Қанның түсті көрсеткіші деп нені атайды?
А. Қандағы минералды тұздар концентрациясы
В. Бұзылған эритроциттер мөлшері
С. Эритроциттердегі гемоглобиндер концентрациясы
D. Қан құрамындағы белоктардың концентрациясы
Е. Қан құрамындағы көміртектердің концентрациясы
Қанның қандай жасушаларына, тасымалдау және тыныс алу қасиеттері тән?
А. Қан сары суына
В. Тромбоциттерге
С. Лейкоциттерге
D. Эритроциттерге
Е. Қан плазмасына
Қан сары суы дегеніміз не?
А. Құрамында фибриноген бар қанның сұйық бөлігі
В. Құрамында фибриноген жоқ қанның сұйық бөлігі
С. Құрамында глобулин жоқ қанның сұйық бөлігі
D. Құрамында тромбоцит бар қанның сұйық бөлігі
Е. Құрамында минералды заттары жоқ қанның сұйық бөлігі
Карбоксигемоглобин дегеніміз не?
А. Гемоглобиннің оттегімен қосылысы
В. Гемоглобиннің синил қышқылымен қосылысы
С. Гемоглобиннің азот тотығымен қосылысы
D. Гемоглобиннің көміртегі тотығымен қосылысы
Е. Гемоглобиннің азотпен қосылысы
Оң хемотоксис дегеніміз не?
А. Тромбоциттердің қан тамырлары жарақаттанған кездегі бұзылуы
В. Эритроциттердің теріс зарядтардан айырылуы
С. Эритроциттердің антиденешіктер тасымалдауы
D. Қабыну ошағына қарай лейкоциттердің ұмтылуы
Е. Қан арнасынан лейкоциттердің шығуы
Қан плазмасының қандай ақуызы, қан ұйыған жағдайда ерітінді жағдайынан ерімейтін күйге ауысады
А. Альбумин фибриноген
В. Альбумин глобулин
С. Альбумин
D. Глобулин
Е. Фибрионоген
Тромбоцит дегеніміз не?
А. Фагоцитарлық қызметке ие қан жасушалары
В. Газ алмасуына қатынасатын қан жасушалары
С. Қан ұйуына қатынасатын қан жасушалары
D. Жетілмеген қан жасушалары
Е. Оң хемотаксиспен сипатталатын жасушалар
Оксигемоглобин деген не?
А. Гемоглобиннің синил қышқылымен қосылысы
В. Гемоглобиннің СО2 -мен қосылысы
С. Гемоглобиннің азот тотығымен қосылысы
D. Гемоглобиннің О2 - мен қосылысы
Е. Гемоглобиннің азотпен қосылысы
Лейкоциттік формула деген не?
А. Лейкоциттер санының эритроциттермен тромбоциттерге деген қатынасы
В. Лейкоциттердің плазмаға деген көлемдік қатынасы
С. Лейкоциттердің эритроциттер санына қатынасы
D. Ақ қан түйіршіктерінің өз ара пайыздық қатынасы
Е. 1 мм3 қанның құрамындағы лейкоциттер саны
Дифибринделген қан дегеніміз не?
А. Эритроциттерден арылған қан
В. Гемоглобиндерден арылыған қан
С. Фибрионогендер мен қан денелері
D. Альбумин және глобулиндерден арылған қан
Е. Фибриноген белоктарынан арылған қан
Гемоглобиннің атқаратын қызметі
А. Қорғаныш, тыныс алу
В. Тасымалдау, қорғаныш
С. Коррелятивтік, буферлік
D. Жылу реттеуші, коррелятивтік
Е. Тыныс алу, буферлік
Лейкоциттердің гранулоциттерге жататын түрлері
А. Эозинофилдер, моноциттер, лимфоциттер
В. Базофилдер, эозинофилдер, нетрофилдер
С. Нетрофилдер, лимфоциттер, моноциттер
D. Базофилдер, лимфоциттер, эозинофилдер
Е. Лимфоциттер, моноциттер
Тұрақталған қан дегеніміз не?
А. Фибриногеннен арылған қан
В. Құрамында антикоагулянттары бар қан
С. Тимолмен консервіленген қан
D. Салқындатылған қан
Е. Ұйыған қан
Гемофилия дегеніміз не?
А.Фибриннің қантамырларының қабырғасына тұнуы
В.Қанның жылдам ұюуы
С. Эритроциттердің желімделуі
D. Қанның ақ жасушаларының бұзылуы
Е. Қанның ұйымауы
Қанды ірі малдардың қандай қан тамырларынан аламыз?
