Мазмұны
Зертханалық жұмыс№1. MS-DOS-тағы файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау
2
Зертханалық жұмыс№2. Norton Commander -тағы файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау
4
Зертханалық жұмыс№3. Архиваторлармен жұмыс жасау әдістері (1 сағат)
7
Зертханалық жұмыс№4. Windows-та қапшықтармен файлдарды басқару.Сілтеуіш.
12
Зертханалық жұмыс№5 Access деректер қорын басқару жүйесі
15
Зертханалық жұмыс №6 WEB-беттерді қарау және INTERNET ауқымды желісінде информациялық ресурстарды іздеуді қарастыру
17
Зертханалық жұмыс №1
MS-DOS-та файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау
Жұмыстың мақсаты: тұтынушының өз еркі мен командаларды таңдаумен, дискте тұтынушының ақпараттық файлдың құрама бөлігін жасауда MS-DOS операциялық жүйесінде практикалық жұмыстың жасауын үйрену.
Жұмысты орындау алдында, берілген тақырып бойынша лекциялық мәтінмен жұмыс жасау керек. Файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау үшін MS-DOS операциялық жүйенің басты командаларын білу қажет.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Төменде берілген құрама бөлігінің сызбасы бойынша каталогтардың және файлдардың құрама бөлігін құрыңыз.
MS-DOS операциялық жүйе командалары:
1. DIR командасы – каталогтардың және файлдардың толық аттарының, көлемiнiң және құрылған уақыты мен мерзiмiнiң тiзiмiн бередi.
2. MD – ағымдағы кез келген каталог iшiнен жана каталогты құру командасы болып табылады.
3. RD – iшiнде файлдары жоқ бос каталогтар мен iшкi катогтарды жою командасы.
4. CD – бiр катогтан екiншi катогқа көшу командасы.
5. COPY- файлдарды көшiру командасы
6. COPY COM – мәтіндік файлдарды құру
7. DEL – ағындағы немесе көрсетiлген каталогтардың файлды немесе файлдар тобын өшiру командасы.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1. Менің құжатымда өз аты-жөнінізбен атап қапшық құрыңыз
2. Сол қапшықта A:\ негізгі каталогын құрыңыз .
3. Суретке қарап кезекпен қалған қапшықтарды құрыңыз
4. lec.1 және lec.2 файлдарына аты-жөнінізді және мекен жайыңызды жазыңыз
5. ques.1 және ques.2 файлдарына өз қалаған мәтінді жазыңыз
6. lec.1 және ques.1, lec.2 және ques.2 файлдарын біріктіріп l.1 и l.2файлдарың құрыңыз.
7. lec.1 және lec.2 файлдарын көшіріп ex.1 және ex.2 файлдарын құрыңыз.
8. Құрастырған файлдық құрылымды оқытушыға қөрсетіңіз.
9. RD және DEL командасын пайдаланып құрылымды өшіріңіз.Ол үшін
1) PRACTS каталогын ашып әр бір файлды жеке өшіру керек
2) LEC тармағында файлдарды топтапгруппа өшіру керек
3) қалған бөлімін FORMAT команданың көмегімен өшіріңіз.
Тапсырманы орындалу барысында MS-DOS-тың командаларын дәптерге жазыңыз немесе экранды суретке түсіріңіз, кейін сол суретті нәтижеге енгізу үшін қолданыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Ағаш каталогты қалай шығарады?
2. Директорияны қалай құруға болады?
3. Директорияны қалай жою болады?
4. Директорияда файлдардың мазмұндамасын қалай қарауға болады?
5. Икемді директорияны қалай ауыстыруға болады?
6. Файлды көшіру үшін не істеу қажет?
7. Файлды экранға басу үшін не істеу керек?
8. Файлды принтерге қалай басады?
9. Файлды өшіру үшін не істеу керек?
10. Джокер дегеніміз не?
11. * джокерін не ауыстырады?
12. ? джокерін не ауыстырады?
13. Каталог дегеніміз не?
14. Ағымды каталог деген не?
15. Файлдың толық аты нені көрсетеді?
16. Жол дегеніміз не?
17. DOS-та файлды қалай құруға болады?
18. Қатты экранның көшірмесін қалай алуға болады?
19. Операциялық жүйенің құрамы? (ОЖ)
20. Файл атының жалған беті қай кезде қолданылады?
Зертханалық жұмыс №2
Norton Commander-де файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау.
