Айнамкөз өлеңінде

Скачать

Мұхит Мералыұлының Зәуреш, Айнамкөз, Дүние-ау өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген?

Тезисі: "Дүние-ау", Айнамкөз, "Зәуреш" Мұхиттың уақыт, қоғам, өмір туралы өлеңдері.
Аргументтері: 1. Зәуреште обадан опат болған отыз ұлдан қалған жалғыз тұяқ-Зәурештен айырылған әке мұңы.
2. Айнамкөз өлеңінде:
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей бозтайлағы...- деген өлең жолдарындағы адам жанының таза махаббаты, асыл қасиеті, ынтық, нәзік сезімі.
3. "Дүние-ау" өлеңінде:
Алғаның болса жаман бажылдаған,
Кірерсің күнде көрге, дүние-ау, қазылмаған...- жанұядағы сыйластықтың жоқтығы, адамдар арасындағы рухани теңсіздік.
Қорытынды: Сезім сырларын қозғар асқақ ән мен әнші дәстүрі бүгінмен жалғасып жатыр.

Қазақ әдебиетінде, өнер тарихында өзіндік суреткерлік болмысымен есімін таңбалаған Мұхит Мералыұлы. Өмірін өнер жолына арнаған Мұхит, ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Ел аралап, әнші даңқы шықты: "Әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанды. Мұхиттың уақыт, қоғам, өмір туралы бірнеше өлеңдері бар. Осы тақырыптағы өлеңдерін "Дүние-ау", Айнамкөз, "Зәуреш" әндері толықтырады. Бұл әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Зәуреш, Айнамкөз, Дүние-ау өлеңдері арқылы сезім сырларын әуен арқылы арттырып, жақсы көруді, адамды бағалауды және ғашық күйді сәтті берген.
Зәуреште обадан опат болған отыз ұлдан қалған жалғыз тұяқ-Зәурештен айырылған әке мұңы бейнеленген. Әкенің бар үміті, бар жұбанышы – Зәуреш еді. Өмірімнің шырағы болар деген, тағдыр оны көп көреді, ажал тырнағына ілінеді. Осы кезде ақын:
Сен едің таудан аққан бұлағым-ай,
Тағдырдан өміріңді сұрадым-ай.
Отыздан жалғыз қалған балам едің.
Шыныңмен кеткенің бе, шырағым-ай... – деп әке зары тыңдарманның сай-сүйегін сырқыратады. Бала өлімі әке мен ананың арман үмітін күл-талқан етті. Осы өлеңде әкенің қызына деген сағыныш сезімін байқаймыз. Зәуреш –шұрайлы, көркем шығарма. Өлеңнің тууына себеп – қайғылы қаза. Медеттің қаралы халін көзімен көріп, сай-сүйекті сырқырата зарлан әкенің сезімі өлеңге арқау болған. Зәуреш- Қазақтың әлеуметтік-психологиялық болмысын танытқан туынды.
Айнамкөз өлеңінде:
Айнамкөз, сен қайдағы, мен қайдағы,
Біреудің мен де өзіңдей бозтайлағы...- деген өлең жолдарынан адам жанының таза махаббатын, асыл қасиетін, ынтық, нәзік сезімін байқаймыз. Өзін өмірде зор деп бағаласа, оны да өзіне тең күйде бағалап суреттейді. Өлең жолдарынан адалдық желі ескендей.
"Дүние-ау" өлеңінде:
Алғаның болса жаман бажылдаған,
Кірерсің күнде көрге, дүние-ау, қазылмаған...- дей отырып, жанұядағы сыйластықтың жоқтығы, адамдар арасындағы рухани теңсіздік өлеңге арқау болған. Дүниедегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Махаббаттан туған дүние ғана құнды, сұлу болмақ. Қалай алып қарасақ та өмірде махаббаттың орны орасан зор.
Өмірдегі барлық жақсылық тек махаббатқа ғана байланып тұрады. Осы өлеңдерде Мұхит Мералыұлы адамның түрлі сезімдерін тілге тиек етеді. Ойлы да қуатты, асқақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лирикаға тұнған Мұхит әндері мәңгілік. Сезім сырларын қозғар асқақ ән мен әнші дәстүрі бүгінмен жалғасып жатыр. Өйткені, махаббат- ол мәңгілік ұғым.


Скачать


zharar.kz