Free Transform құралының көмегімен обьектті бұру

Скачать


Зертханалық жұмыс №3

Free Transform құралы.
Free Transform (Свободное преобразование) құралы да обьекттерді көрнекі түрде трансформдау үшін қолданылады.
Transformation (Преобразование) докері сияқты оның да түрлі трансформация типтеріне сәйкес келетін бірнеше режимдері бар. Режимдерді ауыстыру құралдың қасиеттер тақтасындағы батырмалар кқмегімен жүзеге асады.(2.20-сурет). Бұл тақтада сонымен қатар обьект координаталарының, оның өлшемдерінің, масштабтау коэффициенттерінің,бұру мен иілу бұрыштарының сандық мәндерін енгізу және де Relative to Object (Относительно объекта) мен Арр1у to Duplicate (Применить к дубликату) режимдерінің өрістері орналасқан. Relative to Object (Относительно объекта) режимінің функциясы Transformation (Преобразование) докеріндегі обьекттің ағымды орналасуына қатысты параметрлердің трансформация шамасын орнататын Relative Position (Относительное положение), Relative Center (Относительно центра) және т.б. жалаушаларына сәйкес келеді. Арр1у to Duplicate (Применить к дубликату) батырмасы ерекшеленген бастапқы обьектті емес, оның көшірмесін трансформациялайды. Apply to Duplicate (Применить к дубликату) режимі тек қана қасиеттер тақтасындағы трансформация параметрлерін өзгерткенде ғана жүзеге асады. Егер сіз құралмен жұмыс кезінде интерактивті режимді қолдансаңыз, онда барлық әрекеттер ерекшеленген бастапқы обьект үшін орындалады.

2.20-сур. Free Transform құралының қасиеттер тақтасы

Интерактивті трансформдау.
Интерактивтірежимдегі Free Transform (Свободное преобразование) тқұралының әрекеттерді орындауын қарастырайық. Олар тек қана тышқан көмегімен және жобалап орындалады. Мұндай тәсіл иллюстрация эскиздерін құру және сурет салу кезінде өте қолайлы.
Айналу әрекетінен бастайық. Free Transform (Свободное преобразование) құралы бұру әрекеті орындалған кезде айналу центрін тағайындайды. Бұл жұмысқа кедергі жасамайды, себебі трансформациямен қатар орындалады.
1.Обьектті бұру.
1. Pick (Указатель) құралының көмегімен кез келген обьектті ерекшелеңіз.Саймандар тақтасындағы Free Transform (Свободное преобразование) құралын таңдаңыз. Оның курсоры жіңішке крест тәріздес.Қасиеттер тақтасындағы Free Rotation (Свободное преобразование) құралы арқылы айналу режимін тағайындаңыз.Курсорды обьект центріне орналастырыңыз. Бұл нүкте бұру центрі болып табылады.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып оны төмен қарай жылжытыңыз. Тышқанды сәл жылжытқан кезде бұру центрінен курсор бағытымен ағымды бұру бұрышын көрсететін көк түсті пунктирлі сызық тартылады. (2.21-сурет). Құралдың ерекшелігі ол жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді. Тышқанды сағат тілінің бағытымен центр айналасында жылжытып байқаңыз.

2.21-сурет . Free Transform құралының көмегімен обьектті бұру .

3. Обьектті дәл 1800 бұрышқа бұруға тырысыңыз.
Pick (Указатель) құралы мен Transformation (Преобразование) докері обьектті габариттік қоршаудың сегіз нүктесінің біреуі немесе обьект центріне қатысты бейнесін алуға мүмкіндік береді. Free Transform (Свободное преобразование) құралы обьекттің еркін оське қатысты бейнесін алуға мүмкіндік береді.
2.Обьекттің бейнесін алу.
1. Құжат бетіндегі кез келген обьектті Pick (Указатель) құралының көмегімен ерекшелеңіз. .
2. Саймандар тақтасынан Free Transform (Свободное преобразование) құралын таңдаңыз.
3. Free Transform (Свободное преобразование) құралының қасиеттер тақтасындағы . Free Angle Reflection (Отражение под свободным углом) батырмасын басып, обьекттің бейнесін алу режимін тағайындаңыз.
4. Тышқан курсорын ерекшеленген обьекттің сол жағына қарай орналастырыңыз. Бұл бейнелену орындалатын осьтің бірінші нүктесі.
5. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, диагональ бойымен төмен қарай жылжытыңыз. Бірінші нүктеден курсордың соңынан көк тұсті пунктирлі түзу сызық тартылады. Бұл бейнелену осі болып табылады. Осьтің екінші жағында бастапқы обьектке бұл оське қатысты симметриялы обьект контуры көк тегіс сызықпен кескінделеді (2.22-сурет).
6. Курсорды жылжыту арқылы бейнеленудің қажетті бұрышына сәйкес осьтің иілу бұрышын еркін тағайындай аласыз. Оны 450-қа тең етіп алыңыз. Жұмыстың дәлдігін арттыру үшін курсорды бейнелену осінен алшақ орналастырыңыз. Бейнеленудің ағымды бұрышын қалып- күй қатарынан көруіңізге болады.
7. Тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз. Объект оның бастапқы орналасуына 450 бұрышпен иілген оське қатысты бейнеленген.

