез келгенi болуы мүмкiн
E. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 78 B
Экономикалық жүйе келесі сұрақтарды шешеді:
A. не, қайда, кім үшін өндіру қажет
B. не, қалай, кім үшін өндіру қажет
C. қашан, неге, қайда және кім үшін
D. жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай
E. кім және не үшін.

$$$ 79 D
Меншiктiң экономикалық мәнiн қандай қос- ұғым ашады :
А. мәнi-көрiнiсi ;
В. негiзi –құрылым ;
С.себебi-салдары ;
D.иемдену- бөлу ;
Е. Зат-тұлға

$$$ 80 В
Тепе-теңдік баға дегеніміз:
А. кезкелген тұтынушының белгілі бір тауар алу үшін төлей алатын бағасы;
В. нарықтағы сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңестірілген баға;
С. үкімет тарапынан белгіленетін баға;
D. жоғарыдағының барлығы дұрыс;
Е. монополист қоятын баға.

$$$ 81 А
Монополиялық бәсеке нарығына төмендегiлердiң қайсысын жатқызуға болады:
А. сабын, шампунь, тiс пастасы нарықтары ;
В. алтын нарықтары ;
С. энергетика нарығы ;
D. автомобиль нарығы ;
Е .шикiзат тауарлары нарығы ;

$$$ 82 А
Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:
А. баға өседі;
В. тауарлардың жалпы саны көбейеді;
С. баға тұрақты болып қалады;
D. қоғамның әл-ауқаты жақсарады;
Е. баға деңгейі төмендейді.

$$$ 83 Е
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:
А. сатылатын заттың бағасы;
В. өндіріс ресурстарының бағасы;
С. технология дәрежесі.
D. тұтынушылардың бюджеті;
Е. В,С жауаптары дұрыс.

$$$ 84 D
Қандай да бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады:
А. монополия;
В. олигополия;
С. таза бәсеке;
D. монопсония;
Е. олигопсония.

$$$ 85 Е
Таза бәсеке ұғымы қамтиды:
А. тауар өндірушілердің көп болуы;
В. стандартталған өнімді;
С. ақпаратқа жеңіл қол жеткізу;
D. нарыққа еркін ену және шығуды;
Е. барлық жауап дұрыс;

$$$ 86 D
Монополиялық бәсеке - бұл нарықтық құрылым, онда әрекет етеді:
А. саны көп емес бәсекелесуші фирмалар;
В. тек қана бір сатушы (фирма) мен көптеген сатып алушылар;
С. стандартталған өнімдерді өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар;
D. дифференциалданған өнім ұсынатын көп сатушылар мен көптеген сатып алушылар;
Е. бір текті өнім өндіретін көптеген бәсекелесуші фирмалар.

$$$ 87 D
Төмендегі факторлардың қайсысы сұраныспен салыстырғанда тауарлар ұсынысына жақын:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талап-талғамдары, ұйғарымдары;
С. тұтынушылардың табысы;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы - тауарларға бағалар.

$$$ 88 Е
Адамдардың белгілі зат үшін ақша төлеуге деген қабілеттілігі мен ықыласын қай термин көрсетеді:
А. керектілік;
В. арман;
С. қажеттілік;
D. шешім;
Е. сұраным.

$$$ 89 С
Икемді сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,8;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 0;
E. Ed = 0,09.

$$$ 90 В
Егер тауар бағасы сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысу нүктесінен төмен болатын болса, онда не пайда болады:
А. артықшылық
В. тапшылық;
С. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі;
D. сұраныс мен ұсыныс көлемінің артуы;
Е. нарықтық тепе-теңдік.

$$$ 91 C
Қандай фактордың өзгеруі сұраныс қисығының орнынан жылжуын талап етпейді:
А. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
В. толықтыратын тауарларға баға;
С. тауар бағасы;
D. тұтынушылардың сандары мен жастары;
Е. сатып алушылардың табыстары.

$$$ 92 А
Абсолютті икемсіз сұраныс қисығы білдіреді:
А. тік сызықты;
В. көлбеу сызықты;
С. қисық сызықты;
D. доға тәрізді сызықты;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 93 D
Ұсынымның икемділігін қай қатынас білдіреді:
А. Бағаның өзгеруі, % Ұсынылған тауар санының өзгеруі, %;
В. Бағаның өзгеруі, % Сатылатын тауар санының өзгеруі, %;
С. Бағаның өзгеруі + тауар санының өзгеруі;
D. Ұсынылған тауар санының өзгеруі, % Бағаның өзгеруі, %;
Е. Бағаның өзгеруі -тауар санының өзгеруі;.

$$$ 94 В
Олигополия-бұл:
А. бір ғана фирманың нарықты қамсыздандыруы;
В. Үш-төрт фирманың нарықты қамсыздандыруы;
С. көп фирманың нарықты қамсыздандыруы;
D. мемлекеттің нарықты қамсыздандыруы;
Е. бірнеше фирманың тұтынуы.

$$$ 95 А
Бәсеке деңгейіне қарай нарық келесіге бөлінеді:
А. жетілген және жетілмеген
В. бөлшек, көтерме;
С. ұлттық, жергілікті;
D. аймақтық, әлемдік;
Е. қаржы және бағалы қағаздар.

