Жеңіл атлетика

Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Дене мәдениеті және спорт факультеті
Циклді спорт түрлері және спорттық ойындар кафедрасы

Жеңіл атлетика пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050104 Бастапқы әскери дайындық мамандығы үшін

Қарағанды 2010

Құрастырған: Циклді спорт түрлері және спорттық ойындар кафедрасының аға оқытушысы Абдрахманов З.А.

Оқу-әдістемелік кешенде Жеңіл атлетиканың оқыту әдістемесі пәнінің оқу жоспары берілген. Онда оқу процессін жүргізетін кафедра мен оқытушы, курсты оқитын орын мен уақыт туралы ақпарат бар. Жеңіл атлетика курсының қысқаша сипаттамасы, міндеттері мен мақсаттары, студенттерге қойылатын талаптар мен олардың күтілетін нәтижелер көрсетілген. Оқу-әдістемелік кешенде лекция және семинар сабақтарының, оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстарының және студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспарлары берілген. Сонымен қатар оқу-әдістемелік кешенде курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары мен өзіндік бақылау үшін қолданылатын тесті тапсырмалар бар. Жеңіл атлетика курсын оқып меңгеруге қажетті негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі берілген.

Дене мәдениеті және спорт мамандығына арналған Жеңіл атлетиканың оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Дайындаған З.А. Абдрахманов. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. – 49 б.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2008
1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
Абдрахманов Зикирья Абдрахманұлы – доцент ҚарМУ

Циклді спорт түрлері және спорттық ойындар кафедрасы № 12 спорт кешенінде орналасқан Мұқанова 11а көшесі
Кафедрада оқытушының болу уақыты сабақ кестесі бойынша.

1.2 Пән туралы мәліметтер:
Жеңіл атлетика
Барлығы 5 несие
Өткізу орны: – № 12 спорт кешені, жеңіл атлетика манежі

Оқу жоспарының көшірмесі:

Курс
Се-местр
Несие-лер
Лек-ция
Тәжірибе
СОӨ
Ж
СӨЖ
Бар-лығы
Бақылау түрлері
3
5,6
5
-
75
75
75
225
емтихан

1.3 Пререквизиттері: Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша жеңіл атлетика түрлерін оқып меңгеру арқылы білімін және дағдыны қалыптастыру үшін студенттердің жалпы жеңіл атлетиканың республикада жүргізіліп дамуы, спортта алатын орны сауықтыруда және Президенттік тестіні орындауда жеңіл атлетиканың маңыздылығы қарастырылады. Жеңіл атлетика пәнін меңгеру үшін студенттердің Қазақстан спорт тарихын, дене шынықтыру теориясын және әдістемесін, Педагогика, Спорт психологиясын Биомеханика, Метрология Физиология пәндерінен алған білімдері қажет болады.

1.4 Постреквизиттері: Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша жеңіл атлетика түрлерін алған білімді дене мәдениеті спорт теориясында және әдістемесінде, биомеханика спортында, физиология спортында, спорт медицинасында, ересектер физиологиясында, биохимияда және емдік дене тәрбиесінде қолдана алады.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны: Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша жеңіл атлетика түрлерін, ол теориялық және практикалық негізіне сүйеніп дамиды, спортшыларының жан-жақтылығын және тұрақты шеберлігін жетілдіруін қамтамасыз етеді. Біздің елдегі және шет елдердегі ғылыми жетістіктерді спортшылардың, бапкерлердің тәжірбиелері негізінде теория және практика пайдалану қарастырылған.
Жеңіл атлетика – спорт түрі болып қарастырылады. Жекелеген 41 түрі Олимпиадалық бағдарламаға енгізілген. Дәстүр бойынша бір жүйелі, жалпы бірдей күнтізбе мерзімі, ұйымдасқан құрылым болып табылады.
Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша жеңіл атлетика түрлерін қоғамдық және әлеуметтік ғылым, оның жекелеген түрлері адамдардың табиғи қозғалысын жүру, жүгіру, секіру лақтыру, іс-әрекеттермен тығыз байланысты. Жеңіл атлетика дене тәрбиесі жүйесінде беделді орын алуы, ол оның жан – жақтылығы, жаттығулардың қарапайымдылығы, жүктеме мөлшерінің организмге дұрыс әсер етуі, және оның қол таңбалығының маңыздылығында: жүгіру, секіру және лақтыру, дене тәрбие сабақтарының және машықтану, (тренировка) процесінің негізгі құрамы болып табылады.
Жеңіл атлетиканың негізгі міндеттері: дене тәрбиесі мұғалімінің мамандандыру технологиясын меңгеру, осы пәнге тән бапкер – оқытушы негізгі мамандығын меңгеру пән ретінде оған енгізіледі.
Тақырыптар
 жеңіл атлетика саласынан жүйелі білімді, дағдыны, біліктілікті, қалыптастыру.
 жеңіл атлетика қозғалысын үйрету кезінде дене тәрбиесі оқытушыға бапкер – оқытушы мамандығына керекті біліктілікті, дағдыны меңгеріп қалыптатыру.
 ғылыми – әдістемелік салада қажетті дағдыны, біліктілікті қалыптастыру.
 дене - тәрбиесі және спорт мамандығына керекті қозғалыс дағдыларын қалыптастырыу және дене қасиеттерін арттыру.
 жеңіл атлетикалық жарыстарды өткізуге керекті теориялық білім және практикалық дағдыны меңгеру қарастырылған.

1.6 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі.

Тақырыптар атауы
Дәріс
Практика
СОӨЖ
СӨЖ
1
Мамандыққа кіріспе

1.1
Жеңіл атлетика даму тарихы және спорттық тренировка негізі

Min-10
Max-20
1.2
Спорттық жүру және жүгіру әдісттері

7

7
1.3
Секіру әдісінің негізі

7

7
1.4
Лақтыру әдісінің негізі

7

7
1.5
Сабақ және машықтану

1.6
Спорттық жүру әдісін жіктеу

5

5
1.7
Қысқа, орта, ұзын қашықтыққа жүгіру әдісін жіктеу.

5

5
1.8
Ұзындыққа секіру әдісін жіктеу

5

5
1.9
Биіктікке секіру пас беру әдісін жіктеу

3

3
1.10
Ядро лақтыру әдісін жіктеу

3

3

Барлығы

37

37
6 семестр
1.11

Граната, найза лақ-тыру әдісінің негізі

8
8
1.12
Кедергіден жүгіру (100; 110; 400) әдістерін жіктеу

8
8
1.13
Молот лақтыру әдісін жіктеу

8
8
1.14
Сырықпен секіру әдісімен таныстыру

5
5
1.15
Диск лақтыру әдісімен таныстыру

6
6

Барлық сағат саны

38
38

1.7 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер
1. Абдрахманов З.А. Жеңіл атлетика. Мектептегі жеңіл атлетика сабағы. Студенттерге арналған - оқу құралы. 1999.
2. Абдрахманов З.А. Жеңіл атлетика - оқу құралы. 2001.
3. Абдрахманов З.А. Қысқа қашықтыққа жүгіру.1978.
4. Абдрахманов З.А. Жеңіл атлетика, 2007 ҚарМУ.

Қосымша әдебиеттер

5. Легкая атлетика и методика преподавания: Учеб. для ин-тов физ. культ.– Под ред. О.В. Колодия, Е.М. Лутковского, В.В. Ухова. – М.: ФиС, 1985.– 271 с., ил.
6. Легкая атлетика: Учеб. для учащихся отд-ний физ. воспитания пед. училищ А.Н. Макаров, П.З. Сирис, В.П. Теннов; под ред. А.Н. Макарова.– 2-е изд. дораб.– М.: Просвещение, 1990.– 208 с.: ил.
7. Легкая атлетика: Учеб. для ср.уч. завед. физ. культ. под общей ред. Е.М. Лутковского, А.А. Филлипова.– 2-е изд. перераб. и доп.– М.: ФиС, 1977.– 344 с.: ил.
8. Легкая атлетика: Учеб. для ин-тов физ. культ. Под ред. Н.Г. Озолина, В.И. Воронкина, Ю.Н. Примакова – Изд. 4-е, доп., перераб. М.: ФиС, 1989.– 671 с., ил.
9. Легкая атлетика: Учеб. пособие для студ. Высш. Пед. Учеб. заведений А.И. Жилкин, В.С. Кузьмин, Е.В. Сидорчук. – М.: Издательский центр Академия, 2003. – 464 с.

1.8 Баға туралы ақпараттар
Рейтинг-шкала

Бақылау түрі
Балл (ұпайлар)
Ағымдық бақылау
20
Аралық бақылау
35
Үй жұмысы
10
Қорытынды бақылау
35
Барлығы
100

Білімді бағалау критериялары (мөлшері):

%-мазмұны
Критериялар
қанағаттандырарлықсыз баға мөлшері
0-49
Бағдарлама материалдар бойынша жауап бере алмау; оқу бағдарламасының материалдарын білмеу және елеулі қате жіберу.
қанағаттандырарлық баға мөлшері

50-74
Берілген жауабы толық емес, негізі дұрыс; оқу бағдарламасын терең білмеуінің байқалуы; арнайы жеңіл атлетика және жалпы жаттығуларының әдістерін орындауда жекелеген қате жіберу; материалдарды баяндағанда бейтараптық көрсету; дағдыны қалыптастыруда елеулі қателіктер жіберу.
жақсы баға мөлшері

75-89
Жауап дұрыс, толық емес; Жеңіл атлетика негізін меңгеруде дұрыс білім көрсету. Жеңіл атлетика спортының түсініктерін және негізгі терминдерін меңгеруде жан-жақты білім көрсету. Басқа да бағдарламалық материалдарды пайдаланып, жауап беруде қолдана білу. Бағдарламалық материалдарды баяндағанда кейбір жауабында туралықтың болмауы, негізгі мазмұндауда елеулі қателіктер жіберу.
үздік баға мөлшері

90-100

Жауап толық дұрыс; жеңіл атлетика әдістерінен білімділікті, түрлерінің оқыту негізін көрсете білу. Жеңіл атлетика спорттың түсінігін және негізгі терминдарын теориялық жағдайда толық баяндай білу. Жауап беру кезінде басқа да оқулықтардан және журналдардан, интернеттен деректер келтіре білу. Сабақтың кейбір бөлімдерін жүргізе білу, бұйрық беру дауысын көрсету, жаттығуды дұрыс орындау және әдістемелік нұсқауды пайдалану.

1.9 Саясатымен процедурасы:
сабаққа кешікпей келу;
сабақ кезінде сөйлесуге, сағаз шайнауға;
телефонмен сөйлесуге;
себепсіз сабақтан шығуға рұқсат етілмейді;
сабаққа таза, спорттық формамен келу, спорттық киім ауа-райына байланысты спорт зал температурасына сай киілуі керек;
сабақ кезінде соққы зардаптардан сақтану;
бақылау жаттығуларын және нормативттерді тапсыру, белгіленген уақыт бойынша сынақтарды және емтихандарды тапсыру;
өз еркімен дене қасиеттерін дамыту, қарапайым өлшеу аппараттарымен, жүрек соғысын тыңдау арқылы өз денсаулығын бақылау;
сабақты себепсіз босатпау;
ауырып қалған жағдайда уақытылы сабақтан босатылу туралы құжатты тапсыру.
оқу машықтану жиындарына және жарыстарға кеткен жағдайда сабақ жүргізетін оқушылардан тапсырма алып, жіберген сабақтарды уақытылы өту.
оқытушы белгілеген уақыт бойынша жіберген сабақты өтеу.
берілген тапсырманы орындамаған жағдайда, қорытынды кезінде айып салынып, ұпай саны қысқартылады.
оқу процесіне белсенділік көрсету;
үйге берілген тапсырмаларды ұқыпты орындау;
оқу кезінде сабырлы, ашық және оқытушыларды сыйлау, инабатты болу барлық студенттердің міндеті;
сабақ кезінде қайтарымды байланысты құптап, конструктивті көзқараста болу;
ұжымдық жұмысты байланыстырып оған көптеген студенттерді тарту;
белгілеген жерге уақытылы және міндетті түрде келу.
Айып салу ұпайы:
сабақты жіберу –10%
тапсырманы орындамау-10%
берілген жұмысты уақытылы тапсырмау-10%
кешігіп келу-10%
жауап беруден бірнеше рет бас тарту-10%
сабақ кезінде бейтарап (бағынбаулық) мінез көрсету-10%
Көтеріңкі ұпай беру:
белсенді жұмыс -10%
сабақты келмеу, кешігіп келмеудің болмауы-5%
жауаптың жан-жақтылығы 10%
жұмысты мерзімнен ерте орындау-5%

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 5 кредит

Тақырыптар атауы
практика
СО-ӨЖ
СӨЖ
1
2
3
4
5
1.
Жеңіл атлетика пәніне кіріспе. Жеңіл атлетикалық жалпы және арнайы жаттығулар.
2
2
2
2.
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдістерінің негізі, тегіс емес жермен жүгіру.
2
3
3
3.
Жеңіл атлетика тарихының дамуы. Лақтыру әдісінің негізі. Граната лақтыру әдісінң негізі және үйрету әдістері.
1
2
2
4.
Жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының бірдей спорттық классификациясы. Найза лақтыру әдісінің негізі және үйрету әдістері.
1
2
2
5.
Арнайы жаттығуларды үйрету. Спорттық жүруден әдісінің негізі және үйрету әдісі.
3
2
2
6.
Жеңіл атлетикадан қарапайым жарыс ережелері. Кросстық жарыс ережелері.
2
2
2
7.
Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдістері (60-100, 200-400м)
3
2
2
8.
Екпінмен жүгіріп биіктікке қайшылап секіру әдісінің негізі және үйрету әдістері
2
2
2
9.
Нығыздалған допты лақтыру. Ядро итеру.
2
1
1
10
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа аяқты бүгіп, секіру негіздері және үйрету әдістері.
2
2
2
11.
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа шалқалап секіру негіздері және үйрету әдістері.
2
2
2
12.
Екпінмен жүгіріп ұзындыққа қайшылапсекіру негіздері және үйрету әдістері.
2
2
2
13.
Эстафеталық жүгіру әдістерінің негіздері және үйрету әдістері.
2
2
2
14.
Жеңіл атлетика сабақтарын өткізу әдістері. Сабақ өткізу орнын дайындау және оған қойыдатын талаптар.
2
2
2
15.
Жеңіл атлетика түрлерінен жарыс өткізу ережелері. Практикалық нормативтер тапсыру.
2
2
2

Барлығы:
30
30
30

2.2 Дәрістік сабақтың тезистері аясы жоспарда қаралмаған
2.3 Практикалық сабақ жоспары

Ұсынылған әдебиеттер: [1,2,6]
1-2 тақырып. Жеңіл атлетиканың жалпы және арнайы жаттығулары. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдісі.
Орта қашықтыққа жүгіру жоғары күш қуатын талап ету аймағына жатады. Осы аймақтың көрсеткіші оттегінің жетіспеуі, ал жүгіру қашықтығын соңына қарай өсіп 20-25л жетеді. Қан құрамына көп мөлшерде су қышқылы көбейеді. (270-200мг% құрайды). Мәреге жеткен кезде оттегін қабылдау мөлшері артады.
Орта қашықтыққа жүгіретін спортшы осы қиындықтарды жеңіп, ара қашықтықтың екі жартысында энергетикалық күш-қуаттың алмасуын әсіресе күш қышқылының және РН өзгеруіне шыдау шеберліктің көрсеткіші болып табылады.
Сауалнама:
1. Жеңіл атлетиканың жалпы және арнайы жаттығулары.
2. Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісі
3. Сөре
Қашықтық бойымен жүгіру
Бұрылыстардан жүгіру
Мәре
4. Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісі

Тапсырма:
1. Жалпы шыдамдылықты дамыту. Жүгіру кезінде денені қыздыру жаттығуларын орындау.
2. Жалпы және арнайы жаттығуларды орындау.
3. Жоғары сөре қалпын қабылдап қысқа аралыққа жүгіру.
4. 100-200 метр аралықта жүгіріп орта және ұзын қашықтыққа жүгріу әдісін шыңдау.
Әдістемелік нұсқаулар
Ұзын және орта қашықтыққа жүгіру әдісінің дағдысын қалыптастыру үшін берілетін жаттығулар және теориялық негіздер: 800-2000 метр аралықта жүгіру, 3000-10000 аралықта жүгіру әдісін шыңдау.
Ара қашықтықтарда жүгіру мынадай әдістерді сақтау басты болып келеді: үнемді және бірқалыпты жүгіру жалпы шыдамдылықты талап етеді. Сонымен қатар, ара қашықтықта белгілі бір жылдамдықпен жүгіру (арнайы шыдамдылық)
Орта қашықтыққа жүгірген кезде адым ұзындығы 1м 80см –ден 2м 20см дейін, ұзын қашықтыққа жүгірушінің адымы орта қашықтыққа қарағанда 20-25 см кем.
Дистанциямен жүгіруді төрт фазаға бөлуге болады: сөре және сөрелік қозғалыс ара қашықтық бойымен жүгіру және мәре.
1.1 Сөре. Сөреге! деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей.
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
1.2 Дистанция бойымен жүгіру. Орта және ұзын қашықтыққа жүгірген де, дене қалпы тік, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына және жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне бойына, аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігіне байланысты.

