Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
1) сыртқы сауда;
2) шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы қатысу, концессиялар – елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әр түрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
3) елдің халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
4) ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
5) шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігі шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа объектілер салу құрайды, алайда, қызметтің бұл түрі республикада іс жүзінде қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың қасы. Бір мезгілде экономиканың көлеңкелі секторы капиталды шетелдік активтерге жұмсалым нысанында сыртқы инвестициялауды жүзеге асырады: шетке капиталдың кемуі болып табылатын шетелдік банктердегі депозиттер, бағалы қағаздарға инвестициялау, жылжымайтын дүние-мүлікті сатып алу және т.т.
Арнаулы экономикалық аймақтарды – айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызмет болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шетелдік капиталды, прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылады.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 61% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60% құрайды. Біраз орынды металлургия өнекәсібінің өнімі, химия өнеркәсібінің өнімі, азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруге арналған шикізат алады. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі- валюталық түсім-ақша мен шығындардың (өнім өндіруге жұмсалынған шығындардың, ішкі бағалардағы оның құны және қосымша шығыстар – көлік, жүкті ауыстырып тиеу, порттарда, стансаларда сақтау шығындарының) ара салмағы ұғымы қолданылады.
Валюталық түсім-ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар, химия өнімдері, пластмассалар, каучук, минералдық өнімдер асыл емес металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадай болып табылады.
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы деп есептеледі. Сонымен бірге бұл асып түсу елдің төлем балансының (ондағы сауда балансының еде\әуір ара салмағы жағдайында) оң айырмасын тудыруы мүмкін. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыланады. Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктегі тапшылығы кезінде көп алады. Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем балансының пассивін теңдестіру үшін пайдаланылатын ресми валюталық резервтердің сарқылуына ұрындыруы мүмкін. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта