Бір айналымның ұзақтығын табу

Скачать

Айналым қаржылары тақырыптарына есептер
1. Өткізілген өнімнің жылдық көлемі 8000 мың теңге, айналым қаржының орташа құны 500 мың теңге болса, айналым қаржының бір айналым ұзақтығын табыңыздар:
A. 2,25 күн
B. 22,5 күн
C. 18,5 күн
D. 13 күн
E. 16 күн
2. Тауарлық өнім 800 мың теңге, материал сыйымдылығы - 0,58. Материалдық шығындардың құнын табу?
А. 464 мың теңге
В. 1379,3 мың теңге
С. 13,8 мың теңге
D. 4,64 мың теңге
Е. 0,07 мың теңге
3. Өткізілген өнімнің жылдық көлемі - 840 мың теңге, айналым қаржысының құны - 42 мың теңге. Айналымдылық коэффициентін табу.
А. 0,05
В. 0,5
С. 20
D. 2
Е. 22
4. Өнімді өткізу көлемі - 20 млн.теңге. Айналым қаржыларының құны - 5 млн.теңге. Айналым қаржыларының айналу санын табу:
А. 5
В. 4
С. 100
D. 10
Е. 0,25
5. Егер 2004 жылы айналым қаржыларының құны 100 млн.теңге, ал 2005 жылы 95 млн.теңге құраса, айналым қаржыларының абсолютті үнемі нешеге тең болады?
А. 5 млн.теңге
В. -5 млн.теңге
С. 3 млн.теңге
D. 195 млн.теңге
Е. 0,05 млн.теңге
6. Бір айналымның ұзақтығы 15 күн, есепті мерзімнің ұзақтығы 90 күн болса, айналым қаржының айналымдылық коэффициентін табыңыз.
A. 0,6
B. 6,6
C. 6
D. 0,17
E. 0,66
7. Өткізілген өнімнің жылдық көлемі – 900 мың тенге, айналым қаржының құны – 50 мың тенге. Бір айналымның ұзақтығын табу.
А. 6480
В. 18
С. 20
D. 0,2
Е. 0,18.
8. Бір айналу ұзақтығы 30 күн. Айналым қаржыларының жыл ішіндегі айналымдылығын табу
А. 0,33
В. 30
С. 1
D. 12
Е. 6
9. Айналым қаржының құны 4 млн теңге, ал тауарлық өнімнің құны 5 млн.теңге болса, айналым қаржының тиеу коэффициенті нешеге тең болады?
А. 0,8;
В. 1,25;
С. 20;
D. 9;
Е. 0,45..
10. Материалдық шығындар құны 615 мың теңгеғ жалпы өнімнің құны 695 мың теңге болса, материал қайтарылымдылығы нешеге тең болады.
А. 0,885;
В. 80,0;
С. 1,13;
D. 113,0;
Е. 1,80.
Негізгі өндірістік қорлар тақырыбына есептер.
1. Тауарлы өнім 2000 мың теңге, НӨҚ орта жылдық құны- 1000 мың теңге. Қор қайтарымдылығын табыңыз:
А. 0,5 теңге
В. 2,0 теңге
С. 4,0 теңге
D. 30,0 мың теңге
Е. 0,2 теңге
2. НӨҚ орташа жылдық құны - 20 мың теңге, қор сыйымдылығы 0,7 болса, қор қайтарылымдылығын табыңыз
А. 0,699 теңге
В. 28,6 мың теңге
С. 1,79 теңге
D. 1,43 теңге
Е. 6,99 теңге
3. НӨҚ орташа жылдық құны 370 мың теңге, жұмыскерлер саны - 25 адам болса, қорлармен қаруландыру деңгейі нешеге тең болады:
А. 12 мың теңге
В. 14,8 мың теңге
С. 14,8 теңге
D. 17,2 теңге
Е. 15,1 теңге.
4. НӨҚ орташа жылдық құны - 820 мың теңге, кәсіпорын пайдасы - 164 мың теңге. Қор рентабельділігін табу (процентпен).
А. 0,2
В. 22
С. 20
D. 2,0
Е. 5,0
5. Еңбек өнімділігі - 150 мың теңге бір жұмыскерге. Жұмыскер саны - 600 адам. НӨҚ құны - 35000 мың теңге. Қор қайтарылымдылығын табу:
A. 3,21
B. 2,57
C. 0,38
D. 0,31
E. 2,88.
6. НӨҚ жыл басындағы құны 3200 мың теңге құрады, наурыз айында 900 мың теңгеге эабдық алынды, қараша айында 312 мың теңгеге транспорт өндірістен шығарылды. НӨҚ орташа жылдық құнын табу?
A. 3849 мың тенге
B. 3949 мың тенге
C. 7200 мың тенге
D. 3788 мың тенге
E. 3828 мың тенге
7. Амортизация нормасы 10 процент, тауарлы өнім 200 мың теңге, қор қайтарымдылығы 5 теңге , амортизациялық төлемдерді табыңыз.
А. 8 мың теңге
В. 20 мың теңге
С. 4 мың теңге
D. 10 мың теңге
Е. 1 мың теңге
8. Амортизациялық төлемдер - 20 мың теңге, тауарлық өнім 800 мың теңге, қор қайтарылымдылығы - 8 теңге. Амортизация нормасын табыңыз (процентпен)?
А. 20
В. 10
С. 5
D. 12
Е. 8
9. Жабдық жыл бойы ішінде 350 смена жұмыс істеді, жоспарлы смена саны-450. Жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициентін табыңыз...
А. 0,97
В. 0,54
С. 0,68
D. 0,59
Е. 0,78
10. Машинаның жоспар бойынша өнім өңдіру көлемі - 1000 дана сменасына. Іс жүзінде сменасына 800 дана өнім шығарса осы машинаны интенсивті пайдалану коэффициенті нешеге тең болады...
А. 1,25
В. 0,25
С. 12,5
D. 0,78
Е. 0,8
11. Жабдық уақытқа қарай 70 процентке, ал өнімділігіне қарай 50 процентке қолданылса, интегральный коэффициент нешеге тең?
А. 0,35
В. 0,7
С. 0,5
D. 0,95
Е. 1,0
12. Амортизация нормасы – 10 %, бастапқы құны – 210 мың теңге, қызмет ету мерзімі– 8 жыл. Жабдықтың тозу деңгейін анықтау қажет
A. 0,9
B. 0,5
C. 0,8
D. 1,0
E. 0,7
Тақырып 1. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары

І. Тапсырмалар.
Кесте 1-де берілген мәліметтер бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз:
негізгі өндірістік қорлардың (НӨҚ) құрылымын анықтаңыз;
негізгі қорлардың активті бөлігінің үлестік салмағын табыңыз;
НӨҚ құрылымының есепті жылдағы өткен жылмен салыстырғандағы өзгеруін анықтаңыз;
алынған нәтижелерді талдаңыз.

Кесте 1. Бастапқы мәліметтер (мың теңге)
Негізгі қорлар
Өткен жыл
Есепті жыл
Ғимараттар
22593,3
21603,3
Құрлыстар
4958,6
4958,6
Тасымалдағыш құрылғылар
2158,0
2158,0
Жұмыс машиналары және жабдықтары
9546,6
10546,6
Күш машиналары және жабдықтары
1928,8
2002,7
Өлшеу және реттеу аспаптары
585,6
468,0
Лабораторлық құрал-жабдық
387,7
387,7
Есептеу техникасы
1027,7
828,3
Құрал-сайман және жиһаз
310,5
210,5


Скачать


zharar.kz