СПИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Скачать

Бүгінде адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ– ВИЧ) мен жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісінің (ЖҚТБ-СПИД) қаншалықты қауіпті екенін білмейтін адам кемде кем шығар. Қазіргі таңда атының өзі қорқыныш шақыратын қауіпті ауру жер шарында миллиондаған адамдардың өмірін қиып отыр. АҚТҚ/ЖҚТБ жағдайында иммундық жүйе зақымданып, адамның ағзасы басқа ауруларға қарсы тұра алмайтындықтан, оның ақыры өлімге әкеліп соғуда. Сондықтан да бүгінге дейінгі жасалған әрекеттердің төмен нәтиже беруі індеттің дамуын бақылауға алуды талап етеді.
БҰҰ 2002 жылы “Жаңа мыңжылдықтағы адамзаттың даму Декларациясын” жариялады, онда аталған сегіз мақсаттың 6-уы денсаулық сақтау саласына қатысты болып отыр. 2015 жылға дейінгі үшінші міндет – АҚТҚ/ЖҚТБ жұқпасымен ауыру деңгейінің өсуін тоқтату. Қазіргі уақытта АҚТҚ-жұқпасына қатысты эпидемиялық үрдістің ерекшеліктерінің бірі – көптеген елдерде оның жалпы халықтың, оның ішінде балалардың арасында таралуы болып табылады. АҚТҚ жұқпасы Қазақстанды да айналып өтпеді. Елімізде жыл сайын АҚТҚ жұқпасымен тіркелген адамдардың саны өсуде. Мәселен, биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін АҚТҚ жұқпасымен тіркелгендер саны 8737, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 197, ЖҚТБ-мен ауырушылар саны – 586, оның ішінде қайтыс болғандары – 471. Қазақстанда індетке қарсы іс-әрекеттер бойынша ірі көлемдегі шаралар қабылдануда. Елімізде “ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттер бойынша 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама” қабылданған. Бағдарламаның мақсаты – АҚТҚ жұқпасының таралуын шоғырланған кезеңде тұрақтандырып, оның жайылу кезеңіне ауысуына жол бермеу.
Міне, осы бағдарламаның іске асырылуының нәтижесінде 2007 жылдың соңына қарай АҚТҚ/ЖҚТБ ауруынан қайтыс болушылардың саны екі есе кеміп, індет шоғырланған кезеңде тұрақтандырылуы тиіс. Бір айта кететін жайт, АҚТҚ жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдер және олардан туған балалардың 90 пайызы толық емдеуден өтеді. Сондай-ақ АҚТҚ жұқпасымен ауырғандардың келіп тіркелгендерінің кем дегенде 70 пайызы емдеумен қамтылған болса, жыл сайын ерікті түрде тестен өткізу және кеңес берумен кем дегенде тұрғындардың он пайызы қамтылады.
Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік ортаны құру негізінде көптеген шаралар өткізілді. Ұлттық және халықаралық әріптестердің күштерін үйлестіру қамтамасыз етілді. БҰҰ жүйесінің ЮНЭЙДС, ПРООН, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және басқа ұйымдары қолдау көрсетіп, 2007 жылдың алты айында мақсатты бағыттарға сәйкес 283 млн. теңге қаражат игерілді. 25 үкіметтік емес ұйымдарға әртүрлі жоба бойынша әлеуметтік сұраныстарды жүзеге асыру үшін қолдау көрсетілсе (“ЖЖБЖ-ның алдын алу”, “Жастарға рухани тәрбие беру бойынша оқулық бағдарлама” және басқалары), 23 көпшілік компаниялар, дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары, 3 акция, 70 журналистке арналған семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ, 389 мақала жарық көріп, 227 рет теледидар арқылы хабар ұйымдастырылып, 274 рет радиохабар таратылды.
Егілетін есірткіден келетін зиянды төмендету стратегиясын жүзеге асыру мақсатында да бірқатар шаралар атқарылды. Инъекциялық есірткіні тұтынушы (инъекциялық есірткіні тұтынушы) 14656 адам өз еркімен кеңес алып, АҚТҚ жұқпасына сол топтағы 6808 адам жасырын тест тапсырды. Сонымен бірге стационарлық сенім пункттерінің желісі кеңейтілуде. Барлығы 138 сенім пункті жұмыс істеп, жаңадан 17 сенім пункті ашылды. АҚТҚ жұқпасының жыныстық жолмен берілуінің алдын алу стратегиясын жүзеге асыру бойынша жүргізілетін шараларға сәйкес республикада 27 достық кабинеттері жұмыс істейді.
