Болашақ мамандыққа көзқарас

Скачать

Қазіргі кездегі мектеп тәжірибесінде бағдарлы сыныптарда оқытылатын «бағдарлы» және «бағдарлы емес» пәндердің ара қатынасы туралы мәселе жеткілікті дәрежеде негізделмеген. «Бағдарлы» пәндерді тереңдетіп оқытудан «бағдарлы емес» пәндер жеңілдетілген бағдарламалар бойынша оқытылуда (тіпті кейде оқытылмайды да). Бұл пәндерді оқытудың негізделген әдістемесі жоқ. «Бағдарлы» оқу пәндерін тереңдетіп оқытудан оқушылар « бағдарлы емес » пәндерге тіпті назар да аудармайды. Ал бұл жеке тұлғаның әр түрлі салада өзін көрсете білу мүмкіндігін төмендетуге, оқушы мүддесі аясының тар болуына әкеледі. Көптеген оқушылар өздері қызығатын пәндерге ғана мән беріп, негізгі білім салалары бойынша жүйелі әрі терең білім ала алмайды. Көп ретте оқу жүктемесі мәселесін шешу үшін кіріктірілген пәндер енгізіледі, алайда негізгі білім салалары бойынша біріктірілген курстарды құрудың теориялық негіздері жеткілікті түрде зерделенбеген. Мектеп тәжірибесінде ұсынылатын мұндай курстар, негізінен, әр түрлі пәндер материалдарын эклетикалық қосу арқылы оқытылады.
«Бағдарлы» пәндерді тереңдетіп оқытудан және оқушылардың жүктемесін арттырмау үшін «бағдарлы емес » пәндерді оқуға бөлінген уақыт тіпті азайтылған. Бұл пәндердің мазмұнының көлемін қалай қысқарту туралы айқын бағдар мен түсініктер жоқ.
Бағдарлы пәндерді жүргізетін мұғалімдердің тым артық талаптарынан оқушылар сабақтан бос кездерін осы пәндермен айналысуға арнайды (қосымша тапсырмалар жасау, конкурс, олимпмадаларға және т. б. қатысу), бұл олардың үйлесімді дамуын тежейді. Бағдарлы саралау оқушылардың өздерінің танымдық қызығуларына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және тәсілдерінің басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым – қатынас стилі өзгереді және т. с. с.
Білім мазмұнын бағдарлы саралаудың негізгі критерийлерінің біріне мектепте білім берудің негізін құрайтын ғылым негіздері зерделенетін пәндерді саралауға пәндік тұрғыдан қарау жатады. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәні түрлі міндеттерді атқара алады.:
 жалпы мәдениеттің негізін қалауы;
 оқушылардың арнайы дайындығындағы негізгі пән бола алуы;
 басқа білім салаларымен қарулану үшін қажетті құрал ретінде көрініс табуы
Әдетте қандай да бір пәнді зерделеуге немесе қандай да бір іс- әрекет түрімен айналысуға қабілеттілік пен қызығу көбінесе, сәйкес келеді, өйткені әдетте бейімділік, ықылас және қызығу кәсіпті таңдау үшін ішкі негіздер болып табылады. Оқушылардың көбісі өзінің болашақ өмірін зерделенітетін саладағы жұмыспен байланыстырады. Мысалы, физиканы, математиканы зерделеуге қабілетті оқушы осы пәндерді қызыға оқып, өзінің болашақ мамандығын физика, математика саласындағы қызметпен байланыстырады.
Оқушылар есейген сайын олардың мүддесі мен кәсіби ниеті сәйкес келе бастайды. Белгілі бір пәнге қызығу мен қабілеттілік көрсеткен оқушы өзіне мамандықты нық таңдай алады және тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір пәнге қызығу танытпаған оқушылар кәсіпті таңдап алуға қиналып, оны жиі өзгертеді.Педагогикалық зерттеулер 13-14 жасқа дейін кәсіби ниетпен пәнге деген қызығу арасында ешқандай байланыс байқалмайтындығын, ал 14-жвастан бастап кәсіпті таңдау нақты оқу пәніне дегенқызығумен айқын байланыса бастайтындығын көрсетеді. Бұл байланыс тікелей және нақты (мысалы, физиканы зерделеуге қызығатын оқушы физик болғысы келеді) немесе жалпы сипаты болуы мүмкін (оқушы техника саласында жұмыс істегісі келеді). Вариативті (әр нұсқалы ) білім беру жағдайында оқу пәнәнің мазмұнын таңдап алуға әсер ететін факторларға оқушылардың қабілеттілігі мен мүддесі жататындығы атап өтілді.