$$$ 96 В
Нарықтық сұранысқа әсер етпейтін факторды көрсетіңіз:
А. сатып алушылардың саны;
В. ресурстарға баға;
С. өзара байланысты тауарларға баға;
D. тұтынушылардың табыстары;
Е. тұтынушылар талғамы.

$$$ 97 Е
Монополистік бәсекенің сипатты белгілері:
А. салаға енудің салыстырмалы еркіндігі бар;
В. сатушылар саны аз емес;
С. өнім дифференциалданған;
D. сатып алушылар саны көп;
Е. барлығы.

$$$ 98 Е
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсынысқа әсер етеді:
А. сатылатын заттың бағасы;
В. өндіріс факторларының бағасы;
С. технология дәрежесі.
D. салық мөлшері;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 99 А
Таза монополия ұғымын сипаттайды:
А. бір ғана сатушы фирма;
В. нарыққа ену еркіндігі;
С. өнім дифференциясына жол жоқ;
D. бағаға бақылау жүргізілмейді;
Е. тек А және В жауаптары дұрыс .

$$$ 100 С
Жетілмеген бәсеке құрылымы:
А. монополия, жетілген бәсеке;
В. таза бәсеке, олигополия;
С. олигополия, монополия;
D. монопсония, жетілген бәсеке;
Е. А, В жауаптары.

$$$ 101 D
Графикте қандай сұраныс бейнеленген:
А. өте икемді
В. бірлік икемділікті;
С. икемсіз;
D. икемді;
Е. өте икемсіз.

$$$ 102 В
Сұраныстың бағалық икемділігін қай қатынас көрсетеді:
А. бағаның өзгеруі, %сату көлемінің өзгеруі, %;
В. сатып алу көлемінің өзгеруі, %бағаның өзгеруі, %;
С. ұсыныс көлемінің сұраныс көлеміне қатынасы;
D. ұсынылған тауар санының өзгеруі, %бағаның өзгеруі, %;
Е. А, С жауаптары дұрыс.

$$$ 103 С
Тауарлы шаруашылықты ұйымдастырудың алғышартына не жатады:
А. адамдардың қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру;
В. артық өнім өндіру;
С. қоғамдық еңбек бөлінісі;
D. сату үшін өндіру;
Е. ақша жүйесінің болуы.

$$$ 104 С
Сұраныс заңы тауарға сұраныс мөлшерінің оған деген нарықтың бағасының қандай тәуелділігін көрсетеді:
А. тура пропорциональды тәуелділікті;
В. артып отыратын;
С. кері пропорциональды тәуелділік;
D. тура тәуелділікті;
Е. бағаның жоғары болуына сәйкес, сұраныс көлемінің де үлкен болуы.

$$$ 105 D
Тауар бағасының 5 %-ға төмендеуінің нәтижесінде бұл тауарды сатып алу көлемі 2 % өсті, бұл жағдайда сұраныс:
А. жеке икемділік сұранысы;
В. абсолютті икемділік сұранысы;
С. икемді сұраныс;
D. икемсіз сұраныс;
Е. сұраққа жауап беру мүмкін емес.

$$$ 106 С
Сұраныс заңы ұйғарады, ол бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылардың табыстары өсетін болса, олар әдетте тауарларды көп сатып алады;
С. тауар бағасы төмендеген кезде жоспарланған сатып алу заттарының көлемі өседі;
D. сұраныс қисығы әдетте оңды иілген болады;
Е. тұтынушының ұйғарымының өзгеруіне байланысты сұраныс көлемі де өзгереді.

$$$ 107 С
Нарықта көрсетілген және сәйкесінше ақшалай қаржылармен қамтамасыз етілген қажеттілік көріну формасы-бұл:
А. бәсеке;
В. ұсыныс заңы;
С. сұраныс;
D. ұсыныс;
Е. баға.

$$$ 108 D
Жетілген бәсеке жағдайында фирма әдетте:
А. нарықты жаулап алу үшін бәсекенің қандай да болмасын нысандарын пайдаланады;
В. бәсеке күресінде өзі қалаған бағаны орнықтыруға қол жеткізеді;
С. азғана бәсекелестер саны жағдайында жұмыс істейді;
D. нарықтық бағаның құрылуына ықпал етпейді;
Е. бәсекелесін "жеңу" үшін бағаны төмендету.

$$$ 109 С
Төмендегі келтірілгендердің қайсысы нарық инфрақұрылымына жатпайды:
А. банктер;
В. жәрмеңкелер;
С. бала бақшалар;
D. валюталық биржалар;
Е. тауар биржасы.

$$$ 110 С
Қай капитал өз құнын өндірген өнімге бірте-бірте ауыстырып отырады:
А. айналмалы;
В. өзгермелі;
С. негізгі;
D. тікелей;
Е. жанама.

$$$ 111 C
Нарықтық бағаның үлкен өзгерісі сұраныс мөлшерінің сәл ғана өзгерісіне әкелсе, бұл қандай сұраныс:
А. икемді ұсыныс;
В. икемді сұраныс;
С. икемсіз сұраныс;
D. икемсіз ұсыныс;
Е. бірлікті сұраныс.

$$$ 112 В
Алмастырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:
А. фотоаппарат пен бензин;
В. сары май мен маргарин майы;
С. сиыр еті мен ұн өнімдері;
D. ұялы телефон және видео камера;
Е. теледидар және видеоплейер.

$$$ 113 С
Толықтырылатын тауарларға қандай тауарлар жатады:
А. телевизор және комьютер;
В. сары май мен маргарин майы;
С. автомобиль мен бензин;
D. ұялы телефон және радио телефон;
Е. сиыр еті мен ұн өнімдері.

$$$ 114 А
Икемсіз сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,7;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 5;
E. Ed = 2,09.

$$$ 115 В
Бірлік икемді сұраныстың көрсеткіші:
А. Ed = 0,8;
B. Ed = 1;
C. Ed = 3,3;
D. Ed = 0;
E. Ed = 0,09.

$$$ 116 С
Сұраныс заңы қандай байланыстың кері тәуелділігін білдіреді:
А. сатып алушылар саны мен сатушылар саны;
В. тұтынушылардың талап-талғамдары мен ұйғарымдары;
С. баға мен көлемі;
D. өндіріс технологиясы мен тиімділігі;
Е. алмастырушы және толықтырушы тауарлар бағасы.

$$$ 117 Е
Сұраныс факторларына жататындар:
A. берілген тауардың бағасы
В. берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы
C. дотация
D. табыс көлемі
E. а, b және d жауаптары.

$$$ 118 С
Төмендегі факторлардың қайсысы ұсыныс көлеміне әсер етпейді:
A. сатылатын заттың бағасы
B. өндіріс факторларының бағасы
C. табыс көлемі
D. салық мөлшері
E. технология дәрежесі.

$$$ 119 С
Егер жеке сұраныстар туралы мәліметтер берілген болса, нарықтық сұраныс қалай табылады:
A. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес табыстарды қосу
B. белгілі бір сұраныс көлеміне сәйкес келетін бағаларды қосу арқылы
С. белгілі бір бағаға сәйкес келетін сұраныстардың көлемін қосу арқылы
D. кез келген тұтынушының ең көп сұраныс көлемі арқылы
E. жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.

$$$ 120 D
Ұсыныс заңы қандай тәуелділікті білдіреді:
А. сатып алынатын тауар мөлшерінің бағадан тура тәуелділігі
В. сатып алынатын тауар мөлшері мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік
С. бағаның тауар сапасынан тура тәуелділігі
D. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы тура тәуелділік
Е. ұсынылатын өнім көлемі мен оның бағасы арасындағы кері тәуелділік.

$$$ 121 D
Нарықтық ортада тауарлар тапшылығы болу үшін:
A. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет
B. тауарды сату бағасы теңдестік бағадан төмен болуы қажет
C. тауарды сату бағасы теңдестік бағасынан жоғары болуы қажет
D. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет
E. сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болуы қажет.

$$$ 122 С
Игiлiкке сұраныс баға бойынша икемсiз, егер сұраныстың бағалық икемдiлiгi:
A. 2 - ден үлкен болса;
B. 1 - ден артық, 2 - ден кем болса;
C. 1 - ден кем болса;
D. 0 - ден кем болса;
Е. 1 - ге тең болса.

$$$ 123 Е
Егер бағаның 18%-ға дейін азаюы, ұсыныс көлемін 18%-ға дейін төмендетсе, онда берілген ұсыныс:
А. өте икемсіз
В. икемсіз
С. өте икемді
D. икемді
Е. бірлік икемді.

$$$ 124 А
Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі төмендегілердің қайсысын сипаттайды:
А. тепе- теңдік көлем мен тепе-теңдік бағаны
В. тапшылықты
С. артықшылықты
D. жоғарғы деңгейдегі өнім шығаруды
Е. жоғарғы деңгейдегі бағаны.

$$$ 125 В
Х және У тауары бар. Қиылысқан бағалық икемділігі Еху= -3. Бұл білдіреді, яғни:
A. Х және У тәуелсіз тауарлар;
B. Х және У өзара толықтыратын тауарлар;
C. Х және У өзара алмастырылатын тауарлар;
D. Х және У күнделікті қолданылатын тауарлар;
E. жеткілікті ақпарат берілмеген.

$$$ 126 В
Компьютерге ұсыныс қисығының солға-жоғары орнын ауыстыруын қалай түсіндіруге болады?
A. жаңа технологияны енгізумен;
B. ресурстарға бағаның өсуімен;
C. дотация енгізумен;
D. өндірушілер саны көбеюімен;
Е. барлығы дұрыс.

$$$ 127 А
Ақшаның қандай қызметi баға ұғымын бiлдiредi :
A. Құн өлшемi ;
B. қор жинау құралы ;
C. әлемдiк ақша ;
D. төлем құралы ;
Е. айналым құралы .

$$$ 128 D
Бағаның 2 есеге төмендеуi, сұраныс көлемiнiң 2 есеге артуына әкелдi.Икемдiлiк қандай болады:
А. Е=0;
В. E1;
С. E1;
D. E=1;
Е. E=- .

