Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

Скачать

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Экономика, бизнес және құқық колледжі

Бухгалтерлік есепке заңнамалы- нормативтік құжаттардың әдістемелік жинағы

0705002 Бухгалтерлік есеп және аудит, 0703002 Қыржы салалар бойынша мамандықтарға арналған

Қарағанды қ.
2008 ж.

Жинақтап құрастырған Өмірбаева З.М.
Сын берушілер: э.ғ.к., ҚҚЭУ профессоры Мадиева К.С.
МСК Сарыжайлау ДҮ бас бухгалтері Абудова Р.А.

Бухгалтерлік есепке әдістемелік жинағы.
Оқу тәжірибелік құрал.
Қарағанды қ. 2008 ж. 350бет.

Оқу тәжірибелік құралда кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепке қажетті заңнамалы нормативті-құқықтық құжаттармен ережелер қарастырылған.
Оқу тәжірибелік құрал экономика саласындағы мамандықтарда оқитын оқушыларды әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге жасалған. Осыған орай әдістемелік оқу құралда нормативті құжаттардан басқа оқу бағдарлама бойынша қарастырылған бухгалтерлік есептін материалдары және жиі қолданатын экономика тіліндегі сөздерге түсініктемелер келтірілген.
Оқу тәжірибелік құрал экономика мамандығында оқитын оқушылармен студенттер және өз бетімен бухгалтерлік есепті меңгеретін тұлғаларға арналған.

Кіріспе
Білім - өсу және жеке тұлғаны дамыту ұшін.
ҚҚЭУ –тінің ұраны

Қазақстандық бухгалтерлік есепті халықаралық қыржылық есеппен жақындату барысында кейінгі кезде қазақстандық бухгалтерлік есеп жиі және өте көп өзгерістерге ұшырап жатыр. 2007ж. 28.02. Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілігі туралы Заңға сәйкес Қазақстанда бухгалтерлік есеп ұлттық және халықаралық қаржылық стандарттарына сәйкес жасалу тиіс. Бүгінгі күнге ҚР ҚМ ұлттық қаржылық есептілік стандарттары № 1,2 жасалып бекітілген.
№1 ҰҚЕС жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтау мақсатында Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
№2 ҰҚЕС шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілігті жасау тәртібін анықтау мақсатында қарастырылған.
Қаржылық есептілік бүгінгі күнге – негізгі ақпараттау құжат, бұл құжаттың мәліметтері бизнесті басқару барысында тиімді шешімдер қабылдау үшін қажет.
Заңнамалы, нормативті-құқықтық құжаттарда жиі жасалатын өзгерістермен қосымшалар есептік құжаттарға да сол өзгерістерді еңгізуді мәжбүр еткізеді. Сондықтан ұсынылып отырған бухгалтерлік есепке әдістемелік жинағы өте орынды және қажетті тек оқу процесіне ғана емес өз бетімен бухгалтерлік есепті меңгеретін тұлғаларға да орынды. Әдістемелік жинағында бухгалтерлік есепті жүргізуге қажетті құжаттар жинақталған – бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі туралы Заң, № 1,2 ҰҚЕС, бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі, есеп саясаттың үлгісі, еңбек кодексі, № 2 ҰҚЕС бойынша типтік операциялары.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 23 мамыр
№ 185 бұйрығымен
бекітілген

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
1. Жалпы ережелер

1. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары (бұдан әрі – Үлгілік жоспар) Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Үлгілік жоспар

2. Үлгілік жоспар қаржылық есептілік элементтерін топтауға және құндық мәнде ағымдағы көрсетуге арналған.
3. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Үлгілік жоспарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтімділігін азайту тәртібімен орналастырылған. Үлгілік жоспарда бухгалтерлік есеп шоттары нөмірлерінің төрт саны бар. Нөмірдің бірінші саны бөлімдерге тиістілігін, екіншісі – кіші бөлімдерге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін көрсетеді, төртінші санды ұйым дербес анықтайды.
Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
3. Үлгілік жоспардың бөлімдері
5. Үлгілік жоспар мынадай бөлімдерді қамтиды:
1-бөлім – Қысқа мерзімді активтер;
2-бөлім – Ұзақ мерзімді активтер;
3-бөлім – Қысқа мерзімді міндеттемелер;
4-бөлім – Ұзақ мерзімді міндеттемелер;
5-бөлім – Капитал мен резервтер;
6-бөлім – Кірістер;
7-бөлім – Шығыстар;
8-бөлім – Өндірістік есепке алу шоттары.

4. Қысқа мерзімді активтер 1 бөлімінің шоттары
6. Қысқа мерзімді активтер 1бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйымның активтерін есепке алуға арналған.
7. Қысқа мерзімді активтер 1 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
1000 – Ақша қаражаты;
1100 – Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары;
1200 – Қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
1300 – Қорлар;
1400 – Ағымдағы салық активтері;
1500 – Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер;
1600 – Өзге қысқа мерзімді активтер.
8. 1000 Ақша қаражаты кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1010 – Кассадағы ақша қаражаты, онда кассадағы ұлттық және шетел валюталарымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1020 – Жолдағы ақша қаражаты, онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1030 – Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты, онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1040 – Карт-шоттардағы ақша қаражаты, онда карт-шоттардағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1050 – Жинақ шоттарындағы қаражаты, онда жинақ шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады;
1060 – Өзге ақша қаражаты, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады.
9. 1100 Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары кіші бөлімі қысқа мерзімді қаржы инвестицияларын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1110 – Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар, онда ұйымдардың мерзімі бір жылға дейін берген қарыздары есепке алынады;
1120 – Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржы активтері, онда бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады;
1130 – Өтеуге дейін ұсталынатын қысқа мерзімді инвестициялар, онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;
1140 – Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
саудаға арналған қаржы активтері;
1150 – Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар есепке алынады.
10. 1200 Қысқа мерзімді дебиторлық берешек кіші бөлімі қысқа мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1210 – Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220 – Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар-жоғы мен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер және көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда филиалдардың шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250 – Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар;
қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды (кемшін шығу, талан-таражға салу, бүліну және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу және қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 – Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек, онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 – Алуға қысқа мерзімді сыйақылар, онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1280 – Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1290 – Күмәнді талаптар бойынша резерв, онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.
11. 1300 Қорлар кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1310 – Шикізат және материалдар, онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;
1320 – Дайын өнім, онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 – Тауарлар, онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 – Аяқталмаған өндіріс, онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 – Өзге қорлар, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 – Қорларды есептен шығару бойынша резерв, онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.
12. 1400 Ағымдағы салық активтері кіші бөлімі бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1410 – Корпорациялық табыс салығы, онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 – Қосылған құн салығы, онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 – Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
13. 1500 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер кіші бөлімі егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1510 – Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер, онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 – Сатуға арналған істен шығатын топтар, онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.
14. 1600 Өзге қысқа мерзімді активтер кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1610 – Берілген қысқа мерзімді аванстар, онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1620 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
1630 – Өзге қысқа мерзімді активтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді активтер бойынша операциялар есепке алынады.

5. Ұзақ мерзімді активтер 2 бөлімінің шоттары

15. Ұзақ мерзімді активтер 2 бөлімінің шоттары, ұйымның ұзақ мерзімді ретінде топтастырылатын активтерін есепке алуға арналған.
Ұзақ мерзімді активтер 2 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
2000 – Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар;
2100 – Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
2200 – Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар;
2300 – Инвестициялық жылжымайтын мүлік;
2400 – Негізгі құралдар;
2500 – Биологиялық активтер;
2600 – Барлау және бағалау активтері;
2700 – Материалдық емес активтер;
2800 – Кейінге қалдырылған салықтық активтер;
2900 – Өзге ұзақ мерзімді активтер.
16. 2000 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда ұзақ мерзімді активтерді қаржылық инвестициялар есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2010 – Ұзақ мерзімді берілген қарыздар, онда ұйым бір жылдан асатын мерзімге берген қарыздар есепке алынады;
2020 – Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар, онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;
2030 – Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:
ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек,
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
2040 – Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.
17. 2100 Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған.Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2110 – Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді берешегі, онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;
2120 – Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2130 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және бірлескен ұйымдардың өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешектері көрсетіледі;
2140 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;
2150 – Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі, онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғалысымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;
2160 – Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есепке алынады;
2170 – Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар, онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржылық инвестициялар, сенімгерлік басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
2180 – Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.
18. 2200 Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды есепке алуға арналған.
2210 – Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар, онда үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын қауымдастырылған және тәуелді ұйымдарға берілетін инвестициялар бойынша операциялар көрсетіледі.
19. 2300 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар кіші бөлімі инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2320 – Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы, онда инвестициялық жылжымайтын мүлік амортизациясының сомасы шоғырландырылады.
2330 – Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын - онда егер ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікті бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүліктің барлық объектілері іс жүзіндегі шығындардан жинақталған амортизацияны және құнсызданған активтердің жинақталған шығындарын қоспай өлшенетін іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алудың моделін таңдаған жағдайда құнсызданудан болған сома шоғырландырылады.
20. 2400 Негізгі құралдар кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2410 – Негізгі құралдар;
2420 – Негізгі құралдардың амортизациясы;
2430 – Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар.
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
жер;
жер және ғимараттар;
машина жабдығы;
кемелер;
ұшақтар;
автокөліктік құралдары;
жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;
кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшеутеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шоттар тобы арналған.
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар шоттар тобына арналған.
21. 2500 Биологиялық активтер кіші бөлімі ауыл шаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2510 – Өсімдіктер;
2520 – Жануарлар.
22. 2600 Барлау және бағалау активтері кіші бөлімі минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға дейінгі қызмет барысында, сондай-ақ минералдық ресурстарды өндірудің техникалық жағынан жүзеге асушылығы және коммерциялық орындылығы айқын болғаннан кейін шеккен шығыстарды қоспағанда минералдық ресурстарды барлау мен бағалауға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2610 – Барлау және бағалау активтері, онда шығыстарды барлау және бағалау активтері ретінде танумен байланысты операциялар көрсетіледі.
2620 – Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы, онда барлау және бағалау активтері амортизациясының сомасы шоғырландырылады.
2630 – Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар, онда барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.
23. 2700 Материалдық емес активтер кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2710 – Гудвилл, онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;
2720 – Гудвиллдің құнсыздануы, онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – Өзге материалдық емес активтер, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
тауарлық белгілер;
титулдық және баспа құқықтары;
компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;
лицензиялар мен франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар;
рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
2740 – Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы, онда материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;
2750 – Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар, онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.
24. 2800 Кейінге қалдырылған салықтық активтер кіші бөлімі қалдырылған корпорациялық табыс салығын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2810 Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер, онда мыналарға:
шегерілетін мезгілдік айырмаға,
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге.
25. 2900 Өзге ұзақ мерзімді активтер кіші бөлімі алдыңғы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2910 – Берілген ұзақ мерзімді аванстар, онда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
2920 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;
2930 – Аяқталмаған құрылыс, онда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:
негізгі құралдарды салуға байланысты;
келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;
2940 – Өзге ұзақ мерзімді активтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.

6. Қысқа мерзімді міндеттемелер 3 бөлімінің шоттары

26. Қысқа мерзімді міндеттемелер 3 бөлімінің шоттары қысқа мерзімді ретінде жіктелетін ұйым міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Қысқа мерзімді міндеттемелер 3 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
3000 – Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер;
3100 – Салықтар бойынша міндеттемелер;
3200 – Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер;
3300 – Қысқа мерзімді кредиторлық берешек;
3400 – Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері;
3500 – Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер.
27. 3000 Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері кіші бөлімі қысқа мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, бір жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3010 – Қысқа мерзімді банктік қарыз, онда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
3020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар, онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар есепке алынады;
3030 – Қатысушылардың дивидендтері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда жарғылық капиталда үлесі бар заңды тұлға қатысушыларына акциялар бойынша дивидендтерді және кірістерді есептеу және төлеу бойынша операциялар көрініс табады;
3040 – Ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мұнда ұзақ мерзімді қаржы міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі, мысалы қаржылық жал, қарыздар бойынша міндеттемелер есепке алынады;
3050 – Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері есепке алынады.
28. 3100 Салық бойынша міндеттемелер кіші бөлімі ұйымның салық төлеу жөніндегі міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3110 – Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы, мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
3120 – Жеке табыс салығы, мұнда жеке табыс салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3130 – Қосылған құн салығы, мұнда қосылған құн салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар есепке алынады;
3140 – Акциздер, мұнда акциздерді есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3150 – Әлеуметтік салық, мұнда әлеуметтік салықты есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3160 – Жер салығы, мұнда жер салығын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3170 – Көлік құралдары салығы, мұнда көлік құралдарына салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3180 – Мүлік салығы, мұнда мүлікке салық есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3190 – Өзге салықтар, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге салықтарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
29. 3200 Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер кіші бөлімі, салықты алып тастағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеуге тиісті міндетті және ерікті төлемдерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3210 – Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер, мұнда әлеуметтік сақтандыру бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3220 – Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер, мұнда зейнетақы аударымдарын есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3230 – Басқа міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер, мұнда басқа міндетті төлемдер, мысалы алымдар, мемлекеттік баждар, төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3240 – Басқа ерікті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер, мұнда басқа ерікті төлемдер бойынша аударымдарды есептеумен және төлеумен байланысты операциялар көрініс табады.
30. 3300 Қысқа мерзімді кредиторлық берешек кіші бөлімі бір жылға дейінгі мерзіммен кредиторлық берешекті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3310 – Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда бір жылдан кем төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, сатып алынған активтер мен пайдаланылған қызметтер үшін жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар жөнінде операциялар және жеткізушілердің мердігерлерге өзге қысқа мерзімді берешегі көрініс табады;
3320 – Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3330 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда бір жылға дейінгі мерзіммен сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3340 – Филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда филиалдар және құрылымдық бөлімшелер шоттарына ақша қаражатының түсуі және оны есептен шығару жөніндегі операциялар және филиалдарға және құрылымдық бөлімшелерге өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
3350 – Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек, мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3360 – Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек, мұнда қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;
3370 – Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі, мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
3380 – Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар, алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;
3390 – Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
31. 3400 Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері кіші бөлімі белгісіз уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде анықталған қысқа мерзімді бағалау міндеттемелерін есептеуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3410 – Қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелер, мұнда бір жылға дейінгі кепілдік мерзімімен іске асырылған өнімдер және көрсетілген қызметтер бойынша кепілдік міндеттемелер жөніндегі резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге қысқа мерзімді кепілдік міндеттемелері көрініс табады;
3420 – Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер, мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;
3430 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
3440 – Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
32. 3500 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
3510 – Алынған қысқа мерзімді аванстар, мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
3520 – Алдағы кезеңдердің кірістері, мұнда ағымдағы айда алынған, бірақ есепті кезеңнің болашақ айларына жатқызылатын кірістер көрініс табады;
3530 – Сатуға арналған қатардан шығатын топтың міндеттемелері, онда сатуға арналған қатардан шығарылатын топтың міндеттемелері көрініс табады;
3540 – Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер, мұнда алдағы топтарды көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

7. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 бөлімінің шоттары

33. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 бөлімінің шоттары ұзақ мерзімді болып сыныпталатын ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға арналған.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
4000 – Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер;
4100 – Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
4200 – Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері;
4300 – Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер;
4400 – Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер.
34. 4000 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер кіші бөлімі ұзақ мерзімді кредиторлық берешекті алып тастағанда, ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4010 – Ұзақ мерзімді банктік қарыздар, бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
4020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар, онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар есепке алынады;
4030 – Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қаржылық міндеттемелер есепке алынады.
35. 4100 Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек кіші бөлімі бір жылдан асатын мерзіммен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4110 – Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек, мұнда бір жылдан асатын төлеу мерзімімен қорларды жеткізу немесе қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда сатып алынған активтерге және пайдаланылған қызметтерге жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысудың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін өзге ұзақ мерзімді берешек көрініс табады;
4120 – Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
4130 – Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, мұнда бір жылдан асатын мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады;
4140 – Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, мұнда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады;
4150 – Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек, мұнда бір жылдан астам қаржылық жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;
4160 – Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар, мұнда алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төлеуге арналған есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және төлеуге арналған өзге ұзақ мерзімді сыйақылар көрініс табады;
4170 – Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады.
36. 4200 Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері кіші бөлімі ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелерін анықталмаған уақытпен және сомамен міндеттемелер ретінде есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4210 – Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер, мұнда бір жылдан жоғары кепілдік мерзімімен іске асырылған өнім жөніндегі кепілгерлік міндеттемелер бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4220 – Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4230 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
4240 – Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
37. 4300 Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер кіші бөлімі кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер есепке алуға арналған.
4310 Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер, мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.
38. 4400 Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер кіші бөлімі алдағы кіші бөлімдерде көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
4410 – Алынған ұзақ мерзімді аванстар, мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету өзге алынған аванстар негізінде, сондай-ақ жеткізушілерге ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
4420 – Алдағы кезеңдердің кірістері, мұнда болашақ есепті кезеңге жатпайтын, ағымдағы есепті кезеңде алынған кірістер көрініс табады;
4430 – Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер, мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер есепке алынады.

8. Капитал мен резервтер 5 бөлімінің шоттары

39. Капитал мен резервтер 5 бөлімінің шоттары капитал мен резервтерді есепке алуға арналған.
Капитал мен резервтер 5 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
5000 – Жарғылық капитал;
5100 – Төленбеген капитал;
5200 – Сатып алынған меншікті үлес құралдары;
5300 – Эмиссиялық кіріс;
5400 – Резервтер;
5500 – Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал);
5600 – Қорытынды пайда (қорытынды залал).
40. 5000 Жарғылық капитал кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 – Артықшылықты акциялар, онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;
5020 – Қарапайым акциялар, онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;
5030 – Салымдар мен пай, онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.
41. 5100 Төленбеген капитал кіші бөлімі төленбеген капиталды есепке алуға арналған
5110 – Төленбеген капитал, онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.
42. 5200 Сатып алынған меншікті үлес құралдары кіші бөлімі сатып алынған меншікті үлес құралдарын есепке алуға арналған.
5210 – Сатып алынған меншікті үлес құралдары, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
43. 5300 Эмиссиялық кіріс кіші бөлімі эмиссиялық кірісті есепке алуға арналған.
5310 – Эмиссиялық кіріс, онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.
44. 5400 Резервтер кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 – Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5420 – Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв, онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 – Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв, онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 – Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв, онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5450 – Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв, онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмаларн көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;
5460 – Өзге резервтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.
45. 5500 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 – Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы), онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;
5520 – Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы), онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.
46. 5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал) кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.
5610 – Қорытынды пайда (қорытынды залал) есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.

9. Кірістер 6 бөлімінің шоттары

47. Кірістер 6 бөлімінің шоттары кірістерді есепке алуға арналған.
Кірістер 6 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
6000 – Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс;
6100 – Қаржыландырудан алынатын кірістер;
6200 – Басқа да кірістер;
6300 – Қысқартылатын қызметке байланысты кірістер;
6400 – Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі.
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – Қорытынды пайда (қорытынды залал) тобының шоттарына жабылады.
48. 6000 Өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кіріс кіші бөлімі өнімді сатудан және қызметтерді ұсынудан түсетін кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6010 – Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс, онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020 – Сатылған өнімді қайтару, онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6030 – Бағадан және сатудан түсетін жеңілдіктер, онда бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетіледі.
49. 6100 Қаржыландырудан түсетін кіріс кіші бөлімі қаржыландырудан түсетін кірісті есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6110 – Сыйақылар бойынша кірістер, онда қаржылық активтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі, мәселен депозиттер, берілген қарыздар;
6120 – Дивидендтер бойынша кірістер, онда бағалы қағаздар бойынша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6130 – Қаржылық жалдау бойынша кірістер, онда активтерге қаржылық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6140 – Инвестициялық жылжымайтын мүлік операцияларынан алынатын кірістер, онда капитал құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың бөлігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6150 – Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер, онда қаржылық активтің әділ құнын өзгертуден кірістерді алумен байланысты операциялар немесе кіріс ретінде оның өзгеруін тани отырып әділ құн бойынша бағаланатын міндеттемелер көрсетіледі;
6160 – Қаржыландырудан түсетін басқа да кірістер, онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі.
50. 6200 – Басқа да кірістер кіші бөлімі басқа да кірістерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6210 – Активтердің шығуынан алынатын кірістер, онда мынадай активтерді, мәселен негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатудан түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6220 – Өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер, онда өтеусіз алынған активтерге байланысты операциялар көрсетіледі;
6230 – Мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер, онда мемлекеттік субсидиялардан кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6240 – Құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер, онда қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес пайда және залал туралы есепте кіріс ретінде танылатын активтердің құнсыздануынан залалды қалпына келтірумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6250 – Бағамдық айырмадан түсетін кірістер, онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
6260 – Операциялық жалдаудан түсетін кірістер, онда активтерге операциялық жалдауға берілген кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6270 – Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер, онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;
6280 – Өзге кірістер, онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да кірістерді алуға байланысты операциялар көрсетіледі:
шарттардың талаптарын бұзғаны үшін есептелген айыппұлдардан, өсімақыдан, тұрақсыздық айыптарынан алынатын кіріс;
түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артығы;
келтірілген шығындарды өтеу;
қолданыстағы заңнамада белгіленген талап қоб мерзімі өткен кредиторлық берешекті есептен шығарудан түсетін кіріс;
қалпына келтірілген бағалау мііндеттемелерінің сомасы;
қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлық табыстар;
сақтандыру жағдайлары;
өзге кірістер.
51. 6300 – Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер кіші бөлімі қысқартылатын қызметке байланысты кірістерді есепке алуға арналған.
6310 – Қысқартылатын қызметпен байланысты кірістер, онда міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулардан алынатын кірістерге байланысты операциялар көрсетіледі.
52. 6400 Үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
6410 – Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі, онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;
6420 – Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі, онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген бірлескен ұйымдардың пайда үлесі ескеріледі.

10. Шығыстар 7 бөлімінің шоттары

53. Шығыстар 7 бөлімінің шоттары шығыстарды есепке алуға арналған.
Шығыстар 7 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
7000 – Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
7100 – Өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар;
7200 – Әкімшілік шығыстар;
7300 – Қаржыландыруға арналған шығыстар;
7400 – Басқа да шығыстар;
7500 – Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар;
7600 – Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалдағы үлесі;
7700 – Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар.
Есепті кезеңнің соңында осы бөлімнің шоттары 5610 – Қорытынды пайда (қорытынды залал) тобының шоттарына жабылады.
54. 7000 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны кіші бөлімі сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға арналған.
7010 – Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны, онда сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны ескеріледі.
55. 7100 – Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар кіші бөлімі өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.
7110 – Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар онда өнімдерді сатумен және қызметтер көрсетумен байланысты шығыстар есепке алынады.
56. 7200 Әкімшілік шығыстар кіші бөлімі әкімшілік шығыстарды есепке алуға арналған.
7200 – Әкімшілік шығыстар, онда өндірістік процеспен байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары ескеріледі.
57. 7300 – Қаржыландыруға арналған шығыстар кіші бөлімі қаржыландыруға арналған шығыстарды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7310 – Сыйақылар бойынша шығыстар, онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
7320 – Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар, онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға;
7330 – Қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден алынатын шығыстар, онда әділ құн бойынша бағаланатын қаржылық актив немесе міндеттеменің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар көрсетіледі;
7340 – Қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар, онда алдындағы топтарда көрсетілмеген қаржыландыруға арналған басқа да шығыстар көрсетіледі.
58. 7400 Басқа да шығыстар кіші бөлімі басқа да өндірістік емес шығыстарды есепке алуға арналған, ол әдеттегі қызмет процесіне қарамастан туындайды.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7410 – Активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар, онда активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, мысалы негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сату, өтеусіз беру және есептен шығару жөніндегі шығыстар, бөлшектеу жөніндегі шығыстар ескеріледі;
7420 – Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар, онда активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар ескеріледі;
7430 – Бағамдық айырма бойынша шығыстар, онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі;
7440 – Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар, онда резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар ескеріледі;
7450 – Операциялық жалдау бойынша шығыстар, онда операциялық жалдау бойынша шығыстар ескеріледі;
7460 – Биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар, онда биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін шығыстар ескеріледі;
7470 – Басқа да кірістер, онда өткен топтарда көрсетілмеген басқа да шығыстар ескеріледі:
шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары;
түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың жетіспеуі;
келтірілген шығындарды өтеу;
сот шығындарын және төрелік алымдарды өтеуге арналған шығыс;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар;
бағалауға және барлауға арналған, капиталдандыруға жатпайтын шығыстар;
қызметкерлерге сыйақылар бойынша актуарлы шығындар;
сақтандыру жағдайлар бойынша шығындар;
өзге де шығыстар.
59. 7500 Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар кіші бөлімі қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстарды есепке алуға арналған.
7510 – Қысқартылатын қызметпен байланысты шығыстар, онда қысқартылатын қызметпен байланысты міндеттемелер бойынша сатылған активтер немесе есеп айырысулар бойынша шығыстар ескеріледі.
60. 7600 Үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалындағы үлес кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
7610 – Қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлес, онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі;
7620 – Бірлескен ұйымдардың залалындағы үлес онда үлестік қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі.
61. 7700 - Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар кіші бөлімі корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстарды есепке алуға арналған.
7710 – Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар, онда корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар ескеріледі.

11. Өндірістік есепке алу шоттары 8 бөлімінің шоттары

62. Өндірістік есепке алу шоттары 8 бөлімінің шоттары ұйымдардың өнімді өндіруге және қызметтер көрсетуге арналған шығындарын есепке алуға арналған. Осы бөлімнің шоттарында олардың пайда болу орындары және басқа да белгілері бойынша шығындарды топтау, сондай-ақ дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жүзеге асырылады.
Өндірістік есепке алу шоттары 8 бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды:
8100 – Негізгі өндіріс;
8200 – Жеке меншік өндірістің жартылай фабрикаттары;
8300 – Көмекші өндірістер;
8400 – Жүкқұжат шығыстары.
63. 8100 Негізгі өндіріс кіші бөлімі негізгі өндірістегі шығындарды есепке алуға арналған.
8110 – Негізгі өндіріс, онда негізгі өндіріске арналған шығындар, оның ішінде шикізат пен материалдардың шығыс, тікелей негізгі өндірісте айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы және еңбекақысының сомасынан шегерімдер, негізгі өндіріске жатқызылған үстеме шығыстар есепке алынады.
64. 8210 – Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар, онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығындар ескеріледі;
8210 Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар, онда жартылай фабрикаттарды өндіруге арналған шығыстар есепке алынады;
65. 8300 Көмекші өндірістер көмекші өндіріс шығындарын есепке алуға арналған.
8310 Көмекші өндірістер, онда ұйымның негізгі өндірісіне қатысты көмекші болып табылатын өндірістердің шығындары есепке алынады.
66. 8400 Жүкқұжат шығыстары кіші бөлімі жүкқұжат шығыстарын есепке алуға арналған.
8410 – Жүкқұжат шығыстары, онда негізгі және қосымша өндірістер, сондай-ақ жеке өндірілген жартылай фабрикаттар бойынша жүкқұжат шығыстары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына қосымша

1-бөлім. Қысқа мерзімді активтер

1000
Ақша қаражаттары
1010
Кассадағы ақша қаражаты
1020
Жолдағы ақша қаражаты
1030
Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты
1040
Карт-шоттардағы ақша қаражаты
1050
Жинақ шоттарындағы қаражаты
1060
Өзге ақша қаражаты

1100
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1110
Қысқа мерзімді берілген қарыздар
1120
Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер
1130
Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар
1140
Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар
1150
Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1200
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1210
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1220
Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1230
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1240
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1250
Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
1260
Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1270
Алуға арналған қысқа мерзімді сыйақылар
1280
Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек
1290
Күмәнді талаптар бойынша резерв

1300
Қорлар
1310
Шикізат және материалдар
1320
Дайын өнім
1330
Тауарлар
1340
Аяқталмаған өндіріс
1350
Өзге қорлар
1360
Қорларды есептен шығару бойынша резерв

1400
Ағымдағы салықтық активтер
1410
Корпорациялық табыс салығы
1420
Қосылған құн салығы
1430
Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

1500
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1510
Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
1520
Сатуға арналған істен шығатын топ

1600
Өзге қысқа мерзімді активтер
1610
Берілген қысқа мерзімді аванстар
1620
Алдағы кезеңдердің шығыстары
1630
Өзге қысқа мерзімді активтер

2-бөлім. Ұзақ мерзімді активтер

2000
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2010
Ұзақ мерзімді берілген қарыздар
2020
Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар
2030
Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
2040
Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2100
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 
2110
Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  ұзақ мерзімді берешегі
2120
Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2130
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2140
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2150
Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2160
Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2170
Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
2180
Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2200
Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар
2210
Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2300
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 
2310
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар 
2320
Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың амортизациясы
2330
Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың құнсыздануынан шығын

2400
Негізгі құралдар
2410
Негізгі құралдар
2420
Негізгі құралдардың амортизациясы
2430
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар

2500
Биологиялық активтер
2510
Өсімдіктер
2520
Жануарлар

2600
Барлау және бағалау активтері
2610
Барлау және бағалау активтері
2620
Барлау және бағалау активтерінің амортизациясы
2630
Барлау және бағалау активтерінің құнсыздануынан болатын шығындар

2700
Материалдық емес активтер
2710
Гудвилл
2720
Гудвиллдің құнсыздануы 
2730
Өзге материалдық емес активтер
2740
Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы
2750
Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар

2800
Кейінге қалдырылған салықтық активтер
2810
Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

2900
Өзге ұзақ мерзімді активтер
2910
Берілген ұзақ мерзімді аванстар
2920
Алдағы кезеңдердің шығыстары
2930
Аяқталмаған құрылыс
2940
Өзге ұзақ мерзімді активтер

3-бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер

3000
Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3010
Қысқа мерзімді банктік қарыздар
3020
Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар
3030
Қатысушылардың дивидендтері мен кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3040
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі
3050
Өзге қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

3100
Салықтар бойынша міндеттемелер
3110
Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы
3120
Жеке табыс салығы
3130
Қосылған құн салығы
3140
Акциздер
3150
Әлеуметтік салық
3160
Жер салығы
3170
Көлік құралдары салығы
3180
Мүлік салығы
3190
Өзге салықтар

3200
Басқа да міндетті және еркін төлемдер бойынша міндеттемелер
3210
Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер
3220
Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер
3230
Басқа да міндетті төлемдер бойынша өзге міндеттемелер
3240
Басқа да еркін төлемдер бойынша өзге міндеттемелер

3300
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3310
Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек
3320
Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3330
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3340
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3350
Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек
3360
Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек
3370
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі 
3380
Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар
3390
Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

3400
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3410
Қысқа мерзімді кепілгерлік міндеттемелер
3420
Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер
3430
Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері
3440
Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

3500
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер
3510
Алынған қысқа мерзімді аванстар
3520
Алдағы кезеңдердің кірістері
3530
Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері
3540
Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

4-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

4000
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
4010
Ұзақ мерзімді банктік қарыздар
4020
Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар
4030
Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер

4100
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4110
Берушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек
4120
Еншілес ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4130
Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4140
Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек
4150
Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек 
4160
Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
4170
Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек

4200
Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4210
Ұзақ мерзімді кепілгерлік міндеттемелер
4220
Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4230
Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері
4240
Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері

4300
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер
4310
Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

4400
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер
4410
Алынған ұзақ мерзімді аванстар
4420
Алдағы кезеңдердің кірістері
4430
Өзге ұзақ мерзімді міндеттемелер

5-бөлім. Капитал мен резервтер

5000
Жарғылық капитал
5010
Артықшылықты акциялар
5020
Қарапайым акциялар
5030
Салымдар мен пай

5100
Төленбеген капитал
5110
Төленбеген капитал

5200
Сатып алынған меншікті үлес құралдары
5210
Сатып алынған меншікті үлес құралдары

5300
Эмиссиялық кіріс
5310
Эмиссиялық кіріс

5400
Резервтер
5410
Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал
5420
Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв
5430
Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв
5440
Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв
5450
Шетел қызметі бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв 
5460
Өзге резервтер

5500
Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)
5510
Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)
5520
Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы)

5600
Қорытынды кіріс (қорытынды залал)
5610
Қорытынды кіріс (қорытынды залал)

6-бөлім. Кірістер
6000
Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
6010
Өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
6020
Сатылған өнімді қайтару
6030
Бағадан және сатудан жеңілдіктер

6100
Қаржыландырудан түскен кірістер
6110
Сыйақылар бойынша кірістер
6120
Дивидендтер бойынша кірістер 
6130
Қаржылық жалдаудан түскен кірістер
6140
Жылжымайтын мүлікке инвестициялармен болатын операциялардан түскен кірістер
6150
Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер 
6160
Қаржыландырудан түскен өзге кірістер

6200
Өзге кірістер
6210
Активтерді істен шығарудан түскен кірістер
6220
Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер
6230
Мемлекеттік субсидиялардан түскен кірістер
6240
Құнсызданудан шығындарды қалпына келтіруден түскен кірістер
6250
Бағам айырмасынан түскен кірістер
6260
Операциялық жалдаудан түскен кірістер
6270
Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен түскен кірістер
6280
Өзге кірістер

6300
Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер
6310
Тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер

6400
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымның пайда үлесі
6410
Қауымдастырылған ұйымдардың пайда үлесі
6420
Бірлескен ұйымдардың пайда үлесі

7-бөлім. Шығыстар

7000
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
7010
Өткізілген өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны

7100
Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар
7110
Өнімдерді өткізу мен қызметтерді көрсету бойынша шығыстар

7200
Әкімшілік шығыстар
7210
Әкімшілік шығыстар

7300
Қаржыландыруға шығыстар
7310
Сыйақылар бойынша шығыстар
7320
Қаржылық жалдау бойынша пайыз төлеуге шығатын шығыстар
7330
Қаржылық аспаптардың әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар
7340
Қаржыландыруға өзге шығыстар

7400
Өзге шығыстар
7410
Активтердің істен шығуы бойынша шығыстар
7420
Активтердің құнсыздануы бойынша шығыстар
7430
Бағам айырмасы бойынша шығыстар
7440
Резерв құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар
7450
Операциялық жалдау бойынша шығыстар
7460
Биологиялық активтердің әділ құнының өзгеруінен болатын шығыстар
7470
Өзге шығыстар

7500
Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар
7510
Тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар

7600
Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын ұйымның шығын үлесі
7610
Қауымдастырылған ұйымдардың шығын үлесі
7620
Бірлескен ұйымдардың шығын үлесі

7700
Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар
7710
Корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар

8-бөлім. Өндірістік есептің шоттары
8100
Негізгі өндіріс
8110
Негізгі өндіріс
8200
Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар
8210
Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар
8300
Көмекші өндірістер
8310
Көмекші өндірістер
8400
Жүкқұжат шығыстары
8410
Жүкқұжат шығыстары

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы
 
МАЗМҰНЫ
      Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу - уәкiлеттi органның бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;
      2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;
      3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) - кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;
      4) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымы (бұдан әрi - кәсiби ұйым) -бухгалтерлер мен бухгалтерлiк ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
      5) бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде көрсету үшiн есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар;
      6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк есеп саласында қызмет көрсететiн, кәсiби ұйымның мүшесi болып табылатын ұйым;
      7) жария мүдделi ұйымдар - қаржы ұйымдары, акционерлiк қоғамдар (коммерциялық еместерiн қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндiретiн ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар;
      8) кәсiби бухгалтер - кәсiби бухгалтер сертификаты бар жеке тұлға;
      9) кәсiби бухгалтер сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң кәсiби бiлiктiлiгiн куәландыратын құжат;
      10) қаржылық есептiлiк депозитарийi (бұдан әрi - депозитарий) - қаржылық есептiлiктiң ұйымдар жыл сайын өткiзiп отыратын, пайдаланушылар үшiн ашық қолжетiмдi электрондық деректер базасы;
      11) қаржылық есептiлiк стандарты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;
      12) қаржылық есептiлiктiң ұлттық стандарттары (бұдан әрi - ұлттық стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;
      13) қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары (бұдан әрi  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетiнiң Қоры бекiткен қаржылық есептiлiк стандарттары;
      14) уәкiлеттi орган - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган. 
      2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
     1. Осы Заңның күшi:      дара кәсiпкерлерге;  заңды тұлғаларға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - ұйымдар) қолданылады.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бiржолғы талон немесе патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды жүзеге асырмауға құқылы.
      3. Мемлекеттiк мекемелердi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiн және жария мүдделi ұйымдарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер мен ұйымдар мынадай санаттарға:
      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiретiн заңды тұлғалар үшiн, сондай-ақ оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталғандарды қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға, шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне;
      3) орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне, сондай-ақ оралымды басқару құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындарға (қазыналық кәсiпорындарға) жатқызылуына қарай қаржылық есептiлiк жасауды ұлттық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.
      4. Iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi мен жария мүдделi ұйымдар қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға мiндеттi.
      5. Осы баптың 3-тармағында аталған ұйымдар есептiлiк саясатын бекiткен олардың басшы органдарының шешiмi бойынша қаржылық есептiлiктi халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.
      3-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен  қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2-тарау. БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК ЖҮЙЕСI
      4-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты
      Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
      5-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң  принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары
      1. Есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады.
      2. Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк және салыстырмалылық қаржылық есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары болып табылады.
      6-бап. Бухгалтерлiк есеп жүйесi
      1. Бухгалтерлiк есеп дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен оқиғалары туралы ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытудың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасымен, сондай-ақ есеп саясатымен регламенттелген тәртiпке келтiрiлген жүйесiн бiлдiредi.
      2. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына, халықаралық немесе ұлттық стандарттарға және бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес, олардың қажеттiлiктерi мен қызмет ерекшелiктерi негiзге алына отырып, бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау үшiн дара кәсiпкер немесе ұйым қолдануға қабылдаған нақты принциптердi, негiздердi, ережелердi, тәртiп пен практиканы бiлдiредi.
      3. Операциялар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп жүйесiнде көрсетiледi, бұл ретте:
      1) бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларына сайма-сай бекiту және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операциялар мен оқиғаларды көрсету;
      2) операциялар мен оқиғаларды хронологиялық тәртiппен және уақтылы тiркеу;
      3) әрбiр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша синтетикалық (қорытынды) есептi талдамалық (егжей-тегжейлi) есеппен сәйкес келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.
      4. Операциялар мен оқиғалар ұйымдардың уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген талаптарға сай келетiн бухгалтерлiк есеп шоттары үлгi жоспарының негiзiнде синтетикалық шоттарда екi рет жазу тәсiлiмен көрсетiледi.
      Операциялар мен оқиғалардың талдамалық есебiн жүргiзу тәртiбiн дара кәсiпкер немесе заңды тұлғаның лауазымды адамдары (бұдан әрi - басшылық) белгiлейдi, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және құрылтай құжаттарға сәйкес дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қажеттiлiктерiн негiзге ала отырып ағымдағы басшылықты және iстердi жүргiзудi жүзеге асырады.
      5. Жеке кәсiпкерлер мен ұйымдар мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есептiлiк жасауды қамтамасыз етедi.
      7-бап. Бухгалтерлiк құжаттама
      1. Бухгалтерлiк құжаттама бастапқы құжаттарды, бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi және есеп саясатын қамтиды.
      Бухгалтерлiк жазбалар бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
      2. Операцияларды немесе оқиғаларды ресiмдеу үшiн қолданылатын бастапқы құжаттардың нысандары немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.
      3. Нысандары немесе оларға қойылатын талаптар осы баптың 2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген қағаз және электрондық жеткiзгiштегi бастапқы құжаттарды дара кәсiпкерлер мен ұйымдар дербес әзiрлейдi және олар мынадай мiндеттi реквизиттердi қамтуға тиiс:
1) құжаттың (нысанның) атауы;
2) жасалған күнi;
3) құжат өз атынан жасалған ұйымның атауы немесе дара кәсiпкердiң тегi және аты-жөнi;
4) операцияның немесе оқиғаның мазмұны;
5) операцияның немесе оқиғаның өлшем бiрлiгi (сандық және құндық көрiнiсiнде);
6) операцияның жасалуына (оқиғаны растауға) және оның дұрыс рәсiмделуiне жауапты адамдар лауазымының атауы, тегi, аты-жөнi және қолы;
7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi.
      Операцияның немесе оқиғаның сипатына, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына және есепке алу ақпаратын өңдеу тәсiлiне қарай бастапқы құжаттарға қосымша реквизиттер енгiзiлуi мүмкін.
      4. Бастапқы құжаттар операцияның немесе оқиғаның iске асырылу кезiнде не олар аяқтала салысымен жасалуға тиiс.
      5. Есепке қабылданған бастапқы құжаттарда қамтылған ақпарат бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнде жинақталады және жүйеленедi, олардың нысандарын немесе оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi орган және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.
      Бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң деректерi топтастырылған түрде қаржылық есептiлiкке көшiрiледi.
      6. Электрондық жеткiзгiштерде бастапқы құжаттарды және бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн жасау кезiнде дара кәсiпкерлер мен ұйымдар операциялардың басқа қатысушылары үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап ету құқығы берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша осындай құжаттардың көшiрмелерiн қағаз жеткiзгiштерде дайындауға тиiс.
      7. Кассалық және банктiк бастапқы құжаттарға түзетулер енгiзуге жол берiлмейдi. Басқа бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылармен келiсiм бойынша ғана енгiзiлуi мүмкiн, бұл түзетулер енгiзiлген күнi көрсетiле отырып, құжаттарға қол қойған адамдардың қолдарымен расталуға тиiс.
      8-бап. Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру
1. Басшылық немесе дара кәсiпкер:
      1) есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi;
     2) бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды қамтамасыз етедi.  Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.
      2. Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:
      1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет құруды;
2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзудi;
3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды шарт негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;
4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады.
      Жария мүдделi ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күшi қолданылмайды
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын ұйым - шетел институтының мүшесi бухгалтерлiк ұйымға теңестiрiледi.
      9-бап. Бухгалтерлiк қызметтiң басшысы
      Бухгалтерлiк есептi жүргiзудi, қаржылық есептiлiк жасауды және ұсынуды, есеп саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ететiн бас бухгалтер немесе басқа лауазымды адам бухгалтерлiк қызметтiң басшысы (бұдан әрi - бас бухгалтер) болып табылады.      Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.      Ескерту. 9-баптың екінші бөлігі 2009 жылғы 1 қаңтардан  бастап қолданысқа енгізіледі.
      10-бап. Бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы
      1. Басшылық немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар адамдарды анықтайды. Бұл ретте адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшерiне, операцияның қолданыс аясына және мәнiне қарай қол қою құқығының сатылылығы белгiленуi мүмкiн.
      2. Электрондық қолтаңбаны пайдаланатын дара кәсiпкерлер немесе ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық қолтаңбаны пайдалану және оларға қол жеткiзу құқығына қатысты тиiстi сақтық және бақылау шараларын белгiлеуге тиiс.
      11-бап. Бухгалтерлiк құжаттарды сақтау
      Дара кәсiпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштердегi бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық есептiлiктi, есеп саясатын, есепке алу деректерiн электрондық өңдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кезең iшiнде сақтауға мiндеттi.
      12-бап. Бухгалтерлiк ақпарат құпиясы
      1. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiнiң мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткiзуге басшылықтың немесе дара кәсiпкердiң рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етiледi.
      2. Аталған құжаттарға қол жеткiзе алатын адамдар ондағы ақпаратты олардың иесiнiң келiсiмiнсiз жария етпеуге мiндеттi және оны жеке мүддесi үшiн пайдалануға құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткiзе алатын адамдар оны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3-тарау. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК
      13-бап. Қаржылық есептiлiк элементтерi
      1. Активтер, мiндеттемелер және капитал қаржы жағдайын бағалаумен байланысты қаржылық есептiлiк элементтерi болып табылады.
      Активтер - дара кәсiпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесiнде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтiлетiн ресурстар.
      Мiндеттеме - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын мойнында тұрған мiндетi, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соғады.
      Капитал - дара кәсiпкердiң немесе ұйымның активтерiндегi барлық мiндеттемелер шегерiлiп тасталғаннан кейiнгi үлес.
      2. Кiрiстер мен шығыстар пайда мен зиян туралы есепте қызмет нәтижелерiнiң өлшемiмен тiкелей байланысты элементтер болып табылады.
      Кiрiстер - есептi кезең iшiнде активтердiң түсiмi немесе өсiмi немесе мiндеттемелердiң азаюы нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы, олар капиталға қатысушы тұлғалардың жарнасымен байланысты ұлғаюдан өзгеше капиталдың ұлғаюына әкеп соғады.      Шығыстар - есептi кезең iшiнде активтердiң қолдан кетуi немесе азаюы немесе мiндеттемелердiң пайда болуы нысанында экономикалық пайданың азаюы, олар капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты азаюдан өзгеше капиталдың азаюына әкеп соғады.
      14-бап. Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау және есепке алу
      1. Қаржылық есептiлiк элементтерiн бағалау - аталған элементтер бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiкте танылатын және тiркелетiн ақша сомаларын анықтау. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
      2. Қаржылық есептiлiк элементтерiн есепке алу әдiстерi және тану тәртiбi халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
      15-бап. Қаржылық есептiлiк
      1. Қаржылық есептiлiк дара кәсiпкердiң немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы ақпаратты бiлдiредi.
      2. Мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, қаржылық есептiлiк мыналарды қамтиды:      1) бухгалтерлiк баланс;      2) пайда мен зияндар туралы есеп;      3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;      4) капиталдағы өзгерiстер туралы есеп;      5) түсiндiрме жазба.
      Қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбi және оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгiленедi.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiк көлемiн, оны жасау нысандары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      4. Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, дара кәсiпкер қол қояды.   Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды.
      16-бап. Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары
      Қаржылық есептiлiктi жасауды ұйымдар Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетi Қорының оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде жариялаған халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырады.
      17-бап. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiк
      Еншiлес ұйымдары бар ұйымдар негiзгi ұйымның қызметi жөнiндегi қаржылық есептiлiктен басқа Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасауға және ұсынуға мiндеттi.
      18-бап. Есептi кезең
      1. Жылдық қаржылық есептiлiк үшiн есептi кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса күнтiзбелiк жыл болып табылады.
      2. Жаңадан құрылған ұйым үшiн бiрiншi есептi жыл ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден басталып сол жылдың 31 желтоқсанын қоса қамтиды.
      19-бап. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
      1. Ұйымдар:      1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);      2) Қазақстан Республикасының статистика органдарында тiркелу орны бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика органдарына;      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес қаржылық есептiлiктi ұсынады.
      2. Қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiлiп ұсынылады.
      3. Ұйымдар жылдық қаржылық есептi есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей ұсынады.
      4. 18-бапта көрсетiлген мерзiм шегiнде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмiн айқындауға және жылына бiр реттен сирек болмайтын өзге кезеңдiлiктi белгiлеуге құқылы.
      5. Шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi ұсыну осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес жүргiзiледi.
      6. Жария мүдделi ұйымдар (қаржылық ұйымдардан басқа) жылдық қаржылық есептiлiктi уәкiлеттi орган бекiткен тiзбеге, нысандарға сәйкес мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.
      Қаржылық ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiктi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялайды.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жария мүдделi ұйымдар үшiн депозитарий құрылуы мүмкiн, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi өткiзуге мiндеттi.

4-тарау. БУХГАЛТЕРЛIК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТIЛIК ЖҮЙЕСIН РЕТТЕУ
      20-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеу
      1. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен басқа, мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеу ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган мемлекеттiк мекемелер үшiн Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) жүзеге асырады.
      4. Қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компанияларында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк реттеудi - нормативтiк құқықтық актiлердi және оларға әдiстемелiк ұсынымдарды қабылдау арқылы, ал Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады.
      5. Уәкiлеттi орган:      1) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi;      2) бухгалтерлiк есептi жүргiзу тәртiбiн айқындайды;      3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды;      4) ұлттық стандарттарды және оларға қатысты әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;     5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасы халықаралық стандарттардың талаптарына қайшы келген жағдайда, консультациялық органның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзудi қамтамасыз етедi;      6) бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарын әзiрлейдi және бекiтедi;      7) ұлттық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялайды;      8) өзге де мемлекеттiк органдармен және кәсiби ұйымдармен бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;      9) консультациялық органның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобасын әзiрлеу туралы ұсыныстарын қарайды;      10) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеудi жүргiзедi;      11) кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережелерiн бекiтедi;      12) консультациялық органның ұсынымдарын ескере отырып, кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;      13) аккредиттеу ережелерi сақталмаған жағдайда, кәсiби ұйымдарға, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарға ескерту жасайды;      14) кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу жөнiндегi куәлiгiнен айыру туралы шешiм қабылдайды;      15) кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың есептiлiктi ұсынуының тiзбесiн, нысанын және мерзiмдiлiгiн анықтайды;      16) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында кәсiби ұйымдардың, сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың тiзбесiн мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жариялайды;      17) консультациялық орган туралы ереженi бекiтедi;      18) депозитарийге қаржылық есептiлiктi ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;      19) сертификаттың нысанын келiседi.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:      1) қаржы ұйымдары үшiн:  уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша халықаралық стандарттармен реттелмеген мәселелер бойынша қаржылық есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға арналған әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлейдi және бекiтедi;  осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) мемлекеттiк кәсiпорындар мен акцияларының (үлесiнiң) елу және одан да көп процентi немесе акцияларының бақылау пакетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi заңды тұлғалар үшiн қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келетiн тiзбелер мен нысандарды, сондай-ақ қаржылық есептiлiктi ұсынудың мерзiмi мен тәртiбiн белгiлейдi;
      3) Қазақстан Республикасының секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниялары үшiн:   осы заңның талаптарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының және халықаралық стандарттардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады;      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын және халықаралық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      21-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк емес реттеу
      1. Консультациялық орган консультациялық-кеңесшi орган нысанында құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi және ол өзi туралы ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
      2. Консультациялық органның құрамына мемлекеттiк органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.
      3. Консультациялық орган:     
1) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге;
      2) уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiк стандарттарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды қайта қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      3) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;
      4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.
      4. Консультациялық орган:      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында халықаралық стандарттар талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргiзуге және уәкiлеттi органға тиiстi ұсыныстар енгiзуге;      2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға мiндеттi.
      5. Кәсiптiк ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:  1) кәсiби ұйымның құрамында бухгалтерлiк есеп немесе аудит саласында кемiнде екi жыл расталған жұмыс тәжiрибесi бар кемiнде үш жүз мүшесiнiң болуы;      2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;      3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;      4) аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.      Кәсiби ұйымға аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап бiр жыл өткеннен кейiн оның құрамында кемiнде елу кәсiби бухгалтер болуға тиiс.
      6. Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
      7. Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
      8. Кәсiби ұйым:      1) өз мүшелерiне қатысты өзiнiң жарғысында көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;      2) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;      3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға;      4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы оң жұмыс тәжiрибесiн талдауға, жинақтауға және таратуға құқылы.
      9. Кәсiби ұйым:      1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;      2) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;      3) уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;      4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарауға мiндеттi.
      22-бап. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау шарттары
      1. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi ұйым жүзеге асырады.
      2. Сертификаттау жөнiндегi ұйым кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзiрлеудi, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастырады.
      3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай талаптарға сай келуге тиiс:      1) оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы;      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерiнiң, оларды жаңарту жүйесiнiң болуы;      3) бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл туралы келiсiмнiң болуы;  4) уәкiлеттi орган бекiткен аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.
      Бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi келiсiмнiң болуы туралы талаптың сақталуы аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап алты ай өткеннен кейiн мiндеттi болып табылады.
      4. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшiн емтихандарға қатысуға жiберу кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Емтихан тапсырған адамдар уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша бiрыңғай үлгiдегi сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзiмi шектелмеген.      Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын шетел институттары берген кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiк куәлiктерi сертификаттау жөнiндегi ұйым берген сертификатпен бiрдей танылады.
      23-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру
      1. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда, егер:      1) аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мерзiм iшiнде кәсiби ұйым өз өкiлдерiн консультациялық органның құрамына жiбермесе;      2) соңғы үш жыл iшiнде жүйелi түрде (үш реттен көп) аккредиттеу ережесiн бұзса;      3) уәкiлеттi органға өзi және өзiнiң қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;
      4) уәкiлеттi орган ескерту жасаған себептердi екi ай мерзiм iшiнде жоймаса немесе әкiмшiлiк жаза қолданылған болса, кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiгiнен айыру туралы шешiм қабылдайды.
      2. Кәсiби ұйым, сертификаттау жөнiндегi ұйым уәкiлеттi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
      24-бап. Iшкi бақылау
      1. Ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының, есеп саясатының сақталуын қамтамасыз ету, бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау кезiнде активтердiң сақталу шараларын, ұрлану жағдайлары мен қателесудi болдырмау және анықтау жөнiндегi шараларды қоса алғанда, операцияларды тиiмдi жүргiзу үшiн iшкi бақылау ұйымдастыруға құқылы.
      2. Iшкi бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етедi.
      3. Мемлекеттiк мекемелердi бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк органдар жүргiзедi.

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
      25-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзғаны  үшiн жауаптылық
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      26-бап. Өтпелi ережелер
      1. Осы Заң, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 9-бабының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      2. Кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiгiн растайтын және уәкiлеттi орган таныған, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген құжаттар жарамды.
      3. Осы Заңның 2-бабының 3-тармағында көрсетiлген дара кәсiпкерлер және ұйымдар бухгалтерлiк есеп стандарттарын ұлттық стандарттар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қолданады.
      4. "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 12, 116-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; 2006 ж., N 4, 24-құжат; N 8, 45-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      Қазақстан Республикасының  Президентi
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007жылғы 21 маысымда
№ 217 бұйрығымен
Бекітілген

Ұлттық қаржылық есептілікТІҢ № 2 СТАНДАРТы
Мазмұны
1-бөлім. Қолдану аясы
2-бөлім. Тұжырымдама және негізгі қағидаттар
3-бөлім. Қаржылық есептерді ұсыну
4-бөлім. Бухгалтерлік баланс
5-бөлім. Пайда мен залал туралы есеп
6-бөлім. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
7-бөлім. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
8-бөлім. Қаржылық есептерге ескертпелер
9-бөлім. Шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептер
10-бөлім. Есеп саясаты, есептік бағалаулар мен қателер
11-бөлім. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер
12-бөлім. Қорлар
13-бөлім. Ассоциацияланған кәсіпорындарға инвестициялар
14-бөлім. Бірлескен қызметке инвестициялар
15-бөлім. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
16-бөлім. Негізгі құралдар
17-бөлім. Гудвилді қоспағанда, материалдық емес активтер
18-бөлім. Бизнесті біріктіру және гудвилл
19-бөлім. Жалға алу
20-бөлім. Бағалау міндеттемелері мен шартты міндеттемелер
21-бөлім. Капитал
22-бөлім. Кіріс
23-бөлім. Мемлекеттік субсидиялар
24-бөлім. Қарыздар бойынша шығындар
25-бөлім. Акцияларға негізделген төлем
26-бөлім. Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
27-бөлім. Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
28-бөлім. Пайдаға салынатын салық
29-бөлім. Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік
30-бөлім. Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру
31-бөлім. Есептік кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар
32-бөлім. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу
33-бөлім. Мамандандырылған салалар
34-бөлім. Тоқтатылған қызмет және сатуға арналған активтер
35-бөлім. Аралық қаржылық есептілік
36-бөлім. Субъектілер үшін ХҚЕС-ке көшу

1. Жалпы ережелер

§ 1. Қолданылу аясы

1. Осы Ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартының мақсаты (бұдан әрі – Стандарт) мыналардың бухгалтерлік есепті жүзеге асыруы және қаржылық есептілікті жасауы болып табылады:
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес айқындалған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі – субъект);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың коммерциялық емес ұйымдарының, филиалдары мен өкілдіктерінің (бұдан әрі – субъект);
жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындардың (қазыналық кәсіпорындар) (бұдан әрі – субъект).
2. Осы Стандарттың әрекеті мыналарға қолданылмайды:
шаруа немесе фермер қожалықтарына, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілеріне;
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес айқындалатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;
жария мүдде ұйымына;
мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы компанияларына.
3. Осы Стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) актив – болашақ экономикалық пайда алуды күтіп отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурс;
2) амортизация – амортизацияланатын актив құнын оны пайдалы пайдалану мерзімі ішінде жүйелі бөлу;
3) ассоциацияланған ұйым – инвестор әдәуір әсер ететін, бірақ еншілес ұйым да, инвестордың бірлескен қызметі де болып табылмайтын ұйым;
4) амортизацияланатын құн – бұл активтің өзіндік құны немесе оның таралу құнын шегергенде, өзіндік құнының орнына қаржы есептілігінде көрсетілген басқа шама;
5) активтердің түрі – сипаты мен субъектінің қызметінде қолданылуы бойынша ұқсас активтер тобы;
6) ақша қаражаты – кассадағы ақша қаражаты мен талап етіп алғанға дейінгі депозиттер;
7) ақша қаражатының қозғалысы – ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ағылып келуі және қайтуы;
8) азшылық үлесі – еншілес ұйымның пайдасы мен залалының және таза активтерінің бөлігі, ол негізгі ұйым еншілес ұйым арқылы тікелей немесе жанама түрде меңгермейтін капиталдың қатысу үлесіне келеді;
9) (активтің) тарату құны – субъектінің егер актив мейлінше ескі болып, ал оның жай-күйі оның жарамды пайдалану мерзімінің соңында күтілгендей болса, шығуға арналған есеп айырысу шығындарын шегергеннен кейін активті шығару кезінде қазіргі кезде ала алатын есеп айырысу сомасы;
10) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп – субъектінің ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ақша қаражатының қозғалысы операциялық, инвестициялық қызметтер мен қаржыландыру қызметінен бөлек көрінетін кезеңдегі өзгерісі туралы ақпарат бар қаржылық есеп;
11) ақша қаражаты есеп айырысу бойынша жүргізілетін акцияларға негізделген төлем операциясы – акцияларға негізделген төлем операциясы, ол кезде ұйым акциялардың немесе ұйымның басқа да үлестік құралдарының бағасына (немесе құнына) негізделген сомада осы тауарларды немесе қызметтерді жеткізушіге ақша қаражаты мен басқа да активтерді беру міндеттемесін қабылдау арқылы тауарлар мен қызметтерді ұйым сатып алатын акцияларға негізделген төлем операциясы;
12) аралық қаржылық есептер – құрамында қаржылық есептердің толық жинағы немесе аралық мерзімнің жинақталған қаржылыық есептер жинағы бар қаржылық есептілік;
13) аралық кезең – толық қаржылық жылдан қысқа болатын қаржылық есепті кезең;
14) акцияларға негізделген төлем операциялары – ұйымның үлестік құралдары үшін өтем ретінде тауарларды немесе қызметтерді (акцияларды немесе акцияларға арналған опциондарды қоса алғанда) алатын немесе акциялардың немесе кәсіпорынның басқа да үлестік құралдарының бағасына негізделетін сомалардың мөлшерінде осы тауарлар мен қызметтерді жеткізушінің алдындағы міндеттемелерді қабылдау арқылы тауарлар мен қызметтерді сатып алатын операция;
15) ақша қаражатының баламалары – ақша қаражатының бұрын белгілі болған сомаға жеңіл айналатын және құны өзгеруінің елеусіз қауіп-қатерін туындататын қысқа мерзімдік жоғары тиімді салымдар;
16) ағымдағы салық – ағымдағы кезеңдегі салық салынатын пайдаға (салықтық залалға) қатысты төлеуге (өтеуге) тиіс пайдаға салынатын салық сомасы;
17) ауыл шаруашылық қызметі – ауыл шаруашылығы өнімдерін немесе сату үшін қосымша биологиялық активтер алу мақсатында биологиялық активтерді тасымалдауды басқаруға бағытталған субъектінің қызметі;
18) ауыл шаруашылығы өнімдері – субъектінің биологиялық активтерінен жиналған өнімдер;
19) әділ құн – актив алмастырылуы мүмкін, ол бойынша міндеттеме өтелуі мүмкін немесе оған жақсы хабардар болған, осындай операциялар жасауға ниет білдірген тәуелсіз тараптар арасында операция жасау кезінде берілетін үлестік құрал алмастырылуы мүмкін сома;
20) әзірлеу – жаңа немесе айтарлықтай жақсартылған материалдарды, құрылғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе оларды коммерциялық өндіруді бастағанға не қолданғанға дейінгі қызметтерді жоспарлау немесе өндірісін жобалау кезінде зерттеулер мен басқа білімдердің нәтижелерін қолдану;
21) баланс – белгілі бір уақыт кезеңінде субъект активтерінің, міндеттемелерінің және капиталының өзара байланысын білдіретін қаржылық есеп;
22) баланстық құн – актив немесе міндеттемелер баланста танылатын сома;
23) биологиялық актив – жануар немесе өсімдік;
24) белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспарына берешек – мұндай міндеттемелерді тікелей орындауға арналған есепті күнге арналған (егер мұндай болса) жоспар активтерінің әділ құнын шегергендегі есепті күнге арналған белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің әділ құны;
25) басты ұйым – бір немесе бірнеше еншілес ұйымдары бар ұйым;
26) бағалау міндеттемелері – шамасы бойынша белгісіз не орындалу мерзімі белгіленбеген міндеттеме;
27) бизнесті біріктіру – жекелеген ұйымдардың немесе бизнестердің есеп беретін бір ұйымға бірігуі;
28) белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспары бойынша міндеттеме (берілген құны) – жоспардың активтерін шегерместен, ағымдағы және өткен кезеңдерде жұмыскерлердің қызметтеріне байланысты міндеттемелерді орындау үшін қажетті күтілетін болашақ төлемдердің берілген құны;
29) байланысты тараптар арасындағы операция – төлемнің жүргізілу, жүргізілмеуіне қарамастан, байланысты тараптар арасындағы ресурстарды, қызметтерді немесе міндеттемелерді беру;
30) белгіленген жарналармен зейнетақы жоспары – еңбек жолын аяқтағаннан кейін сыйлықақылар беру жоспарлары, олардың шеңберінде субъект белгіленген мөлшерде жарналарды жекелеген субъектіге (қорға) төлейді және қосымша жарналар төлеу не қорда ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде жұмыскерлердің қызметтеріне жататын жұмыскерлерге барлық сыйлықақыларды төлеу үшін қолма қол жеткілікті активтер болмаған жағдайда жұмыскерлерге тікелей сыйлықақылар төлеу жөніндегі заңдық немесе практикадан туындайтын міндеттемелер оған жүктелмейді
31) белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспарлары – белгіленген жарналармен зейнетақы жоспарынан ерекшеленетін еңбек жолын аяқтағаннан кейін сыйлықақылар беру жоспарлары;
32) бірлескен кәсіпорын – екі немесе бірнеше сараптардың бірлескен бақылауға жататын экономикалық қызметті жүзеге асыратын шарттық келісім. Бірлескен ұйымдар бірлесіп бақыланатын активтердің, бірлесіп бақыланатын қызметтің немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың нысанын қабылдауы мүмкін;
33) бірлесіп бақыланатын кәсіпорын – бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысының өзінің қатысу үлесі бар корпорацияны, серіктестікті немесе өзге де ұйымды құру көзделетін бірлескен қызмет. Ұйым, бірлескен қызметтің қатысушылары арасында шарттық келісім ұйымның экономикалық қызметін бірлескен бақылауды белгілейтінін қоспағанда, басқа ұйымдар сияқты қызметін жүргізеді;
34) бірлескен бақылау – экономикалық қызметті бақылауды белгілі бір шартпен бөлу. Осы қызметке жататын стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бірлесіп бақылауды жүзеге асыратын (бірлескен қызметке қатысушылар) тараптардың бірауыздан келісімін талап еткенде ғана болады;
35) берілген құн - әдеттегі қызметінің барысында ақша қаражатының болашақ таза ағындарының дисконтталған құнын ағымдық есептік бағалау;
36) болжанатын шартты бірлік әдісі – актуарлы бағалау әдісі, мұны сыйлықақының қосымша бірлігіне құқықты көбейту үшін негіздеме ретінде қызметтің әрбір кезеңінде қарайды және түпкілікті міндеттемені қалыптастыру мақсатында әрбір бірлікті бөлек өлшейді (кейде қызмет кезеңіне пропорционалды бөлінген есептелген сыйлықақы беру әдісімен немесе қызметтің ұзақтығынсыйлықақы беру әдісімен);
37) бухгалтерлік есепте есептеу қағидаты операциялар мен өзге де оқиғалардың нәтижелері олар туындағанда танылады (ақша қаражатын немесе оның баламаларын алу немесе төлеу кезінде емес) және есепке алу жазбаларында көрсетіледі және өздері жатқызылатын есепті кезеңдердің қаржы есептеріне енгізіледі;
38) гудвилл – жеке сәйкестендіруге және жеке танып, қабылдауға болмайтын активтерден түсетін болашақ экономикалық табыстар;
39) дұрыс ұсыну – активтердің, міндеттемелердің, табыстар мен шығыстардың анықтамаларына және өлшеулеріне сәйкес операциялардың, басқа да оқиғалар мен жағдайлардың нәтижелерін дұрыс ұсыну;
40) еншілес ұйым – негізгі ұйым ретінде белгілі басқа ұйым бақылайтын ұйым;
41) есептілік валютасы – қаржылық есептерде ұсынылатын валюта;
42) еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақылар – еңбек қызметі аяқталғаннан кейін қызметкерлерге төлеуге жататын сыйақылар (жұмыстан шығу жәрдемақыларынан басқа);
43) еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы жоспарлары – оларға сәйкес субъект бір немесе бірнеше қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейінсыйақы беретін ресми немесе ресми емес келісімдер;
44) есепті күн – қаржылық есептерде немесе аралық қаржылық есептілікте қамтылатын ең ақырғы кезеңнің соңы;
45) есепті кезең – қаржылық есептерде немесе аралық қаржылық есептілікте қамтылатын кезең;
46) есептік бағалаудағы өзгеріс – активтің немесе міндеттеменің баланстық құнын немесе активтер мен міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін және активтер мен міндеттемелерге байланысты болашақтағы пайдадан және міндеттемелерден күтілетін бағалау нәтижесінде туындайтын активті кезең-кезеңмен тұтыну сомасын түзету. Есептік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат немесе оқиғалардың дамуы нәтижесінде туындайды және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды;
47) ескертпе (қаржылық есептерге) – ескерпелерде баланстағы, пайда мен залалдар туралы есептердегі, капиталдағы өзгерістер туралы есепте және ақша қаражатының қозғалысы туралы есептегі ақпаратқа енгізілген қосымша ақпарат болады. Ескертпелерде осы есептердегі ашылған баптарды баяндап сипаттау немесе егжей-тегжей талдау және осы есептерде танып, қабылдауға жатпайтын баптар туралы ақпараттар беріледі;
48) есеп айырысу үлестік құралдарымен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы – кәсіпорынның үлестік құралдары (акцияларды немесе акцияларға опциондарды қоса алғанда) үшін өтеу ретінде тауарлар ды немесе қызметтерді ұйым алатын акцияларға негізделген төлем операциясы;
49) жарамды пайдалану мерзімі – субъектінің пайдалануы үшін активтің жарамды болуы күтілетін уақыт кезеңі немесе өнімнің белгілі бір саны немесе субъект осы активтің көмегімен алуды көздейтін ұқсас көрсеткіш;
50) жылжымайтын мүлікке инвестиция – жалға беру төлемдерін немесе капитал құнының өсуін немесе оның да, басқасының да, бірақ:
әкімшілік мақсаттағы тауарларды, қызметтер көрсетуді өндіруде және жеткізуде пайдалану;
әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында сату үшін арналмаған ұсталатын (қаржылық жалға беру шарты бойынша иесінің немесе жалдаушының) жылжымайтын мүлкі (жер немесе ғимарат не ғимараттың бөлігі мен сол және басқасы);
51) жоспардың (зейнетақы жоспарының) активтері – қызметкерлерге ұзақ мерзімді сыйақылар қорының активтері және Қызметкерлерге сыйақы деген 19 ХҚЕС (IAS) сәйкес белгіленген талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полистері;
52) жеке қаржылық есептер – негізгі ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе инвестициялардың ұсынылған нәтижелерінің және объектінің таза активтерінің негізінде емес, инвестициялар капиталға тікелей қатысу үлесінің негізінде есепке алынатын бірлескен бақылынатын ұйымдағы бірлескен қызметтің қатысушысы ұсынатын қаржылық есептер. Егер қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлескен қызметтің қатысушысы әлі негізгі ұйым болып табылмаса, онда оның қаржылық есептері жекелеген қаржылық есептердің анықтамасына жатпайды;
53) жалға беру – жалға беруші жалға алушыға келісілген уақыт кезеңі ішінде активті пайдалану құқығының төлеміне немесе төлемнің сериясына алмастыруға беретін шарт;
54) жалпы мақсаттағы қаржылық есептер – акционерлер, кредиторлар және жалпы қоғам сияқты пайдаланушылардың кең ауқымды ортасының жалпы ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қаржылық есептер;
55) жұмыс берушілер тобының жоспарлары (зейнеттік) – белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа), олар:
жалпы бақылаудан тыс жатқан әртүрлі ұйымдар енгізген активтерді біріктіреді;
сыйлықақылардың мөлшері мен жарналар оларды алатын қызметкерлердің қандай ұйымда жұмыс істейтініне қарамастан, белгіленетін жағдайда бірнеше ұйымның қызметкерлеріне сыйлықақылар беру үшін осы активтерді пайдаланады;
56) зерттеулер – жаңа ғылыми немесе техникалық білімдерді алудың перспективасы бар жүргізілген бастапқы және жоспарлы зерттеулер;
57) инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтер мен ақша қаражатының баламасына жатпайтын басқа да инвестицияларды сатып алу және шығару;
58) капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған үлес;
59) кірістер – бұл субъектінің әр түрлі, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидентер мен роялти деп аталатын қарапайым қызмет түрлерінен қаражаттың түсуі;
60) кейінге қалдырылған салық активтері – болашақ кезеңдерде мыналарға:
шегерілетін уақытша айырмаларға;
пайдаланылмаған салық шығындарын келешек кезеңге ауыстыруға;
пайдаланылмаған салық несиелерін келешек кезеңге ауыстыруға қатысты өтелуі тиіс пайдаға салынатын салық сомалары;
61) кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты келешек кезеңде төленуге тиіс пайдаға салынатын салықтар сомалары;
62) капиталдағы өзгерістер туралы есеп – кезеңдегі пайда мен залалды, кезеңдегі тікелей капиталдың құрамында танып, қабылданған кірістер мен шығыстар бабын, кезеңдегі есеп саясатындағы қателер мен өзгерістерді түзетуге әсер ететін, және ұйымның негізделетін капиталдағы өзгерістер туралы есептің форматына байланысты – ұйым капиталының иелеріне жүргізілген инвестициялар сомасы және кезеңдегі оларға төленген дивидендтер мен өзге де бөлулердің сомаларын білдіретін қаржылық есеп;
63) кезеңдегі табыстар және бөлінбеген табыстар туралы есеп – кезеңдегі капиталда пайда немесе зиян және оған өзгерістерді білдіретін қаржылық есеп;
64) қызметкерлерге сыйақылар – субъект қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтерге айырбасқа беретін барлық өтеу нысандары;
65) құрамдасқан қаржылық құралдар – эмитенттің көзқарасы бойынша міндеттемелер мен капитал элементтерін құрайтын қаржылық құрал;
66) қорлар - активтер:
әдеттегі қызмет барысында сатуға арналған;
осындай сату үшін өндіріс процесінде;
өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізаттар немесе материалдар нысанында;
67) қарыздар бойынша шығындар – қаражатты қарызға алуға байланысты субъект келтірген пайыздық және басқа да шығыстар;
68) қателер – бір немесе бірнеше алдыңғы кезеңдер үшін субъектінің қаржылық есептеріндегі, сенімді ақпаратты пайдаланбау немесе қате пайдалану салдарын туындататын қалып қойған жерлер мен бұрмалаулар:
сол кезеңдерге қаржылық есептер шығаруға бекітілген кезде орын алған;
осы қаржылық есептерді дайындау және беру барысында алынуы және қаралғаны күтілуі негізделуі мүмкін;
69) қызметтің нәтижелері – пайда мен залал туралы есепте берілген субъектінің кірістері мен шығыстарының өзара байланысы;
70) құрылысқа арналған шарт – активтің немесе өзінің құрылысына, технологиясы мен функциясына немесе олардың түпкі мақсатына не пайдаланылуына өзара тығыз байланысты және өзара тәуелді активтер кешенін салуға арнайы жасалған шарт;
71) қатты келісім – болашақта белгілі бір күнге (күндерге) көрсетілген баға бойынша белгілі бір ресурстар санымен айырбастауға міндетті күші бар келісім;
72) құнсызданудан болатын шығындар – бұл:
аяқтауға және сатуға жұмсалған шығындарды шегергенде сату бағасынан асатын артық қорлардың баланстық құнына арналған сома, не
сатуға жұмсалған шығындарды шегергенде әділ құнынан асатын өзге де қаржылық емес активтердің баланстық құнына арналған сома;
73) қаржылық есептердің мақсаты – пайдаланушылардың ақпараттық талаптарын ескере отырып, жасалған есептілік беруді талап етудің мүмкіндігі болмайтын экономикалық шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең ауқымды ортасы үшін пайдалы қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпарат ұсыну;
74) қаржылық жалға алу – жалға беру, оның шарты бойынша активке меншік құқығына лайық барлық тәуекелдер мен пайдаларды беру жүргізіледі. Меншік құқығы берілуі де, берілмеуі де мүмкін. Жалға алудың қаржылық жалға алудан ерекшеленетін кез келген нысаны операциялық жалға алу болып табылады;
75) қаржылық актив – мынадай:
ақша қаражаты;
басқа субъектінің үлестік құралы;
шартпен:
басқа субъектіден ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті алу;
субъект үшін ықтимал пайдалы шарттарда басқа субъектімен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасу құқығын білдіретін;
есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және мынадай:
субъектінің меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын субъект алатын және алуға міндетті болатын өндірістік емес құралдар;
ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыруға қарағанда есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін өндірістік құрал. Бұл мақсаттар үшін субъектінің меншікті үлестік құралдарына болашақта субъектінің меншікті үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге шарт болып табылатын құралдар қосылмайтын шарт болып табылатын кез келген актив
76) қаржылық құрал – нәтижесінде бір субъектідегі актив пен қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал басқа субъектіге туындайтын шарт;
77) қаржылық міндеттеме – мынадай:
шартпен:
ақша қаражатын немесе өзге де қаржылық активті басқа субъектіге беру;
субъект үшін ықтимал тиімсіз жағдайларда басқа субъектімен қаржылық активтермен немесе қаржылық міндеттемелермен алмасу белгіленген міндеттеме;
есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкін және мынадай:
кәсіпорынның меншікті үлестік құралдарының ауыспалы санын субъект беретін және беруге міндетті болатын;
ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің белгіленген сомасын алмастыруға қарағанда есеп айырысу субъектінің меншікті үлестік құралдарының белгіленген санына өзге тәсілмен жүргізілетін немесе жүргізілуі мүмкін. Бұл мақсаттар үшін ұйымның меншікті үлестік құралдарына болашақта субъектінің меншікті үлестік құралдарын алуға немесе жеткізуге шарт болып табылатын құралдар қосылмайтын шарт болып табылатын кез келген міндеттеме;
78) қаржылық жағдай – субъектінің баланста ұсынған активтерінің, міндеттемелерінің және капиталының өзара байланысы;
79) қаржылық есептер – субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын құрылымдап ұсыну;
80) қаржылық қызмет – субъектінің енгізілген капиталының және қарыз қаражатының мөлшеріндегі және құрамындағы өзгерістерге әкелетін қызмет;
81) қаржылық есептердің элементтері – операциялар мен басқа да оқиғалардың және жағдайлардың қаржылық нәтижелерінің ауқымды санаттары;
қаржылық жағдайды өлшеумен тікелей байланысты элементтер активтер, міндеттемелер мен капитал болып табылады,қызметтің нәтижелерін өлшеуге тікелей байланысты элементтер табыстар мен шығыстар болып табылады.
82) мемлекеттік субсидиялар – субъектінің операциялық қызметіне жататын өткен немесе болашақта орындауға белгіленген шарттарды алмастыруда субъектіге ресурстарды беру нысанындағы мемлекеттік көмек;
83) мемлекеттік (зейнетақы) жоспары – барлық ұйымдарды қамту үшін заңмен құрылған (немесе белгілі бір санаттағы барлық ұйымдар үшін, мысалы нақты сала) және ұлттық немесе жергілікті үкімет не есеп беретін бақыланбайтын және оның қол астында болатын басқа мекеме (мысалы, осы мақсат үшін арнайы құрылған өзін-өзі басқару органы) басқаратын зейнетақы жоспарлары;
84) материалдық емес актив – табиғи нысаны жоқ сәйкестендірілетін немонетарлық актив. Мұндай актив мынадай жағдайларда:
бөлек болып табылса, яғни оны ұйымнан бөліп алуға, сатуға, беруге, лицензиялауға, жалға беруге тапсыруға немесе онымен байланысты шартпен, активпен және міндеттемемен бірге не бөлек алмастыруға болса;
шарттық немесе басқа да заңды құқықтар нәтижесінде осы құқықтарды беруге немесе субъектіден немесе басқа да құқықтар мен міндеттемелерден бөліп алуға болатынына қарамастан, туындағанда сәйкестендірілетін болып табылады;
85) міндеттеме – бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті;
86) негізгі құралдар – бұл:
тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын;
күтіліп отырғандай бір кезеңнен астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер;
87) операциялық қызмет – негізгі түсімді әкелетін субъектінің қызметі және инвестициялық қызметтен және қаржыландыру қызметінен ерекшеленетін өзге де қызметтер;
88) операциялық жалға беру – шарты бойынша меншік құқығына лайықты барлық қауіп-қатерлер мен табыстарды беру жүргізілмейтін жалға беру. Операциялық жалға беруден ерекшеленетін кез келген жалға беру нысаны қаржылық жалға беру болып табылады;
89) операциялық сегмент – операциялық сегмент:
қызмет барысында ол табыс кіргізетін және шығыстарды көтеретін экономикалық қызметті жүзеге асыратын (субъектінің басқа да компоненттерімен операция жүргізуге қатысты кірістер мен шығыстарды қоса алғанда), сегментке және оның қызметінің нәтижелерін бағалауға арналған ресурстарды бөлу жөніндегі шешімдерді қабылдау үшін операциялық шешімдер қабылдауға жауапты ұйымның жоғары лауазымды тұлғасы әдетте қарайтын қызметтің нәтижелері, және жеке қаржылық ақпараты бар ұйым үшін субъектінің құрамдас бөлігі болып табылады;
90) өзгертілген пайыз ставкасы - мыналардан:
эмитенттің ұқсас қаржылық құралы үшін төлем қабілетінің ұқсас рейтингінен басым ставкадан;
қолданылуы қаржылық құралдың номиналдық сомасын дисконттау үшін тауарлар мен қызметтердің оларды мерзімін ұзартпай төлеу кезінде ағымдық сату бағасын алуға ықпал ететін пайыздық ставкадан неғұрлым анық белгіленетін шама;
91) өлшеу – қаржылық есептердің элементтері танылуы әрі баланста және пайда мен залал туралы есепте көрінуі тиіс ақша сомаларын айқындау процесі;
92) пайыздың тиімді ставкасының әдісі – қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің амортизацияланған құнын есептеу (немесе қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің топтары) және тиісті кезеңге пайыздық табысты не пайыздық шығысты бөлу әдісі;
93) пайдаға салынатын салық - Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріске қатысты (салықтық залал) бюджетке төлеуге (бюджетке қайтаруға) жататын корпоративтік табыс салығы;
94) практикадан туындайтын міндеттеме – субъектінің мынадай жағдайда:
бұрынғы қызметін практикамен құрған, саясатпен немесе нақты ағымдық мәлімдемемен мәлімдеген субъект басқа тараптарға өзіне белгілі бір міндеттемелер қабылдайтынын көрсеткендегі;
нәтижесінде субъект бұл тараптардан өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындайтынына қатысты негізделген күтуді құрғандағы іс-қимылынан туындайтын міндеттеме;
95) пайда мен залалдар туралы есеп – субъектінің қызметінің нәтижелері, яғни табыстар мен шығыстардың өзара байланысы туралы ақпарат берілетін қаржылық есеп;
96) пайда – табыстан шығыстарды шегергеннен кейін қалған қалдық шама;
97) перспективалық қолдану (есеп саясатындағы өзгерістер) – саясат өзгерген күннен кейін болған операцияларға, басқа оқиғаларға және міндеттемелерге жаңа есеп саясатын қолдану;
98) пайыздың тиімді ставкасы – бұл қаржылық құралдың болуының күтілетін мерзімі ішінде есеп айырысудың келешек ақшалай төлемдерін немесе түсімдерін дисконттау үшін қолдану нәтижесінде немесе неғұрлым қысқа мерзімдегі болатын, қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің таза баланстық құнына тең шамада алынатын ставка;
99) ретроспективті қолдану (есеп саясатындағы өзгерістер) – бұл есеп саясаты әрқашан пайдаланылатындай операцияларға, басқа да оқиғалар мен жағдайларға жаңа есеп саясатын қолдану;
100) сөзсіз сыйақылар –зейнетақы жоспарының шарттарына сәйкес оған құқық қызметкерлердің одан арғы жұмысына байланысты емес сыйақылар;
101) сақтандыру шарты – бір тарап (сақтандырылушы), егер болашақта туындайтын мәлімделген оқиға белгілі болмайтын, (сақтандырылған оқиға) (полис ұстаушыға) қолайсыз әсер ететін елеулі сақтандыру тәуекелін екінші тараптан полисті ұстаушыдан қабылдайтын шарт;
102) салық базасы – активтің, міндеттеменің немесе үлестік құралдың қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес айқындалатын шамасы;
103) салық салынатын уақытша айырмалар – активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін болашақ кезеңдердегі салық салынатын табыстарды (салық шығынын) айқындау кезінде салық салынатын сомалар болып табылатын уақытша айырмалар;
104) салық бойынша кейінге қалдырылған шығыс (салықты өтеуден түскен табыс) – кейінге қалдырылған салық активтері мен кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің өзгерістеріне қатысты кезеңдегі пайданың немесе зиянның есеп айырысуына енгізілген салық бойынша шығыс (салықты өтеуден түскен табыс);
105) салық төлеу бойынша шығыстар (салықты өтеуден түсетін табыстар) – кезең ішінде ағымдағы салық пен кейінге қалдырылған салыққа қатысты есеп айырысуға енгізілген жалпы шама;
106) сату үшін қолда бар қаржылық актив – баланстық құны негізінен сату жолымен өтелетін, бірақ жүргізіліп жатқан пайдаланудың нәтижесінен болмайтын актив;
107) төлеуге жататын қарыздар – төлеу мерзімін ұзартудың қарапайым шарттарымен қысқа мерзімді дебиторлық берешек сауданы қоспағанда, қаржылық міндеттемелер;
108) танудың тоқтауы – бұрын танылған қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені субъектінің балансынан алып тастау;
109) тоқтатылған қызмет – субъектінің шыққан не сатуға арналып жіктелген және:
қызметтің белгілі бір түрін немесе қызметін жүргізетін географиялық ауданды білдіретін;
қызметтің жеке белгілі бір түрінің немесе қызметті жүргізудің географиялық ауданының бірыңғай үйлестірілген шығу жоспарының бөлігі болып табылады;
кейіннен қайта сату мақсатында ғана сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылатын құрамдас бөлігі;
110) тану – бұл балансқа немесе пайда мен залал туралы есепке элементтердің бірін айқындауға сәйкес келетін және мынадай өлшеулерді қанағаттандыратын бапты енгізу процесі:
бапқа байланысты болашақтағы кез келген экономикалық пайданы субъект алатын немесе жоғалтатын ықтималдық бар;
іс жүзіндегі шығындар немесе баптың құны сенімді өлшенуі мүмкін;
111) уақытша айырмалар – бұл активтің немесе міндеттеменің және оның салық базасының арасындағы айырмалар;
112) ұсыну күні – субъект мен қарсы тараптың келісім шарттарын бірдей түсінігі болған жағдайда субъекті мен екінші тарап (жұмыскерді қосқанда) акцияларға негізделген төлемдер туралы келісім-шарт жасасатын күн. Енгізу күніне субъект қарсы тарапқа, егер бұлар болса, көшудің белгіленген шарттарын сақтаған жағдайда ұйымның ақша қаражатына, басқа активтеріне немесе үлестік құралдарына құқық береді. Егер бұл келісім бекітуге жататын болса (мысалы, акционерлер), онда енгізу күні осы бекіту тапсырылған күн болып табылады;
113) (ұйымды) бақылау – ұйымның қызметінен пайда алу үшін оның қаржылық және операциялық саясатын басқару құқығы;
114) функционалдық валюта – субъект қызмет ететін негізгі экономикалық ортадағы валюта;
115) хеджирленетін құрал – осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес хеджирлеуді есепке алу мақсаттары үшін хеджирленетін құрал мыналар болып табылады:
осы Стандарттың 193-тармағының талаптарына жауап беретін пайыздық свопты; хеджирленетін бап сияқты шетелдік валютаға байланысты пайыздық свопты немесе форвардты валюталық келісім-шартты; немесе хеджирленетін бап сияқты сол тауарға байланысты форвардты келісім-шартты білдіреді;
осы Стандарттың 192-тармағының өзге де талаптарын қанағаттандырады. Бұл ретте Қаржылық құралдар – тану мен бағалау ХҚЕС (IAS) 39 қолдануды шешкен ұйым қаржылық құралдарды есепке алу үшін осы анықтаманы емес, осы ХҚЕС-тен хеджирлеуді есепке алудың анықтамасын пайдалануы тиіс;
116) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі – ХҚЕС) – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттар комитетінің қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары;
117) хеджирленетін бап – осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес хеджирлеуді есепке алу мақсаттары үшін хеджирленетін бап мыналар болып табылады:
амортизацияланған құны бойынша қарыз құралының пайыздық қауіп-қатері;
тұрақты келісімнің немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операцияның валюталық қатері;
жеңіл анықталатын нарықтық бағасы бар тауар бағасының өзгеру қаупі, ол бойынша субъект меңгерген немесе тұрақты келісімге сәйкес не ықтималдығы жоғары болжанатын операцияның нәтижесінде сатуы не сатып алуы тиіс;
шетелдік қызметке инвестицияның таза сомасы бойынша валюталық қауіп-қатері;
118) хеджирлеудің тиімділігі – хеджирленетін қауіп-қатерге жататын, әділ құнынының өзгерістерімен немесе хеджирлеу құралдарының ақша қаражатының ағындарымен өтемақы берілетін хеджирленетін баптың әділ құнының немесе хеджирлеу құралдарының ақша қаражаты ағындарының өзгерістері болатын дәреже;
119) шегерілетін уақытша айырмалар – нәтижесі активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін болашақ кезеңдердің салық салынатын пайданы (салық шығынын) анықтау кезіндегі шегерімдер болып табылатын уақытша айырмалар;
120) шығу жәрдемақылары – мынадай:
субъектінің қызметкерді зейнеткерлік жасқа дейін жұмыстан шығару туралы шешімінің, не қызметкердің штаттың қысқаруы бойынша осындай сыйақыға айырбасқа жұмыстан босатуға ерікті түрде келісімі туралы шешімінің нәтижесі болып табылатын қызметкерлерге сыйақылар;
121) шығуға арналған топ – бір операцияның және осы операцияның барысында берілетін активтермен тікелей байланысты міндеттемелер нәтижесінде сату жолымен немесе өзге тәртіппен топ ретінде бірге шығуға тиісті активтер тобы;
122) шоғырланған қаржылық есептер – негізгі ұйымнан және бір немесе бірнеше еншілес ұйымнан тұратын кәсіпорындар тобының қаржылық есептері;
123) шығыстар – активтердің қайтуы мен азаюының немесе капиталға қатысушы тұлғаларға бөлумен байланысты капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болу нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайдалардың азаюы;
124) шартты актив – өткен оқиғалардың нәтижесінде туындайтын және оның болуы бір немесе бірнеше белгіленбеген, субъектінің толық бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалардың болуымен не болмауымен ғана расталатын ықтимал актив;
125) шарты міндеттеме – бұл:
өткен жағдайлардың нәтижесінде туындайтын және оның болуы бір немесе бірнеше белгіленбеген, субъектінің толық бақылауында болмайтын келешектегі оқиғалардың болуымен не болмауымен ғана расталатын ықтимал міндеттеме;
өткен жағдайлардың нәтижесінде туындайтын, бірақ:
міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстардың шығуын талап ететін ықтималдықтың жоқтығынан; немесе
міндеттеменің шамасы сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен өлшенбейтіндіктен, танылмайтын қолданыстағы міндеттеме;
126) шартты сома – қаржылық құрал болып табылатын шартта көрсетілген ақша бірліктерінің, бушельдердің, фунттардың немесе өзге де бірліктердің саны;
127) іс жүзінде жүзеге аспайтын – қандай да бір талапты орындау субъект барлық қажетті талаптанып, қабылдаудан кейін оны қолдана алмаса, іс жүзінде жүзеге аспайтын болып табылады.

2. Тұжырымдама және негізгі қағидаттар

§ 2. Қаржылық есептердің мақсаты және қаржылық есептерде берілетін ақпараттың сапалық сипаттамалары
4. Субъектілердің қаржылық есептерінің мақсаты пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттық қажеттілігінің ерекшелігін көрсететін қаржылық есептерді талап етуге мүмкіндігі жоқ олар үшін пайдалы субъектілердің ақша қаражатының қаржылық жағдайы мен қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қаржылық есептер субъектінің басшылығына сеніп берілген ресурстарды басқарудың нәтижелерін де көрсетеді.
Пайдаланушылар үшін пайдалы ақпаратты алу мақсатындағы қаржылық есептілікте берілетін ақпараттың сапалық сипаттамалары. Негізгі қаржылық сипаттамалар түсініктік, орындылық, сенімділік пен салыстырмалылық болып табылады.

§ 3. Түсініктік
5. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат бизнес, экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар және ақпаратты тиесілі ынтазарлықпен зерделеуге ниет білдірген пайдаланушыларға түсінікті болатындай етіп ұсынылуға тиіс. Солай бола тұрса да, жоғарыда айтылғандар кейбір пайдаланушылардың қабылдауы үшін оның аса қиындығы тұрғысынан орынды ақпаратты қамтымауы үшін сылтау болмауға тиіс.

§ 4. Орындылық
6. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып немесе олардың бұрынғы бағалауларын түзете отырып әсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.

§ 5. Маңыздылық
7. Ақпарат, егер оның өтуі немесе бұрмалануы пайдаланушылардың қаржылық есептердің негізінде қабылданған экономикалық шешімдеріне әсер ете алатын болса маңызды болып саналады. Маңыздылық құжаттың көлеміне немесе нақтылы жағдайларда қаралатын қателерге, оны өткізуге немесе бұрмалауға байланысты.

§ 6. Сенімділік
8. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат сенімді болуға тиіс. Ақпарат онда елеулі қателер болмаса, ол бір жақты болып табылмаса; және ақылға қонымды күтулерге сәйкес білдіру немесе білдіруі мүмкін мақсатты дұрыс білдірсе сенімді болып табылады. Қаржылық есептер осындай есептердегі ақпаратты іріктеу немесе ұсыну шешім қабылдауға әсер етуді көрсетуге немесе жоспарланған нәтижеге немесе салдарға қол жеткізу мақсатында пікір қалыптастыруға бағытталғанда бір жақтылықты қамтитын болады.

§ 7. Мазмұнның нысаннан басымдығы
9. Операциялар мен басқа да жағдайлар мен оқиғалар олардың заңды нысанына ғана қарамастан, олардың мазмұнына және экономикалық мәніне сәйкес есепке алынуға және есептілікке ұсынылуға тиіс. Бұл қаржылық есептердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

§ 8. Сақтық
10. Субъектінің қызмет барысында көптеген оқиғалар мен жағдайларға қатысты әр түрлі сипаттағы белгісіздіктер туындамай тұрмайды. Мұндай белгісіздіктердің сипаты мен шамасын қаржылық есептерде сақтық мәніне сәйкес ашқан жөн. Сақтық – бұл активтердің немесе кірістердің тым арттырылмауы, ал міндеттемелер немесе шығыстар тым төмендетілмеуі үшін белгісіздік жағдайында есептік бағаларды жүзеге асыру үшін қажетті субъективтік бағаларды қолдану кезінде белгілі бір сақтық дәрежесін сақтау. Солай бола тұрса да, сақтық пікірі активтерді немесе түскен пайданы әдейі төмендету немесе міндеттемелерді немесе шығыстарды әдейі арттыру үшін пайдаланылмауға тиіс. Басқаша айтқанда, сақтық біржақтылық үшін сылтау болып табылмайды.

§ 9. Толықтық
11. Сенімді болу үшін қаржылық есептердегі ақпарат елеулілік пайымдауларын және осындай ақпарат беруге жұмсалатын шығындарды ескере отырып, толық көлемде берілуге тиіс. Қандай да болмасын мәліметтерді қоспау ақпаратты жалған немесе адастыруға әкелетіндей және, ізінше, оның орындылығы тұрғысынан сенімсіз және жеткіліксіз етуі мүмкін.

§ 10. Салыстырмалылық
12. Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы және қызмет нәтижелеріндегі үрдістерді айқындау үшін субъектінің әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептерін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Пайдаланушылар, сол сияқты әр түрлі субъктілердің қаржылық есептерін олардың салыстырмалы қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын бағалау үшін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Осылайша, ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері мен басқа операцияларды әрі жағдайларды өлшеу және көрсету барлық субъект үшін оның жұмыс істеу кезеңінде кезекпен және әр түрлі субъектілер үшін кезекпен жүзеге асырылуға тиіс. Бұдан басқа, пайдаланушыларға қаржылық есептерді жасаған кезде пайдаланылатын есеп саясаты туралы және есеп саясатындағы өзгерістер және осындай өзгерістердің нәтижелері туралы хабарлануға тиіс.

§ 11. Уақтылылық
13. Орынды қаржылық ақпарат – бұл пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге әсер ете алатын ақпарат. Ақпараттық уақтылылығы оның шешімдер қабылдау кезіндегі қол жетімділігінде. Ақпарат беруді ұзақ уақыт кешіктірген жағдайда ол өзінің орындылығын жоғалтуы мүмкін. Басшылыққа есептілікте уақтылы көрсету мен сенімді ақпарат беруде салыстырмалы құндылық арасындағы балансты табуы әкелуі мүмкін. Орындылық пен сенімділік арасындағы балансты айқындау кезінде негіз құрайтын түсінік пайдаланушылар экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олардың қажеттіліктерін ең қанағаттандыру деңгейін жоғарылату түсінігі болуға тиіс.

§ 12. Пайда мен залал арасындағы баланс
14. Ақпараттан алынатын пайда оны беру жөннідегі шығындардан асып түсуге тиіс. Пайда мен залалды бағалау едәуір дәрежеде субъективті пайымдауларды пайдалануға негізделген. Оның үстіне шығындардың пайда алатын пайдаланушыларға жатуы міндетті емес. Залал пайда арасындағы балансты айқындау кезінде кәсіпорын ақпарат беруден түсетін пайданы сырттан пайдаланушылардың кең ауқымы да алуы мүмкін екендігін ескеруге тиіс.

§ 13. Қаржылық жағдай
15. Субъектінің қаржылық жағдайы – бұл оның белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтері, міндеттемелері мен жеке капиталы. Қаржылық жағдайды өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептердің элементтері активтер, міндеттемелер мен жеке капитал болып табылады. Олар былайша айқындалады:
1) актив – бұл кәсіпорын болашақ экономикалық пайда алуды күтіп отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурстар;
2) міндеттеме – бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті;
3) капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған үлес.
16. Активті немесе міндеттемені айқындауға сәйкес келетін кейбір баптар бухгалтерлік баланста осындай баптар осы Стандарттың 27-32-тармақтарда баяндалған тану өлшеулерін орындамаған кезде мұндайлар ретінде танылмауы мүмкін. Атап айтқанда, болашақта активті немесе міндеттемені танымастан бұрын экономикалық пайда алуда немесе оның жылыстауына жеткілікті дәрежеде сенімділік болуға тиіс.

§ 14. Активтер
17. Активте жасалған болашақ экономикалық пайда – бұл субъектіге ақша қаражатының және олардың баламасының түсуіне тікелей немесе жанама ықпал ету мүмкіндігі. Ақшалай қаражаттың мұндай түсімдері активті пайдалану немесе сату салдарынан болуы мүмкін.
18. Көптеген активтер, мысалы, негізгі құралдар табиғи нысанда болады. Солай бола тұрса да, табиғи нысан активтің міндетті қасиеті болып табылмайды. Кейбір активтер материалдық емес болып табылады.
19. Активтің болуын айқындаған кезде меншік құқығы міндетті болып табылмайды. Мысалы, субъектінің жалдау құқығында иеленген мүлкі, егер субъект осы мүліктен түседі деп күтілетін пайданы бақылайтын жағдайда актив болып саналады.
§ 15. Міндеттемелер

20. Міндеттеменің ажырамас сипаттамасы субъектіде нені болмасын қандай да болмасын белгілі бір түрде әрекет ететін немесе қолданатын міндеттеменің бар болуы болып табылады. Міндеттеме қандай да болмасын заңды тұлғадан шыққан, сол сияқты практикадан алынған болуы мүмкін. Заңды міндеттеме міндетті шарттан немесе заңнамалық шарттан шығады және мәжбүрлі тәртіппен орындалуы мүмкін. Практикадан шығатын міндеттеме – мынадай жағдайларда субъектінің іс-әрекетінен туындайтын міндеттеме:
1) саясат немесе жеткілікті түрде нақтылы ағымдағы өтініш деп жарияланған өткен қызметтің орныққан практикасында субъект басқа тараптарға ол өзіне белгілі бір міндеттерді қабылдайтындығын көрсетсе; және
2) нәтижесінде субъект осы тараптарда өзіне қабылдаған міндеттерді орындайтындығына қатысты негізделген күтулер жасаса.
21. Қолданыстағы міндеттемені реттеу, әдетте, ақша қаражатын төлеуді, өзге де активтерді беруді, қызметтер көрсетуді, қолданыстағы міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыруды немесе міндеттемені жеке капиталға ауыстыруды көздейді. Міндеттеме, сондай-ақ кредит берушінің өзінің құқықтарынан ерікті немесе мәжбүрлі бас тартуы сияқты басқа да құралдармен өтелуі мүмкін.

§ 16. Капитал
22. Капитал – танылған міндеттемелерді танылған активтердің құнынан шегеру нәтижесінде пайда болатын қалдық. Бухгалтерлік есепте Капитал бөлімі кіші санаттарға бөлінуі мүмкін. Мысалы, акционерлік қоғамда кіші санаттар мынадай түрде болуы мүмкін: акционерлер енгізген қаражат, таратылмаған пайда және капиталдың шоттарына тікелей жатқызылатын пайда немесе залал.

§ 17. Қызмет нәтижелері
23. Қызмет нәтижесі пайда және залал туралы есепте берілген субъектінің кірістері мен шығыстарының өзара байланысы болып табылады. Пайда көп жағдайда қызмет нәтижелерінің өлшеуі ретінде немесе инвестицияларға кіріс немесе акцияға пайда сияқты басқа өлшеулер үшін негіз ретінде пайдаланылады. Пайданы өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептердің элементтері кірістер мен шығыстар болып табылады. Олар мынадай түрде айқындалады:
1) кіріс – активтердің ағыны немесе өсімі нысанындағы есепті кезең ішіндегі экономикалық пайданың ұлғаюы немесе капиталға қатысатын адамдардың жарналарына байланысты ұлғаюдан ерекшеленетін капиталдың ұлғаюына әкелетін міндеттемелердің азаюы.
2) шығыстар – активтердің жылыстауы немесе азаюы нысанындағы есепті кезең ішінде экономикалық пайданың азаюы немесе капиталға қатысатын адамдарға бөлуге байланысты азаюдан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы.
24. Пайда мен залал туралы есептегі кіріс пен шығысты тану активтер мен міндеттемелерді тануға және өлшеуге тікелей байланысты. Кірістер мен шығыстарды тану өлшемі осы Стандарттың 27 – 32-тармақтарында қаралады.

§ 18. Кіріс
25. Кірісті айқындау өзіне негізгі қызметтен түскен кірісті, сол сияқты өзге де кірістерді қамтиды.
Кірістер өзіне субъектінің қарапайым қызметінің түрлерінен алынған қаражаттың түсуін, оның ішінде өнім мен қызмет көрсетуді, сыйақыны, пайыздар, дивидентер мен роялтиді сатудан түскен кірістерді қамтуы мүмкін.
Өзге де кірістер субъектінің қарапайым қызметі үдерісінде туындауы немесе туындамауы мүмкін кірісті айқындауды қанағаттандыратын түсімдерді білдіреді. Өзге де кірістерді кірістер мен залалдар туралы есепте таныған кезде олар әдетте жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.

§ 19. Шығыстар

26. Шығыстарды айқындау залалды, сондай-ақ субъектінің қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстарды қамтиды.
Субъектінің қарапайым қызметі барысында туындайтын шығыстар, мысалы, сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын, жалақыны және негізгі құралдардың амортизациясын қамтиды. Олар, әдетте, активтердің, мысалы ақша қаражатының және олардың баламаларының, қорлардың, негізгі құралдардың жылыстауы немесе азаюы нысанын қабылдайды.
Залалдар – бұл шығыстар анықтамасына келетін және субъектінің қарапайым қызметі барысында туындауы немесе туындамауы мүмкін басқа да баптар. Өзге де залалдарды пайда мен залал туралы есепте таныған кезде олар әдетте жеке беріледі, себебі олар туралы ақпарат экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдалы.

§ 20. Қаржылық есептер элементтерін тану
27. Тану бухгалтерлік баланста немесе пайда мен залал туралы есепте элементтердің бірін айқындауға сәйкес келетін және мынадай өлшеулерді қанағаттандыратын бапты көрсету үдерісін білдіреді:
1) бапқа байланысты болашақтағы кез келген экономикалық пайданы субъект алатын немесе жоғалтатын ықтималдық бар; және
2) іс жүзіндегі шығындар немесе баптың құны сенімді өлшенуі мүмкін.
28. Мұндай баптарды танымау пайдаланылатын есеп саясатын ашумен де, ескертпелермен немесе түсіндірме материалдармен де түзетілмейді.

§ 21. Болашақтағы экономикалық пайданың ықтималдығы
29. Ықтималдық түсінігі субъектінің баппен ассоциацияланатын болашақтағы экономикалық пайданы алуының немесе жоғалтуының белгісіздігі дәрежесін беруге арналған тану өлшеулерінде пайдаланылады. Болашақтағы экономикалық пайда ағынына қолданылатын белгісіздік дәрежесін бағалаулар қаржылық есептерді дайындау сәтінде бар есепті кезеңнің аяғындағы міндеттемелер бойынша дәлелдемелер негізінде жүргізіледі. Мұндай бағалаулар жеке мәнді баптар үшін дара және жекелеген баптар бойынша мәні аз ірі жиынтықтар үшін топтап жүргізіледі.

§ 22. Өлшеудің сенімділігі
30. Танудың екінші өлшеуі іс жүзіндегі шығындарды немесе құнды сенімді өлшеу мүмкіндігінің болуы болып табылады. Көптеген жағдайларда құн немесе шығындар белгілі. Басқа жағдайларда құнды немесе шығынды бағалау керек. Негізделген есептік бағалауларды пайдалану қаржылық есептерді дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және оның сенімділік дәрежесін төмендетпейді. Негізделген есептік шаманы алу мүмкін болмаған жағдайларда бап баланста немесе пайда мен залал туралы есепте танылмайды.
31. Тану өлшеуін қанағаттандырмайтын бап келесі оқиғалар немесе жағдайлар нәтижесінде кешіректеу тануға жарамды болуы мүмкін.
32. Тану өлшеуін қанағаттандырмайтын бап, солай бола тұрса да, ескертпелерде, түсіндірме материалда немесе іліспе көрсетілімдерде ашылуға тиіс. Бұл бап туралы ақпарат субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің нәтижелерін және қаржылық жағдайына өзгерістерді қаржылық есептерді пайдаланушының бағалауы үшін орынды болып табылады.

§ 23. Қаржылық есептер элементтерін өлшеу
33. Өлшеу – олар бойынша субъект өзінің қаржылық есептеріндегі активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды өлшеуге тиіс ақша шамасын айқындау процесі. Өлшеу үшін өлшеу базасын сайлау қажет. Осы Стандартта субъект активтердің, міндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың әр түрлеріне қатысты пайдалануға тиіс өлшеу базалары көрсетілген.
34. Екі таралған өлшеу базасы – бұл тарихи құн мен әділ құн:
1) активтер үшін тарихи құн – олар үшін төленген ақша қаражатының немесе ақша қаражатының баламасының сомасы немесе актив сатып алу үшін оны сатып алған кезде берілген әділ кері өндіріп алу құны болып табылады. Міндеттемелер үшін тарихи құн – бұл ақша қаражатының түсімдерінің немесе ақша қаражатының баламасының сомасы немесе міндеттеме туындаған сәтте міндеттемеге айырбастауға алынған монетарлық емес активтердің әділ құны болып табылады;
2) әділ құн – бұл актив айырбасталуы немесе мұндай операцияны жасауға ниет білдірген жақсы мәлімделген, тәуелсіз тараптар арасындағы міндеттеме бойынша есептеме жүргізілуі мүмкін сома.

§ 24. Тану мен өлшеудің негізгі қағидаттары
35. Осы Стандарттағы активтерді, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды тану және өлшеу жөніндегі талаптар ХҚЕС қағидаттарына негізделген. Сол немесе өзге операцияны, оқиғаны немесе жағдайды есепке алудың тиісті тәртібін айқындаған кезде субъект осы Стандартта қаралатын операцияға тікелей қолданылатын ережелер болмаған жағдайда ХҚЕС ережелері қолданылатын оқиғаны немесе жағдайды ұстануға тиіс.

§ 25. Есептеу қағидаты
36. Субъект есептеу қағидатын пайдалана отырып, ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептерді жасайды. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (қаржылық есептердің элементтері) ретінде танылады.
§ 26. Қаржылық есептердегі тану

37. Субъект активті болашақ экономикалық пайданың ағыны ықтимал болғанда, ал актив сенімді өлшенетін құнда немесе бағада болғанда баланста таниды. Актив ағымдағы есепті кезеңнен тысқары экономикалық пайда ағынының ықтималдығын болдырмайтын шығындар келтірілген кезде жылдың балансында танылмайды. Мұның орнына мұндай операция шығысты пайда мен залал туралы есепте тануға әкеледі.
38. Субъект қазіргі бар міндеттемені өтеу нәтижесінде экономикалық пайда бар ресурстар ағыны туындаса және осы өтеудің шамасы сенімді түрде өлшенетін болса, міндеттемені жылдың балансында таниды.
39. Кірісті тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланысты. Субъект кірісті активтің ұлғаюына немесе міндеттеменің азаюына байланысты болашақтағы экономикалық пайданың ұлғаюы орын алған кезде пайда және залал туралы есепте таниды және мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.
40. Шығыстарды тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланысты. Субъект шығыстарды активтің азаюына немесе міндеттеменің ұлғаюына байланысты болашақтағы экономикалық пайданың азpf00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000аюы орын алған кезде пайда және залал туралы есепте таниды және мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.
41. Пайда немесе залал бұл кірістер мен шығыстар арасындағы арифметикалық айырманы білдіреді.
Пайда қаржылық есептердің жеке элементі болып табылмайды және ол тануды жеке өлшеуіне мұқтаж емес.

§ 27. Бастапқы тану кезіндегі өлшеу
42. Активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде субъект активтер мен міндеттемелерді осы Стандартта өлшеулің өзгеше базасын пайдалану ұйғарылған ерекше жағдайларды қоспағанда (мысалы – әділ құн), тарихи құн бойынша өлшеуге тиіс.

§ 28. Келесі өлшеулер

43. Бастапқы танығаннан кейін субъектінің қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді одан әрі өлшеуі осы Стандартта өлшеулің өзгеше базасын пайдалану ұйғарылған немес жол берілген ерекше жағдайларды қоспағанда (мысалы – өзіндік құн немесе амортизацияланған өзіндік құн), әділ құн бойынша жүзеге асырылады.
44. Бастапқыда тарихи құны бойынша өлшенген қаржылық емес активтердің көпшілігі бұдан әрі өзге де өлшеу базасы негізінде өлшенеді. Мысалы, субъект негізгі құралдарды екі шаманың азы бойынша өлшейді: амортизацияланған құн мен сату құнын аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегеріп. Активтерді азы құнымен өлшеу актив субъект осы активті сатудан немесе пайдаланудан алуды күтетін сомадан асып түсетін сомада өлшенбейтіндігін қамтамасыз етеді.
45. Субъект бастапқыда тарихи құнмен өлшеген кейбір қаржылық емес активтер үшін осы Стандарт келесі өлшеулерде әділ құнды пайдалануға рұқсат береді. Мыналар мысал бола алады:
1) әділ құнмен өлшенетін ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға инвестициялар;
2) субъект әділ құн бойынша өлшейтін жылжымайтын мүлікке инвестициялар;
3) субъект қайта бағаланған құн бойынша өлшейтін негізгі құралдар;
4) субъект қайта бағаланған құн бойынша өлшейтін материалдық емес активтер;
5) субъект есептік өтімді шығындарды шегергендегі әділ құн бойынша өлшенетін ауыл шаруашылығы активтері (оны жинау сәтіндегі биологиялық активтер мен ауыл шаруашылығы өнімі).
46. Қаржылық емес міндеттемелердің көпшілігі міндеттемелерді өтеу үшін талап етілетін есепті күнгі соманы үздік есептік бағалау бойынша өлшенеді.
47. Субъект осы Стандартта мұндайлар ұйғарылған немесе рұқсат берілген жағдайларды қоспағанда, активтер мен міндеттемелерді немесе кірістер мен шығыстарды өзара есепке алуды жүзеге асырмайды.
1) активтерді бағалау резервтерін, мысалы, дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резервті шегеріп өлшеу өзара есепке алу болып табылмайды;
2) егер субъектінің қарапайым операциялық қызметі өзіне ұзақ мерзімді активтерді (инвестициялар мен операциялық активтерді қоспағанда) сатып алуды және сатуды қамтымаған жағдайда, мұндай активтердің шығуынан болған кірістер мен залалдар активтің және активтің шығуынан түскен соманың тиісті өтімді шығыстарының балансты құнын шегеру жолымен есептерде беріледі.

3. Қаржылық есептерді беру

§ 29. Дұрыс беру
48. Қаржылық есептер субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелері мен ақша құралдарының қозғалысын объективті білдіруге тиіс. Дұрыс беру үшін операциялардың нәтижелерін, өзге де оқиғалар мен жағдайларды активтердің, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды танудың анықтамаларына және өлшеулеріне сәйкес әділ көрсету талап етіледі.

§ 30. Осы Стандартқа сәйкес келу
49. Осы Стандартқа сәйкес қаржылық есептерді жасайтын субъект бұл туралы ескертпелерге сәйкес баяндайды. Қаржылық есептер осы Стандартта баяндалған барлық талаптарға сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, Стандартқа сәйкес келетіндей етіп баяндалмауға тиіс
50. Басшылық осы Стандарттың сол немесе өзге талабына сәйкес келу қаржылық есептіліктің мақсатына қайшы келетіндей жаңылуға әкелуі мүмкін қорытындыға келетін сирек жағдайларда субъект бұл талаптан, егер тиісті регулятивті база мұндай шегіністі талап ететін болса немесе қандай да болмасын өзге де тәсілмен тыйым салса, осы Стандарттың 51-тармағында белгіленгендейден шегінеді.
51. Субъект осы Стандарттың талаптарынан шегінген жағдайда субъект мынадай мәліметтерді ашады:
1) басшылық қаржылық есептер қаржылық жағдайды, қызметтің қаржылық нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын дұрыс беретіндігі туралы қорытындыға келгендігін көрсету;
2) субъект дұрыс беруге қол жеткізу мақсатында қандай да болмасын нақты талаптан шегінгеннен басқа жағдайларда, осы Стандартқа сүйенгендігін көрсету;
3) осы Стандартта ұйғарылған есепке алу тәртібін сипаттауды қоса алғанда, мұндай шегіністің сипаты туралы мәліметтер; ұйғарылған есепке алу тәртібі осы Стандарттың 2-бөлімінде көрсетілген қаржылық есептердің мақсатына қайшы келетін дәрежеде жаңылысуға әкелетін себептерді түсіндіру; пайдаланылған есепке алу тәртібі;
4) берілген кезеңдердің әрқайсысына талап сақталған кезде көрсетілген қаржылық есептердің әрқайсысына шегіністің қаржылық әсері.
52. Егер субъект алдыңғы кезеңде осы Стандарттың талабынан шегінсе және осы шегініс ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептерде танылған сомаға әсер етсе, онда ол осы Стандарттың 51-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес ақпаратты ашуға тиіс.
53. Басшылық Стандарттың сол немесе өзге талабына сәйкес келу қаржылық есептіліктің мақсатына қайшы келетіндей жаңылуға әкелетін, бірақ тиісті регулятивті база осы талаптан шегінуге тыйым салатын қорытындыға келген ерекше сирек жағдайларда субъект мынадай ақпаратты аша отырып, мүмкіндігінше талаптарды сақтағандықтан жаңылысуға әкеледі деп санайтын аспектілерді төмендетуге тиіс:
1) сөз болып отырған осы Стандарт талаптарының сипаты және басшылық осы талапты сақтау осындай жағдайларда бұл қаржылық есептіліктің мақсатына қайшы келетін жаңылысуға әкелетіні туралы қорытындыға келген себептер;
2) басшылықтың қорытындысы бойынша дұрыс беруді қамтамасыз ету үшін қажетті қаржылық есептердің әрбір бабы бойынша түзетудің әрбір берілген кезеңі үшін.

§ 31. Қызметтің үздіксіздігі
54. Қаржылық есептерді дайындаған кезде осы Стандартты пайдаланатын субъектінің басшылығы өзінің қызметін үздіксіз жалғастыруға өзін қабілетін бағалайды. Субъект басшылық кәсіпорында не таратуды не коммерциялық қызметті тоқтатуды немесе осыны жасағаннан басқа, нақты баламасы жоқ жағдайларды қоспағанда, өзінің қызметін үздіксіз жалғастыруға қабілетті болып саналады. Басшылыққа қызметтің үздіксіздігінің перспективаларын айқындау кезінде үздіксіз қызметті жалғастыруға қабілеттілікке едәуір күмән тудыруы мүмкін оқиғаларға немесе талаптарға байланысты елеулі белгісіздіктер туралы белгілі болғанда бұл белгісіздіктер ашылуға тиіс. Қаржылық есептер қызметтің үздіксіздігі туралы рұқсаттар негізінде емес жасалатын кезде бұл факт қаржылық есептер жасалған негіз сияқты ашылады және оның себебі субъектінің үздіксіз жұмыс істейді деп саналмайтындығында.
§ 32. Есептіліктің кезеңділігі
55. Субъект жылына кемінде бір рет қаржылық есептердің толық жинағын (салыстырмалы ақпаратты қоса алғанда) беруге тиіс. Субъектінің есепті кезеңі ауысқан және субъектінің жыл сайынғы қаржылық есептері бір жылдан ұзақ немесе қысқа кезеңді қозғайтын жағдайда субъект мыналарды ашады:
1) есепті кезеңнің өзгеру фактісі;
2) неғұрлым ұзақ немесе неғұрлым қысқа кезеңді пайдалану себептері; және
3) пайда және залал туралы есептегі, капиталдағы өзгерістер туралы есептегі, ақша қаражатының қозғалысы туралы есептегі және тиісті ескертпелердегі салыстырмалы сомалар толық салыстырмалы болып табылмайды.

§ 33. Берудің кезектілігі
56. Баптарды субъектінің қаржылық есептерінде беру және сыныптау мынадай жағдайларды қоспағанда, бір кезеңнен келесіге сақталуға тиіс:
1) субъект қызметінің сипаты едәуір өзгеруі немесе оның қаржылық есептерін қайта қарау нәтижесінде беру мен сыныптаудың басқа нысаны осы Стандарттың 10-бөліміне сәйкес есеп саясатын таңдау мен қолдану өлшеулерін ескере отырып, неғұрлым қолайлы болар еді;
2) осы Стандарт беру нысанын өзгертуді ұйғарады.
57. Баптарды қаржылық есептерде беру мен сыныптау өзгергенде, салыстырмалы сомалар кері сыныпталғанда, мұндай кері сыныптау іс жүзінде жүзеге асырылмайтындай болып табылған жағдайларды қоспағанда. Салыстырмалы сомалар кері сыныптауға ұшыраса, субъект мыналарды ашады:
1) кері сыныптау сипатын;
2) кері сыныпталған әрбір баптың немесе бап түрінің шамасын; және
3) кері сыныптау себебін.
58. Егер салыстырмалы сомаларды кері сыныптау іс жүзінде мүмкін болмаса, субъект мыналарды ашады:
1) сома кері сыныпталмаған себепті; және
2) егер сомалар кері сыныпталған болса, жасауы мүмкін түзетулер сипаты.

§ 34. Салыстырмалы ақпарат
59. Осы Стандарт өзгешеге рұқсат беретін немесе талап ететін жағдайларды қоспағанда, субъект қаржылық есептер мен ескертпелерде берілген барлық сомалар үшін алдағы салыстырмалы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпаратты ашады. Мұндайлар ағымдағы жылғы қаржылық есептерді түсіну үшін қолайлы болған жағдайларда субъект, сондай-ақ дәлелді және суреттеме ақпарат үшін салыстырмалы ақпаратты ашуға тиіс.

§ 35. Елеулілік пен жинақтау
60. Субъект ұқсас баптардың елеулі түрін жеке-жеке беруге тиіс. Субъект олар елеулі болмаған жағдайлардан басқа жағдайларда, өзінің сипаты немесе функциялары бойынша әр түрлі баптарды жеке-жеке берген жөн.
61. Баптарды тастап кету немесе бұрмалау, егер олар жеке-жеке немесе жинақталып пайдаланушылардың қаржылық есептерінің негізінде қабылданған экономикалық шешімдерге әсер ете алатындай болса, елеулі болып саналады. Елеулілік ілеспе жағдайлардың шеңберінде бағаланатын тастап кеткен немес бұрмаланған ақпараттың мөлшері мен сипатына байланысты. Баптың мөлшері немесе сипаты немесе олардың үйлесуі айқындаушы фактор болуы мүмкін.

§ 36. Қаржылық есептердің толық жинағы
62. Субъектінің қаржылық есептері өзіне мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен залал туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.

§ 37. Қаржылық есептер нысанын айқындау
63. Субъект қаржылық есептердің және оларға қосымшалардың әрқайсысын нақты бөліп көрсетуге және оларды сол құжаттағы өзге де ақпараттан бөлуге тиіс. Бұдан басқа, субъект мынадай ақпаратты бөлуге және оны мұндайлар ұсынылатын ақпаратты түсіну үшін қажет жағдайларда қайталауға тиіс:
1) есеп беретін субъектінің атауы және өткен есепті кезеңнің аяғынан бастап өткен оның атауына кез келген өзгерістер;
2) қаржылық есептілік жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамтиды ма екендігін көрсету;
3) есепті кезеңнің және қаржылық есептерде қамтылған кезеңнің аяқталған күні;
4) есептілік валютасы;
5) қолайлы болған жерде – қаржылық есептердегі сомаларды ұсынған кезде пайдаланылған дөңгелектеу дәрежесі.

4. Бухгалтерлік баланс

§ 38. Мақсаты және бухгалтерлік баланстың өзінде
тікелей беруге тиіс ақпарат
64. Бухгалтерлік баланс субъектілердің белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтерін, міндеттемелері мен капиталын білдіреді.
65. Субъект бухгалтерлік баланстың өзінде тікелей беруге тиіс ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:
1) ақша қаражаты мен ақша қаражатының баламалары;
2) сауда және өзге де дебиторлық берешек;
3) қаржылық активтер (осы тармақтың 1), 2) және 8) тармақшаларында көрсетілген сомаларды қоспағанда);
4) қорлар;
5) негізгі құралдар;
6) материалдық емес активтер;
7) биологиялық активтер;
8) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілген инвестициялар;
9) осы Стандарттың 616-618-тармақтарына сәйкес сатуға арналғандар ретінде сыныпталған ұзақ мерзімді активтердің және істен шығуға арналған топтарға енгізілген және сатуға арналғандар ретінде сыныпталған активтердің қорытынды сомасы;
10) сауда және өзге де кредиторлық берешек;
11) қаржылық міндеттемелер (осы тармақтың 10) және 15) тармақшаларында көрсетілген сомаларды қоспағанда);
12) ағымдағы салықтар бойынша міндеттемелер мен активтер;
13) кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен кейінге қалдырылған салықтық активтер (бұл активтер барлық уақытта ұзақ мерзімді активтер ретінде сыныпталуға тиіс);
14) сату үшін ұсталатындар ретінде сыныпталатын шығуға арналған топтарға енгізілгендер;
15) бағалау міндеттемелері;
16) басты ұйым акционерлерінің капиталынан жеке берілген азшылықтың үлесі;
17) басты ұйым акционерлеріне жататын капитал.
66. Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар мұндай беру субъектінің қаржылық жағдайын түсіну үшін қолайлы бухгалтерлік баланстың өзінде тікелей берілуге тиіс.
67. Осы Стандарт баптарды немесе баптар берілуі жөніндегі форматты баяндаудың кезектілігін белгілемейді.
68. Субъект қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтерді және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелерді өтімділік негізінде беру сенімді және неғұрлым қолайлы ақпаратты беретін жағдайларды қоспағанда, осы Стандарттың 69-72-тармақтарына сәйкес баланстың өзінде жеке сыныптама түрінде береді. Бұл ерекшелік қолданылғанда барлық активтер мен міндеттемелер үлгілі өтімділік тәртібімен еркін ұсынылады.

§ 39. Қысқа мерзімді активтер
69. Субъект активті мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:
1) субъект активті сатуды болжайды немесе активті қалыпты операциялық цикл барысында сатуды немесе пайдалануды ұйғарады;
2) субъект негізінен активті сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;
3) субъект активті есепті кезеңнің аяғынан бастап 12 ай ішінде сатуды болжайды; немесе
4) бұл актив ақша құралдарын немесе міндеттемелерді есепті күннен кейін кемінде 12 ай ішінде өтеу үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға шектеу болатын жағдайларды қоспағанда, ақша қаражатына баламалы активті білдіреді.
70. Барлық өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде сыныпталады. Субъектінің қалыпты операциялық циклі дәл анықталмаса, оның ұзақтығы 12 айға тең болып қабылданады.

§ 40. Қысқа мерзімді міндеттемелер
71. Субъект міндеттемені мынадай жағдайларда қысқа мерзімді ретінде сыныптайды:
1) субъект оны кәсіпорынның қалыпты операциялық циклі барысында өтеуді болжайды;
2) субъект міндеттемені негізінен сауда мақсаты үшін ұстап тұрады;
3) субъект міндеттемені есепті кезеңнің аяғынан бастап он екі ай ішінде өтеуді болжайды; немесе
4) субъектінің осы міндеттемені өтеуді есепті кезеңнен кейін кемінде 12 айға қалдыруға сөзсіз құқығы жоқ.
72. Барлық өзге міндеттемелерді ұзақ мерзімді ретінде сыныптауға тиіс.

§ 41. Баптарды берудің кезектілігі мен оларды
бухгалтерлік баланста беру форматы
73. Осы Стандарт баптардың немесе баптар берілуге жөн форматтың баяндалу кезектілігін белгілемейді. 65-тармақ тек өзінің сипаты немесе функциясы бойынша ол баланстың өзінде жеке берілу үшін негіз болуы үшін жеткілікті түрде ерекшеленетін баптар тізбесін білдіреді. Бұдан басқа:
1) баптың сипаты мен функциясы немесе ұқсас баптардың жиынтығы субъектінің қаржылық жағдайын түсіну үшін жеке беру қолайлы болғанда, жекелеген баптар қосылады;
2) пайдаланылатын атау және баптардың орналасу тәртібі немесе ұқсас баптардың бірігуі субъектінің қаржылық жағдайын түсіну үшін қолайлы ақпаратты ұсыну үшін субъект қызметінің және оның операцияларының сипатына сәйкес өзгеруі мүмкін.
74. Қосымша баптарды жеке ұсыну керек пе деген түсінік мыналарды бағалауға негізделеді:
1) активтердің сипаты мен өтімділігін;
2) субъект шеңберінде активтердің функциясын; және
3) міндеттемелер кезінде сомаларды, сипаты мен бөлуді.

§ 42. Тікелей бухгалтерлік баланстың өзінде
не ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат
75. Субъект баланстың өзінде не ескертпелерде мынадай кіші сыныптарды ашуға тиіс:
1) осы Стандарттың 16-бөлімінің ережелеріне сәйкес негізгі құралдар баптарының сыныптары;
2) сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі, байланысты тараптардан берешек, алдын ала төлемдер мен өзге де сомалар;
3) осы Стандарттың 12-бөліміне сәйкес қорлар сыныптары –мыналар: тауарлар, өндірістік материалдар, аяқталмаған өндіріс пен дайын өнім сияқты;
4) қызметкерлерге сыйақы төлеу жөніндегі бағалау міндеттемелері мен басқа да бағалау міндеттемелері; және
5) капитал сыныптары – мыналар: төленген капитал, эмиссиялық кіріс, таратылмаған пайда мен осы Стандарттың талаптарына сәйкес тікелей капиталда танылуға тиіс кірістер мен шығыстардың баптары.

5. Пайда мен залал туралы есеп

§ 43. Қолдану
76. Пайда мен залал туралы есеп субъектінің кезеңдегі кірістері мен шығыстарын көрсетеді.
77. Пайда мен залал туралы есеп өзіне осы Стандарта өзгеше көзделген атауларды қоспағанда, кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптарын қамтуға тиіс. Осы Стандарт мынадай жағдайларда берудің өзгеше тәртібін ұйғарады:
1) есеп саясатындағы қателер мен өзгерістердің әсері олар туындаған кезеңдегі кірістер мен шығыстар түрінде емес, өткен кезеңдердің түзетулері ретінде беріледі; және
2) қайта бағалаудан мүліктің құнының өсуі, осы Стандарттың 30-бөліміне сәйкес шетелдік қызметтің қаржылық есептерін аудару нәтижесінде туындайтын кейбір пайда мен залал және хеджингтік құралдардың әділ құнындағы кейбір өзгерістер пайда немесе залал түрінде емес, олар туындаған кезде капиталда тікелей көрінеді.

§ 44. Пайда мен залал туралы есептің
тікелей өзінде беруге тиіс ақпарат
78. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде берілетін ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:
1) кіріс;
2) қаржыландыруға арналған шығындар;
3) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ассоциацияланған ұйымға және бірлескен қызметке инвестициялардан түсетін пайданың немесе залалдың үлесі;
4) салықтар төлеу жөніндегі шығыстар;
5) тоқтатылған қызметтен салынатын салықтардан кейін пайдадан немесе залалдан жиынтық соманы құрайтын бірыңғай сома және осы Стандарттың 34-бөліміне сәйкес тоқтатылған қызметті білдіретін шығуға арналған активтерді немесе топты (топтарды) сатуға немесе шығаруға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн өзгерген кезде танылған салықтардан кейін өзге де кіріс немесе залал; және
6) пайда немесе залал.
79. Субъект мынадай баптарды тікелей пайда мен залал туралы есепте кезеңдегі пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашуға тиіс:
1) азшылықтың үлесіне жататын пайда немесе залал; және
2) басты ұйымның үлестік құралдарының иесіне жатқызылатын пайда немесе залал.
80. Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар тікелей пайда мен залал туралы есептің өзінде мұндай беру субъект қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін қолайлы болғанда беріледі.
81. Субъект пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде емес, оған ескертпелерде емес, төтенше баптар ретінде кірістер мен шығыстардың қандай да болмасын баптарын беруге немесе сипаттауға тиіс емес.

