Технологиялық машиналарды автоматты жобалау жүйесі пәнінен
5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығына арналған
1 МЕЖЕЛІК БАҚЫЛАУҒА
АРНАЛҒАН ТАПСЫРМА
тақырыбы: КОМПАС – графикалық әмбебап жүйесімен танысу
1. Әдістемелік ұсыныстар
Әрбір білім алушыға пәнді оқу барысында 1 және 2 межелік бақылауларға арналған тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмалар пәннің негізгі бөлімдерінің қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, нұсқаномері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Тапсырма соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
2. Негізгі бөлім
КОМПАС – бұл графикалық әмбебап жүйе. Жұмыс үстеліндегі пиктограмманы немесе бағдарламаның – ПУСК кнопкасын басу арқылы іске қосуға болады.
КОМПАС-тың жұмыс үстелі келесі бөліктерден тұрады:
1) Түсіру мәзірі – жоғарғы жолдар (файл, редактирование, вид, вставка, формат, рисование, размеры, помощь);
2) Аспаптардың стандартты панелі – екініші жол;
3) Нысаналар қасиеттерінің жолы – үшінші жол;
4) Жағдай жолы – төменгі жол;
5) Бұйрық жолының терезесі – жағдай жолының алдында орналасқан;
6) Сызба аймағы –жұмыс үстелінің қалған бөлігі.
Түсу менюі.
Файл – файлдармен жұмыс істеу мәзірі.
Редактирование – жұмыс үстелінің сызба аймағыны бөлігін түрлендіру мәзірі
Вид – экранды басқару бұйрықтарынан, бет кеңістігі мен моделдер кеңістігінің тәртібін өзгертуінен, көзбен қарауды аймағын орнатудан, көрінбейтін сызықтарды жоюдан, бояудан, өңін өзгертуден тұрады.
Вставка – блоктарды, сыртқы нысаналарды, басқа қосымшаларды қоюды қамтамасыз етеді.
Формат – қабаттармен, түстермен сызық түрлерімен, текст түрін басқарумен, сызу шекараларымен өлшем бірліктерін қоюмен жұмыс істеду қамтамасыз етеді.
Рисование – сурет салу бұйрықтарын іске қосады.
Размеры - өлшемдерді қою бұйрықтарын құрап, өлшем параметрлерін басқарады.
Аспаптардың стандартты панелі. Бағыттағышты панель түймешелеріне жақындатқанда түймеше берілгендері жайында мәлімет пайда болады.
Нысана қасиеттері аспаптарының панелі. Бұл панелдің кейбір түймешелері ашылатын тізімді құрайды. Оларды басқанда тізімді шығаратын кішкентай қара үшбұрыш пайда болады.
Жағдай жолы. Бағыттағыш координаталарымен сызу тәртібін қосып, ажырату түймешесінен тұрады.
Бұйрық жолының терезесі. AutoCAD-пен қарым-қатынас жасауды және бұйрықтарды енгізуді қамтамасыз етеді. Бұйрық жолының терезесін экранға толық шығаруға болады (кл. F2). Бұл жағдайда терезе енгізілген бұйрықтар жайында толық мағлұмат беріп, текстік терезе деп аталады. Текстік терезедегі тексті бұйрық жолының терезесіне көшіруге болады.
Келесі функционалды басқыштарды қолдануға болады:
F6 – жол жағдайында; бағыттағыш координаталары шығады:
F7 – экрандағы торды қосып, өшіреді (сызу тәртібі үшін);
F8 – қосуөшіру. ОРТО тәртібі (тік және көлбеу түзіу сызықтарды сызу).
F9 – қадамдарды қосуөшіру, яғни бағыттағыштың жылжу қадамын реттеу.
Мәзірді және аспаптар панелін таңдау үшін тышқан (мышь) деп аталатын құрылғыны қоданады. Сол жақтағы түймеше таңдауға және экрандағы нүктені көрсетуге, ал оң жақтағы түймеше ENTER тәрізді әрекетті іске асыруға арналған. Егер SHIFT клавишасын басып тұрып тышқанның оң түймешесін бассақ, онда нысана байланыстарының тізімі шығады.
Қолданылатын әдебиеттер:
1 Кондаков А.И. САПР технологических процессов: учебник А.И. Кондаков.- М.: Академия, 2007.- 272 с.
2 Вороненко В.П. Проектирование машиностроительного производства: учебник В.П. Вороненко; Ю.М.Соломенцев, А.Г.Схиртладзе.- 3-е изд., стер.- М.: Дрофа, 2007.- 380 с.
3 Большаков В. Инженерная и компьютерная графика. Практикум: учебное пособие В. Большаков.- СПб: БХВ-Петербург, 2004.- 592 с.
4 Кудрявцева Е.М. Практикум по КОМПАС- 3D V8 : машиностроительные библиотеки Е.М. Кудрявцева.- М.: ДМК Пресс, 2007.- 433 с.- (Проектирование).