1-сурет

1.3 Бұрылыстармен жүгіру. Бұрылыспен жүгірген жүгіруші денені сәл солға бұрады, сол қол жедел қозғалып, ал оң қол созғалысы баялау болады.
1.4 Мәре. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әр кезде мәрелік ұмтылумен аяқталады. Ұзындығы әр түрлі. Орта есеппен 1,50-2,00 метр.
2. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру әдісіне үйрету
Жүгіру әдісіне үйретуді бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезеңнің мақсаты: дайындаушылардың жүгіру әдіс туралы жалпы түсінік беру. Бұл мақсатты шешу үшін жүгіру әдісін дұрыс көрсету арқылы шешіледі. Жүгірушілер назарын бастың, дененің қалпын көрсетіп итерілу қол қозғалысын түсіндіру басты мақсат. Көрсетуді қосымша бейне материалдарды көрсету арқылы әдіс туралы түсінік беріледі.
Екінші кезеңде практикалық сабақ кезінде тік жолмен көрсетілген әдіс бойынша орындалады. Сабақ кезінде көрсету елеулі орын алады. Содан кейін жүгірушілер берілген арақашықтықты әр күшпен жүгіреді. Оқытушы орындалған әдісті бақылап тұрып, граната білегінде жатады, саусақтар допты қыспай ұстайды.
1.1 Екпінмен жүгірудің алдыңғы кезеңі. Екпінмен жүгірген кезде доп (граната) иық үстінде болады. Екпінмен жүгіруді екі бөлікке бөлуге болады: алғашқы мәреден бақылау белгісіне дейін, (14-20м) ақырғы бақылау белгісіне дейін (7-9м). Алғашқы бөлікке екпін серіппелі, алға артқа дене құлшынысын жасап жүгіреді. Сол қол жай жүгіріс кезіндегі қозғалысын жасайды, доп (граната) бар қол оңға, артқа ырғақ жасайды.
1.2 Жеңіл атлетиканың дамуының актуалды сұрақтары
Жеңіл атлетика пән ретінде дене тәрбиесі маманын дайындауда беделді орын алады. Спортпен байланысты емес факультеттерде дайындағанда беделді орында, себебі ол дене қасиеттерін (жылдамдықты, шыдамдылықты, ептіліктің) денгейін көтеруге, қажетті қозғалыс дағдыларын қалыптастырады, гиподинамия-мен күресудің епті жолы- ол жеңіл атлетика.
Таңдаулы спорт түрінің негізгі міндеті:
-Тренировка және оқу әдістемесінен және теория саласынан білім беру;
-Жеңіл атлетиканың жекелеген түрінен біліктілікті және дағдыны қалыптастыру;
-Анаматикалық әрекеттен қабілетілікті қалыптастыру, қателердің коррекциясын және әдістемелік элементтерді уақытылы түзету;
- Машықтандыру процесін дұрыс қалыптастыру және үйрету қабілеттілігін қалыптастыру, тренировкалық процестерін құрастырғанда жарыс кезеңінен (дайындық, жарыс ауысу) процестерінен туындайды;
-Қозғалу кезеңінің әдісін оқытуда қажетті дене сапасын дамыту және жеңіл атлетикада басқа спорт түрінен жоғары нәтижеге жету;
-Әр жастар тобымен сауығу өмірін қалыптастыру үшін тренировка әдістерінен мамандар дайындау;
-Жеңіл атлетиканың жекелеген түрінен тренерлік қызметке керекті біліктілікті және қабілеттерді қалыптастыру;
-Ғылыми іздену жұмысын жүргізе білу, дамыту жолдарын қалыптастыру және практика жүзінде жүргізілген көрсеткішті пайдалана білу.
Жеңіл атлетика жаттығулардың әр түрлі болуы жүру, жүгіру, секіру, лақтыру түрін меңгерген кезде жүктемені дұрыс қолдану көзі. Көптеген жаттығулардың әдісін орындауда қарапайым болуына байланысты оларды мектеп алаңдарында көлемі шағын жеңіл атлетика манежінде орындалуын қамтамасыз ету.
Жеңіл атлетика мынадай бөлікке бөлінеді: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, көп сайыс. Жеңіл атлетикалық жүруге жататындар: спорттық, саптық, жаяу жүру.
Жүгіру түрлерінің сипаты: тегіс жермен жүгіру, эстафеталық, желе жүгіру (кростық), кедергіден жүгіру.
Секіру түрлерінің сипаты: тік және көлденен.
Көлденен секіруге жататын: орында тұрып секіру, екпімен жүгіріп ұзындыққа, үштік секіру.
Тік секіруге жататын: екпімен жүгіріп биіктікке секіру, сырықпен секіру.
Лақтыру түрлерінің сипаттамасы: бұрылып лақтыру (диск, молот), иықтан асыра лақтыру (найза, граната, ядро итеру).
Жеңіл атлетикалық көпсайыстарға жататындар: әйелдер көпсайысы –бес, жеті сайыс. Ерлер көпсайысы- алты, сегіз, он сайыстар.
Жеңіл атлетика курстың мазмұны.
Жеңіл атлетика орындау әдісі, дене қасиеттерін жақсарту үшін үйрету кезеңінде арнайы жаттығулар қолдану жағы қарастырылған. Жеңіл атлетика жаттығулардың үйрету әдісі кеңінен қаралған.
Балалармен және жоғарғы дәрежедегі спортшылар мен спорттық тренировка жүгірудің теориялық және практикалық құрастырмалары кеңінен оқытылады.
Жеңіл атлетиканың жекелеген түрлерінің тарихы және жаттығу әдістерінің тарихының қалыптасуынан құрастырылған.
Жекелеген тестілерді іс жүзінде қолдану, дене қасиеттерінің дамуын уақытылы дене қасиеттерінің жаттығу арқылы дамуы, үйрету және машықтану әдістерінің сапасын жетілдіруге бағытталған.
Жеңіл атлетика курсын оқу кезінде жоғарғы жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына жан-жақты жағдай жасалған.
Тек дене тәрбиесі жаттығуларының орындауы ғана көзделмеген, педагогикалық қабілеті жан –жақты, осы қабілет арқылы басқа адамдарды жеңіл атлетиканың жекелеген түрлерін үйрету, қоғамды сауықтыру өміріне жетелеу болып табылады.
Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасыны-нан толық мағлұмат қалыптастыру және техника негізін және әдістерін меңгеру үшін теориялық негіздер қарастырылған
Тақырып:1.2 Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізін қазіргі тренировка атлеттен үнемді (рационалды) әдісті талап етеді, ол оған керекті күш қуатты үнемді пайдалана отырып жоғарғы ырғақты сақтау болып табылады.
Тақырып:1.3 Секіру әдісінің негізі.
Секіруді анықтау. Секіру фазасы: екпін алу итерілуге дайындалу, итерілу ұшу, түсу.
Итерілу механизмі. Сермелетін аяқтың, қолдың қозғалысының, дененің түзету, итерілудің маңыздылығы
1.4 Секіру техникасын жетілдіру.
Секіруші жаратушы берген күшті дұрыс пайдалану (Н.А Бернштеин) дерегі бойынша күшті екіге бөледі: 1, реактивті инерционды бұлшық ет қимылының алдын ала қатаң деформация қуатының созылуының күш қуаты. Осының барлығы итерілу қуатын екпін алған жылдамдығының байланысынан қамтамасыз етіледі және бастапқы жылдамдықтан, ұшу бұрышынан туындайды.
Итерілу қозғалысының механизмін дұрыс түсіну үшін биіктікке секірудегі итерілуді жылдамдықпен байланыстыра отырып қарастыру мағыналы деп қараймыз.
Итеру уақытында жылдамдықтың қосындысының спортшы денесінің белгілі бір жылдамдықпен Д.О.М тепе -теңдікте қозғалуы, итерілу күшінен қуатынан пайда болады. Осы арада итерілуден итеру күшінен туындап белсенді күштен пайдалану. Принципінен құралған тежеуші итерілу күші осы арада екпін алу бағынышты рөлде. Итерілетін аяқтың бұлшық еттерінің күшінің әрекетінен, секірушінің бастапқы жылдамдығының өсуіне, итерілу функциясының тиіп кетуі (рикошет манызы зор). Итерілетін аяқтың бұлшық еттерінің әрекетінен пайда болатын амортизациялық фазаға өтуді үнемді пайдалану.
Қазір итерілу әдісін (реактивті) тиіп кету нәтиже-мен сипатталады. Осыған байланысты итерілетін аяқты жедел шығарып итеру орнына қою мағынасы зор. Қазіргі дайындықта итерілуге кіру әдісі,сермелген аяқты жедел орындаіу әдісі екпін алуда жүгіру адымның әдісі оның ырғақты жүйесі.
Секіру әдістері әр түрлі болса да, итерілу әдісінің негізі жалпы бірдей.
Практикалық жүзде орындау амалдары тепе-тең болып келеді. Ерлер арасында советтік секіруші В.Ященко аспалап (перекидной) тәсілі арқылы (2,34., 2,35м) алған осы әдіспен Г.Вессинг ГДР-2,36 см (1980ж). 1968 жылы Мехико Олимпиадасында Фосбери - флоп әдісімен 2,24см алып чемпион атанды. Кейінгі жылдары осы әдіспен С.Симиони 2,01 ал ерлер арасында Х.Сотамайер-2,45(1993 ж). Осы рекорд осы күнге дейін жаңартылған жоқ.
Биіктікке секіру жүйе жағынан күрделі жаттығуларға жатады, әр түрлі жүйелерден құралған және екпін алғанда циклды қозғалудан итерілу және ұшу фазасында циклді қозғалысқа ауысады.
Әсіресе фазаларда кездесетін үйлесу байланыста-рын ескерген манызды: А)сүреден екпін алғанда жіберілген қате итерілу фазасында оз әсерін тигізеді Б)итерілуге дайындалу фазасында қазіргі реактивті-тиіп итерілу құрастырғанда өте жауапты. В)сермелетін аяқтын итерілуінде жоғарғы қуатпен кең көлемді қозғалыспен орындалып таяқшадан өткенде ұтымды өтуін қамтамасыз етеді. Ф)таяқшаға кіру фазасында итеретін аяқтын өтуінің нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сонымен биікке секіргенде динамикалық және әдістік нәтижелікке жету үшін төрт фазаға бөлінеді; секіру қозғалысының бір жүйелігі ритммен (ырғақпен) біріктіріледі: 1) сөрелік екпін. 2)итерілуге дайындалу және өту; 3)итерілуге кіру; 4)көтерілу фазасын орынду (таяқшадан өту)
Ұзындыққа және үштік секіруде жалпы әдісінде, орындау амалдарында, дайындық әдістерінде және жоспарлауда, оқу тренировка процесінде ұқсастық бар. Осы жеңіл атлетика түрінің меңгеруге дайындағанда және жетілдіруінде бірін бірі толықтырып, спорттық қозғалудың тұрақтылығына өз әсерін тигізеді.
Ұзындықта және үштік секіруде спорттық әдістің негізін атлет қозғалу қабілетін (биомеханикалық заңдылықты) сақтап отырып ұтымды пайдалануда негізгі мақсат-көлденең аралықты ұзақ өту. Барлық жағдайда қарапайымдылық және спортшының табиғи қозғалысын дұрыс пайдалану ол спорттық әдістің бірден бір көрсеткіші. Секіру кезінде спортшы секіргенде трекпен уақытылы белсенді байланыста болып орындауды іске асады. Спортшы ішкі күш әрекеті арқылы, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы қозғалады. Олар қозғаушы күшке жатады. Әр қозғалыста қозғаушы күштен басқа тежеуші күш байқалады: оларға жататын ауаның қарсылық күші, дененің салмағы және тіректе пайда болатын реакция күші, дененің қозғалысына қарама-қарсы. Бұлшық еттердің сығылуы (қозуы ішкі күш ретінде тежеуші).
Сонымен жеңіл атлетикадағы секірулерді жетілдіру әдісі ол қозғаушы күшті епті пайдалана отырып тежеуші әрекетті бәсеңдету болып табылады.
Механика заңдылығы бойынша секірушінің денесінің алысқа ұшуы ол көтерілудің бастапқы жылдамдығының көлеміне. Ұзындыққа секірудегі дененің білік нүкте ортасының биіктігіне бұрышына байланысты. Қазіргі замандағы ең тәжірибелі шебер секірушілердің әдісін зерттеу арқылы мынадай қорытынды жасауға болады: алысқа секіру үшін дененің көтерілуінің бастапқы жылдамдықтың маңыздылығы, белсенділігі ақырғы адамның екпінімен белгіленеді. Секіруші итерілгенде қозғалыс бағытын өзгертіп, қолайлы ұшу бұрышын туындатады, осылар керекті биіктікті және алысқа ұшуды қамтамасыз етеді.
Белгілі спортшылардың секіруін жіктегенде, екпін жылдамдығын 9,1 ден 10,7 метрсек көбейткенде ол нәтиженің өсуі 690-890см-ге тең, ұшудың бастапқы жылдамдығы 8,5-9,6 метрсек көбейеді және Д.Б. нүктесі 20-22 көлемінде сақталады.
Тақырып 1.4 Лақтыру әдісінің негізі
Снарядтың алысқа ұшуы маңыздылығы, лақтырғандағы бастапқы жылдымдыққа ұшу бұрышына, снарядтың көлеміне байланысты. Снарядтың қолайлы бұрышпен ұшуы оның маңыздылығы, сол орындағы бұрышқа да тәуелді. Лақтырушының снарядқа күш түсіруі жол ұзындығына снарядтың жылдамдылығына лақтыру түрінің тізбегіне жекеленген бұлшық еттердің топтарының бірте-бірте жұмысқа енгізілуі мен сипатталады.
Лақтыру фазасы.
Лақтырушыларды дайындау тұрақты өзгертпелі процесс болып табылады, қозғау – тепе-теңдік қабілетінің дамуына және жетілуіне; дене қасиеттерінің фунциялдық және психологиялық сапасының өзгеріп отыруына да байланысты. Лақтыру әдісін меңгеру және жетілдіру оның негізгі бағыттаушы тізбектері болып табылады. Осылардың көмегі арқылы лақтырушының өсу нәтежесімен белгіленеді. Лақтырушының басқада дайындығына жетілдіру әдісіне және амалдарына да әсер етеді. Тек осы бағдарламада әдістік дайындықты басқару процесі ретінде қарау өз нәтежесін береді.
Әдістік дайындыққа жекелеп қарауға болмайды, тек басқада дайындықты ескерген қажет. Олар қозғалу әрекетінің сипатына байланысты, компонентері (жылдамдық, қозғалу мөлшері бағыты пішіні) және снаряд салмағына, бағыт мақсаты – ең жоғарғы нәтижеге жету үшін организмнің фунционалдық, жағдайынан туындайды, лақтырушының күш жылдамдық қабілетіне байланысты.
Бір сөзбен, оқыту және әдісті жетілдіру тұрақты дене қабілетін үздіксіз дамытуынсыз тұғырға жету мүмкін емес.
Дене сапасын жетілдіру және ырғақтың көбейуі ең бірінші үнемді әдіске байланысты.
Оқытып үйретумен жетілдіру бір – бірінен тұрақты байланыста байқалады, екінші жағынан дене қасиеттерін дамытады.
Осы екі жақтың байланысы жалпы әдіс және дене сапасын жетілдіру бірлігімен іске асады. Әдісті меңгеру, яғни, оқытып үйрету және лақтыруды жетілдіру, бірнеше фазаға бөлуге болады.
1. Жетектеуші тізбекті белгілеу және меңгеру
2. Қозғалу жүйесін белгілеу
3. Қозғалу бөлшектерін анықтау коррекциялау
4. Қозғалыс коррекциясын бағыттауын төменгі басқару дәрежесіне ауыстыру яғни қозғалысты жылдамдату автоматтық қозғалысқа жеткізу.
5. Қозғалысты стандартизациялау және тұрақтан-дыру.
Бірінші үш фаза қозғалу әрекет әдісін менгеруге жатады, ал қалған екеуі шеберлікті пысықтауға және жетілдіруге жатады.
Тақырып 1.5 Сабақ және тренировка жүргізу дәрісі.
Сабақ жүйесі және машықтану дәрісі.
Сабақтың мақсаты және оның бөліктері. Сабақ ұзақтылығы және оның бөліктері.
Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімін өткізуге жаттығулар таңдау және орындау мөлшері. Сабақтың негізгі бөлімінің мазмұны. Нұсқалар және оның мазмұны. Сабақ тығыздығының сапасын көбейтудің әдісі. Сабақтың қортынды бөлімінің мазмұны. Сабақ жоспар - конспектіні құрастыру.
Жүгіруге үйрету үшін бастапқы кезде орта қашықтыққа жүгіру ұсынылып бірте – бірте қысқа қашықтыққа жүгіруге көшеді; Келесі кезеңде эстафеталық жүгіру оқытып үйретіледі. Кедергіден жүгірумен айналусышылардың жүгіру жылдамдығына, ептілігіне, қозғалу дағдының әртүрлігі, жүгіру ырғағының тұрақтылығына жоғары талап қояды. Сол себепті кедергіден жүгіру жай жүгіруді меңгергеннен кейін ұсынылады. 3000м тосқауылдан жүгіруге тек орта ұзын қашықтыққа елеулі нәтиже көрсеткішіне жеткенде дайындауды бастауға болады. Секіру әдісін меңгеру үшін биіктікке секіруден бастаған дұрыс. Ұзындыққа секіру үштік секіруден бұрынырақ бастау физиологиялық талаптарды шешу факторы. Сырықпен секіруді, үштік секіруден ертерек бастаған абзал. Сырықпен секіруді меңгеру күрделі, сол себептен әдісін меңгеру көп уақыт талап етеді.
Итеру әдісін оқып үйрену ядро итеруден басталады. Содан кейін диск лақтырумен танысады. Найза лақтыруды кейінірек бастайды, себебі жүгіру әдісін меңгеру керек, найза лақтырудан жақсы нәтижеге жету үшін екпінмен жүгіріп лақтырылады.
Балғашаны (молотты) лақтыруды оқыту ең соңынан жоспарланады, себебі снарядтың салмағы көлемді және лақтырушы снарядты тез айналдырады.
Молотты айландырып лақтырғанда молот үлкен күш туындатады және айналысатындардың дене қалпы, дене қасиеттері дайын болғаны абзал, себебі әдісті меңгергенде жақсы нәтиже береді. Лақтыру әдісінің негізін белгілегенде, жүгіруді секіруден ажырата білу керек. Шынайы ұзындыққа үштік сырықпен секіруді және найза лақтыру әдісін, қысқа қашықтыққа жүгіруді меңгермей үйретудің қажеті шамалы. Диск молот лақтыру және ядро итеруді жүгіру әдісін үйретпей меңгеруге болады.
Биіктікке секіру әдісін меңгергенде қысқа қашықтыққа жүгіруді алдын ала меңгеру маңызды емес, себебі , екпінмен жүгіріп биіктікке секірудің өз әдістік-техникалық басқару процесі бар.
2.3 Практикалық сабақтың жоспары: ұсынылатын әдебиеттер (1-9, 11-19)
Тақырып: 1.2. Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізі.
Сауалнама
1. Спорттық жүру әдісінің негізі.
2. Жүру дистанциясы (аралығы). Негізгі период, фазалар, моменттер.
3. Ерлердің жүру әдісінің әйелдер жүру әдісінен айырмашылығы
4. Жүру әдісінің негізі.
Тапсырмалар:
1. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіріп, қыздыру.
2. Спорттық жүрудің, жүгірудің жалпы және арнайы жаттығуларын орындау.
3. Қысқа және ұзын қашықтыққа спорттық тәсілмен жүру.
4. 100-150 м аралықты белгілеген әдіспен жүру,
Методикалық нұсқаулар
Жүру және жүгіру әдісінің негізі
Спорттық жүру әдісі
Спорттық жүрудің жай жүруден көптеген айырмашылығы бар: 1.Қуатты итерілумен жанбастың тік білікпен бұрылуында, сермелген аяқтың алға қозғалуымен адым ұзарады, тізеден бүгілген аяқ өкшеден қойылды. Қолдың жедел қимылымен күш қуатын үнемдеу мен бұлшық етті босатумен сипатталады. Спорттық жүрудің басты талабы жермен тұрақты байланысты болуы. Екі аяқтың жерден алынуы ол жүгірудің басталуы болып есептеледі және спортшы ереже бұзды деп сайыстан босатылады.
3. Спорттық жүруге үйрету әдісі
Үйретудің бірінші кезеңінде спорттық жүрумен жаңа айналысушыларға дұрыс әдіс түсінігін беру оқытушының басты міндеті, ол мынадай тәсілдермен шешілді; кино – бейне көрсету және бейне материялдарды жіктеу.
Жүгіру қозғалысының негізі.
Техникалық жеке даралығы. Әр спортшының дене дайындығы әр – түрлі болғанда жүгіру қозғалысы бірдей болмайды. Жеке өздігінен басқада қозғалысқа әсер ететін нәрселер жүргірушінің бойы, салмағы, сүйек дене құрылысы, бұлшық еттердің көлемі, ұзындығы, сымбаттылығы. Жүгірушілердің қозғалысы бірдей болып көрінгенмен, белгілі бір механика принциптеріне де байланысты, басқа бір жүгірушінің техникасын дәл қайталаса ол үлкен қателікке әкеледі.
Тұрақты жылдамдылықпен жүгірген кезде дененің еңкею бұрышы Д.О.М-ға таяулау тік болып келеді. Ішкі бұлшық еттер қосындысы желдің қарама –қарсы күшіне тең күшпен әсер етеді және ішкі күштің ауырлығымен қоса желдің қарсы күшінен жүгіру нәтежесі кемиді. Тұрақты жылдымдылықпен жүгіргенде дененің еңкею бұрышы тік бағытқа ұмтылады, бірақ қозғалу кезінде денені сәл еңкейту желдің қарсы күшін бәсеңдетеді. Жылдам жүгіруді үдеткенде еңкею бұрышы көбірек болуы абзал. Сонымен сөреден щыққан желаяқтың еңкею бұрышы ең көп мөлшерде байқалады, әр адым сайын еңкею азая береді. Бастапқы бірнеше адым жүгіргендегі ең ұзын адымнан қысқарақ болады, себебі денені алға еңкейткенде адым қысқаратыны белгілі. (2-58-62 бет).
Бірақ спортшы адымнан соңғы адымға дейін адымды ұзартып жүгіру керек, көптеген жеңіл атлетиканы жаңа бастағандар қысқа қашықтықта жүгіретін әйгілі спортшылардың сөреден қозғалуына әсіресе 20м еңкейіп жүгіруін қайталауға тырысады. Бұл мүлдем қате түсінік, себебі әйгілі желаяқтардың денені еңкейтуі ол сөреден алынған жоғарғы жылдамдықтың нәтежесі. Дәлелдеу үшін сөрелік қалыпта тұрып жоғарғы жылдамдықпен жүгіріп байқауға болады. Егерде сіз белгілі жылдамдықпен жүгірсеңіз бірнеше адымнан кейін жоғары көтеріліп кетесіз. Бастапқы екпін алу жылдамдылығы жоғары болса, соғұрлым дене еңкею қалпында болады, бірақ ол сізге байланысты емес.
Жүгіру жылдамдығы жоғары болса өкше құйрық еттеріне көп мөлшерде тиетін тәріздес. Демалу фазасындағы аяқтың алға қозғалыс әрекеті маятник тәріздес, бірақ аяқты қозғалтатын күш ол бұлшық еттер. Демалу фазасында аяқтың алға қозғалу кезінде тізе биіктігінің көтерілуі жүгіру жылдамдылығына байланыс-ты. Демалу фазасындағы аяқтың тербетіліп алға тасталу шегі арқы аяқтың итерілуінің аяқталуына байланысты. Осы қозғалу шегіне жеткенде, аяқ алға тасталғаннан кейін жоғарғы жағы қозғалту бағытын өзгертеді, табан бастапқыда алға содан кейін төмен артқа қозғалады. Адымның ұзындығын қамтамасыз ету үшін жетектеуші аяқ алға көп мөлшерде тасталмайды. Аяқтың адымының ұзаруы артта қалған итерілетін аяқтын күш әсерінен итерілу фазасында пайда болады. Жетекші аяқпен жерді тартуын дене проекциясын қою арқылы жүгіруші өзін алға тарта алмайды. Жетекші аяқ жерге қозғалып сермей тасталғанда демалу фазасы аяқталады. Жермен жүгірушінің дене проекциясының орнына қойылып тік байланыста болады. Дем алу фазасы итерілу фазасына қарағанда ұзағырақ Спринтерлердің жермен байланысы 40% уақыт жағына сәл көбірек, екі табан жерден итерілгенде аяқ бір кезде дем алады. Орта және ұзын қашықтықтың әр адымында қозғалыс уақыттың жартысына тең. Тік фазасының басталуы жетекші аяқтың табаны жерге тиіп, дененің ортақ нүктесінің астына қойылады. Табанының сырт жақ қырына қойылғанда тізенің бүгілу моменті басталады. Осыдан кейін өкше жедел жерге тиеді, жерге түсуді тоқтатам деп күш жұмсаудың мүлде қажеті жоқ. Ортақ күш табанның алдына жылжығанда тірек фазасы аяқталады. Ол момент те жермен байланыста болады. Тірек фазасының аяқталуы деген итерілу (серпілу) фазасының басталуы деп қарау керек. Итерілу фаза кезінде дене алға жылжиды, аяқтың жазылуы арқылы жермен байланыста болып және даму күші ортақ күштің артында орналасады. Дене алға қозғалған кезде өкше көтеріледі, тізе жазылып, соңынан тізе, табан буындары және табанның ұшы дене соңынан жедел түзетіледі, осымен итеру фазасы аяқталады. Спортшы түзу жүгірген кезде табанның сыртқы қырымен тік сызыққа қойылады. Аяқтан солға қарай өтетін күш әрекет сызығы ортақ күшті қызметке қосады, нәтижелік қозғалысқа әкеледі. Ол экцентрикалық итеру деп аталады. Серпілу фаза кезінде оң аяқ санына әрекет арқылы және сол аяқ қозғалыс арқылы бүгіліп, алға жоғары жылжуы дем алу фазасында тұруы жамбастың сағат тілімен көлденең бағытта айналуын туындатады. Осы итерілу сонымен қоса денені көтеріп бірақ керекті ортақ күшті әр адымда өту үшін керекті күшті жұмсайды және алға жылжытады. Ньютонның 3 –ші заңы бойынша: әр әрекетке сонда істен қарама – қарсы бағытты әрекет қажет денені алға жылжыту раекциясын жер өзіне сіңіріп отырады. Итерілу кезінде қандай болатын бұрылу реакциясын дененің жоғарғы жағы өзіне сіңіріп алады. Сонымен жанбас сағат тілінде тік бағытта бұрылса дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық) сағат тіліне қарама – қарсы қозғалады.
Қолдың және иықтың қозғалысы. Дененің жоғарғы жағы (қол, дене және иық, аяқтың эксцентрикалық раекциясын сіңіріп қарама – қарсы қозғалыс жасайды). Оң қол және иық алға қозғалады (және артқа) оң аяқпен белге, ал сол қол иық артқа және алға оң саусақпен бірге қозғалады.
Тақырып: 1.3 Секіру әдісінің негізі.
Секірулерді анықтау. Секіру фазалары. Екпін алу, итерілуге дайындалу, итерілу,ұшу, түсу. Итерілу механизмі сермелген аяқтың қозғалысының маңыздылығы колдың және итерілудің нәтижелігі дененің түзетілуі.
Екпін алу және итерілуге дайындалу қозғалыстың басынан бастап итерілетін аяқтың жерге қойылуымен белгіленеді.
Итерілу. Итерілетін аяқтың жерге қойылу моментінен итеріліп жерден алу сәтіне дейін.
Ұшу – итерілетін аяқтың жерден алу сәтінен жерге түсу моментіне дейін
Түсу – жерге түсу моментінен дененің қозғалуын толық тоқтаумен белгіленеді.
Екпін алу және итерілуге дайындалу
Секірулердің барлық түрлерінің екпін алуында өз ерекшеліктері және жалпы белгілері бар. Екпін алудың негізгі максаты денеге екпін алу жылдамдығын беру, ол әдіс түріне байланысты. Секіруші секіру және итерілу фазасына оптималді (нәтижелі) жағдай туғызу. Екпін алу қозғалысы циклдік жүгуру, итерілуге дайындалудан басталады, бірақ жүгіру қозғалысы екпін алу қозғалысынан айырмашылығы бар
Итерілу – секірулердің негізгі фазасы. Оның ұзақтылығы итерілетін аяқтың жерге қою моментінен, жерден алу моментіне дейін. Итерілу фазасын екі бөлікке бөлуге болады: жасаушы және шығарушы.
Секірушінің Б.О.М.(біліктің ортақ массасы) итерілетін аяқтың жерден алу моментімен белгіленеді және оған байланысты.
Екпіналу жылдамдығының көлденең тепе-теңдігімен.
Бұлшық еттер қуатымен
Осы күш әрекетінің уақытымен
Итеретін аяқтың қою бұрышымен
Ұшу. Бұл секіру фазасының толық әрекеті, қозғалу тірексіз жағдайда өтеді; сырықпен секіруде, ұшу екі бөлікке бөлінеді: тірек және тірексіз.
Түсу. Әр секіру жерге түсу фазасымен аяқталады. Әр секірушінің бірінші кезекте көздейтіні өзіне қауыпсыздықты қамтамассыз ету, әртүрлі жарақаттардан сақтану.
Секіруші жерге түскен сәтте денесі қатты соққыны сезеді, ол тек дене тізбегімен жіктелмейді, сонымен қоса дистальді, басқа дене бөлшектеріне де әсер етеді. Жұмсақ жерге түсу үшін, сүйір бұрышпен түсіп және үлкен аралық жасау керек.
Тақырып: 1.4 Лақтыру әдісін жіктеу.
Жеңіл атлетикада лақтырудың төрт түрін атап өтуге болады, олардың орындалуы көлеміне және снарядтың массасына байланысты. Лақтыру екі топқа бөлінеді:
1)аэродинамикалық ұшуы байқалмайтын лақтыратын және итеретін снарядтар
2) аэродинамикалық ұшуы байқалатын снарядтар
Әдістің негізінің айырмашылығы снарядтың бастапқы жылдамдығының ұшу бұрышына байланысты.
Жеңіл атлетикалық лақтырулар негізінен бір актілі немесе ациклдық жаттығу. Лақтырушының сыртқы көзбен қарағанда қозғалысы әр түрлі, бірақ оларға тән нәрсе ол снарядқа ең жоғарғы ұшу бұрышын қамтамассыз ету.
Тақырып: 1.5 Секіру әдісінің негізі.
Сауалнама:
1. Кіріспе
2. Биіктікке, ұзындыққа секіру әдісінің негіздері
Тапсырмалар:
1. 5-6 адым жерден қайшылау әдісімен таяқшадан өтуді қайталау
2. 6-8 адым жерден қайшылау әдісімен секіруді шыңдау
3. 4 немесе 6-8 жүгіру адым жерден аспалап секіру әдісін шыңдау
4. Орында тұрып биіктікке (Фосбери-флоп) әдісімен секіруді орындау
5. 1-3 адым жерден Фосбери-флоп әдісімен жіптен секіріп өту
6. Фосбери-флоп әдісін меңгеру үшін екпінмен жүгіріп өту
7. 4 немесе 6-8 адым жерден екпін алып итерілуді орындау
8. 6-8 адым жерден екпін алып Фосбери-флоп әдісін жетілдіру
9. Жылдамдық күш сапасын дамыту. Әр қалыпта тұрып орыннан ұзындыққа секіру
10. Екілік, үштік секірулерді орыннан тұрып орындау
11. Ұзындыққа аяқты бүгіп секіру әдісін еліктеу қозғалысын орындау
12. 6-8,12 адым жүгіру адымымен ұзындыққа аяқты бүгіп секіру әдісін жетілдіру
13. Екпінмен жүгіріп ұзындыққа “қайшылау” әдісімен секіруді орындау, еліктеу қозғалыстарын орындау