§ 45. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде
немесе оған ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат
82. Едәуір құрайтын әрбір кірістер мен шығыстар бойынша субъект осындай құрауыштың сипаты мен сомасын жеке ашуға тиіс. Мұндай ашулар өзіне мыналарды қамтуға тиіс:
1) қорлар құнын аяқтауға және өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасына дейін қорлар құнын есептен шығару;
2) негізгі құралдар құнын өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ бағаға дейін негізгі құралдар құнын есептен шығару;
3) субъектінің қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға жұмсалатын шығындар бойынша бағалау міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша реверсивті жазбалар;
4) негізгі құралдар объектілерінің шығуы;
5) инвестициялардың шығуы;
6) тоқтатылған қызмет;
7) сот дауларын реттеу; және
8) өзге резерв түрлері бойынша реверсивті жазбалар.

§ 46. Шығыстарды талдау
83. Субъект олардың сенімді және неғұрлым орынды ақпарат беретіндігіне байланысты шығыстар сипаттамасына не кәсіпорын шеңберінде шығыстар функциясына негізделген сыныптаманы пайдалана отырып, шығыстарды талдауды білдіруге тиіс.

§ 47. Шығыстар сипаты бойынша талдау
84. Осы әдіс шеңберінде шығыстар олардың сипатына (мысалы, негізгі құралдардың амортизациясы, материалдарды сатып алу, көліктік шығыстар, қызметкерлерге сыйақы және жарнамаға жұмсалатын шығындар) сәйкес пайда және залал туралы есепте бірігеді және субъект ішінде әр түрлі функционалдық бағыттар арасында қайта бөлінбейді.

§ 48. Шығыстар функциясы бойынша талдау
85. Сыныптаудың осы әдісі шеңберінде шығыстар олардың функционалдық бағыттарына сәйкес олардың функциялары бойынша жинақталады (мысалы, өтімді шығыстар, әкімшілік шығындар). Осы әдіске сәйкес субъект, ең болмағанда сатудың өзіндік құнын басқа шығыстардан бөлек ашады.
86. Субъектілердің мұндай талдауды пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде беруі қолданады. Осы Стандартқа қоса берілетін иллюстрациялық қаржылық есептер өзіне берудің екі әдісінің мысалдарын қамтиды.
87. Шығыстарды функциялары бойынша сыныптайтын субъект материалдық және материалдық емес активтерді амортизациялауға жұмсалатын шығыстар мен қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалатын шығыстар туралы ақпаратты қоса алғанда, шығыстар сипаты туралы қосымша ақпаратты ашуға тиіс.

6. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

§ 49. Капиталдағы өзгерістер туралы есептің
өзінде тікелей берілуге тиіс ақпарат
88. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп кезеңдегі пайда немесе залалды, кезеңде капиталдың құрамында танылған кірістер мен шығыстардың баптарын, кезеңдегі есеп саясатындағы қателерді түзету мен өзгерістердің әсері, және есеп форматына байланысты субъект ұстанатын капиталдағы өзгерістер туралы есепті – субъект капиталының иелері жүргізген соманы және оларға кезеңде төленген дивидендтер мен өзге де бөлулердің сомасын қамтиды.
89. Субъект тікелей есептің өзінде мыналарды көрсете отырып, капиталдағы өзгерістер туралы ұсынуға тиіс:
1) кезеңдегі пайда немесе залал;
2) осы Стандарттың талаптарына сәйкес тікелей капиталдың құрамында танылатын кезеңдегі кіріс пен шығыстың әрбір бабын және мұндай баптардың жиынтық сомасын;
3) кезеңдегі кірістер мен шығыстардың жалпы сомасы (басты ұйымның үлестік құралдарының иелеріне және азшылықтың үлесіне жататын жалпы сомаларды жеке көрсетіп, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларын сомалау жолымен есептелген);
4) капиталдың әрбір құрамдас бөлігі бойынша есеп саясатындағы өзгерістердің және осы Стандарттың 10-бөліміне сәйкес танылған қателерді түзетудің әсері.
90. Субъект сол сияқты капиталдағы өзгерістер туралы есептің немесе өзінде немесе ескертпелерде мынадай ақпаратты беруге тиіс:
1) капиталдың иелері жүргізген сомалар және дивидендтердің және акцияларды шығарудан алынған сомаларға бөліп, оларға өзге де бөлулердің сомалар, сатып алынған акциялармен жасалатын операциялар бойынша сомалар мен үлестік құралдарды ұстаушыларға өзге де бөлулер бойынша сомалар;
2) есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бөлінбеген пайданың сальдосы (яғни жинақталған пайда немесе залал), сондай-ақ кезеңнің ішіндегі өзгерістер;
3) енгізілген капиталдың әрбір сыныбының және әрбір өзгерісті жеке ашып, кезеңнің басындағы және аяғындағы капиталдың құрамында тікелей танылатын кірістер мен шығыстардың әрбір бабының баланстық құны арасындағы салыстырма.

7. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

§ 50. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептің мазмұны
91. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп өзіне ақша құралдарындағы өзгерістер мен осындай өзгерістерді операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен өзгерістерге бөліп, субъектінің кезеңдегі ақша қаражатының баламалары туралы ақпаратты қамтиды.
92. Ақша қаражатының баламалары инвестициялаудан немесе басқа мақсаттардан гөрі қысқа мерзімді ақша міндеттемелерін өтеу үшін ұсталады. Осылайша, әдетте, инвестиция алынған күннен бастап үш ай немесе одан аз болатын өтеу мерзімі болған кезде ғана ақша қаражатының баламасы анықтамасында болады. Банктік овердрафттар, әдетте, қарыз алумен ұқсас, яғни қаржылық қызмет ретінде қаралады. Солай бола тұрса да, егер банктік овердрафт талап ету бойынша өтеуге жатса және субъектінің ақша қаражатын басқарудың инструментарийінің ажырамас бөлігі болап табылатын болса, банктік овердрафттар ақша қаражатының құрамдас бөлігі және ақша қаражатының баламасы болып табылады.
93. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте кәсіпорын тиесілілігі бойынша операциялық қызметке, инвестициялық және қаржылық қызметке сыныпталған кезеңдегі ақша қаражатының ағынын көрсетеді.

§ 51. Операциялық қызмет
94. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражатының ағыны басым түрде субъектінің пайда әкелетін қызметінен алынады. Осылайша, әдетте, олар пайданы немесе залалды айқындау кезінде ескерілетін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен алынатын ақша қаражаты ағынының мысалдары мыналар болып табылады:
1) тауарларды сатудан және қызметтерді көрсетуден түсетін ақшалай түсімдер;
2) роялтиден, алымдардан, комиссиялық сыйақылардан түсетін ақшалай түсімдер және өзге де түсім;
3) берушілерге тауарлар мен қызметтер үшін ақшалай төлемдер;
4) қызметшілерге және олардың атынан ақшалай төлемдер;
5) ақшалай төлемдер немесе олар инвестициялық немесе қаржылық қызметке жатқызылуы мүмкін жағдайларды қоспағанда, пайдаға салынатын салықты өтеу;
6) ақша қаражатының түсімдері және мәмілелер жасау үшін немесе қайта сату үшін арнайы сатып алынған қорлар ретінде қаралатын сауда мақсаттарында ұсталатын инвестициялық шарттар, қарыз шарттары мен өзге де шарттар шеңберіндегі төлемдер.
Жабдықтың бір бірлігін сату сияқты кейбір операциялар қызметтің нәтижесіне енгізілетін пайданың немесе залалдың туындауына әкелуі мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражатының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы болып табылады.

§ 52. Инвестициялық қызмет
95. Инвестициялық қызметтен түсетін ақша ағыны болашақ кірісті және ақша қаражатының ағынын генерирлеуге арналған ресурстарды қалыптастыру мақсатында жүргізілген шығындарды білдіреді.
Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаты қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
1) негізгі құралдарды (өздігінен жүргізілген қаражатты қоса алғанда), материалдық емес активтерді (өңдеуге арналған күрделенген шығындарды қоса алғанда) және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатып алу үшін ақша қаражатын төлеу;
2) негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және өзге де ұзақ мерзімді активтерді сатудан түсетін ақшалай түсімдер;
3) басқа да субъектілердің үлестік немесе борыштық құралдарын және бірлескен қызметтегі қатысу үлестерін сатып алуға арналған ақшалай төлемдер (ақша қаражатының баламалары немесе мәмілелер жасауға немесе сауда мақсаттарына арналғандары ретінде қаралатын құралдарға төленетін төлемдерден басқа);
4) басқа да субъектілердің үлестік немесе борыштық құралдарын және бірлескен қызметтегі қатысу үлестерін сатудан түсетін ақшалай түсімдер (ақша қаражатының баламалары немесе мәмілелер жасауға немесе сауда мақсаттарына арналғандары ретінде қаралатын құралдардан түсетін түсімдерден басқа);
5) басқа тараптарға берілген ақша қаражатының аванстық төлемдері мен кредиттер;
6) басқа тараптарға берілген аванстар мен кредиттерді қайтарудан түсетін ақша қаражатының түсімдері;
7) фьючерстік және форвардтық келісім-шарттар, опциондар мен своптар бойынша ақшалай төлемдер, осы келісім-шарттар мәмілелер жасау үшін немесе сауда мақсаттарында ұсталатын немесе осы төлемдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде сыныпталатын жағдайлардан басқа жағдайларда;
8) фьючерстік және форвардтық келісім-шарттардан, опциондар мен своптардан түсетін ақшалай түсімдер, осы келісім-шарттар мәмілелер жасау үшін немесе сауда мақсаттарында ұсталатын немесе түсімдер қаржыландыру жөніндегі қызмет ретінде сыныпталатын жағдайлардан басқа жағдайларда.
Егер келісім-шарт осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес хеджингтік ретінде ескерілсе, субъект келісім-шарттан түскен ақша ағынын хеджирленетін баптан түсетін ақша ағыны сыныпталатындай етіп сыныптағаны жөн.

§ 53. Қаржыландыру жөнінде қызмет
96. Қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражаты қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
1) акциялар эмиссияларынан немесе басқа да борыштық құралдардан түскен ақшалай түсімдер;
2) субъектінің акцияларын алу немесе сатып алу үшін иегерлерге ақшалай төлемдер;
3) қамтамасыз етілмеген облигацияларды, қарыздарды, вексельдерді, қамтамасыз етілген қарыздарды, бетбелгі қағаздары мен ұзақ мерзімді қарыз қаражатын шығарудан түсетін ақшалай түсімдер;
4) кредитке алынған сомалардан алынған ақшалай өтемдер; және
5) қаржылық жалға алу жөніндегі өтелмеген берешекті азайту үшін жалға берушінің ақшалай түсімдері.

§ 54. Операциялық қызметтен алынатын ақшалай
қаражаттың қозғалысы жөнінде деректер беру
97. Субъект операциялық қызметтен алынатын ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы не мыналарды пайдаланып есеп береді:
1) тікелей әдіс, онда жалпы ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі түрлері туралы ақпарат ашылады;
2) жанама әдіс, онда пайда немесе залал монетарлық емес операциялардың, кейінге қалдырылған немесе есептелген өткен немесе болашақтағы ақшалай түсімдердің немесе операциялық қызметтен алынатын төлемдердің және инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты кірістердің немесе шығыстардың баптарының нәтижесінде түзетіледі.
98. Жанама әдісті пайдаланған кезде операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының таза қозғалысы мыналарды ескере отырып, пайданы немесе залалды түзету жолымен айқындалады:
1) кезең ішіндегі қорлардағы және дебиторлық және кредиторлық берешектегі өзгерістер;
2) амортизация, бағалау міндеттемелері, мерзімі ұзартылған салықтар, шетелдік валютадағы операциялардан түскен іске асырылмаған пайда мен залал, қауымдастырылған ұйымдар мен азшылық үлесінің таратылмаған пайдасы сияқты монетарлық емес баптар;
3) нәтижесі инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы болып табылатын барлық өзге де баптар.
Балама ретінде операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының таза қозғалысы туралы деректер пайда мен залал туралы есептерде ашылатын кірістер мен шығыстарды және қорлардағы өзгерістер мен кезең ішіндегі операциялық дебиторлық және кредиторлық берешекті көрсету жолымен берілуі мүмкін.
99. Тікелей әдісті пайдаланатын субъект Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп деген ХҚЕС (IAS) 7 ережелерін қолдануға тиіс.

§ 55. Инвестициялық немесе қаржылық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы туралы деректер беру
100. Субъект инвестициялық немесе қаржылық қызметтен туындайтын жалпы ақшалай түсімдер мен төлемдердің негізгі түрлері туралы ақпаратты бөлек беруге тиіс. Еншілес кәсіпорындар мен басқа да құрылымдық бөлімшелерді сатып алу және шығу нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының жиынтық қозғалысы жеке берілуге тиіс және операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныпталуға тиіс.

§ 56. Шетелдік валютадағы ақша қаражатының қозғалысы
101. Субъект шетелдік валютадағы операциялар нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының қозғалысын шетелдік валютадағы сомаға ақша қаражаты қозғалысының сол күнгі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы айырбас бағамды қолдану жолымен субъектінің шетелдік валютадағы, функционалдық валютадағы операциялары нәтижесінде туындайтын ақша қаражатының қозғалысын ескеруге тиіс.
102. Субъект шетелдік еншілес ұйымның ақша қаражатының қозғалысын ақша қаражаты ағындары күнгі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы айырбас бағамдары бойынша аударуға тиіс.
103. Валюталардың айырбас бағамының өзгеруі нәтижесінде туындайтын іске асырылмаған пайда мен залал ақша қаражатының қозғалысы болып табылмайды. Солай бола тұрса да, кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражатын және ақша қаражатының баламасын айқындау үшін ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте айырбас бағамның өзгерістерінің шетелдік валютадағы немесе шетелдік валютада төлеуге жататын ақша қаражатына және ақша қаражатының баламасына әсерін көрсеткен жөн. Сондықтан субъект кезеңнің аяғындағы ақша қаражатына және ақша қаражатының баламасын кезеңнің аяғындағы валюталық бағамдарға қайта санауға тиіс. Субъект алынған іске асырылмаған пайданы немесе залалды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша ағындарынан бөлек көрсетуге тиіс.

§ 57. Пайыздар мен дивидендтер
104. Субъект пайыздар мен дивидендтерден (алынған және төленген) ақшалай ағындарды жеке ашады, бұл ретте төленген пайыздар өзіне есеп саясатына және осы Стандарттың 24-бөліміне сәйкес күрделендірілген сомаға қосуға тиіс. Субъект операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысына ақша ағындарын кезекпен сыныптауға тиіс.
105. Субъект төленген пайыздарды, алынған пайыздар мен дивидендтерді операциялық қызметтен түскен ақшалай пайданы немесе залалды анықтаған кезде қосылады. Балама ретінде субъект төленген пайыздар мен дивидендтерді тиісінше қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы және инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныптай алады, себебі олар тиісінше қаржылық ресурстарды тартуға жұмсалатын және инвестициялық қызметтен кіріс алу болып табылады.
106. Субъект дивидендтер төлеуді қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныптай алады, себебі олар қаржы ресурстарын тартуға жұмсалатын шығындар болып табылады. Балама ретінде субъект төленген дивидендтерді операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы ретінде сыныптай алады, себебі мұндай төлемдер операциялық қызмет шеңберінде түскен ақша қаражатынан жүргізіледі.

§ 58. Пайдаға салынатын салық
107. Корпоративтік табыс салығын төлеуге байланысты туындайтын ақша қаражатының қозғалысын субъект жеке ашуға және мұндай қозғалыс қаржылық қызметке немесе инвестициялық қызметке нақты байланысты болуы мүмкін жағдайлардан басқа жағдайларда, операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы ретінде ашылуға тиіс. Ақша қаражатының салық ағындары бірден астам қызмет түріне жататын болған кезде субъект төленген салықтардың жалпы сомасын ашуға тиіс.

§ 59. Ақшалай емес операциялар
108. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке субъект ақша қаражатын немесе ақша қаражатының баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржылық операцияларды қамтымайды. Мұндай операцияларды субъект қаржылық есептердің басқа бөлімінде бұл ашулар субъектінің мұндай инвестициялық және қаржылық қызметі туралы барлық қолайлы ақпаратты беретіндей ашылуға тиіс.
109. Инвестициялық және қаржылық қызметтің едәуір бөлігі ол субъектінің капиталы мен активтерінің құрылымына әсер етсе де, ақша қаражатының ағымдағы қозғалысына тікелей әсер етпейді. Ақшалай емес операцияларды ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен алып тастау осы есептің мақсатына жауап береді, себебі бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысына әсер етпейді. Ақшалай емес операциялардың мысалдары мыналар болып табылады:
1) не өзіне тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып не қаржылық жалдау арқылы активтер сатып алу;
2) субъектінің капиталды шығару арқылы сатып алуы; және
3) борыштық міндеттемелерді капиталға аудару.

§ 60. Ақша қаражаты мен ақша қаражаты
баламаларының құрамдас бөліктері

110. Субъект ақша қаражаты мен олардың баламаларының құрамдас бөліктерін ашуға және сомаларды ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте бухгалтерлік баланстағы баламалы сомаларымен салыстыруды өзінің есебінде беруге тиіс.
111. Субъект субъектіде бар, бірақ субъект пайдалану үшін қол жетімсіз ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының едәуір қалдықтарының сомасын ашуға тиіс. Ашудан басқа субъект осы сомалар бойынша басшылықтың тиісті түсіндірмесін келтіруге тиіс. Субъектінің пайдалануы шектеулі болуы мүмкін ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының мысалдарының біріне пайдалануы валюталық немесе қандай да болмасын өзге реттеу заңнамасымен шектелген қаражатты келтіруге болады.
8. Қаржылық есептерге ескертпелер

§ 61. Мақсаты, құрылымы мен ашу
112. Қаржылық есептерге ескертпелер тікелей қаржылық есептерде берілетін ақпаратқа қосымша ақпаратты қамтиды. Ескертпелерде осы есептерде ұсынылған баптарды баяндау сипаты мен осы есептерде танылуға жататын баптар туралы ақпарат қамтылады.
113. Ескертпелерде:
1) қаржылық есептерді дайындау негізі және осы Стандарттың 116 және 117-тармақтарына сәйкес пайдаланылған есеп саясатының нақты ережелері туралы ақпаратты беру;
2) осы Стандарттың ережелері бойынша ашылуға міндетті, бірақ тікелей қаржылық есептердің өздерінде берілмеген ақпаратты ашу; және
3) тікелей қаржылық есептердің өздерінде жоқ, бірақ қаржылық есептерді түсіну үшін қолайлы ақпаратты беру қажет.
114. Ескертпе ол неғұрлым мүмкін болатындай реттелген түрде берілуге тиіс. Ескертпелерде оларға тиісті ақпарат бар қаржылық есептерде берілген әрбір бапта субъект тікелей қаржылық есептерде қиылысқан сілтеме көрсетуге тиіс.
115. Әдетте, субъект ескертпені мынадай кезектілікпен баяндайды:
1) қаржылық есептер осы Стандартқа сәйкес құрылғандығы туралы өтініш;
2) есеп саясатына қолданылатын едәуір ережелердің жиынтығы;
3) тікелей қаржылық есептерде ұсынылған баптарға арналған ілеспе ақпарат, мұндай ақпараттың баяндалу кезектілігі қаржылық есептер мен оларда баптар берудің кезектілігімен сәйкес келуге тиіс;
4) мыналарды қоса алғанда, өзге де ашулар:
осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес шартты міндеттемелер мен шартты активтер және танылмаған шарттық міндеттемелер;
қаржылық емес ақпараттың ашылуы;
қаржылық есептілікті шығаруға бекіткенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ кезең ішінде капиталдың иегерлері арасында қаражат тарату ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, сондай-ақ бір акцияға қайта есептегендегі көрсетілген сома;
артықшылықты акумулятивті акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтердің сомасы.
116. Есеп саясатының едәуір элементтерін жинақтауда субъект мыналарды ашады:
1) қаржылық есептерді дайындау үшін пайдаланылған өлшеу базасы (немесе базалары);
2) осы Стандарт оқиғаны, операцияларды немесе міндеттемелерді есепке алу тәртібін таңдауға – субъект жасаған есеп саясатын талдаудың сипаттамасына жол берген жағдайда.
3) қаржылық есептілікті түсіну үшін қолайлы есеп саясатын пайдаланатын басқа да элементтер.
117. Субъект есеп саясатының едәуір элементтерінің жинақтарында немесе басқа ескертпелерде басшылық субъектінің есеп саясатын қолдану процесінде қабылдаған, қаржылық есептерде танылған сомаларға неғұрлым едәуір әсер ететін осы Стандарттың 118-тармағына сәйкес есептік бағалауларға байланысты шешімдерден басқа, шешімдер туралы ақпаратты ашады.
118. Субъект ескертпелерде келесі қаржы жылында активтер мен міндеттемелердің баланстық құнына елеулі түзетулер жүргізуге едәуір қатер және қажеттілік жасайтын өткенге қатысты негізгі жолсыздықтар туралы ақпаратты ашады. Осы активтер мен міндеттемелерге қатысты ескертпелерде толық ақпаратты қамтиды:
1) олардың сипаты туралы; және
2) олардың есепті кезеңнің аяғындағы баланстық құны.
119. Егер субъектіге сыртқы тараптар белгілеген капиталдың деңгейіне қойылатын талаптар қолданылатын жағдайда, субъект мұндай талаптардың сипатын осындай талаптарды сақтау қалай болатындығына қарай ашуға тиіс.

9. Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептер

§ 62. Бақылау
120. Осы Стандарттың 121-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, басты ұйым ол өзінің инвестицияларын осы Стандартқа сәйкес еншілес ұйымдарға шоғырландыратын шоғырландырылған қаржылық есептерге беруге тиіс. Шоғырландырылған қаржылық есептер басты ұйымның барлық еншілес ұйымдарын қамтуға тиіс.
121. Басты ұйым шоғырландырылған қаржылық есепті мынадай жағдайларда бермейді:
1) басты ұйымның өзі еншілес ұйым болып табылса;
2) аралық немесе басты ұйым ХҚЕС немесе осы Стандартқа сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті білдірсе.
122. Еншілес ұйым – бұл басты ұйым бақылайтын ұйым.
Егер қандай да болмасын тар және дәл анықталған мақсатты орындау үшін субъект арнайы мақсаттағы кәсіпорын (бұдан әрі – АМК) құрса, субъект, егер өзара байланыстың мәні АМҰ-ды осы субъект бақылайтындығын көрсетсе, АМҰ есептілігін шоғырландыра алады.
123. Бақылаудың болуы басты ұйым мұндай иелену субъектіні бақылауды қамтамасыз етпейтіндігін дәл көрсететін жағдайларды қоспағанда, тікелей немесе еншілес ұйымдар арқылы басқа субъектінің дауыс беретін акцияларының жартысынан астамын иеленсе болжанады. Бақылау, сондай-ақ басты ұйымға субъектінің дауыс беруші акцияларының жартысынан астамы тиесілі болса жұмыс істейді, бірақ мыналар болады:
1) басқа инвесторлармен келісімнің негізінде жартыдан көп дауысқа құқық;
2) жарғыға немесе келісімге сәйкес ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындау құқығы;
3) директорлар кеңесінің немесе басқарманың ұқсас органының мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе ауыстыру және субъектінің қызметін директорлар кеңесі немесе басқарманың ұқсас органы арқылы бақылау құқығы; немесе
4) директорлар кеңесінің немесе басқарманың ұқсас органының отырыстарында көпшілік дауыс беру және субъектінің қызметін директорлар кеңесі немесе басқарманың ұқсас органы арқылы бақылау құқығы.
124. Еншілес ұйым инвестор венчурлік капитал ұйым немесе өзге де ұқсас ұйым болып табылатындығы себебінен ғана шоғырланудан шығарылмайды.
125. Еншілес кәсіпорын оның қызметі өзінің сипаты бойынша шоғырлану шеңберінде басқа ұйымдардан ерекшеленетіндігі, сондай-ақ еншілес ұйым қызметін осы аумақтан ақшалай қаражатты немесе өзге де активтерді шығаруға шектеу қолданылатын аумақта жүзеге асыратындығы негізінде шоғырланудан шығарылмайды. Қолайлы ақпарат осындай еншілес ұйымдарды шоғырландыру және шоғырландырылған қаржылық есептерде еншілес ұйымдардың қызметінің әр түрлері туралы есептерде қосымша ақпаратты ашу жолымен қамтамасыз етіледі.

§ 63. Шоғырлану рәсімдері
126. Шоғырландырылған қаржылық есептер бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъект туралы сияқты топ туралы қаржылық есептер ұсынады. Шоғырландырылған қаржылық есептерді жасаған кезде субъект:
1) басты ұйымның және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептерін активтердің, міндеттемелердің, капиталдың, кірістер мен шығыстардың ұқсас баптарын қосу жолымен баппен біріктіруге;
2) басты ұйымның әрбір еншілес ұйымға инвестицияларының баланстық құнын және басты ұйымға тиесілі әрбір еншілес ұйымның капиталының сол бір бөлігін алып тастауға;
3) шоғырландырылған еншілес ұйымдардың есепті кезеңдегі пайдасына немесе залалына азшылықтың үлесін басты ұйымның үлесінен бөлек өлшеуге және беруге;
4) азшылықтың шоғырландырылған еншілес ұйымдардың активтеріндегі үлесін басты ұйым акционерлерінің олардағы капиталының үлестерінен бөлек өлшеуге және беруге тиіс. Таза активтердегі азшылықтың үлесі мыналардан тұрады:
азшылықтың бастапқы біріккен күнгі үлесінің сомасынан, және
азшылықтың біріккен күннен бастап болған капиталдың өзгерістеріндегі үлесі.
127. Әлеуетті дауыс беру құқықтары болған жағдайларда (акцияларды, варранттарды сатып алуға немесе айырбасталатын бағалы қағаздарды айырбастауға арналған опциондарды орындау нәтижесінде туындауы мүмкін дауыс беру құқығы сияқты) пайданың немесе залалдың және басты ұйымға бөлінген капиталдағы өзгерістер мен азшылық үлесінің ара қатынасы меншік қолданыстағы үлесі негізінде айқындалады және әлеуетті дауыс беру құқығын ықтимал орындауды немес айырбастауды көрсетпейді.
128. Ішкітоптық қалдықтар мен операциялар, оның ішінде кірістер, шығыстар мен дивидендтер толығымен алынып тасталуға тиіс. Ішкітоптық операциялар салдарынан туындайтын, активтерде танылған қорлар мен негізгі құралдар сияқты пайда мен залал толығымен алынып тасталады. Топтың ішіндегі залалдар шоғырландырылған қаржылық есептілікте тануды талап ететін құнсыздануды көрсетуі мүмкін. Осы Стандарттың 28-бөлімі топтың ішіндегі операциялардың нәтижесінде туындайтын пайда мен залалды алып тастау нәтижесі болып табылатын уақытша айырмашылықтарға қолданылады.
129. Басты ұйымның және оның еншілес ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерді дайындау үшін пайдаланылатын қаржылық есептілігі мұндай іс жүзінде мүмкін болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, сол бір есепті күнге жасалуға тиіс.
130. Шоғырландырылған қаржылық есептер ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайларда өзге де оқиғалар үшін бірдей есеп саясатын пайдаланып дайындалуға тиіс. Егер топ мүшесі ұқсас операциялар мен ұқсас жағдайлардағы оқиғалар үшін шоғырландырылған қаржылық есептерде қабылданған есеп саясатынан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда оның қаржылық есептері шоғырландырылған қаржылық есептерді дайындау кезінде тиісті түрде түзетіледі.

§ 64. Еншілес ұйымдарды иелену және олардан шығу
131. Еншілес ұйымның кірістері мен шығыстары алынған күннен бастап шоғырландырылған қаржылық есептерге енгізіледі. Еншілес ұйымның кірістері мен шығыстары шоғырландырылған қаржылық есептерге басты ұйым еншілес ұйымды бақылауды жоғалтатын күнге дейін енгізіледі. Еншілес ұйымнан шығудан түскен түсімдер мен еншілес ұйымға жатқызылған және осы Стандарттың 30-бөліміне сәйкес капиталдың құрамында танылған бағамдық айырманың кумулятивті сомасын қоса алғанда, оның баланстық құны арасындағы айырма пайда мен залал туралы шоғарландырылған есепте еншілес ұйымнан шығудан түскен пайда немесе залал ретінде танылады.
132. Егер ұйым еншілес ұйым болуды тоқтатса, бірақ инвестор (бұрынғы басты ұйым) капиталдағы кейбір үлесті ұстап тұруды жалғастырса, бұл үлес ұйым еншілес болуды аяқтаған күннен бастап және ұйым афилиирленген ұйым немесе бірлесіп бақылайтын ұйым болмайтын кезде осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес қаржылық актив ретінде ескерілуге тиіс. Ұйым еншілес болуды аяқтайтын күнгі инвестицияның баланстық құны қаржылық активтің бастапқы өзгеруі кезіндегі сатып алу құны ретінде қаралуға тиіс.

§ 65. Еншілес кәсіпорындардағы азшылықтың үлесі
133. Субъект азшылықтың үлесін шоғырландырылған бухгалтерлік баланста капиталдың бөлімінде еншілес ұйымның капиталынан бөлек көрсетуге тиіс.
134. Субъект топтың пайдадағы немесе залалдағы азшылықтың үлесін пайда мен залал туралы есепте бөлек ашуға тиіс.
135. Шоғырландырылған еншілес ұйымдағы азшылыққа жататын залал еншілес ұйымның капиталындағы азшылықтың үлесінен асып түсуі мүмкін. Мұндай асып түсу мен азшылыққа жататын кез келген келесі залалдар азшылық залалдың орнын толтыру үшін қосымша инвестициялар жасауға міндетті және қабілетті жағдайларды қоспағанда, көпшіліктің үлесіне бөлінеді. Егер кейіннен еншілес ұйым есепте пайда көрсеткен жағдайда, бұл пайда көпшілік бұрын жұтқан азшылықтың үлесіне жататын залалдың бүкіл сомасы өтелгенге дейін көпшіліктің үлесіне жатады.

§ 66. Жеке қаржылық есептер
136. 120-тармақта басты ұйым шоғырландырылған қаржылық есептер дайындауға тиіс талап белгіленген. Осы Стандарт басты ұйымды басты ұйым бойынша немесе жекелеген еншілес ұйымдар бойынша жеке қаржылық есептер беруге міндеттемейді. Басты ұйым үшін жеке қаржылық есептер дайындалатын жағдайларда ұйым мынадай түрде сату үшін ұсталатындар ретінде сыныпталмайтын сол еншілес ұйымдарға, бірлесіп бақылайтын ұйымдарға және ассоциациялаған ұйымдарға өзінің бүкіл инвестициясын ескеруге тиіс:
1) іс жүзіндегі шығындар бойынша, немесе
2) пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша.
137. Егер басты ұйым бірлескен бақылайтын ұйымның үлесі бар бірлескен қызметке қатысушы немесе ассоциацияланған ұйымдағы инвестор жеке қаржылық есептер дайындаса, онда бұл жеке қаржылық есептер мыналарды ашуға тиіс:
1) есептер жеке қаржылық құжаттар болып табылатын факт және егер Қазақстан Республикасының заңнамасы мұны талап етпесе, - осы есептер дайындалатын себептер;
2) атауын, тіркелген елін немесе орналасқан жерін, меншіктегі теңбе-тең қатысу үлесін қоса алғанда, еншілес, бірлесіп бақылайтын және ассоциацияланған ұйымдарға едәуір инвестициялардың тізімі және егер ол ерекшеленетін болса, қолда бар дауыс беруге құқығы бар акциялардың үлесі; және
3) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген инвестициялардың есепке алу үшін пайдаланылған әдістердің сипаттамасы және осы жеке қаржылық есептер жататын шоғырландырылған қаржылық есептердің нұсқауы жатады.
138. Еншілес ұйымдары жоқ ұйымның, ассоциацияланған ұйымның қаржылық есептері немесе бірлесіп бақылайтын ұйымдағы бірлескен қызметке қатысушының үлесі жеке қаржылық есептер болып табылмайды.

10. Есеп саясаты, есептік бағалаулар мен қателер
§ 67. Есеп саясатын таңдау мен қолдану

139. Осы Стандарт операцияны, оқиғаны немесе жағдайды есепке алу жөніндегі нақты нұсқауларды қамтымайтын жағдайларда басшылық ақпараттың пайда болуына әкелетін осындай есеп саясатын әзірлеу мен қолдану үшін жеке пікірін басшылыққа алғаны жөн, ол:
1) экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдаланушылардың қажеттіліктері үшін қолайлы; және
2) қаржылық есептер:
субъект қызметінің қаржылық жағдайын, қаржылық нәтижелерін және ақшалай қаражатының қозғалысын дұрыс беретіндігімен;
операциялардың, өзге де оқиғалар мен шарттардың заңды нысанын ғана емес, оның экономикалық мазмұнын көрсететіндігімен;
өзіне біржақтылықты қамтымайтын бейтарап болып табылатындығымен;
консервативті болып табылатындығымен; және
барлық елеулі қатынастарда толық болып табылатындығымен сенімді.
140. 139-тармақта көзделгендей пікірді пайдаланған кезде басшылық мынадай көздердің қолданылуын қарауға тиіс (басымдылықтың азаю тәртібімен):
1) ұқсас және байланысты мәселелерді қозғайтын осы Стандарттағы талаптар мен нұсқаулар;
2) осы Стандарттың 2-бөлімінде баяндалған активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар мен негізгі қағидаттар үшін тану анықтамалары, өлшеулер мен өлшеу тұжырымдамалары.
141. Осы Стандарттың 139-тармағында көзделгендей пікірді пайдаланған кезде басшылық сол сияқты ұқсас немесе байланысты жағдайлар үшін ХҚЕС-те баяндалған талаптар мен басшылық нұсқауларды назарға ала алады.
142. Субъект есеп саясатын ұқсас операциялар, өзге де оқиғалар мен шарттар үшін Стандарт баптарды олар үшін өзге есеп саясатын қолданған жөн санаттарға бөлуді арнайы талап ететін немесе бөлуге рұқсат беретін жағдайларды қоспағанда, кезекпен таңдауға және қолдануға тиіс. Егер осы Стандарт санаттарға мұндай бөлуді талап еткен немесе бөлуге жол берген жағдайда қолайлы есеп саясатын таңдаған және ізінше оны осындай әрбір санатқа қолданған жөн.
143. Субъект өзінің есеп саясатын мұндай өзгеріс:
1) осы Стандартта өзгерістер орындау үшін қажет; немесе
2) қаржылық есептер операциялардың субъектінің қаржылық есебіне, қаржылық нәтижелеріне немесе ақшалай қаражатының қозғалысына әсері туралы сенімді және неғұрлым қолайлы ақпаратты беретін жағдайда ғана өзгертуге тиіс.
144. Келесі іс-әрекеттер есеп саясатындағы өзгерістер болып табылмайды:
1) есеп саясатын өзінің табиғатынан бұрын орын алған операциялардан, өзге де оқиғалардан немесе шарттардан ерекшеленетін операцияларға өзге де оқиғаларға немесе шарттарға қатысты қолдану; және
2) жаңа есеп саясатын бұрын орын алмаған немесе елеулі болмаған операцияларға өзге де оқиғаларға немесе шарттарға қатысты қолдану.
145. Осы Стандарт қандай да болмасын ерекше операцияны (оқиғаны, жағдаятты) есепке алу тәртібін таңдауға жол беретін және субъект өзінің есептеу тәртібін таңдауды өзгертетін жағдай есеп саясатындағы өзгерістер болып табылады. Ұқсас түрдегі өлшеу базасындағы өзгеріс есеп саясатындағы өзгеріс болып табылады.
146. Субъект есеп саясатындағы өзгерістерді мынадай түрде ескереді:
1) осы Стандарттың талаптарындағы өзгерістер нәтижесінде туындаулар нәтижесінде осындай түзетудегі өтпелі кезеңнің шарттарына сәйкес;
2) ХҚЕС-тің толық версиясынан қандай да болмасын стандартың талаптары өзгерген, ал осы Стандарт субъектінің ХҚЕС-тің осы стандартын пайдалануды талап ететін немесе рұқсат беретін жағдайларда субъект есеп саясатындағы мұндай өзгерісті – егер мұндайлар осы ХҚЕС-те бар өтпелі кезеңнің шарттарына сәйкес; және
3) есеп саясатындағы барлық өзге де өзгерістерді субъект ретроспективті ескереді.

§ 68. Ретроспективті қолдану
147. Субъект осы Стандарттың 146-тармағына сәйкес жаңа есептік саясатты ретроспективті қолданатын жағдайда, ол оны өткен кезеңдердегі салыстырмалы кестеге ол практикалық тұрғыдан жүзеге асырылатындай кейінгі кезеңге және егер жаңа есеп саясаты барлық уақытта қолданылатындай етіп қолданады. Белгілі бір кезеңге жататын есеп саясатындағы өзгерістердің әсерін айқындау іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болғанда бір немесе одан да көп кезеңге ұсынылған салыстырма ақпаратқа субъект ретроспективті қайта есептеу іс жүзінде жүзеге асырылатын ең ерте кезеңдегі (бұл кезең ағымдағы болуы мүмкін) капиталдың тиісті құрамдас бөліктерінің әрқайсысының бастапқы сальдосын қайта есептеуге тиіс және осы кезеңдегі капиталдың сөз болған әрбір құрамдас бөлігінің бастапқы сальдосына тиісті түзету жүргізуге тиіс.

§ 69. Есеп саясатының өзгеруі туралы ақпаратты ашу
148. Егер осы Стандартты бастапқы қолдану немесе осы Стандартқа өзгерістер ағымдағы немесе алдағы кезеңге әсер ететін немесе болашақтағы кезеңдерге әсер ете алатын болса, онда субъект мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) есеп саясатындағы өзгерістердің сипаты;
2) ағымдағы және әрбір берілген кезеңдер үшін түзету сомасын ол іс жүзінде жүзеге асырылатындай дәрежеде; және қаржылық есептерде әрбір сөз болған баптың түзету сомасын; және
3) берілген кезеңдердің алдындағы кезеңдерге жататын түзету сомасын ол іс жүзінде жүзеге асырылатындай дәрежеде;
4) егер соманы осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес анықтау іс жүзінде мүмкін болмаған жағдайда мүмкін болмайтын себептерді түсіндіру қажет.
Келесі кезеңдердің қаржылық есептілігіндегі осы ақпаратты қайтадан ашу талап етілмейді.
149. Есеп саясатындағы ерікті өзгеріс ағымдағы кезеңге немесе кез келген алдыңғы кезеңдерге әсер ететін немесе болашақ кезеңдерге әсер ете алатын жағдайларда субъект осы Стандарттың 148-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) есеп саясатындағы өзгерістердің сипаты;
2) жаңа есептік саясатты қолдану сенімді және неғұрлым қолайлы ақпаратты беретін себептер;
3) ағымдағы және әрбір берілген кезеңдер үшін түзету сомасын ол іс жүзінде жүзеге асырылатындай дәрежеде; және қаржылық есептерде әрбір сөз болған баптың түзету сомасын;
4) берілген кезеңдердің алдындағы кезеңдерге жататын түзету сомасын ол іс жүзінде жүзеге асырылатындай дәрежеде;
5) егер соманы осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларына сәйкес ашуға іс жүзінде мүмкін болмаған жағдайда – мүмкін болмайтын себептерді түсіндіру қажет.
Келесі кезеңдердің қаржылық есептілігіндегі осы ақпаратты қайтадан ашу талап етілмейді.
§ 70. Есептік бағалаулардағы өзгерістер
150. Есептік бағалаудағы өзгерістер – активтің немесе міндеттеменің баланстық құнын немесе активтер мен міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін және активтер мен міндеттемелерге байланысты болашақтағы пайдадан және міндеттемелерден күтілетін бағалау нәтижесінде туындайтын активті кезең-кезеңмен тұтыну сомасын түзету. Есептік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат немесе оқиғалардың дамуы нәтижесінде туындайды және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.
151. Осы Стандарттың 152-тармағы қолданылатын өзгерістен ерекшеленетін есептік бағалаудағы өзгерістердің әсері пайдаға немесе залалға енгізу арқылы перспективалы деп танылуға тиіс:
1) егер өзгеріс тек осы кезеңге әсер ететін орын алған кезең; немесе
2) өзгеріс болашақ кезеңдерде де орын алса, егер ол осы және болашақ кезеңдерге де әсер етсе.
152. Есептік бағалаулардағы өзгерістер активтер мен міндеттемелердегі өзгерістердің себебі болған немесе капиталдың бабына қатынасы болған дәрежеде субъект есептік бағалаулардағы өзгерістерді тиісті активтің, міндеттеменің немесе өзгеріс кезеңіндегі капитал банының баланстық құнын түзету жолымен тануға тиіс.

§ 71. Есептік бағалаудың өзгерісі туралы ақпаратты ашу
153. Субъект өзгерістердің сипаты мен сомасын ағымдағы кезеңде әсер ететін есептік бағалауларда немесе болашақ кезеңдерге әсер етуді ашу осы әсерді бағалау іс жүзінде мүмкін емес жағдайларды қоспағанда, болашақтағы кезеңдерде әсер етуі күтілетін есептік бағалауларды ашуға тиіс.
154. Егер әсер ететін өзгерістердің сомасы бағалау іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болып табылатындықтан болашақтағы кезеңде ашылмаса, онда субъект осы фактіні ашуға тиіс.
§ 72. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзету
155. Алдыңғы кезеңдердің қателері – сенімді ақпаратты орындамауы немесе тиесілі түрде орындамауы салдарынан туындайтын бір немесе бірнеше кезеңдер үшін субъектінің қаржылық есептілігіндегі түсіп қалулар немесе бұрмалаулар, олар
1) сол кезеңдегі қаржылық есептерді субъект бекіткенде болса; және
2) осы қаржылық есептерді дайындау және ұсыну барысында алынған және қаралған болып негізделген күтілсе.
156. Мұндай қателер математикалық қате есептеулер, есеп саясатын қолданған кездегі қателер, аңғармаушылық немесе дұрыс түсіндірмеу, алаяқтық та фактілерінің салдарын қамтиды.
157. Мұны жүзеге асыру тіптен мүмкін болмайтын дәрежеде субъект мыналар арқылы оларды байқағаннан кейін шығаруға бекітілген қаржылық есептіліктің бірінші жинағындағы алдыңғы кезеңдердің елеулі қателерін ретроспективті түзетуге тиіс:
1) қате жіберілген алдыңғы берілген кезеңдегі (-дердегі) салыстырмалы деректерді қайта есептеу; немесе
2) егер қате берілген кезеңдерден өте ерте кезеңге дейін жіберілсе, онда активтердің, міндеттемелер мен капиталдың бастапқы сальдосын берілген кезеңдерден ең ерте кезеңде есептеу.
158. Белгілі бір кезеңге, бір немесе одан да көп берілген кезеңдердегі салыстырмалы ақпаратқа қатысты қатенің әсерін айқындауды жүзеге асыру тіптен мүмкін емес болғанда, субъект ол үшін ретроспективті қайта есептеуді жүзеге асыру мүмкін емес ең ерте кезеңдегі активтердің, міндеттемелер мен капиталдың бастапқы сальдосын қайта есептеуге тиіс.
159. Қайта есептеуді жүзеге асыру тіптен мүмкін емес болғанда, субъект таратылмаған пайда сальдосының ағымдағы кезеңі үшін бастапқыдағы қатеге әсер ету сомасын тануға тиіс.
§ 73. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзету
160. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзетуге қатысты мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) алдыңғы кезең қатесінің сипаты;
2) ағымдағы және әрбір берілген кезеңдер үшін түзету сомасын ол іс жүзінде жүзеге асырылатындай дәрежеде; және қаржылық есептерде әрбір сөз болған баптың түзету сомасын;
3) берілген кезеңдерден ең ерте кезеңнің басындағы түзету сомасын; және
4) егер ретроспективті соманы қайта есептеу белгілі бір алдыңғы кезең үшін іс жүзінде жүзеге асырылмайтын болса, осындай күш-жігердің болуына әкелген жағдайлар және қате қандай сәттен бастап түзетілгенін сипаттау.
Келесі кезеңдердің қаржылық есептерінде осы ақпаратты қайтадан ашу талап етілмейді.
11-бөлім. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер

§ 74. Есеп саясатын таңдау
161. Субъект есепті ненің негізінде жүргізген жөн екендігін таңдауға тиіс:
1) осы бөлімде қамтылған ережелердің негізінде; не
2) өзінің бүкіл қаржы құралдарын есепке алу үшін ХҚЕС(IAS) 39 Қаржы құралдары: Тану және ашу негізінде. ХҚЕС (IAS) 39 қолдануды таңдайтын субъект ашуды ХҚЕС (IFRS) 7 Қаржы құралдары сәйкес жүргізуге тиіс.
162. Қаржы құралы – бұл нәтижесінде бір субъектіде қаржылық актив және екіншісінде қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын шарт.
Мыналар мысал болып табылады:
ақшалай қаражат;
талап еткенде берілетін депозиттер мен мерзімді депозиттер;
коммерциялық қағаздар мен коммерциялық вексельдер;
қарыздар, шоттар мен вексельдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек;
облигациялар мен ұқсас борыштық құралдар;
қарапайым және артықшылықты акциялар мен ұқсас үлестік құралдар;
активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар – жылжымайтын мүлікке қойылғандармен қамтамасыз етілген облигациялар, РЕПО шарттар мен борыштық құралдардың секьюритизацияланған пакеттері; және
ақшалай құралдар ретінде немесе басқа қаржы құралына айырбастау жолымен пайдаланылуы мүмкін опциондар, артықшылықты құқықтар, варранттар, фьючерлік келісім-шарттар, форвардты келісім-шарттар мен пайыздық своптар.
163. Осы бөлім мынадай жағдайларды қоспағанда, барлық қаржы құралдарына қолданылады:
1) есебі осы Стандарттың 8-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын еншілес ұйымдарға үлестерді, есебі осы Стандарттың 13-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын ассоциацияланған ұйымдарға үлестерді және есебі осы Стандарттың 14-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын бірлескен қызметтегі үлестерді;
2) есебі осы Стандарттың 27-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын жұмыс берушілердің қызметкерлерге сыйақы жоспарлары бойынша құқықтары мен міндетемелерін;
3) сақтандыру шарты мыналарға жатпайтын шарттық міндеттемелердің салдары ретінде тараптардың кез келгенінде залалдың туындауына әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша туындайтын құқықтарды:
сақтандырылған тәуекелдегі өзгерістерге;
шетелдік валюталар бағамдарындағы өзгерістерге; немесе
қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауына; және
4) жалдауға, мыналарға жатпайтын шарттық талаптарды орындау нәтижесінде жалға берушіде не жалдаушыда жалдаудың туындауына әкелуі мүмкін жалдауды қоспағанда:
жалға алынатын активтің бағасының өзгеруі,
шетелдік валюталар бағамындарындағы өзгерістер; немесе
қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауы.
164. Қаржылық емес активтерді сатып алу-сату шарттарының көпшілігі – мысалы, қорларды, негізгі құралдарды сатып алу-сату осы бөлімнің қолданылу саласынан алынып тасталады, себебі мұндай активтер қаржы құралдары болып табылмайды. Солай бола тұрса да, осы бөлім өзінің ережелерінің арқасында (қаржылық емес активке бағалардың өзгерісінен, шетелдік валюталар бағамдарындағы өзгерістерден немесе қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауынан ерекше) сатып алушыны немесе сатушыны залалға әкеп соқтыруы мүмкін барлық шарттарға қолданылады.
165. Осы Стандарттың 164-тармағында көрсетілген шарттардан басқа, осы бөлім, егер осындай шарттар бойынша нетто-есептеу ақшалай қаражаттың немесе басқа қаржы құралының көмегімен немесе кәсіпорынның күтілетін қажеттіліктеріне сәйкес сатып алуларда, сатуларда немесе тұтынуларда қаржылық емес құжат алу немесе беру мақсатында жасалатын ұсталатын осы бөлімнің мақсаттары үшін қаржы құралдары болып табылмайтын шарттарды қоспағанда, қаржы құралдарын айырбастау жолымен жүргізілуі мүмкін.

§ 75. Активтер мен міндеттемелерді алғашқы тану және өлшеу
166. Субъект қаржылық активті немесе қаржылық міндеттемені субъектіге құралдың шарттық ережелері қолданылғанда ғана тануға тиіс.
167. Әрбір есепті күнге субъект төменде санамаланған қаржы құралдарын құнсыздану сомасын шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшеуге тиіс:
1) осы Стандарттың 169-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін және оны алғашқы таныған кезде құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен (пайыздың тиімді ставкасы әдісінің көмегімен амортизацияланған) өлшенетін актив ретінде субъект белгілейтін құрал (дебиторлық немесе кредиторлық берешек немесе қарыз сияқты). Пайыздың тиімді ставкасының әдісін қолдану жөніндегі нұсқаулық осы Стандартқа 1-қосымшада келтіріледі.
2) қарыз алуға немесе беруге міндеттеме:
ақшалай құралдармен жүргізілуі мүмкін емес нетто-есептеу,
күтілетіндей оны орындаған кезде құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен тану жөніндегі талаптарға сәйкес келетін; және
бастапқы таныған кезде субъект құнсыздануды шегергендегі өзіндік құн бойынша өлшейтін бап ретінде белгіленген.
3) ашық нарықта айналымда жоқ үлестік құралдар және олардың әділ құны қандай да болмасын өзге тәсілмен сенімді өзгере алмайтын, сондай-ақ осындай құралдармен байланысты шарттар, олар орындалған жағдайда құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшенуі тиіс осындай құралдарды беруді көздейді.
168. Осы Стандарттың 167-тармағына сәйкес құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен ескерілетін қаржы құралдарын қоспағанда, әрбір есепті күнге субъект барлық қаржы құралдарын әділ құнмен сату немесе істен шығару жөніндегі шығыстарға ешқандай шегерместен өлшеуге тиіс, оны субъект мұндай құралдарды сату кезінде немесе шығаруды ұйымдастыру кезінде қандай да болмасын өзге де тәсілмен тартуы мүмкін.
169. Субъект құралды мұндай актив барлық төмендегі жағдайларға сәйкес келген жағдайларда ғана осы Стандарттың 167-тармағының 1) тармақшасына сәйкес амортизацияланған құн бойынша ескерілетін ретінде белгілей алады:
1) құралдың белгіленген өтеу мерзімі болса немесе талап ету бойынша өтеуге жатса және көрсетілген өтеу мерзімі жетсе немесе мұндай болғанға дейін құралды шығару кезінде алынған немесе төленген өтеудің барлық немесе барлыққа дерлік сомасын төлеуді жүргізуді міндеттесе.
2) Құрал ұстаушының кірістері мыналар болып табылады:
тіркелген сомада тең,
құрал қолданыста болған уақытта тіркелген кірістілік ставкасына тең;
абсолютті мәнде ауыспалы, бірақ ЛИБОР сияқты қандай да болмасын бір базистік өлшеуге тең болып табылса, немесе
тіркелген ставка мен ауыспалы ставка арасындағы тең комбинация болып табылса.
Тіркелген және тұрақты кірістілік ставкасы бар пайыздар қаралатын кезеңдегі пайыздық ставканы сол кезеңдегі кезең үшін өтелмеген негізгі сомаға көбейту жолымен есептеледі.
3) ұстаушы негізгі соманы ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде есептелген пайыздарды жоғалтуға әкелуі мүмкін тиісті шарттардағы қандай да болмасын ережелер жоқ болса.
4) эмитентке берешекті мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік беретін немес ұстаушыға өтеуге құрал көрсететін шарттық ережелердің жарамдылығы болашақта қандай да болмасын оқиғаның болуына немесе болмауына байланысты емес. Құрал мерзімінен бұрын өтеу құқығын пайдаланатын тарапқа салынатын айыппұл санкцияларын салатын ережелерді қамтуы мүмкін, бірақ мұндай айыппұл санкцияларының мөлшері құқық пайдаланылған сәттегі инвестицияланған немесе өтелмеген негізгі сомадан тіркелген сомаға, тіркелген пайызға тең болған кезде. Немесе пайыздық ставкалардағы айырманың негізінде және өзге жағдайда мерзімінен бұрын өтеуге арналған құқықты пайдалануға танылған тарап алатын пайда сомасын азайтуға танылған айырма негізінде есептелетін сома;
5) кірістілік пен өтеу бөлігіндегі құрал бойынша өзге де шарттық ережелер осы тармақтың 2) тармақшасында айтылған ауыспалы кірістілік ставкасы туралы шарттық ережелерді және осы тармақтың 4) тармақшасында айтылған мерзімінен бұрын өтеу туралы ережелерді қоспағанда, болашақтағы қандай да бір оқиғалардың болуына немесе болмауына байланысты емес.
Субъект борыштық құрамдас бөлігінің жоғарыда көрсетілген талаптарына құрамдасқан қаржылық құралдың сәйкестігін айқындаған кезде субъект осы Стандарттың 21-бөлімінің 405-тармағының талаптарына сәйкес үлестік құрамдас бөлікті бөлуге тиіс.
170. Құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшенетін (немесе осындай тәсілмен өлшенетін) қаржы құралдарының мысалдары мыналар болып табылады:
1) осы баптар, әдетте, осы Стандарттың 169-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келетіндіктен, қарапайым сауда дебиторлық және кредиторлық берешек, алуға және төлеуге арналған вексельдер мен банктер мен өзге де үшінші тұлғалардан алынатын қарыздар;
2) мұндай құралдар, әдетте, осы Стандарттың 169-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келетіндіктен, ай ырбасталмайтын борыштық құралдарға инвестициялар;
3) үлестік құралдың құны осы Стандарттың 169-тармағына сәйкес құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшенетіндіктен, шарты орындаған немесе құқықты пайдаланған жағдайда әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін емес борыштық құралды сатып алуға арналған шарт немесе құқық (опцион);
4) ақшалай ағын осындай шарттар шеңберінде, әдетте, осы Стандарттың 169-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келетіндіктен, шетелдік валютадағы кредиторлық берешек. Солай бола тұрса да, шетелдік валютадағы, валюталық бағамның ауытқуларымен туындаған кредиторлық берешектің бабындағы өзгерістер осы Стандарттың 30-бөлімінесәйкес пайданың немесе залалдың құнына кіретіндігін атап өткен жөн;
5) олар, әдетте, осы Стандарттың 169-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келетіндіктен, еншілес немесе ассоциацияланған ұйымдардан алынған қарыздар және осындай ұйымдарға берілген және талап етілген кезде өтеуге жататын қарыздар;
6) мұндай ереже, әдетте, осы Стандарттың 169-тармағында баяндалған талаптарға қайшы келмейтіндіктен, эмитент пайыздарды немесе негізгі соманы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда тез арада өтелуге тиіс борыштық құралдар.
171. Төменде құны құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен өлшенбейтін қаржы құралдарының мысалдары келтірілген. Мұндай құралдардың құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенеді:
1) құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшеуге рұқсат беретіндіктен олар бойынша жарияланатын кесілген баға бар борыштық құралдарға инвестициялар (ашық нарықта айналымда болмайтын және әділ құны қандай да болмасын өзге де тәсілмен сенімді өлшенуі мүмкін емес борыштық құралдар үшін ғана);
2) мұндай своптар мен форвардтық келісімдер осы Стандарттың 169-тармағында баяндалған талаптарға қайшы келмейтіндіктен, ақша қаражатының оң немесе теріс қозғалысы орын алған пайыздық своп немесе қандай да болмасын тауарды немесе қаржы құралын сатып алуға арналған ақшалай қаражатты төлеумен пайдаланылатын немесе орындаған кезде ақша қаражатының оң немесе теріс қозғалысын беретін форвардтық келісім;
3) ұстаушы алатын кірістілік тіркелген болып табылмайтын және тиісінше осы Стандарттың 169-тармағындағы талап орындалмайтын опциондар мен форвардтық шарттар;
4) ұстаушы алатын кірістілік нарықтық пайыздық ставкалардың ауытқуынан ғана емес, эмитенттің борыштық құралдары бағасының өзгеруімен ауысып отыруы мүмкін болғандықтан, айырбасталатын борыштық құралдарға инвестициялар;
5) оларда осы Стандарттың 169-тармағындағы талаптарға қайшы келетін өтеу мерзімі жоқ болғандықтан мерзімді борыштық құралдар.
172. Субъектінің қаржылық активінің немесе міндеттемесінің құнын келесі өлшеу кезінде қаржылық құралды есептеудің өзінің саясатын оны пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша ескерілген санатқа аудара отырып немесе оны осы құралды иелену кезеңінде немесе осы құрал айналымда болғанда осы санаттан шығара отырып, ауыстырмауға тиіс.
173. Құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенетін борыштық құралдың әділ құнын сенімді өлшеу үшін деректер көзі жоғалған жағдайда өзгерген күнгі мұндай құралдың баланстық құны құралдың өзіндік құны болып танылады. Мұндай жағдайда субъект мұндай құралдың құнын әділ құны сенімді өлшеу үшін деректер көзі пайда болғанға дейін құнсызданудан залалды шегергендегі осы өзіндік құнмен өлшейді.

§ 76. Әділ құн
174. Осы Стандарттың 168-тармағы кейбір қаржылық құралдар әділ құнмен өлшенуге тиістігін көздейді. Әділ құн туралы деректердің ең үздік көзі нарықтық баға болып табылады. Егер қаржы құралының нарығы белсенді болып табылмаса, онда субъект бағалау әдісін пайдаланып, әділ құнды белгілейді. Бағалау әдісін пайдаланудың мақсаты тәуелсіз уәжделген қалыпты іскер пікірлермен тараптар арасында айырбас жасалған кездегі өзгерту күні операцияның бағасы қандай болғандығын анықтау болады.
175. Кредитордың талап етуі бойынша өтелетін қаржылық міндеттеменің әділ құны (мыласы, талап етілгенде берілетін депозит) осы соманы төлеу талап етілуі мүмкін бірінші күннен бастап дисконтталған талап ету бойынша төлеуге жататын сомадан аз болмайды.
176. Әділ құн бойынша пайда немесе залал арқылы өлшенетін қаржылық активтер мен міндеттемелер құнының құрамына субъект транзакциялық шығасыларды қоспауға тиіс. Егер активті төлегені үшін мерзімді ұзарту бар болса (тегін немесе ақылы, бірақ пайыздың нарықтық ставкасынан ерекшеленетін) субъект активтің құнын нарықтық пайыздық ставка бойынша дисконтталған барлық болашақтағы төлемдердің келтірілген құны бойынша өлшеуге тиіс.
177. Қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің әділ құнын анықтаған кезде субъект осы Стандартқа 2-қосымшадағы қосымша нұсқауларды сақтауға тиіс.

§ 77. Өзіндік құны немесе амортизацияланған құны бойынша бағаланатын қаржы құралдары құнының құнсыздануы
178. Әрбір есепті кезеңнің аяғында субъект құны өзіндік құнымен немесе амортизацияланған құнымен өлшенетін барлық қаржы құралдарын құнсыздану мәніне талдау жүргізуге тиіс. Құнсызданудың объективті дәлелдері болған жағдайда субъект пайданың немесе залалдың құрамындағы құнсызданудан залалды тануға тиіс. Құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенетін қаржы құралдары құнсыздану мәніне жеке талдауды талап етпейді, себебі олардың құнсыздануы, егер мұндайлар болса, олардың құнын әділ құнға келтіру барысында танылып қойылды.
179. Қаржылық активтің немесе активтер тобының құнсыздануының объективті куәсі активті ұстаушыға мәлім болған байқалатын залалға әкелетін мынадай оқиғалар туралы ақпаратты қамтиды:
1) эмитенттің немесе борышкердің едәуір қаржылық қиындықтары;
2) шарттың бұзылуы, мысалы, пайыздарды немесе борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемелердің мерзімінің өтуі немесе орындалмауы;
3) кредит берушінің қарыз алушының қаржылық қиындықтарына байланысты экономикалық немесе заң себептермен борышкерге шарттың ережелерінен ауытқуға рұқсат беруі; кредит беруші өзге жағдайларда бермеуі мүмкін рұқсаты;
4) қандай да болмасын өзге тәсілмен ықтимал болған қарыз алушының банкроттығы немесе қаржылық қайта ұйымдастырылуы;
5) борышкердің қаржылық қиындықтарына байланысты осы қаржылық актив үшін белсенді нарықтың жоғалуы; немесе
6) қаржылық активтер тобын бастапқы таныған сәттен бастап есептік болашақ ақша қаражаты ағынының осындай активтерден өлшеулі азаюы болғандығын көрсететін байқалатын ақпарат, бұл ретте мұндай азаю сомасы мәселен, мемлекеттегі немесе өңірдегі қолайсыз экономикалық ахуал немесе қолайсыз салалық өзгерістер жағдайында сияқты топқа кіретін жеке қаржылық активтер арасында нақты бөлінуге міндетті емес.
180. Құнсызданудың куәсі басқа да факторлар болуы мүмкін – эмитенттің техникалық, нарықтың, экономикалық немесе нормативтік-құқықтық саладағы теріс салдармен елеулі өзгеруі.
181. Қаржылық активтер құнсыздануға жеке бағаланады, олар жекелігі жағынан ерекше, сондай-ақ олардың мәнділігіне қарамастан, барлық үлестік құралдар. Өзге қаржылық активтер құнсыздануға не бөлек, не кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары негізінде қалыптасқан топтар бойынша бағалануға тиіс.
182. Субъект құнсызданғаннан келген залалды мынадай тәсілмен өлшейді:
1) осы Стандарттың 167-тармағының 1) тармақшасына сәйкес құнсыздану сомасын шегергендегі амортизацияланған құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары үшін құнсызданудан келетін залал активтің баланстық құны мен қаржылық актив бойынша пайыздың бастапқы тиімді ставкасы бойынша дисконтталған болжанатын ақша ағындарының келтірілген құны арасындағы айырмаға тең; және
2) осы Стандарттың 167-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен ескерілетін қаржы құралдары үшін құнсызданудан келетін залал активтің баланстық құны мен активтің әділ құны арасындағы айырмаға тең.
183. Егер алдыңғы кезеңде құнсызданудан келетін залалдың құны қысқаратын болса және осы қысқаруды құнсыздану танылғаннан кейін болған оқиғамен объективті байланыстыруға болса (мысалы, борышкердің кредит төлеу қабілеті рейтингінің артуымен) құнсызданудан бұрын танылған залалды не тікелей, не бағалау міндеттемесінің шотын түзету жолымен қалпына келтірген жөн. Құнсызданудан келген залалды қалпына келтіру қаржылық активтің баланстық құны (бағалау міндеттемелерінің сомаларын шегергенде) мұндай қалпына келтірілген құнсыздануды танығанға дейін активтің баланстық құнынан артатындай болмауға тиіс. Субъект қалпына келтіру сомасын пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.

§ 78. Қаржылық активті тануды тоқтату
184. Қаржылық активті тануды тоқтату мынадай жағдайларда ғана жүргізіледі:
1) осы қаржылық активтен болған ақша түсімдерді алуға құқық өткенде немесе толық көлемде орындалғанда;
2) субъект басқа тарапқа осы қаржылық активке байланысты барлық елеулі тәуекелдер мен пайданы бергенде; немесе
3) субъект осы қаржылық активке байланысты кейбір елеулі тәуекелдер мен пайданы сақтайтындығына қарамастан, осы активті бақылау басқа тарапқа берілгенде немесе осындай басқа тарап осы активті тұтастай қандай да бір байланыссыз үшінші тарапқа сатуға іс жүзінде мүмкіндігі бар және осындай басқа тарап осы мүмкіндікті бір жақты тәртіппен, осындай беруге қосымша шектеу қою қажеттілігінсіз пайдаланатын болса. Мұндай жағдайда субъект:
активті тануды тоқтатуға, және
беру барысында құрылған немесе сақталған барлық құқықтар мен міндеттемелерді жеке тануға тиіс.
Берілген активтің баланстық құны беру сәтіндегі олардың салыстырмалы әділ құнының негізінде сақталған және берілген құқықтар мен міндеттемелер арасында бөлінуге тиіс. Жаңадан құрылған құқықтар мен міндеттемелер олардың осы күнгі әділ құны бойынша өлшенуге тиіс. Алынған өтеу мен танылған құн және оның тануы осы тармаққа сәйкес тоқтатылған құн арасындағы құнның айырмасы беру кезеңінде пайданың немесе залалдың құрамына енгізіледі.
185. Егер беру субъект берілген активке иелік етуге байланысты елеулі тәуекелдер мен пайданы сақтағандықтан, тануды тоқтатуға әкелмесе, субъект берілген активті толық көлемде тануды жалғастыруға тиіс және алынған өтеуге қатысты қаржылық міндеттемені тануға тиіс. Бұл актив пен міндеттеме өзара есепке алынбауға тиіс. Келесі кезеңдерде субъект берілген активтен түсетін барлық кірістерді және қаржылық міндеттеме бойынша шығындалған барлық шығыстарды тануға тиіс.
186. Егер беруші тарап қабылдаушы тарапқа ақшасыз қамтамасыз етуді ұсынатын болса (борыштық немесе үлестік құрал сияқты), онда осы қамтамасыз етуді беруші және қабылдаушы тараптардың есепке алуы алушы тарап осы қамтамасыз етуді сатуға немесе қайта кепілге салуға құқығы барлығына және беруші тарап өзінің міндеттемелерін орындағандығына немесе орындамағандығына байланысты. Беруші және қабылдаушы тараптар мұндай қамтамасыз етуді мынадай түрде ескеруге тиіс:
1) егер қабылдаушы тараптың шартқа немесе жалпыға бірдей қабылданған практикаға сәйкес осы қамтамасыз етуді сатуға немесе қайта кепілге салуға құқығы бар болса, онда беруші тарап мұндай активті өзінің балансында басқа активтерден бөлек қайта сыныптауға тиіс (мысалы, үлестік құралдардың кепілдігіне берілген қарыздық актив немесе кері сатып алу бойынша дебиторлық берешек ретінде);
2) егер қабылдаушы тарап оған кепілге берген қамтамасыз етуді сататын болса, онда міндеттеме бойынша бұл қамтамасыз етуді ол сатудан түскен түсімдерді және әділ құнмен өлшенген міндеттемені танып қайтаруға тиіс;
3) егер беруші тарап шарттық талаптарын орындамайтын болса және мұндай қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығы жоқ болса, онда ол осы қамтамасыз етуді тануды тоқтатуға тиіс, ал қабылдаушы тарап бұл қамтамасыз етуді бастапқыда әділ құнмен өлшенген өзінің активі ретінде тануға немесе егер бұл қамтамасыз етуді сатып қойған болса, онда бұл қамтамасыз ету қайтқаннан кейін өзінің міндеттемесін тануды тоқтатуға тиіс;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруші тарап бұл қамтамасыз етуді өзінің активі ретінде ескеруді жалғастыруға тиіс, ал қабылдаушы тарап бұл активті өзінің қамтамасыз етуі ретінде ескеруге тиісті емес.

§ 79. Қаржылық міндеттемені тануды тоқтату
187. Субъект қаржылық міндеттемені (немесе қаржылық міндеттеменің бір бөлігін) ол өтелгенде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалған немесе жойылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен кезде ғана балансынан алғаны жөн.
188. Қарыз алушы мен кредит беруші арасындағы қолданыстағы борыштық құралдармен елеулі ерекшеленетін шарттармен алмасуды субъектілер бастапқы қаржылық міндеттемені өтеу және жаңа қаржылық міндеттемені тану ретінде ескеруге тиіс. Ұқсас тәсілде қолданыстағы қаржылық міндеттеменің немесе оның бір бөлігінің шарттарының елеулі өзгеруін (бұл өзгеріс борышкердің қаржылық қиындықтарына байланысты екендігіне немесе байланысты еместігіне қарамастан) субъект бастапқы қаржылық міндеттемені өтеу және жаңа қаржылық міндеттемені тану ретінде ескеруге тиіс.
Өтелген немесе басқа тарапқа берілген қаржылық міндеттеменің (немесе қаржылық міндеттеменің бір бөлігінің) баланстық құны мен төленген өтеу арасындағы айырманы кез келген берілген ақшасыз активтерді немесе қабылданған міндеттемелерді қоса алғанда, субъект пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.

§ 80. Хеджирлеуді есепке алу
189. Субъект төменде баяндалған талаптарды ескере отырып, хеджирлеу құралы мен хеджирленетін бап (хеджирлеу объектісі) арасындағы хеджирлеу қатынастарын ресімдеген кезде мұндай қатынастар хеджирлеу операциясы ретінде ескерілуі мүмкін. Көрсетілген өлшеулерді сақтаған кезде хеджирлеу құралы бойынша және хеджирленетін бап бойынша пайда немесе залал пайданың немесе залалдың құрамына бір уақытта енгізілуі мүмкін.
190. Операция хеджирлеу операциясы ретінде ескерілуі үшін субъект төменде санамаланған барлық талаптарды орындауға тиіс:
1) субъект хеджирлеу қатынастарының болуын көрсетеді және мұндай қатынастарды хеджирленетін тәуекелдің түрі, хеджирлеу объектісі және хеджирлеу құралы дәл анықталатындай және хеджирлеу объектісіндегі тәуекел хеджирлеу құралының хеджирлену тәуекелі болатындай құжаттамалады.
2) хеджирленетін тәуекел осы Стандарттың 191-тармағында айтылған тәуекелдердің бірі болуға тиіс;
3) хеджирлеу құралы осы Стандарттың 192-тармағында баяндалған талаптарға сәйкес келеді;
4) субъект хеджирлеу субъектісі белгіленген хеджирленетін тәуекелді сақтандыруда жоғары тиімділікті иеленетіндігін күтеді.
Хеджирлеудің тиімділігі – бұл хеджирленетін тәуекелге жататын хеджирленетін баптың әділ құнының немесе ақшалай қаражаты ағынының өзгеруі хеджирленетін құралдың әділ құнының немесе ақшалай қаражаты ағынының өзгерулерімен өтелетін дәреже.
191. Осы Стандарт мынадай операцияларды ғана хеджирлеу операциясы ретінде ескеруге жол береді:
1) амортизацияланған құнмен өлшенетін борыштық құрал бойынша пайыздық тәуекел;
2) қатты келісім немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операция бойынша валюталық тәуекел;
3) субъект ұстанатын немесе сатып алудың немесе сатудың ықтималдығы жоғары болжамданатын операция бар тауар бойынша бағалау тәуекелі; немесе
4) шетелдік қызметке инвестициялардың таза сомасы бойынша валюталық тәуекел.
192. Осы Стандарт хеджирлеу құралы төменде санамаланған талаптарға сәйкес келетін операцияларды ғана хеджирлеу операциясы ретінде ескеруге жол береді:
1) құрал осы Стандарттың 191-тармағында көрсетілген және хеджирленетін тәуекел ретінде белгіленген тәуекелді сақтандыруда тиімділігі жоғары болады деп күтілетін пайыздық свопты, валюталық свопты, форвардтық валюталық келісім-шартты немес форвардтық тауарлы келісім-шартты білдіреді;
2) құрал есеп беретін субъектіге қатысты (яғни ол бойынша есептілік жасалатын топқа, сегментке немесе жеке ұйымға қатысты) сыртқы тараптың қатысуын көздейді;
3) оның шартты сомасы хеджирлеу объектісінде негізгі немесе шартты ретінде белгіленген сомаға тең;
4) онда белгіленген өтеу мерзімі бар, ол мыналардан кеш болмауға тиіс:
хеджирленетін қаржы құралын өтеу мерзімі,
тауарды сатып алуға арналған шартты болжанып отырған орындау күні; немесе
шетелдік валюта немесе тауар бойынша ықтималдығы жоғары болжанатын хеджирленетін операцияның болуы;
құрал алдын алу төлеу, мерзімінен бұрын өтеу немесе ұзарту туралы ұсыныстарды қамтымайды.

§ 81. Тіркелген пайыздық ставканың тәуекелін
танылған қаржылық құрал бойынша немесе бағалық
тәуекелді ұсталатын тауар бойынша хеджирлеу
193. Егер осы Стандарттың 190-тармағында көзделген шарттар орындалған болса, ал хеджирленетін тәуекел амортизацияланған құнмен бағаланатын борыштық құрал бойынша тіркелген пайыздық ставканың тәуекелге ұшырауы немесе субъект ұстайтын тауар бойынша тауар құнының тәуекелі болып табылса, субъект:
1) хеджирлеу құралын актив немесе міндеттеме ретінде, ал хеджирлеу құралының әділ құнына өзгерістерді пайданың немесе залалдың құрамында тануға; және
2) хеджирленетін тәуекелге байланысты хеджирлеу объектісінің әділ құнындағы өзгерістерді пайданың немесе залалдың құрамында тануға және хеджирлеу объектісінің баланстық құнына тиісті түзетулер жүргізуге тиіс.
194. Егер амортизацияланатын құнмен өлшенетін борыштық құрал бойынша тіркелген пайыздық ставканың тәуекелі хеджирленетін тәуекел объектісі болып табылған жағдайда субъект тиісті кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамына ақшалай құралдар хеджирлеу құралы болып табылатын пайыздық своп бойынша жүретін мерзімді нетто-есептерді қамтуға тиіс.
195. Осы Стандарттың 193-тармағында көрсетілген операцияны субъект есепке алуды хеджирлеу операциясы ретінде тоқтатуға тиіс, егер:
1) хеджирлеу құралының мерзімі өтіп кетсе не құрал сатылып қойса немес орындалса;
2) хеджирлеу операциясы бұдан әрі осы Стандарттың 190-тармағында белгіленген өлшеулерді қанағаттандырмайтын болса; немесе
3) субъект операцияларды ресімдеуді хеджирлеу операциясы ретінде жойса.
196. Операцияны есептеуді хеджирлеу операциясы сияқты тоқтатқан жағдайда, ал хеджирлеу объектісінің өзі амортизацияланған құнмен ескерілетін актив немесе міндеттеме болып табылса және оны тану тоқтатылмаса, хеджирлеу объектісінің баланстық құнын түзету ретінде танылған барлық пайда немесе залал хеджирлеу құралы қолданылатын қалған мерзімнің ішінде пайыздың тиімді ставкасының әдісін пайдаланып, пайданың немесе залалдың есебіне амортизацияланады .

§ 82. Ауыспалы пайыздық ставканың тәуекелін танылған
қаржылық құрал бойынша, валюталық тәуекелді немесе бағалық тәуекелді қатты келісім бойынша немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операция бойынша немесе шетелдік қызметке таза инвестициялар бойынша хеджирлеу
197. Егер осы Стандарттың 190-тармағындағы талаптар орындалған жағдайда, ал хеджирленетін тәуекел мыналар болып табылады:
1) амортизацияланатын құнмен өлшенетін борыштық құрал бойынша ауыспалы пайыздық ставка тәуекелі,
2) қатты келісім бойынша немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операция бойынша валюталық тәуекел;
3) қатты келісім бойынша немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операция бойынша бағалық тәуекел;
4) шетелдік қызметке таза инвестициялар бойынша валюталық тәуекел субъект пайданың немесе залалдың құрамына хеджирлеу құралының әділ құнының ақшалай құралдың күтілетін қозғалысының әділ құнынан асып түсуін енгізуге тиіс. Хеджирлеудің қатынасы осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында хеджирленетін операция басталған кезде, ал осы тармақтың 4) тармақшасында шетелдік қызметке таза инвестицияларды сатқан кезде аяқталады. Капиталдың құрамында танылған кіріс немесе залал кері сыныптауға және хеджирлеу объектісін пайданың және залалдың құрамына бір мезгілде енгізе отырып, пайданың және залалдың құрамына енгізуге тиіс.
198. Егер хеджирленетін тәуекел амортизацияланатын құнмен өлшенетін борыштық құрал бойынша ауыспалы пайыздық ставканың тәуекелі болып табылатын жағдайда, субъект тиісті кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамына хеджирлеу құралы болып табылатын пайыздық своп бойынша жүретін ақшалай қаражаттағы мерзімді нетто-есептерді енгізуге тиіс.
199. Субъект осы Стандарттың 197 және 198-тармақтарында көрсетілген операцияларды хеджирлеу операциясы ретінде ескеруді тоқтатуға тиіс, егер:
1) хеджирлеу құралының мерзімі өтіп кетсе не құрал сатылып қойса немесе орындалса;
2) хеджирлеу бұдан әрі осы Стандарттың 190-тармағында баяндалған хеджирлеуді есепке алудың өлшеулерін қанағаттандырмайтын болса;
3) болжанатын операцияның хеджесінде болжанатын операцияның ықтималдығы бұдан әрі жоғары болып табылмайтын болса; немесе
4) субъект операцияларды ресімдеуді хеджирлеу операциясы ретінде жойса.
Егер болжанатын оқиға бұдан әрі ықтимал болып табылмайтын болса немесе егер амортизацияланатын құнмен өлшенетін хеджирленетін борыштық құралды тану тоқтатылатын жағдайда, капиталда тікелей танылған хеджирлеу құралы бойынша пайда немесе залал капиталдан алынып тасталады және пайданың немесе залалдың құрамына кіреді.
§ 83. Ақпаратты ашу
200. Осы Стандарттың 8-бөліміне сәйкес субъект есеп саясатының елеулі ережелерінің жинағында мынадай ақпаратты ашады: қаржылық құралдарға қатысты пайдаланылатын өлшеу базасы (немесе базалары), сондай-ақ қаржылық құралдарға қатысты қолданылатын және қаржылық есептерді түсіну үшін қолайлы есеп саясатының өзге де ережелері.
201. Не тікелей баланстың өзінде, не ескертпелерде субъект қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің төменде санамаланған әрбір санаттарының баланстық құны туралы деректерді ашуға тиіс (әрбір санат бойынша жиынтық деректер сияқты, әрбір санаттағы қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің әрбір мәнді түрі бойынша қорытындыларын).
1) пайда немесе залал арқылы әділ құнмен ескерілген қаржылық активтер;
2) құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенген қаржылық активтер;
3) өзіндік құнымен өлшенген үлестік құралдар;
4) құнсыздануды шегергендегі өзіндік құнмен өлшенген қарыздар бойынша міндеттемелер;
5) пайда немесе залал арқылы әділ құнмен ескерілген қаржылық міндеттемелер; және
6) құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенген қаржылық міндеттемелер.
202. Барлық қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер үшін субъект әділ құнды анықтаудың базасы туралы деректерді, яғни белсенді нарықтағы нарықтық кесілген бағаларды немесе бағалау әдістерін ашуға тиіс. Егер субъект бағалау әдістерін пайдаланса, субъект қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелердің негізгі сыныптарының әрқайсысының құнын анықтау үшін пайдаланылған негізгі жолсыздықтар туралы ақпаратты ашуға тиіс. Мысалы, субъект жолсыздықтар туралы ақпаратты мерзімінен бұрын өтеулер деңгейінде, есептік кредиттік залалдар нормасында және пайыз немесе дисконттау ставкасында ашуға тиіс.
203. Құны пайда немесе залал арқылы әділ құнмен өлшенетін үлестік құралдың әділ құнын сенімді өлшеуге арналған деректер көзі жоғалған жағдайда субъект осы фактіні ашуда ұсынуға тиіс.
204. Егер субъект тануды тоқтату жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтін операциялар шеңберінде басқа тарапқа қаржылық активтерді берсе, онда осындай активтердің әрбір сыныбы үшін субъект мынадай ақпаратты ашады:
1) активтердің сипаты;
2) тәуекелдер мен субъектіде қалатын иелікке байланысты пайданың сипаты; және
3) активтердің баланстық және субъект тануды жалғастырып отырған барлық байланысты міндеттемелердің құны.
205. Егер субъект қаржылық активтерді міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде берсе, субъект мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) қамтамасыз етуге берілген қаржылық активтердің баланстық құнын; және
2) мұндай берудің шарттары мен мерзімдерін.
206. Субъект төлеуге жататын және есептілік күні танылған қарыздар бойынша мынадай ақпаратты ашады:
1) мұндай тәртіп бұзушылықтар кредит берушіге қарызды қайтаруды талап етуге мүмкіндік беретін есепті кезең уақытындағы өтеу қорының немесе өтеу шарттарының негізгі сомасын төлеу, пайыздарын төлеу бөлігінде қарыздар бойынша міндеттемелердің бұзылуы туралы мәліметтер.
2) олар бойынша субъект өзінің міндеттемелерін бұзатын төлеуге арналған қарыздардың баланстық құны; және
3) қаржылық есептерді бекіту күнге, шығаруға тәртіп бұзушылықтар жойылғандығы немесе кредит берушілермен қарыз шарттарының өзгерісі туралы уағдаластыққа қол жеткізілгендігі туралы мәліметтер.
207. Егер кезең ішінде осы Стандарттың 206-тармағында айтылмаған бөлікте қарыз міндеттемелерінің бұзылуы болған жағдайда, субъект осы Стандарттың 206-тармағында көзделген субъектінің тәртіп бұзуы кредит берушіге мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге мүмкіндік береді ме деген ақпаратты беруге тиіс (көрсетілген тәртіп бұзушылықтар қарыз шарттары есептілік күнінен кешіктірмей қайта қаралды ма).
208. Субъект төменде келтірілген кірістер, шығыстар, өзге де кірістер мен залалдар құрауыштар туралы деректерді ашады (не пайда немесе залал туралы тікелей есептің өзінде не ескертпелерде):
1) мыналар бойынша танылған пайданың немесе залалдың таза сомасы:
пайда немесе залал арқылы әділ құнмен ескерілген қаржылық активтер;
пайда немесе залал арқылы әділ құнмен ескерілген қаржылық міндеттемелер;
құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенген қаржылық активтер; және
құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенген қаржылық міндеттемелер;
2) пайда немесе залал арқылы әділ қүнмен ескерілмейтін қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер үшін жалпы пайыздық кірістер мен жалпы пайыздық шығыстар (пайыздың тиімді ставкасы әдісі бойынша есептелетін); және
3) қаржылық активтердің әрбір сыныбы үшін құнсызданудан келген залалдың сомасы.
209. Субъект осы Стандарттың 191-тармағында көрсетілген төрт тәуекелдің әрқайсысын хеджирлеу жөніндегі мынадай ақпаратты бөлек ашады:
1) хеджирлеу сипаттамасы;
2) хеджирлеу құралы ретінде айқындалған қаржы құралдарының және оларды есепті күнгі әділ құнының сипаттамасы; және
3) хеджирлеу объектісінің сипаттамасын қоса алғанда, хеджирленетін тәуекелдердің сипаты.
210. Тіркелген пайыздық ставканың тәуекелін немесе ұсталатын тауар бойынша бағалық тәуекелді хеджирлеу кезінде осы Стандарттың 193-196-тармақтарына сәйкес субъект мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) пайданың немесе залалдың құрамында танылған хеджирлеу құралының әділ құнындағы өзгерістер сомасын және
2) пайданың немесе залалдың құрамында танылған хеджирлеу объектісінің әділ құнындағы өзгерістер сомасын.
211. Танылған қаржылық құрал бойынша ауыспалы пайыздық ставканың тәуекелін, қатты келісім бойынша немесе ықтималдығы жоғары болжанатын операция бойынша немесе шетелдік қызметке таза инвестициялар бойынша валюталық тәуекелді немесе бағалық тәуекелді хеджирлеу кезінде осы Стандарттың 197-199-тармақтарына сәйкес субъект мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) ақшалай қаражаттың түсуі күтілетін және осы түсімдер пайдаға немесе залалға әсер ететін кезеңдер;
2) бұрын хеджирлеу операциясы ретінде ескерілген және олардың қазір болуының ықтималдығы төмен барлық болжанған операциялардың сипаттамасы;
3) осы Стандарттың 197-тармағына сәйкес кезең ішінде капиталдың құрамында танылған хеджирлеу құралының әділ құнына өзгерістер;
4) осы Стандарттың 198 және 199-тармақтарына сәйкес капиталдың құрамынан алынып тасталған және пайда және залал туралы есептің әрбір жолына енгізілген соманы көрсетіп, кезеңдегі пайданың немесе залалдың құрамында танылған сома.
Өзіндік құнмен немесе амортизацияланған құнмен бағаланатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдер
212. Құнсыздануды шегергендегі амортизацияланған құнмен өлшенетін қаржылық активтерге қатысты кәсіпорын уақыт өлшеміне, бөлуге және пайыздық ставканың тәуекелдерін, валюталық тәуекелдер мен кредиттік тәуекелдерді қоса алғанда, ақшалай қаражаттың болашақ ағынының айқындылығына әсер ете алатын елеулі ережелерді ашуға тиіс.

12. Қорлар
§ 84. Қолданылу саласы

213. Қорлар – бұл:
1) қарапайым қызмет барысында сатуға арналған;
2) осындай сату үшін өндіру процесіндегі; немесе
3) өндірістік процесте немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
214. Осы бөлім мыналарда бар қорларды өлшеуге қолданылмайды:
1) ауыл және орман шаруашылығы өнімін өндірушілерде оны жинағаннан кейін ауыл шаруашылығы өнімі, пайда немесе залал арқылы өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құнмен өлшенетін шамада пайдалы қазбалар мен пайдалы қазбаларды қайта өңдеу өнімі; немесе
2) пайда немесе залал арқылы өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құнмен өзінің қорларын өлшейтін тауар нарықтарындағы делдалдар мен дилерлерде.

§ 85. Қорларды өлшеу және олрадың өзіндік құны
215. Субъект қорларды кемінде екі шамадан өлшеуге тиіс: өзіндік құн мен аяқтауға және өткізуге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату құны.
216. Қорлардың өзіндік құны қорларды оларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізу және оларды ағымдағы жағдайға жеткізу мақсатында жүргізілген сатып алуға, қайта өңдеуге және өзге де шығындарға жұмсалған барлық шығындарлы қамтуға тиіс.
217. Сатып алуға жұмсалатын шығындар сатып алынатын бағаны, импорттық баждарды және басқа да салықтарды (кейіннен салық органдарының субъектісіне өтелетіндерден басқа), сондай-ақ тасымалдауға, өңдеуге жұмсалатын шығыстарды және дайын өнімді, шикізат пен қызметтерді сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығыстарды қамтиды. Сауда жеңілдіктері, дисконттар мен өзге да ұқсас баптар сатып алуға жұмсалатын шығындарды анықтаған кезде алынып тасталады.
218. Субъект қорларды кейінге қалдырылған есептеме негізінде сатып ала алады. Егер мәні бойынша шарт қаржыландыру элементін қамтыса, онда бұл элемент, мысалы, кредит берудің қарапайым шарттары кезінде сатып алу құны мен төленген сома арасындағы айырма қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығындар ретінде танылады.
219. Қорларды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар еңбекақы төлеуге жұмсалатын тікелей шығындар сияқты өнім бірлігіне тікелей байланысты шығындарды қамтиды. Оларға сол сияқты жаңа өнімге шикізатты қайта өңдеген кезде туындайтын тұрақты және ауыспалы өндірістік жүкқұжат шығыстарын жүйелі бөлу жатады. Тұрақты өндірістік жүкқұжат шығындары өндіріс көлеміне қарағанда өзгеріссіз қалатын жанама өндірістік шығындар болып табылады, мысалы, амортизация және өндірістік ғимараттар мен жабдықтарға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар мен өндірістік әкімшілік-басқару шығыстары. Ауыспалы өндірістік жүкқұжат шығыстары өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей немесе тікелейге жуық байланысты болатын жанама өндірістік шығыстар, мысалы, материалдардың шығындары мен еңбек шығындары.
220. Субъект тұрақты өндірістік жүкқұжат шығыстарын өндірістік қуаттардың қалыпты жүктемесінің шамасы негізінде қайта өңдеу жөніндегі шығындарға бөлінуге тиіс. Қалыпты жүктеме – бұл жоспарлы техникалық қызмет көрсету нәтижесінде қуаттылықтың жоғалуын ескере отырып, қарапайым жағдайда орташа есеппен бірнеше кезеңдерде немесе маусым жұмыс істегенде күтілетін жетістік. Өндірістің іс жүзіндегі деңгейі ол қалыпты жүктемеге жақын болған жағдайда пайдаланылуы мүмкін. Өнімнің әрбір бірлігіне жататын тұрақты жүктеме шығыстардың сомасы төмен өндіріс деңгейі немесе тұрып қалған жабдық салдарынан ұлғаймайды. Бөлінбеген жүкқұжат шығыстары олардың туындау кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады. Өндіріс тым жоғары деңгейде болған кезеңдерде пайданың әрбір бірлігіне жататын тұрақты жүкқұжат шығыстарының сомасы қорлар өзіндік құннан артық өлшенбейтіндей етіп азаяды. Ауыспалы өндірістік жүкқұжат шығыстары өндірістік қуаттарды іс жүзінде пайдалану негізінде өнімнің әрбір бірлігіне жатады.
221. Өндірістік процестің нәтижесінде бір уақытта бір өнімнен астам өндірілуі мүмкін. Мысалы, бұл бұйымдарды бірлесіп өндірген жағдайда немесе негізгі өнімді өндіру жанама өнімді өндірумен ілесіп жүрсе өтеді. Әрбір өнімді қайта өңдеуге жұмсалатын шығындар бөлек айқындала алмайтын болса, субъект мұндай шығындарды өнімдер арасында ұтымды және кезекті негізде бөлуге тиіс. Бөлу, мысалы, немесе өнімдер бірегейленетін өндірістік процестің осы кезеңінде немесе өндірістік процесс аяқталғаннан кейін айқындалатын әрбір өнім бойынша сатудың салыстырмалы құнына негізделуі мүмкін. Жанама өнімдердің көпшілігі өзінің табиғатында мардымсыз. Жанама өнімдер мардымсыз болған жағдайда субъект мұндай өнімдерді аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі ықтимал сату бағасы бойынша өлшеуге және алынған соманы негізгі өнімнің құнынан алып тастауға тиіс. Нәтижесінде негізгі өнімнің баланстық құны оның өзіндік құнынан мардымсыз ерекшеленеді.
222. Өзге де шығындарды субъект қорларды орналасқан жеріне және оларды осы жағдайға жеткізгенге дейін жеткізуге байланысты дәрежеде ғана қорлардың өзіндік құнына енгізеді. Мысалы, қорлардың өзіндік құнына өндірістік емес жүкқұжат шығыстарын немесе нақты клиенттерге арналған өнімдерді әзірлеу жөніндегі шығындарға енгізу орынды болар еді. Егер субъект қарыздар бойынша шығындарды күрделендіруді таңдаса ХҚЕС (IAS) 23 Қарыздар бойынша шығындар қарыздар бойынша шығындар қорлардың өзіндік құнына енгізілетін көптеген міндеттемелер көрсетілген.
223. Осы Стандарттың 11-бөлімінің 193-тармағының 2) тармақшасында белгілі бір жағдайларда қолда бар тауар бойынша тіркелген пайыздық ставканың тәуекелін немесе тауар бағасының тәуекелін хеджирлеудің бір бөлігі болып табылатын хеджингтік құралдың әділ құнына өзгеріс көрсетілген.
224. Төменде қорлардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың туындау кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалы келтірілген:
1) шығындалған еңбектің немесе өзге де өндірістік шығындардың шикізатының нормативтен тыс шығындары;
2) егер олар оның келесі кезеңіне өту үшін өндірістік процесте қажет болмаса, сақтауға жұмсалатын шығындар;
3) қорларды олар орналасқан жерге және оларды осы жағдайға жеткізгенге дейін жеткізуге байланысты әкімшілік жүкқұжат шығыстары; және
4) өткізу жөніндегі шығындар.
225. Егер қызметтерді берушілерде қорлар болса, олар өндірістің өзіндік құны бойынша оларды өлшейді. Мұндай өзіндік құн, ең алдымен, қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың, оның ішінде бақылаушы персоналдың жалақысын және басқа да шығындарын, сондай-ақ тиісті жүкқұжат шығыстарын қамтиды. Сауда және жалпы әкімшілік персоналға жалақы және өзге де шығындар қордың өзіндік құнына енгізілмейді, ал олар туындаған сәттен бастап кезеңнің шығыстары ретінде танылады. Қызметтер көрсетуші қорларының өзіндік құны қызметтер көрсеткішінің бағасына жиі қосылатын пайданың немесе жанама жүкқұжат шығыстарының нормаларын қамтымайды.
226. Осы Стандарттың 33-бөліміне сәйкес субъект биологиялық активтерден алған ауыл шаруашылығы өнімінің қорларын бастапқы тану сәтінде егін жинау сәтіндегі өткізу бойынша болжанатын шығындарды шегергендегі әділ құнмен өлшеген жөн. Осындай тәсілмен алынған шама осы бөлімде қолданылған кезде осы күнгі қорлардың өзіндік құнын білдіреді.

§ 86. Өзіндік құнды өлшеу әдістері (нормативтік шығындар бойынша есептеу әдісі мен бөлшек сауда бағасының әдісі сияқты)
227. Өзіндік құнды таныған кезде субъект нормативтік шығындар бойынша есептеу әдісі мен бөлшек сауда бағасының әдісі сияқты әдістерді, егер мұндай пайдаланудың соңғы нәтижелері шамамен іс жүзіндегі өзіндік құнға тең болған жағдайда пайдалана алады. Нормативтік шығындар шикізат пен материалдарды, еңбекті, тиімділік пен қуатты пайдаланудың қалыпты деңгейлерін ескереді. Олар үнемі талданып отырады және қажет болған кезде ағымдағы шарттарда қайта қаралады. Бөлшек сауда бағасының әдісі қорлардың сату құнын жалпы пайданың тиісті пайызының шамасына азайту жолымен өзіндік құнды есептеуді көздейді.

§ 87. Өзіндік құнды есептеу тәсілдері
228. Өзара алмасатын болып табылмайтын қорлардың, сондай-ақ арнайы жобаларға шығарылған және арналған тауарлардың немесе қызметтердің жекелеген баптарының өзіндік құны оларға жұмсалған жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру жолымен айқындалуға тиіс.
229. Осы Стандарттың 228-тармағында қаралғандардан басқа, қорлардың өзіндік құны екі тәсілмен айқындалады: бірінші түсім – бірінші жіберілім (FIFO) немесе орташа өлшенген құнның формуласы бойынша. Субъект негізгі қасиеті және оларды субъектінің пайдалану тәсілі бойынша ұқсас барлық қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің сол бір тәсілін қолдануға тиіс. Әр түрлі негізгі қасиеттерімен немесе олардың пайдаланылуы бойынша ерекшеленетін қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану ақталуы мүмкін. Осы Стандарт соңғы түсім – бірінші жіберілім әдісін (LIFO) пайдалануға жол бермейді.
§ 88. Қорлардың құнсыздануы

230. Осы Стандарттың 464-466-тармақтарына сәйкес субъект әрбір есепті күнге қорлар құнсызданды ма, жоқ па, яғни қорлардағы шығындардың орнын қаншалықты толтыруға болатындығын (құнсыздану зақымдану, ескіру немесе түскен сауда құны салдарынан болуы мүмкін) айқындауға тиіс. Қорлар баптары (немесе баптар тобы) құнсызданған жағдайларда көрсетілген тармақтар субъектіні аяқтауға және өткізуге жұмсалған шығындарды шегергендегі сату бағасы бойынша қорларды өлшеуге міндеттейді. Осы тармақтарда, сондай-ақ құнсызданған қорлардың құны қалпына келтірілуге тиіс жағдайлар сипатталады.

§ 89. Шығыс ретінде тану
231. Қорларды сатқаннан кейін олардың баланстық құнын субъект тиісті кіріс танылатын кезеңде шығыс ретінде тануға тиіс.
232. Кейбір қорлар, мысалы, негізгі құралдардың өздігінен жүргізілген объектілерінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылған қорлар басқа да активтердің есебіне жатқызылуы мүмкін. Мұндай тәсілмен басқа активтерге таратылған қорлар осы активті пайдалы пайдалану мерзімі ішінде шығыс ретінде танылады.

§ 90. Ақпаратты ашу

233. Субъект мыналарды ашады:
1) қорларды өлшеу үшін қабылданған есеп саясатын, оның ішінде олардың өзіндік құнын есептеудің пайдаланылатын тәсілін;
2) қорлардың жалпы баланстық құны мен осы субъект үшін қолайлы сыныптамалардағы баланстық құнды;
3) кезең ішінде шығыс ретінде танылған қорлардың сомасын (сатылған тауарлардың өзіндік құны);
4) осы Стандарттың 230-тармағына және 464-466-тармақтарына сәйкес осы кезеңде шығыс ретінде танылған барлық құнсызданған қорлардың сомасын;
5) осы Стандарттың 230 және 466-тармақтарына сәйкес кезең ішінде бұрын танылған құнсызданулардың барлық қалпына келу сомасын және осы қалпына келтірулерге әкелген жағдайлардың немесе оқиғалардың сипаттамасын;
6) міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілге салынған қорлардың баланстық құнын.

13. Ассоциацияланған кәсіпорындарға инвестициялар

§ 91. Ассоциацияланған ұйымдардың анықтамасы

234. Ассоциацияланған ұйым – инвестор әдәуір әсер ететін және еншілес ұйым да, бірлескен қызметтегі қатысу үлесі де болып табылмайтын ұйым (мысалы серіктестікті қоса алағнада);
235. Едәуір әсер ету – инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясаты бойынша, бірақ осы саясатты бақылау немесе бірлесіп бақылау болып табылмайтын шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі.
1) Егер инвестор тікелей немесе жанама (мысалы, еншілес ұйымдар арқылы) инвестициялар объектісінде 20 немесе одан да көп пайыз дауыс беру құқығын иемденсе, инвестор оның мұндай емес екендігін дәл көрсетуге болатын жағдайларды қоспағанда, едәуір әсерге ие деп саналады.
2) Егер инвестор тікелей немесе жанама (мысалы, еншілес ұйымдар арқылы) инвестициялар объектісінде 20 пайыздан аз дауыс беру құқығын иемденсе, инвестор оның мұндай емес екендігін дәл көрсетуге болатын жағдайларды қоспағанда, едәуір әсер ете алмайды деп саналады.
3) Басқа инвестордың акциялардың елеулі бөлігін немесе акциялардың көпшілігін иеленуі инвесторда едәуір әсер етуді болдырмауы міндетті емес.

§ 92. Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
236. Инвестор өзінің инвестицияларын барлық ассоциацияланған ұйымдарға мынадай моделдердің бірімен ескеруге тиіс:
1) осы Стандарттың 237-тармағында берілген іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі бойынша.
2) осы Стандарттың 238-тармағында берілген үлестік қатысу моделі бойынша.
3) осы Стандарттың 239-тармағына сәйкес пайданың немесе залалдың құрамына енгізу арқылы әділ құн бойынша.

§ 93. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі
237. Инвестор өзінің инвестицияларын құнсызданудан болған барлық жинақталған залалды шегергендегі іс жүзіндегі шығындар бойынша ассоциацияланған ұйымдарға өлшейді. Инвестор инвестициядан алынатын кірісті инвестор сатып алу сәтінен бастап жинақталған ассоциацияланған ұйымның пайдасынан түскен қаражатты бөлуді алатын деңгейде ғана тануға тиіс. Осындай пайданың үстінен алынған бөлінетін қаражат инвестициялардың орнын толтыру болып табылады және инвестициялардың құнын азайту ретінде танылады. Инвестор осы бөлімде көзделген ақпаратты мынадай ашуды жүргізуге тиіс. Инвестор осы Стандарттың 26-бөліміне сәйкес құнсыздануды тануға тиіс.
§ 94. Үлестік қатысу әдісі

238. Үлестік қатысу әдісі бойынша инвестицияларды ассоциацияланатын ұйымдарға өлшеген кезде инвестор ХҚЕС (IAS) 28 Ассоциацияланған кәсіпорындарға инвестициялар сәйкес рәсімдерге жүгінген және ашқан жөн.

§ 95. Пайда немесе залал арқылы әділ құн моделі
239. Пайда немесе залал арқылы әділ құн моделі бойынша ассоциацияланған ұйымдарға инвестицияларды өлшеген кезде инвестор осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес рәсімдерді пайдалануға және ақпаратты ашуға тиіс. Әділ құны дұрыс өлшенуі мүмкін ассоциацияланған ұйымдарға инвестициялар пайда немесе залал арқылы әділ құн моделінің көмегімен өлшенбеуге тиіс.

§ 96. Ақпаратты ашу
240. Ассоциацияланған ұйымдағы инвестор мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) ассоциацияланған ұйымдарға инвестициялар бөлігіндегі есеп саясатының ережелері;
2) олар үшін кесілген баға жарияланатын ассоциацияланған ұйымдарға инвестициялардың әділ құны;
3) активтердің, міндеттемелердің, кірістің біріктірілген сомаларын және пайданы немесе залалды, сондай-ақ ассоциацияланған ұйымдардағы инвестордың меншік үлесін қоса алғанда, ассоциацияланған ұйымдар туралы жиынтық қаржылық ақпарат; және
4) ассоциацияланған ұйымдардың қаражатты инвесторға ақшалай дивидендтер немесе қарыздар немесе аванстар бойынша төлемдер нысанында беру қабілетіне әсер ететін кез келген елеулі шектеулердің (мысалы, қарыз туралы келісімдер немесе регулятивті органдар талаптарының нәтижесінде туындайтын) сипаты мен дәрежесі.
241. Егер ассоциацияланған ұйымдарға инвестициялар үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін жағдайда инвестор осындай ассоциацияланған ұйымдардағы пайдадағы немесе залалдағы өзінің үлесі туралы ақпаратты, мұндай инвестициялардың баланстық құнын және осындай ассоциацияланған ұйымдардың тоқтатылған қызметіндегі инвестордың үлесін бөлек ашуға тиіс.
242. Инвестор ассоциацияланған ұйымдарға инвестицияларды ұзақ мерзімді активтер түрінде сыныптауға тиіс.

14. Бірлескен қызметке инвестициялар

§ 97. Бірлескен қызметтің анықтамасы

243. Бірлескен бақылау – шартта айқындалған экономикалық қызметті бақылауды бөлу; бірлескен бақылау осы қызметке жататын стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылауға ие тараптардың (бірлескен қызметке қатасушылар) ынтымақты келісімін талап еткен жағдайда ғана жұмыс істейді.
244. Бірлескен қызмет – екі немесе одан да көп тарап бірлескен қызметке жататын экономикалық қызметті жүзеге асыратын шарттық келісім. Бірлескен ұйымдар бірлесіп бақыланатын активтердің, бірлесіп бақыланатын қызметтің немесе бірлесіп бақыланатын кәсіпорындардың нысанын қабылдауы мүмкін.

§ 98. Бірлесіп бақыланатын операциялар
245. Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің жұмыс істеуі корпорация, серіктестік немесе өзге де ұйым немесе бірлескен қызметтің өзінің қатысушыларынан бөлек қаржылық құрылым құру емес, бірлескен қызметке қатысушылардың активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды қамтиды. Бірлескен қызметке әрбір қатысушы өзінің меншікті негізгі құралдарын пайдаланады және өзінің меншікті қорлары болады. Ол сол сияқты өзінің меншікті шығыстары мен міндеттемелерін алады және оның меншікті міндеттемелерін білдіретін меншікті қаржылық ресурстарды қалыптастырады. Бірлескен қызметті бірлескен қызметке қатысушының қызметкерлері бірлескен қызметке қатысушының ұқсас қызметімен қатарлас жүзеге асыра алады. Бірлескен қызмет туралы келісім, әдетте, бірлескен өнімді сатудан кіріс пен бірлесіп жұмсалған кез келген шығыстар бірлескен қызметке қатысушылар арасында бөлінетін тәсілді көздейді.
246. Бірлесіп бақылайтын операцияларға өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен қызметке қатысушылар өзінің қаржылық есептілігінде мыналарды тануға тиіс:
1) олар бақылайтын активтер мен қолда бар міндеттемелер; және
2) жұмсалған шығыстар мен бірлескен қызмет тауарларын немесе қызметтерін сату нәтижесінде ол алатын кірістердегі өзінің үлесі.

§ 99. Бірлесіп бақыланатын активтер
247. Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылауды және жиірек бірлескен қызмет мақсатында енгізілген немесе сатып алынған және бірлескен қызметтің мақсаттарына арналған бір немесе бірнеше активтерге бірлескен қызметке қатысушылардың бірлескен меншігін қамтиды.
248. Бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің қатысу үлесіне қатысты бірлескен қызметке қатысушы өзінің қаржылық есептілігінде мыналарды тануға тиіс:
1) активтердің сипатына сәйкес сыныпталатын бірлесіп бақыланатын активтердегі өзінің үлесін;
2) олар қабылдаған міндеттемелерді;
3) бірлескен қызметке басқа да қатысушылармен бірлесіп бірлескен қызметке қатысты ұшыраған кез келген міндеттемелердің өзінің үлесін;
4) бірлескен қызметтен алынған өнімнің өзінің үлесін бірлескен қызметке ұшыраған шығыстардың өзінің үлесімен бірге сатудан немесе пайдаланудан түскен кірісті; және
5) ол бірлескен қызметке өзінің қатысу үлесіне қатысты жұмсаған шығыстарды.

§ 100. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар

249. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорын – бұл бірлескен қызметке қатысушының әрбір қатысушысында өзінің қатысу үлесі бар корпорация, серіктестік немесе өзге де ұйым құруды болжайтын бірлескен қызмет. Кәсіпорын қызметті бірлескен қызметке қатысушылар арасындағы шарттық келісім кәсіпорынның экономикалық қызметін бірлесіп бақылауды белгілейтінді қоспағанда, дәл басқа да ұйымдар сияқты жүргізеді.

§ 101. Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
250. Бірлескен қызметке қатысушы барлық бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға өзінің қатысуын санамаланған әдістердің бірінің көмегімен ескереді:
1) осы Стандарттың 251-тармағына сәйкес шығындарды күрделендіру моделі бойынша;
2) осы Стандарттың 252-тармағына сәйкес үлестік қатысу моделі бойынша;
3) осы Стандарттың 253-тармағына сәйкес пропорционалды шоғырландыру моделі бойынша; немесе
4) осы Стандарттың 254-тармағына сәйкес пайданың немесе залалдың құрамына енгізу арқылы әділ құнмен.

§ 102. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі
251. Бірлескен қызметке қатысушы бірлесіп бақылайтын кәсіпорындарға өзінің инвестицияларын барлық құнсызданудан болған жинақталған залалдарды шегергендегі іс жүзіндегі шығындар бойынша өлшейді. Инвестор инвестициядан түскен кірісті инвестор сатып алу сәтінде жинақталған инвестициялар объектісінің пайдасынан түскен қаражатты бөлуді алатын дәрежеде ғана тануға тиіс. Осындай пайдадан артық алынған бөлінетін қаражат инвестициялардың орнын толтыру болып саналады және инвестициялардың құнын азайту ретінде танылады. Бірлескен қызметке қатысушы осы бөлімде көзделген ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы құнсыздануды осы Стандарттың 26-бөліміне сәйкес тануға тиіс.

§ 103. Үлестік қатысу әдісі
252. Бірлесіп бақыланатын қызметке инвестицияларды үлестік қатысу әдісі бойынша өлшеген кезде бірлескен қызметке қатысушы 31 Бірлескен қызметке қатысу ХҚЕС-ке (IAS) және 28 Ассоциацияланатын ұйымдарға инвестицияларды есепке алу ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес рәсімдерді пайдалануға тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы сол сияқты 28 Ассоциацияланатын ұйымдарға инвестицияларды есепке алу ХҚЕС (IAS) көзделген ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс.

§ 104. Пропорционалды шоғырлану
253. Бірлесіп бақыланатын қызметке инвестицияларды пропорционалды шоғырлану әдісі бойынша есептеген кезде бірлескен қызметке қатысушы 30-37 ХҚЕС (IAS) 31 Бірлескен қызметке қатысу сәйкес көзделген рәсімдерді пайдалануға тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы сол сияқты Ассоциацияланатын ұйымдарға инвестицияларды есепке алу ХҚЕС (IAS) 28-де көзделген ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс.

§ 105. Пайда немесе залал арқылы әділ құны моделі
254. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға инвестицияларды пайда немесе залал арқылы әділ құн моделі бойынша өлшеген кезде бірлескен қызметке қатысушы осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес рәсімдерді пайдалануға және ақпаратты ашуға тиіс. Әділ құнының дұрыс өлшенуі мүмкін емес бірлескен қызметке инвестициялар пайда немесе залал арқылы әділ құнның моделінің көмегімен өлшенбеуге тиіс.

§ 106. Бірлескен қызметке қатысушы мен
бірлескен қызмет арасындағы операциялар
255. Бірлескен қызметке қатысушы активтерді бірлескен қызметке енгізсе немесе оларды бірлескен қызметте сатса, операция бойынша пайданың немесе залалдың кез келген бөлігін тану оның мазмұнын көрсетуге тиіс. Активтер бірлескен қызметте болған кезде және бірлескен қызметке қатысушы меншік құқығына байланысты едәуір тәуекелді және сыйақыны берсе, бірлескен қызметке қатысушы пайданың немесе залалдың бірлескен қызметке басқа да қатысушыларды қатысу үлесіне тиесілі бөлігін ғана тануға тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы салым немесе сату қысқа мерзімді активтерді сатудың ықтимал таза құнын немесе құнсызданудан келген залалды азайтудың дәлелі болатын болса, залалдың бүкіл сомасын тануға тиіс.
256. Бірлескен қызметке қатысушы бірлескен қызметтен активтер сатып алған кезде ол өзінің осы операция бойынша бірлескен қызмет пайдасындағы үлесін ол активтерді тәуелсіз тарапқа қайта сатқанға дейін тануға тиіс емес. Бірлескен қызметке қатысушы осындай операциялардан келетін өзінің залалының үлесін залал олар құнсызданудан келген залалды білдіретін болса тез арада танылуға тиіс жағдайларды қоспағанда, пайданы есептеген кездегідей ескереді.
257. Бірлескен бақылауы жоқ бірлескен қызмет инвесторы мұндай инвестицияны осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес – егер ол бірлескен қызметке едәуір әсер ете алатын болса осы Стандарттың 13-бөліміне сәйкес ескеруге тиіс.

§ 107. Ақпаратты ашу
258. Бірлескен қызметке қатысушы басқа да шартты міндеттемелердің сомасынан бөлек залалдың болу ықтималдығы жоғары болмайтын жағдайларды қоспағанда, мынадай шартты міндеттемелердің жалпы сомасын ашуға тиіс:
1) бірлескен қызметке оның қатысушы бірлескен қызметке қатысу үлестеріне және ол бірлескен қызметке басқа да қатысушылармен бірге жауап беретін оның әрбір шарттық міндеттемелердегі үлесіне байланысты шеккен шарттық міндеттемелер;
2) ол шарты түрде жауапкершілік жүктейтін бірлескен қызметтің өзіндегі шарттық міндеттемелердегі оның үлесі; және
3) инвестор бірлескен қызметке басқа да қатысушылардың міндеттемелері бойынша шартты түрде жауап беретіндіктен туындайтын шарттық міндеттемелер.
259. Бірлескен қызметке қатысушы сол сияқты мынадай ақпаратты ашады:
1) бірлескен қызметке қатысуға байланысты өзінің міндеттемелерінің жиынтық сомасын, қатысушыда өзге де қызметтермен бірлесіп, туындаған капитал бойынша ықтимал міндеттемелердегі өзінің үлесін, сондай-ақ бірлескен қызметтің өзіндегі капитал бойынша міндеттемелердегі өзінің үлесін;
2) бірлескен қызметтегі неғұрлым едәуір қатысу үлестерінің тізбесі мен сипаттамасын және бірлесіп бақылайтын кәсіпорындардағы меншік үлестердің арақатынасы;
3) кәсіпорын өзінің үлесін бірлесіп бақылайтын кәсіпорындарда тану үшін пайдаланатын әдіс.

15-бөлім. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

§ 108. Тану
260. Жылжымайтын мүлікке инвестициялар – жалдау төлемдерін немесе капитал құнының өсімін немесе соны және басқаны алу мақсатында иеліктегі (меншік иесінде немесе қаржылық жалдау құқығы бойынша жалгерде) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат не ғимараттың бір бөлігі және сол және басқалары), бірақ:
1) тауарлар өндіруде немесе беруге пайдалану, әкімшілік мақсаттарда қызметтер көрсету; немесе
2) қарапайым шаруашылық қызмет барысында сату.
261. Операциялық жалдау шарты бойынша жалгер иеленіп отырған жылжымайтын мүліктің үлесі есепте мұндай жылжымайтын мүлік барлық қалған жағдайда жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келген және жалгер осы объектіні және жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде сыныпталатын барлық өзге жылжымайтын мүлік объектілерін есептеу үшін әділ құнмен есептеу моделін пайдаланған жағдайда ғана жылжымайтын мүлікке инвестициялар ретінде сыныпталуға және көрсетілуге тиіс.

§ 109. Бастапқы тану кезінде өлшеу
262. Бастапқы тану кезінде субъект жылжымайтын мүлікке инвестицияларды сатып алу құны бойынша өлшеуге тиіс. Жылжымайтын мүлікке инвестициялардың сатып алынған объектісінің сатып алу құны сатып алу құнынан және сатып алуға тікелей байланысты барлық шығындардан тұрады (мысалы – заңгерлердің, риэлтерлердің, өзге де транзакциялық шығасылар). Өздігінен салынған жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісінің сатып алу құнын анықтаған кезде субъект осы Стандарттың 273-277-тармақтарын сақтауға тиіс.

§ 110. Бастапқы танығаннан кейінгі өлшеу
263. Бастапқы танығаннан кейін субъект жылжымайтын мүліккке инвестициялардың барлық объектілерін кейіннен өлшеулі екі моделдің бірімен жүзеге асырады:
1) осы Стандарттың 264-тармағына сәйкес әділ құнмен есептеу моделі; немесе
2) осы Стандарттың 265-тармағында берілген шығындарды күрделендіру моделі бойынша.

§ 111. Әділ құнмен есептеу моделі
264. Әділ құнмен есептеу моделін таңдаған субъект ХҚЕС (IAS) 40 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар таңдауға тиіс.

§ 112. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі
265. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі таңдаған субъект өзінің жылжымайтын мүлікке инвестицияларын осы Стандарттың 16-бөлімінде баяндалған іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделінің талаптарына сәйкес негізгі құралдар ретінде ескеруге тиіс.

§ 113. Қайта сыныптау
266. Субъект жылжымайтын мүлік объектісін жылжымайтын мүлікке инвестициялар сыныбына енгізуді немесе жылжымайтын мүлік объектісін мұндай сыныптан жылжымайтын мүлік объектісі жылжымайтын мүлікке инвестициялар анықтамасына сәйкес келген (немесе сәйкес келмеген) кезде ғана алып тастауды жүргізуге тиіс.

§ 114. Тануды тоқтату
267. Субъект жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісін тануды мынадай жағдайда тоқтатады:
1) объект шығып қалған кезде; немесе
2) оны пайдаланудан немесе оның шығып қалуынан ешқандай болашақтағы экономикалық пайда күтілмейтін болғанда.

16. Негізгі құралдар

§ 115. Тану

268. Негізгі құралдар – бұл:
1) тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын, және
2) күтіліп отырғандай бір кезеңнен астам ішінде пайдаланылатын материалдық активтер.
269. Қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық, әдетте, қорлар ретінде ескеріледі және пайдада және залалда оларды тұтыну шамасына қарай танылады. Алайда, ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдық, егер субъект оларды бір кезеңнен астам пайдалануға болжаса, негізгі құралдар ретінде сыныпталады. Ұқсас тәсілмен, егер қосалқы бөлшектер мен қызмет көрсетуші жабдық негізгі құралдар объектісіне байланысты ғана пайдаланыла алатын болса, онда олар негізгі құралдар деп саналады.
270. Негізгі құралдардың кейбір объектілерінің бөліктері тең аралық уақыттан кейін алмастыруды талап ете алады. Егер субъект негізгі құралдар объектісінің бөлшектерін алмастыру болашақ экономикалық пайданың ағынын ұлғайтады деп күтсе, онда мұндай алмастырудың құны бөлшекті алмастыруға жұмсалатын шығындарды тану сәтінде объектінің баланстық құнына қосылуға тиіс. Алмастырылатын бөлшектердің баланстық құны мұндай жағдайда осы Стандарттың 291-294-тармақтарына сәйкес танылуды тоқтатады.
271. Негізгі құралдар объектісін (мысалы, автобус) пайдалануды жалғастырудың шарты осы объектінің бір бөлігін алмастыру болғандығына қарамастан, ақауларды анықтау мәніне үнемі күрделі техникалық қараулар жүргізу болуы мүмкін. Әрбір күрделі техникалық қарау жүргізілген кезде оны құны негізгі құралдардың тиісті объектісінің баланстық құнында, егер тану өлшеуі сақталса алмастыру ретінде танылады. Алдағы техникалық қарауға жұмсалатын шығындардың баланстық құнының қалған бөлігін (табиғи бөлімдерден ерекше) тану тоқтатылады. Бұл объектіні сатып алу немесе салу жөніндегі операциялардың нәтижесінде сәйкестендірілген алдыңғы техникалық қарауға жұмсалған шығындардың болуына қарамастан жүргізіледі. Қажет болған кезде болашақ ұқсас техникалық қарауды жүргізуге жұмсалатын шығындарды есептік бағалау объектіні сатып алған немесе салған кезде техникалық қарауға жұмсалатын шығындардың қолда бар құрамдас бөлігінің құны қандай болғандығының индикаторы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
272. Жер мен ғимарат бөлінетін актив болып табылады және, егер олар бірге сатып алынса да бөлек ескеріледі.
273. Негізгі құралдар объектісін бастапқы тану кезінде субъект бұл объектіні оның іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша өлшеуге тиіс.

§ 116. Өзіндік құнның элементтері мен оны өлшеу
274. Негізгі құралдар объектісінің өзіндік құны мыналарды қамтиды:
1) импорттық баждарды қоса алғанда, оны сатып алу бағасы мен сауда жеңілдіктері мен дисконттарды шегергендегі сатып алуға арналған орны толмайтын салықтарды.
2) активті орналасқан жеріне дейін жеткізуге және оны ағымдағы күйге келтіруге тікелей жататын кез келген шығындар. Мұндай шығындар объектіні орнату орнын дайындауға жұмсалатын шығындар, оны жеткізуге және тиеугетүсіруге, қондыруға және жинау мен іске қосу-баптау жұмыстарына жұмсалатын шығындарды.
3) объектіні демонтаждауға және шығаруға және ол орналасқан учаскені қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды бастапқы есептік бағалауды, субъектіде не объектіні сатып алу сәтінде не осы объектіні көрсетілген кезең ішінде қорлар өндіруден ерекше мақсаттар үшін белгілі бір уақыт кезеңі ішінде пайдалану нәтижесінде туындайтын міндеттемені.
275. Төмендегі шығындар негізгі құралдар объектісінің өзіндік құнына қосылатын шығындар болып табылмайды және субъект олар пайда болған сәтте шығыс ретінде тануға тиіс:
1) жаңа өндірістік қуаттарды ашуға байланысты шығындар;
2) нарыққа жаңа тауарды немесе қызметті шығаруға жұмсалатын шығындар (жарнамалауға және жылжытуға байланысты қызметке жұмсалатын шығындарды қоса алғанда);
3) жаңа орында немесе клиенттің жаңа түрімен бизнесті жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар (персоналды оқытуға жұмсалатын шығындарды қоса алғанда); және
4) әкімшілік және басқа да жалпы жүкқұжат шығыстары.
276. Негізгі құралдар объектісін дайындау немесе әзірлеу барысында болған кездейсоқ операциялар бойынша кірістер мен оларға байланысты шығыстар, егер мұндай операциялар негізгі құралдар объектісін орналасқан жеріне жеткізу және объектісіні жұмыс жағдайына келтіру үшін қажетті болып табылмаса пайданың немесе залалдың құрамына кіруге тиіс.
277. Негізгі құралдар объектісінің құны тану күнгі төлемнің мерзімін ұзартпайтын бағасын білдіреді. Егер төлем кредит берудің қарапайым шарттарынан асып түсетін кезеңге қалдырылса, онда объект құны бүкіл болашақ төлемдердің келтірілген құны болады. Егер негізгі құралдар объектісі ақшасыз актив немесе активтер тобына айырбасталып сатып алынатын болған жағдайда немесе егер негізгі құралдар объектісіне төлем аралас болып табылатын болса және өзіне ақшалай қаражатқа төлемді, сол сияқты қандай да болмасын монетарлық емес активтерді беруді қамтыса, онда сатып алынатын активтердің құны мынадай жағдайларды қоспағанда, әділ құнмен өлшенеді:
1) айырбастау жөніндегі операция жеткілікті түрдегі көлемде коммерциялық мәнде емес; немесе
2) не сатып алынатын активтің әділ құны, не айырбасталатын активтің әділ құны дұрыс өлшенуі мүмкін емес. Мұндай жағдайларда сатып алынатын активтің құны айырбасқа берілетін активтің баланстық құнымен өлшенеді.

§ 117. Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
278. Бастапқы танығаннан кейін субъект негізгі құралдардың объектісін келесі өлшеулі екі моделдің бірімен жүзеге асырады: :
1) осы Стандарттың 279-тармағына сәйкес шығындарды күрделендіру моделі; немесе
2) осы Стандарттың 280-тармағына сәйкес асыра бағаланған құнмен есептеу моделі бойынша.

§ 118. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі
279. Субъект негізгі құралдар объектісінің құнын жинақталған амортизацияның және құнсызданудан жинақталған залалдың бүкіл сомасын шегергендегі оның өзіндік құнымен ескеруге тиіс.
§ 119. Асыра бағаланған құнмен есептеу моделі
280. Асыра бағаланған құнмен есептеу моделін таңдаған субъект ХҚЕС (IAS) 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар сәйкес ақпаратты есептеуді және ашуды жүзеге асырады.
§ 120. Негізгі құралдардың амортизациясы
281. Субъект негізгі құралдар объектісінің қатысты бастапқы танылған соманы оның едәуір бөліктеріне бөлуге және осындай әрбір бөлікті жеке амортизациялауға тиіс. Солай бола тұрса да, егер негізгі құралдар объектісінің едәуір бөлігінде, сол негізгі құралдар объектісінің басқа едәуір бөлігіне ұқсас пайдалы пайдалану мерзімі болса және объектінің екі бөлігіне де қатысты амортизацияның ұқсас әдісі пайдаланылса, онда мұндай бөліктер амортизацияланған аударымдардың сомасын айқындау кезінде топтастырылуы мүмкін.
282. Әрбір кезеңдегі амортизациялық аударымдар басқа активтің баланстық құнына енгізілген мұндай аударымдарды қоспағанда, пайдада немесе залалда танылуға тиіс. Мысалы, өндірістік ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы қорларды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарға қосылады.
§ 121. Амортизацияланатын құн мен амортизациялау кезеңі
283. Активтің амортизацияланатын құны оның пайдалы пайдалану мерзімі бойында жүйелі негізде бөлінуге тиіс.
284. Субъект ең болмағанда әрбір жылдық есепті кезеңге тарату құнын және пайдалы пайдалану мерзімін талдауға тиіс; егер талдау нәтижелері алдыңғы бағалаулардың нәтижелерінен ерекшеленсе, субъект тарату құнын немесе пайдалы пайдалану мерзімін тиісті тәсілмен түзетуге тиіс. Субъект тарату құнындағы немесе пайдалы пайдалану мерзіміндегі өзгерістерді осы Стандарттың 150-154-тармақтарына сәйкес есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеруге тиіс.
285. Активтің амортизациясы актив пайдалануға дайын болған, яғни ол субъект басшылығы жоспарлағандай жұмыс істей алуы үшін қажетті орында және жағдайда басталады. Активтің амортизациясы мынадай күндерден неғұрлым ерте тоқтатылады: актив осы Стандарттың 626-628-тармақтарына сәйкес сатуға арналғандай (немесе сатуға арналғандай сыныпталған шығуға арналған топқа енгізілген) сыныпталатын күндер және активті тану тоқтатылатын күндер. Ізінше, амортизация актив өзінен өзі амортизацияланған жағдайды қоспағанда, актив тоқтап қалуды бастаған немесе белсенді пайдаланудан шыққан кезде тоқтатылмайды. Алайда, егер амортизациялау әдістері іске қосу негізінде пайдаланылса, амортизациялық аударымдар өндіріс болмаған кезде нөлге тең бола алады.
286. Активтің пайдалы пайдалану мерзімін анықтаған кезде субъект мынадай факторларды ескеруге тиіс:
1) активті пайдаланудың (іске қосудың) күтілетін режимі. Іске қосу күтілетін қуатты немесе активтің табиғи өнімділігін ескере отырып бағаланады;
2) ол үшін бұл активті пайдалану болжанып отырған ауысымның саны және жөндеу мен қызмет көрсету бағдарламасы, сондай-ақ тұрып қалған кезеңде активті ұстау және оған қызмет көрсету сияқты өндірістік факторларға тәуелді күтілетін табиғи тозу;
3) өндірістің өзгерістері немесе жетілдірілуі кезінде немесе активті пайдаланып жүргізілетін немесе берілетін тауарға немесе қызмет көрсетулерге арналған нарықтық сұранымның өзгеруі нәтижесінде туындайтын техникалық немесе коммерциялық тұрғыдан моралдық тозу; және
4) тиісті жалдау мерзімдерінің аяқталу күні сияқты активті пайдалануға арналған заңды немесе ұқсас шектеулер.

§ 122. Амортизациялау әдісі
287. Субъект активтен түскен болашақ экономикалық пайданы субъектінің күтіліп отырған тұтыну сапасын көрсететін осындай амортизация әдісін таңдауға тиіс. Рұқсат етілетін амортизация әдістері өзіне тікелей желілік әдісті, азайтылатын қалдық әдісін және өнім бірлігі әдісін (өндірістік) қамтиды.
288. Субъект амортизация әдісін қолдануды, ең болмағанда, әрбір есепті кезеңнің аяғында талдауға тиіс. Егер талдау нәтижелері активтен түсетін болашақ экономикалық пайданы субъектінің күтіліп отырған тұтыну сипатының елеулі өзгеруін көрсетсе, субъект тиісті түрде амортизациялау әдісін өзгертуге тиіс. Амортизациялау әдісіндегі өзгерісті субъект осы Стандарттың 10-бөліміне сәйкес есептік бағалаудағы өзгеріс ретінде ескеруге тиіс.

§ 123. Құнсыздану
289. Әрбір есептік кезеңнің аяғында субъект негізгі құралдардың объектісінде немесе объектілерінің тобында құнсызданудың болуын – мұндай болған жағдайда – құнсызданудан келген залалды тану және өлшеу тәртібін айқындау мақсатында осы Стандарттың 26-бөлімінде көзделген шараларды қабылдауға тиіс. Бұл бөлім субъект қашан және қандай тәсілмен өзінің активтерінің баланстық құнын қайта қарайтын, активті сатуға жұмсалатын шығыстарды шегергендегі оның әділ құнын қалай айқындайтындығын және ол құнсызданудан келген залалды қашан танитындығын немесе қалпына келтіретіндігін түсіндіреді.
290. Субъект мұндай өтемақы алынуға тиіс болғанда ғана құнсызданған, жоғалған немесе берілген негізгі құралдар объектілеріне қатысты үшінші тараптардан алынған өтемақы сомасын пайданың немесе залалдың құрамына енгізуге тиіс.

