Қали Байжанов

Скачать

Қали Байжанов
1. Өмірі мен творчествасы.
2. Орындаушылық ерекшелектері
3. Репертуарындағы кандай әндерді білесін?

Қали Байжанов 1877 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, «Қайыңкөл» деген жерде туады. Руы - сүйіндік ішінде Ақбура. Ол кезде Қарқаралы, Баян, Павлодар, Өскемен, Зайсан, Бұхтарма Семей губерниясына кіретін. Қали Баянауылда тұрғанымен, өскен жері – Қарағанды облысының Қу ауданы, Қудың Үлкентау, Балқантау деген жерлеріне жас кезінен қызығып үнемі өлеңдерінің арасында шумақтап айтып отырады екен.
Қалидың әкесі Байжан кедей адам болады да, Қали жас күнінен ауыр бейнет орта-сында болады. Ол жасы он сегізге жетер жетпестен Екібастұзда шахтада жұмыс істей-ді. Жер бетіндегі, ашық аспан астында жүретін байлардың малшылық жалшылығынан не де болса табысы қалтасына айлап түсіп отыратын еңбекті қалайды. Кейіннен Жел-тауда тас қалаушы болады.
Қали жасы он екі-он үшке келгенде-ақ өзінің бала дауысымен бір есіткен әні болса қағып алып айналасын таң қалдырады. Жасынан есіту қабілеті аса зор, музыкаға бе-йімділігі ауыл аймаққа көріне береді. Оның үстіне ол бір өреде ертеден келе жатқан ән дәстүрі жас талапкердің қаққан қанатын қолдайды. Жоғарыда айтылғандай шахтыға бармас бұрын ақ Қали әншілік өнерін өркендету жолында өмір бөгеттерінің ешқай-сысына тоқтамайды, есіткен әні баста шатпақтап отырған болып көрінсе де, аз уақыттан кейін зергердің қалыбынан өткендей жарқырап, әшекейлеп алып келіп, көп алдына тартады.
Өзінің айтуынша Қали он сегіз жасынан бастап Арқаның белгілі әншісі Жарылғаптан ән үйрене бастайды. Оның қасына еріп, шәкірт болып көп жылдар жүреді. Жарылғап-берді өзі ән шығармаған, бірақ қатарынан озған әнші орындаушы болса керек. Қалидың орындауында, А. Затаевич айтқандай өзіндік ерекшелік бар. Ол әнді салған жерден аспандатып көтеріп алып кететін жерінде бой жеткізбей, ал оюлайтын, қиыстыратын, құйқылжытатын жерлерінде қазақ әншілерінде аз келетін өзінің қою, төмен дауысымен дүрілдетіп, дыбысы жәй кездің өзінде аржағында алапат күш жатқаны сезіледі. Жарылғаптың репертуарынан Қали: «Шама», «Алтыбасар», «Топай көк», «Ардақ», «Келіншек» және басқа әндер алады. Қали Жарылғаптың сүйікті шәкірттерінің бірі болады. Ол алған әндерін бабына келтіріп орындайды және әрбір шығармашылық адамға тән өзінің «менін» қосады. Жарылғап сияқты оқымаса да, көргені көп ұстазға Қалидың бұл қадамы игіліктің басы болып көрінеді.
Қали Біржанды көреді, Ақанды көреді. Олардан берірек келген жастары ұлғайған кездері болғанымен өз көзімен ән алыптарын көру, олардың дауыстарын, ән орын-даудағы әдістерін байқау, тікелей тілдеспесе де, басқа біреулер арқылы өмірлік күрестік мәні барын танытады. Қалиға, қазақтың ән өнерінің үлкен өмірлік, күрестік мәні барын танытады. Біржанның «Жанботасын», Ақанның «Көкжендетін» ардагер әншілер аталарының өздерінен есіткен Қали, өмірбойы өзінің орындаушылық түйінінен шықпай, сол дәстүрді сақтауға, ұстаздардың қолдарынан беріп кеткен өмір жолдамасындай болады. Қали көп әншілерден «олжалы» болады. Ол әрі әнші, әрі әділдік жолындағы күрескер, ақын, азамат Жаяу Мұсамен де кездеседі. Жаяу Мұсаның алдында Қали ән салады. Арқаның ән дәстүрін жақсы меңгерген, сонымен қатар басқа да елдердің музыкасымен танысқан, музыкалық көз шеңбері кең Жаяу Мұса Қалиды тыңдап, оның үлкен талантына қатты қуанады. Ән дәстүрінің жақсы-жақсы қолдарда қалатынына іштей риза болады. Қалидың репертуарында сөйтіп Жаяу Мұсаның, Біржанның Ақанның әндері енеді.
Ақындығы мен әншілігі қатар, жарыса түсетін бұлбұл Құлтуманың әндері де Қалидың репертуарынан кең орын алған. Өйткені Құлтума әншілік жағынан соңғы жылдарға дейін қағазға түспей келгенімен, өз қатарынан асып түспесе кезінде кейін адам болмаған адам. Құлтуманың әсем бір әні Қалидың орындауында А. Затаевичтің жинағында бар. Ауызша мәліметтерге қарағанда ғасырдың аяғында Абайды көреді. Поэзия мен әннің жәйін жете білетін данышпан әншіге көптеген ақыл айтып, оның шығармашылық жолының жемісті болуын тілеген.
Қали әнді кәсіп етіп, тамақ асырауының негізгі материалдық іргетасы да сол болған. Осындай өзінің бір «гастролінде» 1916 ж. Едірей, Қу, Дастар, Сартау облыстарын тегіс шақырған Тәукебайдың асында ән айтады. Онда Қалидан басқа Нағайыбыл, Исайын, Ғаббас, жас Қуан болады. Бұл жиында Қали ерекше көзге түседі. Осы Қарқаралының жынды Алатайы, Омар тағы басқалары Кіптан, Потап жәрмеңкелерінде кездеседі.
1924 ж. Семейде болған өнерпаздардың мәжілісінде әнге шығып, кейін Әміремен ән жарыстыруы – Қалидың сол күткен қуанышты күндерінің бірінші жемістері еді. Қалидың аты кең жайылды. Қазақстандағысы өз алдына Мәскеуге жетеді. Қали басқа сол кездің көзге түскен үлкен өнершілерімен бірге Қызылордада ұйымдасқалы жатқан бірінші қазақ театрына шақырылады. 1927 жылдың сәуір айында Қали Мәскеуде болатын бүкілодақтық кеңестер съезіне беретін концерт тобымен сахнаға шығады. Қали орындаған жеке әндері тыңдаушыларға қатты ұнайды. Қарқаралының қазақ даласына кең жайылған, мақтауға тұрарлық ән дәстүрінің үлгілерін тілектес тыңдаушыларына естіртеді. Бұл Қалидың үлкен сахнаға шығуының басы болады.
Театрда көп болмай, Қали Қарағандыға келеді. Еңбек көзін ашқанда шахтада болған өнерпаз сол шахтер қаласын өзіне мекен еткісі келеді. Қолындағы өнерін алдымен ауыр да абыройлы да еңбек үстінде жатқан шахтерлердің рухани азығына жұмсағысы келеді. Ол Қарағандының радио комитетінде істейді. Сонда Б.А. Орловпен, В.С. Пирогова бастаған бірнеше көп дауысты қазақ хорында негізгі бас – дауыстың бірі болып орнығады. Хорды айтуымен қатар, Қали жеке әнге де үнемі шығып тұрады. Өзінің нота сауатын ашып, хордағы топтарын емін еркін оқитын болады. Сонымен қатар жас әншілерді тәрбиелейді, бай репертуарын олардың алдына салып, бөліседі. Ыбыраев, Қартабаева, Жұбатова сияқтылардың әншілік өнерде өсуіне зор еңбегін тигізеді.
1936 ж. хордың құрамында Қали Мәскеуге барып, онда хорда және жеке әнде концерттерде шығады. Қалидың орындаған: «Жалғыз арша», «Алтыбасар», «Шама» сияқты әндері қайта-қайта биске шақырылып, әнші үлкен жеңіске жетеді.
1927 ж. Мәскеуге барғанында А. Затаевичпен кездеседі, оған әндерін береді.Сол кезден бастап Қали қазақ кеңес өнерінің өркендеу жолында үзбестен еңбеп етіп келген. Сол кезден бастап ол Қарағандыдан ешқайда шыққан жоқ. Өзінің сүйікті өнерін өрбітіп айналадағы жастарға үлгілі ұстаз болып, тапжылмастан музыка майданында қызмет істеген. Ол өзінің тәжірибе жүзіндегі үлкен еңбектерімен қатар қолындағы бар рухани байлығы - әндерін кейінгі ұрпақ игілігіне айналдыру үшін Алматыға Академияға келіп ондаған не бір әсем әсерлі әндерін жаздырып кетті.
Қазақстан үкіметі Қалидың өнер алдындағы сіңірген еңбектерін ескеріп 1938 ж. Республикалық сіңірген әртісі 1945 ж. Халық әртісі деген атақтар береді.




Пайдаланылған әдебиет: А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары» Алматы - 2001


Скачать


zharar.kz