Материалдық байлықты рухани байлықтың қанжығасына байлап берген ақын

Скачать

 Қашаған Күржіманұлының Есқали сұпыға айтқаны өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңмен дәлелдеп жазыңыз
Тезисі: Есқали сұпыға айтқаны деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін, наданның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді.
Аргументтері: 1. Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,
Шамасы ұялатын иман да жоқ...- деп Есқали келінінің бойындағы рухани байлығының жұтаңдығы, надандығы;
2. Сыйлар едің қампаңдап,
Қолын қысып жампаңдап -деп материалдық байлықты ерекше бағалайтын, дүние құмар сұпының бет-пердесін жиылып қалған ел-жұрттың алдында ашып беруі.
Қорытынды: Материалдық байлықты рухани байлықтың қанжығасына байлап берген ақын.

Ата-бабаларымыз материалдық Байлықтан рухани игілікті жоғары қойып, “Малым — жанымның садағасы, жаным —арымның садағасы” деген ұстанымда өмір сүрген. Адам жанын нұрландыратын рухани байлық. Ендеше Күржіманұлының шығармасында байлықтар неліктен таласты? Ақынның Есқали сұпыға айтқаны деген өлеңінде қолында билігі барлардың іс-әрекетін, наданның жағымсыз қылықтарын әшкерлейді. Материалдық байлық қашанда әлсіз адамды азғырып, адамгершіліктен алыстататып, көзі мен көкірегін жауып тастайды.
Қашаған Күржіманұлының Есқали сұпыға айтқаны өлеңінің кейіпкерлерін де материалдық байлық аздырған. Сондықтан ақын надандық пен сараң байларды аяусыз әшкерелей отырып, халыққа рухани байлықты насихаттайды. Есқали сұпының келіні қонақты үйге қондырғысы келмей сараңдық пен таяздық танытып алдарын кес-кестей бергенде, ақын:
Ал, сенде ұят та жоқ, иба да жоқ,
Шамасы ұялатын иман да жоқ...- деп Есқали келінінің бойындағы рухани байлығының жұтаңдығын, надандығын, әдепсіздігін бетіне басады. Біздің елде сіздердей жас келіндер, Сөйлемейтін еді ғой төмен бұғып деген өлең жолдарымен келінді үлгі алуға шақырады. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерді жоғары бағалайтын ақын бұл өлеңде надандықпен күреседі.
Одан әрі ақын сұпының қуараңдаған тар мінезін көреді. Надан, сараң сұпының қылығы ақынды одан әрі кектендіреді. Қашаған домбыраны қолына алып:
Сыйлар едің қампаңдап,
Қолын қысып жампаңдап,
Садақасы болса қойнында,
Үйіңе келсе бай адам -деп материалдық байлықты ерекше бағалайтын, дүние құмар сұпының бет-пердесін жиылып қалған ел-жұрттың алдында ашып береді. Ақырет күнінде де сендей сұпылар жақсылықтан құр қалар деп, кейіпкерге ой салумен өлеңін аяқталады.
Қашаған Күржіманұлы- дәуірінің әлеуметтік мәселелеріне үн қоса білген, рухани байлықты жырлаған кең тынысты ақын. Рухани байлық пен материалдық байлықтың адам өмірінде өзіндік орны бар. Дегенмен, рухани байлығы мол адам, өмірде бақыт пен байлыққа, шаттық пен нұрға бөленеді. Ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, үлкенді, қонақты құрмет тұту қанымызға сіңген. Материалдық байлықты рухани байлықтың қанжығасына байлап берген ақынның шығармасы бізге үлгі.


Скачать


zharar.kz