Ғылыми ұтқырлық

Скачать

Маман дайындаудағы ерекшелік: Университетте Құқықтану мамандығы бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес шет елдердің жоғары дамыған университетерімен бәсекеге түсе алатын жұмысқа қабілетті жоғары сұранысқа ие мамандар дайарланады

Ақпараттық және кітапханалық дамуы: Құқықтану мамандығы бойынша университетімізде оқып жүрген магистранттарымыз, күнделікті барлық заң пәндері бойынша дәріс тыңдап, өз ойларын білдіріп, саяси пікір қалыптастырып, кітапхана мен Интернет жүйесінен мағлұмат алып, білім алуда.

Оқыту жүйесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бікіткен стандарттарына сай университетте білім беру кредиттік технология бойынша жүргізіледі. Әлем бойынша қолданылатын бұл жүйе магистрант тұлға ретінде ашуға бағытталған. 

Күтілетін нәтижелер: Құқықтану мамандығы бойынша магистратураны бітірушілер кәсіби қызметің құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыспен айналысуға құқылы. Кәсіби заңдылық қызметтерді тәжірибелік тұрғыдан пайдалану құзыреттерін игереді.

Ғылыми ұтқырлық: Ғылыми ішкі ұтқырлықты жүзеге асыруда мамандық бойынша Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің жанындағы ұлттық құқық жоғарғы мектебінің Азаматтық құқық кафедрасымен, Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Тарих және құқық факультетінің Арнайы құқықтық пәндер, Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедраларымен, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедраларымен жоспарлануда. Осыған байланысты кафедрада мамандарды ғылыми, шығармашылық, өндірістік бағыттарда дайындау үшін жасалған келісімдері бар. Бұл келісімдер арқылы магистранттардың ішкі академиялық ұтқырлығы жүзеге асырылады.
Магистранттарды дайындауда инновациялық әдістердің бірі академиялық ұтқырлықты пайдаланып: М.В.Ломоносов атындағы МГУ Мәскеу қаласында, Түркия Стамбул қаласында, Маниса қаласындағы Джелал Баяр университеттерінде зерттеу, педагогикалық тәжірибелер өтілуде.

Халықаралық қатынастар: Құқықтану мамандығы бойынша магистранттарда дайындауда халықаралық ынтымақтастық бағыттары жүзеге асырылады. Магистранттар Халықаралық форумдарда, халықаралық конференцияларда, конгрестерде баяндамалар жасайды, қазақстандық заңгер-ғалымдардың лекцияларына қатысады, сұхбаттасумен тәжірибе жинақтайды, жоспарлы түрде ғылыми еңбектерді жариялайды. Университет шетелдік бірқатар университеттерімен келісім шарттары жасалған.

Магистратураның білім беру бағдарламаларын орындаған тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Білім алушының қорытынды аттестациясы – мемлекеттік бақылау. Кешенді емтиханды тапсыру және диссертацияны қорғауды мемлекеттік аттестациялық комиссия өткізеді.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға – Құқықтану мамандығы бойынша құқық магистрі академиялық дәрежесі тағайындалып, дипломға қосымшамен (транскриптен) қоса мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

Құқықтану мамандығы бойынша магистрант – іргелі ғылыми және кәсіби дайындағы бар, қазіргі замаңғы ақпараттық технологияларды білетін және қазіргі замаңғы ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдайтын және оларды шешетін тұлға, тандаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлап жүргізетін, жоғарғы оқу орындарында сабақ беретін, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыратын тұлға.


Скачать


zharar.kz