Йозеф Гайдн
(1732- 1809)
Балалық шағы. Йозеф Гайдн 1732 жылы 1 сәуірде Төменгі Австрияның Рорау ауылында дүниеге келді. Әкесі кәсіби каретник, шешесі- аспазшы болатын. Ата- анасы музыканы жақсы көретін және көп қабілеттерге ие болатын. Матиас Гайднның үйінде импровизациялық кештер болып отыратын; әкесі арфада ойнап, ән айтатын.
Гайдн өз балалық шағы өткен ауылдағы жағдай келешекте композитордың шығармашылығына негіз болады. Барлық шығармаларында австрияның ұлттық шығармашылығымен байланыс сақталады.
Гайднның музыкалық дарындылығына мектептік оқытушы және шркеулік регент Франк көңіл аударады. Ол баланы өзімен бірге Дунайдың жағасындағы Гайнбург қалашығына әкетеді. Онда Гайдн шіркеулік хорда ән айтатын, музыкалық білім алып, скрипка мен клавесинде ойнауды үйренеді. Бұл сабақтар үш жылға созылады.
Венадағы қасиетті Стефан соборындағы қызмет. Бір уақытта Гайнбургтағы шіркеуге вендік композитор және капельмейстер Георг Ройтер келеді. Ройтер Гайднның әдемі сопраносына және ерекше музыкалық қабілеттілігіне назар аударып, өзімен бірге Венаға әкетеді. Венада ол қ. Стефан соборындағы хорда ән айтады.
Собордағы қызметі ауыр болатын: күнде ол ұзақ шоқынуларға қатысатын, оларға дайындалатын, көптеген сарайлық мерекелерге қатысатын. Оқуға аз уақыт қалатын.
Ройтер Гайднның алғашқы композиторлық тәжірибелеріне көп бөлмей, композиция теориясынан 9 жылда 2- ақ сабақ берді.
Гайднның шығармашылығына едәуір әсер еткен Венаның музыкалық өмірі: өзіндік ерекше фольклор, итальяндық опера және аспаптық музыка.
Соборда соңғы жыл жұмыс істегенде (1745 жыл), сол мектепке інісі- Михаэль Гайдн келеді. Ол келешекте дарынды композитор, оқытушы және Вебердің мұғалімі боладады. Йозеф өздігінен оқыған композиторлық теорияны інісіне үйретеді. Екеуі де әдемі және күшті дауыстарға ие болып, собордың хорында жеке орвндаушылар болатын.
Ұл балалардың дауыстары сына бастаған кезде, оларды аяусыз қуып жіберетін. Гайдн да осы ауыртпалылыққа тап болды.
Қызметтен босатылу. Бірнеше түн бойы Гайдн далада түнеп жүрді. Жолдасын кездестіріп, шатырдың ең астында орналасқан бөлме тауып алады. Бөлмеде ескі, сынған клавикорд болады. Ақша табу үшін ол шіреулерге барып органшы болып орналасуына үміттенеді. Бірақ бұның барлығы босқа бболады. Табыс үшін ол тиын- тебенге жеке сабақтар беретін.
Ф. Э. Бахтың шығармаларымен танысу. Суық және ылғалды бөлмеде тұрып, ол клавикорд пен скрипкада ойнайды, музыка теориясы туралы еңбектерді оқып, әртүрлі композиторлдардың шығармаларын зерттеп, өз шығармаларын жазады. Филипп Эммануил Бахтың клавирлық сонаталары оған үлкен әсер етеді. Сөйтіп, ол Гайднның сүйікті композиторына айналады. Ф. Э. Бахтың әсері әсері Гайднның ерте шығармашылығында байқалады.
Алғашқы зингшпиль. 1751 жылы Гайдн түнгі серенадаға қатысып жатқанда, оны комедиялық әртіс Курц естиді. Ол Гайднға «Асмодей, или Новый хромой бес» атты музыкалық комедияны жазуға ұсыныс береді. Бұл 19 жасар Гайднның алғашқы сахналық шығармасы. Оның музыкасы сақталған жоқ.
