ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СБЖ 3 деңгей құжаты
БӨЖ
БӨЖ 042-14-1-01.3.20.55-2014
Ет және сүт өндірісінің кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша өздік жұмысқа арналған тапсырма
№ 1 баспа
ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНДІРІСІНІҢ КӘСІПОРЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ
ПӘНІ БОЙЫНША
ӨЗДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН
ТАПСЫРМА
(механикалық мамандықта оқитын студенттерге арналған)
Семей, 2014
Алғы сөз
1. ЖЕТІЛДІРГЕН
Құрастырған:
____________ Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары кафедрасының доцент м.а., техн. ғыл. канд. Қабылов Б.Б.
____ _______2014 ж.
2. ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары
кафедрасының мәжілісінде
Хаттама ___ ____________ 2014 ж. №____
Кафедра меңгерушісі ____________ М. Акимов.
3. БЕКІТІЛГЕН
Инженерлі-технологиялық факультетінің оқу әдістемелік кеңесінің мәжілісінде
Хаттама ___ ____________ 2014 ж. №____
Төрайым _________ С. Төлеубекова
БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Ет және сүт өндірісінің кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша өздік жұмысқа арналған тапсырма (5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы студенттеріне арналған (сала бойынша)). – Құрастырған: Қабылов Б.Б. – Семей, 2014. – 8 б.
Мазмұны
1
Қолдану аймағы
2
Нормативтік сілтемелер
3
Әдістемелік нұсқаулар
4
Білім алушының өздік жұмысқа арналған тапсырмалар
5
Пайдаланатын әдебиет
1 Қолдану аймағы
Ет және сүт өндірісінің кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша өздік жұмысқа арналған тапсырма (5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы студенттеріне арналған (сала бойынша). Тапсырмада жұмыстың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулар, жеке нұсқа таңдау реті, жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар, есептеу реті көрсетілген және т.б. Ет және сүт өндірісінің кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша өздік жұмыстар оқу-әдістемелік кешенмен бірге негізгі нұсқау болып табылады.
2 Нормативтік сілтемелер
Ет және сүт өндірісінің кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша өздік жұмысқа арналған тапсырмалар және осы пән бойынша жұмыстың орындалу реті келесі нормативті-құқықтық құжаттардың талаптары мен нұсқауларына сәйкес орындалуы керек:
2006 жылдың 7 тамызында, № 617 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бұйрығымен енгізілген және бекітілген 050724 Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары (сала бойынша) мамандығы бойынша білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ҚР МЖМБС 3.08.103-2004 бойынша құрастырылған;
Ет және сүт өндірісінің кәсіпорындарын жобалау пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы.
3 Әдістемелік нұсқаулар
Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Өздік жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.
Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.
Бақылау есептерінің номерін және есепте көрсетілген шамалардың сандық мәндерін студент берілген вариант бойынша алады (1,2 кестелер).
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
4 Студенттердің өздік жұмысқа арналған тапсырмалар.
Тапсырма 1.
Нұсқаға сәйкес сұрақтарға жауап беру. Қажетті сұлбаларды орындап, формула және кестелерді жазып толтыру. Төменде сұрақтар келтірілген:
1.Сүт комбинатының жобалануы
2.Ірімшік комбинатының жобалануы
3.Сүт зауыттарындағы қабылдаушы және аппаратты цехтарда қондырғылардың орналасуы
4.Нан пісірілетін зауыттардың құрылуы
5.Сүт консервілеу комбинатының жобалануы
6.Сүт және сүт консервілері зауыттарының құрылуы
7.Өндірістік транспорт түрлері және оларды есептеу тәсілдері
8.Ет комбинатының өндірістік алаңдарында ауаны салқындату жүйесінің жобалануы
9.Өндірістік ғимараттар. Өндірістік ғимараттарға қойылатын талаптар
10.Құрылыстық элементтер және материалдар. Құрылыстық элементтер және материалдарға қойылатын талаптар
11.Ауа өткізгіштердің есептелуі және таңдалуы
12.Қоршағыш ауалы клапаны жоқ қыздырғыш секцияның есептелуі
13.Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсететін өнеркәсіптерді қамсыздандыру
14.Ауалы клапандармен жұмыс істейтін жылытқыш секциялардың есептелуі
15.Өндірістік транспорт
16.Транспорттық коммуникациялар және қондырғылар.Қоймалар
17.Ауаны салқындатуға арналған қосымша қондырғылар
18. Ауаны салқындатуға арналған қондырғылардың жобалануы
19.Жылыту секциясының және қосымша көмекші жүйелердің жобалануы
20.Өнімнің есептелуі және өнім ассортиментінің негізі
21.Технологиялық процесті ұйымдастыру графигі. Технологиялық процесті ұйымдастыру графигін құрастыру.Өндірістік процестің сипаты
22.Сүтті технологиялық өңдеуге және зауыт ішіндегі транспортқа арналған қондырғыларды есептеу және таңдау
23.Сүт өнімдері, ірімшік, май және сүт консервілерін өңдіруге арналған технологиялық қондырғыларды есептеу және таңдау
24.Өндірістік цех ауданын есептеу
25.Көмекші цехтардың ауданын есептеу
26.Өндірістік ғимарат орындарының іріктелуі
27.Технологиялық жабдықтың іріктелуі
28.Өнеркәсіптегі негізгі технологиялық жабдықтың орналасуы
29.Ет өнімдері өндірісінің жабдықтарының орналасуы
30.Сүт өнімдері өндірісінің жабдықтарының орналасуы
Тапсырма 2
Есептеулерді жүргізу барысында қысқаша түсініктемелерді келтіре кеткен жөн, сонымен қатар бүкіл формулаларды жазу керек.Есептеулер аяқталғаннан кейін пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасау керек.
Есептеулерге қажетті параметрлер жетіспесе, оларды қосымша кестеден алған жөн.
Кесте 2
5 Пайдаланатын әдебиеттер.
1. Архангельская Н.М. Курсовое и дипломное проектирование предприятий молочной промышленности. – М.: Агропромиздат, 1986.-199 с.
2. Буянов А.С. и др. Дипломное проектирование предприятий мясной промышленности. - М.: Пищевая пром-сть, 1979. - 248 с.
3. Ростроса Н.К., Мордвинцева П.В. Курсовое и дипломное проектирование предприятий молочной промышленности, М.: Агропромиздат, 1989 – 303с.
4. Сурков В.Д., Липатов Н.н. Технологическое оборудование предприятий молочной промышленности, - М.: Легкая и пищевая промышленность, 1983.-431 с.
5. Пелеев А.И. Технологическое оборудование предприятий мясной промышленности. М.: Пищепромиздат, 1971.