Пән: Нысанды бағдарланған программалау
Екінші межелік бақылау тапсырмасы
1-тапсырма: Өз нұсқаңыз бойынша тапсырманы орындаңыз. VISUAL BASIC ортасында программасын құрыңыз:
1. A(m) бүтін санды, кездейсоқ сандар массиві берілген. Бастапқы массивті экранға шығаратын және бастапқы массивтің теріс элементінен тұратын массивті, массивтің теріс элементтерінің санын есептейтін программа құрыңыз
2. D(m) нақты сандар массиві берілген. Бастапқы массивті экранға шығаратын және бастапқы массивтің оң элементінен тұратын массивті, массивтің теріс элементтерінің санын есептейтін программа құрыңыз
3. A= {1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10} бірөлшемді массиві берілген. Массив элементтерінің жұптарының орынын ауысытырыңыз, A(i), A(i+1),мұндағы i=0,2,4,6,8. Пайда болған массивті экранға шығар.
4. X(n) массиві берілген. X(n) массивінің кері ретпен жазылған элементтеріне тұратын Y(n) массивін құрыңыз. Осы массивтің үлкен элементінің индексін анықтаңыз.Орындарында өзгеріссіз қалған элементтерді анықтаңыз.
5. Y(n) теріс және оң сандардан тұратын массив берілген. Бірінші оң элементтен кейінгі үлкен элементті анықтаңыз.
2-тапсырма: Өз нұсқаңыз бойынша тапсырманы орындаңыз. VISUAL BASIC ортасында программасын құрыңыз:
1. A(m, n)матрицасы берілген (m және n сандарын қолданушы өзі енгізеді). Жолдарындағы элементтерді өсу ретімен орналастырыңыз.
2. В(m, n)матрицасы берілген (m және n сандарын қолданушы өзі енгізеді). Бағандарындағы элементтерді өсу ретімен орналастырыңыз
3. A(m, k) және B(k,n) матрицалары берілген. Олардың көбейтіндісін табыңыз.
4. X(n, n) матрицасы берілген. Бас диагональдың астында жатқан элементтердің қосындысын табыңыз.
5. X(i, j)=i·10+j ережесі бойынша массив құрастырыңыз. Бірінші және соңғы бағанның орнын ауыстырыңыз
3-тапсырма: Төмендегі сұрақтарға жауаптар жазыңыз:
1. Полиморфизмге анықтама беріңіз
2. Класс конструкторы ұғымына анықтама беріңіз
3. Мұрагеерлік ұғымына анықтама беріңіз
4. Объектілі-бағдарланған технология ұғымына анықтама