Мұндай тұжырымдар мен болашақ еншінсіндегі істелер игі шаралар туралы айтқан ғылыми дәйекті болжамдарды Е. Букетовтің өнеркәсіп-өндіріс саласы туралы жазған, мақаларынан көптеп кездестіруге болады. Тек біз сөз қылған Смайылов болжамдарына қарағанда Е. Букетов тұспалдары өзінің ғылыми тұрғыдан зерттеліп пісіп, жетілгендігімен шынайылығымен мәндірек маңыз беретіндігінде.
Публицистика жанрын зерттеуші белгілі ғалым М. И. Стюфляева өзінің «Образные ресурсы публицистики» атты ғылыми еңбегінде «Публицистикадағы уақыт пен кеңістік көрінісі» тарауында: «Публицистикалық шығармашылық дегеніміз, бұл шындықты деректі түрде жеткізу. Осы деректіліктің өзіндік эстетикасы, әдістері, формалары бар. Ал, олар болса, публицистиканы қалыптастыру кезінде терең мән-мағына алады», — дейді.
Е. Букетовтің публицистикалық мұрасын толық зерделеген адамның (мейлі ол шығармалар көлемді, шағын болсын) ең бірінші аңғарары барлығының нақтылығы, докменттілігі екендігі болар еді. Е. Букетов өз дәуіріндегі Қазақстан ғылымының белгілі бір уақыт ішіндегі болмыс-бітімін, тарихи тұрпатын, проблема-сипатын бұқара халыққа насихаттаушы, жәй ғана на-сихаттаушы емес, сол саланы еркін меңгерген, зерттеген ғұлама ғалым ретінде қазақ публицистикасы тарихында өзіндік орны бар қаламгер. Е. Букетовтің ғылыми публицистикасы ғылым үшін, ғалымдар үшін, сол салаға үміт артқан ұрпақ үшін барлық қасиеттерін жарқырай ашып көрсеткендігімен құнды болып қалатындығы да сондықтан. Е. А. Букетов мақаларының проблемалық сипатын сөз етпес бұрын ол кісінің өмір сүрген дәуіріне қысқаша шолу жасай кеткен орынды. Өйткені зерттеуші-ғалым М. И. Стюфляеваның төмендегі тұжырымы біздің бұл пікірімізді қуаттай түседі: «Публицистика уақыттың негізгі бір кезеңіне бағынады. Оның сипаты да, жазып отырған проблемасы да сол уақыт негізінде туындайды. Ең негізгісі ол нақты әлеуметтік мәселенің жүгін көтереді. Ондағы терең әлеуметтік мәселе бірден көрінеді және оны публицистиканың кез-келген элементінен көруге болады. Осы әлеуметтік мәселені уақыт өлшемсіз қарау мүмкін емес. Кез-келген қоғам белгілі бір тарихи кезеңге тән.
«Қара металлургия алыбы» атты мақаласында Орталық Қазақстандағы ірі өнеркәсіп ошақтарының бүгінгі мен келешегі жайлы үлкен ғылыми болжам, сараптау жасайды. Мақаланың негізгі проблемалық сипаты, қоршаған орта, табиғаттың тепе-теңдігін сақтай отырып экономикалық жетістіктерге кеңінен жол ашу болып табылады. Тоқтауы мен тынымы жоқ тех-нологияның ол экономикасы үшін бүгін берер пайдасы емес, ертеңгі күнге әкелер зор қаупін автор өз мақаласында барынша ескертеді. «Үлкен істің кемшілігі де жетістігі де үлкен болады», — деген сөзі де ғалым адамның болашақты ойлағанынан туындаса керек. Бірақ Орталық Қазақстандағы қара металлургия алыбының ішкі қуаты мен Отанға келтірер өнім жолындағы бүгінгі істеліп жатқан жұмыстары мен болашақта атқарылар шараларын ғылыми негізде «Жіліктің майын шаққандай» жіктеп-саралап берген.
«Қарағанды химиясы және оның болашағы» мақаласында автор: «Қарағанды облысының үлкен химиясын бейнелейтін жалғыз синтетикалық каучук заводы ғана емес. Қарағанды металлургия заводының кокс бөлімі мен химия заттары қорының қоймасын тілге тиек ете келіп, жалпы химия ғылымының ел мүддесіне, қаншалықты қажеттігін ғылыми дәлелдермен нақтылай түседі. «Болашақта таскөмір энергия күшінің шикізаты емес, түгелдей химия шикізатына айналмақ. Сондықтан Қарағанды облысы келешекте химия өлкесі болады», — дейді.
Біз сөз еткен қос мақаланың екеуі де өз уақытысының үлкен проблемалық жүгін көтеріп тұр. Дәл қазіргі таңда да сол кезде көтерген Е. Букетов проблемасы, оның жазған ғылыми-тұжырымдары өзінің сапасын жоғалтқан жоқ.


Скачать


zharar.kz