Жастардың және халықтың басқа да топтарының арасында нашақорлыққа, АҚТҚ/ЖҚТБ және басқа да жыныстық жолмен берілетін ауруларға қарсы күресу үшін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЖҚТБ орталықтарының, наркодиспансерлердің, терідиспансерлерінің мамандары оқу орындарының оқытушыларымен бірлесіп, әртүрлі шаралар өткізді. АҚТҚ жұқпасына психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тесттен өткізу қызметтері бойынша ерекше нысандар құрылды.
АҚТҚ жұқпасының анадан балаға берілу жолдарының алдын алу стратегиясы да табысты жүзеге асылуда. Денсаулық сақтау министрлігінің үстіміздегі жылғы 30 наурыздағы №212 бұйрығымен “АҚТҚ-жұқпасының анадан балаға берілуінің алдын алу бойынша шаралардың кешенді жоспары” бекітіліп, осы тұрғыда 87 семинар өткізілді. АҚТҚ-ға куәландыру ережесіне де өзгерістер енгізіліп, жүкті әйелдер екі қайтара тестіден өткізілді. Перзентханаларда және облыстық бөлімшелерде әйелдерді босандыру барысында жедел-диагностика және профилактикалық шаралар жүргізу әдістеріне оқыту жүргізілді. Ол үшін 47591 тест-жүйе сатып алынды. АҚТҚ жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдерді, жас нәрестелерді вирусқа қарсы профилактикалық емдеумен қамтамасыз ету мақсатында аймақтар антиреровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. 59 жүкті әйел және 63 жаңа туған нәресте профилактикалық ем қабылдады.
Денсаулық сақтау министрлігі ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Республикалық орталық дайындаған АҚТҚ жұқпасын бюджеттік негізде емдеу хаттамасына сәйкес емдеу және алдын алу үшін негізгі өмірлік маңызды дәрілер тізімін толықтыру туралы ұсынысты бекітті. Сондай-ақ АҚТҚ жұқпасымен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша 2 жаңа жоба енгізілді. АҚТҚ жұқпасы бойынша эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті, бағалауды, жоспарлауды және жауапты шараларды болжамдауды жетілдіру жалғасуда.
Соңғы уақытта жаһандық пандалық сипат алып келе жатқан АҚТБ жұқпалы ауруы жер жүзінің әлеуметтік-экономикалық игіліктеріне нақты қауіп төндіріп отыр. БҰҰ АҚТБ/ЖҚТБ жөніндегі (ЮНЭИДС) Біріккен Бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамалық бағалары бойынша әлемде осы кезеңде АҚТБ-мен ауыратын 40 миллион адам бар көрінеді, оның жартысын әйелдер құрайды, ал әрбір екінші жұқпалы дерт 25 жастан төменгі жастар арасында тараған. Соңғы 2 жылда 11,5 миллион адам солардың қатарына қосылды, ай сайын жер шарында АҚТБ-ның құрбандары 440 мың адамға көбеюде.
Адам құқын насихаттау мен қорғау АҚТБ/ЖҚТБ-ға қарсы шаралардың бірі болып табылады. 1994 жылы қабылданған “АҚТБ ауруының алдын алу туралы” Заңы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген және 2001-2005 жылдары жүзеге асырылған АҚТБ жұқпалы дертіне қарсы іс-әрекет жөніндегі бағдарлама осы аурудың алдын алу жөніндегі жұмыстар кешені мен АҚТБ-ға шалдыққандарды әлеуметтік қорғаудың белгіленген шараларын жүзеге асыруға оң ықпал етті. Бағдарлама аясында ауру адамдарды молынан қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Соңғы жылдары АҚТБ-мен ауырғандар санының азаюы байқалып отыр, егер 2001 жылы бұл көрсеткіш 1171 адам болса, 2005 жылдың қорытындысы бойынша – 699 жағдай тіркелді.
Өкінішке қарай, ТМД елдері секілді Қазақстанда да АҚТБ ауруы есірткіні пайдалану мен жыныстық мінезге байланысты жылдам таралуда. Сарапшылардың бағалауынша, елімізде қазіргі кезде 13 мыңға жуық адам АҚТБ/ЖҚТБ дертіне шалдыққан. АҚТБ жұқпалы ауруымен тіркелгендер саны ең көбі Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында көп екені анықталған.