Тақырып: 1.6 Граната, найза лақтыру әдісінің негізі
Сауалнама:
1. Найза лақтыру әдісінің негізі (кіші доп және граната)
Тапсырма:
1. Орта және ұзын қашықтықтан жүгіріп, жалпы шыдамдылықты дамыту
2. Жалпы және арнайы жаттығуларды найза лақтыруы еліктеп орындау
3. Кіші доп, граната ұстау әдісін жетілдіру
4. Найзаны ұстау және ығыстыру әдісін машықтандыру
5. 5-10 м аралықтан найзаны нысанаға тигізу
6. Лақтыру адымының әдісін еліктеу, қайшылап орындау
Тақырып: 1.7 Спорттық жүру техникасын жіктеу
Сауалнама:
1. Спорттық жүрудің қысқа тарихи шолу
2. Спорттық жүру әдісі
3. Спорттық жүру әдісіне үйрету
Тапсырма:
1. Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін жіктеуден сынақ тапсыру
2. Қысқа қашықтыққа жүгіруден практикалық белгіленген межені тапсыру
3. Екі екіден эстафеталық таяқшаны беру әдісін шындау
4. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін жүгіру кезінде шындау; орта және жоғары жылдамдықпен
5. Эстафеталық таяқшаны шеңбер бойымен жүгіріп төмен беруді шыңдау
Әдістемелік нұсқау
1. Жүгіру – ең қарапайым спорттың түрі, одан жарыс ерте заманнан өтіп келеді. Жүгіру ертеден олимпиадаларда, қазір де танымал белсенді барлық мемлекетте дамыған спорт түрі.
Жүгіру әдісінде елеулі қателік денені алға шамадан көп еңкейту. Осы қалып санды алға жоғары көтеруде ауыртпалық тудырады және аяқты жерге қойғанда тежеу күшін тудырады. Денені шамадан көп еңкейту пайда болуы, итерілген аяқтың саны артқа тастауынан туындап бізге белгілі итерілгеннен кейін сан артқа қозғалыс жасамай төмен алға қозғалыс жасау керек. Осы елеулі қателікті тудырмау үшін, тізені жоғары көтеріп жүгіру, бірте – бірте адымды ұлғайтып жедел жүгіруге көшу. Кейбір жағдайларда бұл қатені жөңдеу үшін қолды алды – артқа, жоғары жедел қозғалтып, сәл басты артқа тастауға көмектеседі.
Екі аяқты параллель сызыққа қойып жүгіруді түзу сызықпен бірнеше рет жүгіру арқылы түзеуге болады. Жүгіру әдісін меңгергенде – әсіресе қысқа қашықтыққа жүгіргенде осы қатені жөңдеген абзал. Әдіс жағынан дұрыс жүгіру Д.О.М жанына қарай шайқалтады, итерілу бағытының нәтижелігін нашарлатады. Үйрету кезінде қолдың қозғалуында ереулі жетіспеушілік байқалады. Олардың көпшілігі дұрыс дағдының қалыптаспауынан туындаған. Жүгіру кезінде қолдың қозғалысында мынандай қателіктер байқалады, қолды денеден алшақ ұстап қозғалту, иықты көтеріп жүгіру, әлсіз шынтақты жанына қарай қозғалту. Осы елеулі қателіктерді жөңдеу үшін орындау. Осы жаттығулардан басқа, жүгіру кезінде тұрақты қозғалысы туралы еске салып отырған, әдісті меңгеруде өз нәтежесін берді, (мысалы 100м жүгіргенде Бейжин олимпиадасының чемпионы Усайн Болт қолын жедел қозғалтқаннан, мәреге жеткенде қолын зорға көтерген), бұнда қолдың қозғалуының маңыздылығы айтылған.
Қысқа қашықтықтың классикалық түріне 100, 200,400м және 4х100, 4х400 эстафеталық жүгірулер жатады.
2. Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісі
3. 6. тақырып. Кросстық жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдісі.
Кросстық жүгіруден халықаралық жарыс 12 км өтеді. Кросстық жүгіру дегеніміз – дөңес, кедергілер кездесетін жүгіруді айтамыз. Дөңге жүгірген кезде табанның бас жағына қойылып аяқ жедел қойылады, адым қысқартылады. Бөренені өткен кезде табан үстінен нық қойылады. Құм жермен өткенде аяқ тез қоғалып көп күшті қажет етеді. Жалпы жүгіру әдісі орта ұзын қашықтықпен ұқсас.
4. Сөре және сөрелік қозғалыс Сөреге! деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей.
5. Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте- бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
6. Дистанция бойымен жүгіру, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығына және жедел адымға көшеді. Адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне байланысты, бойына аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігіне.
7. Аяқ жұмысы. Жүгірудің негізігі элементтері – артқы аяқтың итерілу моменті (сәті) жүгіру жылдамдығы итерліу күш-қуатына және итерілу бұрышына байланысты. Итерілу тек алға бағытталып, дененің бүгілумен үйлестіріледі. Әдісті жіктеу үшін бейне материалдар қолданылады. Жіктеуде мына шарттарды орындау керек: итерілетін, сермелетін аяқтың қозғалысы итерілу, ұшу фазасында жүгірушінің дем алуы, санның бір-біріне таяп алшақтауы, табанның жерге қойылып итерілуі.
8. Қол қозғалысы. Қол қозғалысы аяқ қозғалысымен үйлесімді ырғақты қозғалуда болады, қол тепе-теңдікті сақтап отырып, жылдамдықтың азайюына, көбеюіне өз үлесін қосады. Жүгіру кезінде қол шынтақтан бүгіліп, тік бұрышты тәріздес саусақтар бос сәл қосылған. Қол қозғалысы босаңқы алға қозғалғанда иек тұсына мөлшеріне дейін артқа қозғалғанда сәл сырт жаққа бағытталады.
9. Мәре және жүгіруден кейін тоқтау. Мәрелік жылдамдық қашықтықтың соңғы бөлігіне дейін жүгіруді талап ете отырып, адым жылдамдығының шапшаңдығын, қолдың жедел қуатты қозғалысымен денені алға еңкейтумен тартысты жағдайда денені мәре сызығына тастаумен сипатталады.
10. 7 тақырып. Қысқа қашықтыққа жүгіру әдісінің негізі және үйрету әдістері.
11. Қысқа қашықтыққа жүгіру - жеңіл атлетиканың көп тараған түрі. Қысқа қашықтыққа жататын жүгірудің классикалық түрлері: 100м, 200м, 400м; Эстафеталық жүгіріс 4х100, 4х400 метрлік болып келеді.

