Баланың дербестік тіліндегі сөз мағынасы тұрақсыз

Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті.
мәдениет және спорт факултеті алғашқы әскери дайндық мамандығы

Тақырыбы: Психикалық дамудың оқытудың жетекші рөлі дамудың аймағы түсінігі.

Орындаған:
Тексерген:


Өскемен 2012 ж
Жоспар
Кіріспе
I. Адамның қалыптасуында еңбектің ролі
II. Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі
Негізгі бөлім

III. САНАНЫҢ   НЕГІЗГІ   ҚАСИЕТТЕРІ
IV. ӨЗІНДІК   САНА-СЕЗІМ
V. Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы.
VI. Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Қортынды
VII. Бала психологиясының мәселелері
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

Адам — тірі жүйелер эволюциясының дамуының ең жоғарғы сатысы.
Ағылшын ғылымы Чарльз Дарвин 1871 ж. шыққан Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу деген еңбегінде: Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды, — деп жазды. Бірақ, бұл анықтамада адамның пайда болуының себептеріне көңіл бөлу қарастырылмады. Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасады. Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды. Ең соңғы мағлұматтарға қарағанда, австралопитектер бұдан 1750000 — 600 000 жыл бұрын өмір сүрген, жер бетінде екі аяғымен жүретін болған. Австралопитектердің екі аяғымен қозғалатындығын олардың табанының құрылысы дәлелдейді. Австралопитек миының көлемі (519 см3) қазіргі горилланікінен (498 см3) аздап үлкен болған.Шамамен 400—200 мың жыл бұрын Дюбуа питекантропус эректус — тік жүретін маймыл адам деп атаған маймыл адам тіршілік еткен. Маймыл адамдардың ұрпақтары ежелдегі адамдар (палеолиттер), немесе неандертальдар деп аталғандар. Неандертальдар бұдан 250—400 мың жылдар бұрын тіршілік еткен.Неандертальдықты сүйек қалдықтары бойынша қайта кұрастырған кезде оның сыртқы түрінің қазіргі адамдарға ұқсас болғаңдығы байқалады. Неандертальдықтың бойы бүгінгі адам дардікіне қарағанда аздап аласалау болған, екі аяғын сәл бүгіп жүрген. Бас сүйегінің қорабы қазіргі адамдардікіндей, тек маңдайы біраз көлбеу келген. Палеолиттер (ертедегі адамдар), солардың қатарына неандертальдықтар да жатады, сол кездің өзінде-ақ қарадүрсін еңбек құралдарын жасай білген және қарапайым жұмыстарды атқарған.Бұдан 40 — 38 мың жыл бұрын неандертальдықтардың үрім-бұтағы — қазіргі типтегі адамдар — неантроптар (жаңа адам) тегі пайда бола бастады. Олардың қалдықтары КроМаньоне (Францияда) табылған, сондықтан оларды кроманьоңдықтар деп атаған. Олар денелерін тік ұстап қозғалатын болған, маңдайлары кең, бет-әлпеті қазіргі адамдардікіндей. Бұлар ақыл иелері, ездерінен бұрынғылармен салыстырғанда көптеген түрлі еңбек құралдарын пайдаланған.Ертедегі адамның жаңа адам кейпіне енуі бүтіндей әлеуметтік заңдылықтармен, ең әуелі қоғамдық өндірістің дамуымен анықталады. Адаммен бірге,— деп жазды Энгельс,— біз тарих саласына енеміз .Сөйтіп, табиғат аясында сұрыпталу процесінде өзінің пси-хофизикалық жағдайлары бойынша адамға жақын тұр және еңбек етудің арқасында адамға айналған жануарлардың биологиялық тегі пайда болады деу керек.
Адамның қалыптасуында еңбектің ролі. К. Маркс пен     Ф. Энгельс адам мен жануарлардың арасындағы физикалық та, пси-хикалық та тұрғыдағы түбегейлі айырмашылық еңбекпен тү-сіндіріледі деп атап көрсетеді. Еңбек адамның дене бітімін жетілдіріп қана қойған жоқ, сонымен бірге оның психикалық жетілуінің, сананың қалыптасуы мен дамуының негізгі факторы болып табылды. Сонымен қатар еңбек адамды қоғамдық тіршілік иесіне айналдырды, биологиялық жан иесі еңбектің арқасында адам дәрежесіне көтерілді. .Марксизм-ленинизм классиктерінің үйреткеніндей, еңбек әуел бастан-ақ қоғамдық сипат алған, яғни бірлесіп әрекет жасауды талап етеді, әр түрлі істі келісе отырып шешуді және басқаруды қажет қылды. Жануарлар табыны еңбектің арқасында ғана адам қоғамына айналды. Табында көрсетілетін болмашы өзара комек   ынтымақтастық  дәрежесіне  дейін өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік мақсаттарға орай ғана жасалады. Сөйтіп, өндіріс процесінде әр түрлі ассоциацияларды (бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің жалғасып, келе жатқаны үшін де бүкіл Жер бетіне мекендеп отырғаны үшін де еңбекке борышты. Қоғамдық өндірістің арқасында ол алдымен жасқана, кейінірек батыл түрде айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық жағдайларда өмір сүруге бейімделді.Ең бастысы, өндіріс, ең қарапайым еңбек құралдарын жа-саудан бастап табиғат ерекшеліктерін материалдардың қарсыласуын, механика заңдарын адамның алдына жайып салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады.Адамның сыртқы табиғатты және өзін-өзі тануы ендігі жерде адам өзі жасап жатқан және саналы түрде жетілдіріп жатқан қоғамдық өндіріске енді өз тарапынан үлкен ықпал жасай бастады. Еңбек жұмыс атқаратын органдар — бас пен қолды жетілдірді. Адамның қолы сан салалы әрі өте нәзік еңбек операцияларының арқасында өз дамуының шыңына жетті. Және теқ қана еңбек органы болып қалмады, сонымен бірге таным құралына, ақырында, творчестволық құралға айналды. Іс үстіндегі шебердің қолы қолына жұқпайтынын көріп таң-тамаша қаламыз, мүсінші мен суретшінің қолы өнердің ғажап туындыларын дүниеге келтіреді, ал музыканттың қолы шектерден сиқырлы үн төгеді. Адамның миы анатомиялық тұрғысынан гөрі ойлау жағынан әбден жетілді, өйткені еңбек адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып та отыр). Ойлау қабілеті қалыптасты, ал ол өз тарапынан еңбектің одан әрі жетілдіріле түсуіне жағдай туғызды.Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған жоқ, сонымен бірге өзі де өзгеріп, дами берді. Бұл жөнінде К. Маркс былай деп жазған болатын: Еңбек дегеніміз алдымен адам мен табиғат арасындағы процесс, мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады. Табиғат затына адамның өзі табиғат күші ретінде қарсы тұрады. Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің табиғи күштерін қолдары мен аяқтарын, ақыл-ойы мен саусақтарын қимылға келтіреді. Осындай қимыл арқылы сыртқы табиғатқа әсер ете отырып, оны өзгерте отырып, адам  сонымен  бірге өз басының жаратылысын да өзгертеді. Ол осында мүлгіп жатқан күш-қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады .Қоғамдық өндіріс қажеттілікті қанағаттандыру заттарын жасай отырып, жаңа қажеттіліктерді де туғызды және оларды жетілдіріп те отырды. Тіпті ең қарапайым деген табиғи қажеттіліктің өзі адамға тән сипат алады және әсіресе олардың эстетикалық бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті.Адамның психикалық дамуында алғашқы адамдардың қоғамдық санасында бейнеленген өндірістік қатынастардың маңызы зор болды. Қалыптасып келе жатқан қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды.
Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі. Ф. Энгельс сананың қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. Сірә, адамның еқ бергідегі ата-бабалары психофизикалық жағынан өте жоғары дәрежеде дамығандықтан, басқа жануарларға қарағанда дыбыстық белгілерге көбірек жүгінсе керек. Адам мен питекантроп, неандертальдық және кроманьондық миларының гипстен жасалған үлгілерін салыстырғанда, сейлеу және іс-әрекетпен байланысты, маңдайдың төменгі бороздасының алдыңғы тармағы қазіргі адамдарда бұрынғы тектестерінікінен әлдеқайда артық жетілгендігі анықталған. Олай болуы түсінікті де: қоғамдық сипат алған еңбек адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара көмегін талап етті, дыбыстық белгілер ендігі жерде еңбекке бастап қана қоймай, еңбекті жүзеге асырушы дәрежесіне көтерілді. Сөйтіп, ол белгі беру құралынан біртіндеп еңбекті ұйымдастыру құралына айналды. Дыбыс комплекстері ендігі жерде заттарды, әрекеттерді және еңбектің тұтас ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы революция болды.Сейлеу белгілері жоғары нерв қызметін жетілдіреді, соның нәтижесінде жануарларда болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады.Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы бір атаудың алуан қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі.Марксизм-ленинизм классиктері сөйлеу мен сананы бір-бірінен бөліп қарауға болмайтындығын атап көрсеткен болатын. Сөйлеу, сөз — біздің саналық болмысымыздың формасы — қарым-қатынас шеңберін кеңейте түседі. Қарым-қатынас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу де сана мен адамдардың өзіндік сана-сезімінің дамуының маңызды факторы болып табылады. Қарым-қатынас жасау — қоғамдық өмір факторы. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.К. Маркс пен Ф. Энгельс: Индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама түрде қарым-қатынаста болатын барлық басқа индивидтердің дамуымен шарттас айқындалады  — деп жазған болатын.Совет философы Ю. Қ. Мельвиль: Адамның бүкіл рухани дүниесі оның өзге адамдармен қарым-қатынасында ғана пайда болады және дамиды. Ал қарым-қатынас процесінде адамдардың тек өз жеке басының ғана емес, сондай-ақ адамдардың қоғамдық санасы да. қалыптасады,— деп атап көрсетті.Сөйлеудің арқасында адамдар өткен ұрпақ тәжірибесін жи-нақтап, сақтап және келер буынға тапсыра алатын болашаққа көз жіберіп, өз ісінің нәтижесін шамалайтын еңбекті, өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды.
САНАНЫҢ   НЕГІЗГІ   ҚАСИЕТТЕРІ Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын катынас,—деп жазды. К. Маркс пен Ф. Энгельс — мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де қатыспайды және жалпы қатынас емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды.Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде керінеді) сипатта болуы мүмкін. көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайдыХайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады.
ӨЗІНДІК   САНА-СЕЗІМ Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та — бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз органдарының қалыпты жайы мен қимыл-қозғалысын сезіну) өтеді. Баланың өзін өзі аңғаруынан кейін,— деп жазды И. М. Сеченев,— есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға және сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) — бір сөзбен айтқанда, өз санасының актін зерттеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім туады. Күрделі психикалық кұбылыстарды, әсіресе өз басының қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай деп көрсетті: адам алдымен айнаға қараған сияқты, басқа адамға қарайды. Павел дейтін адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды.Қарым-қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-, бірі баға береді. Өзгенің осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады.Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам өзінің қабілеті немесе мінезі жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады.Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады. Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де, жанама түрде де танып біледі. Жанама таным неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.И.М.Сеченев. Таңдамалы философиялық және психологиялық шығармалары. М., Мемлекеттік саяси баспа.

