Эссенің құрылымы

Скачать

Ветеринариялық медицина мамандығында оқитын студенттерге жазбаша емтиханда эссе жазу туралы әдістемелік нұсқау

ЭССЕ- адамның белгілі бір мәселеге өзінің білімін қолдана отырып өз түсінігін, ой- пікірін жазбаша түрде жүйелеп баяндауы. Баяндаушы өз ойын еркін білдіретін шағын көлемдегі (2-3 бет) шығарма десе де болады. Онда көтеріліп отырған мәселе толық қамтылуы міндетті емес, әркім өз түсінігін, көзқарасын жеткізеді.
Негізгі мақсат студентке өз ойын, көзқарасын нақ, жүйелі, мысалдар мен дәлелдер келтіріп, сауатты жеткізе білуге үйрету.
Эссе жазудың бірнеше түрлері мен тәсілдері бар:
1) Сипаттама (описательный, expository).
2) Сендіру (убеждающий, persuasive).
3) Талдау (аналитический, analytical).
4) Дәлелдеу (аргументированный, argumentative).
Бірінші тәсілде студент берілген тақырып бойынша (ветеринариялық медицинада көбіне эссе тақырыбы ретінде пәннің бөлімдері немесе бөлімшелері - модуль, микромодульдар алынады) оқыған материалдарын саралап, өз түсінгенін қысқаша қорытындылап жазады. Мұндағы негізгі мақсат студенттің оқыған материалды түсінгенін, және қандай деңгейде түсінгенін анықтау.
Екінші тәсілдің ерекшелігі студент берілген тақырыпты өте жақсы менгергенін көрсетеді және ондағы белгілі бір мәселе бойынша нақты (инновациялық) өз ойы бар екенін, және оның дұрыстығына, ақылға қонымдылығына аудиторияны сендіреді. Эссе өте маңызды бір түйінмен аяқталады.
Үшінші тәсілдің бірінші тәсілдене басты айрмашылығы студент оқыған материалдарын қысқаша қорытындылап қана қоймайды, оны саралап, өз түсінгенін жазады. Мұндағы негізгі мақсат студенттің оқыған материалды қандай деңгейде терең түсінгенін анықтау. Оқығынын саралай білу ветеринария мамандары, ғалымдар, басшылар үшін аса қажетті қасиет. Ветерианрия дәрігері диагноз қою үшін тек теориялық материалдарды ғана емес нақты зерттеулердің нәтижелерін саралап, салыстырып нақты қорытынды жасай білу керек.
Төртінші тәсіл. Аргумент деген сөздің төркіні – нақты бір мәселе бойынша баяндаушының өз ойының дұрыстығын дәлелдеуі. Екінші тәсілден айырмашылығы автор өз ойын, өз көзқарасын қорғауы. Аргумент нақты, дәлелдері бар, басқа көзқарастардың дәлелдеріне қарсы дәлелдер келтірілген болуы керек. Соңы өте маңызды бір түйінмен аяқталады.
Эссенің құрылымы.
Эссенің көптеген құрылымдары ұсынылып, қолданылады. Соның ішіндегі эссенің классикалық нұсқасы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім. Кіріспе. Бұл бөлімде студент эссе не жайында болатынынан хабардар етеді.
Екінші бөлім. Негізгі бөлім. Бұл бөлімде студент жоғарғыдағы тәсілдерді пайдалана отырып тақырып бойынша өз ойын баяндайды.
Үшінші бөлім. Түйіндеме. Студент баяндаландарды қысқаша қортынындылайды.