2 сурет

12. Жеңіл атлетика манежінде 60 метрге, эстафеталық жүгіріс 4х400 шеңбер, әйелдер арасында 4х100, 4х400 шеңбер бойымен жүгіреді. Қысқы қашықтыққа жүгіру үшін бойдағы барлық қуатты аз уақытта тиімді пайдалану қажет. 100 метрге жүргізу кезінде кейбір қашықтықтық аралығында әйелдер 11,6 мс жылдамдық көрсетеді, ал ерлер 10,6 мс бұл жүгіріске тән нәрсе аяқтың қуат күшімен жұмыс істеуі, өте жедел қимыл жасау, сонымен қатар бұшық етті, буынды босаңқы күйінде сақтап жүгіру. Қысқа қашыштыққа жүгіруді төрт кезеңге бөлуге болады:
1. сөре жүгірудің басталуы
2. сөрелік қозғалыс старттық қозғалыс
3. қашықтық бойымен жүгіру
4. мәре финиш
Аласа сөре. Атақты жүгірушілер қысқа қашықтыққа жүгіруге арналған сөрелік тірегішті қолданады, оның көлемі әр түрлі болады. (2-суретте көп тараған сөрелік тірегіш көрсетілген)
Алдыңғы тірегіштің тұрақты бұрыш мөлшері 45-50о . Жарыс тәртібі бойынша әр спортшының өз тірегішін қолдануына рұқсат етіледі, оның құрылымы бұрыштарды өзгертетіндей етіп жасалады. Артқы тірегіштің бұрышын 50-60о дейін өзгертуге болады. Сөре сызығында тірегішті орналастыру мынандай түрге бөлінеді:
1.Әдеттегі сөреде алдыңғы тірегішті сөре сызығынан. 1-1,5 табан, ал артқы тірегішті сирақ ұзындығы мөлшерінде.
2.Таяу сөре кезінде артқы тірегіш алдыңғы тірегішке жақындастырылады.
3.Созылмалы сөре кезінде алдыңғы тірегіш сөре сызығынан алшақ қойылады.
Бірінші тірегіштің сөре сызығына қатысты қойылуы спортшының бойына және тірегіштің арақашықтығына байланысты. Тірегіштің дұрыс қойылуы, старттан дұрыс шығудың бірден-бір кепілдемесі. "Сөреге!" деген бұйрық берілгеннен кейін, жүгіруші тірегіштің алдына тұрып, еңкейіп алақанды жерге тірей, аяқтың, табаның алдыңғы тірегішіне қояды. Содан кейін жүрелеп отырып екінші аяқ табанының артқы тірегішіне қояды. Артқы аяқтың тізесін жерге тірейді, қолдарын сөре сызығына жеткізбей қояды, иықтың кеңдігіндей етіп саусақтарын жерге тірейді, үлкен бармақтар бір-біріне қарама-қарсы ал басқа саусақтар сырт жаққа қаратылып қойылады. Бұл кезде иық тура сөре сызығы үстінде одан сәл ғана алға шығып тұрады. Табан тірегішті сезіп, дене сығылмай бос болуы қажет.
Дайындал! бұйрығы берілгеннен кейін артқы тізені жерден көтеріп, денені сәл ғана алға қарай еңкейтіңкіреп жүгірушінің жамбасы, иық деңгейінен жоғары көтеріледі. Дене қандай өзгерісте болса да, екі аяқты тірегіштен босатпау қажет. Дененің ауырлық күші алдыңғы тірештен аяқ пен қол арасына бірдей түсіреледі. Денені жоғары көтерумен бірге баяу тыныс алып, жүгіруге даяр тұру керек. Осы кезде назарды берілетін дыбысқа аудармай, сөре сызығының қозғалысына аудару керек. Дыбыс берілгеннен кейін, жүгіруші денесін алға қарай ұмтылдырып, екі аяқпен бірдей серпіледі. Артқы аяқ тірегіштен серпіліп алға қарай қозғала бастайды. Одан кейін тірегішті аяқ жұмысқа қосылады. Алдыңғы тірегіштен серпілген аяқтың қозғалыс бұрышы әйгілі сприншілерге мынандай 32-440 (В.Борзов, Э.Фигорола, К.Льюис) ал төмен разрядты балларда 60-650. Тірегіштен қатты серпінмен шығу көбінесе артқы аяқтың жедел қозғалуына, оған қарама-қарсы қолдың алға шығуына байланысты. Ал екінші қол сермеліп артқа беріледі.
Сөрелік қозғалыс. Бірінші адым кезінде алдыңғы аяқтың табаны өте төмен мәре сызығын, жерге қойылады. Алдыңғы аяқтың серпелуі аяқталғанда дене мен бас бір сызықта болуы қажет. Тірегіштен бір бағытта, зор күшпен серпелуі мәрелік қозғалысты үдетуге көмек етеді. Адымның ұзындығы 40 метр жерге өсіп отыруы керек. Осы кезде қолдың жедел қимылы тез қозғалуға әсерін тигізеді. Адым ұзындығы өсуіне қарай жылдамдық та артуы керек. Жылдамдықтың өсуі арқылы дене бірте-бірте түзеле береді. Денені ертерек түзету, сөре қозғалысының жылдамдығын баяулатады.

3-сурет
Қашықтық бойымен жүгіру. Старттық қозғалыстан кейін жүгірушінің басты мақсаты адымды ұзарту, жедел қимыл арқылы жылдамдықты өсіру. Осы арада аяқты жиі қозғалтудың маңызы зор. Егерде аяқтың жиілігің тұрақты ұзындығы болмаса, жылдамдық төмендейді.
Адым жиілігі шаршаудың пайда болуынан төмендей береді. Жеделдікті ұзаққа сақтаудың бірден-бір кепілдемесі денені босата біліп, еркін жүгіру керек. Түзу сызықпен жүгіру, басы артық қимылдың байқалмауы үнемді техниканы көрсетеді. Жүгірушінің қозғалыс техникасын кинограмманы талдау арқылы сипаттама беріледі.
Жүгіруші тік қалпында байқалып тұр. Итеретін аяқ тізе мен табан буыны арасы бүгіліп серпілуге дайын. Осы кезде сермейтін аяқ сирақ буыннан бүгіліп тез алға қозғалып итеретін аяқтын зор күшпен жазылуына ісерін тигізеді. Итеретін аяқ жерден серпілгеннен кейін сермейтін аяқтың тізе буыны бір денгейге дейін көтеріліп бел сәл иіліп, жамбас алға жиылып, дене керекті бағытқа бағытталып тік, бос ұсталады, көз қиығы алға бағытталған. Итеру кезеңі аяқталғанан кейін ұшу кезеңі басталады. Жерден көтеріліп серпілген аяқ, сирақ буынынан бүгіліп төмендеп келе жатқан сермейтін аяққа қарай ұмтылады. Сермейтін аяқ түзу сызық бойымен табанның бас жағына ешқандай бұрылусыз қойылады. Сермейтін аяқтың тез төмендеп жерге қойылуы, тізе буынының толық жазылуына соқпауы қажет. Сонда ол дененің ортақ нүктесіне қойылады, сонымен қатар қозғалыс кезіндегі кедергіні азайтады, аяқ тез серпілуге дайын болады. Қолдың бүгілу бұрышы жүгіру кезінде әртүрлі өзгереді.
Ұшу бөлігі кезінде жамбас жедел бір- біріне жақындатылып отырады. Итерілген аяқ энергияға байланысты артқа жоғары қозғалады. Содан кейін аяқ тізеден бүгіліп, жамбас төмен - жоғары қозғалады, аяқ жолға табаннан қосылған кезде кедергі күштердің бәсендеуіне әсерін тигізеді. Спринттік жүгіруде табанды тік алға бір бағытта қоюды талап ету керек. Табан сырт жаққа бұрылып қойылса итерілу нашарлайды.
Мәре. Арақашықтық аяқталар кезінде жоғарғы жылдамдықты ұстауға күш салу абзал. Ақырғы адымда денені алға қарай еңкейтіп мөре сызығынан жүгіріп өту қажет. Ал, егерде бірнеше адым қалғанда спортшы секіріп өтетін болса, тепе-тендікті жоғалтып, кей жағдайда құлап қалуы да ықтимал. Жылдамдық өсудің орнына төмендейді. Жүгіруші мөреге қатар жеткен кезде тең сайыста еңкеюдің немесе иықты бұрудың маңызы зор. Осындай қозғалыс көбінесе жеңіске жеткізеді.
4. Эстафеталық жүгіру
Эстафеталық жүгіру бірнеше адымннан құралған команданың жүгіруі. Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру қысқа және орта қашықтыққа бөлінеді: (4х100 м. 4х400 м.) эстафеталық жүгіру жеке жолдармен басқа эстафеталық түрлер жалпы жолдарда өткізіледі. Мұндай эстафета – жүгіруде бірінші бөлігі немесе жартысын әр жолымен жүгіреді., содан кейін жалпылама жолмен жүгіреді.
Эстафеталық жүгірудің техникасы
Бірінші кезеңде жүгіру аласа сарттан басталады.
Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш саусақпен қысып тұрып, үлкен сұқ саусақ сөрелік сызыққа тіреледі. Сөрелік қозғалыс және қашықтықта жүгірудің жәй жүгіру техникасынан айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру ара қашықтығы 20 м. Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру. 4х100м жүгіруде былай беру қолайсыз. 2,03 және 4-ші кезеңдегі жүгірушілер таяқшаны беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және жоғары жылдамдықта қабылдау, бір дегенде жүгіріп өтуге назар аударады. Көбінде эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сөрелік сызыққа оң аяғын қойып, сол аяқ алда, оң қолды жолға тіреп, сол қолды артқа жоғары ұстап тұрады. Осы қалыпта тұрып жүгіруші сол иықтың үстінен келе жатқан командалық әріптесіне қарап тұрады бірінші кезеңдегі жоғары жылдамдықпен жүгіріп қабылдау ара қашықтығына 9-10м қалғанда 2-ші кезеңдегі жедел жүгіруді бастайды жолдың оң жағымен шапшаң жүгіре жөнеледі,таяқшаны беру аралығына 2-3 м қалғанда, 1ші кезеңдегі қуып жетіп таяқшаны нық алақанына салады. Ең әйгілі жел аяқтар осы 20м. Аралықта 2,0с, ал әйелдер – 2,2с көрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ 30м ара қашықтықты, ең жоғарғы жылдамдықты, үдетуге дағдылануы қажет.
Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде ХОП деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа қозғалып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға даярлайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса жақсы нәтежеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді.
5. Эстафеталық жүгіру әдісін үйрену.
Эстафеталық жүгіруді үйретпестен бұрын қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін үйренгеннен кейін эстафеталық жүгіруді үйреткен дұрыс. Оқытудың басты мақсаты дұрыс және белгіленген ара қашықтықта кідірмей тұра беру болып табылады. Мысалы: 1. Эстафеталық жүгіру әдісін көрсету, түсінік беру тәсілдері. 2. Эстафеталық жүгіру туралы түсінік беру. 3.Эстафеталық таяқшаны 20 м аралық жоғарғы жылдамдықта көрсету, түсініктеме жасау. 4. Әйгілі желаяқтардың эстафеталық таяқшаны қабылдау тактикасын кино құжаттары арқылы көрсету, түсіндіру. Мысалы: 2. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету, тәсілдері. 1. Эстафеталық таяқшаны төменнен беру әдісін түсіндіру. Орнында тұрып эстафеталық таяқшаны оң қолмен беруді үйрету. Қол жүгіріп келе жатқандай қозғалыс жасайды. 3. Қозғалыс кезінде оқытушының даусымен таяқшаны беру. Мысалы: эстафеталық таяқшаны қабылдаушының старттан жүгіріп шығуды үйрету.
Тәсілдер: 1. Бір қолды жерге тіреп старттан жүгіріп шығу 15-20м ара қашықтықта. 2. Бір қолды жерге тіреп старттан жүгіріп шығып жеке жолдың бұрлысынан кіру. 3. Старттан жүгіріп шығып жеке тік жолмен жүгіріп, жолдың бұрлысына кіру. 4. Әдістемелік нұсқау. 2-ші және 4-ші бөлікті жүгіруші жолдың сыртқы жағымен жүгіріп, ал 3-ші бөлікті жүгіруі, жолдың ішкі жағымен жүгіру дұрыс болып есептеледі. Мысалы: 4. Жоғарғы жылдамдықпен 20м арақашықтықта эстафеталық таяқшаны беруге үйрету. Тәсілдер: 1. Жоғары жылдамдықпен жүгіріп, белгіленген арақашықтықта таяқшаны беру техникасы 12-3 4 жылдамдықпен үйретіледі, содан бірте – бірте жылдамдық қолданылады.
3.Ұзындыққа секіру әдіснінң негізі және үйрету әдістері
Жүгіру (екпін алу)
Жүгірудің мақсаты – қозғалысты бақылауға ала отырып, жоғарғы жылдамдыққа жеткізу.
Мықты спортшыларда жүгіру адымдардың саны 38 – 39 м ұзындықта 18 – 24 – ге жетеді, әйелдерде 32 – 42 м ұзындықта 16 – 22 – ге жетеді.
Спортшылардың арнайы жүгіру дайындығының дәрежесін, көбінесе, жүгіру кезіндегі неғұрлым көп жүгіру адымдарын анықтайды. Арнайы жүгіру дайындығының денгейіне ұзындық мен жүгіру жылдамдығының байланыстылығы.