А. Сан артериясынан
В. Құйрық көктамырынан
С. Ұйқы артериясынан
D. Қуысты көк тамырдан
Е. Күре тамырдан
Гемоглобиннің құрамы
А. Глобин - 60%, гем - 40%
В. Глобин - 96%, гем - 4%
С. Глобин - 50%, гем - 50%
D. Фибриноген - 4%, гем - 96%
Е. Альбумин - 80%, гем - 20%
Гемоглобин қанның қандай фракциясында (бөлшегінде) болады?
А. Тромбоциттерде
В. Лейкоциттерде
С. Эритроциттерде
D. Сары суда
Е. Плазмада
Қанның қоюлығы неге тәуелді?
А. Минералды тұздарға, плазма ақуызына, эритроциттерге
В. Көмірсуларға, эритроциттерге, сұйық бөлігіне
С. Қан табақшаларына, лейкоциттерге, тромбоциттерге
D. Минералды тұздарға, тромбоциттерге, фибриногенге
Е. Фибриноген, тромбоциттер мен лейкоциттер
Қанның буферлік жүйелері?
А. Карбонатты, гемоглобинді, глобулиндік
В. Карбонатты, фосфатты, гемоглобиндік
С. Фосфатты, эритроциттік, тромбоциттік
D. Фосфатты, ақуызды, сульфатты, глобулиндік
Е. Карбонатты, фосфатты, ақуызды, гемоглобулинді
Гемоглобин молекуласында темірдің неше атомы болады?
А. Үш
В. Екі
С. Төрт
D. Бір
Е. Алты
Қанның қорғаныштық реакциясы немен байқалады?
А) Фагоцитоз
В) Гемолиз
С) Лейкопения.
D) Гемофилия
Е) ЭШЖ
Фибрин ақуызынан арылған қан:
А) Оксалатты
В) Цитратты
С) Толық
D) Дефибринделген
Е) Тұрақтанған
Эритроцит қабығының бұзылуы нәтижесінде гемоглобиннің сыртқа шығуы қалай аталады?
А) Гемолиз
В) Плазмолиз
С) Гемопоэз
D) Эритропоэз
Е) Лейкоцитоз
Гемоглобиннің иісті газбен қосындысы (НgСО):
А) Метгемоглобин
В) Карбоксигемоглобин
С) Карбогемоглобин
D) Оксигемоглобин
Е) Миогемоглобин
Осмостық қысымы қанмен тең келетін ерітінділер қалай аталады?
А) Гипертониялық
В) Сулы
С) Изотониялық
D) Гипотониялық
Е) Қышқылды
Барлық мүшелерді байланыстыратын қанның қызметі:
А) Транспорттық
В) Респираторлық
С) Қорғаныштық
D) Коррелятивтік
Е) Экскреторлық
Қан ұю процесінің үшінші кезеңі немен сипатталады?
А) Протромбиннің шығуы
В) Тромбопластиннің түзілуі
С) Фибриннің түзілуі
D) Тромбиннің түзілуі
Е) Ұю ретракциясы
Оттегі молекуласы қосылған гемоглобин:
А) Метгемоглобин
В) Карбогемоглобин
С) Оксигемоглобин
D) Карбоксигемоглобин
Е) Миоглобин
Сүтқоректілер қанына қандай реакция тән?
А) Қышқылдық
В) Әлсіз қышқылдық
С) Сілтілік
D) Әлсіз сілтілік
Е) Нейтральді
Жануарлардың постнатальді даму кезінде эритроциттер қай қантүзуші мүшелерден пайда болады?
А) Көкбауыр
В) Бауыр
С) Сүйек кемігі
D) Лимфа түйіні
Е) Ретикулоэндотелиальды жүйе
Қан ұю процесінің екінші кезеңі қалай сипатталады?
А) Фибриннің түзілуі
В) Тромбопластиннің түзілуі
С) Тромбоциттердің бұзылуы
D) Тромбиннің түзілуі
Е) Протромбиназаның түзілуі
Толық қанды центрифугалағаннан кейін, жоғарғы қабатта түзілетін қанның сұйық бөлігі:
А) Дефибринделген қан
В) Плазма
С) Қан сары суы
D) Формалық элементтер
Е) Лейкоциттер
Қандай ерітіндіде эритроцит қабығы бұзылып, гемоглобин плазмаға шығады?
А) Рингера – Локка ерітіндісі
В) Гипертониялық ерітінді
С) Физиологиялық ерітінді
D) Рингер ерітіндісі
Е) Изотониялық ерітінді
Гипотониялық ерітінді әсерінен эритроцит гемолизінің қай түрі болады?
А) Химиялық
В) Осмостық
С) Сәулелі
D) Физикалық
Е) Механикалық
Құс эритроциттерінің пішіні қандай?
А) Дөңгелек
В) Екі бүйірінен дөңес
С) Екі бүйірінен қысыңқы
D) Шар тәрізді
Е) Сопақша
Қан плазмасының ақуызы:
А) Казеин
В) Альбумин
С) Гемоглобин
D) Лизоцим
Е) Муцин
Табиғи антикоагулянт болып табылатын зат:
А) Лимон қышқылды натрий.
В) Қымыздық қышқылды аммоний
С) Калий оксалаты
D) Гепарин
Е) Натрий цитраты
Қан ұюының үшінші кезең немен сипатталады?
А) Тромбиннің түзілуі
В) Тромбоциттер адгезиясы
С) Тромбоциттер агрегациясы
D) Фибриннің түзілуі
Е) Тромб ретракциясы
100 көлемдегі қанның формалық элементтер мөлшері қалай аталады?
А) Гематокрит
В) Қышқылдық көлем
С) Гемопоэз
D) Лейкоцитарлық формула
Е) Гемостаз
Эритроциттердің тыныс алу қызметі құрамындағы қай затқа байланысты?
А) Хромопротеид
В) Гемоцианин
С) Гемэритрин
D) Хлорокруорин
Е) Гемоглобин
Құрамында антидененің болуына қанның қандай қызметі шартталған?
А) Транспорттық
В) Респираторлық
С) Экскреторлық
D) Қорғаныштық
Е) Трофикалық
Қандағы лейкоциттер мөлшері қандай өлшем бірлікпен саналады?
А) Миллиондап
В) Мыңдап
С) Жүздеп
D) Бір-бірлеп
Е) Ондап
Қан сары суының плазмадан айырмашылығы:
А) Альбуминдермен
В) Глобулиндермен
С) Эритроциттермен
D) Фибринмен
Е) Лейкоциттермен
Түйіршіксіз лейкоцит:
А) Базофилдер
В) Лимфоциттер
С) Эозинофилдер
D) Жас лейкоциттер
Е) Таяқша ядролылар
Эритроцит құрамындағы зат:
А) Протромбин
В) Гепарин
С) Гемоглобин
D) Фибриноген
Е) Аглютинины
Ағзаның қай мүшесінде карбогемоглобиннің оксигемоглобинге алмасуы жүреді?
А) Бауыр
В) Бұлшық ет
С) Жүрек
D) Өкпе
Е) Ішек – қарын жолы
Қанның ұю қабілетінен айырылуы:
А) Фагоцитоз
В) Гемолиз
С) Лейкопения
D) Лейкоцитоз
Е) Гемофилия
Әрбір эритроциттің гемоглобинмен қанығуын анықтайтын көрсеткіш:
А) Қанның қышқылдық көлемі
В) Гемоглобин мөлшері
С) Түрлі – түсті көрсеткіш
D) Эритроциттер мөлшері
Е) Эртроциттердің шөгу жылдамдығы
Ағзадан алынған тірі ұлпаның тіршілік әрекетін сақтау керек жағдайда, ұлпаны қандай ерітіндіде ұстау қажет? :
А) Гипотониялық
В) Гипертониялық
С) Физиологиялық
D) Сулы
Е) Спиртті
Протоплазма түйіршіктері негізгі бояумен боялатын лейкоциттер қалай аталады?
А) Эозинофилдер
В) Нейтрофилдер
С) Лимфоциттер
D) Базофилдер
Е) Моноциттер
Көрсетілген заттардың қайсысы плазмада болмайды?
А) Альбуминдер
В) Глобулиндер
С) Фибриноген
D) Гемоглобин
Е) Пропердин
Фагоцитозды ашқан ғалым:
А) Н. Е. Введенский.
В) И.М. Сеченов.
С) И.И. Мечников.
D) И.П. Павлов.
Е) А.Л. Чижевский.
Протоплазма түйіршіктері негізгі бояумен де, қышқылды бояумен де боялмайтын лейкоциттер қалай аталады?
А) Моноциттер
В) Эозинофилдер
С) Лимфоциттер
D) Нейтрофилдер
Е) Базофилдер
Қанға қосылған қандай ерітінді гемолиз тудырады?
