Қапан Мусин Қазақстан композиторларының аға ұрпақтарының ішіне кіреді. Ол, 1921 жылы ән мен күй үзілмейтін жанұяда дүниеге келген. Қапанның шешесі-халық ақыны,талай айтыстарға қатысқан адам. Туған әкесі Батыс Қазақстанға аты шығып, бойына біткен таланты баласына дарыған, Қапан жастайынан домбырада ойнап, ән шығарған және атақты әншілермен күйшілердің шығармаларын домбыраға өзі салып, ойнаған.
Қапан Мусинның кейінгі білім жолы, қазақ жастарынан шыққан талантты өкілдерінің жолын қуады. 1933 жылы ол Алматыда ашылған музыка драма техникумына оқуға түседі. Ол емтихан комиссиясынан өзінің шын жасын жасырады ды, «үздік» деген бағамен оқуға түсіп, скрипка класында оқиды. Оның ұстазы И.Л Лесман-Ленинград консерваториясының профессоры, А.С Ауэрдың тәрбиесінде болған. Сонымен қатар Қапан Мусин дирижерлық және композиция кластарында оқиды, өйткені ол музыка жазуды армандайтын. 1939 жылы техникумды бітірген соң, ол Москва консерваториясына қазақ бөлімінің тарихи- теориялық факультетінде оқып 1940 жылы композиторлық бөліміне, Е.К Голубев деген профессордың класына ауысады. Москвада оқып жүрген кездері болашақ композиторға музыка әлемін ашу кезеңі болды. Мұнда ол білімін толықтырып, көркемдік мәнерін қалыптастырады. Бұл кезеңде алғашқы шығармаларыда шығады, бірақ олар автордың өзін қанағаттандыра алмайды.
1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы Қапан Мусиннің кейінгі шығармашылық тағдырына ықпалын тигізбей қоймайды. Қапан Мусин жасақшылар тобына қатысып, содан соң майданға аттанады. Негізінен соғыс трагедиясы Мусин-художниктің тағдырына әсерін тигізді. Соғыс оқиғалары оның шығармашылығының өзіндік ерекшелігін ашып, соғысқа деген көзқарасының басқа композиторлардан өзгешілігін байқатты.
Қапан Мусиннің шығармашылық тағдыры ұзақ болмады. Майданда алған ауыр жарақат оның денсаулығына зиянын келтірмей қоймады. Өмір үшін күрес госпитальда өткен ауыр жылдарына ғана емес, содан кейінде бойындағы дертін емдей жүріп, өзінің шығармашылық жолын бекітті.
Қазақ халық оркестінің жетекшісі А.Жұбановтың нұсқауы бойынша, ол кезде Қапан Мусин дирижерлық пультке тұрып, орындаушылармен тез арада тіл табысып, бұл салада профессионал болып шыға келеді. Оркестрмен жұмыс істеп жүрген жылдары романстар, шекті квартет, фортепианоға арналған Прелюдиесін жазады.
Сұрапыл соғыс үзіп кеткен оқуын жалғастыру ойнан кетпеді. Ол қайтадан оқуға Алматы консерваториясын Е.Брусиловскийдің класына түседі. Қабылдау емтиханында ол скрипка мен фортепианоға жазған сонатасын көрсетеді. Бұл шығарманы, Совет Одағының батыры генерал И.В Панфиловқа арнап, өткен соғыстың естелігі ретінде шығарған.
1953 жылы консерваторияны бітірген соң Қапан Мусин сол консерваторияда жұмыс істейді. Басында инструментовка курсынан дәріс беріп, кейіннен,1961 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін фольклор кабинетінде жетекшілік жасап, халық әндері мен күйлерін зерттеп, жазып алып отырады. Осы жиырма жыл ішінде талай туындылар шықты. Оның шығармаларының негізгі де жемісті жанрларының бірі – вокалды музыка. Бұл саладағы еңбектері С.Сейітхожиннің өлеңіне шығарған хор және оркестрге арналған Сәкен Сейфуллин туралы поэма – балладасын /1962ж/, Абайдың, Жамбылдың, С.Бегалинның, А.Шакеновтың және басқа ақындардың өлеңдеріне жазған хорларынан көрінеді. Қапан Мусиннің шығармашылығында ән мен романс жанры маңызды орын алады және мұнда, композитордың лирикалық шығармашылық табиғаты ашылды. Бұған «Шолпан», «Тың өлкесіндегі досымның сәлемі», «Қыз арманы» әндері жатады. Ән мен романстары аспапты музыкасының өзегі болып табылады. Қ.Мусин қазақ халық аспаптар оркестіріне арнап Поэма, камералық аспаптық шығармалар сонымен қатар екі квартет, драмалық қойылымдарға және кинофильмдерге музыка жазады.