Жұмыстың мақсаты: Norton Commander (NC) пайдалана отырып, файлдармен және каталогтармен жұмыс істеуді үйрену.
Панель бұйрықтары:
TAB – көшудi бiлдiредi.
ALT+F1 – дискiнiң мазмұнын бiр панельге шығару.
ALT+F1- басқа каталогқа өту.
ALT+F2 – дискiнiң мазмұның екi панельге шығару.
CTRL+L- дискiнiң жағдайын анықтау.
CTRL+O – екеуiн өшiр, не қалпына келтiр.
CTRL+P – бiреуiн өшiр, не қалпына келтiр.
CTRL+U – орындарын ауыстыру.
CTRL+X – қиып алу.
CTRL+V – қою.
NC – ол құралдық әдістерге жататын, файлдар және каталогтармен жұмыс жасау үшін қолданылатын программалық қабықша.
NC келесі басты операцияларды орындайды, оларды арнайы функционалды пернелер арқылы жасауға болады.
Функциональдық пернелердiң қызметi.
F1 – Help – NC-нен жұмыс жасау үшін қысқаша нұсқауды экранға шығарады.
F2 – User – тұтынушымен бастапқыда жасалынған процедуралардың менюін икемдейді.
F3 – View – таңдалған файлды қарау.
F4 – Edit – 31 Кбайтқа дейін файлды редакциялау.
F5 – Copy – файлды көшіру (файл топтарын)
F6 – RenMov – файлдың атын өзгерту немесе орнын ауыстыру (файл топтарын).
F7 – MkDir – ағымды директорийде жаңа подкаталогты құру.
F8 – Delete – файлды берген соң, бастапқыда берілген файлды жоюға әкеледі.
F9 – Menu – үстінгі жол ретінде шығатын NC менюін икемдейді.
F10 – Quit – NC-дың жұмысын аяқтайды және оның есте сақтаушылығын босатады.
Windows қайта кіру үшін F10 шығу батырмасын және одан кейін Enter батырмасын басу керек.
Панельдер арасында өтуді ұйымдастыру үшін TAB батырмасын басу қажет.
Файл бұйрықтары.
Shift + F4 – редактрлеу, жаңа файл құру.
Alt + F8 – бұрыңғы енгiзiлген команданы қарап шығу.
++Enter - барлық файлды топтастыру.
- + Enter – файлдарды топтан шығару.
Мәтіндік файлды құру.
Мәтіндік файлды құру үшін:
1. Shift + F4 пернелерін басыңыз,
2. Пайда болған терезеде файлдың атын (аты.кеңейтілуі , мәтіндік файлдық кеңейтілуі .txt,мысалы Ержан. txt )беріңіз
3. Кез –келген мәтінді теріңіз
4. Файлды сақтап,шығу үшін - F2 және F10 пернелерін басыңыз.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
-А1--------А4-------- А6----------А8-- File1.txt
С:----- -А2 --А5-------- А7 --File2.txt
-A3--------А9-------- File3.txt
Жұмыстың мазмұндамасы.
1) Windows- тан Norton Commander программасына шығу керек.
2) С дискінде Студент каталогын құрып, келесі түрде каталогтың ағашын құрастыру керек.
3) А8 каталогынан File 1.txt файлын А2 каталогына көшіруді орындау.
4) А2 каталогында File 1.txt файлдың атын ауыстыру (File 4.txt атын беру).
5) File 2.txt файлын А2 каталогына және файл топтарын А2 каталогынан А3 каталогына көшірту керек.
6) Файлдың мазмұндамасын қарау.
7) File 3.txt файл редакциялау.
8) File 1.txt файлын жойыңыз.
9) NC каталогына кіріп, А5 каталогында .ехе кеңейтілуі бар барлық файлдарды көшіру.
10) Панельде файлдар туралы ақпаратты берудің түрін өзгерту.
11) Панельдердің ауысуын, өшуін және іске қосуын жүзеге асырыңыз.
12) NC-мен жұмысты аяқтау.
Бақылау сұрақтары
1. Қандай жол көмекші жол болып табылады, онда не бар?
2. Командалық жолне үшін керек?
3. Статус жолында қандай ақпарат бар?
4. Жол дегеніміз не, ол қайда белгіленеді.
5. Оңсол панелінің драйверін қалай ауыстыруға болады?
6. Тұтынушы менюі деген не, онымен қалай жұмыс жасайды.
7. Көшірме орын ауыстырудан қандай айырмашылықтарымен ерекшеленеді.
8. Дискте жазылған файлдың аты көшірілетін файлдың атымен сәйкес келсе, не болады?
9. Файлдың немесе каталогтың атын қалай береді?
10. Файлдың атын командалық жолға орналастыруға қалай болады?
11. Командалардың “тарихын” қалай көруге болады?
12. Соңғы команданы командалық жолға қалай орналастыруға болады.
Зертханалық жұмыс №3.
Қысылған мәліметтермен жұмыс істеу әдістері мен жолдары
Жұмыстың мақсаты: Архиваторлардың негізгі жұмыс істеу принциптерімен танысу.Компьютерлік вирустардың құрамымен танысу.
Бақылау сұрақтарына жауап беру.Мұғалімнің берген тапсырмасының нұсқауын орындау.
1 Тапсырма.
.ZIP форматында архив файлдарын қарау.
1. Пуск Программалар WINZIP WINZIP 7.0 командаларын WINZIP 7.0 архив диспетчерін іске қосыңыз.
2. А дискжетегіне, ZIP форматындағы архивті файлы бар иілгіш дискетті қойыңыз.
3. File Open Archive (Файл Файлды ашу) командаларын беріңіз.
4. Open Archive диалог терезесінде қапшық тізімінде ашылатын батырманы пайдалана отырып, Диск 3,5 (А:)-ны тауып алған соң ашыңыз; ZIP форматындағы таңбаны еркшелеп, командалық батырмасында Ашуды (Открыть) шертіңіз. WINZIP 7.0 программа терезесінде, құрал-саймандар тақтасының архивіне кіретін файлдың тізімі ашылады.
5. Сізге керекті файлды қарау үшін, оның белгісін ерекшелеңіз, мысалы, ReadMe.txt сол белгіні екі рет шерткен соң, берілген программаның терезесінде файл ашылады. .txt файл типінің Windows 98 операциялық жүйесі – Блокнот программасымен байланысты болып келеді.
6. Егер де басқа программада керекті файлды қарау керек болса, оның таңбасын ерекшелеп Actions View (Действия Просмотр) командаларын пайдаланыңыз. Осы команда бойынша View (Просмотр) диалог терезесі ашылады, онда берілген типтегі файлды қарау үшін қандай әдістерді қолдануға болады екенін көрсетеді.
7. Басқа кеңейтілу аты бар файлды қарау үшін, оны ерекшелеңіз, мысалы, File_id.diz бұл файлдың типі көрсетудің ассоциацияланған программасынсыз болады. Ескерту мәліметінен кейін, ол Windows-тың қалыпты қарау әдісінің Тез қарау программасында ашылады.
2. Тапсырма. ZIP-архивынан файлдарды алу.
1. Архивтен алынып, файлдар салынатын капшықты бастапқыдан таңдаңыз. Егер ешқандай келіссөздер болмаса, уақытша қапшықты құрыңыз, мысалы С:\Мои документы\ ZIP_TEST қапшығын.
2. WINZIP 7.0 архив диспетчерін іске қосыңыз және А: иілгіш дискінде орналасқан ZIP-архивін ашыңыз.
3. Өзіңіз алғыңыз келген файлды ерекшелеңіз. Топ болып ерекшеленген кезінде CTRL және SHIFT батырмаларымен бірге тышқанның сол жақ батырмасын пайдаланыңыз.
4. Actions Extract (Действия - Извлечь) командаларын бергеннен соң, 2 суретте берілген Extract диалог терезесі ашылады.
5. Диалог терезесінің сол жақ панелінде керекті өшіргіштерді (переключатель) орналастырыңыз.
6. Ерекшеленген файлдарды алуы болатын, оң жақ панельде Папка Приемник ашыңыз.
7. Файлдарды алып шығу процесін Extract командалық батырманы басу арқылы бастаңыз.
8. Процесті аяқтағаннан соң диалог терезесін Cancel батырмасын басу арқылы жабыңыз немесе терезенің үстінгі оң жағындағы жабу батырмасы арқылы жабыңыз, кейін WINZIP программасының жұмысын File Exit (Файл Шығу) командалары арқылы аяқтаңыз.
9. Жол көрсеткіштің (Проводник) көмегімен архивтен алынған файлдардың, расында да берілген қапшыққа барғандығын тексеріңіз.
10. ZIP_TEST зерттеу жасалған қапшықты жойыңыз.
3. Тапсырма. ZIP-архивін құру.
1. Зерттеулер үшін қапшық құрыңыз, мысалы С:\Windows\Temp\ZIP_TEST.
