Адам факторын басқару, негізінен, екі мақсатқа сүйенеді: біріншіден, жұмысшы, қызметкерлерді жұмысқа, қызмет ортасына бейімдеу. Екіншіден, жұмысшылардың мұқтаждықтарын өтеу, жеке тұлғаның жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету.
Жеке адамның жұмыс орнына үйренісуі барысында және түрлі мәселелерін шешуге көмектесу мақсатымен басшы төмендегі жағдайларға көңіл бөлгені жөн: алдымен адамды жан-жақты танып, ол туралы мәлімет жинау, содан кейін онымен кездесу, баға беру және оған жол көрсету.
Басшы тек өзі басқаратын тобына ғана — басшы. Басшылық — кез келген адамның қолынан келе бермейтін, батылдары да жетпейтін ауыр міндет.
Кез келген басшы өзіне жүктелген басқару қызметін дүұрыс атқарумен қатар, өзіне жақсы ізбасар тәрбиелеуге міндетті. Өйткені өзі білетін басқару жолдарын, ой-тұжырымдарын бөлісіп, тәжірибесін үйреніп, өзі жоқта орнын басатындай қызметкерді тәрбиелеп, дайындау басшының өзіндік жауапкершілігіне кіреді.
Ал, қызметкерді баулып әзірлеу сырттан біреуді әкеліп тағайындағаннан әлдеқайда жақсы.
Кез келген басқару ісінде жұмыстың жөн-жосығын біліп қана қоймай, адамдарға әсер ету қабілеті маңызды рөл ойлайды, яғни, басшыға лидерлік міндетті түрде қажет.
Басшы өзгелерді сендіріп, қай жағынан да оларға үлгі болып, артынан көпшілікті ерте білуі тиіс.
Сондай-ақ, басшы адам жүйелі пікір мен принциптерге сүйенуі керек. Жүйелі пікірі бар адам ойлай біледі, ал ойлау оқумен тікелей байланысты. Басшы үшін оку — аса қажет кәсіптік білім, мәдени білім, қызметпен байланысты білім.
Басшы қызметкерлерінің қабілеттеріне қарай міндет жүктеу арқылы ісінің нәтижесін арттыра алады.
Басшы қол астындағы қызметкерлерін жиі қадағалап, жиі пікір алмасып отыруы тиіс. Олардың көзқарастарына көңіл бөліп, кейбір тұстарын дер кезінде ескертіп, жөндеуге сепігін тигізгені мақұл. Жүйелі түрде қызметкерлерді бақылау жұмыс барысына үлкен әсерін тигізеді. Табысты жұмыскерлерді марапатгауды да естен шығармаған абзал.
Проблемасы бар жұмысшыға психологиялық көмек көрсету де басшының бір міндеті. Ол үшін алдымен мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін оңтайлы сәтте онымен жалғыз отырып пікірлеседі. Сөйлесу барысында объективтіліктен таймау керек.
Қызметкерлерімен сөйлесу кезінде басшы алдын-ала жиналған мәліметтерімен алдындағы адамның айтқандарын ұштастыра отырып, ойша талдау жасағаны мақүл.)
Психологиялық жәрдемге мұқтаж адам өз проблемаларын шешудің жолдарын іштей ойлағанмен, қорқыныш, тартыншақтық, ұялу сезімдері болуы мүмкін. Басшы осыны байқап, бағамдап қызметкердің ондай ойлардан арылуына жәрдемдесуі қажет.
Әр адамға өз есімімен атаудың қаншалықгы маңызды екенін білетін басшы қызметкерлерін атымен атауды әдетке айналдырғаны жөн.
Әркімнің де кемшілігі, қателігі болатынын ескере отырып, басшы осы қателіктердің орнын толтыру бағытында ешкімді ренжітпейтін, өз басын төмендетпейтін шараларды жүзеге асыруға тиіс.
Қызметкері де басшысының өзіне көңіл аударатынын сезгені жақсы. Басшы кей адамдардың жаратылысынан бар мінез-құлқықтарын өзгертем деп асығыс қадам жасамауы керек.
Табыс пен жетістіктің бірден бір шарты — еңбек тәртібін сақтау. Еңбек тәртібінде басшы принципшіл болғаны дұрыс. Көп жұмыс істеткеннен гөрі жүйелі әрі жоспарлы жұмыс ұйымдастырғаны тиімді.
Сондай-ақ, басшы бақылаушы және зерттеуші ретінде келешекпен байланысты болжамдар да жасай алуға тиіс. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғарғы және төменгі қызмет сатысындағы адамдардың бәрімен бірдей қарым-қатынасты сақтауға міендетті.
Адам үшін бұл өмірде ең қымбат нәрсе — уақыт. Өткен уақытты кері қайтару мүмкін емес. Сондықган еңбек уақытын реттеуге мән беру керек.
Басшы жұмыс орнындағы барлық жағдайлардан хабардар болғаны дұрыс. Ол басқалар атқара алатын іске текке уақытын өткізбей, тек оны бақылаумен ғана шектелгені абзал.
Басшы өзіне арнайы уақыт бөліп, қызметтегі қолайсыздықтан құтылу үшін спортпен айналысқаны, көңіл көтеру шараларын жүзеге асырғаны дұрыс.
Бұлайша өткен уақыт еңбек өнімділігін арттыруға әжептәуір сеп болады. Өйткені рух пен тән сұлулығы - жемісті еңбектің бірден-бір шарты.
Басшы берген уәдесін орындауға, кездесу уақыттарынан айнымауға ерекше мән беруі қажет.Ол айналасындағы адамдармен байланыс жасауда шебер болуы керек. Мұнда оның тілді жақсы меңгеруі, сөйлеу мәдениеті, дауысы, ымишараларды қолдануы үлкен рөл ойнайды.
Басшының киінуі мен жүріс-тұрысы сырттай көзге қарағаңда тартымды болуға тиіс. Ол сезімтал әрі сезімін жеңе білетін ерекшеліктерге ие болуы қажет. Ол әлемдегі дамулар мен жаңалықтардан міндетті түрде құлағдар болып отыруы керек.
Ол өз саласымен байланысты заң, жоба, мәліметтерді егжей-тегжейлі білуі қажет. Қоршаған орта өзгерістерін, әсіресе, қазіргі заманғы технологияны жетік меңгергені жөн, әйтпесе тұрған жерінде еш дамымастан қалып қояры даусыз.
Басшы үшін қажетті жетістік шартының бірі — тәжірибе. Тәжірибе уақыт өте келе жинақгалады. Дегенмен, өзіне дейінгі басшылар тәжірибесінен үйренгеннің пайдасы шын мәнінде зор болмақ. Жетістік жолында басшы әрдайым кемшіліктерін көре білуге, оларды дер кезінде жөндеуге әзір болуға тиіс. Сонда ғана іс нәтижелі болмақ.