2.22-сур. Free Transform құралының көмегімен обьект бейнесін алу

Free Transform (Свободное преобразование) құралының масштабтау режимі Pick (Указатель) құралымен салыстырғанда икемдірек болып келеді.Ол трансформдау жүзеге асатын нүктені еркін таңдап алуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен бір мезгілде масштабтау мен обьект бейнесін алу әрекеттерін орындауға болады.

3. Объекттерді масштабтау.

1. Саймандар тақтасындағы Free Transform (Свободное преобразование) құралын таңдаңыз.
2. Қасиеттер тақтасындағы Free Scale (Свободное масштабирование) батырмасын басыңыз.Тышқан курсорын ерекшеленген объекттен төмен қарай орналастырыңыз. Бұл объектті масштабтауы орындалатын нүктені анықтайды.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды төмен қарай жылжытыңыңыз. Бастапқы объекттен масштабтау нәтижесін көрсететін көк түсті тегіс контур ажыратылады. (2.23, а-сурет). Курсордың төменге қарай жылжуына байланысты объект тігінен қысылады.
4. Курсорды сәл солға қарай жылжытыңыз. Объект көлденеңінен қысылады.
5. Курсорды оңға қарай жылжытыңыз.Объект ені артады.( 2.23, б-сурет).
Курсорды төмен қарай жылжытыңыз.Курсор масштабтау центрінен төменірек түскен кезде, объект центрлік нүктеге қатысты бейнеленеді. Курсорды әрі қарай тқмен жылжыту объекттің өлшемін тігінен арттырады.
6. Тышқан батырмасын жіберіңіз.Объектіміз берілген центрге қатысты масштабталды және бейнеленді. (2.23, в-сурет).
7. заданного центра
2.23-сурет. Free Transform құралының көмегімен объектті тігінен(а), көлденеңінен(б) масштабтау және бейнесін алу(в).
Енді Free Transform (Свободное преобразование) құралының көмегімен объекттің иілуін қарастырайық.Бұл режим де трансформдаудың центрін еркін таңдауға мүмкіндік береді.
4. Объекттің иілуі.
1. Құжатта трансформдалатын объекттің ерекшеленгенін және Free Transform (Свободное преобразование) құралының қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Free Transform (Свободное преобразование) қасиеттер тақтасындағы Free Skew (Свободный скос) батырмасын басыңыз.
3. Тышқан курсорын ерекшеленегн объекттің үстіне орналастырыңыз.Бұл нүкте трансформация центрі болып табылады.
4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды түрлі бағытта жылжытыңыңыз. Объекттің жаңа нысаны мен орналасуы тегіс көк түсті контурмен кескінделеді. Курсорды жылжыту объектті берілген бағытта иілуіне мүмкіндік береді. Курсордың ығысу шамасы артқан сайын, иілу бұрышы да артады. ( 2.24-сурет).
5. Тышқан батырмасын жіберіңіз.

Рис. 2.24. Free Transform құралының көмегімен объекттің иілуі.

Shape құралы.

Дайын контурды кез келген мезетте пішімдеуге, яғни түйіндерінің өлшемі мен сегменттердің қисықтығын өзгертуге болады. Ол үшін арнайы Shape (Форма) құралы қолданылады.
Shape (Форма) құралының қасиеттер тақтасы контурлар мен фигураларды пішімдегенде пайдаланылатын барлық басқару элементтерін қамтиды.(рис. 2.25).

