1- межелік бақылауға арналған тест сұрақтары алынған тақырыптар тізімі мен мазмұны
1-тақырып. Металдардың атомдық-кристалдық құрлысы. Жалпы сипаттамалар және металдарды зерттеудің физикалық және структуралық тәсілдері. Қорытпа. Металл қорытпасы. Жүйе. Компонент. Фаза. Кристалдық тордың түрлері. Кристалды тордың негізгі сипаттамалары. Металдар анизотропиясы. Металдардың нақты құрлысы. Металдардағы ақаулардың түрлері және олардың металл қасиеттеріне әсері.
2-тақырып. Кристалдану кезіндегі металл құрылымының қалыптасуы. Гомогенді кристалдану. Кристалдану процесінің механизмі. Кристалдану кезіндегі суынудың термиялық қисықтары. Кристалдану орталықтарының саны және олардың өсу жылдамдығы. Түйіршік өлшемі. Өскіндерінің гетерогенді түзілуі. Модификациялау. Металл кесегінің құрлысы. Полиморфты түрленулер.
3-тақырып. Қорытпалар теориясы және күй диаграммалары. Қатты ерітінділер және оның түрлері. Механикалық қоспа. Химиялық қосылыс. Қорытпалар күйі диаграммасының түрлері. Гиббс заңы немесе фазалар ережесін және кeсінділер ережесін қолдану. Еркіндік дәрежесінің саны немесе жүйе варианттылығы. Қатты күйінде ерігіштігі шектеусіз, ерігіштігі жоқ және ерігіштігі шектеулі компоненттері бар қорытпалар күйі диаграммасы. Химиялық қосылыстар түзетін қорытпалар күйі диаграммасы. Қатты күйінде түрленуге ұшырайтын қорытпалар күйі диаграммасы. Күй диаграммасы типі мен қорытпалар қасиеттері арасындағы байланыс (Курнаков заңы).
4-тақырып. Металдардың деформациясы және деформацияланған металдың құрылымы мен құрлысына қыздырудың әсері. Кернеу түрлері. Серпімді және пластикалық деформация. Сыңарлану. Поликристалдардың пластикалық деформациясы. Деформация текстурасы. Поликристалды металдың деформациялық беріктенуі. Металдар мен қорытпалардың сверхпластикалық қасиеті. Металдардың қирауы. Деформацияланған металдардың құрылымы мен қасиеттеріне қыздырудың әсері. Қайту және полигонизация. Рекристализация. Суық және ыстық деформациялар.
5-тақырып. Металдардың механикалық қасиеттері. Механикалық қасиеттердің жалпы сипаттамасы. Статикалық сынау арқылы анықталатын механикалық қасиеттер. Металдардың қаттылығы. Динамикалық сынау арқылы анықталатын механикалық қасиеттер. Ауыспалы (циклді) жүктелу кезінде анықталатын механикалық қасиеттер. Металдардың тозуы. Металдардың беріктігін арттыру жолдары.
6-тақырып. Теміркөміртекті қорытпалар. Темір көміртекті қорытпалардың фазалары мен компоненттері. Темір-цементит жүйесі күй диаграммасы. Темір-графит жүйесі күй диаграммасы. Көміртегі мен тұрақты (технологиялық) қоспалардың болаттың қасиеттеріне әсері. Легірлеуші металдардың темір полиморфизміне әсері. Легірленген болаттардағы фазалар. Легірленген болаттардың структуралық кластары.
7-тақырып. Шойындар. Негізгі түсініктер. Ақ және құйылғыш сұр шойындар, олардың қасиеттері мен қолданылуы. Беріктігі жоғары шойындар, олардың қасиеттері мен қолданылуы. Соғылғыш шойындар, олардың қасиеттері мен қолданылуы. Арнаулы шойындар.