Қыпшақ Бейбарыс Египетті 17 жыл билеген. Оның толық аты-жөні әл-Мәлік аз-Зәкір Рух-ад-дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихли. Ғалымдардың пікірі бойынша Бейбарыс 1223 жылы Каспий теңізінің батыс жағалауында дүниеге келген .Қыпшақ тайпасынан шыққан. 1277 жылы Сирия қаласы \Дамаскіде\ қайтыс болған. Ол Египет пен Сирия сұлтандарының ішінде ең атақтысы, ең сыйлысы болған. 1260 пен 1277 жылдар аралығында осы мемлекеттерді басқарған. Ол халық арасында \118 крестшілер\ мен монғолдарды жеңген билеуші болумен қатар, игілік жасаушы \175 реформатор\ кейпінде де атағы шыққан болатын. Халық аузында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан "Бейбарыс сұлтан" әңгімесі араб ауыз әдебиеті творчествосы - \226 фольклордың\ озық шығармасы болып табылады. Ал Бейбарыс сұлтанның аты халық арасында билеуші, әрі батыр ретінде кең танымал екендігін көрсетеді. Ол жайлы шығарылған бұл әңгімені шежірешілер халық көп жиналған алау маңында айтып беретін.
1242 жылы монғолдар қыпшақ жерін жаулап алғаннан кейін бозбала Бейбарыс тұтқындалып, басқа да руластарымен бірге құлдыққа сатылып кеткен болатын. Түркі тілінде сөйлейтін жалдамалы әскерлер мұсылмандық |Жерорта теңізі бойындағы елдердің әскерінің қомақты бөлігін құрайтын жєне олардың құны үлкен ақша тұратын. Өмірдіњ әр түрлі тәлкегінен өткен Бейбарыс, Египет сұлтаны Ас-Салах Нажім-ад-Диннің қолына түседі. Оны сұлтанның өзге де әскерлерімен бірге, Ніл өзені бойындағы бір аралда ұстайды. Ол осы жерде өзінің қайсарлығы мен қаруды жақсы қолдана алатындығымен көзге түседі. Ол аралдағы әскери өнер мектебін бітіргеннен кейін, шайқастарға қатысып, ерлігімен көзге түседі. Бейбарысты соғыстағы ерліктері мен көзсіз батырлығы үшін сұлтанның күзет бастығы етіп тағайындалады.
Бейбарыс 1250 жылы қаңтар айында Әл-Мансур қаласы түбінде француз королі-крестші IX Людовикпен болған шайқаста мамлүк әскерін басқарды. Шайқас барысында король Людовик қолға түседі. Крестшілер оның өмірі мен бостандығы үшін үлкен төлем төлеуге мәжбүр болады.
Бейбарыстың мамлүк-жауынгерлері арасында беделі өте жоғары болды. Ол ықпалды мамлүктер тобымен билікке жаңадан келген Тұран-шахты тақтан тайдырады. Аюбилер әулетінің соңғы сұлтанының өлімімен Египетте дүрбелең басталады. Тағы да бір жыл өткен соң еріксіз жауынгерлер - мамлүктер билікті өз қолдарына алады. Египетті мамлүктер басқарған кезең басталады. Алғашқы мамлүк сұлтаны Айбекке қарсы әрекеттерге қатысы бар Бейбарыс өзінің жолдастарымен Сирияға барып, сонда 1260 жылға дейін болады. Ақыр соңында үшінші мамлүк сұлтаны әл-Мұзаффар Сайф-ад-дин Кутуз оларды кері шақырып, барлық әскери атақ-даңқтары мен жеңілдіктерін қайтарып береді. Ал Бейбарысқа иелікке тұтас бір елді-мекенді береді. Бейбарыс 1260 жылы қыркүйекте Палестина қаласы Набулустың түбінде болған шайқаста ірі әскери құраманы басқарып, монғол корпусын тас-талқан етіп жеңеді. Осы шайқаста ол өзін керемет қолбасы екендігін танытып көптеген монғол жауынгерлерін тұтқынға алды.
Бейбарыс ерен еңбегі үшін өзіне Алеппо (қазіргі 230Халеб) қаласын сыйға беруді сұрайды. Алайда Кутуз сұлтан бұл тілегін қанағаттандырмайды. Сирия жорығынан қайтып келгеннен кейін, Бейбарыс сұлтаннан қолға түскен монғол қызын әйелдікке беруді сұрайды. Жартымды жауап алған Бейбарыс сұлтанның қолын сүйеді. Алайда, бұл әрекет сұлтанның айналасындағы мамлүктерге берген белгі болатын. Осы сәтте мамлүктер Кутузды қоршауға алып, Бейбарыс сұлтанға қанжар салады. Осылай Бейбарыс төртінші мамлүк сүлтаны атанады.
Бейбарыс Сирия жерінде крестшілермен соғыса жүрып, Аюби әулетінен шыққан көрнекті араб билеушісі мен қолбасы Салах-ад-диннің (Вольтер Скоттың романындағы Саладин) өз заманында жеткен атақ-даңқына жеткісі келеді. Ол сұлтан болғаннан кейін әскердегі беделін күшейткісі келді. Бейбарыс монғолдар Сирия жерінде талқандаған қамалдар мен бекіністерді қайта қалпына келтіріп,қару-жарақ пен оқ-дәріге арналған қоймалар және сауда кемелерін жасатқызды. Ол крестшілерге қарсы күресте мұсылман-қолбасшыларды бірге жұмылдыру үшін, Египет пен Сирияны бір мемлекетке біріктірді. Ол аюби әулетінен шыққан сұлтандардың үш үлкен қаласын тартып алып, олардың Сирия жеріндегі ықпалын мүлдем тыяды.
1265 пен 1271 жылдар аралығында крестшілермен үздіксіз соғыс жүргізеді. 1265 жылы
163гоcпитальерлер ордені Бейбарысқа Арзуф бекінісін беруге мәжбүр болады. Осыдан кейін Бейбарыс әскерімен Атлит пен Хайфу бекіністерін жаулап алып, 1266 жылы шілдеде храм ордені крестшілері берілгенше Сафедт бекінісін қоршауға ұстап тұрады.
1268 жылы Антиохияны жаулап алғаннан кейін, крестшілер бекіністерінің көп бөлегі Бейбарыстың қолына өтеді. Бейбарыс 1271 жылы тағы да бірқатар қалалар мен бекіністерді жаулап алғаннан кейін крестшілермен болѓан соғыстың тағдыры шешіледі. Ондаған жылдары бойы жүргізілген Бейбарыстың жеңімпаз соғыстары мен жорықтарын, оның орнына келген сұлтандар қайталай алмаған еді.
Бейбарыс монғол жаулап алушыларына қарсы өз елінің солтүстігі мен шығысында күрес жүргізді. Бұл шайқастар ислам әлемінің нағыз ортасында жүрген еді. Иранды билеген он жеті жыл ішінде, Бейбарыс монғол әскерімен тоғыз рет қанды шайқасқа түседі. Ол Сирияда ассасин мұсылмандық фанатиктер сектасымен шайқасуына тура келеді. Ол 1271-1273 жылдары олардың бірқатар қалалары мен қамалдарын жаулап алғаннан кейін, сектаның бірқатар мүшелерін өлім жазасына кесіп, қалғанын елден қуады.
Бейбарыс монғолдармен одақ құрған христиан-армяндармен соғыс жүргізіп, жаулап алғаннан кейін қалаларын талқандайды. 1276 жылы ол селжұќ әскерін жеңгеннен кейін, олардың одақтастары монғолдарды талқандайды. Бейбарыс әскерді өзі бастап тарихи Капподокий провинциясындағы Цезарей (қазіргі түріктің Кайсери қаласы) қаласын жаулап алады. Египетті оңтүстік, батыс пен шығыстан қауіпсіздендіру үшін Нубия мен Ливияға әскери экспедициялар жібереді. өмірде қайсарлығымен көзге түскен ол қолбасы бола тұрып жеке басы мен өмірін өлімге тігіп қолындағы қаруымен он бес шайқасқа қатысты.
Ол тығыз дипломатиялық қатынасты жөнге салу үшін, КонстантинопольгеVIII Михаил Палеологқа елшілік жіберді. Византия шонжарлары, бұғаздың жағалауындағы көне мешітті қалпына келтіру туралы тапсырысты алып, Босфор мен Геллеспонт арқылы Египет кемелерінің жүзуіне рұқсат берді.
Бейбарыс билік еткен жылдары өз әскері үшін түрік еріксіздерін көбірек әкелуді мақсат еткен болатын. Оның алдына қойған мақсаттарының бірі Алтын Орда монғолдарымен бірігіп Иранда билік етіп тұрған монғол ханы Хұлағуға қарсы, күресу еді. 1261 жылы Бейбарыс сұлтанның елшілігі Сицилия королі Манфредтің қабылдауында болып, одан кейін Италияға барған еді. Осыған жауап ретінде Италия мен Сицилияның королі Карл Анжуйский 1264 жылы өз елшілігін мол тарту-таралғылармен және сәлемдеме хатпен жіберді. Бейбарыс сұлтанның күшімен Европа корольдерінің санасатындығын білдіретін еді. Бейбарыс сұлтан Арагон королі Яковпен, Леон мен Кастилияның королі Х Альфонсомен өзара сауда қатынасы жөніндегі келісімдерге қол қойған болатын.
Бейбарыс сұлтанны4 атқарған саяси шешімдерінің ең бір көзге түсерлігі - монғол шапқыншылығынан бас сауғалап жүрген Аббас шах әулеті өкілдері аббастықтарды жинап, Каирде баспана беруі. Тіпті олардың біреуін халиф, яғни мұсылман єлемінің әміршісі етіп |тағайындады. Осылай, Бейбарыс сұлтан өзінің сұлтанатында халифті мойындап, мұсылмандықты заңдастырған болатын. Алайда қалыптасқан жағдайға байланысты аббас әулетінен шыққан халифтер мамлүктер мемлекетінде халықтың үстінен билік ете алмады.
Халық Бейбарысты тек қолбасы, керемет дипломат кейпінде ғана емес, басқа қырларынан да таниды. Оның билік құрған жылдары сәулеттік маңызы бар көптеген құрылыстар салынып, порттар мен пристандар қалпына келтірілді.
Каир мен Дамаскі арасында тұрақты түрде байланыс желісі орнады. Бір қаладан екінші қалаға төрт күнде жетуге болатын еді. Ол Каирда үлкен мешіт пен мектеп салғызған болатын. Бұл мектеп бүгінгі күнде оның есімімен аталады. Алғаш рет Египет тарихында ислам заңына сәйкес төрт сатыдан тұратын қазылар соты бекітілген болатын.
Бейбарыс күшті, әрі батыл қолбасы, мемлекеттік қайраткер болумен қатар спортпен, аң аулаумен, садақ тартумен белсенді түрде айналысып, ақындар айтысына қатысқан. Оның мінезі ашық, жомарт, қарапайым халыққа жақын болған. Ол күрделі мәселелерді қарастырғанда, алдымен оның моральдық жағынан көп көңіл бөлген. Ол 1271 жылы шарап ішуге тиым салғызған.
1277 жылы бірінші шілдеде Бейбарыс басқа адамға арналған уланған ішімдік құйылған ыдыстан байқамай, ішіп қойып, содан көз жұмады. Ол өзі салғызған әз-Закария кітапханасының астына жерленеді.
Тағдырдың тәлкегімен қазақ даласынан алыстағы көне Египет жеріне тап болып, сол елде билеуші болған Бейбарыстың өмірі мен қызметі, қазақ халқының іші де әлемдік тарихта із қалдырған көптеген талантты ұлдарының болғандығының дәлелі болып табылады. Бейбарыс сұлтан кіндік қаны тамған туған жерін ұмытпай, оны сағынышпен есіне алып отырған. Алтын Орда билеушілерімен әскери одақ құруға ұмтылысы осы жағдайдан туса керек. (Берілген мақаладағы мәліметтер 1929 жылы жарық көрген Британ энциклопедиясынан алынған).