Ашық дауыстының саны қанша

Скачать

@@@

$$$1 Негізінен сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылатын әріптерді көрсетіңіз:
А. Я, ю, э, е, и
В. Я, ю, а, е, і
С. А, ю, я, і, ү
D. Ә, о, ө, ұ, ү
Е. Ы, і, у, э, и

$$$2
Ы, І әріптерінің емлесіне байланысты дұрыс жазылған сөздердің қатарын көрсетіңіз:
А. Ылашын, ырух, ірет, ірең
В. Ілеген, ылашын, іреңк, ірің
С. Ылаж, ірең, ырас, ылақ
D. Ырым, ырық, іріту, ілігу
Е. Ілеп, ылақап, ырақым, ыласайық

$$$3
Дауыссыздар айтылу (ауаның шағу) жолына қарай қалай бөлінеді?
А. жіңішке, қатаң,
В. шұғыл, ызың, діріл
С. қатаң, ұяң, үнді
D. тіл алды, тіл ортасы, тіл арты
Е. айтылуы бойынша

$$$4
Қазақтың байырғы сөздерінде қай дыбыс сөздің соңында келмейді?
А. Ы
В. О
С. А
D. Е
Е. І
$$$5
Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз
A. Бүгінгі
B. Бұрұңғұ
C. Жұмұшшұ
D. Көмөсү
E. Бұрұу
$$$6
Қай буынға екпін түседі?
A. Ортаңғы буын
B. Бірінші буын
C. Соңғы буын
D. Ортаңғы ашық буын
E. Ешбір буын
$$$7
Сөздің соңындағы қосарлы дыбыстарға қосымшаның дұрыс жалғанғанын көрсетіңіз:
А. Публицистке
В. Публициске
С. Публицистқе
D. Публицистқа
Е. Публицисқа
$$$8
И - дыбысына тән қасиет
А. Қысаң, езулік
В. Ашық, еріндік
С. Ашық, езулік
D. Қысаң, еріндік
E. Еріндік, қысаң
$$$9
Дауыстылар тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
А. 3
В. 4
С. 5
D. 2
Е. 6
$$$10
Дауыстылар еріннің қатысына қарай қалай бөлінеді?
А. Буын үндестігі бойынша
В. Еріндік, езулік
С. Ашық,қысаң
D. Жартылай ашық, еріндік
Е. Жуан, жіңішке
$$$11
Дауыстылар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?
А. Еріндік, езулік
В. Жуан, жіңішке
С. Ашық, қысаң
D. Шұғыл, ызың
Е. Көмей, форингаль
$$$12
Екпін түспейтін қосымшаны табыныз
A. Септік жалғауы
B. Жіктік жалғауы
C. Тәуелдік жалғауы
D. Көптік жалғауы
E. Жұрнақ
$$$13
Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?
A. Тасымал
B. Әріп
C. Дыбыс
D. Буын
E. Екпін
$$$14
Қай буын тасымалданбайды ?
A. Бір дауыстыдан тұрған ашық буын
B. Екі дыбыстан тұрған ашық буын
C. Үш дыбыстан тұрған ашық буын
D. Соңғы буындағы тұйық буын
E. Бірінші буындағы бітеу буын
$$$15
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
А. 10
В. 12
С. 11
D. 9
Е. 15
$$$16
Жуан дауыстыларды тап:
А. А,ы,і,у
В. А,ө,ұ,у
С. А,о,ұ,ы
D. А,у,ұ,і,й
Е. А,о,ү,у
$$$17
Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А. Қы-зғал-дақ
В. Ба-ла-лар-дың
С. Бал-а-лардың
D. Жұд-ыр-ық
Е. Балап-ан
$$$18
Буынның неше түрі бар?
А. 4
В. 3
С. 2
D. 5
Е. жоқ
$$$19
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды көрсетіңіз:
А. -лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
В. -қор,-кеш,-нікі,-мен,-қой,-паз
С. -ға,-та,-да,-қа,-па,-ба
D. -сыз,-сіз,-шы,-ші,-ша,-шя
Е. -дай,-лай,-тай,-сай,-қай,-ғай
$$$20
-ог, -уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша қалай жалғанады?
А. Жіңішке
В. Жуан
С. Естілуіне қарай
D. Буын үндестіігне қарай
Е. Айтылуына қарай

$$$21
Қай сөзде қате бар?
A. Әріпі
B. Халқы
C. Ойна
D. Оқу
E. Алтау

$$$22
Тек ұяң дыбыстан тұрған сөзді табыныз
A. Айналмалы
B. Тасқын
C. Жазғытұрым
D. Ұзағырақ
E. Жұғады

$$$23
Сөз ұяң б,в,г,д дауыссыздарына аяқталса, қосымша қандай дауыссыздардан басталады?
А. Ызың
В. Шұғыл
С. Қатаң
D. Ұяң
Е. Үнді

$$$24
Кейінді ықпал заңына бағынып тұрған сөздер қатарын көрсетіңіз:
А. Қарагөз, Талдығорған, бірғатар, күз гелді
В. Қаракөз, Талдықорған, бірқатар, күз келді
С. Азаңғап, ортаң ғолдай, таш шол, мең гөрдім
D. Көк аспан, жоқ зат, ақ ешкі
Е. Көг аспан, жоғ зат, ағ ешкі

