Көлденең масштаб

Скачать

1. Масштабтар және олардың дәлдігі
Қағазға жердің бетін бейнелеу үшін жердегі сызықтың горизонталь проекциясын бірнеше есе етіп кішірейтеді. Жердің бетін қағазға түсіргендегі кішірейту дәрежесін масштаб дейміз, яғни айтқанда, план мен картаның масштабы деп пландағы (картадағы) сызықтың үзындығының () оған сәйкес жер бетіндегі горизонталь ұзындыққа ( Ц қатынасын айтамыз, 11, - масштаб.
Масштабтар сандық, сызықтық және көлденең болып бөлінеді.

Сандық масшиаб.Сандық масштаб дегеніміз бөлшекті көрсетеді, оның алымы бірлікті көрсетсе, бөлімі жердің бетіңцегі ұзындықтың планда немесе картада қанша есе кішірейткенін көрсетеді.
Сандық масштабтың бөлімі кіші болған сайын, соғұрлым план мен картаның масштабы ірі болады және керісінше, бөлімі үлкейген сайын карта мен планның масштабы ұсақ болып келеді.
Геодезияда келесі масштабтар жиі қолданады 1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 - план үшін және 1:10000, 1:25000, 1:50000, 1:1000000, 1:200000, 1:300000, 1:500000, 1:1000000-карта үшін. Жоғарыдағы қатынастардың өзгерісі жердегі сызықгың 500, 1000, 2000 және т.т есе кішірейгенін көрсетеді, яғни айтқанда пландағы 1см кесіндіге жердің бетінде 500 см немесе 5 м, 1000 см немесе 10 м, 2000 см немесе 20 м және І.т.
План және картамен жұмыс істегенде сандық масштабты қолдану ыңғайсыз болады, себебі әрқашанда есептеуге тура келеді. Сондықган карта планда жұмыс істегенде сызықтық жөне көлденең масштабты қолдану ыңғайлы.
МАСШТАБ 1 :2000 1 см - 20 м
80 120 160

Сызықтық масштаб. Сызықтық масштаб түзу сызықтан түрған үзындық санағы бар кесінді ретінде салынады (5.1-сурет). Оны сызықтық масштабтың негізі деп атайды. Масштабтың негізін 2 см кесінділерге бөледі. Шеткі сол жақтағы кесіндіні қосымша он бөлікке (яғни 2 мм кесіндіге) бөледі де, кесіндінің оң шетін нөлдік штрих деп белгілейді. Нөлдік штрихтың оң жағындағы бөлікті 2 см кесіндіге бөледі де, әр бөлік сызығына карта мен планның масштабына байланысты тиісті мәндерді жазады. 5.1-суретте масштабы 1:2000 картаның сызықгық масштабы және циркульдің ашасына сәйкес ұзындығы 140 м кесіндінің бейнесі көрсетілген. Сызықтық масштабта кесіндінің оннан бір бөлігі көзбен жуықтап алады, сондықтан масштабтың дәлдігі қажетті дәлдікпен сәйкес келмейді.
План мен картада өлшеу жұмысының дәлдігін арттыру үшін көлденең масштаб қолдынылады.

Көлденең масштаб. Көлденең масштаб сызықтық масштабтың түрлеріне жатады. Ол келесі түрде салынады. Түзу горизонталь сызықтың бойымен бірнеше рет масштабтың негізін құрайтын 2 см кесіндіні салады. Әрбір салынған кесіндінің шетінен кез-келген ұзындықпен перпендикуляр сызық түсіріп, сол сызықтарды бірдей он бөлікке бөліп, әр! бөлігінен негізге параллель сызықтар жүргізеді. Нөлдік штрихтың сол жағында жатқан бөліктің жоғарғы және төменгі кесінділерін бірдей онға бөліп (әр бөлігі 2 мм), нүктелерді қиғаш сызықпен қосады. 5.2-суретте көлденең масштабтың түрі көрсетілген. Нөлдік штрихтың сол жағындағы 2 мм бөліктердің шамасы негіздің 110 болса, төменнен жоғары бөлінген бөліктің шамасы негіздің 1100 бөлігі болады. Негізі 2 см көлденең масштабты жүздін немесе жәй көлденең масштаб дейді. Көлденең масштаб металл сызғыштарда көрсетіледі, оны масштабтық сызғыш деп атайды

Масштабтың дәлдігіне көзбен қарағанда 0, 1 мм кесіндінің шамасы алынады. Ол карта мен планның масштабына байланысты өзгереді. Мысалы, 1:1000-тың дәлдігі 0, 1 м, 1:2000 - 0, 2 м, 1:5000 - 0, 5 м, 1:10000 -1, 0 м және т.т.


Скачать


zharar.kz