Осы жылдың маусым айында “АҚТБ ауруының алдын алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң АҚТБ ауруына шалдыққан адамдарды әлеуметтік, құқықтық қорғауға, оларға қатысты қуғындауды жоя отырып, АҚТБ/ЖҚТБ-ның таралуын тиімділікпен алдын алу жөніндегі барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Мемлекет анонимді тексерілуге қол жеткізу мүмкіндігі мен тегін дәрігерлік және дәрі-дәрмек көмегі, АҚТБ жұқтырғандар мен ЖҚТБ ауруларына қатысты қандай да бір қуғындауды болдырмау, АҚТБ-ны жұқтырғандары мен ЖҚТБ ауруын кепілді мөлшердегі тегін дәрігерлік көмектің шегінде вирусқа қарсы арнайы тегін емдеу секілді әлеуметтік қорғау шараларына кепілдік береді.
Қолданыстағы заңға енгізілген өзгерістер АҚТБ жұқтырғыштарының алдын алуды жүзеге асыру шараларын, ұстанымдары мен жолдарын нақты белгілеу болып табылады: мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың АҚТБ ауруының алдын алуға жауаптылығы, ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, мекемеаралық (сектораралық) өзара іс-қимылы шаралары. Оған қоса аурудың алдын алу шараларын жүзеге асыру жолдары реттеліп, нақтыланды. Мұның өзі уәкілетті органға келешекте қабылданған шаралардың саны мен сапасына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар заңда Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖҚТБ жұқтыруға байланысты дәрігерлік куәлік беру мәселелері белгіленген.
Оңтүстік Қазақстанда балалар арасында АҚТҚ-инфекциясының тіркелу фактісіне байланысты республиканың барлық аймағында биылғы жылы қан құйылған балаларды АҚТҚ- инфекциясына тексеру жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаев тамыздың 31-і күнгі баспасөз мәслихатында хабарлады.
Гемотрансфузия бойынша 8107 бала анықталды, олардың АҚТҚ-ға тексерілгені 1719 немесе 21,2 пайызы. Оңтүстік Қазақстан облысын қоспағанда, оң нәтижелер болған жоқ. Тексерудің төмен деңгейі балалардың гемотрансфузияден кейінгі 6 ай өткеннен кейін тексерілетінімен түсіндіріледі.
Осыған ұқсас жағдайдың қайталануын болдырмау мақсатында басқа өңірлерде қан мен оның компоненттерін дайындаумен айналысатын денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық шаралар жүргізетін медициналық ұйымдарды кешенді тексеру жүргізілді.
Республика бойынша қан мен оның компоненттерін дайындаумен айналысатын 156 денсаулық сақтау ұйымы жұмыс істейді, олардың 150-і немесе 96 пайызы тексерілді. Бұл ретте 42,6 пайыз (64) қан ұйымында қан мен оның компоненттерін дайындау кезінде тәртіп бұзушылық анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша 5 ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылды, 5 іс тергеу органдарына берілді, 4 адам қызметінен шеттетілді, 48 айыппұл салынды.
Медициналық шаралар (операция, инъекциялар және т.б.) жүргізетін медициналық ұйымдар саны 7266. Олардың тексерілгені - 5438 немесе 75 пайызы, ал 1688 объектіде (31 пайыз) індетке қарсы және дезинфекциялық-зарарсыздандыру режимдерінің, емдеу хаттамаларының бұзылғаны анықталды.
Тексерулердің нәтижелері бойынша 49 ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылды, 54 іс тергеу органдарына берілді, 578 адам қызметінен шеттетілді, 2349 айыппұл салынды.
Бұған қоса, 7 облыста медицина қызметкерлерін қайталап аттестаттау жүргізіліп, ЕАҰ (емдеу-алдын алу ұйымы) медицина қызметкерлері үшін АҚТҚ-ның алдын алу мәселелері бойынша семинарлар өткізілді, оған 2654 адам қамтылды.
Қазақстанда ЖҚТБ індетіне қарсы 2006-2010 жылдарға арналған жаңа бағдарлама әзірленді, бұл бағдарламада медицина ұйымдарында донорлық қанның қауіпсіздігін және дезинфекциялық-зарарсыздандыру тәртібін қатаң бақылау жөніндегі іс-шаралар көзделген.


Скачать


zharar.kz