2. Көшіру әдісі арқылы бұл қапшықты кез-келген файлдармен толтырыңыз, мысалы оларды С:\Windows\Media стандартты қапшықтан алайық. (бұл қапшықтағы файлдардың аттарының өлшемі ұзын болады, ал бізге архивтеуден соң ол ешбір өзгеріссіз қалатынын білуіміз керек.)
3. WINZIP 7.0 архив диспетчерін іске қосыңыз.
4. File New Archive (Файл Архивті құру) командасын беріңіз - New Archive (Архивті құру) диалог терезесі ашылады. Бұл терезеде алдын-ала архивтер орналасатын қапшықты таңдаңыз, мысалы: С:\Windows\Temp\ZIP_TEST.
5. Файлдың аты атты аланына (мысалы Media) архивтің атын енгізіңіз және де Files of type (Файлдың типі) аланында Zip files типі орналасқанын тексеріңіз.
6. Add dialog жалауын керекті түрде орналастырыңыз (Терезені ашу Архивке енгізу) және ОК батырмасын шертіңіз.
7. Егер де Add dialog жалауы орналастырылған болса, сурет 3 көрсетілген, Add (Архивке енгізу) диалог терезесі ашылады.
8. Action (Действия) ашылған тізімінде Add (and Replace) files (файлдарды қосу және ауыстыру) пунктін таңдаңыз.
9. Compression ашылған тізімде (қысу деңгейі) Normal пунктін таңдаңыз.
10. Folders (Қапшықтар) элементтердің басқару тобында Include Subfolders жалауын қойыңыз (қосылған қапшықтарды ескере отырып). Біздің мысалымызда \Media қапшығында қосылған қапшықтардың жоқ екеніне қарамастан, берілген жалауды әрқашанда қою керек.
11. Attributes (Атрибуты) элементтердің басқару тобында Include System and Hidden files жалауы орналасқанын тексеріңіз.
12. Архивке қатысты файлдарды ерекшелеңіз. Файлдарды топ болып ерекшелеген кезде, маустың сол жақ батырмасымен қоса SHIFT және CTRL батырмалармен пайдаланыңыз. Егер де барлық файлдарды ерекшелеу керек болса, онда CTRL+А батырмалардың комбинациясын қолдануға болады.
13. Add командалық батырмасын шертіңіз (Архивті қосу) – архивті жасау процесі басталады.
14. Жол көрсеткіш (Проводник) арқылы С:\Windows\Temp\ZIP_TEST қапшығын ашыңыз. Жасалынған Media.ZIP файлын тауып алыңыз. Оның өлшемін жолдың құрамы бойынша немесе Таблица режиміне көшу арқылы орналастырыңыз.
15. WinZip 7.0 программасына ауысыңыз. Онда жасалынған архивті ашқан соң, ондағы файлдардың Ұзын аттары ешбір өзгеріссіз сақталғанын тексеріңіз.
Біз сонымен қатар қысу деңгейін таңдай аламыз, файлдардың жаңару режиміндегі – архивте файлдар бар болған жағдайда және қосылған қапшықтардың құрамын сақтаумен бірге, қапшықтарды жасау режимін беруге болады.
Берілген есепті Add арнайы диалог терезесінде жасайды. Олар, әсіресе, архивтердің диспетчері қосымша ақпараттарды көшіру мақсатымен қолданылады.
4. Тапсырма. ZIP-архивін қорғау.
1. WinZip 7.0 программасын іске қосыңыз.
2. File Open Archive (Файл Архивті ашу) командасын беріңіз. Бұрын жасалған Media.ZIP архивін ашыңыз.
3. Actions Add командасын беріңіз - Add диалог терезесі ашылады.
4. Берілген файлдардың тізімінде Media.ZIP файлын тауып алған соң, маустың оң жақ батырмасымен оның белгісін шертіңіз, және де ашылған мәтінді меню жолында Өшіру командасын (Удалить) таңдаңыз. Бұрынғыда жасалынған архивті өшіру – жаңа сол атпен болған архивті жасау үшін керек.
5. CTRL+А батырмалардың комбинациясы арқылы барлық файлдарды ерекшелеңіз.
6. Жасалынып жатқан архивті парольмен қорғау үшін Password (Пароль) батырмасын шертіңіз – сурет 4 көрсетілген біратты диалог терезесі ашылады.