Өз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін жанама тану өз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, өз қабілеттерінің деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы өз мінез-кұлқын бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, біледі. Жанама танымда өзін-өзі зерттеп жүрген жеке адамға айналасындағылардың өзі жайындағы көзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, қызметтес жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі.Өз басыңның қасиеттеріне берген өз бағаң мен басқа жұрттың бағасын салыстыру да маңызды. Ол өз танымының өзгелердің ойымен бірдей шығу-шықпауын, өзін-өзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді.Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты салыстыруға, танып білуге кемектеседі екен
Дамыта оқыту. Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л В .Зенков)
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен омес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудық екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудық байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш. Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға өзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
•  оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
•  теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
•  оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі - дамудың қауіпті жауы;
•  оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу. Қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудық оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оғанақыл, ой, ерік-жігер, сезіменді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте саңтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәөрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, баңытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдьщ қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.
Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сүрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастыруылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жаңсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балаларкім "озат", кім "үлгермеуші" екенінбілмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар - сыншыл.
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияңты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.

Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
        Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
        Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз -  әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау – сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі.(5.28)
       Ойлау – адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
        Ойлау – аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен  психологияның  орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
        Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.  Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
     1.Практикалық іс-әрекеттілік.
     2. Көрнекі-бейнелік
     3.Сөздік – логикалық.
        Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1 Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту практикалық іс-әрекеттік,көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық
2 Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру анализ, синтез,салыстыру, жалпылау,классификациялау т.б.
3  Заттың  мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4 Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5  Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6  Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7  Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8  Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9 Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10 Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.
       Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
        Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз.Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.
       Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий – деңгейдің өлшемі.
       Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:
-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі – ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
-операцияларды меңгеру дәрежесіанализ,синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т.б. оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу оқу, оқудан тыс
-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.
-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.
-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т.б.
-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс,жаңа жағдайларға бейімделе білу.
-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі (6.32)
       Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.(7.57)
      Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
        Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың  интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.  Ақыл-ой еңбегі мәдениеті --- ойлау мәдениеті--- сыншыл ойлау мәдениеті. Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді. Ойлау мәдениеті түсінігін А.Қасымжанов, А.Ж.Келбұғанов ойлау қабілеті дамуының белгілі бір дәрежесі ретінде түсінеді, яғни тар мағынасында ол “Ойлаудың қағидалық әдісі немесе ұғымдарға сүйеніп ойлау өнері”. Бұл бәрін терең, әрі жан-жақты қарастыруға көмектесетін, сол арқылы мәңгі даму үстіндегі әлемді дұрыс қабылдайтын ойлаудың әдістері мен тәсілдерін меңгеру арқылы қол жеткізу (8.43). Оқушылардың белгілі бір бөлігі ғана өз бетінше еңбек ету және еңбек ету мәдениеті дағдыларын меңгереді. Бұл оларда өзінің жұмыс орнын қарапайым ұйымдастырудан бастап, дәл және дұрыс ақыл-ой, сонымен бірге практикалық әрекет дағдыларына дейін барлығынан көрініс табады. Олар ақыл-ой әдістерінің бірқатар қорын жинақтайды. Олардың таным әрекеті жоғарғы дәрежелі ойлау операцияларымен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімін, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше көшіріп қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу әрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана алмайды. Бұл жерде сөз ақыл-ой процестерінің сырттан басқарылуымұғалімі тарапынан, бағдарламалық оқулықтарымен, оқытатын құралдар, электронды машиналармен жөнінде ғана емес, оқу әрекеті барысында саналы түрде өзін-өзі басқару және өзін өзі реттеу жөнінде де болып отыр. Ал бұл үшін оқушыға оның жеке-психологиялық ерекшеліктерін, оның оқу және практикалық әрекетке қатынасын ескере отырып ықпал ету керек және оныңмеңгерген өзіндік жалпылама тиімді тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етуі қажет. Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті себептендіруді мотивация тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға рационализация қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз. Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай  етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ. Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз.
Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде  дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ойинтеллектуалдық дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді. Ойлау мәдениеті үшін төмендегідей сапалар тән болуы тиіс: айқындық, қайшылықсыз, бірізділік, негізділік, дәйектілік, яғни ойлау тәртібін құрайтын заңдылықтар басшылыққа алынады. Ойлау мәдениетін тек қана пайымдаулар мен тұжырымдардың логикалық тұрғыдан қатаң дәлелдігі айқындамайды, ол үшін мінез-құлықтың да белгілі бір сапалары қажет: “оқушының ақыл-ойын басынан-ақ өзіндік сыншылдыққа, өзіндік көзқарастарын өз бетінше қорғай алуға, қарсы пікірлерге жауап табуға үйрету керек” екендігін И.Кант дәлелдеген болатын (9.102) Ақылдың сыншылдығы, сонымен бірге, жеке тұлғаның мінез-құлық
ерекшелігіне айналады, ақыл-ой процестерінің жүруіне әсер етеді. Ол, шын
мәнінде, міндеттің ақиқат жағдайлары мен шарттарына сәйкес келмейтін сәтсіз ұқсату –сәйкестендірілуі шығарып тастайды.Адам өзінің және өзгенің ойларына қатаң баға беріп отырады, олардың күшті және әлсіз жақтарын көре біледі, кез-келген болжамды ақиқат ретінде тани бермейді, оның ақиқаттығын дәлелдеуге ұмтылады. Адамның ойлау сыншылдығы өзі қалыптасқан көзқарастарын, қағидаларын қайта қарап, егер ол ғылым мен практиканың жаңа, тың мәліметтеріне,деректеріне қайшы келсе, оларды соған сәйкес өзгертіп отырады. Ғылыми-техникалық даму жағдайында әр саладағы білімнің қажеттілігі мен адам әрекетінің сан алуан түрлерінің бөлініп шығу үрдісі, сонымен бірге әртүрлі мамандыққа ортақ болатын құраушы бөліктерінің көрініс беруі арқылы олардың бірігу үрдістері үнемі жүріп жатады, бұл адам еңбегінің неғұрлым түсуінің нәтижесі болып табылады. Сондықтан оқыту барысы кезінде жеке тұлғалық сапалардың нақты дағдылары мен біліктерінің, қатаң анықталған білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз ету керек болады. Бұның бәрі оқушының оқу процесі кезіндегі ақыл-ой әрекетін басқара білуді барынша өзекті мәселеге айналдырды. Оқушыларды ой еңбегіне тәрбиелеу түгелдей оқыту-тәрбие жұмыстарының кезінде үздіксіз жүріп отырады. Ақыл-ой тәрбиесінің табыстылығын айқындайтын негізгі факторлар; оқу материалдарының мазмұны, оқыту әдістері және оқушының сол арықылы реттеле ұмтылдырған, қоршаған өмірге байланысты жеке өзіндік тәжірибесі арқылы бекітілген танымдық әрекеті, сыныптағы және сыныптан тыс сабақтардың мазмұны және мектеп оқушылары оқып білім алатын, өмір сүретін жалпы ақыл-ой ортасының дәрежесі болып табылады. Оқушылардың ойлау әрекетін басқарудың маңыздылығы қазіргі заманғы оқыту процесін талдау барысында үш негізгі аспектіден ашылады:
1.структуралыққұрылымдық-оқыту процесін жүзеге асыратын жүйенің құрылысы жағынан;
2.функционалды қызметтік - оқыту процесін басқаратын негізгі бағыттың көрінісін анықтау тұрғысынан;
3.информативтік ақпараттық - осы жүйеде әрекет ететін білімдік, танымдық ақпараттар тұрғысынан; Ақыл-ой әрекетін басқарудың маңыздылығы оқытушы мен оқушының белсенді түрдегі байланысын анықтауға мүмкіндік беретіндіктен арта түседі. Ұстаз оқушының танымдық әрекетін мақсатты түрде басқару арқылы нәтижесінде оқушыда белгілі бір анық білім қоры, дағдылар мен тіліктер қалыптасады.
        К.Н.Волков адам ойының, ойлаудың дамуы нәтижесінде бірқатар құнды ойлар білдірді. Бұл процесте оқытудың жетекші роль атқаратынын ерекше көрсете отырып, К.Н.Волков: “оқыту процесі оқушының кешегі өткен даму жасына емес, болашақтағы даму жасына қарай бағыт-бағдар алуы тиіс, оқытуды аяқталған бір даму кезеңі немесе деңгейі ретінде қарастыруға болмайды. Оқыту ең алдымен әлі қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптаспағанға, енді алда оқыту арқылы қалыптасатынға қарай бағытталатындай түрде жүргізілуі қажет” (10.97). Оқытуда деректер мен теориялық қағидаларды білмейінше, даму жоқ және болуы да мүмкін емес. Тұлғаның дамуы мен білімді меңгеруі екеуін тікелей бір нәрсе деп есептеуге болмайды. Сөйте тұра оқушылар деректер мен теориялық қағидаларды есінде сақтап алып, өздерінің танымдық қабілеттерін әртүрлі дәрежеде жетілдіреді, алған білімді өздігінен, біреулері саналы әрі жедел түрде қолдануды үйренеді. Оқытудың түрлі әдістері тұлғаның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады. Ойлау дамудың жеке көрсеткіштерінің бірі адамның алдынан пайда болған қағидалық және тәжірибелік міндеттерді аңдап қалуы, оны жете түсінуі және оны орындап шығуы болып табылады. Оқушылар үшін даму үйренімділіктің, оқытылымдықтың өсуі, яғни барынша үнемді түрде мүмкін болғанша неғұрлым мол білімділік және тәрбиелік құндылықтарды алу қабілеті арқылы анықталады. Өзіндік жұмыстар арқылы оқушыларды оқытудың әдістері мен психологтар мен дидактиктер жасаған оқушыны ойлау әрекетіне меңгерту тәсілдері тығыз байланысты. Сондықтан бұл тәсілдер де оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу тәсілдерімен байланыста қаралады. Ақыл-ой әрекетінің кең көлемді тәсілдерін, яғни ойлау әрекетінің әртүрлі жағдайында қолданылатын және оқу материалдарының көптеген түрлеріне ортақ болатын жалпы тәсілдерді және әрекеттің тар белгілері бір жағдайында ғана пайдаланылатын арнаулы тәсілдерді ажыратып, екіге бөліп қарастырылғанымен, бұл екеуінің арасында қатаң шекара жоқ. Екеуі де ақыл-ой тәрбиесіне көмегін тигізеді, бірақ олардың ықпалдығы бірдей дәрежеде емес. Дамыту әрқашан тәрбиеленуші, ал тәрбие дамытушы болуы тиіс. Бұл пікірдің көкейтестілігі сонда, жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын меңгермейінше ойлауды дамыту мүмкін емес, оқыту барысында тәрбиелеу процесі әрдайым қатар жүріп отырады. Ойлау қабілетін дамытуды қарастырғанда, оның жүйелі ұйымдастырылған оқыту процесінде жүзеге асатынын ескеру керек болады. Ойлауды ұйымдастырылған оқыту процесінде дамыту жағдайында жүзеге асырудың өзіндік мәні бар басты ерекшелігін көрсету қажет: ол оқушылардың теориялық ойлауының қалыптасуына қарай бағдарланады. Әлеуметтік тәжірибенің барлық құндылығы қандай да бір ғылыми сала арқылы жеткізіледі. Ал мектептегі білім беруде әрекет етудің бұл салалары оқу пәндеріне айналатыны белгілі. Оқыту процесінде ойлауды дамыту әлеуметтік, қоғамдық тапсырыстардың педагогикалық үлгісі ретінде білімнің мазмұны арқылы, түптеп келгенде белгілі бір нақты ұғымдар мен түсініктерді, біліктер мен тәжірибелерді оқушыларға меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
        Педагогика мен психологияны да дамытудың көптеген шарттары көрсетіледі. Мысалы, Л.В.Занков оқушылар үшін үш аспектіні көрсетеді:
1.Бақылай алу, ойлау және практикалық әрекет;
2.Кеңінен танылған шарт ретінде оқушының өз білімдері мен тілектерін іс жүзіне ауыстырылып қолдана білуі болып табылады;
3.Ол неғұрлым өз бетінше жұмыс жасай алатын болса, бұл ауыстырудың да аумағы соғұрлым кең және оның шарттары да күрделі бола түседі, бұл оқушының қаншалықты дамуын, яғни даму дәрежесін көрсетеді. Дамуды бағалау шарттарының көптігі мектепте дамытуға қажетті танымдық сапалардың көптігін береді. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы жіктелмелі түрде жүреді. Қандай да бір сабақта дамуға қол жеткізгені анық көрініс беруі керек. Бір сабақтарда даму және меңгеру анық көрініп тұрса, кейбір сабақтарда ол елеусіз ғана болуы мүмкін. Әрекет ету сипатына қарай және қайшылықтарды шешудің оқу танымындағы жолына қарай ойлаудың түрлі деңгейлері туралы айтуға болады. Бұл деңгейлер ойлаудың табиғатына және таным процесінің заңдылықтарына байланысты анықталады: бірқатар оқушылар жақсы түсіне отырып өз бетінше жемісті ойлай алады, кейбірі олай етуге қабілетсіз болады, бірқатар оқушылар талдау жасай алады, енді біреулерінің бұл әрекет қолынан келе бермейді. Оқушылардың бұлайша әр деңгейдегі дайындығы әртүрлі нұсқаларды құрастырудың объективті негізі ретінде танылады, ол үшін оқытудың барынша түрлі әдістерін қолдану керек, яғни түрлі дидактикалық құрылымдарды, ерекшеліктерді ескеретін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ойластыру қажет болады. Қазіргі қазақ тілі сабақтарында сын есімді оқыту барысында жаңа үлгідегі сабақ өткізуде мынадай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.
 І. Ізденіс кезеңіндегі қолданылатын әдістер:                                                                         
  2. Байқау;
  3.Сұрақ-жауап;
  4.Іздендіру;
ІІ. Жаңа білімді игеру кезеңінде қолданылатын әдістер:
    1.Зерттеу;
    2.Жалқылау, жалпылау;
    3.Салыстыру;
    4.Эвристикалық;
ІІІ. Практикалық дағды беру кезеңінде қолданылатын әдістер:
1.Жаттығу;
2.Өзіндік жұмыс;
3.Талдау;
4.Дидактикалық ойындар;
6-сыныпта күнтізбелік жоспар бойынша сын есімдерді оқытуға 4 сағат, 7-сыныпта 3 сағат бөлінген.
Ойлауды дамытуға негізделген жаңа үлгідегі сабақ жоспары жасалды. Сонымен қатар, сын есімді оқыту барысында қолданылатын сабақтың әр кезеңіне арналған тілдік тапсырмалар, жаттығулар міндетті, мүмкіндік, шығармашылық деңгейлер бойынша жасақталды. 6-7 сынып оқушыларына сын есімді дамыта оқыту арқылы олардың ойлауын жетілдірудің негізгі мәні – оқушыларға берілетін грамматикалық теориялық білімнің басты орында болуында.6-7 сынып оқушыларының ұғымдар жасай алуы – дамыта оқытудың негізгі мақсаты болып алынады да, оған жету үшін мақсатқа сәйкес арнайы іріктеліп грамматикалық білім мазмұны жүйеленеді. Дамыта оқу технологиясының ерекшелігі теориялық ойлау болып табылады және де оның моделдік абстракциялау, алғашқы нақтылық, соңғы нақтылық арқылы көрсетуге болады. Оқушылардың сын есімді меңгеруі барысында түрлі оқу-таным қызметін орындайтынына байланысты дамыта оқуды жұмысымызда оқушының оқу-таным қызметінұйымдастыру деп белгіледік. Оқушылар оқу-таным қызметін орындауда, алдымен танылып отырған нысанның сыртқы белгілерін, олардың өзара байланыстылығын кең түрде талдаудан өткізуі керек. Осындай кең түрдегі талдау қызметі барысында оқушылардың ойлау қабілеті де шыңдала бастайды. 6-7 сынып оқушыларына сын есімнің ұғымдарын теориялық тұрғыдан оқытуда мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары- теориялық топтастырылған ұғым жасауға үйрету, сын есім туралы білім мазмұнын оқушы өз бетімен жасалатын ақыл-ой әрекеттерін орындау арқылы меңгеру.

Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе күзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған.
Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүрш кететін сәбиді мұқият зертгеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындары мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байқатады.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін семьяларда пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.
Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Енді біз сәбидің тілінің шығуына байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Менің тілдің шығу сәтіне орай бидің дағдарыска ұшырау себебін таңдап алуым – бұл мәселе ең, алдымен баланың ұғым-түсінігіне және оның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасына байланысты болуы. Сәбидің тілінің шығуы жайында біріне-бір қарама-қарсы және бірін-бірі жоққа шығаратын екі түрлі көзқарас және үш түрлі теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген тілдің бірте-бірте шыруы. Кейбір жағдайда бұл теорияны семіп қатып қалған деуге болады. Өйткені онымен күресу – аруақпен күресумен бірдей. Бұл теорияның тарихи мәні ғана бар. Өйткені ескіні білмей жаңаны жасай алмайсың. Осы теорияға сүйенген зөрттеушілердің бірсыпырасы осы күнге дейін бала тілінің дамуы
туралы ілімді тежеп отыр, ал ондай қателіктерді жоймай бұл мэселені дұрыс шешу мүмкін емес.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. С-а-ғ-а-т деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада лгілі байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың сағат ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне
жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.
Құрылымдық көзқарас тозығы жеткен ескі теория және сынаудың өзі де әурешілік сияқты. Дегенмен, сөздің мағынасы біржола пайда болып, ол тұрақты келеді деген түсінік сәби тілің дамуындағы бірден-бір байлық деген ұғымның сақталып қалуына негіз болды. Менің ойынша, бала тіліне қатысты дұрыс теорияны осы пікірден бастау керек сияқты. Құрылым теория—-қолдаған зертгеушілер сөз мағынасын дамыту жағына жете мән бермеді. Олар құрылым теориясына сенгенімен, бірақ оны психологаялық жағынан сөздік белгінін пиада болу механизміз дұрыс түсіндіре алмады. Бұдан соң осы мәселеге қатысты теорияның тарихи дамуына сәйкес В.Штерн бастаған екінші тобы пайда болды.
Штерн теориясына сәйкес алғашқы сөз бала дамуындағы негізгі қадам. Ол дыбыс пен заттың арасындағы құрылымды байланыс негізгі түйін емес дейді. Өйткені мұндай құрылымды байланыс жануарларда да бар (мысалы, өзіңіз атаған затқа итке көз сальш оған қарауды үйретуге болады) дейді. Сәбидің, – дей; Штерн, – біріншіден өз өзмірінде ғаламат жаңалық ашатыны оның қандай да заттың болмасын өз атауы бар екенін, немес (осы заңның екінші ұғымы) сәбидің белгі мен маңызы арасындағы байланысты ашатыны, яғни, тілдің символдық қызметін білуі кез келген затты белгі, символ арқылы көрсетуге болады.
Бұл көзқарас із жүзіндегі зерттеуде өте жемісті болып, ол кұрылымдык теория аша алмаған фактілерді ашты. Ол тілді дамытуда құрылымдык байланыс бірте-бірте қалыптасады бірақ жаңалық ашқаннан кейін бала сөздігінің секірмелі болып өсуі пайда болады дейді. Штерн атап көрсеткен екінші бір жайт сәбидің сөздік қорын қарқынды даму кезеңіне аяқ басу хайуанаттардың адам сөзін түсінуді үйреніп, онан аталмаған зат атын сұрап біліуі мүмкін емес. Ал балаға, – дейді Штерн, – қанша сөз берілсе, сонша сөзді біліп алу тән, яғни ол әрбір затты атауы болуға тиіс екендігін жақсы түсінеді. Штерн баланың ашқан жаңалығы сәбидің алғашқы жалпы түсінігі деп аталу тиіс дейді. ;
Адамзатқа тән үшінші нышаннын мәні – сәбиде ат туралы бастапқы сұрактар пайда болады, яғни сөздік қорын өсіру үшін сәби кез келген затты Бұл нс? деп сұрай береді. Осы аталған нышандардың үш түрі де балалық шактың ер кезеңіне тән. Сонымен ІІІтерн айтқан жаңалық пікір мен оның теориясының мәні кандай?
Біріншіден, жоғарыда аталған үш түрлі нышанның бе де сәби тілінің даму негізін құрайды және баланың дамуындағы сөйлеуінің шығу мәнін ашып көрсетеді. Оның алғашқы сөйлем құрауының мәнін ашып көрсетіп, белгі мен мағына арасында-байланыстың құрылымдық сипатын бекерлейді. Үшіншіден тілдің дамуындағы болып отырған өзгерістер өте шапшаң болып отыратындығын көрсетеді. Алайда онын теориясында аталған жайтты қате түсіндіруі оның өзіне қарсы шығады. Бұл түсінігімді Штерннің өзіне айтқаным бар. Ол ттпті осы теория негізденгеннен бергі уакытта, яғни Бала тілі деген кітабы жазьшғаннан бері өзінің кейбір ойларының мазалап жүргендігін айтты және ондай келіспеушілік жайлы өзге сыншылдар да айтқанын есхе алды. Штерн өз теориясын анықтаумен айналысуда, бірақ ол мен келіспеген бағьпта емес, басқа бағытта өзгертпекші, ол туралы кейінірек сөз етермін. Бұл тергеу ізін Штерннің соңғы жұмыстарыңан кездестіреміз.
Штерн теориясына қарсы пікір айту үшін, менің ойымша мағынасы терең фактілерді келтіре отырып, оларды дұрыс шешудің жөн- жосығын анықтап алу керек сияқты.
Біріншіден, 1 жастағы немесе туғанына 1 жыл 3 ай толған сәби соншалықты ақыл-ойының дамуы және белгі мен мағына байланысы туралы осындай жаңалықты ащуы, оның кез келген заттың атауы бар деген ғаламат қорытынды жасауға қабілетті теоретик болуы жөніндегі алғашқы жалпы түсінік жасауы ақылға сыйымсыз. Штерннің дәлелі – тілдің мәні деген сөз. Ересектер үшін тілдің мағынасы кез келген заттың өз аты бар екендігінде. Бір жарым жастағы сәби тіл мағынасын ашады деу қиын. Бұл тіпті сіріңке қорабын аша алмайтьш сәбидің интеллектуалдық ақыл-ойының даму жәрежесімен қиыспайды, ол сәбидің біріктіру ойлау қабілетіне қайшы келеді. Штерн мұндай келіспеуішлік пікірлерді дұрыс мойындайды.
Екішіден, тәжірибелік зертгеу нәтижелеріне қарағанда бір жарым жастағы сәби тілінін мағыналық табиғатын ашпақ түгіл, мектеп оқушысының өзі сөздің не екенін толық түсіне алмайды, зат пен сөз арасындағы байланыс дегеннін не екені миына кіріп шықпайды, ал әсіресе мәдени даму жағынан артта қалған көптеген ересек адамдар демі біткенше мұны түсінбей кетеді.
Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: *Өйткені оның мүйізі бар немесе Өйткені ол сүт береді деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар арасьшда, сұрақ-жауап жүргізіледі. Бірқатар заттар талдап алынып, бұл заттар неге бұлай аталады (дыбыс белгісі бойынша, шартты түрде және т.б.) деп сұрақ қойылды.
Заттардың осылайша аталуын олардың қасиеттеріне сай келеді деп санайды. Сәбилік кезеңде бала үнемі заттардың қасиеттеріне сүйенеді. Мұның өзі Валлоннын сәби кейін де бұл шарттылықты түсінбейді, ал сөз жөнінде заттың ажырамас қасиетін сол заттың қасиеттерінің бірі ретіндегі түсінігін ойында сақтап қалады деген тұңғыш рет тың пікір айтты.
Гумбольдтік тіл туралы күлдіргі әңгімелерінде орыс солдатынын судың түрлі тілде әрқилы аталатыны жөнінде терең ойға шомып, судың атауы тек біздің тілде ғана дұрыс аталады, ал басқалардың бәрі суды дұрыс атамайды деп қасарысады. Гумбольдтің бұл әнгімесіңде түйінді мәселе етіп қойып отыруының мәні заттың аты сол нәрсенін өзімен тығыз байланысты екендігін білдіреді.
Осы бағытта жүргізілген тәжірибе жұмыстары сәбилік кезендегі баланың сөздің сырын ұрынуда мұндай жаңалық аша алмайтын-дығын растайды. Штерн теориясының олқылығы жөнінде мынадай жайтты атап өткен жөн: сәби заттың атын ешуақытга сұрамайды, бірақ оның не үшін қолданылатыны немесе оның мағынасы туралы сұрайды.
Штерн теориясындағы басты кемшілік, меніңше, ондағы ойлау жүйесіндегі дәйектеу негізінде жіберілген қате. Бұл жайтты әсірелеп айтсақ, арба аттын алдына жегіледі; Істің мәні мынадай: сәбидің тіл туралы жалпы түсінігі қалай пайда болады деудің орнына ол әуел бастан сәбидің өзі шығарған деген түсінікке жол берілді. Мұның өзі тіл адамдардың өзара келісімінен пайда болады деген пікірге тіреледі. Бұл пікірді дөрекі түрде баяндасақ, адамдар мынаны былай атайық, ананы олай атайық деп келіскен сияқты. Бұл теорияның кемшілігі неде? ол тілдін мәні тілге дейін болған, тіл туралы және ол беретін пайда болғанға дейін бар деп топшылайды.
Штерн де дәл осыны айтады. Сәбидін белгі мен мағына арасындағы байланысты түсінуі қалай пайда болатынан, өмірдің әр түрлі сатысында бұл түсінік алуан турлі болатынын түсіндіру орнына ол былай деп қателік жіберді. Ең алдымен жаналық жасалады, яғни тілі шықпаған сәби тіл деген түсінікті игері үлгереді. Бұл теория бойынша тіл ол туралы түсініктен шығады ал бұл ретте іс жүзіндегі даму барысы былай өтеді: сөйлеу процесінде сәбидің тіл туралы белгілі түсінігі қалыптасады. Штерн көзқарасындағы тағы бір жайт бала тілінін, оның ұғымдық жа-ғының дамуы туралы мәселені мүлде жоққа шығарады, ягни мен бір жарым жасымда өз өмірімдегі ғаламат жаңалықты ашсам, одан кейін өзіме кажет қорытындылар жасағаннан басқа маған ещтеңе де қалмайды.
