Жарғақты өсімдікті илегіш заттардың судағы ерітіндісімен өңдеу операциясы

Скачать

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Хроммен илеу қандай бұйымдар жасап шығаруда қолданылады?
2.Хроммен илеу неше түрге бөлінеді?
3.Хроммен иленген былғары несімен ерекшеленеді?
4.Қандай илегіштер хромдап илеуде көп қолданылады?
5.Хромдап илеудің бір ванналы әдісі
6.Илеудің бір ванналы әдісінің маңызы
7.Бір ванналы илеу техникасы
8.Хромдап илеудің екі ванналы әдісі
9.Екі ванналы илеу техникасы
10.Хромдап илеу үрдісіне әсер ететін факторлар

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Хромдап иленетін былғарының жиырылу температурасы қанша?
А. 120-130 °С
В. 150-16 °С
С. 90-100 °С
Д. 200-250°С
Е. 50-60°С

2. Хроммен илеудің неше түрі бар?
А. 5
В. 6
С. 2
Д. 3
Е. 1

3. Ешкі мен шошқа терілерін илеу жаңадан дайындалған илегіш шырындарды жүргізіледі, дайындау кезінде пикелденген жарғақты ісініп кетуден сақтау үшін суға жарғақ салмағынан қанша мөлшерде ас тұзын салады?
А. 5%
В. 9%
С. 2%
Д. 3%
Е. 4%

4. Қазіргі кезде қолданылатын ешкі терісі былғарысын (шевро) екі ванналы әдіспен илеу кезіндегі жалпы илеу ұзақтығы қанша?
А. 5-6 сағат
В. 7-8 сағат
С. 4-5 сағат
Д. 2-3 сағат
Е. 9-10 сағат
5. Хроммен илеу үшін хромның қандай қосылыстары қолданылады?
А. жай
В. күрделі
С. илегіш
Д. күкіртті
Е. коллагенді

6. Диффузия және хромның негізгі тұздарының коллагенмен байланысы ... ... ... ... .
А. майлап илеудің маңызы
В. лайкамен илеу әдісінің маңызы
С. 2 ванналы илеу әдісінің маңызы
Д. өсімдікпен илеу әдісінң маңызы
Е. 1 ванналы илеу әдісінің маңызы

7. Егер 1 ванналы илеу әдісінде негізді төмендетсек, ерітіндідегі негізгі хром тұздарының төзімділігі ... ... ... ...
А. төмендейді
В. тұрақтанады
С. араласады
Д. жоғарылайды
Е. жылдамдайды

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Өсімдіктермен илеу үрдістері қалай жүргізіледі ?
2. Өсімдіктермен илеу үрдісіне әсер ететін факторлар
3. Илегіш шырын мен экстракт дайындау әдістері
4. Өсімдіктермен илеу әдісінің түрлері қандай?
5. Өсімдік илегіш заттар өсімдіктердің қандай бөліктерінен алынады ?
6. Илеу үрдісінде болатын құбылыстарды ата
7. Жарғақ қатысында илеу шырынында болатын өзгерістер қандай?
8. Жарғақты концентрациясы жоғары илеу шырынына салғанда қандай құбылыс болады?
9. Өсімдік илегіш материалдардан таннидтермен бірге басқа да бөлінетін заттар қалай аталады?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1.Илеу басында шырын температурасы ... жоғары болмауы керек
А. 16÷20°С
В. 16÷18°С
С.14÷16°С
Д. 18÷20°С
Е. 14÷18°С

2.Қышқыл қосқанда таннид ерітіндісінің түсі қандай болады?
А. ашық көк
В. ашық
С. ашық тұнық
Д. қою
Е. ашық сары

3. Илегіш шырын мен экстракт дайындау қанша технологиялық үрдістер мен операциялардан тұрады ?
А. 5
В. 2
С. 4
Д. 3
Е. 1

4. Илегіш материалдардың қалыпты ылғалдылығы шамамен қанша?
А. 12-15 %
В. 9 - 13 %
С. 11-18 %
Д. 12-16 %
Е. 10-15 %

5. Илегіш материалдардың құрамдық бөлшектерінен басқа құрамында ... болады?
А. этил спирті
В. бояғыш зат
С. суда ерімейтін заттар
Д. таннид
Е. су

6. Қыздырған кезде таннидтер балқымайды, көмірленеді. Ауа қатысынсыз 180÷200°С дейін қыздырғанда таннидтер ... түзе отырып ыдырайды.
А. пирогаллол немесе пирокатехин
В. ерімейтін немесе ауыр еритін флобафендер
С. хлороформды
Д. көп атомды фенолдар
Е. резорцин