Никколо Порпора. Өзінің шығармаларында композиторлық техника жетіспейтінін сезген Гайднның оқығысы келеді. Оқуға қаражаты болмағандықтан, Венада өмір сүрген итаоьяндық композитор, әнші және мұғалім Никколо Попораның класына сүйемелдеуші болып орналасады. Ол белгілі композитордан композиторлық шығармашылықоблысында ақыл сұрайтын. Порпорамен қатынасудан Гайдн пайда шығарып алады: ол контрапункт пен генерал- бас өнеріндегі білімін гетке келтіреді.
Квартеттік ойынға қатысу. 1755 жылы Гайдн помещик Фюрнбергтің имениясында музыкалық үйірмеге қатыса бастады. Фюрнберг білімді адам болатын, музыканы сүйетін және үйінде квартеттік кештерді жиі ұйымдастыратын. Ол Гайднды квартеттегі скрипка партиясын орындауға шақырды. Бұл үйірмеге қатысатын кәсіби музыканттарға жалақы төленетін және Гайднның шығармашылық өсуіне мүмкіндік туғызды. Үйірме үшін ол камералық- аспаптық музыка жанрында алғашқы шығармалары- 20 квартет жазды.
Граф М. Морцианда қызметте. Фюрнбергтің кеңесімен 1759 жылы Гайдн Максимилиан Морцианның сарайына капельмейстер ретінде алынды. Морцианның Лукавец имениясында он екі музыканттан тұратын капелла бар болатын. Бұл капелла үшін ол көңіл көтеретін дивертисменттер жазды. 1759 жылы осы жерде ол алғашқы симфонияларын жазды.
Эстергазида қызметте. Морцианда екі жыл жұмыс істеп, 1761 жылы венгр князі Павел Антон Эстергазидің капелласына жұмысқа тұрады. Онда ол 30 жыл жұмыс істейді.
Эстергазидің капелласы Эйзенштадтағы резиденциясында болатын. Музыканттардың алғашқы саны 14 болатын.
Қызметтік және әкімшілік қызметтері. Гайднда , Эстергазимен келісім- шарт жасағанда, көп міндет болатын. Елісім- шарт бойынша өзінің қожайынының бұйрығы бойынша белгілі күнге симфония, квартете немесе месса шығаруы; капелламен жаңа шығармаларды жаттап, оларды белгілі күні орындау; жұмысқа тиісті киім- алтынмен тігілген қамзол, ақ шұлық пен бұрымға өрілген парикпен келу; күнделікті түскі асқа дейін және астан кейін қожайынынан күндік жарлық алу; капелладағы тәртіпке жауап беріп, кешіккендерді айыптық кітапқа жазу; музыкалық нота және аспаптардың күйін байқау; әншілерге сабақ беру, т. б.
ӨЗінің көптеген әкімшілік міндеттеріне қарамастан, ол көп шығарма жазды. 1761 жылы жазылған үш симфония: «Утро», «Полдень», «Вечер» ерекше орын алады.
Эстергазида алғашқы жылдары қызметте жазылған шығармалар. Николай Эстергазидің үйінде музыка бірінші орында болатын. Сол себепті Гайдн өте көп жұмыс істейтін: сиимфониялар, мессалар, квартеттер, опералар, рйыншықтар театрына арналған музыка, баритонға арналған шығармалар жазып, өзінің жетекшілігімен орындайтын. Кейде капелла князьбен бірге Венаға барып, өзінің симфонияларын дирижерлайтын. Бірақ бәрбір Гайднның өмірі кемсітілген болатын.
«Прощальная симфония». 1772 жылы жазлған «Прощальная симфония» Гайднның ерте шақта жазылған шығармалардан ерекшеленеді. Бұл шығарма Гайднның симфониялық шығармашылығында ерекше орын алады. Дәстүрлі 4 бөлімнің орнына, бұл симфонияда 5 бөлім. Ертеректе жазылған симфониялардан бөлек, бұнда көтеріңкі, драмалық кейіптер басым.
Шығармашылық жетілудің басы. «Парижские» симфониялары. Сексенінші жылдары Гайднның шығармашылығы жетіліп, шеберлікке жетеді. Композиторлық стилі орнайды. . Сексенінші жылдары жазылған шығармалардың ең үздіктері 6 «Париждік» симфония (1786). Олар алғаш Госсектің жетекшілігімен Парижде орандалды. 1788 жылы ол ішекші аспаптар оркетріне және балалар аспаптарының жиынтығына арнап «Балалар симфониясын» жазады. Сол онжылдықта ол Моцартпен танысады.