Сөреден жүгіру,с. Екпін алу ұзындығы, екпін алу жылдамдығы жүгіру адымы мс.
40 м. 100 м. Ерлер әйелдер
5,7±0,1 13,0±0,3 12±2 14±2 7,5±0,3
5,5±0,1 12,5±0,3 14±2 16±2 8,1±0,3
5,3±0,1 12,0±0,3 16±2 18±2 8,6±0,3
5,1±0,1 11,5±0,3 18±2 20±2 9,2±0,3
Жүгіру дәлдігі стандартты ұзындықпен жүгірудің барлық бөліктерінде жүгіру адымдарының қарқынын 3,1% азайтуға байланысты (С. Монастырев, 1987).
Жүгірудің алғашқы жағдайы маңызды роль атқарады, ол секірушінің жағдайымен іс – қимылының тұрақтылығымен сипатталады. Жүгірудің алғашқы варианты бірнеше түрлі (орыннан жүгіріп келіп, т.б.). Орыннан – бір аяғы алда және жеңіл жүгіру арқылы қозғалыс жасау неғұрлым көп қолданылады. Жүгірудің орта тұсында бірте – бірте тіктеліп, (75-80◦) қолмен аяқтың амплитудасы арта түседі. Жүгірудің соңында дене тік қалыпқа көшіріледі. Сонғы адымға дейін жүгірудің дұрыс техникасын сақтау, итерілу кезінде серпілу сезімін және қозғалғанда өзіне – өзі бақылау жасай білу аса маңызды. Тәжірибелі секірушілер жүгірудің сонғы 3 адымында қозғалыс қарқынын арттыра түсумен сипатталады.
Бүгінгі таңда жүгірудің төрт варианты қолданылады: жүгірудің бүкіл өне бойында бірте – бірте арттыру: тез, жедел, бастау, орта тұста сенімді жүгіру және жүгірудің соңында жылдамдықты арттыра түсу: тез, белсенді басталу, содан кейін орта тұста жылдамдықты үдемелеп арттыру, қозғалу амплитудасын арттыру және жүгірудің соңында жылдам жүгіріп өту.
Жүгірудің барлық варианты ерлерде 10, - 11мс., әйелдерде 9,0 -10,0 мс. Жылдамдықты арттыруға болады. Неғұрлым тиімді дегенмен итеруге қиын тиетін – төртінші вариант.
Жүгірудің соңғы адымдарында итерілуге дайындық жүреді ол итерілудің алдындағы соңғы адымда жайлап отырумен сиппатталады. Бұл дене массасының жалпы орталығын төмендетуге және сол арқылы сапалы итерілуді орындауға алғы шарттар жасайды. Отыру қозғалыс динамикасына кері әсер етпеуі үшін, секірушілер соңғы адымда күш түсетін өкшемен итеріліп, жанбасты алға қарай жіберулері керек. Сөйтіп, дененің итерілудің алдында шамалы иілуі (2 – 4◦) иықты артқа жіберу мен емес, иықты басып озып, жамбасты алға жіберумен жүзеге асырылады.
Соңғы адымның ұзындығы ерлерде оның алдындағыдан 15 – 20см., әйелдерде 5 – 10см., қысқа болуы керек. Кейбір секірушілер соңғы екі адымды бірдей ұзындықта сақтап, тіптен соңғысы оның алдындағыдан артық болуы да мүмкін.
Итерілу
Көптеген секірілушілер аяқты итеруде өкшемен жүзеге асырады, немесе бұл жағдайда өкшенің жолдан сырғануы 2 – 5см болады.
Аяқты жерге қойғанда секіруші бұрышты параметрмен, 128 табл көрсетілген жағдайда ұстайды. Содан кейін 0,013 с.тірелу реакциясының күші тез – ақ пайда болады. ( Ол 800 +150 кг. Дейін жетіп, 0,020 с. соң 250 + 50 кг.дейін төмендейді.
Осы сәтте секіруші итерілгенде қозғалыс инерциясының күшімен және сермелетін буындармен (қол және бас аяқ) жолға күш түсіреді. Бұл аятың буындарында иілуіне және аяқтың бұлшық еттерінің созылуына мүмкіндік береді. Бұлшық еттердің созылуы мистикалық рефлекс механизм бойынша бірте – бірте қысқарады. Бұл жағдайда гинетикалық энергияның бұлшық еттер арқылы ипотенциялық энергиясы пайдаланылады.
Амортизация жағдайында тізе буынында бұлшық еттер неғұрлым күш туғызады. Итерілген аяқты бүгу кезінде тілерсекке күш түседі.
Кесте 128. Ұзындыққа секіруде итерілудің негізгі бұрыштық параметрлері.
Итерілудің бұрыштық Итерілетін аяқтың Тік моменті Итерілетін аяқты
параметрлері жолға қою моменті жолдан алу моменті
Итерілетін аяқты
қою бұрышы 66±3 - -
Тізенің бүгілу
Бұрышы 172±5 142±4 174±5
жанбас буындарының
бүгілу бұрышы 165±5 153±5 195±5
Жанбас араларының
Бұрышы 38±5 38±12 106±5
Ұшу бұрышы - - 21±2
Аяқ барлық буындарда бүгілгеніне қарамастан, амортизация кезінде дене массасы жалпы орталығының қозғалыс траекториясының төмендеуі болмайды, өйткені итерілген аяқ төңкерілген маятник бойынша тізе буынына салыстырғандай айналады. Соның нәтижесінде ДМЖО (ОЦМТ) 87% болып қалған 13% итерілген аяқтың бүгілуіне сай келеді.
ҰШУ
Секіруші итерілгеннен кейін ұшу бөлігіне енеді де, ДМЖО – ның траекториясын баллистикалық қисық бойынша өткереді .секірудің ұшу бөлегінде секірушінің барлық қозғалыстары теңдікті сақтаумен және тиімді жерге түсуді орындауға бағытталған. Секірудің қашықтығы ұшудың бастапқы жылдамдығы мен қамтамасыз етіледі, ол таңдаулы секірушілерде 9,2 – 9,6 мc. құрайды.
Итерілу кезінде бағытты өзгерте отырып, секіруші қажетті ұшу биіктігіне көтеріледі.
Секірушінің ұшу кезеңін көтерілуге, қозғалыспен ұшуды жалғастыруға (секірудің үш түрінің біріне сай келетін – аяқты бүгіп , иіліп және қайшылау ) және жерге түсіуге бөледі.
Секірудің барлық тәсілдердің көтерілу негізінен бірдей болады. Итерілгеннен кейін итерілген аяқ біршама артта қалдырылып, жанбасты алға қарай қозғалту есебінен бүгіле бастайды.
Қол итерілгеннен кейін бір шама төмен түсіріліп, тік қалыпқа ие болады да, теңдікте сақтайды. Дене итерілгеннен кейін жағдайда болады. Осы өтпелі жағдай ұшу адымы деп аталады. Ол секіру ұзындығының бірінші ширегіне дейін сақталады. Ұшу адымы аяқты бүгіп иіліп немесе қайшылау әдістерін орындауға алмасады. Секірудің ұшу тәсіліне сәйкес ұшу адымы бірқатар ерекшеліктерге ие болуы мүмкін, бірақ қозғалыстың негізгі құрлымы адымдауға өзгеріссіз.
Алға қарай адымдауды болдырмау үшін секіруші итерілгеннен кейін жанбасты алға қарай жіберіп, денені сәл ғана артқа итеруі керек, бұл жағдайда бір немесе екінші қолмен артқа жоғары қарай қозғалыс жасалуы және серпілген аяқты түзету керек, содан кейін төмен түсіру қажет. Секіруші кез келген жағдайда ұшу адымында басталған басқа қозғалыстар мен қатар, жанбасты аздап алға қарай жіберуі керек. Егерде осындай қозғалыс қалыптағыдай болса, онда секіруші теңдікте сақтай отырып, уақыттан бұрын жерге түсіуден құтылады. Секіруші ұшу кезеңнің басында осы қозғалысты игере отырып, ұшудың сәттілігіне қол жеткізумен қатар, итерілуді батыл орындайды.
АЯҚТЫ БҮГІП СЕКІРУ ӘДІСІ
Бұл әдіс өте қарапайым және қолдануға қолайлы, өйткені ол алғашқы сәттен – ақ қолданылады. Жаңадан секірушілер алдын ала көрсетпей – ақ, ұзындыққа секіруде осы тәсілді қолданады. Адымдау жағдайында итерілгенен кейін артқа қалдырылған аяқты алға қарай тартып, екі аяқты да кеудеге жақындатуы керек. Денені бұл жағдайда алға қарай июдің қажеті жоқ. Жерге түсер алдында шамамен 0,5 м. дейін аяқтар түгелдей тік қалыпқа көшіріледі. Қол басталған қозғалысты жалғастыра отырып, алға – артқа қарай түсіріледі. Осы қозғалыс жерге түсер алдында тізені дұрыстауға және тұрақтылықта сақтауға мүмкіндік береді. Секірудің елеулі кемшілігі, ұшқаннан кейін алға қарай айналу сәтін ұлғайту болып табылады. Итерілуден кейінгі аз ғана мөлшердегі айналу елеулі түрде күшейеді. Аяқты бүгіп және еңкейгенннен кейін, секіруші айналу радиусын азайтып, бұрыштық жылдамдық пен айналу сәтін арттырады, соныңсалдарынан тұрақтылығын жоғалтады. Тұрақтылықты жоғалпаудың алдын алу үшін, денені тіктеу мен қолды жоғары көтеру бұл тәсілде ұзындыққа секіруді барлық барлық тәсілдеріне қарағанда тиімсіздеу.
Иліп ұзындыққа секіру тәсілі
Бұл секіру мынандай жағдайда орындалады: адымдап келіп ұшқан секіруші серпілген аяқты төмен - артқа түсіріп, осы сәтте сәл ғана алға қарай жылжыған итерілген аяққа қосады. Сөйтіп, екі аяқта біршама артта қалдырылып, серпілген аяқ түзетіледі, ал итерілген аяқ тізе буынынан иіледі.
Сол сәтте бөксе алға жылжып (ДМОК салыстырғанда) секіруші бел және кеуде тұсынан бүгіледі. Бұл қозғалысқа жартылай бүгілген қолды екі жағына немесе артқа – жоғары қарай жіберу жағдай туғызады. Иілген секіруші шамамен ұшу жағдайының жартысын ұшып өтеді. Осындай жағдайда секіруші бір сәттік үзілісті сезінеді.
Дененің созылған бұлшық еттері әдемі иілуге мүмкіндік береді және жерге түсу үшін аяқты жеңілдетеді. Тізеден бүгілген аяқтар тез артқа алға қарай жіберіліп, дене алға қарай иіледі, ал қолдар алға – артқа қарай түсіріледі.
Егерде секіру техникасы жетілдірілсе, итерілу техникасы бұзылмастан орындалып, ұшу кезіндегі иілу мен жерге түсу дайындалу өз уақытында орындалады, орлай болса бұл тәсіл неғұрлым тиімді.
Қайшылау тәсілімен ұзындыққа секіру тәсілі
Бұл секірілу жүгіріп келуден итерілуге ауысуда және ұшу жағдайындағы қозғалыста адымдау қадамының құрылымын үйлестіру есебінен неғұрлым тиімді. Қайшылау аты қозғалыс сипатын толық бере алмайды. Ұшу кезінде тіктелген аяқпен бір – біріне қарама – қарсы қозғалыс болмайды. Секіру кезінде аяқтар 2 (қарағанда) 3 адымдау жағдайындағыдай бірақ неғұрлым еркін және серпілмелі қозғалыс жасайды. Сондыұтан бұл тәсілді ауадан жүгіру деп атайды.
Содан кейін сол аяқ серпілетін өте бүгілген жағдайда жоғары артқа қарай жіберіліп, жерге түсер алдында түзетіліп, итерілетін аяққа қосылады.
Аяқ алға қарай жіберілгенде дене алға қарай енкейеді.
Адымдап келіп ұшқаннан кейін қолдар жоғары көтеріліп, әр түрлі шеңберлі қозғалыстар арқылы теңдіктер сақтайды. Серпірілген аяқ жерге түсірілгенде сол аяқ), оң қол шынтақ тұсынан түзетіліп, жоғары көтерілу арқылы артқа жіберіледі. Бүгіген басқа қол итерілудің соңында түзетіліп, содан кейін жоғары жіберіледі. Аяқты алға қарай жібергеннен кейін қол төмен түсіріліп, дене бүгіліп, жерге түсумен аяқталады. Секірудегі барлық қозғалыстар табиғи түрде жасалып, бірінен кейін бірі жалғасады.
Жерге түсу
Жерге дұрыс түсу алысқа секіруде үлкен маңызға ие. Көптеген секірушілер жерге дұрыс түспеу салдарынан өздерінің тиісті нәтежелеріне жете алмайды. Секірудің барлық тәсілдеріне топталу, жерге түсуге дайындалу ұшу траекториясының хордасын аттамастан бұрын басталады, бұл жағдайда дене массасының жалпы орталығы өзінің бастапқы денгейіне жетеді, яғни итерілген сәттегі биіктікке деңгейлес келеді. Жерге түсуге дайындалу бірінші кезекте жанбасты көтеру мен, тізені кеудеге жоғары көтеріп, денені неғұрлым июмен қамтамасыз етеді. Сирақтар бұл жағдайда төмен түсіріліп, қолдар жоғары артқы жағдайда болады. Осв ерекшеліктер жерге түсер алдында орындалуы керек. Аяқтарды бүгу және оларды ұстап тұру құмға түсер алдында орындалады. Жерге түсер алдында өкше бөкседен сәл төмен болуы керек. Дене бұл жағдайда көп иілмеуі қажет, өйткені ол аяқты неғұрлым жоғары көтеруге кедергі келтіреді. Шынтақтан бүгілген қолдар жоғарғыдан төмен түсірііп, төмен сәл ғана артқа қарй жіберіледі. Табан жерге тиісімен аяқтарды тізеден бүгілу басталады. Бұл жерге түсер кездегі соққыны жеңілдетеді де, дене массасының жалпы орталығының кедергіден өтер кездегі қозғалысына мүмкіндік береді.
Жерге түсуді орындай отырып секіруші бөксе мен аяқтарды белдің тұсынан бүгіп, сәл ғана алға қарай жіберіледі. Жерге түсуден басқа – топталып түсу әдісінде аяқты жоғары көтеріп, бір мезгілде денені алға қарай бүгеді. Секірушінің денесі неғұрлым бүгілетін болса, бөксе жанбас тұсы соғұрлым артқа жіберіледі, ол аяқта ұстап тұруға қиындық тудырады. Сондықтан топталып түсу әдісінен секіруші жерге түскенде тиісті жерге түсу нүктесіне жақындай алмайды. В.М Дьияковтың мәліметіне қарағанда 25 см жуық жоғалтады.
2. Жүгіріп келіп, биіктіккеФосбери-флоп әдісімен секіру
Доға үлгісі бойынша жүгіріп келіп орындалған Фосбери – флоп техникасын талдау итерілген кезде жүгірудің орталық күші пайда болатынын көрсетті. Міне бұл тәсілдердің айрықша ерекшелігі осында.
Жүгіріп келіп биіктікке секіру – бұл спорттың күрделі түр.
Оны сипаттап шығу үшін мынандай негізгі құрлымдық салаларға бөлуге болады. Екпін алу, итерілу және белдеуден өту.
Екпін алу. Биіктікке секірудің табысы секірушінің жоғары жүгіру жылдамдығына жетуіне байланысты, ол итерілудің қуаты мен ұшудың бастапқы жылдамдығының артуына жағдай туғызады. Жүгіруді орындау барысында қозғалатын аппаратты (аяқ жаттықтыру) тиянақты дайындау, жылдамдықты бірте – бірте арттыруды қамтамасыз ететін және дененің итерілу үшін қолайлы жағдай туғызу аса қажет.
Жүгіру алғашқы бетте түзу, содан кейін үш ағымдық доға бойынша жүгіру неғұрлым жоғары жылдамдықпен жүгіру кезінде өте тиімді. Бұл жоғары жылдамдықпен доғаның қисықтық шағын радиусы кезінде орталық жүгіру жылдамдығы ратып, итерілудің тиімділігін төмендететін артық күш жұмсалатындығы мен түсіндіріледі. Жүгірудің жоғары жылдамдығы адамдардың санымен тығыз байланысты болады. Жүгіру ұзындығы 9 – 11 жүгіру адымын құрайды да, жүгіру алдын ала 3 – 4 адым жасағаннан кейін орындалады. Жүгіру сөреден денені енкеійтуден басталып, иық пен бас шамалы алға жібертіледі. Адым сөреден басталып, бүкіл жүгіру бойында табанның ұшымен орындалады. Жүгіру техникасы ұзындыққа секіруге жүгірудің техникасына ұқсас келеді. Жүгіру техникасы сөреден басталып бірте – бірте ұлғайып арта түседі. Жүгіру жылдамдығының жоғарғы денгейі соңғы 6 адымда 7,9 – 8,2 мс. құрайды, ал ең соңғы адымда жылдамдық азайып, итерілетін аяқ жерге жанасар сәтте 7,7 – 7,8 мс.болады.
Фосбери - флоп әдісімен жүгіру ерекшелігі – оны соңғы 3 – 5 адымға жуықтау болып табылады. Бұл жағдайда орталық күші пайда болып, оның шамасы жүгіру жылдамдығына, секірушінің соңғы адымдарында доға бойынша қозғалуына, сонымен бірге, секіруші денесінің массасына байланысты болады. Секіруші орталық жүгіру күшіне қарсы әрекет ете отырып, денесін жүгіру доғасының ішкі жағына қарай еңкейтуі керек.
Доға бойымен жүгірген кезде қолдар ассиметрия қозғалады.
Бұрылуға кіріскен сәттен бастап, сермелетін аяқ жақтағы қол артқа қарай жіберіледі, ал доғаның орталық нүктесіне жақын қол алға, шамалы ішке қарай босатылады.
Көтерілген деректер жүгіруші қозғалысының сермелу құрлымы жүгірудің соңына таман жылдамдықты ұдайы арттыруға байланысты құрылатының көрсетті.
Жүгірудің ең бір маңызды кезеңі итерілуге дайындық болып табылады.
Сермелетін аяқты қойған кезде сирақтың итерілуіне, қозғалыстың бәсендеуіне және итерілетін жағдайға дайындық кезінде сермелетін аяқ қимылы бәсеңдейді.
Аяқтың табаны мен сермеп итерілу итерілетін адым алдында қозғалысты арттыруға жағдай жасайды және жерге итерілетін аяқты дұрыс қоюды қамтамасыз етеді.
Сермелетін аяқ арқылы өту итерілуді орындауға дайындық кезіндегі басты шарттардың бірі болып табылады. Секіруші сермелетін аяқ арқылы өткенде дене тік сақталады. Фосбери – флоп әдісімен секіргенде тік жағдайда сермелетін тізе буынының бұрышы 100 – 150%ке тең аударылу тәсілінде 90 – 95%. Итерілу адымының алдындағы құрылым өзгерісі болған кезде, аударылу тәсілінен бөлек фосбери – флоп әдісімен секіргенде итерілу арнайы қозғалыс өзгерісіне қажет етпейді де, оны орындау жүгіру барысында жүзеге асады.
Итерілу. Итерілу итерілген кезде ұшудың ең жоғарғы жылдамдығын қамтамасыз етіп, қолайлы бұрыш жасау керек және белдеуден тиімді өту үшін секірушінің өзіне қолайлы жағдай туғыза білуі басты шарт.
Итерілетін жерде аяқпен адымды кең жасап, өкшеге салмақ түсірместен, табанға тұтастай күш салып жүгіру қозғалысымен жүзеге асырылады. Итерілу өкшеге салмақ түсірілмей орындалса, онда ол тез әрі сәтті жүзеге асады.
Тірелетін аяқтың бұлшық еттері жиырылғанда серпілмелік жағдайында бұлшық еттер сол күшке орын беретіндей сипатқа ие болады. Итерілген кезде бұлшық еттер міндетті игеру қасиетін иемденеді. Бұл жағдай неғұрлым маңызды болып саналады. Өйткені оның параметрлері сонғы сәтте дене массасының жалпы орталық нүктесінің ұшу бұрышын анықтайды. Тізе буынындағы аяқты итерілетін жерге қойғанда 160% - тен аспайды. Итерілетін аяқты қойғаннан бастап, тізенің буыннан бүгілу басталады. Итерілетін аяқтың тізе буынындағы бүгілу бұрышы 140 – 141% болады. Серпілу жағдайын орындау уақытын азайту (0,07 – 0,085с.), сермеліп итерілуді неғұрлым тез орындауға мүмкіндік береді. Итерілу секірушінің бүкіл денесінің өзара қимылы үйлескенде орындалады. Тізенің, белдің тез бүгілуі іске асырылып, сермелетін аяқпен қолды тезірек сермеу және денені жоғары қарай көтеру әрекеттері орындалады.