7. Мына көрсетілген өсімдік илегіш материалдардың құрамдық бөлшектері ішінен артығын көрсетіңіз?
А. таннидтер
В. таннид еместер
С. су
Д. бояғыш заттар
Е. суда ерімейтін заттар

8. Илеудің соңында да температураны ... артық жоғарылатпаған дұрыс.
А. 40÷43°С
В. 36÷40°С
С. 42÷45°С
Д. 38÷42°С
Е. 40÷45°С

9.Жарғақты өсімдікті илегіш заттардың судағы ерітіндісімен өңдеу операциясы ... деп аталады?
А. өсімдіктермен илеу
В. илегіш экстракт
С. илегіш материалды ұнтақтау
Д. эктрактіні сульфиттеу
Е. диффузиялық шырынды тазалау

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Аралас илеу не үшін қолданылады?
2. Қазіргі уақытта илеудің аралас әдістерінде қандай заттар қолданылады?
3. Синтетикалық илегіштер дегеніміз не?
4. Синтан АН қандай зат және оның құрамы қандай?
5. Синтан АН өсімдік илегіш материалдардан өзіне тән қандай ерекшеліктерімен ажыратылады?
6. Илегіш ПЛ қандай зат және оның құрамы қандай?
7. Сульфитцеллюлозалы экстрактқандай зат және оның құрамы қандай?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Қатты былғары мен юфть өндірісінде илеудің аралас әдісін кеңінен қолдану илеу циклының ұзақтығын неше тәулікке қысқартты?
А. 1-2
В. 2-4
С. 4-6
Д. 6-8
Е. 8-10

2. Қатты былғары мен юфть өндірісінде илеудің аралас әдісін кеңінен қолдану таннидтердің жалпы шығынын қанша пайызға төмендетті?
А. 5÷10 %
В. 10÷15 %
С.15÷20 %
Д. 20÷25 %
Е. 35÷40 %

3. Жасыл рең беріп тұратын қою сұр немесе қара түсті қатты зат ол қандай зат?
А. синтан АН
В. фенолфталейн
С. илегіш ПЛ
Д. сульфитцеллюлозалы экстракт
Е. диметиламиноазобензол

4. Қою түсті қатты біркелкі масса, суда толық еридіқою түсті қатты біркелкі масса, суда толық еритін қандай зат?
А. илегіш ПЛ
В. диметиламиноазобензол
С. синтан АН
Д. фенолфталейн
Е. сульфитцеллюлозалы экстракт

5. Қатты күйде шығарылатын, қою қоңыр түсті және суда жақсы еритін қандай зат?
А. диметиламиноазобензол
В. илегіш ПЛ
С. фенолфталейн
Д. синтан АН
Е. сульфитцеллюлозалы экстракт

6. Хромды және өсімдік илегіш материалдардан басқа аралас илеуде қандай илегіштер қолданылады?
А. сульфитцеллюлозалы экстракт, Илегіш ПЛ, Синтан АН
В. сульфитцеллюлозалы экстракт, Синтан АН, жасанды
С. сульфитцеллюлозалы экстракт, Илегіш ПЛ, өсімдікті илегіштер
Д. сульфитцеллюлозалы экстракт, Синтан АН, илегіш шырын
Е. сульфитцеллюлозалы экстракт, Илегіш ПЛ

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Маймен илеудің маңызы
2. Маймен илеу әдісі қандай бұйымдар дайындауда пайдаланылады?
3. Күдеріні дайындау операциялары қандай?
4. Майлармен илеу техникасы
5. Лайкамен илеу
6. Лайканың негізгі қасиеттері қандай?
7. Лайка өндірісінде қандай жануарлардың терілерін пайдаланады?
8. Алюминиймен илеу үрдісінің маңызы?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Беті алынып тасталған былғары, сыртқы түрі сукноға ұқсайды, өте жеңіл болуымен және созылғыштығымен ерекшеленеді. Былғарының қандай түрі жайлы айтылған?
А. күдері
В. велюр
С. наппа
Д. наплак
Е. шевро

2. Күдерінің меншікті салмағы қанша?
А. 0,5-0,6
В. 0,2-0,3
С. 0,15-0,12
Д. 0,1-0,2
Е. 0,3-0,4

3. Күдерінің жиырылу температурасы қанша?
А. 23 °С
В. 65 °С
С. 60 °С
Д. 55 °С
Е. 25 °С