А) Физиологиялық
В) Глюкоза ерітіндісі
С) Рингер ерітіндісі
D) Гипертониялық
Е) Изотониялық
Қанның қандай формалық элементтері иммунитет жасауға қатысады?
А) Эритроциттер
В) Нейтрофилдер
С) Тромбоциттер
D) Базофилдер
Е) Лимфоциттер
Қан депосы болып табылатын мүше:
А) Көкбауыр
В) Өкпе
С) Бауыр
D) Жұқа қабырғалы көктамыр
Е) Тері
Ядросы бар эритроцит қандай организмдерге тән?
А) Жылқы
В) Ит
С) Қой
D) Құс
Е) Ешкі
Қан тұтқырлығы немен шартталған?
А) Глюкозамен
В) Минералды заттармен
С) Сумен
D) Лейкоциттермен
Е) Эритроциттермен
Көкбауырда, бауырда және теріде болатын қан қалай аталады?
А) Дефибринделген
В) Толық
С) Айналымдағы
D) Тұрақтанған
Е) Деподағы
Қанның ұюы үшін қажет микроэлемент:
А) Йод
В) Темір
С) Кальций
D) Мыс
Е) Натрий
Эртироциттердің негізгі құрылымдық бөлігі не?
А) Минералды заттар
В) Ақуыздар
С) Глюкоза
D) Майлар
Е) Гемоглобин
Барлық қан жасушаларының бастамасы болып табылатын қандай жасуша?
А) Ретикулоциттер
В) Моноциттер
С) Гемоцитобласт
D) Эритроциттер
Е) Нормобласт
Лейкоциттердің микроағзаларды және бөгде денелерді жұтып қою қабілеті қалай аталады?
А) Гемолиз
В) Лейкоцитоз
С) Лейкопения
D) Фагоцитоз
Е) Регенерация
Тромбоциттер ағзада қандай қызмет атқарады?
А) Респираторлық
В) Транспорттық
С) Регенеративтік
D) Қанның ұюы
Е) Ферментативтік
Ішкі орта тұрақтылығын У.Кеннон қалай атаған?
А) Өзін-өзі жаңарту
В) Динамикалық тепе-теңдік
С) Өзін жасап шығару
D) Гомеостаз
Е) Өзін-өзі реттеу
Қан плазмасындағы негізгі буферлік жүйе:
А) Гемоглобинді
В) Фосфатты
С) Карбонатты
D) Ақуыздық
Е) Натрийлі
Қанның ұюының 1-ші кезеңі қандай заттың түзілуімен аяқталады?
А) Тромбоцитарлы тығынның түзілуі
В) Ұю ретракциясы
С) Протромбиназаның түзілуі
D) Тромбиннің түзілуі
Е) Фибрин ұюығының түзілуі
Ірі қара малдарда қанның көп бөлігі қай тамырдан алынады?
А) Сәулелі артерия
В) Құйрық артерия.
С) Сафен көктамыры
D) Мойындырық көктамыры(яремная вена)
Е) Сүт көктамыры
Қанның ұю жылдамдығын баяулатушы фактор:
А) Температураның көтерілуі
В) Тығындалу
С) Тромбин препараты
D) Қышқылдар
Е) Температураның төмендеуі
Қан ұлпаның қай түріне жатады?
А) Эпителиальді
В) Дәнекер
С) Жүйке
D) Бұлшық ет
Е) Май
Гемоглобиннің көмірқышқыл газымен қосылысы қалай аталады?
А) Метгемоглобин
В) Карбогемоглобин
С) Оксигемоглобин
D) Қалпына келтірілген гемоглобин.
Е) Карбоксигемоглобин
Сүтқоректілердің қанының түсі немен шартталған?
А) Гемоглобинмен
В) Оксигемоглобинмен
С) Метгемоглобинмен
D) Карбогемоглобинмен
Е) Карбоксигемоглобинмен
Жануарлар қанының түрлік құрамының анықталуы:
А) Бұлшық ет ақуызының құрылымы бойынша
В) Гемоглобиннің ақуызды емес бөлігінің құрылымы бойынша
С) Гемоглобин кристалдары бойынша
D) Эритроциттер бойынша
Е) Лейкоциттер бойынша
Қандағы гемоглобин мөлшерін анықтау әдісі:
А) Спирография
В) Колориметрия
С) Фонокардиография
D) Кардиография
Е) Сфигмография
Омыртқалы жануарлар қанының түсі қалыпты жағдайда қандай болады?
А) Қызыл
В) Көк
С) Сары
D) Қара
Е) Жасыл