Ақтамберді жырау

Скачать

ІІ НҰСҚА
1 Махамбеттің Исатай тақырыбындағы жырларының бірі Арғымаққа оқ тиді толғауы қай жыраумен үндеседі?
A) Доспамбет жырау;
B) Жиембет жырау;
C) Марғасқа жырау;
D) Асан қайғы;
E) Үмбетей жырау.
2 Ей, Қатағанның хан Тұрсын толғауы қандай тарихи оқиғаға орай туған? Авторы кім?
A) Қатаған руының қазақ ордасынан бөлінуіне орай туған толғау. Марғасқа жырау;
B) Керей руының елден бөліне көшуіне орай туған толғау. Бұқар жырау;
C) Қазақ ордасының жеке ел болуына орай туған. Шалкиіз жырау;
D) Шайбани ханның Ноғай ордасынан бөліне көшуіне орай туған. Қазтуған жырау;
E) Жоңғар шапқыншылығына орай туған толғау. Ақтамберді жырау.
3 Философиялық ой толғауы Асқар, асқар, асқар тау толғауының авторы кім?
A) Қазтуған;
B) Шалкиіз;
C) Марғасқа;
D) Жиембет;
E) Ақтамберді.
4 XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбын ата.
A) Ел қорғау, сырт жауға қарсы күрес;
B) Дидактика, нақыл, ғибрат айту;
C) Табиғат, туған жер келбетін бейнелеу ;
D) Философиялық толғаулар;
E) Әлеуметтік – экономикалық мәселелер.
5 Ақтамберді жырау жайлы қандай тарихи еңбекте деректер келтірілген?
A) Қ. Халиди: Тауарих хамса;
B) З. Бабыр: Бабыр -наме;
C) М. Қашқари: Диуани лұғат ат - Түрік;
D) Ж. Баласағұн: Құтадғу біліг;
E) А Яссауи: Диуани хикмат.
6 Елді дана келсе ұзақ билегің,
Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегің.
Құтадғу біліг дастанындағы мына өлең шумағы қай кейіпкерге қатысты айтылған?
А) Айтолды (бақыт символы);
B) Күнтуды (әділдік символы);
C) Өдгүрміш (қанағат символы);
D) Ұғдүлміш (ақыл символы);
E) Хан (білім символы).
7 Өз еңбегінде түрік текті халықтардың тарихы, жері, ел басқарған кемеңгер адамдары, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрі, дүниетанымы, шаруашылығы, тіл байлығы, т.б. жайлы 3 кітаптан тұратын теңдессіз еңбек қалдырған аса көрнекті филолог, түркітану ғылымының көшбасшысы, фольклорист, тарихшы, лингвист ғалымды ата.
А) М. Қашқари;
B) С. Бақырғани;
C) Тата-тұңға;
D) Ж. Баласағұн;
E) Бұғым.
8 Алып Ер Тұңға (Афрасияб) жайлы жоқтау жыр осы еңбектердің қайсысында бар?
А) Кодекс - Куманикус;
B) Махаббатнама;
C) Диуани лұғат ат-Түрік;
D) Хибат-ұл хақайық;
E) Құтадғу біліг.
9 М.Қашқаридің Диуана лұғат ат-Түрік еңбегңн тұңғыш зерттеген ғалымды ата.
А) Әбу Хайян;
B) Мухаммед Фуат Куприли – Заде;
C) Қиласли Рифат;
D) Басым аталай;
E) Карл Броккельман.
10 Осылардың қайсысы Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет өкілдері қатарына енбейді?
А) З.М. Бабыр;
B) Әли;
C) Н. Рабғузи;
D) М. Хорезми;
E) Ж. Баласағұн.
11 Өмірінің соңында аскеттік өмір кешкен ақын-философ.
А) Ш.Жәңгіров
В) Щ.Бөкеев
С) М.Ж.Көпей
D) Ш.Құдайбердіұлы
Е) Ғ.Қараш
12 М. Әуезовтың 1917 жылы 30 наурызда Алаш газетінің №16 санында жарияланған тұңғыш мақаласын ата.
А) Абай ақындығының айналасы;
В) Қазақ оқығандарына ашық хат;
С) Адамдық негізі-әйел;
D) Өліп таусылу қаупі;
Е) Қазақтың өзгеше мінездері .
13 1920 жылы кұзде құрылып, М. Әуезовтің Ел ағасы, Бәйбіше - тоқал, Қаракөз пьесалары сахналаған Семей жастары мен мұғалімдерінің мәдени – ағарту қоғамының атын ата.
А) Абай;
В) Алқа;
С) Талап;
D) Ес аймақ;
Е) Садақ.
14 М. Әуезовтың алғашқы этнографиялық суреттемелерге толы әңгімелерін ата
А) Қыр әңгімелері, Қыр суреттері;
В) Қорғансыздың күні, Оқыған азамат;
С) Кінәмшіл бойжеткен, Қаралы сұлу;
D) Жетім, Барымта;
Е) Іздер, Үш күн.
15 М. Әуезов жұмысына белсене араласқан қазақ театр өнерінің қарлығашы Ел аймақ мәдени- ағарту қоғамының мүшелері қатарында осылардың қайсысы болған жоқ?
А) Жұмат Шамшы;
В) Сейіт Тоқымбаев;
С) Фарида Кәрімова;
D) Ахмет Әуезов;
Е) Әтен Махмұтова.
16 Қаракөз трагедиясының пратотиптері қатарына осылардың қайсысы жатпайды?
А) Халиолла Өскенбаев;
В) Әмір Құдайбердиев;
С) Ғалия мен Ниязбек;
D) Мұхтар мен Кәмилә;
Е) Мағжан Жұмабаев.
17 Қазақ өнері және балет театрының ашылуына түрткі болған М. Әуезовтің мақаласын көрсет.
А) Абай романының жазылу жайынан;
В) Заман шарты;
С) Жыл кедгендей жаңалық сезінеміз;
D) Зар заман әдебиеті;
Е) Тагордың кемеңгерлігі.
18 Жетсе егер қорқынышты қара түнім Басса дерт, әлім құрып, шықпай үнім
Көңіл ашар, кеудеме жан кіргізер,
Өлең менің – Шолпаным, Айым, Күнім. Өлең шумағының авторын анықта.
А) М.Мақатаев;
В) Қ.Мырзалиев;
С) Шаһкәрім;
D) М.Дулатов;
Е) М.Жұмабаев.
19 Шолпанның ері Сәрсенбай Нұржанның үйінде ұзақ отырып қалды. Осы әңгімедегі Сәрсенбайдың ұзақ отыруына не себеп болды?
А) үш бала;
В) Нұржан;
С) Әзімбай;
D) Шолпан;
Е) әйелі.
20 М.Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасына негіз болған деректерді кімнің еңбегінен алған?
А) М.Мақатаев;
В) Ш.Уәлиханов;
С) Шаһкәрім;
D) М.Дулатов;
Е) С.Радлов.


Скачать


zharar.kz