Ет және сүт өндірісінің технологиялық жабдықтары-1 пәнінен
5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығына арналған
2 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА
АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
тақырыбы: Тұшпара қалыптайтын автоматтың құрылысымен танысу.
Әдістемелік ұсыныстар
Әрбір білім алушыға пәнді оқу барысында 1 межелік бақылауға
арналған тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар пәннің негізгі бөлімдерінің қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, нұсқаномері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Тапсырма соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
1. Жұмыстың мақсаты.
Жұмыстың мақсаты – тұшпара ны қалыптау принциптерін, тұшпара жасатйн машина құрылысын оқып үйрену және тұшпара автоматтарының жұмысы мен қондырғы бөлшектерімен танысу. Кинематикалық және технологиялық сұлбаларын тұрғызу және оларды есептеу, жұмыс бөлшектерінің эскиздерін орныдау бойынша алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
2. Жұмыстың мазмұны
1. Тұшпараны қалыптау процесін оқып үйрену.
2. Тұшпара жасау аппаратының әрекет принципі мен құрылысын оқып үйрену.
3. Реттеуші органдар қондырғыларын, міндетін және жұмыс принциптерін оқып үйрену.
4. Студент өздігімен анықтаған автомат қасиеттері бойынша негізгі технологиялық, күштік және кинематикалық есептеулер үйрену.
5. Оқып үйренгендері бойынша алынатын өнім тұшпара ның сапасын және өнімділігін арттыру үшін автоматты жетілдіру түрлерін ұсыну.
3. Жалпы мәлімет.
Тұшпараны өндірудің технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:
дайындық операциясы,
мөлшерлеу-қалыптау операциялары,
сонымен қатар қатыру және ормадау операциялары.
Дайындық процесі келесі қондырғыларда жүргізіледі:
ет кескіш машиналарында, араластырғыштарда және т.б.,
ал мөлшерлеу және қалыптау операциялары қолмен (үй жағдайында) және арнайы құралмен немесе өндірісте тұшпара жасайтын машиналарда
Алғаш рет 1935 ж. Алексеев қолмен өндіру технологиясын тура қайталайтын тұшпара жасайтын машинаны ойлап тапты.
Ол көп ұялы жабылатын штамп түрінде болды. Штамп ашық тұрған кезде қамыр таспасы беріледі де, оған ет турамасының белгілі бір мөлшері түсіп тұрады
Штамп плитасы бір рет айналған кезде ет турамасы қамырмен жабылады, ал келесі айналымда оны штамптың қозғалмайтын бөлігі арқылы басып тұшпара ның қалыпталуы жүреді.
Бұл машинаны қолдану қолмен қалыптаумен салыстырғанда еңбек өнімділігін айтарлықтай арттырған жоқ.
1936 жылы Вечканов тұшпара ны қалыптау машинасын ұсынды. Бұл машина келесі принциптерге негізделіп жұмыс атқарады:
Қалыптайтын сопло қамыр түтікшесін үздіксіз беріп тұрады.
Оның ішіне, периодты түрде сопло ортасында орналасқан түтік арқылы сығылған ауа қысымы арқылы, ет турамасының мөлшері беріледі;
Ет турамасымен толтырылған қамыр түтікшесі қалыптайтын барабанға жеткізіледі.
Нәтижесінде нақты тұрпаттағы және қамыр қалдықтары штамп арқылы бөлінген тұшпара жасалынады. Бөлінген қамыр қалдықтары қайтадан шанаққа қайтарылады.
Скрыпник, Усик және Богачев ұсынған СУБ маркалы бірнеше қалыптайтын барабаны бар тұшпара ны қалдықсыз жасайтын машина ең қолайлы болып есептелінді. Бұл машина өнеркәсіпте кеңінен қолданыс тауып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
1 сурет. СУБ-3М тұшпара автоматы (жалпы көрінісі)
Бірақ қалдықсық қалыптау тұшпаралардың салмағының ауытқуына әкеледі және оларды стандартты қалыптарға механика арқылы орналастыруды айырықша күрделендіреді.
Бұл машиналардың түрлері:
екі (СУБ-2) қалыптайтын барабанды,
үш (СУБ-3) қалыптайтын барабанды,
немесе алты (СУБ-6) қалыптайтын барабанды.