$$$ 129 В
Егер тауардың бағасы өзгергенде жалпы кiрiс өзгермесе, онда сұраныстың бағалық икемдiлiк коэффициентi:
А) 1-ден жоғары
В) 1-ге тең
С) 0-ге тең
D) 1-ден төмен
Е) 0-дан жоғары.

$$$ 130 А
Тауарды сапасы төмен тауар деп санауға болады, егер:
А) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi –1-ге тең
В) сұраныстың бағалық икемдiлiгi –4-ке тең
С) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi-2-ге тең
D) сұраныстың табыс бойынша икемдiлiгi 1,3-ке тең
Е) сұраныстың қиылысқан икемдiлiгi 1,4-ке тең.

$$$ 131 В
Велосипедке сұраныс қисығы келесі түрде берілген Qd = 600-2p мұнда – айына сұраным көлем, P – баға, тг., велосипедтердің ұсыныс қисығы Qs = 300+4р. Товардың тепе-теңдік бағасы, көлемі қандай?
A. Q = 380, P = 2
B. Q = 500, P = 50
C. Q = 450, P = 75
D. Q = 600, P = 50
Е. Q = 350, P = 45.

$$$ 132 А
Таза монополия нарығында қанша өндiрушi болады:
А. нарықта бiр өндiрушi
В. сатушылар саны өте көп
С. бiр сатып алушы
D. бiрнеше сатып алушы
Е. ешқайсысы дұрыс емес.

$$$ 133 Е
Негізгі капитал –бұл:
А. Шикізат, материалдар, жұмыс күші
В. Ғимараттар, жабдықтар, жұмыс күші
С. бір өндіріс циклінен қолданылатын материалдық құралдар
D. өндірісте жасалған дайын өнім
Е. өндірісте көп рет қолданылатын материалдық құралдар, олар өндірілген өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады.

$$$ 134 А
Егер белгілі - бір салада бірнеше кәсіпорын осы сала нарығының басым бөлігіне бақылау жасайтын болса, онда орын алатын бәсеке қалай деп аталады:
А. олигополия;
В. монополиялық бәсеке;
С. жетілген бәсеке;
D. монополия;
Е. монопсония.

$$$ 135 C
Егер тауар бағасының өзгеруіне қарамастан ол тауарға сұраным көлемі өзгермеген жағдайда, оның бағалық икемділігінің коэффициенті:
А. 1-ден көп;
В. 1-ден аз;
С. 0-ге тең;
D. 1-ге тең;
Е. шексіздікке тең.

$$$ 136 С
Технологияны жетілдіру жылжытады:
А. сұраным қисығын оңға және жоғары қарай;
В. сұраным қисығын оңға және төмен қарай;
С. ұсыным қисығын оңға және төмен қарай;
D. ұсыным қисығын солға және жоғары қарай;
Е. сұраным қисығын солға және жоғары қарай.

$$$ 137 А
Сұраныстың абсолютті икемсіз қисығы - бұл:
А. тік (вертикальды) сызық;
В. көлбеу (горизонтальды) сызық;
С. қисық сызық;
D. теріс иілген түзу сызық;
Е. оң иілген қисық сызық.

$$$ 138 В
Тепе-тең баға қандай жағдайда орын алады:
А. сатушының бағасының сатып алушының бағасынан біраз артық болған жағдайында;
В. тауарды сатушының сатуға, ол сатып алушының осы баға бойынша оны сатып алуға келісімдері болған жағдайда;
С. тек дамыған нарықтық экономика жағдайында;
D. командалық экономика жағдайында;
Е. сатып алушының тауарды сатып алуға келісімі болған жағдайда.

$$$ 139 D
Ұсыныс заңы бойынша:
А. ұсыныстың сұраныстан асып түсуі бағаның төмендеуіне әкеледі;
В. егер тұтынушылар табыс өссе, әдетте сатушылар көп тауар сатып өткізеді;
С. тауар ұсынысы алмастырылатын - тауар бағасына тәуелді;
D. тауар бағасы өскен жағдайда, сол тауарларды сату көлемі де өседі;
Е. нарықтағы бағаны белгілеуде сатушы үстемдік етеді.

$$$ 140 С
Шекті пайдалылықтың кему заңы нені көрсетеді:
А. сатып алынған товарлардың пайдалылығы тұтынушышың табысы өскен сайын кеми беретіндігін;
В. шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы барлық тауарлар үшін бірдей екендігін;
С. әрбір келесі тауар бірлігінің әкелетін пайдалылығы сатып алынатын товарлар санының артуына сәйкес кеми беретіндігін;
D. күнделікті тұтынылатын тауарларға қарағанда, шекті пайдалылық қатынасының;
Е. жалпы пайдалылық төмендейді.

$$$ 141 D
Тауарлар мен қызметтердің нарықтық ұсынымының факторлары:
А. сатып алушылар саны;
В. тұтынушылардың талғамдары мен ұнатушылықтары;
С. сатып алушылардың табыстары;
D. ресурстарға бағалар;
Е. толықтыратын тауарлардың бағасы

$$$ 142 D
Нарықтағы сатылатын тауар көлемі-бұл:
А. сұраныс;
В. сұраныс заңы;
С. ұсыныс заңы;
D. ұсыныс;
Е. сұраныс икемділік заңы.