§ 124. Тануды тоқтату
291. Субъект негізгі құралдар объектісін тануды мынадай жағдайда тоқтатады:
1) объект шығып қалған кезде; немесе
2) оны пайдаланудан немесе оның шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда күтілмеген кезде.
292. Негізгі құралдар объектісін тануды тоқтату кезінде туындайтын пайда немесе залал объектіні тану тоқтатылғанда осы Стандарттың 19-бөлімі қайта жалға алумен сату кезінде өзге есепке алуды көздейтін жағдайды қоспағанда) пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс. Мұндай пайданы субъект кіріс ретінде жіктемейді.
293. Объектінің істен шығуын анықтау кезінде субъект тауарларды сатудан түсетін түсімді тану үшін осы Стандарттың 22-бөлімінде айтылған өлшемдерді қолдануға тиіс. Осы Стандарттың 19-бөлімі қайта жалға алумен сату кезінде қолданылады.
294. Негізгі құралдар объектісін тануды тоқтату кезінде туындайтын пайданы немесе залалды, егер мұндайлар бар болса, субъект істен шығудан түсетін таза түсімдер мен көрсетілген объектінің баланстық құны арасындағы айырма ретінде айқындауға тиіс.

§ 125. Сату үшін ұсталатын негізгі құралдар
295. Осы Стандарттың 627-628-тармақтарында негізгі құралдарды және сату үшін ұсталатын өзге де ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға қойылатын талаптар ұсынылған.

§ 126. Ақпаратты ашу
296. Қаржылық есептілікте субъект негізгі құралдардың әрбір сыныбы үшін мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) жалпы баланстық құнды анықтау үшін пайдаланылатын өлшем базасын;
2) амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдістерін;
3) пайдалы пайдаланудың қолданылатын мерзімі немесе амортизация нормаларын;
4) жалпы баланстық құны және кезеңнің басы мен соңында жинақталған амортизация (құнсызданудан жинақталған шығынмен жиынтығында); және
5) мыналарды көрсететін кезеңнің басы мен соңында баланстық құнды мұқият тексеру:
түсімдерді;
сату үшін ұсталатын активтер ретінде жіктелетін немесе сату үшін ұсталатын ретінде жіктелетін істен шығаруға арналған топтарға енгізілген активтердің істен шығуын қоса алғанда, активтердің істен шығуы;
бизнесті біріктіру нәтижесінде сатып алу;
осы Стандарттың 26-бөліміне сәйкес табыс немесе залал деп танылған немесе қалпына келтірілген, құнсызданудан болған шығындар;
амортизация;
шетелдік қызметті есеп беретін кәсіпорынның есептілігін ұсыну валютасына аударуды қоса алғанда, қаржылық есептілікті функционалдық валютадан есептілікті ұсыну валютасына аудару кезінде туындайтын таза бағамдық айырмалар (Шетелдік валютадағы операцияларды ауыстыру деген 30-бөлімді қараңыз);
өзге де өзгерістер.
297. Субъект сондай-ақ мыналарды:
1) меншік құқығына және міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілге берілген негізгі құралдардың объектілеріне шектеулердің болуы мен оның сомасын;
2) негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі шарттық міндеттемелердің сомасын; және
3) егер пайда мен залал туралы есептің өзінде жеке ашылмаған болса, құнсызданған, жоғалған немесе берілген, пайдаға немесе залалға енгізілген негізгі құралдардың объектілері бойынша үшінші тараптардан өтемақы сомасын ашуға тиіс.
298. Сату үшін ұсталатын негізгі құралдардың объектілерін субъект бухгалтерлік баланстың өзінде өзге активтерден бөлек тікелей ұсынуға тиіс. Сату үшін ұсталатын негізгі құралдардың объектілеріне байланысты міндеттемелерді субъект бухгалтерлік баланстың өзінде өзге активтерден бөлек тікелей ұсынуға тиіс.

17. Гудвилді қоспағанда, материалдық емес активтер

§ 127. Тану
299. Материалдық емес актив – табиғи нысаны жоқ сәйкестендірілетін монетарлық емес актив. Мұндай актив:
1) бөлектенетін болса, яғни тиісті шарттан, активтен немесе міндеттемеден бөлек немесе сонымен бірге кәсіпорыннан бөлек алуға және сатуға, беруге, лицензиялауға, жалға беруге немесе ауыстыруға мүмкін болса; немесе
2) осы құқықты беруге немесе кәсіпорыннан немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден бөліп алуға болады ма, жоқ па, оған қарамастан, шарттық немесе басқа да заңды құқықтар нәтижесінде туындаса, сәйкестендірілетін болып табылады.
300. Материалдық активті тану кезінде субъект осы Стандарттың 27-тармағына сәйкес тану өлшемдерін пайдаланады. Тиісінше, субъект материалдық активті:
1) осы активке жататын күтілетін болашақ экономикалық пайда субъектіге түсуі ықтимал болса; және
2) активтің құны сенімді түрде өлшенуі мүмкін болғанда ғана актив ретінде тануға тиіс.
301. Субъект активті пайдалы қолдану мерзімі ішінде болатын экономикалық шарттар басшылығымен ең үздік есептеу бағасын білдіретін негізгі және қолайлы рұқсаттарды пайдалана отырып, күтілетін болашақ экономикалық пайданың ықтималдығын бағалауға тиіс.
302. Субъект сыртқы деректерге көбірек мән бере отырып, бастапқы тану күні қолда бар деректер негізінде активті пайдаланудан болатын болашақ экономикалық пайданың түсу айқындылығы дәрежесін белгілеу үшін субъективті бағалауды пайдаланады.
303. Осы Стандарттың 300-тармағындта ықтималдыққа негізделген тану өлшемдері әрқашан жеке сатып алынатын материалдық емес активтер үшін қанағаттанарлық болып табылады.
304. Бизнесті біріктіру кезінде сатып алынатын материалдық емес актив, әдетте, актив болып саналады, өйткені осы активтің әділ құны сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен өлшенетін болады. Солай бола тұра, бизнесті біріктіру кезінде сатып алынатын материалдық емес актив осындай актив заңдық немесе өзге де шарттық құқықтар нәтижесінде туындайтын жағдайларда танылмайтын болады әрі оның әділ құны сенімділіктің жеткілікті үлесімен өлшене алмайды, өйткені:
1) актив гудвилден бөліп алынатын болып табылмайды; не
2) актив бөліп алынатын болып табылады, бірақ бұл ретте жинақталған тәжірибе немесе дәл осындай немесе ұқсас активтер үшін алмасу операцияларының дәлелі болмайды, ал басқаша есептелетін есептік әділ құн өлшенбейтін ауыспалыларға тәуелді болар еді.

§ 128. Бастапқы өлшеу
305. Субъект материалдық емес активті оның өзіндік құны бойынша бастапқы тануды жүзеге асырады.

§ 129. Сатып алу

306. Жеке сатып алынған материалдық емес активтің өзіндік құны:
1) сатып алуға импорттық баждар мен қайтарылмайтын салықтарды қоса алғанда, оны сатып алу бағасын;
2) активті тағайындауы бойынша пайдалану үшін дайындауға жұмсалатын кез келген салыстырмалы шығындарды қамтиды.
307. Егер материалдық емес актив бизнесті біріктіру кезінде сатып алынатын болса, сатып алатын күнгі әділ бағасы осы материалдық емес активтің өзіндік құны болып табылады.
308. Мемлекеттік субсидиялар түрінде сатып алынатын материалдық емес активтерді есепке алу тәртібі осы Стандарттың 23-бөлімінде келтірілген.

§ 130. Активтермен алмасу
309. Материалдық емес активтер монетарлық емес активтерге немесе монетарлық және монетарлық емес активтердің компонентіне алмастыру жолымен сатып алынуы мүмкін. Осындай материалдық емес активтің өзіндік құнын субъект:
1) алмастыру операциясында коммерциялық мазмұн жеткіліксіз; немесе
2) алынған әрі берілген активтің әділ құны сенімді түрде өлшене алмайтын жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша өлшеуге тиіс.
310. Егер субъект алынған немесе берілген активтің әділ құнын дұрыс айқындай алатын болса, онда өзіндік құнын айқындау үшін алынған активтің әділ құны неғұрлым айқын болып табылатын жағдайларды қоспағанда, берілген активтің әділ құны пайдаланылады.
311. Егер субъект сатып алынатын активтің әділ құнын сенімді айқындай алмайтын болса, онда оның өзіндік құны ретінде активтің орнына берілетін баланстық құн пайдаланылады.

§ 131. Гудвилді қоспағанда, іштей құрылған
материалдық емес активтер
312. Іштей құрылған материалдық емес активті (гудвилді емес) құру зерттеулер кезеңі мен әзірлемелер кезеңін білдіреді. Зерттеулер мен әзірлемелер бойынша жұмыстар бойынша жұмыстар барысында шеккен шығындарды есепке алу үшін субъект шығындарды осы Стандарттың 313-тармағында ұсынылған кезеңнің шығыстарына жатқызу моделі мен осы Стандарттың 314-тармағында ұсынылған шығындарды капиталдандыру моделі арасында таңдай алады.

§ 132. Шығындарды шығыстарға жатқызу моделі
313. Субъект зерттеулер мен әзірлемелер барысында шеккен барлық шығындарды оларды шегу шамасына қарай кезеңнің шығыстары ретінде тануға тиіс.
314. Шығындарды капиталдандыру моделі шеңберінде зерттеулерге байланысты шеккен барлық шығындар оларды айқындау шамасына қарай кезеңнің шығыстары ретінде танылады. Әзірлемелерге байланысты шеккен шығындар да уақыт бойынша белгілі бір нүктеден кейін шеккен, әзірлемелерге жұмсалған шығындарды қоспағанда, шығыстар ретінде танылады, мұндай шығындар материалдық емес активтің өзіндік құны ретінде танылады. Өзінің есеп саясатында шығындарды капиталдандыру моделін таңдаған субъект 38 ХҚЕС (IAS) Материалдық емес активтер сәйкес есепке алуды және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырады.

§ 133. Шығыс ретінде тану

315. Субъект материалдық емес бапқа сәйкес шеккен шығындарды олар материалдық емес активтің өзіндік құнына енгізілетін шығындарды қоспағанда, осы Стандарттың 300-304-тармақтарындағы тану өлшемдеріне сәйкес келгенде таниды.
316. Мына төмендегі баптарды субъект шығыс ретінде тануға тиіс және мұндай шығындарды материалдық емес активтердің құрамына енгізбеуге тиіс:
1) Іштей құрылған брэндке, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізіміне және мәні бойынша осыған ұқсас баптарға жұмсалған шығындар;
2) осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес негізгі құралдар объектілерінің өзіндік құнына енгізілетіндерден басқа, қызметтің басталуына байланысты шығындар (яғни бастапқы ұйымдастыру шығындары).
Бастапқы шығындар заңды тұлғаны құру кезінде шеккен заңгерлер мен хатшылыққа жұмсалған шығындар, жаңа өндірістік қуаттар мен бизнес ашуға жұмсалған шығындар (яғни іске қосу алдындағы шығындар) немесе жаңа операциялық қызметті бастауға немесе жаңа өнімдер өндірісін немесе үдерістерді іске қосуға жұмсалған шығындар (яғни операция алдындағы шығындар) сияқты құрылтай шығыстарынан тұруы мүмкін;
3) персоналды оқытуға байланысты қызметке жұмсалған шығындар;
4) тауар жарнамасына және оны жылжыту жөніндегі қызметке жұмсалған шығындар; және
5) субъектінің бір бөлігін немесе бүкілін жылжытуға немесе қайта ұйымдастыруға жұмсалған шығындар.
317. Осы Стандарттың 316-тармағы тауарларды бергені немесе қызметтерді көрсеткені үшін ақы тауарларды бергенге немесе қызметтерді көрсеткенге дейін жүргізілген болса, актив ретінде алдын ала ақы төлеуді тану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
318. Бастапқыда шығыс ретінде танылған материалдық емес активтерге жұмсалған шығындар кейіннен материалдық активтің өзіндік құнының бір бөлігі ретінде танылмауы тиіс.
§ 135. Бастапқы танудан кейін өлшеу – есеп саясатын таңдау
319. Бастапқы танудан кейін материалдық емес активтердің барлық сыныптарының құнын субъект мынадай модельдердің бірінің көмегімен есепке алуға тиіс:
1) осы Стандарттың 320-тармағына сәйкес шығындарды капиталдандыру моделі бойынша; немесе
2) осы Стандарттың 321-тармағына сәйкес қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі бойынша.

§ 136. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделі
320. Субъект материалдық емес активтің құнын жинақталған амортизацияны және құнсызданудан жинақталған залалды шегере отырып, іс жүзіндегі құн бойынша есепке алады. Амортизацияға қатысты талаптар осы бөлімде қамтылған. Құнсызданудан болған залал тануға жататын жағдайлар осы Стандарттың 26-бөлімінде сипатталған.
§ 137. Қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі

321. Субъект ХҚЕС (ІАS) 38 Материалдық емес активтер сәйкес есепке алуды және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырады.

§ 138. Пайдалы түрде қолдану мерзімі
322. Субъект материалдық емес активтің пайдалы түрде қолдануға шектеулі немесе белгіленбеген мерзімі бар не жоқ екендігін бағалауға тиіс, егер шектеулі болса, онда өндірістің ұзақтығын немесе өнімнің санын немесе осы пайдалы түрде қолданудың мерзімінің ұзақтығын айқындайтын осы сияқты көрсеткіштерді бағалауға тиіс. Субъект барлық орынды факторларды талдау кезінде осы активпен субъект үшін ақша қаражатының таза ағындарын құру күтілетін кезеңнің белгілі аяқталуы болмаған кезде материалдық емес активті пайдалы түрде қолданудың белгіленбеген мерзімі бар ретінде қарауға тиіс.
323. Шарттық немесе заңдық құқықтардың нәтижесі болып табылатын материалдық емес активті пайдалы түрде қолдану мерзімі осы құқықтардың мерзімінен аспауға, бірақ субъект осы активті пайдалануды ұйғарып отырған кезеңге қарай қысқа болмауға тиіс. Егер шарттық немесе басқа да заңды құқықтар ұзартылуы мүмкін шектеулі уақыт кезеңіне берілетін болса, онда материалдық емес активті пайдалы түрде қолдану мерзімі субъектінің елеулі шығынсыз ұзарту мүмкіндігін растайтын деректердің болуы шартымен ұзарту кезеңін (кезеңдерін) қамтуға тиіс.
§ 139. Амортизациялау кезеңі және амортизациялауды есептеу әдісі

324. Шектеулі мерзімі бар материалдық емес активтердің амортизацияланатын құнын субъект оны пайдалы түрде қолдану мерзімі бойында жүйелі түрде бөлуге тиіс. Материалдық емес активті амортизациялау ол пайдалануға дайын болғанда, яғни актив субъектінің басшылығы жоспарлағандай, жұмыс істей алатындай қажетті орында және жай-күйде болған кезде басталуға тиіс. Амортизациялау мына күндерден бұрын: осы Стандарттың 626-628-тармақтарына сәйкес актив сатуға арналған ретінде жіктелетін (немесе сатуға арналған ретінде жіктелетін істен шығаруға арналған топқа енгізілетін) күнге және активті тану тоқтатылатын күнге тоқталуға тиіс. Субъект активтен болатын болашақ экономикалық пайданы субъектінің күтілетін тұтынуының сипатын көрсететін амортизациялау әдісін таңдап алуға тиіс. Егер субъект күтілетін тұтынудың сипатын сенімді анықтай алмайтын болса, субъект тік сызықты әдісті пайдалануға тиіс. Әрбір кезең үшін амортизациялық аударымдарды субъект осы Стандарт басқа активтің баланстық құнына оларды енгізуге рұқсат ететін немесе талап ететін жағдайлардан басқа, пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.
325. Пайдалы пайдалану мерзімі белгіленбеген материалдық емес актив амортизациялануға тиісті емес.
§ 140. Тарату құны
326. Субъект пайдалы түрде пайдаланудың белгіленген мерзімі бар материалдық емес активтегі тарату құны мына:
1) үшінші тараптың активті оны пайдалы түрде қолдану мерзімінің соңында сатып алу міндеттемесі болатын;
2) осы актив үшін белсенді нарық болатын және:
тарату құны осы нарықтың деректері негізінде айқындалуы мүмкін; және
осындай нарық активті пайдалы түрде қолдану мерзімінің соңында болуы ықтимал жағдайларды қоспағанда, нөлге тең болатынына жол берілетінін ескеруге тиіс.

§ 141. Амортизациялауды есептеу мерзімі мен әдісін қайта қарау
327. Пайдалы түрде, қолданудың белгіленген мерзімі бар материалдық емес актив үшін амортизациялауды есептеу мерзімі мен әдісі ең кемінде әрбір қаржы жылының соңында қайта қаралуға тиіс. Егер активті пайдалы түрде қолданудың күтілетін мерзімінің бұрынғы есептік бағалаудан айырмашылығы болса, тиісті түрде өзгертілуге тиіс. Егер активте жасалған болашақ экономикалық пайданы тұтынудың күтілетін сипатында өзгеріс болса, онда амортизациялауды есептеу әдісі өзгертілген сипатын көрсету үшін өзгертілуге тиіс. Осындай өзгерістерді субъект осы Стандарттың 10-бөліміне сәйкес есептік бағалаудағы өзгерістер ретінде ескеруге тиіс. Материалдық емес активтерді амортизациялау кезінде бірқалыпты есептеу әдісін, азайтушы қалдық әдісін және өндіріс бірлігі әдісін қолдануға рұқсат етіледі.

§ 142. Пайдалы түрде қолданудың белгіленбеген мерзімі бар материалдық емес активтер амортизацияланбайды

328. Активтің құнсыздануы болған не болмағанын анықтау үшін кәсіпорын осы Стандарттың 26-бөлімінің ережелерін қолданады. Бұл бөлім субъект қашан және қалайша барлық активтердің баланстық құнын қайта қарайтынын, ол активтің әділ құнын оны сатуға жұмсалған шығыстарды шегере отырып, қалай анықтайтынын және ол қашан танылатынын немесе құнсызданудан болатын залал қалай қалпына келтірілетінін түсіндіреді.

§ 143. Есептен шығару және істен шығу
329. Субъект материалдық активті тануды тоқтатуға тиіс және пайданың немесе залалдың құрамында пайда мен залалды мынадай жағдайларда тануға тиіс:
1) активтен істен шыққан кезде; немесе
2) осы активті пайдаланудан немесе оның істен шығуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда күтілмейтін кезде.
§ 144. Ақпаратты ашу

330. Субъект құрылған және басқа да материалдық емес активтерді қоса алғанда, материалдық емес активтердің әрбір сыныбы үшін мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) пайдалы түрде қолдану мерзімі шектеулі немесе белгіленбеген болып табылады ма және, егер олар шектеулі болса, онда пайдалы түрде қолданудың қандай мерзімі немесе амортизациялау нормасы қолданылады;
2) пайдалы түрде қолданудың шектеулі мерзімі бар материалдық емес активтер үшін қолданылатын амортизацияны есептеу әдістерін;
3) жалпы баланстық құнын және кезеңнің басында және соңында жинақталған бүкіл амортизацияны;
4) материалдық емес активтердің амортизациясы енгізілген пайда мен залал туралы бапты (баптарды);
5) түсімдердің істен шығуды, амортизациялық аударымдарды, құнсызданудан болатын залалды және басқа да өзгерістерді жеке көрсете отырып, кезеңнің басындағы және соңындағы баланстық құн арасындағы мұқият тексеруді.
Субъект сондай-ақ мыналарды ашуға тиіс:
1) пайдалы түрде қолданудың белгіленген мерзімі бар ретінде бағаланған материалдық емес активтің баланстық құнын және пайдалы түрде қолдану мерзімін белгіленбеген ретінде бағалауды негіздейтін есептерді. Осы себептерді ашу кезінде субъект активтің пайдалы түрде қолданудың белгіленбеген мерзімі бар екендігін анықтауды елеулі рөл атқарған факторды немесе факторларды сипаттауға тиіс;
2) субъектінің қаржылық есептілігі үшін айтарлықтай болып табылатын кез келген жеке материалдық емес активтің сипаттамасын, баланстық құнын және амортизациялаудың қалған мерзімін;
3) мемлекеттік субсидия түрінде сатып алынған және әділ құн бойынша бастапқы танылған материалдық емес активтер үшін:
осы активтер үшін бастапқыда танылған әділ құнды;
олардың баланстық құнын;
танудан кейін олардың қалай өлшенгенін: іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделі бойынша немесе қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі бойынша;
4) оларға меншік құқығы шектелген материалдық емес активтердің болуы мен баланстық құнын және міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін кепілге берілген материалдық емес активтердің баланстық құнын;
5) материалдық емес активтерді сатып алу жөніндегі шарттық міндеттемелердің сомасын.
331. Субъект кезең ішінде шығыс ретінде танылған зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындардың жиынтық сомасын ашуға тиіс.

18. Бизнесті біріктіру және гудвилл

§ 145. Бизнесті біріктіру
332. Бизнесті біріктіру – жекелеген ұйымдар немесе бизнестің түрін бір есеп беретін ұйымға біріктіру. Дерлік барлық біріктірудің нәтижесі бір ұйым (сатыпа алушы) бір немесе бірнеше бизнес түріне (сатып алынатын ұйымдарға) бақылау алатыны болып табылады. Сатып алушы сатып алынатын ұйымға іс жүзінде бақылауды алатын күн сатып алу күні болып табылады.
333. Құрылымдық жағынан бизнесті біріктіру заңдық, салықтық немесе басқа да себептермен әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл бір ұйымның басқа ұйым капиталын сатып алуы, басқа ұйымның барлық таза активтерін сатып алу, өзіне басқа ұйымның міндеттемелерін алуы немесе бір немесе бірнеше бизнесті құратын басқа ұйымның таза активтерінің бір бөлігін сатып алуы мүмкін.
334. Бизнесті біріктіру үлестік құралдарды шығару, ақша қаражатын, ақша қаражатының баламасын немесе басқа активтерді немесе олардың компоненттерін аудару арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Операцияны біріктірілетін ұйымдардың акционерлері арасында немесе бір ұйым мен басқа ұйымның акционерлері арасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл біріктірілетін ұйымдарды немесе таза берілген активтерді бақылау үшін жаңа ұйымды құру немесе бір немесе бірнеше біріктірілетін ұйымды қайта ұйымдастыру болуы мүмкін.
335. Осы бөлімде ұйымды немесе бірлескен бақылаудағы ұйымдарды біріктіруді қоспағанда, бизнесті біріктірудің барлық түрлерін есепке алу тәртібі көрсетіледі. Бірлескен бақылау біріктірілетін барлық ұйымдарды, сайып келгенде, біріктіруге дейінгі және одан кейінгі кездегідей дәл сол тарап немесе тараптар бақылайтынын және осы бақылау уақытша болып табылмайтынын білдіреді.

§ 146. Біріктіруді есепке алу
336. Барлық бизнес бірлестіктері сатып алу әдісін қолдана отырып, ескерілуге тиіс.
337. Сатып алу әдісін қолдану мынадай сатыларды қамтиды:
1) сатып алушыны анықтау;
2) бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарды өлшеу; және
3) бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарды сатып алынған активтер мен қабылданған міндеттемелер және шарттық міндеттемелер арасында сатып алу күніне бөлу.
338. Бизнесті біріктірудің барлық жағдайларында сатып алушыны анықтау қажет. Сатып алушы – басқа біріктірілетін ұйымдарға немесе бизнестерге бақылауды сатып алатын біріктірілетін ұйым.
339. Кейде сатып алушыны белгілеу қиын болатынына қарамастан, әдетте оның бар екендігі белгісі болады. Мысалы:
1) егер біріктірілетін ұйымдардың біреуінің әділ құны басқа біріктірілетін ұйымның әділ құнынан едәуір әділ болса, онда көбірек әділ құны бар ұйым сатып алушы болып табылуы ықтимал;
2) бизнесті біріктіру қарапайым, дауыс беру құқығы бар үлестік құралдарды ақша қаражатына немесе басқа да активтерге алмастыру жолымен жүзеге асырылатын болса, онда ақша қаражатын немесе басқа активтерді беретін ұйым сатып алушы болып табылуы ықтимал; және
3) егер бизнесті біріктіру біріктірілетін ұйымдардың біреуінің басшылығы біріктіру нәтижесінде туындайтын ұйымның басшы кадрларын таңдап алу кезінде үстемдік көрсету мүмкіндігіне алып келсе, басшылығы осылайша үстемдік көрсете алатын ұйым сатып алушы болып табылады.
340. Сатып алушы бизнесті біріктіруді мынадай шамалардың жиынтық мәні бойынша ескереді:
1) сатып алушы берген активтердің әділ құны (алмасатын күнгі), сатып алушы өзіне қабылдаған міндеттемелер және сатып алушы сатып алынатын ұйымға бақылау жасауға шығарған үлестік құралдар; қосу
2) осы бизнесті біріктіруге тікелей жатқызылатын барлық шығынның сомасы.
341. Егер бизнесті біріктіру туралы шарт болашақ оқиғаларға негізделген біріктіруге жұмсалатын шығындарды түзетуді көздейтін болса, егер түзету мүмкін болып, оның шамасы сенімді түрде өлшенетін болса, онда түзету сомасын сатып алушы сатып алатын күнгі осы біріктіруге жұмсалатын іс жүзіндегі шығындарға қосуға тиіс.
342. Алайда егер осындай ықтимал түзету сатып алу сәтінде танылмайтын болып, бірақ кейіннен ол ықтимал, ал оның шамасы сенімді түрде өлшенетін болса, онда қосымша өтеу осы біріктіруге жұмсалатын шығындарға түзету ретінде ескерілетін болады.

§ 147. Бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарды бөлу
343. Сатып алушы сатып алатын күні бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарды сәйкестендірілетін активтерді, міндеттемелерді және осы Стандарттың 348-тармағына сәйкес тану өлшемдерін қанағаттандыратын сатып алынатын ұйымның шартты міндеттемелерін тану жолымен сату үшін ұсталатын ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерді қоспағанда, осы күнгі олардың әділ құны бойынша бөлуге тиіс, мұндай активтер мен істен шығаруға арналған топтар сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып, олардың әділ құны бойынша ескерілуге тиіс. Бизнесті біріктіру құны мен сатып алушының меншік үлестері арасындағы айырма танылған сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің таза әділ құнында осы Стандарттың 350-352-тармақтарына сәйкес ескерілуге тиіс.
344. Сатып алушы сатып алатын күні мынадай өлшемдерге сәйкес келетін тек жеке сәйкестендірілетін активтерді, міндеттемелерді және шартты міндеттемелерді ғана тануға тиіс:
1) актив үшін (материалдық активтерден басқа) – егер болашақ экономикалық пайданың сатып алушы ұйымға (сатып алушы) ағыны ықтимал болып, ал осындай ағынның әділ құны сенімді түрде өлшенетін болса;
2) міндеттеме үшін (шартты міндеттемелерден басқа) – міндеттемелерді жабуға арналған ресурстардың жылыстауы ықтимал болып, ал осындай жылыстаудың әділ құны сенімді түрде өлшенетін болса;
3) материалдық емес актив немесе шартты міндеттеме үшін – егер олардың әділ құны әділ түрде өлшенетін болса.
345. Сатып алушының пайдасы мен залалы туралы есеп сатып алынатын күннен кейін сатып алушы үшін бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарға негізделген сатып алынатын ұйымның пайдасы мен залалын қамтуға тиіс. Мысалы, сатып алатын күннен кейін сатып алушының пайдасы мен залалы туралы есепке енгізілген, сатып алынатын ұйымның амортизацияланатын активтеріне жататын амортизациялық шығыстар сатып алатын күнгі осындай амортизацияланатын активтердің әділ құнына, яғни олардың сатып алушыға арналған құнына негізделуге тиіс.
346. Сатып алу әдісін қолдану сатып алушы іс жүзінде сатып алынатын ұйымға бақылау жасайтын күн болып табылатын сатып алатын күннен басталады. Сатып алушы бақылауды алғанға дейін заңға сәйкес операцияны жабудың немесе аяқтаудың қажеті жоқ, себебі бақылау – олардың қызметінен пайда алу үшін ұйымның немесе бизнестің қаржылық және операциялық саясатын басқару құқығы. Бизнесті біріктірумен қоса жүретін барлық орынды фактілер мен жағдайлар сатып алушының бақылауды қашан алғанын бағалау кезінде назарға алынуға тиіс.
347. Осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның сатып алатын күні қолда бар және осы Стандарттың 344-тармағындағы тану өлшемдеріне жауап беретін сәйкестендірілетін активтерін, міндеттемелері мен шартты міндеттемелерін ғана жеке таниды. Сондықтан:
1) сатып алушы біріктіруге жұмсалатын шығындарды бөлу кезінде сатып алынатын ұйымның қызметін тоқтату немесе қысқарту жөніндегі міндеттемелерді сатып алынатын ұйымның сатып алатын күні осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес танылған қайта құрылымдау жөніндегі қолданыстағы міндеттемесі болған кезде ғана тануға тиіс; және
2) сатып алушы бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындарды бөлу кезінде осы біріктіру нәтижесінде, күтіліп отырғандай, шегуі мүмкін болашақ залал немесе өзге де шығыстар бойынша міндеттемелерді тануға тиіс емес.

§ 148. Шартты міндеттемелер
348. Сатып алушы осындай міндеттеменің әділ құны сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда ғана сатып алынатын ұйымның шартты міндеттемесін жеке танитыны көрсетілген. Егер осындай міндеттеменің әділ құны сенімді түрде өлшене алмайтын болса:
1) оның бар-жоғы танылған гудвилдің сомасында немесе осы Стандарттың 352-тармағына сәйкес ескерілген айырманың сомасында көрсетіледі; және
2) ұйым (сатып алушы) осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес шартты міндеттеме туралы ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс.
349. Бастапқы танудан кейін сатып алушы осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді мынадай:
1) осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес танылуы мүмкін соманың; және
2) осы Стандарттың 22-бөліміне сәйкес танылған жинақталған амортизацияны шегере отырып, бұл орынды болған кезде, бастапқы танылған соманың ең көбі бойынша өлшеуге тиіс.
§ 149. Гудвилл
350. Сатып алушы сатып алатын күні:
1) бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді актив ретінде тануы; және
2) осы гудвилді бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындардың
осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес танылған сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінен асып түсуі болып табылатын оның өзіндік құны бойынша бастапқы өлшеуі керек.
351. Бастапқы танығаннан кейін сатып алушы бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді құнсызданудан жинақталған залалды шегере отырып, оның өзіндік құны бойынша өлшеуі керек. Осы Стандарттың 26-бөлімінде гудвилдің құнсыздануынан болатын залалды тану және өлшеу қағидаттары көрсетіледі.
352. Егер осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес танылған сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесі бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындардан асып түсетін болса (кейде мұндай құбылыс теріс гудвилл деп аталады), онда сатып алушы:
1) сатып алынатын ұйымның сәйкестендірілетін активтерін, міндеттері мен шартты міндеттемелерін сәйкестендіру мен өлшеуді және осы біріктіруге жұмсалатын шығындарды өлшеуді қайта бағалауға ұшыратуы; және
2) пайданың немесе залалдың құрамында осы қайта бағалаудан кейін қалған кез келген асып түсуді дереу тануы керек.

§ 150. Ақпаратты ашу
353. Кезеңнің барысында болған бизнесті әрбір біріктіру (немесе бизнес бірлестіктерінің жеке түрде болмайтын топтары) үшін ұйым мынадай ақпаратты ашады:
1) біріктірілетін ұйымдардың атау мен сипаттамасын немесе бизнес түрлерін;
2) сатып алатын күнді;
3) сатып алынған дауыс беретін үлестік құралдарды;
4) біріктіруге жұмсалатын шығындарды және біріктіруге тікелей жатқызылатын кез келген шығындарды қоса алғанда, осы шығындар компоненттерінің сипаттамасын. Егер үлестік құралдар шығарылатын болса немесе олар шығындардың бір бөлігі ретінде шығаруға жататын болса, онда сондай-ақ мынадай ақпарат ашылуға тиіс:
шығарылған немесе шығарылатын үлестік құралдардың саны;
осы құралдардың әділ құны және оны анықтау базасы.
5) ұйымның шешімі бойынша біріктіру нәтижесінде істен шығарылуға тиіс кез келген операциялардың детальдарын;
6) сатып алынатын ұйымның гудвилін қоса алғанда, активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің әрбір сыныбы үшін сатып алатын күні танылған сомасын;
7) осы Стандарттың 352-тармағына сәйкес пайдада немесе залалда танылған кез келген асып түсудің сомасы және осы асып түсу танылған пайда мен залал туралы есептің бабын;
8) гудвилді тануға алып келетін шығындардың туындауына ықпал ететін факторлардың сипаттамасын – гудвилден бөлек танылмаған әрбір материалдық емес активтің сипаттамасын және материалдық емес активтің әділ құны неге сенімді түрде өлшене алмайтынына түсіндіруді немесе осы Стандарттың 352-тармағына сәйкес пайдада немесе залалда танылған асып түсу табиғатының сипаттамасын;
9) осындай ашу іс жүзінде мүмкін емес болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алушының пайдасына немесе залалына енгізілген сатып алатын күннен бастап сатып алынатын ұйымның пайдасының немесе залалының сомасын. Егер мұндай ашуды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес болса, онда бұл факт себебін түсіндіре отырып ашылады.
354. Есепті кезең аяқталғаннан кейін, бірақ қаржылық есептерді шығаруға бекітуге дейін болған бизнесті біріктіру үшін сатып алушы ұйым іс жүзінде жүзеге асырыла алмайтын болып табылатын алушыларды қоспағанда, осы Стандарттың 353-тармағында көзделген ашуды жүргізуге тиіс. Егер санамаланған ақпараттың қандай да бірін ашуды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес болса, онда осы факт себебін түсіндірумен бірге ашылуға тиіс.
355. Ұйым жаңа бизнес бірлестіктеріне, құнсызданудан болған залалға, бұрын сатып алынған бизнестердің істен шығуына және өзге де өзгерістерге байланысты болған өзгерістерді жеке көрсете отырып, кезеңнің басы мен соңындағы гудвилдің баланстық құнына мұқият тексеру жүргізуге тиіс. Ұйым (сатып алушы), сондай-ақ кезеңнің соңындағы жалпы соманы және құнсызданудан жинақталған залалды көрсетуге тиіс.

19. Жалға алу

§ 151. Қолдану
356. Осы бөлім мыналарды қоспағанда, жалға алудың барлық түрін есепке алу үшін қолданылады:
1) пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газды және осындай қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстарды барлауға немесе пайдалануға жалға алуды;
2) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер және авторлық құқықтар сияқты объектілерге лицензиялық келісімдерді;
3) жалға алушы пайдаланатын, жылжымайтын мүлікке салынатын инвестициялар ретінде ескерілетін жылжымайтын мүлікті;
4) жалға беруші операциялық жалдауға берген жылжымайтын мүлікке инвестицияларды; және
5) жалға берушіде не жалға алушыда жалға алынатын активтің бағасын өзгертуге жатпайтын шарттық талаптарды орындау нәтижесінде залалдың туындауына, валютаның айырбас бағамының өзгеруіне немесе тараптардың біреуінің міндеттемелерді орындамауына әкеп соқтыруы мүмкін жалға алуды.
357. Осы бөлім, егер осындай активтерді пайдалануға немесе оларға қызмет көрсетуге байланысты жалға берушінің қызметтердің едәуір көлемін орындауы талап етілуі мүмкін болса да активтерді пайдалануға құқығын беру жүргізілетін шарттарға қолданылады. Осы бөлім оларға сәйкес активтерді бір тараптан екінші тарапқа пайдалану құқығына беру жүргізілмейтін қызметтер көрсетуге арналған шарттар болып табылатын келісімжерге қолданылмайды.

§ 152. Жалға алуды жіктеу
358. Егер оның шеңберінде меншік құқығына тән іс жүзінде барлық тәуекелдер мен пайдаларды беру жүргізілетін болса, жалға алу қаржылық ретінде жіктеледі. Егер оның шеңберінде меншік құқығына тән іс жүзінде барлық тәуекелдер мен пайдаларды беру жүргізілмейтін болса, жалға алу операциялық ретінде жіктеледі.
359. Жалға алуды қаржылық және операциялық ретінде жіктеу шарттың нысанына емес, операцияның мазмұнына байланысты. Төменде жеке алғанда немесе бірге алғанда әдетте жалға алуды қаржылық ретінде жіктеуге алып келетін ахуалдар мысалға келтірілген:
1) жалға алу мерзімінің соңында активке меншік құқығы жалға алушыға беріледі;
2) жалға алушының жалға алынатын активті осы құқық пайдаланылуы мүмкін күнге әділ құннан, күтіліп отырғандай, едәуір төмен болатын баға бойынша сатып алуға құқығы бар және жалға алудың бастапқы күні осы құқықтың пайдаланылатынына негізді сенімділік болады;
3) егер меншік құқығы берілмейтін болса да, жалға алу мерзімі активтің экономикалық қызметі мерзімінің едәуір бөлігін құрайды;
4) жалға алудың бастапқы күні ең төмен жалға алу төлемдерінің төменде келтірілген құны жалға алынатын активтің әділ құнына жақын;
5) жалға алынатын активтердің мамандандырылған сипаты болатыны сондай, жалға алушы ғана оларды елеулі түрде түрлендірусіз пайдалана алады.
360. Төменде олардың бар болуы жеке алғанда немесе бірге алғанда да жалға алудың қаржылық ретінде жіктелетіндігіне алып келетін белгілер келтірілген:
1) жалға алушы жалға алуды мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде жалға берушінің осындай мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты барлық залалды жалға алушы көтереді;
2) активтің тарату құнының ауытқуынан болатын өзге де кірістерді немесе залалды жалға алу мерзімінің соңында жалға алушы алады (мысалы, жалға алу мерзімінің соңындағы сатудан түскен түсімдердің басым бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында);
3) жалға алушы жалға алу мерзімін ұзарта алады, оның үстіне жалдау ақысы нарықтықтан едәуір төмен.
361. Осы Стандарттың 359 және 360-тармақтарында санамаланған мысалдар мен белгілер толымды болып табылады. Егер қандай да бір басқа белгілері бойынша жалға алу шеңберінде іс жүзінде меншік құқығына тән барлық тәуекелдер мен пайданы беру жүргізілмей отырғаны түсінікті болса, онда жалға алу операциялық ретінде жіктеледі. Мысалы, егер активке меншік құқығы оның әділ құнына тең тіркелген ақы үшін жалға алу мерзімінің соңында көшірілетін болса, немесе егер іс жүзінде активке иелік етуге байланысты барлық тәуекелдер мен пайданың жалға алушыға өтуін мүмкін емес ететін шартты жалдау ақысы бар болса, осындай ахуал туындауы мүмкін.
362. Жалға алуды жіктеу жалға алудың бастапқы күні жүргізіледі және жалға алушы мен жалға беруші жалдау шартын өзгертуге келісетін жағдайлардан басқа (оны қарапайым ұзартуды қоспағанда), жалға алу мерзімі ішінде өзгертілмейді; мұндай жағдайда жалға алуды жіктеу қайта қарауға ұшырауға тиіс.

§ 153. Қаржылық жалға алу –
жалға алушылардың қаржылық есептері

363. Жалға алудың әрекет етуінің басында жалға алушылар қаржылық жалға алу бойынша туындайтын құқықтар мен міндеттерді жалға алудың бастапқы күніне айқындалатын жалға алынатын мүліктің әділ құнына тең сомада баланста активтер мен міндеттемелер ретінде тануға тиіс. Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығындары (тікелей жалға алу шартын талқылау және жасасу үдерісіне жататын қосымша шығындар) актив ретінде танылған сомаға қосылады.
364. Жалға алушы ең төмен жалға аду төлемдерін қаржылық шығыстарға және жинақталған міндеттемені азайту сомасына бөлуді жүргізуге тиіс. Қаржылық шығыстарды жалға алушы міндеттеменің қалдығына пайыз ставкасы кезеңнен кезеңге өзгеріссіз болатындай түрде жалға алудың әрбір кезеңіне жатқызуға тиіс. Жалға алушы шартты жалға алу төлемдерін олардың туындау кезеңдеріндегі шығыстарға жатқызуға тиіс.
365. Жалға алу мерзімі ішінде қаржылық есептерді кезеңдерге жатқызу үшін жалға алушы есептеулерді оңайлату үшін жақындатудың сол немесе өзге нысанын пайдалана алады.
366. Жалға алушы қаржылық жалға алу шарты бойынша ұсталатын активті осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес амортизациялауға тиіс. Егер жалға алу мерзімінің соңына қарай жалға алушы меншік құқығын алады деген негізгі сенімділік жоқ болса, онда актив мынадай ең аз мерзімнің: жалға алу мерзімі және пайдалы түрде қолдану мерзімі ішінде толығымен амортизациялануға тиіс.
367. Жалға алушылар қаржылық жалға алу бойынша мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша активтердің әрбір түрі бойынша таза баланстық құнды;
2) әрбір болашақ есепті кезеңнің соңында болашақ ең төмен жалға алу төлемдерінің жалпы сомасын;
3) шығыс ретінде танылған шартты жалға алу төлемдерін;
4) қосалқы жалға алу бойынша болашақ ең аз төлемдердің жалпы сомасын, олар, күтіліп отырғандай, мерзімінен тоқтату құқығынсыз қосалқы жалға алу шарты бойынша есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша алынады;
5) мынадай ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектеліп қоймай, жалға алушымен жасалған жалға алу шарттарының жалпы сипаттамасын:
төлеуге жататын шартты жалдау ақысының мөлшерін анықтау үшін пайдаланылатын негізді;
жалға алу немесе актив сатып алу шартының және сырғымалы баға туралы ескертпелердің бар-жоғын және оны жаңарту мүмкіндіктерінің шарттарын;
дивидендтерге, қосымша қарыздарға және одан әрі жалға алуға қатысты жалға алу шарттарында белгіленген шектеулерді;

§ 154. Қаржылық жалға алу –
жалға берушілердің қаржылық есептері
368. Қаржылық жалға алу жөніндегі жалға беруші бухгалтерлік есепті жүргізуді қаржылық есептілік жасауды ХҚЕС (ІАS) 17 Жалға алу сәйкес жүзеге асырады.

§ 155. Операциялық жалға алу –
жалға берушілердің қаржылық есептері
369. Жалға алушы өзге жүйелі негіз пайдаланушының пайда алуының уақытша кестесін үздік ұсынуды қамтамасыз ететін жағдайларды қоспағанда, төлемдер өзге негізде жүргізілетін болса да, жалға алу төлемдерін (сақтандыру және қызмет көрсету сияқты қызметтерге жұмсалатын шығындарды қоспағанда) тікелей желілік негізде шығыстар ретінде тануға тиіс.
370. Жалға алушылар операциялық жалға алу бойынша мынадай ақпаратты ашады:
1) әрбір болашақ кезең үшін мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз операциялық жалға алу шарттары бойынша болашақ ең төмен жалға алу төлемдерінің жалпы сомасын;
2) қосалқы жалға алу бойынша болашақ ең аз төлемдердің жалпы сомасын, олар, күтіліп отырғандай, мерзімінен тоқтату құқығынсыз қосалқы жалға алу шарты бойынша есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша алынады;
3) ең төмен және шартты жалға алу төлемдерінің және қосалқы жалға алу жөніндегі төлемдердің сомасын жеке ұсына отырып, шығыстар ретінде танылған жалға алу және қосалқы жалға алу төлемдерін;
4) мынадай ақпаратты қоса алғанда, бірақ онымен шектеліп қоймай, жалға алушымен жасалған едәуір жалға алу шарттарының жалпы сипаттамасын:
төлеуге жататын шартты жалдау ақысының мөлшерін анықтау үшін пайдаланылатын негізді;
жалға алу немесе актив сатып алу шартының және сырғымалы баға туралы ескертпелердің бар-жоғын және оны жаңарту мүмкіндіктерінің шарттарын;
дивидендтерге, қосымша қарыздарға және одан әрі жалға алуға қатысты жалға алу шарттарында белгіленген шектеулерді.

§ 156. Операциялық жалға алу –
жалға берушілердің қаржылық есептері
371. Жалға беруші осындай активтердің сипатына сәйкес операциялық жалға алуға берілген активтерді баланста ұсынады.
372. Жалға беруші операциялық жалға алудан түсетін жалдау кірісін өзге жүйелік негіз жалға берілген активтен пайданың түсуін азайтудың уақытша кестесін үздік ұсынуды қамтамасыз ететін жағдайды қоспағанда, жалға алу мерзімінің ішінде тікелей желілік негізде пайданың немесе залалдың құрамында таниды.
373. Жалға беруші шығындарды, оның ішінде жалдаудан кіріс алу кезінде шығыстар ретінде шеккен амортизацияны тануға тиіс. Жалға беруші жалдаудан түсетін кірісті (сақтандыру және қызмет көрсету сияқты қызметтерді көрсеткені үшін түсімдерді қоспағанда), егер төлемдер басқа негізде түсетін болса да, өзге жүйелік негіз жалға берілген активтен пайда алуды азайтудың уақытша кестесін үздік ұсынуды қамтамасыз ететін жағдайды қоспағанда, жалға алу мерзімі ішінде тікелей желілік негізде таниды.
374. Операциялық жалға алу жөнінде келіссөздер жүргізу және шарттар жасасу кезінде шеккен барлық бастапқы тікелей шығындарды жалға беруші жалға берілген активтің баланстық құнына қосылады және жалдаудан түсетін кіріс сияқты дәл сол негізде жалға алу мерзімі ішінде шығыс ретінде танылады.
375. Жалға берілген, амортизацияланатын активтер бойынша амортизациялауды есептеу саясаты ұқсас активтер үшін жалға берушінің қалыпты амортизациялау саясатына сәйкес келуге тиіс, ал амортизация осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес есептеледі.
376. Жалға алынатын активтің құнсыздануы болған не болмағанын анықтау үшін жалға беруші осы Стандарттың 26-бөлімін қолданады.
377. Жалға беруші ретінде әрекет ететін өндірушілер немесе дилерлер операциялық жалға алу шартын жасасу кезінде сатудан түсетін пайданы танымайды, өйткені ол сатуға баламалы емес.
378. Жалға берушілер операциялық жалға алу жөніндегі мынадай ақпаратты ашады:
1) жиынтығында, сондай-ақ әрбір болашақ кезең үшін жеке алғанда, мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз операциялық жалға алу шарттары бойынша болашақ ең төмен жалға алу төлемдерін;
2) кіріс ретінде танылған шарты жалға алу төлемдерінің жалпы сомасын; және
3) жалға алушымен жасалған жалға алу шарттарының жалпы сипаттамасын.

§ 157. Кері жалға алумен сату операциялары

379. Кері жалға алумен сату операциясы активті кейіннен кері жалға ала отырып, сатуды білдіреді. Жалға алу төлемдері мен сату бағасы әдетте өзара байланысты, өйткені олар кешенді түрде талқыланады. Кері жалға алумен сату операцияларын есепке алу тәртібі жалға алу типіне байланысты.

§ 158. Қаржылық жалға алуға әкелетін
кері жалға алумен сату операциясы
380. Егер кері жалға берумен сату операциясы қаржылық жалға алуға алып келсе, онда сатудан түсетін кірістің баланстық құннан асып түсуін жалға алушы-сатушы тез арада кіріс ретінде танылады. Оның орнына жалға алушы-сатушы осындай асып түсуді кейінге қалдыруға және оны жалға алу мерзімі ішінде амортизациялауға тиіс.

§ 159. Операциялық жалға алуға әкелетін
кері жалға алумен сату операциясы
381. Егер кері жалға берумен сату операциясы операциялық жалға алуға алып келсе және операцияның әділ құн бойынша жүзеге асырылғаны анық болса, онда кез келген туындаған пайданы немесе залалды жалға алушы-сатушы тез арада танылады. Залал болашақ жалға алу төлемдері нарықтық бағадан төмен баға бойынша өтелетін жағдайды қоспағанда, егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез келген туындайтын пайданы немесе залалды жалға алушы-сатушы тезарада тануға тиіс. Осындай жағдайда жалға алушы-сатушы осындай залалды кейінге қалдыруға және оны активті пайдаланудың болжанатын кезеңі ішінде жалға алу төлемдерінің мөлшеріне теңбе-тең амортизациялауға тиіс. Егер сату бағасы әділ құннан жоғары болса, онда жалға алушы-сатушы әділ құннан асып түсуді кейінге қалдыруға және оны активті пайдаланудың болжанатын кезеңі ішінде амортизациялауға тиіс.

§ 160. Ақпаратты ашу
382. Жалға алушылар мен жалға берушілердің ақпаратты ашуына және кері жалға алумен сату операцияларына қойылатын талаптар тең дәрежеде қолданылады. Жалға алудың елеулі шарттарын талап етілетін сипаттама шарттың ерекше немесе өзгеше ережелерін немесе кері жалға алумен сату шарттарын ашуды қамтиды.

20. Бағалау міндеттемелері мен шартты міндеттемелер

§ 161. Қолдану
383. Бағалау міндеттемесі көлемі бойынша белгісіз не белгіленбеген орындалу мерзімі бар міндеттемені білдіреді.
384. Осы бөлімде айтылған талаптар осы Стандарттың басқа бөлімдерінде қаралатын бағалау резервтеріне қолданылмайды, мынаны қамтиды:
1) жалға алуды;
2) құрылысқа арналған шарттарды;
3) жұмыскерлерге сыйақы беру жөніндегі міндеттемелер; және
4) пайдаға салынатын салық.
385. Кейде бағалау міндеттемелері термині амортизация, активтердің құнсыздануы және күмәнді борыштар сияқты баптар контексінде пайдаланылады. Мұндай баптар міндеттемелерді тану емес активтердің баланстық құнын түзету болып табылады, сондықтан да осы бөлімде қаралмайды.

§ 162. Бастапқы тану
386. Субъект бағалау міндеттемелерін:
1) субъектіде өткен оқиғаның нәтижесінде әрекет ететін міндеттеме болғанда; және
2) міндеттемені жабу үшін экономикалық пайданы беру талап етілуі мүмкін болса; және
3) міндеттеме сомасы сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда ғана тануға тиіс.
387. Сирек жағдайда әрекет ететін міндеттеменің бар-жоғы түсініксіз болады. Мұндай жағдайда, егер есепті күні барлық бар куәліктерді ескере отырып, әрекет ететін міндеттеме бар болса, өткен оқиға әрекет ететін міндеттеменің туындауына алып келуші болып саналады.
388. Субъект бағалау міндеттемесін баланстағы міндеттеме ретінде тануға, егер:
1) ол қорлардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі болып табылмаса, немесе
2) негізгі құралдардың өзіндік құнында танылмаса, сондай-ақ шығысты пайданың немесе залалдың құрамында бағалау міндеттемесінің мөлшеріне тең сомаға тануға тиіс.
389. Осы Стандарттың 386-тармағының 1) тармақшасындағы шарт субъектіде міндеттемені жабудан басқа нақты баламаның жоқ екендігін білдіреді. Мұндай міндеттеме міндеттемені жабу заңнамаға сәйкес талап етілуі мүмкін жағдайда немесе субъектіде басқа тараптарда субъект өзінің міндеттемелерін орындайтынына негізді күтулерді құраған оқиғаның нәтижесінде туындаған практикадан туындайтын міндеттеме болған жағдайда туындауы мүмкін. Субъектіде болашақ іс-қимылдардың (яғни болашақ экономикалық қызметтің) нәтижесінде туындайтын міндеттемелер олардың туындауы қаншалықты ықтимал екендігіне қарамастан, және егер олар тіпті шарттық міндеттемелер болып табылған жағдайда да осы Стандарттың 386-тармағының 1) тармақшасындағы шартты қанағаттандырмайды. Мысалы, нарық конъюнктурасының қысымымен немесе заңнамалық талаптарға байланысты субъект болашақ белгілі бір тәртіппен қызмет жүргізу (мысалы, белгілі бір типті зауытта түтін сүзгілерін орнату) үшін шығындар көтеруді ниет етуі немесе оған талап етілуі мүмкін. Субъект өзінің болашақ іс-қимылдарымен болашақ шығындардың алдын ала алатындықтан, мысалы, операцияны жүргізу әдісін өзгерте отырып, оның осы болашақ шығындар бойынша әрекет ететін міндеттемесі болмайды әрі ешқандай бағалау резервтері танылмайды.

§ 163. Бастапқы өлшеу
390. Субъект есепті күнге міндеттемені жабу үшін қажетті соманы ең үздік есептік бағалау негізінде бағалау міндеттемелерін өлшейді.
1) Өлшенетін бағалау міндеттемелері баптардың ірі жиынтығын қамтитын жерде есептік бағалау тиісті ықтималдықтарды ескере отырып, ықтимал нәтижелердің барлық салмақтап көру жолымен жүргізіледі.
2) Бағалау міндеттемесі жалғыз міндеттеме бойынша туындағанда, жеке, неғұрлым ықтимал нәтиже міндеттеменің ең үздік есептік бағалауы болуы мүмкін. Алайда осындай жағдайдың өзінде субъект басқа да ықтимал нәтижелерді қарастырады. Басқа ықтимал нәтижелер негізінен неғұрлым ықтимал нәтижеден жоғары немесе төмен болса, онда ең үздік есептік бағалау неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен шамада болады.
Ақшаның уақытша құнының әсері елеулі болған кезде бағалау міндеттемелерінің сомасы соманың келтірілген құнын білдіруге тиіс, ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етіледі. Дисконттау ставкасы (немесе ставкалары) ақшаның уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағалауын көрсететін салыққа дейінгі ставка (немесе ставкалар) болуға тиіс. Міндеттеменің өзіне тән тәуекелдер дисконттау ставкасында не міндеттемені жабу үшін қажетті сомада, бірақ осы көрсеткіштің екеуінде де емес, көрсетілуге тиіс.
391. Бағалау міндеттемелерін жабу үшін қажетті шығындардың бір бөлігін немесе барлығын басқа тарап өтейді деп күтілетін кезде (мысалы, сақтандыру талабы бойынша) міндеттемені жапқан субъектінің өтемақы алуы шартымен субъект өтемді жеке актив ретінде таниды. Алуға жататын өтемақы баланста актив ретінде ұсынылуға тиіс және әрекет ететін бағалау міндеттемесінің орнына қарсы есептелмейді. Пайда мен залал туралы есептерде субъект тиісті бағалау міндеттемесіне жататын шығыстардың орнына басқа тараптан алынған өтемді есептей алады. Субъект бағалау резервтерін өлшеу кезінде активтердің күтілетін істен шығуынан түсетін басқа да кірістерді алып тастауға тиіс.

§ 164. Кейіннен өлшеу
392. Субъект шығындардың тек олар бастапқыда танылған бағалау міндеттемелерінің орнына ғана есептен шығарады.
393. Субъект әрбір есепті күнге бағалау міндеттемелерін қайта қарауға және қаралып отырған есепті күнгі жағдай бойынша ағымдағы міндеттемені жабу үшін қажетті соманың ең үздік есептік бағалауын көрсету үшін оларды түзетуді жүргізген жөн. Бұрын танылған соманы кез келген түзету бағалау міндеттемелері бастапқы қорлардың немесе негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілетін шығындардың бір бөлігі ретінде танылған жағдайларды қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс. Егер бағалау міндеттемелері ол, күтіліп отырғандай, міндеттемені жабу үшін талап етілетін келтірілген соманың құны негізінде өлшенетін болса, онда дисконттауды реверсиялау қарыздар бойынша шығындар ретінде көрсетілуге тиіс.

§ 165. Шартты міндеттемелер
394. Субъект бизнесті біріктіру кезінде алатын шартты міндеттемелерді тану жағдайларынан басқа, субъект шартты міндеттемені міндеттеме ретінде тануға тиіс емес.

§ 166. Шартты активтер
395. Шартты активтер қаржылық есептілікте танылмайды, өйткені бұл ешқашан алынбаған кірісті тануға әкеп соқтыруы мүмкін. Егер кірістің алынғаны расында анық болса, тиісті актив шартты актив болып табылмайды және оны тану орынды. Шартты активтер қаржылық есептіліктегі оқиғаларда тиісті өзгерістерді қамтамасыз ету үшін тікелей бағаланады. Егер экономикалық пайданың түсуі туындайтыны расында анық болса, онда актив пен тиісті кіріс қаржылық есептілікте өзгеріс болған кезең үшін танылады.

§ 167. Бағалау міндеттемелері жөніндегі ақпаратты ашу
396. Бағалау міндеттемелерінің әрбір сыныбы үшін субъект мынаны ашады:
1) кезеңнің басы мен соңындағы баланстық құнды;
2) әрекет ететін бағалау міндеттемелерін ұлғайтуды қоса алғанда, кезең үшін құралған қосымша бағалау міндеттемелерін;
3) кезең ішінде соманың пайдаланылуын (яғни бағалау міндеттемелерінің орнына шеккен немесе есептен шығарылған);
4) кезең ішінде реверсияланған пайдаланылмаған соманы;
5) уақыт өткеннен кейін туындайтын кезең ішінде дисконтталған соманың ұлғаюын және дисконттау ставкасының кез келген өзгерісінің әсерін;
6) міндеттеменің сипатын қысқаша сипаттауды және осы міндеттеме бойынша туындайтын экономикалық пайда істен шығатын күтілетін уақытты;
7) осындай істен шығу сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктерді көрсету;
8) осы күтілетін өтемге қатысты танылған кез келген активтің сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтемнің сомасын.
Салыстырмалы ақпарат талап етілмейді.

§ 168. Шартты міндеттемелер жөніндегі ақпаратты ашу
397. Жабу нәтижесінде ресурстардың қандай да бір істен шығу мүмкіндігі алыс болып табылатын жағдайдан басқа, есепті күнге шартты міндеттемелердің әрбір сыныбы үшін субъект шартты міндеттеменің сипатын қысқаша сипаттауды, ал бұл іс жүзінде мүмкін емес болғанда:
1) осы Стандарттың 390-393-тармақтарына сәйкес жүргізілетін оның қаржылық әсер етуінің есебін;
2) істен шығу сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктерді көрсету;
3) кез келген өтеудің мүмкіндігін ашуға тиіс.
Егер санамаланған ашудың біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес болса, бұл факт ашуға жатады.

§ 169. Шартты активтер жөніндегі ақпаратты ашу
398. Егер экономикалық пайдаланудың түсімі ықтимал болып табылса (мүмкін еместен мүмкіндігі зор), бірақ іс жүзінде күмәнсіз болып табылмаса, субъект есепті кезеңнің соңына шартты активтердің сипаты қысқаша сипаттауды, осыны іс жүзінде жүзеге асыруға болатын жерде осы Стандарттың 390-393-тармақтарында айтылған қағидаттарға сәйкес жүргізілетін олардың қаржылық әсерін ұсынады. Егер санамаланған ашудың біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін емес болса, бұл факт ашуға жатады.

21. Капитал

§ 170. Капитал
399. Капитал субъектілердің меншік иелерінің салымдарынан плюс табысы бар қызмет есебінен алынатын және операциялық қызметтің барысында пайдалану үшін қалған минус шығынды қызметтің нәтижесінде меншік иелерінің салымдарын қысқартудан және меншік иелерінің төлемдерінен тұрады. Осы бөлімде үлестік құралдарға инвесторлар ретінде әрекет ететін жеке адамдар мен өзге тұлғалар үшін шығарылатын үлестік құралдарды есепке алу қаралады. Осы Стандарттың 25-бөліміне сәйкес субъект қызметкерлерден және тауарларды беруші және қызметтерді көрсетуші ретінде әрекет ететін басқа да берушілерден алынатын үлестік құралдары (акциялар немесе акцияларға опциондар) үшін өтем ретінде тауарларды немесе қызметтерді алатын операцияларды есепке алуды қарастырады.

§ 171. Акцияларды және өзге де үлестік құралдарды
бастапқы шығару
400. Субъект капитал ретінде акцияларды немесе өзге де үлестік құралдарды ол осы құралдарды шығаратын кезде ғана тануға тиіс, ал басқа тарап олардың орнына ақшалай қаражат немесе өзге ресурстар беруге міндетті.
1) Егер құралдар ақшалай қаражат немесе өзге ресурстар ұсынылатын кезге дейін шығарылатын болса, субъект актив ретінде емес, баланстағы капитал орнына есептей отырып алу үшін соманы ұсынуға тиіс.
2) Егер ақшалай қаражат немесе өзге де ресурстар құралдарды шығарғанға дейін алынған болса әрі субъектіден алынған ақшалай қаражатты және өзге ресурстарды қайтаруды талап етуге болмайтын болса, онда субъект алынған ресурстардың сомасына тең мөлшерде капиталды тиісінше ұлғайтуды тануы керек.
3) Субъект құралдарға жазылу жүзеге асырылған, бірақ олар үшін ақшалай қаражат немесе өзге ресурстар түрінде ақы алынған соманың бөлігін капиталды ұлғайту ретінде тануға тиіс емес.
401. Субъект үлестік құралдарды шығаруға арналған тікелей шығыстарды шегере отырып, алынған не алынуға жататын ақшалай қаражаттың немесе өзге ресурстардың әділ құны бойынша өлшеуге тиіс. Егер ақы төлеу кейінге қалдырылып жүргізілетін болса және уақытша құнның әсері елеулі болса, онда бастапқы өлшеу келтірілген құнның негізінде жүргізілуге тиіс.
402. Акцияларды немесе басқа да үлестік құралдарды шығару кезінде капиталды ұлғайту көрсетілетін тәртіп заңнамаға сәйкес айқындалады. Мысалы, акциялардың атаулы құнын (немесе өзге атаулы көрсеткішті) және атаулы құннан тыс төленген соманы бөлектеп ұсыну талап етілуі мүмкін.

§ 172. Опциондарды, варрантарды және
өзге де құқықтарды сату

403. Субъект осы Стандарттың 400 және 401-тармақтарында айтылған қағидаттарды опциондарды, құқықтарды, варранттарды және басқа ұқсас үлестік құралдарды сату арқылы шығарылатын капиталға қолдануға тиіс.

§ 173. Акцияларды капиталға айналдыру немесе сыйлық
акцияларды шығару және акцияларды бөлшектеу
404. Сыйлық акцияларды (кейде акциялар түрінде төленетін дивидендтер деп аталатындарды) капиталға айналдыру немесе шығару – бұл акционерлер үшін олардың ағымдағы үлестері бойынша жаңа акциялар шығару. Мысалы, ұйым акционерлер иелік етіп отырған әрбір акция үшін сыйлық акция бере алады. Акцияларды бөлшектеу – ұйымның қолда бар акцияларын (бір акцияны бірнеше акцияларға) бөлу. Мысалы, 2-уін 1-ге бөлшектеу кезінде акционерлер өздері иелік ететін әрбір акция үшін бір қосымша акция алады. Кейбір жағдайларда айналымдағы акциялардың күші жойылып, жаңаларымен ауыстырылады. Сыйлық акцияларды капиталға айналдыру немесе шығару және акцияларды бөлшектеу капиталдың сомасын өзгертпейді. Субъект Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес капиталдың құрамында соманы қайта жіктеуді жүргізуге тиіс.

§ 174. Аралас қаржы құралдарын шығару
405. Айырбасталатын үлестік құралды немесе міндеттеменің компонентін де, капиталдың компонентін де қамтитын ұқсас аралас қаржы құралын шығару кезінде субъект міндеттеме мен капитал компоненттері арасындағы түсімдердің сомасын бөлуге тиіс. Осындай бөлуді жүргізу үшін субъект ұқсас міндеттеменің әділ құны негізінде міндеттеме компонентінің шамасын онымен байланысы жоқ капитал компонентін айқындайды. Қалған сома капитал компонентіне жатқызылады.
406. Субъект кейінгі кезеңдерде бөлуді қайта қарамауға тиіс.
407. Құралдарды шығарудан кейінгі кезеңдерде субъект міндеттеме компоненті мен өтеу сомасы басталған кезде төленуге жататын негізгі сома арасындағы кез келген айырманы пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып, қосымша пайыздық кіріс ретінде жүйелі түрде таниды.
§ 175. Акциялардан сатып алынған меншікті акциялар
408. Акционерлерден сатып алынған меншікті акциялар ұйым қайтадан сатып алған үлестік құралдарды білдіреді. Ұйым акционерлерден сатып алынған меншікті акциялары үшін төленген өтемнің әділ құнын капиталдан шегереді. Ұйым пайда мен залал құрамында акцияларды сату, шығару немесе акционерлерден сатып алынған меншікті акциялардың күшін жою кезінде туындайтын кірістерді немесе залалдарды тануға тиіс емес.

§ 176. Азшылық үлесі және шоғырландырылған
еншілес ұйымның акцияларымен жасалатын операциялар
409. Шоғырландырылған қаржылық есептерде еншілес ұйымның таза активтеріндегі азшылық үлесі (яғни бақылауды білдірмейтін қатысу) капиталда ескеріледі. Ұйым басты ұйымның еншілес ұйымға қатысу үлесінің капиталдың иелері ретінде әрекет ететін капиталдың иелерімен жасалатын операциялар сияқты бақылауды жоғалтуға әкеп соқтырмайтын кез келген өзгертуін ескереді. Ұйым осы өзгерістерден болатын кірісті немесе залалды шоғырландырылған пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс емес. Ұйым сондай-ақ осындай операциялардың нәтижесінде активтердің баланстық құнының (гудвилді қоса алғанда) немесе міндеттемелердің өзгерістерін танымайды.

§ 177. Ақпаратты ашу
410. Акционерлік капиталы бар ұйым кезеңнің басы мен соңында айналымда болған акциялардың санын (немесе өзге сандық көрсеткішін) баланстың өзінде немесе ескертпелерде акционерлік капиталдың әрбір сыныбы бойынша мұқият тексеруін ұсынуын талап етеді. Осындай мұқият тексеруді жүргізу кезінде ұйым айналымда болған акциялар санының едәуір өзгеруі ненің нәтижесінде болғанын: жаңа акциялар шығарудан, опциондарды, варранттарды және өзге де құқықтарды орындаудан, айырбасталатын бағалы қағаздарды айырбастау, акционерлерден сатып алынған меншікті акциялармен жасалатын операциялардан, бизнес бірлестіктерінен, сыйлық акцияларын (акциялар нысанында шығарылатын дивидендтерді) шығарудан және акцияларды бөлшектеуден болды ма, соны жеке көрсетуге тиіс.

22. Кіріс
§ 178. Қолдану

411. Осы бөлім мынадай операциялар мен оқиғалардың:
1) өнімдерді (сату мақсатында субъектінің өзі шығарған, қайта сату үшін сатып алынған) сату;
2) қызметтер көрсету; және
3) қаржыландырудан түсетін кіріс;
4) өзге де кірістер нәтижесінде алынатын кірісті есепке алу кезінде қолданылады.
412. Өзге операциялар мен оқиғалардың нәтижесінде алынатын түсім осы Стандарттың басқа бөлімдерінде қаралады.
§ 179. Кірістің өзгеруі
413. Субъект алынған немесе алынуға жататын өтемнің әділ құны бойынша кірісті өлшеуге тиіс. Алынған немесе алынуға жататын өтемнің әділ құны субъект ұсынатын кез келген сауда және жаппай жеңілдіктердің сомасын шегере отырып алынуға тиіс.
414. Субъект кіріске субъектінің өзінің атынан алынған немесе алынуға жататын экономикалық пайданың жалпы түсімдерін ғана кіріске енгізеді. Кірістен үшінші тараптардың пайдасына алынған сатудан алынған сатуға салынатын акциздер, қосылған құн салығы сияқты барлық сомалар алып тасталады. Агенттік келісімдер бойынша жұмыс кезінде субъект кіріске комиссиялық сыйақылар сомасын ғана кіріске қосуға тиіс. Принципалдың атынан алынған сома субъектінің түсімі болып табылмайды.

§ 180. Кейінге қалдырылған ақы
415. Ақшалай қаражаттың немесе олардың баламасының түсуі кейінге қалдырылған кезде шарт іс жүзінде қаржылық операцияны білдіреді, ал өтемнің әділ сомасы пайыздың ауыстырылған ставкасын пайдалана отырып, барлық болашақ түсімдерді дисконттау жолымен айқындалады, Мысалы, субъектінің сатып алушыға пайызсыз кредит беруі немесе сатылған тауарлар үшін өтем ретінде нарықтық бағадан төмен пайыздық ставкамен сатып алушыдан вексель алуы қаржыландыру жөніндегі операция болып табылады. Пайыздың ауыстырылған ставкасы:
1) ұқсас төлем қабілеттілігі рейтингімен эмитенттің қаржы құралы үшін басым ставканың;
2) қолданылуы қаржы құралының атаулы құнын дисконттау үшін кейінге қалдырмастан, оларға ақы төлеу кезінде тауарлардың немесе қызметтердің ағымдағы сату бағасын алуға мүмкіндік беретін пайыздық ставканың неғұрлым анық айқындалатын шамасы ретінде айқындалады.
Субъект осы Стандарттың 425 және 426-тармақтарына, сондай-ақ осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес пайыздық кіріс ретінде барлық болашақ түсімдердің әділ құны мен өтемнің атаулы сомасы арасындағы айырманы тануға тиіс.

§ 181. Тауарлармен немесе қызметтермен алмасу
416. Субъект тауарлар немесе қызметтер сипаты мен құны бойынша ұқсас тауарларға немесе қызметтерге ауыстырылатын кезде түсімді тануға тиіс емес. Алайда субъект ұқсас емес тауарларға немесе қызметтерге тауарлар сатылатын немесе қызметтер көрсетілетін кездегі кірісті таниды. Осындай жағдайда субъект:
1) алмасу операциясының коммерциялық мазмұны болмаса, немесе
2) алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді түрде өлшенетін алмайтын жағдайларды қоспағанда, осындай операцияларды әділ құн бойынша өлшеуге тиіс. Егер операция әділ құн бойынша өлшене алмайтын болса, онда оны берілген активтің баланстық құны бойынша өлшеу керек.

§ 182. Кірісті тану өлшемдері
417. Субъект әдетте осы бөлімде ұсынылған кірісті тану өлшемдерін әрбір операцияға бөлек қолданады. Алайда субъект операцияның мазмұнын көрсету қажет болған кезде оның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолдануға тиіс. Мысалы, субъект тауардың сату бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендірілетін соманы қамтитын кезде операцияның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолданады. Керісінше, субъект коммерциялық әсері осындай операциялардың жиынтығына сілтеме болмаған кезде түсінікті болмайтындай түрде осы операциялар байланысты болатын кезде тану өлшемдерін бір уақытта екі немесе одан көп операцияларға қолданады. Субъект, мысалы, ол тауарлар сататын кезде және сонымен бірге болашақта бұрын сатылған тауарларды кері сатып алуға жеке шарт жасасатын бір уақытта екі немесе одан көп операцияларға қолданады, бұл осы операцияның әсерінің елеулі түрде күшін жояды.

§ 183. Тауарлар сату
418. Субъект төменде санамаланған барлық шарттар қанағаттандырылған кезде тауарларды сатудан түсетін түсімді таниды:
1) субъект тауарға меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайдаларды сатып алушыға бергенде;
2) субъект меншік құқығымен әдетте сәйкес келетін дәрежеде басқаруға енді қатыспайтын болса және сатылған тауарларға бақылауды сақтамағанда;
3) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін болғанда;
4) операцияға байланысты экономикалық пайданы субъектінің алу ықтималдығы болғанда; және
5) операцияға байланысты шеккен немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін болғанда.
419. Субъект меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайданы қай сәтте сатып алуға бергенін анықтау үшін операцияның шарттарын зерделеу қажет. Көп жағдайда меншік құқығын беруге байланысты тәуекелдер мен пайданы беру заңдық меншік құқықтарын берумен немесе иелік ету құқығының сатып алушыға өтуімен сәйкес келеді. Бұл бөлшек сауданың көпшілігінде болады. Қалған жағдайда меншік құқығын беруге байланысты тәуекелдер мен пайданы беру заңдық меншік құқықтарын беру немесе иелік ету құқығының сатып алушыға өтуі мерзімінен өзге мерзімде жүргізіледі.
420. Егер субъект меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдерді сақтамайтын болса, ол кірісті танымайды. Субъектіде меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайда сақталуы мүмкін ахуалдарға мысал:
1) субъектіде кепілдіктің стандартты шарттарының шеңберінен шығатын қанағаттанғысыз пайдалану сапасына жауапкершілік сақталғанда;
2) нақты сатудан түсетін түсім алу сатып алушының тауарларды сатуына байланысты болғанда;
3) тиеп түсірілген тауарлар орнатылуға тиіс болып, ал орнату әлі орындалмаған шарттың едәуір бөлігін құрағанда;
4) сатып алушының сату шартында анықталған себеп бойынша сатып алу мәмілесін бұзуға құқығы бар болып, субъект қайтару ықтималдығын анықтауға қабілетсіз болғанда.
421. Егер субъектіде меншік құқығына байланысты елеусіз тәуекел ғана сақталатын болса, онда сату операция болып табылады және субъект кірісті таниды. Мысалы, сатушы өзіне тауарларға заңдық меншік құқығын оған тиесілі соманы алуды қамтамасыз ету үшін ғана қалдырған кезде кірісті таниды. Осылайша субъект клиенттерге сатып алу қанағаттанғысыз болған кезде ақшаны қайтару ұсынылатын жағдайда түсімді таниды. Осындай жағдайда субъект осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес ықтимал қайтаруға бағалау міндеттемелерін таниды.

§ 184. Қызметтер көрсету
422. Қызметтер көрсетуді болжайтын операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда, субъект есепті кезеңнің соңында операцияның аяқталу сатысын ескере отырып, операцияға байланысты түсімді таниды (осы әдіс кейде орындалу пайызының әдісі деп аталады). Егер мынадай шарттардың барлығы орындалса, операцияның нәтижесі сенімді түрде есептелуі мүмкін:
1) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса;
2) операцияға байланысты экономикалық пайданы субъект ала алатындай ықтималдық бар болса;
3) есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша операцияның аяқталу сатысы сенімді түрде бағаланатын болса; және
4) операцияны жүзеге асыру үшін шеккен шығындар және оны аяқтау үшін қажетті шығындар сенімді түрде өлшенетін болса.
423. Қызметтер белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іс-қимылдардың белгіленбеген көлемін жасау жолымен көрсетілген кезде кіріс қандай да бір басқа әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсететініне дәлел бар жағдайларды қоспағанда, осындай уақыт ішінде тікелей желілік негізде танылады. Нақты іс-қимыл кез келген басқа іс-қимылға қарағанда анағұрлым елеулі болып шықса, онда субъектінің кірісті тануы осы іс-қимылды жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
424. Қызметтер көрсетуді болжайтын операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтын кезде субъект кірісті танылған өтелетін шығыстардың сомасы шегінде ғана тануға тиіс.

§ 185. Пайыздар, роялтилер мен дивидендтер
425. Субъект субъектінің пайыздар, роялтилер және дивидендтер әкелетін активтерін басқа тараптардың пайдалануынан туындайтын кірісті мына кезде тануға тиіс:
1) операцияға байланысты экономикалық пайданы субъект ала алатындай ықтималдық бар болса;
2) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенетін болса.
426. Субъект мынадай негіздерді пайдалана отырып, кірісті тануға тиіс:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес пайыздың тиімді ставкасының әдісін пайдалана отырып, пайыздар танылуға тиіс:
2) тиісті шарттың мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша роялтилер танылуға тиіс; және
3) төлемдер алуға акционерлердің құқығы белгіленген кезде дивидендтер танылуға тиіс
§ 186. Құрылысқа арналған шарттар
427. Егер құрылысқа арналған шарттың нәтижесі шынайы есептелуі мүмкін болса, онда субъект құрылысқа арналған шартқа байланысты шарт бойынша кірісті және шығындарды тиісінше есепті күннің соңында шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысының кірісі мен шығыстары ретінде таниды (бұл әдісті орындалу пайызының әдісі деп жиі атайды). Нәтижелерді сенімді түрде бағалау үшін болашақ шығындардың аяқталу сатысын және ұсынылған есептер бойынша соманың жинақталуын сенімді бағалау талап етіледі.
428. Осы бөлімнің талаптары әдетте құрылысқа арналған әрбір шартқа жеке қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайларда осы бөлімді бірыңғай шарттың жеке анықталатын компоненттеріне немесе шарттың немесе шарттар тобының мәнін көрсету үшін шарттар тобына бірлесіп қолдану қажет.
429. Егер шарт бірқатар активтерді қамтитын болса, онда олардың әрқайсысын салу құрылысқа арналған жеке шарт ретінде ескерілуге тиіс, егер:
1) әрбір активтің құрылысын жеке жобалар ұсынылған болса;
2) әрбір актив бойынша жеке келіссөздер жүргізіліп, ал мердігер мен тапсырыс берушінің әрбір активке жататын шарттың бір бөлігін қабылдауға немесе кейінге қалдыруға мүмкіндігі болса; және
3) әрбір актив бойынша түсім мен шығындар анықталуы мүмкін болса.
430. Бір немесе бірнеше тапсырыс берушімен жасалды ма, жоқ па, оған қарамастан, шарттар тобы құрылысқа арналған бірыңғай шарт ретінде қаралуға тиіс, егер:
1) шарттар тобы бірыңғай пакет ретінде жасалса;
2) шарттар іс жүзінде жалпы пайда нормасы бар бірыңғай жобаның бір бөлігін білдіретіндей өзара тығыз байланысты болса; және
3) шарттар бір уақытта немесе үздіксіз дәйектілікпен орындалатын болса.

§ 187. Орындау пайызының әдісі
431. Субъект қызметтер көрсету жөніндегі операцияны немесе құрылысқа арналған шартты орындау шамасына қарай кіріс пен шығындардың есептік бағалауын талдауға және қажет болған кезде қайта қарауға тиіс.
432. Субъект орындалған жұмысты неғұрлым сенімді өлшеуді қамтамасыз ететін әдістің негізінде операцияның немесе шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысын анықтайды. Төменде ықтимал әдістер келтірілген:
1) ағымдағы күнгі жағдай бойынша жұмыстарды орындау үшін шеккен шығындардың жалпы шығындардың есептік шамасына қатынасы; ағымдағы күнгі жағдай бойынша жұмыстарды орындау үшін шеккен шығындар материалдарға немесе аванстарға жұмсалатын шығындар сияқты болашақ қызметке жататын шығындарды қамтымауға тиіс;
2) орындалған жұмыстардың инспекциясы; немесе
3) қызметтер көрсету жөніндегі операцияның қандай да бір үлесін немесе шарт бойынша жұмыстар көлемін аяқтау.
Тапсырыс берушілерден алынған кезең-кезеңді төлемдер мен аванстар орындалған жұмысты жиі көрсетпейді.
433. Субъект материалдарға немесе аванстарға жұмсалатын шығындар сияқты операцияға немесе шартқа жататын шығындарды, егер шеккен шығындар өтеледі деген ықтималдық болса ғана, актив ретінде тануға тиіс. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынатын соманы білдіреді және аяқталмаған жұмыстар ретінде жіктеледі.
434. Субъект өтелу ықтималдығы нөлге тең шығындарды шығыс ретінде тез арада тануға тиіс.
435. Егер құрылысқа арналған шарттың нәтижесі шынайы есептей алмайтын болса, онда:
1) субъект кірісті өтелуі ықтимал шарт бойынша шығындардың сомасына сәйкес қана таниды; және
2) субъект шығындарды олардың туындау кезеңінде шығыс ретінде тануға тиіс.
436. Шарт бойынша жалпы шығындар құрылысқа арналған шарт бойынша жалпы кірістен асып түсетіні мүмкін болса, күтілетін залал шығыс ретінде тез арада танылады.
437. Алайда, егер шарт бойынша кіріс ретінде танылған сома жинау ықтималдығы енді жоқ болса, онда алынуы мүмкін емес сома шарт бойынша кіріс сомасын түзету емес, шығыс ретінде танылады.

§ 188. Ақпаратты ашу
438. Субъект:
1) кірісті тану үшін қабылданған есеп саясатын, оның ішінде қызметтер көрсетуді болжайтын операцияның аяқталу сатысын анықтау үшін қабылданған әдістерді;
2) мыналардан:
тауарларды сатудан;
қызметтер көрсетуден;
пайыздардан;
роялтилерден;
дивидендтерден туындайтын кірісі қоса алғанда, кезеңнің ішінде танылған кірістің әрбір санатының сомасын; және
3) кірістің әрбір санаты бойынша тауарлар немесе қызметтер алмасудан туындайтын кіріс сомасын ашады.

§ 189. Құрылысқа арналған шарттар бойынша
кіріс туралы ақпаратты ашу
439. Субъект мыналарды ашады:
1) кезең үшін кіріс ретінде танылған шарт бойынша кіріс сомасын;
2) кезең үшін танылған шарт бойынша кірісті анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді; және
3) орындалу үдерісіндегі шарттардың аяқталу сатысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді.
440. Есепті күні орындау үдерісіндегі шарттар үшін субъект мыналарды ашады:
1) осы күнгі жағдай бойынша шеккен шығындар мен танылған пайданың (танылған залалды шегере отырып) жалпы сомасын;
2) алынған аванстардың сомасын; және
3) ұстау сомасын (яғни осындай төлемдер үшін шартта көзделген шарттар орындалмайынша, немесе кемшіліктер жойылғанға дейін төленбейтін кезең-кезеңді шоттарды).
441. Субъект:
1) актив ретінде – шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушілерден алынатын жалпы соманы;
2) міндеттеме ретінде – шарт бойынша жұмыс үшін тапсырыс берушінің төлеуіне жататын жалпы соманы ұсынады.

23. Мемлекеттік субсидиялар

§ 190. Тану және өлшеу – есеп саясатын таңдау
442. Осы Стандарттың шеңберінде мемлекеттік көмекті мемлекеттік органдар мен мекемелер, халықаралық және өзге де ұйымдар көрсетуі мүмкін.
443. Мемлекеттік көмектің негізді түрде бағалана алмайтын нысандары, сондай-ақ субъектінің қарапайым сауда операцияларынан айырмашылығы жоқ мемлекет қатысатын операциялар мемлекеттік субсидияға жатпайды.
444. Субъект мыналарды пайдалана отырып, мемлекеттік субсидияларға есепке алуға тиіс:
1) барлық мемлекеттік субсидиялар үшін осы Стандарттың 445-тармағында көзделген модельді; не
2) пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша өлшенетін активтерге жататын барлық мемлекеттік субсидиялар үшін осы Стандарттың 446-тармағында көзделген модельді және барлық қалған субсидиялар үшін Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу деген ХҚЕС (ІАS) 20.
445. Субъект мемлекеттік субсидияларды былайша тануға тиіс:
1) алушының болашақта белгілі бір шарттарды орындауын көздемейтін субсидиялар кірісте субсидиялар бойынша түсімдер алынған кезде танылады;
2) алушының болашақта белгілі бір шарттарды орындауын көздемейтін субсидиялар кірісте осындай шарттар орындалған кезде танылады;
3) кірісті тану өлшемдері орындалғанға дейін алынған субсидиялар міндеттемелер ретінде танылады.
446. Субъект субсидияларды алынған немесе алынуға жататын активтердің әділ құны бойынша өлшеуге тиіс.
§ 191. Ақпаратты ашу
447. Субъект мемлекеттік субсидияның таңдап алынған есепке алу моделіне қарамастан, мынадай ақпаратты ашады:
1) мемлекеттік субсидиялар үшін танылған есеп саясатын, оның ішінде қаржылық есептерде субсидиялар қалай ұсынылатынын түсіндіруді;
2) қаржылық есептерде танылатын мемлекеттік субсидиялардың сипаты мен сомасын;
3) кіріс ретінде танылмаған, мемлекеттік субсидияларға жататын орындалмаған шарттарды немесе басқа да шартты баптарды; және
4) нәтижесінде субъект тікелей пайда алатын мемлекеттік көмектің басқа нысандарын.
448. Мемлекеттік көмектің мысалдары тегін техникалық немесе маркетингтік консультациялар, нөлдік немесе төмен пайызбен кепілдіктер мен қарыздар беру болуы мүмкін.
24. Қарыздар бойынша шығындар

§ 192. Анықтама
449. Қарыздар бойынша шығындар мыналарды қамтиды:
1) банктік овердрафтар және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайызды;
2) қарыздарға байланысты жеңілдіктерді немесе сыйлықтарды амортизациялауды;
3) несие алуды ұйымдастыруға байланысты шеккен қосымша шығындарды амортизациялауды;
4) осы Стандарттың 19-бөліміне сәйкес танылған қаржылық жалға алуға қатысты қаржылық шығыстарды; және
5) пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындарды түзету ретінде қаралатын бөлікте шетелдік валютада қарыздар алу нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмаларды.

§ 193. Тану
450. Субъект мыналарды пайдалана отырып, қарыздар бойынша барлық шығындарды ескеруге тиіс:
1) жұмсалатын шығындарды осы Стандарттың 451-тармағында ұсынылған шығыстарға жатқызу моделін;
2) осы Стандарттың 452-тармағында ұсынылған шығындарды капиталға айналдыру моделін.

§ 194. Шығындарды шығыстарға жатқызу моделі
451. Субъект қарыздар бойынша барлық шығындарды шығыс ретінде олар туындаған кезең ішінде пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.

§ 195. Шығындарды капиталға айналдыру моделі
452. Шығындарды капиталға айналдыру моделін пайдалануды шешкен субъект бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды ХҚЕС (ІАS) 23 Қарыздар бойынша шығындар сәйкес жүзеге асырады.

§ 196. Ақпаратты ашу

453. Субъект қарыздар бойынша шығындарға қатысты қабылданған есеп саясатын ашуға тиіс. Егер осы Стандарттың 452-тармағына сәйкес шығындарды капиталға айналдыру моделі қолданылатын болса, онда субъект ХҚЕС (ІАS) 23 Қарыздар бойынша шығындар сәйкес ақпаратты ашады.

25. Акцияларға негізделген төлем

§ 197. Қолдану
454. Субъект мыналарды қоса алғанда, осы бөлімді акцияларға негізделген төлемдердің барлық операцияларын есепке алу кезінде қолдануға тиіс:
1) субъектінің үлестік құралдары үшін өтем ретінде субъект тауарларды немесе қызметтерді алатын, олар бойынша есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын (акцияларды немесе акцияларға опциондары);
2) субъектінің акцияларының бағасына (немесе құнына) немесе басқа да үлестік құралдарына негізделген соманы төлеу жөнінде осы тауарларды немесе қызметтерді берушілер алдында міндеттемелер қабылдау жолымен субъект тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын, олар бойынша есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын; және
3) субъект тауарларды немесе қызметтерді алатын немесе сатып алатын және оған сәйкес субъект операция жөніндегі есептемені жүзеге асыра алатын не ақшалай қаражатпен (немесе өзге активпен) не үлестік құралдар шығару жолымен келісімнің шарттары субъектіге немесе осы тауарларды немесе қызметтерді берушіге таңдау ұсынатын операцияларды.

§ 198. Тану
455. Субъект тауарларды немесе қызметтерді алу кезінде акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызметтерді тануға тиіс. Субъект, егер тауарлар немесе қызметтер олар бойынша есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған болса, капиталдағы тиісті ұлғайтуды немесе егер тауарлар немесе қызметтер олар бойынша есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде сатып алынған болса, міндеттемені таниды.
456. Егер акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған тауарлар немесе қызметтер активтер ретінде тану өлшемдеріне жауап бермейтін болса, онда субъект оларды шығыстар ретінде тануға тиіс.

§ 199. Есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға
негізделген төлемдердің операцияларын өлшеу
457. Субъект есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын өлшеу кезінде тиісті ақпаратты ашып, ХҚЕС (ІFRS) Акцияларға негізделген төлем деген 2-тармақты қолданады.

§ 200. Есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін,
акцияларға негізделген төлемдердің операциялары
458. Есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу үшін субъект сатып алынған тауарларды немесе қызметтерді және міндеттеменің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуге тиіс. Міндеттеме өтелмейінше, субъект әділ құнның кез келгенін өзгерісін кезең үшін пайданың немесе залалдың құрамында тани отырып, әрбір есепті күні және өтелетін күні міндеттеменің әділ құнын қайтадан өлшейді.
459. Қызметкерлермен жасалатын операциялар кезінде үлестік құралдар белгілі бір қызмет кезеңін аяқтағанға дейін қызметкерлерге берілмейді, субъект осы кезең ішінде қызметкерлер қалай қызметтер көрсететіне қарай алынған қызметтерді тануға тиіс.

§ 201. Ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар, акцияларға
негізделген төлемдердің операциялары
460. Келісім шарттары субъект оған сәйкес операция бойынша есептемені ақшалай қаражатпен (немесе басқа да активтермен) немесе үлестік құралдар шығару жолымен жүзеге асыратын не субъектіге, не қарсы тарапқа таңдау ұсынатын, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары үшін субъект, егер субъект өзіне есептемені ақшалай қаражатпен немесе басқа да активтермен жүргізуге міндеттеме қабылдаған шамада немесе есептеме олар бойынша үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы сияқты, егер осындай міндеттеме қабылданбаған шамада есептеме олар бойынша ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы ретінде осындай операцияны немесе осы операцияның компоненттерін есепке алуға тиіс. Ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу кезінде ХҚЕС (ІFRS) 2 Акцияларға негізделген төлем талаптары қолданылады.

§ 202. Ақпаратты ашу
461. Субъект көшу талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есептеу тәсілі (мысалы, ақшалай қаражатпен немесе үлестік аспаптармен) сияқты әрбір келісімнің негізгі шарттарын қоса алғанда, кезең ішінде қолданыста болған, акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипаттамасын ашады. Акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдердің елеулі түрде ұқсас түрлері бар субъект олар туралы ақпаратты біріктіре алады.
462. Субъект кем дегенде акцияларға, кезең үшін субъектінің пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына негізделген төлемдер операцияларының әсері туралы мынадай ақпаратты ашқаны жөн:
1) осы операциялардың нәтижесінде туындайтын шығыстардың жалпы сомасының бір бөлігін жеке ашуды қоса алғанда, оның шеңберінде алынған тауарлар мен қызметтер активтер ретінде тануға жатпайтын, сондықтан да шығыс ретінде тез арада танылады, акцияларға негізделген төлемдер операциялары бойынша кезең үшін танылған шығыстардың жалпы сомасын;
2) акцияларға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындайтын міндеттемелер үшін;
кезеңнің соңындағы жалпы баланстық құнды; және
қарсы тараптың ақшалай қаражатқа немесе басқа да активтерге құқығы кезеңнің соңында көшкен кезеңнің соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құнын (мысалы, акциялардың құнын өсіруге көшкен құқық).
26. Қаржылық емес активтердің құнсыздануы

§ 203. Қолданылуы
463. Осы бөлім құнсыздануын тануға қатысты осы Стандарттың басқа бөлімдерінің талаптары қолданылатын мынадай активтерді қоспағанда, барлық активтердің құнсыздануын есепке аул кезінде қолданылуға тиіс:
1) осы Стандарттың 28-бөліміне сәйкес кейінге қалдырылған салықтық активтерді;
2) осы Стандарттың 27-бөліміне сәйкес қызметкерлерге берілетін сыйақылар нәтижесінде туындайтын активтерді;
3) осы Стандарттың 11-бөлімінің қолданылу аясына енетін қаржылық активтерді;
4) осы Стандарттың 15-бөліміне сәйкес әділ құн бойынша өлшенетін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды;
5) осы Стандарттың 33-бөліміне сәйкес ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты және сатуға жұмсалатын ұйғарылып отырған шығыстарды шегере отырып, әділ құн бойынша өлшенетін биологиялық активтерді.

§ 204. Қорлардың құнсыздануы
464. Әрбір есепті күнге субъект құнсыздану мәніне қорларға бағалау жүргізуге тиіс. Субъект осындай бағалауды қорлардың әрбір бабының (немесе ұқсас баптардың тобының) баланстық құнын аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып, оның сату бағасымен салыстыру жолымен жүргізуге тиіс. Егер қорлар бабы (немесе тобы) құнсызданған болса, субъкт залалды баланстық құн мен аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасы арасындағы айырмаға тең сомаға пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.
465. Егер қорлар үшін аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасын бап бойынша негізде анықтау іс жүзінде мүмкін емес болса, субъект құнсыздануды бағалау мақсатында бір географиялық облыста жүргізілетін және сатылатын дәл сондай тағайындауы немесе түпкі пайдаланымы бар бұйымдардың дәл сол түріне жататын қорлардың баптарын топтастыруы мүмкін.

§ 205. Құнсыздануды реверсиялау
466. Субъект әрбір кейінгі кезеңде аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасын қайтадан бағалауды жүргізуге тиіс. Егер бұрын қорлардың құнсыздануын туындатқан жағдайлар енді жоқ болса, немесе экономикалық шарттардың өзгеруіне байланысты құнсыздануға жұмсалған шығындарды шегергендегі сату бағасының ұлғаюы анық болған кезде субъект құнсыздану сомасын жаңа баланстық құн екі шаманың: өзіндік құн мен аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі қайта қаралған сату бағасының ең азы болып табылатындай етіп реверсиялауға тиіс (яғни реверсияланатын сома құнсызданудан болатын бастапқы залал сомасымен шектелген).

§ 206. Қорларды қоспағанда, қаржылық емес активтердің құнсыздануы және құнсыздану белгілері
467. Әрбір есепті күні субъект активтің ықтимал құнсыздануын көрсететін кез келген белгілердің бар-жоғын бағалайды. Осындай кез келген белгі болған жағдайда субъект сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, активтің әділ құнын есептік бағалауды жүргізуге тиіс. Егер құнсыздану белгілері жоқ болса, онда сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды есептік бағалауды жүргізу талап етілмейді. Осы бөлімде актив термині пайдаланылады, бірақ кейде активтер тобы үшін сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды анықтау талап етілуі де мүмкін.
468. Активтің ықтимал құнсыздануын көрсететін белгілердің бар-жоғын тексеру кезінде субъект, кемінде, мынадай белгілерді қарағаны жөн:
Ақпараттың сыртқы көздері
1) кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өтуі немесе қалыпты пайдалану нәтижесінде күткеннен әлдеқайда көп азайды;
субъектіге қолайлы әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болды немесе жақын арада субъект жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық шарттарда немесе актив арналған нарықта күтілуде;
кезең ішінде нарықтық пайыздық ставкалар немесе инвестициялардың пайдалылығының басқа да нарықтық нормалары және осы ұлғаюлар пайдаланудан активтің құнын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау ставкасына едәуір әсер етуі ықтимал және сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып, оның әділ құнын азайтады;
субъектінің таза активтерінің баланстық құны оның нарықтық капиталдануына қарағанда көп;
2) ақпараттың ішкі көздері
активтің ескіруінің немесе табиғи зақымдануының дәлелі бар;
активті пайдалану немесе күтілетін пайдалану дәрежесіндегі немесе тәсіліндегі субъектіге қолайсыз әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болды немесе жақын арада күтілуде. Осы өзгерістер активтің тұрып қалуын, қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспарларын, оған актив те жатады, немесе активтің бұрын болжанған күнге дейін істен шығуын және бұрын шектеусіз ретінде бағаланған активті пайдалы қолдану мерзімін шектеулі деп тануды қамтиды;
ішкі есептілік активтің ағымдағы немесе болашақ экономикалық көрсеткіштері болжанып отырғаннан нашар екенін куәландырады. Осы контекстегі экономикалық көрсеткіштер операциялық нәтижелерді және ақша қаражатының ағынын қамтиды.
469. Егер активтің құнсыздануы мүмкін деген белгі бар болса, онда бұл субъектінің пайдалы қолданудың қалған мерзімін, амортизациялау әдісін немесе активті жою құнын қайта қарауы және осы актив бойынша құнсыздануынан ешқандай да залал танылмайтын болса да, осы активке қолданылатын осы Стандарттың тиісті бөліміне сәйкес (мысалы, осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес) оларды түзетуі керек екендігін куәландырады.

§ 207. Сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып,
әділ құнды өлшеу
470. Сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн – активтің істен шығуына жұмсалған шығындарды шегере отырып, тәуелсіз, жақсы хабарланған, осындай операцияны жасауға ниет етіп отырған тараптар арасында операция жасау кезінде активті немесе активтер тобын сатудан алынуы мүмкін сома.
471. Егер субъект жеке активтің әділ құнын есептей алмайтын болса, ол активтер тобын сатуға жұмсалған шығындарды ескере отырып, осы актив жататын әділ құнды өлшеуге тиіс. Осы мақсат үшін ең аз сәйкестендірілетін активтер тобы үшін сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды есептеу қажет, ол:
1) оған қатысты құнсыздану танылатын активті қамтиды; және
2) анықтауға жататын сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құн.

§ 208. Сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн
472. Субъект азайып бара жатқан сенімділік тәртібімен орналасқан мынадай куәландырулар негізінде құнсыздануға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құнды анықтауға тиіс:
1) осы активтің істен шығуына жұмсалған тікелей шығындарды ескере отырып түзетілген, жақсы хабарланған, осындай операцияны жасауға ниет етіп отырған тәуелсіз тараптар арасындағы операция кезінде міндетті күші бар сату туралы келісімдегі баға;
2) егер міндетті күші бар сату туралы келісім жоқ болса, бірақ актив активті нарықта сатылатын болса, онда әдетте ағымдағы сұраныс бағасына негізделген, істен шығаруға жұмсалған шығындарды шегергендегі оның нарықтық бағасы сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құн болып табылады;
3) ағымдағы сұраныс бағасы жоқ болған жағдайда ең соңғы операцияның бағасы сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құнды есептік бағалауды жүргізу үшін негіз ретінде пайдаланылуы мүмкін;
4) міндетті күші бар сату туралы келісім немесе актив үшін активті нарық жоқ болған жағдайда сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құн істен шығаруға жұмсалған шығындарды шегере отырып, жақсы хабарланған, осындай операцияны жасауға ниет етіп отырған тәуелсіз тараптар арасындағы операция кезінде субъект активті сатудан есепті кезеңнің соңында алуы мүмкін соманы көрсететін ең үздік қолда бар ақпаратқа негізделеді. Осы соманы анықтау кезінде субъект сол саланың шеңберіндегі ұқсас активтермен жасалатын соңғы операциялардың нәтижелерін ескереді. Егер басшылық сатуды тез арада жүргізуге мәжбүр болмаса, сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құн мәжбүрлі сату негізінде анықталмауға тиіс.
473. Сатуға жұмсалған шығындарды (немесе активтер тобын) шегергендегі әділ құн оның баланстық құнынан аз болса, субъект баланстық құнды оның сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құнына дейін азайтуы керек Бұл азайту құнсызданудан болатын шығын болып табылады..
474. Субъект құнсызданудан болатын залалды тез арада пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.
475. Құнсызданудан болатын залалдың есептік сомасы ол жататын активтің баланстық құнынан көп болса, егер бұл осы Стандартта талап етілетін болса ғана субъект міндеттемені тануға тиіс.
476. Құнсызданудан болған залалды танығаннан кейін актив бойынша амортизациялық шығыстар оны пайдалы түрде қолданудың қалған мерзімі ішінде жүйелі негізде оның тарату құнын (егер ондай бар болса) шегере отырып, активтің қайта қаралған баланстық құнын бөлу үшін болашақ кезеңдерде түзетілуге тиіс.

§ 209. Құнсызданудан болған залалды реверсиялау
477. Әрбір есепті кезеңде субъект активке қатысты (гудвилді қоспағанда) алдыңғы кезеңдерде танылған құнсызданудан болған залал, мүмкін, енді жоқ екендігі немесе азайып кеткендігі белгілерінің бар-жоғын тексеруге тиіс. Осындай кез келген белгі болған жағдайда субъект осы активті сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды есептік бағалауды жүргізуге тиіс. Құнсыздану залалдың азайғандығы немесе енді жоқ екендігі белгілері осы Стандарттың 468-тармағында айтылған белгілермен салыстырғанда әдетте кері сипатта болады.
478. Егер сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды есептік бағалау активтің баланстық құнынан асып түссе, субъект оны
осы Стандарттың 479-тармағында айтылған шектеулер шеңберінде сатуға жұмсалған шығындарды шегергендегі әділ құнның мәніне дейін ұлғайтуға тиіс. Бұл ұлғайту құнсызданудан болатын залалды реверсиялау болып табылады.
479. Құнсызданудан болатын залалды реверсиялау есебінен ұлғайтылған активтің (гудвилді қоспағанда) баланстық құны, егер алдыңғы жылдары осы активтің құнсыздануынан болатын залал танылмаған болса, анықталатын (амортизацияны шегере отырып) баланстық құннан аспауға тиіс.
480. Субъект активтің құнсыздануынан болатын залалды (гудвилді қоспағанда) актив осы Стандарттың басқа бөліміне сәйкес (мысалы, осы Стандарттың Негізгі құралдар деген 16-бөліміндегі қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделіне сәйкес) қайта бағаланған құн бойынша есепке алынатын жағдайларды қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында тікелей реверсиялағаны жөн. Қайта бағаланған активтің құнсыздануынан болатын залалды кез келген реверсиялау қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделіне сәйкес қайта бағалаудан құнды ұлғайту ретінде қаралады.
481. Құнсызданудан болған залалды реверсиялауды танығаннан кейін актив бойынша амортизациялау шығыстарының шамасы болашақ кезеңдерде активтің қайта бағаланған баланстық құнын бөлу үшін оның ажырату құнын (егер ондай бар болса) шегере отырып, оны пайдалы түрде қолданудың қалған мерзімі ішінде жүйелі негізде түзетілуге тиіс.

§ 210. Гудвилдің құнсыздануына қойылатын қосымша талаптар
482. Гудвилл жеке сатыла алмайды. Сондай-ақ ол басқа активтер бойынша ақшалай қаражат ағынына байланысты ақшалай қаражат ағынын генерациялайды. Соның салдарынан гудвилдің әділ құнын тікелей өлшеу мүмкін емес. Сондықтан гудвилдің әділ құны өзі бір бөлігі болып табылатын активтердің басым тобының әділ құнын өлшеу нәтижесінде анықталады.
483. Әрбір есепті күні субъект 467-476-тармақтарда айтылған активтердің құнсыздануын тану мен өлшеу қағидаттарына сәйкес гудвилдің ықтимал құнсыздануын көрсететін кез келген белгілердің бар-жоғын бағалауға тиіс. Осы Стандарттың 468-тармағында айтылған құнсыздану белгілерін талдаудан басқа субъект сондай-ақ мынаны назарға алғаны жөн:
1) сатып алған сәттен бастап гудвилл оған жататын сатып алынған ұйым қызметнің нәтижелері болжанып отырғаннан едәуір нашар ма, жоқ па;
2) гудвилл оған жататын сатып алынған ұйым сатуға немесе таратуға арналған ретінде қайта құрылымдалған ба, жіктелген бе; немесе
3) гудвилл оған жататын сатып алынған ұйымның басқа активтер бойынша құнсыздануынан болған едәуір залалдар танылған ба.
484. Егер гудвилдің құнсыздану белгілері бар болса, ұйым құнсызданудан болған залалды тануға тұрады ма, жоқ па екендігін анықтау үшін екі кезеңді тәсілді пайдалануға тиіс:
1) 1-кезең:
гудвилден пайда алатын ұйымның компонентіне(теріне) гудвилді жатқызу (әдетте гудвилдің шамасы ішкі басқару мақсаттары үшін тексерілетін ұйымның ішіндегі ең төмен деңгей);
гудвилді қоса алғанда, әрбір компоненттің әділ құнын толығымен өлшеу;
компоненттің әділ құнын оның баланстық құнымен салыстыру;
егер компоненттің әділ құны баланстық құнға тең болса немесе одан асып түссе, онда компонент те, гудвил де құнсызданбағаны; егер компоненттің әділ құны оның баланстық құнынан төмен болса, онда айырма осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес құнсыздану залалы ретінде танылуға тиіс.
2) 2-кезең:
осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес анықталған залалдың сомасына компонент гудвилін есептен шығару және құнсызданудан болған осы залалды пайданың немесе залалдың құрамында тану;
егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес 1-кезеңде анықталған құнсыздану сомасы компонент гудвилінің баланстық құнынан асып түссе, асып түсу сомасы құнсызданудан болған залал ретінде пайданың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс. Осы асып түсу шартты міндеттемелерді, олардың әділ құнының ара қатынасы негізінде компонентті қоса алғанда, сәйкестендірілетін активтер мен міндеттемелерге жатқызылуға тиіс.
485. Егер гудвилл оған жатқызылған компонентте азшылық үлесі бар болса, осы компоненттің баланстық құны мынаны қамтиды:
1) компоненттің сәйкестендірілетін таза активтеріндегі бас ұйымның үлесін де, азшылық үлесін де;
2) бас ұйымның гудвилдегі үлесін.
Алайда осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацына сәйкес анықталған компоненттің әділ құнының бір бөлігі гудвилдегі азшылық үлесіне жатады. Тиісінше, гудвилге байлансты құнсызданудан болған кез келген залал бас ұйымға жатқызылатын залалға және азшылық үлесіне жатқызылатын залалға бөлінеді; бұл ретте біріншісі ғана гудвилдің құнсыздануынан болған залал ретінде танылады.
486. Гудвилдің құнсыздануынан болған, танылған залал кейінгі кезеңде реверсияланбауға тиіс.
§ 211. Ақпаратты ашу
487. Активтердің әрбір түрі үшін субъект мынаны ашады:
1) кезең ішінде пайданың немесе залалдың құрамында танылған құнсызданудан болған залалдың сомасын және құнсызданудан болған залал енгізілген пайда мен залал туралы есептің бабын (баптарын);
2) кезең ішінде пайданың немесе залалдың құрамында танылған құнсызданудан болған, реверсияланған залалдың сомасын және құнсызданудан болған залалдың реверсиялануы көрсетілген пайда мен залал туралы есептің бабын (баптарын);
3) кезең ішінде капиталда тікелей танылған, қайта бағаланған активтер бойынша құнсызданудан болған залалдың сомасын;
4) кезең ішінде капиталда тікелей танылған, қайта бағаланған активтер бойынша құнсызданудан болған, реверсияланған залалдың сомасын.
488. Субъект олар бойынша ақпаратты жеке ашу жүзеге асырылмаған құнсызданудан болған жиынтық залал және кезең ішінде танылған құнсызданудан болған, жиынтық реверсияланған залал бойынша мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) құнсызданудан болған залалмен қозғалатын активтердің негізгі түрлерін және құнсызданудан болған, залалдың реверсиялануымен қозғалатын активтердің негізгі түрлерін;
2) құнсызданудан болған осы залалды тануға және құнсызданудан болған залалды реверсиялауға алып келген негізгі оқиғалар мен жағдайларды.

27. Қызметкерлерге берілетін сыйақылар

§ 212. Қолданылуы
489. Осы бөлім қызметкерлерге берілетін сыйақының төрт санатына қолданылады:
1) қызметкерлер тиісті қызметтер көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төленуге тиіс, қызметкерлерге берілетін сыйақылар болып табылатын (шығу жәрдемақыларын қоспағанда) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларға;
2) еңбек қызметі аяқталғаннан кейін төленуге тиіс, қызметкерлерге еңбек қызметі аяқталғаннан кейін берілетін сыйақыларға (шығу жәрдемақыларын қоспағанда);
3) оларды төлеу жөніндегі берешек қызметкерлер тиісті қызметтер көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде туындамайтын, қызметкерлерге берілетін сыйақылар болып табылатын (шығу жәрдемақыларын қоспағанда), қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға; және,
4) мыналардың нәтижесінде қызметкерлерге төленуге тиіс сыйақылар болып табылатын шығу жәрдемақыларына:
кәсіпорынның қызметкер зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін жұмыстан босату туралы шешімі, не
қызметкердің осындай сыйақыларға айырбасқа штаттың қысқаруы бойынша жұмыстан босатуға ерікті түрде келісуі туралы шешімі.
490. Қызметкерлерге берілетін сыйақылар сондай-ақ үлестік аспаптар түрінде де (акциялар немесе акцияларға опциондар сияқты), ақшалай қаражат немесе субъектінің басқа да активтері түрінде де акцияларға негізделген субъектінің акцияларына немесе басқа да үлестік аспаптарына негізделген сомада көшудің белгілі бір шарттары сақталған жағдайда, егер ондай бар болса, төлемдерді де қамтиды. Акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу осы Стандарттың 25-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

§ 213. Қызметкерлерге берілетін сыйақылардың барлық түрлері үшін танудың жалпы қағидаттары
491. Субъект кезең ішінде субъектіге қызметтер көрсету нәтижесінде қызметкерлер құқық алған қызметкерлерге берілетін сыйақылардың барлығына байланысты шығындарды:
1) қызметкерлерге берілетін сыйақылар қорына қызметкерлерге тікелей немесе салымдар түрінде төленген соманы шегергеннен кейін міндеттеме ретінде. Егер төленген салымның шамасы есепті күнге дейін көрсетілген қызметтер үшін тиесілі міндеттеменің шамасына асып түсетін болса, субъект осы алдын ала төлеу болашақ төлемдерді қысқартуға немесе ақшалай қаражатты қайтаруға алып келетін бөлігінде осы асып түсуді актив ретінде таниды;
2) егер тек шығындар:
осы Стандарттың 12-бөліміне сәйкес қорлардың өзіндік құнына енгізілмеген; немесе
осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілмеген болса, шығыс ретінде таниды.

§ 214. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар

492. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар өзіне мынадай баптарды қамтиды:
1) жұмысшылар мен қызметшілерге берілетін жалақы;
2) қызметкер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең үшін жұмыста ақы төленетін қысқа мерзімді болмау (жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және әлеуметтік демалыстар);
3) қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең үшін төленуге тиіс пайда мен сыйлыққа қатысуды; және
4) қазіргі уақытта жұмыс істейтін қызметкерлерге ақшалай емес түрде сыйақы беру (медициналық қызмет көрсету, тұрғын үймен және автокөлікпен қамтамасыз ету, тегін немесе дотацияланатын тауарлар немесе қызметтер).

§ 215. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды
өлшеу – жалпы қағидат
493. Егер қызметкер субъектіге есепті кезеңнің ішінде қызметтер көрсетсе, субъект осы қызметтердің орнына төленуге тиіс қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасы бойынша осы Стандарттың 491-тармағына сәйкес танылатын соманы тануға тиіс.

§ 216. Тану және өлшеу – жұмыста ақы төленетін
қысқа мерзімді болмау
494. Кейбір ақы төленетін қысқа мерзімді демалыстар жинақталып қалуы мүмкін. Егер қызметкер ағымдағы кезеңдегі құқықтарды толығымен пайдаланбаса, болашақ кезеңдерге ауыстырылатын және болашақ кезеңдерде пайдаланылуы мүмкін пайдаланылмаған жылдық демалыстар мысал болып табылады. Субъект, егер қызметкерлер ақы төленетін болашақ болмауға олардың құқығын жоғарылататын жинақталған ақы төлеудің болмаудың күтілетін шығындарын тануға тиіс. Субъект жұмыста жинақталған ақы төленетін болмауға ақы төлеуге жұмсалатын күтілетін шығындарды ол қызметкерге есепті кезеңнің соңында жинақталған, жұмыста пайдаланылмаған болмау үшін төлеуді болжайтын қосымша сома ретінде өлшеуге тиіс. Субъект пайдаланылмаған жинақталып отырған ақы төленетін болмауды көрсетуге тиіс, ол, күтіліп отырғандай, есепті күні ағымдағы міндеттеме ретінде пайдаланылатын болады.
495. Субъект шығындарды осы болмау орын алған кезде жұмыста өзге (жинақталмайтын) ақы төленетін болмау бойынша тануға тиіс. Субъект шығындарды болмаған кезең үшін төленген немесе төленуге тиіс жалақының дисконтталмаған сомасы бойынша жұмыста жинақталмайтын ақы төленетін болмау бойынша өлшеуге тиіс.

§ 217. Тану – пайдаға қатысу жоспарлары және сыйлық беру
жүйелері
496. Субъект, егер:
1) субъектінің ағымдағы сәтте заңдық не практикадан туындайтын өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүргізу міндеттемесі болса (субъектіде төлем жүргізуден басқа, ешқандай нақты баламаның жоқ екендігін білдіреді); және
2) міндеттеме сенімді түрде бағаланатын болса, пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге байланысты күтілетін шығындарды тануға тиіс.

§ 218. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы жоспарлары
497. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақы жоспарлары Қызметкерлерге берілетін сыйақылар МСФО (IAS) 19 сәйкес ескеріледі.

§ 219. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары және мемлекеттік зейнетақы жоспарлары

498. Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары және мемлекеттік зейнетақы жоспарлары ресми шарттардың шеңберінен шығатын міндеттемелер практикасынан туындайтын кез келген міндеттемелерді қоса алғанда, жоспардың шарттары негізінде белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары сияқты жіктелуге тиіс. Алайда қолда ақпарат белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары үшін қолданылатын есепке алу тәртібін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары болып табылатын жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарға пайдалану үшін жеткіліксіз болса, субъект:
1) егер ол белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспары болған болса, осы Стандарттың 500-тармағына сәйкес жоспарды ескеруге; және
2) жоспар белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары болып табылатыны фактісін және ол белгіленген жарналары бар жоспар ретінде ескерілетін себепті жоспар құралының көп немесе тапшы екендігі туралы қолда бар ақпаратпен бірге ашуға тиіс.

§ 220. Сақтандырылған сыйақылар
499. Субъект еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы жоспарын қаржыландыру үшін сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Субъект осындай жоспарды субъектіде заңдық немесе практикадан туындайтын мынадай:
1) сыйақы мерзімі басталған кезде қызметкерлерге оны төлеу; немесе
2) егер сақтандырушы қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде қызметкердің қызметіне жататын барлық болашақ сыйақыларды төлемеген жағдайда қосымша сома төлеу міндеттемесі болған кездегі жағдайларды қоспағанда, белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспары ретінде қарастыруға тиіс.
Практикадан туындайтын міндеттеме болашақ сыйлықтарды белгілеу жоспарының, тетігінің шарттарын ескере отырып немесе байланысты тараппен сияқты сақтанушымен қарым-қатынастар нәтижесінде жанама түрде пайда болуы мүмкін. Егер субъектіде осындай түрдегі заңдық немесе практикадан туындайтын міндеттемелер қалатын болса, ол жоспарды белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары ретінде қарауға тиіс.

§ 221. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны тану және өлшеу: белгіленген жарнамалары бар зейнетақы жоспарлары
500. Субъект төленіп қойған соманы шегергеннен кейінгі міндеттеме ретінде кезең үшін төленуге тиіс жарнаны тануы мүмкін.

§ 222. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны тану: белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары
501. Осы Стандарттың 491-тармағында айтылған танудың жалпы қағидатын қолдану кезінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларына субъект:
1) жоспардың таза активтерін шегере отырып, жоспар бойынша міндеттерге қатысты міндеттемені – өзінің белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешегін; және
2) осы кезең ішінде аталған берешектің таза өзгерісін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша шығындар ретінде танығаны жөн.

§ 223. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша
берешекті өлшеу
502. Субъект белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттерге қатысты белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешекті мынадай соманың таза қорытынды шамасы бойынша өлшеуге тиіс:
1) шегере отырып, есепті күні белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша міндеттемелердің келтірілген құнының;
2) міндеттемелерді тікелей орындауға арналған жоспар активтерінің есепті күнгі әділ құнының (егер ондай болса). Осы Стандарттың
174-177-тармақтарында қаржылық активтер болып табылатын жоспар активтерінің әділ құнын анықтау жөніндегі талаптар айтылған.
503. Субъектінің белгіленген төлемдері бар жоспарлар бойынша міндеттемелердің есепті күнге келтірілген құны қызметкерлерге олар бойынша қызметтің неғұрлым кеш жылдары үшін қомақты сыйақылар есептелетін сыйақыларды есептеу формулаларын ескере отырып, әлі кепілдік берілмеген сыйақыларды қоспағанда, ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде қызметкерлер көрсеткен қызметтер үшін оларға тиесілі сыйақылардың есептік шамасын көрсетуге тиіс. Ол үшін субъект ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін тиесілі сыйақылардың мөлшерін анықтауға және сыйақылар бойынша шығындардың шамасына әсер ететін демографиялық ауыспалыға (персоналдың тұрақтамауы және қайтыс болуы сияқты) және қаржылық ауыспалыға (жалақының және медициналық қызмет көрсетудің болашақ ұлғаюы) қатысты есептік бағалау жүргізуге (актуарлық жол берулер жасауға) тиіс. Актуарлық жол берулер әділ (ойланбай істелмейтін, бірақ шектен тыс консервативті емес), өзара бірікпейтін және жоспарға жататын ақшалай қаражаттың болашақ ағынына ең үздік баға алуға мүмкіндік беретіндей түрде таңдап алынған болуға тиіс.

§ 224. Дисконттау
504. Субъект келтірілген құн негізінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемені өлшеуге тиіс. Субъект болашақ төлемдерді жоғары сапалы корпоративтік облигациялардың есепті күнгі нарықтық кірістілігі негізінде дисконттау үшін пайдаланылатын ставканы анықтауға тиіс. Осындай түрдегі облигациялар нарығының жеткілікті тереңдігі болмаған кезде субъект мемлекеттік облигациялардың (есепті күнгі) нарықтық кірістілігін пайдалануға тиіс. Корпоративтік немесе мемлекеттік облигациялар бойынша валюта мен мерзім болашақ төлемдердің валютасы мен есептік мерзіміне сәйкес келуге тиіс.
§ 225. Актуарлық бағалау әдісі
505. Субъект белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша өзінің міндеттемелерін және, ағымдағы кезең қызметтерінің тиісті құнын және осыны қолдануға болатын жерде өткен кезеңдер қызметтерінің құнын анықтау үшін болжамдалатын шартты бірлік әдісін пайдалануға тиіс.

§ 226. Зейнетақы жоспарын құру, өзгерту, ол бойынша секвестрлер мен есептемелер
506. Егер белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары ағымдағы кезеңде құрылған немесе өзгертілген болса, субъект осы өзгерісті көрсету үшін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша өзінің берешегін ұлғайтуға немесе азайтуға тиіс және оның ұлғаюын (азаюын) пайданы немесе залалды өлшеу кезіндегі шығыс (кіріс) ретінде тануға тиіс. Керісінше, егер жоспар секвестрге ұшыраған болса (яғни жоспарда қамтылған қызметкерлердің сыйақылары немесе тобы азайып кетсе) немесе ол бойынша түпкілікті есептеме жүргізілген (жұмыс берушінің міндеттемесі толық өтелген) болса, белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттеме азайтылуға немесе есептен алынуға тиіс, ал субъект пайда болған кірісті немесе залалды пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.

§ 227. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына байланысты активтер
507. Егер есепті күні белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттеме жоспар активтерінің дәл сол күнгі әділ құнынан аз болса, онда осы жоспардың шеңберінде қаражаттың артылуы болады. Субъект жоспар бойынша артылуды ол осы артылуды өтей алатындай бөлігінде не болашақ жарналарды қысқарту жолымен не зейнетақы жоспарынан қаражатты қайтару нысанында белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына байланысты актив ретінде тануға тиіс.

228. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына байланысты шығындар
508. Субъект кезең ішінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша қызметкерлерге төленген сыйақыларға немесе осы кезең ішінде белгіленген төлемдері бар оның зейнетақы жоспарлары бойынша шығындар ретінде жұмыс беруші жасаған жарналарға жататын өзгеріс бөлігінен басқа, өзінің берешегінің таза өзгерісін тануға тиіс. Бұл шығындар пайданың немесе залалдың құрамында танылады. Осы шығындар мынадай:
1) олар осы Стандарттың 12-бөліміне сәйкес қорлардың өзіндік құнына енгізілген; немесе
2) олар осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілген бөлігін қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында танылады.
509. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешектің белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша шығындар ретінде танылған таза өзгеруі мыналарды қамтиды:
1) есепті кезең ішінде қызметкердің қызметтер көрсетуі нәтижесінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешектің өзгеруін;
2) есепті кезең ішінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемеге пайыздарды;
3) есепті кезең ішінде жоспардың активтеріне кірістерді және өтеуге танылған құқықтарының әділ құнының таза өзгеруін;
4) есепті кезең ішінде туындайтын актуарлық пайданы немесе залалды;
5) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша жаңа жоспар құру немесе есепті кезеңде бар шарттардың өзгеруі нәтижесінде туындайтын берешектің ұлғаюын немесе азаюын; және
6) есепті кезеңде бар жоспар бойынша секвестрдің немесе түпкілікті есептеменің нәтижесінде туындайтын белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешектің азаюын.
510. Егер сыйақы болашақ қызметке байланысты болған жағдайда да (басқа сөзбен, оған кепілдік берілмеген жағдайда) қызметкерлердің қызметі белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің туындауына алып келеді. Қызметкердің кепілдік берілген зейнетақы төлемдерін алуға құқығы туындаған сәтке дейінгі қызметі әрбір кейінгі есепті күні қызметкер сыйақы алу құқығын алғанға дейін көрсетуге тиіс болатын қызметтер көлемі азаюына байланысты практикадан туындайтын міндеттемені құрады. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерді өлшеу кезінде субъект кейбір қызметкерлер зейнетақыны кепілдік берілген алу шарттарын қанағаттандырмайтындығына ықтималдықты ескереді. Осылайша, сыйыақының кейбір түрлері еңбек қызметі, мәселен, медициналық қамтамасыз ету аяқталғаннан кейін қызметкер субъектіге енді жұмыс істемейтін кезде белгілі бір оқиғалар басталғаннан кейін ғана төленуге жататындығына қарамастан, міндеттеме қызметкер оның белгілі бір оқиғалар басталған кезде сыйақы алу құқығын қамтамасыз ететін қызметтерді көрсетуі кезінде қалыптасады. Белгілі бір оқиғалардың туындау ықтималдығы міндеттемені өлшеуге әсер етеді, бірақ міндеттеменің болу фактісінің өзін анықтамайды.
511. Егер белгіленген төлемдер болашақ жалақының мөлшеріне негізделген болса, субъект болашақта жалақының күтіліп отырған ұлғаюын көрсететін негізде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша өзінің міндеттемелерін өлшеуге тиіс.
512. Егер белгіленген төлемдер мемлекет қаржыландыратын жоспарлар бойынша төленетін сомаға азайтылатын болса, субъект мемлекеттік жоспарлар бойынша төленетін сыйақылардың әсер етуін көрсететін негізде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша, бірақ тек егер:
1) осы жоспарлар есепті күнге дейін енгізілген болса, немесе
2) өткен тәжірибе не сенімді куәлік осы мемлекеттік сыйақылардың қандай да бір алдын ала белгілі түрде, мысалы, бағаның жалпы деңгейінің немесе жалақының жалпы деңгейінің болашақ өзгерістеріне ұқсас өзгеретінін көрсететін болса, өзінің міндеттемелерін өлшеуге тиіс.
§ 229. Өтеу
513. Субъектіде басқа тарап белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерді өтеу үшін талап етілетін шығындардың бір бөлігін немесе барлығын өтейтініне іс жүзінде сенімділігі бар болса, субъект өтем алуға өзінің құқықтарын жеке актив ретінде тануға болады. Субъект осы активті әділ құн бойынша өлшеуге тиіс. Пайда мен залал туралы есепте белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарына байланысты шығыстар өтеуге танылатын соманы шегере отырып ұсынылуы мүмкін.

§ 230. Қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақылар
514. Қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақыларға мыналар жатады, мысалы:
1) үлкен еңбек өтілі бар қызметкерлер үшін ақысы төленетін демалыс сияқты жұмыста ұзақ мерзімді ақысы төленетін болмау немесе шығармашылық демалыс;
2) қызмет өткерген жылдары үшін мерейтойлық немесе өзге де сыйақылар;
3) еңбекке жарамсыздығына байланысты ұзақ мерзімді жәрдемақылар;
4) қызметкерлер тиісті қызметтер көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі немее одан астам айдан кейін төленуге тиіс пайдаға және сыйлыққа қатысу; және
5) жұмыс істеген кезең аяқталғаннан кейін он екі немее одан астам айдан кейін төленген кейінге қалдырылған өтемақы.
515. Субъект мынадай шаманың таза жиынтық шамасы негізінде өлшенген өзге де ұзақ мерзімді сыйақылар бойынша берешекті тануға тиіс:
1) есепті күні белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің келтірілген құнының;
2) міндеттемелерді тікелей орындауға арналған жоспар активтерінің есепті күнгі әділ құнының (егер осындай бар болса).

§ 231. Шығу жәрдемақылары
516. Субъект заңнамаға сәйкес субъект және қызметкерлер немесе оның өкілдері арасындағы шарт немесе өзге де келісімдер бойынша немесе онда бар қалыптасқан іскерлік практикадан, әдет-ғұрыптардан немесе әділ әрекет ету ниетінен туындайтын міндеттеме бойынша қызметкерлер жұмыстан шығар кезде төлемдер жүргізуге (немесе қандай да бір өзге сыйақылар беруге) тиіс.
517. Шығу жәрдемақылары субъектіге қандай да бір болашақ экономикалық пайданы қамтамасыз етпейтіндіктен, субъект оларды тікелей пайданың немесе залалдың құрамында шығыстар ретінде тануға тиіс.
518. Субъект шығу жәрдемақыларын таныған жағдайда еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақылар секвестрін немесе қызметкерлерге берілетін өзге де сыйақыларды есепке алуды жүзеге асыру қажеттілігі туындауы мүмкін.
519. Субъект:
1) қызметкер зейнеткерлікке шығудың белгіленген мерзіміне дейін жұмыстан шығару жөніндегі; немесе
2) штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан кету ұсынылған қызметкерлерге шығу жәрдемақысын төлеу жөніндегі ресми міндеттеме болған кезде шығу жәрдемақысын міндеттеме мен шығыстар ретінде тануға тиіс.
520. Субъектіде жұмыстан шығарудың егжей-тегжейлі ресми жоспары болғанда және оның күшін жоюға іс жүзінде мүмкіндігі болмағанда ғана жұмыстан шығаруды жүргізуге ресми түрде міндетті.
521. Субъект шығу жәрдемақыларын есепті күнгі міндеттемелерді өтеу үшін қажетті шығындарды ең үздік есептік бағалау негізінде өлшеуге тиіс. Штаттың қысқаруына байланысты жұмыстан шығуға ерікті түрде келісім беруді көтермелеу үшін жасалған ұсыныс жағдайында шығу жәрдемақысының шамасын өлшеу үшін, күтіліп отырғандай, ұсыныспен келісетін қызметкерлердің саны негіз болуға тиіс.
522. Шығу жәрдемақылары есепті күннен кейін 12 айдан астам мерзімде төленуге тиіс болғанда олар келтірілген құн бойынша өлшенуге тиіс.

§ 232. Ақпаратты ашу
523. Осы бөлім қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар туралы белгілі бір ақпаратты ашуды талап етпейді.

§ 233. Белгіленген жарналары бар жоспарлар
туралы ақпаратты ашу
525. Субъект белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары туралы мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) қорға салу саясатын қоса алғанда, жоспардың типін жалпы сипаттауды;
2) субъектінің актуарлық пайда мен залалды және кезең үшін танылған актуарлық пайда мен залалдың сомасын тану жөніндегі есеп саясатын;
3) төленген сыйақылардың сомасын және барлық қалған өзгерістерді жеке көрсете отырып, белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша берешектің бастапқы және түпкі сальдосын мұқият тексеруді;
4) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша берешекті толық қорға алынбайтын жоспарлар бойынша туындайтын сомаға және толық не ішінара қорға алынатын жоспарлар бойынша туындайтын сомаға бөлуді;
5) жоспар активтерінің әділ құнының бастапқы және түпкі сальдосын және актив ретінде танылған өтеуге кез келген құқықтың бастапқы және түркі сальдосын жеке ұсына отырып, бұл қолданылатын кезде:
жұмыс берушінің жарналарын;
жоспарға қатысушылардың жарналарын;
төленген сыйақыларды; және
жоспар активтерінің өзге де өзгерістерін мұқият тексеруді;
6) кезең үшін шығыс ретінде пайданың немесе залалдың құрамында танылған белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша жиынтық шығындарды және олар енгізілген есептің тиісті жолын (жолдарын);
7) кезең үшін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша:
осы Стандарттың 12-бөліміне сәйкес қорлардың өзіндік құнына енгізілген;
осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізілген жиынтық соманы;
8) қамтуға тиіс, бірақ онымен шектеліп қоймайтын жоспар активтерінің негізгі санаттарының әрқайсысы: үлестік аспаптар, борыштық аспаптар, жылжымайтын мүлік және барлық басқа активтер бойынша жоспардың жиынтық активтері әділ құнының құрамында әрбір негізгі санаттың пайыздық немесе құндық түрін;
жоспар активтерінің әділ құнына енгізілген соманы, мыналар:
субъектінің меншікті қаржы аспаптарының әрбір санаты;
субъект алып отырған жылжымайтын мүліктің кез келген объектілері немесе есеп беретін субъект пайдаланатын өзге де активтер бойынша;
9) жоспардың активтеріне іс жүзіндегі кірісті; және
10) қолдануға болатын жерді қоса алғанда, негізгі пайдаланылатын актуарлық жол берулерді:
дисконттау ставкасын;
қаржылық есептерде ұсынылған кезеңдердегі жоспардың барлық активтеріне күтілетін кіріс нормасын;
жалақының күтілетін өсу қарқынын; және
медициналық қызмет көрсетудің құнындағы күтілетін өзгерістерді.

