Қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасы
Жалпы тіл білімі пәнінен 1-межелік бақылау тапсырмалары
I. Тест сұрақтары
1. Интралингвистика нені зерттейді?
A. Тілдің ішкі жүйелік құрылымын;
B. Тілдің сыртқы дүниемен байланысын;
C. Сөйлеу үстінде қолданылатын тілдік емес құралдарды;
D. Тілдің қызметін;
2. Тіл мен сөйлеуді екі бөлек мәселе етіп қарау керек екенін ұсынған ғалым?
A. Ф.Де Соссюр;
B. Н.Я.Марр;
C. Бодуэн де Куртенэ;
D. Кодухов;
3. Тіл мен қоғамның байланысын арнаулы проблема етіп көтеру қай ғасырдан басталды?
A. XYIII ғ,;
B. XYIII ғ, аяғы;
C. XIX ғ,;
D. XX ғ. басы.
4. Келімсек тіл мен жергілікті тілдің қарым – қатынасынан пайда болған тіл
A. Субстрат;
B. Суперстрат;
C. Креол;
D. Пиджин;
5. Жасанды тіл воланюктің авторы
A. А.Шлейхер;
B. Шлейер;
C. В.Гумбольдт;
D. Н.Я.Марр;
6. Тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас
A. Менталистік бағыт;
B. Бихевиористік;
C. Интралингвистік;
D. Психолингвистік;
7. Сөзді тыңдаушыға жеткізу қызметі
A. Конститутивтік;
B. Сигнификативтік;
C. Перцептивтік;
D. Грамматикалық:
8. Хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім
A. Семиотика;
B. Семпотика;
C. Сигнификат;
D. Сигнал;
9. Біртектес элементтердің қатынасы
A. Иерархиалық;
B. Парадигмалық;
C. Синтагмалық;
D. Прадигмалық:
10.Тілдің тарихи уақыт ішінде өзгеруі мен дамуын зерттейтін тіл білімі
A. Синхрониялық;
B. Сипаттама;
C. Дескрептивтік;
D. Диахрониялық;
11.Тілдердің бір-бірімен жақындасу, бірігу процесі
A. Интеграция;
B. Дифференция;
C. Конвергенция;
D. Дивергенция
12. Тілдегі қостілділік
A. Билингвизм;
B. Полилингвизм;
C. Монолингвизм;
D. Дилингвизм;
13. Креол тіл дегеніміз?
A. Пиджин тілідер;
B. Субстрат;
C. Пиджиндер негізінде жергілікті этностардың ана тіліне айналған тіл;
D. Жасанды тіл.
14.Эсперанто тілін ойлап тапқан ғалым.
A. Замангоф;
B. Шлейхер;
C. Шлейер;
D. Л.В:Щерба;
15. Тілдің сыртқы дүниемен қоғаммен байланысын зерттейтін сала
A. Интралингвистика;
B. Экстралингвистика;
C. Паралингвистика;
D. Психолингвистика.
16. Тілдік элементтерге не жатады?
A. Дыбыс, морфема, сөз, сөйлем;
B. Дыбыс, буын, сөз, сөйлем;
C. сөз, сөйлем, сөз тіркесі, сөйлемше;
D. морф, морфема, түбір, жұрнақ.
17. Атау, ат қою теориясы мен грамматикалық өнер проблемасына қай кезде көңіл бөлінді?
A. ежелгі дәуір тіл білімі;
B. орта дәуір тіл білімі;
C. жаңа дәуір тіл білімі;
D. көне дәуір тіл білімі.
18. Қытайлар үшін ең беделгі сөздік қалай аталады?
A. Фан янь;
B. Шо вянь;
C. Эрья;
D. Веда.
19.Ең көне әдеби үнді тілі қалай аталады?
A. Пракрит;
B. Санскрит;
C. Эллинизм;
D. Канон.
20. Салыстырмалы- тарихи тіл білімінің негізін салушы ғалым.
A. Раск;
B. Гримм;
C. Бопп;
D. Гумбольдт.
21. Экстралингвистика терминінің беретін мағынасы қандай:
A) Ішкі лингвистика.
B) Сыртқы лингвистика.
C) Жарты лингвистика.
D) Ойлау лингвистикас
21. Менталингвистика терминінің беретін мағынасы қандай:
A) Ойлау, ақыл лингвистикасы.
B) Сыртқы лингвистика.
C) Жарты лингвистика.
D) Ойлау лингвистикасы.
22. Ат қою теориясы алғаш қай елден бастау алады:
A) Қытай.
B) Үндістан.
C) Египет. D) Греция.
