Орталық бактің негізгі фунциясы несие беру және салымды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде комерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, комерциялық банктің міндетті резервтерін банктер арасындағы шот айырысу ретінде пайдалынады.орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттің банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекетте орталық банк ақша, несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, комерйиялық банктің іс-әрекеттерін қадағалайды және ұйымдастырады.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі комерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша, несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі ақша, несие саясатының басты мақсаты ұлттық валютанының тұрақтығын, яғни оның төлем қабілеттілігімен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамассыз етуді көздейді.
Ақша, несие – бұл айналыстағы ақша жиынын немесе көлемін жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жыйынтығы. Ақша, несие саясатының макроэкономикалық субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша, несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объекттілеріне экономикада қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
2. Шаруашылық жағдайына байланысты ақша, несие саясатының екі (2) типі болады:
1. Рекстрициялық – ақша, несие саясаты.
2. Экспонациялық – ақша, несие саясаты.
Рекстрициялық ақша, несие саясаты – екінші денгейлі банктің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлеме денгейін бағыттайтын шаралар жиынтығы.
Экспонациялық ақша, несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігінен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне бағытталады. Соңғы жылдары ақша, несие саясатының басты көздеген бағыты инфляция төмендету және тенгенің тұрақтылығын қамтамассыз ету.
Ақша, несие саясатының негізгі мақсаттары және құралдары.
Ақша, несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
1. Ақырғы мақсат:
–– Экономиканың өсуі.
–– Толық жұмыссыздықтың басты денгейі.
–– Бағаны тұрақтандыру.
–– Төлем баланысын тұрақтандыру.
2. Аралық мақсат.
–– Ақша жиыны.
–– Пайыз мөлшерлемесі.
–– Айырбас курсы.
Құралдары:
–– Несие берудің лимиті, процент мөлшерлемесін тікелей реттеу.
–– Міндетті резервтер формасының өзгеруі.
–– Есептелу мөлшерлемесінің өзгеруі.
–– Ашық нарықтық операциялары.
Пайыз саясаты – Қазақстан Ұлттық Банк ісі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржылайтын мөлшерлемесін белгілейді. Ресми қайта қаржылайтын мөлшерлемесінің ақша нарығының жалпы жағдайына байланысты несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция денгейіне байланысты белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банк ісінің процент саясатының негізгі мақсаты айналыстағы тенге денгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту. Соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамассыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі шын мәнісінде пайыз үшін төмендер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы бір маңызды факторы шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады.