Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағұлмат

Скачать

Тарихи деректерге қарағанда қытайлықтар бауырды дәрі ретінде ерте заманнан қолдана білген. Олар бауырмен мейірімсіз, қаныпезер, қайырымсыз әрі қатыгез адамдарды емдеген екен деген деректер бар. Ал индиялықтар баяғы заманнан бауырдан өттің шығатынын, адам денесінің сарғаяуы осы бауырдың қызметіне тікелей байланысты екенін білген. Б.з.д. 6-5 ғасыр арасында өмір сүрген грек ғалымы Гиппократ бауыр аурулар түрлерін, әсіресе сары ауру мен бауыр шеменін осы бауырдың қызметінің нашарлауына байланысты пайда болатынын байқап білген. Римдік ғалым Клавдий Гален тарихта тұңғыш рет адам мен жануарлардың бауыр құрылымын зерттеп жазған және ғылыми жолмен өттің бауырдан шығатынын және адамның сарғаюы осы өт жолдарының қабынуына байланысты екенін дәлелдеген. 15 ғасырда Италия ғалымы Леонардо да Винчи бауыр анатомиясын зерттеп бірінші рет бауыр шеменін көзбен көріп, оның ерекшіліктерін жазған. Италия ғалымы Андреас Визалий бауырдың қан тамырлары мен өт жолдары туралы жазып, бауыр шеменінің арақ- шарап ішуге , маскүнемдікке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. 19 ғасырда өмір сүрген ағылшын ғалымы Томас Сиденгам сары аурудың жұқпалы екенін алғаш дәлелдеп жазды.

Бауырдың құрылымы мен қызметі.
Бауыр- адам организіміндегі ең үлкен «без» болып есептеледі. Ол құрсақ қуысының оң жағында, кеуде пердесінің астында, қабырғаға жақын орналасады. Бауырдың салмағы ересек адамдарда 1300- 1800 грамм шамасында көлемі 25 - 30 , 15 – 20, 10 -15 см. Әрине бұлай болу адамның жасына, дене бітіміне байланысты. Бауырды сыртына қарағанда түсі қоңыр – қызғылт, қолмен сипап көргенде жұмсақ, кесіп ұстағанда іркілдеп тұрады, қолға ұстап қысқан кезде оп – оңай езіліп кетеді. Бауыр негізінен екі бөліктен тұрады. Оның оң бөлігі үлкен, ал сол бөлігі кішілеу. Ол ішкі ағзалармен өте тығыз байланысты.
Бауырдың қабынып ауруы (гепатит) бауыр ауруларының негізін құрайды. Олар жұқпалы және жұқпайтын болып екіге бөлінеді. Бауырдың жұқпалы қабынуы негізінен вирустардың әсерінен пайда болатын қатаң (А, В, А емес В- да емес вирустардың) түрлерін жұқпалы аурулардың мамандары зерттеп емдейді.

Жұқпалы және созылмалы бауыр ауруларының алғашқы белгілері. Бауырдың жұқпалы вирустардың әсерініен қабынуы. Бұл ауру негізінен 3 кезеңнен тұрады.1. Дененің сарғаюына дейінгі. 2. Дененің сарғайған кезеңі. 3. Дененің сауығу кезеңі. Сонымен науқастың денесі сарғайғанға дейінгі кезең қалай басталады. Мұнда адам ауруға аяқ астынан ешқандай себептерсіз қалай шалдыққанын білмей қалады. Науқастың ыстығы 38 градусқа дейін көтеріледі, кейде бұдан да жоғары болуы мүмкін. Мұндай көрсеткіш 2- 3 күнге дейін созылуы ықтимал. Дененің ыстығы көтерілумен қатар әлсіздік, науқас кісінің кей ағзалары әсіресе қол- аяғы сырқырап сынып тұрғандай сезінеді. Бұлшық еттер үйіп ауырады, басының ауырғаны да сезіледі. Осы жағдайлар басталғаннан кейін науқас кісінің асқа тәбеті шаппайды, тіпті жүрегі көтеріліп құсқысы келеді. Науқас кісілердің 20% іші өтіп, кейбірінің үлкен дәреті де тоқтауы ықтимал. Жалпы белгілерімен қатар оң жақ қабығасының асты ауыратынын сезінеді. Кейбір науқас кісілерде аяқ- қолдары қақсап, буындары ісіп кетеді. Дененің бөрітіп кетуі де кездеседі. Егер науқас 1-2 тәуліктің ішінде дәрігерге көрініп, өзінің жағдайын ауруының түрін ауруға қашан қалай ұшырағанын білуі керек. Дәрігер науқастың қанын зәрін тексереді. Тексеру нәтижесінде ақ қан түйіршіктері көбеюі мүмкін. Сонымен қатар аланин және аспарагин пробалардың көбейгенін көруге болады.Зәрді тексергенде өттің пигменттінің пайда болғанын байқайды.Сол сияқты ферменттер мен фруктоза да көбейеді.Осы жағдайлардан соң ақ дәрігер фурудың денесі сарғаймай ақ бұның сары ауру екеніне көз жеткізіп,жұқпалы вируспен бауырдың қабынып ауруы деген диагноз қояды және науқасты жұқпалы ауруларды емдейтін ауручанаға жөнелтеді.





