Аджибекова Назгүлдің бітіру жұмысы негізінде егеуқұйрықтардың өкпе эпителийіне гипоксияның әсері туралы

Скачать

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология факультетіннің зоология және гистология кафедрасының 4 курс студенті Аджибекова Назүлдің Кейбір омыртқалы жануарлардың өкпе морфологиясына экологиялық факторлардың әсері тақырыбына жазылған бітіру жұмысына
Пікір
Аджибекова Назгүлдің бітіру жұмысы негізінде егеуқұйрықтардың өкпе эпителийіне гипоксияның әсері туралы.
Қазіргі уақытта адам және жануарлар организмдеріне сыртқы орта факторланының (жоғарғы және төменгі температура, гипоксия) әсері актуальды проблемалардың біріне айналып отыр. Бұл фаторларға организмдердің төзімділігінің клеткалық, ұлпалық механизмдері қалай жүреді деген маңызды сұрақтар зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты бітіру жұмыстың мақсаты гипоксияның өкпенің құрылысына әсері морфологиялық тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Эпиелий клеткаларының қорғаныштық бейімделу реакцияларына назар аударылды. Өкпе эпителийінде қалыпты жағдайдан тыс өзгерістерді (аттелектаз, дистелектаз, эмфизема) көрсете білді.
Бітіру жұмысын орындау барысында Аджибекова Назгүлдің өзінің ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімділігін, жауапкершілікпен қарайтындығын және ғылыми мақалалармен жұмыс істеу дәрежесінің жоғары екендігін көрсетті.
Аджибекова Назгүлдің бітіру жұмысын орындау барысында гистологиялық, электронды микроскопиялық тәсілдерді меңгерді. Өзінің жұмысқа деген ынталығы зор, және ғылыми эерттеу жұмысына қызығушылығын білдірді. Аджибекова Назгүлдің бітіру жұмысы өзінің көтерген тақырыбына, өзектілігін алынған материалдарға және көлемі жағынан бітіру жұмысына сай деп есептеп, осы жұмысты өте жоғары бағалаймын.

Ғылыми жетекшісі
Биология ғылымдарының докторы,
Зоология және гистология кафедрасының
Профессоры Сапаров Қ. Ә.


Скачать


zharar.kz