№4зертханалық жұмыс
Freehand құралы..
Freehand (Кривая) құралы Bezier (Кривая Безье) құралы сияқты контурларды құру үшін емес, оларды салу үшін арналған.Егер сіз тышқанмен немесе графикалық планшетпен жұмыс істеу машығыныз жақсы дамыған болса, CorelDRAW –да суретші ретінде жұмыс істеп көріңіз.
1. Freehand құралының көмегімен 100% (а) и 0% (б)-ке дейін түзетілген қисықсалып көріңіз.
1. Саймандар тақтасынан Freehand .(Кривая)құралын таңдаңыз.Ол да Bezier (Кривая Безье) құралы орналасқан топта орналасады.
2. Құжат бетінің бос орнын тауып, құралдың курсорын ортаға орналастырыңыз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, курсорды еркін бағытта жылыжытыңыз. Экранда қарындашпен сурет салғаныңыздай, сіздің қолыңыздың әрекетін қайталайтын сызық пайда болады.
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз– контур слында. Енді құралды өзгерпей-ақ, бұл салынған контурдың түйіндерінің орналасуын түзетуіңізге болады.Бұл әрекет Bezier (Кривая Безье) құралының көмегімен түзеткенге ұқсас.
5. Программа салынған қисықтың түйіндері орналасатын нүктелерді өзі тағайындайды. Сіз олардың орналасу жиілігін ғана тағайында аласыз. Түйіндер неғұрлым жиі орналасса, контур сіздің қолыңыздың әрекетін соғұрлым дәл қайталайды. Сирек орналасқан түйіндер түзетілген, жұмырланған қисықтың суретін береді. Жұмырландыру шамасы Freehand (Кривая)құралының қасиеттер тақтасындағы Freehand Smoothing (Сглаживание кривой) өрісінің көмегімен орындалады (ол келісім бойынша 100%-ке тең ). Freehand (Кривая) құралының көмегімен дөңгелек салып көріңіз. Құралды баяу және дәл етіп жүргізуге тырысыңыз. Нәтижесінде тұйық болып келген 2-3 түйіні бар жұмырланған қисық пайда болады. (2.32, а-сурет). Егер сіз дәл салуға тырысқан болсңыз, ол дөңгелекке ұқсас болып келеді.
6. Freehand Smoothing (Сглаживание кривой) өрісінің белгішесін нольдік жұмырландыруға сәйкес келетін шеткі сол жаққа орналастырып, дөңгелекті қайтып салыңыз.Енді дөңгелегіңіз көптеген түйіндерен құралып біршама оғаштау болып келеді. (2.32, б-сурет).
Freehand (Кривая) құралымен сурет салу кезінде жұмырландыру шамасын тағайындау өте маңызды. Себебі ол құралдың сезімталдылығы мен қисықтардың жұмыр болып келуінің арасында аралық компромисті қамтамасызетіп отыруы керек. Түйіндері неғұрлым аз болса қисықтарды редактрлеу соғұрлым ыңғайлы деген түсінік орындала бермейді. CorelDRAW Freehand (Кривая) құралы көмегімен салынған қисықтарды автоматты түрде немесе CorelTRACE программасының көмегімен бөлшектеп қарапайымдылауға мүмкіндік береді.
2.32-сурет. Freehand құралының көмегімен 100% (а) мен 0% (б) жұмырландырумен салынған қисықтар
Rectangle құралы.
Bezier (Кривая Безье) құралының көмегімен формаларды сала аласыз.Дегенмен, көбінесе анайы фигуралар: тіктөртбұрыштар, дөңгелектер пайдаланылады. Сондықтан CorelDRAW –да мұндай графикалық примитивтерді салудың саймандар тақтасына ие.Примитивтер дегеніміз жай ған контурлар емес. Олар арнайы қасиеттерге ие болып келген ерекше обьекттер болып табылады. Оларды редактрлеу де қарапайым контурларды редактрлеуден өзгеше.