Ветеринариялық медицина пәнінен студентттердің эссесін бағалау критерилері

Жауап сипаттамасы
Әріп жүйесімен бағалау
Баллдық, пайыздық қатынас
Тапсырма тақырыбы теориялық тұрғыдан жүйелі және толық баяндалған;
Пәннің терминдері мен атауларын жете менгергендігін көрсете білген. Терминдерді қолданғанда қателіктерге жол бермеген;
Тапсырманы осы ғылым аумағында ғана емес, басқа ғылым салаларымен байланыстыра білетіндігін, дәрігер ретінде жүйелі ойлайтынын көрсеткен;
Жауаптары жүйелі, нақты, бір бірімен байланысты, көңілге қонымды, дәлелді, ғылыми терминдерді қолдана отырып баяндалған;
Жауабын баяндағанда мысалдар келтірген, өндіріспен байланыстырған;
Тақырыпты жоғары деңгейде еркін менгергенін көрсеткен. Әдеби тілмен, стилистік және орфографиялық қателерсіз баяндаған;
Жұмыс ұқыпты, дүзетулер мен шимайсыз орындалған.
А
380-400,
95-100%
Өте жақсы жұмыс, тек бір кішкене қателігі бар
А-
360-379,
90-94%
Толықтай алғанда жауап тапсырма тақырыбына сай, тек аздаған маңызды емес қателіктері жіберілген;
Пәннің терминдері мен атауларын жете менгергендігін көрсете білген. Терминдерді қолданғанда қателіктерге жол бермеген;

Жауаптары жеткілікті деңгейде жүйелі, түсініктердің, теориялардың бір бірімен байланысы байқалады;

Өз көзқарасын дәйекті баяндай алатынын көрсеткен;
Жауабын баяндағанда мысалдар келтіруге, өндіріспен байланыстыруға тырысқан;
Жауаптың мазмұнына кері әсерін тигізбейтін аздаған стилистикалық қателіктер кездеседі;
Жұмыс ұқыпты, дүзетулер мен шимайсыз орындалған.
В+
340-359,
85-89%
Бірнеше аса маңызды емес қателіктері бар орташа деңгейдегі жұмыс.
В
320-339,
80-84%
Бірнеше қателіктері бар орташа деңгейдегі жұмыс.
В-
300-319,
75-79%
Жалпы жауаптың мазмұны тапсырма тақырыбына сәйкес, нақты материалды қанағаттанарлық деңгейде білетінін көрсеткен;
Пәннің терминдері мен атауларын жеткілікті менгергендігін көрсете білген. Түсініктер мен терминдерді қолданғанда 1-2 қателіктерге жол берген;

Материалды баяндағанда реттілігі бұзылған, тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қиындықтар болған;
Жауабында өндіріспен байланыстырған тәжірибелік мысалдары тапсырмамен толық сәйкес келмейді;

Стилистикалық және үш - төрт орфографиялық қателіктер кездеседі;
Жұмыс онша ұқыпты емес, дүзетулер мен шимайлаулар кездеседі.
С+
280-299,
70-74%
Тапсырмаға жеткілікті, жан-жақты және толық жауап берілмеген;
Пәннің терминдері мен атауларын жеткілікті меңгермеген. Түсініктер мен терминдерді қолданғанда қателіктерге жол берген;

Материалды баяндағанда қисыны мен реттілігі бұзылған, қателіктерге жол берген;
Материалды баяндағанда теориялық мәселелерді нақтылайтын мысалдар жоқ,
Стилистикалық және бестен көп орфографиялық қателіктер кездеседі;
Жұмыс онша ұқыпты орындалмаған, дүзетулер мен шимайланған тұстары бар;
С
260-279,
65-69%
Жауап толық емес. Материалды баяндағанда қисыны мен реттілігі бұзылған;
Түсініктер мен терминдерді қолданғанда ірі қателіктерге жол берген;
Жауапта қорытынды жасалмаған;
Тәжірибелік тапсырмаларды орындағанда білімін пайдалана алатындығын көрсете алмаған;
Стилистикалық және бестен көп орфографиялық қателіктер кездеседі;
Жұмыс ұқыпты орындалмаған, дүзетілген мен шимайланған;

С-
240-259,
60-64%
Орташа жұмыс, біршама кемшіліктері бар;
D+
220-239,
55-59%
Жұмыс тек ең төменгі қанағаттанарлық бағаға лайық;
D
200-219,
50-54%
Пәннің негізгі сұрақтарына жауап берілмеген.
F
0-199,
0-49%

Доцент міндетін атқарушы, в.ғ.к Ахметжанов О.Н


Скачать


zharar.kz