Нотариус мынадай нотариаттық іс - әрекеттер жасайды

Скачать

 Осы Нұсқаулық "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген құзыреттер шегінде нотариаттық іс-әрекеттер жасауы кезінде мемлекеттік нотариустардың және жеке практикамен айналысатын нотариустардың (бұдан әрі — нотариустардың), сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және консулдық міндетті атқарушы адамдардың Қазақстан Республикасы атынан нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібін белгілейді.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:
1) мәмілелерді куәландырады;
2) шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;
3) мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;
4) мұраға құқық туралы куәліктер береді;
5) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;
6) мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
7) құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;
8) құжаттарға қойылған қолдың түп нұскалығын куәландырады;
9) құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;
10) азаматтың тірі екендігі фактісін куәландырады;
11) азаматтың белгілі бір жерде бөлу фактісін куәландырады;
12) құжаттардың берілген уақытын куәландырады;
13) жеке және заңды тұлғалардьың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;
14) ақшаларды депозитке қабылдайды;
15) орындау қағаздарын жазады;
16) вексель наразылықтарын жасайды;
17) құжаттар мен бағалы кағаздарды сақтауға қабылдайды;
18) теңіз наразылықтарын жасайды;
19) дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін. Нотариус сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтуішсі туралы ережемен белгіленеді. Нотариус көмекшісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті нотариус пен көмекші арасындағы еңбек ІІІартымен белгіленеді.
Нотариустың өз тегі, аты, әкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариустын мөрі) не лицензияның нөмірі мен берілген күні (жекеше нотариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары және жеке бланкілері болады.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүргізіледі және Казақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУДЫҢ НЕГЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.
Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:
1) мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданғанда;
2) мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
Әрбір нотариаттық іс-әрекетке жеке реттік нөмір беріледі. Тізілімге нотариаттық іс-әрекет тіркелген нөмір нотариустың беретін куәліктерінде және құжаттардағы куәландыру жазбаларында көрсетіледі.
Нотариаттық іс-әрекетті тізілімге тіркеуді жазу нотариус куәландыру жазбасына немесе нотариус беретін құжатқа нотариус қол қойғаннан кейін ғана жүргізеді. Жазуларды қарындашпен жазуға жол берілмейді.
Нотариаттық іс-әрекет жасауға негіз болған құжаттар нотариуста қалдырылатын куәліктердің данасына немесе нотариаттық куәландырылатын мәміленің түп нұсқасына қосылады. Ұсынған адамдарға құжаттардың түп нұсқалары қайтарылуы қажет болған жағдайда, нотариус ол құжаттардың көшірмесін өзіне қалдырады. Нотариат кеңсесінің істерінде қалатын құжаттың көшірмесінің дұрыстығы нотариустың түп нұсқаның көшірмесінің дұрыстығы, нотариустың қойған қолы, күні көрсетілген жазбасымен куәландырылады.
Нотариус мынадай құжаттарды немесе олардың көшірмелерін:
1) занды тұлғалардың атына және солардың атынан мәмілелерді (соның ішінде сенімхаттарды) куәландырғанда — занды тұлғалардың жарғылары мен олар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың өкілдерінің өкілеттіктерін растайтын (нақты мәмілені жасауға берілген біржолғы сенімхаттардан басқа) құжаттарды;
2) иеліктен алу шарттарын куәландырғанда—автомотокөлік құралдарының техникалық паспорттарын, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті және автомотокөлік құралдарының өзге де тіркеу құжаттарын;
3) мүлікті иеліктеналу шарттарын куәландырғанда — мүлік салығын төлегені туралы түбіртекті қалдырмайды.
Аталған құжаттардың бар екендігі туралы мәміленің нотариуста қалатын данасына, мұрагерлік құқық туралы және меншік құқығы туралы куәліктер беру туралы арыздарға белгі соғылады, бұдан кейін олар соларды ұсынған адамға немесе иеленушіге (мұрагерге) қайтарылады.
Өтініш берушінің өзі нотариаттық іс-әрекет жасау үшін нотариусқа берген арыздардағы қолдардың түп нұсқалығын өтініш берушінің жеке басын растайтын құжатты көрсете отырып нотариус куәландырады.
Мемлекеттік нотариустар, жеке практикамен шұғылданатын нотариустар, жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға өкілетт лауазымды тұлғалары, Қазақстан Республикасының атынан консулдық міндеттерді атқаратын тұлғалар жасалатын нотариаттық іс- әрекеттердің құпиялығын сақтауға міндетті.
Жасалған нотариаттық іс-әрекеті туралы мәліметтерді (ауызша немесе жазбаша хабарламаларды), нотариаттық куәландырылған құжаттардың көшірмелерін немесе дубликаттарын, нотариаттық іс-әрекет жасау үшін берілген құжаттың іс қағаздарында сақтаулы көшірмелерін, сондай-ақ тізілімдерден үзінді көшірмелерді нотариус тек төмендегі жағдайларда береді:
1) заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініші бойынша олардың атынан және олардың тапсырмасы бойынша, немесе олар өкілеттік берген адамдар осы нотариаттық іс-әрекетті жасаса. Өкілеттік берілген адамдармен заңмен белгіленген тәртіпте көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды алуға арнайы өкілеттік берілген адамдар танылады;
2) сот, тергеу және алдын - ала тергеу органдарының сұраулары бойынша, сондай-ақ олардың өндірістеріндегі істер бойынша прокуратураның сұраулары негізінде, сондай-ақ нотариустардың қызметін тексеруді және бақылауды жүзеге асыруға өкілеттік берілген әділет органдары мен нотариаттық палаталардың сұраулары бойынша. Аталған сұраулар жазбаша түрде жазылуы және барлық қажетті деректемелерді көрсетуі тиіс (сұрау салып отырған органның атауы, сұраудың күні және нөмірі, қажетті жағдайларда қозғалған немесе өндірістегі іс туралы, сұрау салып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты, телефоны, лауазымы және қолы, мөрінің бедерлемесі)
Өсиеттер, өсиеттердің дубликаттары мен өсиеттердің көшірмелері туралы мәліметтер мүдделі адамдарға тек өсиет қалдырушы қайтыс болғаннан кейін беріледі. Өсиетте көрсетілген мұрагерлерлер кайтыс болған жағдайда өсиеттің дубликаты олардың мұрагерлеріне олар өсиет қалдырушы мен өздері одан кейін мұрасын иеленетін қайтыс болған мұрагердің өлгендігі туралы куәлікті ұсынған жағдайда беріледі.
Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасағанда азаматтың немесе лауазымды адамның қолданылып жүрген заң нормаларын бұзғанын байқаған жағдайда осы туралы қажетті шаралар қабылдау үшін тиісті мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе прокурорға хабарлайды.
Егер ұсынылған құжатты түпнұсқалығы күмән туғызса, нотариус осы құжатты ұстап қалып, оны сараптамаға жіберуге құқылы.
Құжаттың сараптамаға жіберілгендігі туралы қаулы шығарылады, онда:
1) қаулы шығарылған күн;
2) нотариустың тегі, аты-жөні, қажет болған жағдайларда мемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы;
3) құжаттың атауы, оның кімнің атына берілгендігі;
4) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін құжатты ұсынған адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны;
5) құжатты сараптамаға жіберу қажеттілігін туғызғн жағдайлар;
6) құжаттың қай сараптама мекемесіне (немесе сарапшыға) сараптама жүргізу үшін жіберілгені;
7) сарапшының шешуі үшін қойылған сұрақтар көрсетіледі.
Нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін мемлекеттік нотариус занда белгіленген ставка мен тәртіп бойынша мемлекеттік баж салығын, жекеше нотариус тараптардың келісімімен Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында белгілеген мөлшерде алады.
Жеке және занды тұлғалар үшін заңдармен көзделген нотариаттық іс-әрекетке ақы төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы адамдар үшін жекеше нотариус нотариаттық қызмет көрсеткенде де қолданылады (Мемлекеттік баж салығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 3-тарауының 10-бабы).