$$$ 143 С
Алдын ала тауарлармен танысып белгіленген мерзімге және арнайы орындарды жариялы саудаласу арқылы тауарлармен басқада бағалы мүліктерді сатуды ұйымдастыру формасын атаңыз:
А. Теңдер
В. Тұтыну рыногы
С. аукцион
D. жекешелендіру
Е. өндіріс факторы.

$$$ 144 С
Монополияға қарсы саясат нені қамтамасыз етуі қажет:
А. бәсекелестікті тежеуді;
В. монополияларды жоюды;
С. бәсекелестік күресті қолдауды;
D. монополистердің өніміне мемлекеттік баға тағайындауды;
Е. монополиялық кәсіпорындардың экономикалық саясатын қолдауды.

$$$ 145 Е
Инвестиция нарығы – бұл:
А. Экономикаға ұзақ мерзімді капитал салу.
В. Өндірістік негізгі капиталға ақша салу.
С. Қаржылық инвестиция .
D. Акцияны, облигацияны және бағалы қағаздарды сатып алу.
Е. Ерекше тауар капиталын сату және сатып алу.

$$$ 146 А
Айналым құралы –бұл:
А. Шикізат, материалдар, жұмыс күші
В. Ғимараттар, жабдықтар, жұмыс күші
С. бір өндіріс циклінен қолданылатын материалдық құралдар
D. өндірісте жасалған дайын өнім
Е. өндірісте көп рет қолданылатын материалдық құралдар, олар өндірілген өнімге құнын бөлшектеп ауыстырады.

$$$ 147 С
Өндіріс факторына қайсысы жатады:
А. шығындар;
В. пайыз;
С. жер;
D. өндіріс ресурстары;
Е. пайда.

$$$ 148 В
Ұдайы өндіріс – бұл:
А. Халыққа қажетті өнімдер өндірісі
В. Үнемі қайталанып және жаңғырып отыратын өндіріс
С. Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс
D. Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы
Е. Еңбек жән өнім айырбастау қатынастары

$$$ 149 В
Көрсетілгендердің қайсысы өндіріс факторына жатады:
А. ұсыныс;
В. капитал;
С. еңбектің саны мен сапасы;
D. ғылыми абстракция;
Е. өндірістік және қаржы қорлары.

$$$ 150 А
Өндіріс экономикалық категория ретінде нені білдіреді:
А. Адамдардың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өндіріс факторларына өзара әрекеттестік процесін.
В. Қоғамдық тіршіліктің бір қорын.
С. Адамның жұмыс орнын.
D. Адамдардың машиналарды, механизмдерді және басқа да техникаларды пайдалануын.
Е. Сипаттамалардың бірі де бірі сәйкес келмейді.

$$$ 151 D
Өндірістің негізгі факторларына жатпайтындар:
А. еңбек;
В. жер;
С. капитал;
D. рента;
Е. А және В жауаптары дұрыс.

$$$ 152 E
Қай шығындар тұрақты шығынға жатады?
A. басқару персоналы жалақысы
B. фирма меншігіне салық
C. қолданылған ғимараттың арендалық төлемі
D. жұмысшылардың жалақысы
E. а , в , с жауаптары дұрыс.

$$$ 153 Е
Қандай шығындар өзгермелі шығындарға жатады?
A. банктік несиеге пайыз және шикізатқа шығын
B. арендалық төлем және жабдық құны
С. жалақы, электроэнергия және материалдардың құны
D. өнім шығару үшін қажет барлық шығындар
Е. а, с жауаптары дұрыс.

$$$ 154 С
Ірі кәсіпкерліктен шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:
А. бәсекелестік күресте тұрақтылық көрсетеді;
В. қуатты қаржылық базасының және резервтерінің бар екендігі;
С. шешім қабылдаудағы оперативтілік (жылдамдық);
D. ғылыми сиымдылығы мол товарлар өндіру;
Е. ұйымдастыру ісіндегі қиындық.

$$$ 155 D
Төменде келтірілген табыс формаларының қайсысы пайдаға жатады:
А. жалақы;
В. зейнетақы;
С. стипендия;
D. қарыз проценті;
Е. әлеуметтік төлем.

$$$ 156 В
Жалақының негізгі нысандарына жататындар:
А. аккордты - сыйлықтық;
В. мерзімдік және кесімдік;
С. бюджеттік және кәсіпкерлік;
D. табыс және пайда;
Е. минимальды және максимальды.

$$$ 157 С
Кәсіпорынның таза пайдасы:
А. барлық салықтар мен міндетті төлемдерді құрайды;
В. жалпы пайданы қоса есептейді;
С. толық кәсіпорын қарамағында қалады;
D. кәсіпорынның қарамағында толық қалмайды;
Е. бухгалтерлік пайда.

$$$ 158 С
Кәсіпкер әрекетінің мәнін оның атқаратын қызметтерінен көруге болады. Төмендегілердің қайсысы оларға жатпайды:
А. кәсіпкер-өндірісті ұйымдастырушы, ол пайда табу мақсатында өндіріс факторларын бір-бірімен қосу мен товарлар және қызметтер өндіруді бірыңғай процесс ретінде ынталы түрде өз қолына алатын адам;
В. кәсіпкер-жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа өнімді, технологияны, істі ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формаларын енгізуші адам;
С. кәсіпкер-бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртіпке барынша бой ұрған адам;
D. кәсіпкер тәуекелден қорықпайтын және бизнес мақсатына қол жеткізу үшін оған саналы түрде баратын адам;
Е. дұрыс жауап А) және В).