$$$ 25
Алдыңғы сөз қатаңға аяқталып, кейінгі сөз ұяң б дыбысынан басталса, ол қандай дыбысқа айналады?
А. Т
В. Қ
С. Ш
D. Х
Е. П

$$$26
Ашық дауыстының саны қанша?
A. 6
B. 7
C. 5
D. 8
E. 4

$$$27
Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
A. 36
B. 35
C. 37
D. 38
E. 25

$$$28
А, е, ы, і әріптері сөздің қай буындарында жазылады?
А. Барлық
В. Алғашқы
С. Екінші
D. Соңғы
Е. Бір буынды сөздерде

$$$29
Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз:
А. Тотыйайын
В. Тотыяйын
С. Тотыайын
D. Тотияйын
Е. Тотяйын

$$$30
Ы әрпі жазылмайтын орынды көрсетіңіз:
А.Қат...нас
В. Қор...тынды
С. Ар...стан
D. Құр ... лыс
Е. Рақ ... мет

$$$31
Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз:
А. Айуан, бейуақ, кеюі, баюы
В. Аюан, беюақ, кейуі, байуы
С. Қиу, киу, сыйады, иу
D. Қойан, байандауыш, айу, айан
Е. Йағни, иапырмай, кейіу, иіу

$$$32
Бір м әрпі жазылатын орынды көрсетіңіз:
А. Гра ... атикалық талдау
В. Мақтау гра ... отасы
С. Програ ... асы
D. Телега ... а
Е. Екі килогра ...

$$$33
Қай қосымша дұрыс жалғанған:
А. Повестьке
В Виноклмен
С. Журналистің
D. Округқа
Е. Проспектен

$$$34
Қазақ тіліне тән әріптер жазылған қатарды табыңыз
A. Ұ, ү, у
B. Ғ, қ, щ
C. Ф, х, һ
D. Ы, і, и
E. Ө, і, ү

$$$35
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
А. 2
В. 5
С. 3
D. 4
Е. 6

$$$36
Қай ұғымның үш түрі бар?
A. Буын
B. Үндестік заңы
C. Дауысты дыбыс
D. Әріп
E. Тасымал

$$$37
Қатаң дауыссыздарды тап:
А. М, н, р, л, ң
В. П, қ, т, с, к, ш
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

$$$38
Ұяң дауыссыздарды тап:
А. М, н, р, л, ң
В. П, қ, т, с, к, ш
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

$$$39
Буын дегеніміз не ?
А. Тілдегі сөздердің бір-біріне мағыналары жағынан ерекшеленуі
В. Тілімізде дыбыстардың сырын ашады
С. Дауыс құбылысының бірнеше толқынмен бөлшектеніп үзіліп-үзіліп айтылуындағы ауаның бір толқыны
D. Белгілі бір тілге ғана тән біркелкі, бір дыбысты дыбыс құбылыстарын сипаттап беру
Е. Дұрыс жауабы жоқ

$$$40
Буынға тән негізгі белгіні көрсет:
А. Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды
В. Жалғыз дауысты буын құрай алмайды
С. Буында мағына болады
D. Буында ұғым бар
Е. Дұрыс жауабы жоқ

$$$41
Тұйық буын дегеніміз не?
А. Дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын
В. Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын
С. Дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын
D. Дауыстыдан басталып дауыссыз дыбысқа бітетін буын
Е. Дұрыс жауап жоқ

$$$42
Үнді дауыссыздарды тап:
А. П, қ, т, с, к, ш
В. М, н, р, л, ң
С. В, б, г, д, з, ж
D. Б, с, ғ, ж, з, л
Е. М, д, к , л, с, т

$$$43
Тасымалданбайтын сөзді табыңыз
A. Аспан
B. Жақсы
C. Тату
D. Ақын
E. Шешен

$$$44
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз
А. -лар,-лер
В. - кер,-гер
С. -дан,-ден
D. -тың,-тің
E - лас,-лес

$$$45
Қай сөзде жуан-жіңішке дауыстылар араласып келген?
А. Ауылшаруашылық
В. Жазғытұрым
С. Бей-берекет
D. Бүгін-ертең
Е. Ары-бері

$$$46
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша жалғанған сөзді табыңыз:
А. Еркінбек
В. Амантай
С. Жүсіпхан
D. Әзілкеш
Е. Шайхана

$$$47
Қай сөзге қосымша қате жалғанған?
А. Танкіні
В. Пункте
С. Шрифтің
D. Йодты
Е. Нольды

$$$48
Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
А. Барыс септік
В. Жатыс септік
С. Шығыс септік
D. Табыс септік
Е. Көмектес септік

$$$49
Қай косымша меншіктік мағынаны білдіреді?
А. -дікі
В. -гер
С. -паз
D. -жан
Е. -неш

$$$50
Қай дыбыстар қатары өкпеден шыққан ауаның кедергісіз шығуынан жасалады?
А. Р, й, с
В. Л, о, ө
С. С, ш, щ
D. А, ә, е
Е. Қ, к, ғ


Скачать


zharar.kz