Нотариаттық іс-әрекетті жұмыс орнынан тыс жерде жасағанда мүдделі адамдар нотариустың нақты көлік шығындарын өтейді (Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағы).
Мемлекеттік нотариустың техникалық сипаттағы қызмет көрсетулеріне заңда белгіленген тарифтер бойынша, жекеше нотариустарға —тараптардың келісімі бойынша ақы төлемеді ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 3-тармағы).
Мемлекеттік нотариус тағайындаған сараптама бойынша шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасы тағайындаған азаматтық іс жүргізу заңдарымен белгіленген тәртіпте жекеше нотариуспен — сараптама мекемесімен (сарапшымен) келісім бойынша белгіленген мөлшерде мүдделі адамдармен жүргізіледі.
Мемлекеттік нотариустың мұралық мүлікті қорғау шараларын қабылдауына байланысты шығындарды өтеу мемлекеттік нотариус тағайындаған мүліктің сақтаушысымен мүддслі адамдардың келісімі бойынша жүргізіледі. Осы көрсетілген шаралар жекеше нотариус тарапынан қабылданғанда мүдделі адамдар мүлік сақтаушы мен жекеше нотариустың қызмет ақыларын тараптардың келісімімен белгіленген мөлшерде төлейді.
Нотариустардың кажетті жағдайларда шақыратын өзге мамандардынң қызметіне ақы төлеу, сондай-ақ мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындауына байланысты ақы төлеу мүдделі адамдардың көрсетілген мамандармен келісімі бойынша жүргізіледі.
Мынада нотариаттық іс-әрекетті жасаудан бас тартылуы мүмкін, егер:
1) мұндай іс-әрекетті жасау заңға кайшы келсе;
2) іс-әрекетті басқа нотариус жасауға тиіс болса;
3) нотариаттық іс-әрекет жасау жөнінде әрекет қабілеттілігі жоқ адам немесе қажетті өкілеттігі жоқ өкіл өтініш жасаса;
4) заңды тұлға атынан жасалған мәміле оның жарғысында немесе ережесінде көрсетілген мақсаттарға қайшы келсе;
5) мәміле заң талаптарына сәйкес келмесе;
6) нотариаттық іс-әрекет жасау үшін табыс етілген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе ( Нотариат туралы Қазақстан Республикасы Заңының 48 бабы).
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартқан жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауғаа жүгінген күннен бастап он күнмен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тарту туралы қаулыда мыналар көрсетілуі тиіс:
1) қаулы шығарылған күн;
2) нотариустың тегі және аты – жөні;
3) нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның тегі, аты, әкесінің аты және тұрған орны (немесе заңды тұлғаның атауы және орналасқан жері);
4) мүдделі адам жасауды өтінген нотариаттық іс - әрекет;
5) нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартудың себептері (заңға сілтеме жасай отырып);
6) бас тартқаны үшін сотқа шағымданудың тәртібі мен мерзімі.
Нотариаттық іс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық іс-әрекеттін, дұрыс жасалмағаны үшін сот тәртібімен шағымдануға болады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағы).
Егер нотариус жіберілген қатенің салдарынан өзінің жасаған нотариаттық іс-әрекеті қолданылып жүрген заңдарға қайшы келгенін немесе заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғанын анықтаса, онда ол бұл туралы заңмен белігіленген тәртіпте көрсетілген нотариаттық іс-әрекеттің күшін жою жөнінде шаралар қабылдау үшін тиісті прокуратура органдарына хабарлауға міндетті. Прокурорға ұсыныс жасалғаны туралы нотариус аумақтық прокуратура органына мүдделі адамдарға, әділет органдарына, қажет болған жағдайларда — нотариаттық палатаға жеткізеді.
Нотариус өз бастамасы бойынша немесе мүдделі адамдардың өтініші бойынша куәландырылған немесе берілген құжаттың мәнін өзгертпейтін және заңмен қорғалатын үшінші жақтардың құқықтары мен мүдделеріне тимейтін көне-көрінеу жаңылыс жазулар мен арифметикалық қателерді түзете алады.


Скачать


zharar.kz