Итерілетін аяқты жерге қойған жағдайда дене массасының жалпы орталық нүктесінің өсу көрсеткіші аударылу тәсіліне қарағанда 4 – 5 см. жоғары тұрады. Алайда фосбери – флоп әдісімен секірушінің итерілуі сәтті аяқталған тұста дене массасының жалпы орталық нүктесі аударылу тәсілімен секірушіге қарағанда 3 – 4 см.төмен болады.
Фосбери – флоп тәсілімен секірушінің тік аяқпен сермелуді орындау кезіндегі соққы күші 400 – 500 кг. Аралығында өзгереді. Ал бүгілген аяқпен сермелгенде, ол ұзақтағы жағынан да азайып, 250 – 400 кг. болады. Фомбери – флоптың классикалық тәсілінде күші 70 – 80кг. ға жетіп, ал тік аяқпен сермелуді орындау тәсілінде  120 – 140 кг болады.
Сермелу қозғалысы итерілудің сермелу күшіне және ұшу жағдайында дене массасының жалпы орталық нүктесінің ауысуына ықпал етеді. Итерілген кезде қолдың екі тәсілі пайдаланылады. Бірдей алып жүру және ассимметриялы алып жүру. Екінші тәсіл неғұрлым тез итеріледі. Дегенмен бірінші және екінші тәсілдерде де қолмен және аяқпен сермелу бір қалыпты орындалып, иықты алға қарай жіберумен аяқталады. Итерілудің ортасындағы күш негізінен сермелу буынының инерсиялық есебінен құралады. Бүгілген аяқты сермеу жағдайында тірелу реакциясына сермеу буындарының жалпы ықпалы аяқтың тік жағдайына қарағанда артық болады. Итерілуге кірісер сәтте денеге орталық жүгіру күші әсер етеді. Ол елеулі күш құрып, секіруші денесінің тік жағдайына горизонталь жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Дененің горизонталь (көлбеу) жағдайға ауысуына мүмкіндік береді. Дененің горизонталь жағдайы иықтың белдеуге қарай қозғалуы есебінен ғана емес, бөксені жоғары қарай иықпен салыстырғанда тез ауыстыру есебінен болуына талпыну қажет. Жүгіру жылдамдығы неғұрлым жоғары болса ұшу бұрышы да, соғұрлым аз болады. Фосбери – флоп әдісімен секіргенде ұшу бұрышы 50 – 60◦ қа дейін жетеді.
Белдеуден өту. Белдеу жаққа бұрылу тек ұшқанна сон ғана орындалады.
Тіреніштен ажыраған кезде дене массасының жалпы орталық нүктесінің тік жылдамдығы жоғары классты секіруші де 4,9 – 5,2 мс аралығында болады.
Белдеуге көтерілген сәтте сол жақтағы сермелген аяққа қол параллель жағдайда бағытталады. Қолдың ассиметриялық қозғалуында екі қол бір қалыпты орындалып, белдеуден өткен кезде қолдар денемен бір денгейге қойылады. Қолдардың осылайша орналысуы неғұрлым тиімді, өйткені бұл жағдайда инерция азайып денені белдеу арқылы лақтырудың бұрыштық жылдамдығы арта түседі. Одан әрі секіруші арынша түсірілген аяқпен иіліп, белдеуге басымен және иғымен кіреді. Сермелген аяқ итерілген аяқтың денгейіне дейін түсіріледі. Белдеуден өткен тұста аяқтар тізе буынынан бүгіледі. Белдеудің үстінде секіруші иіле келіп бөксесін көтереді. Белдеуден өткен сәтте қолдар артқа лақтырылып дененің кеуде тұсынан иілуі көбеие түседі, ал қолдар денемен бір денгейде болғанда, бөксе тұстың иілуі барынша шегіне жетеді. Дене массасының жалпы орталық нүктесі қозғалысының траекториясы аударылуы арқылы секірумен салыстырғанда ұзақтау болады. Секірушінің дене массасының жалпы орталық нүктесінің ең жоғарғы биігі белдеуден 20 см қашықтыққа жетеді. Ал аударылу тәсілінде ол 8см болады. Бөксе белдеуден өте салысымен белдеуден тезірек кету басталады. Ол басты бұруымен, бөксе тұстан аяқты бүгу және тізе тұсынан тік ұстау арқылы орындалады. Секіруші белдеуден аяғымен сырғанап бара жатқандай болуы керек. Секіруші пароланна жасалған матаға арқамен түсіп ле шала баспен аунап кетеді.
Адымдау тәсілімен жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасы
Адымдау әдісімен биіктікке секіруде жүгіру белдеуге 30 – 45◦ бұрышпен орындалады итерілу белдеуден алыс тұрған аяқ арқылы жүзеге асады. Секірілуші итерілгеннен кейін денесін тік жағдайда ұстап жоғары ұшады. Секіруші денесімен және серпілетін аяқпен белдеуге кіріп итерілген аяқты жайлап төмен жібереді. Белеуден өткен кезде қозғалыстар орындалады. Белдеудің арғы жағында серпілетін аяқты түсіру есебінен итерілген аяқ доға сызығы бойынша тізені бұра отырып белдеуден өткенде сыртқа қарай жылжытылады. Бас иық және барлық дене алға қарай иіліп белдеуге қарай бет алады. Белдеуден өткен сәтте басты иіп иықты алға жіберіп секіруші бөксесін көтереді. Дененің белдеу жаққа қарай шамалы қозғалысы белдеуден дұрыс өтуге мүмкіндік береді. Қолды дене бойымен жіберу де белдеуден ттімді өтуге көмектеседі. Жерге сермелген аяқ пен түседі содан кейін итерілген аяқ түседі.
Жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасын бағалаудың шарттары
Қозғалыс дағдысын қайта құру үшін техникалық шеберлік денгейін анықтау мен оны жетілдірудің әр - түрлі кезендерінде қол жеткен табыстарды бағалау үшін пайдалану үлкен маңызға ие.
Биіктікке секірудің техникалық шеберлік денгейін спортшының неғұрлым жоғары денгейге жеткен жағдайында оның қозғалу мүмкіндіктерін қалайша толық пайдалануына қарап анықтауына болады.
Техникалық тимділікті есептеу үшін қозғалыс потенциялы мына формула бойынша анықталады:
Фосбери – флоп әдісімен секіруге оқып – үйрену
Фосбери – флоп әдісімен секіруді оқып үйрету үшін жұмсақ паралон маталары қажет. Жүгіріп келіп фосбери флоп әдісімен биіктікке секіру техникасын тиімді меңгеру үшін, жаттығушылар бастапқы дайындықтардан өтуі керек. (жүгіру, жылдамдықпен жүгіру, секіру). Сонымен бірге олар акробатикалық дайындықтың бастапқы курсынан өтсе, тіптен жақсы болар еді. Содан кейін ғана, оқып үйретуді бастауға болады. Төменде фосбери флоп әдісімен бйіктікке секіру техникасын үйретудің реттік тәртібі келтірілген.
1.тапсырма: жаттығушылардың жүгіріп келіп фосбери флоп әдісімен бйіктікке секірудің техникасымен танысу.
Құрал жабдықтар: 1. Секіру техникасын көрсету. 2. Көрнекі құралдарды көрсету: кинограмма, кинокольцов-ка және басқалары. 3. Секіру техникасының негізгі шарттарын түсіндіру.
2. тапсырма Орталық жүгіру күші әсер жағдайында доға үлгісімен секіру техникасын үйрету.
Құрал жабдықтар: 1. Радиусы 12-15м шеңбер бойымен жүгіру 2. Доға қисығын 12-15м ден 10-8м ге дейін бірте бірте қысқарта отрып шеңбер бойымен жүгірту. 3. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып, сонғы 3-5 адымда доға бойынша жүгіруде жылдамдықты арттыру. 4. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып бірте – бірте соңғы 3-5 адымда жылдамдықты доға үлгісі бойынша арттыру.
Әдістемелік нұсқау: жаттығушы шеңбер бойымен жүгіргенде оның орталық нүктесі денені иінкіреп жүгірудің дұрыс техникасын меңгереді оқытушы бұл жағдайда еңкеюдің иықпен емес бүкіл денемен жүзеге асырылатынына назар салуы қажет. Бұл жерде аяқты баппен бүгу және бос аяқты бөкседен алға қарай қозғалтып аяқпен табанды жұмысқа қосып жүгіру техникасын игереді. 1 және 2 жаттығуларды орындағанда қолмен дұрыс істеуі қажет қолдар ассиметриялық қозғалысты орындайды - сыртқы қол алға қарай жіберіліп қана қоймай, денеге көлденең жіберіледі де, ал ішкі қол бұл жағдайда көбірек артқа жіберіледі 3 және 4 жаттығуларды орындағанда жоғарыда көрсетілген қозғалыстарды жүгіріп келе жатып және доға бойынша жүгіргенде игеру қажет. Сонымен бірге жаттығушы доға бойынша жүгіргенде жылдамдықты арттыруын назарға алуы қажет.
3.Тапсырма доға үлгісі бойынша жүгірген жағдайда итерілу техникасын оқып үйрену
Құрал жабдықтар: 1. Жерде нық тұрып. Сонғы артқы жағдайдан ішке қарай бөкседен сермелу. 2. Осы жаттығуды шеңбер бойында тұрып, бір орында жасау. 3. Итерілетін аяқты жерге қойып, сермелетін аяқпен және қол мен жасау. 4. Итерілетін аяқты жерге қойып, жүгіріп келе жатып аяқпен және қолмен сермеу. 5. Итерілетін аяқты жерге қойып шеңбер бойымен жүгіре отырып әрбір қадам сайын сермелу, сәлден кейін әрбір 3-5 қадам сайын. 6. Жүгіріп келе жатып, алдымен түзу бойымен содан кейін доға бойымен итерілу. 7. Жоғары ілініп тұрған допты иықпен қағу. 8. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып гимнастикалық столға секіру, ол сонғы 3-5 қадамдарға доға үлгісіне көшіріледі. 9. Доға бойынша жүгіріп келіп, белдеуге секірілу (белдеу секірушінің бойынан жоғары көтерілген).
Әдістемелік нұсқау: 1 және 2 жаттығуларды орындағанда серпілетін аяқтың жанбасы ішке қарай бұрылып ал тізе табаны мен бірге сыртқа қарай бағытталуын ескеру қажет. Бөксе де алға қарай шамалы ішке бұрылып жіберілуі керек – бұл дене массасы жалпы орталық нүктесін итерілген кезде итерілу сызығының бойында ұстауға мүмкіндік береді. Ос жерде сондай – ақ қолмен сермелу жасалады. 3 және 4 жаттығуларда итерілетін аяқты жерге қою тәжірибесі игеріледі. 5 және 6 жаттығуларда осы қозғалыстар доға бойымен жүгіруге жаттықтырылады. Итеруді аяқтағаннан кейін жерге аяқ пен түсу қажет. 7. Жаттығуды орындағанда доға бойымен жүгіру жылдамдығын арттыруға назар салуы керек. Бұл жаттығулар итерілуді толық аяқтап оны сәтті орындауға мүмкіндік береді.
8. Жаттығу сермелуді және секірушінің бйіктікке ұшуды жақсы итеруге мүмкіндік береді. Доға бойынша жүгіруден кейін итерілу жекелеп жүргенде орындалады.
4.Тапсырма белдеуден өту техникасын менгеру
Құрал жабдықтар: белдеуден өту қозғалысын игеру 1. Матта арқамен жатып аяқ тізеден бүгіледі. Өкшеге және жаурынға тіреліп, жанбас пен бөксені жоғары көтере келіп, денені ию. 2. Гимнастикалық ортекенің үстіне көлденеңнен жатып белдеуден өту жағдайын жасау. 3. Тік тұрып иілу. 4. Матта арқамен жатып аяқты жоғары көтеріп, белдеуден өту жағдайын игеру. 5. Жерге түсетін шұңқырға арқамен түсіп, екі аяқпен итеріліп, белдеуден өту қозғалысын жасау. 6. Осы жаттығуды аса биікке ілінбеген резинкадан өту арқылы жасау, оны бірте бірте бірте биіктете түсу. 7. Осы жаттығуды мостикпен итеріліп жасау. 8. Доға бойынша жүгіріп, 3-5 адымнан секіріп орындау. 9. 5-7 қадаммен жүгіріп келіп секіруге әрекет жасау.
Адымдау әдісімен секіруді оқып – үйрену
1. Тапсырма. Секіру техникасымен таныстыру
Құрал жабдықтар: секіру техникасын көрсету және т.б. кинограмма көрсету және т.б.
2. Тапсырма. Итерілу техникасын үйрету.
Құрал жабдықтар: итерілетін аяқпен тұрып, сермелетін аяқпен және қолмен артқа сермеу, сермелетін аяқпен қолды алға – жоғары қарай қозғалтып, итерілуді орындау. 2. Сол жаттығу бірақ айақты итерілетін жерге қойып, сермелу қозғалысын жасап, итерілу. 3. 2,3 және 5 адымнан кейін итерілу.
Тақырып. 10. Ядроны итеру техникасын жіктеу.
Сауалнама
1. Ядроны ұстау тәсілі.
2. Позаллар сипаттамасы: екпін алу, снарядты қуып жету, пиналдық күш түсіру, тепе -теңдікті сақтау.
Тапсырма
1.Ядроны орнында тұрып және ырғып итеру әдісіне еліктеу қимылын орындау.
2. Нығыздалған допты тік – жоғары , алға итеру.
3.Нығыздалған допты жанымен тұрып лақтыру жағына бағыттау.
4.Гантель, штангіні пайдаланып күшті нығайту жаттығуларын орындау.
5. Нығыздалған допты, ядроны ырғып итеру.
6. Жылдамдық – күш қасиеттерін қолданудан тыс снарядтарымен дамыту.
Әдістемелік нұсқау
Ядро итеру – жылдамдық күш сипатты жаттығулар ол иықтан бір қолмен қосымша қозғалысты орындап белгілі бір шектеулі (шеңбер диаметрі 2.135 м) жерде орындалады.
Снарядтың салмағы ерлерде 1,257кг, ал әйелдерде 4кг, осы снарядтарды итеру үшін үлкен күш қажет.
Ядро итеру әдісі
Ядро итеру бұрышы 45º шеңбердің ішінде тұрып орындалады. Ядроны ұстау. Ядро сәл ашылған оң немесе сол қол саусақтарында орналасады. Жаңа бастаған спортшылар ядроны алақанға таяу салып ұстайды. Ядро орналасқан қол бұғана шұңқырына мойынның жанында орналасады, ядроны мойынға қысып ұстайды.
Сермеу. Сермеудің мақсаты артқа ырғу және бұрылу арқылы итерушіні қозғалысқа дайындау. Ең көп тараған түрі артқа ырғып итеру. Сонымен қоса сермеудің мақсаты қозғалудың бастапқы кезінде лақтырушы – снаряд жүйесінен нәтежелі жағдай туғызу. Итеруші лақтыратын жаққа арқамен шеңбердің арт жақ бөлігінде тұрады. Сол аяқ сәл артқа табанның басына немесе оң аяқтың жанына қойылады. Ядроны оң қолмен иық үстінде ұстайды. Бүгілген оң қол жоғары немесе алға – жанға қарай бағытталған.
Алға еңкейе және сол аяқты көтеріп спортшы оң аяқта тұрады. Содан кейін оң аяқты бүгіп сол аяқты төмен түсіріп жинақталады. Бүгілген сол қол дененің алдында, оң қолдың шынтағы жанына қарай әкетіледі. Осы қалыпта тұрған лақтырушының мақсаты снарядты шеңберден шығара, оны қалуын қамтамасыз етіп аяқ бұлшық еттерін сығып келесі екпін алуға дайындалады.
Снарядқа екпін беру. Екпін беру ырғып немесе бұруымен орындалады. Ырғу деген сөз қозғалыс сипатын дәл бермейді. Шынында ол жедел ортаға сырғанап қозғалу болып табылады. Осылай қозғалу сол аяқтың артқа белсенді сермеуі және оң аяқтың жазылуы мен басталады. Дене сәл түзетіледі. Нәтежесінде итеруші жедел табанның ұшы арқылы шеңбердің ортасына сырғанай қозғалады немесе оң аяқтың өкшесі арқылы қимыл жасайды көбінесе бұндай әдісті бойы аласа спортшылар қолданады. Оң аяқ жерге тиісімен жедел ішкі және сәл сол жаққа бұрылады. Сол аяқ жолға қойылады. Сол қол алға төмен түсіріліп жабық қалыпты сақтауға көмектеседі.
Финалдық қозғалыс (күш түсіру). Сол аяқ жерге тимей итерілу басталады ол сырғанағандай тәріздес. Қозғалудың бірінші бөлімін ұстау осы қалып спортшының жанымен итерілу жаққа келгенше жалғасады. Осы ұстау сәтінде бұлшық еттер созылады. Қозғалыс үдей бұру сипатта болады. Осы кезге дейнгі бұлшық ет жиырылады. Арғарай жанбас көтеріле бұрылып оң аяқ жазылып дене жедел қимылдай итеретін жаққа бейімдейді. Иық алға жоғары ірке бұрылып қол ядроны итерумен аяқтайды. Сол аяққа финалдық күш түседі сәл бүгіліп оң қолдың түзетілуімен бір уақытта түзетіледі. Сол қол иықтың бұрылуына және кеудені алға жоғары шығарылуына шынтақ артқа әкетілед. Бас итеретін жаққа бұрылады. Итерілу аяқтың жедел ауысуымен аяқталады. Себебі тепе -теңдікті сақтауға шеңберден шығып кетпеуіне өз үлесін қосады.
Ядро итеруге үйрету.
Ядро итеруде сақтық жан – жақты қарастыруды талап етеді басты міндет спортшыларды зардап соққыдан сақтау. Ядро итерудің әдісі негізі тез жіне денені бірте бірте түзету. Үйретудің бірінші кезеңінде нығыздалған доппен орнында тұрып аяқен қолдың қозғалысын үйлестіру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.
1. Ядроны ұстау және снарядқа дұрыс күш түсірумен таныстыру.
2. Ядроны орында тұрып итеру. Орында тұрып ядроны итеруге үйрету үшін лақтыратын жаққа қарап тұрып алға, жанымен, арқамен снарядты лақтырады.
3. Ырғақпен екпін алу (артқа бір аяқпен секіру)
4. Ырғақ жасап ядро итеру. Жас спортшылардың орнында тұрып ырғақта орындаудағы және ядроны толық итерудегі дағдыны қалыптастыру.
Тақырып 1.11 Найза, граната лақтыру әдісін жіктеу.
Сауалнама
1. Найза, граната әдісінің даму тариқы
2. Граната және найза лақтыру әдісін поза бойынша жіктеу
3. Финалдық күйге түсіруге үйрету
Тапсырма
1. Найзаны пайдаланып жалпы және арнайы жаттығулар орындау.
2. Найзаны ұстау және ығыстыру әдісіне үйрету
3. 5 -10м аралықтан найзаны нысанаға тигізу
4. Найзаны орнында тұрып 2-3 жүгіру адымының әдісін еліктеу арқылы орындау
Найзаны лақтыруға мынандай ретпен үйретіледі.
1. Найзаны ұстаумен таныстыру және снарядқа дұрыс күш түсіре білу
2. Найза мен артқа қысқан қолмен лақтыруға үйрету
3. Найзамен жүгіруге үйрету иық үстінде ұстап жүгіру. 60м жерден жай жылдам найзамен жүгіру
4. Екпін алып жүгіруден лақтыруға үйретуге көшу. Найзамен екпін алуға доп, тас басқа домалақ бұйымдар қолдануға болады. Бастапқы кезде екпінмен жүгіріп найза лақтыруды қысқа аралықта жәй жүгіріп, содан кейін екпін аралығы ұзартылады, жылдамдық көбейеді.
Такырып 1.12. Кедергіден жүгіру әдісін жіктеу.
1. Жүгіру тұрақты түрде мына дистанцияда жүргізіледі.
Ерлер Әйелдер
110х400м 100х400м
Әрбір жекеленген жолда он кедергі болуы керек, олар төмендегідей кестеде көрсетілгендей қойылады:
Кедергі сөре сызығыннан кедергі аралығының ақырғы биіктігі кейінгі бірінші қашықтығы кедергіден кедергі мәреге дейінгі аралық.

Ерлер
Дистанция, Кедергі сөре сызығынан аралығының мәреге
м ақырғы биіктігі, кейінгі бірінші қашықтығы дейінгі аралық
110 1,067 13,72 9,14 14,02
400 0,914 45,00 35,00 40,00

Әйелдер
0,840 13,00 8,50 10,50
0,762 45,00 35,00 40,00

3,02.2. 110 м. қашықтыққа кедергiден ceкipy
Кедергi койылғанан 110 м. дистанцияны спортшы 51-52 адымда жүгiрiп өтедi; I-шi кедергiге дейiн кедергi арасын 27 адымда; кедергiден өткенде 1О кедергi адымы мәре бөлiгiн 6-7 адымда.
Сөре және сөрелiк қозғалыс. Жүгiру аласа сөреден басталады, жүгiруде сөрелiк аяқ, тiрегiш колданылады. Кедергiден жүгiру аласа старттан, жай жүгiруге қарағанда көп қиын: кедергiден жүгiрушi белгiленген ара қашықтықта (13,72 М.) ең жоғарғы жылдамдықпен жүгiрiп, бiрiншi кедергiнi нәтижелi өтуi керек. Сөрелiк қозғалыстың бiрiншi адымында кедергiден жүгiрушi, жай жүгiрушiге қарағанда ертерек көтерiледi: дистанцияның, 8-1 О метрiнде, ол оңтайлы жүгiру қалпында болып, сөрелік қозғалыстың екі түрін атауға болады: біріншісі - 7 адымда, екіншісі - 8 адымда. 7 жүгіру адымын, көбінесе, бойы биік және күштері мығым спортшылар қолданады. Бұндай сөреде сермелетін аяқ алға қойылады. Алдыңғы аяқ тірегіш сөре сызығынан 40-50 см. алдыңғы дән.
Бұл сөрелік қозғалыс вариантында кедергіден жүгіруші тез жоғарғы жылдамдықты алып, жүгіру адым ұзындығы бір қалыпты өседі, бірақ сөрелік қозғалыстан, дистанция бойымен жүгіргенде жүгіруші ырғағы әр түрлі болғандығы қиыншылық тудырады.
8 адымдық екпін алғанда сөре сызығына итерілетін тірегіші алға қойылады (40-66 см. сөре сызығының алдыңғы және артқы аяқ тірегіштің аралығы 20-40 см.). Мұндай сөрелік қозғалыста спортшы табиғи адым ұзындығы қысқартады, бірақ дистанция бойымен жүгіргенде тұрақты ырғақ сақтайды. Адым ұзындығы мынадай болуы мүмкін:
65 + 115 + 130 + 145 + 160 + 180 + 195 + 175 - 11,65 см
Kедергіден өту - техниканың ең қиын элементі: Бұл - итеруден басталады. Итеретін аяқ жерге табанының басына жедел қойылады. Осы жағдай кедергіге шабуыл жасағанда, дененің ортақ масса күші жоғарғы қалыпта болып және жылдамдықты жоғалту аз мөлшерде болады. Итеру бұрышы 65-700. Кедергіден жүгірушінің барлық әрекеті, "шабуыл жасау" деп аталады. (сурет 57, кадр 1-4) кедергі шабуыл жасауда ең басты элемент, ол сермелетін аяқтың қозғалысы, тізеден бүгілген аяқ жедел, алға-жоғары бағытталған. Сермелетін аяқтың шабуылы аяқталатын сәтте, сирақ қозғалысы тасталып ашылады. Сермелетін аяқтың мұндай қозғалысы тепе-­теңдік жылдамдықты жоғары деңгейде ұстайды.
Кедергіден жүгіруші шабуыл жасаған сәтте (сермелеген аяқ түзу болған кезде) дене жедел алға еңкейеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол шабуыл алдында шынтақтан 6үгіледі. Сермелетін аяқ түзелген сәтте, қол жазылып, алға жіберіледі, сәл ішке, алақан төмен бағытталған. Кейбір жүгізушілер шабуыл кезінде алға екі қолмен қозғалыс жасайды.
Итерілетін аяқ тізеден бүгіліп, сырт жаққа бағытталып, тез жоғары-алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа бағытталып, тез жоғары­, алға қозғалады. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол сырт жаққа артқа­ төмен бағытта болады. Сермелетін аяқ жақтағы қол, жай жүгіру кезіндегідей үгіліп, алға қозғалады. Кедергіден дененің ортақ массаның өтуі кедергіден түсу фазасы деп аталады. Кедергіден сермелетін аяқтың түсуі Д.Ом проекциясына таяу түседі. Аяқ табанының тұмсығына қатты қойылады. Итерілетін аяқ түсерде тіземен жедел алға қозғалады.
Кедергіден түсер сәтте денені еңкейтіп ұстаудың маңызы өте зор ­ол шабуыл жасайтын қалыптағыдай болады. Қол кедергіден түсерде жедел қимыл жасап, жай жүгірудегідей жұмысқа дайындалады. Сермелетін аяқ жақтағы қол тез алға шығарылады, осындай қозғалыс итерілетін аяқтың тез қозғалуына өз әсерін тигізеді. Сермелетін аяққа қарама-қарсы қол артқа ығыстырылған сәтте шынтақ буыннан бүгіліп, жай жүгірістегідей қозғалыс жасайды. Кедергіден жүгірушінің осындай кедергіден өту әрекеті жылдамдықтың аз жоғалуына және кедергі арасын тез жүгіруді қамтамасыз етеді.
Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады. Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру адымның параметрі практикалық жүзінде өзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым - ең қысқа, екінші - ең үлкен, үшінші 10-15 см. қысқа, екінші адымға қарағанда. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл жасауға жақсы жағдай тудырады.
Кедергі араларында кедергіден жүгіруші өжет, қайратты, бірақ денені босаңқы ұстағанда өз нәтижесін береді.
Сөреге жету ақырғы кедергіні өткенде басталады және спринттерлік жүгіру болып табылады. Кедергіден жүгіруші осы дистанция бөлігінде
(14,02 кедергіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру.
100 м. қашықтыққа кедергіден жүгіру техникасы
Кедергі қойылған 100 м. аралықта спортшы қыздар 49-50 адым жасайды; сөреден бірінші кедергіге дейін 7 немесе 8 адым, мәре бөлігін 5 адымда; дистанция бойымен жүгіру техника жағынан еркектермен бірдей.
Сөре және сөрелік қозғалыс жүгіру жағынан 11О м. кедергіден жүгіруге ұқсас. Сөрелік қозғалыста адым ұзындығы бірте-бірте ұзарады. І­ші кедергіге итерілер алдындағы аяқтан итерілетін аяқ 10-15 см. қысқа. 8 адымдық екпін алуда (алдыңғы тірегішке итерілетін аяқ қойылады) осылай аяқты қою кедергіге кіруге өте ыңғайлы жағдай жасайды. Кедергіден жүгіруші сөреден шыққанда спринтерлер сияқты жүгіреді. Ересек кедегіден жүгіруші қыздарға сөреден жүгіруде қолайлы 7 адымдық жүгіру.
Дистанция бойымен жүгіру құрылымы жағынан спринтерлік жүгіріске ұқсас, бірақ кедергіден жүгірудің өз техникасы бар - ол кедергіден жүгіру адымы.
Кедергіден өткенде итеру бұрышы 60-70%. Итерілу кедергіден 195-­200 см. жерден басталады. Кедергіге шабуыл жасағанда, аяқты соза қойған ағдайда, жедел жылдамдық қамтамасыз етілмесе, қозғалыс жылдамдығы 1 төмендейді, ал таяу қою кедергіден секіруге әкеледі, спорт шеберлерінің кедергіден жүгіру адымы (300-31О м.), ол І-ші разряд спортшыларына қарағанда орта есеппен 10 см. кем. Жүгіру адымының азаюы, көбінесе, кедергіден түскен аралықты азайтып, кедергіге кірер адымды ұзарту. Ол кедергіні тік бұрышпен итеріп шабуыл жасауға жағдай жасайды.
Сермелетін аяқ кедергіден өткенде сәл бүгіліп, ерлердің 11О м. кедергіден жүгіру тәріздес сирақ сілтеп тасталмайды. Сермелетін аяқ кедергінің екінші жағына жедел қозғалыс жасайды. Итерілетін аяқ кедергіден доға тәріздес, табан сырт жаққа бұрылған бойы алға тасталады, тізе, табан мөлшерінен жоғары, бұл қалып сан-бұлшық еттерінің алға қозғалуын және кедергі арасын жүгіруді І-ші адымда тез қолданылуын қамтамасыз етеді. Итерілетін аяқты алға бағыттамай жөғары бағыттау, ол үлкен қате, бұл, көбінесе, дененің ерте көтерілуіне әкеп соғады.
Кедергіден жүгіруде тепе-теңдікті, тұрақты тік қозғалысты қолмен, шынтақтың бірдей қозғалысы қамтамасыз етеді. Кедергіден апап өткен кезде, сермелеген аяққа қарама-қарсы қол сәл түзетіліп, алға тасталады, кедергіден түсер сәтте итерілетін жақтағы қол жанына төмен, артқа қозғалыс жасайды. Артқа қозғалған кезде шынтақ негізгі болып келеді, қолдың астынан итерілетін аяқтың тізесі етеді.
Әйелдердің кедергіден жүгіріп өтудегі кейбір ерекшеліктері мынандай.
 Дене көп алға бүгілмейді және кедергіге кіргенде қатты ырғақпен тасталмайды.
 Сермелетін аяқтың сан мен тізесі кедергіге кіргенде жоғары көтерілуі, бұл жамбасты алға шығарып, кедергіге жедел шабуыл жасауға өз үлесін қосады.
 Кедергіден кідірмей, тоқтаусыз жүгіріп өтуі.
 Кедергіден өткенде итерілген аяқты алға тастағанда денені жедел еңкейтіп, сермелген аяқты тарта түзету.
Кедергі арасын үш адымда жүгіру дистанция бойымен жүгіргенде адым ұзындығы әр түрлі болып келеді. Бірақ ырғақ тепе теңдігі сақталады. Кедергіден түскеннен кейін 2 адым ұзартылады, ал үшіншісінде қысқартылады. Кедергі арасы мен жүгіргенде, адым ұзындығының жобасы мынадай: І-адым 160, екінші 200, үшінші 190, кедергіге итеру аралығы 200. Мәреге жету ақырғы кедергіден өткеннен кейін басталады және мәре сызығына дейі. 5 спринтерлік адым жасалады. Мәре бөлігін жүгіріп өткенде дене босаңқы, қысылмай ерте және терең еңкеймеуі керек. Себебі көп мөлшерде еңкею сермелген аяқтың ақырғы кедергіден төмен өтуіне әкеледі, ол кедергіге соғылуға, тіпті құлатып кетуге өз әсерін тигізеді. Бұл тепе­теңдіктің жоғалуын және мәре бөлісіндегі жылдамдықты төмендетеді.
Сауалнама
1.Кедергіден жүгіру аралығы, кедергілер биіктігі,
2.Әйгілі кедергілерден жүгірушілердің әдісін жіктеу.
3. Сөре және сөрелік қозғалыс әдісін жіктеу.
4.Кедергіден өту әдісін, кедергіге шабуыл жасау, кедергіден өту,кедергіден түсуді шындау .
5. Кедергілердің аралығын жүгіру әдісі қайталау.
6. Кедергіден жүгіру әдісін жетілдіру.
Тапсырма.
1. Кедергіден жүгурі мектептерінің жаттуғыларын орында тұрып, швед сатыларың пайдаланып орындау.
2. Кедергіден жүгіру әдісін кедергінің жанында сермелетін және итерілетін аяқтын қозғалысын жетілдіру, кедергіден толық жүгіру жүйесін орындау.
3. Аласа сөреден жүгіріп 1 кедергі шабуыл жасау.
4. Аласа сөреден 2-3-4ші кедергіден жүгіру, аралықтыта 3 адымда жүгіру.
Әдістемелік нұсқау.
Кедергіден жүгіру 40-тан 400м аралықтан өтеді. Үйрету кезінде әртүрлі биіктікте қойылған кедергіден жүгіру.

2.4 Зертханалық жұмыс аясы жоспарда қаралмаған

2.5 Студенттердің оқытушы жетешілігімен өзіндік жұмыс аясындағы сабақтар жоспары
СОӨЖ өткізу түрі: консультация жеке сұхбат тапсырма жеке орындау, реферат талқылау, коллоквиум әдебиеттер 1,2,3
Әдістемелік нұсқау:
Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмыс аясында берілген тапсырмаларды уақытылы орындау және кейбір практикалық сабақта өткен жекелеген жеңіл атлетика түрлерін жіктеп бейне материалдар арқылы көрсете білуі қажет. Практика сабақ кезінде меңгерілмеген тақырыптарды оқытушының жетекшілігімен қайта қайталап шыңдау студенттер алдында қойылатын талап. Жарыс кестесі бойынша жарысқа қатысуы мамандандырудың бір кезеңі болып табылады.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3]
1- тақырып: Жеңіл атлетика пәніне кіріспе. Жеңіл атлетикалық жалпы және арнайы жаттығулар.Жеңіл атлетика тарихының дамуы.

