Көне Түркілерге туыс халықты Ғұндар деп алу қиындау

Скачать

Арғын руы және ғұндар. Арғын Қазақтағы саны ең көп ру. Ұлы жүздің 12 руын қосса да, бір рудың Арғынның санынан аз болатыны рас. Бір өкініштісі, 1932-33 жылғы аштық жылдары Арғындар өзінің 70 пайызынан айырылды. Оңтүстік пен Батыс рулары ондай көп шығынға ұшыраған жоқ. Шығынға көп ұшыраған Арқаның рулары ғой. Батыс рулары (Кіші жүз) өзінің тең жартысынан - 50 пайызынан айырылды. Ал Ұлы жүздің шығыны - 30 пайыздай болған.

Бұл - өте көп ру, оны атының ұқсастығына қарап, ғұндардан таратуға келмейді. Ғұн дейтін халықтың бір кезде жер бетінде болғанын, Шыңғысхан да, Білге қаған да, тіпті Атилла да білген емес. Бұлардың бәрі үшін - Ғұндар тым көне тарих. Сонымен қатар, Ғұндардың тарихын әкеліп Арғындарға тірейтіндей тұтасып жатқан тарихи желі жоқ.

Кез келген рудың тарихын қарағанда біз ең алдымен қарапайым ғана сұрақтар қоямыз.

1-сұрақ: Хақназар ханның тұсында бұл ру қайда болды. Себебі Хақназар хан қазіргі үш жүзді осы күйге келтіріп өз мемлекетін тұтастырып, аймақтарға бөлген адам.

2-сұрақ Қасым ханның тұсында бұл ру қайда болды. Ол - қазіргі байтақ Қазақ даласы мен Қазақ руларын алғаш рет осы қазіргідей шеңберде тұтастырған адам.

3-сұрақ. Дешті-Қыпшақ заманында бұл ру қайда болды. Дешті Қыпшақты жайлаған әйгілі "92 тайпаның" ішінде бар ма. Әлде "Қыпшақтар даласына" басқа жақтан келден бе.

4-сұрақ. Шыңғысханның заманында бұл ру қайда болды. Бұл да сол кездегі рулардың орналасуын және саны мен мемлекеттілігін білу үшін қызықты сұрақ.

5-сұрақ. Көне Түркі қағандықтары (Ұлы Түркі қағандығы, Түргеш, Көк Түркі, Қарлұқ қағандықтары, Ұлы Хазар, Ұлы Бұлғар, Ұлы Қырғыз қағандықтары, Ұйғыр, Қарахан, Қидан қағандықтары) кезінде бұл ру қайда болды. Бұл ру-тайпа қашан, қалай қалыптасты дегенді білу үшін қажет.

Ал Арғын руы - көне жазбаларда Аргу елі деп аталады. Аргу елінің бұрынғы атау Басмылдар. Махмұд Қашғари Түркі халықтарының 10-11 ғасырлардағы орналасуын батыстан бері қарай былай суреттейді: Беченектер (Баджинак), Кыфчактар (Кипчак), Огұздар, Иемектер (Кимек, Қимақ), Башкырттар (Башкорт, Башқұрт), Басмулдар, Каилар, Ябаку (Жабағулар), Татарлар, Қырғыздар. Бұлар батыс жақта. Яғни Қазіргі Қашғариядан (Шыңжаннан дейік) батысқа және Солтүстікке қарай орналасқан Түркі халықтары. Бұл халықтар мысалы 9 ғасырда - Ұлы Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін пайда болған.

Осының ішіндегі Басмылдар деп отырған елі - Арғындар. Бұл ру - Қарлұқ қағандығының негізгі халқы, Көне деректерге сүйенсек, ежелгі Қытайлар мойындағандай, Қарлұқтар және Басмылдар (Арғындар) - ең алдымен Көне Түркілерге (Бумын және Білге қағанның халқы) туыс халық. Көне Түркілерге туыс халықты Ғұндар деп алу қиындау...

Ұрпақ жалғастығы тұрғысынан тарихи алғанда, Көне Түркілер басқа, ал Ғұндар - мүлде басқа. Ғұндар негізінен алғанда, қазіргі - Оғыз тілдес халықтардың (Түрікмен, Түрік, Әзірбайжан, Ұйғыр, Өзбек) арғы аталары. Көне Түркілер, негізінен - Қазіргі Қыпшақ тілдес халықтардың арғы аталары. Ал Гундер тағы да басқа халық, олар - Бұлғар тілдес халықтардың арғы аталары.

Алайда, Арғын не Найман, Дулат, Қыпшақ сынды көне рудың құрылысына қарасақ, бәрі бір атадан, немесе бір халықтан тікелей тарамайды. Бұлар - осы далада өмір сүрген көптеген халықтардың қосындысынан, дамуынан пайда болған. Сондықтан, Арғынның арғы аталарының ішінде Ғұндар да, Қимақтар да, Көне Түркілер де, Оғыздар да - тіпті Сақтар (Аргиппейлер) де бар. Ал ішкі ру-тайплық құрамы жағынан алсақ, Арғындар ежелгі халықтармен - Башқұрттармен және Саха (Якут) халқымен де туыс...


Скачать


zharar.kz