Қоғамдық тамақтану және арнайы тағайындалатын өнімдерінің технологиясы пәнінен 1-ші аралық бақылауға арналған тапсырмалар.
А) Слайд. Төмендегі тақырыптар бойынша слайд жасаңыз. (слайдтың көлемі 10-12 беттен кем емес болуы шарт, орындалған жұмысты қорғау)
1.Жылулық өңдеу тәсілдерінің сипаттамасы: пісіру, қуыру, бұқтыру, әбден пісіру. Өнімдерді өңдеудің тәсілдерін жетілдіру. Электрлік әдістермен аспаздық жылулық өңдеудің сапасын артыру: жоғары беттік жиілікпен (ЖБЖ) қыздыру және инфрақызыл (ИҚ). Өнімдерді өңдеудің жаңа физикалық әдістері;
2. Ет өнімдерінен жасалған жартылай дүмбілдер. Шикізат сапасына талаптар және оның технологиялық сипаттамасы. Сойылған малдың ұшасының біріктіргіш тіндері мен бұлшық ет тіндерінің химиялық құрамы мен морфологиялық құрылу ерекшеліктері;
3. Ет және ет өнімдерінен, ауылшаруашылық құстарынан, үйректер мен қояндардан дайындалатын аспаздық өнімдердің, көжелердің, соустардың технологиялары.
Б) Эссе. Төмендегі тақырыптарға эссе жазыңыз. (Құжатты әрлеу БӨЖ талаптарына сәйкес болуы шарт, эссе көлемі 300 сөзден кем болмауы тиіс).
1.Қоғамдық тамақтану тағамдарының жаңа ассортименттері;
2.Қоғамдық тамақтанудың қазіргі жағдайы, негізгі тапсырмалары мен даму болашағы;
3.Қоғамдық тамақтану өнімдерінің шикізаттарына қазіргі кездегі қойылатын талаптар.
Құрастырған: аға оқытушы Игенбаев А.К.