Бюлер күлдіргі мақаласында: Штерн сәбиді және оның тілінің дамуын бағалы қағаз капиталы ретінде санап, содан кейін оның қиығьш кесіп алатын есім ретінде бейнелейді, деп жазды. Осы пікіріне орай Штерннің іс жүзіндегі зерттеулерінін барлық деректері шындыққа жанаспайтьш өзара қарама-қарсы жағдайға түседі. Ол баланың даму ерекшеліктеріне арналған монографиялық еңбегінде бала 5 жасында-ақ тілі дамып аяқталады, ал одан әрі онда тек аздаған өзгерістер гана болады дейді. Шындығында, қазіргі зерттеулер көрсетіп отырған мәліметтерге қарағанда баланың бірқатар ұғымдарды мектеп жасына дейінгі кезенде меңгеретіні мәлім. Менің ойымша Штерн концепциясының негізгі келеңсіздігі бастапқы дамудың ең маңыздысын ысырып тастауға тырысушылық болып табылады. Штерннік басты идеясының мәні дәл мынада: сабақтан жапырақ өсіп шыққан сияқты бәрі дами береді. Бұл жолы да Штерн өзінін бастапқы теориясына қайта оралатын ниетін байқатты. Штерянің көзқарасын жақтау барыты К.Бюлер, АТезелл сияқты авторларда да кездеседі. Олар балалардың бүкіл даму мәні алғашқы жылғы өмірін айналып жүреді дейді.
Осының бәрі бізді Штерн көзқарасын қабылдамауға мәжбүр етеді. Оның көзқарасы қазіргі кезде психологияда қолданылмайды деуге де болады. Бізде сол көзқарастардан өзгеше бірқатар жаңа пікірлер бар. Енді соларға қысқаша тоқталып өтейін.
Бюлер көзқарасы Штерннің қас пен көздің арасында аштым деп жүрген жаңалығы микроскопиялық қозғалыс, ол күннен күнге ұлғайып, бірнеше айға созылады, яғни бұл жаңалықты молекулдық құрылым деп көрсетуді көздейді. Бюлер теориясы Вена мектептеріндегі мылқау балаларға жүргізілген байқау нәтижелеріне негізделеді.
А.Валлон көзқарасы. Сәбилік кезенде бала шын мәніңде жаңалық ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ па – ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай кёремет қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер сәби кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму. Тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды. Валлонның ұғындыруынша сәби логикалық пайымдау және белгі мен мағына арасындағы байланысты танудан бұрын затпен ойнаудың жаңа тәсілін, олар-мен айналысудың тын. әдісін ашьш біледі.
К.Коффка көзқарасы бүкіл құрылымдық психология тұрғысынан алғанда, сәбидің бұл алғашқы жаңалығы құрылымдык әрекет түрінде көрінеді. Сәби зат пен оны атау жөнінде өзіңдік құрылымды ашады. Мұның өзі жеміс қашықта жатқандай, тек қана оның таяқтың көмегі болмаса алынбайтын жағдайдары маймылдың әрекеті сияқты болып көрінетін жаңалық. Осы бағытта Коффка мен Валлон теориясы бірігіп кеткен сияқты.
Бюлер, Коффка, Валлон теориялары Штерн теориясын қарағанда фактілерге тіректелгея. Өйткені олар Штерн теориясының олқылығы мен кемістігін байқап, оны сынау арқылы өсіп отыр. Бірақ олардың бәрінде құрылымдык теориядан ауысқан Штерн қателігі бар. Бұлардың бәрі де: сәби заттың құрылымын онымен шұғылдану әдісін ашады, бұл сөздердің мағынасы өзгермейді және олар дамымайды деген болжамға келеді.
Сонымен бұл теориялардың бәрі Штерн теориясының интеллектуалдығы – жұмсартқанымен оның бастапқы идеалистік тезисіне қарсы шығады да, тіл туралы түсінікті тілдің құбылыстан шығарып тастайды. Сөйтіп олар біз баяғы тілдің шығуы жайындағы Штерн теориясының қателігі маңынан ұзап шыға алмайды. Себебі, олар негізінен сәби сөзінің пайда болуы мен дамуының өзгермейтіндігін қуаттайды. Енді тілдің шыруы туралы қазіргі ілімді қысқаша ғана атап өтіп, сол арқылы сәбидің алғашқы дағдарысының негізгі себебін анықтайык.
Фактілерден бастайын. Бала тілінің шыруын мұқият бақылаған адам окулықтарда бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен тіл табысу сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін тілсіз кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың тілсіз! ‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.
Дарвин назар аударған екінші бір ерекшелік баланың дербестік тіліндегі сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын Дарвин мысалдарынан оқулықтарда келтірілген үзінділер арқылы берілген. Бірде оның немересі суда жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін, оны уа деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі көргсн ксзде щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілгсн сүтті де, сусындарды да, стақандардағы шырындарды да, тіпті бөтелкедегі сүтті де сол дыбыспен атаған. Сірә, бөтелкедс су, сұйық зат болған сок бұл дыбысты соларға танған болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі салынған ескі қара бақыр тиынмен ойнап жүреді. Вір кезде оны да уа деп атай бастайды. Бұдам кейіи тиынды еске салатын кішкентай дөңгелек жылтыр заттары да (түйме, медаль) уа дсп атайтын болды.
Сонымен, егер біз бұл сәбидің уа деген сөзінің мағынасын жазсақ, оңда оның өзі атаған атаулардын бастағы ұғымына (судағы үйректі) келіп тірелср едік. Бұл ұғым әрқашанда күрделі болып келсді. Ол атаған сөзінін мәні жекелеген сипаттарға бөлініп жіктелмейді. Мұңдай ұғым тұтас бір көріністі біддіреді. Сәби бастапқы ұғымнан басқа бір ұғымдарға көшеді, адар көріністің жекелеген бөлшектерін білдіреді. Судың әсерінен көлшіктер, әр түрлі сұйықтар, ең соңында бөтелкені де солай атай бастайды. үйректің әсерінен бүркіт бейнесі бар тиын, ал онын әсерінен түйме, медаль т.б. нәрселер де солай аталды. Пу-фу дербестік сөзінің мағынасы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол йод құйылған бөтелкені, йодты ысқырық арқылы дыбыс шығару, темекі тартушыдан шығатын түтін, оны өшірудың бәрі мағынасы жағынан бала үшін бірдей. Сонымен баланың айтқан бір сөзінің өзі талай мағыналы екенін көрсетеді. Бұл сөздер мағына жағынан біздің сөздерімізбен үйлеспейді және олардың біреуі де біздің тілімізге аударылмайды.
Сәбидік әр турлі заттардың қасиетін айтып, олардың тұрақты жүйемен ажыратуы дербестік тілде айтылмай, од қырсығып өзінік пу-фу деген сөзін айта беруі мүмкін. Ал біздің сөздеріміз бен түсінік жүйеміз сәбидің санасына ене қоймайды. Бұл мәселеге біз тағы да қайтып ораламыз. Енді осы фактіні тұжырымдайық. Бала сөзінің мағынасы біздікінен басқаша құрылған дегенге әркім-ақ. келіседі.
Сонымен, баланың, дербестік тілін, сәби тілінің жалпы даму ерекшелігіндегі екі түрлі қасиетті аңғардық. Бірінші ерекшелік – тілдің дыбыстық құрылымы, екіншісі – бала тілінің ұғымдық жағы.
Осыдан баланың дербестік тілінін үшінші ерекшелігі келіп шығады, оны Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің дыбыстық және ұғымдык жағынан біздің тілімізден айырмашылығы болса, онда осы тілдің көмегімен қатынас жасаудың да өзіндік айырмашылығы болуға тиіс. Сәби сөздерінің мағынасын оның маңындары жақын адамдары ғана түсінуі мүмкін. Бұған Дарвиннің немересімен жүргізген бақылауы дәлел. Сөйтіп баланың қатынас жасау мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді. Неміс авторлары бала сөйлеуіндегі мұндай сипатта жақтырмай, оны асыраушының не күтушінің тілі деп атады. Оның мәнісі бұл тілді тек сәбиді тәрбиелеуші адамдар ғана түсінеді деген сөз. Ересектер баланың сөйлеуіне ыңғайлануға тырысып, кәдімгі сөзді қалпынан бұзып сөйлеуге жол береді және ол сәбиге солай ықпал етеді. Егер күтуші ауырады деген сөздіқ орынан ау-а десе, біз баламен тілдескен ересектердің тілді бұзып сөйлегенін байқаймыз. Ересектер балаға қатысты біз әрқашанда мынадай қателікке жол береміз: бала кішкентай болғаңдықтан бізге бала үшін заттардың бәрі шашн болып көрінуге тиіс сияқты Сондықтан жас сәбилерге көк тіреген биік үйді нұсқап үйшік немесе ірі жылқыны көрсетіп мынау құлыншақ дейді. Дұрысында балаға әрбір нәрсенің өз аты мен түр-сипатын атап үйреткен дұрыс болмақ. Ал бұзып сөйлеу біздің өмірімізде кең орын алған, бірақ баланың бүкіл дәрбестік тілі ғой деп санап, асыраушы мен күтушінің тілді бұрмалал сөйлеуі пайдалы емес. Бала ересектердің йлеуімен сәйкес келмейтін ‘сөз жұрнақтары мен мағына жұрнақтарын біздің айтуымызбен дыбыстарды айқын игеруден бұрын меңгереді.
Біз бала сөзінің мағынасын оның нақтылы жағдаймен ұшырасқан кезінде ғана түсінеміз. Егер сәбидің уа дегені түймені,’мені, сүтті, судағы үйректі, бақыр тиынды білдірсе, ал енді ол бақта серуендеп жүргенде уа дей айқайласа, онда біз оның мені көлшікке ертіп бар дегенін түсінеміз. Егер ол бөлмеде жүргенде уа десе, онда оның түймемен ойнағысы келгені.
Бұл жағдайда бала нақтылы нәрсемен қарым-қатынаста болады. Ол затпен тікелей кездескенде ғана сөз қолдануы мүмкін. Егер зат оның көз алдында болса, онда оның сөзі де бізге түсінікті болады.
Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі – сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.
