Акклиматизация - итродуценттердің табиғи тұқым қуалаушылығын сыртқы орта жағдайларының, адамдар қолданған белсенді селекциялық әдістермен өзгеруі

Скачать

Интродукциялауда Реинтрдукция, ex-situ сақтау, in-sity сақтау, акклиматизация терминдерін талдау жасаңыз
Реинтродукция (лат. re - қайталама әрекетті білдіретін косымша және лат. introductio — кіріспе) — түрдің адамның іс-әрекетінің бұрынғы мекен еткен ортасындағы флорасына қайта енгізілуі.

ex-situ және in-situ сақтау
еx-situ сақтау олардың табиғи мекендеу орындарынан тыс биологиялық әралуандылық компоненттерін сақтау дегенді білдіреді. Түрлерді хайуанаттар бағында және зертханаларда сақтауды тұспалдап, соның ішінде жоғалғандарды бұдан былай қалпына келтіруге мүмкіндік беру үшін (мысалы, клондау арқылы), құрып бара жатқан генетикалық мәліметтер банкін жүргізуді ұсынады.

in-situ сақтау экосистема мен табиғи мекендеу орындарын сақтауды білдіреді, сондай- ақ оларды табиғи ортада қауымдалыс түрлерін қолдау және қалпына келтіру, қолға үйретілген және өсірілген түрлеріне қатысты қолданылып – осындай ортада олар өзінің айрықша белгісін табады. Әдеттегідей, биологиялық әралуандылық компоненттерін ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда (ЕҚТА): қорықтарда, кіші қорықтарда, ұлттық парктерде, табиғат ескерткіштерінде және т.б орындарда сақтауды тұспалдайды. Ерекше назар түрлердің мекендейтін жерлері мен өзара байланыс құрылымын сақтауға аударылады.

Интродукция мен өсімдіктерді жерсіндіру (акклиматизация) және табиғаттандыру (натурализация) түсініктері тығыз байланысты. Жерсіндіру - өсімдіктер интродукциясының бір түрі,бұл жағдайда популяциялардың жаңа даму жағдайына бейімделуі, индивидумдердің табиғи жергілікті сұрыптаудың негізінде болатын генетикалық өзгерістеріне байланысты. Бұл өсімдіктерді ауыстыру жағдайлары, негізгі ареалынан басқа жерге аударумен байланысты. Табиғаттандырғанда өсімдіктердің жаңа түрлері жаңа жағдайларда жеңіл өсіп көбейеді, генетикалық құрамы өзгермейді, өйткені климаттық және басқа жағдайлары интродуценттің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес болып келеді. Интродукцияға алғашқы материал талдағанда оның өскен жеріндегі климаттық жағдайларын ескеру керек, өйткені ол көп әсер етеді.
Акклиматизация – итродуценттердің табиғи тұқым қуалаушылығын сыртқы орта жағдайларының, адамдар қолданған белсенді селекциялық әдістермен өзгеруі.
Натурализация – акклиматизацияның жоғарғы сатысы: өсімдік жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, өз еркімен көбейе алады, жергілікті дақылдарға тіршілік үшін бәсекеге түсе алады


Скачать


zharar.kz