23. Ат қою теориясының негізін салушы:
A) Панини.
B) Яски.
C) Конфуций.
D) Бодуэн де Куртэнэ.
24. Веда тілінің 5 томдық сөздігін жазып, оған түсінік берген кім:
A) Панини.
B) Яски.
C) Конфуций.
D) Бодуэн де Куртэнэ.
25. Рим тіл білімінің көрнекті өкілі кім:
A) Варрон.
B) Яски.
C) Конфуций.
D) Бодуэн де Куртэнэ.
26. Ежелгі дәуір лингвистикасына тән ат қою теориясының мақсаты:
A) Тілді дұрыс қолдану мен дұрыс сөйлеу ережелерін зерттеу.
B) Жазба ескерткіштер тілін зерттеу.
C) Лексикология, синтаксис салаларын зерттеу.
D) Зат пен оның атауы арасындағы байланысты зерттеу.
27. Ежелгі үнді лингвистикасында санскрит тілі мен веда жыры тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикасын зерттеп, 4000-нан астам грамматикалық ереже ұсынған зерттеуші:
A) Гуру.
B) Бхартхари.
C) Панини.
D) Бодуэн де Куртене.
28. Сүйекке жазылған Қытай ескерткіштері қай ғасырға тән:
A) Б.д.д. Хғ.
B) Б.д.д. ІХғ.
C) Б.д.д. ХІІғ.
D) Б.д.д. ХҮғ.
29. Көне Қытай лингвистикасы неше салада дамыған:
A) Екі салада.
B) Үш салада.
C) Бес салада.
D) Жеті салада.
30. Қытай иероглифі қандай нормаға келтірілген?
A) Уставтық, жартылай уставтық, жылдам жазу;
B) әдеби тіл нормасы;
C) кітаби- жазба стильі;
D) іс –қағаздары стильі.
31. Веда тілінің 5 томдық сөздігін жазып, оған түсінік берген кім:
A) Панини.
B) Яски.
C) Конфуций.
D) Бодуэн де Куртэнэ.
32. Рим тіл білімінің көрнекті өкілі кім:
A) Варрон.
B) Яски.
C) Конфуций.
D) Бодуэн де Курртэнэ.
33. Үндістан лингвистикасы болмағанда, Еуропа мен Америка лингвистикасы да болмаған болар еді деген пікірдің авторлары:
A) С.Аманжолов, Т.Қордабаев.
B) Панини, Яска.
C) В.Томсен, Бодуэн де Куртенэ.
D) О.Бетлингк, Ф.Хомель.
34. Көне Үндістан лингвистикасының алғашқы өкілі:
A) Я.В.Лоядан.
B) Ф. де Соссюр.
C) В.Томсен.
D) Яска.
35. Үнді лингвистері сөз таптарын төрт топқа қалай бөлген:
A) Есімдік, етістік, демеулік, жалғаулық.
B) Есім, есімдік, үстеу, одағай.
C) Есімдік, етістік, үстеу, еліктеу.
D) Есімдік, етістік, предлог, демеулік.
36.Тіл білімінің логика ғылымымен байланысы:
A) Ой формасы мен құрылысының зерттелінуінде.
В) Сөздің ұғыммен, сөйлемнің пайымдаумен байланысында.
С) Тілдік категориялар мен логикалық категориялардың байланысында.
Д) Ойлаудың заңдары мен ой формаларының өзара байланысында.
37. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті:
A) Ұжымды біріктіру
С) Қатынас құралы
Д) Байланыс тірегі
38.Тіл мен ойлаудың өзара байланысы мына ғылымдармен байланысты:
A) Математика, логика, психология.
Б) Философия, тіл білімі, биология.
В) Философия, логика, психология.
Г) Кибернетика, логика, философия.
Д) Педагогика, логика, философия.
39. Лингвистиканы медицинамен байланыстыратын саласы:
A) Синтаксис
B) Фразеология.
C) Екпін
Д) Сөйлем.
40.Жалпы тіл білімінің айқындайтын мәселесі:
A) Тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен қатынасын, байланысын, тілдің даму заңдарын, зерттеу әдістерін белгілеу.
B) Тілдің дұрыс бағытта дамуын зерделеу.
C) Әлемдік тіл біліміндегі жетістіктерді ескере отырып, байланысын қарастыру.
D) Ғылыми тұрғыдан зерттеудің нәтижелерін жинақтау.
.
II тапсырма
1. Ежелгі дәуір тіл білімі ( Ежелгі қытай тіл білімі, ежелгі үнді тіл білімі,
ежелгі грек тіл білімі, Рим тіл білімі ) туралы түсінік беру.