§ 234. Қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақылар туралы ақпаратты ашу
526. Субъект өзінің қызметкерлеріне беретін қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақылардың әрбір санаты бойынша субъект сыйақының сипатын, міндеттеменің сомасын және есепті күнгі қорға алу мәртебесін, сондай-ақ ағымдағы кезең ішінде туындаған кез келген актуарлық пайданың немесе залалдың сомасын және осындай актуарлық пайда мен залалға қатысты өзінің есеп саясатын ашады.

§ 235. Шығу жәрдемақылары туралы ақпаратты ашу
527. Субъект өзінің қызметкерлеріне беретін шығу жәрдемақыларының әрбір санаты бойынша субъект сыйақының сипатын, өзінің есеп саясатын, міндеттеменің мәртебесін және есепті күнгі қорға алу мәртебесін ашады.
528. Шығу жәрдемақысы туралы келісім беретін қызметкерлер санына қатысты белгісіздік болған жағдайда шартты міндеттеме туындайды. Осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес субъектінің міндеттемені өтеу үшін ресурстардың істен шығу ықтималдығы шамалы жағдайда шартты міндеттеме туралы ақпаратты ашуын талап етеді.

28. Пайдаға салынатын салық
529. Осы бөлімге сәйкес субъект операциялар мен басқа да оқиғалардың қазіргі және болашақ салықтық салдарын қаржылық есептерде ескереді. Ағымдағы салықтық міндеттемелер мен активтер төленуге тиіс ағымдағы салыққа немесе өтеулі тиіс салыққа қатысты танылады. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер мен кейінге қалдырылған салықтық активтер болашақ өтеудің немесе субъектінің активтері мен міндеттемелерін салықтық залалды және кредиттерді пайдаланбаудың жекелеген жағдайларын қоспағанда, олардың баланстық құны бойынша өтеудің салықтық салдарына қатысты танылады.

§ 237. Салық базасы
530. Активтің немесе міндеттеменің салық базасы – егер баланс салық заңнамасына сәйкес есепке алу негізі ретінде жасалған болса, танылатын шама.
531. Төменде келтірілген мысалдар салық базасының тұжырымдамасын көрсетеді:
1) Станок 100 бірлік тұрады. Салық салу мақсаттары үшін 30 бірлік сомасындағы амортизация ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде шегеріп тасталған болатын, ал қалған құн болашақ кезеңдерде не амортизация ретінде не істен шығу кезінде шегеру жолымен шегеріп тасталатын болады. Станокты пайдалану нәтижесінде алынған кіріс салық салуға жатады, ал станоктың істен шығуынан болатын кез келген залал салық салу мақсаттары үшін шегерілетін болады. Станоктың салық базасы – 70 бірлікке тең.
2) Төленуге жататын баланстық құн 100 бірлікке тең. Тиісті пайыздық кіріске кассалық негізде салық салынатын болады. Төленуге жататын пайыздардың салық базасы нөлге тең.
3) Сауда дебиторлық берешегінің баланстық құны 100 бірлікке тең. Тиісті кіріс салық салынатын пайдаға (салықтық залалға) енгізіліп қойған. Сауда дебиторлық берешегінің салық базасы 100 бірлікке тең.
4) Қарыз бойынша дебиторлық берешектің баланстық құны 100 бірлікке тең болады. Қарызды өтеудің ешқандай да салықтық салдары болмайды. Қарыздың салық базасы 100 бірлікке тең болады.

§ 238. Уақытша айырмалар
532. Уақытша айырмалар – активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін кезде салық салынатын немесе шегеруге жататын соманың туындауына алып келетін активтің немесе міндеттеменің салық базасы мен оның қаржылық есептердегі баланстық құны арасындағы айырма. Уақытша айырмалар салық салынатын немесе шегерілетін болуы мүмкін:
Салық салынатын уақытша айырмалар – активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін болашақ кезеңдердің салық салынатын пайдасын (салықтық залалын) анықтау кезінде салық салынатын сома нәтижесі болып табылатын айырма.
Шегерілетін уақытша айырмалар – активтің баланстық құны өтелетін немесе міндеттеменің баланстық құны өтелетін болашақ кезеңдердің салық салынатын пайдасын (салықтық залалын) анықтау кезінде шегеруге жататын сома нәтижесі болып табылатын айырма.

§ 239. Уақытша болып табылатын уақытша айырмалар
533. Кейбір уақытша айырмалар кірісті немесе шығысты бір кезеңде, ал салық салынатын пайданы екінші кезеңде бухгалтерлік пайданың немесе залалдың құрамына енгізу кезінде пайда болады. Осындай уақытша айырмалар уақытша айырмалар деп жиі аталады.

§ 240. Уақытша айырмаларға мысалдар
534. Уақытша айырманың нәтижесінде кейінге қалдырылған салық аудиті туындайды, егер:
1) шығындар олар қаржылық есептілік үшін шығыс ретінде танылғаннан неғұрлым кеш кезеңде салықтық міндеттер үшін шегеруге жататын болса, Мысалы:
зейнетақылар немесе қызметкерлерге берілетін өзге де сыйақылар бойынша шығындар қызметкерлердің қызмет ету кезеңдерінде шығыс ретінде танылады, бірақ жарналар немесе төлемдер жүргізілетін кезде болашақ кезеңдерде ғана салықтық мақсаттарда шегеруге жатады;
кепілдіктер бойынша шығыстар тиісті сатулар жүргізілген кезде танылады, бірақ төленген кезде ғана салық салу мақсаттары үшін шегеруге жатады;
салықтық залал өткен немесе ағымдағы кезеңдердің салық салынатын табыстарына қарсы есептеле алмайды, бірақ болашақ салық салынатын пайданы азайту үшін болашақ кезеңдерге ауыстырылуы мүмкін;
сенімсіз борыштар бойынша шығыстар алу үшін шоттардың жинақталмауын бағалай жүргізілген кезде ғана танылады, бірақ клиент банкроттық рәсімін ресми бастаған кезде ғана салық салу мақсаттары үшін шегеруге жатады;
2) кіріс ол қаржылық есептілік мақсаттары үшін танылғаннан неғұрлым ерте кезеңде салық салуға жатады. Мысалы:
клиенттерден алынған аванстарға кассалық негізде салық салынады, бірақ түсім ретінде тану өлшемдеріне әлі жауап бермейді;
қорларға енгізілген, топ деңгейінде сатылмаған топішілік пайда шоғырландыру кезінде реверсияланады;
амортизацияланған құн бойынша есепке алынған қаржы активін сатудан түскен кіріс салық салу мақсаттары үшін танылады, бірақ бұл операция қаржылық есептілік мақсаттары үшін сату ретінде тану өлшемдеріне жауап бермейді.
535. Уақытша айырма нәтижесінде кейінге қалдырылған салық міндеттемесі туындайды, егер:
кіріс ол қаржылық есептілік мақсаттары үшін танылғаннан неғұрлым кеш кезеңде салық салуға жатады. Мысалы:
- активтің әділ құнының ұлғаюы пайданың немесе залалдың құрамында танылады, бірақ бұл ұлғаю активті сату кезінде ғана салық салуға жатады;
- есепке алу мақсаттары үшін кірісті тану шарт немесе операция бойынша жұмыстарды аяқтау сатына сәйкес жүргізіледі (бұл орындау пайызы әдісі деп жиі аталады), бірақ салық салу мақсаттары үшін кіріс шарт немесе операция бойынша жұмыстар аяқтағаннан кейін ғана салық салуға жатады;
- еншілес және қауымдасқан ұйымдардың, филиалдардың және бірлескен қызметтің бөлінбеген пайдасы пайданың немесе залалдың құрамында танылады, бірақ егер пайда бас ұйымға бөлінген кезде ғана одан әрі салық салуға жатады;
- шығыстар қаржылық есептілік мақсаттары үшін шығыс ретінде танылғаннан неғұрлым ерте кезеңде салық мақсаттары үшін шегеруге жатады, Мысалы:
- актив қаржылық есептілік мақсаттары үшін болатыннан сақтық мақсаттары үшін жылдамырақ амортизациялануы мүмкін;
- қарыздар бойынша шығындар немесе әзірлеуге жұмсалған шығындар активтің өзіндік құнының құрамында танылады, бірақ олардың туындауына қарай салық салу мақсаттары үшін шегеруге жатады.

§ 241. Уақытша болып табылмайтын өзге де уақытша айырмалар
536. Мыналар:
1) кірістер немесе залал бір кезеңде ал салық салынатын пайданың құрамында басқа кезеңде есептік пайдадан немесе залалдан тыс танылған кезде;
2) активтер мен міндеттемелерді бизнесті біріктіру, әрі біріктіруден тыс кезіндегі сияқты бастапқы тану кезінде;
3) активтің немесе міндеттеменің салық базасының кезең үшін салық салынатын пайданы қозғамайтын өзгеруі салдарынан туындауы мүмкін жағдайлар уақытша айырмалар болып табылмайды.

§ 242. Гудвилл
537. Егер бизнесті біріктіру нәтижесінде туындайтын гудвилдің баланстық құнының оның салық базасынан айырмашылығы болса, онда уақытша айырма болады. Гудвилді бастапқы тану кезінде туындайтын кейінге қалдырылған салық активі бизнесті біріктіруді есепке алу шеңберінде танылады, осы Стандарттың 545-тармағы гудвилді бастапқы тану кезінде туындайтын кейінге қалдырылған салық міндеттемесін тануға ерекшелікті қамтиды.

§ 243. Шоғырландырылған қаржылық есептердегі уақытша айырма
538. Шоғырландырылған қаржылық есептерде уақытша айырмалар туындайтын екі себеп бар:
1) топтың жеке ұйымының салықтық заңи құзыретіндегі шоғырландырылған қаржылық есептердегі жеке активтердің баланстық құны мен міндеттемелер және олардың салықтық базасы арасындағы айырма;
2) бас ұйымның немесе инвестордың еншілес ұйымға, қауымдасқан ұйымға және бірлескен қызметке инвестицияларының баланстық құны мен инвестордың салықтың заңи құзыретіндегі осы инвестициялардың салықтық базасы арасындағы айырма. Осындай уақытша айырмалар сыртқы базалық айырмалар деп жиі аталады.
539. Шоғырландырылған салықтық есептілік берілетін және салықтар шоғырландырылған соманы пайдалана отырып есептелетін заңи құзыреттерде салықтық база шоғырландырылған сома негізінде анықталады. Салықтар топтың әрбір жеке ұйымы бойынша есептелетін заңи құзыреттерде салықтық базалар әрбір жеке ұйымның салықтарына жататын есептемелер негізінде анықталады.

§ 244. Ағымдағы салықтық міндеттемелерді және ағымдағы салықтық активтерді тану
540. Субъект ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін төленген ағымдағы салыққа қатысты ағымдағы салықтық міндеттемелерді тануға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленіп қойған сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асып түссе, онда субъект асып түсу шамасын актив ретінде тануға тиіс.
541. Субъект өткен кезең үшін ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге ауыстырылуы мүмкін салықтық залалға байланысты пайда мөлшеріндегі активті тануға тиіс.

§ 245. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді және
кейінге қалдырылған салықтық активтерді тану
542. Субъект осы Стандарттың 545-тармағында айтылған жағдайлардан басқа, барлық салық салынатын уақытша айырмалар бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемені тануға тиіс.
543. Субъект осы Стандарттың 545-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кейінге қалдырылған салықтық активті:
1) осы Стандарттың 545-тармағының 2) тармақшасында айтылған жағдайларды қоспағанда, барлық шегерілетін уақытша айырмалар бойынша;
2) пайдаланылмаған салықтық залалды және пайдаланылмаған салықтық кредиттерді болашақ кезеңге ауыстыру;
3) мыналар:
субъект бастапқыда өзіндік құн ретінде танитын соманың немесе активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының өзге нысаны;
күтіліп отырғандай, болашақ кезеңдерде шегерілетін немесе салық салынатын кіріске енгізілетін активке немесе міндеттемеге жататын сома арасындағы айырмалар бойынша тануға тиіс.
Мұндай айырмалар бизнесті біріктіру немесе жеке активтерді немесе міндеттемелерді бастапқы сатып алу кезінде туындауы мүмкін. Мысалы, кейінге қалдырылған салықтық актив немесе міндеттеме бизнесті біріктіру нәтижесінде сатып алынған активке жатқызылатын сома сатып алатын күні оның әділ құны болып табылса, бірақ ол бойынша болашақ салықтық шегерімнің мөлшері сатып алынатын субъект бастапқы шеккен шығындардың шамасымен заң жүзінде шектелген болса, танылады.

§ 246. Активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану
544. Субъект бизнесті біріктіру нәтижесінде де, басқа жағдайда да сатып алынған активті немесе міндеттемені бастапқы тану сәтінде осы Стандарттың 542 және 543-тармақтарында айтылған қағидаттарды қолдануға тиіс. Бастапқы тану кезінде активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құны танылатын кейінге қалдырылған салықтық міндеттеменің немесе активтің сомасына әсер етеді. Тиісінше, егер оның салықтық базасы немесе әділ құны тең болған болса, бастапқы тану кезінде активтің немесе міндеттеменің баланстық құны активте немесе міндеттемеде болуы мүмкін әділ құнға тең болады. Бизнесті біріктіруден тыс субъект:
1) активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының сомасы мен кейінге қалдырылған салықтың туындайтын сальдосы; және
2) төленген немесе алынған сома арасындағы ез келген айырманы кейінге қалдырылған салық сальдосын түзету ретінде тануға тиіс.

§ 247. Кейінге қалдырылған салықтарды танудың негізгі қағидаттарына берілетін ерекшеліктер
545. Кейінге қалдырылған салықтарды танудың негізгі қағидаттарына ерекшеліктер:
1) Субъект кейінге қалдырылған салықтық активті оның болашақ салық салынатын пайдасы кейінге қалдырылған салықтық активті өтеуге мүмкіндік беретініне ықтималдық болатын дәл сол сомада таниды.
2) Субъект уақытша айырма күтілетін болашақта реверсияланатын болатынына ықтималдық болатын жағдайларды қоспағанда, салық төлеу бойынша кейінге қалдырылған шығысты (салықты өтеуден түскен кірісті) немесе еншілес ұйымдардың, филиалдардың, қауымдасқан ұйымдардың және бірлескен қызметтің бөлінбеген пайдаға байланысты салық салынатын уақытша айырмалар бойынша тиісті салықтық міндеттемені (активті) танымайды.
3) Субъект гудвилді бастапқы тануға байланысты салық салынатын уақытша айырмалар бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемені танымайды.

§ 248. Тікелей меншікті капиталда тану
546. Субъект нәтижесінде осы уақытша айырма туындаған кіріс немесе шығыс тікелей капиталда танылған болса, ағымдағы немесе кейінге қалдырылған салық міндеттеменің не ағымдағы немесе кейінге қалдырылған салықтық активтің өзгерістерін пайданың немесе залалдың құрамында емес, тікелей меншікті капиталда таниды.

§ 249. Ағымдағы салықтық активтер мен міндеттемелерді өлшеу
547. Субъект ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салықтық міндеттемелерді (активтерді) және есепті күнгі жағдай бойынша қабылданған немесе мәні бойынша қабылданған салық ставкаларын)салық заңнамасын пайдалана отырып, салық органдарына төлеу (олардан өтем алу) ұйғарылып отырған соманың мөлшерінде өлшейді.

§ 250. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді (активтерді) өлшеу
548. Субъект, күтіліп отырғандай, салық ставкалары (және салық заңнамасы) негізінде активті сату немесе міндеттемені өтеу кезеңіне қолданылатын салық ставкаларын пайдалана отырып, кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелерді және салық бойынша тиісті шығысты (өтеуден түсетін кірісті) өлшейді.

§ 251. Дисконттау
549. Кейінге қалдырылған салықтық активтерге және кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерге байланысты болашақта ақша қаражатының ағындары туындайтын болса да, субъект ақшаның уақытша құнын көрсету үшін оларды дисконттамауға тиіс.

§ 252. Салық ставкасын таңдау
550. Салық салынатын пайданың әр түрлі деңгейлеріне әр түрлі салық ставкалары қолданылатын кезде субъект қабылданған немесе мәні бойынша қабылданған салық ставкаларының орташа мәнін пайдалана отырып, күтіліп отырғандай, уақытша айырмаларды өтеу күтілетін кезеңдердің салықтық пайдасына (салықтық залалға) қолданылатын салық бойынша кейінге қалдырылған шығысты (өтеуден түсетін кірісті) және сәйкес кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді (активтерді) өлшеуге тиіс.
551. Салық бойынша кейінге қалдырылған шығысты (өтеуден түскен кірісті) және тиісті кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді (активтерді) өлшеу субъект есепті күні өз активтері мен міндеттемелерінің баланстық құнын өтеуді немесе жабуды ұйғарып отырған әдіске қарай туындауы мүмкін салықтық салдарды көрсетуге тиіс. Мысалы, егер уақытша айырма, күтіліп отырғандай, болашақ кезеңде құнның өсуінен алынатын пайда сияқты салық салынатын кірістер бабы бойынша туындайтын болса, онда салық бойынша тиісті кейінге қалдырылған шығыс құнның өсуінен алынатын пайдаға қатысты әрекет ететін салық ставкасы негізінде өлшенетін болады.

§ 253. Кейінге қалдырылған салықтық активтерді қайта қарау
552. Субъект әрбір есепті күні кейінге қалдырылған салықтық активтің баланстық құнын қайта қарауға тиіс. Субъект кейінге қалдырылған салықтық активтің баланстық құнын азайтуға және салық бойынша шығысты осы актив құнсызданған дәрежеде, яғни осы кейінге қалдырылған салықтық активті өтеуге мүмкіндік беретін жеткілікті салық салынатын пайда алынатынына ықтималдық енді болмайтын дәрежеде ұлғайтады. Субъект осындай азайтуды жеткілікті салық салынатын пайданың болу ықтималдығы кейіннен пайда болатын дәрежеде реверсиялағаны жөн.

§ 254. Дивидендтерге салынатын салықты ұстап қалу
553. Ұйым өзінің акционерлеріне дивидендтер төлеген кезде оған акционерлердің атынан салық органдарына осы дивидендтердің бір бөлігін төлеу туралы талап қойылуы мүмкін. Салық органдарына төленген немесе төленуге тиіс осындай сома дивидендтердің бір бөлігі ретінде капиталда тікелей танылады.

§ 255. Ақпаратты ашу
554. Субъект салық бойынша шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) негізгі компоненттерін жеке ашады. Салық бойынша шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) осындай компоненттері мыналарды қамтуы мүмкін:
1) салық бойынша ағымдағы шығыстарды (салықты өтеуден түсетін кірістерді);
2) алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық бойынша кезеңде танылған кез келген түзетулерді;
3) уақытша айырмалардың пайда болуына және реверсиялауға байланысты салық бойынша кейінге қалдырылған шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) шамасын;
4) салық ставкаларындағы өзгерістерге немесе жаңа салықтарды енгізуге байланысты салық бойынша кейінге қалдырылған шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) шамасын;
5) салық бойынша ағымдағы шығысты азайту үшін пайдаланылатын алдыңғы кезеңге жатқызылатын бұрын танылмаған салықтық залалдан, салықтық кредиттерден немесе уақытша айырмалардан туындайтын пайданың сомасын; және
6) кейінге қалдырылған салықтық активтің құнсыздануы немесе алдыңғы құнсыздануын реверсиялау нәтижесінде туындайтын салық төлеу бойынша кейінге қалдырылған шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) шамасын.
555. Субъект мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
1) капиталда тікелей танылатын баптарға жататын жиынтық ағымдағы және кейінге қалдырылған салықты;
2) әрбір елеулі айырма бойынша ақпаратты аша отырып, салық бойынша танылған шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) және пайданы қолданылатын салық ставкасына(ларына) көбейту жолымен есептелуі мүмкін салық бойынша шығыстың (салықты өтеуден түсетін кірістің) арасындағы сандық мұқият тексеруді;
3) алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда қолданылатын салық ставкасының(ларының) өзгеруін түсіндіруді;
4) баланста олар бойынша кейінге қалдырылған салықтық актив танылмаған уақытша айырмалардың, пайдаланылмаған салықтық залал мен кредиттердің сомасын (және, егер болса, қолданылу мерзімі бітетін күнді); және
5) олар бойынша салықтық міндеттемелер танылмаған еншілес ұйымдарға, филиалдарға және қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке салынатын инвестицияларға байланысты уақытша айырмалардың жиынтық шамасын;
6) оларға қатысты кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер танылмаған гудвилді бастапқы тануға байланысты уақытша айырмалардың жиынтық шамасын.

29. Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік

§ 256. Қолданылуы
557. Елдің экономикалық ортасының белгілі бір сипаттамалары гиперинфляцияның белгісі болып табылады. Егер инфляцияның кумулятивтік көрсеткіші үш жылға жақындаса немесе 100 %-дан асса, экономика гиперинфляциялық болып табылады.
558. Функционалдық валютасы гиперинфляциялық экономиканың валютасы болып табылатын субъект осы Стандартқа сәйкес қаржылық есептерді дайындау және беру кезінде Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік ХҚЕС (ІAS) 29-ды қолдануға тиіс.
559. Қысқаша, ХҚЕС (ІAS) 29 Гиперинфляциялық экономикалық шарттарындағы қаржылық есептілік гиперинфляциялық экономиканың валютасы болып табылатын ұйымның қаржылық есептері есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ұсынылған валютада берілуін талап етеді. Алдыңғы кезеңдер үшін тиісті көрсеткіштер және неғұрлым ерте кезеңдерге қатысты кез келген ақпарат сондай-ақ есепті кезеңнің соңында қолданылатын өлшем бірліктерінде берілуге тиіс. Таза монетарлық ұстаным бойынша кіріс немесе залал пайданың немесе залалдың құрамына енгізілуге және жеке ашылуға тиіс.

30. Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру

§ 257. Қолданылуы
560. Субъект шетелдік операцияларды екі тәсілмен жүргізе алады. Ол операцияларды шетелдік валютада жүргізе алады немесе қызметті шетелде жүзеге асыра алады. Бұдан басқа, субъект өзінің қаржылық есептерін шетелдік валютада ұсынуы мүмкін. Осы бөлім субъектінің қаржылық есептерінде шетелдік валютадағы операцияларды және шетелдік қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын операцияларды көрсету тәсіліне, қаржылық есептерді ұсынылған валютаға ауыстыру тәсіліне нұсқама береді. Шетелдік валютада көрсетілген қаржы аспаптарын есепке алу және шетелдік валютадағы баптарды хеджирлеу операцияларын есепке алу осы Стандарттың 11-бөлімінде қаралады.

§ 258. Функционалдық валюта
561. Әрбір субъект өзінің функционалдық валютасын белгілеуге тиіс. Функционалдық валюта – субъект жұмыс істейтін негізгі экономикалық ортаның валютасы.
562. Қазақстан Республикасында теңге функционалдық валюта болып табылады.

§ 259. Шетелдік валютадағы операцияларды функционалдық
валютада көрсету
563. Шетелдік валютадағы операция – ол кезде субъект:
1) бағасы шетелдік валютада көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
2) ол бойынша төленуге немесе алынуға тиіс сома шетелдік валютада көрсетілген қарыздарды ұсынатын немесе алатын; немесе
3) қандай да бір өзге түрде активтерді сатып алатын немесе сататын, өзіне шетелдік валютада көрсетілген міндеттемелерді алатын немесе өтейтін операцияны қоса алғанда, ол бойынша түпкі есептеме шетелдік валютада көрсетілген немесе жүргізілуі тиіс валюта.
564. Шетелдік валютада бастапқы тану кезінде субъект шетелдік валютадағы сомаға операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы спот-бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс.
565. Операция күні – операция осы Стандартқа сәйкес тану өлшемдерін алғаш рет қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция күніндегі іс жүзіндегі бағамның жуық мәні болып табылатын бағам жиі қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезең ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамының едәуір ауытқуы кезінде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.

§ 260. Кейінгі есепті кезеңдердің соңындағы есептілік
566. Әрбір есепті кезеңнің соңында субъект:
1) жабу бағамын пайдалана отырып, шетелдік валютадағы монетарлық баптарды аударуға;
2) операция күніндегі валюта айырбастау бағамын пайдалана отырып, шетелдік валютада тарихи құн бойынша өлшенетін монетарлық баптарды аударуға; және
3) әділ құнды анықтайтын күнгі валюта айырбастау бағамын пайдалана отырып, шетелдік валютада әділ құн бойынша өлшенетін монетарлық баптарды аударуға тиіс.
567. Субъект монетарлық баптар бойынша түпкі есеп айырысу кезінде немесе кезең ішінде немесе алдыңғы қаржылық есептерде осы Стандарттың 570-тармағында сипатталған жағдайды қоспағанда, олар туындайтын кезеңде пайданың немесе залалдың құрамында бастапқы тану кезінде олар аударылғандардан айырмашылығы бар бағамдар бойынша монетарлық баптарды аудару кезінде туындайтын бағамдық айырмаларды тануға тиіс.
568. Монетарлық емес баптан түсетін кіріс немесе болатын залал капиталда тікелей танылатын кезде субъект валюта бағамының тікелей капиталда өзгеруіне байланысты осындай кірістің немесе залалдың кез келген компонентін таниды. Керісінше, егер монетарлық емес түсетін кіріс немесе залал пайданың немесе залалдың құрамында танылатын болса, субъект валюта бағамдарының өзгеруіне байланысты осындай пайданың немесе залалдың кез келген компонентін пайданың немесе залалдың құрамында таниды.

§ 261. Шетелдік қызметке алынатын инвестициялардың таза сомасы
569. Субъектіде шетелдік қызметтен алуға немесе төленуге тиіс монетарлық бап болуы мүмкін. Таяу болашақта ол бойынша түпкі есеп айырысу жоспарланбайтын немесе ықтималдығы төмен бап, шындығында, субъектінің осы шетелдік қызметке инвестициясының таза сомасының бір бөлігі болып табылады және осы Стандарттың 570-тармағына сәйкес есепке алынады. Осындай монетарлық баптар ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті немесе қарыздарды қамтуы мүмкін. Олар сауда дебиторлық берешегін немесе сауда кредиторлық берешегін қамтымайды.
570. Есеп беріп отырған субъектінің шетелдік қызметке салатын инвестициясының таза сомасының бір бөлігін құрайтын монетарлық бап бойынша туындайтын бағамдық айырмалар есеп беріп отырған субъектінің жеке қаржылық есептерінде немесе шетелдік қызметтің жеке қаржылық есептерінде пайданың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс. Шетелдік қызметті қамтитын және есеп беріп отырған субъектінің қаржылық есептерінде (мысалы, шетелдік қызмет еншілес ұйым болып табылатын жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептерде) осындай бағамдық айырмалар бастапқыда капиталдың жеке компонентінде танылуға және осы Стандарттың 581-тармағына сәйкес инвестицияның таза сомасы істен шыққан кезде пайданың немесе залалдың құрамында көрсетілуге тиіс.

§ 262. Шетелдік валюта бағамының өзгеруі
571. Субъект шетелдік валютаның бағамы өзгерген жағдайда осы өзгерістің күнінен бастап аудару рәсімдерін қолдану қажет.
572. Субъектінің функционалдық валютасы субъектіге жататын негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, функционалдық валюта белгіленгеннен кейін ол осы негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайлардың өзгеруі шартымен ғана өзгертілуі мүмкін. Мысалы, негізінен, тауарлар мен қызметтердің сату бағасына әсер ететін валютаның өзгеруі субъектінің функционалдық валютасының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
573. Шетелдік валюта бағамының өзгеру әсері перспективалы түрде ескеріледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект өзгерген күнгі валютаның айырбас бағамын пайдалана отырып, барлық баптарды жаңа функционалдық валютаға ауыстырады. Алынған, осылайша монетарлық баптардың ауыстырылған сомасы олардың тарихи құны ретінде қаралады. Бұрын осы Стандарттың 570-тармағына сәйкес капиталда жіктелген, шетелдік қызметті ауыстырудан туындайтын бағамдық айырмалар осы қызмет істен шыққанға дейін пайданың немесе залалдың құрамында танылмауға тиіс.

§ 263. Функционалдық валютадан айырмашылығы бар ұсынатын валютаның пайдаланылуы
574. Егер есептілік валютасының субъектінің функционалдық валютасынан айырмашылығы болса, онда ол өз қызметінің нәтижелерін және қаржылық жағдайын есептілік валютасына ауыстыруға тиіс. Мысалы, егер топ әр түрлі функционалдық валюталары бар жекелеген ұйымдарды қамтитын болса, онда әрбір ұйымның қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайы шоғырландырылған қаржылық есептерді ұсыну үшін жалпы валютада көрсетіледі.
575. Функционалдық валютасы гиперинфляциялық экономика болып табылмайтын субъект мынадай рәсімдерді пайдалана отырып, қызметтің нәтижелері мен қаржылық жағдайын басқа есептілік валютасына ауыстыра алады:
1) әрбір ұсынылған баланстағы актив мен міндеттемелер (яғни салыстырма соманы қоса алғанда) тиісті баланс күні жабу бағамы бойынша ауыстырылуға тиіс;
2) пайда мен залал туралы әрбір есептегі кірістер мен шығыстар (яғни салыстырма соманы қоса алғанда) операцияларды жасау күнгі валютаның айырбас бағамдары бойынша ауыстырылуға тиіс; және
3) барлық туындайтын бағамдық айырмалар капиталдың жеке компоненті ретінде танылуға тиіс.
576. Практикалық тұрғыдан алғанда, субъект операция күнгі валютаның айырбас бағамдарына шамамен тең бағамдарды, мысалы, кірістер мен шығыстардың баптарын ауыстыру үшін кезең үшін орташа бағамды пайдалануы мүмкін. Алайда валютаның айырбас бағамдарында едәуір ауытқулар болған кезде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.
577. Осы Стандарттың 575-тармағында айтылған бағамдық айырмалар мыналардың нәтижесінде туындайды:
1) кірістер мен шығыстарды операция күнгі валютаның айырбас бағамдары бойынша, ал активтер мен міндеттемелерді жабу бағамы бойынша ауыстыру. Осындай бағамдық айырмалар пайданың немесе залалдың құрамында танылған кірістер мен шығыстардың баптары бойынша да, капиталда тікелей танылатын баптар бойынша да туындайды;
2) алдыңғы жабу бағамынан айырмашылығы бар жабу бағамы бойынша кезеңнің басындағы таза активтерді ауыстыру.
Бағамдық айырмалар шоғырландырылған шетелдік қызметке жататын, бірақ толық меншікте емес болса, ауыстырудан туындайтын және азшылық үлесіне жататын жинақталған бағамдық айырмалар азшылық үлесіне жатады және шоғырландырылған баланста оның бір бөлігі ретінде танылады.
578. Функционалдық валютасы гиперинфляциялық экономика болып табылмайтын субъект қызметтің нәтижелері мен қаржылық жағдайды ХҚЕС ІАS Валюталардың айырбас бағамы өзгеруінің әсері 21-ге сәйкес басқа есептілік валютасына ауыстыруға тиіс.

§ 264. Шетелдік қызметті инвестор ұсынатын валютаға ауыстыру
579. Шетелдік қызметтің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайын есеп беріп отырған субъектінің қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайына қосу осы Стандарттың 9 және 14-бөлімдеріне сәйкес еншілес кәсіпорынның топішілік қалдықтарын және топішілік операцияларын алып тастау ретінде шоғырландырудың қарапайым рәсімдеріне сәйкес орындалуға тиіс. Алайда қысқа мерзімді сондай-ақ ұзақ мерзімді топішілік монетарлық актив (немесе міндеттеме) шоғырландырылған қаржылық есептердегі валютаның айырбас бағамы ауытқуларының әсерін көрсетпестен, тиісті топішілк міндеттемеге (немесе активке) қарсы есепке алына алмайды. Бұл монетарлық бап бір валютаны екіншісіне ауыстыру жөніндегі міндеттемені білдіретінімен және есеп беріп отырған субъектіні валютаның айырбас бағамының ауытқуы нәтижесінде кірістің немесе залалдың туындау тәуекеліне ұшырататынымен түсіндіріледі. Тиісінше, есеп беріп отырған субъектінің шоғырландырылған қаржылық есептеріндегі осындай бағамдық айырма әлі де пайданың немесе залалдың құрамында танылады, егер ол осы Стандарттың 570-тармағында айтылған жағдайларда туындайтын болса, шетелдік қызметтің істен шығу сәтіне дейін оны субъект капиталда көрсетуге тиіс.
580. Шетелдік қызметті сатып алу және осы шетелдік қызметті сатып алу кезінде туындайтын оның активтері мен міндеттемелерінің баланстық құнын оларды әділ құн бойынша көрсету мақсатында түзету кезінде туындайтын гудвилл шетелдік қызметтің активтері мен міндеттемелері ретінде ескерілуге тиіс. Осылайша, олар шетелдік қызметтің функционалдық валютасында көрсетілуге және осы Стандарттың 575-тармағына сәйкес жабу бағамы бойынша ауыстырылуға тиіс.

§ 265. Шетелдік қызметтің істен шығуы
581. Шетелдік қызмет істен шыққан кезде осы шетелдік қызметке жататын капиталдың жеке компонентінде кейінге қалдырылған бағамдық айырмалардың жинақталған сомасы істен шығудан түсетін кіріс немесе залал танылатын сәтте залалдың немесе залалдың құрамында танылуға тиіс.

§ 266. Ақпаратты ашу
582. Осы Стандарттың 584 және 586-тармақтарындағы функционалдық валютаға сілтемелер топ жағдайында бас ұйымның функционалдық валютасына жатады.
583. Субъект мынаны ашуға тиіс:
1) осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес пайданың немесе залалдың құрамында әділ құн бойынша өлшенген қаржылық аспаптар бойынша туындайтындарды қоспағанда, пайданың немесе залалдың құрамында танылған бағамдық айырмалар сомасын; және
2) капиталдың жеке компонентінде жіктелетін таза бағамдық айырмаларды және кезеңнің басы мен соңындағы осы бағамдық айырмалардың сомасын мұқият тексеруді.
584. Субъект қаржылық есептер ұсынылатын валюта туралы ақпаратты ашуға тиіс. Егер есептілік валютасының функционалдық валютадан айырмашылығы болса, субъект осы фактіні функционалдық валюта туралы ақпаратты аша отырып көрсетуі қажет.
585. Есеп беріп отырған субъектінің немесе субъектінің едәуір шетелдік қызметінің функционалдық валютасы өзгерген жағдайда осы фактіні және функционалдық валютаның өзгеру себебін ашу қажет.
586. Субъект қосымша қаржылық ақпаратты оның функционалдық валютасынан да, оның ұсынатын валютасынан да айырмашылығы бар валютада ұсынған кезде субъект:
1) осы Стандарттың талаптарына жауап беретін оның ақпаратынан айыру үшін осы ақпаратты қосымша ретінде анық белгілеуге;
2) қосымша ақпарат келтірілетін валютаны ашуға; және
3) субъектінің функционалдық валютасын және қосымша ақпаратты анықтау үшін пайдаланылған ауыстыру әдісін ашуға тиіс.

31. Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар

§ 267. Анықтама
587. Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғалар – бұл есепті кезеңнің аяқталуы мен қаржылық есептерді шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде болатын қолайлы да, қолайсыз да оқиғалар. Осындай оқиғалар екі типке бөлінеді:
1) есепті кезеңнің аяғында болған жағдайларды растайтын оқиғалар (есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетуші оқиғалар); және
2) есепті кезең аяқталғаннан кейін туындаған жағдайлар туралы куәландыратын оқиғалар (есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетпейтін оқиғалар).
588. Есепті кезең аяқталғаннан кейінгі оқиғаларға, егер олар субъектінің пайдасы туралы деректерді немесе басқа кез келген қаржылық ақпаратты жариялағаннан кейін болған болса да, қаржылық есептерді шығаруға бекіту күніне дейін барлық оқиғалар жатады.

§ 268. Есепті кезең аяқтағаннан кейінгі түзетуші оқиғалар
589. Субъект есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетуші оқиғаларды көрсету үшін тиісті ашуды қоса алғанда, қаржылық есептерде танылған соманы түзетуге тиіс.
590. Төменде субъект қаржылық есептерде танылған соманы түзету жолымен немесе бұрын танылмаған баптарды тану жолымен ескеруге тиіс есепті кезең аяқталғаннан кейінгі түзетуші оқиғаларға мысалдар келтірілген:
1) субъектіде есепті кезеңнің соңында бар міндеттеменің болу фактісі расталған есепті кезең аяқталғаннан кейін болған сот дауын реттеу. Субъект осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес осы сот дауы жататын бұрын танылған бағалау міндеттемесін түзетеді немесе жаңа бағалау міндеттемесін таниды. Субъектінің шартты міндеттемені ғана тануы жеткіліксіз, өйткені реттеу осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес қаралатын қосымша дәлелдерді береді;
2) ақпаратты есепті кезеңнің соңында болған активтің құнсыздануы туралы немесе осы активтің құнсыздануынан болған бұрын танылған залалды түзету қажеттілігі туралы куәландыратын есепті кезең аяқталғаннан кейін алу. Мысалы:
сатып алушының есепті күннен кейін болған банкроттығы, әдетте, есепті күні сауда дебиторлық берешегі бойынша залалдың болғанын растайды әрі сауда дебиторлық берешегінің баланстық құнын түзетуі қажет; және
қорларды есепті кезең аяқталғаннан кейін жүргізілген сату есепті кезеңнің соңындағы олардың сатылу бағасы туралы куәлік ете алады;
3) есепті кезең аяқталғаннан кейін есепті кезең аяқталғанға дейін сатып алынған активтердің өзіндік құнын немесе есепті кезең аяқталғанға дейін сатылған активтерді сатудан түскен түсімдерді анықтау;
4) егер есепті кезеңнің соңында субъектіде заңдық міндеттеме немесе осындай төлемдерді практикадан туындайтын, осы күнге дейін болған оқиғаларға байланысты жүргізу міндеттемесі болған болса, есепті кезең аяқталғаннан кейін пайдаға немесе сыйлық беруге қатысу жоспарлары бойынша төлемдердің сомасын анықтау;
5) қаржылық есептердің дұрыс еместігін растайтын алаяқтық фактілері мен қателіктерді анықтау.

§ 269. Есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлар
591. Субъект есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайларды көрсету үшін қаржылық есептер болып танып, қабылданған сомаларды түзетуге тиісті емес.
592. Есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлардың үлгісі болып есепті кезеңнің аяқталуы мен қаржылық есептерді шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде инвестициялар құнының төмендеуі болып табылады. Нарықтық құнның түсуі әдетте есепті кезеңнің соңындағы инвестицияның жағдайымен байланысты болмайды, алдағы уақытта туындайтын міндеттемелерді көрсетеді. Сондықтан субъект мұндай инвестицияларға қатысты қаржылық есептерде танып, қабылданған сомаларды түзетпейді. Осыған ұқсас жағдайда субъект осы Стандарттың 595-тармағына сәйкес оған қосымша ашуды беру мүмкіндігі болса да бұл инвестициялар бойынша есепті кезеңнің соңындағы ашу сомаларын түзетпейді.

§ 270. Дивидендтер
593. Егер субъект есепті кезең аяқталғаннан кейін үлестік құралдардың иелеріне дивидендтерді жарияласа, онда ол есепті кезеңнің соңындағы міндеттеме ретінде бұл дивидендтерді танып, қабылдауы тиіс.

§ 271. Ақпаратты ашу
594. Субъект қаржылық есепті шығаруға бекіту күнін және қаржылық есепті шығаруға бекіткен лауазымды тұлғаны (орган) ашады. Егер ұйым иелері немесе басқа тұлғалар қаржылық есептер шыққаннан кейін оған түзетулер енгізуге құқылы болған жағдайда, субъект бұл фактіні ашқаны жөн.
595. Субъект есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлардың әрбір санаты бойынша мынадай ақпаратты ашады.
1) жағдайдың сипаты; және
2) оның қаржылық салдарын бағалауды немесе мұндай бағалаудың мүмкін еместігі туралы өтініш.
596. Төменде есепті кезең аяқталғаннан кейін түзетілмейтін жағдайлардың үлгілері берілген, бұлар бойынша әдетте ашу талап етіледі:
1) ірі бизнес бірлестігі немесе ірі еншілес ұйымның шығуы;
2) қызметін тоқтату жөніндегі жоспарды жариялау;
3) осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес активтерді қомақты көлемде сатып алу, сатуға арналған активтерді жіктеу, активтердің басқа да шығуы немесе активтердің басым бөлігін мемлекеттің экспроприациялауы;
4) өрттің нәтижесінде субъектінің ірі өндірістік қуаттарының жойылуы;
5) ірі ауқымды қайта құрылымдау туралы хабарландыру немесе оны іске асырудың басталуы;
6) әдеттегі акциялармен ірі операциялар және ықтимал әдеттегі акциялармен операциялар;
7) активтер құны мен валюта айырбастау курстарының әдеттен тыс үлкен өзгерістері;
8) қабылданған және жарияланған, ағымдағы және кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелерге елеулі әсер ететін салық ставкаларының немесе салық заңнамаларының өзгеруі;
9) елеулі міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді, мысалы елеулі кепілдіктерді беру кезінде қабылдау;
10) есепті кезең аяқталғаннан кейін болған ерекше жағдайларға байланысты ірі сот тексерулерінің басталуы.

32. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу

§ 272. Негізгі талаптар
597. Осы бөлім субъектінің байланысты тараптардың болуы, өтелмеген сальдо және мұндай тараптармен операциялар қаржылық жағдайға және пайда мен залалға әсерін тигізу мүмкіндігіне назар аудару үшін қажетті ақпараттарды ашуды өзінің қаржылық есептеріне енгізуін талап етеді.
598. Байланысты тараптар арасындағы өзара қарым-қатынастардың болуы мүмкін әрбір жағдайын қарау кезінде оларды заңды нысанына ғана емес, қарым-қатынастың мәніне де назар аудару қажет.
599. Тарап мынадай жағдайда ұйыммен байланысты болып табылады:
1) тарап бір немесе одан көп делдалдар арқылы тікелей немесе жанама түде:
ұйымды бақылағанда, оның бақылауында болғанда немесе онымен ортақ бақылауда болғанда (бұл бас ұйымды, еншілес ұйымдарды және бір бас ұйымның еншілес ұйымдарын қамтиды);
ұйымға едәуір әсер ете алатын ұйымға қатысу үлесі болғанда;
ұйымға бірлескен бақылау жасағанда;
2) тарап ХҚЕС (IAS) Инвестицияларды қауымдасқан ұйымдарға есепке алу 28-ге сәйкес қауымдасқан ұйым болып табылғанда;
3) тарап бірлескен қызметті жүзеге асырады, онда ұйым ХҚЕС (IAS) Бірлескен қызмкетке қатысу 31-ге сәйкес қатысушы болып табылады.
4) тарап ұйымның немесе оның бас ұйымының жоғарғы буыны басқару персоналының құрамына кіреді;
5) тарап осы тармақтың 1) немесе 4) тармақшаларында санамаланған адамдар отбасының жақын мүшесі болғанда;
6) тарап онымен бақыланатын, онымен ортақ бақылауда болатын немесе оның едәуір ықпалында болатын ұйым болып табылғанда немесе егер осындай ұйымдағы дауыстардың едәуір саны тікелей немесе жанама түрде осы тармақтың 4) немесе 5) тармақшаларында санамаланған адамдардың кез келгеніне тиесілі болғанда; немесе 7) тарап ұйымның қызметкерлеріне немесе осы ұйымға қатысты байланысты тарап болып табылатын кез келген ұйымның қызметкерлеріне арналған еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақылар жоспары болып табылғанда.
600. Осы Стандарттың мән мәтінінде мыналарды:
1) ортақ бір директоры немесе жоғары буынның басқарушы қызметкерлерінің өзге мүшесі болған кезде ғана екі ұйымды;
2) бірлескен қызметті бірлесіп бақылағаны үшін ғана бірлескен қызметтің екі қатысушысын;
3) мынадай тараптармен:
қаржы ресурстарын ұсынатын тараптармен;
кәсіподақтармен;
коммуналдық қызметтермен; және
мемлекеттік мекемелермен және ведомстволармен;
осы экономикалық тәуелділік нәтижесінде туындайтын негізде ғана көлемі бойынша ұйым елеулі мәмілелер жасайтын клиентпен, өнім берушімен, франшизодательмен, дистрибьютормен немесе бас агентпен олардың ұйыммен жасасқан әдеттегі мәмілелерінің негізінде ғана (олар ұйымның іс-қимыл бостандығына ықпал етуі немесе ұйымның шешім қабылдау процесіне қатысуы мүмкін болса да) байланысты тараптар деп есептеу міндетті емес.

§ 273. Қарым-қатынастар туралы ақпаратты ашу
601. Негізгі және еншілес ұйымдар арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат бұл байланысты тараптармен операция жүргізілгеніне қарамастан, ашылады. Ұйым, егер бақылаудың негізгі құқығын иеленген негізгі ұйым болып табылмаса, өзінің негізгі ұйымы мен өзге ұйымның атауын ашуы тиіс. Егер негізгі ұйым немесе бақылаудың негізгі құқығын иеленген тарап пайдаланушылардың ауқымды ортасына арналған қаржылық есебін бермесе, онда мұндай есепті берген негізгі ұйымның атауын да ашады.

§ 274. Жоғары буынның басқарушы қызметкерлерінің
өтемақылары туралы ақпаратты ашу
602. Жоғары буынның басқарушы қызметкерлері – осы субъектінің директорларын қоса алғанда, тікелей және жанама құзыреттері бар және субъектінің қызметін жоспарлауға, басқаруға және бақылауға жауапты адамдар. Өтемақы акцияларға негізделген төлемдер нысанында қызметкерлерге берілетін сыйлықақыларды қоса алғанда, осы Стандарттың 27-бөліміне сәйкес қызметкерлерге берілетін сыйлықақылардың барлық түрін қамтиды. Қызметкерлерге марапаттау – бұл төленетін, төленуі тиіс немесе субъект не субъектінің атынан (мысалы, оның негізгі ұйымы немесе акционері) субъект көрсеткен қызметтің орнына берілетін өтемдердің барлық түрлері. Олар негізгі ұйымның атынан ұйымға қатысты төленетін өтемдерді де қамтиды.
603. Субъект жоғары буынның басқарушы қызметкерлеріне берілетін өтемақы туралы ақпаратты жиынтық түрде және мынадай санаттар бойынша ашуы тиіс:
1) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімдік сыйлықақылар;
2) еңбек жолы аяқтағаннан кейін берілетін сыйлықақылар;
3) қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімдік сыйлықақылар;
4) шығу жәрдемақысы; және
5) акцияларға негізделген төлемдер.

§ 275. Байланысты тараптар арасындағы операциялар
туралы ақпаратты ашу
604. Байланысты тараптар арасындағы операциялар – төлемдердің жүргізілу, жүргізілмеуіне қарамастан, байланысты тараптар арасында ресурстарды, қызметтерді немесе міндеттемелерді беру. Байланысты тараптар арасындағы операциялардың үлгілері мыналарды қамтиды және бұлармен шектелмейді:
1) субъектілер мен оның негізгі иесі (иелері) арасындағы операциялар;
2) екі субъект арасындағы операциялар операция жүргізу барысында екі ұйым да бір ұйымның не тұлғаның бақылауында болған екі субъект арасындағы операциялар.
3) операция жүргізу барысында есеп беретін субъектіні бақылаушы субъект не тұлға олай болмаған жағдайда есеп беруші субъект өтейтін шығыстарды тікелей көтереді.
605. Егер байланысты тараптар арасындағы операциялар болса, онда субъект байланысты тараптармен қарым-қатынастардың сипаты туралы ақпаратты да, сол операциялар және мұндай қарым-қатынастардың қаржылық есептерге тигізетін ықтимал әсерін түсіну үшін қажетті өтелмеген сальдо туралы ақпаратты да ашуы тиіс. Ақпаратты ашуға қойылатын бұл талаптарды 33.6-тармақта жоғары буынның басқарушы қызметкерлерінің өтемақылары туралы ақпаратты ашуға қойылатын талаптар толықтырады. Ақпаратты ашу кемінде мыналарды:
1) операциялардың сомаларын;
2) өтелмеген сальдо сомаларын және:
олардың қамтамасыз етілген болап табылатыны туралы ақпаратты қоса алғанда, олар бойынша шарттар және өтеу бойынша түпкілікті есеп айырысу кезінде төленуі тиіс өтемнің сипаты; және
алынған немесе ұсынылған кепілдемелердің нақты сипаты;
3) өтелмеген сальдоға жататын күмәнді қарыздар жөніндегі бағалау міндеттемелерін; және
4) ағымдағы кезеңде байланысты тараптардан есептелетін үмітсіз және күмәнді қарыздарға қатысты танып, қабылданған шығыстарды қамтуы тиіс.
606. Субъект осы Стандарттың 605-тармағына сәйкес мынадай санаттардың әрқайсысы бойынша бөлек ақпарат ашады:
1) негізгі ұйым;
2) бірлесіп бақыланатын немесе субъектіге елеулі әсері бар ұйым;
3) еншілес ұйым;
4) қауымдасқан ұйым;
5) аталған субъект қатысушысы болып табылатын бірлесіп қызмет ететін ұйым;
6) субъектінің немесе оның негізгі ұйымының жоғары буынының басқарушы қызметкерлері (жиынтық шама); және
7) басқа да байланысты тараптар.
607. Төменде, егер байланысты тарап операцияға қатысса, ол бойынша ақпарат ашылатын операциялардың үлгілері берілген:
1) (дайын немесе аяқталмаған) өнімді сатып алу немесе сату;
2) мүлік пен басқа да активтерді сатып алу немесе сату;
3) қызметтерді көрсету немесе оларды алу;
4) жалға алу;
5) зерттеулер мен әзірлемелерді беру;
6) лицензиялық келісімдер бойынша беру;
7) қаржылық келісімдер бойынша беру (оның ішінде ақшалай немесе табиғи нысанда капиталға салынған кредиттер және жарналар).
8) кепілдіктер мен кепілзатты ұсыну;
субъектінің атынан немесе басқа тараптың атынан субъектінің міндетемелерді өтеуі; және
топ ұйымдары арасындағы қауіп-қатерді бөлу жүргізілетін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарында негізгі немесе еншілес ұйымға қатысу;
608. Субъект байланысты тараптармен жүргізілген операция тәуелсіз тараптар арасындағы операциялар үшін бар ұқсас шарттар, егер мұндай шарттардың негізделуі мүмкін болмаса, жағдайында өткені туралы мәлімдемеуі тиіс.
609. Субъект байланысты тараптар арасындағы операциялар субъектінің қаржылық есептеріне әсерін түсіну үшін қажетті ақпаратты бөлек ашқан жағдайды қоспағанда, жиынтықтағы сипаты бойынша ұқсас құжатты аша алады.

33. Мамандандырылған салалар

§ 276. Ауыл шаруашылығы

610. Осы Стандартты қолданушы және ауыл шаруашылығы қызметімен айналысатын субъект өзінің биологиялық активтері үшін шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай оның әділ құнын анықтаудың мүмкіндігін бағалайды:
1) субъект әділ құнын шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай анықталуы мүмкін биологиялық активтерді есепке алу үшін 10-29 ХҚЕС (IAS)  Ауыл шаруашылығы 41-ге сәйкес әділ құны бойынша есепке алу моделін пайдалануы, сондай-ақ ХҚЕС (IAS) 41 талап ететін барлық тиісті ашуларды ұсынуы тиіс.
2) субъект әділ құнын шамадан тыс шығынсыз мен күш салмай анықталуы мүмкін емес биологиялық активтерді жинақталған амортизация мен құнсызданудан жинақталған шығындарды шегере отырып, өзіндік құны бойынша өлшеуі тиіс. Мұндай биологиялық активтерге қатысты субъект мынадай:
биологиялық активтердің сипаттау;
әділ құнын жеткілікті сенімділік дәрежесінде өлшеу мүмкін болмағының себептерін түсіндіру;
мүмкіндікке қарай, ең алдымен, ішінде әділ құны жатқан бағалау диапазоны;
амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі; және
пайдалы мақсатта қолданудың мерзімдері немесе амортизациялық есептеу нормалары; және
кезеңнің басы мен соңында жиынтық баланстық құны және жинақталған амортизацияны (құнсызданудан жинақталған шығындармен бірге) ақпаратты ашуы тиіс.
Субъект егінді жинау кезінде сатуға жұмсалатын шығынды шегере отырып, биологиялық активтерден жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін әділ құны бойынша өлшеуі тиіс. Мұндай көрсеткіш осы Стандарттың 12-бөлімін немесе басқа бөлімдерін қолдану кезінде сол күнгі өзіндік құны болып табылады.

§ 277. Өндіруші сала
611. Осы Стандартты қолданатын және пайдалы қазбаларды барлаумен, артық қорларын бағалаумен немесе өндірумен айналысатын субъект барлау жүргізілген уақыттағы шығыс ретінде жұмсалған шығындарды сезінуі тиіс. Пайдалы қазбаларды өндіру қызметінде пайдалануға арналған материалдық және материалдық емес активтерді сатып алуға немесе әзірлеуге жұмсалатын шығындарды есепке алу кезінде субъект тиісінше осы Стандарттың 16 және 17-бөлімдерін пайдалануы қажет. Егер субъектіде объектіні қайта жөндеуге не жоюға немесе учаскені қалпына келтіруге міндеттеме болса, мұндай міндеттемелер мен шығындар осы Стандарттың 16 және 20-бөлімдеріне сәйкес ескеріледі.

34. Тоқтатылған қызмет және сатуға арналған активтер

§ 278. Тоқтатылған қызмет
612. Тоқтатылған қызмет субъектінің не шығып кеткен не сату үшін жіктелетін құрамдас бөлігі болып табылады, және
1) қызметтің жеке белгілі бір түрін немесе қызметті жүргізудің географиялық ауданын білдіреді;
2) қызметтің жеке белгілі бір түрінің немесе қызметті жүргізудің географиялық ауданының бірыңғай үйлестірілген шығу жоспарының бөлігі болып табылады немесе
3) кейіннен қайта сату мақсатында ғана сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.

§ 279. Ақпаратты ұсыну және ашу
613. Субъект:
1) мыналардан:
тоқтатылған қызметтен түкен салықтардан кейінгі пайда мен залалдардан және
сату немесе активтердің не активтер тобының (топтарының) шығындарын шегерудің әділ құны мен тоқтатылған қызметке жататын міндеттемелер бойынша өлшеу кезінде танып, қабылданған салықтардан кейінгі басқа да табыстардан немесе зияндардан жинақталатын пайда мен залал туралы есептегі бірыңғай соманы;
2) мыналарға:
кірістерге, шығыстар мен салыққа дейінгі пайдаға немесе тоқтатылған қызметтің пайдасына салынған салық бойынша зияндар мен шығындарға;
сату немесе активтердің не активтер тобының (топтарының) шығындарын шегерудің әділ құны мен тоқтатылған қызметке жататын міндеттемелер бойынша өлшеу кезінде танып, қабылданған салықтардан кейінгі басқа да табыстарға немесе зияндарға және пайдаға салынатын салықтар бойынша тиісті шығыстарға осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген бірыңғай соманың айырмасын ашуы тиіс.
Құрайтын айырма ескертпеде немесе пайда немесе зиян туралы есептің өзінде берілуі мүмкін. Егер айырма пайда немесе зиян туралы есептің өзінде берілсе, онда ол тоқтатылған қызметке жататын бөлімде, яғни жүргізілетін қызметтен бөлек болуы тиіс.
3) операциялық және инвестициялық қызметке, сондай-ақ тоқтатылған қызметті қаржыландыру жөніндегі қызметке жататын ақша қаражатының таза ағынын ашуы тиіс. Мұндай ашулар ескертпеде немесе қаржылық есептің өзінде берілуі мүмкін.
614. Егер соңғы ұсынылатын кезең үшін нақты жүзеге асырылмайтын болса, субъект ашылатын ақпарат есепті кезеңнің соңында тоқтатылатын барлық қызметке қатысты болуы үшін ұсынылған қаржылық есептердегі алдыңғы кезеңдерге қатысты алдыңғы тармақта ашылатын ақпаратты қайта есептеуі тиіс.
615. Егер субъект сатуға арналған компонентті жіктеуді тоқтатса, онда субъект тоқтатылған қызмет ретінде бұрын ұсынылған компонент қызметінің нәтижелерін қайта жіктеуі және оларды барлық ұсынылған кезеңдер үшін жүргізіліп жатқан қызметтен түскен пайдаға қосуы тиіс. Алдыңғы кезеңдердегі сомаларға қатысты олардың қайта есептелгені көрсетілуі тиіс.

§ 280. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер
616. Субъект, егер оның баланстық құны жүргізіліп жатқан пайдалану арқылы емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде ұзақ мерзімді активтерді (негізгі қаражатты, материалдық емес активтер мен еншілес және қауымдасқан ұйымдарға және бірлескен қызметке инвестицияларды қоса алғанда) жіктейді. Бұл үшін актив шұғыл сатылуы үшін жұмыс істеп тұрған жағдайда және мұндай активтерді сату жалғасатын әдеттегі жағдайларда болуы тиіс, оны сатудың ықтималдығы жоғары болуы тиіс және субъект оны сатуды сатуға арналған ретіндегі жіктеу сәтінен бастап бір жыл ішінде аяқтауды жоспарлауы тиіс.
617. Субъект сатуға арналған ретіндегі жіктелген ұзақ мерзімді активті (немесе шығуға арналған топты) баланстық құнынан неғұрлым аз шамада және сату шығынын шегергендегі әділ құны бойынша өлшейді.
618. Субъект ұзақ мерзімді активті сатуға арналған ретінде жіктелгенше немесе сатуға арналған ретіндегі жіктелген шығу тобының бөлігі болып тұрғанда амортизациялауға тиісті емес. Сатуға арналған ретіндегі жіктелген шығу тобының міндеттеріне жататын пайыздар мен басқа да шығыстар одан әрі танылуы тиіс.

§ 281. Ақпаратты ашу
619. Субъект ұзақ мерзімді активтер не сатуға арналған ретіндегі жіктелген, не сатылған кезде мынадай ақпаратты:
1) активтің не шығу тобының сипатын;
2) сатуға немесе көзделетін шығуға жататын фактілер мен міндеттемелерді және осы шығудың күтілетін тәсілдері мен мерзімдерін сипатын; және
3) егер пайда мен залал туралы есепте олар көрсетілсе, танып, қабылданған табыс пен зиянды ашады.
35. Аралық қаржылық есептілік

§ 282. Қолданылуы
620. Осы Стандартқа сәйкес ретінде сипатталатын аралық қаржылық есептілікті шығару кезінде субъект осы Стандарттың 621-тармағында жазылған жағдайларды қоспағанда, ХҚЕС (IAS) 34 Аралық қаржылық есептілікті пайдалануы тиіс.
621. Егер субъект әдетте аралық қаржылық есептілікті дайындамай, кейбір жағдайда мұндай қажеттілікке кездессе (мысалы, бизнесті біріктіруге байланысты), ол алдыңғы кезеңдегі салыстырмалы ақпарат ретінде алдыңғы жылдардағы жылдық қаржылық есептерді пайдалана алады, оны беру, егер берілген аралық кезеңде қаржылық есептерді дайындауды жүзеге асыру мүмкін болмаса, ХҚЕС (IAS) Аралық қаржылық есептілік 34 немесе осы Стандарттың 59-тармағына сәйкес талап етіледі.

36. ХҚЕС-ті алғаш рет қолданатын субъектілер үшін ХҚЕС-ке көшу

§ 282. Қолданылуы
622. Бұл бөлім осы Стандартты алғаш қолдану субъектілерге, оның Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының ХҚЕС толық нұсқасын немесе қандай да бір жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарын, есепке алу негіздері ретінде пайдаланғанына қарамастан, қолданылады. Осы Стандартты алғаш қолданған субъект осы Стандартқа сәйкес тұңғыш дайындалған қаржылық есептер үшін осы бөлімді пайдалануы тиіс.
623. Субъектінің осы Стандартқа сәйкес тұңғыш дайындаған қаржылық есептері – субъектінің алғашқы жылдық қаржылық есептері, онда субъект олардың осы Стандартқа сәйкестігі туралы анық әрі сөзсіз мәлімдеме жасайды. Осы Стандартқа сәйкес тұңғыш дайындалған қаржылық есептер, егер ол:
1) алдыңғы кезеңдердегі қаржылық есептерді бермесе;
2) барлық аспектілерде осы Стандартпен келісілетін бухгалтерлдік есеп стандарттарына сәйкес алдыңғы кезеңдердегі соңғы қаржылық есептерді берсе; немесе
3) ХҚЕС-ке сәйкес алдыңғы кезеңдердегі ең соңғы қаржылық есептерді берсе, субъектінің алғашқы жылдық қаржылық есептері болып табылады.
624. Осы Стандарттың 62-тармағы қаржылық есептердің толық жинағының анықтамасын береді.
625. осы Стандарттың 59-тармағы берілген сипаттағы белгілі бір салыстырмалы ақпаратпен қатар, қаржылық есептерде көрінген барлық ақшалай сома бойынша алдыңғы салыстырмалы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпаратты ашу үшін қаржылық есептердің толық жинағын беруді талап етеді. Субъект бір алдыңғы кезеңнен асатын салыстырмалы ақпарат бере алады. Сондықтан осы Стандартқа субъектінің көшу күні ерте кезеңнің басы болып табылады, ол үшін субъект осы Стандартқа сәйкес өзінің алғашқы қаржылық есептерінде осы Стандарттың талаптарына сай келетін толық салыстырмалы ақпарат ұсынады
626. Осы Стандарттың 627-629-тармақтарында жазылған жағдайларды қоспағанда, осы Стандартқа көшу күніне бастапқы баланста (яғни есептілікті берудің ең алғаш кезеңінің басында) субъект:
1) осы Стандартта танып, қабылдау талап етілетін барлық активтер мен міндеттемелерді танып, қабылдауы;
2) егер осы Стандарт бұлай танып, қабылдауға рұқсат етпесе, активтер мен міндеттемелер ретінде құжатты танымауы;
3) осы Стандартқа сәйкес активтің, міндеттеменің немесе капитал компонентінің бір түрі ретінде, бірақ активтің, міндеттеменің немесе капитал компонентінің басқа түрі болып табылатын қаржылық есептілікті дайындаудың алдыңғы негізіне сәйкес олар таныған құжатты қайта жіктеуі; және
4) танылатын активтер мен міндеттемелердің барлығын өлшеу кезінде осы Стандартты пайдалануы тиіс.
627. Осы Стандартқа сәйкес бастапқы баланс жасау кезінде субъект пайдаланатын есепке алу саясаты қаржылық есепті дайындаудың алдыңғы негізінің шеңберінде пайдаланылған күнге есеп саясатынан өзгеше болуы мүмкін. Тиісті түзетулердегі қажеттілік операциялардың, осы Стандартқа көшу күніне дейінгі жүзеге асырылған басқа да жағдайлардың нәтижесінен туындайды. Сондықтан осы Стандартқа көшу күніне субъект тікелей бөлінбеген пайдадағы түзетулерді (немесе, егер капиталдың өзге санаты болса) көрсетуі тиіс.
628. Осы Стандартты бірінші рет қолданған кезде субъект қаржылық есепті дайындаудың алдыңғы негізінің шеңберінде пайдаланылған есепке алу тәртібін мынадай:
1) қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді танып, қабылдауды тоқтату;
2) хеджирлеуді есепке алу;
3) есеп айырысуды бағалау; және
4) сатуға арналған және тоқтатылған қызмет ретіндегі жіктелген активтері операцияларына қатысты өзгертуі тиіс.
629. Субъект осы Стандартқа сәйкес алғаш дайындалған қаржылық есептер үшін мынадай талаптардан босатуды пайдалана алады:
1) Бизнесті біріктіру. Осы Стандартты алғаш қолданатын субъект оған көшу күніне дейін болған бизнесті осы Стандарттың 18-бөлімін қолданбауды шеше алады. Алайда, егер осы Стандартты алғаш қолданатын субъект осы Стандарттың 18-бөлімнің талаптарын орындау үшін бизнесті біріктіру жөніндегі деректерді қайта есептесе, ол бизнестің неғұрлым кеш бірігулері жөніндегі деректерді де қайта есептеуі тиіс.
2) Әділ құны немесе өзіндік құны ретіндегі қайта бағаланған құны. Осы Стандартты алғаш қолданатын субъект оған көшу күніне өзіндік құны ретінде оған көшу күнінде немесе бұрын қайта бағалау нәтижесінде бухгалтерлік есептің алдыңғы стандарттарына сәйкес есептелген негізгі қаражат бабының құнын пайдалана алады.
3) Бір валютадан екіншісіне аударудан түсетін жинақталған айырмалар. Осы Стандарттың 30-бөлімі капиталдың жекелеген компоненті ретінде аударудан түсетін кейбір айырмаларды субъектінің жіктеуін талап етеді және шығу кезінде оларды пайда мен залалның құрамында танып, қабылдайды. Осы Стандартты алғаш қолданатын субъект осы Стандартқа көшу күніне капиталды аударудан түскен жинақталған айырмаларды танымауды шеше алады.
4) Құрамдасқан қаржылық құралдар. Субъект шығару кезінде міндеттемелер мен капиталдың жекелеген компоненттеріне құрамдасқан қаржылық құралды бөлуге тиіс. Осы Стандартты алғаш қолданатын субъектіден, егер көшу күнінде міндеттеме компоненті әлі жүзеге асырылмаса, осы екі компонентті бөлу талап етілмейді.
5) Акцияларға негізделген төлемдер операциясы. Осы Стандартты алғаш қолданатын субъектінің осы Стандарттың 25-бөлімін осы Стандартқа көшу күніне дейін ұсынылған үлестік құралдарға қолдануын қолдайды, бірақ талап етпейді.
6) Пайда түсіруге кейінге қалдырылған салық. Осы Стандартты алғаш қолданатын субъектіден салық базасы мен активтердің немесе кейінге қалдырылған салық активтерін не міндеттемелерін танып, қабылдау шамадан тыс шығындар мен күш салумен байланысты болатын баланстық құны арасындағы айырмаға қатысты кейінге қалдырылған салық активтерін не кейінге қалдырылған міндеттемелерді танып, қабылдау талап етілмейді.
630. Егер көшу күніне субъект үшін осы Стандартқа сәйкес бастапқы балансты қайта есептеу анық мүмкін болмаса, ол ерте кезеңнен бастап Стандарттың 626-629-тармақтарын қолдануы тиіс, ол үшін бұл көшу күнін ашу мүмкін болады және алдыңғы кезеңдерге қатысты берілген деректер салыстырмалы болып табылады. Егер субъект үшін осы Стандартта талап етілген қандай да бір ашуларды осы Стандартқа сәйкес субъект бірінші рет қаржылық есептілікті жасайтын кезеңнен бұрынғы кез келген кезеңде беру анық жүзеге асырылмайтын болса, онда бұл ашылмау фактісі ашылуы тиіс.

§ 284. Ақпаратты ашу
631. Субъект қаржылық есептілікті дайындаудың алдыңғы негізінен осы Стандартқа көшу оның қызметтің қаржылық жағдайына, қаржылық нәтижесіне және ақша қаражатының ағынына қалай әсер еткенін түсіндіруі тиіс.
632. Осы Стандарттың 631-тармағының талаптарын орындау үшін субъектінің осы Стандартқа сәйкес алғаш дайындаған қаржылық есептері мыналарды:
1) қаржылық есептілікті дайындаудың алдыңғы негізіне, осы Стандартқа сәйкес танылатын капиталға сәйкес көрінген капиталды мынадай екі күнге:
осы Стандартқа көшу күніне; және
қаржылық есептілікті дайындаудың алдыңғы негізіне сәйкес дайындалған субъектінің жылдық қаржылық есептерінде берілген ең соңғы кезеңнің аяқталған күніне мұқият тексеруді; және
2) осы Стандартқа сәйкес танылатын ең соңғы кезеңдегі қаржылық есептілікті дайындаудың алдыңғы негізіне сәйкес көрінген субъектінің пайдасы бар және зияны бар ең соңғы жылдық қаржылық есептерінің пайдасы мен зиянын мұқият тексеруді қамтуы тиіс.
633. Егер субъект қаржылық есептілікті дайындаудың алдыңғы негізін пайдалану кезінде жіберілген қателіктерді білсе, онда осы Стандарттың 632-тармағының 1) және 2) тармақшаларында талап етілетін мұқият тексеруде мұндай қателерді түзету есеп саясатындағы өзгерістерден алшақ болуы тиіс.
634. Егер субъект алдыңғы кезеңдер үшін қаржылық есептерді бермесе, онда бұл факт осы Стандартқа сәйкес дайындалған оның қаржылық есептерінде ашылуы тиіс.
Қаржылық есептіліктің
№ 2 ұлттық стандартына
1-қосымша

Пайыздың тиімді ставкасы

1. Осы Стандартқа 11-бөлімге қоса берілетін, бірақ оның бөлігі болып табылмайтын осы Стандарттың 167-тармағында айтылған кірісті танып және өлшеу жөніндегі талаптарды қолданудың мысалдары берілген.
Кейбір жағдайларда қаржылық активтер қарыз бойынша келтірілген шығынды көрсететін елеулі түрде төмендетілген бағамен сатып алынады. Ұйым мұндай қарыз бойынша келтірілген шығындарды тиімді пайыздық ставкаларды айқындау кезінде ақша қаражатының есеп ағындарына енгізеді.
2. Пайыздың тиімді ставкаларының әдісін қолдану кезінде ұйым барлық сыйлықақыларды, төленген немесе алынған сомаларды, мәмілелер бойынша шығындарды және құралдың болжанған жұмыс істеу кезінде пайыздың тиімді ставкасының есебіне енгізілген басқа да сыйақыларды немесе жеңілдіктерді әдетте амортизациялайды. Алайда егер мерзімге сыйлықақылар, төленген немесе алынған сомалар, мәмілелер бойынша шығындар және сыйақылар немесе жеңілдіктер жатқызылатын болса, онда мейлінше қысқа мерзім қолданылады. Бұл, егер сыйлықақылар, төленген немесе алынған сомалар, мәмілелер бойынша шығындар және сыйақылар немесе жеңілдіктер жатқызылатын мерзім ауыспалы болған жағдайда болады, құрал бойынша күтілетін төлем мерзіміне дейінгі нарықтық ставкалар бойынша қайта бағаланады. Мұндай жағдайда амортизацияның қолайлы кезеңі ставканы осылай қайта қараудың келесі күніне дейінгі кезең болып табылады. Мысалы, егер жайылған ставкасы бар құрал бойынша сыйақы немесе жеңілдік осы құрал бойынша пайыздар төленген соңғы күнінен бастап есептелген пайызда көрінсе немесе жаылған пайыздық ставка нарықтық ставкаларға сәйкес берілген болса, ол нарықтық ставкаларға сәйкес жайылған ставканың берілген келесі күніне дейін амортизацияланатын болады. Бұл сыйақы немесе жеңілдік пайыздық ставканың келесі жаңартылған күніне дейінгі кезеңге жатқызылуына байланысты, себебі сыйақы немесе жеңілдік (яғни пайыздық ставкалар) жатқызылатын осы ауыстырылған күнге нарықтық ставкаларға сәйкес келтіріледі. Алайда егер сыйақы немесе жеңілдік көрсетілген құралда немесе басқа да ауыстырылған нарықтық ставкаларға сәйкес келтірілмеген жайылған ставкаға кредиттік спрэданың өзгеру нәтижесі болып табылса, ол құралдың күтілетін қолданылу мерзімі ішінде амортизацияланады.
3. Жайылған ставкасы бар қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер бойынша нарықтық пайыздық ставкалардың қозғалысын көрсету мақсатында ақша ағындарын мерзімдік қайта бағалау тиімді пайыз ставкасының өзгеруіне әкеледі. Егер жайылған пайыздық ставкасы бар қаржылық актив немесе қаржылық міндеттеме бастапқыда мерзімнің басталған кезінде алынуы немесе төленуі тиіс негізгі сомаға тең мөлшерде болып танылса, болашақ пайыздық төлемдерді қайта бағалау әдетте активтің немесе міндеттеменің баланстық құнына елеулі әсері болмайды.
4. Егер ұйым төлемдердің немесе түсімдердің есеп айырысу сомаларын қайта қараса, онда ол нақты және қайта қаралған. Есептік ақша ағындарының көрінуі үшін қаржылық активтің немесе қаржылық міндеттеменің (немесе қаржылық құралдардың топтарының) баланстық құнын түзетуі тиіс. Ұйым қаржылық құрал пайызының бастапқы тиімді ставкасы бойынша келешек болжанатын ақша қаражатының ағындарының келтірілген құнының есептеу арқылы баланстық құнын қайта есептейді. Түзетудің шамасы пайданың немесе зиянның құрамындағы табыс немесе шығыс ретінде танылады.
Қаржылық есептіліктің
№ 2 ұлттық стандартына
2-қосымша

Әділ құн бойынша өлшеу
1. Әділ құнды белгілеу негізінде жойылу, өз қызметінің көлемдерін немесе пайдасыз жағдайларда әрекеттер жасауға ниеті немесе қажеттілігі жоқ компанияның үздіксіз қызметі туралы болжам тұрады. Осылайша, әділ құн мәжбүрлі әрекет, мәжбүрлеп жою немесе өте төмен бағалар бойынша сатылу кезінде ұйым алатын немесе төлей алатын сома болмайды. Алайда әділ құн құралдың кредитке қабілеттілігін көрсетеді.
2. Қаржы құралының белсенді нарықта, егер белгіленген бағалар туралы ақпаратты қор биржасынан, дилерден, брокерден, салалық топтан, баға қалыптасу қызметінен немесе реттеу органынан еркін және үнемі алатын болса және бұл бағалар бір біріне тәуелсіз тараптар арасында нақты және үнемі болатын әрекеттерді қамтитын болса бағасы белгіленген деп саналады. Әділ құн терминінің анықтамасы осындай мәміле жасауға ниет білдірген тәуелсіз сатып алушы мен сатушы арасында келісілген баға төңірегінде беріледі. Белсенді нарықта сатылатын қаржы құралының әділ құнын айқындау мақсаты – есепті күнге (яғни құралды жаңғыртып жаңартуынсыз немесе өзгерістер енгізуінсіз), оған ұйымның тікелей қолжетімділігі бар белсенді анағұрлым пайдалы нарықта осы құралмен әрекет жасалған баға алу. Алайда ұйым осы нарықта сатылатын құралдар мен бағаланатын құрал арасында қарама-қарсы тараптың кредиттік тәуекелінде кез келген айырмашылығын көрсету үшін одан да пайдалы белсенді нарықта қолданылатын бағаны түзету жасайды. Белсенді нарықта жарияланған белгіленген бағалардың болуы - әділ құнның ең үздік расталуы болып табылады және егер олар болғанда, қаржы активі мен қаржылық міндеттемелерді өлшеу үшін қолданылады.
3. Сұраныстың ағымдағы бағасы қолда бар актив немесе шығарылатын міндеттеме үшін, ал сұраныс бағасы - алынатын актив немесе қолда бар міндеттеме үшін тиісті нарықтық белгіленген бағасы болып саналады. Ұйымда өтеуші нарық тәуекелі бар активтер мен міндеттемелер бар болған жағдайда, ол өтеуші тәуекелді ұстанымдардың әділ құнын айқындауға арналған база ретінде орта нарықтық бағаларды және сұраныс бағасын немесе ұсыныс бағасын ашық таза позицияға тиісті түрде ашық қолдана алады. Сұраныс пен ұсыныс бағасы туралы ақпарат болмаған жағдайда ағымдағы әділ құнды айқындау негізі болып ең соңғы әрекеттің бағасы болады (оны өткізу сәтінен бастап экономикалық жағдайлардың елеулі өзгерістері болмаса). Егер әрекетті жасау сәтінен бастап жағдайлар өзгерсе (мысалы, корпоративтік облигацияларға арналған соңғы белгіленген бағаның тәуекелсіз пайыздық ставка өзгерсе), әділ құн ұқсас қаржы құралдары бойынша ағымдағы бағалар немесе ставкалар негізіндегі тиісті өзгерістерді көрсетеді. Осы тәрізді, егер ұйым соңғы әрекеттің бағасы әділ құны болып табылмайтынын көрсете алса (мысалы, мәжбүрлі әрекет, мәжбүрлеп жою немесе өте төмен бағалар бойынша сатылу кезінде ұйым алған немесе төлеген соманы көрсетуі себебінен), бұл бағаға түзету жасалады. Қаржы құралдары портфеліннің әділ құны құрал бірліктерінің саны мен белгіленген нарық бағасының туындысы болып табылады. Егер ашық нарықта жалпы қаржылық құралы үшін жарияланған бағаның белгілеуі болмаса, бірақ оның құрамдас элементтерінің белсенді нарығы жұмыс істесе, әділ құны құрамдас элементтерінің тиісті нарық бағалары негізінде анықталады.
4. Егер ставканың (бірақ бағаның емес) белсенді нарықта бағасы белгіленсе, бағасы белгіленген бұл нарықтық ставкані әділ құнын айқындау үшін ұйым бағалау әдістемесінде кіріспе ақпарат ретінде қолданады. Егер бағасы белгіленген нарықтық ставка мен құралды бағалау кезінде нарыққа қатысушылар қамтитын кредиттік тәуекелді немесе басқа факторлар қамтылмаса, ұйым осы факторларды ескере отырып, түзетуді жасайды.
5. Егер қаржы құралының рыногы белсенді болмаса, ұйым бағалау әдісін қолдана отырып, әділ құнды белгілейді. Бағалау әдістері тәуелсіз, жақсы хабардар, осындай әрекеттерді жасауға ниет білдірген тараптар арасында жуырдағы нарықтық әрекеттер туралы ақпаратты қолдануды, мұндай ақпарат болған жағдайда маңызды сипаттамалар бағаланатын құралға ұқсас басқа құралдың ағымдағы әділ құнымен салыстыруды, дисконтталған ақша ағымдары мен опционды бағалау модельдерін талдауды қамтиды. Егер нарыққа қатысушылар құрал бағасын айқындау үшін кең қолданатын бағалау әдісі болған және бұл әдіс нақты нарықтық әрекеттерде алынған бағалардың сенімді есептерінің ұсынғаны көрсетілген болса, ұйым бұл әдісті қолданады.
6. Бағалау әдісін қолдану мақсаты – тәуелсіз тараптар арасында дұрыс іскерлік оймен уәжделген алмасу кезінде өлшеу күніне әрекет бағасы қандай болатынын айқындау. Әділ құн нарықтық шығыс деректері барынша қолданылатын және ұйымның шығыс деректеріне мейлінше аз сүйенетін бағалау әдістерін қолдану нәтижелері негізінде есептеледі. Бағалау әдісі, егер 1) ол нарық құралының күтілетін бағасын жеткілікті деңгейде көрсетсе және 2) бағалау әдісі үшін шығыс деректері қаржы құралдары сипатталатын тәуекел-табыстылық коэффициенттерінің өлшеулері мен нарықтың күтілетін нәтижелері негіздеп ұсынса, әділ құнның нақты бағасын қамтамасыз етеді деп көзделеді,.
7. Сондықтан, бағалау әдісі бағаны белгілеу кезінде нарыққа қатысушылар ескеретін барлық факторларды қамтиды және қаржы құралдарының баға қалыптасудың қабылданған экономикалық әдіснамасына сәйкес келеді. Кәсіпорын кезеңді бағалау әдісін салыстырады және осындай құралмен (яғни жаңғыртып-жаңартуынсыз және өзгерістер енгізуінсіз) байқалатын ағымдағы нарықтық әрекеттердегі бағалар туралы ақпаратты қолдана отырып, немесе қолда бар байқалатын нарық деректеріне сүйене отырып, оның дұрыстығын тексереді. Ұйым нарық деректерін құрал орын алған немесе сатып алынған сол нарықта рет-ретімен алып отырады. Бастапқы танылу кезіндегі қаржы құралының әділ құнының ең жақсы көрсеткіші - әрекеттің бағасы (яғни берілген немесе алынған өтемінің әділ құны). Бұл құралдың әділ құны басқа байқалатын ағымдағы нарықтық әрекеттермен салыстыру арқылы немесе байқалатын нарықтардың деректерін ғана қамтитын ауыспалы мөлшерді бағалау әдісі негізінде расталатын жағдайлардан басқа.
8. Қаржы активін немесе қаржылық мсіндеттемені кейіннен өлшеу және кірістер мен шығыстардың кейіннен танылуы кезінде осы стандарттың алдын ала нұсқасының талаптарын орындау қажет. 7-тармақты қолдану кезінде қаржы активінің немесе қаржы міндеттемелерінің бастапқы танылу кезінде кіріс немесе шығыс болмауы мүмкін. Бұл жағдайда осы бөлім кіріс немесе шығыстың танылуын бастапқы танылудан кейін тек нарыққа қатысушылар бағаны белгілеуде назарға алатын параметрде (уақытты қоса алғанда) өзгерістерге байланысты болатын кіріс немесе шығыс тың танылуын ұйғарады.
9. Активті бастапқы алу немесе құру, немесе қаржы міндеттемесінің болуы нарықтық әрекет болып табылады, ол қаржы құралының әділ құнын бағалау үшін негіз болады. Атап айтқанда, егер қаржы құралы берешек құралы (мысалы, қарыз) болса, оның әділ құнын оны алу немесе құру күніне жұмыс істеген нарық жағдайлары және ағымдағы нарықтық жағдайлар немесе қазіргі уақытта кәсіпорын немесе ұқсас берешек құралдары бойынша басқа тараптармен есептелетін пайыздық мөлшерлермелер негізінде анықтауға болады (яғни өтеу күніне дейінгі тиісті қалған кезең, ақшалай қаражаттың қозғалыс схемасы, валюта, кредиттік тәуекел, кепілдік және пайыздарды есептеу базасы). Балама ретінде дебитордың кредиттік тәуекелінде және қолдануға жарамды кредиттік спрэдтарда берешек құралы туындағаннан кейін өзгерістер болмайды, ағымдағы нарықтық пайыздық ставканің есебі базистік берешек құралдан гөрі ең үздік бәсекеге қабілеттілікті көрсететін шығыс пайыздық ставкані қолдану, кредиттік спрэдті өзгеріссіз түрде сақтау және берешек құралдың шығыс пайыздық ставкасының өзгерістерін есепке ала отырып түзету жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Егер ең соңғы нарықтық әрекет жасалған сәттен бастап жағдайлар өзгерсе, бағаланатын қаржы құралының әділ құнының тиісті өзгеруі ағымдағы бағалар немесе бағаланатын құралдан айырмашылығы ескеріле отырып тиісінше түзету жасалған тәрізді қаржы құралдары бойынша ставкалар негізінде белгіленеді.
10. Өлшемнің кез келген күніне бірдей ақпарат алу мүмкін емес. Мысалы, ұйым қарыз алатын немесе нарықта белсенді сатылатын берешек құрал алатын күнге, оның да нарық бағасы болып табылатын әрекет бағасы болады. Алайда кейінгі өлшеу күніне әрекеттер туралы жаңа ақпарат алынуы мүмкін емес және нарықтық пайыздық ставкалардің жалпы деңгейін белгілей алатынына қарамастан, ол кредиттік немесе басқа тәуекелдің осы күнге құрал құнын бағалау кезінде нарыққа қатысушылар ескере алатын деңгейін қандай болуын білмеуі мүмкін. Келтірген құнды есептеу үшін дисконттау ставкасын анықтау кезінде қолдану үшін базалық пайыздық ставкаге тиісті кредиттік спрэдті анықтау үшін соңғы әрекеттер туралы ақпараттың ұйымда болмауы мүмкін. Бұған қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда, қарызды алу күніне болған спрэдте ешқандай өзгерістер болмағанын болжау дұрыс болар еді. Алайда ұйым осындай факторларда өзгеріс болғанын куәландыруды айқындау үшін дұрыс іс-әрекет жасайды деп болжанады. Егер өзгерістерді куәландыратын жағдай болса, қаржы құралының әділ құнын айқындауда ұйым осы өзгерістің әсерін ескереді.
11. Дисконтталған ақша ағындарын талдау кезінде ұйым дисконттаудың бір немесе бірнеше ставкасын пайдаланады, олар шын мәнінде ұқсас жағдайлар мен сипаттамалары бар құралдың кредитке қабілеттілігін, шартта белгіленген пайыздық ставканің қалған қолданылу кезеңін, негізгі соманы өтеуге дейінгі қалған мерзімді және төлемдер жасалатын валютаны қоса алғанда, қаржы құралдары үшін табыстылық нормаларына тең. Қысқа мерзімді дебиторлық және кредиторлық берешекті жарияланған пайыздық ставка болмаған жағдайда, егер дисконттау нәтижесі маңызды болмаса, шот-фактурада көрсетілген бастапқы құнымен өлшеуге болады.
12. Белсенді нарықта белгіленген нарықтық бағасы жоқ инвестициялардың үлестік құралдарға және бағасы белгіленбеген үлестік құралмен байланысты және олар бойынша есептер бағасы белгіленбеген осындай үлестік құралды жеткізу арқылы есеп жасалатын туынды құралдарға (опциондар, форвардтық және фьючерстік шарттар, своптар және т.б) әділ құны сенімділіктің жеткілікті деңгейімен өлшенеді, егер 1) негізделген әділ құнның есептік бағалау жүргізілетін шектердің өзгеруі осы құрал үшін елеулі болып табылмаса, немесе 2) осы шектерде түрлі есептік бағалау ықтималдығын негіздеп бағалауға және оны әділ құнды бағалауда қолдануға болады.
13. Белгіленген нарықтық бағасы жоқ үлестік құралдарға инвестициялардың негізделген әділ құнының есептеу бағасы жүзеге асырылатын және бағасы белгіленбеген үлестік құралмен байланысты және олар бойынша есептер бағасы белгіленбеген осындай үлестік құралды жеткізу арқылы есептер жасалатын шектердің өзгеруі елеулі болмауы ықтимал жағдайлар көп болады. Көбінесе ұйымда сыртқы жақтан алған қаржы активінің әділ құнын есептеу мүмкіндігі болады. Алайда негізделген әділ құнды есептік бағалау шектері елеулі болса және түрлі есептік бағалау ықтималдығын негіздеп бағалауға мүмкіндік болмаса, ол кәсіпорынның құралды әділ құн бойынша өлшеуіне кедергі жасайды.
14. Нақты қаржы құралының әділ құнын бағалаудың қолайлы әдісі нарықтық жағдайлар және басқа факторлар туралы қолданыстағы нарықтық ақпаратты пайдалануды қамтиды, олар құралдың әділ құнына ықпалын тигізуі мүмкін. Қаржы құралының әділ құны төменде аталған бір немесе бірнеше факторларға негізделеді (және басқа факторлар болуы мүмкін):
1) Ақшаның уақытша құны (яғни базалық немесе тәуекелдік ставкасы бойынша проценттер). Базалық пайыздық ставкаларді мемлекеттік облигациялардың байқалатын бағаларға сүйене отырып, алуға болады. Олар сондай-ақ қаржылық жариялануда жиі келтіріледі. Бұл ставкалар мерзімнің түрлі аралықтарына арналған пайыздық ставкалардің табыстылығы көрсеткішінде болжанатын ақша ағымдарының күтілетін күндерімен ауысады. Практикалық себептермен ұйым танып, қабылданған немесе еркін байқалатын жалпы ставкані мысалы, ЛИБОР, немесе шығыс ставкасы ретінде своп ставкасын қолдана алады (ЛИБОР сияқты ставка тәуекелсіз емес екендігіне байланысты нақты қаржы құралына сәйкес келетін кредиттік тәуекел осы шығыс ставкасынде кредиттік тәуекелге қатысты кредиттік қауіп-қатер негізінде айқындалады). Кейбір елдерде орталық үкіметтің облигацияларының өздерінде елеулі кредиттік тәуекелі болады және осы елдің валютасымен айқындалған құралдар үшін проценттің тұрақты шығыс базалық ставкасын үнемі қамтамасыз етіп отырмайды. Осы елдердегі кейбір ұйымдардың ең үздік кредитке қабілеттілігі және орталық үкіметтен гөрі қарыздар бойынша ең төменгі пайыздық ставкасы болады. Мұндай жағдайда базалық пайыздық ставкалар осы заңдық құқығының валютасымен шығарылған ең жоғары рейтингті корпоративтік облигацияларға арналған пайыздық ставкалар негізінде нақтырақ анықтауға болады.
2) Кредиттік тәуекел. Кредиттік тәуекелдің әділ құнына (яғни сыйлықтың кредиттік қауіп-қатер үшін базалық пайыздық ставкадан артуы) әсерін кредитке түрлі қабілеттілігі бар сатылатын құралдарға байқалатын нарықтық бағалар негізінде немесе түрлі кредиттік рейтингі бар қарыздар бойынша кредиторлар есептейтін байқалатын пайыздық ставкалар негізінде анықтауға болады.
3) Шетелдік валюталарды айырбастау бағасы. Валюта айырбастаудың белсенді нарықтары негізгі валюталардың көбі үшін болады және бағалар күн сайын қаржылық жариялауда келтіріледі.
4) Тауарларға бағалар. Тауарлар түрлерінің көбі үшін байқалатын нарықтық бағалары бар.
5) Үлестік құралдарға бағалар. Кейбір нарықтарда сатылатын үлестік құралдарға бағаларды (және бағалардың индекстерін) еркін байқауға болады. Байқалатын бағалар туралы ақпараты жоқ ағымдағы нарықтық бағаны есептеу үшін келтірілген құнында негізделген әдістер қолданылуы мүмкін.
6) Өзгерту (яғни қаржы құралының немесе басқа баптың болатын өзгерістер бағасының көлемі). Белсенді сатылатын баптардың өзгерістерінің көрсеткіштерін тарихи нарық деректері негізінде немесе ағымдағы нарық бағаларының болжамды ауытқуы туралы деректерді қолдана отырып, негіздеп есептеуге болады.
7) Мерзімінен бұрын төлеу тәуекелі мен міндеттемелерден бас тарту тәуекелі. Қаржы активтері бойынша мерзімнен бұрын күтілетін төлемдер схемалары және қаржылық міндеттемелері бойынша күтілетін бас тарту схемаларын тарихи деректері негізінде есептеуге болады. (Қарсы тарап бас тартатын қаржылық міндеттеменің әділ құны бас тарту сомасының келтірілген құнынан кем болмауы мүмкін).
8) Қаржы активіне немесе қаржылық міндеттемелерге қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар. Қызмет көрсетуге шығындар нарықтың басқа қатысушыларымен есептелген ағымдағы сыйақы сомасымен салыстыру негізінде есептеуге болады. Егер қаржы активіне немесе қаржылық міндеттемелерге қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар елеулі болса және нарықтың басқа қатысушыларында салыстырмалы шығындар пайда болса, эмитент осы қаржы активінің немесе қаржылық міндеттеменің әділ құнын айқындау кезінде ескереді. Болатын сыйақыларға шарттық құқық туындаған кезде әділ құн дайындық жұмыстарына жұмсалған шығындарға (болатын сыйақылар және олармен байланысты шығындар нарықтың салыстырмалы деректерімен сәйкес келмейтін жағдайлардан басқа) тең болуы ықтимал.

Қаржылық есептіліктің
№ 2 ұлттық стандартына
3-қосымша

Қолдану жөнінде нұсқау
1. Осы Стандарттың 20-бөліміне қоса беріліп отырған, бірақ оның бөлігі болып табылмайтын бұл қосымшада осы Стандарттың 20-бөлімінде айтылған бағалау міндеттемелерін танып, қабылдау және өлшеу жөніндегі талаптарды қолдану үлгілері берілген.
2. 1-мысал – Болашақ операциялық шығындар
Ұйым болашақта сигменттердің бірі бірнеше жыл өткеннен кейін операциялық шығын әкелу ықтималдығы бар екенін анықтады.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде ағымдық міндеттеме – ұйымның ресурстарды беруіне әкеліп соқтыратын міндеттеуші оқиға болған жоқ.
Қорытынды: ұйым операциялық қызметтен болатын болашақ шығындарға қатысты бағалау міндеттемелерін тани алмайды. Күтілетін болашақ операциялық шығындар міндеттеменің анықтамасына сай келмейді. Операциялық шығындарды күту белгілі бір активтер осы Стандарттың 26-бөліміне сәйкес құнсыздануы мүмкін екенін айғақтай алады.
3. 2-мысал – Қиындық келтіретін шарт
Қиындық келтіретін шарт дегеніміз шамасы алынуы болжанатын экономикалық пайдалардан асып кететін болмай қалмайтын шығындарды талап ететін міндеттемелер орындалатын шарт. Мысалы, ұйым операциялық жалға алу шарты бойынша көп пайдаланбайтын актив үшін жалға алу ақысын төлеуге міндетті болуы мүмкін.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – шарт бойынша ұйым ресурстарды беруге міндетті, бұл ретте міндеттеме салыстыруға болатын пайдаларды алмайды.
Қорытынды: егер ұйымның қиындық келтіретін шарты болса, онда ұйым бағалау міндеттемесі ретінде шарт бойынша қазіргі кездегі міндеттемені танып, қабылдайды.
4. 3-мысал – Қайта құрылымдау
Қайта құрылымдау – бұл ұйымның басшылығы жоспарлайтын және бақылайтын немесе:
1) ұйымның қызметінің саласын, не
2) осы қызметті жүргізу тәсілдерін елеулі түрде өзгертетін бағдарлама.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – қайта құрылымдау бойынша қазіргі кездегі міндеттеме ұйым мынадай жағдайда:
1) құрылымдаудың мыналарды:
сөз қозғалып отырған қызметті немесе оның бөлігін;
негізгі орналасқан жерін;
орналасқан жері, функциясы және жұмыстан шығарылғаны үшін өтемақы төленетін қызметкерлердің болжамды санын;
өзі көтеретін шығындарды; және
жоспарды орындау мерзімдерін анықтайтын егжей-тегжейлі ресми жоспары болғанда;
2) мүдделі тұлғалардың осы жоспарды орындауды бастай отырып немесе мүдделі тұлғаларға жоспардың негізгі ерекшеліктерін жариялай отырып, қайта құрылымдау болады деген негізделген күтуін туғызуы болғанда туындайды.
Қорытынды: ұйым қайта құрылымдау бойынша шығындарға арналған бағалай міндеттемелерін өзінде заңды міндеттемелер мен қайта құрылымдау бойынша практикадан туындайтын міндеттеме болған жағдайда ғана танып, қабылдайды.
5. 4-мысал – Кепілдіктер
Өзінің өнімін сату кезінде өнім өндіруші сатып алушыларға кепілдік береді. Сату шартының талаптары бойынша өнім өндіруші сатқан күннен бастап үш жылдың ішінде пайда болған барлық өндірістік ақауларды жөндеу немесе ауыстыруды жүргізе отырып, қалпына келтіруге міндеттенеді. Кепілдіктер бойынша талаптар туындайтын бұрынғы тәжірибеден алынған ықтималдық бар (яғни болуы ықтималдан гөрі, болуы әбден мүмкін).
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – міндеттеуші оқиға заңды міндеттеменің туындауына әкелетін кепілдігі бар тауарды сату болып табылады.
Экономикалық пайдаларды білдіретін ресурстардың шығуы өтеу кезінде – тұтастай алғанда кепілдіктер үшін ықтимал.
Қорытынды: ұйым есепті күнге дейін сатылған өнімнің ақауларын кепілдікпен қалпына келтіруге арналған ең жақсы есептік бағалау сомасындағы бағалау міндеттемесін танып, қабылдайды.
Есептің үлгісі:
20Х0 ж. 1 000  000 ед. сомасына өнім сатылды. Тәжірибе көрсеткендей, сатылған өнімнің 90 пайызы кепілдік жөндеуін қажет етпейді, сатылған өнімнің 6 пайызында аздаған ақаулар бар, оларды қалпына келтіруге жұмсалатын шығын сату бағасының 30 пайызына тең; және сатылған өнімнің 4 пайызының елеулі ақаулары бар, оларды қалпына келтіруге немесе ауыстыруға жұмсалатын шығын сату бағасының 70 пайызына тең. Сондықтан кепілдіктер бойынша болжанатын шығындарды былай есептеуге болады:
1 000 000 * 90% * 0 = 0
1 000 000 * 6% * 30% = 18 000
1 000 000 * 4% * 70% = 28 000
Барлығы: 46 000

20Х0 ж. сатылған өнімнің кепілдікті жөндеуіне немесе ауыстырылуына жұмсалатын шығындар 20Х1 ж. – 60%, 20Х2 ж. – 30%, және 20Х3 ж. – 10% құрайды деп болжанады. Болжанатын ақша қаражаты ағындары ақша қаражатының тұрақтамауын туындату ықтималдығын көрсетіп отырғандықтан және ақша қаражатының бұл ағындарының берілген құнын айқындау үшін көрінуі талап етілетін өзге де қауіп-қатерлер мен белгісіз жағдайлар болмайтынын болжай отырып, ұйым күтілетін ақша қаражатының тұрақтамауы туындауының ұқсас мерзімдеріне өтеу мерзімдерімен мемлекеттік облигациялар негізінде айқындалатын дисконттаудың қауіп-қатерсіз ставкасын пайдаланады (бір жылдық облигацияға 6%, екі және үш жылдық облигацияларға 7%).
Төменде 20X0 жылы сатылған өнімнің кепілдікті қызмет көрсетілуіне жататын болжамды ақша қаражатының ағындарының 20X0 жылдың соңындағы келтірілген құнының есептері беріліп отыр:
Коды
Болжамды ақша төлемдері
Дисконттау ставкасы
Дисконттау коэффициенті
Келтірілген құны
1
60% * 46 000 27 600
6%
0,9434 (6%, 1 жыл)
26 038
2
30% * 46 000 13 800
7%
0,8734 (7%, 2 жыл)
12 053
3
10% * 46 000 4 600
7%
0,8163 (7%, 3 жыл)
3 755
Барлығы 41 846

Ұйым 20X0 жылы сатылған өнімге қатысты 20X0 жылдың соңында 41 846 сомасына кепілдікті міндеттемені танып, қабылдайды.
6. 5-мысал – Ақшаны қайтару саясаты
Бөлшек сауда дүкенінде сатып алғынған тауарға риза болмаған клиентке, заң бойынша міндетті болмаса да, ақшаны қайтару саясаты бар. Бұл ақшаны қайтару саясаты кеңінен танымал.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – міндеттеуші оқиға дүкеннің іс-қимылы оның клиентінің тарабынан сатылған тауардың ақшасын қайтарады деген негізделген күтуін туғызатын практикадан алынатын міндеттеменің туындауына әкелетін тауарды сату болып табылады.
Экономикалық пайдаларды білдіретін ресурстардың шығуы өтеу кезінде – тауардың бір бөлігі қайтарылуы, ал сол тауар үшін төленген ақша қайтарылуы ықтимал.
Қорытынды: ұйым ақшаны қайтаруды жүзеге асыру үшін қажетті сомаларды ең жақсы есептік бағалау мөлшеріндегі бағалау міндеттемесін танып, қабылдайды.
7. 6-мысал – Есепті күнге дейін жүзеге асырылмаған бөлімшені жабу
20A.6 20Х0 жылғы 12 желтоқсанда ұйымның басшылығы өз бөлімшелерінің біреуін жабуды ұйғарды. Есепті кезеңге дейін (20Х0 жылғы 31 желтоқсан) бұл шешім жабылатын тараптарға хабарланбады, шешімді жүзеге асыру бойынша ешқандай басқа да әрекеттер жасалмады.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – міндеттеуші оқиға болмағандықтан, міндеттемелер де болған жоқ.
Қорытынды: ұйым бағалау міндеттемесін танымайды.
8. 7-мысал – Бөлімшені жабу: есепті кезеңге дейін хабарлаужүзеге асыру
20A.7 20Х0 жылғы 12 желтоқсанда ұйымның басшылығы белгілі бір бұйым өндіретін бөлімшені жабуды ұйғарды. 20Х0 жылғы 20 желтоқсанда басқарма бөлімшені жабудың нақты жоспарын бекітті; жеткізілімдердің балама көздерін іздестіру қажеттілігі туралы ескерту хат клиенттерге таратылды, ал бөлімшенің қызметкерлер құрамына штаттардың алдағы уақытта қысқаратыны туралы ескерту хат таратылды.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – міндеттеуші оқиға бөлімшенің жабылатыны туралы негізделген күтуін туғызатындықтан, осы күннен бастап практикадан туындайтын міндеттемені туғызатын шешімді клиенттер мен қызметкерлерге хабарлау болып табылады.
Экономикалық пайдаларды білдіретін ресурстардың шығуы өтеу кезінде –ықтимал.
Қорытынды: ұйым есепті күні бөлімшені жабу кезінде келтірілетін шығындарды ең жақсы есептік бағалау сомасында 20Х0 жылғы
31 желтоқсанға бағалау міндеттемесін танып, қабылдайды.
9. 8-мысал – Пайдаға салық салу жүйесіндегі өзгерістердің нәтижесі ретінде қызметкерлер құрамын қайта даярлау
Үкімет пайдаға салық салу жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістердің нәтижесінде қаржылық қызмет саласында жұмыс істейтін ұйымға қаржылық қызмет саласындағы өзгеріп жатқан заңнамаға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін өзінің әкімшілік және сауда жөніндегі қызметкерлер құрамының елеулі бөлігін қайта даярлауды жүзеге асыруы қажет. Есепті жылдың соңында ешқандай қызметкерлер құрамын қайта даярлау жүргізілген жоқ.
Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – міндеттеуші оқиға (қайта даярлау) болмағандықтан, міндеттеме болмайды.
Қорытынды: ұйым бағалау міндеттемесін танымайды.
10. 9-үлгі – Сот тексеруі Клиент Х ұйымының өзіне келтірген, яғни Х сатқан бұйымды пайдалану нәтижесінде болған зиянды өтеу туралы талаппен сотқа шағымданды. Х ұйымы клиенттің бұйымды қолдану туралы нұсқау бойынша пайдаланбағанын негіздеп, жауапкершіліктен бас тартады. 20Х1 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған бір жылдың қаржылық есептерін шығаруға бекіту күнінен дейін ұйымның заңгерлері ұйымның кінәлі болып танылуы ықтимал деп мәлімдеді. Алайда ұйымның 20Х2 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған бір жылдың қаржылық есептерін жасау кезінде заңгерлер жағдайдың барысы бойынша ұйым кінәлі болып танылуы ықтимал деп есептейді.
1) 20Х1 жылғы 31 желтоқсанда Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме – қаржылық есептерді бекіту кезінде болған айғақтардың негізінде өтіп кеткен оқиғаның нәтижесі ретінде міндеттеме болмайды. Қорытынды: бағалау міндеттемесі танылмайды. Мұндай жағдайда ресурстардың шығу ықтимадығы алшақ болып есептелған жағдайларды қоспағанда, шартты міндеттемені ашу жүргізіледі
2) 20Х2 жылғы 31 желтоқсанда Өтіп кеткен міндеттеуші оқиға ретінде қазіргі кездегі міндеттеме –бар айғақтардың негізінде қазіргі кездегі міндеттеме болады. Экономикалық пайдаларды білдіретін ресурстардың шығуы өтеу кезінде – ықтимал.
Қорытынды: есепті күнге арналған міндеттемені өтеу үшін қажетті сомаларды ең жақсы есептік бағалау мөлшеріндегі бағалау міндеттемесін танып, қабылдайды.

Қаржылық есептіліктің
№ 2 ұлттық стандартына
4-қосымша

Кірісті тану мысалдары

1. Осы Стандарттың 22-бөліміне қоса беріліп отырған, бірақ оның бөлігі болып табылмайтын осы Стандарттың 22-бөлімінде айтылған табысты танып, қабылдау және өлшеу жөніндегі талаптарды қолдану үлгілері берілген.
Төменде берілген үлгілерде операциялардың нақты аспектілері қозғалады және ол табысты танып, қабылдауға ықпал етуі мүмкін барлық факторларды жан жақты талдауды білдіреді. Үлгілерде әдетте табыстың сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін екендігі көзделеді, болашақтағы экономиалық пайдаларды ұйымның алу ықтималдығы және келтірілген немесе болжанатын шығындар сенімді түрде өлшену ықтималдығы болады.
2. Әртүрлі елдерде заңнамалар осы Стандарттың 22-бөлімінің танып, қабылдау өлшеулері әртүрлі уақыттарда орындалатынын білдіретін жағдайлар болуы мүмкін. Атап айтқанда, заңда меншік құқығымен байланысты елеулі қауіп-қатерлер мен пайдаларды ұйымның беретін уақыт кезеңін айқындалуы мүмкін. Сондықтан бұл қосымшадағы үлгілер операция жасалатын елдегі тауарларды сатуға қатысты заңнаманың мәнмәтінінде зерделенуі тиіс.
3. 1-мысал – Келесі жеткізілімге қосымша құжаттар жазып беру, мұнда сатып алушының өтініші бойынша жеткізу кейінге қалдырылады, бірақ сатып алушы меншік құқығын өзіне алады да жазып берілген есепшотпен келіседі.
Сатушы сатып алушы меншік құқығын өзіне алған кезде, егер:
1) жеткізуді жүзеге асыру ықтималдығы болса;
2) сатуды танып, қабылдау кезінде тауар болса, сатып алушыға жіберуге белгіленіп және оған дайын болса;
3) сатып алушы кейінге қалдырылған жеткізілім жөніндегі нұсқаулықты ашық түрде растаса; және
4) төлемнің әдеттегі шартары қолданылса, табысты танып, қабылдайды.
Тауарларды жеткізілу мерзіміне қарай сатып алу немесе жүргізу ниеті ғана болатын болса, онда пайда танылмайды.
4. 2-мысал – Орнату және тексеру жағдайында тиелген тауарлар
Табысты, әдетте сатып алушы жеткізілімді қабылдағанда және орнату мен тексеру аяқталғанда танып, қабылдайды.
Алайда, табысты сатып алушы тікелей жеткізілімді қабылдап алғаннан кейін:
1) орнату процесі қиын болмаса, мысалы, зауытта тестіленген теледидарды орамнан ашуды және қоректендіру көзі мен антеннасын қосуды ғана қажет ететін орнату болғанда; немесе
2) тексеру шарт бағаларын түпкілікті анықтау үшін ғана орындалғанда, мысалы, темір кенін, қантты немесе соя бұршақтарын жеткізу кезінде танып, қабылдайды.
5. 3-мысал – Тауарлар белгілеген тәртіпте уағдаластығы бар және шектелген қайтару құқығы бар сатып алушы мақұлдаған жағдайда тиелген тауарлар
Егер қайтару ықтималдығына қатысты белгісіздік болса, онда табысты жеткізілген тауарды сатып алушы ресми қабылдағанда немесе тауарлар жеткізілгенде және бас тарту үшін уақыт мерзімі асып кеткенде танып, қабылдайды.
6. 4-мысал – Тауарлар сату шартымен алушы (сатып алушы) жеткізушіден (сатушыдан) тауарды сату міндеттемесін өзіне алған консигнациялық негізде тиелді
Жеткізуші табысты алушының тауарларды үшінші тарапқа сатқаннан кейін танып қабылдайды.
7. 5-мысал – Тауарлар алу кезіндегі төлеу шарттарымен тиелді
Табыс жеткізілгеннен кейін сатушының немесе оның агенті ақшаны алғаннан кейін танылады.
8. 6-мысал – Тауарлар сатып алушының ішінара төлемдер сериясынан соңғы төлемдер жүргізген кезінде ғана жеткізілетін кейінге қалдырылған сатылымдар
Сатып алушы мұндай сатудан түскен табысты тауарларды жеткізгеннен кейін танып, қабылдайды. Алайда, егер мұндай сатудың көпшілігі соңына дейін жеткізілетінін тәжірибе көрсетсе, тауарлар болса, сатып алушыға белгіленіп және оған жеткізуге дайын жағдайда төлемақының елеулі бөлігі алынса, онда табыс танып, қабылданған болуы мүмкін.
9. 7-мысал – Артық қорда әлі жоқ, мысалы тауарлар жүргізілуі және үшінші тараптан тікелей сатып алушыға жеткізілуі тиіс болатын тауарларды жеткізуге дейін төлемақысы алынған тапсырыстар
Сатушы тауарлар сатып алушыға жеткізілген кезде ғана табысты танып, қабылдайды.
10. 8-мысал – Сатушы сол тауарларды біраз уақыт өткеннен кейін бір мезгілде сатып алуға келісетін немесе сатушыда сатылған тауарларды сатып алуға опцион болса немесе сатып алушыны сатылған тауарларды сатушының сатып алу талабымен сатуға опционы болса, сату және қайта сатып алу шарттары
Қаржылық актив болып табылмайтын активке сату және қайта сатып алу шарттарында сатып алушыға меншік құқығымен байланысты қауіп-қатерлер мен пайдалар іс жүзінде сатып алушыға берілгеніне көз жеткізу үшін шарттың талаптарын пысықтауы қажет. Егер олар берілген болса, онда сатушы табысты танып, қабылдайды. Меншік құқығымен байланысты қауіп-қатерлер мен пайдаларды сатушыда сақталса, құқықтық титул берілгеніне қарамастан, операция қаржыландыру жөніндегі келісім болып табылады және табыстың пайда болуына әкеледі. Қаржылық активтің сату және қайта сатып алу шартына қатысты осы Стандарттың 11-бөлімі қолданылады.
11. 9-мысал – Делдалдарға, мысалы, таратушыларға, дилерлерге немесе қайта сату үшін басқа тұлғаларға сату
Сатушы әдетте меншік құқығына байланысты қауіп-қатерлер мен пайдалар берілгенде мұндай сатудан түскен табысты танып, қабылдайды. Алайда, сатып алушы агент ретінде әрекет еткен жағдайда сату консигнациялық негіздегі сату ретінде қаралады.
12. 10-мысал – Баспа басылымдарына және ұқсас баптарға жазылу
Егер әрбір кезең ішінде қаралатын баптардың құны бірдей болса, онда сатушы сол кезең ішінде берілген баптар қойылатын кезең ішінде тура желі негізінде табысты танып, қабылдайды. Егер баптың құны кезең өткен сайын өзгерсе, онда табыс жазылуға қойылатын барлық баптардың сату есептік құнының негізінде танылады.
13. 11-мысал – Бөлшектеп алу арқылы өтелетін мерзім ұзартудағы сату
Сату күнінде сатушы, пайыздарды қоспағанда, табыстың сатылу бағасына қатысты бөлігіндегі табысты танып, қабылдайды. Сату бағасы өзгертілген пайыздық ставка бойынша алуға төлемдерді дискрнттау арқылы белгіленетін өтеудің берілген құнына тең. Сатушы тиімді пайыз ставкасының әдісін пайдалана отырып, пайыздық құрайтын табыс ретінде танып, қабылдайды.
14. 12-мысал – Жылжымайтын мүлікті сату
Әдетте меншіктің заңды құқығы сатушыға ауысқанда сатушы кірісті танып-қабылдайды. Алайда кейбір заңдық құқықтарда жылжымайтын мүлікке меншік құқығы жалпы құқыққа негізделген меншік құқығы алынғанға дейін сатушыға ауысуы мүмкін және меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайдалар осы кезеңде беріледі. Бұл жағдайларда шартты орындау үшін ешбір елеулі іс-әрекеттер жасау қажет болмаса, кірісті танып-қабылдау орынды болады. Осы және басқа жағдайда, егер әділет құқығы нормаларына және немесе ортақ құқыққа негізделген жылжымайтын мүлікке меншік құқығы берілгеннен кейін сатушы қанда да бір маңызды іс-әрекеттер жасауға мәжбүр болса, кіріс осы іс-әрекеттердің орындалуына қарай танылып-қабылданады. Мысал ретінде құрылысы аяқталмаған ғимаратты немесе құрылысты келтіруге болады.
15. Кейбір жағдайларда жылжымайтын мүлік меншік құқығына байланысты тәуекелдер мен пайдалар берілмейтін дәрежеде сатушының үнемі қатысуы сақтала отырып, сатылуы мүмкін. Қарсы сатып алу шарттары осындай мәмілелердің мысалы болып табылады, олардың сатуға және сатып алуға опциондары және белгілі бір кезеңде мүліктің бос болмауына немесе сатып алушының инвестицияларына белгілі кезеңде пайдаға сатушы кепілідік беретін шарттары болады. Мұндай жағдайларда сатушының үнемі қатысуының сипаты мен деңгейі әрекеттің есебін жүргізу тәртібін белгілейді. Ол сату немесе пайданы бөлу туралы қаржы, жалға алу немесе қайсыбір басқа келісім ретінде ескеріле алады. Егер ол сату ретінде ескерілсе, сатушының үнемі қатысуы кірісті танып-қабылдауға кедергі жасауы мүмкін.
16. Сондай-ақ сатушы төлем қаражатын және сатушының толық төлеу ниетінің нақтылығын ескеруі тиіс. Мысалы, сатып алушының бастапқы төлемін қоса алғанда, алынған төлемдер сомасы немесе оның үнемі іске асырылатын төлемдері сатып алушының төлеуді аяқтау ниетінің ойдағыдай болмауын қамтамасыз еткенде, ақшалай түсімі алынған ақша көлемінде ғана танылып, қабылданады.
17. 13-мысал – Орнату үшін ақы
Сатушы орнату бойынша жұмыстардың аяқталуына қарай кіріс ретінде белгілеу үшін ақыны танып қабылдайды (ақысы тауарды сату ақысына ілескен болып табылған жағдайлардан басқа), ал мұндай жағдайларда ол тауар сатылғаннан кейін танып қабылданады.
18. 14-мысал – Тауар бағасына енгізілген қызмет көрсету үшін ақы
Тауардың сатылатын бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендіру сомасын қамтығанда (мысалы, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын сату кезіндегі жетілдіру және сатудан кейінгі қолдау), сатушы осы соманы танып, қабылдауды кейінге қалдырады және оны кіріс ретінде қызмет көрсету кезеңі бойы танып қабылдайды. Кейінге қалдырылған сома – осы қызметтерге келіп түсетін пайданы ескере отырып, шартқа сәйкес қызмет көрсету үшін болжанатын шығындарды өтейтін сома.
19. 15-мысал – Жарнама үшін комиссиялық сыйақылар
Бұқаралық ақпарат құралдарының комиссиялық сыйақылары тиісті жарнама немесе жаранамалық ролик жұршылыққа таныстырылған жағдайда танылып, қабылданады. Өндірістік комиссиялық сыйақылар жобаның аяқталу сатысына байланысты танылып, қабылданады
20. 16-мысал – Сақтандыру агенттігінің комиссиялық сыйақылары
Агенттің қосымша қызметтерін ұсыну қажет емес сақтандыру агенттігінің алынған немесе алынуға жататын комиссиялық сыйақылары тиісті сақтандыру полисінің қолданылу немесе жаңадан пайдалану күніне кіріс ретінде танылып қабылданады. Алайда, агент полистің қолдану мерзімі бойы қосымша қызметтер көрсетуге мәжбүр болған ықтималдығы болса, агент комиссиялық немесе олардың бөлігін танып, қабылдауды кейінге қалдырады және олар кіріс ретінде полистің қолдану мерзімі бойына танылып қабылданады.
21. 17-мысал – Кіру үшін ақы
Сатушы көркем-шығармашылық көріністерден, банкеттерден және басқа да ерекше іс-шаралардан келіп түсетін кірісті іс-шара өтіп жатқанда танып қабылдайды. Бірқатар іс-шараларға абонементті сату кезінде сатушы олардың әрқайсысына әрбір іс-шарада қызметтердің орындалу деңгейін көрсететін негізде ақыны бөледі.
22. 18-мысал – Оқу үшін ақы
Сатушы оқу кезеңі бойындағы кірісті танып, қабылдайды.
23. 19-мысал – Бастапқы, кіріс және мүшелік салымдар
Кірісті танып, қабылдау көрсетілетін қызметтердің сипатына байланысты. Егер жарналар тек мүшелікке ғана қатысты болса, ал барлық басқа қызметтер немесе өнімдер жеке төленсе, немесе егер жеке жылдық абонемент қарастырылса, оларды алуға қатысты елеулі күдік тумаған жағдайда жарна кіріс ретінде танылып, қабылданады. Егер жарна мүшеге мүшелік кезеңі бойы қызметтермен және жарияланымдармен пайдалануға немесе мүше емес адамдар үшін тағайындалатын бағалардан төмен бағалар бойынша тауарлар немесе қызметтер сатып алуға құқық берсе, жарна берілген пайдалардың мерзімдерін, сипаты мен құнын көрсететін негізде танылып қабылданады.
24. Франшиза үшін ақы
Франшиза үшін ақы бастапқы және кейінгі қызметтерді, жабдықтарды және басқа материалдық активтерді және ноу-хауды ұсынуды қамтиды. Тиісінше франшиза үшін ақы кіріс ретінде бұл ақы алынатын шеңбердегі мақсат негізінде танылып қабылданады. Төменде франшиза үшін ақыны танып, қабылдаудың қолжетімді әдістері аталады.
25. 20-мысал – Жабдықтарды және басқа да материалдық активтерді жеткізу кезінде франшиза үшін ақы
Франшиза беруші түсім ретінде активтерді жеткізу немесе меншік құқығын беру сәтінде сатылған активтердің әділ құнын танып, қабылдайды.
26. 21-мысал – бастапқы және кейінгі қызметтерді көрсету кезінде франшиза үшін ақы
Франшиза төлеуші төлем бастапқы немесе жеке болатынына қарамастан, қызмет көрсетуіне қарай кіріс ретінде үнемі қызмет көрсеткені үшін ақыны танып қабылдайды. Жеке төлемнің мөлшері үнемі қызмет көрсеткені үшін нақты шығындарды өтеу және пайданың ақылға қонымды үлесін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, үнемі қызмет көрсету үшін шығындарды өтеу және ақылға қонымды пайданы қамтамасыз етуге жеткілікті бастапқы төлеу бөлігі кейінге қалдырылуы және қызмет көрсетуіне қарай кіріс ретінде танылып қабылдануы тиіс.
27. Франшиза шартында франшиза беруші басқа сатып алушыларға тағайындайтын бағадан төмен баға бойынша немесе осы сату бойынша ақылға қонымды пайданы қамтамасыз етпейтін баға бойынша жабдықтарды, артық қорларды немесе басқа да материалдық активтерді жеткізу көзделуі мүмкін. Мұндай жағдайларда осы бағадан асыра жасалған есептік шығындарды өтеу және осындай сату бойынша ақылға қонымды пайданы қамтамасыз ету үшін жеткілікті бастапқы ақының бөлігі кейінге қалдырылуы және франшиза алушыға тауарлар сату көзделген кезең бойы танылып, қабылдануы тиіс. Бастапқы төлем сомасы барлық бірінші қызметтер және шартта көзделген франшиза беруші міндеттемелері (орналасу жерін таңдау, қызметкерлер құрамын оқыту, қаржыландыру және жарнама сияқты) негізінен орындалғаннан кейін кіріс ретінде танылып қабылданады.
28. Франшизаның аумақтық шарты бойынша бастапқы және басқа да міндеттемелері осы өңірде белгіленген жеке сауда орындары санына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда бастапқы қызметтерге қатысты ақы бастапқы қызметтерді көрсету негізінен аяқталған сауда орындары санына үйлесімді кіріс ретінде танылып-қабылданады.
29. Егер бастапқы төлем ұзақ кезең бойы алып отыруға жататын болса және ол толық көлемде алынуына нақты белгісіздік бар болса, ақшалай жарналардың алуына қарай танылып, қабылданады.
30. 22-мысал – Франшиза үшін ақы: франшиза үшін ағымдағы төлемдер
Шарт бойынша берілетін құқықтарды үнемі пайдалану үшін немесе осы шарттың қолданылу мерзімі бойы берілетін басқа да қызметтер үшін алынатын ақы қызмет көрсету немесе құқықтарды пайдалануға қарай кіріс ретінде танылып қабылданады.
31. 23-мысал – Франшиза үшін ақы: делдалдық әрекеттер
Франшиза беруші және алушы арасында біріншісі негізінен франшиза алушының агенті ретінде іс-қимыл жасайтын әрекеттер іске асырылуы мүмкін. Мысалы, франшиза беруші өзіне түсетін пайдасыз тауарға тапсырыс бере алады және оны франшиза алушыға жеткізуді ұйымдастыра алады. Мұндай әрекеттер түсімнің болуына әкелмейді.
32. 24-мысал – Арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу үшін ақы
Бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеуші сатылудан кейін сервистік қолдау бойынша қызметтерді қоса алғанда әзірлеуді аяқтау сатысына байланысты кіріс ретінде арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын әзірлеу үшін ақыны танып қабылдайды.
33. 25-мысал – Лицензиялық төлемдер мен роялти
Лицензиар кәсіпорын активтерін (сауда таңбалары, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдары, музыкалық шығармаларға авторлық құқықтар, жазбаларының түпнұсқалары және кинофильмдер сияқты) пайдаланғаны үшін төленген сыйақылар мен роялтиді көбінесе шарт мазмұнына сәйкес танып қабылдайды. Практикалық тұрғыдан танып, қабылдау шарттың қолдану мерзімінің тікелей негізінде жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, лицензиаттың айқындалған уақыт кезінде белгілі технологияны пайдалану құқығы болғанда).
34. Лицензиатқа бұл құқықтарды еркін пайдалануға рұқсат беретін және олар бойынша лицензиар барлық міндеттемелерді орындаған күші жойылмайтын шарт бойынша бекітілген сыйақыға немесе өтелмейтін кепілдіктерге құқықтарды беру негізінде сату болып табылады. Жеткізуден кейін лицензиар ешқандай міндеттемелерге сай келмеген жағдайда бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға лицензиялық келісім осындай беру мысалы болып табылады. Басқа мысал: лицензиар кинофильмдерді көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорынды бақылау мүмкіндігі жоқ және әрі қарай билеттен кассалық түсімдерді алуды күтпейтін жағдайда кинофильмдерді коммерциялық мақсаттарда көрсетуге құқығын беру. Мұндай жағдайларда түсім сату сәтінде танылып қабылданады.
35. Кейбір жағдайларда лицензиялық сыйақы немесе роялти алу алдағы уақытта болатын қандай да бір оқиғаға байланысты. Бұл жағдайларда түсім осы сыйақылар немесе роялти алыну ықтималдығы болған жағдайда ғана танылып қабылданады, бұл көбінесе аталған оқиғаның орын алған кезінде болады.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 21 мауысым
№217 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының күші жойылған кейбір қаулыларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есепке алу әдіснамасы департаментінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 239 болып тіркелген).
2. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы № 4 қаулысы.
3. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысы.
4. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 21 қарашадағы № 7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 240 болып тіркелген).
5. 5 Кіріс бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 6 Негізгі құралдардың есебі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 7 Тауарлық-материалдық қорлардың есебі бухгалтерлiк есеп стандартына өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) өзіндік құнына енгізілетін шығындардың құрамы мен сыныптамасын қалыптастыру бөлігінде әдістемелік ұсынымдар, 7 Тауарлық-материалдық қорлардың есебі бухгалтерлiк есеп стандартына тауарлық-материалдық қорлардың өзіндік құнына енгізілетін және кезеңнің шығыстары болып танылатын шығыстарды қалыптастыру бөлігінде әдістемелік ұсынымдар, 8 Қаржылық инвестициялардың есебі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 9 Шетелдік валютадағы операциялардың есебі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 10 Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 11 Табыс салығы бойынша есеп бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 12 Күрделі құрылысқа арналған мердігер шарттары бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар, 20 Мұнай-газ өңдеу қызметіің есебі мен есептілігі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 7 бұйрығы.
6. 14 Тәуелді шаруашылық серіктестікке инвестициялардың есебі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 23 желтоқсандағы № 85 бұйрығы.
7. 24 Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бухгалтерлiк есеп стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 455 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 455 болып тіркелген).
8. 17 Жалға беру есебі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 456 бұйрығы.
9. 5 Кіріс бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар күмәнді борыштар бойынша резерв қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 457 бұйрығы.
10. 13 Шоғырланған қаржылық есептілік және инвестицияларды еншілес серіктестіктерге есепке алу бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 458 бұйрығы.
11. 15 Бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесінің қаржылық есепке алуда көрінуі бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 459 бұйрығы.
12. Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді түгендеу жүргізуі тәртібі туралы 24 Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бухгалтерлiк есеп стандартына әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 6 наурыздағы № 47 бұйрығы.
13. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания тарапынан жүргізілетін есеп-қисап және есеп беру тәртібі 25-ші Бухгалтерлік есеп Ережесін (стандарт) Бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 16 сәуірдегі № 61 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 515 болып тіркелген).
14. Брокерлік және дилерлік ұйымдардың есебі мен есептілігі 26-шы Бухгалтерлік есеп ережесін (стандарт) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 6 шілдедегі № 108 бұйрығы.
15. 27 Есепті кезеңнің күнінен кейін болатын күтпеген жағдайлар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп ережесін (стандартын) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 14 шілдедегі № 113 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 576 болып тіркелген).
16. 26 Брокерлік және дилерлік компаниялардың есебі мен есептілігі бухгалтерлiк есеп ережесіне (стандартына) әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 30 қазандағы № 161 бұйрығы.
17. 27 Есепті кезеңнің күнінен кейін болатын күтпеген жағдайлар мен оқиғалар бухгалтерлiк есеп ережесіне (стандартына) әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 185 бұйрығы.
18. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысымен бекіткен 16 Зейнетақымен қамсыздандыру шығындарының есебі және 19 Мемлекеттік емес ерікті зейнетақы қорының есеп беруді жасауы және есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына өзгерістер мен толықтырула енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 824 болып тіркелген).
19. Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесін (стандартын) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 19 мамырдағы № 210 бұйрығы.
20. Бухгалтерлік есептің 29 Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесіне (стандартына) әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 7 қыркүйектегі № 485 бұйрығы.
21. Бухгалтерлік есептің 29 Материалдық емес активтерді есепке алу ережесін (стандартын) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі № 490 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 935 болып тіркелген).
22. Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды көрсету ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 маусымдағы № 266 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1191 болып тіркелген).
23. Қазынашылық кәсiпорынның бухгалтерлiк есебi мен есептiлiгiнде мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде орындалатын операцияларды көрсету ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 104 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1507 болып тіркелген).
24. Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 28 тамыздағы № 390 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1977 болып тіркелген).
25. Қазақстан Республикасы Каржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есептiң 29 ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындарды есепке алу ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы № 824 тiркелген 1999 жылғы 19 мамырдағы № 210 және Бухгалтерлiк есептiң 28 Материалдық емес активтердi есепке алу Ережесiн (стандарттарын) бекiту туралы № 935 тiркелген 1999 жылғы 10 қыркүйектегi № 490 бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 4 қарашадағы № 558 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2059 болып тіркелген).
26. № 239 нөмірмен тіркелген Бухгалтерлік есептің стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 15 қарашадағы № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 12 қарашадағы № 568 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2060 болып тіркелген).
27. № 239 нөмірмен тіркелген Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы № 4 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 593 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2099 болып тіркелген).
28. 30 Қаржы есептілігін беру бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы
17 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2182 болып тіркелген).
29. 31 Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын) бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2183 болып тіркелген).
30. № 239 болып тіркелген Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 28 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2160 болып тіркелген).
31. № 455 болып тiркелген 24 Бухгалтерлiк қызметтердi ұйымдастыру бухгалтерлiк есеп стандартын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлік есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы № 455 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы № 101 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2225 болып тіркелген).