Біз қарастыратын графикалық примитивтердің ең танымал өкілі Rectangle (Тіктөртбұрыш) құралының көмегімен салынатын тіктөртбұрыш.
2. Тіктөртбұрышты салу.
1. Саймандар тақтасынан Rectangle (Тіктөртбұрыш) құралын таңдаңыз. Оның курсоры кішкентай тіктөртбұрыш қасындағы қиылысу түріне ие болып келеді.
2. Курсорды құжаттың бос орнына апарып қойыңыз. Бұл жерде тіктөртбұрыштың жоғрғы сол жақ бұрышы орналасады .
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, курсорды диагональ бойымен сол жақ төмен қарай орналастырыңыз. Курсор соңынан тіктөртбұрыш контурын сипаттайтын тегіс сызық тартылады. Курсор бастапқы бұрышқа қарама-қарсы төмендегі оң жақ бұрышының орналасу орнын сипаттайды. Салу барысында сіз тіктөтбұрыштың еңі мен ұзындығын өзгерте аласыз. (2.33-сурет).
4. Тышқанның сол жақ батырмасын жіберіңіз.. Тіктөртбұрыш салынды. Ол бұрыштарында орналасқан төрт түйін мен төрт түзу сызықты сегменттерден тұрады.
2.33-сурет . Тіктөртбұрышты салу
Шаршыларды салу.
Шаршы дегеніміз тіктөртбұрыштың дербес жағдайы.Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығы бірдей болуы үшін оны слукезінде Ctrl батырмасын басып тұру қажет.
2.1. Тіктөртбұрыштарды " центрден" салу
Тіктөртбұрышты кез келген бұрышынан ғана емес, центрден бастап салуға да болады. Ол үшін оны алу кезінде Shiftбатырмасын басып тұру қажет. Мұндай тәсіл орталық симметрия ие болатын фигураларды салу кезінде пайдалану ыңғайлы бұл жағдайда тіктөртбұрышты ортақ симметия ценрінен бастап салады
Әрбір графикалық примитив өзінің редактрленетінсипаттамаларына ие. Тіктөртбұрышта бұл сипаттама – бұрыштарды жұмырландыру шамасы.
1. Курсорды тіктөртбұрыштың кез келген бұрышына апарып қойыңыз. Тіктөртбұрыштың барлық бұрыштары ерекшеленетіне назар аударыңыз..
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп курсорды түйіннен онымен сыбайлас кез келген сегментінің бойымен жылжытыңыз. Курсордың орын ауыстыру шамасы жұмырландыру дәрежесін тағайындайды. (2.34, а-сурет).
3. Тышқан батырмасын жіберіңіз. Тіктөртбұрыш жұмыр бұрышты болып келеді.
2.34-сурет. Тіктөртбұрыша барлық бұрышын бір мегілде жұмырландыру және бір бұрышын ғана жұмырландыру
CorelDRAW-дың соңғы версияларында тіктөртбұрыштың әрбір бұрышына қисықтық радиусын тәуелсіз тағайындау мүмкіндігі туындады.
1. Курсорды бір бұрыштың түйінінің маңына орналастырыңыз.
2. Басқа бұрыштардың ерекшеленуін алып тастау болдырмау үшін тышқанның сол жақ батырмасын шертіңіз.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп курсорды түйіннен онымен сыбайлас кез келген сегментінің бойымен жылжытыңыз. Курсордың орын ауыстыру шамасы жұмырландыру дәрежесін тағайындайды. (2.34, б-сурет)
Осылайша тіктөртбұрыштың барлық бұрыштарына әртүрлі жұмылдандыру шамасын тағайындауға болады.
Ellipse құралы.
Жиі қолданылатын графикалық примитивтердің бірі – эллипс Ellipse (Эллипс) аталмыш құралға ие. Саймандар тақтасындағы Ellipse (Эллипс) тіктөртбұрышпен салыстырғанда көп әркетті. Ол доғалар мен секторларды құру үшін пайдаланылады.Оның қасиеттер тақтасы 2.35-суретте көрсетілген..
