Кристоф Виллибальд Глюк
(1714 – 1787)
Глюк өзінің шығармашылығында опрены жоғары қойды. Өйткені, Глюктің айтуы бойынша оперваны адамдар тек тыңдап қана қоймай, содан өнеге, тәрбие алуы дұрыс. Глюк үшін операның мазмұны маңызды рөль атқарады. Операның реформасы либреттоның реформасы деп саналды. Глюк өзінің операларын басқа композиторлардың операларына ұқсамайтын, драманы қарапайымдылап шығарғысы келді. Және оның мазмұны жоғары дәрежеде, адамды тәртіпке үйрететін қатаң, жоғары этикалық идеалға сәйкес болуын қалаған.
Глюк операларының негізгі тақырыптары – батырлық, халық үшін, оның амандығы, бақыты үшін күресу. Дәл осы тақырыптар арқылы Глюк жастарға адамның адам болуын үйретеді.
Композитор ерте ғасырлардағы авторларға ұқсағысы келіп, мифологиялық тақырыптарға жазбақшы болады. Дегенмен, Глюктің шығармашылығында ондай тақырптар байқалмайды. Ондай тақырыптарлды тек XVIII ғ. жиі қолдана бастайды, және осы тақырып Буржуазиялық революцияға дайындық болғандай. Глюк трактовкадан бас тартып, операларына халақтық әуендерін қоса бастайды. Басты тақырыбы – жақын адам үшін жан беру, адалдық.
Глюк шығармашылығы (опералары) басқа композиторлардан айырмашылығы – операның мазмұны адам жанына жақын, күнделікті өмірде болатын істер, адамдық қасиеттер, қарапайымдылық драмалық операның әуенімен үйлесіп жатуы. Композитордың негізгі мақсаты – музыкада (операда) темпті кішкене азайтып, вокал жағына көп көңіл бөлу.
Глюк опералардың стилін өзгертті. Ол seria операсының ариясына сүйенді. Әшекейлерді азайтқаннан соң әуен өте кең, толық болып өзгереді. Композитор тұрмыс- тіршілікке байланысты әуендерді қолданады. Оның шығармашылығында шығармалардың әуендері маңызды рөль атқарады.
Композитор сөз бен әуеннің үйлесуі үшін көп жұмыс істейді. Secco речитативтерін сүйелденген речитативтерге айырбастайды. Сонымен қатар оркестрдің партиялары да маңызды рөль атқарады. Операның толық мазмұнын, формасын ашатын және операның қандай мінезбен орындалатынын көрсететін – оркестрдің сүйемелдеуі.
Глюк арияларды да өзгертеді. Ол үлкен формадан бас тартып (da capo), импровизаторлық бостандыққа жол береді.
Глюк шығармаларында шағын аяқталған ариялар бар. Мұнда басты мақсат – сөз бен әуеннің үйлесуі. Сонымен қатар, басты кейіпкердің не айтқысы келгенін толық жеткізу.
Глюктің идеалы бойынша операда музыка драманың соңынан жүруі және эмоциялық – психологиялық сезім арқылы мазмұнын ашу қажет.
Жаңадан қолданыла бастаған хор да бар. Хор Глюк операларын байыта түсті. Сонымен қатар балет те маңызды элементтерінің бірі болған. Операға би нөмірлері қосылған француз стиліне ұқамайтын ерекше шығарма жазған.
Тағы айта кететін жайт – Глюк операға увертюраны қосқан. Оның ойынша опера мен увертюра – бір бүтін.