№ 1 ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 4) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған № 1 ұлттық қаржылық есептілік стандарты бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. 23 Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі және есептілігі бухгалтерлік есептің стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 20 ақпандағы № 84 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 наурызда № 2754 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4 Осы бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр Н.Коржова

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 21 маусымдағы
№ 218 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты

1-бөлім. Жалпы ережелер

§ 1 Қолдану мақсаты және саласы
1. Осы Ұлттық қаржылық есептіліктің № 1 стандарты (бұдан әрі -Стандарт) Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес анықталатын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғаларға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - субъект) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін анықтау мақсатында Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарттың әрекеті Қазақстан Республикасының секьюрителендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыратын қаржы ұйымдары мен арнайы қаржы компанияларына қолданылмайды.

§ 2 Осы Стандартта қолданылатын анықтаулар
3. Осы стандартта мынадай анықтаулар пайдаланылады:
1) Активтер – өткен оқиғалардың нәтижесінде жеке кәсіпкер немесе ұйым бақылай алатын, олардан болашақ экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.
2) Амортизацияланатын құн – тарату құнын шегергенде активтің бастапқы құны.
3) Ауыл шаруашылығы өнімі – субъектінің биологиялық активтерінен жиналған өнім.
4) Ауыл шаруашылығы өнімін жинау - өнімді биологиялық активтен бөлу немесе биологиялық активтің тыныс-тіршілігін тоқтату.
5) Ауыл шаруашылығы қызметі – ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтерді өндіру мақсатында биологиялық активтердің биотрансформациясын басқару.
6) Ауытқу – шарт бойынша орындалатын жұмыстардың көлемін өзгерту туралы тапсырысшы берген тапсырма.
7) Аралық қаржылық есептілік – бұл аралық кезеңде қаржылық есептіліктің толық жиынтығын қамтитын қаржылық есептілік.
8) Аралық кезең – бұл толық қаржы жылынан қысқа қаржылық есептілік кезеңі.
9) Әділ құн – бұл жақсы хабардар етілген, бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операциялар жасау кезінде активті айырбастауға немесе міндеттеме орындауға болатын сома.
10) Әзірлеу – бұл олардың коммерциялық өндірісі немесе қолданылуы басталғанға дейін жаңа немесе елеулі жақсартылған материалдарды, қондырғыларды, өнімдерді, процестерді, жүйелерді немесе қызметтерді жоспарлау немесе өндірісін конструкциялау кезінде зерттеулердің немесе басқа білімдердің нәтижелерін қолдану.
11) Баланс күнінен кейінгі оқиға – бұл баланс күні мен қаржылық есептілікті шығаруға бекіту күні арасындағы кезеңде орын алатын оқиға. Мынадай оқиғалардың екі түрін бөліп көрсетеді:
1) баланс күніне бар оқиғаларды растайтын оқиғалар (баланс күнінен кейін түзейтін оқиғалар).
2) баланс күнінен кейін туындаған шарттар туралы куәландыратын оқиғалар (баланс күнінен кейін түзетпейтін оқиғалар).
12) Баланстық құн – бұл активтің барлық жинақталған амортизациясының сомасын есептен шығарғаннан кейін осы актив баланста деп танылатын сома.
13) Биологиялық актив – жануар немесе өсімдік.
14) Биологиялық активтердің сыныбы – ұқсас жануарлардың немесе өсімдіктердің бірігуі.
15) Биотрансформация - нәтижесінде биологиялық активте сапалық немесе сандық өзгерістер болатын өнімді өсіру, көбейту, өндіру және өндіріп шығару процестерінен тұрады.
16) Елеулілік қағидаты – қаржылық есептілік баптарын ескермеу немесе бұрмалау егер олар жеке немесе бірлесіп қаржылық есептілік негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне әсер ете алса, елеулі болып саналады. Елеулілік жіберіп алу немесе бұрмалаудың нақты жағдайларында бағаланатын объектінің немесе қатенің мөлшеріне байланысты, яғни есептің шекарасын немесе нүктесін көрсетеді және пайдалы болу үшін ақпарат ие болуы тиіс негізгі сапалы сипаттама болып табылмайды.
17) Есепке алу қағидаты – осы қағидатқа сәйкес операциялар мен өзге оқиғалардың нәтижелері ақша қаражаты немесе олардың баламалары алынған немесе төленген кезде емес, олардың жасалу фактісі бойынша танылады. Олар есепке алу жазбаларында көрсетіледі және қаржылық есептілікке олар жатқызылған кезеңде енгізіледі.
18) Есепті кезең – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім: 1) жылдық қаржылық есептілік үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы күнтізбелік жыл есепті кезең болып табылады; 2) қайта құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда.
19) Зерттеу – бұл жаңа ғылыми немесе техникалық білімдер мен идеялар алу перспективасымен қабылданған түпнұсқалы және жоспарлы іздену.
20) Кірістер – активтердің ағыны немесе өсуі немесе міндеттемелерді азайту нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайдалардың артуы, олар капиталға қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты арттырудан ерекшеленетін капиталды ұлғайтуға әкеп соқтырады.
21) Қорлар – бұл қарапайым қызмет барысында немесе сатуға арнап өндіру процесінде сатуға арналған немесе өндірістік процесте немесе қызметтер көрсетуде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер.
22) Құрылысқа арналған шарт – объектінің немесе объектілер кешенінің құрылысын арнайы көздейтін шарт, олар өзара бір-бірімен байланысты немесе олардың конструкциясы, технологиялары мен функциялары бойынша немесе олардың түпкілікті мақсаты немесе пайдаланылуы бойынша өзара тәуелді.
23) Қызметтің үздіксіздік қағидаты – субъектінің үздіксіз қызмет етуі және болашақта операция жүргізу қабілеті. Субъектіде қызмет аясын тарату немесе елеулі қысқарту ниеті де, бұған қажеттілік те жоқ деп ұйғарылады (ең болмағанда, есепті кезеңнен кейінгі он екі айдың ішінде). Субъект таратуға ниетті болса немесе таратуға қажеттілік болса, субъектінің қаржылық есептілігі басқа негізде жасалады және қолданылатын негіз ашылады.
24) Негізгі құралдар – бұл материалдық активтер, оларды:
1) субъекті тауарларды немесе қызметтерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттары үшін ұстайды;
2) бір кезеңнен астам пайдалану ұйғарылады.
25) Негізгі құралдардың амортизациясы – бұл пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизациялық құнының шығыстарына жүйелі түрде бөлу.
26) Негізгі құралдың құрауышы – бұл негізгі құралдар объектілерінің элементтері (жабдықтаушы, қосалқы бөлшектер, конструкциялар), олар тұрақты ауыстыруды талап етеді, түрлі пайдалы қолдану мерзімі бар және негізгі құралдарды тану өлшемдеріне сәйкес келмейді, қорлар ретінде көрсетіледі. Бұл ретте ірі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдық егер ұйым оны бірден асатын кезең ішінде пайдалануды есептейтін негізгі құралдар ретінде жіктеледі.
27) Материалдық емес актив – бұл басқа тараптарға жалға беру мақсатында немесе әкімшілік мақсаттарында тауарларды немесе қызметтерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалану үшін ұсталатын физикалық нысаны жоқ бірегейлендірілген ақшалай емес актив.
28) Монетарлық активтер – бұл ақша қаражатының тіркелген немесе анықталатын сомасында алуға жататын бар ақша қаражаты және активтер.
29) Міндеттеме - өткен оқиғалардан туындайтын жеке кәсіпкердің немесе ұйымның бар міндеті, оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстарды істен шығаруға әкеп соқтырады.
30) Өзіндік құн – бұл төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасы, немесе оны сатып алу немесе құру сәтіне активті сатып алуға берілген басқа активтің әділ құны.
31) Пайдалы қолданылу мерзімі – бұл кәсіпорынның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі немесе субъект осы активті пайдалану арқылы алуды ұйғаратын өнімнің немесе осыған ұқсас бұйымдардың саны.
32) Талап-тілек – бұл тапсырысшыдан немесе екінші тараптан шарттың сомасына енбеген шығындарды өтеу ретінде мердігер алуға ұмтылатын сома.
33) Тарату құны – бұл субъекті есептен шығаруға арналған күтілетін шығындарды шегергеннен кейін оны пайдалы қолдану мерзімінің аяғында актив үшін алуды күтетін таза сома.
34) Тіркелген бағасы бар шарт – мердігер оған сәйкес тіркелген баға бойынша немесе құрылыс өнімінің әрбір бірлігі жөніндегі тіркелген ставка бойынша құрылыс жұмыстарын орындайтын шарт.
35) Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (ХҚЕС) – Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары комитетінің Қоры бекіткен қаржылық есептілік стандарттары.
36) Шығындарды қосу шарты – мердігерге оған сәйкес шекті немесе өзгеше анықталатын шығындар, сондай-ақ осы шығындардан пайыз немесе тіркелген сыйақы өтелетін шарт.
37) Шығыстар – активтердің ығысып кетуі немесе азаюы немесе міндеттемелердің туындауы нысанында есепті кезеңнің ішінде экономикалық пайданы азайту, олар капиталда қатысатын тұлғаларға бөлуге байланысты азайтудан ерекшеленетін капиталдың азаюына әкеп соқтырады.
38) Ынталандыру төлемдері – бұл жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталған немесе арттырылған болса, мердігерге төленетін қосымша сома.

§ 3 Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын, салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа немесе фермерлік қожалықтарға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлердің есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы
4. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылған, салық заңнамасына сәйкес, сондай-ақ жеңілдетілген декларацияның негізінде шаруа (фермерлік) қожалықтарға арналған арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлер өздерінің шаруашылық операциялары мен оқиғаларын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында (бұдан әрі - Кітап) көрсетеді. Салық органында міндетті тіркелуге жататын және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді. Қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлер 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметі бойынша бухгалтерлік есепті қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын жеке кәсіпкерлерге арналған кірістерді есепке алу кітабында жүргізеді.
5. Кітап Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қосарланған жазба тәсілін, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын және өзге де талаптарды қолданбай хронологиялық тәртіппен толтырылады.
6. Кітапты бастаған кезде жеке кәсіпкер ақпараттың түсініктігі, сенімділігі, салыстырмалығы, толықтығы сияқты ақпараттың сапалы сипаттамаларын қолданады. Қысқартылған, кодталған жазбаларды және символдарды пайдаланған жағдайда олардың мағынасы әрбір нақты жағдайда түсіндірілуі тиіс.
7. Шаруашылық операциялары мен оғиғалары бастапқы есепке алу құжаттары Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамада талаптары белгіленген бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері арқылы ресімделеді.
8. Кітап бір қаржы жылына ашылады және нөмірленуі, түптелуі тиіс. Нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол арналған дейін жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталады. Электрондық түрде арналған және кезең аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштарға шығарылған нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол арналған дейін жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталады.
9. Кітапта қателерді түзету негізді болуы және түзету күнін көрсете отырып жеке кәсіпкердің қолымен және жеке кәсіпкердің мөрімен (бар болған кезде) расталуы тиіс.
10. Кітаппен қатар жеке кәсіпкер мынадай бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерін жүргізеді:
3-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын есепке алу жөніндегі В-1 ведомосі;
4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу жөніндегі В – 2 ведомосі;
7-қосымшаға сәйкес сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі жөніндегі В – 5 ведомосі;
8-қосымшаға сәйкес өнім берушілермен есеп айырысудың есебі жөніндегі В – 6 ведомосі;
9-қосымшаға сәйкес еңбекақы төлеуді есепке алу жөніндегі В-7 ведомосі;
11-қосымшаға сәйкес биологиялық активтерді есепке алу жөніндегі В – 9 ведомосі;
12-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу жөніндегі В – 10 ведомосі;
13-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтер жөніндегі амортизациялық аударымдарды есепке алу жөніндегі В – 11 ведомосі;
16-қосымшаға сәйкес В – 13 жиынтық ведомосі.

§4 Жеңілдетілген декларацияның негізінде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы

11. Жеңілдетілген декларацияның негізінде салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимдерін қолданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар шаруашылық операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес қосарланған жазба тәсілімен көрсетеді және осы Стандартқа сәйкес қаржылық есептілік жасайды.
2-бөлім Қаржылық есептілікті жасау

§5 Қаржылық есептілік құрауыштары
12. Субъектінің қаржылық есептілігі мыналарды қамтиды:
бухгалтерлік баланс;
пайда мен шығындар туралы есеп;
түсіндірме жазба және ескерту.
13. Өздерінің қарауына қарай субъекті пайдаланушыларға берілетін ақпараттың сапасын жақсартуға қабілетті басқа да қаржылық есептілік нысандарын ұсына алады.
14. Қаржылық есептілікте өткен кезең үшін тиісті деректер көрсетіледі.

§6 Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің қағидаттары және сапалық сипаттамалары
15. Субъектінің бухгалтерлік есепті жүргізуі және қаржылық есептілікті жасауы есепке алу және үздіксіздік қағидаттарына, сондай-ақ түсініктілік, орындылық, мәнділік, сенімділік, дұрыстық, бейтараптық, сақтық, толықтық сияқты сапалық сипаттамаларға негізделеді және операциялардың заңнама нысанын ғана емес, операциялардың экономикалық мәнділігін көрсетеді, олар қаржылық есептіліктерде көрсетілген ақпаратты пайдаланушылар басқарушылық және экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олар үшін пайдалы етіп көрсетеді.
16. Ақпараттан алынатын пайдалар оны ұсыну жөніндегі шығындардан асып түсуі тиіс.
17. Әрбір елеулі бап қаржылық есептілікте жеке берілуі тиіс. Активтер мен міндеттемелер осы Стандарттың немесе ХҚЕС ережелеріне сәйкес талап етілетін немесе рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, өзара есептелмеуі тиіс. Елеулі емес сомалар ұқсас сипаттағы немесе мақсаттағы сомамен біріктірілмеуі тиіс және жеке берілмесе де болады.
18. Алдыңғы кезеңге қатысты салыстырмалы ақпарат қаржылық есептілікте барлық сандық ақпарат үшін ашылуы тиіс. Салыстырмалы ақпарат егер ол ағымдағы кезеңдегі қаржылық есептілікті түсіну үшін орынды болса, ақпараттың мазмұнды және сипаттама бөлімдеріне енгізілуі тиіс.

§ 7 Қаржылық есептілікті беру мерзімі

19. Қаржылық есептілік пайдаланушыларға жылына кем дегенде бір рет беріледі.

§ 8 Қаржылық есептілік үшін жауапкершілік

20. Қаржылық есептілікті дайындауға және ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субъектінің басшысы немесе өзге уәкілетті тұлғасы жауапты болады.

§ 9 Бухгалтерлік баланс

21. Бухгалтерлік баланста 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер, міндеттемелер мен жеке меншік капитал көрсетіледі.
22. Бухгалтерлік балансқа субъекті басшылығының қарауы бойынша субъекті қызметінің сипатына қарай қосымша баптар, бөлімдер мен аралық сомалар енгізілуі мүмкін.

§ 10 Кірістер мен шығыстар туралы есеп

23. Кірістер мен шығыстар туралы есеп 20-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша беріледі.
24. Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар мұндай субъекті қызметінің қаржылық нәтижелерін неғұрлым нақты ұсыну үшін қажет кірістер мен шығыстар туралы есепте беріледі.
25. Қорытынды пайда (қорытынды шығын) 18-қосымша бойынша салық салғанға дейінгі кіріс пен шығыстар және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында анықталатын ставка бойынша есептелген корпоративтік табыс салығы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.

§ 11 Түсіндірме жазба және ескерту
26. Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба және ескерту реттелген тәртіппен берілуі тиіс. Баланстың, пайда мен шығындар туралы есептің әрбір бабы бойынша оған қатысты кез келген ақпаратқа қиылысты сілтемелер, сондай-ақ қаржылық есептіліктің өзінде көрсетілмеген, бірақ толық және дұрыс ұсыну үшін қажетті қосымша ақпарат беріледі.

§ 12 Өзге де ақпаратты ашу
27. Субъектілер егер қаржылық есептілікпен бірге басқа да жерде жарияланған ақпаратта ашылмаса, мынадай сәттерді ашуы тиіс:
1) субъектінің заңды мекен-жайы және заңды нысаны, оның заңды тіркелген елі және тіркелген офисінің мекен-жайы (немесе егер ол тіркелген офисінің мекен-жайынан өзгеше болса, негізгі іс жүргізу орны);
2) Субъектінің операцияларын және қызметінің негізгі түрлерін суреттеу;
3) кезеңнің аяғына қызметкерлердің саны немесе кезеңнің ішінде қызметкерлердің орташа саны.

3-бөлім. Аралық қаржылық есептілік

§ 13 Қаржылық есептіліктің құрауыштары
28. Аралық қаржылық есептіліктің нысандары мен мазмұны осы Стандарттың § 8 -12-тармақтарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
29. Ақпарат жылдың басынан бастап есепті күнге дейін өткен қаржы кезеңінің негізінде есептілікте берілуі тиіс.
30. Субъектінің есептілікті жасау жиілігі (жылдық, жарты жылдық немесе тоқсандық) оның жылдық нәтижелерін өлшеуге әсер етпеуі тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аралық есептілікті жасау кезінде өлшеу жылдың басынан бастап есепті күнге дейін өткен кезеңге сүйене отырып жасалуы тиіс.

§ 14 Маусымды, циклды немесе кездейсоқ алынатын кіріс
31. Қаржы жылының ішінде алынған маусымды, циклды немесе кездейсоқ алынатын кіріс егер субъектінің қаржы жылының аяғына мұндай күту немесе кейінге қалдыру орынды болып табылмаса, аралық есептілік күніне күтілетін немесе кейінге қалдырылған ретінде көрсетілмеуі тиіс. Кейбір субъектілер басқа аралық кезеңдерге қарағанда қаржы жылының белгілі бір аралық кезеңдерінде кезекті көп кіріс алады. Мұндай кіріс ол туындағанда танылады.
§ 15 Қаржы жылының ішінде біркелкі келтірілмеген шығындар
32. Субъектінің қаржы жылының ішінде біркелкі туындамаған шығындар осы сияқты шығындарды жылының аяғына кейінге қалдырумен ұйғарылған немесе ескерілген жағдайда ғана аралық қаржылық есептілікті жасау мақсаттары үшін кейінге қалдырумен көрсетілуі тиіс.
§ 16 Есептік бағалауларды пайдалану
33. Аралық қаржылық есептілікте қолданған жөн өлшеу рәсімдері алынатын ақпараттың сенімділігін және субъектінің қаржы жағдайы мен қызметінің нәтижелерін түсіну үшін орынды алынатын ақпараттың сенімділігін және барлық елеулі қаржылық ақпаратты тиісті ашуды қамтамасыз ету үшін әзірленуі тиіс. Жылдық та, аралық та қаржылық есептіліктегі өлшем негізді есептік бағалауларға негізделетіндігімен қатар, аралық қаржылық есептілікті дайындау тұтастай алғанда жылдық қаржылық есептілікті жасауға қарағанда есептеу әдістерін көбірек қолдануды талап ететін болады.

4-бөлім. Баланс күнінен кейінгі оқиғалар

§ 17 Баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғалар
34. Субъект баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғаларды көрсету үшін қаржылық есептілікте танылған соманы түзетуі тиіс.
Төменде Субъект қаржылық есептілікте танылған соманы түзету жолымен, немесе бұрын қаржылық есептілікте танылмаған баптарды тану жолымен ескеруі тиіс баланс күнінен кейінгі түзететін оқиғалардың мысалдары келтіріледі:
1) баланс күнінен кейін шығарылған сот шешімі, ол баланс күніне Субъекті міндеттемесінің болуын растайды және әрине бағалау міндеттемесінің есептілігінде танылған түзетуді немесе шартты міндеттеме туралы ақпаратты қарапайым ашу орнына бағалау міндетттемесін тануды талап етеді;
2) баланс күнінен кейін баланс күніне дейін сатып алынған активтердің немесе баланс күніне дейін сатылған активтерді сатудан түсетін түсімдердің құнын анықтау;
3) қаржылық есептілік бұрмаланғандығын растайтын алаяқтық немесе қателер фактілерін анықтау.

§ 18 Баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар
35. Субъект баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғаларды көрсету үшін қаржылық есептілікте танылған соманы түзетпеуі тиіс. Түзетілмейтін оқиғалар есепті күннен кейін туындаған жаңа шарттар туралы куәландырады. Мұндай оқиғалар елеулі және елеусіз болуы мүмкін. Активтердің, міндеттемелердің және капиталдың ахуалына әсер етпейтін елеусіз оқиғалар ашылмайды. Елеулі оқиғалар ескертулерде ашылуға жатады, өйткені олар субъектінің болашақ экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін.

§ 19 Ақпаратты ашу
36. Субъект қаржылық есептілікті шығаруға бекіткен күнді және қаржылық есептілікті шығаруға бекіткен басқару органының атауын ашуы тиіс. Егер субъекті немесе басқа тұлғалар шығарғаннан кейін қаржылық есептілікті түзетуге құқығы болса, субъекті осы фактіні есептілікте ашуға міндетті.
§ 20 Баланс күніне бар шарттар туралы ашуларды нақтылау

37. Егер баланс күнінен кейін субъект баланс күніне бар шарттар туралы жаңа ақпарат алса, субъектінің алынған жаңа ақпаратты ескере отырып, осы шарттар туралы ашуды нақтылағаны жөн.

§ 21 Баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар
38. Егер баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалар олар туралы ашуларды бермеу қаржылық есептілікті пайдаланушылардың дұрыс бағалау жасау және дұрыс шешімдер қабылдау қабілетіне әсер ететіндей маңызды болса, субъект баланс күнінен кейін түзетілмейтін оқиғалардың әрбір елеулі санаты жөніндегі мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
1) оқиғаның сипаттамасы;
2) оның қаржылық салдарын бағалау немесе мұндай бағалау мүмкін еместігі туралы өтініш.

§ 22 Қателер
39. Егер ағымдағы есепті кезеңде қаржылық есептілік беру кезінде өткен көзең үшін қателер анықталса, онда мұндай қателерді түзету ағымдағы кезеңдегі пайданы немесе шығынды анықтау кезінде енгізіледі.
40. Алдыңғы кезеңдердің қателерін түзету кезінде Субъект қаржылық есептілікке түсіндірме жазбада мыналарды ашып көрсетеді:
1) елеулі қатенің сипаты;
2) қатені түзету шамасы.

§ 23 Бастапқы есепке алу құжаттарында қамтылған ақпаратты қорытындылау, сыныптау және жинақтау
41. Субъектінің шаруашылық операциялары мен оқиғалары бастапқы есепке алу құжаттары арқылы ресімделеді.
42. Бастапқы есепке алу құжаттарында қамтылған ақпаратты қорытындылау, сыныптау және жинақтау және оларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында және қаржылық есептілікте көрсету үшін мыналар жүргізіледі:
1) бухгалтерлік есепке алу тіркелімдері, оларға қойылатын талаптар тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі; немесе
2) шаруашылық операцияларын есепке алу кітабы.
43. Талдамалы және синтетикалық есепке алу тіркелімі болып табылатын 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кітапты өнімдер өндіруді, қызметтер көрсетуді жүзеге асырмайтын Субъектілер қолданады.
44. Кітаптың негізінде белгілі бір күнге субъектідегі мүліктің және ақша қаражатының, сондай-ақ олардың көздерінің болуы анықталады және қаржылық есептілік жасалады. Ол субъектілер қолданатын барлық бухгалтерлік шоттарды қамтиды және олардың әрқайсысында шаруашылық операциялардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді.
45. Кітапты арнаған кезде Субъекті ақпараттың түсініктігі, сенімділігі, салыстырмалығы, толықтығы сияқты ақпараттың сапалы сипаттамаларын қолдануы тиіс. Қысқартылған, кодталған жазбаларды және символдарды пайдаланған жағдайда олардың мағынасы әрбір нақты жағдайда түсіндірілуі тиіс.
46. Әрбір Субъект бір ғана Кітап арнайды, ол нөмірленеді, түптеледі және сүрме немес мастикалық мөрмен таңбаланады. Кітапта парақтардың саны соңғы бетінде субъектінің, бас бухгалтердің немесе осы субъектінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін тұлғаның қолымен расталады.
47. Кірістерді есепке алу кітабы және бухгалтерлік есептің басқа тіркелімдері басшының қарауына қарай электрондық түрде жүргізілуі мүмкін. Электрондық түрде арналған және кезең аяқталғаннан кейін қағаз тасығыштарға шығарылған нөмірленген және түптелген Кітаптың соңғы бетінде онда қамтылған беттердің саны көрсетіледі, ол субъектінің мөрімен және бас бухгалтердің немесе осы субъектінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ететін қолдарымен расталады.
48. Субъектінің бухгалтерлік құжаттамасын жасау және ресімдеу осы Стандарттың талаптарына, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген ережелер мен талаптарға, сондай-ақ Бухгалтерлік есепке алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
49. Қызметкерлермен еңбекақы жөнінде есеп айырысуды есепке алу үшін шаруашылық операцияларын есепке алу кітабымен қатар субъект 9-қосымшаға сәйкес В – 7 нысанды еңбекақыны еспке алу ведомосін жүргізеді.
50. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндіруді жүзеге асыратын субъекті қаржы-шаруашылық операцияларын есепке алу үшін бухгалтерлік есепке алудың мынадай тіркелімдерін қолдана алады:
3-қосымшаға сәйкес ақша қаражатын есепке алу ведомосі - В – 1 нысаны;
4-қосымшаға сәйкес қорларды есепке алу ведомосі - В – 2 нысаны;
5-қосымшаға сәйкес қаржы инвестицияларын есепке алу ведомосі – В – 3 нысаны;
6-қосымшаға сәйкес есеп беретін тұлғалармен есепке алу ведомосі – В – 4 нысаны;
7-қосмышаға сәйкес сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі ведомосі – В-5 нысаны;
8-қосымшаға сәйкес өнім берушілермен есеп айырысудың есебі ведомосі – В – 6 нысаны;
10-қосымшаға сәйкес есеп айырысуларды және өзге де операцияларды есепке алу ведомосі – В – 8 нысаны;
11-қосымшаға сәйкес биологиялық активтерді есепке алу ведомосі – В – 9 нысаны;
12-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қозғалысын есепке алу ведомосі – В – 10 нысаны;
13-қосымшаға сәйкес негізгі құралдар, материалдық емес активтер жөніндегі амортизациялық аударымдарды есепке алу ведомосі – В – 11 нысаны;
14-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің шығындарын есепке алу ведомосі – В – 12 нысаны;
қолданылатын ведомостердегі айналымдар жөніндегі қорытындыларды 17-қосымшаға сәйкес қорыту жиынтық ведомосте В-14 нысаны бойынша жүргізіледі, оның негізінде бухгалтерлік баланс жасалады.
Жиынтық ведомость синтетикалық есепке алудың тіркелімі болып табылады және ағымдағы есепке алудың деректерін қорытындылауға және бухгалтерлік есепке алудың шоттары бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеруге арналған.
Есепті кезеңде қаржы нәтижесін анықтау үшін субъект 18-қосымшаға сәйкес қаржы нәтижесін есептеу кестесін пайдаланады, оның нәтижесінде табыс пен шығындар туралы есеп жасалады. Кітаптар мен ведомостерді толтыру 21-қосымшаға сәйкес Кітаптар мен ведомостерді толтыру ережесіне сай жүзеге асырылады.
51. Жоғарыда көрсетілген тіркелімдерден басқа, субъекті бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен басқа да бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қолдана алады.

5-бөлім. Кірістерді есепке алу

§ 24 Кірісті тану өлшемдері
52. Мыналар кірісті тану өлшемдері болып табылады:
1) сатушыдан сатып алушыға елеулі тәуекелдердің және тауарларға иелік ету басымдықтарының көшуі;
2) сатушы басқаруға көбірек қатыспайды және сатылған тауарды бақыламайды;
3) кірістің сомасы сенімді бағалануы мүмкін;
4) мәмілеге байланысты экономикалық пайда ұйымға түседі деген ықтималдылық бар;
5) мәмілеге байланысты келтірілген немесе күтілетін шығындар сенімді бағалануы мүмкін.
53. Тану өлшемдерін қолдану мәміленің мәніне және оның сипатына тәуелді. Мыналардың:
1) тауарларды сату;
2) қызметтер көрсету;
3) қаржыландырудан алынатын кірістер;
4) өзге де шығыстар нәтижесінде алынған кірісті айыру және ашу қажет.

§ 25 Кірісті өлшеу
54. Кіріс субъекті ұсынатын кез келген сауда және көтерме жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алуға жататын өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кіріс сомасы субъекті мен сатып алушы немесе активті пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады.

§ 26 Тауарларды сату
55. Тауарларды сатудан түсетін кіріс төменде санамаланған барлық шарттар қанағаттандырылғанда танылады:
1) субъект сатып алушыға тауарға меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен сыйақыларды берді;
2) субъект әдетте меншік құқығымен үндесетін деңгейдегі басқаруда енді қатыспайды және сатылған тауарларды бақыламайды;
3) кіріс сомасы сенімді өлшенуі мүмкін;
4) операцияларға байланысты экономикалық пайдалар Субъектіге түседі деген ықтималдылық бар;
5) операцияға байланысты келтірілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін.

§ 27 Қызметтер көрсету
56. Қызметтер көрсетуді ұйғаратын операция нәтижесін сенімді өлшеген кезде кіріс баланс күніне операцияның аяқталу сатысына көрсету жолымен танылады. Операцияның нәтижесі егер мынадай шарттар орындалса, сенімді түрде есептелуі мүмкін:
1) кіріс сомасы сенімді түрде өлшенуі мүмкін;
2) операцияға байланысты экономикалық пайдалар Субъектіге түседі деген ықтималдылық бар;
3) операцияға байланысты келтірілген немесе күтілетін шығындар сенімді түрде өлшенуі мүмкін;
4) операцияны жүзеге асыру үшін келтірілген шығындар және оны аяқтау үшін қажет шығындар сенімді өлшенуі мүмкін.
57. Операцияның аяқталу сатысы орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы тиіс, атап айтқанда:
1) орындалған жұмыс туралы есептер;
2) қызметтердің жалпы көлемінен пайыз ретінде ұсынылған қызметтер;
3) шеккен шығындардың жалпы күтілетін шығындарға тепе-тең ара қатынасы.
58. Қызметтер көрсетуді ұйғаратын операцияның нәтижесі сенімді бағаланбаса, кіріс танылған өтелетін шығыстар сомасында ғана танылады.

§ 28 Қаржыландырудан түсетін кірістер
59. Қаржыландырудан түсетін кірістерге кірістердің мынадай түрлері жатқызылады:
1) сыйақылар бойынша кірістер, онда қаржы активтері бойынша кірістер алуға (пайдалануға ақша қаражатын бепргені үшін алынған, осы банкте шоттағы ақша қаражатын банктің пайдаланғаны үшін пайыздар) байланысты операциялар көрсетіледі;
2) дивидендтер бойынша кірістер, онда бағалы қағаздар жөніндегі алынған дивидендтер бойынша кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
3) қаржылық жалға беруден түсетін кірістер, онда қаржылық жалға берілген активтер бойынша кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
4) жылжымайтын мүлікке инвестициялармен жасалатын операциялардан түсетін кірістер, онда кез келген капиталдың құнының өсуінен түсетін жалдау төлемдерін немесе кірістерді алу мақсатында (иесінің немесе жалға алу шарты бойынша жалға алушының) иелігіндегі жылжымайтын мүліктен (жер, ғимарат немесе олардың бір бөлгі) кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі;
5) қаржыландырудан алынатын өзге де кірістер, онда кірістердің басқа түрлерінде көрсетілмеген қаржыландырудан түсетін өзге кірістер көрсетіледі.

§ 29 Өзге де кірістер
60. Өзге де кірістерге мынадай:
1) активтерді есептен шығарудан түсетін;
2) өтеусіз алынған активтерден түсетін;
3) мемлекеттік субсидиялардан түсетін;
4) оң бағамдық айырманың;
5) операциялық жалға беруден кіріс түрлері;
6) шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген қуыну мерзімі өткен кредиторлық берешектің сомасы;
8) түгендеу кезінде анықталған материалдық құндылықтардың артықтары;
9) субъектіге келтірілген шығындарды өтеуге түсетін түсімдер;
10) өзге де осыған ұқсас кірістер жатқызылады.
61. Өзге де кірістерді тану үшін негіз:
1) қызметтер көрсетуден түсетін кірістер қызметтер көрсетілетін кезеңде танылады;
2) шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімақылар, тұрақсыздық айыптары сот оларды өндіріп алу туралы шешім шығарған немесе олар борышкер танылған есепті кезеңде танылады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қуыну мерзімі өткен кредиторлық берешектің сомасы қуыну мерзімі өткен есепті кезеңде танылады;
4) алдыңғы есепті кезеңдерде анықталған жетіспеушіліктер бойынша түсімдер борышкерлер ерікті мойындаған немесе олардан сот өндіріп алуды талап еткен сомада қызметкер шығынды ерікті өтеу туралы өтніш берген күнге немесе сот шешімі күшіне енген күнге көрсетіледі;
5) өзге түсімдер пайда болуына қарай танылады.

§ 30 Операцияны анықтау
62. Субъектінің тауарлары немесе қызметтері сипаты мен құнынан жағынан ұқсас қызметтерге айырбасталған жағдайда айырбасты Субъекті кіріс құрайтын операция ретінде қарастырмайды.
63. Тауарлар немесе қызметтер ұқсас емес тауарларға немесе қызметтерге айырбас ретінде ұсынылған жағдайда айырбас кіріс жасайтын операция ретінде қарастырылады. Кіріс берілген ақша қаражатының сомасына түзетілген алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшенбеген жағдайда кіріс берілген ақша қаражатының сомасына түзетілген берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.

§ 31 Пайыздар
64. Субъектінің активтерін басқа тараптардың пайдалануынан туындайтын пайыздар бойынша кіріс активтің іс жүзіндегі кірістілігін ескеретін тепе-тең уақыт негізінде танылады.

§ 32 Ақпараты ашу
65. Субъекті кірістерді тану үшін қабылдаған қызметтер көрсетуді қамтитын операцияның аяқталу сатысын анықтайтын тәсіл.
66. Мыналардан:
1) тауарларды сатудан;
2) қызметтер көрсетуден;
3) пайыздардан туындайтын кірісті қамтитын кезең ішінде танылған кірістің әрбір мынді санатының сомасы,
4) кірістің әрбір мәнді санатына енгізілген тауарларды немесе қызметтерді айырбастаудан туындайтын кіріс сомасы.
67. Кез келген шартты міндеттемелер немесе актиытер, мысалы, епілдік берілген міндеттемелер, шығымдар немесе ықтимал шығындар.

6-бөлім. Негізгі құралдарды есепке алу

§ 33 Негізгі құралдардың баптарын тану
68. Негізгі құралдарға материалдық-мүліктік нысаны бар активтер жатқызылады. Мысалы, жылжымайтын мүлік көлік құралдары, машиналар және жабдықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталатын субъекті тауарларды (қызметтерді) өндіру немесе жеткізу үшін, басқа ұйымдарға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттарда ұстайтын және бір кезеңен артық пайдалану ұйғарылатын өзге де мүлік жатқызылады.
69. Негізгі құралдар егер:
1) активке байланысты болашақ экономикалық пайдалар субъектіге түседі деген ықтималдылық болса,
2) активтің өзіндік құны сенімді өлшенсе;
3) актив кейіннен сатпау үшін сатып алынса, актив ретінде танылады.
70. Егер актив экономикалық пайда әкелмесе, оны сатып алуға жұмсалатын шығындар есепті кезеңнің шығыстарына есептен шығарылады. жылжымайтын мүлік объектісіне, ғимараттар және жабдықтарға байланысты пайдалар және тәуекелдер субъектіге өтпеген жағдайда, жылжымайтын мүлік объектісі, ғимараттар және жабдықтар танылмауы тиіс.
71. Болашақ экономикалық пайда алу үшін негізгі құралдар:
1) субъекті сататын тауарлар мен қызметтерді өндірген кезде жеке де, басқа активтермен үйлестіріліп те пайдаланылуы;
2) сатылуы немесе басқа активке айырбасталуы;
3) міндеттемелер жөніндегі есеп айырысу шотына берілуі;
4) ұйымның меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
72. Негізгі құралды таныған кезде субъектінің мынадай сәттерге көңіл аударғаны жөн:
1) қосалқы бөлшектер мен жөндеу жабдығы әдетте қорлар ретінде танылады. Алайда негізгі қосалқы бөлшектер мен резервтік жабдық егер ұйым оларды бір кезеңнен артық пайдалануды жоспарласа, негізгі құралдар деп танылуы тиіс. Сондай-ақ егер қосалқы бөлшектер немесе қосымша жабдық белгілі бір объектімен ғана пайдаланылса және оларды пайдалану тұрақты болмайды деп күтілсе, олар тиісті активтерді пайдалы қолдану мерзімінен аспайтын уақыт кезеңінің ішінде олардың пайдалануға дайын сәтінен бастап негізгі құралдар деп танылуы және амортизациялануы тиіс.
2) тікелей болашақ экономикалық пайдаларды арттырмайтын, бірақ ұйымның оларға жатқызылған басқа да активтерді пайдалануынан болашақ экономикалық алуын қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылатын қауіпсіздік мақсаттары және қоршаған ортаны қорғау үшін сатып алынған объектілер негізгі ретінде танылады.
73. Түгендеу объектісі негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Бір негізгі құралдар объектісінде түрлі пайдалы қолдану мерзімі бар бірнеше құрауыштар болған кезде әрбір мұндай бөлік дербес түгендеу объектісі ретінде ескеріледі.

§ 34 Негізгі құралдардың баптарын бастапқы өлшеу
74. Актив ретінде тануға жататын негізгі құралдар сатып алудың іс жүзіндегі құны (өзіндік құны) бойынша өлшенеді.
Өзіндік құнның құрауыштары
75. Негізгі құралдың өзіндік құны сауда жеңілдіктерін шегере отырып, сатып алуға арналған импорттық баждар мен өтелмейтін салықтарды қоса алғанда активтің сатып алу бағасын, мақсатына сай пайдалану үшін активті жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі тікелей шығындарды, сондай-ақ активтерді демонтаждауға және істен шығаруға арналған бағалау шығындарын қамтиды. Мыналар тікелей жатқызылған мысалдар болып табылады:
1) активтің құрылысына және сатып алуға тікелей байланысты қызметкерлердің еңбекақысына арналған шығындар,
2) құрылыс учаскесін дайындауға арналған шығындар;
3) тиеу-түсіру жұмастарын бастапқы жеткізу және олардың құны;
4) орнатуға және монтаждау жұмыстарына арналған шығындар;
5) актив жұмысын тестілеудің өзіндік құны;
6) қызметкерлерге сыйақылар;
7) активтің демонтажының және оны алып тастаудың және бағалау міндеттемелері ретінде танылатын деңгейде учаскені қалпына келтірудің есептік құны.
76. Әкімшілік және басқа да жалпы үстеме шығыстары егер олар тікелей активті сатып алуға немесе оны жұмыс жағдайына жеткізуге жатқызылмаса, негізгі құралдардың өзіндік құнына енгізіледі. Пайдалануға беру жөніндегі шығыстар сияқты және өндіріс басталғанға дейін келтірілген осыған ұқсас шығыстар егер олар активті жұмыс жағдайына келтіру үшін қажет болып табылмаса, активтің өзіндік құнының бір бөлігі болып табылмайды. Актив өнімділігінің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізгенге дейін келтірілген бастапқы операциялық шығындар шығыс ретінде танылады.
77. Активтің дербес өндірісі кезінде орын алған шикізаттың, еңбек немесе басқа да ресурстардың нормативтен тыс шығындарының өзіндік құны оның өзіндік құнына енгізілмейді.
78. Көп жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілері, ғимараттар мен жабдықтар:
1) ақшаға;
2) салу жолымен;
3) кредитке;
4) өтеусіз;
5) басқа активтерге айырбасқа сатып алануы мүмкін.
79. Ұйым жүргізген негізгі құралдардың бастапқы бағасы сатып алу кезіндегі қағидаттар негізінде анықталады.

§ 35 Активтермен алмасу
80. Негізгі құралдар басқа активке айырбастауға сатып алынғанда алынған объектінің іс жүзіндегі құны төленген ақша қаражатының немесе олардың баламасының сомасына түзетілген берілген активтің әділ құнына тең келетін оның әділ құнына тең қабылданады. Жаңа активтің анықталған әділ құнының және оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айырмашылық айырбас операциясынан пайда немесе шығын туындатады.
81. Егер айырбас жөніндегі операция коммерциялық негізге негізделмесе немесе алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді бағаланбаса, сатып алынған негізгі құралдардың құны берілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Алайда алынған активтердің әділ құны берілген активтердің құнсызданғандығы туралы куәландырады. Бұл жағдайда берілген активтің құнын ішінара есептен шығару жүргізіледі және бұл есептен шығарылған құн жаңа активке жатқызылады.

§ 36 Келесі шығындар
82. Актив ретінде танылған негізгі құралдарға жатқызылған оның пайдалы қызметінің мерзімін ұзарту жәненемесе болашақ экономикалық пайданы арттыруға әкелетін бастапқы есептелген нормативттік көрсеткіштерден тыс өнімділікті арттыру үшін осы объектінің ахуалын жақсартуға бағытталған келесі шығындар олардың баланстық құнын арттырады. Мысалы, оның қуаттылығын арттыруды, өнім сапасын елеулі жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың бөлшектерін жетілдіруді, бұрын бағаланған операциялық шығындарды елеулі қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді енгізуді қоса алғанда модификациялау. Барлық өзге де келесі шығындар олар келтірілген есепті кезеңнің шығыстары деп танылады.
83. Объектінің техникалық ахуалын сақтау және қолдау мақсатында жүргізілетін негізгі құралдарды жөндеуге және пайдалануға арналған шығындар бастапқы құнды арттырмайды, туындаған сәтке ағымдағы шығыстар ретінде танылады. Дұрыс пайдаланбау нәтижесінде апаттар мен активтің өзге бүлінуінің салдары болып табылатын негізгі құралдарды жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған шығындар шығындарға жатқызылады.
84. Негізгі құралдардың құрауыштары жекелеген активтер ретінде есептеледі, өйткені олардың өздері жатқызылған негізгі құралдарға қарағанда өзге пайдалы қолдану мерзімі бар. Осылайша, негізгі құралдарды тану өлшемдері қанағаттандырылса, негізгі құралдардың құраушын ауыстыру немесе жаңарту кезінде тартылған шығындар жекелеген активті сатып алу ретінде ескеріледі, ал ауыстырылған актив есептен шығарылады.

§ 37 Бастапқы танудан кейін өлшеу
85. Бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар барлық жинақталған амортизацияны есептен шығарғанда олардың өзіндік құны бойынша ескеріледі.

§ 38 Амортизация
86. Негізгі құралдардың амортизацияланатын құны амортизация арқылы олардың пайдалы қызметі ішінде жүйелі есептен шығарылады.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып табылады.
Моральдық тозу процесті білдіреді, оның нәтижесінде ғылым мен техниканы дамытудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді.
87. Әрбір кезең үшін амортизацияланатын есептеулер егер олар басқа активтің баланстық құнына енгізілмесе, шығыс ретінде танылады (аяқталмаған құралыс, дайын өнім және т.б.).
88. Негізгі құралдардың әрбір елеулі бөлігі жеке амортизациялануы тиіс. Алайда бірыңғай пайдалы қызмет мерзімі бар және тиісінше амортизация әдісімен активтердің елеулі бөліктері амортизация бойынша шығыстарды есептеу мақсатында топтарға біріктірілуі мүмкін.
89. Пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу үшін амортизацияны есептеудің турасызықты әдісі пайдаланылады, ол активтің пайдалы қолданылуының мерзімі ішінде тұрақты аударымдарға әкеледе.і
90. Негізгі құрпалдарды амортизациялау актив пайдалануға қол жетімді болған және тіпті актив белгілі бір уақыт ішінде іске қосылмаса да оны істен шығарғанға дейін есептелуін жалғастырады.
91. Негізгі құралдардың пайдалы қолдану мерзімі мерзімді қайта қаралып отырады, егер күтім алдыңғы есептеулерден елеулі ерекшелінсе, онда ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар түзетіледі.

§ 39 Есептен шығару және істен шығару
92. Негізгі құрал баланстан ол істен шыққан кезде немесе актив пайдаланудан мүлде алып тасталған жағдайда және оны істен шығарудан енді ешқандай экономикалық пайдалар күтілмеген жағдайда баланстан есептен шығарылады.
937. Негізгі құралдарды есептен шығарудан немесе істен шығарудан туындайтын пайда немесе шығын активтің істен шығуынан түсетін бағалау таза кірісі мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде анықталады және пайда мен шығындар туралы есепте кіріс немесе шығыс ретінде танылады.

§ 40 Ақпаратты ашу
94. Субъектінің қаржылық есептілігі негізгі құралдардың әрбір түрі үшін мынадай ақпаратты ашады:
1) жалпы баланстық құнды анықтау үшін пайдаланылатын өлшеу негізі. егер бір базадан артық пайдаланылса, негізгі құралдардың әрбір санаты бойынша осы базаға арналған жалпы баланстық құн ашылады;
2) қолданылатын пайдалы қолдану мерзімі немесе амортизация нормалары;
3) мыналарды: түсімдерді, істен шығуды, амортизацияны, сондай-ақ өзге де өзгерістерді көрсететін кезеңнің басына және аяғына баланстық құнды тексеру.
95. Қаржылық есептілік сондай-ақ мыналарды қамтуы тиіс:
1) негізгі құралдардың объектілерін пайдалануға арналған шектеулердің болуы және сомасы, сондай-ақ міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепілдегі негізгі құралдар;
2) құрылыс процесіндегі негізгі құралдардың құнына енгізілген шығындар шамасы;
3) негізгі құралдарды сатып алу жөніндегі міндеттемелер сомасы;
4) егер қаржылық есептілікте жеке ашылмаса, қаржылық есептілікке енгізілген құнсызданған және жоғалған негізгі құралдар үшін үшінші тұлғалардың өтемақы сомасы.
96. Бұдан басқа, мынадай ақпарат қаржылық есептілікте орынды:
1) уақытша тұрып қалған негізгі құралдардың баланстық құны;
2) барлық толығымен амортизацияланған, бірақ әлі пайдаланылмаған негізгі құралдардың жалпы баланстық құны;
3) белсенді пайдаланылуы тоқтатылған және істен шығаруға арналған негізгі құралдардың баланстық құны.

7-бөлім. Биологиялық активтер мен ауыл шаруашылығы
өнімдерін есепке алу
97. Осы бөлім жинау сәтінде биологиялық актвитерден алынған ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алуды қарастырады. Өнім егіс жиналғаннан кейін қайта сыныпталады және қорлар ретінде ескеріледі.

§ 41 Тану және өлшеу
98. Ауыл шаруашылығы қызметі қызметтің әр түрлісінің кең ауқымын қамтиды. Мынадай үш сипаттама ауыл шаруашылығы қызметінің барлық түрлеріне тән болып есептеледі:
1) биологиялық активтер биотрансформацияға қабілетті болуы тиіс.
2) ауыл шаруашылығы қызметі басқарылатын болуы тиіс.
3) биотрансформациямен тартылған сандық және сапалық өзгерістер ауыл шаруашылығы қызметін басқару процесінің бір бөлігі ретінде қадағаланады және өлшенеді.
99. Субъект биологиялық активті немесе ауыл шаруашылығы өнімін мынадай кезде ғана таниды:
1) Субъект активті өткен оқиғалардың нәтижесінде бақылайды;
2) Субъектінің осы активтен болашақ пайда алу мүмкіндігі бар;
3) активтің өзіндік құнын сенімділіктің жеткілікті деңгейімен өлшеуге болады.
100. Биологиялық актив бастапқы тану сәтінде өзіндің құн бойынша өлшенеді.
101. Субъектінің биологиялық активтерінен жиналған ауыл шаруашылығы өнімі егіс жинау сәтіне белгіленген өзіндік құн бойынша өлшенеді, нәтижесінде актив қорларға қайта сыныпталатын күнге өзіндік құн болып табылады.
102. Биологиялық активті өзіндік құны бойынша бастапқы тану кезінде туындайтын өзге де кірістер немесе шығындар орын алған кезең үшін таза кіріс немесе шығынды анықтау кезінде ескеріледі.
103. Ауыл шаруашылығы өнімдерін бастапқы тану кезінде туындайтын өзге де кірістер немесе шығындар орын алған кезең үшін таза пайда немесе шығынды анықтау кезінде ескеріледі.

8-бөлім. Мемлекеттік субсидиялар
104. Биологиялық активке жатқызылған шарттармен шекетелмеген мемлекеттік субсидия алуға жататын субсидиялар разрядына өткенде ғана кірістер құрамында танылады.
105. Биологиялық активке жатқызылған белгілі бір шарттарда берілетін мемлекеттік субсидия, оның ішінде Субъект ауыл шаруашылығы қызметінің кез келген түрімен айналыспауы тиіс болғанда, мемлекеттік субсидия шартын орындағаннан кейін ғана кірістер құрамында танылады.

§ 42 Ақпаратты ашу
106. Тұтынылатын және жеміс беретін биологиялық активтердің, сондай-ақ піскен және піспеген биологиялық активтердің ара жігін ажырата отырып, биологиялық активтердің әрбір тобы туралы сандық ақпарат беру ұсынылады. Субъект осындай жігін ажырату үшін пайдаланылатын қағидаттар туралы ақпаратты ашады.
107. Тұтынылатын билогиялық активтер – ауыл шарауашылығы өнімі түрінде жиналатын немесе биологиялық активтер түрінде (мысалы, етке жіберу мақстындағы, сатуға арналған ірі қара мал, балық өсіру шаруашылықтарындағы балық, дәнді дақылдар – жүгері және бидай, сондай-ақ отын дайындау мақсатында өсірілетін ағаштар).
108. Жеміс беретін билогиялық активтер – тұтынатын болып табылмайтын барлық өзге биологиялық активтер. Жеміс беретін биологиялық активтер – бұл ауыл шаруашылығы өнімі (мысалы, етке жіберу мақстындағы, сатуға арналған ірі қара мал, балық өсіру шаруашылықтарындағы балық, дәнді дақылдар – жүгері және бидай, сондай-ақ отын дайындау мақсатында өсірілетін ағаштар) емес, өздігінен қалпына келетін объектілер.
109. Піскен биологиялық активтер – бұл өнімді (тұтынылатын биологиялық активтер) жинауға кірісуге мүмкіндік беретін өлшемдерге қол жеткізген, не тұрақты негізде өнімді (өнім беретін биологиялық активтер) жинауды қамтамасыз етуі мүмкін активтер.
110. Субъектінің қаржылық есептілігі мынадай ақпаратты ашады:
1) баланстың өзінде биологиялық активтердің баланстық құны;
2) биологиялық активтердің әрбір сыныбының сипаттамасы;
3) оларды пайдалануға қатысты белгілі бір шектеулер қолданылатын биологиялық активтердің болуы және баланстық құны, сондай-ақ міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілген берілген биологиялық активтердің баланстық құны;
4) биологиялық активтерді жетілдіруге немесе сатып алуға байланысты міндеттемелердің сомасы;
5) ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты қаржы тәуекелін басқару стратегиясы;
6) активтерді сатып алуға байланысты құнның өсуі туралы кезеңнің басындағы және аяғындағы баланстық құнды салыстыру;
7) сатуға байланысты құнды азайту;
8) өнімді жинауға байланысты құнды азайту; өзге де өзгрістер.

8-бөлім. Материалдық емес активтерді есепке алу

§ 43 Материалдық емес активтер
111. Объект материалдық емес активтің анықтамасына жауап беруі үшін ол материалдық емес активті тану өлшемдеріне, яғни ресурстардың бірегейлендірілуіне, оларды бақылау мен болашақ экономикалық пайдалардың болуына жауап беруі тиіс. Егер объект материалдық емес активтің анықтамасына жауап бермесе, оны сатып алуға немесе ішкі өндіруге арналған шығындар тартылғанда шығыс ретінде танылады.
112. Материалдық емес актив егер:
1) егер оны субъектіден бөлуге болатын болса, яғни субъекті сата алса, жалға берсе немесе жеке, не жеке, не оған байланысты шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге айырбастаса;
2) ол субъектіден берілген немесе бөлінген болып табылады ма, қарамастан заңды құқықтардан немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден туындаса бірегейлендіріледі.
113. Бақылау:
1) материалдық емес активті пайдаланудан болашақ экономикалық пайда алуға арналған құқықты (мысалы, заңды құжаттармен ресімделген құқық – патент, лицензия);
2) материалдық емес активті пайдаланудан алынған басқа пайдаларға қатынауға тыйым салу мүмкіндігін (мысалы, коммерциялық құпияны жария еткені үшін заң жауапкершілігі арқылы) білдіреді.
114. Материалдық емес активтен түсетін болашақ экономикалық пайдалар өнімдерді немесе қызметтерді сатудан түсетін кірісті, шығындарды үнемдеуді немесе субъектінің активті пайдалану нәтижесі болып табылатын басқа да пайдаларды қамтуы мүмкін.

§ 44 Материалдық емес активті тану және бастапқы өлшеу
115. Материалдық емес актив:
1) осы активті пайдалануға жатқызылған болашақ экономикалық пайдалар ұйымға түседі деген ықтималдылық болғанда;
2) активтің құны сенімді бағаланғанда танылуы тиіс.
116. Субъект негізді және қолайлы бағалауларды пайдалана отырып, болашақ экономикалық пайдалардың ықтималдылығын бағалайды, олар активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде болатын экономикалық шарттардың жиынтығын менеджменттің үздік есепті бағалауын көрсетеді.
117. Активті танудың өлшемдерін қанағаттандыратын материалдық емес актив баланста өзіндік құн бойынша танылады.
118. Материалдық емес актив:
1) жеке;
2) мемлекеттік субсидия арқылы;
3) активтерді айырбастау жолмен сатып алынуы мүмкін.

§ 45 Материалдық емес активтің өзіндік құны
119. Сатып алынған материалдық емес активтің өзіндік құны сатып алу бағасын, оның ішінде сауда жеңілдіктерін шегергеннен кейін импорттық баждарды және сатып алуға арналған өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ мақсатына сай пайдалану үшін активті жұмыс жағдайына келтіру жөніндегі барлық тікелей шығындарды қамтиды.
120. Материалдық емес активтің өзіндік құны енгізуге арналған шығындарды (жарнама және өнімді жылжыту), персоналды даярлауға және оқытуға арналған шығындарды, әкімшілік және басқа да үстеме шығындарды қамтымайды.

§ 46 Активтер алмасу
121. Материалдық активтер басқа активпен айырбастауға сатып алынса, алынған объектінің іс жүзіндегі құны төленген ақша қаражатының немесе оның баламасының сомасына түзетілген берілген активтің әділ құнына теңелетін оның әділ құнына тең қабылданады. Жаңа активтің анықталған әділ құнының және оған айырбасқа берілген активтің баланстық құны арасындағы айырмашылық айырбас операциясынан пайда немесе шығын туындатады.
122. Егер айырбас жөніндегі операция коммерциялық негізге негізделмесе немесе алынған активтің де, берілген активтің де әділ құны сенімді бағаланбаса, сатып алынған жылжымайтын мүлік объектісінің, ғимараттар мен жабдықтардың құны берілген активтің баланстық құны бойынша бағаланады. Алайда алынған активтердің әділ құны берілген активтердің құнсызданғандығы туралы куәландырады. Бұл жағдайда берілген активтің құнын ішінара есептен шығару жүргізіледі және бұл есептен шығарылған құн жаңа активке жатқызылады.

§ 47 Ішкі құрылған материалдық емес актив
123. Ішкі құрылған материалдық емес активтер материалдық емес активті танудың барлық өлшемдерін жауап берсе ғана танылады. Ішкі құрылған материалдық емес тану өлшемдеріне сәйкес келуін анықтау үшін активті құру процесі мыналарға бөлінеді:
1) зерттеу сатысы (зерттеу сатысынан туындайтын материалдық емес актив актив ретінде тануға жатпайды, кезеңнің шығыстары деп танылады);
2) әзірлемелер сатысы (әзірлемелерден туындайтын материалдық емес актив Субъект пайдалану немесе сату үшін қол жетімді материалдық емес активтің техникалық жүзеге асырылуын, пайдалану немесе сату қабілетін, әзірлемені аяқтау үшін техникалық, қаржы және басқа да ресурстардың жетімділігін жария теуі мүмкін болғанда ғана тануға жатады және осы актив сенімді бағалануы мүмкін.). Бұл ретте бір жобаның шеңберінде зертету сатысы мен әзірлеу сатысының арасында айырмашлық жасау мүмкін болмаса, онда жоба толығымен зерттеу ретінде қаралуы тиіс.
124. Ішкі жобаны әзірлеу процесінде немесе әзірлеу сатысында туындаған материалдық емес актив егер ұйым толық шамада мыналарды жариялаған жағдайда ғана танылады:
1) пайдалану немесе сатуға қол жетімді болу үшін материалдық емес активті аяқтаудың техникалық жүзеге асырылуы;
2) материалдық емес активті аяқтауға және пайдалануға немесе оны сатуға өз пиғылы;
3) материалдық емес активті пайдалануға немесе сатуға өз қабілеті;
4) материалдық емес активтен ықтимал болашақ пайда алу тәсілі;
5) әзірлемені аяқтау үшін, сондай-ақ материалдық емес активті пайдалану немесе сату үшін жеткілікті техникалық, қаржылық және басқа де ресурстардың болуы;
6) әзірлеу барысында материалдық емес активке жатқызылған шығындарды сенімді бағалау қабілеті.
125. Субъектінің ішінде құрылған материалдық емес активтің өзіндік құны материалдық актив тану өлшемдеріне жауап берген күннен бастап және негізді және кезекті негізде активке тікелей жатқызылуы немесе бөлінуі мүмкін шығыстардың жалпы сомасын білдіреді.
126. Алдыңғы аралық немесе жылдық қаржылық есептілікте шығыстар ретінде танылған материалдық емес активтің баланстық құнына оларды кейіннен енгізу мақсатында шығындарды қалпына келтіруге тыйым салынады.
127. Мынадай шығыстар ішкі құрылған материалдық емес активтің өзіндік құнының құрауыштары болып табылмайды:
1) егер бұл шығыстар активті пайдалануға дайындауға тікелей қатысы болмаса, сауда-саттық және әкімшілік үстеме шғыстар;
2) бастапқы операциялық шығындар;
3) бұрын шығыстарға жатқызылған шығындар (мысалы, зрттеу сатысында);
4) персоналды оқытуға арналған шығындар.
128. Бастапқыда шығыс ретінде танылған материалдық емес активтерге арналған шығындар нәтижесінде материалдық емес активтердің бір бөлігі ретінде танылмауы тиіс.

§ 48 Бастапқы танудан кейінгі өлшеу
129. Сатып алынған материалдық емес активті бастапқы танудан кейін немесе ішкі құрылған материалдық емес активті аяқтағаннан кейін келтірілген шығындар көп жағдайда танудың өлшемдеріне жауап беретін материалдық емес активтің өзіндік құнының бір бөлігін қалыптастыратын жағдайды қоспағанда, кезеңнің шығыстары болып танылады.
130. Бастапқы танудан кейін материалдық емес актив жинақталған амортизацияны шегергенде өзіндік құны бойынша ескеріледі.

§ 49 Амортизация
131. Осы материалдық емес актив пайдалы қолданудың анықталған немесе анықталмаған мерзіміне ие ме, соны анықтау қажет. Егер пайдалы қолдану мерзімі анықталса, онда амортизацияланатын құн активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде жүйелі бөлінеді.
132. Пайдалы қолдану мерзімі белгісіз материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді.
133. Пайдалы қолдану мерзіміне әсер еретін факторлар:
1) активті пайдалану мақсаты;
2) актив өнімінің үлгілік өмірлік циклдары;
3) техникалық, технологиялық, коммерциялық немесе басқа да ескіру;
4) өнеркәсіп тұрақтылығы және рыноктық ауытқу;
5) бәсекелестердің күтілетін іс-әрекеттері;
6) активті қолдау үшін қызметке көрсетуге арналған шығындар деңгейі;
7) активті бақылау кезеңі және активті пайдалануға заңды немесе ұқсас шектеулер, мысалы, тиісті жалға алудың әрекет ету мерзімінің аяқталу күні;
8) пайдалы қолдану мерзімінің басқа активтерден тәуелділігі.
134. Егер материалдық емес активтен алынатын болашақ экономикалық пайдаларды бақылауға шектеулі кезеңге ұсынылған заң құқықтары арқылы қол жеткізілсе, материалдық емес активті пайдалы қолдану мерзімі мынадай жағдайларды:
1) заң құқықтары қайта жаңартылған болып табылатынды;
2) қайта жаңарту шын мәнінде анықталған және елеулі шығындарды талап етпейтінді қоспағанда, заң құқығының әрекет ету кезеңінен аспауы тиіс.
135. Материалдық емес активтің амортизацияланатын құны оны пайдалы қолданудың үздік бағаланған мерзімінің ішінде жүйелі негізде бөлінуі тиіс. Материалдық емес активтің пайдалы қолдану мерзімі актив пайдалану үшін пайда болған сәттен бастап жиырма жылдан аспайды деген жоққа қарсы үйғарым бар.
Амортизация актив пайдалану үшін жарамды сәтте басталуы тиіс.
136. Пайдалы қолдану мерзімінің ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі түрде бөлу үшін амортизацияны есептеудің тікелей желілік әдісі пайдаланылады, ол активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде тұрақты аударымдарға әкеп соқтырады.
137. Әрбір кезең үшін амортизацияланатын аударымдар егер олар басқа активтің баланстық құнына енгізілмесе ғана шығыс ретінде танылады.

§ 50 Тарату құны
138. Материалдық емес активтің тарату құны мынадай:
1) үшінші тараптың активті оны пайдалы қолдану мерзімінің аяғында сатып алу міндеттемесі бар;
2) активтің белсенді рыногы бар:
- тарату құны осы рыноктың деректері негізінде анықталуы мүмкін;
- мұндай рынок активті пайдалы қолдану мерзімінің аяғында әрекет етуі мүмкін жағдайлардан басқа нөлге тең деп қабылдануға тиіс.
139. Нөлден ерекшеленетін тарату құны субъект материалдық емес активті оны пайдалы қолдану мерзімінің аяғына дейін сатуды күтіп отыр дегенді білдіреді. Сондықтан, мысалы, әзірлеуге арналған шығындардың нөлден ерекшеленетін тарату құнының болуы екіталай.

§ 51 Активті есептен шығару және істен шығару
140. Материалдық емес активті тану істен шыққан кейін немесе оны пайдаланудан қандай да бір экономикалық пайда түсіру күтілмегенде тоқтатуға жатады. Осыған байланысты істен шығарудан түсетін таза түсімдер мен активтің баланстық құны арасындағы айыриашылық ретінде анықталатын туындайтын пайда немесе шығын пайда мен шығындар туралы есепте көрсетіледі.

§ 52 Ақпаратты ашу
141. Субъектінің ішінде құрылған материалдық емес активтер мен басқа да материалдық емес активтердің арасындағы жігін ажыратуды жүргізе отырып, субъект материалдық емес активтердің әрбір сыныбы үшін мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
1) пайдалы қолдану мерзімдері немесе қолданылатын амортизация нормалары;
2) жалпы баланстық құн және жинақталған амортизация, сондай-ақ кезеңнің басына және аяғына құнсызданудан жинақталған шығындар;
3) материалдық емес активтердің амортизациясы енгізілген пайда мен шығындар туралы есеп баптары;
4) мыналарды:
- ұйымның ішінде әзірлемелер жүргізу нәтижесінде құрылған материалдық емес активтерді жеке көрсете отырып, түсімдерді;
- сатуға ұсталатын ретінде сыныпталатын активтер немесе істен шығару тобына енгізілгендер және өзге істен шығаруды;
- кезеңнің ішінде есептелген амортизацияны;
- кезеңнің ішінде материалдық емес активтердің баланстық құнына басқа да өзгерістерді көрсететін кезеңнің басына және аяғына баланстық құнды тексеру.
142. Қаржылық есептілік есепті кезеңнің ішінде шығыс ретінде танылған зерттеулер мен әзірлемелерге арналған шығындардың жиынтық сомасын ашуы тиіс.
143. Зерттеулер мен әзірлемелерге арналған шығындар зерттеулер мен әзірлемелерге іткелей қатысы бар немесе осы қызметке пайымды және кезекті негізде жатқызылуы мүмкін барлық шығындарды қамтиды.
144. Субъектіден мынадай ақпаратты беру талап етілмейді, алайда хош көріледі:
- мұндайлар болған кезде әлі де пайдаланудағы толығымен амортизацияланған активтерді сипаттау;
- субъекті бақылайтын, бірақ олар тану өлшемдеріне жауап бермеуі себепті активтер ретінде танылмаған елеулі материалдық емес активтердің қысқаша сипаттамасы.

9-бөлім. Қорларды есепке алу

§ 53 Қорлардың сыныптамасы
145. Қорлар:
1) сатып алынған және қайта сатуға сақталған тауарлар;
2) қайта сатуға арналған мүлік (жер, ғимарат, автомобильдер);
3) субъекті өндірген және сатуға арналған дайын өнім;
4) дайын өнімді (немесе қызметтерді) өндіруге арналған, сондай-ақ өндірістің өзін қамтамасыз етуге арналған шикізат және материалдар;
5) аяқталмаған өндіріс – дайындық сатысына жетпеген өнім, кейіннен қайта өңдеуге арналған жартылай фабрикаттар;
6) басқа да қосымша қорлар ретінде сыныпталуы мүмкін.

§ 54 Қорлардың талдамалы белгілері
146. Қорлардың түрлері бойынша талдамалы белгілер ақпараттық жүйеден мынадай ақпарат алуды қамтамасыз етуі тиіс:
1) есеп беретін бөлімшелер бойынша:
- қоймалардағы қорлар;
- цехтардағы қорлар;
2) қорлардың атаулары бойынша;
3) ағымдағы мәртебесі бойынша
- қайта өңдеуге берілген қорлар;
- жауапты сақтауға берілген қорлар.

§ 55 Қорларды есепте тану
147. Қорлар кез келген актив сияқты есепте мынадай тану өлшемдері болған кезде ғана көрсетіледі:
1) осы актив бойынша болашақта экономикалық пайда алу ықтималдығы болған кезде;
2) есепке алу объектісін сатып алуға немесе өндіруге іс жүзіндегі шығындарды бағалау мүмкін болған кезде.
148. Қорлар баланста оларды пайдаланудан болашақ экономикалық пайда ағынының ықтималдғы болған кезде ғана танылады.
149. Қорларды пайдаланудан түсетін экономикалық пайдалар субъектіге түрлі жолдармен түсуі мүмкін, мысалы:
1) қорлар іске асырылуы мүмкін, бұл ретте қорларды сатудан түсетін түсімді алу пайда болады;
2) шикізат және және материалдар, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс дайын өнімді өндіру жөніндегі шығындарды қалыптастыруға арналған. Бұл ретте осы қорларды пайдаланудан түсетін пайда дайын өнімді болашақ сату арқылы Субъектіге түсетін болады;
3) қор басқа активтерге айырбастау үшін немесе Субъектінің бар міндеттемелерін өтеу қаражаты ретінде пайдаланылуы мүмкін, бұл ретте пайда іс жүзіндегі ақша қаражатын үнемдеуде, міндеттемелерді қысқартуда немесе жаңа активтердің түсімінде;
4) қорлар сондай-ақ дивидендтер ретінде төлеу үшін пайдаланылуы мүмкін және басқалар.

§ 56 Қорларды өлшеу

150. Қаржылық есептілікте қорлар өзіндік құны бойынша көрсетіледі.

§ 57 Қорлардың өзіндік құны
151. Қорлардың өзіндік құны сатып алуға, өңдеуге арналған барлық шығындарды, қорларды ағымдағы жағдайына және олардың орналасу орнына жеткізу мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
152. Сатып алуға арналған шығындар сатып алу, импорттық баждарды (өтелетіннен басқа), тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және сатып алуға байланысты тікелей басқа да шығыстарды қамтиды. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас баптар шығындарды анықтау кезінде шегеріледі.
153. Қорларды өңдеуге арналған шығындар еңбекақы төлеуге арналған тікелей шығындар сияқты өнімдердің бірліктеріне тікелей байланысты шығындарды және шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу кезінде жүйелі негізде бөлінетін ауыспалы өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
154. Өзге шығындар қорлардың өзіндік құнына оларды ағымдағы орналасқан жеріне және жағдайына дейін, яғни өндірістік үстеме шығыстар деңгейінде енгізіледі.
155. Субъектінің қызметтер саласы қорларының өзіндік құны жиі Субъекті көрсететін қызметтер бағасына енгізілетін жатқызылмайтын үстеме шығыстарды қамтымайды.
156. Биологиялық активтерден алынған жиналған ауыл шаруашылығы өнімінің өзіндік құны егін жинау кезеңінде белгіленген өзіндік құн бойынша бағаланады.

§ 58 Өзіндік құнды есепке алу тәсілі
157. Қорлардың өзіндік құнын бағалау орта өлшемді құн әдісі бойынша (кезеңнің басына қорлардың және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) осыған ұқсас қорлардың орташа құны) жүргізіледі.

§ 59 Қорларды ішкі ауыстыруды есепке алу
158. Қорларды ішкі ауыстыру деп олардың бір субъекті ішінде ауысуы (бір материалдық-жауапты тұлғадан екіншіге) түсіндіріледі.
Бір субъектінің ішінде қорларды ішкі ауысу операцияларын көрсету қорлардың талдамалы есебінің шоттары бойынша жазбалармен көрсетіледі.

§ 60 Жауапты сақтауға немесе өңдеуге берілген қорларды есепке алу
159. Қорларды жауапты сақтауға немесе өңдеуге берген кезде субъект осы мүлікке иелік етуге байланысты барлық тәуекелдерді тартуды жалғастырады, сондықтан бұл қорлар субъектінің баланстық шоттарынан алынбайды.

§ 61 Жауапты сақтауға алынған қорларды есепке алу
1601. Қорларды жауапты сақтауға алу егер Субъект заңды негіздерде өнім берушілердің төлем талаптары шоттарының акцептісінен және оларды төлеуден бас тартқан жағдайда сақтау шартының негізінде немесе акцептіден бас тарту туралы өтініштің негізінде жүзеге асырылады.

§ 62 Қорларды істен шығаруды есепке алу
161. Субъект қорларды істен шығарудың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
1) қорларды істен шығару;
2) қорларды басқа жаққа сату;
қорлардың:
- сақтау мерзімі өту, моральдық ескіру, тұтыну қасиеттерін жоғалтудың өзге жағдайлары, түгендеу кезінде жетіспеушіліктерді анықтау нәтижесі ретінде өзге де істен шығуы;
- қорлардың талан-таражға түсуі немесе бүлінуі;
- апат, өрт, зілзала апаттары кезінде мүліктің бүлінуі.

§ 63 Ақпаратты ашу
162. Қаржылық есептілік қорлар туралы мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
1) қорлардың жалпы баланстық құны және осы Субъекті қабылдаған сыныптамау баптары бойынша баланстық құн;
2) кезең ішінде шығыстар ретінде танылған қорлардың өзіндік құны;
3) міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған қорлардың баланстық құны.

10-бөлім. Жалдауды есепке алу
163. Жалдау негізгі үш түрге бөлінеді:
1) қаржылық жалдау;
2) операциялық (ағымдағы) жалдау;
3) кері жалдаумен жасалатын сауда.
164. Жалдау түрін анықтау жалдау басында жүргізіледі және жалдау шарттарын өзгерткен жағдайда өзгеруі мүмкін. Өзгертілген келісімді Субъект оның әрекет ету мерзімі ішінде жаңа ретінде қарастырады.
165. Жалдауды сыныптау жалға алынатын активке меншік құқығына тән тәуекелдер мен сыйақылар қай шамада жалдаушы мен жалға берушіге жүктелетіндігіне негізделеді.
166. Жалдауды қаржылық немесе операциялық ретінде сыныптау шарт нысанынан емес, операцияның мазмұнына тәуелді. Бірге алынған немесе жекелеген негізгі факторлар, ол кезде жалдау қаржылық ретінде қарастырылады:
1) жалдау мерзімінің аяғына активке меншік құқығы жалдаушыға өтеді;
2) жалдаушының бұл құқық пайдаланылуы мүмкін күнге әділ құннан едәуір төмен болады деп күтілетін баға бойынша жалға алынатын активті сатып алуға құығы бар, яғни жалға алу мерзімінің басында бұл құқық пайдаланылады деген негізді сенімділік бар;
3) жалдау мерзімі тіпті егер меншік құқығы берілмесе де, активтің экономикалық қызмет мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
4) жалға алу мерзімінің басында ең аз жалға алу төлемдерінің келтірілген құны ең болғанда іс жүзінде жалға алынатын активтің барлық әділ құнын құрайды;
5) жалға алынатын активтер жалға алушы ғана оларды елеулі модификациялаусыз пайдалана алатындай арнайы сипатта болады.
167. Жеке немесе бірлесіп қаржылық жалдау ретінде жалдауды сыныптауға әкелуі мүмкін белгілер мыналар болып табылады:
1) жалдаушы жалға алуды мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде осындай мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты жалға берушінің барлық шығындары жалдаушыға жүктеледі;
2) активтің тарату бөлігінің әділ құнының ауытқуынан болатын пайда немесе шығындарды жалдаушы алады (мысалы, жалдау мерзімінің аяғында сатудан түсетін түсімдердің көп бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік түрінде);
3) жалдаушыға жалдауды ұзартуға мүмкіндік беріледі, бұл ретте ұзартылған кезеңде жалдау төлемдері рыноктық дңгейден едәуір төмен болады.

§ 64 Қаржылық жалдау
168. Қаржылық жалдаудағы негізгі құралдардың объектілері жалдаушының қаржылық есептілігінде актив (негізгі құралдардың объектілері) және бір уақытта міндеттеме ретінде көрсетіледі. Жалға берушілер қаржылық жалдаудағы активтерді баланста таниды және оларды жалдауға таза инвестицияларға тең сомада деьиторлық берешек ретінде береді.
169. Жалдаушылар қаржылық жалдауды баланста активтер және міндеттемелер ретінде жалдау мерзімінің басына жалға алынатын мүліктің әділ құнының сомасы бойынша немесе егер ол төмен болса ең аз жалдау төлемдерінің келтірілген құны бойынша таниды. Келтірілген ең жалдау төлемдерінің құнын есептеу кезінде дисконттау коэффиценті егер оны анықтау мүмкін болса, жалдау шартында білдірілетін пайыз ставкасы болып табылады, болмаған жағдайда, жалдау шарт бойынша есептік пайыз ставкасы пайдаланылады.
170. Жалдаушы келтірген және жылдау шартымен тікелей байланысты бастапқы тікелей шығындар жалдау шарты бойынша алынған активтің қымбаттауына жатқызылады. Жалдаушы жалдау затын тасымалдау, тиеутүсіру, монтаждау бойынша шығыстарды тартса және т.с.с., жалдау затының құны жалдау затын жеткізуге және жұмыс жағдайына келтіруге және оның әділ құнына немесе егер ол әділ құннан төмен болса, ең аз жалдау төлемдерінің дисконтталған құнымен байланысты барлық шығындарды көбейтумен қалыптастырылады.
171. Қаржылық жалдау кезінде әрбір есепті кезеңде амортизацияланатын актив үшін амортизация жөніндегі шғыстар және қаржы шығыстары туындайды. Амортизацияланатын жалға алынатын активтер бойынша амортизация есептеу жеке меншік активтер үшін пайдаланылатынға сәйкес келуі тиіс. Егер жалдау мерзімінің аяғына жалдаушы жалға алынатын активке меншік құқығын алады деген сенімділік болмаса, онда актив екі мерзімнің: жалдау мерзімінің немесе пайдалы қолдану мерзімінің неғұрлым қысқасының ішінде толығымен амортизациялануы тиіс.
172. Жалдау ақысының сомасы екі құрауыштан тұрады:
1) негізгі борыштың сомасына өтеу (бастапқыда пассивте көрсетілген қаржылық жалдау бойынша Субхектінің міндеттемесі)
2) қаржы шығыстары (қаржы лизингін пайдаланғаны үшін пайыз).
Қаржы шығыстары әрбір кезең үшін міндеттемелердің қалған сальдосына пайыздың тұрақты ставкасы болатындай етіп жалдау мерзімінің ішінде кезеңдер бойынша бөлінеді.

§ 65 Операциялық жалдау
173. Жалға берушілер мұндай активтердің сипатына сәйкес операциялық жалдауға берілген активтерді баланста береді.
174. Операциялық жалдаудан алынатын кіріс жалдау мерзімінің ішінде тікелей желі негізінде кірістердің құрамында көрсетіледі.
175. Операциялық жалға берілген амортизацияланатын активтердің амортизациясы осыған ұқсас активтерге қабылданған жалға берушінің амортизациялық саясатына сәйкес есептеледі.

§ 66 Кері жалдаумен жасалатын сауда операциясы
176. Кері жалдаумен жасалатын сауда операциясы сатушының кейіннен кері жалдауымен активті сатуды білдіреді. Кері жалдаумен жасалатын сауда операцияларын есепке алу тәртібі жалдау түріне тәуелді.
177. Егер кері жалдаумен жасалатын сауда операциясы қаржылық жалдауға әкеп соқтырса, онда сатудан алынатын пайданың баланстық құннан кез келген асып түсуі жалдаушы сатушының қаржылық есептілігінде кіріс ретінде шұғыл көрсетілуі тиіс. Осы асып түсу кейінге қалдырылуы тиіс және жалдау мерзімінің ішінде амортизацияға жатады.
178. Егер кері жалдаумен жасалатын сауда операциясы операциялық жалдауға әкеп соқтырса және операция әділ құн бойынша жүзеге асырылса, онда кез келген туындайтын пайда немесе шығын танылады. Егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез келген пайда немесе шығын рыноктықтан төмен баға бойынша болашақ жалдау төлемдерімен шығын өтелетін жағдайларды қоспағанда, шұғыл танылады, онда ол кейінге қалдырылуы тиіс және оның ішінде активті пайдалану ұйғарылатын кезең үшін жалдау төлемдеріне барабар амортизацияға жатады. Егер сату бағасы әділ құннан жоғары болса, онда бұл асып түсу кейінге қалдырылуы тиіс және активті пайдалану ұйғарылатын кезең ішінде амортизацияға жатады.

11-бөлім. Шығыстарды есепке алу

§ 67 Шығыстардың түрлері
179. Шығыстар кезең шығыстары және болашақ кезеңдер шығыстары болып бөлінеді.

§ 68 Кезең шығыстары
180. Кезең шығыстарына ХҚЕС сәйкес субъекті сатып алатын немесе құратын активтердің құрамында есепке алуға жатпайтын шығыстардың барлық түрлері жатқызылады.
181. Кезең шығыстары жүргізілген есепті кезеңде есептен шығарылады (есептен шығару құқығы меншік құқығы берілумен бірге басталатын дайын өнімді қоспағанда).

§ 69 Болашақ кезеңдердің шығыстары
182. Болашақ кезеңдердің шығыстарына (бөлінген, жолға қойылған шығыстар) кірістер алу мақсатында немесе болашақта кейінгі қызметті жүзеге асыру үшін есепті кезеңде субъектінің активтерді пайдалану жөніндегі шығыстары жатқызылады.
183. Есептеу және сәйкес келу қағидаттарына сәйкес болашақ кезеңдердің шығыстары осы операция бойынша кірісті таныған сәтке дейін актив ретінде субъектінің балансында капиталданады және тиісті кіріс танылған кезеңде шығыстарға біркелкі есептен шығарылады.
184. Болашақ кезеңдердің шығыстары қаржылық есептіліктің Ұазақ мерзімді активтер бөлігінде көрсетіледі, оны өтеудің белгіленген мерзіміне сүйене отырып анықталады. Бір жылдан кем мерзім бойынша анықталған болашақ кезеңдердің шығыстары бойынша дебиторлық берешек қысқа мерзімді ретінде біліктенеді және субъектінің қаржылық есептілігінің Ағымдағы активтер бөлігінде көрсетіледі.
185. Шығыстар мыналарды қамтиды:
1) сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;
2) өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар
3) әкімшілік шығыстар;
4) қаржыландыруға арналған шығыстар;
5) тоқтатылатын қызметке байланысты шығыстар;
6) үлестік қатысудан түсетін шығындар;
7) корпоративтік табыс жөніндегі шығыстар;
8) өзге де шығыстар.

§ 70 Шығыстарды тану
186. Шығыстар егер сенімді өлшенуі мүмкін активті азайтуға немесе міндеттемелерді арттыруға байланысты болашақ экономикалық пайданы азайту болса, пайда және шығындар туралы есепте танылады.
187. Шығыс егер шығындар болашақ экономикалық пайда түсірмесе немесе болшақ экономикалық пайда баланста актив ретінде тануға құқық алмаса немесе жоғалтса, пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады.
188. Шығыс сондай-ақ өнімге кепілдік жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайдағыдай активті танымай міндеттеме туындағанда пайда мен шығындар туралы есептен танылады.

§ 71 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
189. Сатылған өнімнің өзіндік құнына енгізілетін шығыстарды еспке алу тәртібі осы Стандарттың Қорлар бөлімінде қаралады.

§ 72 Өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар
190. Өнімді және көрсетілген қызметтерді сату жөніндегі шығыстар өнімді және көрсетілген қызметтерді сатуға байланысты шығыстарды қамтиды. Оларға мыналар жатады:
1) сату бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысы және еңбекақысынан түсетін аударымдар, меншікті сақтандыру жөніндегі шығыстар, іссапар шығыстары, қорларды сату кезінде пайдаланылатын негізгі құралдар объектілерін ұстау жөніндегі шығыстары және басқалар;
2) жүктерді жеткізу пунктіне дейін тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстары;
3) маркентингтік қызметтерге арналған шығыстар және басқа да осыған ұқсас шығыстар.

§ 73 Әкімшілік шығыстар

191. Әкімшілік шығыстарға өндірістік процеске байланысты емес басқару және шаруашылық шығыстары жатқызылады.

§74 Қаржыландыруға арналған шығыстар

192. Қаржыландыруға арналған шығыстар мыналарды қамтиды:
1) сыйақылар бойынша шығыстар;
2) қаржылық жалдау жөнінде пайыздар төлеуге арналған шығыстар;
3) қаржыландыруға арналған өзге де шығыстар.

§ 75 Корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар
193. Салықтар бойынша шығыстарға осы Стандарттың Табыс салығы жөніндегі есеп бөлімінде анықталатын корпоративтік табыс салығы жөніндегі шығыстар жатқызылады.

§ 76 Өзге шығыстар
194. Өзге шығыстарға қарапайым қызмет процесінен тәуелді болмай туындайтын өзге өндірістік шығыстар жатқызылады. Оларға мыналар жатқызылады:
1) активтерді істен шығару жөніндегі шығыстар,
2) бағамдық айырма жөніндегі шығыстар;
3) резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару жөніндегі шығыстар;
4) операциялық жалдау жөніндегі шығыстар және басқалар.

§ 77 Шығыстарды есептен шығару
195. Шығыстарды есептен шығару есепті кезеңнің аяғында жүзеге асырылады және қаржы жылындағы қорытынды нәтижемен жабылады.

§ 78 Табыс салығы жөніндегі есепке алу
196. Қаржылық есептілікте берілген табыс салығы жөніндегі салық төлемі салық мақсаттарында мәлімделген кіріс салығына сәйкес келеді.

12-бөлім. Құрылысқа арналған шарттарды есепке алу

§ 79 Құрылысқа арналған шарттарды біріктіру және бөлу
197. Шарт бірнеше активтерді тұрғызуды көздегенде, олардың әрқайсысының құрылысы мынадай шартпен құрылысқа арналған жеке шарт ретінде қарастырылады:
1) әрбір активті тұрғызуға жеке жоба ұсынылды;
2) әрбір актив бойынша жекелеген келіссөздер жүргізілді, олардың барысында тараптардың әрбір активкен жатқызылған шарттың бір бөлігін қабылдау немесе кейінге қалдыру мүмкіндігі болды;
3) әрбір актив бойынша кірістер мен шығындар жеке анықталады.
198. Шарттардың тобы олар бір тапсырысшымен жасалған ба немесе бірнеше тапсырышылармен жасалған ба, қарамастан, мынадай шартпен құрылысқа арналған бірыңғай шарт ретінде қарастырылады:
1) шарттардың тобы бірыңғай жоба ретінде жасалған;
2) шарттар өзара байланысты және өзара тәуелді және іс жүзінде пайданың жалпы нормасымен бірге бірыңғай жобаның бір бөлігін білдіреді;
3) шарттарды орындау бір уақытта немесе салыстырмалы үздіксіз жүзеге асырылады.
199. Шарт тапсырысшының қарауы бойынша қосымша активтің құрылысын көздейді немесе қосымша активтің құрылысы туралы ережені қамту үшін өзгеруі мүмкін. Қосымша активтің құрылысы мынадай шартта жеке шарт ретінде қарастырылады:
1) актив өзінің құрылысы, технологиясы немесе функциясы жағынан бастапқы шартта көзделген активтен немесе активтер тобынан елеулі ерекшеленеді;
2) активтің бағасы бастапқы шарттың бағасынан тәуелсіз белгіленеді.

§ 80 Құрылысқа арналған шарт жөніндегі кіріс
200. Құрылысқа арналған шарт жөніндегі кіріс мыналарды қамтиды:
1) шартта көрсетілген кірістің бастапқы сомасы;
2) шарт талаптарынан ауытқу, талап-тілектердің туындау шарттары және ынталандыру төлемдері; бұл ретте кірістің туындау шарттары және сенімді өлшемдер көрсетіледі.
201. Шарт жөніндегі кіріс алынған немесе алуға тиесілі өтемнің құны бойынша ескеріледі. Шарт бойынша кірісті өлшеу болашақ оқиғалардың нәтижесіне қарай әрекет етуге ұшыраған. Ілеспе жағдайлардың туындауына қарай есептеулер қайта қарауға ұшырайдфы, сондықтан кірістің сомасы кезеңнен кезеңге арттыру немесе азаю жағына қарай өзгеруі мүмкін.
202. Ауытқу шарт бойынша кірістің артуына немесе азаюына әкелуі мүмкін. Ауытқу егер:
1) тапсырысшы осы ауытқуды және оған байланысты туындаған кірістің сомасын мақұлдайды деген ықтималдылық болса; және
2) кірістің сомасы сенімді өлшенетін болса шарт бойынша кірістің сомасына енгізіледі.
203. Талап-тілектердің нәтижесінде туындайтын кірістің сомасын өлшеу анықсыздықтың жоғары деңгейін қамтиды және жиі келіссөздер нәтижесіне тәуелді болады. Сондықтан талап-тілектер мынадай жағдайларда ғана шарт бойынша кіріске енгізіледі:
1) келіссөздер тапсырысшы талап-тілекті мойындайды деген ықтималдылық туындаған алдыңғы деңгейге жетсе;
2) тапсырысшы мойындауы мүмкін сома сенімді өлшенуі мүмкін.
204. Ынталандыру төлемдері егер:
1) шарт жұмыстарды орындаудың белгіленген стандарттары сақталады немесе арттырылады деген жеткілікті ықтималдылық болған орындау деңгейіне жетсе; және
2) ынталандыру төлемдерінің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін болса шарт бойынша кіріске енгізіледі.

§ 81 Құрылысқа арналған шарт бойынша шығыстар
205. Құрылысқа арналған шарт бойынша шығыстар мыналарды қамтиды:
1) нақты шартпен тікелей байланысты шығыстар;
2) тұтастай алғанда шарт бойынша қызметке жатқызылуы мүмкін және шартқа бөлінуі мүмкін шығыстар; және
3) шарттың талаптарына сәйкес тапсырысшы ерекшелікті төлеуге жататын өзге де шығыстар.
206. Шартқа тікелей жатқызылған шығыстар:
1) құрылыс алаңында қадағалауды қоса алғанда құрылыс алаңындағы жұмысшылардың еңбекақысын;
2) құрылыс кезінде пайдаланылған материалдардың құнын;
3) шартты орындау үшін пайдаланылған ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясын;
4) ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды құрылыс алаңына және одан ауыстыруға арналған шығындарды;
5) ғимараттар мен жабдықтарды жалға алуға арналған шығындарды;
6) шартқа тікелей байланысты конструкторлық және техникалық қолдауға арналған шығындарды;
7) қателерді түзетуге және кепілдікті жұмыстарға арналған есептеу шығындары, оның ішінде күтілетін кепілдік берілген шығындарды; және
8) үшінші тараптардың талап-тілектерін қамтиды.

§ 82 Құрылысқа арналған шарт бойынша кірістер мен шығыстарды тану
207. Егер құрылысқа арналған шарт нәтижесі сенімді есептелуі мүмкін болса, құрылысқа арналған шартқа байланысты шарт бойынша кірістер мен шығындар баланс күніне шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысында тиісінше кірістер мен шығыстар ретінде танылуы тиіс.
208. Тіркелген бағасы бар шарт жағдайында құрылысқа арналған шарт бойынша нәтиже барлық мынадай шарттарды сақтаған кезде дұрыс есептелуі мүмкін:
1) шарт бойынша жалпы кіріс сенімді өлшенуі мүмкін;
2) шартқа байланысты экономикалық пайдалар кәсіпорынға түсуі ықтимал;
3) оны аяқтау үшін қажетті шарт бойынша шығындар да, баланс күніне шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысы да сенімді өлшенуі мүмкін;
4) оған жатқызылған шарт бойынша шығындар шарт бойынша іс жүзінде тартылған шығындарды бұрын жүргізілген есептеулермен сылыстыруға болатындай нақты бірегейлендіруі және сенімді өлшенуі мүмкін.
209. Шығындар қосу шартымен жағдайда құрылысқа арналған шарт бойынша нәтиже мынадай барлық шарттарды сақтаған кезде сенімді есептелуі мүмкін:
1) шартқа байланысты экономикалық пайданың субъектіге түсуі ықтимал; және
2) олар нақты өтеуге жата ма, әлде жоқ па оған қарамастан оған жатқызылған шарт бойынша шығындар нақты бірегейлендіреді және сенімді өлшенеді.
210. Егер құрылысқа арналған шарт нәтижесі дұрыс есептелмесе:
1) кіріс шарт бойынша шеккен шығындар өтелуі ықтимал деңгейде ғана танылуы тиіс; және
2) шарт бойынша шығындар туындаған кезеңде шығыс ретінде танылуы тиіс.

§ 83 Күтілетін шығындарды тану

211. Шарт бойынша жалпы шығындар шарт бойынша жалпы кірістен асып түседі деген ықтималдылық болғанда, күтілетін шығын тез арада шығыс ретінде танылуы тиіс.

§ 84 Ақпаратты ашу
212. Субъектке мыналарды ашқаны жөн:
1) кезеңде кіріс ретінде танылған шарт бойынша кіріс сомасы;
2) кезеңде танылған шарт бойынша кірісті анықтау үшін пайдаланылатын әдістер; және
3) орындау процесіндегі шарттардың аяқталу сатысында анықтау үшін пайдаланылатын әдістер.
213. Баланс күніне орындау процесіндегі шарттар үшін субъект мыналарды ашуы тиіс:
1) есепті күнге шеккен шығындардың және танылған пайданың жалпы сомасы (танылған шығындарды есептен шығарғанда);
2) алынған аванстардың сомасы; және
3) ұстау сомасы.
214. Субъекті мыналарды беруі тиіс:
1) актив ретінде – шарт бойынша жұмыс үшін тапсырысшылардан алынатын жалпы сома; және
2) міндеттеме ретінде – шарт бойынша жұмысы үшін тапсырысшыға төлеуге жататын жалпы сома.

13-бөлім. Өзге де операцияларды есепке алу

§ 85 Қаржы инвестицияларын есепке алу
215. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте қаржы инвестициялары сатып алу құны бойынша көрсетіледі.

§ 86 Қарыздар жөніндегі шығындарды есепке алу
216. Қарыздар жөніндегі шығындар – қаражатты қарызға алуға байланысты субъекті тартқан пайыздық және басқа да шығыстар. Қарыздар жөніндегі шығындар мыналарды қамтуы мүмкін:
1) банктік овердрафтар және ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайыз;
2) қарыздарға байланысты жеңілдіктердің немесе сыйлықтардың амортизациясы;
3) несие алуды ұйымдастыруға байланысты тартқан қосымша шығындардың амортизациясы;
4) қаржылық жалдауға қатысты танылған қаржы төлемдері;
5) пайыздарды төлеуге арналған шығындарды түзету ретінде қаралатын шекте қарыздарды шетел валютасында алу нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар.
217. Қарыздар жөніндегі шығындарды субъект қарыздар қалай пайдаланылатындығына қарамастан, олар тартылған кезеңнің шығыстары ретінде таниды.

§ 87 Қорытынды
218. Осы Стандартта реттелмеген ережелер мен талаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартымен реттеледі.
219. ұлттық қаржылық есептіліктің № 2 стандартында және уәкілетті органның ұсынымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жекелеген мәселелері жөніндегі талаптары мен ережелері болмаған кезде субъект халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің №221 22 маусым 2007 жылғы Бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібі жөніндегі бұйрығы.
(аударылған)
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті жүргізу туралы Заңының 20 бабының 5 тармағының 2 тармақшасын жүзеге асыру үшін Бұйырамын:
1. Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережелерін бекіту.
2. Қазақсвтан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік активтерді әдістемелік жүргізу департаменті (Айтжанова Ж.Н.) Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қадағалау және бекітілген заңнама бойынша ресми түрде жариялау.
3. Берілген бұйрық 1 қаңтар 2008 жылдан бастап енгізіледі.

Министр Н. Коржова

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 22 мауысымда
№ 221 бұйрығымен
бекітілген
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі
1. Жалпы сипаттамасы

1. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі (Ереже) Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы Заңына, халықаралық және ұлттық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес жасалған, Қазақстан Республикасының территориясында жеке кәсіпкерлер мен ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін орнатады.
2. Берілген ережелер келесілерге таратылмайды:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қауіпсіздендіру (секьюрити) туралы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті қадағалау жүйесін жүзеге асыруы құрылған қаржылық ұйымдар мен арнайы қаржылық компанияларға;
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті қадағалау жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерге арналған нормативті құқықты актілермен орнатылған мемлекеттік мекемелерге;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимінің негізінде талон немесе патент қолдануын, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер, арнайы салық режимінің негізінде жеңілдетілген декларацияны қолдануы, бірақ жалданған жұмыскерлердің күшін қолданбайтын жеке кәсіпкерлерге.
3. Бухгалтерлік есептін негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:
Қаржылық жағдай туралы толық және дұрыс мәліметтердің қалыптасуы, ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қаржылық жағдай қызметінің нәтижесі және оперативті басқару мен жетекшілік үшін қажет ететін қаржылық жағдайдағы өзгерістері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме туралы заңнамаға сәйкес инвесторларды, ұйымдастырушыларды, жеткізушілерді, сатып алушыларды, қарыз берушілерді, мемлекеттік мекемелерді, банктерді және т.б. қызығушылық танытқан тұлғаларды тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруашылық операцияларды жүргізу мен олардың мақсаттылығын қадағалау кезінде ішкі және сыртқы қаржылық есептемені қолданушыларға қажет мәліметтерді, ақпараттарды қамтамасыз ету;
Шаруашылық қызметтің кері қорытындыларын болдырмау және ішкі шаруашылық резервтерді анықтау қаржылық тұрақтылықты орнату;
Мүліктін барын және қозғалысын қадағалау, материалды, еңбек және қаржылық ресурстарды тиімді қолдану.

2. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру
4. Жеке кәсіпкер немесе ұйым Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы Заңына сай, бухгалтерлік есепті жүргізуді қалыптастырады халықаралық және ұлттық қаржылық есеп стандарттарына, сонымен қатар бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме аясындағы басқада нормативті құқықты актілеріне сай, өзінің есептік саясатын өз бетімен қалыптастырады, өздерінің құрылымымен, қолдану саласымен және қызметтің басқа да артықшылықтарымен байланыстырады және операциялар мен жағдайларды қадағалау тәртібі ойлап қарастырылады, ұйымға бухгалтерлік есепті жүргізу жөніндегі қажет шешімдерді қабылдайды.
5. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның басшысы есептік жұмыс көлеміне байланысты қабылдай алады :
бас бухгалтер басқаратын, бухгалтерлік қызметті құрылымдылық бөлімше ретінде;
штатқа бас бухгалтер қызметін енгізу;
келісім – шарт негізінде бухгалтерлік есепті жүргізуге және есептілікті жасауға бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымдарға немесе кәсіби бухгалтерге беруге-тапсыруғе;
бухгалтерлік есепті өзі жүргізеді.
Соңғы екі абзац қоғамдық қызығушылықтағы ұйымдар үшін қарастырылмайды.
6. Бухгалтерлік қызметтің басшысы (бас бухгалтер) болып бас бухгалтер немесе басқа қызметтегі тұлға бола алады, бухгалтерлік есептің енгізілуін, қаржылық есептеменің құрылуын және таныстырылуын, есептік саясаттын қалыптасуын қадағалайды.
7. Бас бухгалтердің функционалды (лауазымды) міндеттемесі жеке кәсіпкердің немесе ұйымның басшысының бекітуімен оның ережесімен анықталады.
8. Бухгалтерлік есепті жүргізуде бас бухгалтер бақылайды:
есептік кезең барысында операцияларда, оқиғаларда және активтер мен міндеттемелерді бағалау барысында қабылданған есептік саясаттың өзгермеуін;
есептік кезеңде болған барлық операциялар мен оқиғалардың және активтер мен міндеттемелерді түгендеуінің қорытындысын толық есептемеде көрсету;
есептік кезеңдерге кірістер мен шығыстарды дұрыс көрсетуін;
берілген аналитикалық есептің айналымының тепе-теңдігі және синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдықтарды келесі айдың басына аудару.
9. Бас бухглтерді қызметінен босатқан кезде құжаттарды қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге тапсырылады (егер ол болмаған жағдайда – жұмыскерге, жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысының бұйрығы бойынша, немесе жеке кәсіпкер мен ұйым басшысының өздеріне).
Құжаттарды қабылдау және тапсыру жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысының бұйрығына негізделе орындалады, онда:
бухгалтерлік қызметтің құжат қабылдау –тапсыру мерзімдері көрсетіледі, бірақ екі аптадан көп емес;
қабылдаушы мен тапсырушының еңбекақыларының тәртібі;
қабылдау-тапсыру кезеңінде құжаттарға қол қою құқығы кімге берілген, сонымен қатар құжаттарды қабылдаушының қол қою құқығын анықтағанша құжаттарда тапсырушы қолы қойылады қабылдаушының бақылауымен.
Құжаттарды тапсыру кезеңінде бухгалтерлік есептің жағдайы, берілген есептеменің дұрыстығы, қабылдаушы және тапсырушы жақтарымен қол қойылған қабылдау-тапсыру актісі құрылады, жеке кәсіпкер мен ұйым басшыларының бекітуінше.
Акт екі данада құрылады. Біреуі бухгалтерлік қызметте қалады, екіншісі – құжаттарды тапсырушы жағында.
Бухгалтерлік есептің қанағатсыз жағдайы форс-мажорлық жағдаймен байқалуы мүмкін, алдыңғы бас бухгалтердің өз міндеттемелеріне немқұрайлы қарауынан. Бұл жағдайда бухгалтерлік есепті қалпына келтіру үрдісі жеке кәсіпкерге немесе ұйым басшылығына тапсырылады.
Жүргізілген талдау негізінде бухгалтерлік есеп жағдайы, құжат айналым, құжаттарды қайта қалпына келтіру кезеңі анықталады.
10. Бас бухгалтердің талабы операциялар мен оқиғалардың бастапқы құжатталу жөніндегі (алғашқы құжаттарды) уақытында көрсету барлық жұмыскерлерге бірдей міндет.
11. Ақшалай және есептесу құжаттары, қаржылық және несиелік міндеттемелер бас бухгалтердің қолысыз жарамсыз деп танылады және орындалмайды, егер өзгеше Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме бойынша сұрақтарына сәйкес заңнамасында қарастырылмаса.
12. Жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысы бухгалтерлік құжаттарда қол қоюға құқығы бар тұлғаларды анықтайды. Тұлғаның алатын қызметіне, ақшалай сомасының көлеміне, қолдану аясына және операция негізіне байланысты қол қоюда иерархиялық құқығы қабылдануы мүмкін.
13. Жеке кәсіпкер немесе ұйым электрондық қолды қолданушы сақтандыру шараларын және бақылау орнату керек, электрондық қолдарды қолдану құқығы мен кіру мүмкіншілігіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.
14. Жеке кәсіпкер немесе ұйымдар активтер, міндеттемелер, капитал, кірістер және шығыстармен байланысты операциялар мен оқиғаларды бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді.

3. Шаруашылық операцияларды құжаттандыру

15. Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу үшін белгілі талаптар қажет, олардың негізгісі: құжатталу, жазбалардың қысқалығы және нақтылығы, екіжақты жазудың бақылау.
Бухгалтерлік құжаттарда мәтін,сан және қол қойылғанда нақты және түсінікті жазылуы керек.
16. Жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдар құжаттарды және бухгалтерлік есеп регистрлерін электрондық түрде құрғанда құжаттардың бірнеше данасын (көшірмесі) операцияның басқа қатысушылары үшін қағаз түрінде дайындау керек, сонымен қатар мемлекеттік мекемелер талабы бойынша, оларға бұндай құқық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берліген.

§ 1. Бастапқы құжаттар

17. Бастапқы құжаттар – құжаттамалық куәлік, қағаз және электрондық түрде, операция мен оқиғаны деректеу және оның орындалуына құқылы осының негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
18. Бастапқы құжаттар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме аясындағы қызметті реттеу бойынша заңнамасына сәйкес (өкілетті мекеме) орталық мемлекеттік мекемелердің бекітуінше нұсқау немесе талаптар бойынша құрылса есепке алынады. Бастапқы құжаттар, егер оларға өкілетті мекемелер нұсқау немесе талабы бекітілмесе, және жеке кәсіпкер мен ұйым өз бетімен әзірлесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті деректеме болса есепке алынады. Операцияның және оқиғаның сипатына байланысты Қазақстан Республикасының нормативті құқықты актісінің талаптары және алғашқы құжаттарда есептік ақпаратты өңдеу қосымша деректемелер қатарына енуі мүмкін.
19. Кассалық және банктік алғашқы құжаттарға түзетулер енгізілмейді. Басқа алғашқы құжаттарға түзетулер операцияның басқа қатысушысының келісімімен енгізіледі, ол осы қатысушылардың қолымен расталу керек, қол қойылған құжатта түзету енгізілетін күн белгіленуі керек.
Бастапқы құжаттардағы қателерді түзету кезінде дұрыс жазылмаған мәтін немесе сома сызылады да үстінен дұрыс мәтін немесе сома жазылады. Сызған кезде оның алғашқыда қалай жазылғанын көруге болатындай етіп сызады. Бастапқы құжатта түзетілген қате Түзетілді деген жазумен ескертіледі және түзету енгізілген құжатта тұлғалардың қолымен расталады.
20. Бухгалтерлік есепте бастапқы құжаттың қозғалысы (құру немесе басқа ұйымдардан алу, есепке алу, өңдеу, мұрағатқа жіберу – құжат айналымы) жеке кәсіпкердің немесе ұйым жетекшісінің бекітуінше графикпен (кесетмен) регламенттеледі.

§ 2. Бухгалтерлік есептің регистрлері

21. Бухгалтерлік есептің регистрлері – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесінде есепке қабылданған бастапқы құжаттардағы жалпылама нұсқаулар, ақпаратты жинақтау және жүйелендіруді көретуі.
Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есеп регистрлерінде хронологиялық кезекпен және бухгалтерлік есептегі шоттарға сәйкес топтасуы керек.
22. Ай соңында есеп регистрінің әр бетінде қорытынды жасалады (есептеледі). Аналитикалық және синтетикалық регистрлер қорытынды жазбалары міндетті түрде айналым ведомостінің салыстыру негізінде жүзеге асырылады.
23. Бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі шаруашылық операциялардың дұрыстығын оны құрған және оған қол қойған тұлғалар жазылады.
24. Бухгалтерлік есеп регистрларының формалары немесе талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілетті мекемелермен бекітіліп жүзеге асырылады.
25. Бухгалтерлік есеп регистрлерінің мәліметтері топтастырылған түрінде қаржылық есептілікке ауысады.

4. Кассалық операциялардың есебі.
§ 3 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру тәртібі және кассалық құжаттарды рәсімдеу.

26. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен белгіленгені бойынша, банкнотамен тиын төлемге қабылдағанда жеке кәсіпкердің, ұйымның не оны алмастыратын адаммен (әр қарай - кассир) ақшалай белгілердің төлеудің анықтау белгілерімен және түрімен басқарылады.
Қолма-қол ақшаны қабылдау бас бухгалтер қол қойған кіріс касса ордерімен (әр қарай - кіріс ордері) іске асады.
Қолма-қол ақшаны қабылдағанда бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған, мөрмен расталған түбіртек беріледі.
27. Касадан қолма-қол ақшаны беру шығыс касса ордерімен (әр қарай -шығыс ордері) немесе мұның орнына реквизитінің мөрі бар басқа құжат пен іске асады. Қолма-қол ақшаны беруге құжаттар жеке кәсіпкермен, ұйым бастығымен немесе оның орнын басатын бас бухгалтердің және кассирдің қолы қойылуы тиіс.
28. Барлық кіріс және шығыс ордерлер кассаға жіберілместен бұрын, міндетті түрде, кіріс және шығыс кассалық тіркеу журналға тіркеледі.
29. Кассадан шығыс кассалық ордермен қол ақша босатылғанда жеке тұлғаны растайтын (паспорт немесе азаматтың жеке куәлігі), құжаттың аты мен нөмірін, кімге және қашан берілгенін жазып алады және алушыдан қолхат алады.
30. Қолма-қол ақшаны ақшаны алғаны туралы қолхат тек қана қаламмен алған соманы көрсетіп жазады. Ведомостпен алынған қолма-қол ақша сомасы жазумен көрсетілмейді.
31. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның құрамына кірмейтін адамдарға, қолма-қол ақшаның берілуі, әрбір жеке адамға жазылатын немесе келісім жарттын арқасындағы жеке ведомостьпен, шығыс ордері арқылы жүзеге асады.
32. Кассир қолма-қол ақшаны тек қана шығыс ордерінде немесе оны алмастыратын құжатта көрсетілген адамға береді. Егер ақша белгіленген тәртіппен рәсімделген, сенімхат арқылы берілетін болса, ордер мәтінін де қабылдаушының аты-жөнінен кейін бухгалтерлік қызметпен келісілген адамның аты-жөні көрсетіледі. Егер ақша ведомость арқылы берілсе, онда ақша алғаны туралы қолхат алдында кассир сенімхат бойынша деп жазады. Белгілеу бөлімінде берілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі. Сенімхат кассирда қалады және шығыс ордеріне немесе водомостьке жапсырылады.
33. Сырқат жағдайы кесірінен немесе басқа себептер бойынша өзі қол қоялмаған адамның орнына, бухгалтерлік қызмет жұмыскерлері мен кассирдан бөлек, ақша оның белгіленген тәртіппен рәсімделген,
сенімхатына сәйкес, өтініші арқылы, басқа адам қол-қоюына болады. Шығыс ордерінде фактілі қолма-қол ақша қаражатын қабылдаушының және оның орнына қол қоюшының тұлғалығын куәландыратын құжаттың нөмірі, атауы, мерзімі мен кіммен берілгені көрсетіледі.
34. Еңбек ақы, уақытша еңбекке жарамсыз ақыларының төлемдері, стипендиялар,қосымша сый ақыларәрбір қабылдаушыға шығыс ордерін құрастырмай-ақ, төлем ведомостьттары арқылы кассирмен жүзеге асырылады.
Барлық берілген еңбек ақы сомасына мерзімі мен нөмірі әрбір төлем ведомостіне қойылатын, бір шығыс ордер жазылады.
35. Жеке кәсіпкердің немесе ұйым басқарушысының немесе оны алмастырушының және бас бухгалтердің қолынан кейін, төлем ведомостінің титулдық (басты) бетінде берілген мерзімі мен сомасының жазылған түрімен бірге, қолма-қол ақшаның берілісі жайлы келісім жазылады .
36. Аналогті тәртіпте еңбек ақыға бір реттік қолма-қол ақшаның берілісі рәсімделуі мүмкін (демалысқа кеткен жағдайда, сырқат және басқа да себептермен), сонымен қатар бірнеше адамға қызметтік іс сапарға баруына байланысты шығындарына, депонирленген сомалар мен қолма-қол ақша беріледі.
37. Жеке тұлғаларға еңбек ақысы үшін, бір реттік қолма-қол ақшаның берілуі шығыс ордерлері арқылы жүргізіледі.
38. Кассир еңбек ақының, сый ақының, уақытша еңбекке жарамсыз пособияларының белгіленген төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін келесілерді істеу қажет:
- төлем ведомостіндегі төлем жүргізілмеген адамдардың аты-жөнініне қарама-қарсы жерге штамп немесе Депоненттелген атынан белгі қоюы керек;
- депоненттелген сомалардың реестірін құруы қажет;
- ведомостінің соңында еңбек ақының, сый ақының, уақытша еңбекке жарамсыз пособияларының, депоненттеуге жататын, нақты төленген сомалар мен төленбеген сомалар жайлы жазу істеуге тиіс, сонымен қатар бұл сомаларды төлем ведомостіндегі жалпы соңғы сомамен тексеріп өзінің қолын қоюы тиіс;
- кассалық кітапқа, нақты төленген соманы жазып, ведомостке штамп қою керек: Шығыс кассалық ордер № . Бухгалтерия төлем ведомостінде кассирмен жасалған белгілерді, онымен жасалған депоненттелген сомалар мен берілген сомаларды тексереді.
39. Сенімді адамға қолма-қол ақшаның төленуі мен қолма-қол ақшаның қайтарылуы, сонымен қатар төленген құжаттар арқылы кассадан берілген ақша есебін жасау үшін, қабылданған және босатылған ақшаның есеп кітабы қолданылады.
40. Кіріс ордерлері мен оларға квитанциялар, сонымен қатар шығыс ордерлері мен оларды алмастыратын құжаттарды, бухгалтериямен нақты және түсінікті түрде қаламмен немесе машинаның (есептеуіш) көмегімен толтыруы тиіс. Бұл құжаттарда келісілген болсын, қандай болмасын түзетулер, қателер болмау керек.
Шығыс ордерінде оны толтыру себебі мен оған жататын құжаттардың тізімі көрсетіледі.
Шығыс ордерлері немесе оларды алмастыратын құжаттар қолма-қол ақшаны қабылдайтын адамға берілмейді.
41. Шығыс және кіріс ордерлерінің немесе оларды алмастыратын құжаттарды алған жағдайда кассир тексереді:
- құжаттағы бас бухгалтердің қолының бар жоғы мен оның дұрыстығын, ал шығыс ордерінде немесе оны алмастыратын құжатта – жеке кәсіпкердің немесе ұйым басқарушысының не оны алмастыратын адамның рұқсат қолын;
- құжатты рәсімдеу дұрыстығын;
- құжатта аталған қосымшалардың бар-жоғын;
Осы аталған сұраныстардың біреуінің орындалмаған жағдайында, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайта рәсімдеуіне жібереді.
Кіріс не шығыс немесе оларды алмастыратын құжаттар, олардың қосымшаларымен бірге, міндетті түрде штамппен немесе күні, айы, жылы көрсетілген Алындының немесе Төлендінің қолымен расталады.
42. Еңбек ақыны төлеу жайлы төлем ведомостінде рәсімделген шығыс ордерлері, ақша берілгенннен кейін тіркеледі.
§ 4 Кассалық кітаптың жүргізу тәртібі мен ақшаны сақтау ережелері.

43. Қолма-қол ақша арқылы есептесулер жасау үшін, беттері міндетті түрде нөмірленген , жібпен тігілген және жеке кәсіпкердің не ұйымның мөрімен бекітілген, жеке кәсіпкер немесе ұйым бір ғана кассалық кітап жүргізу қажет. Кассалық кітаптың беттері жеке кәсіпкер не ұйым басқарушысының, бас бухгалтердің қолымен белгіленеді.
44. Кассалық кітапта жазулар копировальный қағазбен, қаламмен екі дана жазылады. Екінші данасы беттері жұлынатын болуы тиіс және ол кассирдің есебі үшін қажет. Бірінші данасы кассалық кітапта қалады. Бірінші және екінші даналарының беттері бірдей нөмірлермен нөмірленеді.
Түзетулер мен келісілмеген жайттар кассалық кітапта жіберілмейді. Кітаптағы қатенің түзетілуі Түзетілді деген жазумен келісілген болуы тиіс және түзетілген мерзімі көрсетілген кассир мен бас бухгалтердің қолдарымен расталуы керек.
Кассалық операциялардың автоматталған түрінің жүргізілу барысында, белгіленген кассалық кітапты жүргізу ережелері орындалуы тиіс. Қағаздық тасушыларда басылған кассалық кітап, хронологиялық тәртіпте біріктіріледі.
45. Кассалық кітаптағы жазулар қолма-қол ақшаның әр ордер немесе оны алмастыратын құжат арқылы берілген не қабылданғаннан кейін толтырылады. Кассир күнделікті, күннің аяғында операциялардың есебін жасайды, кассадағы қолма-қол ақшаның күн ішіндегі қозғалыстарды, соңғы қалдығын есептеп, кассирдің есебін жасап (беттері жұлынатын кассалық кітап бетерінің екінші данасын) түсініктеме арқылы кіріс және шығыс кассалық құжаттардың кассалық кітаптағы қосымшаларымен бірге бухгалтерияға тапсырады. Осымен қоса кассир қолма-қол ақшаның кассадағы соңғы қалдығы мен нақты қалдығын тексереді.
46. Қолма-қол ақшаның берілісі, шығыс ордерде не басқа оны алмастыратын қабылдаушының сенімхатымен расталмаған құжаты болмаған жағдайда кассамен қабылданбайды. Кіріс ордерімен расталмаған қолма-қол ақша кассада артық ақша болады да ол жеке кәсіпкер не ұйымның кірісіне қосылады.
47. Кассалық кітаптың уақытылы жүргізілуі мен дұрыстығын қадағалау бас бухгалтердің мойнына жүктеледі.
48. Кассирдің жұмысқа алынуы жеке кәсіпкердің не ұйым басқарушысының бұйрығымен рәсімделеді. Кассирмен, оның толық материалдық жауапкершілігі жайлы жазбаша келісім шарт жасалады.
49. Жұмыскерлердің саны аз ұйымдарда және кассир деген штат кестесінде қарастырылмаған жағдайында, оның жұмысын ұйым басқарушысының жазбаша бұйрығымен бас бухгалтер жүргізе алады.
50. Ұйым қолма-қол ақшамен есептесулер жүргізу үшін касса ұстауы қажет. Касса – бұл техникалық сұраныспен белгіленген арнайы жабдықталған, қолма-қол ақшаның сақталуын қамтамасыз ететін оқшауланған бөлме, және қолма-қол ақшаның қабылдану мен жіберілуі, сонымен қатар уақытша сақталуы үшін арналған.
51. Кіші кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын,жеке кәсіпкерлер мен жалданатын қызметкер саны оннан аспайтын ұйымдар арнайы жабдықталған және оқшауланған кассалық бөлмені, бір себептен ұстамауына болады, ол күнделікті мөрмен басылатын металлдық жанбайтын шкафтың болған жағдайында.
52. Кассаның бөлмесі жеке оқшауланған болуы тиіс, ал есіктері операция орындалған уақытта ішінен жабылған болу керек.
53. Барлық қолма-қол ақшалар, чектар, қатал есепті бланкілер мен бағалы қағаздар ереже бойынша, сейфтерде не жанбайтын металлдық шкафтарда сақталады. Металлдық шкафтың кілті, мөр мен кассалық бөлменің кілті кассирдің қолында болады.
54. Кассалық сейфте (металлдық шкафта) жеке кәсіпкерге не ұйымға қатысты қолма-қол ақша не басқ да құндылықтар сақталмайды.
55. Кассалық бөлмені не металлдық шкафтарды ашпастан бұрын, кассир оған сеніммен тапсырылған мүліктің сақтығын тексереді.
Мөрдің алынған немесе бүлінген жағдайында, құлыптың, есіктің және темір тордың бұзылған жағдайында, кәсіпорын басшысына, ішкі істер бөлімдеріне жағдайды жеткізетін және кассаның полиция қызметкерлерінің келгеніне дейін сақтандыруын қамтамасыз ететін шаралар орындайтын, ұйым басқармасына жеткізуі керек.
Бұл жағдайда ұйым басқарушысы немесе оны алмастырушы, бас бухгалтер, сонымен қата кассир ішкі істер мүшілірінен рұқсат алғаннан кейін кассадағы бар ақшаның және басқа да құндылықтардың сақталуын тексереді. Бұл тексеріс кассалық операциялардың басталғаны алдында жүргізілуі тиіс. Тексеріс нәтижесімен екі дана акт жасалады. Актінің бірінші данасы ішкі істер мүшелеріне тапсырылады, ал екінші данасы ұйымның өзінде қалады.
56. Кассирді уақытша ауыстыру қажет болған жағдайда, кассирдің атқаратын міндеттері жеке кәсіпкердің не ұйым басқарушысының жазбаша бұйрығымен, басқа қызметкерге жүктеледі. Бұл қызметкермен, оның толық материалдық жауапкершілігі жайлы жазбаша келісім шарт жасалады.
Кассирдің аяқасты (сырқат не басқа себептермен) жұмыс тастауы кезінде, есебінде бар құндылықтар дер кезінде, жеке кәсіпкермен не ұйым басқарушысымен тағайындалған комиссия адамдарының көзінше, басқа адамға тапсырылады. Санаудың және тапсырылған құндылықтардың нәтижесі жайлы көрсетілген адамдардан кейін екі даналы акт жасалады.

§ 5 Кассаны түгендеуі және кассалық тәртіптің сақталуына бақылау.

57. Ұйым басқарушысымен белгіленген мерзімде кассада аяқасты, барлық қолма-қол ақшаның, чектер мен бағалы қағаздардың толық түгендеуі жүргізеді. Ұйым басшысының бұйрығымен құрылған комиссия , түгендеу нәтижесіне екі дана акт құрастырады.
58. Түгендеу барысында кассадағы артық немесе кем шыққан ақшаға олардың пайда болған жағдайлары көрсетіліп актіге жазылады.

5. Қорлардың есебі.
59. Өндірісте материалдардың ассортиментінің көптігінен ұймдарда олардың есебін рационалды ұйымдастыру мақсатымен біркелкі қасиеттері бойынша номенклатура құрастырылады. Әрбір қордың атауына, сортына шартты сандық белгі беріледі – номенклатурлы нөмір, және ол кейіннен қорлардың бар болуы мен қозғалысы жайлы құжаттардың барлығында қойылады.
60. Қоймадағы қорлардың әр сорты, түрі мен көлемі қозғалысының есебін жүргізу үшін, қорлардың есеп карточкасы қолданады, және ол материалды жауапты тұлғамен (қоймашы, қойма басқарушысы) әр қорлардың номенклатурлы номеріне (бар болған жағдайда) толтырылады. Карточкадағы жазулар операция жасалған күні бірінші ретті кіріс-шығыс құжаттары арқылы жүргізіледі.
61. Сенімхат қорларды алған жағдайда, жеке кәсіпкер немесе ұйымның сенімді адамы ретінде рәсімделген құқығымен өзін қорғау үшін қолданылады. Сенімхатты материалды жауапкершілік келісім шарты құрастырылған адамға ғана беріледі, сенімхаттың жұмыс істеіу мерзімі он күнді қамтиды. Сенімхатқа жеке кәсіпкер немесе ұйым басқарушысы және бас бухгалтер қол қояды.
62. Берілген сенімхаттардың есеп журналы берілген сенімхаттар мен оларды алғаны жайлы қолхаттарды тіркеу үшін қолданылады, ол сенімхаттардың берілуі мен тіркелуіне жауапты адамда сақталады. Журналдың барлық беттер нөмірленеді, тігіледі және жеке кәсіпкер немесе ұйымның мөрімен бекітіледі.
63. Жеткізушілерден түсетін немесе қайта өңдеуден келетін материалдардың есебі үшін кіріс ордері қолданылады. Қоймаға қорлардың түскен күнінде материалды жауапты тұлға бір данада кіріс ордерін жасайды.
64. Жеткізушінің берілген құжаттары бойынша сандық және сапалық сәйкессіздікте, сонымен қатар, қорларды қабылдау кезінде, құжатсыз қабылданғанда, қорлады қабылдауды рәсімдеу үшін, қорларды қабылдау туралы акт қолданылады. Жеке кәсіпкермен немесе ұйым басқарушысының бұйрығымен тағайындалған комиссия, екі данада акт жасайды, міндетті түрде материалды жауапты тұлғаның және жіберушінің (жеткізуші) немесе басқа қатысты емес ұйымның адамының қатысуы қажет.
65. Қорларды ұйым ішінде қозғалысына және оларды сыртқа шығару қозғалыс есебі үшін ішкі орын ауыстыру накладнойы қолданылады.
66. Қорларды сыртқа шығару есебі үшін қорларды сыртқа шығару накладнаясы қолданылады.
67. Қорларды шығынға жазу актісі қорлардың бүлінген, сынған, құртылған, сонымен қатар дайындау немесе сақтау және өндіру процесінде жүрген, қорлардың жетіспеген және жоғалтқан жағдайында, қорлардың есебін жүргізу үшін қолданылады. Рәсімделген акт жауапты тұлғаның есебінен шығарылғанда да негізгі құжат болып танылады. Комиссия мүшелерімен екі данада жасалады. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберілсе, екінші данасы бөлімшеде қалады.
68. Ғимараттар мен құрыслытарды демонтаждау мен бөлшектеу кезінде, қолдануға жарамдыларын өндірістік жұмыстарда қолдану үшін қабылданған қорларды, қозғалмайтын мүлік, ғимараттар мен құрылыстарды демонтаждау мен бөлшектеу кезінде ,қорларды кіріске алу жайлы акт жасалады. Тапсырыс берушілер мен мердігерлер қатысуымен комиссия құрылып, акт үш данада жасалады. Актінің бірінші және екінші данасы тапсырысберушіге беріледі, ал үшінші данасы мердігерде болады. Тапсырыс беруші өз алдына актінің бірінші данасын мердігерге төлем кезде шотқа қосады.
69. Қоймадағы қорлар қалдығының есеп ведомості есептің оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдісі бойынша жүргізіледі. Қалдықтардың есеп ведомостін бухгалтериямен тексерілген, қойма есебінің карточкасындағы деректер арқылы толтырады. Ведомостке қалдықтарды көшіру дұрыстығы тексерушінің қолымен расталады.

6. Негізгі құралдар есебі.
70. Негізгі қорлардың есептік инвентарлық карточкасы бухгалтерлік қызметте негізгі құралдардың әрбір объектісіне жүргізіледі. Орын алмастыруы, реконструкциясы мен модернизациясы бойынша негізгі құралдардың құжаттары бір дана ғана толтырылады. Инвентарлық карточка негізгі құралдардың объектілерінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштерін құрайды .
Негізгі құралдарға инвентарлық нөмер олардың келіп түскен реттік – сериялық жүйелері бойынша беріледі.
71. Негізгі құралдардың объектілерін есептеуде, объектілер іс-әрекет еткенде заңға сәйкес жүргізілуі тиіс, сонымен қатар негізгі құралдардың құрамын өткізу кезінде, басқа ұйымға сатуда негізгі құралдардың алыс – беріс акті қолданылады. Әр объектіге және біріккен объектілерге акт екі данада құралады. Құралған акт қосымша техникалық құжаттармен бухгалтерлік бөлімге тапсырылады, жеке кәсіпкер немесе ұйымның басқарушысы ретінде бас бухгалтердің қол қоюымен бекітіледі.
72. Енгізілген объекттер әрекеті берілген қағидада өз ретімен құжатталу, негізгі құралдардың құрамынан беру кезінде есептен шығару, басқа ұйымдарға негізгі құралдың объектілерінің тобын сату кезінде алыс – беріс актісі қолданылады. Бұған құжаттарды дайындау нағыз Ережелердің 71 тарауына сәйкес орындалады.
73. Объектілердің ішкі орналасуын немесе ұйымның құрылымдық бөлімшелеріндегі негізгі құралдардың объектілерінің топтарын құжаттау, объектілердің берілуін қамтамасыз ету немесе негізгі құралдардың объектілерінің топтарын қоймадан (қордан) алу үшін негізгі құралдарды ішкі орналастыруға накладной қолданылады. Накладной екі нұсқауда жазылады. Алушы мен беруші тілхаты (түсініктемесімен) бар бірінші дана бухгалтерлік қызметке, ал екіншісі ұйымның құрылымдық бөлімшесіне тапсырылады.
74. Негізгі құралдарды жөндеуден, модернизациялаудан кейін алыс – берісін құжаттау, негізгі құралдардың жөндеуден өткен, модернизацияланған қабылдау – беру актісінде қолданылады. Жеке кәсіпкердің материалдарға жауапты жұмысшысымен немесе негізгі құралдарды қабылдайтын ұйым және жөндеу жүргізуші ұйымның өкілімен жазынған акт екі дана болып құрылады. Ол актке бас бухгалтердің қолы қойылып, жеке кәсіпкер немесе ұйымның жетекшісімен бекітіледі.
75. Негізгі құралдардың объектілерін толық немесе ішінара есептен шығару негізгі құралдарды есептен шығару актісі бойынша жүргізіледі.Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері қол қойып, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісімен бекітіледі. Бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екінші данасы объектінің сақталуына жауапты тұлғада қалады.
76. Автотранспорттық құралдарды есептен шығару актісі автотранспортты есептен шығару үшін құжатталады. Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі қол қойып, жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісімен бекітіледі. Кеден полицияларында есептен шығарылғанын дәлелдейтін акттің бір данасы бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екінші данасы объектінің сақталуына жауапты тұлғада қалады.
77. Негізгі құралдардың объектілерінің жалдық есебі үшін негізгі құралдардың жалдық есеп карточкасы қолданылады.
79.Қоймаға келіп түскен құралдарды құрастыру үшін құралдардың келіп түскендігі туралы акт қолданылады. Акт екі данада құрылады, оған комиссия мүшелері қол қояды.
80. Құралдарды монтаждау ұйымына берген кезде құралдарды монтажға алыс – беріс актісі толтырылады. Монтаждық жұмыстар жүзеге асырылғанда қабылдау комиссиясы құрылады, оның құрамына құралдық тапсырыстарды жүзеге асыратын ұйым өкілдері, монтаждық ұйым өкілдері кіреді. Құралдарды жауапкершілікті сақтауға алған монтаждау ұйымының өкілі актке қол қояды және оған акт көшірмесі беріледі.
81. Түгендеу процесінде монтажда немесе құралдарды сынау кезінде ақаулар көрінген болса, құралдарда ақаулардың пайда болуы акті кұрылады.