Яғни біз, баланың дербестік тілін үшінші ерекшелігі деп таптық, онда қарым-қатынас туралы айтылады, бірақ ол басқа түрдегі, өзге сипаттағы қарым-қатынас екендігіне көзіміз жетеді. Сайып келгенде баланың дербестігін тіліндегі ерекшеліктердің ішінен олардың сөйлеу тлі грамматикалық нор.мадан ауытқығандығын байқаймыз. Балалардың сөйлеу ерекшелігінде маңызды мәселенің бірі болып саналатын олардың сөйлем құрауы тілдің синтаксистік және этимологиялық заңдарына байланысты түрде дамып отыратындығы мәлім. Алайда сәбилік кезеңде баланың сөйлеуінде мұндай заңдылықтар жайында сөз қозғау асыра сілтеу болар еді. Сәбилердің сөйлеу ерекшеліктерінің кейбір жақтары біздерді ашу-ыза қысқанда аффектік жағдайға ұшыраған кездегі жүйесіз, үзіп-жұлқып айтқан сөздеріміз сияқты болады.
Міне, біз баланың дербес тітін зерттегенде кездесетін түрлі ерекшеліктер осылар. Тұңғыш рет өз немересінің тілінің шығуын зерттеген, Дарвин бұл мәселені нақты әрі дұрыс түсіне білген деп есептеймін. Бірак Дарвиннін бақылау нәтижелері дер кезінде шын мәнінде бағаланып, жете түсіндірілген жоқ. Оның бақылауынан көптеген мысалдар келтіріп, цитаталар алынса да, бала тілінің даму ерекшелігі туралы айтылған пікірлерін ешкім дұрыс қорытып, түсіндіре алмады. Сондықтан баланың дербестік тілінің дамуы жайындағы Дарвиннін ілімі өрістемей тұншығып қалды. Дегенмен бірқатар авторлар баланың алғашқы сөздерін жазып алып, тексеріп көргең кезде дербестік сипатгарьша қатысты материалдарды көптеп жинақтады. Істің мәні бала тілінін дамуында ерекше кезең болатынына ешкім жете түсіне бермейді. Белгілі неміс ғалымы К.Штумфтың байқау нәткжелері бойынша бұл мәселенін одан әрі зерттеу жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып келе жатқан баласын бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен 1 және 2 сөйлегенімен әдетгегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде жауап берді. Бұл кемелденен тіл болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен құрылысының күрделі жағын басынан кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі неміс тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік еді. Мұның өзі сәбидің дербестік тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше жыл бойы кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт.
Алайда Штумфтың хабарын замандастары күлкілі окиға ретінде қарады. Баланың дербестік тілінің негізін ашын керсету үшін және екі түрлі фактіні байқап көрсету мақсатын анықтауға ондаған жылдар бойы ғылыми зертгеулер жүргізуге тура келді.
Бірінші фаеті баланың дербестік тілі некен-саяк болатын оқиға емес-ті, Ол кез келген сәбидің тілінің дамып жетілуіне* байқалатын зандылық. Мұндай зандылықты былай түсіндіруге болады: бала ересектердін тілін меңгеруге дейін дербестік тілінде сөйлейді. Мен бұл жайтты дара ерекшелік ретінде айтып отырмын. Енді біздерге қазіргі ғылыми әдебиеттерде айтылын жұрт дербестік тіл деген атаудың мәні зерттеушілерге түсінікті болса керек. Дербестік тіл бала сөйлеуінде өзіндік ерекшелігі бар заңдылыққа бағынады. Бұл тідің дыбыстық жүйесі де, ұғымдық жағы да қатынас жасау мен қабысу түрлері өзгеше. Сондықтан да ол дербестік тіл деген атаура ие болады.
Сонымен бірінші жағдай – баланың дербестік тілі – кез келген дені сау сәби дамуындағы қажетті кезең деген жайтты қуаттайды.
Екінші жағдай: түрлі себептермен тілі жетілмей қалған кезде, оның дербестік тілінің дамуы жиі кездеседі және бұл жай бала тілінің дамуындағы кемшілікті анықтайды. Осындай кемшіліктер әр түрлі себептер салдарынан пайда болғанымен баланың сөйлеуі мен ым-ышарасы негізгі генетикалық кызмет атқара береді. Дені сау бала мен кемістігі бар бала өмірінде дербестік тілі елеулі роль атқарады.
Баланың дербестік тілі оның өз тілі, өзіңдік сөйлеу ерекшелігі. Бала әрбір сөзді атау үшін оның буынын, не өзініі дыбыстап атауы арқылы өзгелерге ойын білдіріп отырады.
Кез келген баланын қалыпты дамуын да біз дербестік
тілдің үш түрлі сипатын байқаймыз. Біріншісі дербестік тілдегі бала сөзінің атаулары мен дыбысталу ерекшеліктері ересек адамардың сөйлеуі мен дауыстап айтуынан өзгеше сипатга болады. Осы жөнінде зерттеушілердің баланың дербестік сөйлеуінде өрнектік сөз болмай, свздердің түбірі не сол түбірлердін буынын тау арқылы ойын білдіреді деуі шындық.
Бкінші ерекшелік. Дербестік тілдің мәні біздін сөздеріміздің мәніне дәл келе бермейді.
Үшіншісі – бала өз сөздерімен қатар ересек адамдардың да сөздерін түсіне алады, яғни тілі шыққанған дейін де бірқатар сөздердін мәнін түсінеді. Ол біз айтатын тұр, отыр, нан, сүт, ыстық және басқа сөздерді түсінеді, мұның өзі баланың өзінше сөйлеу ерекшелігіне кедергі жасамайды. Сондықтан Г.И.Идельбергер және басқалар баланың дербестік тілі біздің тілімізбен қатар немесе белгілі бір байланысты жағдайда өмір сүреді деген пікірді қолдайды.
Сонғы ерекшелік. Баланың дербестік тілі мен оның мағынасы сәбидің өзінің белсене қатысуымен қалыптасады.
Әрбір сәбидің дамуындаш дербестік тіл шындык фактор. Бұл жайт сәбилік кезеңдегі дағдарыс деп саналады. Алайда сәби алдағы даму кезеңдерінде сөйлеу әрекеттерін ересек адамдарға еліктеу нәтижесінде қалыпты жағдайға түсіп, мұңдай дағдарыс кезеңді женетін болады.
Кейбір авторлар баланың дербестік тілі жайындағы теорияны қатал сынап, бұл тілді тек сәбидің өзі ғана жасайды дейді. Мысалы, В.Элиасберг бала өзгелерді өзінің тілінде сөйлеуге мәжбұр етті дейді. Бұл сәбидің өзінің тілі деп санау қате болар еді. Кейбір ретге бұл дұрыс та сияқты. Мысалы, К.Штумфтың аласы 5 жасында оған айтылған сөздерді жете түсінбесе де, басқа тілде сөйлескісі келді. Алайда бұл тілді әдеттен тыс ерекше не төтенше жағдай деп қарауға болмайды. Өйткені сәби үнемі өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынаста болып, оларға еліктейді.
Баланың дербестік тілінің кейбір ерекшеліктерімен танысып, баланың бірқалыпты және оңдағы кемістіктің пайда болу себетерін анықтаған фактілерді баяндауға кірісейік. Баланың дербестік тілде сөйлеу сатысындағы екінші жылғы өмірінен ірнеше мысалдар келтірейік.
Нона – 1 жыл 3 ай. Қыз, если тобынан. Оның дербестік тілінде небәрі 17 сөз бар. Солардың ішінде Мы-к деген сөз мысықты және т.б. бірнеше заттарды білдіреді. Біздер бала сөйлеуінің өзіндік ерекшеліктерін жүйелі бақылау нәтижесінде олардың сөздерін құрастырып айтуында әр алуан болып отыратын қызықты жайттарды жиі көреміз.
Энтелина – 1 жыл 3 ай, Ка деген сөз оның бүкіл дамуында 11 тұрлі мағынаға ие болады. Бастапқыда (11 айда) бұл өзі ойнайтын сарытас болды. Содан кейін ол жұмыртқаны, сабынды, бұдан соң кез келген түрлі-түсті барлық тастарды солай атады. Кейін 1 жыл 1 айға дейін ботқаны да осылай атап, келі келе-келе қанттың үлкен түйірі, бұдан соң барлық тәтгі дәмдер, кисель, котлет, қарындаш пен сабын қорабы және сабын да солай аталды. Бұл сөздерде қарындаш пен қалам белгісінің өз аталған заттармен ұқсастығы жоқ. Дегенмен, бұл ретте қақарындаш, қалам сөздерінің ерсектер сөздеріңдегі осы сөздерің бастапқы буыны. Мұнда дыбыстық ұқсастық бар. Сәби тек қана алғашқы ка буынды ғана ұстап қалған.
Кейбір заттар бұл сөздің мағыналық құрамына бір ғана белгісі бойынша, басқа заттар екінші белгісі бойынша енеді. Мысалы, сары сабын түсінің белгісі не сәйкес қалам мен қарындаш дыбыстың ұқсастығы лайықты анықталады. бұл мағыналардың бәрі жалғыз ғана қа деп аталатын сөз арқыл бейнеленетін заттар тобын құрайды.
Осы қа-ны түсінуге бола ма? Сол сәби-қыздың әкесі күнделік жүргізген физиолог маман екен. Ол былай деп жазады қа деген атау сәбидің нені мезгеп отырғанын анықтау қиынға соқты, оны түсіну әрқашанда көрнекі нәрселердің көмегіме шешіледі. Егер осы сөздердің түсініктері нақты жағдаймен үйлеспейтін болса, онда сөздердін мағынасын түсіну мүмкін емес
Ересек адамдардың сөздері белгілі жағдайдың орындары өзге сөздермен -жеткізе алар еді, ал дербестік тілде мұндай сөздепр жоқ, ол тек бір ғана жағдайды ұғындыра алады. Оларда бағыттау қызметі мен атау қызметі бар, бірақ жоқ заттар мен мағыналарды білдіретін қызметі жоқ.
Бұл жағдай баланың дербес тілінің негізгі қасиет Дербестік тілдегі сөздердің мәлімдеу және атау қызметі бар бірақ таңбалық қызметі жоқ. Олар жоқ заттың орнын таңбамен білдіру мүмкіндігін әлі игере қойған жоқ. Бірақ көрген кезде оның кейбір жақтарын не бөлшектерін көрсетіп, сол бөлшектерге ат беруі мүмкін. Сондықтан сәби дербестік тілді көмегімен өзі көрген заттар туралы ғана сөйлейді, ал көз алдында жоқ заттар жөнінде сөйлеуі тіл дамуының алдағы кезеңдерінде пайда болады.
Баланың өзіндік тілінің әдеттегі сөйлеу тілінен тағы бір ерекшелігі – сөздердің жеке мағыналары арасындағы қатынас. Баланың сөздерді жекелеген сөздердің мағыналык қатынастары белгілі жүйемен дамытып отырудың маңызы ерекше, тәжірибелік-дефекгология институтының (ЭДИ) тіл клиникасындағы бір кезде үстел, орыңдық, шкаф деген сөздерді білетін, бірақ мебелі деген сөзді білмейтін сәби болды, Мебель сөзі үстел, шкаф деген сөздердін жинақы мағынасы. Бұл ұғым. Баланын дербестік тілінің жоғары сатыға көтеріліп, топтастыра алмау себебі оның жекелеген сөздердің мағыналары арасындағы жалпы ерешелікті аңғарып біле алмауы.