$$$ 159 Е
Кәсіпкерлік - бұл:
А. құндылығы бар, жаңа өнімді жасау процесі;
В. өзіне қаржылық, моральдық және әлеуметтік жауапкершілікті (тәуекелді) алуды қажет ететін процесс;
С. нәтижесінде ақша ретінде табыс әкелетін және оған қол жеткізілгенге қанағаттанушылықты білдіретін процесс;
D. жеке адамның әлеуеттік (потенциальный) қабілетіні” ашылуына мүмкіндік беретін процесс;
Е. барлық жауаптар дұрыс.

$$$ 160 А
Жерді ұсыну:
А. абсолютті түрде икемсіз;
В. бірлік икемділікпен сипатталады;
С. абсолютті түрде икемді;
D. икемді;
Е. икемсіз.

$$$ 161 С
Акция иесінің табыстарына не жатады:
А. пайда;
В. рента;
С. дивиденд;
D. қарыз проценті;
Е. процент ставкасы.

$$$ 162 В
Рента - бұл кімдердің алатын табысына жатады:
А. жер арендаторлары (жалға алушылар) алатын;
В. жер иесі алатын;
С. бағалы қағаздар иесі алатын;
D. биржалық маклердің табысы;
Е. коммерциялық келісім жасаушылар алатын табыс.

$$$ 163 А
Өндіріс факторы ретінде төмендегілердің қайсысы капитал және жер ретінде роль атқарады:
А. Зауыт орналасқан жер учаскесінде
В. Тауарды өндіру үшін қолданылатын жабдықтар
С. Пайдалылығы жоқтығына байланысты жабылған шахта
D. Өндіріс тауарының қоры
Е. Запастағы тауар, аяқталмаған өндіріс

$$$ 164 В
Номинальды жалақы:
А. есептелген еңбек ақысы;
В. жұмысшыға берілген ақша сомасы;
С. өнімдегі жұмысшы үлесі;
D. еңбек табысының жиынтығы;
Е. С, Д жауаптар дұрыс

$$$ 165 В
Төменде көрсетілген қай анықтама өзгермелі шығындардың мәнін сипаттайды:
А. өнім шығару көлеміне төуелді емес;
В. өнім шығару көлеміне тәуелді;
С. өз капиталы, арендалық төлем, кәсіпкерлік қызмет төлемдеріне шығындар;
D. А, С жауаптары дұрыс;
Е. әкімшілік шығындар.

$$$ 166 D
Кәсіпорынға амортизациялық қор қандай мақсат үшін қажет:
А. жұмысшылардың еңбегін қосымша ынталандыру үшін;
В. жұмыссыздарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін;
С. кәсіпорын акциясын шығару және орналыстыру үшін;
D. орнын толтыруға қаражаттар жинақтау немесе негізгі капиталды ұдайы өндіру үшін;
Е. жұмысшылар үшін жаңа үйлер салу.

$$$ 167 В
Фирманың айналмалы капиталына не жатады:
А. ғимараттарды, жабдықтарды ұстауға жұмсалатын шығындар;
В. бір өндірістік цикл ішінде толық пайдаланылатын және өз құнын жаңадан жасалатын өнімге бірден көшіретін капитал;
С. өндірістік циклдерде пайдаланылатын және өз құнын жаңадан жасалатын өнімге біртіндеп көшіреін капитал;
D. жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған шығындар;
Е. жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын шығындар.

$$$ 168 С
Кәсіпорындағы жабдықтар қандай жағдайда моральдық тозуға ұшырайды:
А. жабдықтар жұмыс істемей тұрғанда;
В. оларды өндірістік қолдану процесі іс жүзіне асырылғанда;
С. қазіргі қолданылып жатқан сияқты, бірақ одан әлдеқайда арзан еңбек құралдары өмірге келгенде немесе өнімділігі бұрынғыдан айтарлықтай жоғары жабдықтар жасалып шығарылғанда;
D. жабдықтар өз сапасын жоғалтқан кезде;
Е. жабдықтар ұзақ мерзімді пайдаланылған кезде.

$$$ 169 D
Фирманың тұрақты (белгіленген) шығындары - бұл:
А. ресурстарға баға бойынша шығындардың оларды сатып алу кезіндегі жағдайға байланыстлығы;
В. айқын емес шығындар;
С. шекізатқа, жұмысшылардың жалақысына жұмсалған шығындар;
D. фирма ешқандай өнім өндірмеген жағдайда да орын алатын шығындар;
Е. ішкі және сыртқы шығындар.

$$$ 170 D
Бизнес жүйесіндегі кәсіпорындардың шағын, орташа және ірі болып бөлінуі неге байланысты:
А. меншік нысанына;
В. салық салудағы жеңілдіктерге;
С. қызмет ету (өндіріс, қызмет көрсету т.б.) салаларына;
D. жұмыс істейтіндердің саны мен шаруашылық айналымының көлеміне;
Е. өндірісті ұйымдастыру формасына.