7. Түгендеу
82. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік ақпараттарының шынайылығын қамтамасыз ету үшін активтер мен міндеттемелерге жылына кем дегенде бір рет түгендеу жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлер мен жиырма бес адамға дейін жұмысшылары бар ұйымдар шағын кәсіпкерліктің субъектілірі, олар өздері түгендеу уақыты мен ретін анықтай алады.
83. Орналасқан жеріне қарамастан кәсіпорынның барлық мүліктеріне және жеке кәсіпкер мен ұйымның мүлкіне жатпайтын, бірақ бухгалтерлік есепте тұратын (жауапты сақтауда тұрған, келісім бойынша жалға алынған, қайта өңдеуге алынған, төрешілер үшін қабылданған), қандай да бір себептер бойынша есептелмеген мүліктер мен міндеттемелердің барлық түрлеріне түгендеу жасалады.
84. Кәсіпорын активтері мен міндеттемелерін тексеру ауқымының дәрежесіне қарай түгендеу толық, ішінара және таңдамалы болып бөлінеді.
Толық түгендеу кәсіпорынның барлық активтері мен міндеттемелерін қамтиды. Ішінара түгендеу кәсіпорынның бір немесе бірнеше активтері мен міндеттемелер түрін қамтиды.
85. Материалдық игіліктерді тексерудің ұйымдастырылуы мен уақытына қарай түгендеу жоспарлы (белгіленген уақытта), жоспардан тыс (қажетті жағдайларда), кенеттен (мемлекеттік органдардың талаптары бойынша, жоғарғы билік органдарының құзырына байланысты, ұйым жетекшілерінің құқығы бойынша) немесе аяқасты.
86. Міндетті түрде түгендеу жүргізіледі:
- Материалға жауапты тұлғалардың ауысуы кезінде (қызметті қабылдау – беру күні);
- Кәсіпорын мүлкінің бұзылуы, негізгі құралдардың ұрлану фактін анықталған кезінде;
- Қауыты шарт қатерлі жағдай, өрт, апат немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде;
- Қазақстан Республикасыеың заңнамалары бойынша кәсіпорынның өзгеруінен бөлу баланс жасауында.
87. Жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісінің бекітуімен есеп саясатында есеп беру кезіндегі жоспарлы түгендеу саны, олардың өткізілу күні, активтер мен міндеттемелер тізімі жүргізіледі.

§6. Түгендеу жасау тәртібі
88. Активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу үшін түгендеу жүргізетін комиссия құрылады, олардың құрамы жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісі бұйрығымен бекітіледі.
89. Түгендеу жүргізу комиссия құрамына әкімшілік қызметкері, бухгалтерлік қызметтің маманы және басқа қызметкерлер (инженерлер, экономистер, техниктар) кіреді.
Комиссия төрағасын белгілеген бұйрық бекітілген соң , жеке кәсіпкер немесе ұйым жетекшісінің қолы қойылған жазбаша тапсырма беріледі, онда комиссия құрамынан басқа мыналар көрсетіледі: номер, бұйрық күні, түгендеуге жататын объект, жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі.
90. Түгендеу жүргізілгенге дейін комиссия мүшелері мыналарды орындауға тиіс:
- соңғы түгендеу қорытындысы материалдарымен толық танысу;
-бөлек кіретін және шығатын есіктері бар подвалдар мен басқа да мүлік сақтайтын орындарды жауып тастау (пломболап);
- түгендеу жүргізу процесінде комиссия жұмысында қолданылатын салмақ өлшейтін приборларды тексеру, клеймоланған мерзімдерінің сақталуын.
91. Комиссия төрағасы барлық кіріс және шығыс құжаттарға белгілерін (қолдарын) соғып, есеп беруге инвестицияға дейінгі жағдай ... (күн) деген қосымша нұсқау беріледі, бұл түгендеу басталғанға дейін берілген деректер бойынша бухгалтерлік қызметте қалған мүліктерді анықтау үшін керек.
Материалдарға жауапты тұлғалар инвентаризацияға дейінгі келіп түскен мүліктерді жауапты сақтауда, кіріске алынған, ал шығып кеткендер шығынға жазылған, олардың есебінде тұрған барлық мүліктердің кіріс және шығыс құжаттары бухгалтерлік қызметке өткізілген деген тілхатты (түсініктеме) ұсынады.
92. Мүліктік түгендеу мүліктің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Нақты қалдықтарды тексеру міндетті түрде материалды жауапкершілікті тұлғаның қатысуымен өткізіледі, бірақ материалды жауапкершілікті тұлға өзінің аймағында комиссия мүшесі бола алмайды.
93. Есептік қорытынды, өлшем мен таразыға салу түгендеу құжатқа жазылады, түгендеудің өткізілуі кезінде мүлік пен міндеттеменің нақты бар екендігін дәлелдеу белгіленген уақыт мерзімінде екі дана болып құрылады, онда барлық комиссия мүшелері мен материалды жауапкершілікті тұлғалар қол қояды. Құжат соңында материалды жауапкершілікті тұлға тілхат береді, ол комиссия мүшелерінің мүлікті түгендеуі оның қатысуымен болғанын, комиссия мүшелеріне ешқандай мін тақпайтындығын дәлелдейді.
Мүліктерді толық және нақты тексеру кезінде комиссия жұмыс күшімен толық қамтамасыздандырылған болуы керек.
94. Егер мүлікті түгендеу бірнеше күн бойы өткізіліп жатса, онда түгендеудегі мүліктер сақталып тұрған жерде (орында) күнде комиссия мүшелері мен материалды жауапты тұлғаның қатысуымен мөрмен басылып отыруы керек.
Түгендеу барысында комиссия қандайда бір жағдайлармен құндылықтарды есептеуге және описке жазуға мүршасы болмаса, онда түгендеу жасалып кеткен құндылықтарға нақты саны жазылған белгі (ярлық ) жазылады.
95. Жеке кәсіпкердің немесе ұйымның меншігіне жатпайтын, бірақ олардың есебінде тұратын мүліктер үшін бөлек түгендеу құжат құрылады.
96. Пайдалануға жарамсыз мүліктер үшін бөлек түгендеу құжат құрылады.
97. Түгендеу аяқталғаннан кейін жазылған түгендеу акттер мен құжаттар бухгалтерлік қызметке өткізіледі.

§7. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді түгендеу
98. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде мыналар тексеріледі:
- есепте материалдық емес активтердің дұрыс және уақытылы болуы;
- жеке кәсіпкер немесе ұйымның оны қолдануға құқығы бар екендігін дәлелдейтін құжаттары (патенттер, лицензиялық келісімдер, тауар таңбалары және т.б. ).
99. Түгендеу болудың алдында негізгі құралдарда мыналар тексеріледі:
- инвентарлық карточкалардың жағдайы, инвентарлық таңбалар мен есеп бойынша негізгі құралдардың тізімі;
- техникалық куәліктердің жағдайы және басқа техникалық құжаттар;
- берілген объектінің жеке кәсіпкер немесе ұйымның меншігінде тұрғанын дәлелдейтін құжат, және арендаға берілген немесе қабылданған, жауапкершілікті сақтауда. Құжаттардың жоқ кезінде олардың алынғанын немесе дайындалғанын қамтамасыз ету керек.
100. Негізгі құралдарды түгендеу кезінде комиссия объектілерге қарап, инвентарлық құжатқа олардың толық атын, бағытын, инвентарлық номерін, негізгі техникалық және эксплутациялық көрсеткіштерін жазып отырады.
101. Объекттің негізгі бағытына қарай негізгі құралдардың атаулары құжатқа енгізіледі. Егер объект қайта қалыптастыруға, кеңейтуге ұшырап, оның қолдану бағыты өзгерсе, онда ол құжатқа өзінің жаңа бағыттағы атымен енгізіледі.
Шаруашылық түгіндеу кезінде цех немесе бөлімге бірдей уақытта келіп түскен бірдей бағадағы құралдар, станоктар т.б аттары мен сандары бір типті инвентарлық карточкада жазылады.
102. Есепке алынбаған және есептік регистрда жоқ немесе қате көрсетілген объектілерді комиссия инвентарлық құжатқа жеткіліксіз деп белгілейді, мына объект бойынша дұрыс мәліметтер мен техникалық көртеткішкер: ғимараттар бойынша – олардың бағыты, негізгі материалдар, көлемі, алаңы, қабаттар саны, қосымша құрылыстар; каналдар бойынша – қашықтығы, тереңдігі, ені; көпірлер бойынша – орналасуы, материалдардың түрі, олардың өлшемдері т.б.
103. Түгендеу кезінде ұйымның орналасқан жерінен басқа жердегі негізгі құралдар объектісі үшін түгендеу өткізілді деген үкім берілуі керек.

§8. Қорлардың түгендеуі.
104. Материалдарға жауапты тұлғаның мойнындағы құндылықтар әртүрлі орындарда сақталған қорларына түгендеу орналасқан жерлері бойынша жүргізіледі. Түгендеу өткізілгеннен кейін ол жер пломбыланады- жабылады, ал комиссия басқа орындарға тексеруге кетеді.
Түгендеу барысында түгендеу жасалып жатқан жерде барлық операциялар құндылықтармен, ақша қаражатымен тоқтатылады.
Көтерме және басқа үлкен сауда қоймаларында түгендеу барысында комиссияның қатысуымен құндылықтар босатылады.
Бұл құндылықтар жеке описке жазылады Түгендеу барысында босатылған құндылықтар деп аталған, бұл құжаттарға комиссия төрағасы белгісін соғады.
105. Түгендеу кезінде келіп түскен қорларды материалдарға жауапты тұлға төрешілердің қатысуымен қабылдап алады.Бұлар түгендеу кезінде келіп түскен қорлар құжатында көрсетіледі.
106. Инвентарлық құжаттарда қорлар аттары, номенклатуралық номерлері, түрлері, топтары, сорттары, сандарына қарай ажыратылады.
107. Жауапты сақтауға берілгендігін дәлелдейтін құжаттардың негізіне
басқа ұйымдардың қоймаларында сақталған қорлар инвентарлық опистерге енгізіледі.
Сақтауда тұрған қордан ұйымнан алған түгендеу опись көшірмесін алғанда, комиссия құжаттарға сай қорлардың нақты болғанын оның санымен салыстырады.
108. Басқа ұйымның қайта өңдеуінде тұрған қорлармен ұйымның аты көрсетілген бөлек опись жасалынады, қорлардың қайта өңдеуге жіберуінің себебі болатын қорлардың аты, саны, есептің берілгеніне байланысты нақты құны, қайта өңдеуге берілген күні, құжаттардың нөмірі мен күні жазылады.
109. Басқа ұйымдардың қоймасындағы, түсірілген және сатып алушылардың уақытында есеп айырыспаған, жолдағы қорларға бөлек түгендеу описі құрастырылады.
Жолдағы қорлар описінде әр жіберілген жаққа келесі берілгендер жатады: сәкес шоттарда көрсетілген қорлардың аты (құжатқа сай), саны мен құны (есептің берілгеніне байланысты), түсірілген күні және де құжат түрлері мен нөмірі.
Қордың есеп шотында толтырылған құжатта тек сомасы қалуы мүмкін: жолдағы – мердегерлердің есеп айырысу құжаты немесе оны алмастыратын құжаттар; түсірілген – сатып алушылар көрсеткен құжаттар көшірмесі (төлем-талап, вексель және т.б.); кешіктіріліп төленген құжаттар – міндетті түрде банктік растау; басқа ұйымның қоймасындағы қорлар – түгендеу жүргізілген күнге жақын, соңғы күнге сақталған қолхаттар.
110. Қорларды түгендеу, жолдағы, түсірілген, бірақ сатып алушылармен уақытысында төленбеген, басқа ұйымдардың қоймасында тұрған қорлардың сәйкес сома шотында бар тексерістер болып табылады.
Алдын ала осы шоттар мен басқа шот корреспонденциялары салыстырылуы мүмкін.
Фактіні қойғанда келген қорларды кірістемеген жағдайда, осы қорды қабылдаған тұлғалардан түсініктеме алу керек.
111. Түсірілген және сатып алушының уақытысында төлемеген қорлар описінде әр түсірілімде сатып алушының аты, қордың аты, түсірілген күні, үзінді көшірме күні, шот-фактуруға сай нөмірі мен сомасы жазылады,
112. Эксплуатацияда тұрған қорлар, олар олар тұрған орнына және тұлғаға байланысты түгендеу жасалынады.
113. Қызметкерге жеке қолдануға берілген қорлардың түгенделуі кезінде описте қолхаты бар, жеке карточкалар ашылған, сол қатарға жауапты адам көрсетілетін толық түгендеу описі құрастырылуы рұқсат етіледі.
114. Ыдыс түріне, мақсатына және сапалық күйіне байланысты (жаңа, бұрын қолданылған, жөндеуді қажет ететін және т.б.) описке кіреді.
115. Комиссия аяқталмаған өндірістің түгендеуі кезінде:
өнеркәсіпте бар, және де дайын өнім, толық жиналмаған және қоймаға жіберілмеген босалқы дайындамалардың (бөлшек, торап, агрегат) және аяқталмаған бұйымды жасау мен жинау;
аңғарылмаған ақауды анықтайды;
аяқталмаған өндірістің (босалқы дайындамалардың) жиынтығын және бөлшектеп жинауды қамтамасыздандыруды нақты анықтайды;
күшін жойған тапсырыс бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығын анықтайды, нақты өзіндік құнының анықталуы тоқтатылған өнеркәсіптегі босалқы дайындамалардың (бөлшек, торап, агрегат) және аяқталмаған бұйымды жасау мен жинау және т.б. тапсырыс бойынша.
116.Өңдеуге ұшырамаған, жұмыс орындағы қорлар аяқталмаған өндіріс описіне қосылмайды, бірақ бөлек описьтерде түгенделіп тіркеледі.
117. Біртекті көлем және шикізат қосындысы болмайтын (белгілі өнеркәсіп саласында) аяқталмаған өндіріс бойынша, түгендеу описіне және салыстырмалы ведомстваларда 2 сандық көрсеткіш жүргізіледі: осы көлемнің саны немесе қосынды және шикізат саны немесе соның құрамына кіретін материалдар (жеке атымен) шикізат немесе материалдар саны өнеркәсіптің өзіндік ерекшелігімен қоса техникалық есеппен анықталады.

§9. Есеп айырысуды түгендеу.
118. Несие арқылы банктермен, бюджетпен, сатып алушылармен, мердегерлермен, есеп беретін адаммен, қызметкермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу:
бөлек балансқа бөлінген банкпен есеп айырысу тожествосымен, қазынашы органдарымен, қаржылық, салықтық органдарымен, зейнетқорымен, құрылымды бөлімше ұйымымен түгендеу;
қуыну уақыты өткен соманы қоса алып, қарыз сомасының дұрыстығын тексеру;
қызметкерлерге қайта төлеудің себебі және сомасы, және депонент шотына аударуы жарамды, уақытысында төленбеген еңбекақы бойынша анықтау болып табылады.
119. Тексеріс кезінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек, ұзақ мерзімді кредиторлық берешек деген шоттар қатысу керек. Жолдағы тауардың сомасы және фактурланбаған жеткізілім бойынша бойынша мердегерлермен есеп айырысу болуы тиіс.
120. Есеп беру сомасын түгендегенде есеп беретін адамның мақсатын аванс бергені туралы есеп тексеріледі және әр есеп беруші адамның берілген аванс сомасы тексеріледі.
121. болашақ периодтағы шығысты түгендегенде шотта жазылуға тиіс соманы комиссия құжатқа байланысты оны опиське қосады.

§10. Ақша қаражатының, ақшалай құжаттың және қатаң бланктік есепті түгендеу.
122. Кассаны түгендеу толық ақшалай купюраларды, бағалы қағаздарды, ақшалай құжаттарды, түрі, акт аты көрсетілген, нөмірі, сериясы және номиналды бағасы бойынша қатаң бланктік есепті және кассада бар басқа бағалы заттарда тексерік кезінде жүргізіледі.
Нақты ақшалай белгілердің және басқа бағалы заттардың кассада болуын санағанда, есепке қолма-қол ақша, бағалы қағаздар алынады. Заң бойынша бағалы қағаз ретінде шығаратын акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер және басқа документтер.
123. Қолма-қол ақша актіге купюра және сома бойынша кіреді.
124. Ақша қаражатың түгендеудегі актідегі жиыны, кассадағы түгендеу күнге (мерзімге) жасалған кассирдің есебінің қалдығымен салыстырылады, содан кейін қорытынды шығарылады. Егер комиссиямен кемшілік немесе артықшылық анықталса, актіде сомасы көрсетіледі.
125. Жолдағы ақша қаражатын түгендеуде осы шотта бар сомасын салыстыру жолымен жүзеге асады:
қолма-қол ақша тапсырылғанда – банк түбіртегімен, пошта бөлімшесімен, инкасатордың банкке тапсырған ақшасымен қоса жіктелім құжаттар жүретін ведомсттар және т.б.
Меншіктенушімен немесе басқа ұйыммен аударылған – аударымды алғаны құжатта (авизода) көрсетіледі күні, рет нөмірі, сомасы және қызмет көрсеткен банк немесе пошта бөлімшесінің аты.
126. Ағымдағы банк шотындағы теңгемен ақша, ағымдағы шоттағы валютамен және арнаулы шоттардағы ақша қаражатын түгендеу, жеке кәсіпкерлердің немесе ұйымның бухгалтерлік қызметінің шоттарындағы көшірмесін қалдықтары салыстыруымен жүзеге асырылады.

§11. Түгендеудің құжаттауы
127. Түгендеу описьтері қағаз және электронды түрде рәсімделеді. Түгендеу описьтеріндегі жазбалар қатесіз орындалады.
128. Түгендеу описіндегі соңғы беттерде бос жолдар сызылады.
129. Түгендеуден кейін описьте материалды жауапты адаммен қате табылса, ол жедел түрде (қойманың ашылуынан бұрын) түгендеу комиссиясының мүшесіне айтады. Комиссия қатені тексереді, егер шын болса, берілген ретпен түзетулер енгізіледі.
130. Қатені түзету барлық даналарда қатені сызып, оның үстіне дұрысын жазу арқылы жасалады. Түзетулер келісіліп, комиссияның барлық мүшесінің және материалды жауапты адамның қолы қойылумен жасалады.
131. Түгендеу аяқталғанда оның дұрыстығына соңғы тексерістер жүргізіледі. Оған комиссияның барлық мүшесінің және материалды жауапты адам қатысады және актпен рәсімделеді.
132. Нақты қалдықтардың жетіспеушілік пен артықшылықты жабу мақсатымен қате белгілерді описке енгізуге болмайды.
133. Салыстырмалы ведомстарда түгендеудің қорытындысы көрсетіледі – бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен түгендеу описінің айырмашылығы.
Түгендеу кезде айырмышылық анықталған активтер бойынша салыстырмалы ведомсть құрылады.

§12. Түгендеу айырмашылығының реттелуі мен түгендеудің қорытындысын рәсімдеу.
134. Түгендеу кезіндегі анықталған нақты бар мүлік пен бухгалтерлік есептің айырмашылығы: артықшылық - кіріск болып танылады; кемшілік – шығыс болып танылады.
Табиғи жоғалтулардың нормалары тек кемшілік анықталғанда ғана қолданылады. Табиғи жоғалтулардың шектеулі нормалардың сомалары кемшілік немесе іріктелу (ауыстырылуы) мойындалғаннан кейін анықталады. Осы әрекеттерден кейін жетіспеушілік сомасы әлі қалса ауыстырылым мойындалған актив түрлер бойныша ғана табиғи шектеулі нормалар қолдланылады.
Табиғи жоғалтулардың нормалары қолданғаннан кейін жетіспеушілік пен қорлардың бүлінуіне кінәлі болып жауапты тұлға танылады, жетіспеушілікті кінәлі тұлға өтейді.
135. Іріктелу нәтижесіндегі айырмашылық пен жетіспеушіліктер бір жауапты тұлғада бір тексеріс кезеңге ғана жасалу мүмкін.
Жасалған іріктеліге (ауыстырылуы) материалды жауапты адамдар коммосияға толық түсініктеме береді.
136. Түгендеу кезіндегі анықталған артықшылық пен жетіспеушіліктердің себебін комиссия айқындайды. Қабылданған қорытынды бойынша ұсыныс пен шешімді комиссия жеке кәсіпкер немесе ұйым басқарушысымен бекітуінің протоколмен рәсімдейді.
Түгендеудің қорытындысы түгендеу біткен айдың бухгалтерлік есебінде және қаржылық есепте, ал жылдың түгендеуі – жылдың қаржылық есебінде көрсетілуі керек.

8. Бухгалтерлік есептің құжатарының сақталуы.

137. Қазақстан Республикасының заңнамасымен кезең ағымында жеке кәсіпкер немесе ұйым бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп регистрлерін, қаржылық есептілікті, есеп саясатты, электронды өңдеу бағдарламаларды қағаздағы немесе электронды түрде сақтайды.
138. Жеке кәсіпкер немесе ұйым оперативтік (материалдармен қолдану қажетіне қарай), уақытты (ұзақ мерзімді) және түрақты құжаттарды сақтауды қамтамасыздандырады.
139. Құжатардың оперативтік сақтауына жеке кәсіпкерлер немесе ұйым басшылары өздері шара қолданады., жеке есепте және сақтауға жататын құжаттардың болуына және толықтылығына жазып беретін адамды (немесе адамдарды - әр қызметке байланысты) міндетті түрде тағайындалуы керек.
140. Құжаттарды мұрағатқа берер алдыңда оларды тиісті түрде дайындау қажет: бастапқы құжаттарды біртектес іспен қалыптастырады.
Істің номенклатурасы ұйымның жүйеленген іс жүргізу тізімімен тақырыпталынады тұратын, сақталу мерзімі көрсетіледі, Қазақстан Республикасының мұрағаттық заңнамасына сай рәсімделінеді.
Істің қалыптасуы – ол, іс номенклатурасына сай орындалған құжаттық рәсімделу істерге топтастырылуы. Істің қалыптасуында келесі шарттар орындалады: түрақты және уақытша сақталатын құжаттар іске жеке топтастырылады; шынайы (бірінші даналары) мен көшірмелерден айырып, ал жылдық жоспарлар мен есептіліктерді - тоқсандық және айлықтап айырып алады да іске әр құжаттан бір дана ғана еңгізеді.
Әр іске бір мерзімнің ғана құжаттары қалыптастырылады - аударылатын істен басқа (күнтізбелік жылдың ішінде жабылмайтын жеке іс), бір кезеңдегі құжаттар топтастырылады – айлық, тоқсандық, күнтізбелік жыл. Егер істе бірнеше айдың құжаттары болса, айлары жекелеп көрсетіледі, беттермен айырылады.
Құжаттардың қосымшалары бекітілген және құрастырылған мерзімдері қарамай, олар жататын құжаттарға қосылады.
141. Жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдардың ұзақ мерзімге сақталу құжаттары өз беттерімен қамтамасыз етіледі.
142. Күнтізбелік жылдың соңында іс қағаздар жүргізуы аяқталған істер бойынша түрақты сақтауға дайындалып міндетті түрде Қазхақстан Республикасының мұрағаттық заңнамасына сай рәсімделуі керек.
143. Түрақты сақтауға істерді дайындап тапсыру барысында жауапты тұлғамен іс номенклатурасына сай құжаттардың рәсімделу тексеріліп, тізімге еңгізілген істердің санының сайлығы, істердің саны, құжаттардың сақталуы және есебі ұйымдастырылады.
144. Қайта ұймдастырылатын ұйымдар сақтауға арналған іс пен құжаттардың белгілі ретпен қабылдау –тапсыруын қамтамасыздандырады.
Қабылдап-тапсыру туралы мағлұмат ұйымның қайта ұйымдастырылуы аяқталғанындағы материалдарда көрсетіледі.
145. Бастапқы құжаттар тек тексеру мекемелерімен, прокуратура, сот, салық мекемелерімен және қаржылық полициямен Қазақстан Республикасының заңнамасына сай (алынады )жойылады.
146. Құжаттардың жоғалған кезінде (ұрлық, бүліну, жойылу) немесе жойылғанда (өрт, су тасқыны және т.б.) жеке кәсіпкермен және ұйым басшысымен жоғалу мен жойылу себебін және кінәліні табу үшін комиссия тағайындалады. Комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша жеке кәсіпкермен немесе ұйым басшысымен бекітуімен акт рәсімделінеді.
Актіде толығымен: оқиғаның орны мен уақыты, сыртқы ақаулардың сипаты, жоғалған (бүлінген) құжат реттеледі, құжаттың сақтылығына жауапты адамдар көрсетіледі. Осы адамдардан комиссия жазба түрде болған оқиғаға түсініктеме алады. Акт көшірмесі жоғары тұрған ұйымдарға немесе құрылтайшыларға жіберіледі.
147. Құжаттардың сақталуына, рәсімделуде белгілі тәртіптердің сақтауы және жауапкершіліктің дұрыс ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жеке кәсіпкер немесе ұйым басшысына және бас бухгалтерге жүктеледі.

Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында негізделген нормативті-құқықтық құжаттар 2008 жылдың 1 қантарынан бастап күшіне кіреді, ол:
1. 2007жылы 28.02. ҚР-сының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы Заңы;
2. 2007ж. 23.05. ҚР ҚМ бекітілген бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары;
3. 2007ж 22.06 ҚР ҚМ бектілген бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі;
4. 2007ж.21.06. №216 ҚР ҚМ Бастапқы құжаттардың формаларын бекіту бұйырығы;
5.2007ж.21.06. №217 №2 Ұлттық стандартты бекіту бұйырығы (кіші бизнес субъектілерге және орташа кәсіпкерлерге, коммерциялық емес кәсіпорындарға, мемлекеттік ұйымдарға, (қазналық кәсіпорындарға) жедел басқару құқыққа негізделген;
6. 2007ж.21.06. №218 №1 Ұлттық стандартты бекіту бұйырығы арнай салықтық режим қолданушыларға ауылшаруашылық кәсіпорындарға және ауылшаруашылық өнімдер өндірушілерге;
7. Есептік регистрлар формалары.

2008ж. АВС ЖШС –тің есеп саясаты

МАЗМҰНЫ
Жалпы ережесі
Ұйымдастырылу -техникалық бөлімі
1.1. ЖШС ұйымдастырылу –құқықтық мәртебесі
1.2. Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
1.3. Бухгалтерлік құжаттар
1.4. Түгендеу
Әдістемелік бөлімі
2.1. Қаржылық есептілік
2.2. Кірістер
2.3. Ақша қаражат
2.4. Шетел валютамен операциялар
2.5. Материалдық емес активтер
2.6. Негізгі құралдар
2.7. Қаржы (инвестиция) салымдары
2.8. Жалдау
2.9. Қорлар
2.10.Қызметкерлерге сыйақылар (еңбекақылар)
2.11. Капитал
2.12. Алдағы кезең шығындары
2.13. Алынған қарыздар
2.14. Алынған қарыздар бойынша шығындар
2.15. Бағалау және шартты міндеттемелер мен активтер
2.16. Дебиторлық берешек
2.17. Кредиторлық берешек
2.18. Бюджетпен есептесулер
2.19. Шығыстар
2.20. Байланысты тараптар түралы ақпараттты ашып көрсету
2.21. Есепті күннен кейінгі оқиғалар
Есеп саясатының орындалуына бақылау

Жалпы ережелер
Үсынылып отырған АВС ЖШС-тің есеп саясаты негізінде жасапады:
2007жылы 28.02. ҚР-сының Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы Заң;
2007ж. 21.06. №217 №2 Ұлттық стандартты (кіші бизнес субъектілерге және орташа кәсіпкерлерге, коммерциялық емес кәсіпорындарға, мемлекеттік ұйымдарға, (қазналық кәсіпорындарға) жедел басқару құқық негізде;
Есеп саясаты құрылу барысында негіздемелер:
а) қаржылық есептілігін жасау, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ережелерін және біртекті принциптер жинағын анықтауы АВС ЖШС-ке ішкі нормативті құжат болып танылады;
б) ЖШС-тің актив пен міндеттемелері ЖШС-тің құрылтайшыларының актив пен міндеттемелерінен бөлек есепте жүргізіледі (мүліктік иемденуде);
в) ЖШС-тің шаруашылық процестегі есептесулер мерзіміне (кірістелу және шығыстану) қарамай шаруашылық қозғалыстары жасалған есептік мерзімде ескеріледі;
г) ЖШС –к кәзір және келешекте ұздіксіз қызмет жасайды деп сенімді;
д) Қабылдан есеп саясаты последовательно жылдан жылға қолданылады;
Егер есеп саясатында өзгерістер болса, ол тек кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі жағдайлармен байланысты болып, онда происходящим после даты ее изменения сай өзгерістер жасалады.
Өткен мерзімдегі қаржылық есептерде және сомалық эффек­та қайта жасалмайды.
Есеп саясатын жасау барысында №2 ҰҚЕС –нің 2 бөліміндегі принциптермен концепциялар қолданылған. Осыған орай қаржылық жыл 1 қантардан басталып 31 желтоқсанда аяқталады.

1. Ұйымдастырылу –техникалық бөлімі
1.1. ЖШС-тің ұйымдастырылу-құқықтық дәрежесі
1.1.1. АВС ЖШС-гі Әділет Басқармасымен Павлодар қ. 2004ж. 21.02. (тіркелу куәлігі № 1258-1948-ЖШС) тіркелген. Иелену формасы – меншікті.
СТН 45170000910, Павлодфр қаласының СК –мен № 0020084, серия 45, 2001 ж. 26.02. ҚР-сының салықтөлеушінің куәлігі берілді.
ҚҚС төлеуші ретінде Павлодар қ. СК- де 2004ж. 26.02. (куәлігі № 0016315, серия 44305) тіркелді.
ЖШС мекенжәйі:146005, Павлодар қ., Мир көшесі, 52 ұй.
Жарғыға сай кәсіпорынның кәсіби шаруашылық түрі :
Құрылыс-монтаждау жұмыстары; делдал және сауда шаруашылығы.
ЖШС-тің негізгі мақсаты негізгі шаруашылықтан табыс табу және оны ЖШС-тің құрылтайшылар арасында дұрыс пайдалану.
ЖШС-те жеке балансы бар, ағымдағы теңгемен және шетел валютамен банктік шоты бар, өз меншікті аты-жөнімен екі тілде мөрі бар.
Штаттық кесте бойынша кәсіпорынның жұмысшылар саны 98 адам.
1.1.4. Кәсіпорынның басқару функциясын атқаруға міндеттелген (должностными лицами):
- ЖШС директорына;
- өндіріс бойынша директордың орынбасарына;
Есеп саясаттың қалыптасуына, бухгалтерлік есептің жүргізілуіне, уақытылы және тиянақты толық қаржылық есепті жасап беруге бухгалтерияны басқаратын бас бухгалтер жауапты болады .
Есеп саясаттағы ережелерге сай қаржылық есептіліктің көрсеткіштерінің қалыптасуына, оның ішінде жіктелу, ашылу (тану), бағалану, элементтердің есептемелеріне және басқада қатысты ақпараттарға өз бетімен шешім қабылдауды кәсіпорынның басшысы бас бухгалтерге жүктейді.
1.2. Бухгалтерлік есептің қызыметін ұйымдастыру
1.2.1. Бухгалтерлік есеп бухгалтериямен өз бетімен құрылымдық бөлімше
ретінде іске асырылады, осы орайда бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі нормативті-құқықтық құжат болып саналады. Бухгалтерия қызметкерлерінің лауазымды міндеттері лауазымдық нұсқаулармен реттеледі.
Мүліктермен міндеттемелер бойынша шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі 1С компьютерлік бағдарлама пайдалануымен теңмен жүргізіледі.
Шаруашылық операцялардың іске асырылуы – бастапқы құжаттарды қабылдап, тіркеп, есепке кірістіру бухгалтерияның ішкі бақылауымен бағытталады :
әр бір жасалған шаруашылық операция дәлелденіп жасалуы;
әр бір жасалған шаруашылық операция мерзімдегі заңға сайлығы;
шаруашылық операциялардың жасалуына есепшілердің қабілеттерімен міндеттерінің өкілеттілігі;
құжатталу мен жүйелік жазбалардың өңделуіне басшылар жағынан бақылау және басқаруы;
активтерге қатысты шектелу - қорғау жүйесі (кәсіпорынның активтеріне бәріде қатысты бола-бермейді, жекелеген жауапты тұлғалар ғана);
тексерушілер тәуелсіз болуы – тәуелсіз бақылау.
Кәсіпорынның есеп саясатының құжаттары болып осы есеп саясаты, бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары және құжатайналымының ережесі саналады.
Шаруашылық операциялар қозғалысы бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарына бойынша жүргізіледі.
Әр бір шотқа ақпарат жинақталуы шот және субшот бойынша жасалады.
Ал, аналитикалық есеп кәсіпорынның қажетіне қарай, кәсіпорынның мүліктер түріне байланысты (негізгі құралдар, материалдар, шығындар түрлері бойынша, өнімдер, есептемелер, резервтер және басқада) жасалады.
1.3. Бухгалтерлік құжаттары
1.3.1. Кәсіпорынның шаруашылық операцияларына бастапқы құжаттарды бухгалтерия реттеп жинақтайды. Әр шаруашылық операцияға 2007ж.21.06. № 216 ҚР ҚМ Бастапқы құжаттардың формаларын бекіту бұйырығымен қарастырылған құжаттар толтырылады- осылар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі немесе 1С бағдарламада..
Кәсіпорында бухгалтерлік есептік регистрлар бекітілген формалармен форматтарға сай жасалады немесе 1С бағдарламада.
Қаржы-есептілік құжаттарға және ұйымдастыру-бұйыру құжаттарға қол қою құқықылы қызметкерлер тізімі кәсіпорын басшысымен белгіленеді.
Бухгалтерияға түскен бастапқы құжаттарға міндетті түрде тексеру жасалады (формасы) дұрыс және толық толтырылуы, мазмұны бақыланады (көрсеткіштерімен заңдылығы) және есептелуі.
1.3.4.Бұрын қате жасалған құжаттарға анықтама арқылы түзету жасалады.
1.3.5. Бухгалтериядағы құжатайналымы кесте бойынша жасалады.
Кестенің орындалуына және құжаттардың дұрыс, уақытылы қозғалыстарына қол қойған қызметкерлер жауапты болады.
1.3.6. Бухгалтериядағы құжаттарға жекелеп мерзіміне қарай, операция түріне қарай іс ашылып жүргізіледі. Мерзімі асқан сайын архивке иапсырылады.
Құжаттар сақталады:
Жылдық қаржылық есептеліктер – үнемі;
Тоқсандық есептеліктер – 5 жыл;
Кіріске-алу актілермен қайта бағалану ведомостер- үнемі;
Еңбекақы есептеу ведомосттермен қызметкерлердің жеке карточкалары -75жыл;
Басқа құжаттар – 5 жыл.
1.4. Түгендеу
1.4.1. Түгендеу жасалады:
Кәсіпорынның мүліктеріне, құндылықтарына – жоспарлы, жылдық:

Түгендеу жасау үшін кәсіпорын басшының бұйырығымен тұрақты комиссия құрылады. Аяқасты түгендеуге басша жеке бұйырық береді.
Түгендеу нәтижесінде бухгалтерлік есеппен түгендеу ведомосттің арасындағы айырмашылық келесі түрде бейнеленеді:
артықшылық нарықтық құнмен кірістеледі;
жетіспеушілік пен бұлінген қорлар өзіндік құнмен есептен шығарылады.
1.4.3. Жетіспеушілік анықталғанда табиғи жоғалтулардың нормасы қолданылады, одан қалған жетіспеушілікке кінәлі тұлға табылмаса кәсіпорын шығындарына апарылып есептен шығарылады. Ал, кінәлі тұлға анықталса , соның жауабына апарылады.
1.4.4.Түгендеу аяқталғаннан кейін барлық қабылданған құжаттар жауапты тұлғаның кейінгі есебімен бірге бухгалтерияға тапсырылады, онда аталған құжаттар тексеріліп, салыстырылып түгендеудің нәтижесі анықталады да бухгалтерлік есепке алынады. Түгендеудің нәтижесі жасалған есептік айдың мерзіміне есепке алынады. Жауапты тұлғаға 10 күн ішінде нәтижесі хабарланады.
1.4.5. Түгендеудің нәтижесі кей жағдайларда әрекетті болып танылмайды:
- түгендеу барысында жауапты тұлға қатысбаса;
- түгендеу барысында бұйырықта бекітілген комиссия мүшелерінің біреуі қатыспаса;
- түгендеудің тізімдік ведомосттеріндегі түзетулер комиссия мүшелерімен келісілмесе.
Дебиторлармен кредиторлар берешекторге түгендеу жасалуда көрсетілген сомалар бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жұмыс жоспарымен салыстырылу және сәйкес болу тиіс.
МЕА және басқада құндылықтарға түгендеу жасалуда бастапқы құжаттардың бары және бухгалтерлік есепте дұрыс, уақытылы бейнеленуі қадағаланады.

2. Әдістемелік бөлім
2.1. Қаржылық есептілік
Қаржылық есептілік ҚР-сында ұлттық валютада жасалады.
2.1.1. Қаржылық есептіліктің құрылымы және беру мерзімдері.
Есептілік формалардың аталуы
Есептілік құрудың жиілігі
Бухгалтерлік баланс
Ай сайын
Кіріс және шығыс туралы есеп
Ай сайын
Ақша қаражат қозғалысының есебі
Тоқсан сайын
Меншікті капитал өзгерістері туралы есеп
Тоқсан сайын
Түсініктеме хат
Жылдық есепке
2.1.2. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді және активтер, міндеттемелер және меншікті капитал жәйларының ақпаратын береді.
Шаруашылық операциялар негізіне қарай активтермен міндеттемелер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып танылады. Қысқа мерзімді болып актив танылады:
- егер олар әшейінгі операциялық циклдың қозғалысында болады өткізіледі, сатуға арналады немесе қолданылады;
- егер шектелусіз ақша қаражат немесе оның баламары болып қолданылады.
Барлық басқа активтер ұзақ мерзімді болып танылады.
Міндеттемелер қысқа мерзімді болып танылады:
егер олар әшейінгі операциялық циклдың қозғалысында 12 ай ішінде болады, өтеледі;
барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді болып танылады.
Қысқа мерзімді міндеттемелер есебінен шығарылған жағдайда түсініктеме хатта жазылу тиіс.
Кіріс және шығыс туралы есеп шығындардың талдау түрінде көрсетіледі. Өнімнің өзіндік құны түрде, әкімшілік шығындар түрінде (негізгі қызметтің және негізгі емес қызметтің).
Ақша қаражат қозғалысының есебі тікелей әдісімен жасалады, ол операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтердің пайда болу көздерімен сол ақша қаражаттың пайдалану бағыттары жеке көрсетіледі.
Меншікті капитал өзгерістері туралы есепте таза активтердің өзгерістері көрсетіледі. Бұл өзгерістер пайда мен залалдардың жыл ішіндегі сомалық жағын көрсетеді.
2.1.6. Түсініктеме хат
Жылдық қаржылық есепке түсініктеме хатқа қосылады:
- есеп саясатпен қаржылық есепке дайындалған ақпарат жәйі;
- №2 ҰҚЕС-пен қарастырылған, бірақ қаржылық есепте жоқ жағдайларға;
- қаржылық есепте көрсетілмеген, бірақ есептілікке қажет қосымша ақпарат жөнінде.
2.1.7. Өткен мерзімдердің қателеріне түзетулер.
Өткен мерзімдердің қателері – бұл бір немесе бірнеше мерзімдердің қаржылық есептіліктеріндегі өткізулермен қателер.
Маңызды қателер болып негізгі қызметтердің кірістерінен 2% астам сомалар. Қаржылық есептілік жасалудің бірінші бөлімінен бастап өткен қателерді түзеп алу керек.
2.2. Кірістер
2.2.1. Кірістерді тану және бағалау.
Жалпы, жүйелі және реттелу кірістер – экономикалық пайдадан түсімдер, кәсіпорында жағдайлармен операциялардан кірістеледі:
өніммен тауарларды өткізгеннен (сатыпалушыға бергеннен кейін ғана танылады);
құрылыс салу барысында көрсетілген немесе жасалған жұмыстардан (қай мерзімде жұмыстар жасалды, сол мерзімнің есебінде ескеріледі). Құрылыс жұмыстардың кірістері мен шығындары келісім шартта аяқталу мерзімі көрсету бойынша жазылады (%- тік әдіспен), яғни белгілі бір мерзімнің нақты жасалған құрылыс жұмыстар көлемі барлық құрылыс жұмыстардың көлемі үлесіне қарай. Егер құрылыс жұмыстардың кірістерінен шығыстары асып кетіп шығын болжамданса, бұл шығыстар осы мерзімде шығын болып танылады.
Пайыздық кіріс (депозит бойынша).
№ 2 ҰҚЕС 1 қосымшасы бойынша пайыздық кіріс ай сайын ескеріледі.
Кірістер өлшеуі.
Кірістер бухгалтерлік есепте әділ құнмен есептеледі берілген саудалық пен көтерме жеңілдіктерге азайтылғаннан кейін.
Келісім шартпен агенттік жұмыстар жасалғанда комиссиялық сыйақыларғана кірістер болып танылады, әр бір операциялардың кірістері жеке есептеледі. Алынған аванстар кіріс болып саналмайды. Кәсіпорын бағадан немесе сатудан берілетін жеңілдікпен байланысты операциялар көрсетпейді
Есеп шоттар.
Өткізілген өнімдер, көрсетілген жұмыстардан түскен кірістер
6010 – Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс, шотта, онда өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кірістерді алумен байланысты операциялар ескеріледі, және оларға ұқсас операциялар көрсетіледі;
6020 – Сатылған өнімді қайтару шотта онда сатылған өнімді қайтарумен байланысты операциялар көрсетіледі;
Есептілікте ақпарат ашу.
Қаржылық есептілік беру барысында пайдаланушыларға ақпарат беріледі:
кірістерді ашу үшін қабылданған есеп саясатты;
есептік кезеңнің әр бір кірістерді жекелеп көрсету, оның ішінде өткізілген өнімнің, көрсетілген қызметтің, мердігерлік келсім шарттар бойынша, басқада кірістер бойынша – айыптар, залалдар.
2.3. Ақша қаражат.
Ақша қаражат есебі – ол, кассадағы қолма-қол ақша (тенгңмен, валютамен), ағымдағы банктік шоттардағы, депозиттік банктік шоттардағы, жолдағы және басқа шоттардағы ақша қаражаты.
2.3.1. Кассадағы қол ақша есебі № 221 22.06. 2007ж. ҚР ҚМ бұйырығымен бекітілген ҚР-сында бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі негізінде жүргізіледі. Кассирдің кассалық есебі күнде жасалады.
2.3.2. Жауапқа қол ақша беріледі:
- іс сапар шығындарға (шектелу горма бойынша);
- операциялық, шаруашылық және өкілдік шығындар үшін (басшының бұйырығы бойынша қызметкердің жазбасы негізінде).
2.3.3. Пайдаланбаған ақша касса үш күн ішінде қайтарылуы тиіс.
Бұрын берілген ақшаға толық есеп берілгеннен кейін ғана жаңадан сома кассадан босатылады.
Кәсіпорында ағымдағы, валюталық және басқада банктік шоттары бар. Банктік қозғалыстар банктердің ережесіне сай жасалады.
Есеп шоттар.
1010 кассадағы ақша қаражаты.
1020 жолдағы ақша қаражаты.
1030 ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаты.
1050 жинақ шоттардағы ақша қаражаты.
1060 Басқа да ақша қаражаты.
2.4. Шетел валюталық операциялар.
Барлық валюталық операциялар өкілдік банктермен жасалады.
Бастапқы тану.
Бастапқы валюталық операциялар жасалу мерзімдегі бағам бойынша тенгемен ескеріледі. Операцияның жасалу мерзімі қаржылық есептілікте көрсетілуі.
Валюталық операциялар бойынша есептік мерзімдегі бағам айырмашылық кірістер немесе шығыстар болып танылады, кіріс және шығыс туралы есепте көрсетіледі.
2.4.2. Кейінгі тану.
Әрбір есептік мерзіге:
шетел валютаның бабтары соңғы бағам бойынша көрсетіледі;
ақшалай емес шетел валютаның бабтары операция жасалу мерзімнің бағамы бойынша көрсетіледі.
Операция жасалу мерзіммен есептесу мерзімдер арасындағы бағам айырмашылық өзгерісі пайда болу кезде кіріс не шығыс болып танылады.
2.4.3. Есеп шоттар .
Бағам айырмашылықтарды көрсету үшін синтетикалық шоттардын :
6250 – Бағамдық айырмадан түсетін кірістер, онда есептерде валюталардың әртүрлі айырбас бағамдарын пайдалана отырып есептілік валютасында көрсетілген шетелдік валюта бірліктерінің бірдей санын көрсетудің нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмадан кірістерді алумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған.
7430 – Бағамдық айырма бойынша шығыстар, онда шетелдік қызметке бағамдық айырма бойынша шығыстарды қоспағанда ағымдағы кезеңде олар бастапқы танылған немесе алдыңғы қаржылық есептерде берілгендермен салыстырғандағы бағамдар бойынша ұйымдардың есептілікте монетарлық баптарды өтеу кезінде немесе монетарлық баптарды беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар бойынша шығыстар ескеріледі – қолданылады.
2.4.4. Есептілікті ашу талаптары.
Қаржылық есептілікте ақпаратталу керек:
- бағам айрмашылықтардың кіріс немесе шығыс болып танылған сомалары;
2.5. Материалдық емес активтер (МЕА).
2.5.1. Жіктелу мен топтастыруы.
Материалдық емес активтер – материалдық құндылығы бар, бірақ физикалық формасы жоқ, кәсіпорында ұзақ мерзім пайдалануда экономикалық пайда әкелу қабілеті бар актив.
МЕА жіктеледі: - гудвилл, тауарлық белгілер, титулдық және баспа құқықтары, компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру, лицензиялар мен франшизалар, өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар, рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер, және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
МЕА бастапқы өзіндік құмен бағаланады, пайдалану мерзіміне қарай тікелей әдіспен амортизация есептеледі, жою құны 0 тең.
Бухгалтерлік есепке алу барысында МЕА пайдалану мерзімі -экономикалық пайда көздей отырып -эксперттік комиссиямен анықталады, басшымен бекітіледі. Пайдалану мерзімі, кіріске алынған сәттен бастап 10жылдын аспау керек.
2.5.4. Бастапқы танудан кейінгі өлшеуі.
МЕА бастапқы танудан кейін қайта бағаланбайды. МЕА жиналған тозу сомаға және құнсыздану шығындар сомасына азайтылған бастапқы құнмен есептеледі.
МЕА өткізу және есептен шығару есебі.
МЕА бухгалтерлік баланс есебінен шығарылады – есептен шығарылғанда және оның пайдалануынан экономикалық пайда түспесе. Есептен шығарғанда есептен шығару акті толтырылып комиссия мүшелерімен қол қойылады.
2.5.6. Есеп шоттар.
МЕА бухгалтерлік есепте қолданылады:
2730 – Өзге материалдық емес активтер, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы: тауарлық белгілер; титулдық және баспа құқықтары;
компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру; лицензиялар мен франшизалар; өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар; рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
2740 – Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы, онда материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;
2750 – Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар, онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.
2.5.7. Ашуға талаптар.
МЕА бойынша қаржылық есептілікте көрсетіледі:
- пайдалану мерзімі;
- амортизация есептеуде – тікелей әдісі;
- есептің бастапқы мерзімімен соңғы мерзімдеріне баланстық құнымен амортизациясы.
2.6. Негізгі құралдар.
2.6.1. Негізгі құралдар – кәсіпорында өнім өндіру, өнім жеткізу, шаруашылық қажеттілікке немесе жалға беру үшін ұзақ мерзім (1 жылдан астам) пайдаланудағы актив.
Негізгі құрал танылады:
- егер кәсіпорын келешекте бұл активтен пайда табалса;
- бағалануы кәсіпорын үшін сенімді болса.
2.6.2. Жіктелуі және топтастыруы.
Қаржылық есеп құру үшін негізгі құралдар жіктеледі:
жер;
жер және ғимараттар;
машина жабдығы;
кемелер;
ұшақтар;
автокөліктік құралдары;
жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;
кеңсе жабдығы.
Жер мен ғимарат бірге кірістелсе де бухгалтерлік есепте жеке объект болып есептеледі.
Бастапқы бағалану.
Бастапқы бағаланғанда негізгі құралдар бастапқы өзіндік құнмен бағаланады, өзіндік құнға кіріске алу барысында жасалған шығындар ескеріледі. Бастапқы бағаланғаннан кейін баланстық құнмен ескеріледі (бастапқы құн есептелген амортизацияға азайтылған).
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп бірлігі болып инвентарлық объект саналады. Егер бір инвентарлық объект бірнеше бөлшектерден құрылатын болса әр қайсысының пайдалану мерзімі әр түрлі мерзім қалыптасса, жекелеген бөлшектер өз бетімен жекеленіп есептеледі.
Жеке объектті есепке алу үшін әр қайсысына жеке инвентарлық номер белгіленеді, осы номер есептен шығарылған ға дейін сақталады.
Жою құны – қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қоқыстардың болжамды құны, ол негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғанда қалыптасқан құн.
Негізгі құралдардың амортизациялық құны .
Негізгі құралдардың амортизациялық құны қалыптасады: - бастапқы құнынан;
пайдалану мерзімнен;
амортизация есептеу әдісінен.
2.6.6.1. Пайдалану мерзімі объектіні актив ретінде танылғанда анықталады, ол техникалық куәлікте белгіленген мерзіммен есептеледі.
2.6.6.2. Амортизация есептелуі тікелей әдіспен саналады, мерзімдер (салық кодеспен) анықталады:
Амортизациялық топтастыру
Пайдалану мерзімі
жылдық амортизация нормасы(%)
Ғимараттар
25
4,0
Құрылғылар
20
5,0
Жабдықтар
10
10
Автокөлік құралдар
7
14,3
Компьютерлер
4
25
Көбейту техникалар (ксерокс)
5
20
Жиһаз
10
10
Әкімшілік бағыттың жабдықтары
10
10
Басқада қажеттіліктер
10
10
2.6.6.3. жаңадан кіріске алынған негізгі құралдардың амортизация келесі айдың бірінен басталады, есептен шығарылған негізгі құралдардың амортизациясы келесі айдың бірінен тоқтатылады. Егер негізгі құрал тұрып қалған жағдайда амортизация есептеле береді, тек амортизация толығымен есептеліп біткенде ғана тоқтатылады.
Есептелген амортизация сомалары кәсіпорын шығындарында ескеріледі.
Объктің пайдалану мерзімі мен амортизация есептеу әдісінің қайта қаралуы.
Объктің пайдалану мерзімі жылдық есептілік мерзім сайын қайта қаралып отырады, егер объктің пайдалануында көп өзгерістер болжамданса түзетілер жасалынады.
Амортизация бастапқы құн өзгергенде есептелсе, қалдық құнның өзгеруіне жасалады. Бұл жерде пайдалану мерзімнің өзгергеніне де амортизация өзгереді (кейінгі мерзімге қарай).
Пайдалану мерзімнің өзгеруі комиссияның қорытындысымен расталады.
Амортизация есептеу әдісі де өзгеруі мүмкін.
Кейінгі күрделі шығындармен жөндеуге шығындар
Кейінгі күрделі шығындар – негізгі құралдарға қатысты негізгі құралдардың бастапқы құнын ұлғайтады.
Ал, ауыстырылған қосалқы бөлшектер есептен шығын ретінде шығарылады.
2.6.7. Негізгі құралдардың жөндеуі мен пайдалану шығындары.
Негізгі құралдардың жөндеуі мен пайдалану шығындары негізгі құралдардың бастапқы құнын ұлғайтпайды, ол қай мерзімде шығындар жасалды, сол мерзімнің есебінде ескеріледі.
Негізгі құралдардың құнсыздануы.
Әрбір есептік мерзімде негізгі құралдардың құнсыздануы қайта қаралып отырады. Құнсызданудан шығын танылады егер баланстық құн өтелу құннан асып түрса. Өтелу құн - өткізудің таза құнымен оның пайдалану құндылық арасындағы ең жоғары айырмашылық.
2.6.9. Негізгі құралдарды есептен шығаруы.
Негізгі құралдар объектісі есептен шығарылған мерзімнен бастап баланста есептелмейді, сонымен қоса жиналған тозу сомасы да есептен шығарылады.
Есептен шығарылған негізгі құралдардан кірістер немесе шығыстар баланстық құнмен есептен шығару бойынша кірістер арасындағы айырмашылық негізгі емес қызметтердің есебінде ескеріледі.
22.6.10. Есен шоттар.
Негізгі құралдар есебі есептеледі:
2400 Негізгі құралдар кіші бөлімі негізгі құралдарды есепке алуға арналған. Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2410 – Негізгі құралдар;
2420 – Негізгі құралдардың амортизациясы;
2430 – Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар.
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Негізгі құралдардың түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
Жер, жер және ғимараттар, машина жабдығы, кемелер, ұшақтар,
автокөліктік құралдары, жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік, кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшеутеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шоттар тобы арналған.
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар шоттар тобына арналған.
2.6.11. Есептілікте ақпарат ашу.
Қаржылық есептілікте негізгі құралдар бойынша ақпаратталады:
баланстық құн;
амортизация есептеу әдістері;
пайдалну мерзімдер немесе амортизация нормалары.
2.7. Қаржы (инвестиция) салымдары.
Кәсіпорында пайдалану бағыттағы ұзақ мерзімді активтерге жасалған шығындар, құрастыру, қайта өңдеу барысында көлемінің ұлғаюы, жаңартылуы күрделі қаржылық салымдар болып танылады.
Күрделі қаржылық салымдар мердігерлік және шаруашылық әдістермен жасалады.
Объектің құрылыс жұмыстары аяқталғаннан сон оның инвентарлық құны анықталады, оған құрылыс салу барысында жасалған шығындар жиының қосындылары есептеледі.
Құрылыс салу үшін есептелген несие пайыздары объектің құнына ескеріледі.
Есеп шоттар .
2930 Аяқталмаған құрылыс.
2.8. Жалдау.
Жалдау – жалға беруші жалға алушыға келісім шарт негізінде пайдаланымдағы активке (белгіленген мерзімде) жалдық төлемді алып-береді. Жалдың бастапқы мерзімі болып жалдаудағы активке құқығы мүмкін болуы саналады (алып-беру актідегі мерзім).
Жалдау бөлінеді: қаржылық және операциялық түрлерге. Түрлері келісім шартта көрсетіледі.
2.8.1. Қаржылық жалдау.
Қаржылық жалдау – активке иелік маңызды тәуекелге ұшырайды (лизинг).
а) бұл жағдайда әділ құнмен дисконттық төлемдердің ең төменімен есептеледі. Дисконттық төлемдердің есептемсін жасауда жалдауда ескерілген пайыздық ставка коэффициент болып саналады.
б) негізгі құралдардың амортизациясында қолданылатын саясат жалдауда да ескерілу керек.
2.8.2. Операциялық жалдау.
Операциялық (ағымдағы) жалдау - әшейінгі қаржыландырылған жалдаудан басқа жалдау.
2.8.2.1. Жал алушыдағы операциялық жалдау.
Операциялық жалдауда мүліктің иелігі ауыспайды, жалға берілсе де жалға берушінің балансында есепте қала береді. Жал төлемдерінің кірістері мен шығындары Кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
2.8.2.2. Жалға берушіде операциялық жал.
Жалға берушіде операциялық жалға берген мүлігін жеке шотта ескереді. Бұл мүліктерге амортизация әшейінгі негізгі құралдарға есептеу әдісімен есептеле береді. Операциялық жалдың кірістері мен шығындары Кірістер мен шығыстар туралы есепте көрсетіледі.
2.8.3. Есептілікті ашу талаптары.
Операциялық жал бойынша қаржылық есепте көрсетілу тиіс:
жалға берушімен жасалған келісім шартта көрсетілген маңызды жағдайлары;
есептік мерзімде кірістер болып танылған жал сомаларды;
келешекте келісім шарттар бойынша ең төмен төлемдер.
2.9. Қорлар.
2.9.1. Қаржылық есептілік жасау барысында кәсіпорын қорларды топтастырады:
1. Шикізат пен материалдар – бұл өндірістік процестте 12 ай ішінде қолданатын материалдық құндылықтар. Қорлар жіктеледі: - шикізат пен материалдар, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, сатыпалынған жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдар. Және жолдағы қорлар, өңдеуге босатылған қорлар, жауапкершілікке босатылған қорлар.
Сатуға арналған дайын өнім.
Қайта сатуға арналған тауарлар, аяқталмаған өндіріс және басқада қосалқы материалдар.
Иелікті құқығы бойынша – аманатқа қалдыру.
Тұтыну қасиеті бойынша :
Тұтыну мерзімі бір жылдан асу;
Тұтыну қасиетінің жоюлуы.
Ағымдағы дәреже бойынша:
өңдеуге босатылған;
жауапкершілікке босатылған.
Жауапкершілік бойынша:
қоймадағы қорлар;
цехтағы қорлар.
2.9.3. Есептік принциптер.
Бухгалтерлік есепте қорлар басқа жауапкершілікке ауысады келісім шартта көрсетілген мерзімде ауысқанда –жеткізушіден кәсіпорынға.
Қорлврдың бухгалтерлік есеп өлшемі болып номенклатуралық номер саналады, ол қорлар кіріске алу барысында белгіленеді (3-3.Ф. кіріс-ордері бойынша).
Қорлардың аналитикалық есебі әрбір жауапты тұлға бойынша сандық-сомалық әдіспен жүргізіледі.
2.9.4. Есептік принциптері.
2.9.4.1. Жеткізушілерден кіріске алынған немесе өз өндірісінде дайындалған қорлар өзіндік құнмен кіріске алынған сәтте есепке алынады.
Сатыпалынған қорладың өзіндік құны қалыптасады қорлардың өз құнынан, кедендік баждардан, автокөлік шығындардан, қайта өңдеу шығындардан және басқада кіріске алу бойынша жасалған шығындардан.
Осы жерде берілген саудалық жеңілдіктер өзіндік құнын анықтау сомасына кірмейді.
Өңдеуге кететін шығындар, ол өндіріске босатылған шикізат шығыны:
өндірістік цех жұмысшыларының еңбекақысы;
көмекші өндірістегі шығындар, жал және коммуналдық шығындары.
Кіріске алынған қорлардың өзіндік құнының қалыптасуы.
Кіріске алу барысында жасалған шығындар қорлардың өзіндік құнын қалыптастырады.
Қорлардың өзіндік құнын бағалау барысында орташа өлшемді әдіс қолданылады.
Қаржылық есепте қорлар екі шаманың ең төменімен бағаланады
- өзіндік құнмен;
- сатылу құннан барлық дайындау барысындағы шығындар азайтылған құн (өткізудің таза құны).
Өткізудің таза құнын қайта қарастыруы еспт беру сайын қарастырылып отырады.
2.9.4.5. Қаржылық есептілікте қорлар нақты өзіндік құмен көрсетіледі.
2.9.5. Қорларды кіріске алу операциялары.
Кәсіпорынға қорлар жеткізушілерден бастапқы құжыттар бойынша (шот-фактура, автокөлік жұк құжаты, кедендік декларация, сертификаттар, сапа куәлігі...) кіріске алынады. Кіріске алу барысында қорлар (сапасы, түрлері, есептік құжаттар бойынша) тексеріліп алынады.
2.9.5.1. Қоймаға қорлар аталған құжаттар бойынша 24 сағат ішінде қабылдану тиіс.
2.9.5.2. Қорлар қоймаға бірлік өлшемдер (салмақ, көлем, штуктап, метрлеп) бойынша қабылданады, осы бірлік өлшемдер бойынша есептік баға анықталады. Ал , егер кіріске алу құжатта басқа өлшемдер көрсетілсе, онда осы өлшемдерге ауыстыру үшін қайта есептеу жасалу тиіс, ол анықтама немесе акт арқылы жасалады.
Импорттық қорлар кіріске алынғанда кедендік заңдарға және келісім шартта қарастырылған ерекшеліктер ескеріледі.
Жауапкершілікке алынған қорлар қолхат бойынша жасалады , жеке орынға қойылады, қоймашынының арнайы кітабына жазылады бірақ шығысқа рұқсатсыз босатылмайды.
Қоймаға жеткізушілерден қорлар құжатсыз (шот-фактура) түссе (Қ-4. типтік форма) кіріскеалу актісі 2 дана нарықтық құнмен жазылады.
Кәсіпорынның қызметкерлерімен сатып алынған қорлар тиісті бастапқы құжаттар (шот немесе шот-фактура, чек, сатып алу актісі)тіркелен аванстық есеп арқылы қоймаға кіріске алынады.
2.9.6. Қорлардың босатылуы немесе есептен шығарылуы.
2.9.6.1. Қорлар босатылады:
- өндіріске босатылғанда;
- сыртқа өткізілгенде;
- тұтынуда қолдану мерзімі асып кетсе, тиісті түсі жойылса ...;
- түгендеу барысында кем шықса;
-ұрланып немесе бұлініп қалса;
- апатты жағдайлардан тұтыну қабілеті жойылса.
2.9.6.2. Қорлар шаруашылық қажетілікке шектеулі нормамен босатылады (заборлық карта бойынша).
2.9.6.3. Қоймадан шығын үшін босатылған қорларға комиссиямен акт жасалады.
2.9.6.4. Шаруашылық қажет жұмыс киім, жұмыс құралдарға пайдалану мерзімі бекітіліп жеке книга тіркеледі. Бұл қорлар кәсіпорынның шығындарында ескеріледі.
Өңдеуге немесе жауапкершілікке босатылған қорлар бухгалтерлік есепте ескеріледі.
Аяқталмаған өндіріс - өнім толық мәніне жетпеген немесе өнімге толық пайдалануға жетпеген шикізат пен материалдар. Аяқталмаған өндіріс өзіндік құнмен пайда болған жерде ескеріледі, түгендеу бойынша.
2.9.6.7. Дайын өнім - өндірістік цехта толық өндірістік шаруашылық процесті өткен, техникалық стандартқа сай дайын болған өнім.
Дайын өнімнің есебі өзіндік құнмен есептеледі, аналитикалық есебі есептік бағамен есептеледі.
2.9.7. Есеп шоттары.
1300 Қорлар кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
1310 – Шикізат және материалдар, онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;
1320 – Дайын өнім, онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 – Тауарлар, онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 – Аяқталмаған өндіріс, онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 – Өзге қорлар, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 – Қорларды есептен шығару бойынша резерв, онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.
2.9.8. Есептілікті ашуға талаптары.
Қаржылық есептілікте міндетті түрде қарастырылу керек:
Есеп саясатта ескерілген қорлардың бағалануы:
- қорлардың өзіндік құны : - қоймада, цехта;
- өткізудің таза құны (өткізу кеткен шығыдар сомасына азайтылған).
2.10. Қызметкерлерге сыйақылар (еңбекақы) .
Қызметкерлердің еңбекақысы (сыйақылармен)- жасалған жұмыс (қызмет) үшін есептелген және берілген төлем . Олар ақшалай, натуралды (заттай), әлеуметтік түрлерде төленеді.
Жұмыстарды жасату үшін жұмысберу жұмысшылармен келісім шарт жасайды: - қысқа мерзімді ақы;
-ұзақ мерзімді ақы болып танылады.
2.10.1. Қысқа мерзімді ақыларға жатады: барлық 12 ай ішіндегі ақылар түрлері.
Кәсіпорында жұмысістеушілер саны бірнеше категория бөлінеді:
басшылар;
мамандар;
қызметкерлер;
жұмысшылар.
Жұмысістеушілердің ақылары осы кәсіпорынның Еңбекақы төлемдері мен сыйақылар жағдайларында қарастырылған талапқа сай, келісім шартта қарастылыған талаптарға сай және атқарып отырған жұмысына қарай бекітіледі, онда білімі категориясы ескеріледі.
Жұмыс істеу уақыты табель (рапорт, бағдар(маршрут) парағы, наряд) бойынша бақыланып есептеледі.
Кәсіпорында шаруашылық жағдаймен мамандар мерзімінде (кезекті демалыс кесте) кезекті демалысқа шығалмай қалады, осы жағдайларға қарастырылған қорлар алдағы кезеңдерге ауысып отырады, немесе кезекті демалыс ақылардың міндеттеме резервы құрылады. Бұл резерв есептеме бойынша ай сайын жасалып отырады.
2.10.2. Ұзақ мерзімді қызметкерлерге сыйақы.
Ұзақ мерзімді қызметкерлерге сыйақылар кәсіпорында:
ол, қызметкер зейнеткерлікке шығарда бірақ рет төленетің ақы;
жұмысқа жарәмсіз болып қалғанда төленетін әлеуметтік төлем.
2.10.3. Есеп шоттар.
Бухгалтерлік есепте қолданатын шоттар:
3350 – Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек, мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін он екі ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар (демалыс жәрдемақыларынан және үлескерлік құралдарымен өтемақы төлемдерінен басқа) және еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады;
3430 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
4230 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
2.10.4. Ашу бойынша талаптар.
Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері ұжымдық келісім шартта қарастырылады:
- есеп саясатта кірістер мен шығыстар жағдайлары;
- белгіленген сыйақылар түрлері және төлем жағдайлары;
- баланста көрсетілген және есептелген сыйақыларға салыстыру тексеріс жасау.
2.11. Капитал
2.11.1. Кәсіпорында капитал қалыптасады:
жарғылық капиталдан;
қосымша төленбеген капиталдан
резервтік капиталдан (активтерді қайта бағалануы, бағам айырмашылық);
бөлінбеген табыс (залал).
Жарғылық капитал құрылтайшылардың салымдар сомасына тең, құрылтайшылық құжаттар негізінде қалыптасады.
2.11.2. Есеп шоттар.
Бухгалтерлік есепте қолданатын шоттар:
5000 – Жарғылық капитал;
5100 – Төленбеген капитал;
5200 – Сатып алынған меншікті үлес құралдары;
5300 – Эмиссиялық кіріс;
5400 – Резервтер;
5500 – Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал);
5600 – Қорытынды пайда (қорытынды залал).
2.12. Алдағы кезең шығындары.
Алдағы кезең шығындар –ол, есептік кезеңде жасалған шығындар, бірақ өзінің мәні бойынша алдағы кезеңге қатысты.
Бұларға жатады: - кепілдік сыйақылар, баспасөз шығындары.
Есептік принциптер.
Аладағы кезең шығындары есептеме бойынша қатысты мерзіміне қарай біркелкі есептен шығарылып отырады.
Есеп шоттар.
1620- Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
2920 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады.
2.12.4. есептілікте ашу талаптары.
Алдағы кезең шығындары мерзіміне қарай қысқа мерзімді (12 айға дейінгі) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам) баланста баланстық құнмен көрсетіледі.
2.13. Алынған қарыздар.
2.13.1. Есептік принциптер.
Бастапқы есепке алынғанда қарыздар әділ құнмен есептеледі.
2.13.2. Қарыздардың тоқтатылуы.
Келісім шартта көрсетілген мерзімде өтеліп болған қарыздар жойылды деп есептеледі.
Есеп шоттар.
3010 – Қысқа мерзімді банктік қарыз, онда бір жылға дейінгі мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
3020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар, онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар есепке алынады;
4010 – Ұзақ мерзімді банктік қарыздар, бір жылдан асатын мерзіммен алынған банктік қарыздар есепке алынады;
4020 – Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар, онда уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар есепке алынады.
2.13.3. Ашылуына талап.
Әрбір қарыз түрлері есеп саясатта қарастырылу тиіс (есептемеде қолданған әдістер, пайыздар, мерзімдері).
2.14. Алынған қарыздар бойынша шығындар.
2.14.1. Қарыздар бойынша шығындар – ол, келісім шарт бойынша қарыз алу барысындағы шығындар (пайыздар, басқады жағдайлар-сыйақылар):
- қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді;
- жеткізушілердің пайыздары;
- қарыз алу барысындағы қосымша сыйақылар;
- мүліктерді жалға алудағы сыйақы шығындары;
- инвестициялық мәміле бойынша сыйақы шығындары;
- пайыздар төлеу барысындағы бағам айырмашылықтар.
2.14.2. Құрылыс жұмыстары үшін берілген қарыздар дан басқа
қарыздар бойынша шығындар жасалған сәттегі мерзімде есептеледі - №23 ХҚЕС қолданылады.
2.14.3. Есеп шоттар.
7310 – Сыйақылар бойынша шығыстар, онда қаржылық міндеттемелер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;
7320 – Қаржылық жалдау бойынша пайыздарды төлеуге арналған шығыстар, онда активтерге қаржылық жалдау алынған шығыстар көрсетіледі, мәселен негізгі құралдарға;
2.14.4. Ашылу талаптары.
Қарыздар бойынша шығындар есеп саясатт қарастырылады.
2.15. Бағалаужәне шартты міндеттемелер мен активтер
Бағалау міндеттемелері дегеніміз көлемі белгісіз немесе мерзімі
Белгіленбеген міндеттемелер. Бұлар үш жағдайда қалыптасады:
1. Өткен мерзімде жасалып кеткен операциялардың нәтижесінен.
Бұл міндеттемелер кәсіпорынмен жоғары дәрежедегі мүмкіндікпен орындалуы.
Бұл міндеттемелердің құны (сомасы) сенімді және дұрыс бағалануы.
2.15.1. Кәсіпорын бағалау міндеттемелерді (резервті) қалыптастырды:

Бағалау міндеттемелерде келесі жылға қалдық ауысып отырады. Жыл соңында әдеттегі дей түгендеу жасалады. Кәсіпорынға бұл міндеттеме болып танылады.
2.15.2. Есеп шоттар .
Бағалау міндеттмелер бойынша операциялар бухгалтерлік есеп шоттарды қарастырылған:
3420 – Заңды наразылықтар бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер, мұнда қарау мерзімі бір жылға дейін өтетін сот қуынулары бойынша резервті құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар және заңды наразылықтар бойынша өзге қысқа мерзімді міндеттемелер көрініс табады;
3430 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
3440 – Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда шоттардың алдағы топтарында көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
4220 – Заңды наразылықтар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қарау мерзімі бір жылдан жоғары сот талап етулері және өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері бойынша резерв құрумен және қозғалысымен байланысты операциялар көрініс табады;
4230 – Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда қызметкерлерге ақы төленетін жұмыста болмауы нысанында қысқа мерзімді сыйақылар төлеуге болжалды шығындар, сондай-ақ он екі ай немесе одан көп уақыттан кейін, қызметкерлер тиісті қызметтер ұсынған кезең аяқталғаннан кейін төлеуге жататын пайдаға қатысуға және сыйлық төлеуге арналған болжалды шығындар және қызметкерлерге сыйақылар бойынша өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері көрініс табады;
4240 – Өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, мұнда алдағы шоттар топтарында көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері есепке алынады.
2.15.3. Есептілікте ақпаратың ашылуы.
Қаржылық есеп беру барысында жысалатын ақпараттар:
резервтер түрлері;
резервтердің қозғалыстары (бастапқы қалдық, есептелуі, соңғы қалдық).
2.16. Дебиторлық берешек.
Дебиторлық берешек саудалық (әдеттегі қызметтермен байланысты) және саудалық емес (басқада жағдайлардан) болып бөлінеді.
Саудалық дебиторлық берешек бастапқы дұрыс құнмен бағаланады , кейіннен амортизациялық құнмен бағаланады (күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына азайтылған проценттік ставка әдісі қолданылады).
2.16.1. Сатыпалушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі.
Мүнда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі. Дебиторлық берешек келісім шартта көрсетілген кіріс орындалғанда ғана танылады. Сатыпалушыларға ақшалай берілетін жеңілдіктер (бағаға жеңілдік, белгіленген мерзімінде төлеу жеңілдіктер) келісім шартта қарастырылу тиіс. Өткізілген тауарлар, өнім шот-фактурамен, накладноймен немесе жасалған жұмысты тапсыру актісімен расталады , осы құжаттарға көрсетілген сомалар төленуге талаптанады. Есептесу түрлері қол ақшамен немесе қолақшасыз түрлермен жасалады.
2.16.2. Күмәнді талаптар бойынша резервтер.
Күмәнді талаптар бойынша резервтер қалыптастырылады, егер сатыпалушы берешек соманы қайтаруға дәлел болса. Жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесі бойынша резерв қалыптастырылады өткізілген өнім (жасалған қызметтердің) көлемінің пайызы бойынша, сатыпалушылардың дебиторлық берешегі бойынша және жеткізушілерге берілген аванстар бойынша.
Өткен жылдардың (есепке 3 жыл) күмәнді берешектерідің шығындары мен өткізілген өнім (жасалған қызметтердің) көлемінің орташа пайызы анықталады. Осы анықталған пайыз есептік жылдың өткізілген өнім (жасалған қызметтердің) көлеміне қолданылады.
2.16.3. Күмәнді берешектерді есептен шығаруы.
Төлем мерзімі асып кеткен, әлі түсім түспеген берешектер күмәнді болып танылады немесе осындай төлемдер сот әрекеттерден кейінде қозғалыс таппаса, берешек тұлғаның қаржы қағы шешім таппаса.
Күмәнді дебиторлық берешектер құжаттармен расталу тиіс: түгендеу мәліметтер, егер есептен шығарылатын болса кәсіпорын басшысының бұйырығы, сот шешімі. Күмәнді дебиторлық берешектер резерв арқылы есептен шығарылады, ал резерв қалыптастырылмаса кәсіпорынның кірістері мен шығындар есебінен.
Кәсіпорында күмәнді дебиторлық берешектер резерві есептік жылда толық пайдаланылмаса қалдық келесі жалға ауысады, мұндай жағдайда жаңа қалыптасатын резерв осы қалдық сомаға түзетілу керек.
Төленбей қалған кредиторлық берешек мерзімі өткен сон кәсіпорынның кірістер және шығыстар есебінен есептен шығарылу тиіс.
Егер дебиторлық борыш есептен шығарылып кеткеннен кейін төленсе мұндай сома төленген мерзімде кәсіпорын пайдасына апарылады.
2.16.4. Есеп шоттар.
1210 – Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі, онда бір жылға дейін мерзімі бар активтер және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260 – Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек, онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270 – Алуға қысқа мерзімді сыйақылар, онда мыналар:
акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1280 – Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек;
1290 – Күмәнді талаптар бойынша резерв, онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.
2180 – Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша алынған вексельдер бойынша берешек.
2.16.5. Есептіліктің ашылуы.
Дебиторлық берешек есебі кәсіпорын кәсіби шаруашылық түріне қарай жасалады. Жеке қарастырылады:
сатыпалушылармен тапсырысберушілермен есептесулер;
- басқада дебиторлық берешектемен есептесулер.
2.17. Міндеттемелер (кредиторлық берешек).
Міндеттеме - өткен мерзімде жасалған шарушылық операциялардан пайда болған кәсіпорынның міндеттемесе, нәтижесінде экономикалық пайданы көздейді.Қаржылық есеп жасау барысында топтастырылады:
негізгі қызметте жеткізушілермен мердігерлермен есептесу;
басқада кредиторлармен есептесу.
2.17.1. Жеткізушілермен мердігерлермен есептесу.
Алынған құндылықтар мен (берілген аванстар), жасалған қызметтер үшін есептесу. Міндеттемелердің танылуы бастапқы құжаттар негізінде жасалады: келісім шарт, накладной, жасалған жұмыстардың қабылдау актісі, шот-фактура.
А)Қорлар сатып алынғанда – заң тұлғаның немесе кәсіпкердің – шот-фактурасы, накладной (чек), келісім шарт, автокөлік жұк құжаты, кедендік декларациясы.
б) Қорлар рыноктан сатыпалынса немесе бір жолғы талон негізінде жұмыс көрсетушілерден алынса барлық реквизитарын толық көрсеткен сатып-алу актісі, бір жолғы талонның көшірмесі немесе басшының қолымен расталған жазба парағы.
в) Қорлар жеке кәсіпкерден алынса : барлық реквизитарын толық көрсеткен сатып-алу актісі, басшының қолымен расталған жазба парағы.
2.17.2. Алынған аванстармен есептесу.
2.17.2.1. Алынған қысқа мерзімді аванстар, мұнда тауарларды, шикізатты, материалдарды жеткізу, қызметтер көрсету негізінде, сондай-ақ тапсырысшыларға ішінара дайындық бойынша өндірілген өнімге ақы төлеу бойынша алынған аванстар және өзге алынған қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
Басқа аванспен байланысты міндеттемелер ұзақ мерзімді басқа міндеттемелер болып қарастырылады.
Алынған аванстардан қалыптастырылған міндеттемелер жойылады, толық кредиторлық берешек бойынша есептескен кезде. Алынған аванстар үшін тауарлар босатылса Алынған қысқа мерзімді аванстар шоты Д-леді, Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек шоты К-леді.
2.17.3. Есеп шоттар.
3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек
3390 Басқада қысқа мерзімді кредиторлық берешек Прочая краткосрочная кредиторская задолженность
3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар
4410 Алынған ұзақ мерзімді аванстар
2.18. Бюджетпен есептесулер
ҚР Салық кодесіне Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (2001 жылғы 12 маусым N 209-II) 11.12.07 ж.ҚР Заңдарымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) сай жасалады.
2.18.1. Салықтар бойынша міндеттемелерді бухгалтерлік есептілік регистрларға түсіруі анықтама, есептеме және декларация негізінде жасалады.
2.18.2. Салыққа салу негіздемелері, салықтық есептің регистрлары (формалары), салықтық декларация жасалуы бухгалтериямен қалыптастырылады. Формалары толтырылып (кейінгі кезде көбінесе электронды түрде) салықтық комитетке тапсырылады. Тоқсан сайын салыстыру тексерістер жасалып отырады.
2.18.3. табысқа (пайдаға) салық.
Қаржылық есептілігінде кәсіпорын операциялар бойынша кәзіргі және келешектегі салықтық салдардың ескеріп отырады.
Қаржылық есептілігінде көрсетіледі:
- ағымдағы салық- кезеңдегі табыс үшін салыққа салынатын салық;
- кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер – уақытша айырмашылық салдарынан алдағы кезеңде төленетін салықтар.
2.18.3.1. есептік принциптері.
Табысқа есептелетін салық кәсіпорынның міндеттемесін көрсетеді. Бұл жерде есептік кезеңде салық бойынша есептелген шығындар ағымдағы салық бойынша есептеледі +,- шығын (пайда) кейінге қалдырылған салықтық сомалар көрсетіледі.
Кейінге қалдырылған салықтық салдардың нәтижесін тануы қаржылық есептілікте салықтық міндеттемелер мен активтердің пайда болуын білдіреді. Ол міндеттемелер мен активтердің баланстық құнмен салықтық салдардың айрмасынан пайда болады. Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер тек ұзақ мерзімді бөлімдерде қарастырылады.
2.18.4. Есеп шоттар.
1410Корпорациялық табыс салығы, онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
2810 Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер, онда мыналарға:
шегерілетін мезгілдік айырмаға,
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық залалдарын көшіруге;
алдағы кезеңге пайдаланылмаған салық кредиттерін көшіруге.
3110 Төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы, мұнда төлеуге жататын корпорациялық табыс салығы есепке алынады;
4310 Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер, мұнда салық салынатын уақыттағы айырмаға байланысты болашақ кезеңдерде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы есепке алынады.
2.18.5. Есептілікке қойылатын талаптар.
Кәсіпорынның кірістер және шығыстар есебінде салық сомасы көрсетіліп ғана қойылмайды, онда оның негізгі құрылымы ашылып көрсетіледі.
Кейінге қалдырылған салықтық активтер мен міндеттемелер бухгалтерлік баланстан жеке көрсетіледі.
2.19. Шығыстар.
2.19.1. Калькуляцияның объектілеріне жекеленіп есеп жүргізіледі.
Активтердің қолдануы бойынша жасалған шығындар есепте осыған орай жасалған кіріс мерзімінде (кезде) көрсетіледі. Шығыстар жіктеледі:
а) тікелей шығыстар - өнім өндіру барысында тікелей калькуляцияға кіретін шығындар - өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға тікелей байланысы бар. Мұндай шығыстар кірістер ескерілгенде ескеріледі.
б) кезең шығыстары - өнім өткізу бойынша жасалатын шығындар, әкімшілік шығындары, пайыздар бойынша шығындар. Бұл шығындар пайда болған мерзімде ескеріледі.
Өндірістік шығындар мен өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау да шығындарды толық көлемде есептеу әдісі қолданылады.
Яғни, өнімнің өзіндік құнына тұрақты да уақытша да шығындар ескеріледі. Уақытша шығындар - өндіріс көлемнің өзгерістерінен тікелей байланаста. Ал, тұрақты шығындар - өндіріс шығындарға жанама әсер етеді, өндіріс көлемі өзгерсе де бұл шығындар (үстеме) өзеріссіз қалады немесе шамалап өзгереді.
2.19.2. Өндірістік шығындар негізгі және көмекші болып бөлінеді.
Негізгі өндіріс – кәсіпорын ашылу барысында бағыттаған өнім өндірімі.
Аналитикалық есебі жеке өнімдер бойынша жүргізіледі.
Көмекші өндіріс – негізгі өндіріс үшін арнайы қажетті жұмыстар жасайды.
2.19.3. Үстеме шығындар есебі.
Үстеме шығындар – ол, негізгі және көмекші цех жұмыстары мен байланысты цех. Есебі 8040 Үстеме шығыстар шотында субшот қолданумен жүргізіледі:
804001- негізгі өндірістің үстеме шығындары;
804002 – көмекші өндірістің үстеме шығындары .
Әр бір цехтар бойынша жасалған үстеме шығындар есептік кезең соңында жинақталып тиісті шығындар шоттарына апарылады. Алдымен көмекші өндіріс шоттары жабылад, содан кейін негізгі өндіріс шоттары жабылады.
2.19.4. Кезең шығындары.
Кезең шығындары есептелген (жасалған) мерзімнің тауарлардың, өнімнің өзіндік құнында ескеріледі. Олар:
әкімшілік шығындар (7210) – кәсіпорынды басқарумен байланысты, өнімді өткізумен байланысты (7110), сыйақы түрдегі (7310) шығындар.
2.20. Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету.
Кәсіпорынмен байланысты тараптар болып саналады, егер :
бір жақ тікелей немесе жанама делдал арқылы осы кәсіпорынды бақылайды немесе байланыста;
осы кәсіпорынмен үлесте немесе қаржылық және операциялық шешімдер қабылдауда әсер етуде.
Байланысты жақтардың (тараптардың) операциялары – төлем жасалды ма жоқ па, төленеді ма жоқпа, оған қарамай бір біріне қандайда бір ресурстарды алып-береді.
Бұларға ксіпорынның құрылтайшылары жату мүмкігн
2.21. Есепті күненнен (мерзімнен) кейінгі әрекеттер (оқиғалар).
2.21.1. Есепті мерзімнен кейінгі оқиғалар – бұл қаржылық есептілігі жасалып және беріліп болғаннан кейіннен де жасалынатын қандайда бір қаржылық жағдайға әсер ететін әрекеттер.
Баланс мерзімі болып қаржылық есептіліктің жасалған құны саналады.
2.21.2. Мұндай оқиғалардың екі түрі болады:
1. Әрекеттер есептік мерзімде болғаны (есептік мерзімнен кейін түзетіледі).
Мысалы, есептік мерзімнен кейін сот шешімі қабылданды , есептік мерзімде кәсіпорында бұл жағдай болды
2. Әрекеттер, есептік мерзімнен кейін пайда болғаны(есептік мерзімнен кейін түзетілмейді).
Мысалы :
қаржылық есептілік жасалып жатқанда және тапсырылып жатқан арада қаржылық активтердің құны өзгеруі;
қаржылық активтер мен негізгі құралдардың үлкен көлемде алынуы немесе босатылуы;
өрт немесе апатты жағдайлар салдарынан кәсіпорын активтерінің әсерлі бөлігі жойылғанда.
Мұндай жағдайда қаржылық есептілік түзетілмейді, түсініктеме хатта толық ақпарат беріледі.
2.21.3. Есепті мерзім аяқталғаннан кейінгі әрекеттер көрсету барысында маңыздылық принципы қолданылады.
Яғни, барлық қаржылық есептілікке маңызды әсер ететін әрекеттер қаржылық есептілікте көрсетілу тиіс.
3. Есеп саясаттың орындалуына бақылау жасалу.
Жұмыс атқарып отырған мамандармен жұмысістеушілермен есеп саясаттың орындалуы міндетті.
Есеп саясаттың орындалуына бақылау кәсіпорынның бас бухгалтеріне жүктеледі.

АВС ЖШС бас бухгалтері

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексi

Мазмұны 
1 бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2 бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
3 бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен мiндеттерi
4 бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi
5 бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуiне жол бермеу
6 бап. Еңбек бостандығы
7 бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
8 бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу
9 бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы
10 бап. Еңбек шарттары, әлеуметтiк әрiптестiк  тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс    берушiнiң еңбек саласындағы актiлерi
11 бап. Жұмыс берушiнiң актiлерi
12 бап. Жұмыс берушiнiң актiлерiн шығару кезiнде  қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескеру немесе   олармен келiсу тәртiбi
13 бап. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдердi есептеу
14 бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын  бұзғаны үшiн жауаптылық
15 бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң еңбек   қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
16 бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның   еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
17 бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның    аумақтық бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастарын    реттеу саласындағы құзыретi
18 бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
19 бап. Еңбек қатынастарының субъектiлерi
20 бап. Еңбек қатынастарының туындау негiздерi
21 бап. Белгiленген квота есебiне жiберiлген азаматтармен еңбек шартын жасасу
22 бап. Қызметкердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
23 бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
24 бап. Еңбек шартының нысанасы
25 бап. Еңбек шартын жасасу кезiндегi құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң кепiлдiктерi
26 бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
27 бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерiнен ерекшелiгi
28 бап. Еңбек шартының мазмұны
29 бап. Еңбек шартының мерзiмi
30 бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мөлшерi
31 бап. Еңбек шартын жасасуға қажеттi құжаттар
32 бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртiбi
33 бап. Жұмысқа қабылдауды ресiмдеу
34 бап. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар
35 бап. Еңбек кiтапшасы
36 бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзiмi туралы талап 
37 бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақ нәтижесi
38 бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы
39 бап. Еңбек шартының жарамсыздығы
40 бап. Еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты орындауға тыйым салу
41 бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру
42 бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру
43 бап.Өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
44 бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
45 бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
46 бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыруды шектеу
47 бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыру. Лауазым (жұмыс) атауының өзгеруi
48 бап. Еңбек жағдайларының өзгеруi
49бап. Жұмыс берушiнiң атауы, ведомстволық тиесiлiгi  өзгерген, мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан немесе  жұмыс берушi қайта құрылған кездегi еңбек қатынастары
50 бап. Жұмыстан шеттету
51 бап. Еңбек шартын тоқтату негiздерi
52 бап. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартын бұзу
53 бап. Мерзiмiнiң аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату
54 бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негiздерi
55 бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкiндiктерiн шектеу
56 бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртiбi
57 бап. Қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
58 бап. Тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату
59 бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде еңбек шартын тоқтату
60 бап. Қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты еңбек шартын бұзу
61 бап.Қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты еңбек шартын бұзу
62 бап.Еңбек шартының тоқтатылуын ресiмдеу
63 бап. Еңбек кiтапшасын және еңбек қызметiне  байланысты құжаттарды беру
64 бап. Қызметкердiң жеке деректерi, оларды өңдеу
65 бап. Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеуге қойылатын талаптар
66 бап. Қызметкердiң жеке деректерiн сақтау
67 бап. Қызметкердiң жеке деректерiн беру
68 бап. Қызметкердiң жұмыс берушiде сақталатын жеке  деректерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы  құқықтары
69 бап. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi
70 бап. Еңбек тәртiбiн қамтамасыз ету
71 бап. Еңбегi үшiн көтермелеу
72 бап. Тәртiптiк жазалар
73 бап. Тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi
74 бап. Тәртiптiк жазаларды белгiлеу мерзiмi
75 бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
76 бап. Жұмыс уақыты
77 бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
78 бап. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
79 бап. Толық емес жұмыс уақыты
80 бап. Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс жағдайлары
81 бап. Жұмыс аптасының түрлерi
82 бап. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
83 бап. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге бөлу
84 бап. Ауысымдық жұмыс
85 бап. Икемдi жұмыс уақыты режимiндегi жұмыс
86 бап. Жұмыс уақытының жиынтық есебi
87 бап. Түнгi уақыттағы жұмыс
88 бап. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу
89 бап. Үстеме жұмыстардың шектi саны
90 бап. Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз үстеме жұмыстарға  жол берiлетiн ерекше жағдайлар
91 бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргiзу тәртiбi
92 бап. Тынығу уақытының түрлерi
93 бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс
94 бап. Ауысымiшiлiк және арнаулы үзiлiстер
95 бап. Күнделiктi (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы
96 бап. Демалыс күндерi
97 бап. Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс
98 бап. Қызметкердiң келiсiмiнсiз демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары
99 бап. Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуды ресiмдеу
100 бап. Демалыс түрлерi
101 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
102 бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары
103 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
104 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажын есептеу
105 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру тәртiбi
106 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру  кезеңiн айқындау
107 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектiлiгi
108 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың  немесе ұзартудың жағдайлары мен тәртiбi
109 бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алу
110 бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн өтемақы төлемi
111 бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
112 бап. Оқу демалысы
113 бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы  (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар
114 бап. Демалысты ресiмдеу
115 бап. Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы  мемлекеттiк кепiлдiктер
116 бап. Еңбек нормалары
117 бап. Жаңа еңбек нормаларын әзiрлеу, енгiзу, қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және   қайта қарау
118 бап. Еңбек нормаларын әзiрлеуге қойылатын талаптар
119 бап. Еңбектi нормалауды реттеудiң ерекшелiктерi
120 бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер
121 бап. Жалақының мөлшерi
122 бап. Жалақының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу
123 бап. Еңбекке сағаттық ақы төлеу
124 бап. Жалақыны индекстеу
125 бап. Еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру
126 бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелерi
127 бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
128 бап. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы  төлеу
129 бап. Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу
130 бап. Әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде еңбекке ақы төлеу
131 бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң  мiндеттерiн орындау кезiнде еңбекке ақы төлеу
132 бап. Жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезiнде еңбекке ақы төлеу
133 бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
134 бап. Жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
135 бап. Жалақы төленетiн орын
136 бап. Қызметкердiң орташа айлық жалақысын есептеу
137 бап. Жалақыдан ұстап қалу
138 бап. Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақыны беру
139 бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
140 бап. Жұмыс берушiнiң даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi құқықтары мен  мiндеттерi
141 бап. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру
142 бап. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
143 бап. Қызметкерлердiң кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi  құқықтары мен мiндеттерi
144 бап. Оқыту шартының мазмұны
145 бап. Жұмысқа орналастыру кезiндегi мемлекеттiк  кепiлдiктер
146 бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы  құқықтары
147 бап. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
148 бап. Еңбек делдалдығы
149бап. Қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық  мiндеттердi орындаған кезде берiлетiн  кепiлдiктер
150 бап. Медициналық тексеруге жiберiлетiн қызметкерлер үшiн кепiлдiктер
151 бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшiн  кепiлдiктер
152 бап. Iс сапарларға жiберiлетiн қызметкерлер үшiн  кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi
153 бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi
154 бап. Экологиялық зiлзала және радиациялық қатер  аймақтарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын  қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер
155 бап. Қызметкердiң жеке мүлкiн жұмыс берушiнiң мүддесiне пайдалануға байланысты өтемақы төлемдерi
156 бап. Жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты бар не қызмет ету учаскелерi шегiндегi  қызметтiк сапарлармен байланысты болатын  жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдерi
157 бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берiлетiн өтемақы төлемдерi
158 бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудiң тәртiбi  мен шарттары
159 бап. Қызметкерлерге жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу
160 бап. Еңбек шарты тарапының келтiрiлген залалды  (зиянды) өтеу жөнiндегi мiндеттерi
161 бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтiргенi үшiн материалдық жауапкершiлiгi басталатын  жағдайлар
162 бап. Жұмыс берушiнiң қызметкерге оны еңбек ету  мүмкiндiгiнен заңсыз айыру арқылы келтiрiлген залал үшiн материалдық жауапкершiлiгi
163 бап. Қызметкердiң мүлкiне келтiрiлген залал үшiн жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi
164 бап. Қызметкердiң өмiрiне және (немесе)  денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi
165 бап. Қызметкердiң жұмыс берушiге залал келтiргенi  үшiн материалдық жауапкершiлiгi
166 бап. Қызметкердiң материалдық жауапкершiлiгiнiң шегi
167 бап. Қызметкердiң жұмыс берушiге келтiрiлген залал үшiн толық материалдық жауапкершiлiкте болу жағдайлары
168 бап. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар
169 бап. Еңбек шарты тараптарының келтiрiлген залалды  (зиянды) өтеу тәртiбi
170 бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдар
171 бап. Келiсу комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру
172 бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жүгiну мерзiмi
173 бап. Еңбек даулары жөнiндегi келiсу комиссиясының  құзыретi
174 бап. Еңбек дауларын келiсу комиссиясында қарау тәртiбi
175 бап. Келiсу комиссиясының шешiм қабылдау тәртiбi және оның мазмұны
176 бап. Келiсу комиссиясының шешiмдерiн орындау
177 бап. Жеке еңбек дауын қарау жөнiндегi органның қызметкердi жұмысына қайта алдыртуы
178 бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек  саласындағы құқықтары
179 бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
180бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексерулер
181 бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы
182 бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн еңбекке ақы төлеу және өндiрiм нормалары
183 бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек және тынығу режимiнiң ерекшелiктерi
184 бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң  материалдық жауапкершiлiгiн шектеу
185 бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды шектеу
186 бап. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
187 бап. Әйелдердiң және отбасылық мiндеттерi бар басқа да адамдардың еңбегi мен тынығу режимiнiң ерекшелiктерi
188 бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзiлiстер
189 бап. Әйелдерге және отбасылық мiндеттерi бар басқа да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгiлеу
190 бап. Жүктi әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануды шектеу
191 бап. Жүктi әйелдердi басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
192 бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектiлiгiн белгiлеу кезiнде әйелдерге берiлетiн кепiлдiк
193 бап.Жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс
194 бап. Жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берiлетiн демалыс
195 бап. Балалардың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
196 бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты
197 бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын  жасасуға қажеттi қосымша құжаттар
198 бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының  ұзақтығы
199 бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
200 бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуды шектеу
201 бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзудың қосымша негiздерi
202 бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды  (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi  жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
203 бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
204 бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды  (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi  жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу
205 бап.Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын  қамтамасыз ету
206 бап. Маусымдық жұмыстар
207 бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу ерекшелiктерi
208 бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен  еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша  бұзудың қосымша негiздерi
209 бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен еңбек шартын бұзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi
210 бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу ерекшелiктерi
211 бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеуге қойылатын  шектеулер
212 бап. Вахтаның ұзақтығы
213 бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс уақытын және тынығу уақытын есепке алу
214 бап. Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және тоқтату ерекшелiктерi
215 бап. Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу  уақытының режимi
216 бап. Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау  тәртiбi
217 бап. Жеке еңбек дауларын шешу
218 бап. Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу
219 бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер
220 бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек жағдайлары
221 бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жұмысуақыты мен тынығу уақытының режимi, еңбек  қауiпсiздiгiн және еңбегiн қорғауды қамтамасыз  ету жағдайлары
222 бап. Мүгедектердiң еңбек ету құқығын iске асыруы
223 бап. Мүгедек қызметкерлердiң еңбек жағдайлары
224 бап. Мүгедек қызметкерлердiң жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
225 бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық  есебiн қолдануды шектеу
226 бап. Мүгедек қызметкерлердiң түнгi уақыттағы жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке  күндердегi жұмысын, оларды iссапарға жiберудi шектеу
227 бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек  демалысын беру
228бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс беру
229 бап. Азаматтық қызметке кiру
230 бап.Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесi
231 бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
232 бап. Азаматтық қызметшiнi басқа мемлекеттiк мекемеге (қазыналық кәсiпорынға) жұмысқа  ауыстыру
233 бап. Азаматтық қызметшiлердi аттестаттау
234 бап. Азаматтық қызметтегi жоғарылату
235 бап. Азаматтық қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру  және оларды қайта даярлау
236 бап. Азаматтық қызметшiлердi көтермелеу
237 бап. Азаматтық қызметшiлерге басқа жерге жұмысқа ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен  өтемақы төлемдерi
238 бап. Азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу
239 бап. Азаматтық қызметшiлерге берiлетiн демалыс
240 бап. Азаматтық қызметшiлермен еңбек шартын  тоқтатудың қосымша негiзi
241 бап. Өздерiне қатысты еңбек қатынастарын реттеу  ерекшелiктерi белгiленетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
242 бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн еңбек шарттарының мерзiмдерi
243 бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң еңбек  тәртiптемесiнiң ережелерi
244 бап. Жұмыс режимi
245 бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары
246 бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк әрiптестiкке қатысуы
247бап.Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек  қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды ұйымдастыру ерекшелiктерi
248 бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегiн реттеудiң құқықтық негiздерi
249 бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу
250 бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса атқаратын жұмысы
251 бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының  материалдық жауапкершiлiгi 252 бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiздерi
253 бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының бастамасы бойынша еңбек шартын мерзiмiне  бұрын бұзу
254 бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi
255 бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және  мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан  Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу
256 бап. Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау  органдарының қызметкерлерi
257 бап. Әскери қызметтегi адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу
258 бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi
259 бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi
260 бап. Әлеуметтiк әрiптестiк органдары
261 бап. Әлеуметтiк әрiптестiк нысандары
262 бап. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары
263 бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде ұйымдастыру
264 бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде  ұйымдастыру
265 бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi өңiрлiк деңгейде  ұйымдастыру
266 бап. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұйым деңгейiнде реттеу
267 бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық,  өңiрлiк комиссияларды құрудың принциптерi мен  тәртiбi
268 бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
269 бап. Республикалық, салалық және өңiрлiк  комиссиялардың негiзгi құқықтары
270 бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi
271 бап. Келiсiмдердi дайындау жөнiнде келiссөздер жүргiзу құқығы
272 бап. Келiссөздер жүргiзудiң, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасудың тәртiбi
273 бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың шешiмдер қабылдау тәртiбi
274 бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi
275 бап. Келiсiмдердiң тараптары, түрлерi
276 бап. Келiсiмдердiң мазмұны
277 бап. Келiсiмдердi тiркеу
278 бап. Келiсiмдердiң қолданылуы
279 бап. Келiсiмдердiң орындалуын бақылау
280 бап. Келiссөздерге қатысудан жалтарғаны үшiн  жауапкершiлiк
281 бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң принциптерi
282 бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң, ұжымдық шартты  әзiрлеу мен жасасудың тәртiбi
283 бап. Ұжымдық шарттың тараптары
284 бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылым
285 бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы
286 бап. Тараптардың ұжымдық шартты орындамағаны үшiн  жауапкершiлiгi
287 бап. Келiссөздер кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар
288 бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы
289 бап. Қызметкерлердiң талаптарын ресiмдеу мен мәлiмдеу тәртiбi
290 бап. Қызметкерлердiң талаптарын қарау
291 бап. Бiтiмгерлiк комиссиясы
292 бап. Бiтiмгерлiк комиссиясы
293 бап. Еңбек арбитражы
294 бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
295 бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келiсiмге қол жеткiзуiнiң салдарлары
296 бап. Ұжымдық еңбек дауының шешiлуiмен байланысты кепiлдiктер
297бап. Тараптардың және бiтiмгерлiк органдарының  ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi мiндеттерi
298 бап. Ереуiл өткiзу құқығы
299 бап. Ереуiлдiң басталуы туралы жариялау
300 бап. Ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi
301 бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуiл барысындағы мiндеттерi
302 бап. Қызметкерлерге ереуiл өткiзуге байланысты берiлетiн кепiлдiктер
303 бап. Заңсыз ереуiлдер
304 бап. Ереуiлдердi заңсыз деп танудың салдары
305 бап. Локаутқа тыйым салу
306 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары
307 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және  қадағалау
308 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  жөнiндегi талаптар
309 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  саласындағы мониторинг пен тәуекелдердi бағалау
310 бап. Еңбек шартын жасасу кезiнде еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер
311 бап. Еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер
312 бап. Қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру
313 бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi  қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру
314 бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтары
315 бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
316 бап. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы құқықтары
317 бап. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және  еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
318 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
319 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi  қабылдау
320 бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезiндегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар
321 бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары
322 бап. Тергеп-тексерудiң жалпы жағдайлары және өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды есепке алу
323 бап. Жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жазатайым оқиға кезiндегi мiндеттерi
324 бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды  тергеп-тексеру тәртiбi
325 бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшелiктерi
326 бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғалардытергеп-тексеру материалдарын ресiмдеу және
                оларды есепке алу
327 бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын бақылау
328 бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау 329 бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы қызметiнiң принциптерi мен негiзгi мiндеттерi 330 бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының құқықтары
331 бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының мiндеттерi
332 бап. Жұмыс берушiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы бақылау жүргiзген кездегi құқықтары мен  мiндеттерi
333 бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi
334 бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру, олардың түрлерi,  нысандары мен мерзiмдерi
335 бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын   мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмдерiне,   әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi
336 бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясының басқа  мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара  iс-қимыл жасасуы
337 бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының мемлекеттiк  бақылауды жүзеге асыру кезiндегi жауапкершiлiгi
338 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылау
339 бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi
340 бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық  бақылау
341 бап. Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық  инспекторлардың құқықтары

ЖАЛПЫ БӨЛIМ
1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР
      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi;
      2) азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам;
      3) айлық жалақының ең төменгi мөлшерi - бiлiктiлiктi қажет етпейтiн қарапайым (онша күрделi емес) еңбек қызметкерi осы Кодексте белгiленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған кезде бiр айда оған төленетiн ақшалай төлемдердiң кепiлдiк берiлген ең төменгi мөлшерi;
      4) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап, өзге де нәрселер;
      5) ауыр жұмыстар - қызметкердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлерi не 250 ккалсағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;
      6) ауысымдық жұмыс - тәулiк iшiнде екi не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
      7) әлеуметтiк әрiптестiк - қызметкерлер қызметкерлердiң өкiлдерi, жұмыс берушiлер (жұмыс берушiлердiң өкiлдерi), мемлекеттiк органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша олардың мүдделерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесi;
      8) бас, салалық (тарифтiк), өңiрлiк келiсiм (бұдан әрi - келiсiм) - әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының арасында жасалатын, келiсiмнiң мазмұнын және республикалық, салалық және өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер үшiн еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтiк кепiлдiктердi белгiлеу жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерiн айқындайтын құқықтық акт;
      9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндiрiстiк немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
      10) бiлiктiлiк санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiн көрсететiн, қызметкердiң бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар деңгейi;
      11) бiтiмгерлiк комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бiтiмге келтiру жолымен реттеу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер (олардың өкiлдерi) арасындағы келiсiм бойынша құрылатын орган;
      12) бiтiмгерлiк рәсiмдерi - ұжымдық еңбек дауын алғашында - бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жетпеген кезде еңбек төрелiк сотында өз кезегiмен қарау;
      13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнiнде қызмет көрсету үшiн тартатын жеке немесе заңды тұлға;
      14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгiленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердiң жыл сайынғы үзiлiссiз тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату;
      15) еңбек - адам мен қоғамның өмiрiне және қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметi;
      16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес қызметкерге еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлемiн жұмыс берушiнiң қамтамасыз етуiне байланысты қатынастар жүйесi;
      17) еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкердiң айлық жалақысының сақталуына кепiлдiк берiлгенең төменгi мөлшерi, бұған жұмыс процесiнде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiне ұшырайтын қызметкердiң өмiрлiк күшi мен қуатын қалпына келтiруге қажеттi азық-түлiк өнiмдерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң ең төменгi жиынтығы кiредi;
      18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк орта мен еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенi;
      19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келiсiмдердiң, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс берушi актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлердiң) арасындағы келiспеушiлiктер;
      20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттiгi көрсететiн жәрдем;
      21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi жағдайлары, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқару, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау тәртiбi, техникалық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келiсуi бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
      22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;
      23) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
      24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында туындайтын қатынастар;
      25) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбектi ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсiптiк даярлауға, қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға, әлеуметтiк әрiптестiкке, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгiлеуге қызметкерлердiң (қызметкерлер өкiлдерiнiң) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;
      26) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болғызбайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкерлердiң қорғалу жай-күйi;
      27) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары - қызметкер еңбек мiндеттерiн орындаған кезде еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның еңбек қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi;
      28) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау мен болжау;
      29) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн өзге де талаптар;
      30) еңбек мiндеттерi - қызметкер мен жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келiсiлген мiндеттемелерi;
      31) еңбек стажы - қызметкер еңбек мiндеттерiн жүзеге асыруға жұмсаған, күнтiзбемен есептелген уақыт;
      32) еңбек тәртiбi - жұмыс берушi мен қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сондай-ақ келiсiмдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi тиiсiнше орындауы; 
      33) еңбек тәртiптемесi - қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң еңбектi ұйымдастыру жөнiндегi қатынастарын реттеу тәртiбi;
      34) еңбек төрелiк соты - бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшiн ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкiлеттi адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс iстейтiн орган;
      35) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;
      36) еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкiлi;
      37) еңбектi нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердiң жұмысты орындауға (өнiм бiрлiгiн дайындауға) арналған қажеттi еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негiзiнде еңбек нормаларын белгiлеу;
      38) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - жұмыс берушiнiң қызметкерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтындай не олардың әсер ету деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтындай етiп жасаған еңбек жағдайлары;
      39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм, бұған сәйкес қызметкер белгiлi бiр жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзi орындауға, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн сақтауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге келiсiлген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге мiндеттенедi;
      40) ереуiл - жұмыс берушiмен ұжымдық еңбек дауында өздерiнiң әлеуметтiк-экономикалық және кәсiптiк талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе iшiнара тоқтату;
      41) жалақы - қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшiн төленетiн сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;
      42) жеке қорғану заттары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, соның iшiнде арнайы киiм;
      43) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
      44) жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттары немесе сенiмхат негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      45) жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушi шығаратын бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi;
      46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
      47) жұмыс орны - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
      48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу;
      49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерiне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдерi;
      50) жұмыс уақытының жиынтық есебi - жұмыс берушi белгiлеген, бiр жылдан асыруға болмайтын есептiк кезеңдегi жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебi;
      51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
      52) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
      53) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
      54) кепiлдiктер - қызметкерлерге әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласында берiлген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетiн құралдар, тәсiлдер мен жағдайлар;
      55) қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер;
      56) қауiптi еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсерi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсiптiк ауруға шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары;
      57) қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
      58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердiң негiзгi жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетiн басқа жұмысты орындауы;
      59) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға;
      60) қызметкерлер өкiлдерi - кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары және (немесе) қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
      61) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      62) негiзгi жалақы - жалақының тарифтiк ставка, лауазымдық айлықақы, кесiмдi бағалау бойынша төлемдi қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлiгi және еңбек заңнамасында, салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;
      63) өндiрiстегi жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындауы кезiнде, қызметкердiң өндiрiстiк жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсiптiк ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер етуi;
      64) өндiрiстiк жабдық - машиналар, тетiктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндiрiске қажеттi өзге де техникалық құралдар;
      65) өндiрiстiк жарақат - қызметкер еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде алған, оның еңбекке қабiлеттiлiгiн жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;
      66) өндiрiстiк қажеттiлiк - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн және басқа да ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкердi алмастыру үшiн жұмыстар орындау;
      67) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында бағалау жөнiндегi қызмет;
      68) өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;
      69) өтемақы төлемдерi - жұмыстың ерекше режимi мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;
      70) тарифтiк жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесiнiң бiр түрi, онда қызметкерлердiң жалақысы тарифтiк ставкалар (айлықақылар) және тарифтiк кестелер негiзiнде сараланып айқындалады;
      71) тарифтiк кесте - орындалатын жұмыстардың күрделiлiк және қызметкерлердiң бiлiктiлiк белгiсi бойынша саралауды көздейтiн тарифтiк разрядтар мен тарифтiк коэффициенттердiң жиынтығы;
      72) тарифтiк разряд - жұмыстың күрделiлiк деңгейi және осы жұмысты орындау үшiн қажеттi бiлiктiлiк деңгейiнiң көрсеткiшi;
      73) тарифтiк ставка (айлықақы) - қызметкердiң уақыт бiрлiгi iшiнде белгiлi бiр күрделiлiктегi (бiлiктiлiктегi) еңбек нормасын (еңбек мiндеттерiн) орындағаны үшiн еңбегiне ақы төлеудiң белгiленген мөлшерi;
      74) тәртiптiк жаза - тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерге қолданатын тәртiптiк әсер ету шарасы;
      75) тәртiптiк терiс қылық - қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ еңбек мiндеттерiн құқыққа қайшы келетiндей кiнәмен орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы;
      76) тынығу уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;
      77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстейтiн екi немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;
      78) ұжымдық шарт - ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттейтiн, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм нысанындағы құқықтық акт;
      79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс жұмыс;
      80) хабарлама - қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң жазбаша өтiнiшi не өзге тәсiлмен (курьерлiк почта, почта байланысы, факсимильдi байланыс және электрондық почта арқылы) берiлген өтiнiштер;
      81) iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады. 
      2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк пен еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым салынады.
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тiкелей қолданылады.
      3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен мiндеттерi
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
      4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi:
      1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу;2) еңбек бостандығы;      3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу;      4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;      5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы;      6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;      8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi;      9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету;      10) әлеуметтiк әрiптестiк;      11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу;      12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
      5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуiне жол бермеу
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа, ешкiмнiң де еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.
      6-бап. Еңбек бостандығы
      Әркiмнiң де еңбектi еркiн таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсiтушiлiксiз және мәжбүрлеусiз еркiн келiсуге құқығы, өзiнiң еңбекке қабiлеттiлiгiне иелiк етуге, кәсiп және қызмет түрiн таңдауға құқығы бар.
      7-бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу
      1. Әркiмнiң де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын iске асыруға тең мүмкiндiктерi бар. 2. Ешкiмдi де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыру кезiнде жынысына, жасына, дене кемiстiктерiне, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiктiк, әлеуметтiк және лауазымдық жағдайына, тұратын жерiне, дiнге көзқарасына, саяси сенiмiне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсiтуге болмайды.
      3. Еңбектiң осы түрiне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтiк және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнiнде мемлекеттiң ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешелiктер, ерекшелiктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсiтушiлiк болып табылмайды.
      4. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгiнуге құқылы.
      8-бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу
      Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған. Мәжбүрлi еңбек, мынадай жұмыстарды:
      Қазақстан Республикасының мiндеттi әскери қызмет туралы заңдарына орай талап етiлетiн;   азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген әдеттегi азаматтық мiндеттерiнiң бөлiгi болып табылатын;
      жұмыс мемлекеттiк органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргiзiлетiн және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билiгiне берiлмейтiн немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бiр адамнан соттың заңды күшiне енген үкiмiне байланысты талап етiлетiн;      төтенше жағдайлар немесе соғыс жағдайында талап етiлетiн;      ұжымның тiкелей пайдасы үшiн осы ұжым мүшелерi орындайтын және сол себептi, олардың немесе олардың өкiлдерiнiң бұл жұмыстардың орындылығына қатысты өз пiкiрiн айтуға құқығы болған жағдайда, ұжым мүшелерiнiң әдеттегi азаматтық мiндеттерi болып есептелетiн жұмыстарды қоспағанда, қандай да бiр адамнан қандай да бiр жаза қолдану қаупiмен талап етiлетiн, оны орындау үшiн бұл адам ерiктi түрде өз қызметiн ұсынбаған кез келген жұмысты немесе қызметтi бiлдiредi.
      9-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы
      1. Осы Кодекс:      1) еңбек;      2) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты;
      3) әлеуметтiк әрiптестiк;      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейдi.      2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе: 
      1) қызметкерлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерiне;
      2) жұмыс берушiлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.
      3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.      4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгiленген құқықтар, бостандықтар мен кепiлдiктер деңгейiн төмендетпеуге тиiс.
      10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтiк әрiптестiк              тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс    берушiнiң еңбек саласындағы актiлерi
      1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң актiсiнде, келiсiмде және ұжымдық шартта реттеледi.
      2. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жарамсыз деп танылады.
      3. Келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары бiржақты тәртiппен өзгертiлмейдi.
      11-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерi
      1. Жұмыс берушi осы Кодекске және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, еңбек шартына, келiсiмдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыретi шегiнде актiлер шығарады.
      2. Жұмыс берушi осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша немесе пiкiрiн ескере отырып, актiлер шығарады.
      3. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетiлген рәсiмдер сақталмай шығарылған актiлерi жарамсыз болып табылады.
      12-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерiн шығару кезiнде  қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескеру немесе   олармен келiсу тәртiбi
      1. Жұмыс берушi осы Кодексте, келiсiмдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып немесе олармен келiсе отырып актiлер шығарады.
      2. Актiнi шығарар алдында жұмыс берушi оның жобасын және ол бойынша негiздеменi осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес құрылған комиссияға ұсынады.
      3. Жұмыс берушi актiсiнiң жобасы табыс етiлген күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде комиссияда талқыланады.
      4. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi, онда қызметкерлер өкiлдерiнiң жұмыс берушi актiсiнiң жобасымен келiсетiнi (келiспейтiнi) көрсетiледi, олардың ұсыныстары болса жазылады. 
      5. Егер қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiнде жұмыс берушi актiсiнiң жобасына келiсiм болмаған не оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушi:      1) келiскен жағдайда қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстары ескерiле отырып өзгертiлген акт шығарады;      2) келiспеген жағдайда қызметкерлер өкiлдерiмен қосымша консультациялар өткiзуге не олар ұсынған редакциядағы актiнi шығаруға құқылы.
      6. Шығару үшiн осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi қажет болатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобалары бойынша келiсiмге келмеген жағдайда, туындаған келiспеушiлiктер хаттамамен ресiмделедi, осыдан кейiн жұмыс берушi нормативтiк актiнi қабылдауға құқылы.
      7. Жұмыс берушi ұсыныстарды толығымен не бiр бөлiгiн ескермей акт шығарған кезде қызметкерлер өкiлдерi осы Кодексте көзделген тәртiппен ұжымдық еңбек дауы рәсiмiн бастауға құқылы.
      8. Егер жұмыс берушiнiң шығарған актiсiнде қызметкерлердiң осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде көзделген құқықтары мен кепiлдiктерiн бұзатын не нашарлататын ережелер болған жағдайда, оған еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына не сотқа шағым жасауға болады.
      13-бап. Осы Кодексте белгiленген мерзiмдердi есептеу
      1. Осы Кодексте, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, келiсiмдерде белгiленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетiн уақыт кезеңiнiң аяқталуымен айқындалады. Мерзiм басталуға тиiс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкiн.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзiм жұмыс күндерiмен есептеледi.
      3. Уақыт кезеңiмен айқындалатын мерзiмнiң ағымы оқиғаның басталуы белгiленген күнтiзбелiк күннен кейiнгi күнi басталады.
      4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетiн мерзiмдер соңғы жылдың, айдың, аптаның тиiстi күндерi бiтедi. Егер айлармен есептелетiн мерзiмнiң бiтуi тиiстi күнi жоқ айға келетiн болса, онда мерзiм осы айдың соңғы күнi бiтедi. Күнтiзбелiк апталармен немесе күндермен есептелетiн мерзiмге жұмыс күнi емес күндер де қосылады.
      5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс күнi емес күнге келсе, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң аяқталған күнi болып есептеледi.
      14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын  бұзғаны үшiн жауаптылық
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
      15-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң еңбек   қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:      1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және iске асырылуын қамтамасыз етедi;      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламалардың әзiрленуiн және орындалуын ұйымдастырады;      3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;       4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттiк статистика жүргiзу тәртiбiн айқындайды;      5) шетелдiк жұмыс күшiн тарту тәртiбiн белгiлейдi;      6) еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерiн, оны тағайындау және төлеу тәртiбiн айқындайды;      7) екi айдан астам еңбекке уақытша қабiлетсiздiк мерзiмi белгiленуi мүмкiн ауру түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;      8) орташа жалақыны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi;       9) Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялардың, акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттары туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi;      10) азаматтық қызметке орналасу және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына тұруға конкурс өткiзу тәртiбiн айқындайды;      11) азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;      12) жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiмен бас келiсiм жасасады;      13) тиiстi уәкiлеттi органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн белгiлейдi;     14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн бекiтедi;      15) ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды;      16) салалық келiсiмдерде айқындалатын салалық арттырушы коэффициенттердi бекiтедi;      17) бес адамнан көп адам қаза тапқан кезде топтық жазатайым оқиғаларды тергеуге комиссия құрады.      Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      16-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның   еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:      1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      2) қызметтiң барлық салаларына арналған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгiлейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн қабылдайды; 
      3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
      4) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      5) еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс берушiлердiң өкiлдерiмен үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      6) еңбек кiтапшаларының нысанын, оларды жүргiзу және сақтау тәртiбiн белгiлейдi;
      7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
      8) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
      9) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi  бойынша параметрлердi ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
      10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде жасалған салалық келiсiмдер мен өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
      11) мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргiзедi;
      12) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудiң уақтылы және объективтi жүргiзiлуiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады;
      13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары жөнiндегi зерттеу бағдарламаларын әзiрлейдi;
      15) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын әзiрлеп, бекiтедi, сондай-ақ қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
      16) анықтамалықтарды, бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу, қайта қарау, бекiту және қолдану тәртiбiн айқындайды;
      17) экономикалық қызметтiң әрқилы түрдегi ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын қарайды және келiседi;
      18) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн айқындайды;
      19) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шектi нормаларын айқындайды;
      20) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруiнiң және жылжытуының шектi нормаларын айқындайды;
      21) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, жұмыстардың тiзбесiн айқындайды;
      22) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi және тәуекелдi бағалауды ұйымдастырады;
      23) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттау тәртiбiн белгiлейдi;
      24) Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi туралы үлгiлiк ереженi бекiтедi.
      17-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның  аумақтық бөлiмшелерiнiң еңбек қатынастарын    реттеу саласындағы құзыретi
      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыс берушiлер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингiн жүзеге асырады;
      3) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiптiк аурулардың, кәсiптiк уланулардың себептерiне талдау жүргiзедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      4) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексередi;
      5) басшы қызметкерлердiң және жұмыс берушiлерде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың бiлiмiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ережелерге сәйкес тексерудi жүргiзедi;
      6) өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi қабылдау комиссиясының құрамына қатысады; 
      7) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерiмен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
      8) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлердiң және олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарайды. 
      18-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
      Жергiлiктi атқарушы органдар:      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмысшы күшiн тартуға рұқсат бередi;      2) жергiлiктi өкiлдi органның келiсiмiмен ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн айқындайды;
      3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;      4) халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететiн ұйымдар) ереуiл өткiзудi келiседi;
      5) жұмыс берушiлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен және қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiмен өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер жасайды;
      6) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбек нормаларын және еңбегiне ақы төлеу жүйесiнiң параметрлерiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қарайды және келiседi;
      7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi.
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ СУБЪЕКТIЛЕРI. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТУЫНДАУ НЕГIЗДЕРI
      19-бап. Еңбек қатынастарының субъектiлерi
      1. Қызметкер мен жұмыс берушi еңбек қатынастарының субъектiлерi болып табылады.
      Шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң басшысы осы заңды тұлға атынан жұмыс берушiнiң барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық мiндеттерiн орындайды.
      2. Жеке және заңды тұлғалар нормативтiк құқықтық актiлер, сот шешiмдерi, сондай-ақ құрылтай құжаттары не сенiмхат негiзiнде өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде қызметкерлердiң немесе жұмыс берушiнiң мүдделерiн бiлдiредi.
      20-бап. Еңбек қатынастарының туындау негiздерi
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында осы Кодекске сәйкес жасалған еңбек шартының негiзiнде туындайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс берушiнiң актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен еңбек шартын жасау алдында:      1) лауазымға сайлану (сайлау);      2) тиiстi лауазымға орналасуға конкурс бойынша сайлану;      3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекiту;      4) заңда уәкiлеттiк берiлген органдардың белгiленген квота есебiне жұмысқа жiберуi;      5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешiмiн шығару рәсiмдерi болуы мүмкiн.
      21-бап. Белгiленген квота есебiне жiберiлген азаматтармен еңбек шартын жасасу
      1. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi.
      2. Жұмысқа орналасу үшiн жiберiлген адамдардың бiлiктiлiгi жұмыс берушiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушiлер белгiленген квота шегiнде олармен еңбек шартын жасасады.
      22-бап. Қызметкердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
      1. Қызметкердiң:      1) осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
      2) жұмыс берушiден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;      3) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;
      4) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы толық және дәйектi ақпарат алуға;      5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуiне;      6) бос тұрып қалу үшiн осы Кодекске сәйкес ақы алуға;      7) тынығуға, оның iшiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берiлуi мен оларды қорғау үшiн, кәсiподақ немесе басқа да бiрлестiктер құру, сондай-ақ оларға мүшелiк құқығын қоса алғанда, бiрiгуге;      9) өзiнiң өкiлдерi арқылы ұжымдық келiссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзiрлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;      10) осы Кодексте көзделген тәртiппен кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға;
      11) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты денсаулығына келтiрiлген зиянды өтетуге;      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға;      13) кепiлдiктерге және өтемақы төлемдерiне;      14) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға;      15) бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға;      16) еңбек дауын шешу үшiн таңдауы бойынша келiсiм комиссиясына, сотқа жүгiнуге;      17) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
      18) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық  шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге;      19) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде, бұл туралы тiкелей басшы немесе жұмыс берушiнiң өкiлiн хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
      20) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмеуi себептi ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;      21) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне өзiнiң жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайларын тексеру туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеру мен қарауға өкiлдiкпен қатысуға;
      22) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;    
  23) бiлiктiлiгiне, еңбектiң күрделiлiгiне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегiне ақы төленуiне;
      24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;
      25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен, ереуiлге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.      2. Қызметкер:
      1) еңбек мiндеттерiн еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес орындауға;      2) еңбек тәртiбiн сақтауға;
      3) жұмыс орнында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi ен өндiрiстiк санитария жөнiндегi талаптарды сақтауға;      4) жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң мүлкiне ұқыпты қарауға;      5) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жұмыс берушi мен қызметкерлер мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушiге хабарлауға;      6) еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
      7) жұмыс берушiге келтiрiлген зиянды осы Кодексте белгiленген шектерде өтеуге мiндеттi.      3. Қызметкердiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де мiндеттердi атқарады.
      23-бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
      1. Жұмыс берушiнiң:      1) жұмысқа қабылдау кезiнде таңдау еркiндiгiне;
      2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртiппен және негiздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
      3) өз өкiлеттiгi шегiнде жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға құқығы бар.
      Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты актiлер шығару осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;      4) өз құқықтары мен мүдделерiне өкiлдiк ету және оларды қорғау мақсатында бiрлестiктер құруға және оларға кiруге;
      5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң орындалуын талап етуге;      6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық жауапкершiлiкке тартуға;
      7) еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң келтiрген зиянын өтетуге;
      8) еңбек саласындағы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге;      9) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге;
      10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертiлген болса, қызметкердi оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.
      2. Жұмыс берушi:      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздерi шығарған актiлердiң талаптарын сақтауға;      2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
      3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi  бақылауды жүзеге асыруға;
      4) қызметкерге еңбек шартында келiсiлген жұмысты беруге;
      5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
      6) қызметкердi жұмыс берушiнiң актiлерiмен және ұжымдық шартпен таныстыруға;
      7) қызметкерлердiң өкiлдерiне ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшiн қажеттi толық және дәйектi ақпарат беруге;      8) қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұжымдық шарт жасасуға;      9) қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;      10) қызметкерлердi жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi өзге де құралдармен өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;
      11) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
      12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердiң және өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жұмысты тоқтата тұруға;
      13) қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыруға;
      14) қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
      15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
      16) қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердiң сақталуын және мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;
      17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыс жағдайлары мен кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы ескертуге;
      18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауiп-қатердi болғызбау жөнiнде шаралар қабылдауға, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргiзуге;
      19) жұмыс уақытының, оның iшiнде әрбiр қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебiн жүргiзуге;
      20) қызметкерлердiң кәсiби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуiн және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;
      21) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;
      22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайы және еңбектi қорғаудың жай-күйiн және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиға мен кәсiптiк ауруларды тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
      23) жұмысқа қабылдау кезiнде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшiн қажеттi құжаттарды талап етуге мiндеттi.
      3. Жұмыс берушiнiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де мiндеттердi атқарады.
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
2-БӨЛIМ. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ
 4-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ
      24-бап. Еңбек шартының нысанасы
      Еңбек шарты бойынша қызметкер сыйақы үшiн тиiстi бiлiктiлiгi бойынша жұмысты (еңбек функциясын) атқарады және еңбек тәртiптемесiн сақтайды, ал жұмыс берушi еңбек жағдайларын қамтамасыз етедi, қызметкерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта, тараптардың келiсiмiнде көзделген жалақыны уақтылы және толық көлемiнде төлейдi және өзге де төлемдердi жүзеге асырады.
      25-бап. Еңбек шартын жасасу кезiндегi құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң кепiлдiктерi
      1. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiн бұзуға тыйым салынады.      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктiлiк, үш жасқа дейiнгi балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектiк еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды.
      Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген адамдар санатының талабы бойынша жұмыс берушi бас тарту себебiн жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
      3. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
      26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер
      Еңбек шартын:      1) медициналық қорытынды негiзiнде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетiн жұмысты орындауға;
      2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкi мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкердiң толық материалдық жауапкершiлiгi көзделетiн лауазымдар мен жұмыстарға, он сегiз жасқа толмаған азаматтармен;      3) соттың заңды күшiне енген үкiмiне сәйкес белгiлi бiр лауазымға тұру немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;      4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берiлмейдi.
      27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерiнен ерекшелiгi
      Еңбек шартында мына талаптардың бiреуiнiң болуы:
      1) қызметкердiң жұмысты (еңбек функциясын) белгiлi бiр бiлiктiлiк, мамандық, кәсiп немесе лауазым бойынша орындауы; 
      2) мiндеттемелердiң еңбек тәртiптемесiне бағына отырып жеке орындалуы;
      3) қызметкердiң еңбегi үшiн жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерiнен ерекшелiгi болып табылады.
      28-бап. Еңбек шартының мазмұны
      1. Еңбек шартында:      1) тараптардың деректемелерi:
      жұмыс берушi-жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрақты тұратын мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;      жұмыс берушi-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерi, жұмыс берушi-заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;      қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, жеке сәйкестендiру нөмiрi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды;
      2) белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);      3) жұмыстың атқарылатын орны;      4) еңбек шартының мерзiмi;      5) жұмыстың басталу күнi;      6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi;      7) еңбекке ақы төлеу мөлшерi мен өзге де шарттары;      8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепiлдiктер мен жеңiлдiктер;      9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;      10) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;      11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртiбi;      12) кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi, оларды төлеу тәртiбi;      13) сақтандыру жөнiндегi талаптар;      14) тараптардың жауапкершiлiгi;      15) жасалу күнi мен реттiк нөмiрi болуға тиiс.
      2. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердiң жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелерi жарамсыз деп танылады.
      29-бап. Еңбек шартының мерзiмi
      1. Еңбек шарты:      1) белгiленбеген мерзiмге;
      2) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      Бұрын бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның iшiнде еңбек шартының мерзiмi ұзартылған кезде, ол белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi.      Еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалған қызметкерлер үшiн көзделген кепiлдiктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгiлi бiр мерзiмге жасауға тыйым салынады. 
      Егер еңбек шартының қолданылу мерзiмi аяқталған кезде тараптардың бiрде-бiрi тәулiк iшiнде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi;      3) белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына;      4) жұмыста уақытша болмаған қызметкердi ауыстыру уақытына;      5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкiн.
      2. Жұмыс берушi-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушiнiң құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-тармағында белгiленген ережелер қолданылмайды.
      3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, онда шарт белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
      30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мөлшерi
      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берiледi.
      2. Ата-анасының бiреуiнiң, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келiсiмiмен:      1) орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;
      2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн, он төрт жасқа толған оқушылармен;
      3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершiлiк тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.      3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының бiреуi, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиiс.
      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажеттi құжаттар
      1. Еңбек шартын жасау үшiн мынадай құжаттар:
      1) жеке басының куәлiгi немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн тууы туралы куәлiгi);      2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн);      3) тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұмысқа еңбек шартын жасасу кезiнде бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi немесе кәсiптiк даярлығының болуы туралы құжат;
      4) еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшiн);      5) әскери есеп құжаты (әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшiн);      6) алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге мiндеттi адамдар үшiн);      7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктердiң көшiрмелерi қажет.
      2. Жұмыс берушi осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.
      3. Қызметкердiң келiсiмiмен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушiде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген рәсiмдердi орындау үшiн уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс берушi қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша мiндеттеме бередi.
      32-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртiбi
      1. Еңбек шарты жазбаша нысанда кемiнде екi дана етiп жасалады және оған тараптардың қолдары қойылады. Еңбек шарты бiр-бiр данадан қызметкер мен жұмыс берушiде сақталады. Қызметкердiң еңбек шартының бiр данасын алуы жазбаша нысанда расталады.
      2. Еңбек шартына, оның iшiнде басқа жұмысқа ауыстыру кезiнде, өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi тараптар осы баптың 1-тармағында көзделген тәртiппен жазбаша нысанда жүзеге асырады.
      Еңбек шартының талаптарын өзгерту туралы ұсынысты еңбек шарты тараптарының бiрi жазбаша нысанда бередi және екiншi тарап оны берiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарайды.
      3. Ұйымның атқарушы органының лауазымды адамдарымен еңбек шартын ұйым мүлкiнiң меншiк иесi не ол уәкiлеттiк берген адам немесе орган ұйымның құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiппен жасайды.
      33-бап. Жұмысқа қабылдауды ресiмдеу
      1. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негiзiнде шығарылатын жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
      2. Жұмыс берушi үш күн мерзiмде қызметкердi актiмен таныстыруға мiндеттi. Жұмыс берушiнiң актiсiмен танысқаны қызметкердiң қол қоюымен куәландырылады.
      3. Қызметкердiң талап етуi бойынша жұмыс берушi оған актiнiң тиiсiнше расталған көшiрмесiн беруге мiндеттi.
      Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс берушi қызметкердi ұйымдағы iшкi еңбек тәртiптемесi ережелерiмен, жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар өзге де актiлерiмен, ұжымдық шартпен таныстыруға мiндеттi.
      34-бап. Қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттар
      Мына құжаттардың кез келгенi:
      1) еңбек кiтапшасы;      2) тоқтату күнi мен оны тоқтатудың негiзi туралы жұмыс берушiнiң белгiсi бар еңбек шарты;
      3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негiзiнде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушi актiлерiнен үзiндi көшiрмелер;      4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзiндi көшiрмелер;      5) жұмыс берушiнiң қолы қойылған, ұйымның мөрiмен расталған не нотариат растаған қызмет ету тiзiмi (қызметкердiң жұмысы, еңбек қызметi туралы мәлiметтер тiзбесi);      6) қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтер қамтылған мұрағаттық анықтама қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжат болып табылады.
      35-бап. Еңбек кiтапшасы
      1. Еңбек кiтапшасы қызметкердiң еңбек қызметi туралы мәлiметтердi қамтитын құжат болып табылады.      2. Еңбек кiтапшаларының нысанын, оны жүргiзу және сақтау тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      3. Жұмыс берушi қызметкердiң еңбек кiтапшасына (ол бар болған кезде) ұйымдағы еңбек қызметi туралы тиiстi жазбалар енгiзуге мiндеттi.
      4. Еңбек кiтапшасына еңбек шартын тоқтатудың себептерi туралы жазбалар осы Кодекстiң нормаларын көрсете отырып жүргiзiлуге тиiс.
      36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзiмi туралы талап 
      1. Еңбек шартында қызметкердiң тапсырылатын жұмысқа бiлiктiлiгiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ мерзiмi туралы талап белгiленуi мүмкiн. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзiмiнсiз қабылданды деп есептеледi.      2. Сынақ мерзiмi еңбек шарты күшiне енген кезден басталады.      3. Сынақ мерзiмi кезеңiнде қызметкерлерге осы Кодекстiң нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.
      4. Сынақ мерзiмi қызметкердiң жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиiс. Қызметкер жұмыста iс жүзiнде болмаған кезең сынақ мерзiмiне есептелмейдi.
      5. Жұмысқа қабылдау кезiнде:      тиiстi лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға;
      орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымын бiтiрген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кiретiн адамдарға;      мүгедектерге сынақ мерзiмi белгiленбейдi.      Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      37-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегi сынақ нәтижесi
      1. Сынақ мерзiмi кезеңiнде қызметкердiң жұмысы терiс нәтиже берсе, жұмыс берушi сынақ мерзiмi аяқталуына күнтiзбелiк жетi күн қалғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ескертiп, бұл қызметкердi сынақ мерзiмiнен өте алмады деп тануға негiз болған себептердi көрсете отырып, онымен еңбек шартын бұзуға құқылы.      2. Егер сынақ мерзiмi аяқталса және тараптардың ешқайсысы еңбек шартының бұзылуын талап етпесе, онда қызметкер сынақтан өткен болып есептеледi.      3. Жұмыс берушi сынақ мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметкердi одан жоғары лауазымға тағайындаған жағдайда да қызметкер сынақтан өткен болып есептеледi.
      38-бап. Еңбек шарты қолданылуының басталуы
      1. Еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгiленген күннен басталады.      2. Қызметкердi жұмысқа нақты жiберу еңбек шартына тараптардың қолы қойылғаннан кейiн ғана жүзеге асырылады.
      3. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиiстi үлгiде ресiмделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары қызметкер жұмысқа кiрiскен күннен бастап туындады деп есептеледi.
      39-бап. Еңбек шартының жарамсыздығы
      1. Еңбек шарты:      1) алдау, күш көрсету, қауiп төндiру арқылы ықпал етiп;
      2) нақты немесе заңды салдар туғызу ниетiнсiз (жалған еңбек шарты);   
   3) әрекетке қабiлетсiз деп танылған адаммен;
      4) осы Кодекстiң 30-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адаммен;
      5) ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршысының, асырап алушысының келiсiмiнсiз, он алты жасқа толмаған адаммен жасалған жағдайларда, сот оны жарамсыз деп таниды.      2. Еңбек шартының жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жарамсыз деп танылуы бұрынғы қызметкердiң еңбегiне ақы алу, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемiн, өзге де төлемдер мен жеңiлдiктер алу құқығынан айрылуына әкеп соқпайды.
      3. Еңбек шартының жұмыс берушiнiң немесе қызметкердiң кiнәсiнен жарамсыз деп танылуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылығына әкеп соғады.      4. Еңбек шартының жекелеген талаптарының жарамсыз деп танылуы еңбек шартының тұтастай жарамсыздығына әкеп соқпайды. 
      40-бап. Еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты орындауға тыйым салу
      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушi қызметкерден еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес.
      41-бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру
      1. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру деп:      1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруi, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсiп, бiлiктiлiк бойынша орындау;      2) орындау кезiнде еңбек шартында келiсiлген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшерi, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жеңiлдiктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретiн жұмысты тапсыру;      3) жұмыс берушiнiң оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiне ауыстыру;     4) жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру есептеледi.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердiң келiсiмiмен жол берiледi, ол еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзумен және жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
      3. Қызметкердi сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшесiне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс iстеудi тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген өзгерiстерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердiң келiсiмiн алу талап етiлмейдi.
      42-бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ мерзiмi көзделмесе, жұмыс берушi жұмыс берушiнiң басқа жерге көшетiнi туралы қызметкерге кемiнде бiр ай бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi.
      2. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған жағдайда, жұмыс берушi қызметкердiң көшуiне байланысты осы Кодекстiң 153-бабында көзделген өтемақы төлемдерiн жасайды.
      3. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негiз бойынша тоқтатылады.
      43-бап. Өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      Өндiрiстiк қажеттiлiк болған, оның iшiнде жоқ қызметкердi уақытша алмастырған жағдайда, жұмыс берушiнiң қызметкердi оның келiсiмiнсiз күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр айға дейiнгi мерзiмге, орындалатын жұмыс бойынша еңбегiне ақы төлеп, бiрақ бұрынғы жұмысындағы орташа жалақысынан кем емес жалақымен, еңбек шартында келiсiлмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтiн сол ұйымдағы, сол жердегi басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
       44-бап. Бос тұрып қалу жағдайында басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      1. Жұмыс берушiнiң бос тұрып қалу жағдайында қызметкердiң мамандығын, бiлiктiлiгiн ескере отырып, оның келiсiмiнсiз, күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр айдан аспайтын мерзiмге, оны денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтiн басқа жұмысқа ауыстыруға құқығы бар.
      2. Бос тұрып қалу жағдайындағы ауыстыру кезiнде қызметкердiң еңбегiне ақы төлеу орындалатын жұмыс бойынша, бiрақ оның бұрынғы жұмысындағы орташа айлық жалақысының кемiнде үштен екiсi мөлшерiнде жүргiзiледi. 
      Еңбек жағдайының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiздер бойынша тоқтатылады.
      45-бап. Денсаулық жағдайы бойынша басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      1. Қызметкер денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындыда көрсетiлген мерзiмге неғұрлым жеңiл жұмысқа уақытша ауыстырылады. Тараптардың келiсiмiмен қызметкердiң бұрынғы жұмысы бойынша жалақысы сақталуы мүмкiн.
      2. Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуiне байланысты еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына келгенше немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн жұмыс берушi қызметкердi анағұрлым жеңiл жұмысқа ауыстыруға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, сондай-ақ еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес залалдың өтемiн төлей отырып, оны жұмыстан босатуға мiндеттi.
      3. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өндiрiстiк жарақат алған, кәсiптiк ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндiрiске байланысты емес өзге де зақым келген кезде басқа жұмысқа ауысудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген негiз бойынша тоқтатылады.
      46-бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыруды шектеу
      Қызметкердiң денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен расталған қайшылықтар болған кезде, оны басқа жұмысқа ауыстыруға жол берiлмейдi.
      47-бап. Қызметкердi басқа жұмыс орнына ауыстыру. 
              Лауазым (жұмыс) атауының өзгеруi
      1. Құрылымдық бөлiмшедегi, белгiлi бiр жұмыс орнындағы, механизмдегi немесе агрегаттағы жұмыстың өзгеше еңбек жағдайлары болуын қоспағанда, қызметкердi басқа жұмыс орнына не сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшеге ауыстыруға, не оған еңбек шартында келiсiлген лауазым, мамандық, кәсiп, бiлiктiлiк шегiнде басқа механизмдегi немесе агрегаттағы жұмысты тапсыруға қызметкердiң келiсiмi талап етiлмейдi.
      2. Қызметкер үшiн еңбек жағдайларын және (немесе) еңбек шартын өзгертуге әкеп соқпайтын қызметкер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлiмшенiң атауын өзгертудi, басқару құрылымын өзгертудi жұмыс берушi қызметкердiң келiсiмiнсiз жүзеге асыра алады.
      48-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруi
      1. Өндiрiстi ұйымдастырудағы, соның iшiнде қайта ұйымдастыру кезiндегi өзгерiстерге және (немесе) жұмыс берушiнiң жұмыс көлемiнiң қысқаруына байланысты, қызметкер еңбек шартында келiсiлген тиiстi бiлiктiлiктегi лауазым, мамандық немесе кәсiп бойынша жұмысын жалғастырған кезде, оның еңбек жағдайларын өзгертуге жол берiледi. 
      Еңбек жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына және (немесе) ұжымдық шартқа тиiстi толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiледi.
      2. Егер еңбек шарты мен ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ мерзiмi көзделмесе, жұмыс берушi қызметкерге және (немесе) оның өкiлдерiне еңбек жағдайларының өзгеруi туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.
      Егер қызметкер жұмысты жаңа жағдайда жалғастыруға келiспесе, онда жұмыс берушi - бар болса, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен денсаулық жағдайына сәйкес келетiн өзге жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаса, қызметкердiң бiлiктiлiгi мен денсаулық жағдайы ескерiлiп, ол орындай алатын, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмысты жазбаша нысанда ұсынуға мiндеттi.
      3. Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда, қызметкермен еңбек шарты осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша тоқтатылады.
      4. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайлар қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкiн болса, жұмыс берушiнiң жұмыс орындарын сақтау мақсатында, қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып, толық емес жұмыс уақыты режимiн енгiзуге құқығы бар.
      Жұмыс берушi қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкiн толық емес жұмыс уақыты режимiн тоқтатуды қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрiн ескере отырып жүргiзедi.
      49-бап. Жұмыс берушiнiң атауы, ведомстволық тиесiлiгi  өзгерген, мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан немесе  жұмыс берушi қайта құрылған кездегi еңбек қатынастары
      Жұмыс берушiнiң атауы, ведомстволық тиесiлiгi өзгерген, мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан немесе жұмыс берушi қайта құрылған жағдайларда қызметкерлермен еңбек қатынастары өзгерiссiз жалғаса бередi.
      50-бап. Жұмыстан шеттету
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жұмыс берушi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың актiлерi негiзiнде қызметкердi жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
      2. Жұмыс берушi осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа:
      1) жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған немесе жұмыс күнi iшiнде осындай масаңдық туғызатын заттарды пайдаланған;      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау ережелерi бойынша емтихан тапсырмаған;      3) жұмыс берушi берген жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарын пайдаланбаған;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi болып табылатын болса, медициналық тексеруден не ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтпеген;    
  5) егер оның iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi авариялық ахуал туғызуға, еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi ережелерiнiң не көлiктегi қозғалыс қауiпсiздiгiнiң бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн болса, қызметкердi жұмыстан шеттетуге мiндеттi.
      3. Жұмыстан шеттету кезеңiнде қызметкердiң жалақысы сақталмайды және еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жәрдемақы төленбейдi.      4. Қызметкердi жұмыстан шеттету оны шеттету үшiн негiз болған себептер анықталғанға және (немесе) жойылғанға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады.
      5. Жұмыс берушi қызметкердi жұмыстан заңсыз шеттеткен жағдайда оның жалақысы сақталады.      Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      51-бап. Еңбек шартын тоқтату негiздерi
      Мыналар:      1) тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартын бұзу;      2) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы;      3) жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;      4) қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;      5) тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар;      6) қызметкердiң еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы;     7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуы немесе еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкiндiгiн болғызбайтын лауазымға тағайындалуы;      8) еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы;      9) жұмыс берушiнiң атқарушы органы басшысымен жасалған еңбек шартында көзделген негiздер еңбек шартын тоқтату негiздерi болып табылады.
      52-бап. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартын бұзу
      1. Еңбек шарты тараптардың келiсiмi бойынша бұзылуы мүмкiн.
      2. Еңбек шартын тараптардың келiсiмi бойынша бұзуға тiлек бiлдiрушi еңбек шартының бiр тарапы екiншi тарапына хабарлама жiбередi. Хабарлама алған тарап үш жұмыс күнi iшiнде екiншi тарапқа қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi.
      3. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартының бұзылу күнi қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсу бойынша айқындалады.
      4. Еңбек шартында қызметкермен келiсiм бойынша, жұмыс берушiнiң қызметкерге бiр жылғы орташа жалақысынан кем емес мөлшерде өтемақы төлей отырып, осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптарды сақтамай-ақ еңбек шартын бұзу құқығы көзделедi.
      53-бап. Мерзiмiнiң аяқталуына байланысты еңбек шартын тоқтату
      1. Белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты, мерзiмiнiң аяқталуына байланысты тоқтатылады.      2. Еңбек шартында келiсiлген мерзiмге сәйкес, қызметкердiң соңғы жұмыс күнi белгiлi бiр мерзiмге жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табылады.
      3. Жұмыстың аяқталған күнi белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табылады.
      4. Жұмыс орны (лауазымы) сақталған қызметкердiң жұмысқа шыққан күнi уақытша болмаған қызметкердiң орнын ауыстыру уақытына жасалған еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталар күнi болып табылады. 
      5. Егер еңбек шартының мерзiмi аяқталғанда еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғасып, тараптардың ешқайсысы оның тоқтатылуын талап етпесе, шарттың қолданылуы белгiленбеген мерзiмге ұзартылды деп есептеледi.
      54-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негiздерi
      1. Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша:
      1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлғаның қызметi тоқтатылған;      2) қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған;
      3) бiлiктiлiгiнiң жетiспеуi салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 
      4) өзiнiң жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергi келтiруi салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген;      5) сынақ мерзiмi кезеңiнде жұмыс нәтижесi дұрыс болмаған;
      6) қызметкер бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған;
      7) қызметкер жұмыста алкогольдiк, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның iшiнде жұмыс күнi iшiнде алкогольдiк, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған;
      8) қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкiн, еңбектi қорғау немесе өрт қауiпсiздiгi не көлiктегi жүру қауiпсiздiгi ережелерiн бұзған;
      9) қызметкердiң жұмыс орнында басқаның мүлкiн ұрлау (оның iшiнде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдiру әрекетi заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен анықталған;
      10) ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететiн қызметкердiң кiнәлi әрекеттер жасауы немесе әрекетсiздiгi, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсiздiк жұмыс берушiнiң тарапынан оған деген сенiмнiң жоғалуына негiз болса;      11) тәрбиелiк функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершiлiкке жат қылықтар жасаған;
      12) қызметкер еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне мәлiм болған мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткен;      13) егер тәртiптiк жазасы бар қызметкер еңбек мiндеттерiн дәлелдi себепсiз қайталап орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған;
      14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда қызметкердiң мемлекеттiк құпияларға жiберiлу рұқсаты тоқтатылған;
      15) еңбек шартын жасасу кезiнде түпнұсқа құжаттар немесе мәлiметтер еңбек шартын жасасудан бас тартуға негiз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушiге көрiнеу жалған құжаттар немесе мәлiметтер ұсынған;
      16) жұмыс берушiнiң атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс берушi бөлiмшесi басшысының еңбек мiндеттерiн бұзуы жұмыс берушiге материалдық залал келтiруге әкеп соққан;
      17) қызметкер жүктiлiгi және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн еңбекке қабiлетсiздiктiң анағұрлым ұзақ мерзiмi белгiленген аурулар тiзбесiне енгiзiлген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi салдарынан қатарынан екi айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.      Өндiрiстiк жарақат алуына немесе кәсiптiк ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабiлеттiлiгiнен айрылған қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабiлеттiлiгi қалпына келгенге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн сақталады;      18) қызметкер сот актiсiне сәйкес одан әрi жұмыс iстеу мүмкiндiгiн жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкiн.
      2. Осы Кодексте қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзудың қосымша негiздерi көзделген.
      55-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу мүмкiндiктерiн шектеу
      Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiздiк кезеңiнде және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында жүрген кезеңiнде еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға жол берiлмейдi.
      56-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу тәртiбi
      1. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудiң анағұрлым ұзақ мерзiмi белгiленбесе, жұмыс берушi осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бiр ай бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен еңбек шартын бұзу ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн жүргiзiлуi мүмкiн.      2. Кәсiптiк одақтың мүшесi болып табылатын қызметкерлермен осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын бұзу, сондай-ақ осы Кодекстiң 59-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тоқтату ұжымдық шартта көзделген тәртiппен, осы ұйымның кәсiптiк одағы органының дәлелдi пiкiрiн ескере отырып жүргiзiледi.
      3. Осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес еңбек шартын бұзу үшiн қызметкердiң осы жұмысты жалғастыруына кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысымен расталған болуға тиiс. 
      4. Еңбек шартын осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 6) - 13) және 16) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзу осы Кодекстiң 73-бабында көзделген тәртiптiк жазалар қолдану тәртiбi және 74-бабының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi.      5. Еңбек шарты осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылған кезде, қызметкер келiскен жағдайда жұмыс берушi оны басқа жұмысқа ауыстыру шараларын қабылдауға тиiс.
      6. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, қызметкер бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегендiктен, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу аттестациялық комиссияның шешiмiне негiзделуге тиiс, оның құрамына қызметкерлер өкiлi қатысуға тиiс.
      Қызметкерлердi аттестаттау тәртiбi, талаптары мен кезеңдiлiгi ұжымдық шартта, ал ол жоқ болған жағдайда жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.
      57-бап. Қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
      1. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушiге кемiнде бiр ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзiнiң бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
      2. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылуы мүмкiн.
      3. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкiндiгiнiң болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтiнiште көрсетiлген мерзiмде бұзу туралы жұмыс берушiге жазбаша ескертедi.
      4. Қызметкер жұмыс берушiнiң еңбек шарты талаптарын орындамағаны туралы оған жазбаша хабарлауға құқылы. Егер жетi күн мерзiм өткен соң жұмыс берушiнiң еңбек шарты талаптарын орындамауы жалғасқан жағдайда, қызметкер үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жұмыс берушiге жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын бұзуға құқылы.
      5. Қызметкер осы бапта көзделген ескерту мерзiмi iшiнде еңбек шартын бұзу туралы өтiнiшiн жазбаша нысанда қайтарып алуға құқылы.
      6. Осы бапта көрсетiлген ескерту мерзiмi өткен соң қызметкер жұмысты тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi қызметкерге еңбек қызметiне байланысты құжаттар мен оған тиесiлi ақшалай төлемдердi беруге мiндеттi.
      7. Осы Кодексте қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек шартын қызметкердiң бастамасы бойынша бұзудың ерекше тәртiбi көзделедi.
      58-бап. Тараптардың еркiнен тыс мән-жайлар бойынша еңбек шартын тоқтату
      1. Еңбек шарты тараптардың еркiнен тыс мына мән-жайлар бойынша:
      1) қызметкер әскери қызметке шақырылған (кiрген) кезде қызметкер тиiстi құжатты ұсынған күннен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей;
      2) қызметкер не жұмыс берушi-жеке тұлға еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкiндiгiн болғызбайтын жазамен сотталған сот үкiмi заңды күшiне енген кезде;
      3) қызметкер не жұмыс берушi-жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ сот қызметкердi не жұмыс берушi - жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялаған немесе хабарсыз кеттi деп таныған жағдайда;
      4) сот қызметкердi әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған, соның салдарынан қызметкердiң бұрынғы жұмысын жалғастыруға мүмкiндiгi болмайтын жағдайда;
      5) бұрын осы жұмысты атқарған қызметкер жұмысына қайта алынған жағдайда тоқтатылуға тиiс. 
      2. Сот үкiмiнiң, шешiмiнiң заңды күшiне енген күнi немесе қызметкердiң қайтыс болған күнi осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша еңбек шартының тоқтатылған күнi болып табылады.
      59-бап. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде еңбек шартын тоқтату
      1. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартқан кезде қызметкермен еңбек шарты:      1) қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысудан бас тартқан;      2) еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан;
      3) жұмыс берушi - заңды тұлға қайта құрылған кезде қызметкер жұмысты жалғастырудан бас тартқан;      4) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты өндiрiстiк жарақат алған, кәсiптiк ауруға шалдыққан немесе денсаулығына өндiрiске байланысты емес өзге де зақым келген кезде қызметкер басқа жұмысқа ауысудан бас тартқан жағдайларда тоқтатылуға жатады.
      2. Қызметкер еңбек қатынастарын жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол берiледi. 
      3. Қызметкердiң уақытша еңбекке қабiлетсiз болуы (оның iшiнде жүктiлiгi және босануы бойынша) және демалысы кезеңiнде еңбек шартын тоқтатуға жол берiлмейдi. 
      60-бап. Қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе оның лауазымға тағайындалуына байланысты еңбек шартын бұзу
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында осындай лауазымдарды атқаратын адамдарға ақы төленетiн өзге лауазымдарда iстеуге тыйым салу белгiленген болса, қызметкердiң сайланбалы жұмысқа (лауазымға) ауысуына немесе лауазымға тағайындалуына байланысты онымен еңбек шарты бұзылады.
      Қызметкердiң жұмыс берушiнi хабардар етуi және қызметкердiң жұмысқа (лауазымға) сайлану немесе тағайындалу актiсi негiз болып табылады.
      61-бап. Еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шартын тоқтату
      1. Егер еңбек шартын жасасу талаптарын бұзу еңбек қатынастарын жалғастыру мүмкiндiгiн болғызбаса: 
      1) медициналық қорытынды негiзiнде қызметкердiң денсаулық жағдайына қайшы келетiн жұмысты атқаруға еңбек шарты жасалған;
      2) адамды белгiлi бiр лауазымдарды немесе белгiлi бiр қызметтi атқару құқығынан айырған заңды күшiне енген сот үкiмiн немесе шешiмiн бұза отырып жұмысты орындауға еңбек шарты жасалған;
      3) белгiленген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алмай немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, шетелдiк азаматтармен және азаматтығы жоқ адамдармен еңбек шарты жасалған;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда еңбек шартын жасасу талаптарының бұзылуы салдарынан еңбек шарты тоқтатылуға тиiс.
      2. Егер қызметкердi оның келiсiмiмен жұмыс берушiде бар басқа, орындау үшiн қызметкерге шектеу қойылмайтын жұмысқа ауыстыру мүмкiндiгi болмаса, осы баптың 1-тармағының 1) - 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша еңбек шартын тоқтатуға жол берiледi. Қызметкер басқа жұмысқа ауысуға келiсiм берген кезде, онымен еңбек шарты жасалады. 
      3. Еңбек шарты осы баптың 1-тармағының 1), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда тоқтатылған кезде, жұмыс берушi қызметкерге үш айдағы орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.
      62-бап. Еңбек шартының тоқтатылуын ресiмдеу
      1. Жұмыс берушi - жеке тұлға қайтыс болған (сот қайтыс болды деп хабарлаған немесе хабарсыз кеттi деп таныған) жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын және үй қызметкерлерiмен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
      2. Жұмыс берушiнiң актiсiнде осы Кодекске сәйкес еңбек шартын тоқтатудың негiзi көрсетiлуге тиiс.
      3. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыстың соңғы күнi еңбек шартының тоқтатылған күнi болып табылады.
      4. Жұмыс берушiнiң еңбек шартын тоқтату туралы актiсiнiң көшiрмесi үш күн мерзiмде қызметкерге тапсырылады не оған хабарламалы хатпен жiберiледi.
      63-бап. Еңбек кiтапшасын және еңбек қызметiне  байланысты құжаттарды беру
      1. Жұмыс берушi еңбек шарты тоқтатылған күнi қызметкерге еңбек кiтапшасын немесе қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын өзге де құжатты беруге мiндеттi.      2. Жұмыс берушi қызметкердiң (оның iшiнде бұрынғы қызметкердiң) талап етуi бойынша өтiнiш берiлген кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде оның мамандығын (бiлiктiлiгiн, лауазымын), жұмыс iстеген уақытын және жалақы мөлшерiн көрсете отырып, анықтаманы, қызметкердiң бiлiктiлiгi және оның жұмысқа көзқарасы туралы мәлiметтердi қамтитын мiнездеме-ұсынымды, сондай-ақ осы Кодексте көзделген басқа да құжаттарды беруге мiндеттi.
      3. Жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған, банкроттыққа ұшыраған, жұмыс берушi - жеке тұлға қызметiн тоқтатқан кезде жұмыс берушi, қызметкердiң алдында берешегi болса, жалақы және өзге де төлемдер бойынша жинақталған берешектiң мөлшерi туралы тиiстi түрде ресiмделген анықтама беруге мiндеттi.

 5-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРДIҢ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРIН ҚОРҒАУ
      64-бап. Қызметкердiң жеке деректерi, оларды өңдеу
      Қызметкердiң жеке деректерi - еңбек қатынастары туындаған, жалғасқан және тоқтатылған кезде қажет болатын қызметкер туралы ақпарат.
      Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеу - қызметкердiң жеке деректерiн алу, сақтау, беру.
      65-бап. Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеуге қойылатын талаптар
      Қызметкердiң жеке деректерiн өңдеу кезiнде жұмыс берушi мынадай талаптарды сақтауға мiндеттi:      1) қызметкердiң жеке деректерiн өңдеу заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз ету, қызметкердiң жұмысқа орналасуына, оқуына және қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердiң жеке қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады;      2) қызметкердiң өңделетiн жеке деректерiнiң көлемi мен мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес айқындалады;
      3) қызметкердiң жеке деректерiн оның өзi табыс етедi;      4) жұмыс берушiнiң қызметкерден оның саяси, дiни және өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ
      5) жұмыс берушiнiң қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кәсiптiк одақтарға мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпарат талап етуге құқығы жоқ      6) жұмыс берушiнiң қызметкердiң мүдделерiне қатысты шешiмдер қабылдаған кезде қызметкердiң автоматтандырылған өңдеу немесе электрондық алу нәтижесiнде алынған жеке деректерiн негiзге алуға құқығы жоқ      7) жұмыс берушi қызметкердiң жеке деректерiн қорғауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етедi.
      66-бап. Қызметкердiң жеке деректерiн сақтау
      Жұмыс берушi ұйымдағы қызметкердiң жеке деректерiн сақтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтай отырып белгiлейдi.      Қызметкердiң жеке деректерiн сақтау тәртiбiн белгiлейтiн жұмыс берушiнiң актiлерiмен қызметкер таныстырылуға тиiс. 
      67-бап. Қызметкердiң жеке деректерiн беру
      1. Қызметкердiң жеке деректерiн беру кезiнде жұмыс берушi мынадай талаптарды сақтауға:      1) қызметкердiң жазбаша келiсiмiнсiз оның жеке деректерiн үшiншi тарапқа хабарламауға;      2) арнайы уәкiлеттiк берiлген адамдарға ғана қызметкердiң жеке деректерiн алуға рұқсат етуге тиiс. Бұл ретте, аталған адамдар қызметкердiң нақты функцияларды орындау үшiн қажеттi жеке деректерiн ғана алуға құқылы болып, құпиялылық режимiн сақтауға;
      3) қызметкердiң жеке деректерiн ұйым шегiнде берудi жұмыс берушiнiң қызметкер таныстырылуға тиiс актiсiне сәйкес жүзеге асыруға тиiс.
      2. Қызметкердiң жеке деректерi берiлген адамдар бұл деректер қандай мақсат үшiн хабарланса, сол мақсатта ғана пайдалануға тиiс және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, оны үшiншi тарапқа беруге құқылы емес.
      68-бап. Қызметкердiң жұмыс берушiде сақталатын жеке  деректерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы  құқықтары
      Қызметкердiң жұмыс берушiде сақталатын жеке деректерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң жеке деректерi бар жазбалардың көшiрмелерiн алу құқығын қоса алғанда, өзiнiң жеке деректерiне тегiн қолжетiмдiлiгiне;      2) дұрыс емес немесе толық емес жеке деректердi, сондай-ақ осы Кодекстiң талаптарын бұза отырып өңделген деректердi алып тастауға немесе түзетуге;      3) бұрын қызметкердiң дұрыс емес немесе толық емес жеке деректерi берiлген адамдарға ол деректерге жасалған түзетулердi жұмыс берушiнiң хабарлауын талап етуге;
      4) жеке деректерiн өңдеген кезде жұмыс берушiнiң жiберген iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) үшiн сотқа шағым жасауға құқығы бар.
 6-тарау. ЕҢБЕК ТӘРТIПТЕМЕСI. ЕҢБЕК ТӘРТIБI
      69-бап. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi
      1. Жұмыс берушi еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып бекiтедi.
      2. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiнде қызметкерлердiң жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртiбiн қамтамасыз етудiң талаптары, еңбек қатынастарын реттеудiң өзге де мәселелерi белгiленедi.
      3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн еңбек тәртiптемесi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн жарғыларда және ережелерде реттеледi.
      4. Еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн орындау жұмыс берушiлер мен қызметкерлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      70-бап. Еңбек тәртiбiн қамтамасыз ету
      Еңбек тәртiбiн жұмыс берушi жеке және ұжымдық еңбек үшiн қажеттi ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердiң еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендiру, адал еңбегi үшiн көтермелеу әдiстерiмен, сондай-ақ тәртiптiк терiс қылық жасаған қызметкерлерге тәртiптiк жаза қолдану арқылы қамтамасыз етедi.
      71-бап. Еңбегi үшiн көтермелеу
      1. Жұмыс берушi қызметкерлерге еңбектегi жетiстiктерi үшiн көтермелеудiң кез келген түрiн қолдануға құқылы.
      2. Қызметкерлердi көтермелеудiң түрлерi мен оларды қолданудың тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, ңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады.
      72-бап. Тәртiптiк жазалар
      1. Жұмыс берушi қызметкердiң тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн:      1) ескерту;      2) сөгiс;      3) қатаң сөгiс;      4) осы Кодексте белгiленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзу түрiндегi тәртiптiк жаза қолдануға құқылы.
      2. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртiптiк жазаларды қолдануға жол берiлмейдi.
      73-бап. Тәртiптiк жазаларды қолдану және оған шағым жасау тәртiбi
      1. Жұмыс берушi өзiнiң актiсiн шығару арқылы тәртiптiк жаза қолданады.
      2. Жұмыс берушi тәртiптiк жазаны қолданғанға дейiн қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап етуге мiндеттi. Қызметкердiң жазбаша түсiнiктеме беруден бас тартуы тәртiптiк жаза қолдануға кедергi жасай алмайды. Қызметкер аталған түсiнiктеменi беруден бас тартқан жағдайда тиiстi акт жасалады.
      3. Жұмыс берушi тәртiптiк жазаның түрiн айқындау кезiнде жасалған тәртiптiк терiс қылықтың мазмұнын, сипатын және ауырлығын, оны жасаудың мән-жайларын, қызметкердiң оның алдындағы және одан кейiнгi тәртiбiн, еңбекке деген көзқарасын ескеруге тиiс.
      4. Әрбiр тәртiптiк терiс қылығы үшiн қызметкерге бiр тәртiптiк жаза ғана қолданыла алады.
      5. Жұмыс берушiнiң қызметкерге тәртiптiк жаза қолдану туралы актiсi:      1) қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi;      2) қызметкер мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттер атқару уақытына жұмыстан босатылған;      3) қызметкер демалыста болған;      4) қызметкер iссапарда болған кезеңде шығарылмайды.
      6. Тәртiптiк жаза қолдану туралы акт ол шығарылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде тәртiптiк жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушiнiң актiсiмен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртiптiк жаза қолдану туралы актiде ол туралы тиiстi жазба жасалады. Қызметкердi жұмыс берушiнiң тәртiптiк жаза қолдану туралы актiсiмен жеке таныстыруға мүмкiндiк болмаған жағдайда жұмыс берушi актiнi қызметкерге хабарламалы хатпен жiберуге мiндеттi. 
      7. Қызметкер тәртiптiк жаза жөнiнде осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасай алады.
      74-бап. Тәртiптiк жазаларды белгiлеу мерзiмi
      1. Осы Кодекстiң 73-бабы 5-тармағында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртiптiк жаза қызметкерге тәртiптiк терiс қылық анықталғаннан кейiн тiкелей, бiрақ ол анықталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
      2. Тәртiптiк жазаны - тәртiптiк терiс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейiн, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген немесе ревизия немесе жұмыс берушiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру нәтижелерi бойынша тәртiптiк терiс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер тәртiптiк терiс қылық жасаған күннен бастап бiр жылдан асқаннан кейiн қолдануға болмайды. Көрсетiлген мерзiмдерге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу уақыты кiрмейдi. 
      3. Қызметкердiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттер орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртiптiк жаза қолдану мерзiмiнiң барысы тоқтатыла тұрады.
      75-бап. Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi
      1. Осы Кодекстiң 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Егер осы мерзiм iшiнде қызметкер жаңа тәртiптiк жазаға тартылмаса, оның тәртiптiк жазасы жоқ деп есептеледi.
      2. Қызметкерге тәртiптiк жаза қолданған жұмыс берушi өзiнiң бастамасымен, қызметкердiң немесе оның тiкелей басшысының өтiнуiмен, қызметкерлер өкiлiнiң өтiнiшi бойынша тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға құқылы.
 7-тарау. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ
      76-бап. Жұмыс уақыты
      1. Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкiн.      2. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнiмдi тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбектi ұйымдастыруда, еңбектi нормалау мен қорғау ережелерiнде көзделген үзiлiстер, қызметкер өзiнiң уақытына еркiн иелiк ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндерiндегi кезекшiлiктер, үйдегi кезекшiлiк және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде не Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады.
      77-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы
      1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс.
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшiн төленетiндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуi мүмкiн.
      78-бап. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
      1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстiң 181-бабына сәйкес белгiленедi.
      2. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстiң 202-бабына сәйкес белгiленедi.
      3. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес белгiленедi.
      4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетiлгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуi мүмкiн.
      5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленген кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi. 
      79-бап. Толық емес жұмыс уақыты
      Осы Кодексте белгiленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның iшiнде:
      толық емес жұмыс күнi, яғни күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту;      толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту;
      бiр мезгiлде күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерiнiң санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты болып есептеледi.
      80-бап. Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс жағдайлары
      1. Еңбек шартында тараптардың келiсiмiмен қызметкер үшiн толық емес жұмыс уақыты белгiленуi мүмкiн.      2. Толық емес жұмыс уақыты белгiлi немесе белгiсiз мерзiмге белгiленедi.      3. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс iстеу қызметкер үшiн осы Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерден белгiленген жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бiр шектеуге әкеп соқтырмайды.
      81-бап. Жұмыс аптасының түрлерi
      1. Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыстың ерекшелiгi ескерiле және жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады. 
      2. Өндiрiс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу қисынсыз болатын ұйымдарда бiр демалыс күнi бар алты күндiк жұмыс аптасы белгiленедi.       3. Жұмыс берушi еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын белгiлейдi.
      82-бап. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы
      1. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиiс.      2. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиiс. 
      3. Күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзiлiстер уақыты жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртiптемесi ережелерiмен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгiленедi.       4. Өнер және мәдени демалыс кәсiптiк ұйымдарының шығармашылық қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi, спортшылар, жаттықтырушылар үшiн Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн. 
      83-бап. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге бөлу
      1. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге бөлуге:      1) жұмыс қарқындылығы әртүрлi болатын жұмыстарда;      2) егер бұл қызметкердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және өзге де жеке қажеттiлiктерiмен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол берiледi.      2. Күнделiктi жұмысты (жұмыс ауысымын) бөлiктерге бөлген кезде жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгiленген ұзақтығынан аспауға тиiс.
      3. Күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) бөлiктерге бөлiнетiн жұмыс түрлерi, жұмыстағы үзiлiстердiң саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар жұмыс үшiн қызметкерлерге төленетiн өтемақылардың түрлерi мен мөлшерi еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленедi.
      84-бап. Ауысымдық жұмыс
      1. Өндiрiстiк процестiң ұзақтығы не жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiнiң режимi күнделiктi жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгiленуi мүмкiн.
      2. Ауысымдық жұмыс кезiнде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бiр жұмыс ауысымынан екiншiсiне өту қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып жұмыс берушi бекiткен ауысым кестелерiмен белгiленедi.
      3. Жұмыс берушi ауысым кестелерiн қызметкерлер назарына осы кестелер қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бiр айдан кешiктiрмей жеткiзедi.
      4. Қызметкердi қатарынан екi жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым салынады.
      85-бап. Икемдi жұмыс уақыты режимiндегi жұмыс
      1. Қызметкерлердiң әлеуметтiк-тұрмыстық және жеке қажеттiлiктерiн өндiрiс мүдделерiмен үйлестiру мақсатында икемдi жұмыс уақыты режимi белгiленуi мүмкiн.     
2. Икемдi жұмыс уақыты режимiнiң кезiнде:
      1) тiркелген жұмыс уақыты;      2) қызметкер сол уақыт iшiнде еңбек мiндеттерiн өз қалауы бойынша атқаруға құқылы икемдi (ауыспалы) жұмыс уақыты;      3) есептiк кезең белгiленедi.      3. Шегiнде қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiленген жұмыс уақыты ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиiс кезең икемдi жұмыс уақыты кезеңiндегi есептiк кезең деп танылады.
      4. Икемдi жұмыс уақыты кезеңiндегi есептiк кезең бiр айдан аспауға тиiс.
      5. Икемдi жұмыс уақыты кезеңiндегi күнделiктi жұмыстың (жұмыс ауысымының) және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделiктi және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз болуы мүмкiн.
      6. Тiркелген жұмыс уақытының, икемдi (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, икемдi жұмыс уақыты режимiндегi есептiк кезең еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленедi.
      86-бап. Жұмыс уақытының жиынтық есебi
      1. Жұмыс уақытының жиынтық есебi үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде, цехтарда, учаскелерде және өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiленген жұмыс уақытының күнделiктi немесе апта сайынғы ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбiр түрлерiнде қолданылады.      2. Шегiнде қызметкерлердiң осы санаты үшiн белгiленген күнделiктi және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға тиiс кезең жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiндегi есептiк кезең деп танылады.      3. Кез келген, бiрақ бiр жылдан аспайтын күнтiзбелiк кезең немесе белгiлi бiр жұмысты орындау кезеңi жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiндегi есептiк кезең болуы мүмкiн.
      4. Жұмыс уақытының жиынтық есебiн белгiлеу кезiнде жұмыстың аяқталуы мен келесi жұмыс күнiнiң (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердiң демалыс ұзақтығының сақталуы мiндеттi болып табылады.
      5. Жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiнде жұмыс iстеу тәртiбi, жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленетiн қызметкерлердiң санаттары, қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрi ескерiле отырып, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта не жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.
      6. Осы Кодекстiң 183, 190, 225-баптарында көзделген жағдайларда жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
      87-бап. Түнгi уақыттағы жұмыс
      1. 22 сағаттан бастап таңертеңгi сағат 6-ға дейiнгi уақыт түнгi уақыт болып есептеледi.
      2. Қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа тарту осы Кодексте белгiленген шектеулер сақтала отырып жүргiзiледi.
      88-бап. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу
      1. Үстеме жұмыстарға:      1) жүктi әйелдер;      2) он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер жiберiлмейдi.      2. Осы Кодекстiң 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме жұмыстарға тартуға қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      89-бап. Үстеме жұмыстардың шектi саны
      1. Үстеме жұмыстар әрбiр қызметкер үшiн тәулiк iшiнде - екi сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда бiр сағаттан аспауға тиiс.
      2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екi сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиiс.
      3. Үстеме жұмыстардың шектi санын шектеу осы Кодекстiң 90-бабының 1) тармақшасында көзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды.
      90-бап. Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз үстеме жұмыстарға  жол берiлетiн ерекше жағдайлар
      Қызметкерлердiң келiсiмiнсiз үстеме жұмыстарға тек қана мынадай жағдайларда:
      1) ел қорғанысы үшiн, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зiлзаланы немесе өндiрiстiк аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн қажеттi жұмыстар жүргiзу кезiнде; 
      2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тiршiлiктi қамтамасыз етудiң басқа жүйелерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшiн;
      3) егер үзiлiс жасауға болмайтын жұмыста ауыстыратын қызметкер келмей қалғанда, басқа қызметкермен ауыстыру шарасын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшiн жол берiледi.
      91-бап. Жұмыс уақытын есепке алуды жүргiзу тәртiбi
      1. Жұмыс берушi қызметкердiң нақты жұмыс iстеген жұмыс уақытын есепке алуды жүзеге асыруға тиiс. 
      2. Қызметкер жұмыс iстеген және жұмыс iстемеген уақыт қамтылатын нақты жұмыс уақыты есепке алынуға тиiс. 
      3. Жұмыс iстелген уақыт құрамында нақты жұмыс iстелген жұмыс уақыты және жұмыс уақытына жатқызылатын өзге де уақыт кезеңдерi есепке алынуға тиiс. Бұл ретте үстеме жұмыстар уақыты, түнгi уақыттағы, демалыс, мереке күндердегi жұмыстар, iссапар күндерi бөлек есептеледi. 
      4. Жұмыс iстелмеген уақыт құрамында ақы төленетiн және ақы төленбейтiн уақыт, сондай-ақ қызметкердiң және (немесе) жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жоғалтылған жұмыс уақыты есепке алынуға тиiс.
      5. Жұмыс уақытын есепке алу жұмыс берушi айқындаған құжаттарда жүргiзiледi.
      6. Қызметкердiң жұмыс уақытына жұмыстарды жұмыс орнынан тыс жерлерде орындаған не олардың орындалуын жұмыс берушi нақты уақытпен тiркей алмайтын кезеңдер қосылатын жағдайларда, бұл кезеңдер жұмыс уақытын есепке алу құжаттарында еңбек шартында белгiленген жұмыстар көлемiн орындау ретiнде белгiленедi.
 8-тарау. ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
      92-бап. Тынығу уақытының түрлерi
      Тынығу уақытының түрлерi:      1) жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiндегi үзiлiстер - тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс; ауысымiшiлiк және арнаулы үзiлiстер;      2) күнделiктi (ауысымаралық) тынығу;      3) демалыс күндерi (апта сайынғы үздiксiз тынығу);      4) мереке күндерi;      5) демалыстар болып табылады.
      93-бап. Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс
      1. Қызметкерге күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) iшiнде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр үзiлiс берiлуге тиiс.
      2. Осы баптың 3-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемiнде үш сағат өткеннен кейiн және төрт сағаттан кешiктiрiлмей белгiленуге тиiс.      3. Ұзақтығы 8 сағаттан асатын күнделiктi жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемдi жиынтық есебi режимi кезiнде тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемiнде төрт сағат өткеннен кейiн белгiленуi мүмкiн.
      4. Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс беру уақыты, оның ұзақтығы еңбек тәртiптемесi ережелерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленедi.
      5. Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкiн болмайтын жұмыстарда жұмыс берушi қызметкердi жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкiндiгiмен қамтамасыз етуге мiндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, тынығудың және тамақтанудың тәртiбi мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып шығарылған актiлерiнде белгiленедi.
      94-бап. Ауысымiшiлiк және арнаулы үзiлiстер
      1. Жұмыстың жекелеген түрлерiнде қызметкерлерге технологияға және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымiшiлiк үзiлiстер берiледi. Бұл жұмыс түрлерi, мұндай үзiлiстер берудiң ұзақтығы мен тәртiбi ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып қабылданған актiлерiнде белгiленедi.
      2. Жылдың суық мезгiлiнде ашық ауада немесе жылытылмайтын жабық үй-жайларда жұмыс iстейтiн, сондай-ақ тиеу-түсiру жұмыстарында iстейтiн қызметкерлерге жылыну және тынығу үшiн жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзiлiстер берiледi. Жұмыс берушi қызметкерлердiң жылынуы мен тынығуына арналған үй-жайлардың жабдықталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Бiр жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс iстейтiн әйелдерге тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстен бөлек, осы Кодекстiң 188-бабына сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзiлiстер берiледi.
      95-бап. Күнделiктi (ауысымаралық) тынығудың ұзақтығы
      Қызметкердiң жұмыстың аяқталуы мен оның келесi күнi басталуы (жұмыс ауысымы) арасындағы күнделiктi (ауысымаралық) тынығуының ұзақтығы он екi сағаттан кем болмауға тиiс.
      96-бап. Демалыс күндерi
      1. Қызметкерлерге апта сайын демалыс күндерi берiледi.
      2. Бес күндiк жұмыс аптасында қызметкерлерге аптасына екi демалыс күнi, ал алты күндiк жұмыс аптасында - бiр күн берiледi. 
      3. Бес күндiк және алты күндiк жұмыс аптасында жексенбi жалпы демалыс күнi болып табылады. Бес күндiк жұмыс аптасындағы екiншi демалыс күнi жұмыс берушiнiң актiсiнде немесе ауысым кестесiнде белгiленедi. Егер ұжымдық шартта, еңбек шартында өзгеше белгiленбесе, екi демалыс күнi қатар берiледi.
      4. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтiлетiн Құрбан айттың бiрiншi күнi, 7 қаңтар - православиелiк Рождество демалыс күндерi болып табылады.
      5. Үздiксiз өндiрiстерде немесе өндiрiстiк-техникалық жағдайлар бойынша немесе халыққа ұдайы үздiксiз қызмет ету қажеттiгi салдарынан демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын өндiрiстерде iстейтiн қызметкерлерге демалыс күндерi жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып қабылданған актiлерiнде бекiтiлген ауысымдық кестеге сәйкес қызметкерлерге (қызметкерлер тобына) аптаның әр күндерi кезекпен берiледi.
      6. Iссапарда жүрген қызметкер демалыс күндерiн өзi жiберiлген жұмыс берушiнiң еңбек тәртiптемесiне сәйкес пайдаланады. 
      97-бап. Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс
      1. Осы Кодекстiң 98-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен жол берiледi.
      2. Демалыс және мереке күндерiнде қызметкердiң бастамасы бойынша жұмысқа жұмыс берушiнiң рұқсаты негiзiнде жол берiледi.
      3. Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс кезiнде қызметкердiң қалауы бойынша оған басқа демалыс күнi берiледi немесе осы Кодекстiң 128-бабында көрсетiлген мөлшерде ақы төленедi.
      98-бап. Қызметкердiң келiсiмiнсiз демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартудың ерекше жағдайлары
      Қызметкердiң келiсiмiнсiз демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:
      1) төтенше жағдайларды, дүлей зiлзаланы немесе өндiрiстiк аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн;
      2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң опат болуын немесе бүлiнуiн болдырмау және оларға тексеру жүргiзу үшiн;
      3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелдi болатын шұғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi.
      99-бап. Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуды ресiмдеу
      Қызметкерлердi демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
      100-бап. Демалыс түрлерi
      1. Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлерi:      1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;      2) әлеуметтiк демалыстар берiледi.
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.
      3. Әлеуметтiк демалыс деп ана болуға, балалардың күтiмiне, өндiрiстен қол үзбей бiлiм алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату түсiнiледi.
      4. Қызметкерлерге әлеуметтiк демалыстардың мынадай түрлерi:      1) жалақы сақталмайтын демалыс;      2) оқу демалысы;      3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар берiледi.
      101-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы
      Егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
      102-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары
      1. Мыналарға:      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары берiледi;      2) бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары берiледi.      2. Қызметкерлердiң өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгi ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленуi мүмкiн.
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшiн көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгiленуi мүмкiн.
      103-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек демалысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
      2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейдi.
      104-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажын есептеу
      Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:      1) нақты жұмыс iстелген уақыт;      2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;      3) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;      4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.
      105-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру тәртiбi
      1. Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
      2. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 213-бабында белгiленедi.
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн.
      4. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстiң 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстiң 108 және 109-баптарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ауыстырылады, ұзартылады, үзiледi. 5. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      106-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру  кезеңiн айқындау
      Жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген он екi айды құрайды.
      107-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстарын беру кезектiлiгi
      1. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi.
      2. Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.
      108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың  немесе ұзартудың жағдайлары мен тәртiбi
      1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:      қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыста болған;
      егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бiр бөлiгi ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн.
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен немесе оның өтiнуi бойынша ғана ұзартылуы немесе ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша келесi жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа уақытта бөлек берiлуi мүмкiн.
      3. Еңбек демалысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
      109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алу
      1. Жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.
      2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысына қосылады.
      3. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн.
      4. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берiлмейдi.
      110-бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн өтемақы төлемi
      Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiледi.
      111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
      1. Еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады.      3. Жұмыс берушi:
      1) неке тiркелген;      2) бала туылған;      3) жақын туыстары қайтыс болған;      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
      112-бап. Оқу демалысы
      1. Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшiн оқу демалыстары берiледi.      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.
      113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы  (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар
      1. Жүктi әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:
      1) жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс;
      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;
      3) бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс берiледi.      2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беру осы Кодекстiң 192 - 195-баптарында көзделген шарттармен жүзеге асырылады.
      3. алынып тасталды      Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      114-бап. Демалысты ресiмдеу
      Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
 9-тарау. ЕҢБЕКТI НОРМАЛАУ
      115-бап. Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы  мемлекеттiк кепiлдiктер
      Еңбектi нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер:      еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн;      мемлекеттiк органдардың еңбектiң техникалық негiзделген үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн әзiрлеудi қамтамасыз етуiн;      жұмыс берушiлердiң еңбек нормаларын әзiрлеудi, енгiзудi және қайта қарауды қамтамасыз етуiн бақылауды қамтиды.
      116-бап. Еңбек нормалары
      1. Еңбек (өндiрiм, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының өлшемi болып табылады және тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерi үшiн техниканың, технологияның, өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қол жеткiзiлген деңгейiне сәйкес белгiленедi.
      2. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн өндiрiм нормалары осы Кодекстiң 182-бабына сәйкес белгiленедi.
      3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiне уақыт бойынша ақы төлеу кезiнде нормаланған тапсырмалар белгiленедi. Жұмыс берушi жекелеген функциялар мен жұмыс көлемдерiнiң орындалуы үшiн қызмет ету нормаларын немесе қызметкерлер санының нормаларын
(нормативтерiн) белгiлеуi мүмкiн.
      117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзiрлеу, енгiзу, қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және   қайта қарау
      1. Жұмыс берушi еңбек нормаларын жаңадан енгiзудi, қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер өкiлдерiмен келiсе отырып, еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн ескерiп жүргiзедi.
      2. Еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, өздерi белгiлеген тәртiппен бекiтедi.
      3. Еңбектiң үлгiлiк нормалары мен нормативтерiн ауыстыруды және қайта қарауды оларды бекiткен органдар еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.      4. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау жүргiзу, еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуiн қамтамасыз ететiн жаңа техника, технология және ұйымдық-техникалық iс-шаралар енгiзу шамасына қарай мiндеттi түрде ауыстырылуға тиiс.
      Жекелеген қызметкерлердiң өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсiлдерiн қолдануы және жұмыс орындарын жетiлдiруi есебiнен өнiм шығарудың (қызметтер көрсетудiң) жоғары деңгейiне қол жеткiзу бұрын белгiленген еңбек нормаларын қайта қарауға негiз болып табылмайды.
      5. Қызметкерлер кемiнде бiр ай бұрын жұмыс берушiнiң жаңа еңбек нормаларын енгiзуi туралы хабардар етiледi.
      118-бап. Еңбек нормаларын әзiрлеуге қойылатын талаптар
      Еңбектiң нормаларын әзiрлеу кезiнде:      1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажеттi еңбек шығындарына оңтайлы жақындату;
      2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бiрдей жұмыстарға бiрыңғай еңбек нормаларын белгiлеу;
      3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетiстiктерi негiзiндегi прогрессивтiлiгi;
      4) еңбек нормалары белгiлене алатын және оны белгiлеу орынды болатын жұмыс түрлерiн еңбектi нормалаумен қамту;
      5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негiздiлiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.
      119-бап. Еңбектi нормалауды реттеудiң ерекшелiктерi
      Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
 10-тарау. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ
      120-бап. Еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер
      Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер:
      айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн;      осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең төменгi мөлшерiн;      еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарын;      үстеме жұмыс үшiн ақы төлеудi;      мереке және демалыс күндердегi жұмыс үшiн ақы төлеудi;      түнгi уақыттағы жұмыс үшiн ақы төлеудi;      жұмыскердiң жалақысынан ұстап қалулардың мөлшерiн шектеудi;      жалақының толық және уақтылы төленуiн және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктердiң iске асырылуын мемлекеттiк бақылауды;      жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерiн қамтиды.
      121-бап. Жалақының мөлшерi
      1. Қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгiленедi.
      2. Осы кезеңге белгiленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған қызметкердiң айлық жалақысының мөлшерi Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      122-бап. Жалақының ең төменгi мөлшерiн белгiлеу
      1. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен жыл сайын белгiленетiн айлық жалақының ең төменгi мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнен кем болмауға тиiс және ол қосымша ақылар мен үстеме ақыларды, өтемақы төлемдерi мен әлеуметтiк төлемдердi, сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын төлемдердi қамтымайды және жұмыс iстелген уақытқа барабар төленедi.
      2. Еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiн және салалық келiсiмдерде анықталып, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн салалық арттырушы коэффиценттердi есептеуден айқындалады.
      3. Өз еңбек мiндеттерiн (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердiң сағаттық жалақысының ең төменгi мөлшерi тиiстi күнтiзбелiк жылдағы жұмыс уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бөлiнген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға тиiс.
      4. Бiрiншi разрядты қызметкердiң еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген айлық жалақысының ең төменгi мөлшерi немесе айлық тарифтiк ставкасының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандартынан кем болмауға тиiс.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 122-бабы 2-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      123-бап. Еңбекке сағаттық ақы төлеу
      Жұмыс күнi толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты орындалған жұмыстар үшiн, сондай-ақ уақытша немесе бiржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшiн еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiмен еңбекке сағаттық ақы төлеудi белгiлеуге болады.
      124-бап. Жалақыны индекстеу
      Жалақыны көбейту жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде тиiстi кезеңге белгiленген инфляция деңгейiн негiзге ала отырып, келiсiмдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен жүргiзетiн жалақыны индекстеуiн қамтиды.
      125-бап. Еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру
      1. Қызметкерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен белгiлi бiр жұмыс түрлерiнiң күрделiлiгi Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамалары, Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығы, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамалары негiзiнде белгiленедi.
      2. Орындалатын жұмыстарды белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу және қызметкерлерге бiлiктiлiк разрядтары мен санаттарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес жүргiзiледi.      3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген анықтамалықтарды, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеудi, қайта қарауды, байқап көрудi, бекiтудi және қолдану тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды. Әр түрлi экономикалық қызмет ұйымдары басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын тиiстi қызмет саласының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып әзiрлейдi және бекiтедi.
      126-бап. Еңбекке ақы төлеу жүйелерi
      1. Қызметкерлердiң еңбегiне уақыт бойынша, кесiмдi немесе өзге де еңбекке ақы төлеу жүйелерi бойынша ақы төленедi. Ақы төлеу жеке және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижелерi үшiн жүргiзiлуi мүмкiн.
      Еңбекке ақы төлеу жүйесi тарифтiк, тарифсiз немесе аралас жүйелер негiзiнде қалыптастырылуы мүмкiн.      Еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк жүйесi: тарифтiк ставкаларды (айлықақыларды), тарифтiк торды, тарифтiк коэффициенттердi қамтиды.
      Еңбекке ақы төлеудiң тарифсiз жүйесi еңбекке ақы төлеуге арналған қаражатты қызметкерлердiң кәсiби қабiлеттерiн бағалаудың өлшемдерi мен принциптерiне және олардың түпкi нәтижеге қосқан үлестерiне қарай үлестiк бөлуге негiзделедi.      Еңбекке ақы төлеудiң аралас жүйесiнде еңбекке ақы төлеудiң тарифтiк және тарифсiз жүйелерiнiң элементтерi қамтылуы мүмкiн.
      2. Жұмыс берушi қызметкерлердiң өндiрiс тиiмдiлiгi мен орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға мүдделiлiгiн күшейту үшiн сыйлықақы беру жүйесiн және еңбекке ынталандырудың басқа да нысандарын енгiзе алады.
      3. Қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу және еңбекке ынталандыру жүйелерi ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптарында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалады.     
4. Еңбекке ақы төлеу жүйесi бiржолғы ынталандырушы төлемдердi есепке алмағанда, қызметкерлердiң орташа айлық жалақысының кемiнде 75 процентi болатын негiзгi жалақы үлесiн (жалақының негiзгi бөлiгiне қатысты) қамтамасыз етуге тиiс.    
  5. Мемлекеттiк бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      6. Акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi ұлттық компаниялар мен акционерлiк қоғамдар басшыларының еңбегiне ақы төлеу және оларға сыйлықақы беру шарттары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Үлгiлiк ереженiң негiзiнде айқындалады.
      7. Қызметтер көрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн қараудың және келiсудiң тәртiбiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
      8. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде айқындалған еңбекке ақы төлеу талаптары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптармен салыстырғанда нашар бола алмайды.
      127-бап. Үстеме жұмысқа ақы төлеу
      Еңбекке уақыт бойынша ақы төлеу кезiнде үстеме уақыттағы жұмысқа кемiнде бiржарым есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi. Еңбекке кесiмдi ақы төлеу кезiнде үстеме уақыттағы жұмысқа қызметкердiң белгiленген тарифтiк ставкасының (лауазымдық айлықақысының) кемiнде елу процентi мөлшерiнде қосымша ақы төленедi.
      128-бап. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы  төлеу
      Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде екi есе мөлшерде ақы төлеу жүргiзiледi.
      129-бап. Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу
      Түнгi уақыттағы жұмыстың әр сағатына қызметкердiң күндiк (сағаттық) ставкасы негiзге алына отырып, кемiнде бiр жарым есе мөлшерде ақы төленедi.
      130-бап. Әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде еңбекке ақы төлеу
      Қызметкер әр түрлi бiлiктiлiк жұмыстарын орындаған кезде оның еңбегiне неғұрлым жоғары бiлiктiлiк жұмысы бойынша ақы төленедi.
      Жоғары бiлiктiлiк қызметкерiне өндiрiс сипатын ескере отырып оған тағайындалған разрядтан төмен тарифтелетiн жұмысты орындау тапсырылған жағдайда, еңбекке ақы төлеу оған тағайындалған бiлiктiлiк (разряд) бойынша жүргiзiледi.
      131-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет ету аймағының кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң  мiндеттерiн орындау кезiнде еңбекке ақы төлеу
      1. Бiр ұйымда, өзiнiң еңбек шартында қарастырылған негiзгi жұмысымен қатар басқа лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын немесе уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн өзiнiң негiзгi жұмысынан босатылмай орындайтын қызметкерлерге қосымша ақы төленедi.
      2. Жұмыс берушi лауазымдарды қоса атқарғаны (қызмет ету аймағының кеңеюi) және уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн орындағаны үшiн берiлетiн қосымша ақылар мөлшерлерiн қызметкермен келiсе отырып белгiлейдi.
      132-бап. Жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезiнде еңбекке ақы төлеу
      Ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында жаңа өндiрiстердi (өнiмдердi) игеру кезеңiнде қызметкердiң бұрынғы жалақысының сақталуы көзделуi мүмкiн.
      133-бап. Бос тұрып қалу уақытына ақы төлеу
      1. Жұмыс берушiнiң кiнәсiнен жұмыстың бос тұрып қалу уақытына ақы төлеудiң тәртiбi мен талаптары еңбек шартында, ұжымдық шартта айқындалады және қызметкердiң орташа жалақысының елу процентiнен кем емес мөлшерде белгiленедi.
      2. Қызметкердiң кiнәсiнен бос тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиiс.
      134-бап. Жалақы төлеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi
      1. Жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемiнде бiр рет, келесi айдың бiрiншi онкүндiгiнен кешiктiрiлмей төленедi. Жалақы төленетiн күн еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделедi.     
2. Жалақы төлеу кезiнде жұмыс берушi әрбiр қызметкерге тиiстi кезеңдегi тиесiлi жалақының құрамдас бөлiктерi, жүргiзiлген ұстап қалулардың мөлшерлерi мен негiздерi туралы, оның iшiнде ұстап қалынған және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиiстi жалпы ақша сомасы туралы мәлiметтердi жазбаша түрде ай сайын хабарлауға мiндеттi.     
3. Жалақы төлеу күнi демалыс немесе мереке күндерiне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргiзiледi.
      4. Жалақыны және қызметкермен еңбек шартын бұзуға байланысты өзге де төлемдердi төлеу жұмыс берушiнiң кiнәсiнен кешiктiрiлген кезде, жұмыс берушi қызметкерге берешек пен өсiмақыны төлейдi. Өсiмақы мөлшерi жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ставкасын негiзге ала отырып есептеледi және төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап әрбiр кешiктiрiлген күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi және төлем жасалған күнмен аяқталады.
      5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушiден қызметкерге тиесiлi барлық сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейiнгi үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      135-бап. Жалақы төленетiн орын
      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс iстейтiн орнында жүргiзiлуге тиiс.
      136-бап. Қызметкердiң орташа айлық жалақысын есептеу
      1. Бес күндiк, сондай-ақ алты күндiк жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгiленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдерi ескерiле отырып, тиiстi кезеңдегi орташа күндiк (сағаттық) жалақының есебiнен нақты жұмыс iстелген уақыт үшiн жүргiзiледi.
      2. Осы Кодекске сәйкес тиiстi ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның алдындағы он екi күнтiзбелiк ай орташа жалақыны есептеу үшiн есептiк кезең болып табылады. Күнтiзбелiк он екi айдан аз жұмыс iстеген қызметкерлер үшiн орташа айлық жалақы нақты жұмыс iстелген уақыт бойынша айқындалады.
      3. Орташа айлық жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi оны есептеудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
      4. Егер бұл қызметкердiң жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа жалақыны есептеудiң өзге кезеңдерi көзделуi мүмкiн.
      137-бап. Жалақыдан ұстап қалу
      1. Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
      2. Қызметкердiң өзi жұмыс iстейтiн ұйымға берешегiн өтеу үшiн оның жалақысынан ұстап қалу қызметкердiң жазбаша келiсiмi бар болған кезде жұмыс берушiнiң актiсi негiзiнде жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшерi қызметкерге тиесiлi жалақының елу процентiнен аспауға тиiс.
      138-бап. Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақыны беру
      Қызметкердiң қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен берiледi.

 11-тарау. КӘСIПТIК ДАЯРЛАУ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БIЛIКТIЛIКТI АРТТЫРУ
      139-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) оқыту шарты - жұмыс берушi мен оқитын адамның арасындағы кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру шарттары туралы жазбаша келiсiм;
      2) кәсiптiк даярлау - белгiлi бiр жұмыс түрiн орындауға қажеттi жаңа кәсiби дағдыларды меңгеру немесе кәсiби дағдыларды өзгерту үшiн адамды дамытуға бағытталған кәсiптiк оқыту нысаны;
      3) қайта даярлау - басқа кәсiптi немесе мамандықты игеруге мүмкiндiк беретiн кәсiптiк оқыту нысаны;
      4) бiлiктiлiктi арттыру - бұрын алған кәсiптiк бiлiмiн, шеберлiгi мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдету мен жетiлдiруге мүмкiндiк беретiн кәсiптiк оқыту нысаны.
      140-бап. Жұмыс берушiнiң даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi құқықтары мен  мiндеттерi
      1. Ұйымның жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн кәсiптiк даярлаудың, қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттырудың қажеттiгiн және оның көлемiн жұмыс берушi айқындайды.
      2. Жұмыс берушi қызметкерлердi немесе өзiмен еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрi - оқитын адамдар) кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды:
      1) тiкелей ұйымда;      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында жүргiзедi.
      3. Жұмыс берушi кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiгiн арттырудан өтетiн қызметкерлерге осы Кодексте, келiсiмдерде, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген жұмысты оқумен қатар алып жүру үшiн жағдайлар жасауға мiндеттi.      Ескерту. 140-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      141-бап. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру
      1. Жұмыс берушiнiң жолдамасы бойынша бiлiм беру ұйымдарында оқитын адамдарды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру оқыту шартына сәйкес жұмыс берушiнiң қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебiнен жүзеге асырылады.      2. Келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында оқытуға байланысты жеңiлдiктер мен өтемақы төлемдерi көзделуi мүмкiн.
      142-бап. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру
      1. Ұйымда қызметкерлердi кәсiптiк даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жұмыс берушi жүзеге асырады.
      2. Кадрларды кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру нысандарын жұмыс берушi айқындайды.
      3. Ұйымда кадрларды кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      143-бап. Қызметкерлердiң кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру жөнiндегi  құқықтары мен мiндеттерi
      1. Қызметкерлердiң жаңа кәсiптер мен мамандықтарға оқытуды қоса алғанда, кәсiптiк даярлауға, қайта даярлауға және бiлiктiлiктi арттыруға құқығы бар.
      2. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан өтетiн қызметкерлер жұмыс берушiмен келiсе отырып жұмыстан босатылуы не жұмысты толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкiн.
      3. Кәсiптiк даярлаудан, қайта даярлаудан немесе бiлiктiлiктi арттырудан өтетiн қызметкерлер осы Кодексте, ұжымдық шартта, еңбек шартында көзделген кепiлдiктердi пайдаланады.
      4. Кәсiптiк даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру аяқталғаннан кейiн оқитын адам тараптар оқыту шартында келiскен мерзiмде жұмыс берушiде жұмыспен өтеуге мiндеттi.
      5. Еңбек шарты қызметкердiң бастамасы бойынша немесе қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды жұмыспен өтеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне барабар мөлшерде жұмыс берушiге өтейдi.
      144-бап. Оқыту шартының мазмұны
      1. Оқыту шарты:      1) оқитын адам алатын нақты кәсiпке, мамандыққа, бiлiктiлiкке сiлтеменi;      2) жұмыс берушiнiң және оқитын адамның құқықтары мен мiндеттерiн;      3) оқыту мерзiмiн және оқыту аяқталғаннан кейiн жұмыс берушiде жұмыспен өтеу мерзiмiн;      4) оқытуға байланысты кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерiн;      5) тараптардың жауапкершiлiгiн қамтуға тиiс.
      2. Оқыту шартында тараптардың келiсiмiмен айқындалған өзге де талаптар қамтылуы мүмкiн.
 12-тарау. ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ
      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезiндегi мемлекеттiк  кепiлдiктер
      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға:      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанынан қорғауға және кәсiп пен жұмыс алуда тең мүмкiндiктермен қамтамасыз етуге;      2) кәсiптiк даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыруға және жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
      3) шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге;      4) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;      5) кәсiптiк-бағдарлау қызметтерiн көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар беруге;      6) кәсiптiк бiлiм беру жүйесiн еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға бағдарлауға;
      7) жұмыс күшiн мемлекеттiк бағдарламаларға сәйкес өңiраралық қайта бөлуге;
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және iске асыруға;      9) инвестициялық келiсiм-шарттарда инвестордың кәсiптiк даярлау, жаңа жұмыс орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөнiндегi мiндеттерiн белгiлеуге;      10) кәсiптiк даярлықты, қайта даярлықты және бiлiктiлiктi дамытуға тiкелей ұйымдарда жағдай жасауға;      11) жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жұмыс берушiлермен өзара iс-қимылына;      12) нысаналы топтарға кiретiн адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жағдайлармен қамтамасыз етуге кепiлдiктер бередi.
      146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы  құқықтары
      Азаматтардың:      1) жұмыс берушiлерге тiкелей өтiнiш бiлдiру жолымен, сондай-ақ халықтың жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететiн жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгiнiң еңбек делдалдығы арқылы қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауға;
      2) жұмысты өзi iздеуге және жұмысқа орналасуға, соның iшiнде шетелден жұмыс iздеуге және жұмысқа орналасуға;      3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан және жұмыспен қамтудың жекеше агенттiктерiнен консультациялар мен ақпараттар алуға;
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.
      147-бап. Жұмыс берушiнiң жұмысқа орналастыру кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
      1. Жұмыс берушiнiң:      1) кадрлар iрiктеудi жүзеге асыруға;
      2) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардан еңбек нарығының жай-күйi және кәсiптiк даярлаудың мүмкiндiктерi туралы дәйектi, толық және жедел ақпарат алуға құқығы бар.
      2. Жұмыс берушi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға:
      қызметкерлердiң ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы жұмыстан босату басталардан кемiнде бiр ай бұрын;
      қызметкерлердi жалдауға деген қажеттiктерi туралы және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган жiберген азаматтармен әңгiмелесудiң нәтижелерi туралы бес жұмыс күнi iшiнде ақпарат беруге мiндеттi.
      148-бап. Еңбек делдалдығы
      Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттiгi:      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлердi жұмыс күшiмен қамтылу мүмкiндiгi туралы хабардар ету;      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшiн жұмыс берушiге жолдама беру;      4) еңбек нарығы жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру;
      5) өтiнiш бiлдiрген азаматтарды есепке алу мен тiркеу;      6) кәсiптiк бағдар жасауда қызметтер көрсету;      7) жұмыс берушiлермен шарттар негiзiнде жұмысқа орналасу мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
 13-тарау. КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРI
      149-бап. Қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық  мiндеттердi орындаған кезде берiлетiн  кепiлдiктер
      1. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметкерлер мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек мiндеттерiн орындаудан босатады.
      2. Қызметкерлерге мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттердi орындағаны үшiн аталған мiндеттердi орындайтын жерi бойынша, бiрақ негiзгi жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен емес жалақы төленедi.
      3. Мерзiмдi әскери қызметiн өткерiп келген қызметкер өзi мерзiмдiк әскери қызметке шақырылғанға дейiн жұмыс iстеген кәсiпорынға жұмысқа қабылдау кезiнде артықшылықты құқыққа ие болады.
      150-бап. Медициналық тексеруге жiберiлетiн қызметкерлер үшiн кепiлдiктер
      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдiк медициналық тексерулерден өтуге мiндеттi қызметкерлердiң олардан өткен уақытта жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
      151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшiн  кепiлдiктер
      Донор болып табылатын қызметкердiң тексерiлу және қан тапсыру уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
      152-бап. Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлер үшiн  кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi
      1. Iссапар уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы сақталады.
      2. Iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге:
      1) қызметтiк iссапарда, оның iшiнде жолда болған күнтiзбелiк күндерi үшiн тәулiктiк төлемдер;      2) баратын жерiне дейiнгi және керi қайтудағы жол жүру шығыстары;
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленедi.
      3. Қызметкерлердi iссапарларға жiберудiң талаптары мен мерзiмдерi еңбек шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушiнiң актiсiмен айқындалады.
      4. Қызметкерлердi iссапарларға жiберу осы Кодекстiң 183, 187, 226-баптарында көзделген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
      153-бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi
      1. Қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс берушi қызметкерге:      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерiнiң көшiп-қону;
      2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерiнiң мүлкiн жеткiзу жөнiндегi шығыстарын өтеуге мiндеттi.      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерiнiң тәртiбi мен мөлшерi еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады.
      154-бап. Экологиялық зiлзала және радиациялық қатер  аймақтарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын  қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер
      Экологиялық зiлзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметiн жүзеге асыратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      155-бап. Қызметкердiң жеке мүлкiн жұмыс берушiнiң мүддесiне пайдалануға байланысты өтемақы төлемдерi
      Қызметкер жеке мүлкiн жұмыс берушiнiң мүддесiне және оның келiсiмiмен пайдаланған кезде жұмыс берушi құрал-саймандарды, жеке көлiктi, басқа да техникалық құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшiн және оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келiсiмi бойынша өтемақы төлемдерiн жүргiзедi.
      156-бап. Жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты бар не қызмет ету учаскелерi шегiндегi  қызметтiк сапарлармен байланысты болатын  жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдерi
      1. Қызметкерлердiң жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелерi шегiндегi қызметтiк сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде болған әр күн үшiн келiсiмде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен өтемақы төлемдерi жүргiзiледi.
      2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерiнде емес, белгiлi бiр күндерiнде сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндiрiсi) орнына баруға және керi қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргiзiледi.
      3. Өтемақы төлемдерi еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режимiне қарамастан жүзеге асырылады.      4. Ұйым қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу кезiнде өтемақы төлемдерi ескерiлмейдi.
      157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берiлетiн өтемақы төлемдерi
      1. Жұмыс берушi мынадай жағдайларда:
      1) жұмыс берушi - заңды тұлға таратылған не жұмыс берушi - жеке тұлға қызметiн тоқтатқан жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда;
      2) қызметкерлердiң саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты айына айлық орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.      2. Еңбек шартын жасасу кезiнде жұмыс берушi еңбек жағдайлары туралы дәйексiз ақпарат берген не жұмыс берушi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердiң бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде жұмыс берушi қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш айға орташа жалақысы мөлшерiнде өтемақы төлемiн жүргiзедi.      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы төлемiнiң неғұрлым жоғары мөлшерi көзделуi мүмкiн.
      158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудiң тәртiбi  мен шарттары
      1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, iздестiру ұйымдарының қызметкерлерiне:      1) тұрақты тұратын жерiне күн сайын қайтып келмейтiн тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде;
      2) сол сияқты тұрақты тұратын жерi болып табылмайтын, далалық ұйым орналасқан жерге күнде қайтып келгенiмен тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде;
      3) еңбектi вахталық әдiспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленедi.      2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық күнтiзбелiк күндер үшiн жүргiзiледi.
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшiн қызметкерлерге далалық жабдықталым ақшасы төленбейдi.
      4. Қызметкер далалық ұйымнан iссапарға шыққан кезде оған далалық жабдықталым ақшасын төлеу тоқтатылады, ал iссапарға байланысты шығыстар осы Кодекске сәйкес өтеледi.      5. Ұйым қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу кезiнде далалық жабдықталым ақшасының мөлшерi есепке алынбайды.
      6. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудiң тәртiбi, шарттары мен мөлшерi, далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртiбi келiсiмдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленедi және жұмыс берушiнiң актiсiмен бекiтiледi.
      7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезiнде қызметкерге демалыс күндерi үшiн далалық жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар жүргiзiлетiн объектiде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар жүргiзiлетiн жерден тысқары) өткiзуiне байланысты жүргiзiледi. Мұндай тәртiп еңбектi ұйымдастырудың, еңбек пен тынығу режимiнiң қабылданған нысандарына қарамастан қолданылуы мүмкiн.
      159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу
      1. Жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеуге мiндеттi.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу үшiн негiз болып табылады.
      3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бiрiншi күнiнен бастап еңбек қабiлетi қалпына келген күнге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебiмен төленедi.      4. Әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiн, оларды тағайындау және төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Жұмыс берушiлер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiне қосымша төлемдер белгiлеуге құқылы.      Ескерту. 159-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
ЖАУАПКЕРШIЛIГI
      160-бап. Еңбек шарты тарапының келтiрiлген залалды  (зиянды) өтеу жөнiндегi мiндеттерi
      1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтiрген тарапы оны осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейдi.
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi нақтылануы мүмкiн.
      3. Еңбек шартының залал (зиян) келтiрiлгеннен кейiн тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапқа келтiрiлген залалды (зиянды) өтеу жөнiндегi материалдық жауапкершiлiктен босатуға әкеп соқпайды.
      161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтiргенi үшiн материалдық жауапкершiлiгi басталатын  жағдайлар
      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзi келтiрген залал (зиян) үшiн материалдық жауапкершiлiгi, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кiнәлi мiнез-құлық (әрекет немесе
әрекетсiздiк) нәтижесiнде келтiрiлген залал (зиян) үшiн және құқыққа қарсы кiнәлi мiнез-құлық пен келтiрiлген залал (зиян) арасындағы себептi байланыс үшiн басталады.     
2. Жұмыс берушi қызметкер алдында:
      1) қызметкердi өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкiндiгiнен заңсыз айыру арқылы келтiрiлген залал үшiн;      2) қызметкердiң мүлкiне келтiрiлген залал үшiн;
      3) қызметкердiң өмiрiне және (немесе) денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн материалдық жауаптылықта болады.      3. Қызметкер жұмыс берушiнiң алдында:
      1) жұмыс берушiнiң мүлкiн жоғалту немесе бүлдiру арқылы келтiрiлген залал үшiн;    
  2) қызметкердiң әрекетi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде туындаған залал үшiн материалдық жауаптылықта болады.
      4. Қызметкер мен жұмыс берушi ұжымдық шартта, еңбек шартында белгiленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.
      162-бап. Жұмыс берушiнiң қызметкерге оны еңбек ету  мүмкiндiгiнен заңсыз айыру арқылы келтiрiлген залал үшiн материалдық жауапкершiлiгi
      1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жiберiлмеген, еңбек шартының талаптары бiржақты өзгертiлген, қызметкер жұмыстан шеттетiлген, еңбек шарты негiзсiз бұзылған жағдайда, жұмыс берушi қызметкердiң алмай қалған жалақысы мен оған
тиесiлi өзге де төлемдердi оған өтеуге мiндеттi.
      2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiмен келiсiлген актiлерiнде қызметкердi еңбек ету мүмкiндiгiнен заңсыз айыру арқылы келтiрiлген залалды жұмыс берушiнiң өтеуiнiң қосымша жағдайлары белгiленуi мүмкiн.
      163-бап. Қызметкердiң мүлкiне келтiрiлген залал үшiн жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi
      Қызметкердiң мүлкiне залал келтiрген жұмыс берушi оны еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге мiндеттi.
      164-бап. Қызметкердiң өмiрiне және (немесе)  денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жұмыс берушiнiң материалдық жауапкершiлiгi
      1. Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты оның өмiрiне және (немесе) денсаулығына зиян келтiрiлгенде жұмыс берушi қызметкерге келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге мiндеттi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдерi болмаған кезде толық көлемде өтеледi. Сақтандыру төлемдерi болған кезде жұмыс берушi қызметкерге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтеуге мiндеттi.
      3. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлердiң өмiрiне және (немесе) денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
      165-бап. Қызметкердiң жұмыс берушiге залал келтiргенi  үшiн материалдық жауапкершiлiгi
      1. Қызметкердiң жұмыс берушiге залал келтiргенi үшiн материалдық жауапкершiлiгi осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады.
      2. Қызметкер жұмыс берушiге келтiрiлген тiкелей нақты залалды өтеуге мiндеттi.
      3. Егер залал еңсерiлмейтiн күштiң не аса қажеттiлiктiң, қажеттi қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге берiлген мүлiктiң сақталуы үшiн тиiстi жағдайларды қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердiң жұмыс берушiге келтiрiлген залал үшiн жауапкершiлiгi жойылады.
      4. Қызметкерге қалыпты өндiрiстiк-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
      5. Жұмыс берушi қызметкерлердiң қалыпты жұмысы және оларға сенiп тапсырылған мүлiктiң толық сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
      6. Тiкелей нақты залал деп жұмыс берушiнiң бар мүлкiнiң азаюы немесе аталған мүлiктiң (оның iшiнде, егер жұмыс берушi осы мүлiктiң сақталуы үшiн жауаптылықта болса, үшiншi тұлғалардың жұмыс берушiде жатқан мүлiктерiнiң) жай-күйiнiң нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлiктi сатып алу немесе қалпына келтiру үшiн шығындалуына не артық төлем төлеуiне деген қажеттiлiгi түсiнiледi.
      166-бап. Қызметкердiң материалдық жауапкершiлiгiнiң шегi
      Қызметкер келтiрiлген залал үшiн, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өзiнiң орташа айлық жалақысы шегiнде материалдық жауаптылықта болады.
      167-бап. Қызметкердiң жұмыс берушiге келтiрiлген залал үшiн толық материалдық жауапкершiлiкте болу жағдайлары
      Мынадай:      1) қызметкерге толық материалдық жауапкершiлiктi өзiне алу туралы жазбаша шарт негiзiнде берiлген мүлiктiң және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етiлмеген;
      2) қызметкер бiржолғы құжат бойынша есебiне алған мүлiктiң және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етiлмеген;
      3) алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайда залал келтiрiлген;      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнiмдер), оның iшiнде оларды әзiрлеу кезiндегiнi қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге пайдалануға берген құрал-саймандар, өлшеуiш аспаптар, арнайы киiмдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдiрiлген;
      5) қызметкердiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен расталған заңсыз iс-әрекеттерiнен залал келтiрiлген жағдайларда жұмыс берушiге келтiрiлген залалдың толық мөлшерiндегi материалдық жауапкершiлiк қызметкерге жүктеледi.
      168-бап. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар
      1. Өндiрiс процесiнде өзiне берiлген мүлiк пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жiберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс берушi қызметкерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкердiң толық жеке материалдық жауапкершiлiгi туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.
      2. Өндiрiс процесiнде өздерiне берiлген мүлiк пен құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жiберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты, келтiрiлген залал үшiн әрбiр қызметкердiң материалдық жауапкершiлiгiнiң аражiгiн ажырату мүмкiн болмайтын жұмыстарды бiрлесiп орындайтын қызметкерлер және жұмыс берушi қызметкерлерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкерлердiң толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiгi туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.    
  3. Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар еңбек шартын жасасу кезiнде де, еңбек шартына қосымша ретiнде де жасалуы мүмкiн.
      4. Қызметкерлерге берiлген мүлiктiң және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершiлiк туралы шарттар жасалуы мүмкiн қызметкерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тiзбесi, сондай-ақ толық материалдық жауапкершiлiк туралы үлгiлiк шарт ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде) немесе жұмыс берушiнiң актiлерiмен бекiтiледi.
      169-бап. Еңбек шарты тараптарының келтiрiлген залалды  (зиянды) өтеу тәртiбi
      Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтiрген тарапы оны осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде сот шешiмiнiң негiзiнде не ерiктi түрде өтейдi.
 15-тарау. ЖЕКЕ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
      170-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдар
      1. Жеке еңбек дауларын келiсiм комиссиялары және (немесе) соттар қарайды.
      2. Жеке еңбек дауларын еңбек дауы тараптарының өтiнiшi бойынша келiсiм комиссиясы қарайды.     
3. Еңбек шартының тараптары жеке еңбек дауын шешу үшiн өз қалауы бойынша тiкелей сотқа жүгiне алады.
      171-бап. Келiсу комиссиясын құру және оның жұмысын ұйымдастыру
      1. Келiсу комиссиясы тепе-теңдiк негiзiнде жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылады.
      2. Келiсу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс iстеу тәртiбi және келiсiм комиссиясы өкiлеттiгiнiң мерзiмi жұмыс берушi мен қызметкерлердiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) белгiленедi.
      3. Келiсу комиссиясының қызметкерлерден құрылатын мүшелерi қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келiсу комиссиясының жұмыс берушiден құрылатын мүшелерi жұмыс берушiнiң актiсiмен тағайындалады. Келiсу комиссиясының мүшелерi бiрiншi ұйымдастыру отырысында көпшiлiк дауыспен өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды.      4. Келiсу комиссиясы еңбек дауын өтiнiш берген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде қарайды.
      5. Қарау нәтижесi бойынша келiсу комиссиясының шешiмi қабылданады, ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей өтiнiш иесiне берiледi.
      172-бап. Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жүгiну мерзiмi
      Жеке еңбек дауларын қарау жөнiндегi органдарға жүгiну үшiн мынадай мерзiмдер белгiленедi:      1) жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс берушiнiң еңбек шартын бұзу туралы актiсiнiң көшiрмесi табыс етiлген күннен бастап үш ай;      2) басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс берушi өз құқығының бұзылғаны туралы бiлген немесе бiлуге тиiстi күннен бастап бiр жыл.
      173-бап. Еңбек даулары жөнiндегi келiсу комиссиясының  құзыретi
      Келiсу комиссиясы, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында қараудың өзгеше тәртiбi белгiленген дауларды қоспағанда, ұйымдарда туындайтын еңбек дауларын қарау жөнiндегi орган болып табылады.
      Егер қызметкер келiспеушiлiктердi жұмыс берушiмен арадағы өзi немесе өз өкiлi қатысатын тiкелей келiссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын келiсу комиссиясы қарайды.
      174-бап. Еңбек дауларын келiсу комиссиясында қарау тәртiбi
      Келiсу комиссиясына келiп түскен өтiнiш аталған комиссияда мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.      Келiсу комиссиясы еңбек дауын өтiнiш берiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарауға мiндеттi.
      Дау өтiнiш берушiнiң немесе ол уәкiлеттiк берген өкiлдiң қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердiң немесе оның өкiлiнiң қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтiнiшi бойынша ғана жол берiледi. Қызметкер немесе оның өкiлi аталған комиссияның отырысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейiнге қалдырылады. Қызметкер немесе оның өкiлi дәлелдi себептерсiз екiншi рет келмей қалған жағдайда, келiсiм комиссиясы мәселенi қараудан алып тастау туралы шешiм шығаруы мүмкiн, мұның өзi қызметкердi осы Кодексте белгiленген мерзiм шегiнде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтiнiш беру құқығынан айырмайды.
      Келiсу комиссиясы отырысқа куәгерлердi шақыртуға, мамандарды шақыруға құқылы. Комиссияның талап етуi бойынша ұйымның басшысы оған қажеттi құжаттарды белгiленген мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
      Келiсу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкiлдiк ететiн мүшелерiнiң кемiнде жартысы және жұмыс берушi атынан өкiлдiк ететiн мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледi.
      Келiсу комиссиясының отырысында хаттама жүргiзiледi, оған комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары қол қояды.
      175-бап. Келiсу комиссиясының шешiм қабылдау тәртiбi және оның мазмұны
      Келiсу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Өтiнiш берушiнiң немесе комиссия мүшелерiнiң бiрiнiң талап етуi бойынша дауыс беру жасырын өткiзiледi.
      Келiсу комиссиясының шешiмiнде:      ұйымның (бөлiмшенiң) атауы, комиссияға жүгiнген қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы, кәсiбi немесе мамандығы;      комиссияға жүгiнген күн мен дауды қарау күнi, даудың мәнi;
      комиссия мүшелерi мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты;      шешiмнiң мәнi және оның негiздемесi (заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме жасай отырып);
      дауыс беру нәтижелерi көрсетiледi.
      Келiсу комиссиясы шешiмiнiң тиiсiнше расталған көшiрмелерi шешiм қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде ұйымның қызметкерi мен басшысына берiледi.
      176-бап. Келiсу комиссиясының шешiмдерiн орындау
      Келiсу комиссиясының шешiмi онда белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс.
      Комиссияның шешiмi белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе жұмыс берушi еңбек дауын шешудi сот тәртiбiмен жүзеге асыруға құқылы.
      177-бап. Жеке еңбек дауын қарау жөнiндегi органның қызметкердi жұмысына қайта алдыртуы
      1. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты бұған заңды негiзсiз, не басқа жұмысқа заңсыз ауыстыру, басқа жұмыс орнына заңсыз көшiру, еңбек жағдайларын заңсыз өзгерту, жұмыстан заңсыз шеттету себебiнен тоқтатылған жағдайда, жеке еңбек дауын қарау жөнiндегi орган қызметтердi бұрынғы жұмысына қайта алу туралы шешiм шығарады.
      2. Бұрынғы жұмысына қайта алынған қызметкерге амалсыз бос жүрген (жұмыстан шеттетiлген) барлық уақыты үшiн орташа жалақысы немесе төмен ақы төленетiн жұмысты орындағаны үшiн, бiрақ алты айдан аспайтын уақытқа жалақыдағы айырма төленедi.      3. Жеке еңбек дауын қарайтын орган қызметкердiң өтiнiшi бойынша қызметкерге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мөлшерде жалақы төлеу туралы шешiм шығарумен шектелуi мүмкiн.
      4. Жеке еңбек дауын қарау жөнiндегi органның қызметкердi бұрынғы жұмысында қайта алу туралы шешiмi дереу орындалуға тиiс. Жұмыс берушi жұмысқа қайта алу туралы шешiмнiң орындалуын кiдiрткен кезде, жеке еңбек дауын қарау жөнiндегi орган қызметкерге шешiмнiң орындалуы кiдiртiлген уақыт үшiн орташа жалақысын немесе жалақысының айырмасын төлеу туралы шешiм шығарады.
3-БӨЛIМ. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖЕКЕЛЕГЕН САНАТТАРЫНЫҢ ЕҢБЕГIН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
 16-тарау. ОН СЕГIЗ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН
РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      178-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек  саласындағы құқықтары
      Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер еңбек қатынастарында құқықтары бойынша кәмелетке толғандармен теңестiрiледi, ал еңбектi қорғау, жұмыс уақыты, демалыс уақыты және басқа да еңбек жағдайлары саласында осы Кодексте белгiленген қосымша кепiлдiктердi пайдаланады.
      179-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
      1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылығының дамуына зиян келтiруi мүмкiн жұмыстарда (ойын бизнесi, түнгi ойын-сауық мекемелерiндегi жұмыс, алкоголь өнiмдерiн, темекi бұйымдарын, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндiру, тасымалдау мен сату) қолдануға тыйым салынады.
      2. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң өздерiне белгiленген шектi нормалардан артық жүктердi тасуына және қозғалтуына тыйым салынады.
      3. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң жүктердi тасуы мен қозғалтуының шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша белгiлейдi.
      180-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексерулер
      Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шарттары алдын ала мiндеттi медициналық тексеруден кейiн ғана жасалады. Одан әрi қызметкерлер он сегiз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс.
      181-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының ұзақтығы
      Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге:
      1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан аспайтын;      2) он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;      3) бiлiм беру мекемелерiнде оқитын және оқу жылы iшiнде оқуды жұмыспен қатар алып жүретiн он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi оқушыларға - күнiне 2,5 сағат, он алты жастан он сегiз жасқа дейiнгi оқушыларға күнiне 3,5 сағат жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
      182-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер үшiн еңбекке ақы төлеу және өндiрiм нормалары
      1. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ескерiле отырып жүргiзiледi.
      2. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң өндiрiм нормалары қызметкерлерге арналған жалпы өндiрiм нормаларын негiзге ала отырып, осы Кодекстiң 181-бабында белгiленген жұмыс уақытының барабар қысқартылған ұзақтығымен белгiленедi.      3. Орта, техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарын бiтiргеннен кейiн жұмысқа кiретiн, сондай-ақ өндiрiсте кәсiптiк оқытудан өткен он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн өндiрiмнiң азайтылған нормалары белгiленуi мүмкiн.
      4. Жұмыс берушi он сегiз жасқа толмаған қызметкерлерге күнделiктi жұмыстың толық ұзақтығы кезiнде қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу деңгейiне дейiн қосымша ақы төлей алады.
      Ескерту. 182-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      183-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң еңбек және тынығу режимiнiң ерекшелiктерi
      Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi түнгi уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, жұмыс уақытының жиынтық есебi кезiндегi жұмысқа тартуға, оларды iссапарға және вахталық әдiспен орындалатын жұмысқа жiберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан керi шақырып алуға тыйым салынады.
      184-бап. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердiң  материалдық жауапкершiлiгiн шектеу
      Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершiлiк туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
 17-тарау. ӘЙЕЛДЕРДIҢ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ МIНДЕТТЕРI БАР ӨЗГЕ
АДАМДАРДЫҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      185-бап. Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды шектеу
      1. Жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейiнгi баланы (он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек-баланы) тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1), 3) - 18) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берiлмейдi.
      2. Егер әйел еңбек шартының мерзiмi аяқталған күнi мерзiмi он екi апта және одан көп апта жүктiлiгi туралы медициналық қорытынды
ұсынса, жұмыс берушi оның жазбаша өтiнiшi бойынша еңбек шартының
мерзiмiн бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты демалыс аяқталған күнге дейiн ұзартуға мiндеттi.
      186-бап. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстар
      1. Әйелдердiң еңбегiн ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
      2. Әйелдердiң өздерi үшiн белгiленген шектi нормалардан асатын жүктi қолмен көтеруiне және жылжытуына тыйым салынады.
      3. Әйелдердiң еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын жұмыстардың тiзiмiн, әйелдердiң жүктердi қолмен көтеруiнiң және қозғалтуының шектi нормаларын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды.
      187-бап. Әйелдердiң және отбасылық мiндеттерi бар басқа да адамдардың еңбегi мен тынығу режимiнiң ерекшелiктерi
      1. Жұмыс берушiнiң жүктi әйелдердi түнгi уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды iссапарға жiберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан керi шақырып алуға құқығы жоқ.      2. Жұмыс берушiнiң:
      1) жетi жасқа дейiнгi балалары бар әйелдердi және жетi жасқа дейiнгi балаларды анасыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды;
      2) егер үш жасқа дейiнгi балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесi медициналық қорытынды негiзiнде тұрақты күтiм жасауға мұқтаж болса, отбасының ауру мүшелерiне күтiм жасайтын не мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлердi жазбаша келiсiмiнсiз түнгi уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ iссапарға және вахталық әдiспен орындалатын жұмысқа жiберуге құқығы жоқ.
      188-бап. Баланы тамақтандыруға арналған үзiлiстер
      1. Тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстерден, ауысымiшiлiк және арнайы үзiлiстерден басқа, бiр жарым жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiр жарым жасқа дейiнгi балаларды анасыз тәрбиелеп отырған әкелерге (асырап алушыларға) баланы (балаларды) тамақтандыру үшiн жұмыстың кемiнде әрбiр үш сағаты сайын:      1) бiр баласы бар болғанда - әрбiр үзiлiс кемiнде отыз минут;
      2) екi немесе одан да көп баласы бар болғанда - әрбiр үзiлiс кемiнде бiр сағат болатын қосымша үзiлiстер берiледi.      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң өтiнiшi бойынша баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзiлiстер тынығуға және тамақтануға арналған үзiлiстерге қосылады не жиынтық үзiлiстер жұмыс күнiнiң (ауысымының) басында немесе аяғында берiледi.
      3. Баланы (балаларды) тамақтандыруға арналған үзiлiстер жұмыс уақытына кiредi. Үзiлiстер уақытында әйелдердiң (әкелердiң, асырап алушылардың) орташа жалақысы сақталады.
      189-бап. Әйелдерге және отбасылық мiндеттерi бар басқа да адамдарға толық емес жұмыс уақытын белгiлеу
      Жұмыс берушi жүктi әйелдiң, үш жасқа толмаған баласы (балалары) бар әйелдiң, үш жасқа дейiнгi баланы анасыз тәрбиелеп отырған әкенiң, асырап алушының, сондай-ақ отбасының ауру мүшесiне медициналық қорытындыға сәйкес күтiм жасайтын қызметкердiң жазбаша өтiнiшi бойынша оларға толық емес жұмыс уақыты режимiн бередi.
      190-бап. Жүктi әйелдерге жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануды шектеу
      Егер жұмыс күнiнiң ұзақтығы сегiз сағаттан асатын болса, жүктi әйелдерге жұмыс уақытының (жұмыс ауысымының) жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
      191-бап. Жүктi әйелдердi басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
      Жұмыс берушi медициналық қорытынды негiзiнде жүктi әйелдi орташа жалақысын сақтай отырып, зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтын басқа жұмысқа ауыстыруға мiндеттi.
      192-бап. Жыл сайынғы ақылы демалыс кезектiлiгiн белгiлеу кезiнде әйелдерге берiлетiн кепiлдiк
      Әйелге, қалауы бойынша, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тiкелей одан кейiн не балаға күтiм жасауға арналған демалыс бiткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
      193-бап. Жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс
      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, әйелдерге жүктiлiгiне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейiн күнтiзбелiк жетпiс күнге және босанғаннан кейiн күнтiзбелiк елу алты (қиналып босанған немесе екi немесе одан да көп бала туған жағдайда - жетпiс) күнге дейiн демалыс берiледi.
      2. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргiзiледi және демалыс әйелге босанғанға дейiн нақты пайдаланған күндерiнiң санына және жұмыс берушiдегi жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық берiледi.
      Ескерту. 193-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      194-бап. Жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берiлетiн демалыс
      Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың бiреуiне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейiнгi кезеңге демалыс берiледi.
      Ескерту. 194-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      195-бап. Балалардың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс
      1. Жұмыс берушi қызметкерге:      1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесiне;      2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың бiреуiне;      3) баланы iс жүзiнде тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;      4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейiн баланың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
      2. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде оның қалауы бойынша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы мүмкiн.      3. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) сақталады.      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.
 18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУДIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты
      1. Қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
      2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.
      197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын  жасасуға қажеттi қосымша құжаттар
      Қызметкер басқа жұмыс берушiмен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшiн осы Кодекстiң 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негiзгi жұмыс орны бойынша еңбектiң сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етедi.
      198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының  ұзақтығы
      Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс.
      199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
      1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.      2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы - қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.
      200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуды шектеу
      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады.
      201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзудың қосымша негiздерi
      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстiң 54-бабында көзделген негiздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзi үшiн негiзгi болып табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасымен бұзылуы мүмкiн.
 19-тарау. АУЫР ЖҰМЫСТАРДА, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУIПТI ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУДIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      202-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды  (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi  жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.
      2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша айқындайды.
      203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы
      Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiне сәйкес берiледi. Демалыстың бұл түрiнiң ұзақтығын, сондай-ақ оны берудiң шартын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды.
      204-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды  (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi  жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу
      Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгiлеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен төмен емес мөлшерде белгiленедi.
      Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды.
      Осы бапта белгiленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жағдайлардағы еңбегi жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерiмен расталған қызметкерлерге қолданылады.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 204-бабы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      205-бап. Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын  қамтамасыз ету
      Ұйым қызметкерлерiне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар белгiлейтiннен төмен емес нормаларда арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да дара қорғану құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық тағамдары берiледi.
 20-тарау. МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      206-бап. Маусымдық жұмыстар
      Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгiлi бiр, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең (маусым) iшiнде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.
      207-бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу ерекшелiктерi
      1. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңi көрсетiлуге тиiс.
      2. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезiнде қызметкердiң өзiне тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатындағы сынақ мерзiмi белгiленбейдi.
      208-бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен  еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша  бұзудың қосымша негiздерi
      Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен еңбек шарты, осы Кодекстiң 54-бабында көзделген негiздерден басқа:
      1) жұмыс берушiдегi жұмыстар өндiрiстiк сипаттағы себептер бойынша екi аптадан артық мерзiмге тоқтатылған;
      2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бiр ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.
      209-бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен еңбек шартын бұзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi
      1. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкер, бұл туралы жұмыс берушiнi күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.
      2. Жұмыс берушi маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкердi еңбек шартының осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылатыны туралы күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi.
      3. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде, жұмыс берушi пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлемiн жұмыс iстелген уақытқа барабар төлейдi.
      4. Маусымдық жұмыста iстейтiн қызметкермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екi апталық орташа жалақы мөлшерiнде демалыс жәрдемақысы төленедi.
 21-тарау. ВАХТАЛЫҚ ӘДIСПЕН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      210-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу ерекшелiктерi
      1. Вахталық әдiс, қызметкерлердiң тұрақты тұратын жерiне күн сайын қайтып келуi қамтамасыз етiле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде еңбек процесiн жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
      2. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлер жұмыс өндiрiсi объектiсiнде болған кезде оларды тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан керi жеткiзiп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен және ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Жұмыс берушi қызметкердiң жұмыс өндiрiсi объектiсiнде болу жағдайларын еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етедi.
      211-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеуге қойылатын  шектеулер
      Вахталық әдiспен орындалатын жұмыстарға он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер, жүктi әйелдер, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер жiберiлмейдi. Өзге қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды негiзiнде олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдiспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкiн.
      212-бап. Вахтаның ұзақтығы
      1. Объектiде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық тынығу уақытын қамтитын кезең вахта деп есептеледi.
      2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      213-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс уақытын және тынығу уақытын есепке алу
      1. Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде айлық, тоқсандық немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең iшiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленедi.
      2. Есептiк кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс берушi
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейiнгi және одан керi қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептiк кезеңдегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңiнде бөлiп беруге жол берiлмейдi.
      4. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн әрбiр қызметкердiң жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебiн ай бойынша және барлық есептiк кезең бойынша жүргiзуге мiндеттi.
 22-тарау. ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      214-бап. Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және тоқтату ерекшелiктерi
      1. Үй қызметкерлерi деп жұмыс берушi - жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.
      2. Жұмыс берушi үй қызметкерiн жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кiтапшасына оның жұмысы туралы мәлiметтер енгiзбейдi.
      3. Үй қызметкерiнiң еңбек қызметi еңбек шартымен расталады.
      4. Үй қызметкерiмен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудiң мерзiмi, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшерi еңбек шартында белгiленедi.
      215-бап. Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу  уақытының режимi
      1. Үй қызметкерлерiне осы Кодексте белгiленген жұмыс уақыты мен тынығу уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
      2. Үй қызметкерiнiң жұмыс режимi, оларға демалыс күндерiн, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту тәртiбi еңбек шартында айқындалады.
      216-бап. Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау  тәртiбi
      Үй қызметкерiне қатысты тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау тәртiбi еңбек шартымен айқындалады.
      217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу
      Үй қызметкерi мен жұмыс берушiнiң арасындағы жеке еңбек даулары тараптар келiсiмiмен және (немесе) сотта шешiледi.
      218-бап. Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу
      Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.
 23-тарау. ҮЙДЕ ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      219-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер
      1. Жұмыс берушiмен жұмысты өз материалдарымен және өзiндiк немесе жұмыс берушi бөлiп беретiн не жұмыс берушi қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегiмен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер деп есептеледi.
      2. Қызметкердiң жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол сияқты еңбек шартының қолданылу мерзiмi iшiнде еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып белгiленуi мүмкiн.
      220-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек жағдайлары
      1. Үйде iстелетiн жұмыс қызметкердiң денсаулық жағдайына қайшы келмейтiн және оларды орындау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар қамтамасыз етiлген жағдайда ғана орындалуы мүмкiн.
      2. Үйде iстелетiн жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
      1) жұмысты қызметкерге меншiк құқығымен тиесiлi немесе жұмыс берушi бөлiп беретiн не жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау;
      2) қызметкердi жұмысты орындау үшiн шикiзатпен, материалдармен, жартылай дайын өнiмдермен қамтамасыз ету тәртiбi мен мерзiмдерi;
      3) дайын өнiмдi алып шығу тәртiбi мен мерзiмдерi;
      4) қызметкерге төленетiн өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
      221-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жұмысуақыты мен тынығу уақытының режимi, еңбек  қауiпсiздiгiн және еңбегiн қорғауды қамтамасыз  ету жағдайлары
      Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмыс уақыты режимiн сақтауын бақылау ерекшелiктерi, еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс iстейтiн қызметкер үшiн осы талаптардың сақталуы жөнiндегi жағдайлар еңбек шартында белгiленедi.
 24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      222-бап. Мүгедектердiң еңбек ету құқығын iске асыруы
      1. Мүгедектер әдеттегiдей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегiн пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушiлермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.
      2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша денсаулық жағдайы еңбек мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк себептерi бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедектi басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.
      223-бап. Мүгедек қызметкерлердiң еңбек жағдайлары
      1. Еңбектi нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары, жұмыс режимi, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару тәртiбi, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келiсiмi бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердiң жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды.
      2. Мүгедектер еңбегiн ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
      3. Жұмыс iстеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленген қосымша кепiлдiктер берiлуi мүмкiн.
      4. Жұмыс берушi жұмыс iстеп жүрген мүгедектердiң толық емес жұмыс уақыты режимi, жүктеменi азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық қорытындыларды орындауға мiндеттi.
      224-бап. Мүгедек қызметкерлердiң жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы
      1. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгiленедi.
      2. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлердiң күнделiктi жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жетi сағаттан аспауға тиiс.
      225-бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық  есебiн қолдануды шектеу
      1. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.
      2. Егер үшiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық
көрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленетiн
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгiленбейдi.
      226-бап. Мүгедек қызметкерлердiң түнгi уақыттағы жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке  күндердегi жұмысын, оларды iссапарға жiберудi шектеу
      Мүгедек қызметкерлердi үстеме жұмысқа, түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа тартуға, iссапарға жiберуге, егер олар үшiн мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
      227-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек  демалысын беру
      Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келiсе отырып, жұмыс берушi бекiтетiн демалыс кестесiне сәйкес берiледi.
      228-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс беру
      Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бiр мезгiлде не мүгедек қызметкердiң қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытында берiледi.
 25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      229-бап. Азаматтық қызметке кiру
      1. Азаматтық қызметке кiру тағайындау тәртiбiмен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады.      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттiк мекеме, қазыналық кәсiпорын ұйымдастырып, өткiзедi.
      3. Азаматтық қызметке кiру және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.      4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушiнiң актiсiн шығару жолымен жүзеге асырылады.
      230-бап. Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесi
      Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер
      Азаматтық қызметшi:      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;      2) азаматтық қызметтiң қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi атқаруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттерге қатысуға;
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;  
    4) азаматтық қызметтi өткеру кезеңiнде белгiлi болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес.
      232-бап. Азаматтық қызметшiнi басқа мемлекеттiк мекемеге (қазыналық кәсiпорынға) жұмысқа  ауыстыру
      Азаматтық қызметшi өзiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша тиiстi ұйымдардың басшылары арасындағы келiсiм бойынша басқа мемлекеттiк мекемеге (қазыналық кәсiпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкiн.
      233-бап. Азаматтық қызметшiлердi аттестаттау
      Азаматтық қызметшiлер кәсiптiк және бiлiктiлiк даярлығы деңгейiн, iскерлiк қасиеттерiн айқындау мақсатында аттестаттаудан өтедi.
      Азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      234-бап. Азаматтық қызметтегi жоғарылату
      1. Азаматтық қызметшiлердiң қызметтегi жоғарылауы оларды жоғары лауазымға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
      2. Бiлiктiлiк деңгейi жоғары және жұмыс тәжiрибесi бар, өзiнiң кәсiптiк, бiлiктiлiк деңгейiн үнемi арттырып отыратын азаматтық қызметшiлер азаматтық қызмет бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады.
      235-бап. Азаматтық қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру  және оларды қайта даярлау
      1. Азаматтық қызметшiлер кәсiптiк бiлiмi мен дағдыларын тереңдету, кәсiптер мен мамандықтар алу мақсатында тиiстi бiлiм беру ұйымдарына жiберiлуi мүмкiн.      2. Азаматтық қызметшiнiң оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуi, өндiрiстен (жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда, жiберушi ұйымның қаражаты есебiнен төленедi.
      Азаматтық қызметшiнiң оқуы кезiнде оның атқаратын лауазымы, кепiлдiктерi мен өтемақы төлемдерi сақталады.
      3. Бiлiктiлiгiн арттырудан немесе азаматтық қызмет бейiнiне сәйкес келетiн мамандық бойынша қайта даярлаудан өтiп жатқан азаматтық қызметшiлерге ақылы оқу демалысы берiледi.
      236-бап. Азаматтық қызметшiлердi көтермелеу
      Лауазымдық мiндеттерiн адал атқарғаны, жұмысты, оның iшiнде айрықша күрделi және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшiн, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн азаматтық қызметшiлер:      1) азаматтық қызметтегi жоғарылатумен;      2) ақшалай сыйақымен;      3) алғыс жариялаумен көтермеленуi мүмкiн.      Ұжымдық шартта көтермелеудiң басқа да шаралары көзделуi мүмкiн.
      237-бап. Азаматтық қызметшiлерге басқа жерге жұмысқа ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен  өтемақы төлемдерi
      Азаматтық қызметшiлерге мемлекеттiк мекемемен (қазыналық кәсiпорынмен) бiрге қолданыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бойынша басқа жерге (басқа елдi мекенге) жұмысқа ауысу кезiнде:
      азаматтық қызметшiнiң өзiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жұмыс орнына дейiнгi жолақысының құны (мемлекеттiк мекеме (қазыналық кәсiпорын) тиiстi қозғалыс құралын беретiн жағдайлардан басқа);
      мүлiктi тасымалдау шығыстары;      жолда болған әр күн үшiн тәулiктiк шығыстар;      атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшерiндегi бiржолғы жәрдемақы;      жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндерi үшiн, бiрақ алты күннен аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшiн жалақысы төленедi.
      238-бап. Азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшiлерiне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң, осы түрлерiмен қалалық жағдайда
айналысатын азаматтық қызметшiлердiң жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленедi.
      3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.
      239-бап. Азаматтық қызметшiлерге берiлетiн демалыс
      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық
қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
      Азаматтық қызметшiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзiмдi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы белгiленуi мүмкiн.
      2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшiлерге жұмыс берушiмен келiсiм бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезеңiне ақылы оқу демалыстары берiледi.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 239-бабы 1-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      240-бап. Азаматтық қызметшiлермен еңбек шартын  тоқтатудың қосымша негiзi
      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшiн осы Кодексте белгiленген негiздермен қатар азаматтық қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуi олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiзi болып табылады.
      2. Мемлекеттiк мекеменiң (қазыналық кәсiпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлiк жасқа жеткен, кәсiптiк және бiлiктiлiк деңгейi жоғары қызметкермен оның еңбекке қабiлеттiлiгiн ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкiн.
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 26-тарау. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      241-бап. Өздерiне қатысты еңбек қатынастарын реттеу  ерекшелiктерi белгiленетiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
      Осы тарауда белгiленген еңбектi реттеу ерекшелiктерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылады.
      242-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн еңбек шарттарының мерзiмдерi
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлермен еңбек шарттарын осы Кодекстiң 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусiз белгiлi бiр мерзiмге жасаса алады.
      243-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң еңбек  тәртiптемесiнiң ережелерi
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн дербес бекiтедi.
      244-бап. Жұмыс режимi
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс берушi бекiтетiн кестеге сәйкес демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуды көздейтiн жұмыс режимiн белгiлеуге, сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жөнiндегi жалпы талаптарды сақтай отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебiн немесе жұмыс күнiн бөлiктерге бөлудi пайдалануға құқығы бар.
      245-бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттарын жұмыс берушi белгiлейдi немесе өзгертедi және еңбек шартын жасасу кезiнде немесе оларды бекiтуге кемiнде бiр ай қалғанда қызметкерлер назарына жеткiзедi. Жұмысқа ақы төлеу шарттарын бекiту кезiнде жұмыс берушiнiң еңбек шартының талаптарын бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.
      246-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк әрiптестiкке қатысуы
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қатысатын еңбек қатынастарына, егер жұмыс берушiлер мен қызметкерлер келiссөздер жүргiзу және осындай келiсiмдерге қол қою үшiн тиiстi ұйымдарға бiрiккен болса, келiсiмдердiң күшi қолданылады.
      247-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек  қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды ұйымдастыру ерекшелiктерi
      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негiзiнде жүзеге асыруы мүмкiн.
27-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АЛҚАЛЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ МЕН МҮШЕЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      248-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының еңбегiн реттеудiң құқықтық негiздерi
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттары мен еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.
      249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптар келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасасады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.
      250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса атқаратын жұмысы
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң, не ол уәкiлеттiк берген тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы төленетiн лауазымдарды атқара алады.
      251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының  материалдық жауапкершiлiгi
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтiрген залалы үшiн осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.
      252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiздерi
      Заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң не ол уәкiлеттiк берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органының еңбек қатынастарын мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмi осы Кодексте көзделген негiздермен қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негiз болып табылады.
      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде өтемақы төлемi төленедi.
      253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының бастамасы бойынша еңбек шартын мерзiмiне  бұрын бұзу
      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiн не ол уәкiлеттiк берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органын бұл жөнiнде жазбаша түрде кемiнде екi ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.
      254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi
      Осы тарауда белгiленген атқарушы орган басшысының еңбегiн реттеу ерекшелiктерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерiне қолданылады.
 28-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГI АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ
ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
      255-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және  мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан  Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу
      Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, еңбектiң ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi.
      256-бап. Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау  органдарының қызметкерлерi
      1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланда, iшкi әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады.
      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi органдарында, қаржы полициясында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын адамдар жатады.
      257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу
      Әскери қызметтегi адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен реттеледi.
 4-БӨЛIМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ЖӘНЕ
ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
 29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК
      258-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi
      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк:
      1) әлеуметтiк, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
      2) қоғамның барлық жiктерiнiң мүдделерiн объективтi ескеру негiзiнде әлеуметтiк тұрақтылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      3) қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыру;
      4) барлық деңгейдегi әлеуметтiк әрiптестiк тараптары арасындағы консультациялар мен келiссөздер процесiне жәрдемдесу;
      5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
      6) әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды талдап-тұжырымдау мiндеттерiн шешуге бағытталған.
      259-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi
      Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi мыналар:      1) тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiлiгi;      2) тараптардың тең құқықтылығы;
      3) талқыланатын мәселелердi таңдау еркiндiгi;      4) мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;      5) тараптар мүдделерiн құрметтеу;      6) ұжымдық шарттарды, келiсiмдердi орындау мiндеттiлiгi;      7) келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi өз кiнәсi бойынша орындамағаны үшiн тараптардың, олардың өкiлдерiнiң жауаптылығы;      8) әлеуметтiк әрiптестiктi нығайту мен дамытуға мемлекеттiң жәрдемдесуi;      9) қабылданатын шешiмдердiң жариялылығы.
      260-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк органдары
      Әлеуметтiк әрiптестiк әлеуметтiк әрiптестiк органдары:
      1) республикалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi - республикалық комиссия);      2) салалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялар (бұдан әрi - салалық комиссия);
      3) өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрi - өңiрлiк комиссия) арқылы тараптардың өзара iс-қимыл жасасуы нысанында;      4) ұйымдар деңгейiнде - қызметкерлердiң өкiлдерi мен жұмыс берушiнiң арасында еңбек саласындағы өзара нақты мiндеттемелердi белгiлейтiн келiсiмдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етiледi, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттерi халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негiзiнде қамтамасыз етедi.
      261-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк нысандары
      Әлеуметтiк әрiптестiк:      ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу және оларды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер;
      еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара консультациялар (келiссөздер);
      қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң еңбек дауларын сотқа дейiн шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.
      262-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары
      Тиiстi атқарушы органдар атынан мемлекет, белгiленген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген өз өкiлдерi атынан қызметкерлер мен жұмыс берушiлер әлеуметтiк әрiптестiк тараптары болып табылады.
      263-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде ұйымдастыру
      1. Республикалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.      3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң республикалық одағының (қауымдастығының), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiктiң, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкiлдiк ету олардың құрамына кiретiн республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң санына қарай пропорциялық негiзде жүзеге асырылады.
      264-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде  ұйымдастыру
      1. Салалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салалар тiзбесiн республикалық комиссия белгiлейдi.
      2. Тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар салалық кәсiптiк одақтар қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Салалық ұйымдардың өкiлдерi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      265-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi өңiрлiк деңгейде  ұйымдастыру
1. Өңiрлiк комиссия тиiстi келiсiмдермен және шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi өңiрлiк комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегi кәсiптiк одақтар бiрлестiктерi қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Өңiрлiк деңгейдегi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi:
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiк;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, аудандық бiрлестiктер болып табылады.
      266-бап. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұйым деңгейiнде реттеу
      1. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеудi қамтамасыз ету, ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрi ескерiлiп немесе солардың келiсiмi бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобаларын талқылау үшiн, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн тараптар шешiмi бойынша тең құқықтылық негiзде тараптардың қажеттi өкiлеттiктер берiлген өкiлдерiнен тұратын комиссиялар құрылады.      2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс iстейтiн кәсiптiк одақтың қызметi үшiн жағдай жасайды.      3. Тараптардың келiсiмi бойынша және кәсiптiк одақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлердiң жазбаша өтiнiштерi болған кезде, жұмыс берушi кәсiптiк одақтың есеп-шотына қызметкерлердiң жалақысынан ұсталатын мүшелiк кәсiподақ жарналарын ай сайын аудара алады.
      267-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық,  өңiрлiк комиссияларды құрудың принциптерi мен  тәртiбi
      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар мынадай принциптер:      1) комиссиялардың қызметiне атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысу мiндеттiлiгi;      2) тараптардың өкiлеттiлiгi;      3) тепе-тең өкiлдiк ету;      4) тараптардың тең құқықтылығы;      5) тараптардың өзара жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтiк әрiптестiктiң әрбiр тарапы дербес құрады.
      268-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi
      1. Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсу болып табылады.
      2. Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:      1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының ұстанымдарын келiсу;      2) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу;      3) келiсiмдердi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, келiсу және бекiту;      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      3. Комиссиялар өздерi бекiткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс iстейдi. Комиссия отырыстары жылына екi реттен сирек болмайтындай етiп өткiзiледi.
      269-бап. Республикалық, салалық және өңiрлiк  комиссиялардың негiзгi құқықтары
      Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялар:
      1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында келiсiлген саясат жүргiзу проблемаларын қарауға;
      2) келiсiм жобасын әзiрлеу, көрсетiлген келiсiмдi iске асыру, комиссия шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы органдардың, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бiрлестiктерiнiң мүдделерiн келiсуге;
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттейтiн, жасалатын және жасалған келiсiмдер туралы ақпарат сұратуға;
      4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар оларды орындамаған жағдайда әлеуметтiк әрiптестiктiң тиiстi тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және келiсiмнiң талаптарын орындамағаны үшiн кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiндегi ұсыныстары бар ақпарат жiберуге;      5) атқарушы органдардан ұжымдық келiссөздер жүргiзу және келiсiмнiң жобасын әзiрлеу, аталған келiсiмнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi әлеуметтiк жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға;      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қарауына әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң бiрлестiктерi комиссия белгiленген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi бiрлескен келiсiмдер мен шешiмдер қабылдауға;
      10) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, өңiраралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткiзуге аталған iс-шараларды ұйымдастырушылармен келiсiлген тәртiппен қатысуға құқылы.
      270-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi
      1. Қызметкерлер өкiлдерiнiң:      1) қызметкерлердiң әлеуметтiк-еңбек құқықтары мен мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
      2) жұмыс берушiмен жобаларды әзiрлеу және келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер жүргiзуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат алуға;
      3) келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн шешуге қатысуға;
      4) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
      5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелерi бойынша еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк инспекторларымен өзара iс-қимыл жасасуға;
      6) келiсiмдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды зерделеу мен қолдану үшiн жұмыс орындарында болуға;      7) еңбек қатынастарына және әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге байланысты заңнамалық актiлердiң, бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу мен қарау жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың жұмысына қатысуға;
      8) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жиналыстар, шерулер, митингiлер, пикеттер, ереуiлдер өткiзуге құқығы бар.
      2. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлер өкiлдерiне өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасауына жол берiлмейдi.
 30-тарау. ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ТАРАПТАРЫ АРАСЫНДА
КЕЛIСIМДЕР ЖАСАСУ ТӘРТIБI
      271-бап. Келiсiмдердi дайындау жөнiнде келiссөздер жүргiзу құқығы
      1. Әлеуметтiк әрiптестiктiң кез келген тарапы келiсiмдi әзiрлеу, оның мазмұны, оны жасасу, өзгерту, толықтыру жөнiндегi келiссөздердiң бастамашысы болуға құқылы.
      2. Республикалық, салалық, өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер мен жұмыс берушiлер уәкiлеттiк берген бiрнеше өкiл бар болса, олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң атынан келiссөздер жүргiзу құқығы берiледi.
      272-бап. Келiссөздер жүргiзудiң, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасудың тәртiбi
      1. Екiншi тараптан келiссөздердiң басталуы туралы жазбаша ұсыныстар алған тараптар күнтiзбелiк он күн iшiнде оларды қарауға және келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi.      Тараптар арасында салалық келiсiмнiң жекелеген ережелерi бойынша келiспеушiлiктер болғанда, келiссөздер басталған күннен бастап үш ай iшiнде тараптар бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып, келiсiлген шарттарда салалық келiсiмге қол қоюға тиiс.
      2. Келiссөздер жүргiзу тәртiбiн, келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу мерзiмдерiн, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi, оларға қосылуды комиссиялар бекiтедi.      3. Келiсiмдер оларға тараптар қол қойған кезден бастап не келiсiмдерде белгiленген күннен бастап күшiне енедi. Келiсiмдердiң барлық қосымшалары олардың ажырамас бөлiгi болып табылады және солармен бiрдей заң күшiне ие болады.
      4. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша не жаңа келiсiм қабылданғанға дейiн белгiленедi, бiрақ үш жылдан аспауға тиiс.
      5. Қызметкерлерге бiр мезгiлде бiрнеше келiсiмдердiң күшi қолданылған жағдайларда, келiсiмдердiң қызметкерлер үшiн неғұрлым қолайлы шарттары қолданылады.
      6. Бас, салалық, өңiрлiк келiсiмдердi әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының өкiлдерi қол қойып бекiтедi.
      7. Тараптар қол қойған салалық, өңiрлiк келiсiмдер қосымшаларымен қоса он күн мерзiмде хабарламалық тiркеу үшiн жiберiледi.
      273-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың шешiмдер қабылдау тәртiбi
      1. Комиссиялардың шешiмдерi келiссөздерде барлық тараптардың келiсiмiне қол жеткiзу негiзiнде ғана қабылданады және тиiстi келiсiмдермен ресiмделедi.
      2. Келiсiм барысында, егер тараптар келiсiмге келе алмаса, келiспеушiлiктердi жою жөнiндегi және келiссөздердi қайта жалғастыру мерзiмдерi туралы тараптардың түпкiлiктi тұжырымдалған ұсыныстары енгiзiлетiн хаттама жасалады.
      3. Шешiмдер қабылдау мен жұмысты ұйымдастыру тәртiбiн комиссиялар әзiрлеп, бекiтедi.
      274-бап. Комиссиялардың үйлестiрушiлерi
      Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялардың үйлестiрушiлерi тараптардың бiрлескен шешiмiмен тағайындалады. Комиссияның үйлестiрушiсi:
      1) тараптардың қызметiне араласпайды;
      2) комиссия жұмысына қатысу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, атқарушы билiк органдарының комиссия мүшелерi болып табылмайтын өкiлдерiн, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, басқа да ұйымдардың өкiлдерiн шақырады;
      3) комиссияның және жұмыс топтарының жұмысын, хаттамалардың жүргiзiлуiн, шешiмдердiң жобаларын дайындауды және олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етедi.
      275-бап. Келiсiмдердiң тараптары, түрлерi
      1. Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкiметi, жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерi мен қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi арасында Бас келiсiм жасалады.
      2. Салалық деңгейде тиiстi атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлеттi өкiлдерi арасында салалық келiсiмдер жасалады.
      3. Өңiрлiк деңгейде жергiлiктi атқарушы органдар және жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлеттi өкiлдерi арасында өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) келiсiмдер жасалады.
      276-бап. Келiсiмдердiң мазмұны
      1. Келiсiмдер:      1) қолданылу мерзiмi туралы;      2) орындалуын бақылау тәртiбi туралы;      3) келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;      4) тараптардың өздерiне жүктелген мiндеттемелердi орындамаған жағдайдағы жауаптылығы туралы ережелердi қамтуға тиiс.
      2. Бас келiсiмнiң мазмұнын республикалық комиссия әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе солардың бiреуi ұсынған Бас келiсiмнiң жобаларын негiзге ала отырып айқындайды.
      3. Салалық және өңiрлiк келiсiмдердiң мазмұнын салалық және өңiрлiк комиссиялар әлеуметтiк әрiптестiктiң барлық тараптары немесе солардың бiреуi ұсынған келiсiмдер жобаларының негiзiнде айқындайды.
      4. Келiсiмдерде:      1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғау, еңбек режимi және тынығу режимi туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
      Салалар бойынша тарифтiк ставканың (айлықақының) ең төменгi мөлшерiнiң көлемi салалық келiсiмдерде айқындалады;
      2) бағалар мен инфляцияның, ең төменгi күнкөрiс деңгейi және келiсiмде айқындалған көрсеткiштердiң орындалуы негiзге алына отырып, еңбекке ақыны реттеу тетiгi туралы;      3) өтемақы төлемдерi туралы;
      4) қызметкерлердi жұмыспен қамтуға, кәсiптiк даярлауға және қайта даярлауға жәрдемдесу туралы;      5) жұмысқа және тынығуға қолайлы жағдайлар жасау және тиiстi қоршаған ортаны қамтамасыз ету жолымен өндiрiсте қызметкерлердiң денсаулығын сақтауды ұйымдастыру туралы;
      6) салауатты өмiр салтын насихаттау жөнiндегi шаралар туралы;
      7) қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнайы iс-шаралар туралы;      8) өндiрiстiң уақытша тоқтатылуы жағдайында қызметкерлердi қорғау шаралары туралы;
      9) жанжалдар мен ереуiлдердi болдырмау, еңбек тәртiбiн нығайту
туралы;
      10) қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн талаптар туралы;
      11) заңнамаға қайшы келмейтiн әлеуметтiк-еңбек мәселелерi бойынша басқа да ережелер;      12) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуi мүмкiн.
      5. Салалық келiсiмдерде:      1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбектi қорғау, еңбек және тынығу режимi туралы;      2) өтемақы төлемдерi туралы;
      3) қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау жөнiндегi арнайы iс-шаралар туралы;
      4) инфляция, ең төменгi күнкөрiс деңгейi негiзге алынып, еңбекке ақы төлеудi реттеу және келiсiмде айқындалған көрсеткiштердi орындау тетiктерi туралы;
      5) көтерiңкi салалық коэффициенттердi белгiлеу туралы ережелер көзделуге тиiс.
      6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердiң жағдайын нашарлататын келiсiмнiң ережелерi жарамсыз деп танылады.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 276-бабы 5-тармағы 5) тармақшасы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
      277-бап. Келiсiмдердi тiркеу
      1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
      278-бап. Келiсiмдердiң қолданылуы
      1. Келiсiмдердiң күшi келiссөздерде осы келiсiмдердi әзiрлеу мен өз аттарынан жасасу үшiн тиiстi тараптар өкiлдерiне уәкiлеттiк берген тиiстi атқарушы органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушiлерге қолданылады.
      2. Келiсiм:      жұмыс берушiлер бiрлестiктерiнiң мүшелерi болып табылатын, келiсiмдi жасасқан барлық жұмыс берушiлерге қатысты қолданылады. Жұмыс берушiлер бiрлестiгiндегi мүшелiктi тоқтату жұмыс берушiнi соның мүшесi болған кезеңде жасалған келiсiмдi орындаудан босатпайды. Келiсiм қолданыста болған кезеңде жұмыс берушiлер бiрлестiгiне кiрген жұмыс берушi осы келiсiмде көзделген мiндеттемелердi орындауға мiндеттi;
      келiсiмге қол қойылғаннан кейiн қосылған жұмыс берушiлерге қатысты қолданылады.
      3. Келiсiмдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкiнiң меншiк иелерi, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлерi шетелдiк жеке және заңды тұлғалар не шетелдiк қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да қолданылады.
      4. Келiсiм жарияланғаннан кейiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган республикалық деңгейде, тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар салалық деңгейде және жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк деңгейде келiсiм жасасуға қатыспаған жұмыс берушiлер бiрлестiктерiне, жұмыс берушiлерге, қызметкерлер бiрлестiктерiне тиiстi деңгейде келiсiмге қосылуға ұсыныс жасауға құқылы. Аталған ұсыныс ресми жариялануға тиiс.
      Егер жұмыс берушiлер бiрлестiктерi, жұмыс берушiлер, қызметкерлер бiрлестiктерi келiсiмге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде тиiстi атқарушы органдарға оған қосылудан дәйектi бас тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келiсiм соларға қатысты осы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледi.
      279-бап. Келiсiмдердiң орындалуын бақылау
      Келiсiмдердiң орындалуын бақылауды әлеуметтiк әрiптестiк тараптары жүзеге асырады.
      280-бап. Келiссөздерге қатысудан жалтарғаны үшiн  жауапкершiлiк
      Тараптар өкiлдерiнiң әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiмдi жасасу, өзгерту жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiлген келiсiмге қол қоюдан құқыққа сыйымсыз бас тартуы, келiссөздер жүргiзу және әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiм нормаларының сақталуына бақылау жасау үшiн қажеттi ақпарат бермеуi, сондай-ақ оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
 31-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ
      281-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң принциптерi
      Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң принциптерi:
      тараптар мүдделерiнiң тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
      ұжымдық шарттың немесе келiсiмнiң мазмұнын құрайтын мәселелердi талқылаудағы таңдау еркiндiгi;
      тараптардың мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;
      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
      282-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзудiң, ұжымдық шартты  әзiрлеу мен жасасудың тәртiбi
      1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзiрлеудiң бастамашысы бола алады.
      Екiншi тараптың ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндiк мерзiмде қарап, осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен келiссөздерге кiрiсуге мiндеттi.
      2. Ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын әзiрлеу үшiн тараптар тепе-тең негiзде комиссия құрады. Комиссия мүшелерiнiң саны, оның жеке құрамы, жобаны әзiрлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзiмдерi тараптар келiсiмiмен айқындалады.
      Жұмыс берушi тараптардың келiсiмi бойынша ұжымдық шартты әзiрлеу мен жасасу үшiн қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
      Кәсiптiк одақтың мүшелерi болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс берушiмен өзара қарым-қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiру үшiн кәсiподақ органына да, өзге өкiлдерге де уәкiлеттiк беруге құқылы.
      Ұйымда қызметкерлердiң бiрнеше өкiлдерi болған кезде комиссияға қатысу және ұжымдық шартқа қол қою үшiн олар бiртұтас өкiлдi орган құруы мүмкiн. Бұл ретте олардың әрқайсысына өздерi өкiлдiк ететiн қызметкерлердiң санына қарай пропорционалды өкiлдiк ету принципi негiзiнде келiссөздер жүргiзу жөнiндегi бiртұтас органның құрамында өкiлдiк ету құқығы берiледi.
      3. Комиссия әзiрлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлерi мiндеттi түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң өздерi айқындайды. Комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны пысықтайды.
      4. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген кезде ұжымдық шарт кемiнде екi данада жасалады және оған тараптардың өкiлдерi қол қояды.
      5. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелерi бойынша тараптар арасында келiспеушiлiктер болған кезде ұжымдық келiссөздер басталған күннен бастап бiр ай iшiнде тараптар бiр мезгiлде келiспеушiлiктер хаттамасын жасай отырып, келiсiлген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиiс.
      6. Ұжымдық шартты өзгерту және толықтыру осы бапта оны жасасу үшiн белгiленген тәртiппен тараптардың өзара келiсiмiмен ғана жүргiзiледi.
      7. Егер алынған мәлiметтер мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын болса, ұжымдық келiссөздерге қатысушылардың бұл мәлiметтердi жария етуге құқығы жоқ.
      8. Ұжымдық келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргiзу кезiнде орташа айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек мiндеттерiн орындаудан босатылуы мүмкiн. Бұл мерзiм олардың еңбек өтiлiне қосылады.
      9. Тараптардың өкiлдерi тараптар қол қойған ұжымдық шартты бiр ай мерзiм iшiнде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне мониторинг үшiн ұсынуға мiндеттi.
      10. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы туралы мезгiл-мезгiл хабарлап отыруға мiндеттi.
      283-бап. Ұжымдық шарттың тараптары
      1. Қызметкерлер және жұмыс берушi ұжымдық шарттың тараптары болып табылады.
      2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, филиалдар мен өкiлдiктерде де жасалуы мүмкiн.
      284-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы
      1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық шартқа:      1) еңбекке ақы төлеудi нормалау, оның нысандары, жүйелерi, қызметкерлерге, оның iшiнде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге тарифтiк ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшерi туралы;      2) еңбекке ақы төлеудi индекстеу туралы, жәрдемақылар мен өтемақы төлемдерiн төлеу туралы, оның iшiнде жазатайым оқиғалар кезiндегi қосымша өтемақылар туралы;
      3) тиiстi мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең төменгi жалақысы мөлшерлерiнiң арасындағы жол берiлетiн арақатынас туралы;
      4) разрядаралық коэффициенттердi белгiлеу туралы;
      5) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
      6) салауатты және қауiпсiз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау туралы, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi шараларды қаржыландыру көлемi туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы, қызметкерлердi және олардың отбасы мүшелерiн медициналық сақтандыру кепiлдiктерi туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;  
    7) тиiстi саланың разрядаралық коэффициенттерiн белгiлеу туралы ережелер енгiзiлуге тиiс.
      2. Ұжымдық шартқа:      1) еңбектi ұйымдастыруды жақсарту және өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру туралы;
      2) еңбек тәртiптемесi мен еңбек тәртiбiн реттеу туралы;
      3) босатылатын қызметкерлердiң жұмыспен қамтылуын, оларды даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету туралы;   
   4) жұмысты оқумен қоса атқаратын қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер мен жеңiлдiктер туралы;
      5) қызметкерлердiң тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын жақсарту туралы;
      6) қызметкерлердi сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және олардың тынығуы туралы;      7) кәсiподақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлермен еңбек шартын бұзған кезде ұйымның кәсiподақ органының дәлелдi пiкiрiн ескерудiң тәртiбi туралы;  
    8) кәсiподақ органына сайланған қызметкерлерге берiлетiн кепiлдiктер туралы;  
    9) қызметкерлердiң өкiлдерi қызметiн жүзеге асыруға арналған талаптар туралы;
      10) кәсiподақ қызметi үшiн жағдай жасау туралы;   
   11) қызметкерлердi сақтандыру туралы;     
12) ұжымдық шарттың орындалуын бақылау және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы;
      13) еңбек шарттарын ереуiлдi желеу етiп жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуды болдырмау туралы;   
   14) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерi келтiрген залал үшiн жауаптылығы туралы;
      15) тараптардың ұжымдық шартты орындауға жауаптылығы туралы; 
     16) ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы;
      17) тараптар айқындаған басқа да мәселелер бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң өзара мiндеттемелерi енгiзiлуi мүмкiн.
      3. Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен, бас, салалық, өңiрлiк келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауға тиiс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады.
      285-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзiмге жасалады.
      2. Ұжымдық шарт, егер оның ережелерiнде өзгеше көзделмесе, қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптар оны орындауға мiндеттi.
      3. Ұжымдық шарттың күшi жұмыс берушiге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлерiне және жазбаша өтiнiш негiзiнде оған қосылған қызметкерлерге қолданылады.
      4. Ұйымның қайта ұйымдастырылу (бiрiгу, қосылу, бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құрылу) кезеңiнде ұжымдық шарт өз күшiн сақтайды.
      5. Ұйым мүлкiнiң меншiк иесi ауысқан кезде ұжымдық шарт үш ай бойы өз күшiн сақтайды. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданыстағы шартты сақтау, өзгерту және толықтыру туралы келiссөздердi бастауға құқылы. 
     6. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы барлық қызметкерлермен еңбек шарттары тоқтатылған кезден бастап тоқтатылады.
      286-бап. Тараптардың ұжымдық шартты орындамағаны үшiн  жауапкершiлiгi
      Ұжымдық шартта көзделген мiндеттемелердi орындамағаны үшiн тараптар ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
      287-бап. Келiссөздер кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар
      Шақырылған сарапшылар мен мамандарға еңбекақы төлеу жұмыс берушiлердiң не қызметкерлердiң өкiлдi органдарының солармен жасасқан еңбек келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
      Қызметкерлердiң өкiлдi органдарының ұжымдық келiссөздерге қатысатын мүшелерi келiссөздер жүргiзу кезеңiнде (ұйымды тарату жағдайларынан басқа) тиiстi өкiлдi органның келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жұмыстан босатылмайды.
 32-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ
      288-бап. Ұжымдық еңбек дауының туындауы
      1. Ұжымдық еңбек дауы жұмыс берушiге жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмiмен бекiтiлген қызметкерлер талаптары туралы жазбаша хабарлама берiлген күннен бастап немесе жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi өз шешiмдерiн хабарламаған жағдайда, осы
Кодекстiң 290-бабында көрсетiлген мерзiм өткен күннен бастап туындаған болып есептеледi.      2. Ұжымдық еңбек даулары бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен және (немесе) сот тәртiбiмен шешiледi.
      289-бап. Қызметкерлердiң талаптарын ресiмдеу мен мәлiмдеу тәртiбi
      1. Қызметкерлердiң еңбек жағдайлары мен еңбегiне ақы төлеудi белгiлеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнiң арасындағы ұжымдық шарттар мен келiсiмдердi жасасу, өзгерту және орындау мәселелерi жөнiндегi талаптары
қызметкерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлерi жалпы санының кемiнде жартысы болған кезде жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың көпшiлiк даусымен түзiледi және бекiтiледi.
      2. Қызметкерлердiң талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушiлерге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерiне жалпы жиналыс (конференция) өткiзiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күн мерзiмде жiберiледi.
      3. Аталған талаптарды әртүрлi жұмыс берушiлердiң қызметкерлерi қойған жағдайда, бұл талаптарды кәсiптiк одақтардың салалық немесе өңiрлiк бiрлестiктерi не қызметкерлер уәкiлеттiк берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкiн.
      4. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi қызметкерлердiң талаптар қою жөнiнде жиналыс (конференция) өткiзуiне кедергi келтiруге әсер ететiн қандай да болмасын араласудан қалыс қалуға мiндеттi.
      290-бап. Қызметкерлердiң талаптарын қарау
      Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi қызметкерлердiң қойған талаптарын соларды алған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей қарауға және оларды шешу үшiн шаралар қолдануға, ал шешуге мүмкiндiк болмаған кезде туындаған келiспеушiлiктердi одан әрi қарау үшiн өз өкiлдерiн көрсете отырып, өздерiнiң шешiмдерi мен ұсыныстарын аталған мерзiм iшiнде қызметкерлерге жазбаша түрде жеткiзуге мiндеттi.
      291-бап. Бiтiмгерлiк рәсiмдер
      1. Қызметкерлердiң талаптарын осы Кодекстiң 290-бабында көзделген тәртiппен шешу мүмкiн болмаған кезде олар бiтiмгерлiк рәсiмдер тәртiбiмен қаралады.
      Жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) қабылдамаған немесе олардың iшiнара қанағаттандырған талаптары алдымен бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткiзiлмесе - еңбек арбитражында қаралады.      2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгiне алады. Делдалдық рәсiм бiтiмгерлiк комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қарағанда дербес рәсiм болып табылады және солармен қатар жүргiзiлуi мүмкiн.
      292-бап. Бiтiмгерлiк комиссиясы
      1. Бiтiмгерлiк комиссиясын тараптар жұмыс берушi, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) өз шешiмiн қызметкерлерге (олардың өкiлдерiне) хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келiссөздер барысында келiспеушiлiктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде құрады.
      2. Бiтiмгерлiк комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнен тепе-тең негiзде құрылады. Бiтiмгерлiк комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс берушiнiң актiсiмен және қызметкерлер өкiлдерiнiң шешiмiмен ресiмделедi.
      3. Бiтiмгерлiк комиссиясы құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын қарайды. Бiтiмгерлiк комиссиясының талаптарды қарау, көрсетiлген мерзiмдi ұзарту тәртiбi тараптардың келiсiмiмен жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.
      4. Бiтiмгерлiк комиссиясы бiтiмгерлiк рәсiм барысында, қызметкерлермен (олардың өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi тұлғалармен консультациялар жүргiзедi.      5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және оның тараптар үшiн мiндеттi күшi болады.
      6. Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмегенде, оның жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн еңбек арбитражы құрылады.
      293-бап. Еңбек арбитражы
      1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе өңiрлiк комиссия мүшелерiнiңқатысуымен құрады.
      2. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгiзiледi.
      3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан сайлайды.
      4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды.
      5. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткiзедi.
      6. Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.
      7. Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс.
      8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға мiндеттi болады.
      294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
      1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртiбi ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмi бойынша айқындалады.
      2. Тараптар өздерiне қатысты тәуелсiз ұйымдар мен тұлғаларды делдал ретiнде белгiлейдi. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiмен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi жұмысқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң басшылары мен қызметкерлерiн, жұмыс берушiлердi, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тарта алады.
      Делдалды таңдау жағдайларының бәрiнде олардан делдалдық етуге жазбаша келiсiм алынуға тиiс.
      295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келiсiмге қол жеткiзуiнiң салдарлары
      1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда аяқталмай қалған бiтiмгерлiк рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң талаптары дауды шешудiң талаптары деп есептеледi.
      Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша түрде ресiмделедi.
      2. Тараптар арасында даудың шешiлуi туралы келiсiмге қол жеткiзу, егер ереуiл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.
      296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешiлуiмен байланысты кепiлдiктер
      Бiтiмгерлiк комиссиясының мүшелерi ұжымдық еңбек дауын шешу жөнiндегi келiссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негiзгi жұмысынан босатылады.      Қызметкерлердiң, олардың бiрлестiктерiнiң ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысатын өкiлдерi ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңiнде тәртiптiк жазаға тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкiлдiк етуiне уәкiлеттiк берген органның алдын ала келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.
      297-бап. Тараптардың және бiтiмгерлiк органдарының  ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi мiндеттерi
      1. Тараптардың ешқайсысы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысудан жалтаруға құқылы емес.      2. Бiтiмгерлiк комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келiспеушiлiктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткiзiлуге тиiс.
      3. Егер жұмыс берушiнiң өкiлi өкiлеттiктерiнiң жеткiлiксiз болуына байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiспеушiлiктерiн реттеу мүмкiн болмаса, қызметкерлердiң талаптары ұйымдардың, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкiнiң меншiк иелерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдiк қатысуы бар ұйымдардың мүлiк меншiк иелерiне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлерiне табыс етiледi.
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетiлген рәсiмдердiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерiн қорғаудың заңда көзделген, ереуiл өткiзуге дейiнгi өзге де барлық тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.
      298-бап. Ереуiл өткiзу құқығы
      1. Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған жағдайларда қызметкерлер ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады.
      2. Ереуiл өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлерi жалпы санының кемiнде жартысы болғанда қабылданады және жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың кемiнде үштен екiсi сол үшiн дауыс
берген жағдайда қабылданды деп есептеледi.
      3. Ереуiлдi қызметкерлер (олардың өкiлдерi) уәкiлеттiк берген орган (ереуiл комитетi) басқарады. Бiрнеше жұмыс берушiлердiң қызметкерлерi (олардың өкiлдерi) бiрдей талаптар қойып, ереуiл жариялаған жағдайда, оны осы қызметкерлер өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылатын бiрлескен орган басқаруы мүмкiн.
      4. Ереуiлге қатысу ерiктi болып табылады. Ешкiмдi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.
      5. Қызметкерлердi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлейтiн тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.
      299-бап. Ереуiлдiң басталуы туралы жариялау
      1. Осы Кодекстiң 298-бабының 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi орган ереуiлдiң басталуы мен болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушiге, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгiне (олардың өкiлдерiне) оны жариялағанға дейiн күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей жазбаша түрде ескертуге тиiс.
      2. Ереуiл жариялау туралы шешiмде:      1) тараптардың ереуiл өткiзуге негiз болған келiспеушiлiктерiнiң тiзбесi;
      2) ереуiл өткiзiлетiн күн, орын мен уақыт, оның ұзақтығы және қатысушылардың болжамды саны;
      3) ереуiлдi басқаратын органның атауы, бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысуға уәкiлеттiк берiлген қызметкерлер өкiлдерiнiң құрамы;
      4) ереуiл өткiзу кезеңiнде орындалатын қажеттi жұмыстардың (қызмет көрсетулердiң) ең төменгi көлемi жөнiндегi ұсыныстар көрсетiледi.
      300-бап. Ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi
      1. Ереуiлдi басқаратын орган өзiне осы Кодекспен берiлген құқықтар шегiнде және қызметкерлер (олардың өкiлдерi) берген өкiлеттiктер негiзiнде әрекет етедi.
      2. Ереуiлдi басқаратын органның:
      1) қойылған талаптарды шешу мәселелерi бойынша жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлердiң бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), мемлекеттiк, кәсiподақ, өзге де заңды және лауазымды тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда қызметкерлер мүдделерiн бiлдiруге;
      2) жұмыс берушiден, жұмыс берушiлер бiрлестiгiнен (олардың өкiлдерiнен) қызметкерлердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;
      3) қызметкерлердiң талаптарын қарау барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыруға;      4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар шығару үшiн мамандарды тартуға;
      5) қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) келiсiмiмен ереуiлдi тоқтата тұруға құқығы бар.      3. Бұрын тоқтата тұрған ереуiлдi қайта бастау үшiн бiтiмгерлiк комиссиясының, делдалдың немесе еңбек арбитражында дауды қайта қарауы талап етiлмейдi. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi (олардың өкiлдерi) және еңбек дауларын реттеу жөнiндегi орган ереуiлдiң қайта басталуы туралы үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей ескертiлуге тиiс.
      4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөнiндегi келiсiмге қол қойған, сондай-ақ ереуiл заңсыз деп танылған жағдайларда, ереуiлдi басқаратын органның өкiлеттiктерi тоқтатылады.
      5. Ереуiлдi басқаратын органның өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде жұмыс берушiнiң, мемлекеттiк органдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң құзыретiне жататын шешiмдердi қабылдауға құқығы жоқ.
      301-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуiл барысындағы мiндеттерi
      Ереуiл өткiзу кезеңiнде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды бiтiмгерлiк рәсiмдер жүргiзу жолымен шешудi жалғастыруға мiндеттi.
      Жұмыс берушi, мемлекеттiк органдар және ереуiлдi басқаратын орган ереуiл кезеңiнде қоғамдық тәртiптi, ұйымның мүлкiн және қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төндiретiн машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөнiндегi өздерiне байланысты шараларды қабылдауға мiндеттi.
      302-бап. Қызметкерлерге ереуiл өткiзуге байланысты берiлетiн кепiлдiктер
      1. Ереуiлдi ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстiң 303-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы деп қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртiптiк ықпал ету шараларының қолданылуына әкеп соқпайды.
      2. Ереуiл кезiнде қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақы төлемiне құқығы, еңбек өтiлi сақталады, сондай-ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепiлдiк берiледi.
      Ереуiлдi жалақының төленбеуiне немесе уақтылы төленбеуiне байланысты өткiзуден басқа жағдайларда, ереуiлге қатысушы қызметкерлердiң ереуiл кезiндегi жалақысы сақталмайды.
      303-бап. Заңсыз ереуiлдер
      1. Ереуiлдер:      1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға сәйкес айрықша шаралар енгiзiлген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң органдары мен ұйымдарында, елдiң қорғанысын, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, авариялық-құтқару, iздестiру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерiмен айналысатын басқа да әскери құралымдар мен ұйымдарда; құқық қорғау органдарында; қауiптi өндiрiстiк объектiлер болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету станцияларында;      2) осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шарттар сақталмаған жағдайда, темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауiптi зардаптарға әкеп соғуы мүмкiн үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде;
      3) осы Кодексте көзделген мерзiмдер, рәсiмдер және талаптар ескерiлмей жарияланған жағдайда;      4) адамдардың өмiрi мен денсаулығына нақты қатер төндiретiн жағдайларда;      5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз болып танылады.      Осы тармақта көрсетiлген негiздердiң бiреуi болғанда, сот тиiстi шешiм шығарғанға дейiн прокурор ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.
      2. Темiр жол көлiгi, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдарда (қоғамдық көлiк, сумен, электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуiл жергiлiктi атқарушы органмен алдын ала келiсу
негiзiнде айқындалатын халыққа қажеттi тиiстi қызмет көрсетулердiң тiзбесi мен көлемi сақталған жағдайда өткiзiледi.
      Үздiксiз жұмыс iстейтiн өндiрiстерде ереуiл негiзгi жабдықтардың, тетiктердiң iркiлiссiз жұмысы қамтамасыз етiлген жағдайда ғана өткiзiлуi мүмкiн.
      3. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылдайды.
      4. Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы шешiмдi сот жұмыс берушiнiң немесе прокурордың өтiнiшi бойынша қабылдайды.
      Сот шешiмi қызметкерлерге ереуiлдi басқаратын орган арқылы жеткiзiледi, ол ереуiлге қатысушыларды сот шешiмi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi.
      Ереуiлдi заңсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмi дереу орындалуға тиiс.
      Адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда прокурор немесе сот тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ереуiлдi тоқтата тұруға құқылы.
      5. Ереуiлдi басқарушы органның сот шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
      304-бап. Ереуiлдердi заңсыз деп танудың салдары
      Сот ереуiлдi заңсыз деп танығанда, жұмыс берушi ереуiлдi ұйымдастыруға немесе өткiзуге қатысқан қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуы мүмкiн.
      305-бап. Локаутқа тыйым салу
      Ереуiл өткiзудi қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа, яғни қызметкерлердiң ұжымдық еңбек дауына немесе ереуiлге қатысуына байланысты солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзуға тыйым салынады.
5-БӨЛIМ. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ
 33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
      306-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат:
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және қабылдауға;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге;
      3) еңбек жағдайларын, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуын әзiрлеу және жақсарту, қауiпсiз техникалар мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндiру жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйелерiн құруға және iске асыруға;      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi жүзеге асыруға;      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзуге;      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды есепке алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге;      7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға;
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн нормативтi түрде бекiтуге;
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан зардап шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдделерiн қорғауға;      10) ауыр жұмыс және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы техникалық деңгейiнде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыс үшiн еңбекақы төлеу шарттарын белгiлеуге;      11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбектi қорғау жөнiндегi отандық және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн таратуға;
      12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарды даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;      13) өндiрiстiк жарақат алу, кәсiптiк ауру туралы мемлекеттiк статистикалық есептiлiктi ұйымдастыруға;
      14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бiртұтас ақпараттық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
      15) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
      307-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және  қадағалау
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
      308-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  жөнiндегi талаптар
      1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi және қызметкерлердiң еңбек қызметi процесi кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтуға тиiс.
      2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
      309-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  саласындағы мониторинг пен тәуекелдердi бағалау
      Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторинг пен тәуекелдердi бағалауды ұйымдастырады.
34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI
      310-бап. Еңбек шартын жасасу кезiнде еңбек қауiпсiздiгi  және еңбектi қорғау құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер
      1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйектi сипаттамасы, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайлардағы жұмыс үшiн берiлетiн кепiлдiктер,
жеңiлдiктер мен өтемақы төлемдерi көрсетiлуге тиiс.
      2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында iстейтiн қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендiгi айқындалғаннан кейiн жүзеге асырылуға тиiс.
      311-бап. Еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер
      1. Жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары мемлекеттiк стандарттарға, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер талаптарына сәйкес болуға тиiс.
      2. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
      3. Өзiнiң немесе айналасындағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп туындаған жағдайда, қызметкердiң жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртiптiк және (немесе) материалдық жауапкершiлiкке тартуға әкеп соқпайды.
      4. Жұмыс берушi қызметкердi жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi осы себеп бойынша туындаған iркiлiс кезiнде қызметкердiң орташа жалақысы мөлшерiнде еңбекақы төлеуге мiндеттi.
      5. Еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, келтiрiлген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен және шарттарда жүргiзiледi.
      312-бап. Қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру
      1. Жұмыс берушi ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдiк медициналық тексеруден және тексерiлуден өткiзудi өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi.
      2. Ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап етiлетiн кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
      313-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi  қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру
      1. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқама берудi және бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.
      2. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру және бiлiмдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметтiң тиiстi салаларындағы өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша айқындайды.
      3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен олардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмi мiндеттi түрде тексерiле отырып, жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндеттi түрде өтедi. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша алдын ала оқытудан, нұсқама беруден және бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа жiберiлмейдi.
      4. Өндiрiстiк ұйымдардың басшы қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдары мезгiл-мезгiл, үш жылда бiр реттен сирек болмайтындай етiп тиiстi бiлiм беру ұйымдарында бiлiктiлiгiн арттыру курстарында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан және бiлiмiн тексеруден өтуге мiндеттi.
35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШIНIҢ ЕҢБЕК
ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
      314-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтары
      Қызметкердiң:
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге;
      3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғауға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге;
      4) өзi немесе өз өкiлi арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға қатысуға;
      5) денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде бұл жөнiнде тiкелей басшысына немесе жұмыс берушiге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек мiндеттерiн қауiпсiз атқару үшiн қажеттi бiлiм алуға және кәсiптiк даярлыққа;
      7) жұмыс берушiден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйi, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы, өмiрi мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар туралы дәйектi ақпарат алуға;
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
      9) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңсыз әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.
      315-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
      Қызметкер:      1) өндiрiсте болған әрбiр жазатайым оқиға, кәсiптiк аурудың (уланудың) белгiлерi, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жағдай туралы өзiнiң тiкелей басшысына дереу хабарлауға;
      2) мiндеттi мерзiмдi медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты басқа жұмысқа ауысу үшiн не кәсiптiк аурудың белгiлерi пайда болған кезде медициналық куәландырудан өтуге;
      3) жұмыс берушi беретiн жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға және мақсатқа сай пайдалануға;
      4) медициналық мекемелер ұсынған емдiк және сауықтыру iс-шараларын жұмыс берушi қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, ережелердiң және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi талаптарын сақтауға мiндеттi.
      316-бап. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы құқықтары
      Жұмыс берушi:      1) қызметкерлердi жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасағаны, қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жөнiндегi өнертапқыштық ұсыныстары үшiн ынталандыруға;
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды бұзатын қызметкерлердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен жұмыстан шеттетуге және тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуға құқылы.
      317-бап. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және  еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
      1. Жұмыс берушi:      1) профилактикалық шаралар жүргiзу, өндiрiстiк жабдықтар мен технологиялық процестердi олардың неғұрлым қауiпсiз түрлерiмен ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген тәуекелдердi болғызбау жөнiндегi шараларды қабылдауға;
      2) қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша оқыту мен даярлаудан өткiзуге;      3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық iс-шараларын жүргiзуге;      4) нұсқаулар беруге, өндiрiстiк процесс пен жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi құжаттармен қамтамасыз етуге;      5) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ережелерге сәйкес бiлiмiн тексеруден өтуге және басшылар мен мамандардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмдерiн тексерудi ұйымдастыруға;      6) қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, қызметкерлердiң арнаулы киiмi мен аяқ киiмiн берудi және жөндеудi, еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нормаларға сәйкес қызметкерлердi профилактикалық өңдеу, жуу және зарарсыздандыру құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен, емдеу-профилактикалық тағамдармен жабдықтауды қамтамасыз етуге;      7) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының лауазымды адамдарына, қызметкерлердiң өкiлдерiне солардың жазбаша сауалы бойынша ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбек жағдайлары және еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;      8) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк ауруларды тiркеудi, олардың есебiн жүргiзудi және талдауды жүзеге асыруға;
      10) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен өндiрiстiк объектiлердегi еңбек жағдайларының жай-күйi бойынша бес жылда бiр реттен сирек болмайтындай етiп мерзiмдiк аттестаттауды өткiзуге, сондай-ақ реконструкциядан, жаңғыртудан, жаңа техника немесе технология орнатудан кейiн мiндеттi аттестаттауды өткiзуге;      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексерудi қамтамасыз етуге;
      12) еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандыруға;
      13) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға;
      14) қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты басқа жұмысқа ауыстыру кезiнде не кәсiптiк аурудың белгiлерi пайда болғанда өз қаражаты есебiнен қызметкерлердi мiндеттi, мерзiмдiк (еңбек қызметi барысында) медициналық тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өткiзуге;
      16) авариялық жағдайдың өршуiн және жарақаттайтын факторлардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдауға мiндеттi.
      2. Қызмет ерекшелiктерi мен жұмыстардың түрлерi, айрықша қауiптiлiк көздерiнiң болуы ескерiле отырып, еңбек шартында не ұжымдық шартта жұмыс берушiнiң қосымша мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      Ескерту. 317-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      318-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау  жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушiнiң қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
      Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
      Қаражат көлемi ұжымдық шартпен айқындалады.
 36-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГIН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫ
ҰЙЫМДАСТЫРУ
      319-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi  қабылдау
      1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық, физикалық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi белгiлейдi.
      2. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
      3. Жұмыс берушi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды әзiрлеудi және бекiтудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен тәртiппен жүзеге асырады.
      320-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезiндегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар
      1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай келмейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта құруға, технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды құрастыруға және әзiрлеуге жол берiлмейдi.
      2. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндiрiстiк объектiлер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнiң басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi.
      3. Өндiрiстiк объектiлер еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi мерзiмдiк аттестаттаудан өткiзiлуге тиiс.
      4. Қабылдау комиссиясы өндiрiстiк мақсаттағы объектiнi пайдалануға қабылдап алуды мемлекеттiк еңбек инспекторының мiндеттi қатысуымен жүргiзедi.
      321-бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары
      1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болуға тиiс.
      2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрi үшiн белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге, онда тиiстi сақтандыру белгiлерi болуға және қызметкерлердiң жұмыс орындарындағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
      3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердiң үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға және ашық ауаға не қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.
      4. Қауiптi аймақтар нақты белгiленуге тиiс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауiп-қатер төндiретiн немесе құлайтын заттар бар қауiптi аймақтарда болса, онда мұндай орындар мүмкiндiгiнше бұл аймақтарға бөгде адамдардың кiруiн шектейтiн құрылғыларымен жабдықталуға тиiс. Жаяу жүргiншiлер мен
технологиялық көлiк құралдары ұйымның аумағында қауiпсiз жағдайларда жүрiп-тұруға тиiс.
      5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде (учаскелерде), оның iшiнде биiктiкте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңiз қайраңдары мен iшкi су айдындарында жұмыстар жүргiзу үшiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдары болуға тиiс.
      6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткiш жұмыс уақыты кезiнде еңбектiң қауiпсiздiк талаптарына сай болуға тиiс.
      7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс берушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейiн жiберiледi.
 37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТIНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ
      322-бап. Тергеп-тексерудiң жалпы жағдайлары және өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды есепке алу
      1. Қызметкерлердiң, сондай-ақ:       1) техникалық және кәсiптiк, орта оқу орнынан кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсiптiк практикадан өтiп жүрген адамдардың
      2) әскери қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшiлердiң       3) сот үкiмi бойынша еңбекке тартылған адамдардың
      4) әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмдерi, әскерилендiрiлген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зiлзаланың салдарларын жою жөнiндегi, адам өмiрiн және мүлiктi құтқару жөнiндегi ерiктi командалар мүшелерiнiң еңбек қызметiне байланысты және еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмiне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
      2. Өндiрiстiк жарақаттар мен қызметкердiң денсаулығына еңбек мiндеттерiн атқарумен байланысты келтiрiлген өзге де зақымданулар не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша еңбекке қабiлетсiздiгiне не өлiмге әкеп соққан басқа да әрекеттер жасау, егер олар:       1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейiн жұмыс орнын, өндiрiс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және ретке келтiру кезiнде;
      2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты iшiнде немесе iссапар кезiнде не жұмыс берушiнiң немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де мiндеттемелердi орындауға байланысты басқа жерде болғанда;       3) қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлар әсерiнiң нәтижесiнде;      4) жұмысы қызмет көрсету объектiлерi арасында жүрумен байланысты қызметкер жұмыс уақытында жұмыс берушiнiң тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
      5) қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде жұмыс берушiнiң көлiгiнде;
      6) жеке көлiгiн қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушiнiң жазбаша келiсiмi болғанда өзiнiң жеке көлiгiнде;
      7) жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкiн қорғау не жұмыс берушiнiң мүддесi үшiн өз бастамасы бойынша өзге де iс-әрекеттер жасау кезiнде болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар ретiнде тергеп-тексерiледi және есепке алынады.
      3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
      1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де iс-әрекеттердi функционалдық мiндеттерiне кiрмейтiн және жұмыс берушiнiң мүддесiмен байланысты емес, оның iшiнде вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде ауысымаралық демалыс және түскi ас үзiлiсi кезеңiнде, сондай-ақ алкогольдiк мас болу, уытты және есiрткi заттарды (олардың аналогтарын) пайдалану күйiнде орындаған кезде;
      2) өз денсаулығына қасақана (әдейi) зиян келтiру нәтижесiнде немесе зардап шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
      3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың әсерiмен байланысты емес кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндiрiстiк жарақаттар және қызметкерлер денсаулығының өндiрiстегi өзге де зақымданулары ретiнде ресiмделмейдi.
      4. Әрбiр жазатайым оқиға туралы зардап шеккен адам немесе куәгер жұмыс берушiге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға мiндеттi. Денсаулық сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердiң өндiрiсте жарақат алуына немесе өзге де зақымдануына байланысты бастапқы өтiнiш жасауының әрбiр жағдайы туралы жұмыс берушiнi және мемлекеттiк еңбек инспекциясының аумақтық
бөлiмшелерiн, сондай-ақ қатерлi кәсiптiк ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органды хабардар етуге тиiс.
      5. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi ұйымдастыруға, ресiмдеуге және тiркеуге жұмыс берушi жауапты болады.
      Ескерту. 322-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      323-бап. Жұмыс берушiнiң өндiрiстегi жазатайым оқиға кезiндегi мiндеттерi
      1. Жұмыс берушi:      1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудi және қажет болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткiзудi ұйымдастыруға;
      2) авариялық жағдайдың өршуiнiң және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуiн болғызбау жөнiндегi шұғыл шараларды қабылдауға;      3) жазатайым оқиға болған жердегi ахуалды (жабдықтар мен тетiктердiң, еңбек құрал-жабдықтарының жай-күйiн), егер бұл басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрмесе, ал өндiрiстiк процестiң үзiлiссiз жұмысын бұзу аварияға әкеп соқпайтын болса, оқиға болған кездегi күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға болған жердi фотосуретке түсiруге;
      4) өндiрiстегi жазатайым оқиға жөнiнде зардап шеккен адамның жақын туыстарын дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хабарлама жiберуге;      5) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
      6) арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия мүшелерiн өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үшiн оқиға болған жерге кiргiзуге;
      7) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тiркеудi, есепке алу мен талдауды жүзеге асыруға мiндеттi.
      2. Жұмыс берушi өндiрiстегi жазатайым оқиға туралы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша:
      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек испекциясының аумақтық бөлiмшелерiне;
      2) қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi жергiлiктi органдарға;
      3) кәсiптiк ауру немесе улану жағдайлары жөнiнде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк органға;
      4) қызметкерлер өкiлдерiне;      5) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
      Осы тарауға сәйкес арнайы тексерiлуге тиiс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс берушi:      1) жазатайым оқиға болған жердегi құқық қорғау органына;
      2) өндiрiстiк және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкiлеттi органдарына хабарлауға тиiс.      3. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссияның талабы бойынша жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен:
      1) техникалық есептеулердiң орындалуын, зертханалық зерттеулердiң, сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргiзiлуiн және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
      2) оқиға орнын және зақым келтiрiлген объектiлердi фотосуретке түсiрудi, жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;      3) көлiк, қызметтiк үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және тексеру жүргiзу үшiн қажеттi басқа да жеке қорғау құралдарын берудi;
      4) мыналарды:      жұмыс орнының жай-күйiн, қауiптi және (немесе) зиянды өндiрiстiк факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздердi, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында түсiрiлген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);      нұсқау берулердi тiркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмiн тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлерi мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсiнiктемелерiнен, мамандардың сараптама қорытындыларынан үзiндi көшiрмелердi;
      зертханалық зерттеулер мен эксперименттердiң нәтижелерiн;
      зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесi немесе оның өлiмiнiң себебi туралы, алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уыттық мас болу белгiсiнiң бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
      зардап шеккен адамға арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдары берiлгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн;
      аталған өндiрiсте (объектiде) мемлекеттiк еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттiк қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда немесе объектiде орын алса) бұрын берiлген нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзiндi көшiрмелердi;
      комиссияның қалауына қарай iстiң қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды бередi.
      324-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды  тергеп-тексеру тәртiбi
      1. Арнайы тергеп-тексерiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушiнiң актiсiмен жиырма төрт сағат iшiнде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргiзедi:      төраға - ұйымның (өндiрiстiк қызметтiң) басшысы немесе оның орынбасары;      мүшелерi - ұйымның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы және қызметкерлердiң өкiлi.
      Жазатайым оқиға болған тиiстi учаскедегi еңбек қауiпсiздiгiне тiкелей жауап беретiн лауазымды адам тергеп-тексерудi жүргiзу кезiнде комиссия құрамына енгiзiлмейдi.      2. Арнайы тергеп-тексеруге:
      1) ауыр немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғалар;
      2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесiне қарамастан, бiр мезгiлде екi және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
      3) қатерлi уланудың топтық оқиғалары жатады.
      3. Жұмыс берушiнiң - жеке тұлғаның өндiрiсiндегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi, қызметкерлердiң өкiлi, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негiзiнде де шақырылуы мүмкiн еңбектi қорғау жөнiндегi маман қатысады.
      4. Қатерлi улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруiне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлдерi қатысады.      5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушiмен немесе зардап шеккен адаммен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкiлi қатысуға құқылы.
      6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзiмi комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      7. Өндiрiстiк практикадан өтiп жүрген, жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi жұмыс берушiнiң және зардап шеккен адам өкiлiнiң қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргiзедi.      8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргiзiп жатқан ұйымның қызметкерi немесе өндiрiстiк тапсырманы (қызметтiк немесе шарттық мiндеттердi) орындау үшiн басқа ұйымға жiберiлген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудi аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкiлiнiң қатысуымен жұмыс берушiнiң өзi жүргiзедi.      9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезiнде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргiзiлген жұмыс берушi тергеп-тексередi және есепке алады.      10. Көлiк құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негiзiнде жүргiзiледi.      Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының талабы бойынша көлiк оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзiмде тергеп-тексеру материалдарының көшiрмелерiн беруге мiндеттi.
      11. Әрбiр өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия оқиға куәгерлерiн, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушiден қажеттi ақпарат және мүмкiн болса, зардап шеккен адамнан түсiнiктеме алады.      12. Жұмыс берушiге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесiнде еңбекке қабiлетсiздiгi бiрден туындамаған (талап ету мерзiмiне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкiлiнiң) өтiнiшi бойынша немесе мемлекеттiк еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтiнiш тiркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн iшiнде тергеп-тексерiледi.      13. Жиналған құжаттар мен материалдар негiзiнде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерiн анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысын және тиiсiнше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындауына байланысты болуы түсiндiрiлгенiн анықтайды, жазатайым оқиғаны өндiрiстегi жазатайым оқиға ретiнде немесе өндiрiспен байланысты емес жазатайым оқиға ретiнде саралайды, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың себептерiн жою және алдын алу жөнiндегi шараларды белгiлейдi.
      14. Режимдi объектiлердегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектiлерге кiру, соларда болу ерекшелiктерi ескерiлiп айқындалады.      15. Қызметкердiң (қызметкерлердiң) еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалтуына әкеп соққан өндiрiспен байланысты әрбiр жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жазатайым оқиға туралы актiмен қажеттi данасы жасалып (әрбiр зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресiмделедi.
      Денсаулық сақтау ұйымы белгiленген тәртiппен растаған улану жағдайлары да еңбекке қабiлеттiлiктiң жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым оқиға туралы актiмен ресiмделедi.
      325-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшелiктерi
      1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексерудi мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының аумақтық бөлiмшесi құрған комиссия мына құрамда жүргiзедi:
      төраға - мемлекеттiк еңбек инспекторы;
      мүшелерi - жұмыс берушi және қызметкерлердiң өкiлi.
      2. Екi адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы басқаратын комиссия жүргiзедi.
      3. Қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор кiредi.
      Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде болған жазатайым оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектор арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Бұл жағдайда мемлекеттiк еңбек инспекторы комиссия мүшесi болып табылады.
      4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейiн болса, топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған комиссия жүргiзедi.
      5. Сараптамалық қорытындыны талап ететiн мәселелердi шешу үшiн арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кiшi комиссиялар құруға құқылы.
      6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кiсi өлiмiмен аяқталған жазатайым оқиғаны, қызметкерлердiң топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлi улану жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы арнайы тергеп-тексеру актiсiмен ресiмделедi.
      7. Арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия төрағасының келiсiмiнсiз куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның жұмыс күндерiнде кез келген бiреудiң немесе өзге де комиссияның осы жазатайым оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргiзуiне үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады.
      8. Ұйым объектiлерiндегi жарылыстың, аварияның, қираудың және басқа да жағдайлардың нәтижесiнде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды), жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) iздеудiң тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру жөнiндегi комиссия авариялық-құтқару бөлiмшесi басшысының және сарапшы мамандардың қорытындысы негiзiнде айқындайды.
      326-бап. Өндiрiстегi жазатайым оқиғалардытергеп-тексеру материалдарын ресiмдеу және
                оларды есепке алу
      1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiнiң және ұйым бөлiмшесiнiң басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерi қол қояды және оны жұмыс берушi бекiтiп, ұйымның мөрiмен расталады.      2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актiге халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның өкiлi де қол қояды.
      Егер жұмыс берушi жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған жұмыс берушi қол қояды және нотариалды түрде расталады.
      3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресiмделуге тиiс.
      Егер өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезiнде комиссия зиянның туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда комиссия тараптардың аралас жауапкершiлiгiн қолданып, қызметкер мен жұмыс берушiнiң кiнәсiн процентпен айқындайды.
      Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның бiр мүшесi комиссияның (көпшiлiктiң) қорытындысымен келiспейтiн болса, ол өзiнiң дәлелдi пiкiрiн тергеп-тексеру материалына қосу үшiн жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы тергеп-тексеру актiсiне"ерекше пiкiрге қара" деген сiлтеме жаза отырып, қол қояды.      4. Әрбiр жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi үш күннен кешiктiрмей зардап шеккен адамға немесе оның сенiмдi адамына жазатайым оқиға туралы актiнi беруге мiндеттi, актiнiң бiр данасы жұмыс берушiмен тиiстi шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екiншiсi - мемлекеттiк еңбек инспекциясына жiберiледi.
      Улану жағдайында актiнiң көшiрмесi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органға да жiберiледi.
      5. Тергеп-тексеру нәтижесiмен келiспеген немесе жазатайым оқиға туралы акт уақтылы ресiмделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенiм бiлдiрген адамы, ұйым қызметкерлерiнiң өкiлi жұмыс берушiге жазбаша түрде жүгiнуге құқылы, жұмыс берушi олардың өтiнiшiн он күн iшiнде қарап, тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.      6. Тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресiмдеу және тiркеу мәселелерi бойынша жұмыс берушiнiң, қызметкердiң және мемлекеттiк еңбек инспекторының не қауiптi өнеркәсiп объектiлерiнде болған оқиғалар кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың арасында туындаған келiспеушiлiктердi тиiстi жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторы бағыныштылық тәртiппен қарайды және (немесе) сот тәртiбiмен қаралады.
      Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелерi бойынша жоғары тұрған бас мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда қорытынды түрiнде ресiмделедi.
      7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдарының көшiрмелерiн жұмыс берушi мемлекеттiк бақылау органдарына жiбередi. Оның үстiне, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк еңбек инспекторы арнайы тергеп-тексеру актiсi материалдары көшiрмелерiнiң бiр данасын жетi күн iшiнде жергiлiктi iшкi iстер органына жiбередi, ол заңнамаға сәйкес тиiстi шешiм қабылдап, қабылданған шешiм туралы жиырма күннен кешiктiрмей хабарлайды.      8. Актiмен ресiмделген әрбiр жазатайым оқиға өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және денсаулыққа келтiрiлген өзге де зақымдануларды тiркеу журналына жазылады және өндiрiстегi уақытша еңбекке қабiлетсiздiгi мен жарақаттану туралы статистикалық есепке енгiзiледi, оған жұмыс берушi қол қойып, белгiленген тәртiппен статистика органдарына ұсынады. Журнал еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жүргiзiледi.      9. Жұмыс берушi жазатайым оқиғалар туралы актiлерге сәйкес статистика жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген нысанға сай мемлекеттiк еңбек инспекциясының аумақтық органдарына ұйымда болған жазатайым оқиғалар туралы мәлiметтердi тиiстi кезеңдегi өсу қорытындысын көрсетiп, ай сайын берiп отыруға мiндеттi.
      10. Жұмыс берушi немесе оның өкiлi уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндiрiстегi жазатайым оқиғалар туралы тиiстi мемлекеттiк еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тiркелген жердегi) хабарлайды.
      11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы сақталуға тиiс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары мiндеттi түрде сол ұйым жұмыс iстеген жердегi мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуға тиiс.
      12. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-тексеру актiсiмен қатар:      1) зардап шеккен адамның еңбектi қорғау жөнiнде оқығаны және нұсқама алғаны, сондай-ақ алдын ала және мерзiмдiк медициналық тексерулерден өткенi туралы мәлiметтер;
      2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша жауап алу хаттамалары және оқиға куәгерлерiнiң, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсiнiктемелерi;      3) оқиға болған жердiң жоспарлары, схемалары мен фотосуреттерi;      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын регламенттейтiн нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актiлерден үзiндi көшiрмелер, өндiрiстегi салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдардың мiндеттерi және басқалар;      5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтiрiлген зақымның сипаты мен ауырлығы (өлiмге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;      6) зертханалық және басқа зерттеулердiң, эксперименттердiң, сараптамалардың, талдаулардың нәтижелерi және тағы сол сияқтылар;
      7) бас мемлекеттiк еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
      8) жұмыс берушiге келтiрiлген материалдық залал туралы мәлiметтер;
      9) жұмыс берушiнiң зардап шеккен адамға (отбасы мүшелерiне) оның денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу және жол берiлген оқиғаға кiнәлi лауазымды адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы бұйрығы;
      10) қоса берiлетiн құжаттардың тiзбесi болуға тиiс.
      13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердiң өкiлi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң бүкiл материалдарымен танысуға және қажеттi үзiндi көшiрмелер жасауға құқылы.
      327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын бақылау
      Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерiлуi мен есепке алынуын, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары өз құзыреттерi шегiнде тексерулер жүргiзу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтiнiштерiн қарау және ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептердi жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құқықтық статистика мен арнайы есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тiркеуге және есепке алынбайды.
6-БӨЛIМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
 38-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ
      328-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау
      1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторларына:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органының мемлекеттiк еңбек инспекциясының басшысы;
      2) мемлекеттiк еңбек инспекциясының бас мемлекеттiк еңбек инспекторлары - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының лауазымды адамдары;
      3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттiк еңбек инспекторы - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекциясының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы;
      4) мемлекеттiк еңбек инспекторлары - мемлекеттiк еңбек инспекциясы органының облыстық, республикалық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды адамдары жатады.
      3. Мемлекеттiк еңбек инспекторлары қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.
      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторына қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiрген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.      5. Өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттiк бақылауды Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
      1) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде хабардар етуге;
      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанға сәйкес еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға тоқсан сайын берiп отыруға мiндеттi.
      Ескерту. 328-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.12.19. N 9 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      329-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы қызметiнiң принциптерi мен негiзгi мiндеттерi
      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының қызметi қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әдiлдiк, тәуелсiздiк және жариялылық принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк еңбек инспекциясының негiзгi мiндеттерi:
      ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ету;
      қауiпсiз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердiң құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
      330-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының құқықтары
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк еңбек инспекторларының:
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргiзу мақсатында ұйымдар мен кәсiпорындарда кедергiсiз болуға;
      2) жұмыс берушiлерден өздерiне жүктелген функцияларды орындауға қажеттi құжаттарды, түсiнiктемелердi, ақпаратты сұратуға және алуға;
      3) жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
      4) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
      5) ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындарының қызметi және жабдықтардың, тетiктердiң пайдаланылуы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келмейтiнi анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiм iшiнде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
      6) жұмыс орындарында белгiленген талаптарға сай келмейтiн арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берiлуi мен пайдаланылуына тыйым салуға;
      7) жұмыс берушiге (оның өкiлiне) хабарлай отырып және тиiстi акт жасау арқылы арнаулы киiм үлгiлерiн, пайдаланылатын немесе өңделетiн материалдар мен заттарды талдау жасау үшiн алуға;
      8) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды белгiленген тәртiппен тергеп-тексеруге;
      9) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқудан, нұсқау беруден, бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлердi жұмыстан шеттету үшiн жұмыс берушiлер орындауға мiндеттi нұсқамалар беруге;
      10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттiк еңбек инспекторларының актiлерiн жұмыс берушiлердiң орындамауы фактiлерi бойынша тиiстi құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жiберуге;
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген талаптарда көзделген еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi бiлiмдi тексеруге қатысуға;
      12) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру кезiнде белгiленетiн айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргiзуге;
      13) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi бақылау жүргiзуiнiң толықтығы мен дәйектiлiгiн бақылауды жүзеге асыруға;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      331-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының мiндеттерi
      Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;      2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексерудi уақтылы және сапалы жүргiзуге;      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнiндегi шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушiлердi (олардың өкiлдерiн) хабардар етуге, кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде ұсынулар енгiзуге;      4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өтiнiштерiн уақтылы қарауға;
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтiру жөнiнде ұсынымдар беруге;
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеруге қатысуға;      7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерiн жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөнiндегi жұмысты күшейтуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеу мен қабылдауға қатысуға;
      8) мемлекеттiк құпияны, еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;
      9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзуге;
      10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезiнде азаматтармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасасуға мiндеттi.
      332-бап. Жұмыс берушiнiң мемлекеттiк еңбек инспекторы бақылау жүргiзген кездегi құқықтары мен  мiндеттерi
      1. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде:      1) жүргiзiлген тексеру актiлерi бойынша мемлекеттiк еңбек инспекторына түсiнiктемелер беруге;      2) егер жүргiзiлетiн тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәлiметтер мен құжаттарды бермеуге;
      3) тексеру нәтижелерi туралы актiге және мемлекеттiк еңбек инспекторының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
      2. Жұмыс берушi Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүргiзу кезiнде:
      1) мемлекеттiк еңбек инспекторының тексерiлетiн объект аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруiн (болуын) қамтамасыз етуге;
      2) тексеру жүргiзетiн мемлекеттiк еңбек инспекторына және ұйым қызметкерлерiнiң өкiлдерiне тексеру нәтижелерi туралы актiге қоса тiркеу үшiн қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәлiметтердi) не олардың көшiрмелерiн беруге, сондай-ақ тексерудiң мiндеттерi мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткiзуiне мүмкiндiк жасауға;
      3) мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау үшiн қабылдауға және актiнiң екiншi данасына оны алғаны туралы тиiстi белгi жасауға;
      4) тиiстi мерзiмдерде мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындау жөнiнде ақпарат беруге мiндеттi.
      333-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi
      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттiк еңбек инспекторы мынадай актiлер:      1) нұсқама:
      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы;      жарақаттану қаупi бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшiн өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндiрiстiк процестердегi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу туралы;
      жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметiне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметiне тыйым салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады;      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы;      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулы шығарады.
      2. Мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерi жұмыс берушiлер мен лауазымды адамдардың тексерудi жүзеге асыру барысында белгiлi болған (анықталған) еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына ықпал етудiң құқықтық шаралары болып табылады. Актiлер екi дана етiп жасалады, оның бiреуi қолы қойғызылып, жұмыс берушiге тапсырылады.
      3. Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттiк еңбек инспекторының актiлерiн орындауға мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк еңбек инспекторы актiлерiнiң нысанын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру, олардың түрлерi,  нысандары мен мерзiмдерi
      1. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып бөлiнедi.
      Жоспарлы - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген уақыт аралықтары ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру.      Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша басқа бақылаушы органдармен және қызметкерлердiң өкiлдерiмен бiрлесе отырып, кешендi түрде де жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бiр реттен аспайтындай етiп, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, үш жылда бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiлуi мүмкiн.
      3. Жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуы туралы жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттiк органдар өтiнiш бiлдiрген, сондай-ақ мемлекеттiк еңбек инспекторы қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн әрi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететiн фактiлердi анықтаған немесе осындай бұзушылықтар белгiлерiнiң болуын куәландыратын немесе өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тексерудi жүргiзу кезiнде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргiзiледi.
      Анонимдiк өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзуге негiз болып табылмайды.
      4. Тексеру ұзақтығы күнтiзбелiк он күннен аспауға тиiс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемi ауқымды болған кезде мемлекеттiк еңбек инспекциясының немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң басшысы (немесе оның орнындағы адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiнгi мерзiмге, ал оқшауланған құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
      335-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын   мемлекеттiк еңбек инспекторының шешiмдерiне,   әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбi
      1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде жұмыс берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда, жұмыс берушi мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жоғары тұрған мемлекеттiк инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
      2. Шағымдану мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген актiлердiң орындалуын тоқтатпайды.
      336-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекциясының басқа  мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен өзара  iс-қимыл жасасуы
      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы өз қызметiн басқа мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарымен, қызметкерлердiң өкiлдерiмен, қоғамдық бiрлестiктермен, басқа да ұйымдармен өзара iс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк органдар мемлекеттiк еңбек инспекторына Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн атқаруына жәрдемдесуге мiндеттi.
      337-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының мемлекеттiк  бақылауды жүзеге асыру кезiндегi жауапкершiлiгi
      Мемлекеттiк еңбек инспекторы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде өз қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған, сондай-ақ өзге де заңға қайшы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
 39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI
IШКI БАҚЫЛАУ
      338-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылау
      1. Iшкi бақылау еңбек жағдайларының жай-күйiн қадағалауды ұйымдастыруды, өндiрiстiк бақылаудың деректерiне жедел талдау жүргiзудi, тәуекелдердi бағалауды және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi анықталған сәйкессiздiктердi жою жөнiнде шаралар қабылдауды қамтиды.
      2. Жұмыс берушi жұмыс орындарында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi белгiленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асырады.
      339-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iшкi бақылауды жүзеге асыру тетiгi
      1. Қызметкерлерiнiң саны 50-ден асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын сақтау үшiн iшкi бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметiн құрады. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өз мәртебесi бойынша негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi.
      2. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi туралы үлгiлiк ереженi еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтедi.
      3. Қызметкерлерiнiң саны 50-ге жетпейтiн жұмыс берушi қызмет ерекшелiгiн ескере отырып, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандық лауазымын енгiзедi не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттi басқа маманға жүктейдi.
      4. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қызметтiң немесе еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарын орындау жөнiндегi нұсқауларын ұйымның барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi.
 40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
      340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық  бақылау
      1. Ұйымда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсiподақ комитетi, ал кәсiподақ болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
      2. Қызметкерлердiң республикалық, салалық, өңiрлiк бiрлестiктерi ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда бекiтiлген жағдайда жүзеге асырады.
      341-бап. Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық  инспекторлардың құқықтары
      Еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектордың:
      1) жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен қауiпсiздiк техникасын жасау жөнiндегi келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушiлер алдында қызметкерлердiң еңбектi қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;
      2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiн кешендi тексерулерге қатысуға;
      3) жұмыс берушiлерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз функцияларын атқару үшiн қажеттi, оның iшiнде жазбаша түрде ақпарат пен түсiнiктемелер алуға;
      4) жұмыс берушiлердiң келiсiмдерде, ұжымдық шарттарда еңбектi қорғау бөлiгiнде көзделген мiндеттемелердi орындауын тексерулердi жүзеге асыруға және тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
      5) өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын сынақтан өткiзу және пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға;
      6) еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға, оларға өз ұсыныстарын енгiзуге;
      7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының, еңбектi қорғау бөлiгiнде келiсiмдер мен ұжымдық шарттар ережелерiнiң бұзылуына, өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiптiк ауруларды жасыруға кiнәлi жұмыс берушiлердi және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаптармен тиiстi мемлекеттiк органдарға жүгiнуге;
      8) еңбек жағдайларының өзгеруiне, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi заңнамасының бұзылуына, келiсiмдерде және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген мiндеттемелердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бөлiгiнде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;
      9) қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты жарақат алуы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтiрiлген зиянды өтету құқықтарын қорғау үшiн әрi қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердiң өтiнiшi бойынша талап қойып соттарға жүгiнуге құқығы бар.

