Ғашықтар күні

Скачать

Бүгін Әулие Валентин күнін католик дінін ұстанатын жұрт әдеттегідей дүрілдетіп тұрып тойламақ. «Ғашықтар мейрамы» деп. Тек әуе жолымен жүк тасымалдайтын әйгілі Луфчанса Карго компаниясына ғана еуропалықтар осы мейрамға орай Кения, Эквадор, Колумбия қатарлы елдерден 1 миллион тонна (!) раушан гүлін жеткізуге тапсырыс беріп үлгеріпті.
Осы дүрмектің ішінде Валентин әулиеге үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біздің біраз қандасымыз да бар (бәрі деп көпке топырақ шашудан аулақпыз). Керек десеңіз, ресми түрде атап өтпек мекемелер де бар көрінеді. Мәселен, Астанадағы «Жастар» сарайы бұл күні бірнеше кезеңнен тұратын шоу-бағдарлама өткізбек. Қатысушылардың тізімінде «Би-Арт», «Эрос» секілді топтармен бірге «Айша бибі» аталатын халық би ансамблі де жүр. Сарай директорының міндетін атқарушы Арман Асенов баспасөз мәслихатында мерекелік шараларға қатысушылар үшін арнайы жүлделер бар екенін қуана хабарлады.
Әулие Валентин күніне Орта Азияда жатқан, нәсілі бөлек қазақ баласы түгілі, бір табан болса да жақын, діні бір орыстардың өзі алаңдаулы. Кеше Мәскеуде баспасөз мәслихатын өткізген «Левада» орталығының социологтары соңғы кездері ресейліктердің «Әулие Валентин» күнін атап өтуге және көше бойындағы ашық сүйісулерге ет үйрете бастағанын айтты. Жыл сайын жүргізілетін арнайы сауалнама оған наразылар санының кеміп келе жатқанын көрсетеді. Валентин күнін православ шіркеулері де мойындай бермейді. Тек христиан дінінің католик тармағын ұстанатындар үшін ғана мереке. Және ешқандай ғашықтар күні емес, тап-таза діни мейрам.
Бұл күні, яғни біздің дәуіріміздің 269 жылдың 14 ақпанында католик шіркеуінің діндары, әулие Валентин өлім жазасына кесілген. Ол Рим императоры Юлий Клавдийдің жауынгерлердің үйленуіне тыйым салғанына қарамастан, жасырын неке қию рәсімдерін жасағаны үшін айыпталған-ды. Валентин жазаға тартылған күн римдіктер үшін махаббат тәңірі делінетін Юнонға арналған мерекеге сәйкес келеді. Арада 200 жыл өткенде оған Валентин әулиенің есімі қосылып, католиктер үшін аса құрметті мейрамға айналып кете барады...
Жастарымыз Жаратқан Иеге, сосын екі дүниенің елшісі Мұхаммед пайғамбарымызға осылай құрмет ете білсеші. Айқын газеті.


Скачать


zharar.kz