7. Mask Password (Парольды көрсетпеу) жалауына назар аударыңыз. Егер де ол қойылса, онда пароль енгізу кезінде экранда көрсетілмейді, ал оның таңбалары * таңбасыменөзгертіледі. Бұл әдіс – басқалардан қорғану үшін керек. Бірақ осы жағдайда тұтынушы дұрыс парольді енгізгенінде сенімді бола алмайды. Сондықтан қойылған жалауы бойынша Mask Password жүйесі қайтадан парольды енгізуді сұрайды.
8. Парольді енгізіңіз, мысалы test сөзін, онда алфавит таңбалардан тыс басқа тыныс белгілерді қолдануға болады, мысалы: t, е s : t.
9. ОК батырмасын шертіңіз. Add диалог терезесі өзінің атын өзгергеніне назар аударыңыз - Add with рassword (Архивке қосу және парольмен қорғау).
10. Add командалық батырмасында шертіңіз - Media.zip қорғанған архивті құру процессі басталады.
11. Жасалған архивті File Open командасымен ашыңыз.
12. Архивтің құрамына кіретін, кез-келген архивті ерекшелеңіз және де оған Actions Extract командасын беріңіз.
13. Ашылған Extract диалог терезесінде керекті басқару элементтерінің дұрыс қойылғанын тексеріп, папка - приемник таңдаңыз.
14. Extract (Алу) командалық батырмасында шертіңіз. Архивтен мәліметтерді алу процесі іске қосылмайды, ал оның орнына парольді енгізу үшін диалог терезесі ашылады.
15. Дұрыс емес парольды енгізген кезде файлдарды архивтен алуға болмайтындығын тексеріңіз.
16. Дұрыс парольді енгізу процесті іске қосатындығын тексеріңіз.
17. WinZip 7.0 программасын жабыңыз.
5. Тапсырма. Өзі ашылатын Zip-архивін құру.
1. WinZip 7.0 программасын іске қосыңыз.
2. File Open Archive командасын беріңіз. Бұрын жасалған Media.ZIP архивін ашыңыз.
3. Actions Маке командасын беріңіз. Ехе Fail (Действия Создать исполнимый файл) - WinZip Self-Extractor диалог терезесі ашылады.
4. Өзі ашылатын архив бұрын жасалынған жай архив базасында жасалынады. Create Self-Extracting zip files from аланында шығатын zip-файлының мекен-жайы дұрыс жазылғанын тексеріңіз. Егер бұл олай болмаса, онда керекті файлды табу үшін Browse батырмасын пайдаланыңыз.
5. Self-Extractor Тype (өзі ашылатын архивтің типі) тобында архивке дайындалатын, компьютердің операциялық жүйесіне сәйкес болатын өшіргішті іске қосыңыз.
6. Spanning Support тобында No spanning өшіргішін іске қосыңыз.
7. ОК батырмасын шертіңіз.
8. Шығатын архивтің қорғау паролі болғандықтан, онда өзгерту кезінде ескерту мәтіні пайда болады. Оны ОК батырмасын шерту арқылы табыңыз.
9. Өзгерту (преобразование) аяқталысымен, өзі ашылатын архивті жұмыс істетіп тексеру керек туралы диалог терезесінде ескерту шығады.
10. Келесі терезеде архивті ашудың тексеру болатын қапшықты таңдаңыз. Мысал ретінде C:\Windows\Temp қапшығы беріледі. Егер де ол ұнамаса, Browse командалық қапшығын алаңыз, керекті қапшықты таңдап, UnZip батырмасын шертіңіз.
11. Архив файлі қорғанған болатындықтан, оның ашылуы дұрыс парольді енгізбегенше басталмайды.
12. Жұмыс аяқталысымен ағымды диалог терезелерін жабыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Архивтеу дегеніміз не?
2. Қандай архиваторларды сіз білесіз?
3. Ақпаратты, қысудың қандай жолдарын сіз білесіз?
4. Архив мәліметтерден алуды қалай іске асыруға болады?
Зертханалық жұмыс №4.
Windows-та қапшықтармен және файлдар мен басқару
Жұмыстың мақсаты:
Жол көрсеткіштің негізімен және оны іске қосу жолдарымен танысу.
Файлдармен, қапшықтармен және таңбаларымен жұмыс істеудің негізгі жолдарын үйрену.
Көшіруді, орын ауыстыруды, өшіруді, объектілерді қосуды үйрену.