2.25-сур. Shape құралының қасиеттер тақтасы

Түйін түрлері.
Қисықсызықты сегменттердің бірнешеуі өзара қосылғанда, түйіндегі басқару сызықтарының өзара орналасуы тірек нүктелерінің түрін анықтайды.Түйіндердің үш түрі болуы мүмкін. (рис. 3.37).
Симметриялы түйін. (рис. 2.26, а). Берілген типтің ттүйінінднгі көршілес сегменттердің басқару сызықтары бәр сызықтың бойында орналасып және бірдей ұзындықты болса, онда мұндағы қисық түйінге қатысты симметриялы, яғни қисық түйіннің екі жағынан бірдей бұрышыпен орналасқан. Егер басқару сызығының біреуінің ұзындығын немесе орналасу бұрышын өзгертсе, онда екіншісі де дәл солай өзгереді. Осы әдіспен программа түйіннің түрін сақтайды.
Жұмыр түйін. (рис. 2.26, б). Бұл түйіннің басқару сызықтары да бір сызыұтың бойында орналасқан, дегенмен, оның ұзындықтары түрлі болуы мүмкін.Түйіндегі иілу жұмыр, дегенмен симметриялы емес. Жұмыр түйіннің басқару сызықтарының ұзындығын тәуелсіз өзгертуге болады, бірақ олардың бұру кезіндегі және ұзындығын өзгерту кезіндегі бір сызықтың бойында орналасуы бағдарламамен бекітілген.
Сүйір түйін. (рис. 2.26, в). Атауына қарамастан,мұндай түйіннің сегменттері сүйір бұрышпен де, доғал бұрышпен де келісуі мүмкін. Мұндағы иілу жұмыр болмайды, ол күрт иілген сияқты болады. Сүйір түйіннің басқару сызықтары бір-бірінен тәуелсіз. Олардың әрқайсысы үшін өзіндік ұзындығын және ораналсу бұрышын орнатуға болады.

Рис. 2.26. Түйіндердің түрлері: симметриялы (а), жұмыр (б), сүйір (в)

Bezier (Кривая Безье) құралын қолданған кезде түйіндердің тек симметриялы түрін ғана салады.Түйіндердің қалған түрлері симметриялы түйінді түрлендіру арқылы салынады..

5.Түйіндердің түрлерін түрлендіру .
Bezier (Кривая Безье) құралы көмегімен екі қисықсызықты сегменттерден құралған қарапайым контур салыңыз. Түйіндердің әрқайсысы үшін басқару сызықтарының ұзындықтарын бірдей қып алуға тырысыңыз.
1. Саймандар тақтасындағы Bezier (Кривая Безье) құралын таңдаңыз.
2. Курсорды жұмыс парағының бос жеріне орналастырыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды төмен қарай жылжытыңыз.
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
5. Курсорды диагональ бойымен оңға және төмен қарай жылжытыңыз.
6. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды оңға қарай жылжытыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
7. Курсорды диагональ бойымен оңға және жоғары қарай бірінші түйіннің бір сызық бойында жататындай қылып орналастырыңыз. Сонымен контур дайын. (рис. 2.27).

Рис. 2.27. Екі қисықсызықты сегменттен құралған қарапайым контур.

Енді қисықтың ортаңғы түйінін түрлі типтерге келтіріп, өзгертіп көрейік. Ол үшін біріншіден осы ортаңғы түйінді ерекшелеп алған дұрыс. Shape (Форма) құралы контурдың жеке түйіндерін ерекшелеуге мүмкіндік береді.
1. Shape (Форма) құралын тағадағыз. Курсор үлкен қара бағдаршаға айналады.
2. Курсорды контурдың екінші түйініне орналастырыңыз. Жаңа курсордың жанында тағы да қиылысқан бағдаршалар ретінде кішкентай белгіше пайда болады. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Түйіннің шаршысы қара түске боялады,СоrelDRAW-дағы қалған әрекеттердің барлығы осы түйінге байланысты орындалады.Сонымен қатар мұнда басқару сызықтары да пайда болу керек. Бұл ерекшеленген түйін симметриялы болған сияқты. Осыны тексеріп көріңіз.

