Болашақ мұғалімдерді пән ерекшеліктерімен таныстыру

Скачать

Тест 2руб контроль
.1.Жеке тұлға –
А) Қоғамдық ,әлеуметтік мәні бар адам.
В) Адамзат тұқымының бір бөлігі.
С) Бағынышты адам.
Д) Еңбекқор адам.
Е) Шыншыл адам.
.2. Индивид –
А) Ешқандай қасиеттері ескерілмейтін адамзат тұқымының жеке бір өкілі.
В)Адамның жас ерекшеліктерін білдіретін ұғым.
С) Адамдардың бір-біріне ұқсастығы, қайталанбастығы.
Д) Жалпыадамзат құндылықтарын меңгерген адам.
Е) Жан-жақты дамыған тұлға.тұлға.
3. Даралық –
А) Жан-жақты дамыған адам.
В) Адамның ерекшелігі,ешкімге ұқсамастығы, қайталанбастығы.
С) Жоғары білімді, құзіретті маман.
Д) Адамзат тұқымының бір өкілі.
Е) Көпмәдени тұлға.
4. Жалпы адамзаттық құндылықтар:
А) Қоғамдағы адамдардың ғылыми білімді меңгеру дәрежесі.
В) Адамның психолгиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
С) Балаларды оқытуға бағытталған іс-шаралар кешені.
Д) Дұрыс жауабы жоқ.
Е) Нақты қоғам, мәдениет, тарихи кезеңге байланыссыз көпшілік адамдардың қабылдайтын құндылықтары.
5. Ұлттық құндылықтар:
А) Ұлттық салт-дәстүрлер, тілі, діні, мәдени мүрасы.
В) Әр бір ұлт үшін ұлттық орталықтардың жұмысы.
С) Халықтың ділі.
Д) Халықаралық қарым-қатынас.
Е) Ұлттандыру саясаты.
6. Жас тұлғаның дүниетанымы дегеніміз:
А) Адамның мінез-құлықтары, темпераменті, іскерліктері.
В) Адамның жасы және дербес ерекшеліктері.
С) Адамның дүниеге,қоғамдық қатынастарға , табиғатқа, өзіне деген көзқарастар жүиесі.
Д) Адамның шығармашылық қабілеттері.
Е) Адамдармен тез тіл табыса алуы.
7. Көпмәдени тұлға –
А) Әдепті, тәрбиелі адам.
В) Білімі жоғары, құзіретті маман.
С) Мәдениетті ұстаз.
Д) Барлық ғылымдардан хабары бар,өнерге, спортқа жақын адам.
Е) Түрлі мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықта өмір сүруге бейімделген тұлға.
8. Толеранттылық –
А) Мұғалімнің жетекшілік, басқарушылық, ұйымдастырушылық қызметтері.
В) Адамның бақылағыштылығы.
С) Адамның шешендік өнерге бейімділігі.
Д) Шыдамдылық,сабырлық,мәселелерді бейбітшілік жолымен шешу қабілеті.
Е) Адамның білімділігі, тәрбиелілігі, өнегелілігі.
9. Жеке тұлғаның өзегі:
А) Жеке тұлғаның Мен - жүйесі.
В) Жеке тұлғаның дүниетанымы.
С) Адамдардың басқалармен қарым-қатынасы.
Д) Адамның жас ерекшеліктері.
Е) Адамның білімділігі.
10. Педагогика термині алғашқыда пайда болды:
А) Ежелгі Мысырда.
В) Ежелгі Үндістанда.
С) Ежелгі Қытайда.
Д) Ежелгі Грецияда.
Е) Ежелгі Римде.
11. Әлеуметтік- этикалық трактаттар еңбегінің авторы:
А) Сократ.
В) Қожа Ахмет Яссауи
С) әл- Хорезми
Д) әл- Фараби
Е) Аристотель
12. Педагогика қай ғасырда жеке ғылым болып қалыптасты:
А) 16.
В) 15.
С) 17.
Д) 14.
Е) 19.
13. Педагогикалық мамандыққа кіріспе пәнінің мақсаты:
А) Болашақ мұғалімдерге педагог қызметінің әлеуметтік маңыздылығын көрсету,кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру.
В) Болашақ мұғалімдерді пән ерекшеліктерімен таныстыру.
С) Студенттерді оқытудың дидактикалық міндеттерімен таныстыру.
Д) Студенттерді тәрбие жұмысының әдістемесімен таныстыру.
Е) Болашақ мұғалімдердің ғылыми жұмыстарға бейімділіктерін арттыру.
14. Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы негізгі құжат:
А) Конституция.
В) Қылмыс кодексі.
С) Тіл туралы заңы.
Д) Білім туралы заңы.
Е) Балалар құқығы туралы конвенция.
15.Ой еңбегінің мәдениеті:
А) Білімді дұрыс іздестіріп,оларды дұрыс қолдану өнері.
В) Шешендік өнер.
С) Мерзімді педагогикалық басылымдармен танысу.
Д) Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу.
Е) Қоғамдық пайдалы іс-шаралармен айналысу.
16. Адамның ой еңбегіне ықпал ететін негізгі факторлар:
А) Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, ішкі күштер, белсенді іс-әрекет.
