Магистранттардың Менеджмент пәні бойынша өздік жұмысының тақырыптары
1. Шетел менеджментінің ерекшеліктері (Жапондық, АҚШ менеджменті және тағы басқа елдер бойынша) (3апта)
2. Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау - кейс (4апта)
Кәсіпорынның сыртқы ортасын құрайтын факторлар
Тапсырма 3 (5апта)
Ақтай кәсіпорнының басқару құрылымы берілген
Берілген кәсіпорнының басқару құрылымы қандай басқарушылық құрылым типіне жататының анықтаныз және оның негізгі ерекшеліктері және кешліктерін сипаттаныз.
Тапсырма 4. (6апта)
Менеджердің басты мақсаты - ұжымның шығармашылық қабілетін максимальды пайдалану. Бұл үшін менеджерде келесі іс-әрекет диапазоны бар:
1. Жұмысшылардың араласуына көмектесетін жұмыстарды ұсыну.
2. Партнерлармен бірге кеңестер өткізу, олармен фирма жұмысы бойынша кеңесу.
3. Фирманың қызмет етуіне кедергі тигізбейтін ұжымдағы ресми емес топтарды сақтау.
4. Жұмысшының әлеуметтік белсенділігіне жағдай жасау.
5. Қызметкерлерге неғұрлым мғнді шығармашылық жұмыстар ұсыну.
6. Оларға жеткен нәтижелеріне сәйкес кері байланысты қамтамасыз ету.
7. Әрбір жұмысшының барлық жағымды жетістіктерін бағалау жғне мадақтау.
8. Қызметкерлерді фирма мақсаттарын тұжырымдауға және шешімді шығаруға қатыстыру.
9. Қызметкерлерге өзінің құқықтарымен өкілдіктерін бөлу.
10. Ынталы қоластындағыларды қызмет сатысы бойынша жылжуын қамтамасыз ету.
11. Қызметкерлерді қайта дайындауды ұйымдастыру.
12. Қызметкерлерге жауапкершілікті жұмыс беру.
13. Қол астындағылардың жұмыстағы шығармашылық бастауын үнемі дамыту.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Жұмыскерлердің шығармашылық қабілетін толық пайдалану үшін қандай әрекетті сіз ең негізгі деп ойлайсыз, неге?
2. Сіздің ойыңызша менеджер жұмысшылардың еңбек белсенділігін жоғарылату және өнімділігін өсіру үшін тағы қандай шараларды қолдануы мүмкін?
Тапсырма 5 (8 апта)
Ұжымдағы келіспеушілік менеджерге көптеген жүйке, ал фирмаға шығындар әкелуі мүмкін. Сондықтанда, басшыға оларды уақытында тауып және сәйкесінше қортынды жасау қажет. Келіспеушілікті болдырмау үшін жұмыс стилін өзгерту керек.
Мысалы, тапсырмаларды көзбе-көз емес, жалпы кеңесте бөлу, тәжірибеге пікірлермен ашық ауысуды, жиі бірігіп қортынды жасауды еңгізу.
Кейде басшы өзі сезбей келіспеушілік тудыруы мүмкін. Есіңізде болсын - басшы ретінде мыналарға жол бермеу керек:
0* өзіңіздің қол астыңыздағылардан қандай болсын іскерлік мәліметтерді жасыру;
1* қол астындағыларыңыздың белгілі біреуіне арнайы ықыласпен қарау;
2* өзіңіздің қол астындағыларыңызды жоғары тұрған басшыға қорықпай талауға" беру;
3* өз әріптестеріңіздің мамандандырлығына сенбеу.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Ұжымда шиеленіскен жағдайлар тумау үшін менеджер не істеу керек?
2. Егер шиеленіскен жағдай нақты болса, оны қалай басқару керек?
3. Шиеленісті шешуде менеджер ретінде сіздің әрекетіңіз қандай?
6. Фирмада кадр саясатын жасау және жүргізу – Эссе (10 апта)
7. Корпорация мәдениеті - ұйымдастырушылық құрылым мен кадр саясатындағы құндылықтарды көрсету ретінде – Баяндама (12апта)
8. Іскерлік этика және кәсіби этика ерекшеліктері – Эссе (14апта)