Windows-пен жұмыс істеген кезде файлдармен, таңбашалармен және қапшықтармен жұмыс жасау мүмкіндіктері қажет болады. Ондай мақсаттар үшін Windows-тың құрамына кіретін арнайы Жол көрсеткіш программасы пайдаланылады.
Менің компьютерім белгісіне маустың сол батырмасымен екі рет шертуі – қапшықтың құрамын көре алатын терезенің пайда болуына әкеледі. Бірақ егерде SHIFT батырмасын басып ұстап, менің компьютерім белгісіне екі рет шертсек, онда басқашалау түрдегі терезе ашылады, оның сол жағында біз қапшықтың тармақталу ағашын, ал оң жағында – қапшықтың құрамын көреміз.
Жол көрсеткішті шақырудың 3 командалық түрлері бар.
1. Жоғары айтылғандай: SHIFT батырмасын басып тұра, менің компьютерім белгісінен екі рет шертсек.
2. Пуск Программалар Жол көрсеткіш.
3. Маустың көрсеткішін Пуск батырмасына апарып, оң жақ батырмасымен шертсек, пайда болған контексті менюде Жол көрсеткішті таңдау.
Жол көрсеткіш программасын шақырған кезде, біз компьютерде орналасқан А:дискжетегін, С:қатты дискін, CD-ROM құрылғысын көреміз. Сол кез келген объектен екі рет шертсек, біз оның ішкі құрамына кіреміз. Егер ол диск болса, онда біз оның тармақталу директориясын көреміз, егер ол қапшық болса, онда оның құрамын көреміз.
Қапшықтың немесе дисктің ішіне кірсек, біз терезенің тақырып жолының өзгергенін көреміз: онда әрқашанда ағымды қапшыққа жүру жолы және оның аты жазылады. Мысалы, С дискінің белгісінен шертсек, ондай біз бұндай терезенің тақырып жолын көреміз: С:\.
Жол көрсеткіштің сол жақ терезесіндегі ағаш қапшықтардың кез-келген тармағына кіру үшін, оның атынан мауспен бір рет шерткені жеткілікті. Белгінің сол жағында кішкентай шаршыда плюс немесе минус белгілері тұруы мүмкін. Плюсты шертсеңіз, біз салынған подкаталогтарды ашамыз, ал минусті шертсек – оларды ашамыз.
Объектілерді ерекшелеу.
Бір объекті ерекшелеу үшін, оның үстіне мауспен бір рет шертіңіз.
Бөлек объект тобын ерекшелеу үшін, олардың үстін (объектілер) CTRL батырмасымен бірге шертіңіз.
Объект тобының түгелін ерекшелеу үшін, біріншісінен шертіңіз – және SHIFT басылған батырмасымен бірге – соңғысынан шертіңіз.
Сонымен қатар тышқанмен терезеде тікбұрыш ауданын созуға болады, онда оған түскен барлық объектілер ерекшеленеді. Бірақ ондай созуды таңбадан емес, терезедегі бос орыннан бастау керек, әйтпесе Windows 95 – сіз объекті жай ғана басқа орынға апаратыныңыз келеді деп түсінеді.
Ағымды қапшықтағы барлық белгілерді ерекшелейтін, Правка менюінде Бәрін ерекшелеу (Выделить все) деген команда бар. (CTRL+А)
Ерекшеленген объектіні, сонымен қатар болады:
Құрал-саймандар тақтасындағы батырмалар.
Мазмұндамасы
Бұл батырмамен, және сонымен бірге үш әдіспен өшіру: DEL батырмасымен, Файл – Жою (удалить) командаларымен және Сауытқа (корзина) апарсақ
Қиып алу, буферге (қалтаға) Правка Қиып алу (Вырезать) немесе CTRL+Х комбинациясымен орналастыру.
Буферге көшіру немесе CTRL+Х
Қою немесе орналастыру (Правка Вставить)
Соңғы операцияны болдырмауға болатын керемет жағдай.
Таңдап алынған объект туралы көп нәрсені білуге мүмкіндік береді және оны беру (задать), егер де ол мүмкін болса, қандай да бір оның режимдерін.
Жұмыстың мазмұндамасы.
1 тапсырма.
Жұмыс үстелінде қапшықты құру, оны өз атымен қою, онда Microsoft Word-тың 2 файлын және Paint графикалық редакторының 1 файлын құру.
Файлдарға келесі ретпен ат беру: Файл 1, Файл 2, Файл 3.
2 тапсырма.
