Бір клеткалылар патшалық тармағы

Скачать

Бірклеткалылар (Ргоіоzоа)- денесі морфологиялық құрылысы жағынан бір клеткадан тұратын және тіршілік қызметтері бойынша дербес, жеке организмге сай жануарлар. Олар жеке организмге тән зат алмасу, тітіркену, қозғалу, еніп-өсу, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу және т.б. қызметтерді атқарады.
Харапайымдылар-клеткалы деңгейдегі организмдер. Мөлшері 3-4 микроннан (ц) 2 мм-ге дейін. Мысалы, инфузория-стентордың ұзындығы 1,5 мм, спиростомум-ның үзындығы 3 мм шамасында. Қазбалы тамыраяқты нуммулиттердің қабыршағының диаметрі 2,5-3 см, ал ноляр теңізіндегі фораминифераның қабыршағы 2-3 см.
Қарапайымдылар микроскоп жасалынғаннан кейін XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап қана ғылымға белгілі бола бастады. Ал қарапайымдылардың бір клеткалы организмдер екендігі туралы түсінікті Келликер мен Зибольд XIX ғасырдың ортасында анықтады.
Қарапайымдылардың құрылысы әртүрлі.бірақ, клеткаға тән белгілер мен қызметтерді сақтайды. Денесі екі негізгі компоненттен итоплазма мен ядродан құралған. Цитоплазманың сыртқы жарғағының қалыңдығы 7,5 нм (1нанометр=10 й мм). Бұл негізгі жарғақ белоктар мен липоидтардан тұрады да, клеткаға түсетін заттарды реттейді, ал көпшілігінде қосымша құрылымдар жасалынып, цитоплазманың сыртқы қабатын қалындатып, беріктік қасиет береді. Сөйтіп, пелликула типтес тығыз берік қабық пайда болады. Қарапайымдылардың цитоплазмасы екі қабаттан тұрады: сыртқы-ақшыл және тығыз энтоплазма және ішкі-қоймалжың, түйіршікті эндоплазма. Цитоплазмада жалпы клеткалық органоидтар шоғырланған: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты және т.б. Сол сияқты көпшілік қарапайымдылардың цитоплазмасында әр түрлі арнайы органеллалар да болады. Олар фибрилды өсінділер – тірек және жиырылғыш талшықтар, зер шығару, ас қорыту вакуольдері және т.б. Сонымен, органоид немесе органслла деп белгілі бір қызмет атқаратын клетканың бір бөлігін айтады.
"Қарапайымдылардың жарықты анықтай білетін қабілеті жарық сезгіш органелла-көзше арқылы іске асады. Көзшенің ультранәзік құрылысын зерттегенде, оның құрамында итоплазмаға батып тұрған түрі өзігерген талшық бары анықталды.
Қарапайымдылардың ас қорыту органеллалары екі түрлі: қарапайым ас қорығу вакуолясынан немесе көпіріктерден клеткалы ауыз, ауыз оймышы, жұтқыншақ, қылаулатқышқа дейін күрделенеді.
Зәр шығару органеллалары-жиырылғыш вакуольдер ңитоплазмада жиналып қалған метаболизм (зат алмасу) сұйық өнімдерін сыртқа шығарудан басқа қарапайымның денесіне қоршаған ортадан келген артық судан босату қызметін де атқарады. Бұл арада зер шыгару мен осмореттеу, ягни организмнің ортасының тұрақтылығын сақтау қызметтері бірігіп қатар жүреді. Теңіз қарапайымдылары мен паразит формаларында жиырылғыш вакуольдер болмайды, себебі оларды қоршаған сұйықтың осмос қысымы тұщы суға қарағаңда өте жоғары, сондықтан сұйық зат алмасу өнімдері д.и.4)с1) узды түрде бүкіл денесі арқылы шығарылады.
Қарапайымдылардың бір немесе бірнеше клетка ядросы болады. Ядроның қос қабатты ядро қабықшасында өте көп тесіктері бар. Ядро ядро шырынынан (карио-плазмадап), оның ішінде жатқан хроматин материалынан және ядро шықтардан құралған. Хроматин дегеніміз ДНК (дезоксирибонуклеин қышқылы) мен гистон типтес белоктан тұратын ширатылған хромосомдар. Ядрошықтар бір немесе бірнеше болуы мүмкін ол РНК (рибонуклеии қышқылы) мен белоктардан тұратын ультрамикроскопты түйіршіктердің рибосом типтес шоғырынан тұрады.
Ядродағы хромосомдардың саны жалқы, яғни гаплоидты (көпшілік талшықтылар мен споралылар), немесе қосарлы, яғни диплоидты (инфузориялар, опалиналар және саркодалылар).' Әртүрлі қарапайымдылардың хромосом сандары 2-4-тен ОО-125-ке дейін болуы мүмкін. Сол сияқты, хромосом жиынтығының саны бірнеше есе көбейген ядролар да болады, оларды полиплондты деп атайды. Инфузориялардың үлкен ядролары немесе макронуклеустері мен кейбір радиоляриялардың ядролары полиплоидты, өйткені хромосом саны 500. Полиплоидиялану - клеткалық деңгейдегі озық эволюцияның бір жолы. Қарапайымдылардың ядросының тағы бір өзгеру жолына генерактивті және вегетативті болып екіге бөлінуі жатады. (инфузорияларда, кейбір фораминифералар мен миксостпоралыларда).
Қарапайымдылардың ядросының негізгі бөліну типі кепклеткалылардагы сияқты митоз немссе кариокинез.
Қарапайымдылар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.
Көпклеткалылардың сома (дене) клеткаларынан қарапайымдылардың айырмашылығы - тіршілік циклының болуы. Ол бірінен кейін бірі жүретін кезеңдерден тұрады да әр түрдің тіршілігінде белгілі бір зандылықтармен қайталанып отырады. Осы құбылыс циклдану деп аталады да, екі біркелкі кезеңдердің арасыңдағы түрдің тіршілік кесіндісі оның тіршілік циклы болады. Цикл көп клеткалардағы ұрықтан жұмыртқаға тең зигота кезеңінен басталады. Бұл кезеңнен кейін бір немесе көп есе қайталанатын жыныссыз. Көбею жүреді де, ол клетканың бөлінуі арқылы жүзеге асады. Онан кейін жыныс клеткалары (гаметалар) пайда болып, екіден қосылып қайтадан зигота береді. Зигота вегетативті кезеңге ауысады және бір немесе бірнеше рет бөлінеді})
Көпшілік қарапайымдылардың маңызды биологиялық ерекшелігі цисталану, яғни ортаның қолайсыз жағдайларынан гіршілігін сақтап қалу (кеуіп қалу, суықтың түсуі және т.б.). Бұл жағдайда жануар қозғалыс органеллаларын жоғалтады немесе тартып алады, домалақтанады, денесінен көп мөлшерде су шығарып, цитоплазма тығыздалады, зат алмасуы төмендейді, сыртында тығыз қабық пайда болып, активті өмірден тыныштық күйге көшеді. Цистаға айналудың алдында цитоплазмада қоректік заттардың қоры жиналады. Қолайлы тіршілік жағдайлары қайтадан қалпына келгенде цисталар жарылып, қарапайымдылар активті қозғалмалы особьтар түріңде сыртқа шығады.