Науқас денесінің сарғайған шақтағы жағдайы.

Дененің сарғайуы тез арада тарап дамиды.Ол ең ұзақ дегенде бір жеті ішінде сарғайып бітеді.Бұл кезеңде ыңғайсыздық яғни ішінің бүріп ауыруы байқалады.Бұлай сезіну көбнесе бауыр көлемінің үлкейуі себебінен болады.Мынадай көріністерді дәрігер біліп байқайды. Алдымен көздің ақ қабығы таңдайы,кейін бет терісі, кеуде,кол-аяқ, ең соңында алақан мен табанның терісі сарғаяды тіл қабыршықтанып, сары күрең дақтармен тұтасып тұрады.Аурудың ішін басып уқалап көргенде оң қабырға астының ауыратынын біледі. Осы кезде аурудың қан қысымы төмендейді, тамыр соғысы баяулайды. Аурудың жүрек- тыныс ішкі бездерімен орталық нерв жүйелерінде де әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін. Науқас адам жұқпалы аурулар ауруханасында жатып емделеді.Бауырдың жұқпалы вируспен қабынып ауруынан тәуір болу шамамен 2- 3 айдан 12 айға дейін созылуы мүмкін. Вирустің В түрімен ауырса қайсібір ұқыпсыздық, дұрыс емделмегендіктен ол асқынып созылмалы түрге айналуы мүмкін. Бұндай ауруларды дәрігерлер мен қатар асқазан ауруларын емдейтін дәрігерлер де гастроэнтеролог, гепатолог емдей алады.


Бауыр қабынуының алдын алу және сақтандыру шаралары.
Бауырдың қабынуына байланысты әртүрлі профилагтикалық және емдеу шаралары қолданылады. Профилагтикалық шаралар негізінен екі кеектен тұрады. Біріншісі ғұмырында бауыры ауырмаған адамдар мен. Екіншісі бауыры бұрын қабынып, ауырған адамдармен оны одан әрі асқындырмау үшін қандай сақтандыру шаралары керек және оны қалай ұйымдастыруға байланысты жүргізіледі. Бауыр қабынуының негізгі себептері жұқпалы вирустардан болатын сары ауру. Өмірінде ешқашан да бауыры ауырмаған адамдардың қандай режим ұстауы керектігін және неден сақтануы тиіс екендігін айтсақ. Біріншіден тамақтанудағы басты мәселе тиімді тамақтану, екіншіден арақ- шарап ішпеу. Ал ауырған адам арақ- шарап ішуін тоқтатуы керек. Үшіншіден ден еңбегімен дене тәрбиесімен белсенді түрде шұғылдану керек. Төртіншіден семіруден сақтануы оны болдырмау. Бесіншіден қант диабеттің болдырмау шараларын қолдану. Осы шараларды бұлжытпай орындаса бауырдың қабынуын болдырмауға әсерін тигізеді. Жұқпалы вирустарымен күресу соған қарсы егу қазіргі кезде дүние жүзінде 40 млн. Жуық адам жұқпалы вирусқа қарсы егілген. Егер А вирусы болып, санитарлық гигеналық шараларды дұрыс қолданса, адамдардың ішкен суы мен жеген тамағы дұрыс болса жеке басының тазалығын дұрыс сақтаса, ауруды болдырмауға септігін тигізеді. Ал вирустың В түрімен А, В емес түрлері үшін бұл шаралар жеткіліксіз сондықтан егуге арналған инелерді дұрыс өңдеп, тазарту керек. Жұқпалы вирус сары аурумен ауырған адамдардың ауруханада ең кемі 21 – 30 күн жатуы керек және диспансерлік есепте тұруы керек. 1, 3, 6, 12 ай өткеннен кейін қайта тексеріліп, тұруы тиіс. Вируспен бауыры ауырған адамдар кемінде 6 айға дейін ауыр жүк көтермеуі керек, улы заттармен істемеуі керек, әсіресе арақ- шарап, сыра ішуді қоюы тиіс. Дәрі – дәрмекті дұрыс қолдануы керек. Адам организімі үшін аса тиімдісі өсімдіктер майы. Олар жүгері, күнбағыс т.б. Адамның көңілі қалайтын тәбеті тартатын тағамның бәрін аздап болса да жегні дұрыс. Бауыр қабынуының қандай түрімен ауыратын адам болса да дене жұмысынан босатылуы тиіс, сол сияқты спорттық сайыстарға түсуіне, ұзақ сапарларға шығуға болмайды. Егер әйел жұқпалы вирус ауруымен ауырса, ол кемінді 1 жыл шамасында екіқабат болудан сақтануы тиіс. Себебі вирус жатырдағы перзентке кіндік тамыр арқылы өтуі мүмкін. Бауыр ауруларын және өт жолдарының қабынуын емдегенде минералды су асқазан сөлінің мөлшеріне байланысты жылы күйде стаканмен беріледі. Сол сияқты сол суға шомылуға болады оның пайдасы өте көп. Бауыр ауруларын емдейтін арнайы ұйымдастырылған дәрігерлік орталықтарды тексеріліп тұруы қажет.


Скачать


zharar.kz