Жол көрсеткіш программасына әр түрлі әдістермен кіру. Жол көрсеткіш терезесінің элементтерімен танысу. Кез-келген қапшыққа, мүмкіндігінше, тереңдеу кіріңіз, және бір деңгейге жоғары көтерілу батырмасын қолданыңыз.
3 тапсырма.
С дискінің тармақталған каталогында: Институт, Факультет, Студент атты үш қапшықты құрыңыз.
4 тапсырма.
Файлдарды көшіріңіз:
Институт қапшығына Файл 1
Фаукультет қапшығына Файл 2
Студент қапшығына Файл 3
Бұрын жасалынған қапшықтарды Менің құжатым қапшығынан Студент қапшығына көшіру.
5 тапсырма.
Тез көру арқылы файлдардың құрамын қараңыз да, оның кез-келген бір файлын редакциялаңыз.
6 тапсырма.
Студент қапшығын Факультет қапшығына апарыңыз.
7 тапсырма.
Факультет қапшығын Институт қапшығына көшіріңіз.
8 тапсырма.
Қапшықтарды жабыңыз және кез келген бір файлдарды әртүрлі әдістерді пайдалану арқылы тауып алыңыз.
9 тапсырма
Сіз құрған барлық қапшықтарды жойыңыз. (С дискінде және Жұмыс үстелінде).
Жоюға тек қана сіз құрған файлдар мен қапшықтарды жоюға болады!
10 тапсырма.
Файлдарды қайта құрыңыз.
11 тапсырма.
Менің компьютерім қапшығын пайдалана отырып, тапсырманы қайтадан орындаңыз.
12 тапсырма.
Файлдар мен қапшықтарды жою және себетті (корзина) тазарту.
Бақылау сұрақтары:
1. Жол көрсеткіштің шақыру әдістерін суреттеп беріңіз.
2. Ағымды қапшықтың аты қайда көрсетілген.
3. CTRL+X командасы нені көрсетеді.
4. Плюс және минус белгілері орналасқан ағаш каталогтың сол жақтағы қапшықтардың айырмашылығы неде. Менің компьютерім пиктограммасында Shift басылған батырмасымен бірге тышқанның батырмасымен 2 рет шертсек, не болады?
5. Басқа қапшыққа көшіру немесе орын ауыстыру үшін несмежных файл топтарын қай әдіспен ерекшелеуге болады.
6. Басқа қапшыққа көшіру немесе орын ауыстыру үшін смежных файл топтарын қай әдіспен ерекшелеуге болады.
Зертханалық жұмыс №5
ACCESS ДЕРЕКТЕР ҚОРЫМЕН НЕГІЗГІ
ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ
Жұмыстың мақсаты: Access аймағының мысалында, деректер қорының негізгі жай операцияларды орындаған кезінде ДҚБЖ-мен жұмыс істегенде әдістерді практикалық меңгеру.
1.Негізгі мағлұматтар
Деректер қорының басқару жүйесі файл қорымен жұмыс істеу үшін арналған:ақпаратты құру,өңдеу,сақтау.Кесте түрінде белгіленген деректер арасындағы байланыс реляционды модель арқылы орнатылады.
Access ДҚБЖ команданың мықты меню жүйесін құрайды, ол тұтынушыға деректер қорын тез құрауға және өңдеуге , программалауға көмектеседі және т.б.
Деректер қорының негізгі объектісі кесте болып табылады.Кесте-әр объект туралы деректері болатын жолдан және объектілердің мінездемесі бойынша өрістен құралады.Өрістің бірінші жолында оның аты көрсетіледі.
1 тапсырма
1 кестеде көрсетілген мәліметтерді студент кестесіне еңгізініз.
Ол үшін:
-Іске қосқан кезде жаңа деректер қорын таңдаңыз,ДҚ атын енгізіп,құру батырмасын шертіңіз.
-Конструктор режимін таңдап,бұл өрісте орналасқан,өрісті және деректердің типін көрсетіп, ДҚ-ның құрылымын құрыңыз.
-Кестені ашып, мәліметтерді еңгізініз.
-Кесте режимінде деректерді редакциялаудың әдістерімен танысыңыз
Жұмыс технологиясы
1.Кестеде тез орын ауыстырудың әдістерімен танысыңыз.