Симфониялық музыка композитордың шығармашылық шыңы болып табылады. Оның симфониялық шығармалары тұтастығымен және әр қырлы – жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Мусин оркестрлік музыкаға жол салған алғашқы композиторлардың бірі. Оның осы жанрда шыққан алғашқы еңбегіне 1950 жылы жазған «Жайлауда» атты симфониялық поэмасы жатады. Бұл композитордың танымал болған концерттік репертуарында бекіген және көбінесе радио-телекөріністерде музыкалық өңдеуге пайдаланатын туындыларың бірі. Поэмада жайлау табиғатын тамаша бейнелеген. Мұнда тек табиғат көріністері ғана емес, адамның көңіл күйін, көктемгі табиғаттан алған әсерін үн арқылы жеткізеді.
Гобой аспабында берілген негізгі әуендік тақырып, мажор сазында күй тәрізді төгіліп, ашық көңілді естіледі. Фа мажор мақамдық жүйесін таңдауда бекер емес. «Бетховенның алтыншы симфониясын есіңізге алыңыз» Негізгі тақырыптық әуенге 50 - 60 жылдары кеңінен тараған «Ақ дариға» әнін алды. Бірақ поэмаға сәл өзгертіп пайданды.Ортаңғы бөлімде бейнелігі айқындала түседі. Валторнада өтетін кең тынысты тақырыпты әуен жазық даланың ұлылығын танытыды.
Н.Баймұмедовтың либреттосына жазылған «Таң Шолпаным» атты операсы тек клавир түрінде жазылып аяқталды және либреттосының екі түрі болды. Біреуі-түпкі ой пысықталып реттелген, бірақ музыкасын аяқтамаған, ал екіншісі клавир түрінде басталып, аяқталмаған. Композитор операның ең соңғы, қорытынды бөлімінің шешімі іздену үстінде болды.
Қ.Мусиннің шығармашылық әлемін көз алдымызға келтіру үшін мазмұнының баяндалуын қызықтайық. Мазмұнының негізіне Совет Үкіметінің қалыптасу кезеңіндегі қазақ ауылында болған оқиғалар алынды. Алуа деген жас мұғалім оқуын бітіріп келіп, ауылында мектеп ашады бірақ, ауылдың жаңа талпынысына қарсы болған дұшпандары мектепті өртеп, мұғалімнің өзі өртеді деп қаралайды. Оқиғаның шиеленіскен мазмұны Қ.Мусиннің шығармашылығында тың тақырып болады және композиторға драматургиялық шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Бір редакциясында опера тарихи ақталған мазмұндылықты, шығарманың түйінінің қайғылы шешілуін көздейді. Алуаны өлтіріп мектепті өреп жібереді. Бірақ, Қ.Мусин операның мазмұнын басқаша, кейіпкерлер тағдырын оптимистік үнде аяқтағысы келді. Операның соңғы хоры ертеңгі күннің қуанышы, жарқын бақыты туралы шырқайды. Операның былай аяқталуы 50-60 жылдардағы Совет өнеріне тән қасиет еді. Тегі, Қ.Мусиннің музыкасына өз өмірі ауыр болғанына қарамастан, қуанышты салтанатты өмір сүргіштігі тән. Оның музыкасының негізгі мазмұны соғыс қасіретінен туған. Мұндай күйзеліс қасірет – қазадан кейін пайда болып, әдетте шиеленіскен қаралы бейнелерді тудырады. Бірақ Қ.Мусин музыкасында тағдыры қарсы тұрады. Оның шығармашылығының ерекшелігі осында. Қ.Мусиннің музыкасынан табиғаттың таза демі, жазық дала көрінісі, халық ойындарының көңілді салтанаты және әдемі сайыстар көрініп тұрады.