Қарапайымдылар цистаның ішінде өзінің тіршілігін өте ұзақ сақтай алады, (5-тен 16 жылға дейін) мысалы, Регіdinium cinctum – мен тәжірибе жасағанда цистасы 16 жылға дейін тіршілігін сақтаған. Циста күйінде карапайымдылар желмен үлкен қашықтықтарға ұшып түсе алады, осыған байланысты бүкіл жер шарындағы қарапайымдылар фаунасының біркелкілігін түсіндіруге болады. Сонымен, цисталар тек қорғаныш қызметін ғана емес, сол сияқты қарапайымдылардың таралуын да қамтамасыз етеді.
Қарапайымдылар Жер бетінде өте кең таралған. Көпшілігі теңізде тіршілік етеді. Кейбіреулері әртүрлі терендіктегі бентостың құрамына кіреді - литоралъдан абиссальға дейін (фораминифералар, талшықтылар, инфузориялар). Радиолярия, талшықтылар мен инфузориялардың көп түрлері теңіз планктоны болып саналады. Көп қарапайымдылар (талшықтылар, инфузориялар, тамыраяқтылар) тұщы су бентосы мен планктонның құрамына енеді. Кейбір түрлері ылғал топырақта кездеседі. Қарапайымдылардың барлық. кластарында паразитизм кең таралған. Паразит қарапайымдылардың көптеген түрлері-адамның, үй және кәсіптік жануарлардың қауіпті ауруларын туғызады, кейбіреулері өсімдіктерде паразитті тіршілік етеді. Сонымен, қарапайымдылардың медицинада, ветеринарияда және ауыл шаруашылығында практикалық маңызы зор.
Қарапайымдылардың таралуы, олардың коптеген топтарының биологиялық прогресс жағдайын және әртүрлі тіршілік орталарына жақсы бейімделгендіктерін көрсетеді.


Скачать


zharar.kz