4. Күдері өңдеуде жібітуден кейін теріні сылау арқылы ... ...
А. тазартады
В. майлайды
С. жүннен арылтады
Д. күлдейді
Е. тегістейді

5. Күдеріні өңдеуде маңызды роль атқаратын үрдіс (операция) қалай аталады?
А. жібіту
В. күлдеу
С. майлау
Д. илеу
Е. бетін сыпыру

6. Майлармен илеуден кейін жарғақ күдеріге тән сары-қоңыр түске ие болады. Ол қалай аталады?
А. жай күдері
В. күлденген күдері
С. майдағы күдері
Д. беті сыпырылған күдері
Е. жуылған күдері

7. Күдеріні бояуға арналған бояғыштар неше топқа бөлінеді?
А. 4
В. 3
С. 1
Д. 2
Е. 5

8. Лайка қалай бөлінеді?
А. тегіс, тегіс емес
В. беттік, түкті
С. тегіс, түкті
Д. беттік, тегіс
Е. беттік, тегіс, түкті

9. Лайкалы босаңсыту дегеніміз не?
А. алюминийдің негізгі тұздарының сулы ерітіндісімен жарғақты илеу операциясы, ас тұзы мен бидай ұны қатысында жұмыртқаның сарысымен лайкамен илеу
В. балық майы жарғақ талшығының тереңдігіне енеді және оның бетіне біркелкі болып жайылады
С.тотықтандыру қабілеті бар майлардың көмегімен жарғақты илеу операциясы
Д. пикелденген жарғақ лайкамен (алюминиймен) илеуге жіберіледі
Е. боялған былғарылар әрлеуге жіберіледі: керу, созу, түту

10. Лайканы илеу үшін не пайдаланады?
А. алюминий ашудасы, жұмыртқа сарысы, ас тұзы, бидай ұны, судың қоспасы
В. ас тұзы ,күкірт қышқылы
С. сульфитцеллюлозалы экстракты
Д. синтетикалық илегіштер
Е. күкірт қышқылы, натрий хлориді, ас содасы, жұмыртқа сарысы

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Илеуден кейінгі жүргізілетін операциялар мен үрдістер қатарын ата
2. Жуу қалай жүргізіледі?
3. Бейтараптау қалай жүреді?
4. Былғарыны бояу процессі қалай жүреді?
5. Бояудың түрлерін ата.
6. Майлау процессі қалай жүзеге асады?
7. Эмульсия қалай дайындалады?
8. Толықтыру қалай жүреді?
9. Эмульсияның негізгі талабы қандай?

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Жуу әдетте қандай температурада жүргізіледі?
А. 30-35С
В. 40-50С
С. 20-25С
Д. 10-15С
Е. 40-45С

2. Хромды былғарыны бояу үшін қандай бояғыштар қолданылады?
А. анилинді
В. тура
С. эмульсиямен бояу
Д. түзу бояғыштар
Е. негізгі бояғыштар

3. Толықтыру үшін қандай химиялық зат қолданылады?
А. күкірт
В. күкірт қышқыл магний
С. тұз қышқылы
Д. алюминий
Е. металл

4. Былғарыны қара түске бояу үшін барабанға қырқылған былғары салмағына байланысты қанша су құю керек?
А. 200%
В. 400%
С. 500%
Д. 300%
Е. 100%

5. Юфть былғарыларды жуу уақыты қанша?
А. 2 сағаттан
В. 1 сағаттан 2 сағатқа шейін
С. 30 минуттан 1 сағатқа дейін
Д. 30 минуттан 2 сағатқа дейін
Е. 10 минуттан 20 минутқа дейін

6. Былғарыны майлауға қолданылатын майлар мен майлағыш материалдар неше топқа бөлінеді?
А.5
В.6
С.2
Д.7
Е.3

7.Майлау кезінде қоспа жақсы сіңуі үшін температура қанша болуы керек?
А.40-50 °С
В.55-60 °С
С.20-25 °С
Д.10-15 °С
Е.55-75 °С

8. Эмульсияны қосымша ұсақтау үшін қандай аппарат қолданылады?
А.барабан
В.сығу машинасы
С.коллоидті диірмен
Д.ағаш пышақ
Е.эмульсатор

9.Анилинді бояғыштар неше топқа бөлінеді?
А.6
В.4
С.2
Д.3
Е.7

10. Негізгі бояғыштардың кемшілігі қандай?
А.жоқ
В.дұрыс теріге жағылмайды
С.сапасы төмендеп кетеді
Д.сыртқы ортаға төтеп бере алмайды
Е. былғарының беткі ақауын анық көрсетіп тұратындығы

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1.Аяқ киімнің төменгі жағына арналған қатты былғарыны әрлеу жолдары қандай?
2.Аяқ киім юфтін әрлеу жолдары қандай?
3.Үлбір терілерін әрлеудегі механикалық операцияларды ата
4.Аяқ киімнің жоғарғы жағына арналған қара хромды былғарыны әрлеу жолдары қандай?
5.Кептірудің түрлерін көрсет
6.Кептірудегі былғарыны ілу әдістері қандай?
7.Былғарыны кептіру режимдерін ата
8.Былғарыны ылғалдандыру үрдісінің маңызы?
9.Үлбір терілерін әрлеудегі механикалық операциялар түрлері қандай?
10.Былғарыны созу және тығыздау жолдарын айт

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Бланширлеу дегеніміз не?
А. былғарыдан суды жартылай кетіруден тұратын кептіру процессі
В. түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханикалық әсер ету үтіктеу операциясы
С. былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция
Д. былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу
Е. былғарының бетін тегістеп және біртектілеу үшін, созылмалығын қысқартып және былғарының пайдалы ауданын көбейтіп, сонымен қатар оның құрамындағы ылғалды шығару үшін қыртыстарын тегістеуден тұрады

2.Ылғалсыздандыру –
А. ылғал былғарыдан суды жартылай кетіруден тұратын кептіру процессі
В. түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханикалық әсер ету үтіктеу операциясы
С. былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция
Д. былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу
Е. былғарының бетін тегістеп және біртектілеу үшін, созылмалығын қысқартып және былғарының пайдалы ауданын көбейтіп, сонымен қатар оның құрамындағы ылғалды шығару үшін қыртыстарын тегістеуден тұрады.

3.Тығыздауға түсетін былғары ... болуы керек.
А. 16-20%
В. 18-20%
С. 16-18%
Д. 18-22%
Е. 16-22%

4.Ажырату операциясы бұл -
А. ылғал былғарыдан суды жартылай кетіруден тұратын кептіру процессі
В. түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханикалық әсер ету үтіктеу операциясы
С. былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция
Д. былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу
Е. былғарының бетін тегістеп және біртектілеу үшін, созылмалығын қысқартып және былғарының пайдалы ауданын көбейтіп, сонымен қатар оның құрамындағы ылғалды шығару үшін қыртыстарын тегістеуден тұрады

5.Үтіктеу операциясы деп ... ..
А. ылғал былғарыдан суды жартылай кетіруден тұратын кептіру процессі
В. түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханикалық әсер ету үтіктеу операциясы
С. былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция
Д. былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу
Е. былғарының бетін тегістеп және біртектілеу үшін, созылмалығын қысқартып және былғарының пайдалы ауданын көбейтіп, сонымен қатар оның құрамындағы ылғалды шығару үшін қыртыстарын тегістеуден тұрады

6.Тегістеу операциясы –
А. ылғал былғарыдан суды жартылай кетіруден тұратын кептіру үрдісі
В. түкті жабынды әсемдеу, оған термомеханикалық әсер ету үтіктеу операциясы
С. былғарының беттік қабатын жартылай немесе толықтай алып тастаудан тұратын операция
Д. былғарының бетін түкті теріден тегіс бархат бетті бахтарма немесе бет алу
Е. былғарының бетін тегістеп және біртектілеу үшін, созылмалығын қысқартып және былғарының пайдалы ауданын көбейтіп, сонымен қатар оның құрамындағы ылғалды шығару үшін қыртыстарын тегістеуден тұрады

7. Былғарыны ажыратудан немесе пресстеп сығудан кейін ылғалдылығы қанша болады?
А. 20÷30%
В. 40÷50%
С. 30÷40%
Д. 10÷20%
Е. 30÷50%

8. Бланширлеу білікте орналасқан пышағында айырмашылығы бар сүргілегіш машина түріндегі қандай машинада жүргізіледі?
А. бланширлеу машинасында
В. білікті сабау машинасында
С. жүнді қырқатын машинасында
Д. тегістеу машинасында
Е. пресстеу машинасында

9. Ер-тұрмандық былғарылар ... жоғары емес температурада жүргізеді
А. 25 оС
В. 35 оС
С. 15 оС
Д. 30 о С
Е. 20 оС


Скачать


zharar.kz