Жалпылық қатынас дегенмізі не? Біз мебель мен орындық деген сөздердің мағыналық қатынасын жалпылап қатынас деп атаймыз. Оның біреуі жалпы ұғым, екіншісі – жалқы ұғым. Үстел мен орындық арасындағы қатынас бір-біріне бағынышты емес, бұл қатьшас біртекті қатар ұғымдар, баланың дербестік тілінде жалпылық және даралық қатынас болмайды. Сәбидің сөздігінен мынаны көреміз: Оның тілінде біріне-бірі қатысты не жалпы сөздерден емес, өзара катар жатқан тек сөздерден құралады. -
Сіз дербестік тілдің кез келген сөздігінен алып көріңіз де мебель мен үстел, орындық; гүл мен райхан сияқты қатынаста біріне-бірі бағыныңқы немесе даралық пен жалпылық қатынаста тұратын сөздерді таба алмайсыз. Өйткені сәбилердін сөйлеу ерекшелігі мен сөэдерді қолдануы дербестік сипатта болуымен қатар, әрбір зат пен басқа нәрселерді нақты атаумен шектеліп, ойлауындағы пайымдау (абстракциялау) әрекеттері жетіспей жатады. Бұл сәби тілінің дамуындағы психологиялық және табиғи заңдылық. Баланың дербестік тіліндегі сөз мағынасы тұрақсыз. Ол жағдайдын өзгеруіне сәйкес құбылмалы болып отырады.
Ерекше даму кезінен бір мысал келтірейік. Клиникада бір сәби зерттелді. Ол сәби жасыл дегенді ашық түс ретінде, ал көк дегенді күңгірт түс ретінде қолданады. Егер сіз сәбиге екі парақты: ашық сары және күңгірт сары түсті парақты берсеніз, олардың алғашқысы жасыл деп , ал екіншісі көк деп аталады. Ал егер сіз сәбиге сол күңгірт сары парақты қойсаңыз, онда енді сары түс жасыл деген атқа, коңыр түс – көк деген атқа ие болады. Бір түстің өзі оның жаныңда жатқан түске байланысты түрліше аталады. Сәби ашык пен күнгіртті ажыратады, ал нақты түстің қасиетін ол біле бермейді. Салыстырмалы түрдегі неғұрлым ашық, неғұрлым күңгірт деген түстер бар. Сөздің мағынасының заттық тұрақтылығы жоқ.
Штумф ұлын бақылағанда дәл осындай жағдайды кездестіреді, ол да бір түске әртүрлі атау береді. Ағы басым жасыл түс пен қарасы басым жасыл түс олар қабылдайтын түйсік құрылымына байланысты түрліше аталады.
Женя деген бала – 5 жыл 6 ай – еститін, бірақ тілі.кеш шыққан және дербес дамуы қиын балалар тобына жатады. Оның анасы клиникаға келіп, сәби тілі дұрыс дамымай отырғандығын және басқалардың тілін нашар түсінетіндігін айтьш шағынды. Әдетте тілі нашар дамыған деп дербестік тілін пайдаланатын балалар жайында да айтылады. Бала сөйлеуінде түрлі зақымға ұшыраған себептерін анықтай отырып, оның дербестік сөйлеуі өзгелермен қарым- қатынас жасауына қиындық тудыратынын да ескеру керек болады. Мұндай жағдайда баланың қате айтылған сөздерінің мағынасын білетін және оларды біздің тілімізге аудара алатын тілмаш қажет болады. Женя сөздігінен оған ұсынылған суретгерді көрсетіп, онымен сөйлескенде анықталған сөз мағынасы былай. Шағын көзілдірік көздері ол үшін жылқы мағынасын білдіреді. Оның сөздерінен біз бастапқы фразаларды атауын естиміз. Ол ересектер сөзін жақсы түсінгенімен дербестік тілінің кешеуілдеуіне байланысты ойын өзгелерге жеткізу қажетгігі туады да, сәби тіпті өзіңдік тілімен фразаларды атаумен түсіндіргісі келеді. Бұл фразалар тілдегі синтаксистік байланысты білдіргенімен, қалыпты еөйлеу тілінен өзгеше болып тұрады. Олар көбінесе сөздік сүлбесін ғана атап, тілдегі мен сені ал деген сияқты жартыкеш фразаларды ғана айтады.
Нақты көріністі қызметіне қарай атауы тағы да екі түрлі жағдайды біддіреді. Сәби жу сөзі арқылы – жүру, серуендеуге шығу деген мағынаны да айтады, содан кейін серуендеуге қажетті нәрселерді: аяк киімді, галошты, бас киімді білдіреді. Бұдан кейін жу мағынасы сүттің ішілгенін де, серуенге шығуын да білдіреді.
Ф.А.Рау дербестік сөзі дамыған және кейбір тілдерде болатын сөз құрастырудын ерекше түрін байқай білетін кішкентай қыз туралы былай дейді. Мысалы, ф-ф – от динь – қозғалатын зат ұғымын, осыдан келіп фадинь – поезд түсінігін білдіреді. Бұл атаулар кәдімгі тілге айналмайтын баланың өзіндік дербестік тіліндегі жекелеген сөздер тұбірінен туратын күрделі сөздер құрылымы. Біз бұл жерде нәрселердің бейнесін білдіру түрімен ұштастырамыз.
Кейбір балада насеком, құс сияқты осындай жалпы ұғымды білдіретін сөздер кездеседі. Оның әти әтеш деген сөэі, біздің құс деген сөзімізді білдіреді. Мұңдай неғұрлым тұрақты мағынасы бар дербес тілдің белгісінен кәдімгі қалыпты сөйлеуге көшуіне мүмкіндік тудырады.
Әр түрлі даму сатысында сәбилер өзінің мәнін, баланың ойлау ерекшеліктеріндегі тілі қалайша дамитынын айта кеткен жөн. Бала тілінің табиғатын анықтап алғаннан кейін оны оңай пайымдауға мүмкіндік беретін сияқты.
Біріншіден, жоғарыда аталғандай бала тіліндегі сөздердің мағынасы әрқашан белгісіз жағдайға тәуедді. Сәби көрнекі қағдайдан тыс болса, сөз көмегі арқылы ойлай алмайды. Сөйтіп дербестік тіл сатысында сәбидің ойлауы сөздік ойлаудың кейбір қасиеттеріне ие болады. Сондықтан сәбидің сөздік атынасы :өрнекілік пен сөздік ойлау арасындағы байланыс затгық түрінде ұштасқанда ғана оның қажетіне айналады. Бұл орайда дербестік тіл сөздердің мағынасы өзара сабақтасу жағынан бірікпейді. Мысалы, мебель сөзінің орындык сөзімен қатынасы жоқ.
Екіншіден, сөздердің өзара байланысы. Мұндай байланыс тек сәбидің көз алдында тұрған заттардың бірігуі сияқты болып көрінеді. Айталық, поезд келді (пот келді). Олар өз әсерінің байланысын білдіру арқылы ғана сөздер байланыса алады. Заттар арасындағы байланыс бала тілінің осы сатысында әлі де ойлау жүйесіне көне бермейді. Сондықтан ойлау да дербестік қасиетіне ие бола алмайды. Бұл кезенде баланың өз ойын тілдіріп, сөйлеуі негізінен оны таңдану сезімі мен ашу-ызасының ырқында болып, оның ойының мәні айқын көріне қоймайды.
Бала сөзінің сезімдік-әсерлік мазмұнын қалай түсіну ерек? Оның мәнін бала тіліндегі айтылған сөздер біздің таңдану, сезімдік үн қатуымыз мағынасында болады. Осындай ерекшеліктер көңіл-күйі мен ерік-жігер арқылы айқын көрінеді.
Егер біз баланың дербестік тілінің мазмұнын және оран сәйкес келетін ойлау сатысын талдасақ, онда бала тіліндегі сезімдік күйінің мазмұнын байқаймыз. Ол түйсік пен қабылданған әсер сияқты. Бала ойының мұңдай сипаты ақыл-ойдан әлі де қашық, тек еліктеу мен таңдану сипатында болатындығын көрсетеді. Алайда бала ойлауының бұл кезеңін анып білгенін пайымдап, онан ой қорытындысын шығара алады деуге болмайды.
Баланың дербестік сөйлеуі оның дамуындары ерекше кезең болып саналатын өмір жолы екенін білдіреді. Соган орай бұл кезеңде баланын сөйлеуі мен ойлау деңгейі де оның даму ерекшелігіне сәйкес болып отыратындығын көрсетеді.
Алғашқы жылғы өмірінде дені сау сәби дербес тілінде сөйлейді. Оның басталуы мен аяқталуы алғашқы жылғы дағдарыс кезеңіне тұспа-түс келеді. Бұған қарап баланың дербес ілін дағдарысқа ұшырау негізі деп санауға бола ма? Менің ойымша, болады. Алайда бұл мәселе әлі де жеткілікті зерттелмеген. Сондықтан баланың дағдарысқа ұшырауына сәйкес оның бойында жаңа құрылым пайда болып, елеулі өзгерістер болады деп ой қорытуға сын көзбен қарауды талап етеді. баланың дербестік тілі оның дамуындағы бір кезеңнен жоғарырақ кезенге ауысуындағы елеулі өзгеріс екендігі сөзсіз.
Біз бала дамуының кезеңдеріндегі ең өзекті деп саналатын жаңа құрылымдардың сырын ашьш көрсетуді мақсат етіп қоямыз.
Баланың дербестік тілі жалпы сөйлеудің дамуындағы алғашқы басқыш, оның сөйлеуінің өзге түрлерінен ешқаңдай түбегейлі айырмашылығы жоқ деп санайтындар тіл жайындағы зерттеулер мен Штерн ашқан теория арасында ешқандай айырмашылық жоқ деп есептеуге бола ма? Дербестік тіл өзінің мәні жағынан біздің сөйлеуіміздің бір ерекшелігі болып табылады деп мәселені төте қоюға бола ма? Мүмкін ол біздің тілімізбен сөз құрылысы және мағынасы жағынан емес, ішкі табиғаты бойынша бірдей шығар?
Мен мұндай сұрақтарға былай деп жауап берер едім; ішкі табиғат – баланың дербестік тілінің мәні – біздікі болуы да, болмауы да мүмкін, сөздік қатынас пен сөзсіз қатынас арасында өтпелі құрьшым ретіндегі оның барлық ерекшелігі де осында. Оның біздікі болуы қалай және одан не туындайды? Оның біздің тіліміз екендігіне дау жок, сондықтан бұған тоқталмаса да болады. Ал оның біздікі емес екендігін айтудың маңызы әлдеқайда зор. Менің ойымша, ол сөздің дыбысталу жақынан да, мағынасы жағынан да біздің сөзге ұқсамай-тындықтан ғана біздікі болмай отырған жоқ, сонымен қатар оның менің терең ұғыну тұрғысынан да ол біздікі болмай шығады: оның құрылымы біздің тілге қарағанда мүлдем басқаша, өйткені онда ешқашан тұрақты мағына болған емес. Енді дәл осыған ұқсас мысал келтіріп көрейік. Кёлер тәжірибесіндегі маймылдардың мінез-құлқын алайық. Кейбір жағдайда хайуан жәшікті немесе таяқты құрал ретінде пайдаланады. Сырттай қарағанда мұңдай әрекет адамның ақылды әрекетіне ұқсайды. Соның нәтижесінде шимпанзенің таяқты пайдалану әрекеті мен қимылы адам әрекетімен бірдей деп, келер қорытынды жасауына себеп болды.