6. Сегменттердің қисықтығын өзгерту.
Әр сегменттің өз басқару сызығы бар болғандықтан, оның қисықтығы олардың екеуімен анықталады. Карталардағы "түйе-черви" масіне ұқсайтын жүрек бейнесін салып көрейік.
1. Саймандар тақтасындағы Bezier (Кривая Безье) құралын таңдаңыз.
2. Курсорды жұмыс парағының бос жеріне орналастырыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды төмен қарай жылжытыңыз.
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
5. Курсорды диагональ бойымен оңға және төмен қарай жылжытыңыз.
6. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, курсорды оңға қарай жылжытыңыз. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
7. Курсорды диагональ бойымен оңға және жоғары қарай бірінші түйіннің бір сызық бойында жататындай қылып орналастырыңыз. Сонымен контур дайын.
8. Shape (Форма) құралының қоысылып тұрғандығын тексеріңіз.
9. Тышқанның көмегімен контурдың екінші түйінін ерекшелеңіз.
10. осы түйіннің екі басқару нүктесін ортадағы тік сызыққа қатысты симметриялы орналастырыңыз. Олар бір-біріне жақын, әрі ортаңғы түйіннен сәл жоғары орналасуы қажет.
11. Контурдың бірінші түйінін ерекшелеңіз.
12. Ерекшеленген түйіннің жалғыз басқару нүктесін қисыққа қажетті қисықтыққа келтіру үшін солға және жоғары қарай жылжытыңыз.
13. Контурдың соңғы түйінін ерекшелеңіз.
14. Басқару сызығының көмегімен екінші сегменттің біріншісімен симметриялы болатындай етіп қисықтығын баптаңыз. Сізде 2.28. суретте көрсетілгендей жүрек бейнесінің бастапқы қалпы пайда болуы керек.
Сегменттердің қисықтығын басқа көрнекі түрде баптауға болады.
1. Shape (Форма) құралының курсорын сегменттің ортаңғы түйініне әкеліп қойыңыз. Бұл кезде курсордың жанында кішкентай толқын пайда болады. Ол құралдың сегмент қисықтығын өзгертуге дайын екендігін көрсетеді.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз.
3. Сегменттің өзгеруін бақылап, курсорды жылжытыңыз. (ол өзгеру көк түспен көрсетіледі) (2.29сурет).
4. Сегменттердің қалпын аяғына дейін баптаңыз.

Рис. 2.28. Сегменттердің қисықтығын өзгерту Рис. 2.29. Сегмент қисықтығын басқару сызықтарының
көмегінсіз баптау.

7. Түйіндерді қосу мен алып тастау.
Контурды аяқтау үшін сегментте әлі түйіндер саны жетіспейтіндігі көрініп тұр. Мұны Bezier (Кривая Безье) құралының көмегімен жүзеге асыруға болады. Дегенмен, бұл жағдайда көбінесе түйіндердіалып тастау мен қосу командалары қолданылады. Түйіндерді қосқан кезде сегмент екіге бөлінеді. Нәтижесі Bezier (Кривая Безье) құралының көмегімен сегмент қосқандай болады.
1. Shape (Форма) құралының ағымды екеніне көз жеткізіңіз.
2. Құралдың курсорын бірінші түйіннің жанына әкеліп қойыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз. Контур үстінде қалың қара нүкте пайда болады. Ол болашақ түйіннің орнын көрсетеді. (2.30, а-сурет).

Рис. 2.30. Түйінді қосу.

4. Қасиеттер тақтасындағы плюс пиктограммасы бар Аdd Node(s) (Добавить узел) батырмасын басыңыз. Қара нүктенің орнында жаңа түйін пайда болды. (2.30, б-сурет). Ол бірінші сегментті екі контурға бөліп тастады. Бұл сегметтердің қисықтығын тәуелсіз түрде өзгертуге болады. Түйіннің түрі жұмыр екеніне назар аударыңыз. Ол туралы түйіннің түрін анықтайтын қасиеттер тақтасындағы батырмалар айтып тұр.
5. Контурдың кез келген жерінде Shape құралының көмегімен екі рет шерту арқылы да жаңадан түйін қосуға болады. Бірінші сегментке осы әдіспен екнші түйінді қосыңыз.
6. Артық түйәндә алып тастау үшін, оны алдымене ерекшелеңіз, сосын қасиеттер тақтасындағы Delete Node(s) (удалить узел) батырмасын басыңыз. Одан да қарапайым әдісі-сол түйінде қайтып екі рет шерту керек. Нәтижесі дәл сондай болады.
7. 4 қадамда құрылған сегменттегі түйінге симметриялы жаңадан түйін қосыңыз. Енді тек контурды бір-біріне жалғап, қалған сегменттерінің өисыөтығын баптау ғана қалды.
8. Контурдың бірінші түйінін ерекшелеп, оны оңға және төмен қарай жылжытып, төменгі түйіннің үстіне орналастырыңыз. (2.31, а-сурет).
9. Контурдың соңғы түйінін ерекшелеңіз және бірінші түйіннің жанына әкеп қойыңыз. Оларды бір-біріне жақындатқан кезде курсордың қара бағдаршасының қасында кішкентей толқынды сызық пайда болады. (2.31, б-сурет). Тышқан батырмасын жіберсеңіз, бағдарлама контурды өзі қосады.

Рис. 2.31. Контурды бүтіндеу мен сегменттерінің қисықтығын баптау.

10. Контура жоғарғы сегменттерін баптаңыз. (2.31,в-сурет).
11. Контурдың түрін келтіру үшін оны қызыл түске бояңыз. (2.31,г-сурет).


Скачать


zharar.kz