Тапсырма
1. Жеңіл атлетика тарихының дамуы.
2. Әдістерде, айла құруда, тренировка әдісінің көрсеткіштерінің салыстырмалы түрлерін бақлау.
Тақырып 1.5 Сабақ және баптау дәрісі
Тапсырма
Топтағы тақырып сұрақтары.
1.Оқу жұмысын ұйымдастыру және оқу материалдарын жоспарлау
-Жеңіл атлетикамен айналысу сабағының жүйесі
-Жеңіл атлетика сабағының түрлері
-Жеңіл атлетика сабақ түрлерінің үйлесімі
-Сабаққа мақсат қою, құралдарда және сабақ жүгүру әдістерін таңдау
-Тренировка сабақ жоспарын құрастыруға қойылатын талап
-Спорт тренировка туралы беделді ғалымдардың ғылыми жетістіктерін талдау
-Жеңіл атлетика сабағын жүргізетін орын дайындау
-Зардап соққылардан қорғану шаралары
Тақырып 1.6 Спорттық жүру әдісін жіктеу.
Тапсырма
1.Спорттық жүру және жүгіру әдісінің негізін жіктеу
2. Спорттық жүру әдісін практикалық сабақтарда көрсету.
3.Спорттық жүруден белгіленген межені тапсыруға дайындалу
Тақырып 1.7 Қысқа қашықтыққа (эстафеталық жүгіру әдісін жіктеу, орта және ұзын қашықтыққа жүгіру)
Жүгіру әдісін жіктеу,қысқа және ұзын қашықтықта жүгіру.
Тапсырма
1.Жоғарғы сөреден жүгіру негізін көрсету және түсіндіру және орта ұзын қашықтықа жүгіру.
2.Орта қашықтықта(800-метр қыздар;1500-метр ерлер) Көрсетілген межені тапсыру.
3.Орта және ұзын қашықтықта жүгіруге дайындау ерекшеліктері.Тегіс емес жермен жүгіру (тау, құм, ағаштар)
Тақырып1.8 Ұзындыққа үштік секіруге үйрету, әдістерді жіктеу.
Тапсырма
1.Орында ұзындыққа секіруді және әр түрлі қалыпта тұрып жетілдіру.
2.Орында тұрып екіліп,үштік секіруді шыңдау;
3.Ұзындықта ”аяқты бүгіп” секірудің әдісін еліктеу, қозғалыс арқылы жетілдіру.
4.Ұзындыққа 6-8 қарқынмен ”аяқты бүгіп”секіру әдісін шыңдау.
5.Ұзындыққа ”шалқаю” қайшылау әдісін еліктеу, қозғалыс арқылы жетілдіру.
Тақырып 1.9 Биіктікке “аттап” “аспалап” Фосбери -флоп әдістерінің негізі
Тапсырма
1.Биіктікке секіру әдісін негізін түсіндіру.
2.Биіктікке секіру әдісін кейбір элементтерін (түсу, жүру әдісін еліктеу,екпін алу, итерілуді) көрсету.
3.Екпінмен жүгіріп, биіктікке секірудің толық жүйесін көрсету.
Тақырып 1.10. Ядро итеру әдісін жіктеу
Тапсырма:
1.Ядро итеру әдісінің негізін түсіндіру және көрсету.
2.Ядроны орында тұрып және ырғып көрсетілгішімен межені тапсыру.
Тақырып 1.11 Граната, найзы лақтыру әдісінің негізі.
Тапсырма:
1. Жалпы денені қыздыратын және арнайы жаттығулардың қосындысын өткізу дағдысын қалыптастыру.
2. Ж.Д.Қ және арнайы жаттығуларды қолдану арқылы граната, найза лақтыруды шыңдау.
Тақырып 1.12 Кедергіден (100,110 және 400 метр жүгіру әдісін жіктеу).
Тапсырма
1.Кедергіден өту әдісінің элементтерін бірнеше рет қайталау.
2.Экспресс-тест және бақылау жаттығуларының әдістік шеберліктерін шыңдау.
3. Көрсетілген межеден сынақ тапсыру
4. Кедергіден жүгіру әдісінен рейтинг баға алу.
4.Студенттердің өздік жұмысы аумағында сабақ жоспары
Әдебиеттер{1-10,14,15,16}
Әдістемелік нұсқау. Сабаққа дайындалу кезінде кеңінен электрондық материалдарды пайдалану. Белгіленген тапсырмалардан негізгі тақырып бойынша жоспар-конспект құрастыру.
Тақырып 1.1 Женіл атлетиканың даму тарихы.
Тапсырма
1.Қазақстан женіл атлетика түрлерінің Бейджин олимпиадаға қатысқан спортшылардың қорсеткіштерін әдіс айлаларын жіктеу.
Тақырып 1.2 Спорттық жүру және жүгіру
Тапсырма
1.Женіл атлетиканың жекелеген элементтерінің (табанды дұрыс қою, қолдың қозғалысының) кросстық жүгіруде жетілдірудыаяқты қыздыру
Тақырып 1.3 Сабақ және тренировкалық дәріс
Тапсырма
1.Спорттық жүру әдістер негізінен жоспар- конспект құрастыру.
Тақырып 1.4 Қысқа қашықтыққа жүгіру (сонымен қоса эстафеталық жүгіруді) орта, ұзын қашықтыққа жүгіру әдістерін жіктеу.
Тапсырма:
1. Практикалық дәрісте ұсынған әдебиеттерді оқу, №9 дәріс Жеңіл атлетикадан электрондық курсты қайталау
2. Арнайы жүгіру әдістерін жетілдіру (табанды жедел қою, тізені жоғары қойып жүгіру, ақтан-аяққа секіру)
3. Қарама-қарсы эстафеталық жүгіруден тапсырманы құрастыру.
Тақырып 1.5 Ұзындыққа, үштік секіру әдісін жіктеу.
Тапсырма:
1. Ұзындаққа секіруден әдістік элементтерді бірнеше рет қайталау.
2. Көрсетілген межені тапсыруға дайындалу
3. Ұзындыққа, үштік секіруден жарысқа қатысуға дайындалу.
Тақырып 1.6 Екпінмен жүгіріп биіктікке аспалап Фосбери-флоп тәсілін жіктеу.
Төменгі сұрақтардан қысқаша реферат дайындау:
1. Биіктікке секіру тарихы.
2. Биіктікке секіру фазаларына сипат беру.
Тақырып 1.7 Ядро итеру әдісін жіктеу
Тапсырма:
1. Қателер себептерін және оларды жөңдеу кестесін құрастыру.
2. Ядро итеру әдісінің үйрету дағдыларды, біліктілікті жетілдіру.
3. Тест және бақылау жаттығуларының әдістемелік шеберліктерін шыңдау.
Тақырып 1.8 Граната, найза лақтыру әдісін жіктеу.
Тапсырма:
1. Қателер себептерін және оларды жөңдеу кестесін құрастыру.
2. Граната, найза лақтыру үйрету дағдыларын біліктілікті жетілдіру.
3. Лақтырушының дене қасиеттерін жетілдіру үшін жалпы дене жаттығуларын және арнайы жаттығуларын пайдалану.
Тақырып 1.9 Кедергіден жүгіру (100,110, және 400 метр) әдісін жіктеу
Тапсырма:
1. Кедергіден жүгіріп өтуден жекелеген элементтерді (қолдың қозғалысы, денені енкейту жалпы тепе-теңдік) қозғалысын бірнеше рет қайталау
2. Дененің қасиеттерін (екпілікті, жылдамдықты, тепе-теңдікті) Ж.Д.Ж. және арнайы жаттығуларды пайдаланып, шеберлікті жетілдіру.

2.6.1 Курстық жазба жұмысының тақырыбы.
Реферат жазуға қойылатын талап:
Беттің форматы –А4 (альбомдық)
Беттің параметрі: төменгі және жоғары аралық-1,5см
Сол жақ-3 см; оң жақ-1,5см
Негізгі тестінің шрифті Times New Roman немесе Times New Roman KZ;
Шрифтің көлемі-14 кегль;
Абзац-0,8 см;
Формат бойынша түзету
Жазба арасы бір келкі
Әріп ауыстыру автоматтық бойынша жүргізіледі
Беттер санын қойғанда шрифт көлемі-10кегль
Түзету ортадан жүргізіледі

Рефераттар тақырыбы

1. Жеңіл атлетика даму тарихы.
2. Қазақстандағы жеңіл атлетика.

Жазба жұмыс тақырыбы:
Жеңіл атлетика сабағында зардап соққылардан сақтану.

2.7 Оқу сабағын бағдарламалық және мультимедиялық жабдықтау оқу бағдарламасы
Тақырып
Сабақ түрі
Бағдарлама түрінің нәтижесі
Қолданатын орын
Әдейі дайындалған аудитория аты
Жүгіру әдісінің негізі
дәріс
Мультимедиялық дәріс
Инновациялық білім беру бөлімі және кафедра
№ 7 корпус каб. 105
Лингофондық кабинет

2.8 Өзін бақылауға арналған тест тапсырмалары
1. Снарядтың алысқа ұшуына әсер ететін факторлар
A) ауырлық күшінің үдемділігі, жылдамдылығы
B) снарядтың бастапқы ұшып және ұшып шығу бұрышы
C) снарядтың айродинамикалық қасиеттері
D) қоршаған ортаның әсері (ауа нығыздығы, күштің және желдің бағыты)
E) снарядтың жерден ұшып шығу биіктігі
2. Лақтыруда екпін алудың негізгі мақсаты
A) лақтырушы-снаряд жүйесіне бастапқы максималды жылдамдықпен лақтыру
B) снаряд лақтырушының қолайлы бұрышпен ұшуын қамтамаысыз етуі
C) лақтырушы-снаряд жүйесін толық бастапқы жылдамдықпен лақтыруын жетілдіру
D) күшті үнемдеуді қамтамасыз ету және қарама –қарсы бұлшық еттерді босату
E) ауырлық күшінің жылдамдығын көбейту және тірек реакциясының көлемін кеңейту
3. Айналып түсу, екпінмен жүгіріп, бір бұрышттық жылдамдықтың радиусын айналуының көбейуінің өзгеруі
A) өзгермейді
B) көбеймейді
C) төмендейді
D) тұрақты айналу-қосылу екпінінде снаряд жылдамдығы өзгермейді
E) айналу –қосылу бірте –бірте азаяды
4. Снарядтың ұшып шығу жылдамдығының байланысы
A) снарядқа күш түсіру көлемі, осы күш әрекетінің жол ұзындығы
B) күш градиенті
C) ұшы бұрышы және ауаның қарама-қарсылығы
D) жерден снарядтың көтерілуіне және айродинамикалық қасиеттеріне
E) снаряд үшін оның траекториясына
5. Екпінмен жүгіріп биіктікке аяқты бүгіп секіру әдісіне елеулі жетіспеушілік атаңыз
A) итерілуге жылдамдықтың төмендеуі
B) ұшу бұрышының көбейуі
C) итерілгеннен кейін айналу сәтінің көбеюі
D) ауада тепе-теңдіктің жоғалуы
E) итерілетін аяқтың жерге өкшеден тарта қоюы
6. Ұзындыққа секірудің нәтижелі амал
A) ақты бүгіп секіру
B) шалқайып секіру
C) қайшылау
D) шалқайып және қайшылау амалдарының қосындысы
E) шалқайып және аяқты бүгіп секіру амалдарының қосындысы
7. Ұзындыққа секірудің негізі фазалары
A) екпін алу фазасы
B) ұшу фазасы
C) итерілу фазасы
D) түсу фазасы
E) итерілуге дайындалу фазасы
8. Екпінмен жүгіріп, итерілетін, жерге қойылатын, алып –салма ағаштың ұзындығы
А) 10 см
B) 15 см
C) 20 см
D) 25 см
E) 30 см
9. Екпінмен жүгіріп, итерілген жерден өлшенетін кесіндісінің ені
A) 20 см
B) 15 см
C) 25 см
D) 10 см
E) 5 см
10. 100 метр жүгіруде сөрелік қозғалыстың ұзындығы
A) 7-8 м
B) 10-12 м
C) 17-20 м
D) 20-25 м
E) 30-35 м
11. Қысқа қашықтыққа жүгіруде спортшылар өздара келісіп жолды айырбастай алама
A) ия
B) жоқ
C) қалалық жарыстарда
D) жүгірушілердің шеберлігіне байланысты
E) сөредегі хатшының рұқсатымен
12. Сөреден ерте шығып, ереже бұзғанда жүгіруші жарысты аяқтау құқығынан айырылады
A) бірінші рет ерте шығудан кейін
В) екінші рет ерте шығудан кейін
C) үшінші рет ерте шығудан кейін
D) төртінші рет ерте шығудан кейін
E) бесінші рет ерте шығудан кейін
13. Екпінмен жүгіріп, биіктікке (Фосбери-Флоп әдісіне) үйрететін жаттығуларды көрсет
A) итерілетін аяқты жерге қоюды еліктеп, сермелетін аяқтың орында тұрып қозғалтып, әр адым сайын шеңбер бойымен орындау, содан кейін 3-5 жүгіру адым жерден екпіналып, ілулі тұрған затқа иықты тигізу
В) оң, сол аяқпен бірнеше секіре итерілу, 1-3 адым жерден секіру, кедергілерден екі аяқпен секіру
C) әр түрлі көлемдегі шеңбермен жүгіру, әр адымда секірмек орындау
D) швед сатысында жанымен тұрып, аяқты сермеу, секірулерді орындау, кедергіден бір аяқпен секіру
E) секіруді бірнеше қайталау, екпінмен бірнеше рет жүгіру
14. Биіктікке секіру таяқшаның ұзындығы
A) 5 м
В) 6 м
C) 2,50 м
D) 3,50 м
E) 4 м
15. Жарысқа қатысушы белгіленге биіктікті бір немесе екі рет алмаған жағдайда, келесі бийіктікке кезекті ауыстыра алама?
А) жоқ
В) жоғарғы көлемді жарыстарда
C) ия
D) бас төрешінің рұқсатымен
E) жарысқа қатысатын спортышлардың рұқсатымен
16. Биіктікке секіруде Фосбери-Флоп әдісімен таяқшадан өткеде спортшының дененің ортақ нүктесі орналасады
A) жанбас аумағында
В) кеуде тұсында
C) денеден тыс
D) кеуде қабырғаларында
E) сан аумағында
17. Эстафета жүгіруде бірінші кезеңде жүгіргеннен кейін, келесі жарыс шеңберінде, ақтық сайысында орындарын айырбастай ма?
A) ия
В) жоқ
C) бас төрешінің жүгіруді бақылау көмекшісінің қарауымен
D) қарсылас команда рұқсатымен
E) бас хатшының рұқсатымен
18. Дистанция бойымен жүгіруде жылдамдық негізі байланысты
A) тірек реакция көлеміне
В) сырт қарсылық күшіне
C) ұзындық және адым жеделдігіне
D) ауаның қарсылық күшіне
E) итеру бұрышына
19. Жүгіру кезінде ауырлық күшінің спортшыға әсері
A) көлдеңен қозғалуды ұлғайтады
В) көлдеңен қозғалуды азайтады
C) қозғалу бағытың өзгертеді
D) ұзындықты көбейтеді және адымды жеделдетеді
E) итерілу бұрышын азайтады
20. Жүгіруде тірек реакция күші
A) жерден итерілу күшінің көлеміне және бағытына тепе-тең
В) жерден күшпен итерілгенде көлемі кіші
C) тірек фазасының көлемі әр сәтте өзгереді, бірақ аяқтықтық итерілу күшінен артық
D) жүгіру жылдамдығының өзгеруіне байланысты
E) жерден итерілу күшінің азаюы
Дүрыс жауаптар кілті

сұрақ №
Дұрыс жауабы
(А,В,C,D,E)
сұрақ №
Дұрыс жауабы (А,В,C,D,E)
1
B
11
B
2
C
12
B
3
В
13
A
4
A
14
E
5
С
15
C
6
С
16
C
7
С
17
A
8
С
18
D
9
D
19
B
10
E
20
C

Студенттердің білімін бағалау критерии

Дүрыс жауаптар саны
Баға
19-20
үздік
16-18
жақсы
10-15
қанағат
10 баллдан төмен
қанағатсыз (2)

2.9 Топқа арналған емтихан сұрақтары
1. Ертедегі жеңіл атлетика дамуы.
2. Қазақстандағы жеңіл атлетиканың дамуы.
3. Жеңіл атлетиканың негізгі даму мерзімі.
4. Жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігі қай кезде өтті.
5. Жеңіл атлетикадан Рим Олимпиадасында күміс жүлдегер алған қазақ желаяғы.
6. Тәуелсіздік алғаннан бастап әлем біріншілігінде және Олимпиада да жүлдегер атанған жеңіл атлетшілер
7. Қысқа қашықтықтан жүгіруден әдісін жіктеу және оқыту.
8. 200-400 метр жүгіру ерекшеліктері.
9. Эстафеталық жүгірудің әдісін жіктеу және оқыту.
10. Екпінмен жүгіріп ұзындыққа секіру негіздері.
11. Екпінмен жүгіріп ұзындыққа аяқты бүгіп секіру негіздерін жіктеу және оқыту.
12. Екпінмен жүгіріп ұзындыққа шалқайып секіру әдісін жіктеу.
13. Екпінмен жүгіріп биіктікке секіру негіздері.
14. Екпінмен жүгіріп биіктікке қайшылап секіру негіздерін жіктеу және оқыту.
15. Лақтыру негіздері.
16. Допты лақтыру әдісін жіктеу және оқыту, үйрету.
17. Граната лақтыру әдісін жіктеу және оқыту, үйрету.
18. Найза лақтыру әдісін жіктеу.
19. Орында тұрып ядро итеру негіздерін жіктеу және оқыту, үйрету.
20. Жеңіл атлетикадан жарыс ережелерін талдау.
21. Қысқа қашықтыққа жүгіру ережелері.
22. Кросстық жүгіру жарыс ережелері.
23. Эстафеталық жүгіруден жарыс ережелері.
24. Сөредегі төрешінің міндеті және құқысы.
25. Мәредегі төрешінің міндеті және құқысы.
26. Ұзындыққа секіру жарыс ережелерін талдау.
27. Биіктікке секіру жарыс ережелерін талдау.
28. Доп, граната лақтыру ережелерін талдау.
29. Найза лақтыру ережелерін талдау.
30. Ядро лақтыру ережелерін талдау.

Мазмұны
І. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS
1.1 Оқытушы туралы мәлімет 3
1.2 Пән туралы мәлімет 3
1.3 Пререквизиттер 3
1.4 Постреквизиттер 3
1.5 Қысқаша мәлімет 3
1.6 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру
кестесі 4
1.7 Әдебиеттер тізімі 5
1.8 Бағалау бойынша ақпарат 6
1.9 Курс саясаты және іс-шаралар 7

2.ПӘН БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Тақырыптық жоспар 9
2.2 Дәрістік сабақтың тезистері(жоқ) 9
2.3 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары 10
2.4 Зертханалық жұмыс (жоспар бойынша жоқ) 51
2.5 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен өзіндік жұмысы
аясындағы сабақтар жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
2.6 Студенттердің өзіндік жұмыс аясындағы сабақтар
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
2.6.1 Жазбаша және қорытынды жұмыстар тақырыптары ... ... .55
2.7 Оқу сабағын бағдарламалық және мультимедиялық
жабдықтау ... .55
2.8 Өзіндік бақылау үшін сынама тапсырмалар ... .59
2.9 Емтихандық сұрақтар ... .60
.
ОӘК бастапқы әскери дайындық кафедрасының
отырысында талқыланды
Хаттама №8, 2010 ж.10 наурыз

Е.А.Бөкетов атындағыҚарМУ
Ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды, бекітілді
Хаттама №5, 2010 ж.2 сәуір

Жеңіл атлетика пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

050104 Бастапқы әскери дайындық мамандығы үшін

Абдрахманов Зікірия Абдрахманович

_____________________________________________________________
Басылымға қол қойылған. Формат 60х84 116. Газеттік қағаз. Оқ. шығ. көлемі 3.9 б. Тираж ___ экз. №___тапсырыс.

Е.А.Бөкетов ат. ҚарМУ-нің баспа типографиясында басылып шығарылды. 100012, Қараганды, Гоголь көш., 38


Скачать


zharar.kz