Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органдарды тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші

Скачать

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет

Мемлекет қоғаммен байланыста болған соң, сол қоғамның әр мүшесі мемлекеттік басқаруға қатыса алады. Көп адамдар өз мәселелерін шешуде мемлекеттік органдарға жүгінеді. Бәрі да сайлауға қатысады. Қандай да бір деңгейде басқарылу объектілеріне де айналады. Мемлекеттік қызметкерлер қоғамда дайындалып, қоғаммен пісіп жетіледі. Қоғамның адамзаттық потенциалы қандай болса, мемлекеттік орган қызметкерлері де сондай. Деген мен адамдардың кей категориясы мемлекеттік ұйымдастыру-басқару функцияларына арнайы кәсіби дайындықпен келеді.
Қазақстан Республикасын мемелекеттік қызметті реттейтін 1999 жылы ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңы қабылданды. Бұл заң бойынша мемлекеттің әкімшілік және саяси қызмет лауазымдары бар. Мемлекеттік әкімшілік қызметші мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органдарды тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы) босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар имен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
ҚР-ның мемлекеттік қызметшісі - мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық және жергілікті бюджеттен не ҚР-сы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.
Тапсырма:
1. Мәтінді аудару
2. 2. Сөздік құрастыру


Скачать


zharar.kz