      Қазақстан Республикасы     Президентi

Бухгалтерлік есептің типтік шаруашылық операцияларының шот корреспонденциялары
Кассадағы ақша қаражат есебінің синтетикалық есебі.
Кассадағы қолма қол ақша есебін жұргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1010шот арналған, қозғалысы № 1 журнал-ордерде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К
1.Өткізілген өнімнің түсімі (негізгі қызмет) - ККО
1010
6010
2.Негізгі емес қызметтердің кірісі - ККО
1010
6280
3. Ағымдағы банктік шоттан кіріске алынды - чек, ККО
1010
1030
4. Қызметкер, түгендеу барысында жетпей қалған немесе пайдаланбаған соманы тапсырды - ККО
1010
1250
5. Құрылтайшыдан салым ретінде түсті - ККО
1010
5110
6. Өң бағам айырмашылығы анықталды - есептеме
1010
6250
7. Сатыпалушылардан аванстар алынды - ККО
1010
3510,4410
8. Теріс бағам айырмашылығы анықталды – есептеме
7430
1010
9.Ағымдағы банктік шотқа тапсырылда – хабарлама,
1030
1010
10.Еңбек ақы төленді – төлем ведомос, ШКО
3350
1010
11.Пошта бөліміне тапсырылды – ШКО
1020
1010
12.Түгендеу барысында кем шыққан сома (белгісіз жағдайда)
1280
1010
13.Жеткізушімен мердігерлерге төленді
3310,4110
1010
14.Банктік қарызы төленді
3010,4010
1010
15.Заң тұлғаның қарызы төленді
3020,4020
1010
16. Сатылған акциялардың түсімі түсті
1010,1020
5210
17.Құрылтайшыларға есептелген дивидендтер төленді
3380
1010
18.Қызметкерге жаупқа берілді немесе жетпейқалған сома жауапты тұлғаның мойынына апарылды
1250
1010
19. Жеткізушілерге аванс берілді
1610
1010

Жолдағы ақша қаражаты есебінің синтетикалық есебі.
Инкассаторға, пошта байланыс бөлімшесіне немесе банктің кешкі кассасына салынған ақша, бірақ өз бағытына түспеген ақша есебі үшін арналған шот. Жолдағы ақша қаражатпен есептесудің есебін жүргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1020шот арналған, қозғалысы № 3 журнал-ордерде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К
1.Жолдағы ақша қаражаты анықталды
1020
1210,1280
2. Қызметкер пошта байланыс бөліміне тапсырды
1020
1250
3. Кассир инкассаторға тапсырды
1020
1010
4. Жолдағы ақша ағымдағы банктік шотқа түсті
1030
1020
5. Инкассатор дүкеннен ақша қаражатын алды
1020
6010
6. Инкассатор ақшаны банктік шотқа тапсырды
1030
1020

Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты есебінің синтетикалық есебі.
Кәсіпорынның ағымдағы банктік шоттарындағы қолма -қол ақшасыз есептесудің есебін жүргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1030шот арналған, қозғалысы № 2 журнал-ордерде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К
1.Өткізілген өнімнің түсімі
1030
6010
2. Сатыпалушылармен тапсырысберушілерден түсті
1030
1210
3. Кәсіпорын кассасынан түсті
1030
1010
4. Банктен қарыз түсті
1030
3010,4020
5. Құрылтайшыдан салым ретінде түсті
1030
5110
6. Қайтарымсыз заң тұлғалардан түсті
1030
6220
7. Аванстар түсті
1030
3510,4410
8. Кәсіпорын кассасына алынды
1010
1030
9. Пошта бөлімінен жолдағы ақша алынды
1030
1020
10. Жеткізушімен мердігерлерге төленді
3310,4110
1030
11. Банктік қарызы төленді
3010,4010
1030
12. Есептелген сыйақылар аударылды
3380
1030
13. Өз акцияларының сатылғаннан түсімі кірістелді
1030
5210
14. Корпорациялық табыс салығы төленді
3110
1030
15. Бюджетке айып төленді
7210,7470
1030
16. Валюталық шоттан бантік шотқа түсті
1031
1032
17.Оң бағам айырмашылығы анықталды
1032
6250
18.Теріс бағам айырмашылығы анықталды
7430
1032
19. Теңгемен банктік шоттан конвертация жасалды
1280
1031
Карт-шоттардағы ақша қаражаты есебінің синтетикалық есебі.
Кәсіпорынның карт- шоттарындағы қолма -қол ақшасыз есептесудің есебін жүргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1040шот арналған, қозғалысы №3 журнал-ордерде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К

1. Карт- шотқа ақша түсті
1040
1030
2.Карт- шотағы ақша қызметкермен қолданылса
1250
1040
3. Іс сапар шығындарға
7210,8010
1250
4. Карт-шотқа еңбекақы түсті
1040
1030
5. Еңбекақы қызметкермен алынды
3350
1040
6. Карточкадан банктік шотқа түсті
1030
1040
7. Карточкадан жеткізушіге төленді
3310
1040

Жинақ шоттардағы ақша қаражаты есебінің синтетикалық есебі.
Кәсіпорынның карт- шоттарындағы қолма -қол ақшасыз есептесудің есебін жүргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1050шот арналған, қозғалысы №3 журнал-ордерде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К

1. Жинақ шотқа ақша түсті
1050
1030,3390
2. Жинақ шоттағы ақша қаражатқа % есептелді
3380
6280
3. Жинақ шотағы ақша клиентпен қолданылса
1030,3390
1050
4. Жинақ шотқа пайыз түсті
1050
3380
5. Есептелген пайыз алынды
1030
1050
6. Жинақ шоттан жеткізушіге төленді
3310
1050

Өзге шоттардағы ақша қаражаты есебінің синтетикалық есебі.
Кәсіпорынның карт- шоттарындағы қолма -қол ақшасыз есептесудің есебін жүргізу тәртібі ХҚЕС №7 Ақша қаражат қозғалысының есебі, ҰҚЕС №2 бойынша 7 бөлімде қарастырылған, бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 1050шот арналған, қозғалысы №3 журнал-ордерде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К
1. Аккредитив шот ашылды несие арқылы
1060
3010,4010
2. Аккредитив шот ашылды меншікті қаражатына
1060
1030
3. Сатыпалушылардан түсті
1060
1210
4. Жеткізушілерге төленді
3310
1060
5. Пайдаланбаған ақша қайтарылды банктік шотқа
1030
1060

Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
есебінің синтетикалық есебі.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздар, ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек; өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;
саудаға арналған қаржы активтері, бағалардың қысқа мерзімді ауытқуларынан пайда алу мақсатында сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері хеджерлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда саудаға арналған ретінде қаралады.

Шаруашылық операция мазмұны
Д
К
1.Кәсіпорын кассасынан қысқа мерзімді қарыз берілді

1110

1010
2. Ағымдағы банктік шоттан ұзақ мерзімді қарыз аударылды

2010

1030
3. Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер кіріске алынды

1120
3310,
3390
4. Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтердің бастапқы құны нарықтық құнға тең ұлғайды

1120

6150
5. Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтердің бастапқы құны нарықтық құнға теңестіруге қарай азайды

7330

1120
6. Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар кірістелді

1130
3310,
3390
7. Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар сатылды
1210,
1280
1130
8. Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестицияларға сыйақы есептелді
1270
6110
9. Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар ұзақ мерзімдіге ауыстырылды
2030
1130
10. Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар кірістелді
1140
3310,
3390
11. Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларда оң бағам айырмашылық анықталды

1140

6250
12. Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларда теріс бағам айырмашылық анықталды

7430

1140
13. Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құны ұлғайды

2030

6150

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша синтетикалық есебі

Сатыпалушылармен тапсырысберушілерге босатылған немесе өткізілген тауарлар, өнімдер және басқада ағымдағы активтер үшін есептесуге арналған 1200, 2100шоттар. Есептік регистрлардан № 11 журнал-ордер қолданылады.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподен -
циясы

Д
К
1
Келісім баға бойынша сатыпалушыларға шот ұсынылды
ҚҚС ұсынылды %
1210-1240

1210-1240
6010

3130
2
Он бағам айырмашылығы бойынша сатыпалушылардың берешегі көбейді (ұлғайды)

1210-1240

6250
3
Сатыпалушылардан өткізілген өнімдер үшін түсім түсті
1010,1030,
1040,1050
1210-1240
4
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек қысқа мерзімдегіге ауысуы
1210-1240
2110 -2140
5
Бірлескен к\орындар және еншілес ұйымдар мен филиалдардан түсім түсті
1010,1030,
1040,1050
1220-1240
6
Жасалған төлемдер ағымдағы банктік шотқа түспеуі
1020
1220-1240
7
Акт- сверка бойынша немесе айырбас нәтижесінде міндеттемелер шот жабылуы
3310- 3340
1210-1240
8
Алдын ала төленген аванс бойынша сатыпалушылармен есептесу
3510
1210
9
Сатылға өнімнің қайтарылуы:
келісім құнға
ҚҚС сомасына
Берілген жеңілдіктер

6020
3130
1210-1240

1210-1240
1210-1240
6030
10
Дебиторлық берешек сома күмәнді болып танылды
1290
1210-1240
11.
Күмәнді дебиторлық берешек сомасы қайтарылды
1210
1290
12
Күмәнді талаптар бойынша резерв қалыптасты
7440
1290
13
Жойылған сатыпалушылардың берешегі күмәнді болып танылды
1210,
1280

1290
14
Күмәнді болып танылған сатыпалушылардың берешегіне резерв сомасы қолданылды

1290

1210,1280
Қызметкерлердің дебиторлық берешек есебі
Кәсіпорын өз қызметкерлерінің жауабына ақша босатқандағы (таурлар, материалдар сатыпалуға, бюджетке немесе кредиторларға төлеуге, іс сапар шығындарына...) немесе жауапты тұлғалардың жетіспеушілігі анықталғандағы операциялар қозғалысы 1250,2150 шоттарда есептеліп, бухгалтерлік регистрлардың №7 журнал-ордерінде жүргізіледі.

Шаруашылық операция мазмұны
Шот корреспонденциясы

дебет
кредит
1
2
3
1.Кассадан қызметкерге ақша берілді
1250,2150
1010
2.Іс сапар шығындары есептен шығарылды

- әкімшілік қызметкерлердікі
7210
1250,2150
- өнім өткізу саласындағы қызметкерлердікі
7110
1250,2150
- құрылыс саласындағы жұмысшылардікі
2930
1250,2150
- цехтағы жұмысшылардікі
8040
1250,2150
3.Берілген ақшаға аванстық есеп жасалып, кірістелді

- МЕА
2700,2730
1250,2150
- материалдар
1310-1320
1250,2150
- тауарлар
1330
1250,2150
- негізгі құралдар
2410
1250,2150
- ҚҚС
1420
1250,2150
4.Пайдаланбаған ақша кассаға тапсырылды
1010
1250,2150
5.Кем шыққан сома еңбекақыдан ұсталынды
3350
1250,2150

Кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар есепке алынады;
Берілген жал бойынша дебиторлық берешек есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспары 1260,2160 шоттар қарастырылған.
1270, 2170 шоттарда акциялар (қатысу үлестері) бойынша есептелген дивидендтер; қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподен -
циясы

Д
К
1
Операциялық жалға берілді
1260,2160
6260
2
Берілген жал сомасы төленді
1010,1030
1260,2160
3
Берілген жалға сыйақы есептелді
1270
6110
4
Есептелген жал соманың сыйақысы төленді
1010,1030
1270

Басқада дебиторлық берешек есебі
Басқада дебиторлық берешек есебіне бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспары 1280,2180 шоттар қарастырылған.
р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподен -
циясы

Д
К
1
Алынған вексельдер бойынша берешек төленді
1280
1010,1030
2
Жеткізушілерден тауарлар кірістелу барысында жетіспеушілік анықталды

1280

3310
3
Түгендеу барысында жетіспеушілік анықталды (анықталуға дейін)

1280
1010,1310,
1330,2410...
4
Басқада дебиторлық берешек қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімдіге ауыстырылды

2180

1280
5
Ағымдағы банктік шоттан валюталық шотқа конвертация жасалды

1280

1030
6
Валюталық шотқа конвертация жасалды
1030
1280

Қорлар бойынша синтетикалық есебі
Қорлар - қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат пен материалдар, дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, тауарлар. ХҚЕС №2 Қорлар, ҰҚЕС №2 12 бөлімінде қарастырылған. Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында жіктеліп қарастырылады:
1310 – Шикізат және материалдар, онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады;
1320 – Дайын өнім, онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады;
1330 – Тауарлар, онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1340 – Аяқталмаған өндіріс, онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады;
1350 – Өзге қорлар, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады;
1360 – Қорларды есептен шығару бойынша резерв, онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.
Қоймадағы қорлар қозғалысының карточкасында, сандық-сомалық карточкада және жауапты тұлғаның есебінде жүргізіледі. Кірістері №6 журнал-ордер, шығыстары №11 журнал- ордерлерде жүргізіледі.

р\р


Шаруашылық операция мазмұны
Шот корякорреспонденциясы

Д-т
К-т
1
Қорлар қоймаға бастапқы құнмен кіріске алынды
1310 -1350
3310
2
Әкімшілік қажетіне пайдаланған қорлар есептен шығарылды
7110, 7210
1310 -1350
3
Қызметкердің кінәсі бойынша жетпейқалған қорлар
шығарылды
1250
1310 -1350
4
Түгендеу барысында артық шыққан қорлар анықталды
1310-1350
6280
5
Аяқталмаған құрылысқа босатылған материалдар есептен шшығарылдыСписаниематериалов, относимых на стоимость незавершенного строительства
2930
1310
6
Қорлардың өзіндік құны есептен шығарылды
7010
1310 -1350
7
Негізгі өндірістің қажетіне пайдаланған материалдар
8100
1310
8
Қосалқы өндірісте пайдаланған материалдар
8300
1310
9
Есептік кезең басында аяқталмаған өндіріс негізгі өндіріске есепке алынды
8100
1340
10
Есептік кезең соңында өндірісте аяқталмаған өндіріс анықталды
8000
8100
11
Есептік кезең соңында өндірісте аяқталмаған өндіріс қоймаға босатылды
1340
8000
12
Қорлар үшін сатыпалушыларға шот ұсынылды
1210
6010
13
Ұсынылған шотқа ҚҚС есептелді
1210
3130
14
Тұрақты сатыпалушыларға баға жеңілдік берілді
1210
6030
15
Өндірістегі дайын өнім қоймаға босатылды
1320
8000
16
Қайтарымсыз қорлар босатылды
7210,
7470
1310-1350
17
Өтеусіз қорлар кірістелді
1310-1350
6230,
6280

Ағымдағы салық активтері бойынша есебі
Бюджетпен есеп айырысу кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің артық төленген сомасын, сондай-ақ ұсынылған шот-фактуралар бойынша есепке алуға жататын қосылған құн салығының сомасын есепке алуды есептесулері, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер. Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында жіктеліп қарастырылады:
1410 – Корпорациялық табыс салығы, онда бюджетке артық төленген корпорациялық табыс салығын көрсетуге байланысты операциялар, сондай-ақ корпорациялық табыс салығын төлеу бойынша аванстық төлемдер көрсетіледі;
1420 – Қосылған құн салығы, онда есепке алуға жататын, оның ішінде салық заңнамасына сәйкес өтеуге жататын қосылған құн салығы, сондай-ақ бюджетке артық төленген қосылған құн салығы бойынша операциялар көрсетіледі;
1430 – Өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, онда ұйымның банктік шотына аударуға жататын және салық заңнамасына сәйкес есепке алуға жататын өзге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер есепке алынады.
Шаруашылық операция мазмұны
Шот корреспонденциясы

дебет
кредит
1.КТС бойынша аванстық есептеме жасалды
1410
3110
2.Аванстық есептеме бюджетке төленді
3110
1030
3.Жеткізушілерден алынған шот-фактура бойынша ҚҚС ескерілді
1420
3310
4.Бюджетке төленетін ҚҚС есептелді
3130
1420
5.Кәсіпкерлік шаруаға қолданған қорлардың ҚҚС ескерілді
7210
1420
6.Салықтар бойынша аванстық есептеме төлемдер есептелді
1430
3160,3170,
3180,3190
7. Тапсырылған аванстық есептемелер бюджетпен ескерілді
3160,3170,
3180,3190
1430
8. Кәсіпорында салықтар есептелді
7210,8100
3110-3190
9. Салықтар бюджетке аударылды
3110-3190
1030

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есебі.

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер дегеніміз - егер олардың теңгерімдік құны жалғастыратын пайдалану жолымен емес, негізінен сату есебінен өтелетін болса, сатуға арналған ретінде жіктелетін ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған, бұл ретте сату ықтималдығы жоғары болып табылады. Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында жіктеліп қарастырылады:
1510 – Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер, онда сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жабдық;
1520 – Сатуға арналған істен шығатын топтар, онда сатуға арналған істен шығатын топтар есепке алынады, мысалы сатуға дайындалған жұмыс істейтін зауыт.

Шаруашылық операция мазмұны
Шот корреспонденциясы

дебет
кредит
1.Негізгі құралдардың қалдық құны сатуға ауыстырылды
1510
2410
2. Ауыстырылған негізгі құралдармен МЕА сатылды
1210,
1280
1510
3. Сатуға арналған активтер істен шығарылды
1210,
1280
1520
4. Активтер сату үшін істен шығарылды
1520
2410,2730

Өзге қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді активтер есебі.
Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында жіктеліп қарастырылады:
1610 – Берілген қысқа мерзімді аванстар, онда активтерді жеткізу негізінде берілген, сондай-ақ есепті кезең ішінде тапсырысшылардан ішінара дайын бойынша қабылданған өнімдерге, қызметтерге ақы төлеу жөніндегі аванстар және өзге берілген қысқа мерзімді аванстар есепке алынады;
1620 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда есепті жылдың ішінде қазіргі кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы кезеңдерге қатысты шығыстар (сақтандыру ұйымдарына төленген сақтандыру сыйлықтары, жалдау ақысы және т.б.) есепке алынады;
2910 – Берілген ұзақ мерзімді аванстар, онда активтерді беруге берілген, сондай-ақ тапсырысшылардан ішінара дайын өнімге, көрсетілетін қызметтерге мерзімі бір жылдан асатын аванстар және өзге берілген ұзақ мерзімді аванстар есепке алынады;
2920 – Алдағы кезеңдердің шығыстары, онда қазіргі есепті кезеңде жүргізілген, бірақ алдағы есепті кезеңдерге жататын шығыстар есепке алынады;
2930 – Аяқталмаған құрылыс, онда аяқталмаған құрылыс бойынша шығындар есепке алынады, мысалы:
негізгі құралдарды салуға байланысты;
келешекте жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде пайдалану болжанатын объектінің құрылысымен байланысты шығындар;
2940 – Өзге ұзақ мерзімді активтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді активтердің өзге топтары есепке алынады.
Шаруашылық операция мазмұны
Шот корреспонденциясы

дебет
кредит
1. Алынатын қорлар үшін аванс аударылды
1610,2910
1030
2.Бұрын төленген аванс жеткізушіге есекерілді
3310
1610,2910
3.Пайдаланбаған аванс қайтарылды
1030,1010
1610,2910
4.Қысқа мерзімді аванс ұзақ мерзімдіге ауыстырылды
2910
1610
5.Сақтандыру ұйымдардан сақтандыру құжаттар алынды
1620
1030
6.Алдынала жал төлемдер жасалды
1620
1030
7.Ағымдағы баспасөз үшін аударылды
1620
1030
8. Қысқа мерзімді алдағы кезеңдердің шығыстары ұзақ мерзімдіге ауыстырылды
2920
1620
9.Ағымдағы баспасөз шығындары есептен шығарылды
7210
1620,2910

Негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады да өз құнын амортизация арқылы шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауыстырады.
Негізгі құралдар түрлері бойынша бөлшектенеді. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:
жер; жер және ғимараттар; машина жабдығы; кемелер; ұшақтар;
автокөліктік құралдары; жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік; кеңсе жабдығы.
Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.
Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.
Негізгі құралдардың амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы шоттар тобы арналған.
Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 Негізгі құралдардың құнсыздануынан болатын шығындар шоттар тобына арналған.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Құрылыс аяқталғаннан кейін акті бойынша объект кіріске алынды
2410
2930
2
Негізгі құралдарға жөндеу жұмыстар жасалғаннан кейін бастапқы құны ұлғайды
2410
8300
3
Негізгі құралдардың кіріске алынуы:

3.1
Бұрын берілген аванс есебінен
2410
1610
3.2
Басқа заңды және жеке тұлғалардан
2410
3390
3.3
Бірлескен және еншілес ұйымдардан
2410
3320,
3330
4
Ұзақ мерзімді қаржылық жал есебінен
2410
4150
5
Құрылтайшылардан жарғылық капитал салым ретінде
2410
5110
6
Қайтарымсыз заңды тұлғалардан
2410
6220
7
Түгендеу барысында артық шыққанда
2410
6280
8
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар негізгі құралдарға салынды
2410
2310
9
Қайта бағаланудан бастапқы құнның ұлғаюы
2410
5420
10
Негізгі құралдарды жылжымайтын мүлікке салуы
2310
2410
11
Қайта бағалану бойынша бастапқы құнның азаюы
Жиналған тозу сомаға түзету жасау
5420
2420
2410
5420
12
Бұрын қайта бағалану жасалғаннаның үстіне :
Бастапқы құнның өзгеруі
Жиналған тозу соманың түзетілуі

7420
2420

2410
7420
13
Бұрын жасалған қайта бағалануды қайта қалпына келтірсе
7420 шотты – кіріс бойынша
- ұлғаю сомаға (7420 шотта)

2410
2410

6240
5320
14
Қаржыландырылған ұзақ мерзімді жалдың қайтарылуы
2410
2160
15
Үлестік қатысу әдісімен акциялардың өтелуі
2030,2210
2410
16
Ұзақ мерзімді қаржыландырылған жалдың жал берушіге қайтарылуы (жалға алушының балансында)

4150

2410
17
Негізгі құралдың есептен шығарылуы (жоюдан,қаржылық жал және жетіспеушілікте) –баланстық құнға
- жиналған тозу сомаға

7410
2420

2410
2410
18
Кәсіпорынның қызметін тоқтату бойынша негізгі құралды есептен шығару - –баланстық құнға
- жиналған тозу сомаға

7510
2420

2410
2410
19
Тозу соманың есептелуі:
құрылыс салу бойынша
алдағы кезең шығындарға
тауарларды өткізудегі негізгі құралдарға
әкімшіліктің негізгі құралдарына
өндірістік цех негізгі құралдарына
операциялық жалдағы негізгі құралдарға

2930
1620
7110
7210
8400
7450

2420
2420
2420
2420
2420
2420

МЕА синтетикалық есебі
Физикалық формасы жоқ бірақ ақшалай құндылығы бар кәсіпорынға табыс түсіру маңызы бар актив пайдалану мерзімде өз құнын бірте-бірте шығарылған өнімге ауыстырады.
Материалдық емес активтер кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2710 – Гудвилл, онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;
2720 – Гудвиллдің құнсыздануы, онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;
2730 – Өзге материалдық емес активтер, онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:
тауарлық белгілер;титулдық және баспа құқықтары; компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру; лицензиялар мен франшизалар;
өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға арналған құқықтар; рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және әзірлеу процесіндегі материалдық емес активтер.
2740 – Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы, онда материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;
2750 – Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар, онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.
р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
МЕА кіріске алынды:
-қызметкердің дебиторлық берешегі бойынша
ҚҚС сомасына %
бірлескен, еншілес кәсіпорындардан
ҚҚС сомасына %
басқа заңды және жеке тұлғалардан
ҚҚС сомасына %
қайтарымсыз мемлекет ұйымдардан
қайтарымсыз басқа заңды тұлғалардан және түгендеуде артық шыққанда
қайта бағалануда бастапқы құнның ұлғаюы

2730
1420
2730
1420
2730
1420
2730

2730
2730

1250
1250
3320,3330
3320,3330
3310,3390
3310,3390
6230

6220,6280
5420
2
МЕА қайта бағаланудан бастапқы құны азаюы
- тозу соманың түзетілуі
5420
2740
2730
5420
3
Қайта бағалану бұрын жасалмаса немесе жасалған үстіне қайта жасалса

7440

2730
4
Табиғи апатты жағдайларда немесе қызмет тоқтатылса

Жиналған тозуы
7410,
7510,
2740

2730
2730
5
МЕА сатыпалушыларға келісім құнмен есептелсе
1210
6210

Биологиялық активтер есебі
Ауыл шаруашылық өндірісі кәсіби мамандырлу бойынша - өсімдіктер және мал шаруашылығы болып танылады
Мал басының (өсімдіктер) синтетикалық есебі үшін кәсіпорынның Есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарының екінші бөлімінде 2500-Биологиялық активтер кіші бөлімі ауылшаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерді есепке алуға арналған шоттар тобынан тұрады:
2510-Өсімдіктер,
2520-Жануарлар.
Биологиялық актив дегеніміз – жануар ( мал басы) немесе өсімдік. Биологиялық актив бастапқы таныған сәтте және баланстың әрбір күнгі жағдайы бойынша әділ құнын жеткілікті сенімді деңгейде өлшеуге болмайтын жағдайлардан басқа есеп айырысу өткізу шығыстарын қоспай әділ құны бойынша өлшенеді.
Бұл шоттар активті, негізгі, инвентарлық шоттар болып саналады; олардың дебеті бойынша есепті кезеңнің басы мен аяғындағы, есепті кезең ішінде түскен малдардың тірілей салмағының нақты өзіндік құны көрсетіледі, кредит бойынша – шығарылып тасталған (кеткен) малдардың нақты өзіндік құны көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп шоттарында жасалатын шаруашылық операциялар бейнеледі:
р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Жеткізушілерден мал кіріске алынды:
келісім құнмен
ҚҚС сомасына

2520
1420

3310
3310
2
Негізгі табыннан бордақыға мал іріктелді
81001
2520
3
Негізгі табыннан төл малы іріктелді
81002
2520
4
Төлге қойылған малдан төл алынды
1340,1350
81002
5
Бордақыға қойлған малға жем-шөп босатылды
81001
1310
6
Бордақыға қойылған малдан өнім (ет) алынды
1320
81001
7
Төл малы негізгі табынға ауыстырылды
2520
1340
8
Өсімдіктер өндірісінің өнімі кірістелді
1320
81003
9
Жеткізушілерден түқым кірістелді
1310
3310
10
Сатыпалушыларға мал үшін шот ұсынылды
ҚҚС сомасына
Малдың өзіндік құны есептен шығарылды
1210
1210
7010
6010
3130
2520,1350
11
Негізгі табыннан мал негізгі құрал ретінде іріктелді
2410
2520

Меншікті капиталдың синтетикалық есебі
Кәсіпорынның меншікті капиталы мен резервтер есебің жүргізуге арналған шоттар. Меншікті капитал –ол, міндеттемелерді шегертткеннен кейінгі қалған активтер. Кәсіпорынның меншікті капитал құрылымы: жарғылық капитал, төленбеген капитал, сатып алынған меншікті үлес құралдары, эмиссиялық кіріс, резервтер, бөлінбеген пайда (жабылмаған залал), қорытынды пайда (қорытынды залал). Бухгалтерлік есеп шоттардың типтік жоспарында қарастырылған :
5000 Жарғылық капитал кіші бөлімі шығарылған капиталды, ұйымдардың жарғылық капиталын немесе мүліктік (үлестік жарна) қорын есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5010 – Артықшылықты акциялар, онда акционерлік қоғамның төленген эмиссияланған артықшылықты акцияларының жиынтықты атаулы құны есепке алынады;
5020 – Қарапайым акциялар, онда акционерлік қоғамның төленген эмиссиялық қарапайым акцияларының жиынтық атаулы құны есепке алынады;
5030 – Салымдар мен пай, онда серіктестіктің жарғылық капиталына салымдардың құны есепке алынады.
5110 – Төленбеген капитал, онда эмиссиялық акцияларды төлеу, ұйымдардың жарғылық капиталына салымдар (мүліктік жарналар) енгізу жөніндегі операциялар, сондай-ақ жеке тұлғалардың және ұйымдардың эмиссиялық акцияларды төлеу жөніндегі берешегі және құрылтайшылардың ұйымдардың жарғылық капиталына салымдарды (мүліктік жарналарды) енгізу жөніндегі берешегі көрсетіледі.
5210 – Сатып алынған меншікті үлес құралдары, онда өздерінің меншікті үлес құралдарын сатып алу кезінде ұйым келтірген шығындар ескеріледі.
5310 – Эмиссиялық кіріс, онда шығарылған акциялар бойынша эмиссиялық кіріс (жеке меншік үлестік құралдардың құны мен оларды іске асыру кезіндегі олардың атаулы құны арасындағы айырма) есепке алынады.
5400 Резервтер кіші бөлімі қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес, сондай-ақ құрылтайшы құжаттарға және ұйымның есеп саясатына сәйкес капиталдың шоттарында көрсетілетін резервтерді есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5410 – Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резервтік капитал, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтайшы құжаттарға сәйкес белгіленген резервтік капитал көрсетіледі;
5420 – Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв, онда негізгі құралдарды қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5430 – Материалдық емес активтерді қайта бағалауға арналған резерв, онда материалдық емес активтерді қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5440 – Сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалауға арналған резерв, онда сатуға арналған қаржы активтерін қайта бағалау жөніндегі операциялар көрсетіледі;
5450 – Шетелдік қызмет бойынша шетел валютасын қайта есептеуге арналған резерв, онда монетарлық бап бойынша туындаған бағамдық айырмаларн көрсетіледі, ол мәні жағынан шетелдік ұйымға ұйымның таза инвестицияларының бір бөлігін құрайды және ұйымның қаржылық есептілігінде таза инвестиция қатардан шыққанға дейін жеке капитал ретінде жіктеледі, одан кейін кіріс немесе шығыс ретінде танылады;
5460 – Өзге резервтер, онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге резервтер көрсетіледі.
5500 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) кіші бөлімі бөлінбеген пайданы немесе жабылмаған залалды есепке алуға арналған.
Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
5510 – Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы), онда есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі;
5520 – Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы), онда өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған залалы) көрсетіледі.
5600 Қорытынды пайда (қорытынды залал) кіші бөлімі есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған.
5610 – Қорытынды пайда (қорытынды залал) есепті жылда ұйымның қорытынды пайдасын (қорытынды залалын) есепке алуға арналған, сондай-ақ есепті жылда түпкілікті қаржы нәтижесін қалыптастыру жөніндегі ақпарат қорытындылады.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Жарияланған капитал
5010,5020,
5030
5110
2
Шығарылған акциялар жойылса
5010, 5020,5030
5210
3
Жаңадан акциялар шығару барысында жарғылық капиталдың ұлғаюы

5110
5010,5020,
5030
4
Жарғылық капиталға салым:
- қорлар ретінде
- ақшалай
-негізгі құрал ретінде
- МЕА
-қаржылық инвестиция

-жылжымайтын мүлікке инвестиция
- биологиялық активтер

1310,1330
1010,1040
2410
2730
1110-1150,2010,
2040,2210
2310
2510,2520

5110
5110
5110
5110
5110

5110

5110
5
Резерв қалыптастырылды:
-құрылтайшы құжаттарда белгіленген шегінде
- құрылтайшы құжаттарда белгіленген шегіннен асса

5510
5510

5410
5460
6
Резервтік капиталдың пайдаланылуы:
-есептік жылдың шығындарын жабуға
- өткен жылдардың шығындарын жабуға
- құрылтайшылар ұлестері есептелуіне

5410
5460
5410,5460

5610
5520
3030
7
Есептен шығарылған негізгі құралдардың қайта бағаланған сомасы есептен шығарылды

5420

5610
СЭҚ синтетикалық есебі
2005ж. 13.06. Валюталық қарымқатынастардың реттелуі мен валюталық бақылау Заңына, 2003ж. 05.04. ҚР кедендік кодексіне, 2007ж. 28.02. Бухгалтерлік есеппен қаржылық есептілігі Заңына және 2007ж. 22.06.бухгалтерлік есепті жүргізу ережесіне сәйкес ҚР валюталық операциялары жасалады. Әр түрлі әрекеттер бойынша шетелмен қарымқатынасқа түсу сырт экономикалық қызметтер болып танылады (ақа аудару, тауарлар (немесе қызмет көрсету) әкелу - импорт, тауарлар (немесе қызмет көрсету) шетелге шығару- эспорт болып айқындалады.
Бұрын басқа мемлекеттен әкелінген тауарлар қайта өңдеусіз басқа жаққа өткізу немесе мемлекеттен шығару әрекеттерді реэкспорт деп атайды, ал бұл мемлекетті реэспорттық мемлекет деп. Реэкспорттың ең басты маңызы тауар ешқандай өңделуге жатпау керек. Сатыпалушы мен жеткізуші арасында делдал қатысу керек.
Бұрын сатылып мемлекеттен шығарылған тауарлар сырт рынокта сатылмайқалса өз мемлекетіне қайтарылған тауарлардың әрекетін реимпрот деп атайды.
Тауарлардың кедендік құны – бұл Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту кезіндегі олар үшін нақты төленген немесе төленуге тиіс баға (құн) - кедендік баж; кедендік алымдар; алдын-ала шешім үшін төлемақы.
Тауардың кедендік құнын тауарлардың шекарадан өткенде декларант анықтайды.
Кедендік төлемдер мен салықтар ұлттық валютамен, сондай-ақ шетелдік валютамен төленеді. Кедендік органдар алған кедендік төлемдер мен салықтар мемлекеттік бюджетке аударылады.
Экспорттық-импорттық операцияларды жүргізген кезде ұлттық валютасының шетелдік валютаға қатысты бағамының тұрақты өзгеруінің нәтижесінде бағам айырмашылықтары пайда болады, бұл №21 ХҚЕС-на сәйкес бағамның өзгерген кезде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесінде шетелдік валютаның бір мөлшерін есеп беру валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылығы, 1995ж. 30.03. ҚР Ұлттық банк жөніндегі Занға сәйкес жасалады.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Шетел жеткізушілерден тауарлар кірістелді
ҚҚС ескерілді %
1330
1420
3310,3390
3310,3390
2
Тауарларды кіріске алу барысында кедендік баж есептелді
1330
3310,3390
3
Тауарларды жеткізу бойынша көлік шығындар
1330
3310,3390
4
Тауарларды УСҚ шығындары
1330
3310,3390
5
Шетел жеткізушіге банктік шоттан төленді
3310,3390
1050
6
Шетел жеткізушімен есептесуде оң бағам айырмашылық
3310,3390
6250
7
Шетел жеткізушімен есептесуде теріс бағам айырмашылық анықталды

7430

3310,3390
8
Шетел сатыпалушыға шот ұсынылды

ҚҚС есептелді
1210,1280
1210,1280
6010,6210

3130
9
Шетел сатыпалушыдан банктік шотқа түсті
1032
1210,1280
10
Шетел валютаға конвертация жасалды
1280
1032
11
Шетел стыпалушымен есептесуде оң бағам айырмашылық
1210,1280
6250
12
Шетел жсатыпалушымен есептесуде теріс бағам айырмашылық анықталды

7430

1210,1280

Кірістер есебі
Кірістер – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Есептік кезең соңында 5510 шотпен жабылады.
Жылдық жиынтық табыс – негізгі және негізгі емес қызметтерден есептік жыл ішіндегі жеке және заңды тұлғалардың жан жақтан алынған кірістері. Негізгі қызметтердің кірістері: дайын өнімді өткізгеннен түскен түсімдер, кіріске алынған тауарларды сатқаннан түскен түсімдер, салып тапсырған құрылыстар мен ғылыми зерттеу жұмыстар,
Және сыйақылармен пайыздар, дивидендтер, гонорарлар, роялти.
Негізгі емес қызметтердің кірістері: өткізілген материалдық емес активтер, негізгі құралдард мен құнды қағаздардың түсімі . Кірістер есебі № 18 Кірістер ХҚЕС-да қарастырылған.
Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер - кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатыпалушыға аударып тастаса;
егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;
егер кірістер сенімді бағаланса;
егер жасалған делдалдықтан пайда алынуына сенімді болса;
егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Өткізілген өнімнің түсімі кассаға кірістелді
1010
6010
2
Өткізілген негізгі құралдардың кассаға түсімі кірістелді
1010
6210
3
Сатыпалушыларға берілген жеңілдіктерге
6030
1210
4
Несиелерге есептелген сыйақылар
1270
6110
5
Бірлескен ұйымдарға дивидендттер есептелді
1230
6120
6
Қаржыландырылған жалға табыстар есептелді
1270
6130
7
Есептік кезең соңында жиынтық табыстар шоты жабылуы
6010,6210,6110, ...
5610

5610
6030
8
Есептік кезең соңында қаржылық нәтиже анықталды: шығындар
кірістер

5610
6010

7010
5610

Шығыстар бойынша синтетикалық есебі
Шығыстар (расходы)– есептік кезең ішінде кәсіпорынның жасаған шағыстарын есепке алу. Кәсіпорын табыс табу барысында қандайда болса шығыс жасауға мәжбұр болады. Шығындар ол өнім шығару, тауарлар өткізу барысында активтердің азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы. Есептік кезеңде кірістерді есепке алу қандайда бір шығындарды мойындатады. Шығындар ағымды (есепте)және кейінге қалдырылатын (баланста) болып бөлінеді. Өндірістік шығындар тікелей және үстеме шығындар болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімнің (жұмыстың) өзіндік құнын құрайды. Шығындар қай мерзімде жасалды сол мерзімде есептеледі. Өнімнің (жұмыстың) өзіндік құнына кірмейтін шығындар есептік кезең шығындарына жатады. Шығыстарды 7- бөлім шоттарында ескеріледі.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Өткізілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылды
7010
1320
2
Қайтарылған өнімнің өзіндік құны
1320
7010
3
Өткізілген тауарлардың өзіндік құны
7110
1330
4
Несиелерге есептелген шығындар
7310
3380
5
Негізгі құралдарды есептен шығару бойынша жасалған шығындар
7410
2410
6
Қызметкерлердің демалыс күндеріне резерв қалыптасуы
7440
3430
7
Алдағы кезеңде негізгі құралдардың жөндеу жұмыстарына резерв қалыптастыру
7440
5340,5310
8
Жыл соңында шығыстар шоттардың жабылуы
5610
7010,7110,7310,7410,7440
9
Жыл соңында шығыстар бойынша қаржылық нәтиже анықталды: шығындар
кірістер

5510
5610

5610
5510

Өндірістік шоттарды есепке алудың синтетикалық есебі
Өндірісі бар немесе өндірістік цехтары бар кәсіпорындар шығындарын есепке алу бойынша 8-ші бөлімнің шоттарың қолданады. Бұл шоттарда шығындар топтастырылады содан кейін калькуляция арқылы өнімнің өзіндік құны анықталады.

р\р

Шаруашылық операция
Шот корресподенциясы

Д
К
1
Өндіріске шикізат босатылды:

1.1
- негізгі өндіріске
8100
1310
1.2
- көмекші өндіріске
8300
1310
2
Өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді

2.1
- негізгі өндірістегі
8100
3350

- көмекші өндірістегі
8300
3350
3
Еңбекақыға әлеуметтік салықтар есептелді

3.1
- негізгі өндірістегі
8100
3150
3.2
- көмекші өндірістегі
8300
3150
4
Үстеме шығындар есептелді
8100
8040
5
Амортизация есептелді
8400
2420
6
Коммуналды шығындар септелді
8100
3310,8040
7
Іс сапар шығындар есептелді
8100
1250
8
Өнім дайын болғанда
1320
8100

Қаржылық есеп беру есебі
Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды басқарушылық шешімдер қабылдау барысында ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық есептілігі ай сайын, тоқсан сайын немесе жылсайын болып жасалады.
Экономика саласында қаржылық есептіліктің ақпараттау функциясы ұйым әрекеттерінің қаржылық нәтижесінде. Ал, есептіліктердегі ақпараттар өз алдына кәзіргі инвесторлармен қызығушылардың сұранысы бойынша жасалу тиіс: Қандай активтермен кәсіпорын өз есептік кезеңін бастады ?
Қандай жағдайларда есептік кезеңде жұмыс жасалды ?
Қандай қаржылық нәтижеге өткен кезеңде кәсіпорын жетті?
Есептік кезең соңында кәсіпорынның активтер өзгерістері қалай болды ?
Кәсіпорынның қаржы- шаруашылығының әрекеттері болашақта қандай ?
Осы ақпараттардың сапасына инвесторлармен пайдаланушылардың белгілі талаптпры бар:
- дұрыстылық, бұл ақпарат бойынша пайдалашушыларға дұрыс шешім қабылдауға өте маңызды.
тиянақтылық. Қаржылық есеп ақпараты үзіліп қалуға немесе қате түсінік беруге тиіс емес. Мұның арты қандай да бір шешімнің қабылдануына ықпал етуі мүмкін. Әрине, толық ақпаратсыз ахуалы аңдап отыру мүмкін емес, яғни егер ақпарат аяқталағн, тиянақталған болмаса.
салыстырмалылық. Ақпарат бір есепті кезеңнен екіншісіне салыстырмалы болуға тиіс. Есеп саясаты бойынша қабылданған методология мен таңдап алынған есеп процедуралры оларға өзгеріс енгізілгені туралы және жаңа пинцип неге арты саналғаны туралы тұтынушыларға хабарланып, түсінік берілгенше өзгермеуге тиіс.
түсініктілік. Қаржылық есептен туындайтын ақпарат барлық тұтынушыларға түсінікті болуға тиіс. Есепті түсінікті түрде берудің формасы оның заң бекіткен сатандартты мазмұны мен форматына бйланысты.
бейтараптылық. Қаржылық есеп арқылы берілетін ақпарат әрқашан бейтарап, әрі сенімді болу үшін үстірттіктен адал болуға тиіс.
- құпиялы ақпараттар – кәсіпорынға бәсекелестер жағынан зиян келтірмейтін, пайдаланушылар тек өздеріне қатысты ақпараттарды беру. Осыған орай сырт пайдаланушыларға ақпараттармен есептіліктерді беруде мазмұнына өте қатаң тексеріспен жауапты қарау. Кей жағдайларда өте көп мәліметтер тарату инвестициялардың тартуына кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан, қаржылық есептілікті жасау барысында келесі формалармен шектеледі:
- кәсіпорынның (компанияның) бухгалтерлік балансы;
- табыстар және залалдар туралы есеп;
- ақша қаражат қозғалыстар туралы есеп;
- меншікті капитал өзгерістерінің есебі.

Салар бойынша бухгалтерлік есеп
Тамақтандыру кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп ерекшелігі.
Тамақтандыру кәсіпорындардың бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда ерекшеліктер бар, ол бұл кәсіпорындар сатыпалынған тауарларды өткізуден басқа өздерінің меншікті шығарылған жартылай фабрикаттарымен өнімдерін өткізумен шұғылданады. Калькуляция құрылымы (шикізіт тізімі ғана кіреді) мен баға қалыптасу (басқа шығындарды жабу үшін үстеме пайздар есептеледі) ерекешелігі бар.
Аталған құбылыстардың есебі № 2 ҰҚЕС-ң Қорлар 12 бөлімінде қарастырылған. Өнімдер мен шикізат есебі 1310-1350шоттарда жүргізіледі.
Ал, өндірісте шығарылған жартылай фабрикаттармен өнімдер есебі 8100,8200 шоттарда жүргізіледі. Өткізілген өнімнің есебіне 7110 шот қарастырылған, есептік кезең шығындары 7210 шотта жүргізіледі. Тамақтандыру кәсіпорындарда шығарылған өнімнің бірлігіне өзіндік құн есептелмейді, басқа салалардағыдай. Сондықтан, шығарылған өнімнің құны калькуляция әдісімен шикізат терімінің саны мен құны бойынша анықталады.
р\р


Шаруашылық операция мазмұны
Шот
корреспонденциясы

Д
К
1
Қоймадан шикізат өндіріске босатылды
8100
1310
2
өндістегі дайын өнімнің өзіндік құны анықталды
7010
8100
3
Өндірістегі дайын өнім буфеттерге босатылды
13302
8100
4
Өткізілетін дайын өнімге үстеме баға есептелді
13302
13303
5
Буфеттердегі өткізілетін өнімге ҚҚС есептелді
13302
13304
6
Негізгі өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді
7210
3350
7
Еңбекақы сомасына әлеуметтік салық есептелді
7210
3150
8
Коммуналдық шығындар есептелді
7210
3310
9
Жал шығындары есептелді
7210
3360
10
Банк қызметтері үшін шығындары есептелді
7210
1030
11
Негізгі құралдарға тозу есептелді
7210
2420
12
Өткізілген өнімдердің түсімі кассаға кірістелді
1010
6010

Автокөлік кәсіпорындарының бухгалтерлік есеп ерекщеліктері

Автокөлік кәсіпорындары өз кәсіби шаруашылығы бойынша кісі, жұк т.б. тасымалдау түрлеріне бөлінеді. Автокөлікті пайдалану барысында оның жүріп- тұруына қолданатын жағар-жанар майдың есебі 1310 Отын шотында жүргізіледі. Жағар-жанар майдың қоймадағы есебіне материалды жауапты тұлға есеп беру жолымен іске асырады (лимиттік ведомост бойынша), жүргізушілер өз есебінен жол сапар парағымен растап ( мауысымның шектелу нормалары бойынша) есептен шығарады Автокөліктердің қосалқы бөлшектерін есепке алу үшін 1310 Қосалқы бөлшектер шоты қарастырылған. Шиналар (покрышка, камера и ободная лента) есебінің өз ерекшеліктері бар, машинаның дөңгелек санына қарай (біреу үнемі артық болу тиіс) автокөлікті кіріске алу барысында автокөлік құнында есептеледі, негізгі құрал объекті болып. Ал, қордың есебінде болатын шиналар 1310 шотта ескеріледі. Шиналардың қолдануында автокөліктің жүрген км. бойынша кепілді нормалар белгіленеді.
Егер кәсіпорынның негізгі қызметі болып автокөлік тасмалдау қызмет танылса есебі 8100 шоттарда жүргізіледі.

р\р


Шаруашылық операция мазмұны
Шот
корреспонденциясы

Д
К
1
Жеткізушілерден дизтопливо кіріске алынды
1310
3310
2
Жеткізушілерден қосалқы бөлшектер кіріске алынды
1310
3310
3
Жеткізушілерден автошиналар кіріске алынды
1310
3310
4
Жүргізушіге жағар май босатылды
1250
1310
5
Жүргізушіге қосалқы бөлшектер босатылды
1250
1310
6
Шектеулі норма бойынша жол парғымен жағар май есептен шығарылды
7210
1250,1310
7
Шетеулі нормадан артық қолданған жағар май жауапты тұлғаның есебіне апарылды
1250
1310
8
Негізгі өндірістегі автокөліктің жөндеуіне қосалқы бөлшектер босатылды
8100
1310
9
Негізгі өндірістегі жұмысшыларға еңбекақы есептелді
8100
3350
10
Еңбекақы сомасына әлеуметтік салық есептелді
8100
3150
11
Көрсетілген автокөлік қызметтер үшін шот ұсынылды
- ҚҚС есептелді
1210

1210
6010

3130
12
Сатыпалушылардан ағымдағы банктік шотқа берешек кірістелді

1030

1210

Құрылыс өндіріс кәсіпорындарының бухгалтерлік есеп ерекшелігі
Мердігерлер кәсіпорындарының материалдары негізгі құрылыс материалдар, конструкциялар және құрылғылар, басқада материалдар, құрылғылардың жабдықтары болып танылады.
Калькуляциямен өндіріс есебінің объектісі болып қаржы - сметалық есептемелерімен техникалық проектілері бар жеке құрылыс және монтаждау жұмыстар. Құрылыстың негізгі өндіріс құрамына кіреді құрылыс, оның ішінде ғимарат пен құрылғылардың құрамына кіретін металды, темір-бетонды, ағаш және басқа конструкциялар; монтаждау бойынша (техникалық метал консрукциялар және электроконструкциялар; ғимарат пен құрылғылардың күрделі жұмыстары, жабдықтардың жөндеу жұмыстары, құрылыс алаңында қойлатын қосымша құрылғылар мен жабдықтар.
Әр бір құрылыс және монтаждау объектісіне жеке шифр белгіленеді, кейін бұл барлық есептік құжаттарда көрсетіледі. Құрылыс өндірісінің есебі негізгі өндіріс шоттарында есептеледі 8100 Негізгі өндіріс

р\р


Шаруашылық операция мазмұны
Шот
корреспонденциясы

Д
К
1
Жеткізушілерден құрылыс материалдар кіріске алынды
1310
3310
2
Құрылыс жұмыстар үшін құрылыс материалдар босатылды
8100,2930
1310
3
Құрылыс жұмысшыларына еңбекақы есептелді
8100,2930
3350
4
Әлеуметтік салық есептелді
8100,2930
3150
5
Құрылыс жұмыстарға қолданған негізгі құралдарға тозу есептелді
8100,2930
2420
6
Құрылыс жұмыстар қажетінде жал шығындары есептелді
8100,2930
3360
7
Құрылыс аяқталып актімен тапсырылды
2410
2930,8100

Глоссарий

АҒЫМДАҒЫ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША ТӨЛ­ЕМ БАЛАНСЫ – сауда балансын, қызмет балансын және коммерциялық емес төлемдерді кіргізетін төлем балансы­ның бөлігі.
АЖИО (ЛАЖ) – акцияның құнды бағасы немесе валютаның белгіленген курсына үстеме төлеу. Термин ва­лю­та курсын көтеру кезінде пайдаланылады және ол басқа валюталармен салыстыру бойынша ұлттық ақша бір­лі­гі құнының өскендігін көрсетеді.
Акция – дивидентер түрінде акционерлік қоғам (АҚ) пай­да­ла­рының бір бөлігін алуға, оны таратудан кейін қалған мүліктің бөлігін басқаруға қатысуға оған иелік етушінің (ационердің) құқығын бекітетін, эмиссиялық бағалы қағаз.
АҚША – жалпыға бірдей баламамен қызмет ететін, яғни, жалпыға бірдей айырбас құралын және барлық тауар­лар құндылығын іске асыратын ерекше тауар.
АҚША МАССАСЫ – елдер экономикасы айналым­да, жалпы танылған төлем қаражаттарының сомасын білді­ре­тін маңызды макроэкономикалық индикоторларының бірі.
АҚША АЙНАЛЫМЫ – айналымындағы ақша ма­ңы­зын көрсету. Бөлу және айырбас процестерін қамти­ды.
АҚША ЖҮЙЕСІ – мемлекетпен бекітілген елдердің ақша айналысының ұйымдасу формасы.
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ – несие көлемін, пайыз ставкаларының деңгейін және басқа ссудалық капиталдар рыногының көрсеткіштерін реттеуге бағытталған, ақша массаларын және несие саясатының өзгеруін анықтайтын ақша саясатының шаралар жиынтығы.
АҚША РЕФОРМАЛАРЫ – ақша айналымын реттеу және нығайту мақсатымен мемлекеттің жүргізген толық немесе жартылай ақша жүйесінің қайта жаңаруы.
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, ұйымдардың, мекемелердің тұрақты айна­лымында болатын және олардың өзіндік мақсаттар немесе банкте орналастырылған ресурстар түрінде пайдаланыла­тын ақша формасындағы банктердің есеп шоттарында шоғыр­ландырылған әртүрлі тектегі табыстар мен түсімдер.
АҚШАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫ – тауарға қатынасы бойынша ақшаны сатып алу қабілетінің түсуі (ішкі қам­та­ма­сыз ету) немесе олардың валюта бағамының төмендеуі (сырт­қы қамтамасыз ету).
АҚШАНЫҢ САТЫП АЛУ ҚАБІЛЕТІ – тауар мен қызметтердің белгілі бір санының ақша бірліктеріне айыр­бас­талу қабілеті, баға мен тарифтердің осы деңгейіндегі тауарлар мен қызметтердің айналымдағы көлемінің ақша бірліктерінің толықтырушылығын көрсетеді.
АҚШАНЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ – мемлекетпен қа­ғаз-ақша бірліктерінің құнсыздануын жарамсыз деп хабарлау; ақшаны сатып алу инфляция нәтижесінде өткізілген, ел­дер­дегі ақша реформасының әртүрлілігі.
АҚША ҚЫЗМЕТІ – жалпыға бірдей балама ретінде ақша маңызының нақты формаларының көрінуі. Ақша дамыған тауарлы шаруашылықта келесідей бес қызмет ат­қа­рады: құн шамасы, айналым құжаттары, жинақтау қара­жат­тары және жинақтар, әлемдік ақшалар.
АЛТЫН СТАНДАРТ – алтынға банкноттарды еркін бөлшектеу өмір сүреді, алтын құн өлшемі сапасында және толыққан қаражат айналымында жұмыс істейтін, ақша ай­налым жүйесі.
АЛТЫН ҚОРЫ – халықаралық валюта-қаржы меке­ме­­ле­рінде, сондай-ақ, мемлекеттің қаржы ұйымдарында және орталық банкте сақталатын алтынның құйма не­ме­се монеталық ресми қоры (запас).
АЙЫРБАС ҚҰНЫ – бір тауардың екінші тауарға айырбас қатынасын білдіретін, құнның көріну формасы.
АУДАРЫМ АРҚЫЛЫ АЙНАЛЫМ – оларды ау­да­ру­мен байланысты ақша айналымы.
АУДАРЫМ АРҚЫЛЫ ЕСЕП АЙЫРЫСУ – қолақшаның қатысуынсыз өндірілетін, яғни, өзара есептеу талап­­тарымен немесе алушы есеп шотына төлеуші есеп­шоты­нан белгілі соманы банк арқылы аударуымен өндірі­ле­тін есеп ай­ыры­су жүйесі.
БАҒА АУҚЫМЫ – оның бөлінуі арқылы жасалған ақша бірлігі.
БАНК АКТИВТЕРІ – пайданы алу мақсатымен са­лым­шылар қаражаттарын және банктің меншік капита­лын орналастыру. Бухгалтерлік баланстың активінде көрсе­тіледі. Банктің активтеріне енгізілетіндер: кассалық қол ақ­ша, ссудалар, құнды қағаздар инвестициясы, мекемелер, жабдықтар және басқалар.
БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ – банктің өзінде бар қаржы ресурстарын айналымға жіберу және одан пайда алу мақсатымен қаржы ресурстарын орна­ластыру. Оған ұқсас операциялардың неғұрлым кең тарал­ған формалары: пайыздар мен несиеге ақша қаражатта­рын беру, бағалы қағаздарға салымдар, өндіріске тартыла­тын инвестициялар.
БАЛАНС – оның жекелеген жақтарын салыстыру немесе қарама-қарсы қою жолымен қандай бір құбылыс­тар­ды сипаттаушы көрсеткіштер жүйесі.
БАНК – ақша-несие аясында ерекше қызметтерді орын­дайтын, ақша капиталдарымен сауда жасаушы, қарыз алушы мен несие алушы арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын, кәсіпорын.
БАНКНОТТАР – орталық эмиссиондық банктердің айналымға жіберетін ақша белгілерінің әр түрлілігі.
БАНКТІК РЕСУРСТАР – несие және басқа активті операцияларды жүргізу үшін банктердің өкімімен және олар­мен қолданылатын қаражаттар жиынтығы. Банк ре­сурс­­тарының құрылымы банктердің мамандануына қа­тыс­ты (орталық, коммерциялық, инвестициялық және басқа­лар) олар банктердің меншікті және тартылған қаражат­тарын енгізеді.
Меншікті қаражаттар – акционерлік және резервтік капитал, сондай-ақ, бөлінбеген пайдалар.
Тартылған қаражаттар – облигацияларды және басқа құнды қағаздарды сатудан салынған қаражаттар, салым­дар.
БАНКТІК НЕСИЕ – шаруашылық субъектілеріне және басқа қарыз алушыларға ақша ссудасы түрінде бері­ле­тін несие.
БЕНЕФИЦИАР – бұйрықтарда көрсетілген ақшаны алу сапасына қойылатын талаптар. Сондай-ақ, ақша ауда­ры­мын­сыз жүзеге асырылатын аударым арқылы жасалатын төлемдер кезіндегі тұлға.
БИМЕТАЛЛИЗМ – екі металмен (күміспен және алтын) барлық жалпы баламалардың рөлі арқылы бекітіл­ген ақша жүйесі.
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ – келісімдік, мемлекеттік-құқы­лық және халықаралық нормаларда бекітілген және әлем­дік рыноктың дамуы және шаруашылық өмірді интер­на­цио­налдандыру негізінде қалыптасқан ақша-несие қатына­сы­ның жиын­тығы.
ВАЛЮТАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕСТІК – 1) елдің заңмен қабылданған металдан тұратын ақша бірлігі; 2) олардың ақша бірлігіне металл құрамы сәйкес келетін әр түрлі елдер валюталары арасындағы ара-қатынас.
ВАЛЮТА БАҒАМЫ – халықаралық валюта бірлік­терінде немесе басқа елдердің ақша бірліктерінде көрсетіл­ген бір елдің ақша бірлігінің бағасы.
ВАЛЮТАЛЫҚ ШЕКТЕУ – валютамен, алтынмен және басқа валюта құндылықтарының шектеу операция­ларында бағытталған, заң шығарушы және әкімшілік тәр­тіпте бекітілген, нормативті ережелер мен шаралар жиын­тығы.
ВЕКСЕЛ – біржақты, сөзсіз ақша міндеттерінен тұра­тын қатаң түрде белгіленген формадағы төлем құжаты.
Дивиденд – олардың көрсетілген құнының белгілі бір үлесі түрінде акциялардың иегерлері арасында бөлінетін акционерлік қоғамның ағымдағы жылдағы таза пайдасының бір бөлігі есебі­нен акционер алуы мүмкін кірісті білдіреді, яғни акционердің акционерлік қоғамнан алатын пайдаға қатысу құқығы дивиденд арқылы жүзеге асырылады.
ДЕВАЛЬВАЦИЯ – айналымдағы қағаз ақшалардың ресми бағамының түсуі (жасырын девальвация) немесе оларды тұрақты толыққан несие билеттерін (ашық де­валь­вация) айырбастау және құнсыздандырылған ақша бел­гі­лерін айналымнан алып қоюдан құралған ақша реформасы.
ДЕНОМИНАЦИЯ – ақша айналысын реттеу, елдегі есеп айырысулардың тиімділігін қамтамасыз ету, бірлікке ұлттық валютадағы сияқты үлкен толыққандылық беру мақсатында ақша белгілерінің айқындалған ара-қатынасы бойынша айырбастау жолымен елдегі (оны қайтадан атау­сыз) ақша бірліктерін нығайту.
ДЕПОЗИТ – оларды салған тұлғалардың алдын-ала ескертілген шарттар уақытының келуі бойынша енгізілген, банктерге сақтауға орналасты­ры­латын және қайтарып беру­ге жататын құнды қағаздар, салымдар немесе ақша қаражаттары.
ДЕФЛЯЦИЯ – инфляцияны түсіру мақсатымен ақша көлемінің артық бөлігінің айналымынан үкіметтің алып қоюы.
ЕВРО – 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуге енгізілген, еуропа валютасы. Евро басты әлемдік валютаға айналып, доллардың баламасы болды.
ЕСЕП АЙЫРЫСУ БАЛАНСЫ – төлем уақыт­тарының келуіне қарамастан басқа мемлекеттерге бір елдің міндеттері мен талаптарының өзара қатынасы.
ИНФЛЯЦИЯ – ақша тауарларының қатынасы бойын­ша және осы тауар бағасының көтерілу нәтижесі ретінде олардың құнсыздануымен ілесіп жүретін елдердегі қағаз ақша айналымының шамадан тыс мөлшерден артуы.
ИМПОРТ – елге шетелде өндірген тауарларды әкелу.
ҚАҒАЗ АҚШАЛАР – ақша айналамын ұйымдастыру үшін мемлекет арқылы шығарылатын және мәжбірлеу курсына ие, құндылықтың нақты белгілері.
КУПЮР – ақша билеті, акция, облигация немесе онда баға құны белгіленген басқа бағалы қағаз.
ҚҰН ШАМАСЫ - өндіріс қатынасы жүйесінен туын­даған, ақшаның қоғамдық қызметі. Ақша құн шамасы ре­тінде алтынның белгілі бір саны түрінде барлық тауар­лар­дың құнын көрсетеді.
ЛИЗИНГ – машиналарды, жабдықтарды, басқа құн­ды­лық­тарды жалға беруге негізделген коммерциялық жұ­мыс.
МАРЖА – 1) белгілі көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықты көрсететін шама (мысалы: сатушы баға­сы­мен сатып алушы бағасы); 2) банкте – депозит бойынша және несие бойынша пайыздық ставка арасындағы айыр­ма­шылық.
МОНОМЕТАЛЛИЗМ – бір металлдың (күміс немесе алтын) жалпыға бірдей баламасымен қызмет көрсететін ақша жүйесі.
НАҚТЫ АҚШАЛАР – нақты құндылық шынайы құн­дылықпен сәйкес келетін, яғни, олар жасап шығарған ме­талл құндылығы.
НЕСИЕ – пайыз төлеумен және қайтарып беру жағ­дайында жүргізілетін, уақытша қолдануға материалдық қаражаттар немесе ақша аударым процесінде пайда бола­тын экономикалық қатынас жүйесі.
НЕСИЕ БЕРУШІ – несие беретін (ұйым, кәсіпорын немесе жеке тұлға) қарыз беруші.
НЕСИЕ РЕСТРИКЦИЯСЫ – инфляциялық про­цес­тердің дамуы жағдайында өткізілетін қымбат ақша сая­са­ты: ақша көлемі мен несие салым көлемінің түсуі, қысы­луы.
НЕСИЕ ЭКСПАНСИЯСЫ – экономикаға жан бітуі, жұмыспен қамтамасыз етуді кеңейту, іскер белсенділікті және ақша қаражатын жұмсауды ынталандыру үшін жүргізілетін арзан ақша саясаты.
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ – осындай қатынас түрлерін ұйым­дас­тыратын және жүзеге асыратын банктер немесе басқа несие мекемелерінің жиынтығы, елде қабылданған несие қатынастарының жиынтығы.
НЕСИЕ АҚШАЛАРЫ – төлем құралы ретінде ақша­ны ұйымдастыру және несиені дамыту негізінде пайда бола­тын төлем қаражаттары және қаражат айналымы.
НОМИНАЛ (тауарда, ақша белгісінде көрсетілетін баға) – құнды қағаздарда олардың бағалы (нақтылы) бағасында емес, банктік билеттерде және монеталарда олар­дың құнын білдіреді.
Облигация – оның иегерлері арасындағы (несие беруші мен оны шығарған тұлға) займ қатынасын куәландыратын бағалы қағаз.
Өтімдік (ликвидтілік) - өзінің міндеттемелерін несие беруші алдында өтеу жөніндегі оның қабілеттілігі көзқарасы тұрғы­сы­нан қандайда бір фирманың жағдайын сипатттау үшін қолданы­латын термин.
Өтімдік (ликвидтік) құралы – кәсіпорынның ақшалай және барлық тез өтетін құралдарын білдіретін термин.
РЕВАЛЬВАЦИЯ – халықаралық валюта-ақша бірлік­терімен басқа елдер валюталарының қатынасы бойынша халықаралық (аймақтық) валюта-ақша бірліктерінің көте­ріл­уі.
РЕЗЕРВТІК ВАЛЮТА – басқа елдермен халық­ара­лық саудада неғұрлым жиі қолданылатын және халық­аралық төлем құралдарының резерві түрінде пайда­ланы­ла­тын қандай бір елдің валютасы.
РЕНТИНГ – кіріс келтіретін мүліктер – машина, жаб­дық­тар, ғимараттар мен құрылыстарды қысқа мерзімге жалға кепілдіксіз өткізу.
СДР – халықаралық валюта қорында халықаралық есеп айырысуларының аударымы арқылы қолда­ныла­тын арнайы қарызға алу құқы.
ССУДА – ақшалай немесе нақты түрде қарызға алу, қайтарып беру жағдайында бір нәрсені беру.
САУДА БАЛАНСЫ – аталмыш елдерде импорт кө­ле­мі және экспорт көлемі тауарлары арасындағы айырма­шылық.
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ – шетелдерден алынған, түскен төлемдер мен шетелде, аталмыш елде өндірілген төлем сомма­ларының өзара қатынасы.
ТӨЛЕМ ҚҰЖАТЫ – ақша аударымының және төлемдердің өндірілу көмегімен жасалған құжат.
ТӨЛЕМ ТАПСЫРМАСЫ - өз есепшотынан белгілі бір соманы аударуы туралы кәсіпорынның қызмет етуші банкке тапсырмасы.
ТӨЛЕМ ТАЛАП ТАПСЫРМАСЫ – көрсетілген жағ­дайлар, орындалған жұмыстар, өнімдер келісімі бойын­ша қойылған құн, түсірілетін жүктер және есеп айырысу құжаттарын төлеушіні қызмет көрсететін банкке бағыттау негізінде сатып алушының төлеуіне жеткізуші талаптары.
ТӨЛЕМДЕР БАЛАНСЫ – аталмыш елге шетелден түсетін валюта түсімдері мен осы елдің уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде шетелде өндірілген төлемдер арасындағы ара-қатынасты сипаттаушы көрсеткіштер жүйесі.
ТРАСТ – шаруашылық және басқа қызмет аяларында операцияларды орындауға берілген сенім хат. Трасталық операция­лар бәрінен бұрын өз клиенттерінің сенім хаты бойынша және келісіммен, құнды қағаздармен және коммерциялық банктер ретінде жүзеге асырылады.
ФАКТОРИНГ – кәсіпорын қарыздарын банктер және басқа да қаржы ұйымдары арқылы алу мәнінен тұратын қаржы-коммерциялық қызметтің түрі (әкелінген тауарлар мен орындалған жұмыстар және қызметтерін тө­леуі бойын­ша міндеттеме). Факторинг жүктерді түсіру құ­жат­тарын көрсету кезінде оларды жеткізіп беру мүмкіндігі бойынша банк арқылы бұл тауарларды төлеуді болжайды; – факторигтік компаниялардың немесе банктің барлық залалдары арқылы тауарлар мен қызметтер үшін жабдықтаушылар алдында туындайтын төленбеген борыштық талаптарға, клиенттерге төленбеген қарыздық талаптарға (есеп құжаттарымен және векселдер) қайта жол ашу.
ХАЙРИНГ – орта мерзімдік кезеңге берілетін мен­шік­ті тауарды жалгерге, меншік құқын өткізіп берместен экс­порт­қа несие беру формаларының бірі.
ЧЕК – осындай бұйрықта көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы олардың арасындағы шартқа негізделген чек берушінің банк-алушыға жазбаша бұйры­ғы­нан тұратын төлем құжаты.
ЧЕК БЕРУШІ – чек жазып беретін тұлға.
ЧЕК ҰСТАУШЫ – егер чек олардың өздеріне жа­зыл­ған болса, оның ішінде чек берушіге, соның пайдасына чек жазылған тұлға.
ЭКЮ – еуропалық валюта бірлігі – Еуропа валюта бірлестігін мүше-елдердің қолданатын аймақтық халық­аралық есептік ақша бірлігі.
Эмитент – бұл қағаздарға бекітілген құқықтарды жүзеге асы­ру бойынша бағалы қағаздар иегерлері алдында өзінің атынан міндеттемелер алатын (көтеретін) заңды тұлға, атқарушы билік органдары.

ХҚЕС
ХҚЕС №
аталуы
Күшке еңген мерзімі
1
Қаржылық есептілігін ұсыну 2003ж.
2005ж.01.01.
2
Қорлар 2003ж.
2005ж.01.01.
7
Ақша қаражат қозғалысының есебі
1994ж.01.01.
8
Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер
2005ж.01.01.
10
Есептік күннен кейінгі оқиғалар 2000ж.
2005ж.01.01.
11
Құрылыс салаға жасалған шарттар
1995ж.01.01.
12
Пайдаға салынатын салықтар
1998 ж.01.01.
14
Сараланымдық есептілік
1998ж. 01.07.
16
Жылжымайтын мүлік,ғимараттар және жабдықтар
2005ж.01.01.
17
Жалдау 1995
2005ж.01.01.
18
Табыс
1999ж. 01.01.
19
Қызметкерлерге берілетін сыйақылар
1999ж.01.01.
20
Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемелекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету
1984ж. 01.01.03
21
Валюталық бағам өзгерісінің әсері 1995ж.
2005ж.01.01.
23
Қарыздар бойынша шығындар
1995ж.01.01.
24
Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету 1986
2005ж.01.01
26
Зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламалары (зейнетақы жоспарлары) есеп және есептілік
1998ж. 01.01.
27
Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі 1990ж.
2005ж.01.01
28
Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар 1990ж.
2005ж.01.01
29
Гиперинфляция жағдайындағы қаржы есептілігі
1991ж. 01.01.
31
Бірлескен қызметке қатысу 1992ж.
2005ж.01.01
32
Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және беру 1998ж.
2005ж.01.01
33
Акцияға келетін пайда
1999ж.01.01.
34
Аралық қаржылық есептілігі

36
Активтердің құнсыздануы 1999ж.
2004ж. 01.04.
37
Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер
1999ж. 01.07
38
МЕА 1999ж.
2004ж 01.01.
39
Қаржы құралдарды тану және өлшеу 2001ж.
2005ж.01.01
40
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 2001ж.
2005ж.01.01
41
Ауыл шаруашылығы
2001ж.01.01.

МАЗМҰНЫ
Бет


Скачать


zharar.kz