2.Қысқаша мәліметті пайдалана отырып,кестеге енгізілген деректерді редакциялаңыз:
-Кестенің екінші жазуындағы “Фамилия” өрісінде “Петрована” “Морозовоға” ауыстырыңыз;
-Кестенің бірінші жазуындағы “Дата ррождения” өрісінде “76” жыл цифрларын “75” цифрларына ауыстырыңыз;
Кестенің соңғы жазуын жойыңыз
3.Файл, жабу менюінің командасын екі рет рет негізу арқылы, кестені жабыңыз
2 тапсырма
Студент кестесінің деректерді енгізу және редакциялау үшін,біркестелі тұтынушы формасын құрыңыз.
Формаға деректрді енгізу және редакциялаудың жолдарымен танысыныз.
Жұмыс технологиясы:
1.Бұрын құрған ДҚ ашыңыз,келесі жолдарды орындау арқылы:
-Файл,Ашу командасын орыңданыз.
2. “Деректер қорын ашу” диалог терезесінде келесі параметрлерді орналастырыңыз:
Файлдардың типі:деректер қоры
Дисктер:Тізімді ашып,атты таңданыз,мысалы С:
Каталогтар:Орнатылған дискідегі керекті атты таңданыз.
Файлдың аты:Терезеде өзіңіздің деректер қорының атын енгізіңіз.
-ОК батырмасын шертіңіз.
2 Жай әдісті құрыңыз.Ол үшін Деректер қоры терезесінде: Деректер қорының аты Форма батырмасын басыңыз;
-Сол терезедегі Құру пернесін шертіңіз;
-Форманы құру диалогында, кесте сұраныс аты терезесіне тізімнен Студент кестесінің атын,не тандаңыз.
-Мастер батырмасын шертіңіз;
Мастер по разработке форм терезесінде Жай форма позициясын тандаңыз;
ОК батырмасын шертіңіз;
Экранда форма түріндегі кестеден деректерді шығаратын терезе пайда болады.
3.Қысқаша мәліметті пайдалана отырып, кестедегі форма режиміндегі жазуды қосыңыз.
Форма түрінде берілген, кестедегі орын ауыстырудың әдістерімен танысыныз. Бұл операцияларды орындау үшін қысқаша мәліметті пайдаланыныз.
Құрған форманы мынау үшін сақтаңыз;
-Файл,форманы сақтау командасын орындаңыз.
-Сақтау диалог терезесінде, форманың аты жолында Форма1 атын енгізіңіз;
ОК батырмасын шертіңіз;
Файл,Жабу менюіндегі команданы таңдап, кестені жабыңыз.
3 Тапсырма
1.Бұрын жасалынған деректер қорын ашыңыз және Мастер Отчетов арқылы басқашалау түрде құрыңыз.Отчеттің біреуін баспаға шығарыңыз.
2.Деректерді іздеу,орналастыруды,іске асыру іздеу критерийлері үшін және (выборки маски)
Зертханалық жұмыс №6
WEB-беттерді қарау және INTERNET ауқымды желісінде информациялық ресурстарды іздеуді қарастыру
Жұмыстың мақсаты: Іздеу жүйесі арқылы, Интернетте ақпаратты табуды үйрену.
Зерханалық жұмысты орындау үшін методикалық көрсетулер:
Алдын-ала:
1)Word редакторын ашып ,сіздің аты-жөңініз атты жаңа құжат құрыңыз.Бұл сіздің зертханалық жұмыстың нәтижесі орналасатын файл болады. Сіздің аты- жөңініз аты бар жаңа каталогты құрыңыз немесе егер ол бар болса, онда оны ашыңыз. Нәтиженің файлын осы қапшықта сақтаңыз.
2)Стандартты түрде құжаттың басында зертханалық жұмыстың нәтижесін шығару үшін басты бетті құрыңыз.
3)Windows-та Internet Explorer программасын іске қосыңыз.
Осы жағдайда сізде бір мезетте екі программа іске қосылуы қажет.
Ескерту: Зертханалық жұмысты орындаған кезде ,бір тапсырмада отырып қалмаңыз,егер сіз тапсырманың бүкіл сұрақтарына жауап бере алмасаңыз,онда нәтижеге алған жауабын енгізіп,келесі тапсырмаға ауысыңыз.
1 Тапсырма
1.Yandex іздеу жүйесі арқылы – Интернетте іздеу жүйесі және олардың салыстыру мінездемелері туралы ақпаратты табыңыз.Басқа да іздеу жүйесін қолдануға болады.
Тауып алынған үш іздеу жүйесін Избранное қапшығына енгізу.
Нұсқау:
1)Нәтижеге тек қана әмбебап ауқымды әмбебап каталогтар енгізіліу тиіс..
2)кез-келген іздеу жүйесі