$$$ 171 С
Бәсекенің товар өндірушілерге тигізетін ықпалы:
А. өндіріс тиімділігі төмендейді;
В. өнімдерге қойылатын баға артады;
С. еңбек өнімділігі артады;
D. өнімнің сапасы кемиді;
Е. пайданы төмендетеді.

$$$ 172 Е
Жер бағасы төмендегілердің қайсысына тікелей тәуелді болады:
А. кәсіпкерлік пайдаға;
В. жер иесінің тәжірибесіне;
С. банктік процент нормасына;
D. акция курсына;
Е. рентаға.

$$$ 173 D
Жерге жұмсалған еңбек пен капиталдың тиімділігіне тәуелді жер рентасының түрі:
А. І дифференциалды рента;
В. монопольды рента;
С. абсолютті рента;
D. ІІ дифференциалды рента;
Е. жер участкесінің орналасуы бойынша рента.

$$$ 174 А
Ұдайы өндірістің экстенсивті түрін не сипаттайды?
А. еңбек өнімділігі мен технологияның өзгермеген жағдайында қосымша еңбек пен табиғат ресурстарын және өндіріс құралдарын тарту
B. кәсіпорындарды қайта құру
C. өндіріс пен өнімді жаңарту негізінде даму
D. технологияны өзгерту
E. өндірістік құрылымды өзгерту

$$$ 175 А
Еркін кәсіпкерлік жүйеде:
А. Кез-келген адам заңды бизнеспен айналыса алады.
В. Әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқы бар.
С. Тауар өте көп болғандықтан оны тегін береді.
D. Жұмысшыға еңбегі үшін ақы төлейді.
Е. Барлық экономика орталықтан жоспарланады.

$$$ 176 Е
Қарыз қаржыларының қайнар көзі болып табылады:
A. тұрғындардың жинақтары
B. фирманың өз қаржылары және пайдасы
C. мемлекеттік қаржылар
D. амортизациялық қор
E. көрсетілгендердің барлығы .

$$$ 177 С
Нақты жалақы – бұл :
A. әрбір жұмысшының қолына алған ақша сомасы
B. есептелген жалақы сомасы
C. инфляция шамасына түзетілген номиналды жалақы
D. негізгі және қосымша жұмыс орындары бойынша жалақы сомасы
E. баға индексі.

$$$ 178 А
Жердің бағасы қалай анықталады:
A. жер рентасы банктік пайыз
B. банктік пайыз жер рентасы
C. жер рентасы дивиденд
D. дивиденд жер рентасы
E. дивиденд банктік пайыз.

$$$ 179 С
Еңбек, жер және капиталдан алынатын табыстар сәйкесінше аталады:
A. пайда, жалақы және пайыз
B. еңбекақы, жалақы және пайыз
C. жалақы, рента және пайыз
D. жалақы, пайда және пайыз
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 180 С
Пайда (П) бұл:
A. жиынтық табыс пен жалпы шығын қосындысы
B. TR мен ТС бөліндісі
C. П = TR-TC
D. П = TR - TVC
Е. П = TR – TFC.

$$$ 181 D
Мына мәндердің қайсысы орта шығындарды білдіреді:
A. TC = FC + VC
B. MC = dTC d Q
C. АVC = VC Q
D. АC = АVC + АFС
E. АFС = FC Q

$$$ 182 B
Мына мәндердің қайсысы шекті шығындарды білдіреді:
A. TC = FC + VC
B. MC = dTC d Q
C. АVC = VC Q
D. АC = АVC + АFС
E. АFС = FC Q

$$$ 183 А
Бағаларды бақылау мақсатында өндіріс көлемін шектеу тұралы келісімге өзара отыратын фирмалар тобы:
A. картель
B. трест
C. концерн
D. синдикат
Е. консорциум.

$$$ 184 В
Ұзақ мерзімді кезеңде барлық шығындар қалай өзгереді:
A. тұрақты
B. өзгермелі
C. тұрақты да , өзгермелі де
D. циклды
E. көрсетілгендердің ешқайсысы емес

$$$ 185 С
Көрсетілгендердің қайсысы табиғи монополияға жатады:
A. Тұранәлем банкі;
B. “Қайнар” баспасы;
C. қалалық метрополитен;
D.”Ұлар-Үміт” зейнетақы қоры;
E. “Силикат” акционерлік қоғамы.

$$$ 186 В
Өзiндiк құн – бұл :
А. Өткен еңбек шығыны ;
В. Өнiмдi өндiрудегi кәсiпорын шығынының ақшалай көрiнiсi ;
С. жаңа құн ;
D. тiрi еңбек шығыны ;
Е. Қоғамдық еңбек шығыны .

$$$ 187 А
Пайданы барынша жоғарлату кімнің мүддесіне сай?
А. жеке меншік фирмалардың
B. жер иелерінің
C. жұмысшылардың
D. тұтынушылардың
Е. ешқайсысының.