Бұл жайтты сынаушылар былай дейді: егер маймыл тұғыр ретінде пайдаланған жәшікке біреу келіп отырса болды, жәшік маймылдың қаруы болудан қалады, ол жататын немесе отыратын зат болып қана қалады. Ал бұл жағдайда маймыл аланда аласүрып жүреді де, жеміске секіріп жетуге тырысады, сосын шаршайды да, ол басқа маймыл жатқан жәшікке отырады, сөйтіп терін сүртеді. Бұдан шығатын қорытынды, ол жәшікті көреді, бірақ маймыл оны осы жағдайда қажетті құрал ретінде пайдалана алмайды. Нағыз кажет емес жағдайда өзінің құрал ретіндегі қасиетін жоғалтқан зат құрал бола ала ма?
Қарапайым адам жер қазуға пайдалану үшін таяқты алдын ала дайындайтындығын Кёлер өзі айтты. Оның үстіне бұл жағдайда маймылың әрекетінде қандай да болсын жаналык бар деген сөз, бірақ ол карапайым адамның қимьшына ұксамайды, құралды қолдануға итермелейтін бір нәрсенін, оған жақын жерде болуына қарамастан, мұнда құралды пайдалану әрекеті жоқ.
Баланың дербес тілінде де осы сияқты бір жайт байқалады. Сөздерінін ешқандай мағынасы жоқ, ал әрбір жаңа жағдайда өткендегіні қайталайтын болып көрінген тілді көз алдынызға елестетіп көріңіз. Мен келтірілген мысалдағы пу-фу өзі бір жағдайда йод құйылған бөтелкені, екінші жағдайда бөтелкенің өзін білдіреді және тағы сол сияқты. Яғни, мұндай сөз тұрақты мағынасы бар сөзге ұксамайды. Мұнда белгі деген мүлдем жоқ. Баланың дербес тіліндегі сөздерді қабылдағанда олар азды-көпті болса да тұрақты мағына пайда болған кезеңдегі сөздерге ұқсамайды. Мұнда сөздің өзі көп мағынаны білдіретін сияқты және сол сөздер екінші жағынан қарағанда ешнәрсені де білдірмейді.
Кез келген белгінің бастауы нені білдіреді? Н.Я.Марр теориясының әрқилы қағидалар мен аңызына және даулы жайттарына қарамастан, маған оның бір қағидасы даусыз болып көрінеді. Ол адам тіліндегі бастапқы сөз, оньщ алғашқы мағынасы көп нәрсені білдіреді, не өте көптеген заттарды қамтиды. Сондай-ақ, баланың алғашқы сөзі де санқилы мағынаны білдіреді. Бірақ ол кандай сөз? Мынау немесе анау сиякты бала сөздері кез келген затка тән. Біз осы атауда нағыз сөз деп айта аламыз ба? Айта алмаймыз, бұл сөздің өзіңдік қана ашық қызметі бар; келе-келе адам белгіні білдіретін сөздер туындайды. Алайда әзірше ол бәрін білдіретін сөз, ол дауыстык сілтеме ишараты арқылы барлық кезде сақталады, өйткені адамның әр-бір сөзі белгілі бір затты нұсқайды.
Евді соңғы айырмашылық.
Егер істі Штерн сияқты елестетсек (оның айтуынша сөздің мағынасы, сөз мағынасының өзара байланысы өте қарапайым түрде бірімен-бірі ұйымдасқан нәрсе), онда, әрине, сөз табиғатының мәнін әрқилы бағалауға болады. Баланың дербестік тілін зерттеудің мәні де, оның сөздерінің табиғатын да, бірсыпыра қызметгерін де, мысалы, хабарлаушы қызметін де ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін біз балалық шақтағы сөздің атау мағынасын білдіретін қызметінің де пайда болатынын білеміз. Бұл ерекшелік баланың өтпелі кезеңінде өзгеше мәнге ие болатынын көрсетеді.
Бала тілінін дербестігіне қатысты мәселенің сыры мен астары қабат-қабат екендігіне көзіміз жетеді. Оның дербестік тілінің дамуында өтпелі кезеңіне тән ерекшеліктері барын анықтап, әлі де тілі жетіле қоймаған балада ұзак мерзім бойы сақталып қалатынын көрсетеді. Ондай балалар қатарына ақыл ойы кеміс сөйлей алмайтын мылқауларды жатқызуға болады. Бірақ олардың дербестік тілі, біздің ойымызша, символ-белі) сипатында болып көрінеді. Мысалы, тілі анық шықпаған бал бөтелке деудің орнына пу-фу дейді. Сол пу-фу сөзі бірнеше түсінікті білдіруі мүмкін.
Сәби үшін тіл оның санасында белгілі таңба ретіндеіі түсінік сипатында қалыптаса қоймайды. Сондықтан бұл жайттың Штерн жаңалығынан айырмашылығы ұшан-теңіз. Алайда бал тілінің бастапқы сатысы алдағы өтпелі кезеңдерде елеуд өзгерістерге ұшырап отыратындығын бекерлеуге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда біз бала тілінің дамуындағы дербестік немес басқаша сөйлеу кезеңдеріндегі ғана емес, сондай-ақ оның ода әрі даму кезеңдерінде бірқатар секірмелі өзгерістерге ұшыра отыратындығын көреміз.
Бала тілінің шығуы мен қалыптасу кезеңдерін түсініп оның дамуын неғұрлым тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдің дамуын дұрыс бағдарлап, теориялық жағынаі тұжырымдауға көмектеседі және осы мәселеге қатысті буржуазиялық көзқарастардың кемшіліктерін ашып көрсету ұшін қолайлы жағдай тудырады.
Біздер бала дамуындағы жаңа құрылымдарды – оның жүруі мен еңбектеу әрекетін және басқа қасиеттерін де естен шығармауымыз керек.
Мен осы бағытта алға қойған мақсатыма жету үшін баланың дағдарыс кезеңі оның организміндегі болатын елеулі өзгерістердің мән-жайын ашып көрсетіп, оларды қай бағытта іздестіріп көру керектігін атап айтуды жөн деп санаймын. Бұл мәселедегі түйін баланың бойындағы қалыптасатын жаңа құрылым жасына қатысты-ау деп ойлаймын.
Баланың жеке басының даму сатылары оның өмір сүретін ортасымен қарым-қатынасында өрістеп отыратындығын ескеретін болсақ, онда сәбидің, дамуы оның танымының тарихымен байланысты екенін айқын аңғарамыз. Егер мен бұл сұраққа үстірт жауап бергім келсе, онда К.Маркстің сана дегеніміз қоршаған ортамен қарым-қатынас деген белгілі сөзін қолданар едім. Шын мәнінде адамның жеке басынын ортамен қарым-қатынасы оның санасының сипатын білдірумен қатар адамның жас даму ерекшеліктеріне орай бұл мәселенің сырын ашып көрсетіп, шындыққа бір табан болса да заңды түрде жақындауды білдіреді. Ал мұндай жайттың мәні ерекше. Өйткені сананын сырын ашып беруде қазіргі ғылыми түсініктерде орашолақтық айқын байқалады. Тілдің санамен тығыз байланысты болатынына күмән келтіре алмаймыз. Мен бұл жерде сөйлеудің санамен байланысты екенін ерекше атап көрсетіп, мәселені тек сөйлеуге әкеп тірегім келмейді. Бұл мәселенің мазмұнын талдауда мен жоғарыдан төмен және төменнен жоғары қарай өрлеп отыру арқылы зерттеу қажеттігіне баса көңіл аударғым келеді. Көркемдеп айтқаңда мен бұл драманың өрі басты, әрі екінші актері болуға тиіспін. Маған бала санасының өзгеруі мен оның сөйлеуінің дамуын теориялық жағынан із-дестіру – бұл мәселенің өзегі.
Бала жасының дамуын теориялық жағынан пайымдау сәбидің жеке басының тұтас өзгеруі деп саналуға тиіс, яғни ондай өзгерістердің бір себеп болса, басқалары белгілі жағдайлардың әсерінен даму ерекшеліктері деп қарауға тиіс.
Дегенмен сананың баланың сөйлеуді меңгеруде қандай орын алатындығын түсіндіру қиын. Әдетте сана мен сөйлеудің өзара байланысты болатындығы жайында сөз болып, адамнын хайуаннан айырмашылығы осы дыбысты тілінде деген түсінікпен ғана шектеліп келді. Баланың әлеуметтік ортаға қатынасын оның тілінің шығуы мен жүруінің ролі сияқты қызмет атқарады деп санадды. Мұндай пікір аса бағалы бола қоймады. Маған белгілі зерттеулердің бір де бірінде баланың бойында пайда болатын жаңа құрылымдар өзара қаңдай қатынаста болады деген сұрақтың мән-жайын ашып бере алмайды.
Біз генетикалық тұрғыдан дағдарыс жасындағы сәбидің бойында нендей ерекшеліктер пайда болады және олардың өзге құрылымдардан айырмашылығы қандай деген мәселені кезінде сөз еткен едік. Баланың бойында пайда болған жаңа құрылымдар дағдарыс кезеңіндегі ерекшеліктерге іріткі сала ала ма? деген сұрақты анықтау керек болады. Бұл сұраққа біздер мақұлдаушы жауап береміз. Дағдарыс кезіңде бала бойында жаңа сапалар пайда болмаса, онда жалпы даму да болмас еді.
Алайда сәбидің дағдарыс жасында жаңа сапаларды игеруі өткінші сипатта болады. Бірақ дағдарыс жасында игерілген сапалар оның кейінгі даму кезеңінде із қалдырмайды. Ал бір қалыпқа түсіп тұрақты даму кезеңінде игерілетін сапалар баланың бойыңда тұрақты қасиеті болып қала береді. Бірқалыпты даму жасында бала жүруді, сөйлеуді, жазуды және т.б. әрекеттерді үйренеді. Өткінші жасында сәби дербестік тілді меңгереді. Бірақ сөйлеудің бұл түрі оның өмір бойында сақталатын болса, онда баланың дамуы бірқалыпты болмағаны.
Біз баланың дербестік сөйлеуінен онын алғашқы жылғ дағдарысына тән алуан түрлі ерекшеліктерін байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер бала сейлеуіндегі дағдарыс кезеңінің басталуы мен аяқталуына дейінгі мерзімге созылады,
Баланың қалыпты сөйлеуіне орай оның дербестік тілі осы дағдарыс кезеңімен тұтас болғандықтан енді ол өзгеше сипатқа ие болады. Осындай өзгерістер бала дамуындағы өтпелі кезең болғандықтан, бұл мәселені генетикалық тұрғыдан қарастырған да толымды болмақ. Өйткені бұл кезеңді баланың, дамуындағы бір кезеңнен келесі кезеңге өтетін өткел деп түсінген дұрыс. Енді бала қалыпты сөйлеуге көшкен кезде онын психологаясында күрделі құрылымдар пайда болып отыратындығына көз жеткіземіз
Бала дамуьндағы дербестік сөйлеудің өзіндік ерекшелігі оның занды құбылысы деп саналады және бұл құбылысты біздер диалектикалық дамудағы баланың жекё басына тән сипаты деп түсінуіміз керек.