2.35-сурет. Ellipse құралының қасиеттер тақтасы.
3. Эллипсті құру.
1. Саймандар тақтасынан Ellipse (Эллипс)құралын тадаңыз.
2. Құжат бетінің бос орнын тауып, құралдың курсорын ортаға орналастырыңыз.Мұнда эллипстің габаритті қоршауының жоғарғы сол жақ бұрышы орналасады.
3. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп курсорды солжақ төмен қарай жылжытыңыз.Құру барысында эллипстң тігінен және көлденеңінен орналасу арақатынасн өзгерте аласыз. (2.36-сурет).
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз.Эллипс салынды.
2.36-сурет. Эллипсті салу
3.1. Эллипсті "центрден"салу.
Эллипсті центрден бастап салу үін оны құру кезінде Shift батырмасын басып тұру жеткілікті. .
Эллипсті редактрлеудің арнайы құралары доғалар мен секторларды салуға негізделген. в. Эллипсті бұл обьекттердің біріне Ellipse (Эллипс) немесе Shape (Форма) құралдары көмегімен елтіруге болады.:
3.2. Сектор (а) мен доғаны (б)салу .
1. Курсорды эллипстің жалғыз түйініне орналастырыңыз.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, курсорды эллипстің контуры бойымен жылжытыңыз.Бұл кезде курсорыңыз эллипстің ішкі облысында орналасуын қадағалаңыз. Бұл тәсіл эллипсті секторға айналдырады.Сектордың бұрышын курсордың орын ауыстыру көмегімен реттеуге боады (2.37, а-сурет).
3. Тышқан батырмасын жіберіңіз.
2.37-сурет. Сектор (а) мен доғаны (б) салу.
Сектор салынды.Ол кез келген түске бояуға мүмкіндігі бар тұйық контур ретінде кескінделген.
Доғаны салу да онша күрделі емес:
1. Курсорды сектордың кез елген түйініне орналастырыңыз.
2. Тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, курсорды сектордың ішкі облысынан тысқары орналастырыңыз.
3. Курсорды сектордың контурының бойымен оның ішкі облысынан тысқары ұстап орын ауыстырып көріңіз. Бұл арқылы сіз доғаның бұрышын тағайындайсыз.(2.37,б-сурет).
4. Тышқан батырмасын жіберіңіз.Доға салынды.
4. Ауылшаруашылық техникасының кескінін салу.
2.38-сурет. Аш машинасы мен тракторды салу
1. 2.38.а-суретте көрсетілгендей, машинаның орпусын құрайтын бес тіктөртбрыш салыңыз.
2. Эллипс көмегімен екі әртүрлі дөңгелек салып, оларды дублирлеңіз. Бұл машинаның доңғалақтары болады. Бірінші машина салынды.
3. Трактордың корпусынан бастап, терезе мен үлкен доңғалағымен аяқтап реттеп тіктөртбұрыш пен дөңгелектерді салыңыз.
4. Үлкен доңғалағын корпустың артқы бөлшектері көрінбейтін болуы үшін ақ түске бояңыз. Трактор салынды (2.38,б-сурет).
5. Қолшатыр мен гусеницаны салу.
1. Қолшатырды салу үшін Ellipse (Эллипс) пен Bezier (Кривая Безье) құралдары пайдаланылады.
2. бізді жаңбырдан қорғайтын қолшатыр бөлігі үлкен доға мен дублирленген кішкентай үш доғадан құрылады.
3. Қолшатыр таяқшасы Bezier (Кривая Безье) құралының көмегімен салынады.
Бұл қолшатырды өзіңіз салып көріңіз.(2.39,б-сурет).
2.39-сурет. Ellipse құралының көмегімен күрделі обьекттерді салу
4. Гусеница 8 дөңгелек пен Bezier (Кривая Безье)құралының көмегімен салынған қисық сызықтардан құрылады.
5. Көздерінің ішкі жағын қара түске бояңыз.черный цвет (2.39,а-сурет).