В) Өнер, саясат.
С) Жас және дербес ерекшеліктері, ұйқының қануы, дұрыс тамақтану,таза ауа, белсенді қимыл-қозғалыс.
Д) Ғылыми- шығармашылық жұмыс.
Е) Мектеп, жоғар ыоқу орны.
17. Кредиттік оқыту технологиясы қолданылады:
А) Жоғары оқу орнының студенттері үшін.
В) Мектеп оқушылары үшін.
С) Лицей, коледж мұғалімдері үшін.
Д) Кез келген білім алушылар үшін.
Е) Білімді жетілдіру институттарында.
18. Кредиттік оқыту технологиясындағы білімді бақылау түрлері:
А) Жылдық, жарты жылдық бақылау.
В) Апталық, ай сайынғы бақылау.
С) Тоқсандық, жарты жылдық бақылау.
Д) Ағымдық, аралық, қорытынды бақылау.
Е) Әкімшілік, мемлекеттік бақылау.
19. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша қолданылады:
А) 5 баллдық бағалау жүйесі.
В) 10 баллдық бағалау жүйесі.
С) 25 баллдық бағалау жүйесі.
Д) 50 баллдық бағалау жүйесі.
Е) 100 баллдық бағалау жүйесі.
20. Жеке тұлғаның негізгі қасиеттеріне жатпайды:
А) Саналылығы.
В) Жауапкершілігі.
С) Адамгершілігі:
Д) Жеке Менінің болуы.
Е) Бағыныштылығы.
21. Мұғалім мамандығының ерекше сипаттары:
А) Гуманистік, ұжымшылдық, шығармашылық.
В) Саяси, экономикалық.
С) Мәдениет, өнерге жақындығы.
Д) Ұзақтығы, екіжақтылығы.
Е) Қызықтығы, көңілділік, жан-жақтылық.
22. Мұғалім профессиограммасы:
А) Оқушыларға қойылатын талаптар жиынтығы.
В) Педагог тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығы, идеалды моделі.
С) Болашақ мұғалімдерді кәсіпке даярлау процессі.
Д) Бір нақты мамандықтың басқа мамандықтармен ұқсастығы.
Е) Жоғары оқу орындарындағы оқыту деңгейлері.
23. Мұғалім профессиограммасын жасаумен айналысқан педагогтардың бірі:
А) Н.К. Крупская.
В) М.Жұмабаев.
С) Н.Д.Хмель.
Д) В.А.Сластенин.
Е) А.С.Макаренко.
24. Мұғалімдердің негізгі құқықтары мен міндеттері қандай құжатта анықталған:
А) Қылмыс кодексі.
В) ҚР Конституциясы.
С) Білім туралы заң.
Д) Еңбек кодексі.
Е) Еңбек кітапшасы.
25. 12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесі неше деңгейге бөлінеді:
А) 3 деңгей
В) 4 деңгей
С) 5 деңгей
Д) 2 деңгей
Е) 12 деңгей
26.Педагогтың ұйымдастырушылық іскерлігіне жатады:
А) Мұғалімнің өздігінен білімін жетілдіруі, ізденушілігі.
В) Оқушылардың іс-әрекеттерге қатысуына жағымды жағдай жасап жұмыстың орындалуын басқара алуы.
С) Мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктері, дауысының қойылымы, сөйлеу жылдамдығы.
Д) Мұғалімнің өзін-өзі бақылауы, өзіне-өзі бағаберуі.
Е) Мұғалімнің интеллектуалдық мүмкіндігі, оқытатын пәнін терең білуі.
27. 12 жылдық білім беру сатылары бөлінеді:
А) 4жыл сайын жаңа саты.
В) 3 жыл сайын жаңа саты.
С) 2 жыл сайын жаңа саты.
Д) 1-3 сыныптар, 4-8 сыныптар, 9-12 сыныптар.
Е) 1-4 сыныптар, 5-10 сыныптар, 11-12 сыныптар.
28. Бейімдік оқыту мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
А) Кәсіптік, арнайы, экономикалық бағыттар.
В) Спорт, өнер, саясат бағыттары.
С) Математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық.
Д) Экономикалық, финанс бағыты, заң бағыты,өнер бағыты.
Е) Эстетика, этика, мәдениет бағыты.
29. Іс-әрекет қандай негізгі құрылымдық компоненттерден тұрады:
А) Іс-қимылдар мен әдіс-тәсілдер.
В) Қозғалыс, процесс.
С) Мақсат, мотив,құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау.
Д) Адам, сана, ақыл-ой, күш-қайрат.
Е) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру.
30. Іс-әрекет теориясының дамуына үлес қосқандар:
А) С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин.
В) Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, А.А.Бейсенбаева.
С) А.С. Макаренко, Н.К. Крупская.
Д) А.С. Жумабаев, А: Байтұрсынов, Т.Тажиев
Е) Р.Г. Лемберг, Г.А.Уманов.


Скачать


zharar.kz