Қолданылған әдебиеттер

1. Етекбаева, Гүлбарам Сүлейменқызы. Ұлттық психологияның қазақ бастауыш мектеп оқушыларының қарым-қатынасына әсері Г. С. Етекбаева

2. Тенкебаева, А. З. Психологиялық қызметті ұйымдастырудағы этнопсихологиялық мәселелер А. З. Тенкебаева

3. Тенкебаева, А. З. Жеке адамның интеллектуальды даму деңгейін анықтайтын психологиялық әдістемелерді қазақ тіліне бейімдеу А. З. Тенкебаева, Э. Сейптанова

4. Рағызбаева, А. А. Ішкі істер бөлімінің курсанттарын оқытудағы кәсіби психологиялық қызмет көрсету негіздері А. А. Рағызбаева, Г. Ү. Турарова

5. Жарылғасова, П. Е. Ойлау мен сөйлеудің этнопсихологиялық мәселелері П. Е. Жарылғасова

6. Дюсюпова, Д. Т. Жеткіншектердің бір-бірін ұлтаралық қабылдауының психологиялық ерекшеліктері Д. Т. Дюсюпова, Ж. Т. Дюсюпова Ж. Айджанова

7. Каликанова, Асель Мухаметкалиевна. Халықтар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына әлеуметтанудың әсері А. М. Каликанова


Скачать


zharar.kz