Әр барабанның орташа өнімділігі, таспаның жылдамдығы 5-7 ммин болғанда, орташа есеппен 200 кгсағ болады.
2 сурет. Кинематикалық сұлба
Автомат (1 сурет.) келесі негізгі бөліктерден тұрады:
1 - тұрық,
2 - қамыр және ет турамасының екі шанақ,
4 - тұшпара ның тұрпатын беретін қондырғы,
9 - үш қалыптайтын барабандар,
12 - ет турамасын тұтынушы, оған ротациялық сорап кіреді.
1 – тұрық болат парағы мен бұрыштамалардан дәнекерленіп жасалған. Тұрық келесі қондырғылармен жабдықталған:
14 - электрқозғалтқыш,
3 – магнитті қосқыш,
17 – сына белбеулі жылдамдық вариаторы,
сына белбеулі, шестернялы және тісті берілістер.
Жылдамдық вариаторы ет турамасының берілуін реттеу қызметін атқарады. Маховик (16) вариаторды басқару үшін конвейердің алдыңғы қабырғасына орналастырылған.
Қамыр бункерінің түбінде
Қалыптайтын құрылғыға түтік арқылы қамырды жіберіп тұратын винтті шнек (20) орналасқан.
Ет турамасы бункерінің түбінде
Негізгі станинаның алдыңғы қабырғасында орналасқан ротациялық сорапқа (12) ет турамасын жіберіп тұратын шнек (19) орналасқан.
Сорап қалыптайтын қондырғыға ет турамасын түтік арқылы жібереді. Қалыптайтын қондырғы баллонының цилиндрлі қабырғасында сопақша тесігі бар.
Баллонның ішімен түтікше өтеді, түтікшенің аяғы арнайы пішінде түрде болады да, ол баллонның тесігінен өткенде сопақша тесік пайда болады.
Осы сопақша тесік арқылы ығысқан түтік түрінде конвейерге қамыр беріледі.
Ығысқан аяқ жағы баллонның сүйір тесігінен шығатын түтік арқылы ет турамасы беріледі, бұл қамыр түтігінің іші (начинка) болады.
Конвейер тұрығы (18) түтіктерден дәнекерленіп жасалған және алынатын парақты болатпен қапталған құрылғы түрінде болады.
Конвейер аяғында орналасқан:
13 – жетекші барабан
7 - жетектегі барабан,
ал ортасында 8 – тұшпара қалыпталынатын жерде конвейер таспасын ұстап тұратын барабан.
Конвейер тұрығында екі жәшік орналасқан:
біреуі 15 - құрал-саймандарға арналған,
келесісі 7 - жетектегі барабанда орналасқан 5 - щетка арқылы таспадан түсірілетін қамыр кесінділерін жинауға арналған 6 – жәшік.
Конвейер тұрығы:
9 - үш қалыптайтын барабан мен оларды көтеретін және таспаға түсіретін механизмдер жабдықталған
Әр барабанның цилиндрлі беттігінде шахмат тәртібімен орналасқан екі қатар ұяшықтар бар.
Конвейер таспасы қозғалған кезде
қалыптайтын барабандар айналады,
және ет турамасы салынған қамыр түтікшелерінен тұшпара ны қалыптайды,
қойылған арнайы тақтайшаларға алты қатар дайын тұшпара ларды тізеді.
Штамптайтын барабан мен қалыптайтын қондырғы арасында ворошителі бар 10 – ұн бункері орналасқан. Осы бункердегі тесіктің астымен өткен ет турамасы салынған қамыр түтігіне ұн себіледі. Бұл тұшпара лардың штамптайтын барабан ұяшықтарына жабысып қалмауы үшін қажет.
Автоматты ажырату және қосу 11 – бақылау түймешесі арқылы іске қосылады.
4. Кинематикалық сұлба
2 суретте СУБ-3М тұшпара автоматының кинематикалық сұлбасы көрсетілген
1- электрқозғалтқышынан 3 – сынабелбеулі беріліс, 6 – тізбекті беріліс, 10,11 – шестернялар және 13 – тізбекті беріліс арқылы қозғалысқа келетіндер: 7 – қамырды жіберіп тұратын шнек, 16 – жетекші барабан, және 15 – ұн ворошителі.
14 – жылдамдық вариаторы және 20 – тізбекті беріліс арқылы қозғалысқа келетіндер:
18 – ет турамасын жіберіп тұратын шнек.
Шестерня, тісті дөңгелек және шкив сипаттамалары
(2 суретке қосымша)
позиция №
10
11
17
19
5
8
9
12
4
2
Z
m
Шкив диаметрі
16
3
-
105
3
-
72
-
-
60
-
-
18
-
-
25
-
-
30
-
-
10
-
-
-
-
340
-
-
126
(90)
Өндірісте тұшпара жасайтын машиналардың келесі түрлері шығарылады:
П6-НПА ықшамды тұшпара жасайтын машиналар, өнімділігі 60 кгсағ,
СУБ-2-67 - 400 кгсағ.,
ВЗ-ФПА. П6-ФПВ -600 кгсағ.
4. СУБ-2-Н тұшпара автоматы құрылысының сипатамасы
СУБ-2-Н тұшпара автоматы мұздатқыш қондырғылары бар ет комбинаттары мен қоғамдық тамақтану өнеркәсіптерінде қамыр мен фарштан тұшпара жасауға арналған. Сонымен қатар осы автоматты ішінде картобы бар тұшпара (вареник) жасауға да қолдануға болады.
СУБ-2-Н тұшпара автоматы келесі негізгі бөліктерден тұрады:
тұғыр, қамыр мен фаршқа арналған екі шанақ,
тұшпараны қалыптайтын құрылғы,
2- штамптайтын барабандар,
ротациялық сорап,
ұн шанағы
және таспалы транспортер;
Тұғыр табақшалы болатпен бұрыштамалардан дәнекерленіп жасалған құрылғы түрінде болады.
Тұғырдың ішінде электрқозғалтқыш, магнитті қосқыш, сынабелдікті жылдамдық вариаторы, сынабелдікті, шестернялы және шынжырлы берілістер жабдықталған.
Жылдамдық вариаторы қалыптайтын құрылғыға фаршты жіберіп тұратын жұмыс органының айналым санын реттеу үшін қажет.
Қамыр шанағының түбінде қалыптайтын құрылғыға түтік арқылы қамырды жіберіп тұратын шнек бар.
Фарш шанағының түбінде ротациялық сорапқа фаршты жіберіп тұратын шнек орналасқан. Бұл сорап та фаршты құбыр арқылы қалыптайтын құрылғыға қарай жібереді.
Қалыптайтын құрылғының әрбір ұяшығының цилиндрлі қабырғасында ойық тесігі болады, олар арқылы арнайы профильді құбырдан өтеді
Құбыр арқылы қамыр конвейер таспасына түсіп, қамырдың соңы қалыптайтын ұяшықтардың ойық тесіктеріне дейін созылады. Осыдан фарш салынған қамыр түтіктері шығады.
Конвейердің соңында:
жетекші және жетектегі барабандар орналасқан,
ал дәл ортасында тұшпара штапмталынатын жердегі конвейер таспасын ұстап тұратын барабан орналасқан.
Конвейер тұғырында таспадан көтеретін және қайта түсіретін механизмдері бар 2 штамптайтын барабан жабдықталған.
Штамптайтын барабан алдында ворошителі бар ұн шанағы орналасқан. Осы шанақтағы тесік арқылы астымен өткен фарш салынған қамыр түтігіне ұн себіледі.
5. Жұмысты орындау әдістемесі.
1. Тұшпара автоматының құрылысымен танысу.
2. Автоматтың технологиялық сұлбасын тұрғызу
3. Автоматтың кинематикалық сұлбасын тұрғызу.
4. Бөлшектер мен түйіндердің эскиздерін жасау.
5. Жұмыс органдарының айналу жиіліктерін анықтау.
6. Автомат өнімділігін анықтау.
7. Автомат қозғалтқышының қуатын анықтау.
6. Жұмысты орындау.
1. Кинематикалық сұлбаны тұрғызған кезде қажетті анықтаулар
тісті және шынжырлы беріліс тістерінің саны,
сынабелдікті берілістегі шкив бөліктерінің диаметрі,
берілістердің беріліс қатынастары,
қамырдың шнекке жалпы беріліс қатынасы,
фарштың шнекке және ротациалық сорапқа жалпы беріліс қатынасы,
жетекші барабанға таспалы транспортердің жалпы беріліс қатынасы.
Сонымен қатар:
аралық біліктердің айналу жиілігі,
жұмысшы органдардың айналу жиілігі,
жұмысшы органдар мен аралық біліктердің беріліс айналу моменттері анықталуы тиіс
2.Тұшпара жасайтын машина өнімділігін есептеу.
Тұшпара жасайтын машина өнімділігі келесі формуламен есептелінеді:
М= 60 X Z n q, кгч
мұндағы:
Z – қалыптайтын барабандағы штамптайтын ұяшықтар саны;
n – штамптайтын дискінің айналым саны, минутына;
Х – машинадағы қалыптайтын барабандар саны;
q – бір тұшпараның салмағы, граммен есептегенде = 20 г.
n =V П D, айнмин.
мұндағы:
V- транспортер таспасының қозғалыс жылдамдығы, м мин 3: 5 м мин
D –диаметрі, м.
n - штамптайтын барабан айналым саны келесі қатынас арқылы анықталынады:
n = n эқ u дана
мұндағы: n эқ - электрқозғалтқышының айналым саны, айн.мин.
3. Қозғалтқыш қуатын есептеу:
Тұшпара жасайтын машинаға арналған қозғалтқыш қуаты N1:, N2:, N3:, қуаттарының қосындысы арқылы анықталынады, олар сәйкесінше қамыр қоректенушісі, фарш қоректенушісі және таспалы транспортер жұмыстарына қажетті қуат мөлшерлері.
N1=; N2 = ; N 3 = ;
мұндағы:
P1 и Р2 – сәйкесінше қамыр мен фаршқа арналған ең үлкен қысымдар мөлшері, нм2;
Р1= 1000 Нсм2; Р2=200Нсм2;
P1=l0·l06 МПа; P2= 2 ·106MПa;
M1 и М2 - сәйкесінше ең үлкен өнімділк мөлшерлері, м3сек.
Мк=М1+М2
мұндағы:
М1=0,6 Мк – қамырдың көлемдік шығыны.
М2=0,4 Мк - фарштың көлемдік шығыны.
Мк – көлемдік өнімділік, секундына
Мк=
мұндағы:
к – тұшпараның келтірілген тығыздығы.
к = 0,6 т +0,4 ф.
мұндағы:
қ = қамыр тығыздығы.
е = фарштың тығыздығы.
L = транспортер ұзындығы, м.
К = кедергі коэффициенті,15-20 тең .
Тұшпара жасайтын машина қуаттылығы былайша анықталады:
мұндағы:
а – қозғалтқыш қуат қорының коэффициенті = 1,1÷1,3
- қозғалтқыштан машинаның жұмысшы элементтеріне
беріліс п. ә. к. (пайдалы әсер коэффициенті).
= зп · z цп · 2кп · кп
тб – тісті беріліс п. ә. к., тб=0,95...0,98
цп – шынжырлы беріліс п. ә. к., шб=0,95...0,97
кп – сынабелдікті беріліс п. ә. к., сб=0,93...0,95
Z – шынжырлы беріліс саны.
К – үштіректер саны.
7 ӘДЕБИЕТ
Қолданылатын әдебиеттер:
1 Еренғалиев А.Е., Қасенов Ә.Л., Орынбеков Д.Р. Ет өнеркәсібінің технологиялық жабдықтары. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті – Семей: 2010. – Б. 212.
2 Еренгалиев А.Е. Технологическое оборудование мясной промышленности: Учеб. пособие для вузов А.Е. Еренгалиев .- Семипалатинск, 2002.-149 с.
3 Какимов А.К. Переработка мясокостного сырья на пищевые цели А.К. Какимов, Е.Т. Тулеуов, Н.А. Кудеринова.- Семипалатинск: Тенгри, 2006.-130 с.
4 Какимов А.К. Механическая обработка и технология комбинированных мясных продуктов А.К. Какимов.- Семипалатинск: СГУ им. Шакарима, 2006.-143 с.
5 Касенов А.Л. Ет өнеркәсібіндегі технологиялық жабдықтар, Семей, 2002 ж., - 152 бет