$$$ 188 А
Өндіріс рентабельділігі қалай есептеледі:
А. жылдық баланстық пайданың негізгі қорлардың орташа жылдық құны айналым қаражаттарының сомасына пайыздық қатынасы ретінде;
В. негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен барлық айналым қаражаттарының құнының сомасы ретінде;
С. тауарлы өнімді сатудан түскен пайданың өнімнің өзіндік құнына проценттік қатынас ретінде;
D. барлық шығындарын алып тастағаннан кейінгі кәсіпорынның барлық табыстарының сомасы ретінде;
Е. қазіргі шығындардың бұрыңғы шығындарға қатынасы ретінде.

$$$ 189 В
Егер сiз банктен екi жыл мерзiмге жылына 10%-бен 100 000 теңге несие алсаңыз,осы мерзiм бiткен кезде банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз?
А. 104 000 ;
В. 120 000 ;
С. 102 000 ;
D. 200 000 ;
Е. 140 000.

$$$ 190 Е
Егер сiз банктен екi жыл мерзiмге жылына 20%-бен 100 000 теңге несие алсаңыз,осы мерзiм бiткен кезде банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз?
А. 104 000 ;
В. 120 000 ;
С. 102 000 ;
D. 200 000 ;
Е. 140 000.

$$$ 191 В
Шекті шығындар дегеніміз не:
А. бұл өнім бірлігін өндіруге жұмсалған барынша көп (максимальды) шығындар;
В. бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар;
С. бұл өнім бірлігін өндіруге жұмсалған барынша аз мөлшердегі (минимальды) шығындар;
D. бұл барынша көп пайда табу мақсатында жұмсалған минимальды шығындар;
Е. өнімнің бастапқы бірлігін өндіруге жұмсалған шығындар.

$$$ 192 Е
Фирманың негізгі капиталына не жатады:
А. шикізатты сатып алуға кеткен шығындар;
В. бір өндіріс циклі ішінде толық пайдаланылатын және өз кұнын жаңадан жасалатын өнімге бірден көшіретін капитал;
С. айналым капиталы;
D. тек ғана өндіріс саласындағы капитал;
Е. өндіріс циклында пайдаланылатын және өз құнын жаңадан жасалатын өнімге біртіндеп көшіретін капитал.

$$$ 193 С
Облигацияның басқа бір бағалы қағаз - акциядан айырмашылығы сонда, ол:
А. әлдеқайда жоғары табыс әкеледі;
В. аз табыс әкеледі; бірақ (кәсіпорында басқаруға қатысуға құқық береді);
С. кепілді табыс әкеледі, бірақ кәсіпорынды басқаруға қатысуға құқық бермейді;
D. бірінші кезекте төленетін, яғни дивиденд төленгенге дейін акциямен салыстырғанда бірдей табыс әкеледі;
Е. кепілдіксіз табыс әкеледі.

$$$ 194 Е
Акция курсы қалай анықталады:
А. банк пайызы дивиденд;
В. акция бағасы банк пайызы
С. дивиденд акция бағасы;
D. банк пайызы акция бағасы;
Е. дивиденд банк пайызы.

$$$ 195 В
Пайда қалай анықталады:
А. табыстар барлық шығындар
В. табыстар – шығындар
С. шығындар табыс
D. табыс + шығындар
Е. барлық шығындар – табыстар

$$$ 196 D
Кәсіпорынның негізгі қорларына не жатады:
А. жалақы қоры;
В. өндіріске қажетті шикізаттар;
С. сатып өткізуге дайын өнімдер;
D. өндірістік ғимараттар;
Е. өнімді өндіруге керекті ресурстар.

$$$ 197 D
Қандай капиталдың түрі тозуға тән:
А. айналмалы;
В. нақты;
С. жалпы ;
D. негізгі;
Е. барлығы да.

$$$ 198 В
Пайыз - бұл:
А. дайын өнім бағасы;
В. қарыз қаржыларын пайдланғаны үшін төлем;
С. материалды ресурс үшін төлем;
D. жер үшін төлем;
Е. монопольді пайда.

$$$ 199 Е
Мерзімді жалақы:
А. есептелген еңбек ақысы;
В. жұмысшының алатын ақшасы;
С. өнімдегі жұмысшы үлесі;
D. еңбек табысының жиынтығы;
Е. белгілі бір кезеңге (апта , ай , жыл) берілетін ақша сомасы.

$$$ 200 С
Тұрақты шығын құрамына қандай элементтер кіреді:
А. коммерциялық несиеге шығындар;
В. шикізат, жұмысшы жалақысына шығындар;
С. арендалық төлем, әкімшілік басқаруға шығындар, сақтандыру жарналары;
D. тасымалдауға кеткен шығын;
Е. барлық басқа шығындар .

$$$ 201 В
Фирманың айналмалы капиталы – бұл:
А. ғимарат, қүрал-жабдықтарды жасауға шығындар;
В. толығымен қолданылатын және өзінің құнын бір өндіріс циклында дайын өнімге өткізетін капитал;
С. өндіріс циклындағы қолданылатын және құнын бірте-бірте бөлшектеп өткізетін капитал.
D. фирманың толық шығыны;
Е. дұрыс жауап жоқ.

$$$ 202 Е
Қызмет мазмұнына байланысты кәсіпкерлік түрлерін атаңыз:
А. өндірістік;
В. коммерциялық;
С. қаржылық;
D. делдалдық;
Е. барлығы.


Скачать


zharar.kz