Фармакология, токсикология және токсикологиялық талдау І пәнінің студенттерге арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешенінің (ОӘК 042.18-24.1. 0102 2014) №1-2 модулдеріндегі Жалпы және Жеке фармакология тарауларына енгізілген тақырыптар қамтыла отырып - іс жүзінде теориялық-практикалық тұрғыда меңгеру деңгейін анықтауда келесідей тақырыптар қосымша қарастырылады:
1. Фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың
организмдегі биотрансформация заңдылықтары;
2. Дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан-жақты түсіндіру;
3. Дәрілік заттар әсерінен туындайтын биохимиялық үрдістерге негіздеме беріңіз.